Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан
-2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.
2 Қазақстан Республикасыны «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы. // «Егемен Қазақстан». 2007,
15 тамыз. №254-256.
3 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
4 Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы. «Ана
тілі». 1996.
5 Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Print-S. 2005.
6 Әділбек А.М., Мағзұмбекова А.Қ. Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 48 б.
Аңдатпа. Мақалада қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың мәселелері қарастырылады.
Аннотация. В статье рассматривается использование интерактивных методов преподавания казахского
языка.
Abstract. The article discusses the use of interactive teaching methods of the Kazakh language.
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІК: ШЫНДЫҒЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Г.Ш. Жаксыбаева, К.С. Кашкенова
А. Жұбанов атындағы орта мектебі, Ақтөбе обл., Мұғалжар ауд., sshazhubanova@mail.ru
Пікір беруші – Ж.С. Сұлтанғалиева, ф.ғ.к., Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы адамзаттың құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
101
Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Сондықтан да әр тұлға өз іс –әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды,
жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Еліміздің экономикалық саяси –
мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматты
тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. Қазіргі заман талабына сай үш тілділік пән
ретінде қажеттілігі күннен - күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми- техникалық
және жалпы мәдени алға бастауында қозғаушы фактор болуда. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пән ретінде
оқытудың мәртебесін жоғарлатады. Үш тілдік оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым
– қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік
біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара
мәдени қарым – қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз
ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік мәдени білім, білік дағдылары енеді.
Бүкіл өркениет кілті ағылшын тіліндегі оқулықтарда десек, бұл тілді қазақ халқы үшін де жақсы білудің
маңызы зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақтың баласы өркениет игілігіне қол
созсын, білімді жұрттың қатарында болсын деген ниетін бәріміз біліп, орындалуына атсалысуымыз керек.
Қазақстандағы білікті ұстаз, ғалым, психологтер, халықаралық ағылшын, орыс тілдерін балабақшадан бастап
оқытудың тиімді екендігін айтады. Себебі, ақыл-ойы тұнық, айтқанды лезде қағып алатын бүлдіршіндер тілді
тез игеріп кетеді екен.
Бүгінгі жастар – қабілетті, алдағы болашағына алаңдайтындығымен ерекшеленеді. Олар мектеп, жоғары
оқу орындарынан бөлек, ағылшын тілін арнайы курстарда оқып, болашағының баспалдағын өз күшімен
қалап жатыр. Яғни, көп тіл білу қажеттілік, өзіңе пайдасынан басқа зияны жоқ [1].
Үштілді білім беруді іске асыру халықтың барлық топтарын біріктіреді, қазақ тілінде сөйлейтін және орыс
тілінде сөйлейтін қауымның ортақ ақпараттық өрісте топтасуына, бірін-бірі неғұрлым жақсырақ түсінуіне,
жүрекпен ұғысуына мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандықтардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде
сөйлей бастайды деп ойлаймыз. Үштілдік жүйе барлық қазақстандықтар үшін бірдей жағдай жасайды,
барлық адамдарды ақпаратқа жету жолында тең мүмкіндікпен теңестіреді. Әлемнің озық дамыған елдерінің
қатарына енуге ұмтылған Қазақстанның ғылым мен индустрияны дамыту орайында басқа елдерден қалып
қоймауы маңызды. Жапония мен Польша ағылшын тілін жоғары дәрежеде білетін елдер қатарына 20 жылда
кіріп үлгерді. Біздің халқымыз басқа тілдерді жылдам үйренуге аса бейімді, сондықтан үштілділікті дұрыс
енгізген жағдайда ана тілін сақтау орайында проблемалар туындамаса керек. Мемлекеттік бағдарлама
аясында педагогтерді ағылшын тіліне ғаламтор арқылы жаппай оқытуды бастау қарастырылған. Біздің
мектеп оқушылары шетелдік озық үлгідегі басылымдар бойынша оқитын болады. Көптілділік елдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыратыны бұл күндері әмбеге аян. Бәсекеге қабілеттің ғаламдық индексін иемденген озық
10 елде көптілділік жақсы дамыған. Солардың 8-інде негізгі тіл – ағылшын тілі. Еуропалықтардың 54 пайызы
кем дегенде бір шет тілінде, 25 пайызы 2, 10 пайызы 3 шет тілінде сөйлейді. «English First» халықаралық
рейтингі бойынша халқы ағылшын тілін жақсы меңгерген елдерде тұрғындарың жан басына шаққандағы
табысы жоғары, жастардың жұмыссыздығы аз, адами капитал деңгейі биік, бизнес- климаттың жақсы екендігі
анықталып отыр [2].
Үштілдік оқыту үрдісін енгізудің көптеген артықшылықтары бар. Халықаралық қатынас тілі ретінде
ағылшын тілін білу бүгінгі таңда қажеттілік болып табылады. Біздің балаларымыз ЖОО-на түскен кезде
және басқа ұлттар мен елдердегі құрдастарымен қарым-қатынас жасаған кезде тілдік және психологиялық
кедергіні сезінбеуі тиіс. Үштілділік енгізу білім беру үрдісінен мемлекеттік тілді ығыстырып шығармайды.
Ағылшын тілі мен мемлекеттік тіл оқу үрдісіне тепе- тең жағдайда қатысады. Үштілділік қазақ тілінің даму
көкжиектерін кеңейтеді. Оқысам, білген үстіне біле түссем деп алға ұмтылып тұрған жастарды көргенде
сүйсінесіз, тілдесудің өзі жағымды. Өйткені, ілпипат пен ізетке толы қазақы құндылыққа таңданбасқа
болмайды.
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы назардан қалмай келеді. Қазақстан
Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы заңдарына» сонымен қатар, бүкілхалықтық
талқылауға түсіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес еліміздің жас ұрпағы алдына мемлекеттік тіл – қазақ
тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылған болатын. Жоғары динамикалы, жаhандану дәуірінде
өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым – қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде
тілдің қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан болар, үштілді үйренуге деген талап пен көзқарастың
жаңа бағыттарда өзгеруі жаhандану процесімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени
тұрғыда қарым – қатынасының кеңеюі салдарына байланысты. Мәдени процестің негізгі бөліктерінің бірі:
әлемдік мәдениеттердің құндылықтарын игеру арқылы немесе басқа елдің тілін меңгеру арқылы ғана қол
жеткізуге болады. Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі
102
жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білуі – уақыт
талабы [3].
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық
және мәдениетаралық қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Елбасының «Қазақстан
-2030» стратегиялық Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан
дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей жақсы
меңгеретін болады. Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің
патриоты болады» деген болатын. Сондықтан көптілділікті заманның зәрулігінен туындаған қажеттілік деп
есептеп, оны игеруден қорықпауымыз керек. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы
білім беру жүйесінде үш тілдік – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, орыс
тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде, ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті
маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара
қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білім мен
білігін көрсете алатын, көптілді жеке көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға
қалыптастыру. Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы
мақсатты жүзеге асыру мәселесі болып саналады [4].
Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірбе жүзінде іске асыру бүгінде отандық
мектептен заманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық
өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық
патриотизмді нығайту факторлары ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға
және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу ретінде енгізу бағытталған
көптілді білім беруді талап етеді.
Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-
жігері бар адамдардың уақыты. Біздің әрқайсысымыз – оқушы, мұғалім, не ата-ана, басшы немесе шенеунік
болсын – осы міндеттерді атқарудағы өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді нақты сезінуіміз қажет. Сонда
ғана бүгінгі білім беру жүйесінде елдің ертеңі, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін жұмыла атқарылып
жатқан жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп, халықтың игілігіне жарар, ізгілікті іс жасалмақ. Жалпы ұрпақ
тәрбиесінде, білім беру ісінде ұстаздардың рөлі ерекше. «Мектептің жаны – мұғалім» деп ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлы атқандай, тәуелсіз Отанымыздың күні ертеңгі тұтқасын ұстайтын ұрпақтың білімді де білікті
болып шығуында ұстаздардың орны бөлек екенін қайталап айтуды өзіме парыз санаймын.
Қолданылған әдебиет
1 «Егемен Қазақстан» газеті, 21 сәуір 2016 ж., № 75.
2 «Егемен Қазақстан» газеті, 16 сәуір 2016 ж., № 72.
3 «Мектептегі шет тілі» республикалық әдістемелік-педагогикалық журналы. № 2, 2008 ж.
4 «Мектептегі шет тілі» республикалық әдістемелік-педагогикалық журналы. № 3, 2014 ж.
Аңдатпа. Мақалада қазіргі қоғамдағы үш тілді білім берудің негізгі аспектілері, қажеттілігі және жаңа
білім беру жүйесіне көшу жолдарының тиімділігі қаралады.
Аннотация. В статье рассматриваются основные аспекты трехъязычного образования в современном
обществе, необходимость и эффективность путей перехода в новую систему образования.
Abstract. The article discusses the main aspects of trilingual education in modern society, the necessity and
effectiveness of ways of transition to the new system of education.
ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – ОҚЫТУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ
З.Т. Жанузакова, С.Ш. Елеуова
Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ
zhanuzakova.68@mail.ru, sandu2065@mail.ru
Пікір беруші – З.К. Жангабулова, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті
Тіл адамды көкке көтереді,
тіл арқылы ол бақытқа жетеді.
Жүсіп Баласағұн
103
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің
еліміз үш тілді бірдей меңгерген жоғары білімді мемлекетке айналуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан
халқына жасайтын Жолдауларында тіл саясатына, оның ішінде тілдердің үштұғырлығын көтеру мәселесіне
тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысының 2015 жылы ұсынған Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының 79-
шы қадамында: «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-
кезеңімен көшудің басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім
беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» - делінген [1].
Қазақстандық білім жүйесінің үш тілде білім беру шеңберінде 7 стратегиялық бағыт қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында «2017 жылдан бастап барлық оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын
тілдері оқытылатын көптілді білім беру бағдарламасының элементтері кезең-кезеңмен енгізілетін болады.
Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті
мектептің, 20 НЗМ-нің және 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады» деп көрсетілген
[2].
Қазақ-түрік лицейлеріне оқушылар 7-сыныптан бастап қабылданып, жаратылыстану пәндері (алгебра,
геометрия, физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде оқытылады. Оқушылардың тілдік
дайындығын қамтамасыз ету мақсатында қабылдау емтиханынан кейін 2 айлық жазғы мектептер өтеді. Онда
білім алушылар 7-11 сыныптарда зерттелетін пәндер бойынша терминологияны меңгереді.
Лицей – үш тілде білім беруді жолға қойып, нәтижелі жұмыстар жүргізіп келе жатқан білім ошағы. Бізде үш
тілде білім беруді ілгерілету жөнінде арнайы жоспар құрылған. Жоспарға сай лицей оқушыларының бойында
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
және даму мониторингін жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Атап айтқанда, тоқсанына бір рет on-line режимінде TEDх конференциясы, лицейішілік PBL жоба қорғау
жұмысы өтеді. Оқушылар аталған іс-шараларға қоғамдағы өзекті мәселелерді тақырып етіп алады. Оның
ішінде, «Жасыл экономика», «ЭКСПО – 2017», «Өз қалаңның тазалығы – өз қолыңда», «Үштілділіктің жетістікке
жеткізер шыңы» сияқты тақырыптарына қатысты өткізілген іс-шараларды ерекше атауға болады. Жұмыстар
қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қорғалды.
Лицей оқушылары оқытушылардың жетекшілігімен ЖезУ университетімен үнемі тығыз байланыста
болады. Университет ұйымдастыратын түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, дебат, дөңгелек
үстелдерге қатысады. Биылғы оқу жылының қаңтар айында ағылшын тілі пәні мұғалімдері университеттің
шетел тілдері секциясының «Көптілді білім беруді жүзеге асырудың технологиясы мен мүмкіндіктері»
тақырыбындағы көптілділіктің маңызы мен мүмкіндіктері, сондай-ақ көптілділікті енгізудің кезеңдері мен
жолдары түсіндірілген семинарға қатысты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданған
Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына және «100 нақты қадам»: баршаға
арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында ҚР Президенті берген тапсырмаларға сәйкес «Мың
бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңіне лицей оқушылары Романов
Денис «Жас шешен мектебі» бағыты бойынша, Чумаков Джабрайл «Кемеңгер шығармашылық академиясы»
бағыты бойынша қатысты. Денис Қазыбек бидің сөздерін бейнелі шебер тілмен жеткізсе, Джабрайл Абайдың
қарасөздерін нақышына келтіріп айтты. Нәтижесінде ол республикалық кезеңіне өтіп, Қазақстан халқы
Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының дипломымен және құнды сыйлықпен марапатталды.
Сонымен қатар, лицей оқушылары ағылшын тілінде халықаралық ғылыми жоба жарыстарына, білім
олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. 8-10 сынып оқушыларынан құралған лицейдің
«Дебат» клубының мүшелері 2016 жылдың ақпан айында С. Демирель университетінің ұйымдастыруымен
ағылшын тілінде өткен «National Debate Championship» ұлттық дебат конкурсына қатысып, «Үздік команда»
номинациясы бойынша сертификат иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада орыс мектептеріндегі қазақ тілі
пәні бойынша Романов Денис жүлделі ІІ орын иеленіп, «Ең жас қатысушы» номинациясы және құнды
сыйлықпен (ноутбук) марапатталды. Ал Айтжан Сұлтан ағылшын тілі пәні бойынша жүлделі І орын мен Алматы
қаласындағы МАБ (халықаралық бизнес академиясы) университетінің грантын иеленді. Үштілді білім беруді
дамыту нәтижесінде лицей оқушылары аталған жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік болғандықтан,
лицейіміздің пән мұғалімдері өз сабақтарында ағылшын тіліндегі Flipped Learning технологиясының
элементтерін, Edupage, Edmodo, Google classroom, Webex, QrCode бағдарламаларын, Encyclopedia Вritannica,
Khan academy, Analytical chemistry, Cancer biology пәндік энциклопедияларын, iTunes U, Gradecam, QuisUp
104
мобильді қосымшаларын, Quizlet, Quizziz, Kahoot, Classcraft ойын элементтерін үнемі пайдаланады.
Үш тілді меңгеру – баланың кемел келешегінің кепілі, яғни оқушы өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы
мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсете алуы үшін бірнеше тілді меңгеруі тиіс. Ел болашағын
ұрпақ қолына сенімді түрде тапсыру үшін, оларға әлемдік деңгейдегі тілдер қарым-қатынасын жоғары
дәрежеде меңгертуіміз керек. Үш тілді меңгеруден жеке тұлғаның көптілді коммуникативтік және ақпаратты
құзырлығы артады. Бұл дегеніміз – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесіндегі басты
міндет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам».
2 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 2016.
3 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың жол картасы.
Аңдатпа. Мақалада үштілді білім беру жүйесінің басым бағыттарының орындалысы, тиімділігі және үш
тілде білім беруді ілгерілетуде оқушылардың жеткен жетістіктері қарастырылады.
Аннотация. В статье рассматривается вопросы выполнения основных приоритетов трехъязычного
обучения и достижения учащихся в реализации трехъязычного обучения.
Abstract. In this article investigated the questions of performance basic priorities of polylingual education
and student’s achievements in realizing polylingual education.
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТЫ
М.Ж.
Жүсіпов
, Г.Қ. Тұрлыбекова
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы, medet-05@mail.ru
Пікір беруші – З.А. Қарабалиева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясның Тәрбие теориясы
және әдістемесі орталығының аға ғылыми қызметкері, Астана қаласы
Тіл – ұлттың тірегі. Ол – жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тілдерді дамыту – еліміздегі
мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық
қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады.
Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлт-
тың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың
сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біре-
се желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын,
саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің
ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде.
Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуы тиiс. Бұлар: қазақ
тiлi мемлекеттiк тiл, орыс тiлi ұлтаралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi жаһандық экономикаға ойдағыдай
кiрiгу тiлi.
Әрине, ағылшын тiлiн бiлген өте жақсы. Осы күнi ағылшын тiлiн бiлген әлемнiң тiлiн бiлгенге есеп. Мектеп
бағдарламасына ағылшын тiлiн енгiзу, әсiресе iргелi ғылымға бастайтын пәндердi ағылшын тiлiнде оқыту
ұлтты қандай бәсекеде болсын ұтысқа жетелейтiн ұтымды нұсқа деп ойлаймыз.
Үш тұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған
игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үш тұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi, қазақ, орыс және ағылшын
тiлдерiн Қазақстан азаматтарының бiрдей меңгеруiн меңзегенiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты –
мемлекеттiк қазақ тiлiн халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке
жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның
ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл. Елбасының «Бiз бүкiл қазақстандықтардын басын
бiрiктiретiн басты фактор – мемлекеттiк тiл, қазақтардың туған тiлiн, дамыту үшiн барлық күш-жiгерiмiздi
жұмсауымыз керек», – деуiнiң өзi әрбiр саналы азаматтарға көп жайды аңғартса керек.
Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн
жақсы түсiнедi және сонымен қатар, әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы
екенiн жақсы бiледi. Үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру үшiн басқа шетел тiлдерi iшiнен не себептi
ағылшын тiлi таңдап алынды? Өйткенi, жаңа әлемдiк мәдени өмiрде ағылшын тiлi ең кең тараған дүниежүзiлiк
қатынас құралына айналып отыр. Көптеген қазiргi заманғы тiл мамандарының пiкiрiнше, ағылшын тiлi
105
мәдениетаралық қатынас құралы болу сияқты, жалпы қоғамдық қызмет атқарумен бiрге, қосымша төмендегi
мiндеттер атқарады екен: бiрiншiден, ол бiлiмдердi бiр тiлден екiншiсiне аударып тарату қызметiн атқарады;
екiншiден, халықаралық коммуникация мен ақпарат құралдары қызметiн атқарады; үшiншiден, адамдар
арасында бүкiл әлемдiк ой-пiкiрлер алмасу түрi және төртiншiден, аса мол ақпараттарды сақтау құралы
қызметiн атқару тiлi болып табылады. Үш тұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру мемлекеттiк тiлдi қалыпта-
стыру iсiн жүзеге асыруды қиындатады, керек десе, оған зиянын тигiзедi деген сияқты пiкiрлердi айтып жүр-
гендер де жоқ емес. Рас, бұл жүзеге асыратын iс емес, қиын проблема екенi анық. Бiрақ қиындықсыз даму
жоқ. Қысқасы, үштұғырлы тiл мәдениетiн қалыптастыру әрбiр қазақ үшiн бүгiнгi өмiр талабына айналды деуге
болады. Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен
шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс, ағылшын тiл-
дерiн бiрдей жақсы меңгеретiн болады. Олар осы арқылы және өзiнiң бейбiт әрi қарқынды дамыған елiнiң
патриоты болады», – деген болатын. Ал, әлемдiк дамудың талабына сай бәсекеге қабiлеттi ұлт боламыз десек,
оның қатаң талаптарына да күш салуымыз керек [2].
2013-2014 оқу жылында мектептерде бастауыш кластарға ағылшын пәнi енгiзiлдi. Оқу стандартында
аптасына 1 кластарға 1 сағаттан, 2-4 кластарға 2 сағаттан бөлiнген. Шет тiлiн оқыту арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы артты. Нәтижесiнде оқушылар өздiгiнен түрлi рөлдерде ойнап, ауызша және
жазбаша сөйлеудi меңгеруде. Шетел тілін оқушыларға үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу,
жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шет тілінде сөйлеуге, өз
ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу [1, 3].
«Үш тұғырлы тіл» идеясы бойынша мектебіміздің өзіндік тәжірибесі бар. Мұндағы әрбір оқушы мемлекеттік
тілді еркін меңгерген, ресми тілде ауызша және жазбаша еркін қарым-қатынас жасауға қабілетті. Аталған
идеяның маңызды құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену десек, бүгінде мектеп оқушылары ағылшын тілін
еркін игеруге қол жеткізіп отыр. Мектептегі тілдік орта білім алушылардың үш тілге бірдей жүйрік болуын
қамтамасыз етуде. Бұл ретте, сөз жоқ, мемлекеттік тіл – қазақ тілі бірінші орында тұрғанын мақтанышпен
айта аламыз. Мемлекетіміздің білім жүйесіне жасап жатқан қылаусыз қамқорлығының арқасында көптеген
оқушыларымыз уақыт-уақытымен әлемнің бірнеше мемлекеттеріне сапар шегіп жатады. Олардың қай
елге бармасын, жаһандық экономикаға кірігу тілі – ағылшын тілінде емін-еркін қарым-қатынас жасауға
төселгендігін байқау қиын емес. Бұл «Үш тұғырлы тіл» саясатының мектебімізде жүйелі жүзеге асырылып
жатқанын айқын танытса керек. Білімпаз жастарымыз Елбасы саясатын барынша қолдайды. Мұның өзі білім
беру үдерісінде айқын көрініс тауып отыр. «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз»,
– дейді Елбасы. Зияткер ұрпақ – зияткер ұлттың негізі. Ал, үкілі үміт артатын жастарымыз ел иесі ретінде
мемлекеттік тілді қастер тұтып, ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін жетік игеріп, ағылшын тілінде
ой-пікірін еркін өрістете алса, игілікті идеяның орындалғаны. Демек, үш тұғырлы тіл саясаты өз жемісін бере
бастады деуге толық негіз бар [2, 5].
Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде
көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен
ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани
қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беру қажет [3].
Бiлiм мен ғылымның, экономиканың, бизнестiң, саясаттың, жалпы бәсекелестiктiң қарыштап дамып
отырған бүгiнгiдей жаһандану кезеңiнде Елбасы көрегендiк танытып, алдымызға үш тiлдi бiлу қажеттiгiн
қойып отырғанда өскелең ұрпақ – жастардың алдында бiрнеше тiл бiлу мiндетi тұр. Олай болса, бүгiнгi
Қазақстан азаматтарының парызы «өзге тiлдiң бәрiн меңгерiп, мемлекеттiк тiлдi құрметтеу» деп бiлемiз [4].
Қорыта келе, «үш тұғырлы тiл» саясаты заман талабынан туындаған қажеттiлiк деп есептеп, оны игеруден
қорықпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |