Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы



Pdf көрінісі
бет14/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

3. Пайымды ойтолғамдар
екіншіден,  бастапқы  діни  сана  көкжиектерінен  тамыр  тартады. 
Туған табиғатымен үйлесімділікте болу, дала кеңістігін ерекше жан 
дүниесімен  құрмет  тұтудың  тағы  бір  сенімді  кепілі:  сана-сезімге 
мықтап орнығатындығы бойынша, бейсанаға әсерлі ықпал етушілігі 
арқылы танымал болған түркілік діни сенімдерімізде жатыр. 
Дала  философиясының  аксиологиялық  қыры  –  осы  тұста 
психологиялық  қатынаспен  жалғасын  табады.  Себебі,  даланың 
сакральділігі  көшпелі  үшін  психотранстық  күйді,  адамның  өзіне 
үңілуді, психологиялық жеңілденуді (разгрузка), медитацияны т. б. 
тудыратын жағымды терапиялық объект. Біздің пайымдауымызша, 
далаға ұзақ уақыт көз жіберумен сәт сайын кездесетін көшпенді – 
шексіздік пен асқақтық, шетсіздік пен игерусіздік тудыратын көңіл 
күйіне жолығады. Сөйтіп, ерікті-еріксіз түрде күн сайынғы далаға 
қарап  медитация  жасау  мен  психотранстық  (зиянсыз,  ешқандай 
идеологияның әсерінсіз) күйге түсудің терапиялық маңызы болды 
деп  бағамдаймыз.  Бұл  үдеріс  –  ішкі  шерді  тарқатудың,  яғни, 
батысша  айтсақ,  невротикалық-депрессиялық  күйден  арылудың 
емі, өзімен-өзі оңаша қалып сырласудың, бәрін де бір сәтке алаңсыз 
ұмытып, өзіне үңілудің, Мен-імен іштей тілдесудің т. б. объектісі 
болғандықтан,  жан  күйзелістерін  болдырмаудың  құралына 
айналған тәрізді. Даланың игерусіздігі мен асқақтығынан адамның 
дәрменсіздігі ашылады, ал оған деген ынтықтықтан сүйіспеншілігі 
қалыптасады.
Міне,  ендеше,  бұл  жердегі  Ғұмар  Қараштың  архетиптік 
пайымдаулары оған деген сүйіспеншілік қатынастан туындап жатса, 
екіншіден Көк жүзіне көз жүгірткен трансмедитациялық жағдайды 
бейнелейді. Еуропалық философия бойынша байыптасақ, бұл тұста 
З. Фрейдтің «Мұхиттық ала көңіл сезімі» бастан кешіріледі, яғни, 
адам  мұхиттың  алдында  немесе  түнгі  аспан  сияқты  шексіздікке 
жолыққанда  өзінің  түкке  тұрмайтындығын  түйсініп,  үрей  мен 
дәрменсіздік сезімін бастан өткізеді. И. Канттың «Мен үшін екі құпия 
бар: бірі жұлдызды аспан, екіншісі адамның ішкі рухани» дүниесі 
деген  тұжырымы  мен  З.  Фрейдтің  көзқарасы  осы  біз  қарастырып 
отырған философиялық ойтолғамға тікелей байланысты болып отыр. 
Ендеше,  Ғұмар  Қараштың  өз  басынан  өткендей  қылып 
бейнелеген  бұл  көрінісі  «философиялық  толғаныстарды  сөзсіз 

150
Ғұмар Қараш
тудырудың алғышарты осындай көрініс болып табылады» дегенге 
келіп саяды. Ол шексіздікпен, тікелей ғарыш шексіздігімен бетпе-
бет  келеді.  Осы  күйінен  ақын  философиялық  толғаныс  кешуге 
ерікті-еріксіз  түрде  беріледі.  Әрі  қарай  ақын  аспанға  көз  салып 
алаңсыз  шалқалап  жатырған,  жұлдыздарды  назарға  іліктірген 
күйіндегі ой иірімдерін былайша жалғастырады: 
Көрісуден ол алыс.
Екі арасы тым шалыс.
Алыстықтың белгісі, 
Нұры талып шақ жетер
Қараған көзге қалтылдап
 [2, 115 б.]. 
Бұл  тұстағы  мәселе  –  ақын  астрономиялық  біліммен 
қаруланғандықтан, оның қашықтығын анық біліп тұрғандығы ғана 
емес, сол сезімді терең түйсіну мен өзінің дәрменсіздігін қайтадан 
ұғынуда жатыр. Автор әрі қарай кеңістіктің шексіздігі туралы шолу 
жасайды: 
Зорлығының шамасы:
Әрбіреуі бір дүние, 
Деп айтуға дөп жұлдыз.
Жатқанына мынау үстінде, 
Доп-домалақ қара жер
Кең жиһанның ішінде
Ноқаттай орын алмайды.
Шеккісіне ғаламның, 
Тозаңдай салмақ салмайды.
Бұл жерде де әлемнің аяқталып қалмайтын шетсіздігі туралы 
толғана келе, Жер планетасының өзі болмашы ғана нәрсе екендігін 
атап өткен ойшыл, келесі кезекте: егер жер тозаңдай болса, онда 
тіршілік ететін адам тіптен де елеусіз тіршілік иесі деген логикалық 
тұжырымын былайша дәйектейді:
Мысалы бейне жер тозаң
Жер үстінде қыбырлап, 

151
3. Пайымды ойтолғамдар
Жүрмін, жанмын десе де
Адам да солай бір тозаң.
Бұл – қазіргі ғылыми тұрғыдан алғанда, таң қаларлық құбылыс 
емес, дегенмен, танымның: ғарыш пен әлем, адамның ондағы орны 
туралы толғаныстарды одан әрі өрбіте беруге қойылған бастапқы 
шарты  десе  де  болады.  Қазіргі  заман  адамы  үшін  мұның  еш 
ерекшелігі  болмауы  да  мүмкін,  бірақ  Ғұмар  Қараш  заманы  үшін 
кең  пайымдауға  жол  ашатын  онтологиялық  ойтолғамның  негізі 
және ол поэтикалық тілмен берілгендік арқылы өзінің құндылығын 
қайтадан  арттыра  түседі,  таза  эстетикаға  айналады.  Мұндай 
сарынды жолдарды, шындап келгенде, философ қана емес, бүгінгі 
күннің  ақындары  да  толғап  жүр.  Екіншіден,  Ғұмар  бұл  ойын 
тек  әрі  қарайғы  ойтолғамының  бастамасы  ретінде  ғана  атап  өтіп 
отырғандығы  былайша  жалғасқан  өлең  жолдары  арқылы  белгілі 
болады:
Тозаңдай сол адамның
Жер үстінде ғұмыры
Көз кірпігін қаққандай.
Адам жүрер сонда да
Мәңгі суын татқандай.
Автор  енді  кеңістіктің  шексіздігінен  уақыттың  шексіздігі 
мәселесіне  қарай  ойысқан.  Осы  шексіз  уақыттағы  адам  өмірінің 
уақытының түкке тұрғысыз «кесінді» ғана екендігін тағы да еске 
салып қояды. Оны «көз кірпігін қаққандай» деп жердегі әлеуметтік 
уақыт  өлшемі  бойынша  мысал  келтіре  отырып,  ғарыштық 
уақытпен салыстырып қарап барып, дәйектейді. Ал адам осы бір 
лездік сәтте өмір сүрсе де, өзін мәңгі өлместей сезінеді. Ақынның 
«мәңгі суы» деп отырғаны эликсир болса керек. Ендеше, ол адам 
өзінің өмірінің өткіншілігін үнемі ұмыт қалдырып отырады немесе 
ескере бермейді деген пікірді түйіндеп отыр.
Адамзат өзін тек жай ғана мәңгі тіршілік иесі ретінде сезініп 
қоймайды,  ақыл-ой  мен  техникалық  дамуы  арқылы  табиғатқа 
оңай  үстемдік  жүргізген  соң  бірте-бірте  масайрап,  өзін  әлемнің 
орталығына  шығарып,  сайып  келгенде,  санасына  эгоцентристік 

152
Ғұмар Қараш
пиғыл  орнататындығы  туралы  тұжырым  жасаған  ақын,  ойын 
былайша өрнектейді:
Тұтқасынан асқар тау 
Ілінер болса қолына
Қопарып түптеп атқандай.
Ақыл-ой жетісіп, 
Сұмдығымен жиһанды
Екі пұлға сатқандай.
Өзі патша, өзі хан
Он жеті мың бар ғалам
Оның үшін түзеліп
Тәртіп назын тапқандай.
«Асқар  тауды  қопару»  теңеуі  –  адам  баласы  өзінің  ғылыми-
техникалық  жетістіктері  дамыған  сайын  осындай  әлем  үшін 
«мағынасыз»  істерге  дейін  баруы  ықтимал,  сөйтіп,  экологиялық 
дағдарыстарға алып келетін, табиғи эволюцияға да кереғар болып 
шығуы мүмкін нәтижені береді және адамзат соған шабыттануға 
қарай  бет  бұрып  отыр  дегенге  келіп  саяды.  Ал  «Сұмдығы»  деп 
отырғаны  адамның  Ақыл-ойына  байланысты  болып  келетін, 
интеллектіге  де  қатысты  табиғатқа  үстемдік  жүргізетін  қулығы 
(қулық ақыл) деген түсінікке сәйкестенеді. Бұл – шындап келгенде, 
қазіргі  қоғам  жағдайын  да  білдіретін  болашақ  философиясын 
да қамтып тұр. Бұл жерде айта кететін маңызды бір жайт: Ғұмар 
Қараш  бұл  идеясын  техника  философиясы  мен  Рим  клубының 
экологиялық философиясынан бұрынырақ айтқандығы. 
«Сатқандай»  деген  сөзі  адамзат  қоғамын  капитал  билейтін 
кезеңді  тұспалдайды.  Қазіргі  кездегі  табиғат  байлықтарының 
сатылуы, тіпті адамзат мүмкіндігі келсе, өткір айтқанда, Айды да, 
Жұлдыздарды  да  саудаға  салудан  тартынбайтын  күйде  екендігі 
бәрімізге  аян.  «Ал  өзі  патша,  өзі  хан»  деген  теңеуі:  оның  жер 
бетінде өлі және тірі табиғатқа билік жүргізе алатындығын, адам 
баласына әзірге, кездейсоқ апаттар болмаса, ешқандай күш, басқа да 
биологиялық тіршілік иелері қарсы келе алмайтын болғандықтан, 
«өзінше» Жердің Көшбасшысы (Лидер) екендігін, осындай сезімі 
арқылы он сегіз мың ғаламға антропоцентристік санамен қатынас 

153
3. Пайымды ойтолғамдар
жасайтындығын,  табиғатқа  деген  тұтынушылық  пен  «ашкөздік» 
сезімнің орныққандығын жинақтап айту деп түсіндіре аламыз.
Адамзат  баласының  масайраған  өзімшілдік  санасын  қатты 
сынаған және оған деген өзінің тебіренісін білдірген философ ақын 
оны көркемдік тілмен былайша жеткізеді:
Қиямет мақшар таң туып
Жер көтерген өгізді, 
Сойып салып жайратып, 
Тойын жасап жатқандай.
......................................
Көк өгіздің етіне
Тойып алған сабаздар
Еріндері жалтырап, 
Әрқайсысы сексен хор
Өбе, құша жатқандай.
Көне  дүниетанымға  зер  салсақ,  байырғы  түркі-қазақ 
мифологиясында  Жерді  Көк  Өгіздің  көтеріп  тұрғандығы  туралы 
мифология бар. Ал сол Өгіз қастерленетін алып тіршілік иесі болып 
саналған, сірә, бұл – кейінгі Өгіз тотеміне байланысты болса керек. 
Ендеше,  әлемді  билегенімен  қоймай,  мәз-мейрам  кейіпте  оған 
үстемдігін  жүргізген  жалпыадамзаттың  даму  өркениетіне  деген 
өзінің келіспеушілігін ақын көркемдік тілмен жеткізеді. Образды 
түрде айтқанда, мифология мазмұнын негізге алғанда: егер сол көк 
Өгізді сойып жеп жатса, Жер планетасын «ешкім көтермейді», яғни, 
ол үмітсіз шексіз ғарышқа құлап (өзінің айналу өзегінен ауытқып 
деген  мағынада)  планетамыз  тіршілік  ету  қабілетінен  айрылады 
деген ой ниеті тұспалды түрде берілетін сыңайлы. Бұл да қазіргі 
экологиялық  дағдарыстар  шегіне  жеткен  сәтте  тек  адамзат  қана 
емес, барша тіршілік өмір сүре алмайтындай ахуал пайда болып, 
Жер  өзінің  Жерлік  болмысын  жоғалтады  деген  тұжырымға  келіп 
түйісіп тұр. 
Одан  соң  ақын  адамзатқа  қарата  тіл  қатады,  оның  тозаңдай 
ғана халі жоқ екендігін, әлемнің сырын тек қана Жаратушының бір 
өзі ғана себеппен жаратқандығын білетіндігін, Алланың ғылымы 
аса терең екендігін атап көрсетеді:

154
Ғұмар Қараш
Әй адамзат, адамзат
Бұл ғаламның ішінде
Тозаңдай халің жоқ болса, 
..........................................
Барша ғалам сен үшін 
Түзелмесе керек-ті
Жаратушы бұларды
Құдыретінің шегі жоқ
Ғылымының түбі жоқ
......................................
Жалғыз ғана бір өзі
Сырына жетіп ғаламның
Мақсатын білсе керек-ті.
Яғни, бұл тұстағы ақынның ой түйіні мынаған келіп саяды: барша 
әлем, сен үшін ғана емес, яғни, тек адамзатқа ғана арналмағандығы, 
ал оның не үшін екендігін тек бір Алланың өзі ғана шексіз ғылымы 
арқылы жаратқан. Сондықтан, әлемнің ішкі сырын толықтай тануға 
адам  қабілетсіз  деген  сияқты  агностикалық  шешім  шығарады: 
«Сырынан бұл ғаламның, Мақсатынан жаһанның, Үлесің жоқ, құр 
құртсын». Адам ғалам алдында көлемі жөнінен кішкене ғана болар 
болмас тіршілік қарбаласы үшін жыбырлаған тіршілік иесі, құртқа 
ұқсайды. Адам, ендеше, ғалам сырын түбегейлі танып білуі мүмкін 
емес, қаншама ақыл-ойы жетіп масайрағанмен, сол ақыл ой жаһан 
мақсатын  толықтай  анықтауға  қабілетсіз  дей  келе,  И.  Канттың 
трансценденциясына ұқсайтын теорияға тіреледі. 
Бірақ  осы  шексіз  дүниеде,  өзі  өмір  сүріп  отырған  әлемінің 
сырын түпкілікті тани алмайтын кеңістікте тіршілік етіп отырған 
адам: «Сонда не істеу керек, қалай өмір сүру қажет деген» сұрақ 
қоятындығын,  оған  бірден-бір  тиімді  жол  –  «Ождан»  екендігін, 
тіпті одан басқа жолдың әзірге табылмағандығын толғаған ақынның 
философиясы,  бұл  жерде,  барынша  күрделі  сипатқа  ие.  Мұнда 
демек, өмірдің мағынасы мен адамға жер бетінде тіршілік етудің 
бірден-бір  дұрыс  деп  ұсынылған  тиімді  жолы  осы  ғана  екендігі, 
сайып келгенде, моральді сақтау қазіргі әлемдік философтар атап 
көрсетіп жүргендей, борыш, парыз, жауапкершілік сияқты жеңіл-
желпі нәрсе емес, өзінің объективті негіздері бар таза шынайылық, 

155
3. Пайымды ойтолғамдар
адам үшін арналған бірден-бір ақиқат деген тұжырымдары былайша 
өрнектеледі: 
Бар болғаны сол ғана
Ожданына бойсұнып, 
Төреші көңіл екенін
......................................
Әрбір адам ұлына
Міндет етсе керек-ті.
Ождан деген көңілдің
Төресіне айтады
Ождан түбі Алланың
Бұйрығына қайтады
...................................
Осы ғана адамның
Ақылы тауып жеткені
Ақылдылар халыққа 
Ашып баян еткені
Мұнан ары озуға
Адамның тайы келмес-ті. 
Демек,  оның  ойынша,  адамзат  баласы  әзірге  осы  ождан 
қағидасынан құтылмақ емес, оны бізге эволюция (құдай) міндеттеп 
берген.  Бұл  ақылдылардың  ойлана-толғана  келе,  шешім  ғып 
шығарған  тұжырымы  сияқты  дегендей  пікірді  білдіреді.  Адам 
баласының бұдан озып басқаша шешім шығаруға әзірге мүмкіндігі 
келмейді.  Демек,  Ғұмар  ақынның  өмір  философиясы  бойынша
Ождан  –  қазіргі  философия  ойлағандай,  жай  ғана  этикалық 
категория  емес  немесе  қоғамдық  санада  қабылданып  жүргендей
орындаса  да,  орындамаса  да  болатын  адам  еркіне  қатысты  емес
өмір мен тіршілік етудіңяғнибар болудың негізгі мағынасы. Бұл 
ғұмыр кешудің нағыз шынайы ақиқаты. Ал қиялы – жоғарыда атап 
өткендей,  адамзаттың  өзін-өзі  әлемде  –  хан,  патша  сезініп  жүру. 
Бұл  –  таза  иллюзия,  Ождан  –  таза  абсолютті  ақиқат.  Сондықтан 
ақынның  дүниетанымында  «антропоцентризм  –  қиял  (мүмкін 
оның  шындығы  уақытша),  Ождан  –  ақиқат»  деген  тұжырым 
туындап  тұр.  Бұл  идеяның  Үнділік  ілімдегі  әлемнің  жалғандығы 

156
Ғұмар Қараш
мен  алдамшылығы  туралы  «Майя  жамылғысы»  тұжырымынан 
айырмашылығы: о дүниелік рахат туралы насихаттың жоқ екендігі.
Қазақ  дүниетанымында  Ождан  түсінігі  осыдан  кейін  арнайы 
онтологиялық категория ретінде қалыптасып, жалғасын таба түседі. 
Мысалы,  Шәкәрімнің  «Үш  анық»  атты  философиялық  еңбегінде 
де  [88,  5-18  бб.]  осы  Ождан  ұғымы  басты  үш  ақиқаттың  бірі 
ретінде түсіндіріледі. Бұл көрініс – қазақ халқының философиялық 
ойларындағы бірлікті ғана емес, таным мен діліндегі ортақтастық 
пен сабақтастықты дәйектейді. 
 Автор әрі қарай өзінің өмір философиясында ХХ ғасырдағы 
батыс экзистенциалистерінің пікірлеріне қарай жуықтай түседі: 
Жиһан деген қонысқа
Келіп жетіп еніппіз
Келуіміз не үшін?
Кетуіміз не үшін?
Мұнда не сыр, не мақсұт?
Білдік десек бүліппіз.
Бұл  толғауларды  тарқатып  түсіндірсек,  жиһанды,  яғни,  тек 
жер  ғана  емес,  жалпы  әлемді  адамзат  үшін  уақытша  қоныспен 
салыстырған  ойшыл,  оның  пенделік  өмірге  арналған  алғышарт, 
тіпті  шарт  қана  екендігін  бағамдай  алған.  Бірақ  «өмірге  адам  не 
үшін  келеді,  не  үшін  кетеді»  деген  онтологиялық  мағынадағы 
сауалдың  түпсыры  белгісіз  екендігін  экзистенциалдық  тұрғыдан 
жариялайды. Өмірге қалай кездейсоқ, арнайы мақсатсыз және тез 
келсек, кетуіміз де солай деген ой түйінін білдірген Ғұмар Қараш 
оның түпмақсатын адам өзі біле алмайтындығын паш етеді. «Келіп 
жетіп еніппіз» деген сөздері дүниеге келген адам бейне бір өзінің 
өмірінің  мағынасын  жасауға  немесе  әлем  үшін  тыңғылықты  іс 
тындыруға қарай асығып келе жатқандай деген сияқты мазмұнды 
қамтып тұр. Бірақ өзі өзінің не үшін осыншама асығып келгендігін 
білмейді,  тіпті  адам  баласы  осы  дүниеге  келе  жатқандығын  өзі 
де  сезбейді.  Бұл  идея  М.  Хайдеггердің  дүниеге  «тасталғандық» 
ұғымымен  [89,  114  б.]  белгілі  бір  деңгейде  байланыса  алады. 
Бірақ неміс ойшылының түсінігінде ол тұңғиық үмітсіздікке қарай 

157
3. Пайымды ойтолғамдар
құлдыраса, Ғұмар Қарашта ол Жаратушының құзырындағы билік 
деген пікірмен жоғарыға қарай өрбіп кетеді:
Кім құрады жиһанды
Кім жіберді адамға
Терең сырлы бұ жанды.
Құрудан мақсұт – мұратта
Кім құрса соның өзіне
Мағлұм болса керек-ті.
Осылайша адамзат дүниенің қыр-сырын танып білуде белгілі 
бір  жаңалықтар  ашып,  олардың  мақсаттарын  ұғынғамен,  түптеп 
келгенде  өзінің  бұл  дүниеге  келуінің  мақсатын  біле  алмайтын 
қайшылыққа тап болады. Сондықтан, адам өмірінің мақсаты мен 
мәнін егер біз білдік десек, онда автор атап көрсеткендей «бүліппіз», 
яғни, бүлдіріппіз екен. 
Ғұмар  Қараштың  бұл  өмірмәнділік  толғауын  батыстық 
экзистенциализм тұрғысынан түсіндіруге болмайды. Оның тіршілік 
пен эволюция туралы өзіндік ой қисыны бар: әуелі шексіз кеңістік 
пен  уақытты  толғап,  осы  шексіздіктегі  адамның  әлемге  деген 
үстемдік жүргізушілік ниетінің өзі күлкілі екендігі және ешқандай 
табиғи  үйлесімділікке,  экологиялық  этикаға  жатпайтындығын 
айта  келіп,  сөйтіп  жүрген  өзімшіл  адам  баласы,  сайып  келгенде, 
өзінің  бар  болуының  мағынасын  ашып  бере  алмайтындығын 
тұжырымдайды. 
Сондықтан,  жер  мен  әлем  алдындағы  «масайраудың» 
өзі  абсолютті  мәнсіз.  Ғұмар  Қараштың  ой  иірімдерінде, 
экзистенциалдық  қайғыру,  зерігу,  жабырқау  сияқты  көңілсіз 
сезімдер  толғанылмайды.  Керісінше,  адамдар  шаттанып  өмір 
сүре  береді,  бірақ  ол  шаттанудың  мағынасын  адамзат  өздері  де 
түсінбейді.  Батыс  экзистенциалистері  «адам  өмірі  мағынасыз» 
деген  тоқтамға  келсе,  Ғұмар  Қараш  адам  өмірінің  мағынасы  – 
Ождан деп шешеді. Сонымен қатар бұдан басқа жол жоқ екендігін 
барша  адамзатқа  жариялайды.  Оның  түсінігінде  Ождан,  яғни, 
этика өз алдына бөлек философияның бір саласы ретіндегі ғылым 
емес,  тұтас  адамзат  өмірінің  ең  терең,  басқа  ешкім  одан  асып 
айта  алмайтын  түпмағынасы  деген  тоқтамға  келеді.  Этиканың 

158
Ғұмар Қараш
ғылым  ретіндегі  тар  аясын  кеңейткен  ойшыл,  Ожданды  өмірлік 
ақиқатпен  теңестіріп  жібереді  десе  де  болады.  Моральдің  өзі, 
ендеше,  субъективті  емес,  адам  өмірінің  бар  болуының  негізі 
болып  табылатын  объективті  нұсқа  болып  шығады  деген  сөз. 
Шындап  келгенде,  өмірдің  мағынасын  таба  алмаған  адам  түптеп 
келгенде,  Ожданға  сүйенсе  болды  дегенді  білдіреді.  Әрине, 
мұндай  тұжырым  батыс  философиясы  үшін  байыбына  барып 
түсінбегендіктен мағынасыз, тіптен терең емес, жай ғана айтылған 
ой болуы ықтимал. Ал түркі-қазақтық этикоцентристік философия 
үшін  бұл  аса  терең  ойтолғам  ретінде  бағаланады.  Шындығында, 
бір  кездерде,  бір  уақыттарда,  адам  баласы,  нақтырақ  айтқанда, 
батыстық  өркениет  жолы  дағдарысқа  ұшырағанда,  ойшыл  атап 
көрсеткендей, Ожданнан басқа жол жоқ екендігін ұғынуы да әбден 
мүмкін.  Бұл  Ождан  философиясын  түпкілікті  түсіну  үшін  біз  де 
санамыздағы  батыстық-логоцентристік  парадигмаларды  алып 
тастауымыз қажет шығар. 
Өмірдің  мағынасын  мұндай  түйткілмен  шешу  тек  қана  әлем 
мен адам эволюциясы арқылы ғана емес, келесі бір туындыларында 
өмір сүрудің әр тарапты жолдары мен мақсаттарын толғай отыра да 
шешімін табады. Бұл мәселелер Батыс философиясында қозғалған 
өмірдің мағынасы мәселесін іздеуге келіп тоғысады. Бірақ оларда 
өмірдің мағынасы, өмірдің мәні, өмірдің мақсаттары, өмір сүрудің 
тәсілі  сияқты  сауалдар  қойылғанда,  өздері  де  әрқайсысының 
аражіктерін  ажырата  алмай  қалады.  Мысалы,  кейбір  көзқарастар 
перфекционистік,  аскеттік,  утилитаристік,  гедонистік  сияқты 
өмір  сүрудің  мақсаттары  мен  тәсілдерін  этикадағы  бағыттарға 
жатқызады  немесе  оларды  өмірдің  мағынасын  әр  түрлі  түсінудің 
нұсқалары деп ұғынады. 
Ол «Һәр көңілдің бір ойы бар» деген толғауында, өмір сүрудің 
әр  түрлі  жолдарын  ұсына  келе,  оны  әркім  өздігінше  өмірдің 
мағынасына  балайтындығын,  ал  шындығында,  сол  өмірдің 
мағынасы Ожданнан туындайтын адамгершілік қағидаларына келіп 
тірелетіндігін  атап  өтеді.  Осы  орайда,  оның  өлең  жолдарындағы 
өмір философиясын батыстық түсініктегі этикалық ұстанымдарға 
және өмір белестеріне сәйкестендіріп салыстырып қарап, өмірдің 
шынайы мағынасының қалай түйінделгендігіне көз жеткізе аламыз. 

159
3. Пайымды ойтолғамдар
Мысалы,  оның  толғауларына  тағы  да  көз  жүгіртсек:  «Мал 
жинап,  байлық  тапсам  дейді  біреу,  Көбейсе  көңілі  хош,  жылқы 
қойы»  –  утилитаризм;  «Біреудің  іздегені  ойын-сауық,  Тарқамай 
тұрса  дейді  елдің  тойы»  –  гедонизм;  «Сүрсем  дер  біреу  билік 
дәреже алып, Атағым ел шетінде жерді жарып. Айбарлы, аруақты 
батырдайын. Дұспанға қол ұсынсам қарсы барып» – билікқұмарлық 
немесе девианттық мінез; «Түлкідей құйрық атып, құрып айла, Біреу 
жүр  көрінгенге  сұмдық  салып»  –  софистикалық  алаяқтық  тәсіл; 
«Біреудің ту дегенде бір қара жоқ, Жүдейді өз сөзіне өзі нанып» 
– кедейшілдік немесе аскеттік; «Кей адам іздегенім тапсам дейді, 
Қарысқан жауын тауып шапсам дейді» – деструктивизм; «Біреудің 
баққан аңы ел бүлдіру, Шоқ тастап пітінә отын жақсам дейді» – қара 
ниеттілік; «Кей жанның есі-дерті харам ішкі, Стакан бір толтырып 
қақсам  дейді»  –  керітартпа  әдет;  «Кейбіреу  ат  сүйеді,  біреу 
қатын, Қиғаш қас жар қойнында жатсам дейді» – нәпсіқұмарлық; 
«Қиналмай хазинаға душар болып, Біреулер қарық олжаға батсам 
дейді» – қиялшылдық; «Бір жандар алғанымды бермесем дер, Бір 
шыққан төрді қайта көрмесем дер, Кісіге әлім жеткен етіп күштік, 
Қолымды  шартарапқа  сермесем  дер.  Әр  жерде  өз  дегенім  өзім 
істеп, Кісінің дегеніне жүрмесем дер» – эгоцентристік сана т. б. 
Осыларды айта келе, ақын бұлармен келіспейтіндіктерін және 
тіршілік етудің мәні оның ешқайсысы да емес екендігін, нағыз мән 
немесе шындық тек қана қайырымдылық пен бауырмалдық болып 
табылатындығы туралы қорытынды шығарады: 
Бұлардың бәрін бос дер менің ойым, 
Дүниенің етсем талақ ойын, тойын.
Таяныш жығылғанға болып сүйеу, 
Бұл жолға етсек жігер қойып мойын.
Жұбатып жылағанға беріп шаттық, 
Қайғылы көңіліндегі тапсам ойын.
Киімсіз келген қатып келген тоңып
Жетімді бауырыма алсам, ашып қойын.
Дүниеде еш арманым қалмас еді
Тап солай болып өтсе ғұмыр бойым
 [2, 143–144 б.]. 

160
Ғұмар Қараш
Бұл жердегі Ғұмар Қараштың Ождан философиясы бойынша 
талданған әдіснамасы былайша өрбиді: Ождан өмірдің мағынасын 
білдіре  алатын  субстанция  болса,  оны  құраушы  адамгершілік, 
қайырымдылық,  бауырмалдық,  ізгілік  сияқты  барлық  этикалық 
категориялардың түзілімі одан тыс бола алмайтын акциденциялар. 
Сондықтан,  олар  өмірдің  мағынасы,  мақсаты,  мәні  деген  сияқты 
сауалдарға айналып келіп жауап беріп отырады. 
Бұл  жерде,  Ғұмар  Қараш  ұсынған  «қайырымдылыққа» 
байланысты  этикалық  ұстанымдарды  тереңдете  иерархиялық 
қабаттарға шартты түрде орналастырсақ; ең түпкі тереңінде, тіпті 
айналып келіп қайтадан зұлымдыққа жуықтайтын түрін – альтруизм 
деп белгілесек, ал ең үстірт, тіпті этикаға да жата қоймайтын беткі 
ғана  қабатын  енжарлық,  яғни,  «ешкімге  пайдасы  да,  зияны  да 
жоқтық» деп орнықтыра аламыз. Мысалы, одан кейінгі тереңдікке 
–  этикетті  орналастыруымызға  болады.  Ал  жоғарыдағы  Ғұмар 
Қараш  ұсынған  қайырымдылық  пен  бауырмалдық  сол  этикалық 
құндылықтардың  түп  тереңіне  жақындайтын  адамгершіліктің 
шеткі мөлшерлерінің  бірі деп  бағаланады. Мұны  қазіргі  өмірмен 
де салыстырып қарасақ белгілі болады: адамгершілігі бар, иманды 
деген  адамдардың  ішінде  де  «жетімдерді  бауырына  басатындай» 
шараларға баратындар көп емес. 
Ол – жетім-жесірге, өмірдің қайғысына ұшыраған адамдарға, 
жығылғандар  мен  жылағандарға  қол  ұшын  созуды  өмірдегі  ең 
маңызды мәселе деп санайды. Мұндай адамгершілік істер бұрын 
да,  бүгін  де  атқарылған,  болашақта  да  атқарылатындығы  сөзсіз. 
Бірақ көпшілігі оны өмірдегі ең маңызды мәселе деп есептемейді, 
кейбіреулер  жай  ырым  үшін,  кейбірі  Құдайдан  қорыққаннан, 
кейбірі қалыптасып қалған әдет бойынша т.б. болуы ықтимал. Ал 
Ғұмар Қараштың түпмақсаты тек сол ғана: «Дүниеде еш арманым 
қалмас  еді,  Тап  солай,  болып  өтсе  ғұмыр  бойым»,  –  деп  сөзін 
аяқтайды. Әрине, ақынның дәл солай ғана өмір сүргендігі туралы 
мағлұматтар  әзірге  табылмады,  бірақ  негізгі  мәселенің  екінші 
бір  қыры  –  осындай  өмір  философиясын  жасап,  оны  баршаға 
ұсынуында болып отыр. 
Ғұмар Қараштың өмір философиясы мұнымен тәмамдалмайды, 
өмірдің  мағынасы  мәселесіне  келіп  тоғысатын  жоғарыдағы 

161

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет