Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ, ОЛАРДЫ ТАРТУ ЖƏНЕ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60

ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ, ОЛАРДЫ ТАРТУ ЖƏНЕ ҚОЛДАНУ 

 

Абуталипова Ж. А., ғыл. жет., магистр, Көпбаева Ж.З., студент 

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: zvezda_05.80@mail.ru 

 

Қазіргі таңда əлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның 



мемлекеттік  тəуелсіздік  алуы  жəне  ашық  нарықтық  экономиканы  қалыптастыруымен  байланысты 

шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен 

нарықтық  реформаларды  қаржыландыру  үшін  елдің  ішкі  қорланымдарының  жеткіліксіздігі  себепті 

шетелдік инвестицияның рөлі мен мəні арта түсті. 

Қазақстан  тəуелсіздікке  қол  жеткізген  күннен  бастап  экономикалық  жағдайын  тұрақтандыру, 

ішкі  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жəне  инвестициялар  тарту  жөніндегі  саясатты 

белсенді  түрде  жүзеге  асырды.  Шетел  капиталын  ұлттық  экономикаға  тарту  өте  пайдалы  процесс. 

Біріншіден  шетелдік  инвестициялар  елдің  өндіріс  базасын  жедел  жетілдіруге  жəне  оның  өндірістік 

мүмкіндіктерін  артыруға  көмектеседі.  Екіншіден  шетел  фирмалары  жаңа  өндірістік  кəсіпорындар 

ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тəжірибесін де ала келеді[1]. 

Инвестиция  (латынша  іnvestіre – киіндіру) – табыс  алу,  меншікті  капиталды  молайту,  елдің 

материалдық  байлығы  мен  бейматериалдық  сипаттағы  қоғамдық  құндылықтарын  еселей  түсу  үшін 

шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  салатын  инвестициялық  қаражатты  білдіреді.  Инвестициялар 

инвестициялау  формаларына,  айналыс  өрісіне,  негізгі  капиталдың  ұдайы  өндірістегі  мақсаты  мен 

рөліне  жəне  қаржыландыру  көздеріне  қарай  негізгі  капиталға  салынатын  инвестициялар,  шетелдік 

инвестициялар,  қоржындық  инвестициялар  болып  бөлінеді.  Шетелдік  инвестициялар – шет  ел 

инвесторлары жүзеге асыратын инвестициялар. Шетелдік инвестицияларға: 

-

 



тікелей  шетелдік  инвестициялар  (қаражатты  компаниялардың  немесе  кəсіпорындардың 

жарғылық қорына немесе акцияларына салу); 

-  қоржындық  шетелдік  инвестициялар  (қаражатты ұзақ  мерзімді  борышқорлық  міндеттемелер 

мен бағалы қағаздарға салу); 

- сыртқы несиелер, қарыздар, ресми жəне гуманитарлық көмектер жатады. 

Инвестициялық  қаржыларды  ел  экономикасына  жүзеге  асыру  əртүрлі  нысанда  жүзеге 

асырылады.  Оған  шетелдік  банктер  мен  халықаралық  ұйымдардан  қарыз  алудан  бастап 

кəсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі əрекеттер жатады. Қарыз 



 

262 

 

қаражатына қол жеткізудің шектеулі болуынан кəсіпорындардың меншікті қаражаты бұрынғысынша 



негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қалуда [2]. 

Шетелдік инвестициялар үлесінің 2 есеге жуық қысқаруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

стратегиялық  мұнай-газ  секторында  мемлекеттің  қатысуын  күшейту  жөніндегі  саясатына  сəйкес 

Қарашығанақ жобасына 10%-дық қатысу үлесін мемлекеттің сатып алуымен байланысты болған. 

Елге  ағылатын  инвестициялардың  шектілігінің  себебін  талдау  шетелдік  инвесторлардың 

өздерінің  жəне  мамандандырылған  əлеуметтік  ұйымдардың  берген  бағаларына  да  негізделген. 

Отандық  жəне  шетелдік  мамандардың  бағалауы  бойынша,  инвесторларды  ең  алдымен  мынадай 

факторлар алыстатады: 

- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіз саны; 

- жалпы алғандағы заңнамалық базаның тұрақсыздығы; 

- инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы; 

- іскерлік ақпарат нарығының дамымағандығы; 

- көліктік инфрақұрылымның дамымағандығы. 

Қорытындылай  келе  мыналарды  атап  өтуге  болады,  шетелдік  инвесторлар  мен  зерттеу 

ұйымдарының  пікірлеріне  сəйкес,  қазіргі  кездегі  мемлекеттің  инвестицияларды  тарту  жөніндегі 

жүргізіп  отырған  жұмыстары  жеткілікті  емес  жəне  жүйелі  болып  табылмайды,  елдің  жəне 

экономиканың  мүдделерін  халықаралық  капитал  нарығында  білдіру  жөніндегі  мамандандырылған 

орган  құру  арқылы  мемлекеттің  инвестицияларды  тарту  бойынша  əрекеттерін  ұйымдастыруды 

жақсартуды жəне мемлекеттің күшін шоғырландыруды талап етеді [3]. 

Шетел  инвестицияларын  тарту  мен  қолдау  стратегиясын  жүзеге  асыруда,  тəуелсіз 

мемлекеттердің  саяси  жəне  экономикалық  қызығушылықтарын  ескере  отырып,  шетел 

инвестицияларының  табысты  жəне  тиімді  нысандарын  таңдап  алу  бүгінгі  таңда  маңызды  мəнге  ие 

болып отыр. 

Экономикалық үрдістің тұрақтылығы негізінде шетелдік қаржы қорларының Қазақстанға деген 

сенімі  жаман  емес.  Бұны  Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  Үкіметінің  республикаға  шетел 

капиталының  құйылуын  ынталандырудағы  іс-əрекетінен,  қолданып  жатқан  шараларынан  көруге 

болады. 

Шетел  инвестицияларын  тарту  жəне  қолданудың  тиімділігін  арттыру  үшін  келесі  ұсыныстар 

беріледі: 

1) инвестициялық климатты үнемі жетiлдiруде; 

2) инвестициялық iс-əрекеттің заңды қамтамасыз етiлуiнiң жетiлдiрiлуi; 

Сонымен  бірге  ел  эканомикасының  басым  секторларын  дамытуға  шетелдік  инвесторлар  қана 

емес, Қазақстандық инвесторларды да тартуға барынша жағдайлар жасалынуы тиіс. 

Қазақстан  Республикасының  экономикасына  шетелдік  инвестицияларды  тартуға  негізгі 

қолайлы  он  себеп  бар:  табиғи  ресурстарға  бай  болуы,  қолайлы  орналасуы,  саяси  тұрақтылығы, 

қолайлы  бизнес-климаты,  инвесторлардың  құқығын  қорғауы,  трансұлттық  компаниялардың  болуы, 

Қазақстандағы  тікелей  шетел  инвестициялары,  экономикалық  өсуі,  Кедендік  Одақтың  нарықтары, 

индустриалды-инновациялы  дамуы.  Дүниежүзілік  инвестициялық  нарықта  Қазақстанның  өзіндік 

ерекшелігі  ішкі  саяси  тұрақтылығы  болып  табылады.  Қазақстанның  ішкі  жəне  сыртқы  саясатының 

жетістіктерінің  негізгі  көрсеткіші  ҚР 2010 жылы  ОБСЕ-де  төрағалық  етуі. 2010 жылдың 

желтоқсанында  Астана  қаласында  өткен  ОБСЕ  Саммиті – посткеңестік  кеңістік  тарихындағы  ірі 

форум  болды. 2011 жылы  Қазақстан  Орта  Азиядағы  Бүкілəлемдік  Ислам  Экономикалық  Форумы 

өткен 

бірінші 


ел 

болды. 


Халықаралық 

аренада 


Қазақстанның 

саяси 


тұрақтылығы 

мойындалғандығының жарқын дəлелі – 2012 жылдың қарашасында Халықаралық көрме бюросында 

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылданды, көрменің 

тақырыбы  «Болашақ  энергиясы».   Қазақстанда  өткізіліп  жатқан  халықаралық  шаралардың  көлемі – 

əлемдік картада елдің саяси тұрақты серіктес ретінде беделінің нығаюын көрсетеді [5]. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жыл 8 қаңтардағы №373 –II Заңы. 

2.  НиязбековаР.  Қ.,  Рахметов  Б.А.,  Байнеева  П.Т. «Кəсіпорынэкономикасы»,  Оқуқұралы / Алматы – 

2008ж.- 792 бет 

3. Экономикалық даму: экономиканың нақты секторы. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2012 жыл. 



 

263 

 

4.  Макроэкономикалық  орта  жəне  Қазақстандағы  экономикалық  жағдайлар.  Қазақстанның  қаржы 



тұрақтылығы  туралы  есеп.  ҚР  Ұлттық  Банкі  мен  Қадағалау  Агенттігі. www. nationalbank.kz. 2012 жыл 

желтоқсан. www. nationalbank.kz 

 

 

 



ƏОЖ 33.665.6(502) 

 

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ӨНЕРКƏСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ 

 

Ильяс А., э.ғ.к., доцент  

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: asselya.81@mail.ru 

 

Əлемдік  дағдарыс  əлемдік  экономикалық  жүйеге  əсерін  тигізіп,  бəсекелестік  орта  барлық 

бағытта артып келеді, осыған байланысты Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығудың тұрақтан-

дыру  жоспары  құрылып,  бағдарламасы  қабылданып,  шараларын  жүзеге  асыруға  ұлттық  қордан 

қаржы бөлінді. Қазақстан Республикасының Президенті индустриалды-технологиялық дамыту шара-

ларын  жүзеге  асыруда  Үкіметке  бірқатар  бағыттағы  тапсырыстар  берген  болатын.  Соның  үшінші 

бағыты мұнай саласының инфрақұрылымын жəне мұнай өнеркəсібін дамыту болып табылады. 

Қазақстанда мұнай қоры 13 млрд.тонна əлемде 12 орын алады, жылына 60-75 млн. тонна мұнай 

өндіреді, экспорттайды. Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы үш мұнай өңдеу зауыттары жылына 

12,5 млн. тонна мұнай шикізатын өңдейді [1]. 

Қазақстан  табиғи  ресурстарға  бай  болғанымен,  экономиканы  дамытуда  көптеген 

қиындықтардан  өтуде:  соңғы  жылдары  мұнай  бағасының  төмендеуі,  доллардың  бағамының 

көтерілуіне  əкеп,  нарықтағы  басқа  тауарлардың  бағасын  өсірді. EXPO-2017 көрмесіне  дайындық 

үрдісі,  Евразиялық  Экономикалық  Ынтымақтастыққа  мүше  болу  үрдісі  жəне  Əлемдік  Сауда 

Ұйымына мүше болу үрдістері мұнай өнеркəсібіне əсерін тигізді. 

EXPO-2017  аясындағы  «Жасыл  экономика»  жəне  «Жасыл  көпір»  бағдарламаларын  жүзеге 

асыруда мұнай өнеркəсібі жаңа технологияларды енгізіп, таза экологиялық өнімдер өндіруі тиіс. 

Қазақстанның  Бүкілəлемдік  Сауда  Ұйымына  (БСҰ)  мүше  болуы  мұнай  өнеркəсібіне  əсерін 

талдау қажет болып отыр. Себебі, Бүкілəлемдік Сауда Ұйымының талаптарының бірі шығарылатын 

экологиялы  таза  өнімдер,  жоғары  сапалы  тауарлар  болуы  тиіс,  сонымен  қатар,  мүше  елдердің 

тауарларының сапасы жоғары болғандықтан, отандық тауарларымыз бəсекелік қабілеті болуы қажет. 

Ал,  отандық  тауарларымыздың  сапасы  жоғары  жəне  бəсекелік  қабілеті  болуы  үшін 

кəсіпорындарымызда тиімді сапаны басқару жүйесі болуы тиіс [2]. 

Қазақстанның  Əлемдік  Сауда  ұйымына  мүше  болған  кезде  мұнай  өңдеу  өнеркəсібіне  əсер 

етуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық. 

Қазақстанның Əлемдік Сауда Ұйымына мүше болған кездегі артықшылықтары: 

1.  Əлемдік  сауда  ұйымының  мұнай  саласына  негізгі  талаптары,  халықаралық  стандарттарға 

сəйкес  сапалы  мұнай  өнімдері  соның  ішінде,  этилденген  бензинннің  өндірілуіне  тыйым  салынуы, 

Əлемдік сауда ұйымының экология жəне қоршаған ортаны қорғау жобасына Қазақстанның қатысуы, 

елдегі экологиялық мəселелерді шешілуіне зор септігін тигізеді. 

2.  Мұнай  өңдеу  зауыттарында  мұнай  өнімдерін  өндіруде  шетелдік  мұнай  өңдеу  зауыттарында 

қолданыс  тапқан  жаңа  инновациялық  технологиялардың  енгізілуі,  мұнай  өнімдерінің  сапасын 

арттырады,  мұнай  кəсіпорындарында,  мұнай  өңдеу  зауыттарында  қаржыны,  персоналды,  сапаны 

басқару жүйелерін жетілдіруде шетелдік компаниялардың тəжірибелері қолданыс табады. 

3. Мұнай саласындағы мамандарды (мұнайшы, химик, энергетик, эколог, экономист, инженер) 

дайындауда,  жоғары  оқу  орындарында  студенттермен  алмасу  үдерісін  қолдану  арқылы  оларды 

шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  оқыту,  дайындалған  мамандардың  біліктілігін  жоғарылату 

мүмкіндігі пайда болады. 

4. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салуда, құрылыс барысында инжинирингтік қызмет көрсетуде 

біріккен  кəсіпорындардың  құрылуы,  отандық  мұнай  шикізатына  бейімделген  автоматтандырылған 

жаңа  құрылғылардың  қондырылуы,  инновациялық  технологиялық  үдеріс  сұлбасымен  мұнай 

өнімдерінің өндірілуіне əкеледі. 

 


 

264 

 

Қазақстанның Əлемдік Сауда Ұйымына мүше болған кездегі кемшіліктері: 



1.  Əлемдік  нарықта  отандық  мұнай  өнімдерінің  бəсекелік  қабілеттілігі  төмен,  əлі  де  болса, 

этилденген  бензин  өндіріледі  жəне  оның  түрлері  аз,  мұнай  өнімдерінің  ассортименті  аз,  мұнай 

химиялық  кешенін  дамыту  шаралары  жаңадан  жүзеге  асырыла  бастады.  Əлі  мұнай  өнімдерінің 

түрлері көбейтілген жоқ. 

2. Əлемдік Сауда Ұйымы бірыңғай кедендік тарифтерді енгізілуін талап етеді, ол ішкі нарықты 

қорғауда кедендік тарифтік реттеуін шектейді. 

3.  Мұнай  шикізатын  экспорттау,  тасымалдау,  мұнай  бағасын  реттеуге  қатыспайтынын 

кемшіліктеріне жатқызуға болады. 

Мұнай  өнеркəсібін  дамытуда  алдымен  ішкі  жəне  сыртқы  мəселелерін  қарастыру  қажет,  оны 

талдау барысында келесі мұнай өнеркəсіп мəселелері айқындалды. 

Мұнай  өнеркəсібінің  ішкі  мəселелеріне  жататындар:  технологиялық  үдерістер  мұнай 

өнімдерінің  сапасын  басқару,  бақылау,  қадағалау  жұмыстарымен  толығымен  қамтылмауы;  ішкі 

нарықты сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету қуаттылығының жетіспеушілігі; мұнай өнімдер 

ассортиментінің  аз  болуы;  мұнай  өнеркəсібіне  бөлінген  қаржының  бақыланбауы;  тұрғындарды 

газбен, мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмауы. 

Сыртқы  мəселелеріне  жататындар:  мемлекет  тарапынан  реттеудің  тұрақсыздығы;  мұнай 

құбырларының  салынбауы;  Ресейлік  мұнай  шикізатына  тəуелділігі;  əлемдік  мұнай  нарық 

құрылымына  тəуелділігі;  шетелдік  мұнай  компанияларының  қызметіне  тəуелділігі,  мұнай  бағасын 

реттей алмауы [3]. 

Сонымен, қазіргі кездегі экономикалық дағдарыс жағдайын, EXPO -2017 көрмесіне дайындық 

үрдісін,  Евразиялық  Экономикалық  Ынтымақтастыққа  мүше  болу  үрдісін,  нарықтағы  мұнай 

бағасының  төмендеуін  жəне  мұнай  өнімдерінің  бағасынның  өсуін  есекере  отырып,  мұнай 

өнеркəсібінің SWOT талдау жүргізіліп, яғни  хал- ахуалын талдау нəтижесінде оның күшті жақтары 

жəне  əлсіз  жақтары,  мүмкіндіктер  мен  қауіптері  анықталды.  Оны  төмендегі 1-ші  кестеден  көруге 

болады. 

 

Кесте-1.Қазақстан мұнай өнеркəсібін SWOT талдау 



 

S Күшті жақтары W 

Əлсіз жақтары 

 



Мемлекет 

тарапынан 

қаржының 

бөлінуі; 

 

Мемлекеттік  стратегия,  президенттің 



жəне  бағдарламалардың  басымды  бағыт-

тарының бірі; 

 

Қайта құру жұмыстарының жүргізілуі; 



 

Əлеуметтік,  аумақтық  дамытуға  бел-



сене қатысуы; 

 



Экономикалық дамытуда үлесі бар; 

 



Мұнай  химия  кешенді  дамытудың 

жүзеге асырылуы; 

 

«Жасыл  Экономика»,  «Жасыл  көпір» 



бағадарламалары EXPO -2017 аясында 

жүзеге асырылуы болашақта мұнай өңдеу 

өнеркəсібіне оң əсерін тигізеді. 

 



Бөлінген  қаржыны  мемлекет  тарапынан  тексерудің 

жүргізілмеуі; 

 

Стратегиялар,  бағдарламаларды  жүзеге  асыру 



барысында бақылаудың болмауы; 

 



Өндірістік қуатының жетіспеуі; 

 



Ресейлік мұнай шикізатына тəуелділігі; 

 



Тасымалдау құбырларының жетіспеуі; 

 



Мұнай өнімдер сапасының төменділігі; 

 



Экологиялық жүйенің артта қалуы; 

 



Мұнай өнімдерінің импортталуы; 

 



Мамандардың жетіспеуі; 

 



Шетел мұнай компанияларына тəуелдігілігі 

O Мүмкіндіктері T 

Қауіптері 

 



Бөлінген қаржыны тиімді пайдалану; 

 



Жаңа зауыттарды құру; 

 



Жаңа технологиялардың енгізілуі; 

 



Нормативті  құжаттардың,  заңдардың 

қабылдануы; 

 

Мемлекет 



тарапынан 

бақылау, 

қадағалау жүйесін жетілдіру. 

 



Əлемдік нарықтағы бағаның өзгеруі; 

 



Заңдардың жиі өзгеруі; 

 



Сыбайластық пен жемқорлық; 

 



Мұнай өнімдерінің бағасының тұрақсыздығы; 

 



Алып-сатарлардың əрекеттері; 

 



Нормативтік құжаттардың, заңдардың жетіспеуі. 

Ескерту – Кесте автордың зерттеуі бойынша құрастырылған. 

 

1 кестедегі мұнай өнеркəсібінің əлсіз жақтары мен күшті жақтарын, мүмкіндіктерін жəне қауіп-



терін ескере отырып, мұнай өнеркəсіп саласының мəселелерін шешу жолдарын оңтайландыру керек. 

 

265 

 

Қорытындыға  келсек, EXPO-2017 көрмесіне  дайындық  үрдісі,  Евразиялық  Экономикалық 



Ынтымақтастыққа  мүше  болу  үрдісі  жəне  Əлемдік  Сауда  Ұйымына  мүше  болу  үрдістері  мұнай 

өнеркəсібіне  тигізген  əсерлерін  жоғарыдағы  талдау  нəтижесінде  Қазақстан  мұнай  өнеркəсібінің 

негізгі мəселелерін мынандай шешу жолдарын қарастыруды қажет етеді: кедендік тарифтерді реттеу, 

мұнай өнімдер бағасын тұрақтандыру, экспорт пен импорттың көлемін  айқындау, бағдарламаларды 

нақтылау сияқты шараларын жүзеге асыру керек. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Ким О. Перспективы нефтегазовой  промышленности Казахстана.\\Газета. Деловая неделя №6 - 2015.- С.3- 4. 

2.  Степаненко  В.Р.  Вхождение  Казахстана  во  Всемируню  Торговую  Организацию  (ВТО).//Газета. 

Панорама. №15.- 2015. С.2-3. 

3.  Досмухаметова  М.К.  Конкурентоспособность  нефтеперерабатывающих  предприятий  Республики 

Казахстан.\\Журнал. Бизнес Мир Казахстан.-2015.-№7.-С.19-23. 

 

 



 

ƏОЖ.338.48 



 

ҚОНАҚ ҮЙ КƏСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ 

 

Мырзагулова Г.Р., ф.ғ.к., аға оқытушы, Тумажанова М.О., Манапова М.О. 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: tumazhanova. @mail.ru 

 

Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse — лицензия, айрықша құқықтық); французша (фр. 

franchise — жеңілдік) – коммерциялық  концессия,  нарықтық  субъектілер  арасындағы  қарым-

қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі 

бір  бизнес  түрін,  əзірленген  бизнес-моделін  жəне  оның  жүргізу  əдісін  пайдалануға  береді.  Бұл 

лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан 

тауарлық белгілер мен франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы əрекет етуге құқық береді. 

Жалпы  мағынасында  франчайзинг — тауар  таңбасын  немесе  коммерциялық  белгілерін  жалға 

беруді  білдіреді.  Франшизаны  пайдалану  шарттары  франчайзер  (франшизаны  ұсынған  адам)  жəне 

франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны əртүрлі болуы 

мүмкін:  қарапайымнан  өте  күрделіге  дейін,  құрамында  өте  ұсақ  егжей-тауар  белгісін  пайдалану 

ережелеріне дейін өзгешеленеді. Əдетте келісім - шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар 

сомасы  реттеледі.  Талап  аударымдарды  болмауы  да  мүмкін,  бірақ  бұл  жағдайда  франчайзи 

франчайзерден  белгілі  бір  тауар  саны,  жұмыс  немесе  қызметтер  сатып  алуға  міндеттенеді.  Тауар 

немесе  бренд  белгісін  пайдалану  шарттары  жеке  тармақпен  шартталану  мүмкін.  Бұл  талаптар  өте 

қарапайым  (мысалы,  франчайзи  брендті  нақты  сала  бойынша  пайдалануға  құқығы  бар),  сондай-ақ 

қатал  (франчайзи  дүкендегі  жабдықтарды,  мысалы  сөрелердің  көлемі  мен  түсі,  қызметкерлердің 

киімдері франчайзердің нақты талаптарына сəйкес пайдалануға міндеттеледі) болуы мүмкін. 

Халықаралық  тəжірибедегі  кең  тараған  қонақ  үй  кəсіпорындарын  басқару  формаларына 

келесілер кіреді: 

-

 

келісім шартпен басқару; 



-

 

франчайзинг келісімі арқылы басқару; 



-

 

жалға алу. 



Қонақ  үй  кəсіпорындарында  мазмұнымен,  қызметімен,  құрылымымен  жəне  орталық-

тандырылған басқаруымен ерекшеленетін ұйымдастырушылық басқару формасы (акционерлік қоғам 

(АҚ)), біріккен кəсіпорындар (БК), синдикаттар, консорциумдар жəне т.б. кең тараған [1]. 

1970  жылдардың  басынан  кең  тараған  қонақ  үй  кəсіпорындардағы  негізгі  басқару 

формаларының бірі, ол келісім шартпен басқару. Келісім шартпен басқару дегеніміз, ол кəсіпорындар 

типтеріне  сəйкес  басқаруға  мамандандырылған  кəсіпорын  (қонақ  үй)  иесі  мен  менеджер  немесе 

компания арасында келісілген жазбаша келісім. 

Қонақ  үй  кəсіпорындарының  басқару  формалары  басқа  түрлерден  де  тұрады,  ол  франчайзинг 

келісім  шарты  арқылы  басқару.  Бұл  термин  француздардан  тараса  да,  франчайзинг  келісім  шарты 

ерекше түрі ретінде АҚШ-та пайда болған. Бұл жүйе 1907 жылы қонақ үй индустриясында қолдана  



 

266 

 

бастады, Ritz Development Company нью-йорктік  фимасынан  сатып  алып Ritfe-Carlton деп  аталуға 



құқық алды. 

Хуард Джонсон 1927 жылы франчайзинг келісім шартына отырып, өз отельдерінің басқаруын 

бастады. Ол өз ісін тез арада кеңейтуге мүмкіндік берді – бірінші, Шығыс жағалауында, кейіннен – 

Орта, батыс жағалауларында жəне 60-шы жылдардан бастап – Калифорнияға тарады. Қазіргі уақытта 

бұл  тораптарға 900 кəсіпорындар  кіреді. 1960 - шы  жылдары  франчайзинг - қонақ  үйлері  мен 

мотельдер даму стратегиясының өсуі болды. Қонақ үй индустриясында франчайзингпен айналысатын 

ірі  компанияларының  бірі  болып  Парсиппанидағы  (Нью-Джерси  штаты) (3413 отельдер) Hospitality 

Franchise System  саналады.  Одан  кейін Choice Hotels International (Блэк  стоундік  топтағы – 2487 

отельдер – Нью-Йорк). Бұл тізімде үшінші болып тұратын ол – Holiday Inn Worldwide. 

Франчайзер мен франчайзидің құқықтық ара-қатынасы келісім шартқа қол қоюмен бекітіледі. 

Франчайзинг  келісім  шартының  қажетті  элементі - ақы  төлеу  формасымен  бір  пікірге  келуі.  Шетел 

тəжірибесінде  ақы  төлеу  формасы  мынандай  формаларды  қолданады:  кіріс  жарнасы,  аударылған 

сомасы  немесе    белгіленген  жылдық  ақы  жəне  маркетинг  қызметіне  ақы  төлеу.  Бұдан  басқа, 

орталықтандырылған брондау жүйесінің номерлерін қолданағаны үшін қонақ үйден ақы алады. 

Жарна – көрсетілген қызмет пен ұсынылған қызмет үшін бір жолға белгіленген ақы. Ол өзіне 

мыналарды  қамтыйды:  жоба  құжаттары,  кəсіпорынды  басқарудың  толық  жиынтық  нұсқаулары, 

басқару  звеносының    жоғары  жəне  орта  квалификациясының  көтерілуін,  кəсіпорынның  ашылуына 

дейін  қызмет  ету  персоналдарын  оқыту,  сонымен  қатар,  келісім  шартың  бітуіне  дейін  қызмет 

персоналдарын дайындау ақысы. 

Бас  франчайзи  төлем  ақыны  бөлуге  қосылған,  көбінесе,  жарнама  қорына  жарна  төлейді.  Ол, 

əдетте  франчайзинг  беретін  барлық  артықшылықпен  қолданады.  Осы  үшін  франчайзерлерге  тіке 

қажетті  жарнаны  төлейді.  Дамушы  франчайзингте  франчайзидің  бас  қызметін  аймақтың  дамуына 

құқықығы бар топ орындайды. 

Франчайзинг  келісім  шарты  арқылы  қонақжайлық  индустрияны  басқару  формасының 

болашағы  көп.  Американдық  ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  жаңа  ашылған  компаниялар 2-3 

жылдан  кейін  өз  жұмысын  тоқтатады,  ал 5 жылдан  кейін  банкрот  сатысы 70%-ға  жетеді. 

Франчайзинг  жүйесінде  жұмыс  істейтін  компаниялар  басқа  мəліметтерді  береді.  Кəсіпорын – 

франчайзидің жұмысы бірінші бес жылда 4 %-ды  құрайды. Халықаралық ұйымдардың франчайзинг 

ұйымдарының зерттеуі бойынша банкрот саны 1%-ды құрайды [2]. 

Əр франчайзинг келісім шартында франчайзер франчайзиға өз фирмалық таңба арқылы өздерірің 

жұмыс техналогиясы мен əдістерін резервтеу жүйесін, өңдендірілген маркетинг процедурасын жеңілдік 

жүйесін  жəне  тағыда  басқаларды  колдануға  құқық  береді.  Əдетте  шарт  болып  табылатын,  ол – 

франчайзер  стратегиясына  қатысу.  Франчайзер  өз  нарық  торапына  жаңа  мүшелерді  тартуға 

қызығушылық  тудырады.  Осы  мақсатпен  ол  қызығушылық  танытқан  адамдарға  арнайы  құжат 

дайындайды,  оның  ішіндегі  ең  қажетті  құжат  шарттар  туралы  мəлімдеме.  Бұл  құжат  франчайзерлерге 

хабарламаны  ұсынады,  франчайзилер  кім  болатыны,  оның  жасаған  бизнесінің  ерекшелігі  қандай  екені 

туралы.  Сонымен  қатар,  шарттар  туралы  мəліметте  франчазер - кəсіпорынды  басқару  құрамын 

мамандандыру  туралы,  оның  қаржы  тұрақтылығы  туралы:  келісім  шартқа  тұрған  кезде  қарым-

қатынастың  мағынасы  неде  болатынын  көрсетеді,  қандай  нақтылы  сұрақтарға  франчайзерлер 

франчайзилерге көмек көрсетеді;  қандай қосымша құралдар алу керек екені туралы міндеті жəне т.б. 

Жалға  алу,  қонақжайлық  индустриясындағы  кəсіпорындар  ұйымдастырылған  басқару  формасы 

ретінде 1950-1960 ж.ж.  атақты  бола  бастады.  Қазіргі  уақытта  ол  сирек  қолданылады.  Жалға  алудың 

мағынасы, ол – отель белгіленген мерзімге жалға алынып, сатылудан келген пайызды береді (əдетте 20 

дан 50 %-ға дейін). Мемлекеттік кəсіпорындарды жалға беру дамыған елдерден пайда бола бастады 

1990  жылдардың  бірінші  жартысында  Қазақстандағы  жəне  Орталық  Азиядағы  бірінші 5-

жұлдызды  "Рахат  Палас"  қонақ  үйі  пайда  болды.  Кейіннен  бұл  қонақ  үй "Hayatt Regency" 

халықаралық  франчайзингтік  қонақ  үйлер  желісінің  бөлігіне  айналды. 90-ыншы  жылдардың 

ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сəнді киімдерінің дүкендері жəне бутиктері 

елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. 1999 жылдың желтоқсан айында "Анкара" қонақ үйі өз 

жұмысын  бастады,  қазіргі  кезде  белгілі InterContinental қонақ  үй  желісінің  франчайзилердің  бірі 

болып  табылады. 2002 жылы  Қазақстан  Республикасының 24 маусым 2002 жылы  № 330 "кешенді 

кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг)" Заңы пайда болды [3]. 

 

 

 



 

267 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1.  Данияров  Т.А.  Туризмдегі  сервистік  қызмет  көрсетудің  ерекшеліктері  мен  болашағы:  Оқу  құралы. – 

М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2011.– 291 б. 

2.  Жақсыбергенов  А.Г.,  Жақсыбергенов  А.К.,  Жангуттина  Г.О.,  Есайдар  Ү.С.,  Сарсебаева  А.  М. 

Қонақжайлылықты ұйымдастыру сферасындағы персоналдарды басқару: Оқу құралы. – Алматы,  2014 -292 б. 

 

 

 



ƏОЖ 330 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет