Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілік арттырудың Ұлттық орталығЫ


ІІ. ВЗГЛЯД УЧИТЕЛЯ-ПРАКТИКА НА ПРОЦЕСС РЕАЛИЗАЦИИ



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата03.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#6741
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41

ІІ. ВЗГЛЯД УЧИТЕЛЯ-ПРАКТИКА НА ПРОЦЕСС РЕАЛИЗАЦИИ 
ОБНОВЛЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ В РК 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 
 
Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің математиканы оқыту 
әдістемесінің  оқытушысы,  
педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар 
Академиясының мүшесі  
 
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз 
үшін  маңызды  болып  табылатын  стратегиялық  міндетті  шешу  жағдайында  тұлғаның 
сапалық  қасиеттері:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда  ойлауға  және  шешім 
қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын 
тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.  
Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  және 
дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  ҚР 
Үкіметінің Қаулысымен бекітілді[1]. 
Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім  сапасын  жетілдірудің 
негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту 
шараларының  мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталып,  оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту  үдерісін  мазмұндық,  оқу-
әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар  кешенін 
қамтиды[2]. 
Оқушылардың  тұлғалық  қабілеттерін  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

115 
 
бағдарламасында  да  анық  көрсетілген[3].  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін 
мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін 
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген жаңартылған білім беру 
жүйесінің  мақсаты  –  құзыретті  тұлғаны,  яғни  өзінің  білімі  мен  іскерлігін  пайдалана 
отырып,  өздігінен  әртүрлі  мәселелерді  шеше  білуге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру. 
Құзыреттілік тұрғыда білім беру білім мазмұнының тұлғалық бағдарын нығайтуға және 
оны біршама практикаға бағыттауға мүмкіндік береді.  
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  «Білім  бәріне  ортақ»  атты  бағдарламасына  сай 
зерттеулерде  мектепте  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  міндеті  қарастырылып,  әрмен 
қарай  кәсіби  біліммен  жалғасуы  қажет  екендігі  айтылған[4].  Оқушы  тұлғасын 
қалыптастыру  бастауыш  мектептен  бастау  алады.  Қазірде  олар  оқитын  пән 
оқулықтарының  мазмұны  көбіне  алғашқы  сауаттылықтан  басталып,  әрмен  қарай 
дамып, жүйелене түседі.  Алайда, оны  алдымен пән ұстазы ескеріп:  «Игерілетін білім, 
білік,  дағдылардың  қайсылары  тұлғаны  қалыптастыруға  жол  ашады?  Олардың 
басқалардан  ерекшелігі  неде?»  деген  сүрақтарға  өздері  жауап  іздеп,  шәкірттердің 
санасына  сіңірудің  әдіс-тәсілдерін  жан-жақты  қолдануды  басшылыққа  алуы  орынды. 
Ол  үшін  тұлғаны  дамытуға  жататын  білімдер  мен  біліктердің,  әсіресе,  жиі 
қолданылатын  іс-әрекет  түрлерінің  өзара  тәуелділігін,  бірімен  бірінің  үндестігін 
оқулықтардағы білім мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. 
Табысты  оқуды  қамтамасыз  ету  үшін  «нені  оқыту  керек?»,  білім  мазмұны 
қандай болуы керектігін анықтап алу қажет. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі 
пайымдама жоқ.  
Білім  беру  қызметін  іске  асыруға  бағытталған  дәстүрлі  педагогикада  білім 
мазмұны  оқушылар  игеруі  тиіс  педагогикалық  икем  мен  сәйкестікке  келтірілген 
ғылыми  ақпарат  және  соған  байланысты  тәжірибелік  ептіліктер  мен  дағдылар  жүйесі 
ретінде  қабылданған.  Білім  мазмұнының  мәнін  ашуда  бұл  бағыт  білімдік-бағдарлы 
(знаниево-ориентированное) оқу түрін алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи 
дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде танылады.  
Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес 
ой  жүргізе  алатын  адам  қалыптастыру  –  жалаң  білім  жинақтау  талаптарының 
көлеңкесінде қалып келді.  
Соңғы  кездерде  білімді  адамзаттың  озық  идеясына  негізделген  білім 
мазмұнының  мәнін  айқындауда  тұлғалық-бағдарлы  (личностно-ориентированное)  оқу 
бағыты басты назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана 
меңгерумен шектелмеуі тиіс.  
Оқу-тәрбие барысында ең алдымен шәкірттерде құндылықты- мәнді сұраныстар 
мен  ниеттер  қалыптастыру  міндеті  тұрады,  олар  тұлғаға  қажет  сапа-қасиеттердің 
орнығуына  негіз  ретінде  болғаны  дұрыс.  Болашақ  қоғам  мүшесі  –  тұлғаның 
педагогикалық  процесс  аймағында  өз  әрекетіне,  қоғам  мен  ел  тағдырына,  қоршаған 
ортаны  қорғауға  деген  жауапкершілік  сезімін  қалыптастырып,  әділетсіздік  пен 
немқұрайлықтан  қашық  болуға  баулу,  басқалардың  пікірлерін  ымырашылдықпен 
тыңдап,  олардың  барлығын  бірден  ысырып  тастамай,  білім  алушы  өзіне  қажеттісін 
қабылдауға үйренуі тиіс.  
Тұлғалық  бағдардағы  білім  мазмұны  мейлінше  толық  құрылымға  келтірілген, 
педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе күйінде төрт элементтен 
құралып, төмендегідей іс-әрекеттерде көрініс береді:  
-  нәтижелік  формасы  –  білім  (қоғам,  табиғат,  техника,  ойлау,  іс-әрекет  әдістері 
жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-әрекеттер;  
-  үлгі  бойынша  орындау  ептіліктері  (ақыл-ес  және  практикалық  ептіліктер  мен 
дағдылар) формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;  

116 
 
-  проблемалық  жағдайларда  қалыптан  тыс  шешімдер  қабылдау  ептіліктері 
формасындағы – шығармашылық іс-әрекет, қызмет;  
-  тұлғалық  бағдар  (қоршаған  ортаға,  дүниеге,  адамдарға,  өз  басына,  мораль 
нормаларына, көзқарастық идеяларға және т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты 
қатынастарды орындай білу.  
Білім  мазмұнының  аталған  элементтері  бір-бірімен  байланысты  және  бірін-бірі 
толықтырып  отырады.  Әлеуметтік  тәжірибенің  осы  элементтерін  игерген  адам  жақсы 
орындаушы ғана болып қалмайды, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен әрекет істей 
алатын,  қалыптасқан  қатынастар  жүйесіне  өз  үлесін  қоса  білетін  тұлға  дәрежесіне 
көтерілуге мүмкіндік алады[3]. 
Білім  мазмұны  тарихи  сипатқа  ие.  Ол  қоғам  дамуының  белгілі  кезеңдерінде 
білім  міндеттері  мен  мақсаттарына  орай  анықталады.  Әртүрлі  әлеуметтік  жүйедегі 
білім  мазмұны  біркелкі  емес.  Ол  өмір,  өндіріс,  технологиялық  үрдістердің  және 
ғылыми білімдердің даму деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады.  
Қазақстан  Республикасындағы  бүгінгі  мектептің  білім  мазмұны  ҚР  «Білім 
туралы»  заңына  сәйкес  құрастырылған.  Бұл  Заңға  орай  білім  мазмұны  қоғамның 
экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының  аса  маңызды  жағдаяттарының  бірі, 
сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске 
асыра  алуына  жағдай  жасап,  қоғам  дамуын  және  жетілуін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған.  
Білім  мазмұнының  міндеті–қоғамның  әлемдік  деңгейге  сай  жалпы  және  кәсіби 
мәдениетін  көтеру,  оқушылар  санасында  заманауи  білім  деңгейі  мен  білім  беру 
бағдарламасының  талаптарына  сәйкес  әлем  бейнесін  қалыптастыру;  тұлғаның  ұлттық 
және  әлемдік  мәдениетке  араласуына;  осы  күнгі  қоғамның  толыққанды  мүшесіне 
айналған  және  сол  қоғамды  жетілдірудімақсат  еткен  адам  және  азамат  тәрбиелеу; 
қоғамның сұранысына қажетті мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, әрі қарай дамыту.  
Білім  мазмұнын  қалыптастырудағы  басты  мақсат  –  ұлттық,  этникалық,  діни 
және  әлеуметтік  тегіне  қарамай  адамдар,  халықтар  арасындағы  өзара  түсіністік  пен 
қызметтестік  қатынастардың  орнығуына  жәрдемдесу,  оқушының  ерікті  пікір  мен 
наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, әртүрлі дүниетаным мен көзқарастарды 
түсіністікпен ескеру.  
Білім мазмұны жалпы және кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны 
негізінде  тұлғаның  жалпы  мәдениеті,  оның дүниетанымы,  азаматтық  бағдары,  әлемге, 
еңбекке және қоғамдық өмірге көзқарасы қалыптасады.  
Кәсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-әрекет саласындағы білімдер мен 
ептіліктерді игеру үшін қажет.  
Педагогика  ғылымында  білім  мазмұнын  іріктеудің  өлшемі  (критерий)  жүйесі 
қабылданған.  Осы  шектер  негізінде  мектепте  берілетін  білім  мазмұны  келесідей 
талаптардың орындалуына септігін тигізуі міндетті:  
- тұлғаның жан-жақты дамуы және оның базалық мәдениетінің қалыптасуына қажет 
міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету;  
- оқу пәндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми және 
тұрмыстық маңызға ие болуы;  
- әрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы;  
-  материал  мазмұны  көлемінің  оқушының  мүмкін  болған  игеру  уақытына  сәйкес 
келуі;  
- жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тәжірибені ескеру;  
- осы заманғы мектепте бар оқу -әдістемелік және материалдық базаға сәйкес болуы; 
-  мектепте берілетін білім мазмұны қоғамның және білім алушының сұраныстарын 
қанағаттандыруы тиіс[4]. 

117 
 
Білім  мазмұнын  анықтауда  мемлекеттік  білім  стандарты,  оқулықтар  мен  оқу-
әдістемелік  құралдардың,  оқу  бағдарламаларының  сауатты  құрылуы  маңызды  рөл 
атқарады.  
ҚР «Білім заңына» сәйкес елімізде білім стандарттары қабылданған. «Стандарт» 
түсінігі  латын  сөзі  негізінде  қабылданып,  «үлгі»,  «өлшем»  деген  мағынаны  білдіреді. 
Білім  стандарты  мән-мағыналық  тұрғыдан  сауат,  білімділіктің  мемлекеттік  өлшемі 
ретінде  қабылданып,  қоғамдық  мұратқа  орайластырылған,  әрі  нақты  тұлға  мен  білім 
жүйесінің  мүмкіндіктерін  ескерген  сол  мұратқа  жетудің  негізгі  –  талаптары 
(параметры) жиынтығын қамтиды.  
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары – стандарт құрылымы, оқу 
жүктемелерінің мазмұны, көлемі және оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша 
белгіленген  деңгей,  дәрежелер  мен  талаптар  білім  сапасын  бағалау  мен  білімдену 
процесінің  негізгі  қырларын  сараптауда  мызғымас  шек  (эталон)  сипатында 
қабылданады.  
Білімді  стандарттаудың  қажеттігі  қоғамдық  құбылыс  ретінде  танылған  білім 
саласындағы  түбегейлі  өзгерістерге  орай  туындап  отыр.  Қазақстан  Республикасының 
егеменді  елдер  қатарында  демократияға,  нарықтық  қатынастарға,  тұлғаның  құқы  мен 
еркіндігіне  бетбұрысы  білім  аймағындағы  саясатты  қайта  қарастырып,  жаңаланған 
заман  көзқарасымен  түсінуді  талап  етеді.  Білім  саласы  ең  алдымен  жеке  тұлғаның 
рухани  қасиеттерін  қамтамасыз  етуге  бет  бұрды.  Бұл  өз  кезегінде  оқу  процесін 
ұйымдастыру,  оқу  –  оқыту  формалары  мен  әдістерін  таңдау  және  білім  мазмұнын 
іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.  
Стандарттау  сонымен  бірге  білім  саласындағы  көптеген  жаңашыл  қадамдарға 
байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:  
1) мектептегі оқу процесінің жаңа, еркін ұйымдастыру формасына өтуі;  
2) көптеген мектептердің құқықтық дәрежесінің өзгеруі;  
3) жаңартылған оқу жоспарларының енгізілуі;  
4) мектептердің оқу пәндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;  
5) баламалы оқулықтардың қосылуы;  
6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы;  
Байқағанымыздай,  жасалып  отырған  демократиялық  қадамдар  бұрынғыдай  бір 
сарынды,  қалыпқа  салынған  (шаблон)  оқу  жүйесіне  тосқауыл  қойып,  әртүрлі 
жағдайларды  ескеріп,  білім  беру  процесіне  шығармашылдықпен  қатынас  жасау 
қажеттігін дәлелдеуде. Осыдан, әрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің 
біркелкі деңгейін қамтамасыз ететін білім беру кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау 
–  міндетті шараға айналды[5]. 
Ал  Мемлекеттік  стандарт  елдегі  жалпыға  ортақ  бірдей  білім  қорының  болуын 
қамтамасыз ететін жалғыз тетік.  
Сонымен  бірге,  білім  стандартының  алдыңғы  қатарға  шығарылуына  себеп  –  
Қазақстан Республикасының әлемдік мәдениет жүйесіне енуге жасаған талпынысы. Бұл 
білім  сапасын  қалыптастыруда  халықаралық  білім  беру  тәжірибесінің  жетістіктерін 
ескеруді  қажет  етеді.  Осы  талаптың  орындалуынан  Қазақстан  азаматтарының  білімі 
жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.  
Мектеп тәжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң 
ресми  байламға  матау  емес,  керісінше,  ол  педагогикалық  шығармашылыққа,  міндетті 
мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың әрқилы 
технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.  
Стандарттың  мемлекеттік  бөлігі  (инвариант)  елдегі  білім  кеңістігінің 
біртұтастығы мен тұлғаның әлемдік мәдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.  
Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен 
әдебиетіне,  жағрафиясына,  мәдениет  пен  өнеріне,  еңбек,  өндіріс  дайындығына  және 
т.б.) байланысты анықталады.  

118 
 
Мектептік  білім  мазмұны  нақты  оқу  орнының  бағыт  –бағдарына  орай  оқу 
пәндерінің енгізілуімен белгіленеді.  
Стандарттың  мемлекеттік  бөлігі  –  бұлжымас,  қайта  қарастырылуы  өте  сирек, 
ұлттық аймақтық және мектептік бөліктер – баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі 
жаңаланып барады.  
Білім  беру  стандарттарын  инновациялық  тұрғыда  әзірлеуде  негізгі  екпін 
оқушылардың  оқу  жүктемесін  саралауға  арналады,  яғни  оларға  өзіндік  ұстаныммен 
құрылған  жекелей  білім  алу  траекториясы  негізінде  оқу  материалын  меңгеру 
мүмкіндігі  ұсынылады.  Сондықтан  жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  іріктеудің 
теориялық-әдіснамалық  негіздерін  тұлғалық  іс-әрекеттік  тұрғыда  оқытуды  іске  асыру 
шеңберінде  анықтаған  жөн.  Ол  білім  берудің  білімге  бағдарланған,  тұлғаға-
бағдарланған  және  жүйелі-әрекеттік  (құзыреттілік)  парадигмаларының  жүйелі 
жиынтығын береді[6]. 
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі 
қоғамда  өмір  сүруге  икемді,  жеке  басының,  сондай-ақ,  қоғам  пайдасына  қарай  өз 
мүмкіндігін  толығымен  жүзеге  асыруға  дайын,  білімді,  шығармашылыққа  бейім, 
құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту[7]. 
Осы  тұрғыда  12  жылдық  оқыту  моделінің  жаңартылған  білім  мазмұнына 
қойылатын  талаптар  былайша  тұжырымдалады:  Қазақстан  қоғамын  әлеуметтік-
экономикалық жаңғыртуда жаңа ғылыми білімдер мен басымдылықтарды енгізу; білім 
берудің  жасампаздық және  футуристік  (әлеуметтендіруші)  сипатын  күшейту;  көптілді 
оқытуды енгізу; білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік 
компоненттерінің  арақатынасын  үйлестіру;  оқу  материалдарының  сабақтастығын 
қамтамасыз ету; мазмұнның ұлттық және аймақтық компоненттерін кеңейту. 
Қазақстандық  қоғамның  көпмәдениеттілік  жағдайында  ізгілік  дүниетанымдық 
ұстанымдарды,  ұлттық-мәдени  құндылықтарды,  қоршаған  әлемге  эмоционалдық-
құндылық қарым-қатынасты қамтитын білім мазмұнының аксиологиялық компонентін 
кіріктіру негізінде оның тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады.  
Білім  беру  мазмұнына  аксиологиялық  компонентті  кіріктіру  оқу  материалдарын 
іріктеу  мен  ұсынуда  ұлттық-мәдени  құндылықтардың  көрініс  табуын  көздейді. 
Оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін,  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-
әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен 
әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін  пайдалана  алу  қабілеттерін 
қалыптастыратын  және  дамытатын  білім  мазмұнының  іс-әрекеттік  компонентін 
кіріктіру  оның  практикалық  және  қолданбалық  мазмұнын  күшейтуге  септігін 
тигізеді[8]. 
Білім беру мазмұнына іс-әрекеттік компонентті кіріктіру оқушылардың өмірлік іс-
әрекеттерінде әртүрлі міндеттерді шешу біліктерін дамытуға, практикалық жағдайларда 
тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  беретін 
шығармашылық  және  практикаға  бағытталған  оқу  материалдарының  берілуін 
ұйғарады.  
Білім  беру  мазмұнындағы  когнитивтік  компоненттер  оқушының  базалық  білімді 
меңгеруі  барысында  білімдік  және  іс-әрекеттік  дайындығын  қамтамасыз  етіп,  білім 
жүйесіндегі  пәндік  құзыреттіліктерді  дамытуға,  яғни  оқу  пәні  шеңберінде  білім, 
іскерлік, дағдыларды меңгертуге бағытталады. 
Білім  беру  мазмұнындағы  аксиологиялық  компоненттер  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясына,  тәртіп  сақтау  ережелері  мен  заңдарына  құрмет  көрсетуін;  белсенді 
азаматтық  ұстанымын,  жоғары  патриоттық  сезімін  көрсете  білуінен,  өз  Отанына 
қызмет  етуге  және  оның  мүддесін  қорғауға  дайын  болуын;  мемлекеттік  тілді  және  өз 
ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа 
да  ұлттар  мен  ұлыстардың  тарихына,  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  және  басқа 
құндылықтарына  құрметпен  қарауын;  өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  сақтауға 

119 
 
және  көркейтуге  ұмтылуынан,  қоршаған  ортаны  қорғауда  белсенділік  танытуын; 
салауатты  өмір  салтын  ұстануынан,  өз  қауіпсіздігі  мен  айналасындағы  адамдардың 
қауіпсіздігін  сақтауға  үйренуін;  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мәдениеттілік 
танытуынан,  этикалық  нормаларды  сақтай  білуін;  өздігінен  білім  алуға,  өмірден  өз 
орнын  табуға  және  жасампаз  еңбекке  ынта-ықыласы  мен  қабілеттілігін;  үлкендерге 
құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына  мейірімді,  кішіпейілді  бола 
білуін;  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуынан,  қоғамға  жат 
құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  және  заңды  бұзушылық  әрекетке  қарсы 
тұра білуін қамтамасыз етеді [9]. 
Білім  беру  мазмұнындағы  іс-әрекеттік  компоненттер  оқушының  адамзат 
қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері 
бойынша  жүйелі  білімді  меңгеруін;  ғылыми  ақпаратты  талдай,  өңдей,  жинақтай  және 
қолдана білуін; таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану 
әдістерін  меңгеруін;  заманауи  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
меңгеруін;  жоғары  деңгейдегі  коммуникативтік  қабілеттілігі  мен  көптілді 
мәдениеттілігін қамтамасыз етеді. 
Осы  талқылаулардан  білім  беру  мазмұнындағы  аксиологиялық  және  іс-әрекеттік 
компоненттер  білім  жүйесіндегі  негізгі  құзыреттіліктерді  дамытуға  бағытталып 
отырғанын көруге болады. 
 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012. 
2.
 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 
жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  /Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. 
3.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  /Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. 
4.
 
БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9. 
5.
 
Жұмағұлов  Б.Т.  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінің  дамуы  //12 
жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №10. – Б.7-10. 
6.
 
Дуйсебек  А.Т.  Современные  векторы  трансформации  методологии  и 
содержанияобразования //12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2011. – №5. 
– С.50-53. 
7.
 
Садыков  Т.С.,  Абылкасымова  А.Е.  Методология  12-летнего  образования.  – 
Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003. – 164 с. 
8.
 
Дүйсебек  Ә.Т.  Құндылық  өзгерістері  жағдайында  білім  мен  тәрбиемазмұнын 
жетілдірудің 
әдіснамалық 
негіздері 
//Республикалық 
ғылыми-практикалық 
конференция  жинағы.  –  Арқалық:  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық  институты, 
2012. – Б.24-28. 
9.
 
Нұрахметов  Н.Н.  Нәтижелі  білім  беру  үшін  функционалдық  сауаттылықтар 
жүйесін  қалыптастыру  мәселесі  //Қазақстан  Республикасы  химия  және  биология 
мұғалімдерінің съезінің материалдары. – Өскемен: 2012 (28-29 маусым). – Б.21-23. 
 
 
 
 
 
 

120 
 
АВТОНОМИЯ ВУЗА И ОБНОВЛЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ  
ВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Жумагулова Наталья Станиславовна
заведующий  кафедрой иностранных языков 
 и переводческого дела,  
кандидат педагогических наук, доцент,  
Кокшетауский университет им. А. Мырзахметова, г.Кокшетау 
 
В  ХХI  веке  настоятельной  потребностьюв  мире  становится  не  просто  высшее 
профессиональное  образование,  а  качественно  новое    образование,  поскольку  
изменилась 
социальная 
составляющая 
процесса 
глобализации. 
Важными 
инструментами    глобализации  являются  соблюдение  и  укрепление  минимальных 
социальных  стандартов,  активизация  социального  диалога,  толерантность  во  всех 
областях сотрудничества.Республика Казахстан, как страна, стремящаяся войти в число 
развитых  конкурентоспособных  государств,  одна  из  первых  на  постсоветском 
пространстве  начала  принимать  активные  меры  по  реформированию  системы 
образования, его обновлению иприсоединению к Болонскому процессу.  
XXI  век    изменил  взгляды    на  многие  проблемы  подготовки  современных 
специалистов    во  всех  странах  мира.  Вузовское  образование  в  настоящее  время 
призвано способствовать подготовке специалистов, осознающих растущую глобальную 
взаимозависимость  между  народами  и  нациями,  понимающих  необходимость 
международной солидарности и сотрудничества и готовых к конструктивному участию 
в  диалоге  культур  народов,  стран,  регионов  и  континентов,  а  это  требует  обновления 
содержания образования в целом и вузовского образования, в частности
 
Казахстан    взял  курс  на  стабильный  экономический    рост,  и  поэтому  возросла 
потребность 
в  высококвалифицированных 
специалистах,  поскольку 
только 
образованные и профессионально компетентные молодые люди способны осуществить 
широкомасштабные реформы в нашей стране и вывести ее на новый виток развития. 
Основными  задачами    отечественного  высшего  образования  являются  сегодня:  
подготовка специалиста новой фармации, обладающего глубокими фундаментальными 
знаниями,  инициативного,  способного  адаптироваться  к  меняющимся  требованиям 
рынка  труда  и  технологий,  владеющего  государственным  языком,  языком 
межнационального  общения  и  английским  языком    как  языком  международного 
общения;  усиление  мотивации  всей  системы  высшего  образования  на  предоставление 
качественных  образовательных  услуг  через  демократизацию  образовательного 
процесса;  укрепление  прав  студентов  на  получение  качественного  образования  и 
т.д.[1.c.  67]Однако  содержание  современных  школьных  и  университетских 
образовательных  программ  в  нашей  стране  пока  не  в  состоянии  решить 
многоаспектные  проблемы  подготовки    конкурентоспособного  специалиста.  Решить 
поставленные  задачи  возможно  при  условии  гуманизации  образования,  что 
предполагает  предоставление  вузам  возможности  формирования  индивидуальных 
программ  своего  развития,  обеспечение  финансирования,  ориентированного  на 
результат,  введение  корпоративного  управления    и  т.д.  Собственно,  речь  идет  о 
предоставлении  вузам  автономии,  поскольку    сам  факт    вступления  Казахстана  в  
Болонский процесс  в 2010 году уже предполагает автономию вузов как неотъемлемую 
составляющую этого процесса.   
В  настоящее  время  в  соответствии  со  Стратегией  «Казахстан-2050»  и 
Государственной программой развития образования на 2011-2020 годы Министерством 
образования  и  науки  Республики  Казахстан    разрабатываются    основополагающие 
принципы  автономизации  вузов.  Очевидно,  что  при  разработке  этого  документа 
должны  быть  учтены  особенности  национальной  системы  образования,  ее 

121 
 
взаимодействия  с  экономическими    и  правовыми  структурами  общества,  так  как  
автономия  вуза  -    это,  прежде  всего,  его    огромная  ответственность      перед 
государством  и  обществом,  перед  студентами  и  их  родителями  за    качество 
образования, за  их будущую жизнь, карьеру, благополучие  и т.д.  
Автономия 
предполагает 
самостоятельность 
вуза 
в 
осуществлении 
образовательной,  научной,  финансовой,  международной    деятельности,  это 
возможность  самостоятельно  решать  вопросы,  связанные  с  организационной 
деятельностью,  возможность  создавать  как  коммерческие,  так  и  некоммерческие 
организации  без  вмешательства  государства    в  лице  Министерства  образования  и 
науки.  Автономия    рассматривается  как  инструмент  демократизации  и  гуманизации  в 
управлении  вузами,  что  позволит  повысить  репутацию  и  конкурентоспособность 
казахстанских  специалистов  и  казахстанского  образования  на  мировом  рынке.  По 
большому  счету,  вуз  готовит  специалистов  для  обеспечения  успешного 
функционирования всех структур общества и государства, и именно бизнес определяет 
трансформацию  вуза  в  сторону  свободной  образовательной  деятельности, 
самостоятельного определения содержания современного высшего профессионального 
образования  и  создания  собственных  образовательных  программ  по  различным 
специальностям.  Участие    бизнес-сообщества  в  формировании  вузовских 
образовательных  программ    повлечет  за  собой  значительное  обновление    не  только 
вузовского содержания образования, но  также и  школьного. В школы придут работать 
выпускники  педагогических  специальностей,  которые  будут  воспитаны  на 
обновленном    содержании  образования,    на  иных  отношениях  между  вузом  и 
студентом,  ведь  современное  образование  -  теоретические  и  практические  пути 
сохранения и репродукции интеллектуального и энергетического потенциала общества 
– требует теснейших связей и взаимодействий, диалога на высочайшем  уровне между 
учителем и учеником, преподавателем и студентом» [2, c.17]. 
Зависимость  казахстанских  вузов  от  Министерства  образования  и  науки,  от 
Госстандартов,  строгая  подотчетность  по  всем  направлениям  образовательной  и 
хозяйственной  деятельности  заставляет  вузы  «работать»  на  Министерство,  а  не    на 
удовлетворение  современных  запросов  общества,  науки  и  бизнеса,    в  то  время    как   
ведущие университеты мира тесно взаимодействуют с глобальным рынком, постоянно 
решая  проблемы обновления содержания обучения, поскольку  вузовские программы 
обучения имеют свойство отставать от  темпов  инновационного развития и динамики 
изменений требований рынка труда к компетенциям выпускников. Опыт ведущих стран 
мира  убеждает  нас  в  том,  что  предоставление  вузам    автономии  не  снижает  качество 
подготовки  специалистов,  а,  напротив,  побуждает  вузы  к  здоровой      конкуренции, 
позволяет  привлечь  в  вузы  лучших  преподавателей,  способных  подготовить 
востребованных на рынке труда специалистов.   
Переход  к  автономии  позволит  вузам  создавать  новые  и  адаптировать  уже 
разработанные образовательные программы к рынку труда, использовать свою систему 
организации  учебной,  методической  и  научной  деятельности,  целью  которой  будет 
подготовка специалиста, востребованного на рынке труда не только в своем регионе, но 
и  в  масштабах  государства.  Тесная  связь  бизнеса  и  вуза  позволит  вузу  учитывать 
практические потребности региона в специалистах и готовить специалистов по заказу 
бизнеса,  существенно  увеличить  прикладную  составляющую  в  образовательной 
программе.  
Автономия    вуза    позволит    интегрировать  научные  исследования  в 
производство,    с  одной  стороны,  и  обратить  внимание  ученых  на  разработку 
возникающих в производствепроблем, с другой стороны. Автономные вузы в большей 
степени  будут  заинтересованы  в  развитии  и  постоянном  обновлении  системы 
дополнительного 
образования. 
Автономный 
вуз 
более 
чем 
руководимый 
министерством  заинтересован  в  разработке  конкурентоспособных,  «жизнеспособных»  

122 
 
образовательных программ, поскольку он постоянно доказывает свою состоятельность  
как в бизнес-среде, так и в академическом сообществе. Автономный вуз концентрирует 
лучших  специалистов  в  сфере  образования,  способных  к  анализу  и  творческому 
синтезу,  к  генерации  идей    и  их  успешной  реализации,  к  долгосрочному 
прогнозированию рынка образовательных услуг[3, с.107]. 
Так,  например,  уже  сегодня  Кокшетауский  университет  им.  А.  Мырзахметова 
сделал  первые  шаги  на  пути  к  автономии:    выпускающие  кафедры    имеют  свои 
филиалы  на  предприятиях  города,  в  том  числе  и  в  средних  школах.  При  разработке 
образовательной  программы  по  специальности  «Иностранный  язык:  два  иностранных 
языка»  нами  учитываются  предложения    учителей  иностранных  языков  городских  и 
сельских  школ,  последние  научные  достижения  в  области  лингвистики  и 
лингводидактики, 
педагогики, 
психологии 
и 
т.д. 
Совместная 
разработка 
образовательной    программы  позволяет  выделить  приоритетные  направления  и 
дисциплины  в  подготовке  учителя  иностранных  языков,  владеющего  теорией  и 
современными    технологиями    преподавания.  Преподаватели  кафедры  постоянно 
повышают свою квалификацию как в научной сфере, так и в практической: публикации 
в  зарубежных  журналах  на  английском  и  русском  языках  дают  возможность 
иностранным  коллегам  познакомиться  с  результатами  их  исследования;  курсы 
повышения  квалификации  в  вузах  Англии  и  Германии  позволяют  использовать 
последние достижения зарубежных коллег в разработке образовательных программ  и в 
учебном процессе.  
 Что  даст  студенту  автономия  вуза?Прежде  всего,  образовательную  программу, 
содержащую  обновленное  содержание  и  направленную  на  подготовку  специалиста, 
востребованного  в  современных  условиях  не  только    в  данном  регионе,  но  и 
подготовленного к работе в любой другой стране мира.  
Уже  в  период  обучения  в  вузе  будут  созданы  условия  для  самореализации 
личности  студента  в  пространстве  современной  культуры  благодаря  гуманитарной 
сфере, способствующей раскрытию творческого потенциала личности, формированию  
нового  мышления,  общемировых  ценностных  ориентаций  и  нравственных  качеств  с 
последующей их актуализацией в профессиональной деятельности[4, c.28].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет