Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
Бесіншіден,  Ғұмар  Қараш  өзінің  саяси-психологиялық 
біліктілігі  арқылы,  Кеңес  үкіметі  мұны  емес,  бұл  керісінше, 
оны  өзінің  игі  мақсат-мүддесіне  қарай  пайдалануды  көздеген 
болуы  ықтимал.  Себебі,  тұрмыстық-философиялық  тұрғыдан 
алғанда, тағдыр тәлкегіне сәйкес туындаған кез-келген кездейсоқ 
жағымсыздықтарды,  тұлға  кез-келген  уақытта  өз  мақсатына 
пайдалана  білуіне  де  болатын  сияқты.  Міне,  қысқаша  айтқанда, 
оның  ұстанымы  осы  философияға  келіп  тұрақтаған  шығар  деп 
болжамдаймыз. 
Бірақ Кеңестер Одағында қазақтар арасында ұлтшыл да, бай да, 
коммунист те кейіннен қудалауға ұшырады және оларды (тікелей 
мағынасында) тұқымымен құрту саясаты жүргізілді. Негізгі себеп: 
қазақ қауымындағы зиялылықты түбегейлі жою болатын. Себебі, 
зиялысынан,  көшбасшыларынан  айрылған  халықты  бағындыру 
мен құл қыла түсу оңайырақ екендігі түсінікті жайт. 
Тек  Ғұмар  Қараш  қана  емес,  басқа  да  қазақ  зиялыларының 
Кеңес  Үкіметі  жағына  қарай  ауысуын  кейбір  зерттеушілер  оған 
деген  сенім  бойынша  түсіндіріп  береді:  «Соған  қарамастан  ХХ 
ғасырдың басында сөзімен де, ісімен де, патша өкіметінің отарлық 
саясатына қарсы болған қайраткерлер А. Байтұрсынов, Ғ. Қарашев, 
Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Ғ. Мұсағалиев т.б. ендігі жерде Кеңес 
мемлекетіне  қызмет  етулері  халық  мүддесін  көздеудің  «халықты 
жаппай  жарылқайтын»  большевиктік  идеяларға  сенудің  нәтижесі 
еді [68, 54 б.].
Кезінде 1917 жылғы қазан төңкерісі орнап жатқан кезде, ақын-
ағартушы тұлға бұл идеяға қолдау білдірген жоқ еді: 
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам, 
Таң туды, мезгіл жетті деп адасып, 
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам...
Теңгеріп жарлы-байды, құрып ұжмақ, 
Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам»
 [2, 123 б.]. 
Мұндағы «Жарлы-байды теңгеру» деген тіркес осы социалистік 
идеядағы  басты  мақсат  екендігі  түсінікті  жайт.  Қоғамдық  мүлік 

84
Ғұмар Қараш
пен  байлықтың  баршаға  арналуы  «Теп-тегіс  жұртқа  жеткен  той» 
сияқты  екендігі  де  белгілі.  Ендеше,  бұл  толғау  таза  социалистік 
құрылыс туралы. 
Бірақ  бұл  толғауларынан  да  түпкілікті  терістеу  мен  жоққа 
шығару, оған қарсы күрескерлік идея байқалмайды, жалпы күдіктену 
мен  үрей  ғана  айтылады.  Дегенмен,  ақынның  қазан  төңкерісінің 
идеясына  деген  көзқарасы  бейтараптылыққа  жатпайды,  әйтсе  де, 
әр жол сайын қайталанып келетін «қорқудың» өзі сенімсіздік пен 
іштей қолдамаушылықты және түпкілікті кесіп айтпауды көрсете 
келе,  жалпы  алғанда,  қоғамды  төңкерістік  жолмен  өзгертуді 
қаламағандық  сияқты  ойға  келіп  түйіседі.  Ал  келесі  кезекте, 
аласапыран заманның келбетін түсінбеген, қашанда бейбітшілікті 
қолдайтын діндар ойшыл оған тіптен үрейлене қараған болатын:
«Екі талай іс болып, 
Елге қиын күн туды.
Аспанда ай, күн тұтылып, 
Жер-жиһанды қан жуды»
 [2, 120–121 бб.]. 
Ал  кейбір  К.Нұрпейісов  сынды  осы  дәуірді  зерттеушілер 
сол  кездегі  қазақ  зиялыларының  көзқарастарының  күрт  өзгеруін 
былайша  дәйектейді:  «Азамат  соғысы  Кеңестердің  жеңісімен 
аяқталып,  Кеңестік  негіздегі  Қазақ  автономиялы  Республикасы 
құрылып,  Алаш  қозғалысы  тарих  сахнасынан  күштеп  кетірілген 
жағдайда  оның  басында  болған  ұлттық-демократиялық  зиялы 
қауым Кеңес өкіметі мен коммунистік идеологияға қарсы күресті 
рухани салаға ауыстырып, күрестің «бейбіт» жолдарын таңдады» 
[69, 44 б.]. 
Көзқарастардың тез басқа бағытқа ауысуын А. Байтұрсынұлы 
бұдан басқа таңдау болмағандығы, бұл амалсыздан істелген шара 
деген сияқты пікірлермен білдірген болатын [70]. 
Ғұмар  Қараш  большевиктер  жағына  өткеннен  кейін  де  тек 
теория  жүзінде  ыңғай  білдіріп  сөзбен  ғана  қолдаушы  емес,  сол 
іске  белсене  араласушы,  социалистік  идеяның  қарсыластарымен 
күресетін  іскер  қайраткерге  де  айналып  үлгерді.  Б.Қ.  Бірімжаров 
атап  көрсеткендей,  оның  саяси  белсенділігі  Орал,  Гурьев 

85
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
облыстарының  істеріне  дейін  жалғасын  тауып  жатты:  «Ол  1918 
жылдың  жаз  айларында  Орал  қаласындағы  азаматтар  арасында 
Қызыл атты әскер қатарына еріктілерді тарту мақсатында үгіт-
насихат  жұмыстарын  жүргізді.  Оның  тікелей  араласуымен 
В.И.  Чапаев  дивизиясын  жергілікті  адамдармен  жасақтау  және 
жергілікті  Кеңес  өкіметі  құрылысына  қарсы  күштерді  талқандау, 
сол сияқты Гурьев қаласын, оның аймағында орналасқан бірнеше 
аудандарды Кеңес өкіметіне қарсы жаулардан тазарту тағы да басқа 
жұмыстар жүзеге асырылған» [71, 106 б.]. 
1917–1920  жылдары  тағы  да  аласапыран  заман  келді.  1917 
жылғы  ақпандағы  буржуазиялық  сипат  алған  уақытша  үкімет, 
1917 жылғы коммунистік идеалдағы қазан төңкерісі, 1918 жылғы 
жаппай  социалистік  құрылыс  орнату  саясаты,  1919  жылдардағы 
контрреволюцияшылдардың уақытша жеңісі, оның азамат соғысына 
ұласуы  мен  шетел  интервенцияларының  келуі  т.б.  шындығында, 
тек жай ғана басы ашық соғыстар ғана емес, сонымен қатар әр түрлі 
идеологиялардың өзіндік күресі мен тартысы болатын. Осы тұста, 
халық түгілі, қазақ зиялыларының өзі қай жолды таңдау керектігі 
туралы  толғаныс  кешкен  еді.  Яғни,  қазақ  қоғамының  ауыр  халі, 
ел  ішіндегі  бүліктер  мен  соғыстар,  психологиялық  дағдарыстар 
мен  рухани  күйзелістер  елді  әбден  әуре-сарсаңға  салды.  Осы 
орайда, мұрағат деректеріне жүгінсек, сол заманның идеологиялар 
қиылысқан  келбетін  былайша  көрсететін  пікірлерге  кезігеміз: 
«М.  Тұнғашиннің  Ордаға  келген  1918  жылдың  жазы  жалпы  ел 
ішінде  саяси  өмірдің  шиеленісіп,  халықтың  ақ  пен  қызылды 
ажырата алмай тұрған қиын кезі болатын...Ал бұл кезеңде Ғұмар 
Қараштың Діни басқармадағы қызметін тастап тоғыз ай үзілістен 
кейін Уфадан Ордаға оралған мезгілі еді...Сонымен Ғұмардың елге 
келген  1918  жылдың  жазы  Ресейде  азамат  соғысының  басталып, 
Бөкей  облысына  іштен  де  сырттан  да  қауіптің  көбейген  тұсы 
болатын...Қайда бару керек? Қай жаққа шығу керек? Осы сұрау әр 
адамның басында тұрды» [72, 68 б.] 
Осыған  байланысты  ұлт  зиялылары  да  әр  бағыттың,  әр 
түрлі  идеологиялардың  арнасына  сәйкес  бөлініп  кетті.  Кеңес 
үкіметі  және  оның  жақтастары  болған  өкілдер  өз  жұмыстарын 
әрі  қарай  жалғастыра  түсті.  Бұл  жұмыс  тек  сырттан  таңылған 

86
Ғұмар Қараш
большевиктер арқылы ғана емес, еліміздің өз ішінен дайындалған 
білікті  мамандары  арқылы  да  жүзеге  асып  отырды.  Істі  жүргізу 
үшін  арнайы  ресми  орындар  құрылып,  оның  басшылығында  да 
қазақ өкілдері отыратын оқиғалар жиі кездесті. Мысалы, осындай 
саясаттың  келбетін  И.Кенжалиев  былайша  сипаттап  берген 
болатын:  «Негізінен  барлық  жұмыс  жаңа  идеология,  мәдени 
ағарту  істері  арқылы  жер-жерде  жаңа  Совет  өкіметін  нығайту, 
оның  қызметін  жетілдіруге  бағытталды.  Бөкей  облысында  Совет 
өкіметін  нығайту  және  ол  жөнінде  қазақ  еңбекшілері  арасында 
насихат жұмысын жүргізу үшін, Совет мекемелерін қайта құрып, 
күшейту үшін РСФСР ұлттар істері халкомының «Қазақ бөлімінің» 
бөлімшесі құрылды» [38, 88 б.]. 
Бұл  дәуірде  қазақ  зиялыларының  бір  тобы  Кеңес  үкіметіне 
жалпы алғанда қолдау білдірсе, келесі бір тобы тек ниеттік қолдау 
ғана емес, белсенді қайраткерлік танытты, ал енді бір тобы баяғы 
ұлтшылдық  бағытта  өз  көзқарастарын  өзгертпей  сақтап  қалып, 
күрескерлік идеясын әрі қарай жалғастырса, кейбірі, баяғы қазақ 
қоғамының тіршілігін аңсады, кейбірі тіпті болашақтан үрейленіп 
бой тасалап, елдің болашағынан түңіліп, кейіннен шет жерге кетуді 
құп  көрген  сыңайлы.  Жаңа  ғана  белең  алып  келе  жатқан  Алаш 
идеясы  осылай  әр  бағытқа  ыдырап,  өзінің  ішкі  психологиялық-
идеологиялық  бірлігінен  айрылды  десе  де  болады,  бірақ,  әрине 
түпкілікті түрде емес, тек кейбір зиялы қолдаушыларын жоғалтты. 
Ғұмар Қараш та осындай ахуалдар аясында өзінің белсенді саяси 
қызметін одан әрі жалғастыра түсті. 
Кеңес үкіметін орнату және оның жауларымен күрес мақсатында 
Ордада  жасақталған  атты  әскер  полкын  құрметтеп  қарсы  алу 
жөнінде  комиссия  құрылып,  Ғұмар  Қараш  оның  төрағасы  болып 
сайланып,  оның  ұйғарымы  бойынша  қызыл  ту  мен  «Жасасын 
айбынды Қызыл Армияның бір құрамы – Қазақтың тұңғыш үлгілі 
советтік атты полкы!» деген сияқты ұрандар ілініп, оған арнап өзі 
өлең де шығарған болатын [73]
«Қызыл ту ерлер қолға алған жолы, 
Соныдан жарып тіке салған жолы!
Бірігіп бейнетқорлар ерік алып, 

87
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
Шамшырақ бастарына жанған жолы!
Басында біздің қазақ үрписе де, 
Осы күн анығына қанған жолы»
 [74].
Бұл  идеядан  қазан  төңкерісінің  негізгі  мақсаттарын  қолдау 
және бұған бұқара халықты шақыру туралы шабыттар байқалады. 
Бас  кезінде  төңкеріске  түсінбеушілікпен,  сенбестікпен  қараған 
өзінің  ойларын  барша  қазаққа  апарып  телуіне  қарағанда,  бұл  да 
идеологиялық сарында жазылған болса керек. «Бейнетқор» ұғымы 
социализмнің  іргетасы  болған  «кедейлер»  деген  түсінікке  келіп 
саяды. Бұл екінші бір қырынан алғанда, ұлттық және ерікті атты 
әскер болғандықтан, халқына үміт күттіретіндей құбылыс ретінде 
де танылды. Азаттық пен теңдіктің басты атрибуттарының бірі – 
әскер екендігін жете түйсінген Ғ. Қараш бұл сәтте шын ниетімен 
қуанышты  көңіл  күйде  болған  сыңайлы.  Себебі,  Алашорда 
үкіметі мен Алаш қозғалысына идеялық қару жеткенмен, осындай 
физикалық  қарулар  жетіспей  жатқандығы  ұлт  зиялыларын 
ойландырып тастаған еді және оны арнайы құру да сол кезең үшін 
мүмкін емес болатын. Ол арман орындалды, қазақтан ерікті әскер 
құрыла бастады, бірақ олардың мақсаты әзірге ұлт үшін емес, Кеңес 
Үкіметі  үшін  күресетін,  олардың  идеологиясы  мен  саясатынан, 
әкімшілік  басқару  жүйесінен  шыға  алмайтын  әскер  еді.  Бірақ 
жауынгер  халқымыздағы  тарих  бойындағы  ел  қорғаған  батырлар 
мен әскерлерден бұлардың бірден-бір айырмашылығы – заманауи 
техникамен қаруланғандығында еді. Олар қылыш пен найза емес, 
мылтықпен  қаруланған  арнайы  ұйымдасқан  топ  болатын,  бірақ 
кейінен  сол  Алашорданың  өзіне  қарсы  күресетін  институтқа 
айналғандығы жасырын емес. 
Одан кейін Бөкей облысында тағы бір полк құру мақсатында 
Ғұмар  Қарашев,  Ерғали  Аязбаев,  Сақып  Жанболатов,  Нұғман 
Манаев  т.б.  қазақ  зиялысының  өкілдері  бар  арнайы  комиссия 
құрылды.  Бұл  қатаң  түрде  іріктеу  жүргізгенмен,  әке-шешесі 
кәрілерді  алмау,  жанұядағы  жалғыз  еңбек  ететін  ерлер  ерікті 
болуы  сияқты  шарттарда  сақтады.  Ғұмар  Қараш,  осы  тұста, 
қазақ  жастарын  әскерге  тарту  мақсатында  ел  ішінде  үгіт-насихат 
жұмыстарын  жүргізуге  белсене  қатынасады.  Бұл  әскер  азамат 

88
Ғұмар Қараш
соғысы  кезінде  ерлікпен  шайқасып,  өздерінің  кәсіби  біліктілігін 
жетілдірді.  Әрине,  олар  қызыл  Армияның  талаптары  мен 
шарттары,  саясаты  мен  бағдарынан  айнымағандықтан,  қазан 
төңкерісіне  қарсы  шыққан  халық  арасындағы  толқуларды  басуға 
да  қатысты,  сөйтіп,  идеологиялық  жағынан  екіге  айрылған  қазақ 
қоғамы  арасында  өзара  қырқыс  жүргендігі  де  жасырын  емес. 
Дегенмен, бұл әскердің жағымды қыры азамат соғысы тұсындағы, 
аласапыран кезеңдегі бейбіт халықтың аман есен болуына, оларды 
сәтсіз, кездейсоқ шабуылдардан қорғап қалуға белгілі бір деңгейде 
септігін тигізгендігі еді. Себебі, жауынгерлердің өзі сол халықтың 
ішінен іріктеліп алынды. Сонымен қатар халық ішінен сол кездегі 
«бандылар»  деп  аталатын  Кеңес  Үкіметіне  қарсы  топтар  да 
құрылды.  Негізгі  шайқас  пен  тайталас  осы  екі  бағытқа  біріккен 
топтар  арасында  жүргізілді.  «Бандылар»  тобында  мал  мен  азық-
түлік  жеткілікті  болса  да,  заманауи  қару-жарақ  жетіспей  жатты. 
Екіншіден, оларды қолдайтын зиялылар да бірте-бірте азая берді, 
рухани-идеологиялық құралдар да оңтайлы қолданылмады. Қазақ 
қоғамы арасында да осындай екі түрлі ұстанымға бет бұрғандардың 
күресі мен шағын соғыстар жүріп отырды. 
Ғұмар  Қараш,  келесі  кезекте,  өзінің  саяси  іс-қимылын 
идеологиялық арнамен жалғастыру үшін бұрынғыша БАҚ көздеріне 
жүгініп  отыруды  да  құптайды.  Бірақ  діни  немесе  Алашордашыл 
бағытта емес, бұл жолғы публицистика коммунистік сарында болуы 
тиіс  еді  және  солай  болды  да.  Мәліметтерге  жүгінсек,  Шафқат 
Бекмұхамедов,  Бисен  Жәнекешов,  Мұстафа  Көкебаев,  Халел 
Есенбаев,  Ғали  Бегалиев,  Ғабит  Сарбаев,  Әмірғали  Меңешов, 
Хайырлы  Бекқалиев,  Хамит  Чурин,  белгілі  ақын  Ғұмар  Қарашев 
т.б.  қатысуымен  арнайы  газет  шығару  жөнінде  жиналыс  өтіп, 
«Дұрыстық жолы» атты қазақша газет шығару ісі талқыға салынған 
және оған редакциялық коллегия мүшелері болып: М. Көкебаев, 
Ғ. Қарашев, Ғ.Мұсағалиев, Х.Есенбаев т.б. кірген. Ақырында, 1919 
жылғы  20  февральдан  бастап  Ордада  «Дұрыстық  жолы»  газеті 
шығарыла бастаған екен [75, 88 б.]. 
Бірақ осы тұста, Ғұмар Қараш сияқты қазан төңкерісі жағына 
шыққан  ұлт  зиялылары  ұлттық  мүддені  мүлде  ұмытты,  тек 
социалистік, жалаң интернационалистік-космополиттік бағытты ғана 

89
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
жақтады екен деп те ойлауға болмайды. Олар социалистік режимді 
қолдағанмен  де,  бойларындағы  ұлттық  рухтан  мүлде  ажырамаған 
еді.  Сондықтан,  жасырын  жатқан  рух  өзінің  серпілісін  қайтадан 
жаңғыртты,  бірақ  соғыс  жолымен  емес,  саяси-психологиялық 
тұрғыдан бірте-бірте ықпал етудің бейбіт жолын таңдады. 
Біздіңше,  Ғұмар  Қараш  және  Кеңес  үкіметі  жағындағы  ұлт 
зиялылары,  біріншіден,  ұлттық  идеяның  ақ  таңы  туатындығына 
сеніммен қарап, оған асықпау керектігін, өзінің объективті кезеңі 
келіп  жететіндігін  бағамдаса,  екінші  бір  жағынан,  ұлт  пен  қоғам 
тура  сәйкес  бола  алмайтындығын  білген  сияқты,  үшіншіден, 
бейбітшілік  жолмен  іске  асуы  тиіс  таза  саяси  күрестің  заманы 
келіп  жетті  деп  түйсінген  сыңайлы.  Шындығында,  нақтырақ 
айтқанда,  марксизмдегі,  кейіннен  Ленин  орнатқан  социалистік 
құрылыс, қоғамдық-экономикалық формация жалпы қоғам туралы 
тұтас  сипаттаманы  қамтымайды,  тек  экономиканы  негізге  алады. 
Оны базис деп түсіндіреді де, қалған идеологиялық-рухани-саяси 
құбылыстарды  қондырма  деп  қабылдайды.  Осы  тұста  логикалық 
тұрғыдан  ұлт  пен  экономика  бір-бірімен  тікелей  байланысты 
еместігі туындайды. Яғни, экономикасы қандай-да қоғам болмасын, 
ұлттық идеяны қозғауға және тәуелсіздікке қол жеткізу мүмкіндігі 
болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, Маркстің қоғамдық-экономикалық 
формация түсінігі бойынша алғанда, феодализмде де, капитализмде 
де ұлттық мемлекет құруға болады, ендеше, социализмде де ұлттық 
мемлекет  болуы  тиіс  еді.  Олай  болса,  қоғамдық-экономикалық 
формация  ұлттық  мүддеге  тікелей  байланысты  бола  алмайды. 
Дегенмен, ұлттық болмыс өзгеруі ықтимал, бірақ бұл қоғамда да 
ұлттық  идея  жойылмауы  тиіс  және  оны  іске  асыруға  да  болады. 
Міне,  коммунистік  санаттағы  ұлт  зиялыларының  қарапайым 
логикалық түйіні де осы болған сыңайлы. 
Сондықтан, Ғұмар Қараш және басқа да ұлт зиялылары, қазан 
төңкерісінен  кейінгі  жаңа  үкімет  тұсында  бойларында  ұлттық 
рухтары  сембегендіктен,  қазақ  идеясын  және  оның  азаттығы 
туралы  түпкі  мақсатты  бірте-бірте  қайтадан  көтеруге  тырысты 
десек те болады. 
1919  жылы  Қазақ  автономиясын  жариялау  үшін  жалпықазақ 
съезін  шақыру  жөнінде  арнайы  топ  құрылған  болатын.  Мұнда 

90
Ғұмар Қараш
съезге кезінде Кеңес үкіметіне қарсы күрескендермен өзара келіссіз 
жүргізе  отырып,  оларды  да  социалистік  идея  аясына  біріктіріп, 
бірлікке  үндеу  туралы  қозғалыстар  пайда  болды.  Деректерге 
жүгінсек,  Кеңес  үкіметі  жағындағы  қазақ  зиялылары:  Шафхат 
Бекмұхамедов,  Хұсайын  Бекентаев,  Мәжит  Шомбалов,  Ғазиз 
Мұсағалиев,  Абдол  Бөкейханов,  Ғұмар  Қарашев,  Айса  Қисықов, 
Мұхамедьяр Тұнғашин т.б. бұрынғы қазақ зиялыларымен бірлесе 
отырып, съез шақыруға бетбұрыс жасады [76]. Бұл мәжілісте съез 
бағдарламасы, мемлекеттік рәміздер, республика шекарасы сияқты 
іргелі мәселелер қозғалуы тиіс болды [77]. 
Осындай істерді де ұйымдастыру жағында белсенді топ мүшесі 
болып жүрген Ғұмар Қараш та ел туелсіздігінің алғашқы сатысын 
негіздеді, яғни, Қазақ халқының өз алдына дербес федерация болуы 
қажеттігі туралы ниеті мен ойларын, сол дәуір тарапынан қарағанда, 
батыл  ұсынды.  Бұл  да  1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  кейінгі 
Алашордашылар идеясының жалғасы іспетті болды. Бірақ, әрине, 
буржуазиялық қоғамдағы емес, социалистік қоғам жағдайындағы 
тәуелсіздіктің жаңа идеясын паш еткен болатын [78]. 
Съезде Ғұмар Қараш қазан төңкерісін жақтап, оның халқына 
теңдік  алып  бергені  туралы  сөз  сөйледі,  съездің  келесі  күнгі 
мәжілісінде  тіл  мәселесі  туралы  қызу  айтыс-пікір  орын  алады. 
Қазақтың  ұлттық  болмысын  ана  тіліне  байланыстыра  қараған 
Ғұмар  С.Меңдешовтың  іс  қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізу 
жөніндегі  ұсынысын  қолдап,  сөз  сөйлейді.  Ғұмардың  бұл  пікірі 
Н. Наримановқа ұнамайды. Айтысқа М. Тұңғашин араласып, бұл 
мәселені  Жалпықазақ  съезінде  шешуді,  ал  әзірше,  декреттерді 
қазақ  тіліне  аударып,  басып  шығаруды  ұсынады.  Осы  жерде 
Сейтқали Меңдешов тағы да сөз алып, бөлімшелік болыстық атқару 
комитетінің  де  іс  қағаздарын  М.Тұңғашин  айтқандай  аударып 
отыруды  сұрайды.  Меңдешовтың  ойын  Тұңғашин,  Сарбаев, 
Танашев қолдайды. Алайда бұл айтылған пікірлерге Коммунистік 
Жастар  Одағының  өкілі  Фатхи  мен  РСФСР  Ұлтхалкомының 
өкілетті өкілі Лукашов қарсылық білдірді. Фатхи тіптен «Қырғыз 
ұлтшылдары  тіл  мәселесін  көтерді»  деп  жарыссөзді  тоқтатуды 
сұрайды.  Дегенмен  съезде  Меңдешовтің  өзгертуі  ескеріліп, 
Тұңғашин ұсынысы қабылданды. Міне, осылайша қазақтың өрісі 

91
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
кең,  ойлары  терең  зиялылары  сол  кездің  өзінде-ақ  айтыса  жүріп 
қазақ тілінің дамуын ұлттың жер бетінде этнос ретінде сақталып 
қалуымен байланыстыра қараған [54, 122 б.].
Ғұмар  Қараш  және  басқа  да  ұлт  зиялылары  бұл  жолы  қазақ 
болмысы, тілі мен дәстүрін жаңғыртуды жаңаша тұрғыдан, яғни, 
социалистік  негізде  құрудың  өзіндік  ыңғайын  тапқандай  болды 
десе де болады. Автономия құру мәселесі, съезд арқылы халықтың 
үндеуін,  мұң-мұқтажын  жоғары  Ресей  билігіне  жеткізу  және 
көптеген  мәселелерді  Қазақ  елінің  өздігінше  шешуі  тиіс  деген 
сияқты тәуелсіздіктің бастапқы нышандары қуатталды. Сондықтан, 
бұл  зиялылар  бірте-бірте  күш  алу,  өздерінің  үндерін,  «бар» 
екендіктерін жоғары билікке сездіріп отыру сияқты әрекеттермен 
алға қарай жылжи берді. 
Осы уақыттарда оқу-ағарту ісі тоқтамады, білімдендіру қазақ 
даласында  да  өзінің  жалғасын  тапты,  бірақ  діни  тұрпатты  жүйе 
біртіндеп  құлдырап,  еуропалық-ресейлік  құрылым  негізге  алыну 
тиіс  еді.  Тұтас  білім  беру  жүйесін,  саяси  жиналыстарды  қазақ 
тілінде  жүргізу  де  Ғұмар  Қараш  сынды  қазақ  зиялыларының 
тактикалары  болды.  Себебі,  тіл  мен  ұлтты  бірлікте  қарастырған 
зиялы қауым ана тілінің жоғалмауын, мұндай үрдіс бет алса, қазақ 
тілі  орыс  тілінің  тасасында  қалып  қоятындығын  терең  түйсіне 
отырып, оның алдын-алу шараларын іске асыру қажеттігін терең 
сезінгендіктен еді. 
Осындай игілікті істері арқылы халқына беделді болған Ғұмар 
Қараш  Жалпықазақ  съезіне  Бөкей  Ордасынан  ұсынылған  28 
кандидаттың қатарына енді. Ол өзінің саяси қызметін Талов уездік 
партия органдарымен байланысу арқылы жалғастыра түскендігіне 
мына пікірлер дәлел бола алады: «1920 жылдың көктем кезі. Та-
«1920 жылдың көктем кезі. Та-
1920 жылдың көктем кезі. Та-
ловкада халық ағарту мәселесі туралы болған бір жиналыстың пре-
зидиумына Ғұмарды мүше етіп сайлады. Орта бойлы, толық денелі, 
қара мұртты адам екен. Сөз сөйледі» [79, 122 б.]. 
Өмірінің соңғы жылдарында Ғұмар Қараш туған жер мен елге 
келіп қызмет етіп, өз өлкесінің халқына пайдасын тигізуді ойлайды. 
Мысалы;  «Артелді  басқару  мен  шаруашылық  табыстарын  бөлуді 
ұйымдастыру қызметтері жақсы ұйымдастырылған. Қазақстанның 
сол  кезеңдегі  өзге  шаруашылықтарынан  айырмашылығы  ірі 

92
Ғұмар Қараш
ауылшаруашылығы  машиналарының  тиімділігін  арттыру  үшін 
алғаш рет жер көлемін ұлғайту міндетін қойды. Сондай-ақ жарғыда 
қысқы  жем-шөп  дайындау,  мал  қораларын  салу,  мал  күтімін 
жақсарту,  мал  өнімдерін  дайындау,  үлгілі  мал  фермаларын  құру 
маңызды мәселе ретінде жазылған» [80, 41 б.], – деп келтірілген 
пікірлер де осының айғағы. Әрі қарай ол ағарту мен білім беру ісін, 
саяси  қызметін  жалғастырып  жүрген  шағында  өз  өлімімен  емес, 
жат пиғылды адамдардың қолынан қаза табады. 
Осыдан  Ғұмар  Қараштың  мәдени-ағартушылық  және  саяси 
қызметкерлік жолы қысқа болса да, сан алуан күрделі кезеңдерден 
өткендігін аңғарамыз. Оның дүниетанымы мен өмірлік ұстанымы 
да заман талабына сай өзгеріп отырғанмен, түпкі мақсаты – ұлттық 
идея  және  одан  туындайтын  ұлт  мүддесі  екендігін  аңғардық. 
Демек, мәселе, экономикасы әрқалай қоғамда өмір сүргенмен, діни 
сенімнің, рухани пайымның, идеологияның қандай түрі болмасын, 
шын мәнінде ұлттық идеядан айнымайтын заман қажеттігін және 
солай  істеуге  әрқашан  болатындығын  өз  өмірінің  тәжірибесі 
арқылы  дәйектеп  берген  ойшыл,  бұл  үшін  өзінің  қайшылықты 
ғұмырын, алған білімін, шығармашылық талантын сарп етті десе 
де болады. 
Бірақ  оның  идеялары  мен  мүдделері  кей  уақытта  заманауи 
өзгерістер  мен  ауысуларға  байланысты  қолдау  таппай  жатса,  кей 
сәттерде  халық  арасында  айтарлықтай  құптау  көрді,  ал  кейбір 
кездері  ойталқы  мен  ойқозғарлық  пікірталастар  додасына  келіп 
түсті. Бұл – сол дәуірдің заман шындығы үшін заңды құбылыс еді. 
Себебі, оның ыңғайына келмейтін осындай қабылдамау мен күдік 
тудырушылық қарсылықтар Ғұмар Қараштың идеялары мен саяси-
әлеуметтік көзқарастарын шыңдай түсті деп айта аламыз. 
Қашанда  ақиқатқа  болашақ  тарих  куә  болады,  уақыттың  өзі 
сыншы  екендігін  ескерсек,  бүгінгі  таңда  оның  шығармашылығы 
мен  жеке  тұлғалық  рухының  қайта  оянуы:  ел  мен  жер  үшін 
күш  қуатын  жұмсаған  –  саяси  күрескер;  халықты  шабыт  пен 
жігерлендіруге  шақырып  отырған  –  ақын;  ел-жұртқа  ойсаларлық 
байыпты  пікірлер  мен  ұсыныстар  бере  білген  –  публицист-
журналист; өз қоғамын имандылық пен руханилыққа шақыра білген 
– дін өкілі; білім беру мен ағарту саласында тынбай еңбек еткен – 

93

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет