Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ИННОВАЦИЯ ЖƏНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60

ИННОВАЦИЯ ЖƏНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ 

 

Абуталипова Ж. А., ғыл. жетекші, магистр, Тоқтарбава А.Т., студент 

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: akerke-1996@mail.ru, zvezda_05.80@mail.ru 

 

Инновация  сөзін  қазақтың  "тапқырлық", "жаңалық"  сөздерімен  тең  мағынада  қолдануға 



болады.  Əрине  инновацияның  қазіргі  мағынасы  ауқымды,  ол көбінесе  адамның  рухани  белсенділігі 

арқылы  əуелде  болмаған  жаңа  идеяны,  ойды  жоспарлау,  жобалау,  техника,  мəдениет,  сауда,  жəне 

қоғамдық өмір салтын қалыптастыру болып табылады. 

Инновацияны  алдын  ала  мөлшерлеу  қиын.  Бірақ  күнібұрын  жоспарлап,  ұйымдастырып, 

бейімдеп,  белгілі  бір  саладан  жаңалық  ашуды  ойластыруға  болады.  Əрине,  кім  қандай  жаңалық 

ашады,  қалай  ашылады,  ол  көбінесе  белгісіз  болады.  Ғылыми-техникалық  жаңалық  көбінесе 

ғалымдардың  жаңа  ойлар  мен  мүмкіндіктерді  өзара  тоғыстырып,  күрделі  талдау  жасау  жəне 

синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. 



 

250 

 

Инновацияда үлкен тəуекелшілдік болады. Егер кəсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез 



келген  адам  бір  деңгейде  тұрса,  яғни  ары  қарай  дамуға  бет  бұрмаса,  онда  ол  көбінесе  күйреуге 

ұшырайды. Өйткені бəсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды 

сəтті пайдаланып кетеді. 

Нағыз  байлық  инновациядан  алынады.  Қанша  мол  табиғи  байлық  болса  да,  адам  қанша  көп 

болса  да  бəрібір,  егер  инновациялық  ізденіс  пен  даму  болмаса,  ондай  ел  өзінің  дамушылық  жолын 

баяу  жүргізеді.  Инновацияныңдамуы  қоғамдық  байлық  дамуының  бірден-бір  себебі  екені  анық. 

Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының 

көзі жетіп келеді. 

Қарапайым  мағынада  айтсақ,  егер  əлдебір  өзгертулер,  тапқырлықтар,  жаңалықтар  қоғамда 

жалпы қолданыла бастаса, онда ол жаңалық ашудың шындап толық іске асқанын көрсетеді. Көптеген 

салаларда осы инновацияның пайда болуы қоғамның өміріне елеулі əсерін тигізе бастайды. Əсіресе 

өнердегі,  экономикадағы,  техникадағы,  сауда  мен  саясаттағы  өзгерістердің  халық  пен  елге  тиімді 

инновация  деп  есептеледі.  Экономиканы  алсақ,  инновация  экономикалық  өсімді  туғызады,  заттың 

құнын  арттырып,  бағасын  түсіруге  көмектеседі,  еңбек  күштерінің  сырап  болмауына  көмектеседі, 

қаражат, материал үнемдейді, жұмыс тəртібін жақсартады, уақыт шығынын азайтады[1]. 

Инновацияның  ең  басты  мақсаты  белсенді  өзгерістерге  дайын  болу,  тіпті  одан  жақсысын 

шығаруға ұмтылу. Инновация мұнда жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол өнім өндіру 

мен қызмет көрсету салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сурет-1. Инновацияның бағыттары 

 

Электрондық  техника  шығарумен  айналысатын Intel компониясының  жоғары  техника 



қызметкері Джен Мейеранның пікірінше инновацияның үш түрі бар: 

1.  Түбегейлі  жаңалық  ашу.  Ол  көбінесе  мəлім  салада  дəстүрлісін  бұзып,  көнені  жойып, 

түбегейлі  өзгеріс  алып  келеді.  Мысалы,  адамзат  тарихында  лампаның  тапқырлануы,  сандық 

технологияның 

тапқырлануы. 

2.  Жақсарту,  жаңарту.  Ол  көбінесе  біртіндеп  өзгерістер  жасау  арқылы  белгілісаланы,  мəлім  затты 

жетілдіру,  жаңа  артықшылықтар  қосып,  бір  нəрсені  бұрынғысынан  тіпті  де  керемет  ету.  Мысалы, 

қаламның, машинаның жаңа түрін жасау. 

3. Жаңаша қолдану. Яғни, бір нəрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып 

шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жол 

ашу. Мысалы, мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты 

тауар шығарады екен[2]. 

Жобалауда,  жаңа  техника  мен  технологияны  өндіріске  енгізуде  инновацияның  экономикалық 

тиімділігін анықтау 4 кезеңнен тұрады: 

1. инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау; 

2. қаржыландырудың мүмкін көздерін анықтау; 

3. жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті анықтау; 

4. экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін 

бағалау[3]. 

Инновация бағыттары 

Нарықтық 

инновация 

Тауарлы 

инновация 

Техникалық 

инновация 

Əлеуметтік 

инновация 

Маркетингтік 

инновация 

Экологиялық инновация 


 

251 

 

Инновацияны  анықтайтын  фактор  ─  ол  өнертапқыштық,  ірі  жаңалықтарды  жарыққа  шығару 



болып табылады.Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа 

құрылыстарды  салуды  жəне  жұмыс  істеп  тұрған  өндірісті  қайта  құруды  қамтамсыз  етеді.  

Инновацияның  қаржылық  базасы  кəсіпкердің  жеке  меншігіндегі  қаржыларына  жəне  қарыз 

қаражаттарынан  құралады.  Инновациялық  менеджмент   банк  несиесі,  бағалы  қағаздар,  ақша  жəне 

тауарлар  нарығына  сүйеніп,  іс  жасайды.  Инвестицияны  қатыстыра  отырып,  өндірістік  жаңа 

енгізілімін жүзеге асырады. 

Жеңіл  өнеркəсіп  көптеген  елдерде  бюджетті  қалыптастыратын  экономиканың  маңызды 

салаларының  бірі  болып  табылады.  Мысалы,  Германия,  Франция,  АҚШ  сияқты  елдерде 6-8%, 

Италияда12% құрайды. 

Жеңіл  өнеркəсіптің  жəне  басқа  да  салалардың  жоғарғы  дəрежеде  дамуы  үшін  ең  алдымен 

техника  жəне  технологияға  көп  көңіл  бөлінеді.  Құрал-жабдықтардың  сапасы,  өнімділігі  артып 

отыруы  қажет.  Кей  жағдайларда  өнеркəсіпте  техника  жаңартылуы  болмағандықтан,  олар  тозуға 

ұшырайды.  Осы  жерде  Қазақстанда  кейбір  салалардың  тозу  деңгейін  атап  кетуге  болады.  Мысалы, 

машина  жасау  саласында 56,8%, металлургияда 39,5%, құрылыс  саласында 41,2%, химияда 41,5%, 

жеңіл өнеркəсіпте 84% құрайды. Осы келтірілген мысалдан жеңіл өнеркəсіптің технологиялық тозуы 

жоғары екенін көруге болады[4]. 

Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркəсібі кəсіпкерлерінің ассоциациясы мен Индустрия жəне 

сауда  министрлігінің  бастамасымен  Алматыда  өткізілген V орталықазиялық  жеңіл  өнеркəсіп 

көрмесінде  бұл  саланың  көкжиегін  көріктендіретін  бірқатар  игі  шараларға  қол  жеткізілді.  Бұл 

шараларға еліміздің жəне шетелдердің 2,5 мыңнан астам мамандары қатысып, тəжірибе алмасты. 

Бұл көрме қазақстандық жəне шетелдік жеңіл өнеркəсіп саласының кəсіпорындары үшін үлкен 

мүмкіндіктерге  жол  ашты, – дейді  көрме  менеджері  Галина  Сафарова. – Осы  көрмені  өткізу 

қарсаңында  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  ІІ  Тоқыма  конгресін  өткізген  болатын.  Міне, 

халықаралық деңгейде өткізілген осы үлкен екі шара еліміздің жеңіл өнеркəсібі саласын дамыту мақ-

сатындағы мемлекеттік саясатты айқындап, Үкімет тарапынан нақты жобаларды жүзеге асыру үшін 

тиімді алғышарттар жасады. 

Иə,  Қазақстан  Үкіметі  еліміздің  жеңіл  өнеркəсібін  əлемдік  озық  технологияларға  сай 

дамытудың  жаңа  бағдарламаларын  белгілеп,  алғашқы  ірі  жобаларды  батыл  жүзеге  асыра  бастады. 

Іске сəт! 

Жақында  Алматыда  Германия,  Иран,  Италия,  Франция,  Қазақстан,  Ресей,  Беларусь, 

Қырғызстан  сияқты  мемлекеттердің  елуге  жуық  компанияларының  қатысуымен  өткізілген 

мамандандырылған халықаралық V орталықазиялық көрмесінің аясында жүзеге асырылған шаралар 

осыған дəлел. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жəне 

экспортты  ынталандыру  жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға  арналған  бағдарлама”  ҚР  Үкіметінің  қаулысы. 2010 

жыл 30- қазан, № 1145. 

2Есенғалиева Қ. С. Экономика негіздері. Алматы, 2011 ж. 

3.  НиязбековаР.  Қ.,  Рахметов  Б.А.,  Байнеева  П.Т. «Кəсіпорынэкономикасы»,  Оқуқұралы / Алматы – 

2008ж.- 792 бет 

 

 

 



ƏОЖ 657.631 

 

ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ 

 

Нуркашева Н.С., э.ғ.к., Бекжанова Ғ.С., аға оқытушы 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: nursulu_1975@mail.ru 

 

Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті 30 елдің  қатарына  кірудің  бірінші 

басымдығы əлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті 

дамыту  процесінде  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін  бара-бар  дамыту 



 

252 

 

ерекше  өзектілікке  айналады,  өйткені  бухгалтерлік  есепке  алудың,  қаржылық  есеп  берудің  жəне 



аудиттің  мақсаты  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  мүдделі  пайдаланушыларды  экономикалық 

ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады 

1. 

Қаржылық  есептемені  дайындау  жəне  аудит  саласын  дамыту  міндеті  Қазақстан 



Республикасының  экономикасында  бухгалтерлік  есепке  алу,  қаржылық  есеп  беру  жəне  аудит 

жүйелерінің  өздеріне  тəн  функцияларды  одан  əрі  дəйекті  түрде  жəне  ойдағыдай  орындау  үшін 

қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады деп санаймыз. 

Қаржылық  есептеменің  өзіне  тəн  міндеттерді  тиімді  орындауы  үшін  қаржылық  есепке  алу 

кəсібилік,  айқындылық,  тəуелсіздік,  өзектілік,  сияқты  талаптарға  жауап  беруі,  сондай-ақ  бухгалтерлік 

есепке алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне жəне негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс. 

Əлемдік  тəжірибе  түсініктілік,  орындылық,  сенімділік  жəне  салыстырмалылық  сияқты 

ақпараттың  тиімділігін  айқындайтын  сапалық  сипаттамалар  халықаралық  стандарттарды  тікелей 

пайдаланумен  немесе  оларды  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  берудің  ұлттық  жүйесін 

құрудың  негізі  ретінде  қолданумен  қол  жеткізетіндігін  көрсетеді.  ХҚЕС  пен  халықаралық  аудит 

стандарттарын қолданудың экономикалық болашағы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын 

қаржының  əр  алуандығынан  жəне  оның  табыстылығының  өсуінен  тұрады,  əлемдік  нарыққа  шығу 

жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа 

бизнес  құрылымдарды  дамытуға,  жаңа  жұмыс  орындарының  пайда  болуына,  жұмыссыздықтың 

төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, 

тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне əкеп соғады. 

№1 «Қаржы  есептілігі:  дайындау  жəне    ұсыну»  халыақаралық  стандартына  сəйкес  қаржы 

есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды [2]: 

- кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік; 

- кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік; 

- кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік; 

- кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік; 

-  есеп  саясатының  елеулі  элементтерінің  қысқаша  сипаттамасын  жəне  басқа  да  түсіндірме 

ескертпелерді қоса, ескертулер; 

-  кəсіпорын  есеп  саясатын  ретроспективті  түрде  қолданатын  немесе  өз  қаржылық 

есептілігіндегі  баптар  жөнінде  ретроспективті  түрде  қайта  есеп  беретін  немесе  кəсіпорын  өз 

қаржылық  есептілігіндегі  баптарды  қайта  жіктейтін  ең  бастапқы  салыстырмалы  кезеңнің 

басындағыдай қаржылық жағдай жөніндегі есептілік [3]. 

Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын жəне ақшалай 

қаражаттардың  қозғалысын  міндетті  түрде  адал  көрсетуге  тиіс.  Адал  ұсыну  операциялардың, 

«ұстамдарда»  айтылған  активтер,  міндеттемелер,  кірістер  мен  шығыстар  үшін  тану  анықтамалары 

мен белгілеріне сəйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап 

етеді.  Халықаралық  қаржы  есептілігі  стандарттарын,  қажет  болған  жағдайда - ақпаратты  қосымша 

ашып  көрсету  арқылы  қолдану  адал  ұсыну  міндетін  шешетін  қаржы  есептілігін  қалыптастыруға 

жетектейді деп көзделеді [4]. 

Қаржы  есептілігі  халықаралық  қаржы  есептілігі  стандарттарына  сəйкес  келетін  ұйым  ондай 

сəйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға жəне сөзсіз мəлімдеуге міндетті. Егер ол 

халықаралық  қаржы  есептілігі  стандарттарының  талаптарына  сай  келмейтін  болса,  қаржы  есептілігін 

халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді. 

 

Кесте-1. Қаржылық есептіліктің сипаттамалық жіктемесі 



 

Жіктемелік белгілері 

Есептіліктің түрлері 

1.  Экономикалық  белгілері 

бойынша 

Бухгалтерлік, статитикалық, салықтық. 

2. Кезеңдері қамту ұзақтығы 

бойынша 


Ағымдағы  (күнделікті,  апалық,  онкүндік,  айлық,  тоқсандық, 

жарты жылдық) жəне жылдық. 

3. 

Мамандану 



(бағыты) 

деңгейі бойынша 

Жалпы,  яғни  шаруашылық  субъектісінің  жалпы  қызмет 

нəтіижесін сипаттайды. 

Арнайы, яғни ұйымның белгілі бір қызмет бағыты бойынша 

нəтижесін сипаттайды. 

4. 

Ақпараттарды 



қамту 

дəрежесі бойынша 

Жеке – ұйымның есептілігі. 

Жиынтық – бір  немесе  бірнеше  салаға  бағытталған  бірнеше 



 

253 

 

ұйымдар  мен  құрылымдық  бөлімшелердің  есептілігі  немесе 



біріктірілген қаржылық есептілік. 

5. 


Пайдалану 

деңгейі 


бойынша 

Ішкі – шаруашылық  субъектісінің  ішінде  басқару 

шешімдерін  қабылдау  мақсаты  үшін  қажетті  ақпараттарды 

жеткізетін. 

Сыртқы – пайдаланушылардың  кең  ауқымды  сұранысын 

қанағаттандыратын есептілік. 

Ескерту – кестені автордың өзі зерттеуі бойынша құрастырды. 

 

Кез-келген  нысандағы  бірілген  қаржылқ  есептілік  оны  пайдаланушыларға  түсінікті  болуымен 



қатар,  оның  пайдалылығы  өте  маңызды  болуға  тиісті  деп  санаймыз.  Демек,  біз  жүргізген  зерттеу 

жұмысымыздың  нəтжесінде  қаржылық  есептіліктің  ақпараттылығын  төмендегі 2 кесте  арқылы 

көрсетуді жөн көріп отырмыз. 

 

Кесте-2. Қаржылық есептіліктің ақпараттылығы 



 

Есептіліктің мəліметтері 

Пайдалылығы 

1. Экономикалық ресурстар. 

Ұйымның  болашақ  мерзімді  кірістер  мен  ақша 

қажаттар алуын бағалау мүмкіндігі. 

2. 

Қаржылық 



құрылым 

(ұйымның 

меншікті  капиталы  мен  кредиторлық 

берешектері арасындағы байланыс). 

Қарыз 

қаражаттарына 



деген 

болашақтағы 

қажеттілікті  анықтау  жəне  мүдделі  жақтар 

арасында болашақ пайда мен ақша қаражаттарын 

бөлуді 

бағалау, 



сонымен 

бірге 


сыртқы 

инвестицияларды  тартудағы  ұйымның  қуатты 

икемділігін бағалау мүмкіндігі. 

3.  Өтімділік  жəне  төлем  қабілеттілік 

коэффициенттері. 

Ұйымның  қысқа  жəне  ұзақ  мерзімді  міндет-

темелерін төлеу мүмкіндігін бағалау. 

4. Рентабельділік жəне іскерлік белсенділік 

коэффициенттері. 

Ұйымның  ресурстарын  пайдалану  тиімділігін 

бағалау. 

5. Қаржылық жағдайдағы өзгерістер. 

Операциялық, 

қаржылық, 

инвестициялық 

қызметтерден  ақша  ағымын  жəне  ұйымның 

қаржылық  қызметін  бағалау;  ұйымның  болашақ 

мерзімде ақаша деген қажеттілігін анықтау. 

Ескерту – кестені автордың өзі құрастырды. 

 

Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған 



қаражат  көздерінің  артықшылығын  немесе  көпшілігін  анықтайды.  Бұл  орайда  кəсіпорынның 

меншікті, несиелік жəне өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. 

Қаржылық  есеп  беру  кəсіпорынның  несиеге  қабілеттілігін,  яғни  оның  міндеттемелер  бойынша 

толықтай жəне өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1.  ҚР  ҚМ  «Есептілікті  дайындау  жəне  ұсынудың  тұжырымдамалық  негіздемесін  бекіту  туралы»  

29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы. 

2.  Арзыбаев  А.А. Теоретико-методологические  и  организационно-методические  проблемы учета

контроля  и  анализа  капитала  корпоративных  предприятий  [Текст] : автореферат  диссертации  на  соискание 

ученой степени доктора экономических наук / Арзыбаев А. А. - Алматы : [б. и.], 2008. - 46 с 

3.  Проскурина  В.П.  Бухгалтерский  учет  от  азов  до  баланса  (практическое  пособие). – Алматы:  ТОО 

Издательство Lem, 2009. – 364с. 

4.  Скала  В.И.,  Скала  Н.В.,  Нам  Г.М.  Национальная  система  бухгалтерского  учета  в  Республике 

Казахстан. ТОО «LEM». – Алматы, 2007 . ч.1 – 420 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

254 

 

ƏОЖ .338.48 



 

МЕЙРАМХАНА ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Мырзагулова Г.Р., ф.ғ.к., аға оқытушы, Тумажанова М.О., Сейтказин Н.Е. 



Алматы технологиялық университеті, Алматы қ. Қазақстан Республикасы 

E-mail: tumazhanova. @mail.ru 

 

Мейрамхана - күрделі  дайындалатын  аспаздық  өнімнің  кеңейтілген  түрлерінің  өндірісін 



ұйымдастырумен,  мейрамхананың  сауда  залдарындағы  қонақтарға  қызмет  көрсетудің  жоғары 

деңгейін ұйымдастыруды үйлестіретін ерекше кəсіпорын. 

Мейрамхана – бұл тағамдарды дайындау, жеке тапсырыс бойынша дəмтатым, сонымен қатар ас 

мəзірінде  қарастырылған  фирмалық  жəне  ұлттық  тағамдарды  дайындау  қызметін  жүзеге  асыратын 

кəсіпорын. 

Мейрамхана  қызметін  ұйымдасырудың  ерекшелігі – бұл  қонақтарға  жоғары  дəрежелі  қызмет 

көрсету.  Белгілі  бір  дəрежеде  қызмет  көрсету  дегеніміз  көрсетілетін  қызметтердің  сапасы,  деңгейі 

мен қызмет жағдайын сипаттайтын кəсіпорынның ерекше белгілерінің жиынтығы. 

Мейрамханалар  салтанатты,  ресми  қабылдаулар,  кеңестер,  конференциялар,  съездер, 

отбасылық салтанаттарды ұйымдастырады. 

Қазақстан  Республикасының  «Ішкі  сауда  ережесін  бекіту  туралы»  Үкіметтің 2005 жылғы 21 

сəуірдегі  № 371 қаулысына  сəйкес  ұсынылатын  қызметтердің  сапасы,  тапсырысқа  берілетін  жəне 

фирмалық  тағамдардың  түрі,  бұйымдары,  интерьеріне  қарай  мейрамханалардың  сыныптамасы 

белгіленген.  Осының  негізінде  мейрамханалар  көрсетілетін  қызметтердің  номенклатурасы  мен 

қызмет көрсету деңгейі бойынша үш сыныпқа бөлінеді –«Люкс», «Жоғары», «бірінші санатты». 

«Люкс» сыныбының ас мəзіріне тапсырысқа берілетін жəне фирмалық тағамдар, аспаздық пен 

кондитерлік  кіреді.  Люкс  мейрамханасында  банкет  залы,  бар,  бардың  үстелі  орнатылған  коктейль - 

холлы болады. Мейрамхана интерьері сəулет – көркем жағынан көркемделуі жоғары дəрежеде болуы 

тиіс.  Дизайнның  стилі  мейрамхананың  атына  сəйкес  болуы  тиіс.  Метрдотельдер  мен  даяршылар 

қонақтарға қызмет көрсетудің техникасын, бірнеше шет ел тілін меңгерулері қажет. 

Жоғары  сыныпты  мейрамхана – ерекше  интерьері,  қызметтердің  түрі,  жайлы  орны,  ерекше 

тағамдардың  таңдаулы  түрлері  бар  кəсіпорын.  Мейрамханада  даяршылар  мен  бармендер  қызмет 

көрсетеді. 

Бірінші  санаттағы  мейрамхана  интерьердің  үйлесімділігі,  жайлы  орын  мен  қызметтердің 

түрлерімен  ерекшеленеді,  фирмалық  жəне  таңдамалы  тағамдардың  түрлері,  күрделі  дайындалатын 

сусындар, оның ішінде тапсырыспен дайындалатын сусындар ұсынылады [1]. 

Мейрамханалардың 

классификациясынан, 

бөлек 

мейрамханалардың 



келесі 

түрлері 


ажыратылады: 

-

 



салондық; 

-

 



ұлттық; 

-

 



интерьерлік жəне ландшафттық; 

-

 



музыкалық; 

-

 



концерттік; 

-

 



кейтерингтер; 

-

 



фас-фудтар; 

-

 



аралас. 

Осы  жіктелулер  ішінен  Кейтеринг  қарастырар  болсақ. «Кейтеринг»  термині  (ағ. «catering» – 

қоғамдық тамақтандыру, «ceter» – тағам жеткізу, тұтынушыларға қызмет көрсету) – мейрамханадан 

тыс  банкет  өткізілуін  ұйымдастыратын  кəсіпорын  немесе  қызметкерлердің  іс - əрекетін  білдіреді. 

Кейтеринг сыртта қызмет көрсететін мейрамханалық қызмет. Кейтеринг қызметтері клиенттерге кез - 

келген жерде, кез - келген уақытта мини-мейрамхана жасау мүмкіндігін береді. Кейтерингтік фирма 

келесі қызметтерді ұсынады: 

-

 



алдын-ала бекітілген ас - мəзір бойынша тамақ дайындау; 

-

 



дастархандарды мəзірлеу жəне қызмет көрсету; 

-

 



жиһазбен, ыдыс - аяқпен жəне асханалық құралдармен жабдықтау; 

-

 



іс-шараның өту орнына осының бəрін жеткізу. 

 

255 

 

Кейтеринг  мейрамханаларға  құрал - жабдықты  серпінді  пайданануға  мүмкіндік  береді. 



Тамақтандыру кəсіпорындарда мерчандайзингтің келесі түрлері қолданылады: 

- тағамдар жəне сусындардың дизайны; 

- қызмет көрсетудің жаңа түрлері; 

- залдағы агитация; 

- үгіттеме сатылым; 

- альтернативті өнім мен қызметтердің таңдаудағы ұсыныстар. 

Интерьрелік жəне ландшафттық мейрамханалардың ерекшелігі: 

-

 



орналасқан жері; 

-

 



орналасқан орны; 

-

 



интерьері. 

Мейрамханалық  сервис – бұл  мəдени – экономикалық  процесстер  динамикасымен  дербес 

əлеуметтік – ұйымдастыру сферасы, тамақтану жүйеге əртүрлі жеке дəмді есепке алу қажеттілігінің 

өскенін  көрсетеді.  Сервистік  бұл  сипаты  туризм  дамуындағы  көптеген  компонентерді  толтыруға 

үндейді, өзара əрекетті талап ететін мұндай компоненттерге мыналарды жатқызуға болады: клиенттің 

денсаулығын  тамақтану  мəдениетімен  бірлікте  нығайту.  Тұрақты  əлеуметтік  көңіл – күйді  сақтау, 

өмір  сүрудің  тиімді  бағытын  қалыптастыру,  тамақтану  түрлерін  тануға  шығындар  мен  нəтижелерге 

сəйкес ынталандыруды жетілдіру. 

Мейрамханалардың атқаратын негізгі қызметтері: 

-

 



сапалы тамақтануды ұйымдастыру; 

-

 



іскерлік (кездесулер, презентациялар өткізу); 

-

 



рекреациялық (жағымды жағдайда демалу, мейрамхана интерьері, тағамдар. 

Тағамдар мен сусындарды жоғары білікті мамандар дайындайды. Мейрамханаларда өндірілетін 

өнімнің  алуан  түрлерін  дайындайтын  кондитерлік  өндіріс  болады.  Мейрамханадағы  мəзір  түрлерін 

ұйымдастыру-тағамдарды  өз  еркімен  таңдау  мəзірі.  Кешенді  ас  мəзірі,  бизнес - ланч  мəзірі, 

жексенбілік  ланч  мəзірі,  күндізгі  рацион  мəзірі,  диеталық  жəне  балалар  мəзірі,  банкет  мəзірі, 

тематикалық  кештер  мəзірі,  тағамдарды  өз  еркімен  тандау  мəзірі — кез  келген  қоғамдық 

тамақтандыру  кəсіпорындарында  қолданылады.  Кешенді  ас  мəзірі — бірнеше  варианттан 

құрастырылады:  кешенді  таңғы,  түскі,  кешкі  ас.  Олар  бір – бірінен  тағамдардың  құрамы  бойынша 

жəне бағасы бойынша ерекшеленеді. Үш рет тамақтану кезінде таңғы асқа 30%, түскі асқа 45%, кешкі 

асқа 25% ұсынылады.  Бизнес - ланч  мəзірі — жартылай  дайын  өнімдерде  жүмыс  істейтін  жедел 

қызмет көрсететін мейрамханаларда 12—16 сағат аралығында жүргізіледі 

Мейрамхана бизнесі мəселелерін зерттеу,біздің елімізде маңызды болып отыр, сонымен қатар 

біздің  экономикамыздың  шарттары  мен  нарықты  жəне  сұраныстарды  ескеру  қажет.  Соңғы  кездері 

Қазақстан  республиксының  Үкіметі,  туризмді  дамыту  үшін  көп  көңіл  аударуда,  ал  тамақтану 

индустриясы  оның  ажырамас  бөлігі.  Ол  дегеніміз,  мейрамхана  бизнесін  дамыту  үшін  жағымды 

жағдай жасау маңызды болып табылады [2]. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. Барлыков Е.К., Онаева Б.Т. Сервистік қызмет: оқу құралы.- Алматы, Экономика,  2013 ж., 226 б 

2.  Жақсыбергенов  А.Г.,  Жақсыбергенов  А.К.,  Жангуттина  Г.О.,  Есайдар  Ү.С.,  Сарсебаева  А.  М. 

Мейрамхана ісіне кіріспе: оқу құралы.- Алматы, 2014 ж., 111 б. 

 

 



 

ƏОЖ 334(658.5) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет