Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124

Пайдаланылған әдебиеттер

1  Қуанбаева  Б.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде  жетілдірудің  дидактикалық 

шарттары: дисс. Пед. ғыл. канд. - Алматы, 2005. –137 б. 

2 Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. -1999. - №4. - Б. 5-12. 

3 Абдраманова Г.Б., Байзулдаева Г.О. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі // Молодой 

ученый. - 2015. - № 7.1. - С. 4-6. 

4 «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте». - 2014. - № 1. 

5 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (ІІІ деңгей үшін). 2012. 



Аңдатпа.  Мақалада  қазіргі  заман  талабына  сай  мұғалімнің  құзыреттілігін  жетілдіруде  ерекше  рөл 

атқаратын,  оқушының  сыни  ойлауын  дамытатын  жаңа  технологияның  жетістігі  қарастырылады.  Оқушы 

«Сындарлы оқыту» технологиясы бойынша алған білімін күнделікті өмірде қолданады. Оқушының ізденгіштік, 

шығармашылық қабілеттері дамып, білім сапасы артады. 



Аннотация. В статье рассматриваются современные требования для достижения компетентности педагога, 

выделяется особая роль во внедрении новой технологий критического мышления учащихся. В повседневном 

обучении учащиеся учатся применять конструктивную технологию обучения. В связи с применением новой 

технологии обучения, повышается качество знаний и творческие способности учащихся



Abstract. In the article is looked through the achievement of new technology of the developing the main 

role  of  classification  of  teacher  for  new  century.  The  pupil  uses  the  knowledge  giving  from  the  technology 

‘‘Constructive teaching’’ in daily life. To develop pupil’s application and creation ability and knowledge increase 

his properties of knowledge. 



БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Қ.А. Карменова, Г.К. Джумажанова 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. dariya69@mail.ru 



Пікір беруші – И.А. Оралканова, PhD доктор, 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. 

Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, 

шығармашылық  қызметі.  Мұны  Шығыстың  ұлы  ойшылы  Әбу  Насыр  әл  Фараби:  «Ұстаз  тумысынан  өзіне 

айтылғанның  бәрін  жетік  түсінген,  көрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселерінің  бәрін  жадында  сақтайтын, 

олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, 

жаны  таза  және  әділ,  жұртқа  жақсылық  жасап,  үлгі  көрсететін,  қорқу  мен  жасқануды  білмейтін  батыл, 

ержүрек  болуы  керек»  –  деген  сөздерімен  дәйектеуге  болады.  Яғни,  осы  бір  қасиетті  мамандық  иесінің 

ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында 

Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім 

көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, 

педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және 

кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. 

Педагогикалық  іс-әрекетке  психологиялық  даярлықтың  өзі  табиғатынан  жүйелі  психологиялық 

конструктіні анықтайды. Психологиялық дайындау мәселесіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарында 

жоғары мектептен кейінгі білім алушылардың психологиялық даярлығы іс-әрекеттің нәтижелі, игілікті орын-

далуына, маңызды мәселелерді мақсат-бағдарлы іздестіруге, «шұғыл» жайттарды алдын-ала байқай алуға, 

мәселелік жағдайдан тиімді, әлеуметтік ортада кұнды тәсілмен шыға алуға, жаңа мәселелерді және олар-

дың салдарын болжауға мүмкіндік беретін түрлі моральдік-еріктік сипаттар, бағыттылық, қабылдаудың ай-


151

ырықшылығы, зейінділік, еске сақтаудың тереңдігі, ақыл-ойдың оралымдылығы, зерделік, зияттылық, асқақ 

эмоциялық  тұрақтылық,  стреске  шыдамдылық,  бейімделуге  икемдік,  қарым-қатынастағы  кұзіреттілік,  кре-

ативтілік  және т.с.с.  көптеген тұлғалық  қасиеттер  мен танымдық  процестердің,  психикалык  жай-күй  сипа-

тының жекелей немесе тұтас құрылымы ретінде талданады. Алайда, жоғары оқу орындарында кәсіби білім 

берудің  басты  бір  құраушысы  болатын  білім  алушылардың  психологиялық  дайындығы  жайындағы  іргелі 

зерттеулердің қажеттілігі байқалады. ХХI ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер бо-

лашақ мамандарды даярлауда алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай әлемдік танымдық жүйені 

дамытуда болашақ мамандарды өз бетінше ғылыми тұжырым жасауға бейімдеу, әртүрлі жағдайларда дұрыс 

шешім қабылдай білуге дағдыландыру, өз іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу, педагогикалық 

қарым-қатынас  жасауға  психологиялық  даярлықты  жетілдіру  және  танымдық  іс-әрекет  бағытын  ұстанған 

шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Қазіргі таңда болашақ мамандар-

дың субъект ретінде оқу-кәсіби іс-әрекетті, қарым-қатынастарын жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты 

таныту мен дамытуы аса өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетке 

психологиялық дайындық мәселесі біраз зерттеу еңбектерінің пәні болып табылады. Олай болса, алдымен, 

«психологиялық дайындау» ұғымы және оның мәнін айқындап алу қажеттілігі туындайды. 

К.К. Платонов бойынша «дайындау» термині – бапқа сай күйге келтіру, нақты бір талаптарға сәйкестен-

діру ретінде анықталады. К.К. Платонов психологиялық дайындаудың мәнісі мен мазмұнын нақты бір іс-әре-

кет түріне қатысты қабілеттің белсендірілуі арқылы пайымдайды. Әлбетте, кәсіби даярлық нақты бір маман-

дыққа қатысты білім, дағды және біліктілікті кешенді түрде меңгеру үдерісі ретінде анықталады [2]. 

Отандық  ғалым-психолог  Х.Т.  Шерьязданова  зерттеулері  психологиялық  дайындауды  дербес  үдеріс 

ретінде ұйымдастырылуына, мазмұнына және әдістемелеріне байланысты анықтайды. Тұңғыш рет болашақ 

педагогтер мен психологтерді психология теориясы мен практикасында біртұтас жүйе тұрғысынан кәсіби 

дайындаудың психологиялық үлгісін жасаған ғалым Х.Т. Шерьязданова екені белгілі. Үлгі қарым-қатынас пси-

хологиясының теориялық және практикалык мәселелеріне негізделеді. Сонымен қатар оның тұжырымдама-

сына сәйкес психологиялық дайындау психодиагностикалық және психологиялық коррекция жұмыстарын 

қамтиды. Х.Т. Шерьязданова бойынша, білім алушыларға психологиялық білім беруде психология пәндері 

бойынша білімнің топтастырылған сипаттағы дәрістері тиімді болады. Ал студенттерді меңгерілген психоло-

гиялық академиялық білімді тәжірибеде қолдана алуға бағыттауды ғалым кәсіби дайындаудың басты шарты 

ретінде қарастырады [3]. 

Ғылымда психологиялық дайындауды адамдардың жеке-дара ерекшеліктеріне қарай психологиялық кор-

рекцияны жүзеге асырумен байланыстыру ұстанымдары да бар. Мәселен, отандық ғалым Х.Т. Шерьязданова 

жасаған  студенттерді  кәсіби  дайындаудың  психологиялық  үлгісінде  психологиялық  коррекция  аса  өзекті 

міндет ретінде қарастырылады [3]. 

Қазақстандық  ғалым  А.Р.  Ерментаева  өз  зерттеуінде  психологиялық  дайындау  мәселелері  жан-жақты 

зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дәстүрлі түрде психология пәні бойынша білім, дағды және 

біліктіліктің белгілі бір ауқымымен байланысты қарастырылатынын анықтады. 

Зерттеушілер  психологиялық  даярлық  кәсіби  іс-әрекеттің  жетістігін,  межелілігін  анықтайтындықтан, 

психологиялық  дайындауды  маманды  оқыту-тәрбиелеу  үдерісінің  негізгі  құраушысы  деген  байламға  ке-

леді. Алайда психологиялық дайындаудың анықтамасына, мақсаттарына, қағидаларына, мән-мазмұны мен 

әдіс-тәсілдеріне бірегей көзқарас жоқ [4]. 

Психологиялық дайындау  ұғымы  ғылыми  әдебиеттерде  кейде  бір-бірін толықтыратын,  кейде  бір-бірін 

жоққа шығаратын тұрғылар негізінде анықталады. 

Әдебиеттерге  жасаған  талдау  психологиялық  дайындау  мазмұнына  тым  абстрактілі  тұрғыдан  қарау 

дәстүрлі екендігін көрсетеді. Көбінесе психологиялық дайындау мен оқыту-тәрбиелеу процесінің өзара айы-

рмашылықтары мен ерекшеліктері аңғарылмай қала береді де, нәтижесінде олар бір процестің әр нұсқасы 

ретінде қарастырылады. Аталмыш процестердің қисыны бойынша арасындағы байланыстың тым тығыз, үй-

лесімділік негізде екендігі белгілі. Дегенмен, олардың әрқайсысы нақтылы бір мақсатқа бағытталған; әрқай-

сысының өзіндік шешетін міңдеттері бар; әрқайсысың дербес мазмұны мен іске асыру технологиясы болмақ. 

Өз зерттеулерінде А.Р. Ерментаева психологиялық дайындау тұжырымдамаларын талдау негізінде олар-

дың ортақ тұстарын, жалпы сипаттарын төмендегідей анықтайды: 

1) басқа да дайындау түрлері сияқты, психологиялық дайындау да әрқашан іс-әрекетке, қарым-қатынасқа 

қатысты, және оның мазмұны сол іс-әрекеттің, қарым-қатынастың ерекшеліктерімен сипатталады; 

2)  психологиялық  дайындау  іс-әрекеттің,  қарым-қатынастың  нәтижелі,  игілікті  орындалуына,  тұлғаның 

психологиялық дамуына бағытталады; 

3) психологиялық дайындау арнайы психологиялық-педагогикалық ықпал ету технологиясы арқылы жү-

зеге асырылады және жетіледі; 

4) психологиялық дайындау теориялары мен практикасы әрқалай дәрежеде тұлғанын әртүрлі психологи-

ялық қасиеттеріне қатысты мәселені қойғанмен, оның біртұтастық тұрғыдан қарауды қажет етеді; 

5) психологиялық дайындау қысқа мерзімдік емес, ол тұлғаны дамытудың мақсат-бағдарлы процесі ретін-

де жүзеге асырылуы тиіс; 


152

6)  студенттерді  психологиялық  дайындау  дәстүрлі  түрде  психология  пәні  бойынша  білім,  дағды  және 

біліктіліктің белгілі бір ауқымымен байланысты қарастырылады [4]. 

Осыған орай зерттеушілердің кәсіби іс-әрекетке психологиялық дайындау негізіне алынған жалпы тұрғы-

лары болашақ педагогтарға кәсіби білім берудің құрамдас бөлігі болатын психологиялық дайындауды ғылы-

ми-зерттеу нысаны ретінде қарастырып, жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Болашақ  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  мамандардың  психологиялық  дайындықтарының  қазіргі 

жағдайының талдауы мен бағалауды біз қазіргі кезеңде оның бірен-сараң болса да модернизацияланған 

кезінде қарастырып отырмыз. 

Қазіргі таңда жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде де маңызды өзгерістер жүріп жатыр. Соған орай 

кез келген кәсіптік білім берудің мақсатты векторы болашақ кәсіби іс-әрекеттің сферасымен анықталады. 

Педагогикалық  білім  берудің  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  психологиялық  даярлықты  жобалаудың 

мақсатты детерминанты педагогикалық мамандықтың келешегімен анықталады. 

Қазіргі  кезде  мамандардың  психологиялық  даярлығын  жетілдіруде  педагогикалық  жоғары  оқу 

орындарында мынандай кемшіліктер бар екендігі айқын байқалады: 

-  педагогикалық  жоғары  оқу  орны,  білімді  игеру  тәсілдерін  ұсына  отырып,  ой-әрекеттері  мен 

операциялар  жүйесі  арқылы,  болашақ  педагогтардың  ұғынуына  қажетті,  субъективті  түрдегі  қабылдауды 

тасымалдап түсінудің диагностикалық әдістерін қамтамасыз етпейді; 

-  педагогикалық  жоғары  оқу  орнында  оқыту  бағдарламасы  болашақ  педагогтардың  жеке  тұлғалық 

дайындық  танымын  және  болашақ  кәсібіндегі  кәсіби  өзгерістер  мен  қойылатын  талаптарды  жете  түсіну 

керектігіне жете көңіл аудармайды; 

-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  педагогтарды  қарым-қатынас  жасаудың 

тәсілдеріне,  коммуникативтік  мәдениет  дағдыларына,  түрлі  педагогикалық  ситуацияларды  талдауға,  дау-

дамайларды жасампаздықпен шешу тәсілдерін тиісінше игермеген болашақ маман өмірде, күнделікті кәсіби 

іс-әрекетінде істерін пайымдап білуін қиындата түседі. 

Жоғарыда атап көрсетілген жағдайларға сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында психологиялық 

даярлықты дамыту мен жетілдірудің мынадай жолдары мен әдіс-тәсілдерін ұсынамыз: 

Болашақ  педагогтардың  педагогикалық  қарым-қатынас  жасауға  психологиялық  даярлығының 



деңгейлері олардың жоғары мектептегі оқу-тәрбие үдерісі мен жеке тәжірибелерінде қалыптасатын кәсіби 

мәнді құрылым ретіндегі педагогикалық басқару стильдерін тиімді меңгеруге ықпал ету

Жоғары  оқу  орындарының  оқыту  процесінде  болашақ  педагогтардың  педагогикалық  қарым-



қатынасқа  психологиялық  даярлығын  қалыптастыруда  маңызды  компоненттің  бірі  эмпатиялық 

потенциалдарының жетілуіне ықпал ету; 

Болашақ  педагогтардың  педагогикалық  қарым-қатынас  жасауға  психологиялық  даярлығына 



еліктеуші ықпал ретіндегі жоғары мектеп оқытушыларының қарым-қатынастағы өзіндік ұстанымдарының 

мәнін ұғынуға жағдай жасау; 

Болашақ педагогтардың педагогикалық қарым-қатынас жасауға психологиялық даярлығының негізі 



болатын олардың қарым-қатынастағы бағыттылығы мен топтағы тұлғааралық мінез-құлқы және тұлғааралық 

қатынастарын қажетінше жетілдіруге мән беру; 

Барлық оқу пәндерінің практикалық сабақтары жүйесінде қарым-қатынастың диалогтық формасын 



жасау  және  оларды  қолдану.  Болашақ  педагогтардың  қарым-қатынас  диалогын  жүргізу  іскерлігін 

қалыптастыру, ұжымдық-үлестірмелік іс-әрекетті ұйымдастыру; 

-  тұлғаның тандаған мамандықтарына бейімділігін ескеріп, оларды мақсаттарына жетуге баулу

-  педагогикалық жоғары оқу орындарының практикасына жеке адамның дамуы мен өз мүмкіндіктерін 

толық пайдалана отырып қажеттігін қамтамасыз ететін тренингтік жұмыстарының әртүрлі жолдарын енгізу; 

-  болашақ педагогтарды педагогикалық бақылауды және экспериментті ұйымдастыруға, эксперимент 

мәліметтерін  өңдеу  тәсілдеріне  өзінің  кәсіби  іс-әрекетін  және  оқу  үдерісін,  болжамдай  білуге  мақсатты 

түрде үйрету [5]. 

Сонымен,  психологиялық дайындау  болашақ  педагогтардан  да,  оқытушылардан  да  белсенділікті,  күш-

қуатты  қажет  ететін  аса  күрделі  үдерім  болып  табылады.  Жоғары  оқу  орнының  барлық  деңгейлерінде 

қолдау  көрсетіліп,  сәйкесінше  жағдай  жасалса,  онда  болашақ  педагогтарды  психологиялық  дайындауды 

толыққанды іске асыруға әбден болады. 



Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 



бағдарламасы. – Астана, 2011. 

Платонов К.К. Некролог, опубликованный в журнале // Вопросы психологии. - 2012. - № 1. 



Шерьязданова  Х.Т.  Новые  подходы  в  обучении  психологии  студентов  //  Сборник  материалов  I 

Всероссийской научно-методической конф. – М.: 1998. 

Ерментаева А.Р. Студенттердің субъект ретінде өз өмірлерінің мағынасын түсіну мәселесі // Шығы-



стың аймақтық хабаршысы. - 2011. - № 1. – Б. 100-104. 

153

Бапаева  М.Қ.  Жоғары  мектепте  психологиялық  білім  беруді  жетілдірудің  ғылыми-теориялық 



негіздері: психол. ғыл. канд. автореф. – Алматы, 2001. – 31 б. 

Аңдатпа. Болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке психологиялық даярлау мәселелерінің көкейкестілігі 

көрсетілген.  Мақалада  болашақ  педагогтардың  педагогикалық  қарым-қатынас  жасауда  психологиялық 

даярлығының  ерекшеліктері,  олардың  қарым-қатынас  жасауға  бағыттылығы,  болашақ  педагогтардың 

педагогикалық қарым-қатынас жасауға психологиялық даярлығының заңдылықтары қарастырылған. 



Аннотация.  Показана  актуальность  проблемы  психологической  готовности  будущих  педагогов  к 

профессиональной деятельности. Рассматривается ее специфика в контексте структуры профессиональной 

деятельности,  дается  определение  и  показана  ее  структура,  функциональные  блоки  психологической 

готовности к педагогической деятельности, а также представлено описание составляющих ее компетенций, 

выделены ее уровни, перечислены факторы, влияющие на ее успешное формирование. 

Abstract. The urgency of the problem of psychological readiness of future teachers to professional activity. 

Considering its specificity in the context of patterns of professional activity, provides a definition and illustrates 

its structure, functional blocks of the psychological readiness to pedagogical activity, as well as the description 

of its competences, allocated her a levels, lists the factors affecting its successful formation. 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК 

ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ 

Б.Д. Каршигаева 

Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы, Жаңаөзен қаласы, baktigul23011982@mail.ru 



Пікір беруші – Б.К. Жолмағамбетова, Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы, Жаңаөзен қаласы 

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруда ең басты мәселелердің 

бірі мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің біліктілігін арттыру, өз қызметіне аса жауапкершілікпен және 

шығармашылықпен  қарауға  қолайлы  жағдай  туғызу  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  әдістемелік  жұмысты 

дұрыс жүргізуге көп көңіл аударылуда. Ескі кибернетикалық тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жүйе 

бүгінгі  педагогтерді  қанағаттандырмайды.  Себебі  осы  тұрғыдан  ұйымдастырылған  әдістемелік  жұмыс 

педагогтерді жалпы жоспар бойынша әрекет жасауға бағыттайды. 

Педагогика ғылымдарының кандиданты, профессор А.М. Моисеевтің (1998 ж.) зерттеуі бойынша «Әді-

стемелік жұмыс – ол біртұтас, әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жан-жақты көтеруге бағытталған бір-бірімен 

тығыз байланысты іс-шаралар мен әрекеттердің жиынтықтар жүйесі, ол оқу үрдісін талдау және алдыңғы 

қатарлы педагогикалық тәжірибе мен ғылымның жетістіктеріне негізделген деп көрсетілген. Қазіргі таңдағы 

өзекті мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді басқару 

жолдарын іздестіру. 

Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерімен бірлесе отырып, педагогтермен 

жыл  бойы  атқарылатын  жұмыстарды  жоспарлап,  әдістемелік  отырыстарда,  қаралатын  өзекті  мәселелерді 

ұсындым.  Жоспарланған  міндеттер  өткен  жылғы  әдістемелік  жұмыстың  кешендік  талдауынан  туындады. 

Аталған жұмыс жоспары төмендегі үш сұраққа жауап берді. 

-  Оқу жылының басында қандай міндеттер орындалуы керек? 

-  Әдістемелік жұмыста ең бастысы не? 

-  Қойылған міндеттер қандай тиімді әдіс-тәсіл көмегімен шешілуге тиісті? 



Жаңа бағыттағы әдістемелік қызметтің негізгі мақсаты: 

Мектепке дейінгі ұйымдарының оқу тәрбие процесінің жаңаруына жағдай жасай отырып, үздіксіз өсу 

деңгейіне ықпал ету болып табылады. 

Міндеттер: 

- педагогтерді ақпараттандырумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 

(жұмысқа қойылатын жаңа талаптар туралы, мектепке дейінгі педагогиканың соңғы жетістіктері туралы 

ақпарат беру) 

- әдістемелік іс-шаралар арқылы өз жұмыстарына талдау жасауды үйрету. 

Осы бағыттағы жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау жұмыстары уақытты талап етеді. Сондықтан да мектепке 

дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты жаңартуда педагогтерге «Үздіксіз оқу кредиттерінің 

матрицасын» құруды жөн көрдім. Аталған матрицаны жүзеге асыру үшін барлық балабақша педагогтерінен 

сауалнамалар  алынып,  ойларын  анықталды.  Одан  кейін  матрица  құрылымын  көрсетілген  үлгі  бойынша 


154

толтырды. Әдістемелік қызметті жаңартудағы бұл сауалнама туындаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік 

берді және алынған ақпараттардың матрицамен бірлескен түрде жұмыс жасауға септігін тигізді. 

Сауалнама үлгісі: 

Құрметті әріптестер! Төмендегі сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз. 



1. Аты - жөні, еңбек өтілі. 

2. Жұмыс орны. 

3. Қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? 

4. Әдістемелік қызметті жаңартуда не жасау керек деп ойлайсыз? 

5. Бұған дейін матрицамен жұмыс жасап көрдіңіз бе? Егер жасаған болсаңыз қандай тәжірибемен бөлісер 

едіңіз? 

6. Жаңа үлгідегі матрицаның құрылымымен жұмыс жасауға дайынсыз ба? 

7. Балалармен жұмыс жасау барысында қандай жұмыс түрлерін пайдаланасыз және атап беріңіз? 

8. Жоспардан тыс және ата-аналармен қандай жұмыс түрлерін қолданасыз? 

9. Сіздің ойыңызша, матрицаны мектепке дейінгі білім беру процесінде пайдалану қажет пе? Егер қажет 

болса қандай бөлімдері өзекті? 

Аталған матрицаны талдап келгенде көрсеткіш төмендегідей:



 

Оқу 


жылы

Қатысқан 

педагогтер 

саны 


Мақсаты 

мен міндеті 

белгілі 

Матрицаны 

пайдалануға 

педагогтің 

психологиялық 

дайындылығы 

Өзін өзі 

бағалау 


Матрица

мен жұмыс 

жасап көрген 

педагог саны 

МДҰ-ның 

әкімшілігінің 

бағалауы:

Матрицамен 

жұмыс жасайтын 

педагог саны 

2014-

2015


146

33,1%


12

8,2%


10

6,8%


19

13,1%


8

5,5%


57

39,1%


2015-

2016


326

59,1%


56

17,1%


35

10,7%


29

8,9%


18

5,5%


207

37,5%


Сонымен оқу тәрбие процесін жүйелеуге келіскен әрбір педагогке бұл матрица төмендегідей мүмкіндіктер 

берді: 


Білім беру бағыттары аясында педагогтің кәсібилігін үнемі жетілдіру; 

Ең жоғары деңгейде өзінің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін іске асыру; 



Өзінің әлеуеттік маңыздылығы мен кәсіби қорғанысын көтеру; 

Мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің үздіксіз оқу кредиттерінің матрицасы

 

Әдістер мен 



формалар

Балабақшалық 

деңгейде

Қалалық 


деңгейде

Облыс


тық деңгейде

Республи


калық деңгейде

Халықара


лық деңгейде

1

Ашық сабақтар өткізу



42

29

13



0

0

2



Әдістемелік кеңестер 

өткізу


33

16

3



0

0

3



Семинарлар 

ұйымдастыру,

қатысу

39

23



5

0

0



4

Біліктілік арттыру 

курстарына қатысу

0

11



26

19

1



5

Алдыңғы қатарлы 

тәжірибе тарату 

29

26



18

1

0



6

Көрмеге қатысу

32

22

15



0

0

7



Сайыстарға қатысу

17

21



16

9

3



8

Баспа беттерінде 

материалдар 

жинақтау


6

45

26



47

2

9



Жаңашылдық жобаға 

қатысу


21

14

12



2

0

Бұл идея әр педагогтің матрицада көрсетілген әдістер мен формалардың дәлелдемелерімен жүргізілуін, 



аталған  әдістемелік  жұмыстардың  нәтижесін  көруге,  одан  қорытындысын  шығаруға  бағытталған  және  ол 

жұмыс  тоқсан  сайын  өтетін  әдістемелік  отырыстарда  қаралып,  баға  беру  үшін  құрылған.  Осы  орайда  әр 

мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының нақты нәтижеге бағытталған әдістемелік қызметтің 


155

жүйесін көруге болады және әр мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмысы жинақталған портфолиосын 

төмендегідей  критерий  арқылы  талдап,  нәтижесі  шығарылды.  Әрі  қарай  екінші  әдістемелік  отырыста  әр 

мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмыс жасау деңгейінің қозғалыстарын толықтырып, қосымша баға 

берілді. 

р/с


Жұмыстың критерийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет