бастамақ қиын. Кел демек, бар, кет демек жоқ»; «Бірге тумақ
бар, бірге жүрмек жоқ»; «Қашпақ, қумақ – ерге сын, көшпек,
қонбақ – жерге сын»; «Ажал жетпей өлмек жоқ; «Алыспақ
бар, атыспақ жоқ»; «Жол ақысы – жүрмек, кісі ақысы – бер-
мек» т.т. Тұрмыс-салт жырларынан бастап үлкен эпостық
полотноларға дейін ауыз әдебиетінің өзге үлгілерінде де -мақ
тұлғалы сөздерді ұшыратамыз: «Жазды күні ақша қар жаумақ
қайда, жар-жар-ау! Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-
жар-ау. Азар жақсы болса да, қайын атам, жар-жар-ау! Айна-
лайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар-ау!» (С. Сейфуллин,
VI, 99); «Қаршығадан өзгеге Жібектен жауап алмағы Қиын-
қыстау іс еді» («Қыз Жібек», 1957. 31); «Кетпекке айла
таппадық» («Қамбар», 1957. 75); «Көтібар енді еліне озбақ
болды» («Айман-Шолпан», 1963, 281). Ал Абайға дейінгі
және онымен замандас қазақ ақындары да -мақ жұрнақты
сөзді реті келген жерде еркін қолданғаны көрінеді. Мысалы,
Бұқарда: «Ханның жақсы болмағы – Қарашаның елдігі» (46);
252
Дулатта: «Қабанбай елге жар салды Аттанбақққа қалмаққа»
(82); Махамбетте: «Кешіп өтпек сайдан-ды, Шығынды
болмақ байдан-ды, Батыр болмақ сойдан-ды. Жүгірмегі
майдан-ды»
194
(106).
«Дала уалаяты газетінің» тілінде де -мақ аффиксті тұлға
кимыл есімі ретінде де, етістіктен туған зат есім ретінде де
жиі қолданылған. Бұл тұлға сирек болса да, Ыбырай тілінде де
бар (Ыбырай тіліне негізінен -у жұрнақты варианты тән):
«Құдай тағала адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс
қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін,
құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып жақсы-жаманды
аңғаруға» (Алтынсарин, 1879). Бұл жалғыз мысалдың
өзінен Ыбырайдың -мақ пен -у (-ға) тұлғаларын параллель
қолданғанын байқаймыз.
Сөйтіп, әр алуан қызметте қазіргіге қарағанда жиірек қол-
данылған
195
-мақ жұрнақты тұлғаны, кейбір зерттеушілер
көрсеткендей, тек қана Абайдың прозасынын тіліне тән
ерекшелік (шағатаизмдер)
196
деп есептеуге, біздіңше, тіпті де
болмайды. Қазақтың өте ерте замандардан келе жатқан фоль-
клорлық мұраларынан және Абайға дейінгі, онымен тұстас
әдебиет үлгілерінен алынған материалдарға қарап, бұл тұлға
қазақтың жалпыхалықтық тіліне жат болмағандығын дәлел-
дейміз. Бұған күні бүгінге дейін кейбір тіркестердің -мақ
тұлғасымен қолданылуға бейім болып қалыптасқаны да дәлел
бола алады. Мысалы, түгіл сөзі көбінесе -у-дан гөрі -мақ
жұрнақты тұлғаны қалайды: бармақ түгіл, көрмек түгіл т.б.
Бұрынырақ бұл тіркеспен қатар -мақ аффиксті тұлғаның
шығыс септігінде келген түрі де қолданылғанын байқаймыз.
Мысалы, ауыз әдебиеті үлгілерінде: «Алған жарым айту-
лы Омарханның қызы еді. Сағынбақтан сарғайсын, Салқын
194
Махамбеттегі бұл жолдар мен Бұқардан келтірген мысалдар, сірә, солардың
жұмсалады шығарған индивидуалдық тармақтардан гөрі афоризмдерге айналған
штамптарға көбірек ұқсайды. Ал бұл штамптарда -мақ тұлғасының келуі – оның
халық тіліне тәндігінің белгісі.
195
Бұл жөнінде толығырақ мына мақалада айтылған. Сыздықова Р. Абайдың «Қара
сөздеріндегі» -мақ аффиксті тұлға жайында // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология
және искусство зерттеу сериясы. - 1959. - № 1. - 82-83.
196
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-
Ата, 1959. - С. 320; Сауранбаев Н. Роль Абая в развитии казахского литературного
языка // Жизнь и творчество Абая. - Алма-Ата, 1954.
253
түспей барман-ды» (Сейфуллин С., Батырлар жыры, 1934. 49.
18). Бұлардағы -мақ тұлғасын өзге ешбір тұлғамен алмастыруға
болмайды.
Сөйтіп, ертеректе тіпті актив қолданылған -мақ жұрнақты
тұлға өткен ғасырда, оның ішінде Абай тұсында қазіргіге
қарағанда әлі де едәуір актив, жанды тәсіл болғандығы бай-
қалады. Осы күнгімен салыстырғанда, өткен ғасырда -мақ
жұрнақты тұлғаның қызмет өрісі біраз кең: ол ең алдымен
қимыл есімін білдіреді, одан кейін супиндік (мақсаттық) ма-
ғынаны береді, үшіншіден, қазіргідей шақтық категорияның
грамматикалық көрінісі болып қызмет етеді. Бертін келе, біз-
дің дәуірімізде бұл тұлғаның қызмет сферасы едәуір тарылып,
қолданылу жиілігі азайған: қазірде -мақ жұрнағы, негізінен,
келер шақтың бір түрі – мақсатты келер шақ формасын ғана
жасайды.
Абай -мақ суффиксті тұлғаның қызметі жағынан ерте-
ректегі және өз тұсындағы кеңірек қабілетін сезіп, оны жалғыз
прозасының тілінде емес, өлендерінде де, яғни тұтас тілінде
молынан пайдаланған. Жоғарыда айттық, абайтану саласын-
дағы зерттеушілердің кейбіреулері -мақ тұлғасының Абайдың
«Қара сөздерінде» көзге түсетінін көрсетіп, оны кітаби
(шағатай) тілдің элементіне жатқызады да, бұл форманың
Абай өлеңдерінде де өте жиі қолданылғандығын мүлде бай-
қамайды. Ал байқай қалған күнде, бұл зерттеушілердің қай-
қайсысы да -мақ жұрнақты сөзі бар Абай өлеңдерін шағатай
тілінде жазылған дей алмаған болар еді немесе тіпті бұл
өлендердің тұтас тілі шағатайша болмаса да, ішіндегі -мақ
жұрнақты тұлғаларды кітаби элемент деп таба қоймаған болар
еді. Өйткені тіпті Абай, Ақан сері, Дулат тәрізді мұсылманша
оқыған, кітаби тілден хабардар жазушылардағы -мақ жұр-
нақты қолданыстарды шағатай тілінің әсері деп табуға мүм-
кін болғанмен, мақал-мәтелдердегі, ауыз әдебиетінің өзге
үлгілеріндегі, сондай-ақ мұсылманша әдебиетті көп оқып көзі
(тілі) жаттықпаған кейбір қаламгерлер тіліндегі -мақ аффиксті
сөздерді жазба әдеби тілдің (шағатай) әсері, ықпалы деп табу
мүмкін емес.
Қорыта келгенде, -мақ жұрнақты тұлға Абайда мына қыз-
меттерде қолданылған:
254
1. Шаққа, жаққа бейтарап (қатыссыз) қимыл есімі ретінде.
Бұл қызметте ол -у жұрнағымен жасалатын формада синоним
болып келеді. Абайда соңғы тұлға да параллель қолданылған:
«Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла
алмайсың» (II, 164); «Таусылған күнде бір күндік өмірді бар
малына сатып алуға таба алмайды» (II, 162); «...Сол нәрсені
естігенде я көргенде ғибратлану керек» (II, 186) – салыстыр:
«Әрбір ғибрат алмақтың өзі» (II, 162). -мақ жұрнағының бұл
қызметі мақал-мәтел, афоризмдерден бастап ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең орын алған. Бірақ XIX ғасырдағы қазақ тілінде,
оның ішінде әдеби үлгілерде бұл категорияны білдіретін
грамматикалық көрсеткіш ретінде -у жұрнағы басым бола
бастаған. Оған Абайдан өзге қаламгерлерде -мақ-тан гөрі -у
жұрнағымен берілген қимыл атауларының көбірек екендігі
дәлел. Мысалы, Шортанбай, Дулат тәрізді ақындарда қимыл
атауы әрдайым -у жұрнағы арқылы берілген: «Өлгеніңше тою
жоқ, Түңілмей ырза болу жоқ» (Шортанбай, 150); «Қамалауда
еліңнен, Табалауда еліңнен... Өсіру де еліңнен, Көшіру де
еліңнен» (Дулат, 79). Салыстыр: «Өлуі болмай қалмайды Ту-
ғаннан соң пәнденің» (Шортанбай, 59), ал Абайда: «Өлмек
үшін туғаның, ойла, шырақ» (I, 234).
2. Орындалу мүмкіндігі ақиқат потенциал қимылды біл-
діретін тұлға ретінде. Мұндайда ол Абай тілінде өнімді қол-
данылған -ар (-ады) жұрнақты тұлғаға дублет болып келеді:
«Жас қартаймақ, жоқ тумақ,туған өлмек». Бұл – ауыз
әдебиетінде де, өзге ақындарда да онша көп көрінбейтін
қызметі, Абайдың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі.
3. Барыс септігінде келіп, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін
супиндік мәнді тұлға ретінде. Мұндайда ол қызметі жағынан
үндіеуропа тілдеріндегі infinitive категориясына жақындайды.
-мақ жұрнақты тұлға бұл қызметте қазақтың халықтық тілінде
ең жиі қолданылған.
4. Шақтық, жақтың мәнге ие болып, қазіргідей, мақсатты
келер шақ формасы ретінде. Бұлда халық тіліне тән қызметі.
-мақ жұрнақты тұлғаның жиі қолданылғандығынан басқа
оның Абай тіліндегі екі-үш ерекшелігін көрсетуге тура келеді.
Біреуі – Абайда бұл тұлғаның есім ретінде жиі қолданылып,
255
септік, тәуелдік, кейде көптік жалғауларын қабылдап келуі.
Екіншісі – -лық жұрнағымен жасалатын туынды сөздерге
негіз болуы: «Біреуі – білсем екен демектік» (II, 164); «Үшінші
– әрбір нәрсеге қызықпақтық» (II, 172). Бұл құбылысты да
кейбір зерттеушілер шағатаизмдер деп табады. Шынында,
Достарыңызбен бөлісу: |