КƏСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Кирбетова Ж.С., ғыл. жет., магистр, Садыкова А.Р., 2- курс студент
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы
Е-mail: janar_1973.05.19k@mail.ru ,Judo_vip_girl@mail.ru
Тұрақты жəне бəсекелестікке қабілетті жеке кəсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы
(одан əрі – ҚР) экономикалық саясатының артықшылықтарының бірі болып табылады. ҚР Президенті
256
Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ»
Жолдауында шағын жəне орта бизнес – бұл біздің Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамымыздың берік
экономикалық негізі деп атап көрсетілді. Мемлекет басшысымен кəсіпкерлікке жан-жақты қолдау
көрсету бойынша, соның ішінде оның орташа разрядқа өту перспективасымен, кіші бизнестің
мамандандырылуын дамыту бойынша; индустриалаудың екінші бесжылдығының жоспарын
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен қоса атқару бойынша; сонымен қатар жаңа бастаған
бизнесмендерге əдістемелік көмек көрсетудің тиімді механизмдерін құру бойынша міндеттер
қойылады [1].
ҚР «Жеке кəсіпкерлік туралы» Заңына сəйкес жеке кəсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету
бағыттарын реттеуді жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту, қызметті оқу-əдістемелік, ғылыми-əдістік
жəне ақпараттық қамтамасыз ету жəне қаржылық қолдау кіреді.
Кəсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету шараларының нəтижелілігін соңғы жылдардағы
Қазақстанның шағын жəне орта бизнес (ШОБ) субъектілерінің қызметтерінің көрсеткіштеріндегі
жағымды тенденциялардың негізінде бағалауға болады. Сонымен, 2005 жылдан бастап 2014 жылға
дейінгі кезеңде ШОБ тіркеуден өткен субъектілерінің саны екі есеге артты жəне 1,5 астам млн. бірл.
құрайды. ШОБ секторында жұмыспен қамтылған халықтың саны 1,4 есеге ұлғайды жəне 2014 ж. 2,6
астам млан. адамды құрады. ШОБ өнімнің шығарылуы қарастырылып отырған кезеңде 5,8 есе өсті
жəне жылына 9 020 млрд. құрады.
Қазақстандағы бизнес-климатты жақсарту жөніндегі мемлекетпен қолданылатын шараларға
кəсіпорындарды тіркеу ресімдерін, салық салу жəне есептілік жүйелерін оңайлату жөніндегі шаралар
жатады.
Қазақстанда бизнесті жүргізу жағдайларындағы қолайлы өзгерістер халықаралық
сарапшылармен де атап көрсетіледі: Қазақстанның ұстанымдары халықаралық рейтингтерде жылдан
жалғы жақсарып келеді. Сонымен, «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингте 2014 жылға
Қазақстан 50 орын алды.
2013-2014 жылдарға Дүниежүзілік экономикалық форумның ғаламдық бəсекелестікке
қабілеттілік туралы Есебіне сəйкес, соның ішінде ШОБ қызметіне қатысты факторларды қамтитын,
Қазақстан сондай-ақ 50 орын алды.
Қолданылған шараларға қарамастан, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка жəне Оңтүстік-Шығыс
Азия елдерінің барынша бəсекелестікке қабілетті экономикаларынан айырмашылығы, Қазақстан
экономикасындағы ШОБ рөлі əлі де болмашы болып қалып отыр. Егер халықтың жан басына
шаққанда ЖІӨ деңгейі жоғары елдерде ШОБ секторы экономиканың негізі болып табылса жəне елдің
50% ЖІӨ қамтамасыз ететін болса, Қазақстанда ШОБ тек қана ЖІӨ 17-18% ғана қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік банк деректеріне жəне «Даму» Қорының талдауына сəйкес, егер дамыған елдерде
ШОБ-те барлық жұмыспен қамтылғандардың 50-70% жуығы жұмыс істейтін болса, Қазақстанда
ШОБ үлесіне тек жұмыспен қамтылған халықтың 30% ғана келеді. Сонымен бірге Қазақстанның
ШОБ белсенді субъектілерінің құрылымында 90%1 астамын ШОБ секторында барлық жұмыспен
қамтылғандардың 51% жұмыспен қамтамасыз ететін жəне ШОБ секторының өнімінің жалпы
шығарылымының 16% ғана шығаратын жеке кəсіпкерлер (одан əрі – ЖК) алады. Сонымен бірге
орташа бір осындай ЖК-ге 2 жұмыс орны келеді. ШОБ секторында барынша көп потенциал саудада,
туризмде, кəсіби қызметтер мен құрылыста белгіленген.
Экономиканың негізгі салаларының қимасындағы негізгі қорлардың жəне ЖІӨ өсу қарқынын
салыстырмасы, электр энергетикасы мен білім беруді қоспағанда, барлық салаларда ЖІӨ өсуі негізгі
қорлардың өсуінен айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бұл жағдайда ЖІӨ өсуі бұрын толық
жүктелмеген қуаттылықтың жүктелуімен, еңбек өнімділігінің ұлғаюымен жəне қол еңбегінің үлесінің
артуымен түсіндірілуі мүмкін. Одан басқа, бұл кəсіпорындардың, бəлкім, негізгі қорларды ұстаудағы
инвестицияларды үнемдеп, келешекте, экономикалық белсенділіктің ағымдағы деңгейіне қолдау
көрсету үшін оларға негізгі қорларға инвестицияларды ұлғайту қажет болатынын білдіруі.
ШОБ қаржыландыру мəселесі көкейтесті болып қалып отыр. Қазақстан экономикасын
қаржыландырудың барлық көзінің тек 8,2% ғана ШОБ бағытталады. Сонымен бірге ШОБ секторы
көп дəрежеде кəсіпкерлердің жеке жинақтарының есебінен жəне төрттен бірі ғана банктік несиелеу
есебінен қаржыландырылады.
2014 жылы банктік несиелеудің жалпы көлемі 7,2%-ға артып, 12,1 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте
кəсіпкерлік мақсаттарға берілетін несиелердің өсу серпіні не бары 4,2%-ды көрсетті. Бір жыл ішіндегі
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне несие беру көлемі 500 млрд теңгеге немесе 39,3%-ға артты.
257
2014 жылы ШОК саласын қаржыландырудағы белсенділіктің артуы келесі факторларға тікелей
байланысты:
- екінші деңгейлі банктердің депозиттік базасын кеңейту, соның ішінде халықтың салымы
12,5%-ға (немесе 494 млрд теңгеге) артты;
- 2014 жылы сəуір айында «Бəйтерек» ҰБХ тарапынан «Даму» Қорына өңдеу өнеркəсібі
саласында ШОБ субъектілерін қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 100 млрд
теңге бөлінді [2].
Бүгінде Қазақстанда кіші жəне орта кəсіпкерліктің нəтижелі дамуы үшін барлық жағдайлар
жасалынған. ШОК қолдау жөніндегі мақсатты бағытталған жəне бірізді саясат жүргізу елдің
экономикалық дамуының артықшылығы болып табылады.
Халыққа «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында,
сонымен қатар əлемнің ең дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіру Тұжырымдамасында, Мемлекет
басшысы іске асырылуы Қазақстанның əлемнің ең дамыған елдерінің қатарына енуіне мүмкіндік
беретін бес стратегиялық бағытты бөліп көрсетті, олардың бірі бизнестің жəне кəсіпкерлік
бастамалардың дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны
жетілдіру болып табылады.
Əлемнің ең дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіру Тұжырымдамасына сəйкес ғылымды
талап ететін экономиканың негізгі элементтері – инновациялар, инвестициялар жəне кəсіпкерлік.
Экономикалық өсудің арналған негіз еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді өсуі, инновацияның
дамуы, өндірістің жəне экспорттың диверсификациясы, сонымен қатар сыртқы жəне ішкі
ресурстарды белсенді пайдаланудың есебінен елдік бизнес-секторларын дамыту болып табылады.
Экономиканы одан əрі дамуы үшін маңызды артықшылықтарының біріне экономикалық
өсудың негізгі қозғалтқышы ретінде ШОБ секторын дамыту бойынша міндеттер бөлінеді, соның
ішінде замануи бизнес-құзыреттерді дамыту жолымен (ЖІӨ кіші жəне орта бизнестің үлесі 2050 ж.
қарай 50 % дейін ұлғаяды).
Қазақстандағы жəне оның өңірлеріндегі кəсіпкерлікке кешенді қолдау көрсетудің маңызды
құралы «Бизнестің жол картасы 2020» (одан əрі – «БЖК 2020» бағдарламасы) болып табылады.
«БЖК 2020» бағдарламасы Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жəне 2020
ж. дейін Қазақстанның дамуының Стратегиялық жоспарын іске асыру мақсаттарында əзірленген.
«БЖК 2020» бағдарламасының мақсаты – қолда бар жұмыс орындарын сақтау жəне жаңа
тұрақты жұмыс орындарын құру, сонымен қатар тұрақты жəне экономиканың шикізат емес
секторларында өңірлік кəсіпкерліктің тұрақты жəне теңдестірілген өсуін қамтамасыз ету.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының 2014-2023 жылдарға арналған даму
стратегиясы, Алматы қ. 2014 ж.
2. Қазақстан жəне оның аймақтарындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму жағдайы туралы есеп,
«Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Алматы, 2014. – 299 б.
ƏОЖ 23.012.23
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Абдилдаева Н.Д.-ғыл. жет., аға оқытушы, Сарсенбай А.Е., 4-курс студент
Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы
Е-mail: Naz.milady@mail.ru
Қазіргі туризм –əлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Туризмді дамыту – ұзақ
мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Бүгінде туризм – қай елде болсын бəсекеге қабілетті,
қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Сол үшін барлық елдер оған қаржыны аямай төгіп
жатыр, бұл сайып келгенде мемлекеттің имиджін қалыптастыру үшін жұмсалып жатқан нəрсе, яғни
Қазақстанның шетелдерге қалай насихатталып жатқандығы. Қазіргі таңда кез келген елдің туризмдегі
имиджін қалыптастыруға ақпараттық технологиялардың əсері көп. Қазір коммерциялық
258
фирмалардың шетел тұтынушыларына жарнама жасау мүмкіндігі аз. Осыған орай, Туризм жəне
спорт министрлігі тарапынан елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында
жұмыс істеп жатыр. Мəселен, қазір Қазақстан жөнінде BBC,CNN, Euro News телеарналарында
бейнероликтер көрсетілуде. Онда еліміздің туристік мүмкіндіктері көрсетілуде.
Бүгінгі таңда туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп,
барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туризм əкімшілігі индустрияны дамыту
жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нəтижесінде туристерге арнап
қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу жəне туризм
индустриясына қаржы бөлу мəселесі оң шешіле бастады. Туристік инфрақұрылымды дамыту үшін
үкімет тарапынан қаржы бөлініп, жүзеге асып жатқан жұмыстар да бірқатар, мысалы, Алматы
облысында жол бойындағы 7 типтік туристік кешеннің құрылысы бойынша туризм индустриясының
нысандарына арнап инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құруға Т1,52 млрд қарастырылса,
Оңтүстік Қазақстан облысында 3 туризм нысанынан тұратын инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым жол салынып біткен соң жасалады[1].
2020 жылға қарай Щучинск-Бурабай курортты аймағын жыл бойы жұмыс істейтін курортқа
айналдыру көзделген. Оған 1 млрд 544 млн доллар қаражат қажет. Курортты аймақты дамыту арқылы
жаңадан 29 мың жұмыс орны ашылып, 2020 жылға қарай туристер саны қазіргі 300 мыңнан 1
миллионға дейін жетуі тиіс. Республиканың инвестициялар жəне даму жөніндегі министрлігінің
туризм индустриясы комитетінің айтуынша, Rixos Маңғыстау облысында Кендірлі курорт аумағында
құрылыс жобасының бірінші фазасын жүзеге асыруға қатыспақшы ,жобаның бірінші кезеңін орындау
кезінде Кендірліде бірқатар нысандар салынбақ: екі отель (4 жəне 5 жұлдызды), аквапарк жəне
коттедждер.
Курорттың жобалық қуаттылығы 20 отель, 8 мың вилла жəне коттедж болмақ, бəрі 40 мың
орынға арналған. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,3 млрд доллардан асады. Алдын-ала
бағалауларға қарағанда, 2020 жылға қарай Кендірлі жыл сайын 640 мыңнан аса турист тарта алады.
Экспортқа бейімделген жоба (70% шетелдік жəне 30% қазақстандық турист) елде жаңа 54 мың
жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек, табыс жылына 800 млн долларға жетеді, деп болжануда[2].
2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі елімізге туристердің көптеп келуіне əсер етеді.
ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі – бұл индустрияландырудың символы жəне
техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі
халықаралық іс-шара.
ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде
айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің
тəжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа
байланысты екенін көрсетеді. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын
жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлінген.
ЭКСПО-2017 қарсаңында Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту қолға алынуда.
Астана аэропортының максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның
əлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту
үшін 29 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион
жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі 2020 жылға қарай
республиканың туризмнен түсетін табысы 10 млрд доллардан асады, деп санап отыр.
Бұл көрсеткіштер үкімет бекіткен 2020 жылға дейін Қазақстанның туризм саласын дамыту
тұжырымдамасында көрсетілген.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру нəтижесінде бірінші кезеңде (2015-2016 жылдар) туристер саны
4,1 млн құрамақ, туристік қызметтен түсетін табыс 4,6 млрд доллар болмақ.
Екінші кезеңде (2017-2018 жылдар) туристер саны 6,5 млн жетпек, табысы болса 7,6 млрд
доллар.
Үшінші кезеңде (2019-2020 жылдар), туристер саны 8,5 млн құрайды деп көзделген, туристік
қызметтен 10,2 млрд доллар табыс түседі.
2020 жылға дейін ішінде туризм саласында 234 мың қызметкер жұмыс істейді деп күтілуде,
2012 жылғы бұл көрсеткіш 129 мың.
Туристердің басым бөлігі Алматының туристік кластерлерінде болмақ (23,8%), Батыс
Қазақстанда (22%), Астанада (17%), Шығыс Қазақстанда (11,9%), Оңтүстік Қазақстанда (8,6%)
[3].Туризмді дамыту үшін əлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде
259
маңыздысы: мемлекеттің əлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім жəне
мəдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір
сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.
Туристік инфрақұрылымның дамуы арқылы Қазақстан туристердің қызығушылықтарын
танытып, өзіне тартады. Қазақстанға туристердің аз келуінің себептерін атасақ: Қазақ елі туралы
мəліметтердің аздығынан шетелдік туристер Қазақстанға келмейтіні анық. Қазақстанның басты
мəселерінің бірі -туристік, рекреациялық ресурстарға бай бола тұрып, туризмді жеткілікті
жарнамалай алмауы, туристік инфрақұрылымды дамытуды дұрыс жолға қоймауы, жоғары дəрежедегі
қонақ үйлердің қызмет көрсету түрлерінің нашар дамуы.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жолдасбеков Ə. Туристік кешендерде қызмет көрсету: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2013.- 152 бет
2. Егемен Қазақстан №90-93 (25939) 12наурыз, 2010 жыл , Табыстың төте жолы.
3. http://kaz.caravan.kz/news/2020-zhylgha-qarajj-qazaqstan
ƏОЖ 334
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА МАРКЕТИНГТІК
СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Есайдар У.С., э.ғ.к., доцент, ғыл.жет, Сартбаева Г.Б., 2 курс магистрант
Алматы Технологиялық Университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы
E-mail: gulim_s_b@mail.ru
Қазіргі кезде мейрамхана бизнесіндегі кəсіпорындардың қызмет етуінің тиімділігі оның
тəжірибесінде маркетингтік стартегияларды сəтті қолданумен анықталады.
Қазіргі кезде мейрамхана бизнесі кəсіпорындарның маркетингтік қызметінің тиімділігі
маркетингтік стратегияларды дұрыс таңдап, қолданумен анықталады, олар өз алдында
тұтынушылардың мұқтаждықтарын, олардың талғамдарын есепке ала отырып жасалады.
Тұтынушылар мінез-құлқының стиліне сəйкес мейрамхана клиенттерін зерттеу нəтижелері бойынша
оларды келесідей топтарға бөлуге болады: «үнемдеушілер», «түстенушілер», «іскерлер мен
ғашықтар» жəне «мардымды адамдар».
Стратегиялық маркетинг - бұл сыртқы орта факторларының өзгеретінін ескеретін жəне
тұтынушылардың қажетгіліктерінің қанағаттану дəрежесін арттыруға бағытталған стратегияны
əзірлеу процесі. Стратегиялық маркетинг сату көлемі сияқты көрсеткіштерді жақсартуға ғана емес,
сонымен бірге жалпы компания жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталады [1].
Стратегиялық маркетингте талдаудың келесі түрлерін жүзеге асыру қарастырылады:
-
ңегізгі нарықтың қажеттілігін анықтау, талдау;
-
нарықты сегменттерге бөлу: макро жəне микросегменттерге бөлу;
-
тартымдылықты талдау: нарықтың əлеуеті - өміршеңдік циклі;
-
бəсекеге қабілеттілікті талдау, тұрақты бəсекелік артықшылық;
-
даму стратегиясын таңдау.
Мұның өзінде қоғамдық тамақтандыруда стратегиялық маркетингтің басты мақсаты бəсекеге
қабілеттіліктің нормативтік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Кəсіпорын тұрақты пайда
алып, қарқында өсуге жеткен жағдайда ол мақсатына жетті деп саналады.
Бəсекеге қабілеттіліктің мəні кəсіпорын өнімін тұтынушылардың тартымды деп қабылдауымен,
олардың осы кəсіпорынның өнімін үнемі сатып алуымен өлшенеді.
Маркетинг тамақтандыру кəсіпорындарында басқалалардың осындай стратегияларынан
біршама айырмашылығы бар бəсекелік артықшылықтарға қол жетсізетін стратегияны
қалыптастыруға мүмкіндік береді (1-сурет).
Бұл жағдайда (1-сурет) тамақтандыру кəсіпорындары үшін қосымша қызмет түрлері
(музыкалық сүйемелдеу, би, концерт, шахмат жəне басқа да ойын ойнау мүмкіндігі) əртараптандыру
стратегиясы болып табылады. Алайда осы қосымша қызметтер клиенттердің қажеттілігінің
ауқымында көрсетілуге жəне қосымша төленуге тиіс. Шағын тамақтандыру кəсіпорындары
260
əртараптандыру стратегиясын басқадай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан осы кəсіпорындар бəсекелік
артықшылыққа жету стратегиясында бағалардың деңгейі, өнімнің сапасы, жеке тағамдарды
əртараптандыру мен клиенттерге қызмет көрсету сапасының стратегиясын ұстанады.
Бəсекелік артықшылық
Аз шығын
Əртараптандыру
Бəсеке
ортасы
Үлкен мақсат
Жоспарды автоматтандырудан
алынатын шығындарды үнемдеу
есебінен көшбасшы атану
Өнімнің
жоғары
сапасын
сақтай отырып ассортиментті
əртараптандыру
Кіші мақсат
Шығын нормаларын сақтауға
назар аудару
Тағам
түрлерін
жеке
əртараптандыру
Сурет-1. Қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарының типтік стратегиялары
Практика бастапқыда бəсекелік артықшылықты құру оны ұстап тұрудан, яғни клиенттің осы
тамақтандыру кəсіпорнына қайта келу ниетін қалыптастырудан анағұрлым оңай екенін көрсетеді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда қызмет көрсету саласындағы маркетингтің функциялары қарым-
қатынастар маркетингін қалыптастыру қажет екенін байқатады жəне аталмыш маркетингте
қызметкерлердің клиенттермен байланыс жасау нысанының сапасы тұрақты ғана емес, сонымен бірге
нақты қоғамдық тамақтандыру кəсіпорнының тұтынушыларына нақты уақыт пен тамақтандыру
қызметін көрсету нысанына сəйкес көрсетілетін қызмет түріне орай құрылуы тиіс.
Сөйтіп, қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарында бəсекелік артықшылықты қалыптастыру
стратегиясын өнім мен сервистік сапасына ғана емес, ең бастысы - кəсіпорынның ұйымдастыру мен
өндірістік «ноу-хауына» негізделетін ішкі бəсекелік артықшылыққа негізделетін стратегия ретінде
сипаттауға болады.
Кəсіпорын жайғасымының кестесін құру үшін ол алдымен өзінің көрееткіштерін
бəсекелестердің көрсеткіштерімен салыстыруға, яғни бағалар, шығындар мен сапа бойынша өзінің
бəсекеге қабілеттілігінің деңгейін есептеуге тиіс. Сапаны тек органолептикалық əдіспен (тағамның
дəмін татып көру) ғана, ал қызмет көрсетудің сапасын - тұтынушылардың өзін-өзі қолайлы сезіну мен
қанағаттану арқылы бағалауға болатындықтан сапа көрсеткішін тек сараптау (рейтинггік) бағалау
əдісімен ғана анықтауға болады.
Қоғамдық тамақтандыру кəсіпорындарының қызметкерлері өз кəсіпорындарын жақтауына
байланысты, осы қызметкерлердің мұндай сараптық бағалауды жүргізгені дұрыс нəтиже əкелмейді.
Сондықтан еліміздің тамақтандыру кəсіпорындарына бəсекеге қабілеттілікті бағалау үшін
тұтынушылардың қатарынан тəуелсіз сарапшыларды тартуды ұсынуға болады. Сараптау жүргізуге
кəсіпорындар көп қаражат жұмсамайды, алайда оны міндетті түрде жүзеге асыру қажет, əйтпесе
кəсіпорынға өзінің кемшіліктерін анықтап, бəсекелік артықшылықтарының өсу көздерін
қалыптастыру үшін осы кемшіліктерді еңсеру тəсілдерін табу қиынға соғады.
Осы бағалауды бəсекелік ден қою икемділігінің матицасын жасау тəсілімен қалыптастыруға
болады. Осы матрицаны əр түрлі тəсілдермен, оның ішінде 1-кестеде келтірілген тəсілмен құруға
болады.
Кесте-1. Тамақтандыру кəсіпорындарына ұсынылатын бəсекелік нарықтың ден қою икемділігінің
матрицасы
Бағаланатын тамақтандыру
кəсіпорындарының бəсекеге
қабілеттілік факторлары
бойынша бəсекелестер жасайтын
іс-қимылдар
Бағаланатын кəсіпорынға катысты басымды бəсекелестің ден қою
факторлар бойынша сезімталдығы
К1
К2
Ц
Зэ
Р
1. Өнім сапасының өсу үлесі (К1
факторы)
Э1
Э6
Э11
Э16
Э21
2. Қызмет көрсету сапасының өсу
лесі (К2 факторы)
Э2
Э7
Э12
Э17
Э22
3. Сапа сакталған неғұрлым төмен
бағалар деңгейі (Ц)
Э3
Э8
Э13
Э18
Э23
4. Неғұрлым төмен шығыңдар
деңгейі (Зэ)
Э4
Э9
Э14
Э19
Э24
261
5. Жарнаманы күшейту (Р)
Э5
Э10
Э15
Э20
Э25
Ескерту: Автор құрастырған
Ұсынылып отырған матрицаны (1-кесте) құрған кезде «Э» нақты көрсеткіштерді алу үшін
салыстыру əдісін пайдалану керек. Ол бойынша есептер былайша жүргізіледі:
Э =
бəсекелес
көрсеткіші
бағаланып
отырған кəсіпорынның көрсеткіші
(1)
Сонда өлшем ретінде мыналарды пайдалануға болады:
Э>1 - бағаланып отырған кəсіпорын бəсекеге қабілетсіз;
Э<1 - бағаланып отырған кəсіпорын бəсекеге қабілетті;
Э=1 - салыстырылып отырған кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілік деңгейі бірдей [2].
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Муталиева Л.М. Мейрамхана бнзнесінің маркетингі: оқу құралы (орыс тілінен аударылған). - Алматы:
«Экономика», 2013. — 214 бет.
2. Бугаенко В.С., Каменский И.М., Никульшин В.В. и др. Техника обслуживания и культура работы в
гостиницах и ресторанах. - Киев: Вища школа, 2007. - С.68.
ƏОЖ 330
1> Достарыңызбен бөлісу: |