Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34

3. Пайымды ойтолғамдар
Автордың керісінше, осы өлеңінің аты «Есеп» болуы тиіс еді, 
бірақ бұл екі толғау арқылы бұ дүниедегі адамның өзіне арналған, 
өзіне-өзі қоюы тиіс жауапкершілігі мен о дүниедегі жауапкершілігін 
қатар  қойып  паралеллизм  тудыруының  түпкі  мәні  мынаған  келіп 
саятын тәрізді: осы өмірдегіңді түзеуге әлі кеш емес, сондықтан, 
өзіңе өзің есеп беріп, әрбір басқан қадамыңды аңдап, қателіктеріңді 
жойып, ізгі істеріңді жандандырып отыруың қажет. Ал ізгі істің ең 
дұрысы ел мен халқың үшін қызмет ету ғана. Демек, сәйкесінше, 
«о дүниеде мақшар мезгілінде, өткен-кеткен қателіктеріңді түзеуге 
рұқсат берілмейді, кеш болады, ол жерде кешірім немесе алдап кету 
т.б. тәсілдеріңнің өзі түкке аспайды. О дүние ең соңғы, ең түпкі, ең 
ақырғы есеп беретін жер, есеп беретін емес, тіпті таразыға салынып, 
шешім  шығаратын  уақыт»  деген  сияқты  салыстырмалы  ойларын 
бере білген ақынның дүниетанымы о дүниені мадақтайтын немесе 
баршаны  өлімге  шақыратын  идеология  емес,  жұмаққа  жетудің 
тәсілі  мен  жолдарын  көрсететін  діни  психология  да  емес,  таза 
өмірмәнділік рухани-танымдық философия және баршаға арналған 
әмбебеп тұрпатты тәлімгерлік өнеге болып табылады. 
Ғұмар  Қараштың  поэтикалық  философиясы  әр  тарапты 
бөлек-бөлек  дүние  емес,  бір-бірімен  сабақтасып,  байланысып, 
бірінен-бірі  туындап  отырған  ой  тасқынының  түзілісі  екендігін 
де  бағамдауымызға  болады.  Сондықтан,  оның  өлең  туындылары 
мен  өмірлік  толғауларын  талдай  келе,  негізгі  түйіндері  мен 
тұжырымдарын былайша жүйелеп көрсете аламыз: 
Өмірдің мағынасы – Ождан. 
Өмір сүру тәсілі немесе арманы – Қайырымдылық. 
Тіршіліктің мұраты – Махаббат. 
Мақсаты – Ілім-білім үйрену. 
Өмірге берілетін есеп – Халқыңа қызмет ету. 
О дүние – ең соңғы, ең түпкі, ең ақырғы есеп.
Қазіргі кезде қазан төңкерісіне дейінгі Қазақ философиясына 
батыстық парадигма мен талаптар бойынша қарайтын көзқарастар, 
ұлтымыздың данышпандарынан тек санаулы адамдарды ғана бөліп 
алады, олардың ішінен арнаулы кәсіби деңгейде еңбек жазғандары 
іріктелінеді.  Олар  тек  Абай  (Қара  сөздері)  мен  Шәкәрім  (Үш 

174
Ғұмар Қараш
анық),  Мағжан  (Педагогика)  мен  Сұлтанмахмұт  (Социализм 
деген не?) сынды ойшылдарды атап өтеді. Енді ондай көзқарастар 
бойынша Ғұмар Қарашты да қосуға болады. Ол өзінің «Ойға келген 
пікірлерім»  деген  туындысында  да,  ойларының  философиялық 
екендігін, бірақ оның халыққа түсінікті тілмен жеткізілуін арнайы 
атап көрсетеді. Бірақ, әрине, мұндай іріктеушілік пікірлер жаңсақ. 
Қорыта  айтқанда,  Ғұмар  Қараштың  поэзиясындағы 
философиясының танымдық арналары: ғарыш пен адам тіршілігі 
хақында,  өмір  философиясы  турасында,  қазақ  қоғамының 
болашағы  және  түркілік  бірлік  идеясы  туралы,  заман  мен  қазақ 
дүниетанымындағы  ұғымдарды  саралау  негізінде,  адамгершілік 
пен  ағартушылық  жөніндегі  толғаныстар  жөнінде  т.б.  түрінде 
өрбігендігін байқай аламыз. 
3.2  Ғұмар  Қараш  идеяларының  әлемдік  философиялық 
ойтаныммен сабақтастығы 
Ғұмар  Қарашты  зерттеушілер  оның  философ  екендігіне 
баса  тоқталып  өтеді.  Ол  жоғарыда  атап  өткендей,  өзінің  жыр 
шумақтарымен қатар қара сөздерін де философиялық толғаныстар 
мен  публицистикалық  мақалаларға  арнаған  болатын.  Оны 
еуропалық  қалыптағы  академиялық  кәсіби  философ  ретінде 
бағалауға  болатындығы;  себебі,  біріншіден,  ол  өзінің  қара 
сөздерінде «пәлсафа» деген ғылым бар екендігін, жазып отырған 
мәселелері  де  философиялық  болып  табылатындығын  атап 
өтсе,  екіншіден,  оның  идеяларының  әлемдік  философиялық 
пікірлермен  астасып  жатқандығын  оңай  байқауға  болады. 
Осы  тұста,  Р.    Жанғожин  мен  С.  Созақбаевтың  Қараш  туралы 
бағалауларын да мысалға алуымызға болады: «Ал кітаптың «Қиял 
Хақиқаты» деп аталатын төртінші тарауында ойшылдың дүниеге 
деген философиялық көзқарасы, дүниетанымының жалпы базалық 
негізі анық байқалғандай» [90, 4 б.] 
Сондықтан  да,  біз,  оның  философиялық  ойларын  поэзиясы 
және  қара  сөздері  бойынша  екіге  ажыратып  қарастырғанды 
жөн  көрдік.  Себебі,  оның  қара  сөздеріндегі  философиялық 
байыптаулары,  алдымен,  әлемдік  философиялық  білімдерден 

175
3. Пайымды ойтолғамдар
тамыр тартады. Ендеше, ол сол дәуірдегі еуропалық философияны 
барынша меңгергендігі байқалады. Бірақ, ақын бұл тұста, оларды 
көшіріп  алып,  тұтастай  қайталамайды,  халқына  және  өзінің 
көзқарастарына жақын келетін пікірлерді саралайды. Ғұмар Қараш 
бірақ та олардың есімдерін арнайы атап, сілтеме жасап отырмайды, 
себебі,  ондай  ресмилікті  ол  қажет  деп  таппайды,  тек  халқына 
жақын келетін, баршаға түсінікті болатын жазу мәнерін қолданады. 
Сондықтан,  батыс  философиясының  негізгі  бағыттарын 
халқына  анық  жеткізуді  қолға  алғандықтан,  тіпті  оның 
терминологиясын  да  пайдаланбаған.  Ол  қарапайым  халыққа 
қарапайым  тілмен  терең  пайымдауларды  жеткізуде  зор  еңбек 
сіңірді, себебі, ол идеяларды жеткізу үшін, алдымен, оны адамның 
өзі толық түсініп алуы қажет. Бір сөзінде ол: «Сондықтан пәлсапа 
хақында  шағын,  жеңіл,  түсінікті  еңбектердің  болғаны  абзал»,  – 
деп, алдымен философиялық толғауларының берілу тәсілін ашып 
алады. Ендеше, ол философия ілімін барынша терең меңгерген деп 
айта аламыз. Бір қарағанда ол, Платон мен Аристотель еңбектеріне 
түсіндірмелер  жазып,  оны  әлемге  және  өз  халқына  таныстырған 
орта ғасырдағы данышпан әл-Фарабидің мәнеріне де ұқсап кетеді. 
Батыс философиясын, әсіресе, ХІХ ғасырдағы кезеңді түсіндірумен 
шұғылданған  Ғұмар  Қараш  оларды  да  іріктеп,  елі  мен  жұртына 
қажеттілерін,  мүдделері  мен  мақсаттарына  сай  келетіндерін  ғана 
алған сияқты. 
Екіншіден, ол осы прозалық арнада еуропалық философиялық 
ойларды  айтуының,  мәлімдеуінің,  халыққа  жеткізуінің,  авторын 
айтпай-ақ  қоюының  себебі,  біздіңше,  өз  ойлары  мен  пікірлерін 
дәйектеу мақсатында, сол дәуірдегі Қазақ халқындағы мәселелерді 
шешу жолында арнайы қолданғандығынан болуы ықтимал.
Үшіншіден,  ол  ХІХ  ғасырдағы  батыс  философиясын  тұтас 
көшіріп, қайталамайды, қажет кезінде өзінің ойларын үстемелеп, 
халқының  ділі  мен  таным-түсінігіне  ыңғайлап  та  отырады. 
Кейде,  негізгі  идеяларын  да  өзгертіп,  өзіне  ыңғайлап  алады.  Кей 
сәттерде,  озық,  төлтума  пікірлерін  де  паш  етіп  отырады.  Бірақ, 
оның  философиясы  үнемі  практикалық  мақсатта  құрылады. 
Яғни,  өз  ойларын  ел  ішіндегі  өзекті  мәселелерді  шешу,  рухани-
адамгершілік  саланы  дамыту,  ұлттық  рухты  ояту,  ілім-білімге 

176
Ғұмар Қараш
шақыру,  діни  дүмшелікті  сынау  т.б.  арнайды.  Себебі,  ол  жалпы 
философиялық-метафизикалық мәселелердің тәжірибеде шешімін 
таппайтындығын ұғынған. 
Оның  таза  философиялық  ойлары  «Ойға  келген  пікірлерім» 
деп аталатын еңбегінде жинақталған. Өз ойларын халыққа түсінікті 
тілмен  жеткізуді  мақсат  еткен  Ғұмар  Қараш  идеяларын  қысқа-
қысқа және нақты түйіндемелермен берген. 
Осыған  байланысты,  оның  шығармаларындағы  кәсіби 
философиялық ойларын сараптауда, біз батыс философиясындағы 
ой үндестігін ашып көрсетумен түсіндіріп өтетін боламыз.
1.  Эволюционизм.  Әлеуметтік  дарвинизм.  Геосаясат
Экономикалық жаһандану. Ч. Дарвин мен Ламарктің эволюционизм 
теориясын  сұрыптап,  кейбір  ойларын  іріктеп  пайдаланған  Ғұмар 
Қараш  маймылдың  адамдарға  айналу  үрдісін,  қарапайымнан 
күрделіге бірте-бірте миллиондаған жылдар арқылы өту идеясына 
тоқталып  жатпайды.  Себебі,  ол  дін  өкілі  болғандықтан,  адамды 
құдай жаратты деген бағытты ұстанады. 
Бірақ  тіршілік  үшін  күрес  заңдылығы  мен  сыртқы  ортаға 
бейімделу туралы тұжырымдарын құп көреді. Әсіресе, табиғаттағы 
тіршілік  үшін  күрес,  табиғи  сұрыпталу  теорияларын  жақсы 
меңгергендігі  және  оны  қолдайтындығы  анық  байқалады. 
Сондықтан,  «Тіршілік  таласы»  деп  аталған  туындысында  осы 
теорияны  қарапайым  тілмен  түсіндіріп  өтеді:  «Дүниедегі  жан-
жануарлардың  тіршілігінен  ілтифат  салып  қарасақ  талассыз, 
тартыссыз  тұрған  заман  көрінбейді:  даладағы  аңдар,  ауадағы 
құстар, судағы балықтар һәнуз бірін-бірі жеуде, бірін-бірі талауда, 
адам баласының тіршілігіне қарасақ, талас-тартыстан бұлар да құр 
емес» [2, 210 б.]. 
Ол осылайша, дарвиндік теорияны қоғам дамуына қолданатын 
әлеуметтік  дарвинизм  идеясына  келіп  тоқтайды.  Яғни,  тек 
жануарлар  ғана  емес,  қоғамдық  өмірдің  өзі  де  осындай  тіршілік 
үшін  күрестен  құралған,  себебі,  адам  баласы  да  табиғаттың, 
биосфераның  бір  бөлшегі,  сондықтан  ол  да  эволюцияның 
заңдылығынан тыс бола алмайды дегенге келіп саятын пікірлерді 
қуаттайды. Осындай әлемдік философиядағы тұжырымдамаларды 
қолданып отырғандығын ол жасырмайды, жалпы сілтеме жасайды 

177
3. Пайымды ойтолғамдар
және оны «тіршілік таласы» деп түсіндіреді: «Бұл жан-жануарлар 
арасында тоқтаусыз дауам (жалғасып жатқан деген сөз) етіп келе 
жатқан таласты ғылым иесі адамдар тіршілік таласы деп атайды» 
[2, 211 б.]. 
Биологиялық тіршілік үшін күресті қоғамға көшірген әлеуметтік 
дарвинизмнің  тұжырымдарына  сәйкес,  Ғұмар  Қараш  өздігінше, 
екеуінің  ұқсастығын  және  айырмашылығын  ажыратады  және  ол 
адамның  әлеуметтік-мәдени  жақтары  арқылы  ашылатындығын 
атап  көрсетеді:  «Тіршілік  таласы  деген  сөз,  сондай  бір  талас, 
жеңілгенге рақым жоқ, жеңілгеннің күні қараң. Адам балаларының 
арасындағы тіршілік таласы мен хайуандар арасындағы таластың 
қаттылық, рақымсыздық жағынан айырмалары жоқ. Бір айырмасы 
сол: хайуандар тіс-тырнағын жұмсағанда, адам балалары бір-біріне 
көбірек ақыл қаруын жұмсайды». 
Тіршілік  таласының  келбетін  осылай  сипаттаған  философ, 
табиғи сұрыпталуға көп тоқталмайды, тек тіршілік үшін күрестің 
қатал  заңдылықтар  бойынша  жүретіндігін  ғана  баяндайды.  Ал 
адамдар  арасындағы  өмірлік  бәсеке,  ақылдан  туындайтын  ілім-
білімге тікелей байланысты болып келеді деп санаған Ғұмар Қараш, 
оның да қатал заңдылықтар бойынша жүзеге асатындығын, түптеп 
келгенде,  әлсіз  ұлттың  тарих  сахнасынан  бірте-бірте  түбегейлі 
жойылып  кететіндігін  тұжырымдайды:  «Ғылым,  өнер  иесі, 
адамдар,  яки  халықтар  тіршілік  таласында  үстем  болып,  надан, 
өнерсіз қалғандай әртүрлі кемшілікте ғұмыр кешірумен жарлылық, 
су құйылмаған теректей болып қурап, ақырында дүниежүзінде өзі 
түгілі атағы да қалмайды». Қоғам дамуының қатаң және күрестегі 
жеңілістің қайғылы халін осылай суреттеген ойшыл, өз ойын әрі 
қарай  сабақтай  келе,  бұл  жағдаятты:  «Мал  арыстанның  аузында, 
Түркістанның  түбінде,  біреу  өлмей,  біреу  күн  көрмес»  деген 
қазақ  мақалымен  байланыстырып  қояды,  екеуінің  арасындағы 
ұқсастықты жіті пайымдайды. 
Осы  әлеуметтік  дарвинизмнің  адамзат  қоғамында  соңғы 
уақыттардағы  анығырақ  байқала  түсуін  табиғи  ресурстардың 
азаюымен,  жердің  тарылуымен  дәйектеген  ойшыл,  бұл  жолы 
геосаясат  теориясына  келіп  жуықтайды:  «тіршілік  таласы 
дегеніміз соңғы заманда берігіректе күшейді. Күшеюге себеп, адам 

178
Ғұмар Қараш
баласының  көбеюі,  жер-суды  тарылуына  гәйриләр  (басқа  кейбір 
жайлар)» [2, 211 б.]. 
Хайуанаттар  арасында  да  аймақ  үшін  тартыстар  жүріп 
отырады,  әрбіреуі  өзінің  жеке  аймағын  қорғауға  ұмтылады, 
адамдар  арасында  осындай  аймақ  үшін  болатын  тартыстар  түрлі 
соғыстардың тууына себепші деген сияқты көзқарасты дамытқан 
геосаясат  тұжырымдамасы  да  Ғұмар  Қарашқа  әсер  еткендіктен, 
ол  енді  осы  күрес  пен  геосаясатты  елін  сақтандыру  мақсатында 
өзінің халқына қарата айтады. Себебі, біздіңше, қазақ халқы жері 
кең,  жер  асты  байлығы  мол  болғандықтан,  геосаясатқа  тікелей 
байланысты сияқты болып көрінеді. Осыны ескерген, ойшыл, Қазақ 
Елі де әлемдік өркениет пен мәдениеттер сұхбаттастығы, әлемдік 
иммиграция-миграция  кезеңінде  одан  тыс  бола  алмайтындығын 
ескертеді
Бұл ойларын автор былайша түйіндейді: «Кең сахарада жайын 
өскен біздің қазақ баласына да тіршілік таласының заманы келіп 
жетті.  Қазақ  ішіне  отарбалар  салынып,  жолдар  ашылған  соң, 
күнбатыста тар жерде отырған елдер бөгеп тұрған кедергі алынған 
судай  боп,  қазақ  сахарасына  жайыла  бастады.  Бостаншылықта 
өскен қазақ ауылына тіршілік таласының қайнаған жерінен шыққан 
адамдармен қатар, тіршілік етудің оңай емес екендігі көзге тез-ақ 
көрінеді». Оның бұл тұстағы геосаясатының бір ерекшелігі: жерге 
қоныстану, жер үшін талас тек соғыстар арқылы ғана емес, мәдени-
рухани-саяси сұхбаттастық арқылы да бейбіт жолмен жүзеге асады 
деген  ойды  ниеттеп  тұрғандай  болады.  Шындығында,  Ғұмар 
Қараштың сол кездің өзінде айтқан осы пікірі бүгінгі күнге дейін 
құндылығын  жойған  жоқ  деп  санауға  болады.  Мысалы,  көрші 
Қытай  мемлекетінің  соғыссыз-ақ  қазақ  даласына  еніп,  санының 
көптігі  арқылы  тұтас  ұлттық  болмысқа  болашақта  бірте-бірте 
қауіп төндіруі ықтимал екендігін көптеген зерттеушілер қоғамдық 
пікірлерінде ресми емес түрде болса да айтып жүр. 
Ойшыл  одан  ары  қарай  сөзін  осындай  тіршілік  үшін  күрес 
немесе  қоғамдық  бәсекелестік  заманында  біздің  халқымыз  тек 
ілім-білім  мен  еңбекқорлықтың  арқасында  ғана  өзін  сақтап  қала 
алатындығы  туралы  тұжырымдармен  айғақтайды.  Үнемі  нақты 
шешімдер  мен  ұлт  болашағы  туралы  пайымдауларға  ұмтылатын 

179
3. Пайымды ойтолғамдар
ойшыл,  білім  –  тіршілік  үшін  тайталасқа  түсудің  бірден-бір 
жолы деп пайымдайды және бұл идеясын өз халқына жолдайды, 
еріншектіктен  арылып,  болашақ  бағдарды  тек  осыған  ғана  арнау 
керек  деген  сияқты  ойларын  түйіндейді:  «Ата-бабадан  келе 
жатқан  жалқаулықты  тастап,  тәуекел  ердің  жолдасы  деп  ғылым, 
өнер жолына түсіп, бүтін жұрт үлес алып жатқан дүниеден бізге 
де  үлесімізді  алу  керек.  Ұйқымызды  ашпай  қарап  жатқаннан 
тапқан  жүлдеміз  көз  алдымызда:  Еділ  барсақ  та,  Жайық  барсақ 
та,  жер  үйде  күтір  бағып  отырған  қазақ  баласын  көресің,  қазақ 
ішінде мұндай қорлықта жүрген шет жұртты көрмейсің. Жоғарыда 
айтылған  тіршілік  таласының  ғылым-өнерден  құр  қалғандарына 
көрсететұғыны осы».
Автор бұл тұста артта қалған қазақ халқы үшін сырттан ешкімге 
де  мін  тақпайды,  тек  алға  ұмтылмаған  өздеріміз  ғана  кінәліміз 
деген сияқты пікірді аңғартады. Себебі, дүниеден әркім және әрбір 
халық өзіндік үлесін алуға құқылы және адамзат эволюциясы мен 
әлем  заңдылығы  осыған  негізделген.  Эволюцияда  Жер  бетіндегі 
байлық  пен  игіліктің  барлығы  барша  адамзатқа  және  басқа  да 
тіршілік  иелеріне  өз  үлестерін  ала  отырып,  ортақ  пайдалануға 
арналған. Мәселе, соны қалай алуда болып отыр. Соғыспен тартып 
алса, ол әділетсіздік болады, қулықпен алса, ол да адамгершілікке 
жатпайды, сондықтан, өзімізге бұйырғанды ілім-біліммен игеруіміз 
керек. Бірақ, заман қашан игереді екен деп, бізді күтіп отырмайды, 
сондықтан жедел қимылдау қажет екендігі түсінікті. Міне, автордың 
айтайын деген қорытындысы – осы. 
Ал  дер  кезінде  ұрпақтарымызды  осы  жолға  бағыштасақ, 
болашағымызды  ойлағанымыз  болып  табылатындығын  ойшыл 
терең  түйсінген.  Осы  орайда,  Ғұмар  Қараш  былай  деп  сөзін 
әрі  қарай  жалғайды:  «Өнерлі  өрге  жүзер»  деп  қарттарымыз  да 
осындайда айтқан. Көзіміздің нұры ғазиз балаларымыз келешекте 
рахатшылдықта  өмір  сүрсін,  артымызда  дұғашы  болсын  десек, 
тіршілік  саласында  шет  миләт  (ұлт)  балаларынан  кем  болмастай 
етіп, оларға ғылым-өнер үйретуі тиіс». 
Сондықтан  да  Ғұмар  Қараш  тұтас  өмірдің  өзін  жарысу  деп 
бағалайды. Кім білімді болса, сол алға озады деп түсіндіреді. Бірақ 
барлық адамзат баласы сияқты, қазақтар да осы әлемде өмір сүріп 

180
Ғұмар Қараш
жатқандықтан,  мұндай  бәсекеден  оқшау  болғысы  келседе,  тыс 
бола алмайды. Сондықтан, ол жарыс біздің қалауымыз бен еркіміз 
емес,  баршаға  арналған  әлемдік  дода  және  қашан  аяқталары 
белгісіз жарыс. Осындай келелі ойларын ол «Жарысу (Мұсабиқа)» 
деп  аталатын  шағын  әңгімесінде  баяндайды  және  бұл  жарыстың 
экономикалық  кеңістік  арқылы  орнатылған  көрінісін  былайша 
суреттеп береді: «Бұ міне бұлай: қазіргі заманда бүкіл дүниежүзі 
бір  базар  хүкіміне  кірді  –  дүниенің  бір  шетіндегі  бір  адам  бұ 
шетіндегі екінші бір адамға бір дастархан басында бірге отырғандай 
сөйлесіп, алыс-беріс мұғамиләсін жасайды. Алыс жолға аз уақыт 
ішінде барып келеді. Бұ себепті бүтін дүниежүзіндегі адамдарды 
бір базардағы деп айтсақ та қате болмайды».
Бұл  ойларын  тарқатып  түсіндіре  кетсек,  «Бір  базар»  деп 
отырғаны  тұтас  экономикалық  байланыстар  арқылы  орнаған 
қатынастар мен алыс-берістер, бір-біріне тәуелділік пен қоғамның 
ашықтығы  болып  табылады.  Осындай  пікірді  қазіргі  таңда  да 
біз  күн  сайын  қайталап,  оған  «жаһандану»  (бұл  жерде  дұрысы 
экономикалық  жаһандану)  деген  ат  та  қойып  алғанбыз.  Тіршілік 
үшін талас кеңестік дәуірде бәсеңдеді, социалистік жарыс дегендер 
болмаса,  адам  болашақ  үшін  қатты  алаңдай  қоймады,  білімді  де, 
білімсіз  де  өз  әрекетінше  өмір  сүре  берді.  Ал  нарықтық  қоғам 
Ғұмар Қараш айтқандай, тіршілік таласының қоғамдағы шынайы 
көрінісін  паш  етті.  Ол  бастапқыда  біздің  қоғамымызда  «дайын 
бола  алмай  қалушылық»,  «нарықтық  қатынас  заңдылықтарын 
түсінбеушілік»,  «өткенді  аңсап,  оның  қайтып  келетіндігіне  сеніп 
қиялға бой ұрушылық» сияқты психологиялық мінездермен келіп 
тоғысып,  капиталистік  қоғамға  өтуімізге  айтарлықтай  кедергілер 
туғызды. 
Ғұмар Қараштың ХХ ғасыр басындағы осындай ойлары бүгінгі 
нарықтық қоғамға бет бұрған қазіргі заманымызға да сәйкес келеді, 
әсіресе,  осыдан  жиырма  шақты  жыл  бұрынғы  нарыққа  өтпелі 
кезеңге тұспа-тұс келіп тұр. Ғұмар Қараштың: «дарвинизм (тіршілік 
таласы) – әлеуметтік дарвинизм (қоғамдағы бәсекелестік) – рухани 
бәсекелестік (жарысу) – өнер-білімге ұмтылу» туралы ой өрісінің 
даму жүйесі, түптеп келгенде, өз халқының ілім-білімсіз болашағы 
жоқ  екендігі  туралы  тұжырым  және  бұл  идеясын  қоғамдық 

181
3. Пайымды ойтолғамдар
санаға  сіңіру.  Сондықтан,  ол  бұл  тәсілін,  әлемдік  философияға 
сүйеніп дәйектеп қою арқылы, бірте-бірте түпкі қазақ рухын ояту 
мақсатына жету үшін батыстық философиялық жүйелерді ретімен 
пайдалану  бойынша  жүзеге  асырады.  Екінші  бір  қырынан,  автор 
қарапайымдылықты  басшылыққа  алып,  әдеби-көркемдік  тілді 
қолданады және ұлтының діліне сәйкестендіріп, мақал-мәтелдерді 
де қатыстырып қояды. Осының бәрі өзінің негізгі идеясын халықтың 
санасына түбегейлі «шұқып» жеткізу үшін қолданылған әдіс және 
ол  бір  емес,  бірнеше  жерде  қайталанып  тұратын  психологиялық 
тәсілдерді де құрайды: көзін жеткізу, сендіру, санасына ендіру т.б.
Позитивизм (Конт). Неопозитивизм. Позитивистік философия-
. Позитивистік философия-
ны да «Әркімнің өз тұрғысы бар. Хайуандық халіндегілер. Қырғыз 
зиялылары»  деген  еңбегінде  қарапайым  тілмен  түсіндіріп  берген 
Ғұмар Қараш философияның метафизикалық мәселелері туралы өз 
пікірін былайша білдіреді: «Әрине, әркім өз көзқарасын білдіруге 
құқы  бар.  Бұл,  адамның  ақыл-ой  деңгейін  көрсетеді.  Мысалы, 
математика,  инженерлік  ғылымдар  салаларында  көп  талас  бола 
қоймайды.  Себебі,  олар  нақты  ғылымдар.  Ал  пәлсапалық  салада 
барлық  мәселелерде  бір  түйінге  келу  мүмкін  емес.  Мысалы, 
бөрі  мен  қойдың  мақсат-мүддесі  сияқты  олардың  мүдделері  де 
қарама-қайшы келеді» [2, 172 б.]. Осы тұста, оның философиялық 
тұжырымдарды  қысқаша  түсіндіріп  берудің  маманы,  ойды  анық 
және дәл жеткізудің шебері болғандығын аңғарамыз. 
Биологиялық-философиялық 
антропология 
(А.Гелен). 
Қоғамның құрылуы туралы конвенционализм (Т.Гоббс) теориясы. 
Социологиядағы  органикалық  мектеп  (Г.Спенсер).  Ғұмар  Қараш 
өмір  философиясымен  шұғылдану  үшін  жалпы  биологиялық 
тіршілікті,  физиологиялық  эволюцияны,  хайуанаттар  мен 
адамдардың  тіршілік  ету  әрекеттерін  тұтас  қарастырады  да, 
конструктивті тұрғыдан олардың айырмашылықтарын да ажыратып 
зерделейді.  Осы  тұста,  оның  келелі  бір  жетістігі  –  хайуандар 
мен  адамның  эволюцияға  бейімделуі  туралы  тұжырымдары.  Ол 
өзінің  философиялық  шығармалар  жиынтығының  10-бөлімінде 
осы  мәселелерді  былайша  толғайды:  «Санағат  (өнер)  –  Афғани 
хұтбасынан  тәржіма  адамдардан  басқа  һәрбір  хайуандардың  не 
бар  хажет  нәрселері  өз  үстерінде  жаратылған:  суығына  тоңып, 

182
Ғұмар Қараш
ыссыға күймес үшін, тәндеріне түк, басқа хайуандардан сақтаныс 
үшін  бастарына  мүйіз,  аяқтарына  тырнақ,  ауыздарына  өткір 
азу  берілген.  Бұ  себепті  ол  хайуанат  жынысы  адамдай  емес, 
һәрқайсысы  өз  алдына  күнелте  аларлық  болған.  Һәмме  адамдар 
бұлай жаратылмаған, яғни, ешбір қажет нәрсесі өз үстерінде жоқ: 
түксіз,  мүйізсіз,  тырнақсыз,  азусыз,  ыссыдан,  суықтан  сақтану 
үшін  киім  хазірлеуге,  жыртқыш  хайуандардың  зарарларынан 
сақтану үшін қару-жарақ хазірлеуге, азық-түлік жиыстыру үшін өзі 
секілді екінші адамдардың қолғабыстарына (жәрдемдесу) мұқтаж 
болып, ағза жағы бек кем зағиып жаратылған. Сол кемін толтырып, 
жетпегеніне  жеттіру  үшін  тәңірі  тағала  ол  адам  жынысына  ақыл 
(ғақыл)  деген  бір  сипат  берген.  Һәм  ол  ақылмен  бәрібір  керекті 
ойлап біліп, ойындағысын өзіндей адамдарға түсіндіріп, бір-біріне 
қанат-құйрық болсын деп тіл берген. Қысқартып айтқанда, тәңірі 
тағала  адам  жынысын  былайғы  хайуандардан  басқаша  жалғыз-
жалғыз  күнелте  алмастық  –  бәрі  бірігіп,  бірінің  жетіспегенін 
басқалары  жетістірерлік  етіп  жаратқан.  Һәм  адамдардың  күн 
көруін санағат (өнер) деген нәрсе байлаған. «Неге?» десеңіз барша 
адамдарға да кірерге үй, киерге киім, жерге азық керек. Бұлардың 
ешбірі де жалаңаш қолмен жасалмайды» [2, 193–194 бб.]. 
Ғұмар  Қараштың  бұл  ойы,  шындығында  да,  классикалық 
философиядан кем түспейтін өзінің төлтума идеясы, философиялық 
шығармашылық ойлаудың жемісі болып табылады. Дәл осы ойды 
ХХ ғасырдағы неміс ойшылы, философиялық антропология, оның 
ішіндегі  биологиялық  бағытының  өкілі  –  Арнольд  Гелен  (1904-
1976  жж)  20–30  жылдан  соң,  өзінің  шығармашылығының  екінші 
кезеңінде қайталайды. 
Осы тұста, сөзіміз дәлелдірек болу үшін, екі пікірді салыстыру 
мақсатында  Геленнің  идеяларына  қысқаша  тоқталып  өтуімізге 
болады.  Ол  адамның  биологиялық-физиологиялық  қырына 
тереңірек үңілді және оны бақытсыз жағдай тұрғысынан таразылады. 
Адамның негізгі жағдайы өзін-өзі сақтау инстинктісінің болмауы 
деді.  Геленнің  пікірінше,  адам  ойлайтын  жан  емес,  практикалық 
танитын, өзінің болашағына жұмыс жасайтын, өзін түзейтін және 
қалыптастыратын,  демек,  мәдениетті  жасайтын  тіршілік  иесі.  Ол 
«жеке адамның» болмысын осы бағытта ашқысы келді. Адам әлі 

183

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет