Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата03.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#6741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41

Список использованной литературы: 
1.
 
Вознесенская  Ю.  А.  Международное  исследование  PISA  и  проблемы  развития 
высшего образования // Вестник общественного мнения (Центр Ю. Левады). 
2.
 
Национальный 
отчет 
по 
итогам 
международного 
исследования PISA-
2012 в Казахстане. 
 3.Вройенстийн А.И. "Внешняя оценка качества образования: некоторые вопросы и     
     ответы" // Высшее образование в Европе. Т.XVII. - №3. - 1993 г. - стр.66-88. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

62 
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ  КӘСІБИЛІГІ 
 
Манашева Еркежан Каирдиновна
«Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі және 
инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушы, г.ғ.м.,  
«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы 
ШҚО бойынша ПҚ БАИ, Өскемен қаласы 
 
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - Абай Құнанбаев. 
Егер шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, өзгеріске толы заманауи өмірде 
өз орнын тапса, бұл ұстаздың қажырлы еңбегі деп білуге болады.  
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ 
бейнесінен көрінеді. 
Бүгінгі күні барлық дамыған елдер жоғары сапалы білім беру жүйесімен жұмыс 
істеуде.  Қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың  талабына 
сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс-тәсілдермен  оқытып,  ой-өрісі  кең, 
саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу  қажеттілігі  де  осы  себептен  туындап  отыр. 
Сондықтан да уақытпен бірге қадам басу үшін әрдайым білім беруді, білім берушілерді 
жетілдіріп, үнемі өзгерістер енгізіп, дамытып отыру қажет. 
Мектеп  –  еліміздің  халыққа  білім  беру  жүйесінің  күрделі  тармағы.  Еліміздің 
жарқын  болашағы,  мектеп  болашағы  –  ұстаздардың  ізденісінде,  балаларға  деген 
сүйіспеншілігінде,  кәсіптік  деңгейіне  байланысты  екендігінде.  Шындығында 
мұғалімнің  алдында  оқушыларға  білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен  жауапкершілік  тұр. 
Әрбір  оқушыны  оқытып  тәрбиелеуге  байланысты  мәселелерді  өздігімен  және 
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.  
Болашақтың  бүгінгіден  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамы  алға 
апаратын  күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде 
өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.  
Жаңа  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  технология  бағытымен 
дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып  табылады. 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ұрпаққа 
сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.  
Бүгінгі  таңда  білім  берудің  сапасы  –  бұл  тек  мектеп  пәндерін  игеру,  емтихан 
нәтижелері  ғана  емес,  алған  білімдерін  өмірде  қолдана  алатын,  сын  тұрғысынан 
ойлайтын  өз  бетімен  іздене  білу  қабілеті  дамыған,  өзгермелері  жағдайларға  қарай 
шұғыл  шешім  қабылдай  алатын,  кең  ойлап,  кемел  пішетін  ғылыми  ойлау  жүйесі 
қалыптасқан, талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға 
ерік-жігері мол оқушылар. Ал, осы қасиеттері қалыптасқан оқушыларды дайындайтын 
ұстаздарға  артылып  отырған  жүк  одан  да  ауыр  демекпін.  Білім  сапасын  арттырудың 
кілті  ұстаздардың  қолында  десек,  заманынына  сай  мұғалім  де  жаңашыл,  жан-жақты, 
ұшқыр  ойлы,  оқушылармен  жұмыс  жасауға  ерік-жігері,  қабілетті  бар  болуы  қажет. 
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық 
үйлестіруді  шебер  меңгерген  психолог,  педагогикалық  диагностика  қоя  білетін  іскер 
мұғалім қажет.  
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан   халқына   арналған   Жолдауында 
айтылған:  «білім беруге  қатысты   мәселелер бәрімізді де  бей-жай қалдыра алмайды. 
Қазақстандағы  әрбір  ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің  қалаған, 
ұнатқан  және  қоғамға  пайдалы  еңбек  ете  алатынын  елбасымыз  қадап  айтқан. 
Өркениетке  бұрған  еліміздің  жастары  –  ертеңгі  мемлекет  тірегі.  Қоғамға  да  ең  басты 
керегі  –  елдің  ертеңіне  деген  сенім  мен  үміт.  Сол  тірек  нық  та,  берік,  сенімді  болуы 
үшін  бәсекеге  қабілетті  мамандар  дайындау  үрдісі  арнайы  және  орта  мектептерден 

63 
 
бастау  алмақ.  Сондықтан  да  оның  ірге  тасын,  ондағы  мұғалімдердің  білім  деңгейінің 
жоғары  болуын  қадағалау  және  арттыру  кадрлар  біліктілігін  арттыратын  және  қайта 
даярлайтын  институттың  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып  қала  бермек»,  –  деген 
болатын. 
Қазақстанның  болашағы  –  білімді  жастардың  қолында.  Сондықтан  да,  білім 
саласында  еңбек  етіп  жүрген  ұстаздар  қауымына  бүгінгі  таңда  үлкен  талап  қойылып 
отыр. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін 
арттыру  курстары  еліміздің  барлық  аймақтарында  өткізіліп  жатыр.  Бұл  курстардың 
мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу 
тұрғысынан  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  [1].  Сонымен  қатар, 
оқу  үрдісіне  әлемдік  озық  тәжірибелерді  енгізе  отырып,  педагог  кадрлардың 
біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру болып табылады.  
 «Қазақстан  Республикасында  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  қазақ 
тілінде  оқытатын  мектептердегі  бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  педагогика 
кадрларының  біліктілігін  арттыру  курсының»  бағдарламасы  бойынша  оқушылар 
бастауыш  сыныпта  оқытылатын  әр  пәндік  саланы  түсінетіндігін  көрсете  отырып, 
алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері  қажет. Сондықтан 
оқушыларды  өз  білімдерін  кез-келген  жағдайға  қалай  бейімдеу  керектігін  біліп, 
болашақта  кездесуі  мүмкін  кез-келген  күрделі  тапсырмаларды  шешуге  икемді  болуға 
баулитын ұстаздардың рөлі маңызды болып отыр.  
«Мен  еш  уақытта  өз  оқушыларыма  еш  нәрсе  үйретпеймін  –  тек  қана  олардың 
оқуы үшін жағдай жаратамын», - деген екен Альберт Эйнштейн. 
Жаңартылған  білім  беру  бойынша  мұғалім  балаларға  еркіндік  бере  отырып, 
оларға өз мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Қазіргі оқушының қажеттілігі, талғамы 
жоғары,  әрі  жаңалыққа  толы  бұл  әлемде  оларды  таңқалдыру,  қызығушылығы  мен 
сұраныстарын  өтеу  мұғалім  үшін  ізденушілікті  қажет  етеді.  Демек,  XXI  ғасырда 
табысты болуы үшін Нені үйренуі керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген 
сияқты негізгі сауалдарға жауап беруі тиіс [3].  
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді 
іс-әрекетін  ұйымдастыру  оқу  үдерісіне  қойылатын  негізгі  талаптардың    бірі  болып 
табылады. Бұл білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы пәндік білімді, әлеуметтік және 
коммуникативтік  дағдыларды  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің  жеке  мүдделері  мен 
болашағын  сезінуге,  сындарлы  шешімдер  қабылдауына  мүмкіндік  беретін  тұлғалық  
қасиеттерді  де  меңгеруге  ықпал  етеді.  Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың 
тұжырымдамасы  баланы  жан-жақты  дамытумен  бірге  жеке  және  жас  ерекшелігіне 
қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке 
тұлғаға  бағдарланған  оқыту  проблемалы  бағыттағы  шығармашылық    сипатқа  ие  бола 
отырып  жаңа  білімді  іздену  арқылы  тәжірибеде  қолдана  білуге  ықпал  етеді,  мұндағы 
басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен  
білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. 
Халқымыздың  ұлы  ағартушысы  Ахмет  Байтұрсыновтың:  «Ұстаз  үздіксіз 
ізденгенде  ғана,  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»,  -  деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңашыл 
ұстаздарға  арналған.  Сондықтан  бұл  бағдарлама  бала  тәрбиесіне  оларды  біліммен 
қаруландыруға жол ашады деп білеміз.  
Оқушылардың  бойында  өмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыру 
мақсатында  бастауыш  сыныпқа  арналған  пәндердің  аясында  мұғалімдер  әрбір  оқу 
жылында  нені  оқыту  керектігін  және  оқу  сапасы  қандай  болу  керектігін  нақты  білуі 
тиіс.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі 
бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  пән  бағдарламаларында  нақты  мақсаттар  беріліп, 
нақты  күтілетін  нәтижелер  айқын  жазылған.  Табысты  болу  үшін  оқушыларға  білім 
қандай қажет болса, дағды да сондай қажет болып отыр. Бұл оқушылардың ақпаратты 

64 
 
есте  сақтап,  алған  білімдерін  ұғынуын,  түсінуін  және  әртүрлі  салада  қолдана  білуін 
талап етеді.  
Бүгінгі  оқушы  –  ертеңгі  қоғамымыздың  тірегі,  ғылым  мен  техниканы,  тұтас 
экономикамызды,  саясат  пен  әлеуметтік  саланы  алға  жетелейтіндер.  Сондықтан, 
оқушылардың жан-жақты әрекетін ұйымдастыруға берік негіз қаланып, заман талабына 
сай, бәсекеге қабілетті жастарға тән білім-білік пен дағды машықтарды берік орнататын 
ұстаз еншісінде.  
Биылғы  оқу  жылы  мектепке  қадам  басушы  бірінші  сынып  оқушылары  үшін  өз 
тараптарынан  ғана  емес,  педагогтерге  де    ерекше  болып  отыр.  Себебі,  бірінші  сынып 
жаңартылған бағдарламаны меңгеру одан көп қажыр-қайратты қажет етеді.  
Бүгінгі  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  –  мұғалімнің  кәсіби  дамуына 
мүмкіндік  жасау.  Қоғамдағы  жаңа  бетбұрыстар  білім  беру  жүйесінен  үнемі  өзгеріп 
отыруды  талап  ететіндіктен  болашақ  жастарға  тәлім-тәрбие  беріп  жүрген  мұғалім 
құзыреттілігі  жансыз  жаттанды  білім  түрінде  емес,  педагогтің  жеке  тұлға  ретінде 
танымға,  ойлауға  қатысын,  белгілі  бір  мәселелерді  ұсынып,  шешім  жасауға,  оның 
барысы   мен  нәтижелерін  талдауға,  ұтымды  түрде  түзетулер  енгізіп  отыруға  деген 
іскерлігінің белсенділігімен ерекшеленуі тиіс. 
     Мұғалім  жалпы  стандарттық  талаптармен  бірге,  нағыз  сыншы  алдындағы 
оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. 
Кәсіби  мұғалім  үнемі  ізденісте  бола  отырып,  жаңаша  оқытудың  критериалды 
бағалау  жүйесін,  дамыта  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологияларының  әдіс- 
тәсілдерін  өз  ізденісі  арқылы  оқушы  қабілетіне,  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктеп 
қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп 
үйренумен    қатар,  сол  білімін  өз  ісінде  шебер  пайдалана    білетін  болуы  керек. 
Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс. Мұғалім  оқушыға қай 
жағынан  болсын  өзін-өзі  ұстауы,  сөйлеуі,  жүріс-тұрысы,  киім-киісі    жағынан  болсын 
үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. 
Критериалды  бағалау  бойынша  мысалы  қалыптастырушы  бағалауға  тапсырма 
жасаған  кезде  оқу  мақсаты  сабақтың  мақсатындағы  етістікті  Блум  таксономиясының 
қай  сатысы  екенін  анықтап  алу  қажет.  Яғни,  ойлау  дағдыларының  деңгейін 
сәйкестендіреміз.  Оқу  мақсаттарын  ойлау  дағдыларының  деңгейімен  және  бағалау 
критерийлерімен  сәйкестендіру  маңызды  рөл  атқарады.  Берілетін  тапсырма  Блум 
таксономиясы  бойынша  сол  ойлау  деңгейінен  асып  кетпеуі  шарт.  Қолдану  болса 
тапсырмада одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді. 
Блум  Таксономиясы  оқыту  нәтижелерін  жазу  үшін  жиі  қолданылады,  ол  дайын 
құрылыммен және етістіктер тізімімен қамтамасыз етеді. Етістіктерді дұрыс  қолдану – 
оқыту  нәтижелерін  ойдағыдай  жазып  шығудың  кілті.  Бағалау  критерийі  де  оқу 
мақсатымен  тығыз  байланысты.  Бағалау  критерийінен  дескрипторлар  беріледі,  яғни 
критерийді қадам бойынша ашамыз [5]. 
Критериалды  бағалау  мұғалімді  сынып  жұмысында  қолдауға,  оқыту  үдерісінде 
оң ықпал жасауға негізделген. Нәтижелер мұғалімге өзінің сабағына рефлексия жасауға 
және  одан  кейінгі  жұмысын  жоспарлауға  мүмкіндік  береді.    Ал  оқушы  болса  өзін-өзі 
талдау  мен  рефлексия  жасау  тәжірибесін  үйренуі,  оқу  үдерісі  ғана  емес,  бағалау 
үдерісінің де белсенді қатысушысы болады. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар 
аударылады. Яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу 
керек  деген  мақсатпен  сабақтың  критерийі  анықталады.  Критерий  арқылы  бағалау 
оқушыларға:   нәтижені  талдау  үшін  бағалау  критерийлерін  білу  және  түсінуге; 
критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, 
яғни  өзін  және  өз  достарын  бағалауға;   бағалау  үрдісіне  қатысу  арқылы  білімін 
тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан 
ойлай білуге мүмкіндіктер береді.  

65 
 
Жаңартылған  білім  беру  оқу  процесінде  оқушыларға  сындарлы  ойлауды, 
пәнаралық  білімді  өмірде  және  шығармашылықта  қолдана  білу  қабілетін  тұрақты 
дамытып  және  жетілдіріп,  талпынысын,  жалпы  мәдениетін  қалыптастырып,  зерттеу 
және  қарым-қатынас  дағдыларын  дамытуды  ұстаздар  қауымынан  талап  етеді.  Осы 
орайда,  қазіргі  аса  қарқынды  өзгерістерге  толы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда 
білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінеміз. 
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, 
баланың  көзқарасы  мен    пікірін  сыйлау,  тыңдай  білу  керек.  Сабақтарын  түрлендіріп 
өткізіп,  оқушыларға  дайын  білім  беріп  қоймай,  оларды  үнемі  ізденіске  жетелеп, 
шыңдай  түсуі  керек.  Азат  ой,  кемел  білім  ғана  елімізді  тың  мақсаттарға  апаратын 
құдіретті күш. 
Білім беру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оны оқыту үдерісіне енгізіп, 
білім  сапасын  арттыру  –  біздің  міндетіміз.  Сонымен  қатар,  қазіргі  заманауи   
технологияларды  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  аясында  қатар  алып  жүру, 
оқушыға терең  білім алуына оң әсері болары сөзсіз. Бұл  бағдарлама келешек ұрпақтың 
ой-санасы дамыған, мықты тұлғаға айналуына  қосар үлесі бар болмақ.  
 
Қолданылған әдебиеттердің тізімі: 
1.
 
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасын 
бекіту 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №  1118 
Жарлығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  2  қарашадағы  №  423 Жарлығы 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1130-құжат). 
2.
 
Сауат ашу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке            
(1-сынып) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 36 б.  
3.
 
Жаратылыстану.  Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  бастауыш 
мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016. – 50 б. 
4.
 
Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке 
(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 80 б. 
5.
 
Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке 
(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016. – 43 б. 
 
 
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ УЧИТЕЛЕЙ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ 
В РАМКАХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Егорина Лариса Викторовна
старший преподаватель кафедры ИТиМПЕН(Г)Д,  
филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО, 
г. Усть-Каменогорск 
 
Мир  живет  в  период  глобальных  вызовов.  Это  новые  технологические 
достижения и внедрение инноваций, ускоренное развитие IT-технологий и мобильность 
человеческих ресурсов. В этих условиях образование и наука должны быть на переднем 
крае преобразований. Ведущие экономики мира достигают процветания только за счет 
высокого уровня человеческого капитала. Этому способствуют новые образовательные 
стратегии и политики [1].  
Президент  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаев  в  стратегическом 
программном  документе  «План  нации  «100  конкретных  шагов  дальнейшего 
государственного  строительства»  отметил  ряд  главных  приоритетов  в  сфере 
образования.  Одними  из  них  являются  поэтапное  внедрение  12-летнего  обучения  и 

66 
 
обновление  стандартов  школьного  обучения  в  контексте  развития  функциональной 
грамотности обучающихся. 
Ключевая  роль  в  реализации  вышеуказанных  приоритетов  принадлежит 
учителю.  А  именно  учителю  начальных  классов,  так  как  с  сентября  2016  года  в  1 
классах  организаций  образования  независимо  от  их  форм  собственности  и 
ведомственной  подчиненности,  а  также  языка  обучения  осуществляется  внедрение 
обновленного содержания образования (рис.1). 
 
 
Рис.1. График внедрения обновленного содержания образования 
 
С  целью  совершенствования  педагогического  мастерства  учителей  в  контексте 
обновления образовательной программы для  начальных классов и внедрения системы 
критериального  оценивания[2]  с  апреля  2016  года  на  базе  филиала  АО  «НЦПК 
«Өрлеу» ИПК ПР по ВКО началось обучение учителей по образовательной программе 
курсов  повышения  квалификации  педагогических  кадров  по  предметам  начальных 
классов  в  школах  с  русским  языком  обучения  в  рамках  обновления  содержания 
среднего образования Республики Казахстан, разработанной Центром педагогического 
мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» в 2015 году. 
Учебный  процесс  в  рамках  данной  Программы  реализуется  на  основе 
использования  цикла  обучения  Колба,  предложенного  в  эмпирической  теории 
обучения, разработанной Дэвидом Колбом в 1984 году. Например, микропреподавание 
в  первые  несколько  дней  обучения  будет  «опытом»  и  будет  сопровождаться 
«рефлексией»  и  обсуждением.  В  ходе  обучения  учителям  будет  предоставлена  новая 
теория  в  рамках  учебной  программы  по  предмету  («абстрактная  концептуализация»), 
которая  будет  использоваться  в  последующем  этапе  обучения  –  микропреподавании 
(«экспериментирование»).  Различные  этапы  цикла  обучения  будут  пересмотрены  на 
протяжении всего обучения [2].  
В 
качестве 
примерапредлагаем 
рассмотретьитоги 
курса 
повышения 
квалификации  педагогических  кадров  по  предметам  начальных  классов  в  школах  с 
русским  языком  обучения  в  рамках  обновления  содержания  среднего  образования, 
проведенные на базе филиала в период с27 июня по 15 июля 2016 года. Качественный 
состав слушателей курса достаточно высокий: 87% учителей с высшим образованием, 
больше половины учителей (54%) со стажем работы от 5 до 20 лет, 44 % имеют стаж 
работы свыше 20 лет и до 5 лет - 1 педагог, что составляет 2%, на период курса за ним 
был закреплен опытный учитель с целью оказания помощи в подготовке планирования 
уроков, микропреподавания и тестирования по итогам завершеия курсов (рис. 1, 2).  
 

67 
 
 
Рис.1 Состав слушателей по образованию      Рис.2. Состав слушателей по стажу работы 
 
Анализ  результатов  входного  анкетирования  слушателей  показал,  что  87% 
педагогов  пришли  на  курсы  с  целью  подготовки  к  работе  в  условиях  обновления 
содержания образования, 54% с целью повышения квалификационной категории, 50% - 
стремятся  овладеть  современными  технологиями,  методами  обучения  и  воспитания, 
94%  учителей  имели  общее  представление  о  планируемом  обновлении  содержания 
образования.  Половина  слушателей  нуждались  в  консультациях  по  нормативно-
правовому  обеспечению  образовательного  процесса  и  планированию.  Необходимо 
отметить,  что  все  педагоги,  пришедшие  на  курсы  ПК  умели  работать  на  компьютере. 
На высоком уровне у них сформированы навыки работы с текстовым редактором Word, 
они умели создавать качественные презентации в Power Point «Все обо мне» и работать 
в Интернете (e-mail, сетевое сообщество и др.). 
В течение 15 дней, каждый из которых включал четыре двухчасовых занятия в 
день,  учителя  ознакомились  с  содержанием  обновленной  образовательной  программы 
для  начальных  классов,  приняли  активное  участие  в  тренингах,  а  также  в 
микропреподавании,  где  каждый  имел  возможность  участвовать  в  роли  учителя, 
ученика  и  наблюдателя.  Они  смогли  показать  свои  умения  эффективно  использовать 
педагогические  подходы,  учебные  материалы  и  систему  критериального  оценивания 
для достижения целей обучения обновленной образовательной программы.  
С  целью  определения  прогресса  учителей  и  установления  последующих  шагов 
их  развития  тренером  осуществлялось  оценивание  по  четырехуровневой  шкале: 
репродуктивный,  адаптивный,  моделирующий  и  системный.  Анализ  результатов 
показал, что по завершению курса педагоги успешно освоили учебную программу, по 
всем  критериям  оценивания  они  достигли  моделирующего  уровня,  а  большинство  из 
них (70% - 97%) достигли системного уровня (рис.3).  
 
 
 
Рис.3. Оценка качества знаний слушателей в рамках программы по обновлению  
содержания образования  
 
Сравнительный  анализ  результатов  входного  и  выходного  анкетирования 
учителей  показал,  что  проведенные  курсы  соответствуют  ожиданиям  слушателей.  К 
концу  обучения  у  всех  учителей  (100%)  изменился  взгляд  на  современную 
26
0 4
высшее
н/высшее
ср/спец.
0 0
1
16
13
до 1 года
до 3 лет
от 3 до 5 лет
от 5до 20 лет
0
5
10
15
20
25
30
2
3
2
1
7
1
7
9
28
27
28
29
23
29
23
21
Моделирующий
Системный

68 
 
организацию  процесса  обучения  в  условиях  обновления  среднего  образования,  68% 
педагогов 
испытывают 
творческий 
подъем 
и 
считают, 
что 
их 
профессиональныйуровень  повысился,  32%  учителей  испытывают  ощущение 
удовлетворенности, и их профессиональныйуровеньзаметно повысился (рис. 4). 
 
 
 
Рис.4. Оценка результатов обучения слушателей курсов ПК 
 
Анализ  результатов  итогового  анкетирования  слушателей  свидетельствует  о 
том, что 75% учителей полностью освоили планирование уроков в рамках обновленной 
образовательной программы, 86% учителей полностью освоили особенности методики 
преподавания предметов начальной школы (рис.6, 7). 
 
 
 
Рис.6. Результаты освоения планирования уроков в рамках обновленной 
образовательной программы слушателями курсов ПК 
 
 
Рис.7. Результаты освоения особенности методики преподавания  
предметов начальной школы слушателями курсов ПК 
 
Таким образом, после прохождения курсов  повышения квалификации в рамках 
обновления  содержания  образования  в  педагогической  деятельности  учителей 
начальных  классов  произошли  позитивные  изменения  –  уверенность  в  себе,  в 
возможности изменить в лучшую сторону деятельность школы (преподавание, работа с 
детьми, родителями, коллегами). Они отметили, что после окончания курсов хотели бы 
поддерживать связь с институтом через: 

 
дистанционные  или  мобильные  формы  взаимодействия  (образовательный 
портал, skype, Wats App, агент mail.ru и др.); 
68%
32%
0%
творческий подъем
ощущение 
удовлетворенности
неудовлетворенность
75%
25%
0%
полностью
частично
не усвоили
86%
14%
0%
полностью
частично
не усвоили

69 
 

 
издательскую  деятельность  (публикации  в  журналах  и  газетах,  издаваемых 
ИПК); 

 
участие в работе творческих мастерских под руководством специалистов ИПК; 

 
участие в межкурсовых мероприятиях, проводимых ИПК.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет