«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ



Pdf көрінісі
бет30/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134

Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ 

 

Капашева А.А.  

Магистр І курса факультета башкирской филологии БГПУ им. М. Акмуллы, 

Россия, г. Уфа 

 

Қазіргі  таңда  тіл  біліміндегі  зерттеулердің  көбі  негізгі  категория  ретінде  концепт 

ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, 

білім  мен  тәжірибенің  бейнелі  көрсеткіштерін  құрайтын,  хабарлы  құрылымдарды 

түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [1, 267 

б.]. 


Концепт  ұғымы,  негізінен,  ағылшын  тіліндегі  Шенк,  Чейф,  Рассел,  Карнап  сияқты 

ғалымдардың  еңбектерінде  кездесіп,  аталмыш  ұғымды  дұрыс  аудару  мәселесі 



214 

 

214 



 

туындағандықтан  алынған  (1970  ж.  ортасы).  Ол  кезде  ағылшын  тіліндегі  concept  сөзін 

«ұғым»  деп  аудару  ұсынылды,  алайда  қазіргі  таңда  зерттеушілер  «концепт»  пен  «ұғым» 

терминдерінің  ара-жігін  ашуда.  Мәселен,  Ю.С.  Степанов  ұғым  мен  концептің 

айырмашылығы  туралы  айтқанда,  біріншісін  логика  мен  философиямен  байланыстырып, 

екіншісін  математикалық  логикаға  жатқызса,  кейінгі  уақытта  концепті  «мәдениеттің 

ұйытқысы»  ретінде  анықтап  мәдениеттанумен  де  байланыстыруда.  Ғалымның  пікіріне 

сүйенетін  болсақ,  концепт  адамның  менталды  дүниесіндегі  мәдениеттің  негізгі  ұясы,ол 

біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін – этимология, нақты 

бір  концептінің  қысқаша  тарихы,  заманауи  ассоциациялар,  бағалар,  тәжірибе  және  т.б. 

қамтиды [2, 71 б.]. 

Ж.  Манкеева  "тіл  мен ой  немесе  таным,  тіл мен  ұлт  т.б.  мәселелер,  сайып  келгенде, 

ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын 

анықтауға  байланысты  казіргі  тіл  біліміңде  жаңа  бағыттардың  айқындалып,  қалыптасып, 

дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп 

отырмыз", -  деген пікір айтады [3; 43 б.].  

В.А.Маслова мынадай ой айтады: «Когнитивная лингвистика дополняет анализ языка 

анализом  речи,  различных  контекстов  употребление  соответствующих  лексем, 

зафиксированных  в  текстах  суждений  о  концепте,  его  определений  в  разных  словарях  и 

справочниках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт 

репрезентирован» [4; 29 б.].  

В.А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттерді 

жатқызады: 

   1.  Ғаламды  тану  мен  пайымдау,  іс-әрекеттің  даму  барысы,  қимылдың  өрістеу 

қалпындағы тілдің рөлі. 

   2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер. 

   3. Білімді  концептілеу  мен категориялау процестері, мәдениет  тұрақтылығын тілдік 

тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу. 

   4.  Концептілік  аймақты  ұйымдастыратын  және  оның  мүшеленуінің  негізгі  бөлігі 

болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу. 

   5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері" [4; 25 б.]. 

С. Аскольдов концепті ойлау барысында адамға бір-біріне жақын көптеген заттардың 

орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған [5, 12 б.].  

Е.С. Кубрякова болса, концепті халық жадысы, оның ділдік лексиконы, концептуалды 

жүйесі мен ми тілінің, әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнды бірлігі ретіндегі білім кванты деп 

анықтаған [6, 30 б.].  

С.Г.  Воркачев  концепті  математикадағы  көбейтумен  салыстыра  отырып,  анықталуы 

күрделі және интуитивті деңгейде қабылданатын когнитологияның негізгі аксиоматикалық 

категориясы, түсінік (представления), схема, фрейм, сценарий, гештальттің гиперонимі деген 

анықтама береді [6]. 

А.П.  Бабушкин  концепті  бастапқы  семиозис  үдерісін  өткеріп,  семантикалық  өрістің 

инвариантты мағынасы ретінде тілдік тұлға танитын, халықтық санада көрініс табатын нақты 

бір ақпараттық тұтастық деп айқындаған болса,          В.А. Маслова концепті «мәдениеттің 

тереңінен бастау алатын», эмотивтілік, коннотация, табиғатына сәйкес аксиологиялық және 

тіл жүйесінде «аты»/ «атаулары» бар ұғым деп ойын жетілдіре түседі [7, 233 б.].  

Қазақтың  біртуар  жазушысы  Ғабит  Мүсіреповтың  «Ұлпан»  романы  қазақ  халқының 

кешегі  мен  бүгінгісін  жалғастыратын  роман  десек  артық  болмас.  Бұл  мақаланыңда  басты 

мақсаты осы романдағы қазақ әйел көрінісінің қаншалықты қамтылғанын айқындау. 

Қазақ  әйелдері  туралы  сөз  болғанда,  әсіресе  олардың  сырты  мен  іші  үйлескен 

сұлулығы,  мінез  байлығы,  ақыл-парасаты  жөнінде  әңгімелегенде,  ең  алдымен  батырлар 

жырындағы  әйел  кейіпкерлердің  көз  алдыңызға  келері  сөзсіз.  Құртқа  -  қазақ  әйеліне  тән 

ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс әйел 



215 

 

215 



 

үшін  таптырмайтын қасиет  -  қулық  пен  айлакерлік,  тапқырлықтың, ал  Баян  -  сұлулықпен 

бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы. 

Романда қазақ әйелінің сұлулығы мынандай жолдар арқылы суреттелген: Уысың толар 



бұрымның  астынан  мойны  ағараңдайды,  қара  көз,  ақ  маңдай...  Сұлулығы  жеңсе,  есінен 

айрылып  қалатын,  естілігі  жеңсе,  сұлулығынан  айрылып  қалатын  қыздар  аз  болмайды. 

Естілігі  толыққан  сайын  сұлулығы  да  толыға  беретін  қыздар  болатын...  Әр  әйел 

өзінше сұлу болу керек, қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой? Көркем сұлу дейміз, 

ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз,сымбатты дейміз, бәденді дейміз...(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан); 

Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан 

әйел  созалаңдап  шығып,  қалқи  басып,  ат  үстіндегі  күйеуіне  бірдеңе  апарып  берді  (Ғ. 

Мүсірепов. Ұлпан).   

Ал  қазақ  әйелінің  нәзік  мінезі,  қызға  тән  қылығы,  адамға  деген  ашық  көңілі, 

бауырмалдылығы мына жолдар көрініс тапқан: Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына 



қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап 

келеді, Ұлпан да сондай күйде екен. 

- Сенбісің, ей, айналайын? - деді. 

- Мен ғой... 

-  Айналайын-ай,  қандай  бауырмал  едің?  -  деп  Несібелі  Шынардың  бетінен  сүйді  (Ғ. 

Мүсірепов.  Ұлпан);    Жас  әйел  Ұлпан  асқан  ақылды  адам  еді.  Өз  айтарын  әуелі  Есенейге 



байлатып алып жүр. Есеней де "мына қатын былай деп еді" деп Ұлпанның атын шығара 

сөйлейді  (Ғ.  Мүсірепов.  Ұлпан);  Әуелі  жолды,  одан  соң  үш  ат  жеккен  пәуескені  Ұлпан 

көңіліне бір түйіп алды... Ұлпанның ойына "орыс үйі" деген тағы бір түйін байланды... Ұлпан 

монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды... (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан). Қазақ әйелі 

өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашырлық танытып, халқына тін салт-дәстүрді сақтауы 

бұл  романда  әдемі  суреттелген:  -  Көсем  болып  алған  соң  бұл  әйел  не  істей  алды?  -  О, 

істемегені жоқ!.. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздердей біреуге 

ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, 

егінді  шабындық  жерді  де  тұтас  берді...  Бұл  араның  қазағына  егін  салдырды,  шөп 

шаптырды, қыстау салғызды (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан);Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп 

сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Ғ. 

Мүсірепов.  Ұлпан);  Менің  шашым,  адыра  қалғыр,  айғырдың  ту  құйрығындай  қалың, 



жуғанда болмаса құрғақ күйінде тарай алмаймын (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан);  Ұзатылып бармай 

жатып,  айналасы  бір-ақ  қыстың  ішінде  Есеней  сияқты  адамның  арыстанын  илеп-билеп 

алған  қызына  Несібелінің  таңданбасқа  шарасы  жоқ  еді.  Бірақ  таңданғанын  білдірмейін 

деп аузын бір сылп еткізді де қойды (Ғ. Мүсірепов Ұлпан). 

Қорыта келе, зерттеу мақсатына сәйкес басты міндеттердің барлығы дерлік жүзеге асты 

деп  бағалауға  болады.  Осы  зерттеуде    Ғабит  Мүсіреповтың  «Ұлпан»  романында  «Әйел» 

концептісін  қаншалықты  деңгейде  колдануын  танып  айқындауды  мақсат  еткенбіз.  Осы 

тұрғыдан келгенде зерттеуде алдымызға қойған, шешуге тиіс міндеттер толық ашылды деп 

санаймыз.  "Әйел"  концептісінің  лингвомәдени  ерекшелігі  қазақ  дүниетанымында 

қалыптасып, ұлттық санада тіл арқылы сақталған деген тұжырымға келеміз..  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Оразалиева  Э.Н.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы.    Ғылыми 



монография. –Алматы: Ан Арыс, 2007. – 312 б.   

2.

 



Молчанова Г.Г. Английский как неродной: текст, стиль, культура,  коммуникация. – М. : 

Олма Медиа Групп, 2007. – 381 с.  

3.

 

Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. — Алматы, 2001. 



№ 4. –Б –39 – 43. 

4.

 



Маслова В.А. Лингвокультурология. –  М., 2001. 

5.

 



Джусупов  Н.  Проблема  концепта  в  современной  лингвистике.//  Преподавание  языка  и 

литературы. Научно-методический журнал, 2004. №4. –С. 12-17. 



216 

 

216 



 

6.

 



Попова З.Д. Когнитивная лингвистика / З.Д. Попова, И.А. Стернин. – М.: АСТ: Восток – 

Запад, 2007. – 314 с. 

7.

 

Воркачев С.Г. Концепт как «зонтиковый термин» // Язык, сознание, коммуникация. – М., 



2003.  Вып. 24. –С. 5-12.    

 

 



ДАМУЫНДА АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Яудан А 


«Бәйтерек» балабақшасы 

 

     Қазіргі  уақытта  дамуында  ақауы  бар  балалар  саны  артып  отыр.  Оларды  оқыту 

кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға 

білім беру саясатының негізгі құралы. Инклюзивті білім беру – сау балалармен бірге жалпы 

білім  беру  мектептерде  немесе  арнайы  құрастырған  топтарда,  сыныптарда  дамуда 

мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту .Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі 

балаларды жалпы  білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол  «барлығы үшін бір мектеп» 

мақсатын  көздейді.Инклюзивті  оқыту  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  жалпы  білім  беретін 

ортада  әлеуметтенуі  мен  оның  дамуына  және  оқыту  процесінде  баланың  жетістіктерге 

жетуіне  мүмкіндік  туғызады.Бүгінгі  таңда  іс-тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  елімізге 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  берудің  ұлттық  бағдарламасын  жасау 

қажет.Қазақстанда  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  арнайы  мекемелерде  оқытылатындықтан, 

олар  өзге  балалардан  бөлектенген.Бұл  мекемелерде  көбінесе  медициналық  әдістемелер 

қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан 

олардың да дені сау екендігін түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға 

бейімдеу керек. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу 

бағдарламасына  кіріктірген  жөн.Ол  үшін  мемлекеттік  деңгейде  стратегиялық  реформа 

жүргізу  керек.  Мемлекеттік  деңгейде  мектептерге  және  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  жаңа 

стандарттар  енгізіліп,  жүйе  өзгертілгеннен  соң  ғана  құрал-жабдықтар,  ғимараттар  

бейімделеді. 

2015  жылға  дейін  инклюзивтік  білім  беру  мен  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  25 

пайызын  қамту  көзделсе,  инклюзивті  білімге  жағдай  жасаған  мектеп  үлесін  30-ға  жеткізу 

керек.Білім  берудің  бұл  түрінде  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  өз-өзіне  сенімі  артады,  ол 

маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай 

білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі 

сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , 

ата- анасынан алшақтамай,яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, 

тұрғылықты  жерде  білім  алып,  қоғаммен  біте  қайнасып,  әлеуметтік  жағынан  бейімделеді. 

Ата  –анасы  да  баласының  дамуы  мен  тәрбиесіне  белсене  қатысып,жеткіншек  алдында 

жауапкершіліктері артады. 

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 

1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,жеткен жетісітіктерімен 

анықталады. 

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 

3.Әрбір адам қарым –қатынасқа құқылы. 

4.Барлық адам бір- біріне қажет. 

5.Білім шынайы қарым –қатынас шеңберінде жүзеге асады. 

6.Барлық адамдар құрбы –құрдастырының қолдауы мен достығын қажет етеді. 

7.  Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету-  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын 

әрекетін жүзеге асырады. 

8.Жан–жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 


217 

 

217 



 

Инклюзивті  білім  беру  саласында  әлеуметтік  педагогтың,психологтың,дефектолог 

маманның  ролі ерекше.Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады.Даму мүмкінділігі 

шектеулі  балалардың  кейбіреулерінде  өзіндік  қабілет,ерекшелік  бар.Мысалы:кейбіреулері 

би билеуге,спортқа,сурет салуға қызығады,осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай 

дамыту әлеуметтік педагог пен әрбір мұғалімнің міндеті.  

Инклюзивті  білім  беру  -  барлық  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және 

әлеуметтік  бейімдеуге,жынысына,шығу  тегіне,дініне,жағдайына  қарамай,  балаларды 

айыратын  кедергілерді  жоюға,ата  –аналарын  белсенділікке  шақыруға,баланың  түзету  – 

педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,қоршаған  ортаның 

балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне  бейімделуіне  жағдай 

қалыптастыру,яғни,жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған 

мемлекеттік саясат.  

Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  жүргізетін  мектептерде  білім 

мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: 

- жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; 

-  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ақаулық  типтеріне  сәйкес  арнаулы  білім  беру 

бағытындағы оқу бағдарламалары; 

- мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып 

әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 

Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Инклюзивті  оқыту  негізінде 

балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 

қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 

арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру 

жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай 

балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай 

балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін 

қалыптастырады.Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, 

мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. 

Инклюзивті  оқыту-оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне 

қатысуға  мүмкіндік  береді.Инклюзивті  оқыту-  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті 

қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі 

қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын  өңдеуге 

талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді 

болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті 

оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік 

алады,  өйткені  олар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып  білуге,  қабылдауға 

үйренеді.Инклюзивті  оқытуға  жалпы  мектептерде  арнайы  (психолог,әлеуметтік 

педагог,олигофренолог,логопед)  мұғалімдер  болмаған  жағдайда,тәрбиешілерді,бастауыш 

сыныптың  мұғалімдерін,әртүрлі  пән  мұғалімдерін  мүмкіндігі  шектелген,  кемтар,мүгедек 

балаларды  инклюзивті  оқыту  курстарына  оқытып  алулары  қажет.  Облыстық,қалалық, 

аудандық  білім  беру  бөлімдері  республикалық  кадрлар  біліктілігін  арттыру  және  қайта 

даярлау  институтының  мамандарын  шақыртып,келісім-шарт  негізінде  арнайы  курстарды 

облыс  орталығында  да  ұйымдастыруға  болады.  Мектептер  арнайы  мұғалімдерге  кемтар 

балалар  аз  болған  жағдайда,  жұмыс  жасаған  сағатына  қарай  ақша  төлейді.  Бұл  екінші 

жағынан тәрбиеші, бастауыш сыныптардың және қазақ тілі мұғалімдеріне қосымша уақытша 

болса  да  табыс  көзі.  Көмекші  бағдарламамен  жалпы  мектепте  оқитындар,  қатарларымен 

сыныптан сыныпқа көшіріліп 9 сыныпты бітіреді. Егер көмекші бағдарламаны толық игерген 

болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, онда анықтама берулері қажет.Кемтар 

балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды.Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп 

интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектеп кемтар баланың мүмкіндігіне қарай, 

жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша,  инклюзивті  оқытуға  міндетті.  Қатарымен  9  класты 


218 

 

218 



 

бітіргесін,  арнайы  куәлік  беріліп,  кәсіптік-техникалық  оқу  орындарына  жіберіледі.Бірақ 

кейінгі  кезде  жалпы  инклюзивті  білім  беру  тұрғысында  кейбір  түйткілді  мәселелер  бар 

екенін  жасыруға  болмайды.  Солардың  бірі  –  осы  бағытта  оқытатын  педагогтардың 

жетіспеушілігі.  Екіншіден,  мүгедек  балалардың  барлығын  бірден  партаға  отырғызып, 

оқытып  кетудің  мүмкін  еместігі.  Үшіншіден,  оқытқанның  өзінде  көпшілік  ата-аналар 

тарапынан кеңінен қолдау таппай отырғандығы. Өйткені, «неге менің  дені сау балам мүгедек 

баламен сыныптас болуы керек?» деген теріс көзқарастың да бой көрсетіп қалатындығы. Бұл 

– қате түсінік. Неге десеңіз, ол бала мүгедек болғанымен, бас еркі өзіндегі азамат. Қайда, қай 

мектепте оқимын десе де хақы бар.Оларды ата-аналары көмекші не арнаулы мектептер мен 

мектеп  интернаттарға,  психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттері  мен  сыныптарға 

бергісі келмесе, жалпы балалар оқитын мектептерге жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға 

толық құқылары бар. Сондықтан, қазір бұл жүйе мектепке дейінгі мекемелерде де біртіндеп 

қолға алынуы тиісті. 

Даму мүмкінділігі шектеулі балаларға  жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті 

білім беру үшін алдымен төмендегі жағдайларды шешіп алған дұрыс: 

 мүмкіндігі шектеулі балалардың өзгелермен бірдей білім алуын толық қамтамасыз ету 

үшін  арнайы  педагог  (психолог,әлеуметтік  педагог,  сурдопедагог,  тифлопедагог,логопед) 

мамандар қажет; 

-  облыстық,  қалалық,  аудандық  білім  беру  бөлімдері  облыс  орталығында  Түзеу 

педагогикасының ұлттық-ғылыми практикалық орталығының және республикалық кадрлар 

біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып,келісім-шарт 

негізінде,тәрбиешілерді,бастауыш сыныптың мұғалімдерін,әртүрлі пән мұғалімдерін арнайы 

курстардан өткізуді ұйымдастыру керек; 

-сабақтан  тыс  уақытта  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жеке-дара  жұмыс  жүргізетін 

бос оқу бөлмелері болса; 

даму 


мүмкінділігі 

шектеулі 

балалармен 

сабақ 


барысында 

тренингтер,ойындар,жеке,топтық жұмыстар, сергіту сәттері жиі ұйымдастырылса; 

-  бұл  топтағы  балаларды  шығармашылыққа,яғни,сурет  салуға,қолөнер  бұйымдарын 

жасауға,ән айтып,би билеуге,ақындық өнерге баулуға және түрлі сайыстар мен байқауларға 

қатыстыруға мамандар тарапынан қолдау көрсету қажет; 

-  дені  сау  балалар  тарапынан  ауру  балаларға  дөрекі  қарым-қатынас,немқұрайлылық 

болмауын мұғалімдер қатаң бақылауға алуы тиіс; 

- жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға 

жағдай жасау керек; 

мектепті 



арнайы 

қажетті 


әдебиеттермен,көрнекілік-әдістемелік 

құралдармен,ақпараттық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету қажет; 

- облыстық,қалалық пікір алмасу,тәжірибе бөлісу семинарларын,шеберлік сыныптарын 

жиі өткізіп тұру керек. 

Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім 

алуға  мүмкіншілік  алады,  өйткені  олар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып  білуге, 

қабылдауға үйренеді." Келесі пікірім, әрине сіздің жоғарыда келтірген ұсыныстарыңыз, өз 

шешімдерін табатын болса, "онда даму мүмкінділігі шектеулі балалар өздерін басқалардан 

кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді, үлкендермен, достарымен, 

ұстаздармен,  жалпы  айналамен  қарым-қатынасы  жақсарады,  оқу  материалын  меңгерудегі 

қиындықтарды уақытында жеңіп,сапалы білімге қол жеткізеді." деп атап көрсеткен ойларың 

жүзеге асуы сөзсіз. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар біздің мектепте де кездеседі. Сабақ 

барысында оларға жеңәл тапсырмалар беріп, ерекше көңіл бөлуді талап етеді және бағалауда 

да қиындықтар туындайды. 

 

 

 



 

219 

 

219 



 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ 

ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Тамабаева М.Қ. 



Қарағанды қ. КММ Жалпы білім беретін  № 79 орта мектебі 

 

«Елбасы  өзінің  «Қазақстан  жолы-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты 



Қазақстан  халқына  Жолдауында  елімізді  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  қосудың 

стратегиялық мақсаттарын анықтап берді. Сонымен қатар жыл сайынғы жолдауында білім 

беруге айрықша көңіл бөлетіні сөзсіз. 

Білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж арналған мемлекеттік бағдарламасы білім беру 

жүйелерінде  дарынды  балаларға  жете  көңіл  бөлуді  қажеттіліктерімен  тығыз  бірлікте 

қарастырады [1]. 

Біз  оны  соңғы  жылдары  профильдік  оқытуды  кеңейтілген  және  жекелеген  пәндер 

бойынша тереңдете оқыту сыныптарының ашылуынан көре аламыз. 

Оның шығармашылық, көркем-эстетикалық пәндер циклдарын оқытуда ролі ерекше. 

Қазіргі  таңда  қоршаған  ортаны  эстетикаландыру  мен  ментальдық  өмір  сүру  барысында 

жаңдандыру,  кәсіби  көркемдік  тұрғысында  өзін-өзі  анықтау  мүмкіндіктерін  шешуде 

дарынды  балаларға  арналған  өнер  студиясының  жұмысын  қолға  алдық.  Мұндағы  мақсат 

жалпы  мәдени,  мәдени  танымдық  және  көркем  эстетикалық,  көркемдік  бейнелеу  білім 

компаненттерінің интегратциялануы шығармашыл тұлға тәрбиелеудің іргетасын қалаудағы 

алғашқы қадам [3]. 

Негізінде  тек  қана  тұлғалық  бағдарланған  білім  беру  жүйелерінде  оқушылардың 

көркем  шығармашылық  «Мен  -  концепциясы»  берік  қалыптасады.  Көркем  мүдделердің 

әлеуметтік  маңыздылығы  мұнадан  көрінеді:  дарынды  баланың  тұлғалық  бағыттылығы 

рухани құндылықтарды бағалай білуінен, олар заттары мен құбылыстарын жасай білуінен 

түзіледі. Мұның өзі тұлға мен қоғамның рухани сауығуына ықпал ететіні сөзсіз.  

Нәтижесінде  педагогикалық  тұрғыдан  алғанда,  көркем  мүдделер  баланың  образды 

когнетивтік психологиялық органдарын дамытады, өнерге үйренуіне бейімдейді, сондай-ақ 

көркем  мүдделер  оқушының  мәдени  тынығуын  алдын-ала  анықтап,  оларды  теріс  орта 

әсерлерінен сақтайды, біртұтас тұлға қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Өйткені мүдде, яғни 

қызығушылықтың  өзі  дамуға  ықпал  етумен  қатар,  даму  мүмкіндіктерін  молайтады.  Ал 

эмоциялық қабілет дегеніміз - мега қабілет [2] 

Міне осы қабілетті дарынды баладан шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін жоғары 

деңгейдегі  өнімді  ойлау  жүйесін,  зерттеушілік  қабілетін,  өзін-өзі  білімдендіру,  жаңа 

идеяларды жүзеге асыру, қасиеттерді дамыту қажет. 

Дарынды  бала  бойындағы  бейімділікті  тәрбиелеу,  қабілет  деңгейін  көтеру  – 

шығармашылық алғашқы бастамасы . 

Сондықтан  дарынды  бала  бойындағы  бейімділікті  көре,  болжай  білу,  әрі  қарай 

дамытуға құлшыныс - әрбір мұғалімнің бірден бір міндеті: 

Ең  бірінші  кезекте  дарынды  балаларды  тауып,  олардың  ерекше  қабілеттерінің 

дәрежесін  анықтап,  олардың  толық  ашылуына  жағдай  жасау.  Әсіресе  сурет  салуға  икемді 

балалардың психологиясы ерекше қырағылықты талап етеді.  

Сурет  салуды  қаламайтын  бала  болмайды.  Сондықтан  олардың  шимай-шатпақ 

суреттерінің  астарында  жатқан  құпияны  ашуға,  оны  дұрыс  түсініп  интерпретация  жасау 

қажет. Бұл мақсатта арттерапиялық тренингтерді жүйелі пайдалану керек [4]. 

Шығыс  даналығы  «Бір  сурет  мың  сөзге  тұрарлық»  дейді.  Бейнелеу  өнері  визуальді 

қарым-қатынастың  тиімді  түрі  деп  амтуға  болады.  Арттерапиялық  әдіспен  сурет 

интерпретациясы бұл ғажайып ойын және ғылыми жұмыс. Міне, осындай жолмен іріктелген 

дарынды  оқушыларға  арналған  «Өнер»  студиясының  жұмыс  құрылымы  мен  бағыттарына 

назар аударайық:  

1)

 

Түсініктеме 



220 

 

220 



 

2)

 



Мақсаты 

3)

 



Міндеттері 

4)

 



Әдісі 

5)

 



Мұғалім жұмысының нәтижесі 

6)

 



Пән бойынша оқушыларға берілетін пән мазмұны 

7)

 



Бағдарлама құрылымы 

Келесі суреттен бағдарлама құрылымын көруге болады  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет 1 Бағдарлама құрылымы 

 

Түсініктеме - ұсынылып отырған бағдарлама өнер түрлерін меңгерту арқылы өскелең 



жастардың  эстетикалық  дүниетанымы  негізінде  мәдениетін  қалыптастыру  өнер  арқылы 

адамгершілік  тұрғыда  тәрбиеленуіне  әсемдік  әлеміне  үңіліп  қоймай,  оны  қорғауға  және 

рухани - мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасау. 

Мақсаты:  жалпы  білім  беретін  және  кәсіптік  бағдарламамен  тереңдетіп  оқытылатын 

мектептердің ең негізгі бағыттарының бірі көркемдік пен еңбекке баулу тәрбиесін жетілдіру.  

Міндеттері: 

-

 

Халыққа  білім  берудің  жаңа  реформаларын  бағдарламаға  сай  мектептерде 



шығармашылық жұмыстарын дұрыс пайдалану. 

-

 



рухани  өнерді  зерттеу  және  табиғатты,  қоғамдағы  өзара  әрекеттесуден  болатын 

процестер мен элементтер туралы мәліметтер мен білім қорларын қалыптастыру;  

-

 

әрбір оқушының қызғушылығын ескере оқыту;  



-

 

мамандык тандауға дейінгі дайындық деңгейлерін ұлғайту;  



-

 

оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;  



-

 

оқушыларды практикалық еңбекке баулу



-

 

 икем-дағдыларын қалыптастыру. 



Әдісі:  суреттеу  -  баяндау,  сұрақ-жауап,  түсіндірмелі-иллюстративтік,  пікірлесу, 

әңгімелесу, проблемалық сұрақ, салыстыру, баяндау, тренинг т.б. 

Мұғалім жұмысынын нәтижесі: 

Шығармашылықты  қалыптастыру 

Эстетикал

ық  білім 

Көркемдік 

сана 

Шығармашыл

ық  әрекет 

Өнер 


пәндеріндегі 

білімдерді 

іскерлікпен 

дағдылары 

жүйелендіруге 

бағыттайды 

Оқушыларды 

әлеуметтік құнды, 

рухани 

адамгершілік 



ұғымдарын 

қалыптастыруға 

бағыттайды 

Әсемдік әлемін 

қорғауға, 

көркемдік, 

тұрмыстық қызмет 

етуге бағыттайды 



221 

 

221 



 

Оқушылардың  пәндер  арасындағы  байланыстарды  толықтай  сезінуіне  жол  ашады. 

Бейнелеу өнері ғана емес, табиғи құбылыстар мен психологиялык білім негіздерін игереді. 

Ұлттық құндылықтарға рухани - адамгершілікпен қарау әдістерін үйренеді. 

Бағдарлама бойынша оқушыларға берілетін білім мазмұны: 

-

 



Эстетикалық білім алу, өнер түрлерін игерудің механизмдерін игеру.  

-

 



Рухани күштің құдіреті туралы түсінік беру.  

-

 



Ақпараттық мәдениетті меңгеруге мүмкіндік беру.  

Қорытындылай келе, әр педагог өз қызмаетінде осы әдістерді қолданып тәжірибиесіне 

енгізсе онда дарынды балалар қатары көбейіп болашағымыз нұрлана түседі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет