Table1: Sea access of Kazakhstan’s regions
Regions with access to the Caspian Sea
Regions without access to the Caspian Sea
1. West Kazakhstan
2. Atyrau
3. Mangystau
1. Kostanay
2. North Kazakhstan
3. Akmola
4. Karagandy
5. Kyzylorda
6. South Kazakhstan
7. Zhambyl
8. Almaty
9. Pavlodar
10. East Kazakhstan
11. Aktobe
The aim of this paper is to study the impact of closeness to the Caspian Sea on the
economic development of the Kazakhstan’s regions. The main question of the course is “Does
closeness to the Caspian Sea affect positively to regional income level?”
Literature Review and Methodology
There is a huge body of the literature on the relationship between geography and economic
development that is continue to increase. Given the key role to transport costs, Adam Smith
(1976) presented the correlation between geography and growth. “As by means of water
carriage a more extensive market is opened to every sort of industry than what landcarriage
alone can afford it, so it is upon seacoast, and along the banks of navigable rivers, that
177
industry of every kind naturally begins to subdivide and improve itself, and it is frequently not
till a long time after that those improvements extend themselves to the inland part of the
country.” [3]
Gallup, Sachs and Mellinger [4] found that coastal regions, and regions linked to coasts by
oceannavigable waterways, are much more developed in comparison with the landlocked
areas.
Global spatial autocorrelation analysis is applied to study the importance of sea access to
regional development in Kazakhstan. Spatial autocorrelation literally shows that variable is
correlated with itself. The univariate Moran’s I [2] statistics is an estimate that measures the
extent of spatial autocorrelation in data. It ranges from (1) to (+1), where positive values
indicate a positive association between variable and itself in other regions, negative indicate a
negative association, and (0) indicates there is no correlation between variables.
The global Moran’s I statistic is calculated by:
=
∑
(
− )(
− )
∑
(
− )
Where is the total number of observations,
is the weights for neighbours and , is the
value of the variable at the and locations, is the the overall mean of values. To determine
the significance of Moran's I a Monte Carlo randomisation test with 999 permutations was
applied.
The data used were obtained from the World Bank’s database. Gross Domestic Product
per capita of 2015 was used as indicator of economic development of the regions. A research
software GeoDa was utilized to present the data and compute spatial autocorrelation. First,
spatial weights matrix of regions based on firstorder queen contiguity that takes into account
surrounding neighbours were calculated. After this, the Moran’s I statistics with scatter plot
were presented and interpreted.
Results and Discussion
Figure 1 indicates the distribution of regional GDP per capita for 2015 in all 14 regions of
Kazakhstan. It is obvious that regions with access to the Caspian Sea demonstrate the highest
economic development. Oil resources existence in West Kazakhstan, Mangistau and Atyrau
regions plays a key role in regional income. The economy of South Kazakhstan, Almaty and
Jambyl regions and northern part of the state are based on agricultural sector that is not
contribute to the local income tangibly.
Figure 1: Regional Income Per Capita in Kazakhstan, 2015
Fig
ure
2
shows
the
scatterp
lot
of
univari
ate
Moran’
s I. The
estimat
e
of
Moran’s I is 0.312 and significant (pvalue = 0.003). As null hypothesis
for this test is “there is no autocorrelation between regions”, which is
178
failed to reject, the alternative one is accepted. Spatial autocorrelation in regional GDP per
capita is positive as it was expected. It means, the more is the regional income of neighbour
regions the better is economic development in the given area.
Figure 2: Moran’s I Scatter plot and the value
Conclusion and Future Work
It can be concluded that the access of the regions to the Caspian Sea is important for
Kazakhstan. Knowledge of the spatial distribution helps us to understand the structure of the
Kazakhstan’s economy. The quality of life in the west of Kazakhstan actually is not high in
comparing with the southern regions, however it has the highest regional income. This paradox
can be explained by oil revenues generated that do not benefit the local communities.
The results of this study demonstrates spatial dependency on regional income. Although
Kazakhstan has chosen the way of economic diversification, it is still heavily dependent on oil
revenues that makes the economic stability vulnerable.
References:
1 Frappi, C., Garibov, A., 2014, “The Caspian Sea Chessboard: Geopolitical, Geostrategic
and Geoeconomic Analysis”, EGEA S.p.A.
2 Moran, P.A.P. “Notes on Continuous Stochastic Phenomena”. Biometrika. 1950; 37(1):17–
23.
3 Smith, Adam. 1776[1976]. An Inquiry into the Nature and Causes of the Wealth of Nations.
Chicago: University of Chicago Press.
4 Gallup, John Luke, Jeffrey D. Sachs, and Andrew Mellinger (1999). Geography and
Economic Development. International Regional Science Review 22(2), August, 179232.
Reprinted from Annual World Bank Conference on Development Economics 1998, Boris
Pleskovic and Joseph E. Stiglitz (eds.) Washington, DC: The World Bank.
УДК 338.1
Елшібаев Р.Қ.
Нархоз университетінің доценті, э.ғ.к., Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
e-mail: rahym@list.ru
ҚАЗАҚСТАНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Abstract: This article considers the issues of state support of industrialinnovative
activities in Kazakhstan. In particular article provides industrial innovation system and
179
description of its component parts, and state support measures of subjects of industrial
innovative activity.
Кілт сөздер: индустриялықинновациялық даму, стратегия, индустриялық
инновациялық жүйе, инфрақұрылым, индустрияландыру картасы, индустриялық аймақ,
инновациялық кластер.
Еліміз егемендігін алғаннан бастап қазіргі кезге дейін бірқатар экономикалық
реформаларды жүзеге асырды. Әсіресе, 2000 жылдардан бастап ұлттық экономика
тұрақты дамуға қадам басып, экономиканы əртараптандыру мəселесіне ерекше көңіл
бөле бастады. Алғашқыда Қазақстан Республикасының индустриалықинновациялық
дамуының 20032015жылдарға арналған стратегиясы қабылданды, содан кейін
2010жылы
Қазақстан
Республикасының
үдемелі
индустриялықинновациялық
дамуының 2010 2014жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғаны
белгілі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2014жылғы 1тамыздағы
№
874
жарлығымен
Қазақстан
Республикасын
индустриялдықинновациялық
дамытудың 20152019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл
бағдарлама «Қазақстан2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сəйкес
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының
«Экономиканы əртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін,
Қазақстанның əлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын,
сондайақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар
кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы
орындау үшін жəне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде əзірленген. Ол Қазақстан Республикасын
үдемелі
индустриялықинновациялық
дамыту
жөніндегі
20102014
жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады жəне оны іске
асыру тəжірибесі ескерілген, сондайақ Қазақстанның өнеркəсіптік саясатының бір
бөлігі болып табылады əрі күшжігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына,
өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тəсілді қолдану арқылы
өңдеуші өнеркəсіпті дамытуға жəне тиімді салалық реттеуге бағытталған.
Өңдеуші өнеркəсіпті əртараптандыруды жəне оның бəсекеге қабілеттілігін
арттыруды ынталандыру мақсатын көздейтін бұл бағдарламаны іске асыру шеңберінде
2019жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделіп отыр:
1) өңдеуші өнеркəсіп өндірген өнім көлемін нақты мəнде 43%ға ұлғайту;
2) өңдеуші өнеркəсіпте жалпы қосылған құнды нақты мəнде кемінде 1,4 есе
ұлғайту;
3) өңдеуші өнеркəсіптегі еңбек өнімділігін нақты мəнде 1,4 есе ұлғайту;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркəсіптің энергияны қажет етуін 2012 жылдың деңгейіне қатысты
кемінде 15%ға азайту;
6) өңдеуші өнеркəсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
1) өңдеуші өнеркəсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті жоғарылату жəне қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды сақтап қалу;
5) өңдеуші өнеркəсіптің басым секторларына технологиялылықтың жаңа деңгейін
беру жəне инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын
дамыту үшін негіз құру;
6) өңдеуші өнеркəсіпте кəсіпкерлікті ынталандырып, шағын жəне орта бизнесті
дамыту.
180
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркəсіп шамамен
үштен бір бөлігін алады. Кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 2,9 %дан астамын
жəне эконмикадағы жалпы қосылған құнның (бұдан əрі ЖҚҚ) 18 %ын қамтамасыз
етеді. Өндіруші өнеркəсіптегі негізгі капиталға инвестициялар бүгінде жалпы көлемнің
30 %ынан асады, ал өңдеуші өнеркəсіпте бар болғаны 12 %. Қазақстан өндіруші
салалардың өнімін экспорттауда алда келеді (ең алдымен, мұнай есебінен), жан басына
шаққандағы экспорт көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің бəрінен алда. Алайда,
Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркəсіп өнімдерінің жан басына шаққандағы
экспорты Ресейге қарағанда екі есе төмен.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркəсіп шамамен
үштен бір бөлігін алады. Кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 2,9 %дан астамын
жəне эконмикадағы жалпы қосылған құнның 18%ын қамтамасыз етеді. Өндіруші
өнеркəсіптегі негізгі капиталға инвестициялар бүгінде жалпы көлемнің 30 %ынан
асады, ал өңдеуші өнеркəсіпте бар болғаны 12 %. Қазақстан өндіруші салалардың
өнімін экспорттауда алда келеді (ең алдымен, мұнай есебінен), жан басына шаққандағы
экспорт көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің бəрінен алда. Алайда, Қазақстан
Республикасындағы өңдеуші өнеркəсіп өнімдерінің жан басына шаққандағы экспорты
Ресейге қарағанда екі есе төмен [1,2].
Шикізаттық бағыттан бас тарта отырып экономиканы əртараптандыру жəне
өңдеуші өнеркəсіптің үлесін ұлғайту, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен
белгіленген міндеттерді табысты шешу үшін мемлекет тарапынан жанжақты қолдау
жасалып, нақты іске асыру механизмі дайындалуы тиіс.
Индустриялықинновациялық
қызметтi
мемлекеттiк
қолдаудың
мақсаты
экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық
экономиканың бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының индустриялықинновациялық қызметiн мемлекеттiк
қолдау:
1) индустриялықинновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау алуға тең
қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
2) индустриялықинновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың
ұсынылатын шараларының жариялылығына, атаулылығы мен транспаренттiлiгiне;
3) мемлекет пен индустриялықинновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң
теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз етуге;
4) индустриялықинновациялық қызмет субъектiлерi индустриялықинновациялық
жобалардың жекедара ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру
мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыруға;
5) мемлекет пен индустриялықинновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара
iсқимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiкке жəне жүйелiлiкке негiзделедi.
Ұлттық экономиканың басым секторларын дамытуды жəне индустриялық
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық
инновациялық жүйе қалыптастырылады. Мұндай жүйе келесідей құрамдас бөліктерден
тұрады:
1) индустриялықинновациялық
қызметтi
мемлекеттiк
қолдауға
қатысатын
субъектiлер;
2) индустриялықинновациялық инфрақұрылым;
3) индустриялықинновациялық жүйе құралдары.
Жоғарыда
аталғандардың
əрқайсысына
қысқаша
тоқталатын
болсақ,
индустриялықинновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын субъектiлерге
даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі
шаралар жəне ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы
холдинг, ұлттық, оның iшiнде өңiрлiк даму институттары, сондайақ индустриялық
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уəкiлеттiк берілген,
181
дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу жəне одан да
көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады.
Мұндағы даму институттары бірнеше топқа бөлінеді:
индустриялықинновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық
даму институты;
индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты;
экспортты дамыту жəне ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты.
Индустриялықинновациялық инфрақұрылымның элементтерi мыналар болып
табылады:
1) арнайы экономикалық аймақтар, оның iшiнде дербес кластерлiк қор;
2)индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тəуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлар;
5)технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
6) конструкторлық бюролар;
7)технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;
8) инновациялық кластерлер [3,4].
Индустриялықинновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық
болжау жəне басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжау деп игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық
инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға
бағытталған талдамалық зерттеулер кешенін айтамыз. Мұндай болжауды индустриялық
инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уəкiлеттi орган тұрақты
негiзде бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып жүргiзедi.
Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан
Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бəсекелестiк артықшылықтарға ие,
экономиканың əрбiр басым секторы бойынша айқындалған жəне индустриялық
инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып
табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн
бiлдiредi.
Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялықинновациялық
жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады жəне мемлекеттік
қолдау шаралары ұсынылатын, индустриялықинновациялық қызмет саласындағы
мемлекеттік
бағдарламалар
шеңберінде
жаңа
индустриялар
қалыптастыратын,
кластерлерді дамытатын басым секторлардағы индустриялықинновациялық қызмет
субъектілері іске асыратын индустриялықинновациялық жобалардың жиынтығын
білдіреді.
Инновацияларды ақпараттықнасихаттық қолдау жəне білімді, оның ішінде
технологияларды коммерцияландыру бойынша тарату инновациялық белсенділікті
ынталандыру жəне инновациялық қызметті танымал ету құралдары болып табылады.
Индустриялықинновациялық
қызмет
субъектiлерiн
мемлекеттiк
қолдау
шараларына келесілер жатқызылады:
1) қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк
қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер жəне кепiлдiмелер ұсыну;
3) қаржы институттары арқылы кредит беру;
4) қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін жəне
облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
182
6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;
7) инновациялық гранттар беру;
8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
9) инженерлiккоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
10) жер учаскелерiн жəне жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
11) iшкi нарықта қолдау;
12) шетелдiк инвестицияларды тарту;
13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту
жəне ілгерілету;
14) еңбек өнімділігін арттыруды жəне аумақтық кластерлерді дамытуды қолдау;
15) қаржыэкономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2014жылғы 1тамыздағы № 874 жарлғымен
бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялдықинновациялық дамытудың 2015
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www.akorda.kz
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 17.01.2014 ж. –
www.akorda.kz
3 Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік Кодексі. 2015 жылғы 29 қазандағы № 375V
ҚРЗ.(28.04.2016ж.
жағдай
бойынша
өзгерістер
мен
толықтырулармен).
–
http://adilet.zan.kz/
4 Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469IV заңы (04.07.2013жылғы
өзгерістер мен толықтырулармен). – http://adilet.zan.kz/
ӘОЖ 33
1
Ыдырысова А.,
2
Измаилова А.Н.
1
Есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ,
Талдықорған, Қазақстан
e-mail: arnur_04 mail.ru
2
Есеп және аудит мамандығының 3 курс студенті, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ,
Талдықорған, Қазақстан
ainasha_izmailova@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: А. Тоқанұлы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫ
Abstract. Fiscal policy is one of the main methods of state intervention in the economy
in order to reduce business cycle fluctuations and ensure stable economic system in the short
term [3]. The main instruments of fiscal policy are revenues and expenditures of the state
budget, ie: taxes, transfers and government procurement of goods and services.
Кілт сөздер: салық, қаржы нарығы, ақша, реттеу жүйесі.
Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен салық салу көлемін өзгерту
арқылы, мемлекеттің экономикаға ықпал етуі.Өйткені, мемлекеттік шығыстарды жүзеге
асыру мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалануды білдіреді, ал салықтар оны
толықтырудың негізгі көзі болып саналады, олай болса фискалдық саясат мемлекеттік
бюджетпен айлашарғы (манипуляция) жасауға саяды.
«fiscul» латын сөзінен алынған «фискалдық» мемлекеттік қазына, ал «fiscueis»
қазынаға жатады деген ұғымды береді. Экономикалық əдебиеттерде жиі түрде
«фискалдық саясат» ұғымы орнына «бюджет салық саясаты» термині қолданылады.
183
Салықтар жəне мемлекеттік шығыстар фискалдық саясаттың негізгі құралдары
(инструменттері) болып саналады. Демек, мемлекеттің фискалдық саясаты ұлттық
экономика секторлары арасындағы қаржы ағындарын реттейді, ақша ресурстарының
мемлекеттік қорларын қалыптастырады жəне əлеуметтікэкономикалық міндеттерді
шешуді қамтамасыз етеді.
Экономика ғылымы фискалдық саясаттың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
1. Дискрециялық немесе белсенді саясат – жұмыспен қамту деңгейін, өндіріс
көлемін, инфляция қарқынын жəне төлем балансының жағдайын өзгертуге бағытталған,
үкіметтің арнайы шешімдері нəтижесінде мемлекеттік бюджеттің сальдосын жəне
мемлекеттік шығыстардың, салықтардың көлемін мақсатты бағытталған түрде өзгерту.
Дискрециялық фискалдық саясат жағдайында құлдырау кезеңіндегі жиынтық сұранысты
ынталандыру мақсатында (мысалы жаңа жұмыс орындарын ашу немесе салықтарды
азайту жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға) мемлекеттік шығыстарды ұлғайту
салдарынан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы пайда болады.
2. Дискрециялық емес фискалдық саясат – жиынтық кірістің циклдік ауытқулары
нəтижесінде мемлекеттік бюджет сальдосы мен мемлекеттік шығыстар, салықтар
көлемінің автоматты түрде өзгеруі.
3. Ынталандырушы (фискалдық өктемдік жүргізу) саясат – экономиканың циклдік
басылуын жою жəне мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын, салықтардың азаюын немесе
осы шараларды аралас жүргізуді болжайды. Ұзақ мерзімді кезеңдегі салықтарды азайту
саясаты бюджет əлеуетінің өсуіне əкелуі мүмкін.
4. Ауыздықтау (фискалдық рестрикция) саясаты – бюджет шығыстарын шектеу
(бюджет тапшылығын азайту немесе оны толық жою), салықтарды ұлғайту немесе осы
шараларды аралас жүргізу жолымен экономиканың циклдік басылуын шектеу. Қысқа
мерзімдік перспективада бұл жұмыссыздықтың өсуі жəне өндірістің басылуымен
сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада,
əсіресе мемлекеттік шығыстарды азайту жағдайында осындай саясат қатаң ақшанесие
саясатымен байланысты жəне мемлекет тарапынан экономиканы тиімсіз басқару
салдарынан экономика əлеуетінің ақшалай күйзеліске ұшырауына алғы шарттар
жасайды [1, 156б.].
Автоматты тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатының жиі өзгеруін
болдырмайақ, экономиканың циклдік ауытқулар амплитудасын төмендетуге мүмкіндік
беретін, экономикалық тетік. Осындай тұрақтандырғыштар ретінде мыналар қатысады:
салық салудың прогрессивтік жүйесі, мемлекеттік трансферттер жүйесі, пайдаларға
қатысу
жүйесі.
Автоматты тұрақтандырғыштар – бұл, үкіметтің ағымдағы шешімдеріне қатыссыз
түрде экономиканың басылу уақытында, қаржының құйылуын ұлғайтатын, ал
экономиканың өрлеу уақытында қаржының «жылыстауы» күшейе түсетін, нарықтық
экономиканың жұмыс істеу факторлары. Салық салудың прогрессивті шкаласы типтік
түрдегі автоматты тұрақтандырғыш болып қатысады. Соның арқасында экономиканың
өрлеу кезеңінде халықтың қолдағы табысы мен фирмалардың қайта бөлінген пайдасы,
ұлттық табысқа қарағанда баяу өседі жəне бұл тиімді сұраныстың өсуін баяулатады.
Экономиканың басылу уақытындағы осындай салық салу жиынтық шығыстардың
қысқаруын ақырындатады.
Мемлекеттің фискалдық саясатының басты міндеті болып – салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сəйкес өзгерту саналады. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің
заңды органдарының ерекше құқығы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту мен
бекіту арқылы салық салуды жəне олардың жұмсалуын бақылайды.
Фискалдық саясат – экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі жəне
мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асрыуы үшін, қаржы төңірегіндегі
жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы. Фискалдық саясат үкімет шығысы
мен салықтар арасындағы реттеуші жүйе. Мемлекет фискалдық саясатты өндіріс
184
құрылымын, аумақтың экономикалық дамуын, халықтың табыс деңгейін реттеу
мақсатында, ұлттық табысты қайта бөлу кезінде қолданылады. Фискалдық саясат
мемлекетті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, ұлттық шаруашылықты
реттеу процесіне қатысу, халықтың табыс деңгейлерінің теңсіздігі барысында
туындайтын келіспеушіліктерді шешу тəрізді міндеттерді атқарады [2, 108б.].
Фискалдық саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын жəне
инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағыттал ған салық салу, мемлекеттік
шығыстар, мемле кеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда,
салықбюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің жəне салық жүйесінің көмегімен
экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат. Салықбюджет саясаты қаржы
саясатының өзектік бөлігі жəне мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің
шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал
етуі мүмкін, соның салдарынан олар, əдетте, экономикалық жəне саяси пікірталастардың
ортасында болады.
Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
заңды жəне жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар
кіріс алатын заңды жəне жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын
қалыптастыруға қаты су міндеттерін білдіреді. Салықтар – мемлекеттік бюджет
кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі
шамаға өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен,
мөлшерімен жəне жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен
салық базасының шамасына тəуелді болады.
Экономиканың циклдық өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді
кезеңде экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты
сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:
тұрақты экономикалық өсуді;
ресурстардың толық бос болмауын;
бағаның тұрақты деңгейін ұстау болып табылады.
Фискальдық саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары
жиынтық сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондайақ жиынтық
ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) əсер етеді. Фискалдық саясат
саласындағы экономиканың теңгермелі жəне сапалы өсуі мақсаттарын қол жеткізу үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды көздейді:
елдің берілген даму параметрлеріне қол жеткізу, сондайақ жағдайдың өзгеруіне
жедел ден қою мақсатында фискальдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджеттің
шығыстары, салық жүктемесін, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттің мөлшерін
жəне бюджеттің тапшылығын жəне т.б. реттеу);
салық жəне бюджет заңнамаларын жетілдіру;
негізгі əлеуметтікэкономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының
айқын басымдықтарын белгілеу;
орта мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен өзара байланысты
мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту [3,180б.].
Фискалдық саясат алдағы кезеңде ұлттық экономиканың тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Фискалдық саясат саласында экономиканың
теңгерімді жəне сапалы өсу мақсаттарына қол жеткізу үшін:
елді
дамытуға
тапсырылған
көрсеткіштерге
қол
жеткізу,
сондайақ
жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискалдық құралдарды тиімді
пайдалану (бюджет шығыс тары, салық жүктемелерін реттеу, Ұлттық қордың
қаражатын жəне бюджет тапшылығы жəне т.б.);
бұдан əрі салық жəне бюджет заңнамаларын жетілдіру;
185
негізгі əлеуметтікэкономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының
нақты басымдықтарын белгілеу;
орта мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен өзара байланысты
мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту көзделеді.
Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты бюджет пен салық
саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін
жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кəсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту
немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай күйі де осындай тəртіппен
реттеледі. Фискалдық саясаттың мақсаты:ел экономикасының өнімділігі мен оны
əртараптандыруды арттыру,
əлеуметтікэкономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық
бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Салықбюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тəртіпті
арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу жəне ұлттық
қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рəсімдерді
оңайлатуға жəне олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу
жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің
өсуін ынталандыру.
3. Бюджет қаражатының мемлекеттік əлеуметтікэкономикалық саясаттың негізгі
міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету [4].
Фискалдық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары мыналар:
салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау жəне бағалау негізінде əлемдік
тəжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер мен
преференцияларды қайта қарау жəне тиімсіз жеңілдіктерді, өз мақсаттарына жеткен
жеңілдіктерді, сондайақ салық жүйесінің бейтараптығын бұзатын жеңілдіктерді жою
жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;кəсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын
корпорациялық табыс салығын азайту;
халықтың əлеуметтік жіктеріне жүктеме деңгейін сақтауды ескере отырып, орта
мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың
кірісіне кезең кезеңімен қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;инвестициялық
преференцияларға қол жетімділікті оңайлату;
салықтық жəне кедендік рəсімдерді одан əрі оңайлату жəне олардың ашықтығын
арттыру.Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салықтық бəсекеге қабілеттілігін
арттыруға, экономиканың шикізат емес секторы қызметінің тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді [5].
Достарыңызбен бөлісу: |