Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


Жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріне әсері



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
d12a00640c0832fa23edce30a75d6d85 (1)

 
 1.4 Жыраулық, шешендік үлгілердің айтыс өнеріне әсері 
Ақын-жыраулар шығармашылығын жете зерттеп, тереңнен қаузаған, 
кешегі кеңестік заманда тоталитарлық жүйенің темір шеңгеліне қарамай қазақ 
поязиясы ғұмырын бес ғасырға тереңдетіп, текті өнердің бағын жандырған 
ғалым-жазушылардың ішінде Мұхтар Мағауин есімі ерекше орын алады. «Бес 
ғасыр белестері» атты ғылыми мақаласында М. Мағауин: «Қазақ поэзиясының, 
қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне 
сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың 
өзінде (Ү-ҮІІІ ғасырлар) мәңгі өлмес мұралар жасады»[39, 5 б.], – деп жазады. 


53 
Асан қайғы (ХҮ ғасыр) заманынан Махамбет (ХІХ ғасыр) дәуіріне дейінгі 
бес ғасыр қазақ халқының адамзат өркениетінен алар орны мен мемлекет болып 
қалыптасу, дәуірлеу сипаттарын айқындаған тарихи кезең болып саналады. 
Қазақ халқының жеке мемлекет болып қалыптасуы, елдің бірлік-ынтымағы, ұлт 
болып ұйысуы сияқты идеологиялық тұрғыдағы ізгі талпыныстардың дені осы 
бес ғасыр еншісіне тиесілі еді.
«ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын 
бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. 
Алаштың жайсаң жанын, өр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін 
ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне 
көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды» [40, 4 б.]. 
Ақын-жыраулар мұрасын талдап, сараламас бұрын, жалпы жырау сөзінің 
табиғатына, шығу, аталу төркініне аз-кем тоқтала кеткен орынды. «Қазақ ауыз 
әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» атты зерттеудің авторы
Е.Д. Тұрсынов бұл жайында төмендегіше пікірлер келтірген: «Профессор
Н. Смирнова: «Жырау сөзінің мағынасы – «жыр айтушы» деген сөз... Бұл жыр 
айтушылар институты қаншалықты көне болса, атауы да соншалықты көне», – 
деп жазады» [41, 156 б.]. 
Жырау сөзінің төркіні туралы В. Жирмунский, Х. Зарифов,
Е. Ысмайылов, Н. Ильминский, В.В. Радлов, Л.З. Будагов, Ш.Ш. Уәлихановтар 
да пікір білдірген. Аталмыш ғалымдардың барлығының пікірі сайып келгенде 
Н. Смирнова пікірімен үндес, мағыналас тұрғыда тұжырымдалады.
Сонымен, қазақтың жыраулар тобы, яғни халықтың жырын, мұңын, 
мұратын айтушылар өз дәуірінің дидарын шығармаларында барынша суреттеп, 
бедерлеп кеткен рухани тұлғалар болып табылады.
ХҮ ғасыр өкілі Асан қайғы жырау – заманының сұңғыла шешені, көреген 
көсемі ретінде халық зердесінен ерекше орын алған қайраткер. Ең алдымен 
Асан қайғы қазақ даласының геосаяси тұрпатына қазіргі тілмен айтсақ эколог-
ғалым тұрғысында баға беріп, сол дәуірдің агросаясатына сөз өнерімен өлшем 
жасаған жырау. Ауыз әдебиеті нұсқаларында қазіргі қазақ даласының әр 
өлкесіне қатысты «Асан қайғы айтқан екен» деген нақыл мен аманат іспеттес 
сөздерді жиі ұшыратамыз. Бір ғажабы, Асан қайғы айтқан болжам мен қазіргі 
заман ғалымдарының қазақ даласының жер бедері мен климаты туралы 
тұжырым дәйектемелерінің үндесіп жатқандығы еді.
Бес ғасыр бойы қазақ даласында салтанат құрған ақын-жыраулар 
поэзиясының басты ерекшелігі қандай дейтін болсақ, ең алдымен азат ой, алғыр 
тілі деп бағалар едік.
Бірінші сипат ақын-жыраулардың ой еркіндігі. Ой еркіндігі – қашанда 
тәуелсіз сана жемісі болып табылады. Рух-сананың жекелеген адамға немесе 
қоғамға тәуелді болмауы парасатты, байсалды ойлардың дүниеге келуінің 
кепілі.
Асан қайғыдан Махамбетке дейінгі ақын-жыраулардың рухының биік 
болуын – ой азаттығының жемісі деп бағалаған жөн.
Асан қайғы. ХҮ ғасыр: 
«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, 


54 
Айтқаныма көнбейсің. 
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің. 
Қымыз ішіп, қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің. 
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?» [39, 24 б.]. 
Осылай деп ханның мінін бетіне айтқан абыз жырау мұнан әрі орда 
маңында болып жатқан келеңсіздіктерді, қызметшілердің бетімен кеткендігін, 
елінің қараусыз қалғанын батырып айтады.
Асан қайғы жырынан тарихта әз-Жәнібек атанған ханның да адам ретіндегі 
осал тұстарының болғандығын аңдаймыз.
Жалпы, жырауды өз есімі әйгілеп тұрғандай Хасан Сәбитұлының Асан 
қайғы атануы кездейсоқтық емес.
Бүгінгі күнге жеткен азды-көпті мұраларынан жыраудың нағыз халықшыл, 
ел мұраты үшін егіліп, өмір сүргенін анық байқаймыз. Халықтың мұңы мен 
қайғысын жоқтаушы, өз заманының қаһарман қайраткері болған. Қазақ 
халқының бірлік-ынтымағы жөнінде Асан қайғының: 
«Еділ бол да, Жайық бол, 
Ешкімменен ұрыспа, 
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа. 
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң, 
Аса кеш те қоя бер, 
Бұрынғыны қуыспа» [39, 26 б.], – деген сөздері сол замандағы ұлттық 
идеология мұраттарын аңдатып тұрған жоқ па?! «Өлетұғын тай үшін, 
көшетұғын сай үшін» [39, 26 б.] бірлігің мен ынтымағыңды бұзба деп басалқы 
сөз айтқан Асан қайғы мұраттарын ХІХ ғасырда:
«Біріңді қазақ, біріңді дос, 
Көрмесең істің бәрі бос» [42, 119 б.] деп Абай жалғастырды. Осы жерде 
ресейлік ғалым Г.В. Плехановтың өнер мен әдебиет жөнінде айтқан мына 
пікірлері ойымыздың мағынасын тереңдете түседі. «... Литература – отражение 
национальной духовной природы – есть продукт тех самых исторических 
условий, которыми создана эта природа. Значит, не природа человека, не 
характер данного народа, а его история и его общественное устройство 
объясняют нам его литературу» [43, 70-71 бб].
Бүгінгі жазба қазақ әдебиетінің тамыры халқымыздың бағзы дәуірлерінен 
жеткен рухани құндылықтардан бастау алатыны белгілі. Г.В. Плеханов 
тұжырымымен келісе отырып өнерге тарих пен қоғамдық ахуалдың әсер 
ететіндігін ескерсек, қазақ ақын-жырауларының ұрпаққа қалдырған өлшеусіз 
мұрасының қаншалықты қымбат екендігін ойша бағамдауға болады.
Жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Қазтуған жырау 
Сүйіншіұлы ХҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында дүниеге келген. 
Жырау туралы қысқа болса да мәнді түсінікті жазушы-ғалым М. Мағауиннің 


55 
құрастыруымен жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» кітабының бірінші 
томында жазылған.  
Қазтуған жырау бейнесі өзінің «Мадақ жырында» келісті ашылған. 
Жыраудың бүгінге жеткен мұраларының ішіндегі кесек туынды «Алаң да алаң, 
алаң жұрт», – деп басталатын әйгілі толғауы. Алты ғасырды артқа тастаса да, 
Қазтуған жыраудың бұл толғауы өзінің рухани қуатын, идеологиялық мұратын 
әлі жоғалтқан жоқ. Көшпелі елдің іргесінің кеңдігін жағырапиялық тұрғыдан 
дәлелдеп тұрған бұл туынды өзінің елге деген, туған жерге деген патриоттық 
рухымен ғасырлар бойы халықты жігерлендіріп келді. Ұрпақты патриотизмге 
тәрбиелеу тұрғысынан Қазтуған жырау мұрасы өз мәнділігін жоғалтпақ емес.
Бес ғасыр бойы салтанат құрған дала поэзиясының алыбы Бұқар жырау 
Қалқаманұлы. Елдің ұлт болып ұйысуына, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына 
өлшеусіз үлес қосқан жырау өз заманының басты идеологы болды. «Мемлекет 
қайраткері Бұқар Қалқаманұлы Абылай ханның бас ақылшысы, арабша 
сауатты, ең тапқыр биі ретінде, ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде үлкен рөл 
атқарды» [44, 97- 98 бб]. 
Бұқар жыраудың мемлекеттік істерге араласуы, сол замандағы саяси-
әлеуметтік оқиғалардың басы-қасында болып, оған өзіндік көзқарас пікірін 
білдіруі, оның шығармашылық мұрасында кеңінен көрініс тауып отырды.
«Ашуланба, Абылай, 
Ашулансаң, Абылай, 
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазға салармын. 
Өкпеңменен қабынба, 
Өтіңменен жарылма, 
Орыспенен соғысып,  
Басына мұнша көтерген 
Жұртыңа жаулық салынба» [39, 92 б.]. 
«Ай, Абылай, Абылай, Сені мен көргенде, Тұрымтайдай ұл едің» [39, 92 б.] 
деп басталатын жыраудың әйгілі толғауы Абылайдың өмір жолын, хандық 
дәуірін суреттейтін, әрі сол заманның тарихи жағдайынан мол хабар, ақпарат 
беретін туынды. Жырда: Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүрген құлдың, 
жиырма жаста ақсұңқар құстай түлеп, басына дәулет қонғандығы айтылады. 
Бұл толғауда ханның бас батырлары Бөгенбей, Қабанбайларға да сипаттама 
беріледі. Абылайға: «Атаңды білмес құл едің» деп өктем сөйлегеніне қарағанда 
жыраудың сол кездегі бедел-абыройы ханнан кем емес екендігін танытады. 
«Орыспенен соғысып, жұртыңа жаулық салынба» [39, 24 б.], – деуі Бұқар 
жыраудың алыстан ойлап, тереңнен таразылайтын кемел саясаткер екендігін 
аңғартады.
Халық мұрасын зерттеуші С. Мұқанов Бұқар жырау шығармашылығы 
туралы терең танымды пікірлер білдіре отырып былай дейді: «Бұқар жыраудың 
жырлары түгелімен отаршылық саясаттан шошынуға ғана емес, ол өзінің кейбір 
жырында қазақ халқының ішкі тұрмысына үңіліп, оның ішкі тіршілігі туралы 
да көп нақыл сөздер айтады. Қазақ халқының бейбітшілік өмірін Бұқардың 
қаншалықты тілегендігі оның мына жырынан байқалады» [45, 248 б.]. 


56 
Мұнан әрі Бұқар жыраудың өлеңмен өрілген он бір тілегін тұтастай 
мысалға алып: «Не деген тамаша тілек! Бұл жырда халық тиыштығының бар 
саласы түгел қамтылған», – деп сүйсінеді.
Шынында да Бұқар жыраудың тілек өлеңі сол уақыт үрдісіндегі халықтың 
арман-тілегін, замана жүгін арқалап тұрған аманат жыры іспеттес. Сөз – ойдың 
жарыққа шыққан сәулесі десек, Бұқар тілегін сол қоғамның барлық сыры мен 
мұңын, аңсары мен мұратын айқындап тұрған философиялық тәмсіл деп 
бағалаймыз.
Асан қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау шығармашылығына қатысты айтылған 
бұл пікірлер сол дәуірдегі Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, 
Ақтамберді, Үмбетей сияқты ақын-жыраулардың мұрасына да тән қасиет. Осы 
жыраулардың барлығы өз заманының шындығын, тарихи тұрпатын 
шығармаларында барынша бедерлеп кеткен тұлғалар.
«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» [39, 92 б.] Асан қайғы, «Атаңды білмес 
құл едің» [39, 181 б.] Бұқар жырау сөздері бес ғасырды көктей өтіп, дала 
демократиясының дүр сипатын ХІХ ғасырға жеткізді.
«Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың. 
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сенің басқа ұрсын!» [39, 92 б.] деген Махамбет ақын 
өзінің алдындағы жыраулар мұратын, демократтық көзқарасын одан әрі дамыта 
түсті. Бес ғасыр жырлаған дала поэзиясы өзінің асқақ рух, жалынды сөзімен, 
қара қылды қақ жарған өткірлігімен халықтың рухани қуатына айналды.
Жыраулар поэзиясы сол кездегі халық өнерінің барлық түріне әсер етті. 
Дала ділмарлары – шешен билерге де, айтыс ақындарына да жыраулар 
поэзиясы үлкен мектеп, сара жол салып берді.
Жыраулар поэзиясы туралы зерттеуші Б. Жақып төмендегідей пікір 
білдірген: «Жыраулар поэзиясы, өмірде болған тарихи нақты оқиғалардың, сол 
кездегі саясаттың, қоғамдық маңызы зор оқиғалардың көрінісі бола білді.» [6-
93] 
Адам, Қоғам, Уақыт – үнемі қозғалыста, өзгерісте болатын құбылыс. Ой-
сананың дамуы, қоғамдық өзгерістердің алғышарты болса, уақыт оны тарих 
беттеріне бедерлеп, ұрпаққа аманаттап отырған. ХІХ ғасырға дейін ауыз 
әдебиетінде жыраулық дәстүр үлкен ықпалға ие болса, одан кейін бұл 
миссияны би-шешен сөздері мен ақындар айтысы жалғастырған.
Әрине, бұдан ХІХ ғасырдан бұрын шешендік сөз, айтыс өнері болмады 
деген ой туындамау керек.
Айтыста, шешендік өнерде бағзылық дәуірлерден бастау алатындығын, 
олардың да халықтың рухани қажеттілігін өтеп келгендігін зерттеу барысында 
айтқан болатынбыз. Тек бұл жерде халық өмір сүріп отырған, қоғамдық 
әлеуметтік жағдайдың өнерге тигізер ықпал-әсерін бағамдаған жөн. Жыраулық 
поэзия қазақ халқының жаугершілік заманды бастан кешірген, «аттың жалы, 
түйенің қомындағы» аласапыран кезеңнің сипатына тән белең алған өнер.
Елді бірлік пен ынтымаққа, бір тудың астына жиналуға шақырған, Отанды, 
жерді қорғауға шақырған патриоттық тұрғыдағы жалынды жырлар сол 


57 
уақыттың еншісіне тән және аса қажеттіліктен туындаған шығармалар еді. 
Мәселен, Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп» деп басталатын 
әйгілі толғауы немесе Тәтіқара ақынның «Қамыстың басы майда, түбі сайда» 
жырлары уақыт ырғағы (ситуация) туғызған туындылар болып табылады. 
Жыраулар поэзиясынан мұндай мағынадағы толғауларды көптеп келтіруге 
болады. Әрірек барсақ, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған жырлары да осы 
пікірімізді айғақтай түседі.
Бұл жайында академик, ғалым С. Қирабаев өзінің «Ұлт тәуелсіздігі және 
әдебиет» атты кітабында жан-жақты сөз етеді. Онда ел билеген хан да, оның 
маңындағы жұртқа сөзі өтетін билер мен ақсақалдар да шешендік мектебінен 
өтуге тиіс болғандығын, халық тілі өткір, тапқыр, бейнелі, логикалық жүйесі 
мықты сөзге ғана тоқтайтындығын айтып өтеді. Сондай-ақ, ел билеушілер 
өздері де өтімді сөздің иесі болып қана қоймай, ақылшыны да, сөз тапқыш 
шешен мен ақыннан таңдағанын тілге тиек етеді. Әрі қарай Әз-Жәнібектің 
қасында болған Асан қайғының, Мамай ханның ақылшысы Доспамбет 
жыраудың, Темір бидің тұсындағы Шалкиіз жыраудың, Есім ханның 
қасындағы Марғасқа жырау мен Әз-Тәукенің қасындағы Ақтамберді мен 
Абылай тұсындағы Бұқар жыраудың атқарған қызметтерінің маңыздылығын 
еске сала отырып, есімдері аталған ақын-жыраулардың мемлекет пен қоғам 
алдындағы жауапкершілігі мен қайраткерлік тұлғасы жөнінде төмендегіше 
пікірлер білдіреді: «Жыраулар заман халін толғап барып, оны елдің тілегін, 
арман-мұңын айтқан жырлармен жалғастырған. Бұл жырлар, негізінен елдің 
бірлігі, жердің тұтастығы, ұлттық тәуелсіздік идеясымен байланысты 
толғаулардан тұрады» [46, 22-23 бб.]. 
Қандай қоғам болмасын мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда сөз 
өнері тізгін қолға ұстаған тұлғалардың шешуші рөлде болғандығы ақиқат. 
Күшпен, қарумен дүниеге келген идеологиялық мұраттың ғұмыры баянды 
болып көрген жоқ.
Өркениетті заман саналатын қазіргі ХХІ ғасырда да сөз өнері, яғни, 
Әдебиет пен Баспасөздің қоғамға тигізер әсер-ықпалы зор. Журналистиканың 
төртінші билік атануы да бекерден-бекер емес.
Жыраулар поэзиясы бәсеңдей бастаған ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы 
мен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында би-шешен, ақындық тұлғалардың тарих 
сахнасына шығып, ел мүддесіне ықпал етуі де табиғи заңдылық.
Қазақ даласында болып жатқан түрлі өзгерістер қоғамдық болмыстың 
барлық салаларына өз әсерін тигізе бастады.
«Қазақ жеріне қала түсті, бекіністер салынып, орыс әскерлері кірді. 
Шұрайлы жерлер тартып алынып, орыс шаруалары қоныстандырылды. Ел 
тіршілігінің шеңбері тарылып, отаршылдық темір құрсаудай қыса бастады. 
Осыған орай дербес ақындық поэзия қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайларын 
жырлауға бет бұрып, ел басындағы ауыр мұңды, қайғыны суреттеуге ойысты.» 
[46, 23-24 бб]. 
Қоғамдық формациялардың өзгеруі халықтың рухани ой-өрісіне де белгілі 
дәрежеде әсер-ықпалын тигізеді. Мәселен, кеңес заманында көркем әдебиет 
алдыңғы орынға шықса, өтпелі кезеңде публицистиканың ықпалы зор болды. 


58 
Мұндай өзгерістер әр дәуірде, әрқилы қоғамдық жағдайларға байланысты орын 
алып отырды. ХІХ ғасыр айтыс өнерінің өркендеп, қанатын кеңге жайған тұс 
еді. Қазақ даласында бағзыдан келе жатқан айтыс, шешендік сөз өнері 
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге араласып, өз үнін, ықпалын таныта бастады. 
Ортақ жаудың тарих сахнасынан жойылуы, қазақ тайпа-руларына бүтіндей 
тыныштық әкелгенімен, өз ішіндегі жер дауы, жесір дауы, барымта сияқты 
ежелден келе жатқан ескі әдет етектен тартуын қоймады. Қазақ үшін мұндай 
келеңсіздіктер кейде рулық, жүздік сипат алып, мемлекеттің іштен іруіне әкеліп 
соқтыратын.
Қазақты осындай кеселден арылтуда немесе ел ішіндегі тыныштықты, 
бейбітшілікті сақтауда би-шешен, ақындарының рөлі ерекше болды. Мұндай 
жағдайда ел басқарып отырған хан-сұлтандардың өзі халық ішінен шыққан 
қабырғалы билер мен от ауызды, орақ тілді шешендерге, ақындарға арқа 
сүйегендігі тарихи шындық еді.
Белгілі ғалым Нысанбек Төреқұл: «Қазақта би-шешендер ерекше тұлға. 
Ерекше тұлға дейтін себебіміз, бұрын-соңды қазақтан басқа халықтарда мұндай 
тұлға, мұндай елді аузына қаратқан адамдар болған емес. Шығыс халықтары 
арасында біздің билерімізге ұқсас бірлі-жарым болуы мүмкін, бірақ олар дәл 
қазақтағыдай емес-тін. Демек, би-шешендер тек қазаққа ғана тән құбылыс. 
Олар айтқан билік, шешендік сөздер тек қазақ арасында кездесетін халықтық 
асыл қазына болып табылады» [47, 5 б.] , – деп жазады. 
Ғалым пікіріне сүйене отырып, ұлтымызға тән осынау ұлы тұлғалардың ел 
тарихындағы еңбектерінің елеулі екендігіне олардың бүгінге жеткен 
шығармашылық мұрасын зерделей отырып көз жеткіземіз. Тіпті, қара қылды 
қақ жарып, төрелік айтқан билер дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-ІІІ 
ғасырларда болғандығын зерттеушілеріміз дәлелдеп жазу үстінде. Ғалым
Н. Төреқұлдың пайымдауынша біздің заманымызға дейін Нәнді би, Елсау би, 
Оңқай би, Майқы би Мәнұлы сияқты тұлғалар өмір сүріп, артына өлмес мұра 
қалдырған.
Қазақ халқының тарихында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би есімдері ел 
бірлігі мен ынтымағы, мемлекет іргесінің нығаюы жолында ұлт болып 
қалыптасудың негізін қалаған қайраткерлер ретінде бағаланады.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», – дейді халық даналығы. 
Би болу, билік айту сөз білетін кісінің бәріне бірдей бұйырмаған. Жоғарыда 
келтірілген халық даналығы би-шешеннің өзін ар тезіне салатын қағида 
іспеттес.
Би-шешен атанған тұлға қашанда әділ, адал болуға тырысқан. Кез келген 
даулы мәселені қара басының пайдасына шешкен би-шешендерге халық екінші 
қайта сенім артпаған. Дегенмен де, халық тарихынан арды аттады дейтіндей би-
шешеннің есімдерін кездестіру қиын.
Біздің дәуірімізге дейінгі 178 жылы туып, 89 жылы дүниеден қайтқан 
Майқы би Мәнұлы туралы деректерде: «Елді бейбітшілік жолмен әділ де, адал 
басқарған. Өзінен бұрын әр тарапқа бытырап кеткен елдердің басын біріктіріп, 
ұйымшылдыққа, ел бірлігіне үндеген» [47, 12 б.] – деп жазады.


59 
Сонау бағзы дәуірлерден жеткен Майқы би тәмсілдерінде ел бірлігі, 
ынтымағы жөнінде күні бүгінге дейін өзінің рухани қуатын, аңсар-мұратын 
жоймаған мына бір жыр жолдары ұрпаққа қалдырған аманат іспеттес.
«Жанның ұлы Ар мен Хұн, 
Тартқызбас бізге зар мен мұң. 
...Қоң, Рат, Қып, Шақ, Болдан-ды 
Жоқ демеңіз болғанды. 
Ақ тұрған жерде қақ тұтар, 
Досым дос оған, қасым қас,  
Жауымды түнде шолған-ды. 
О, Тәңірім, табынам,
Бесеуге бер береке» [47, 14 б.]. 
Қазіргі қазақ ұлтын құрайтын, сол дәуірдегі біраз ру, тайпаларға қатысты 
айтылған Майқы би толғауынан келтірілген бұл үзінді тек замана 
идеологиясынан хабар беріп қоймайды, ұлттық тұтастықты, бірлікті көксеген 
ел мұратының асқақ рухын да танытады.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», – деген қанатты сөздің шығу 
төркіні тегін болмаса керек. Қазақтың би-шешендері тарихының бастауында 
Майқы тұлғасының тұруы аталмыш өнердің қайнар көзінің қай дәуірден бастау 
алатындығын меңзейді. Майқы биден бастау алған шешендік сөз өнері 
ғасырлар бойы жалғасып, қазіргі жаңа заманға иек артып отыр. Ауыз әдебиеті 
тарихындағы Аяз би, Елсау би, Едіге би, Бәйдібек би, Жиренше шешен, Әнет 
би есімдері шешендік өнер көшінің шоқтығын көтеріп тұрған тұлғалар. ХҮІ-
ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген Мөңке би, Қазы би, Бөлтірік шешен, Бөкен би, 
Сеңкібай би, Қараменде би, Ескелді би, Байдалы би, Бекболат би, Сеңкібай 
шешен, Жаңқұтты шешен сияқты дала ділмарлары тарихта өздерінің аталы сөзі 
мен халыққа тигізген қайырым-шапағатымен есте қалған даналар. 
Ш.Уәлиханов «Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты» атты жазбасында 
қазақтың билері туралы төмендегіше пікірлер келтіреді: «Қазақтарда құрметті 
би атағы халық тарапынан қандай сайлау жолымен немесе халықты билеп 
отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса 
шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық 
алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, 
шешендігін танытатын болған» [48, 135 б.]. 
Би-шешендер тарихына зер сала отырып, көз жеткізген ақиқаттың бірі –
шешендік өнердің тақыр жерден шықпағандығы, оның ғасырлар бойы желісін 
үзбей келе жатқан үлкен мектебінің болғандығы. Бүгінге жеткен аңыз 
деректерге сүйенсек Майқы бидің қасында Аяз би мен Құмырсқа бидің 
болғандығын аңғарамыз. Қазіргі уақытқа жақындау, дерек-дәйегі мол ХҮІІІ-
ХІХ ғасырдағы шешен-билердің өмірі бір-бірімен байланысты, тағдырлары 
сабақтас өрілетіндігіне зерттеу барысында анық көз жеткіздік. Мысалы, 
Бөлтірік шешеннің Бердіқұл бимен кездесуі, Байдалы бидің Саққұлақ биге бата 
беруі, Андас би мен Сүйінбай ақынның сөз қағысуы, Жанқұтты шешен мен 
Құнанбайдың дәмдес-тұздас болуы, Жетес би мен Нияз бидің сөз жарыстыруы, 
Жидебай бидің Шабанбайға берген мақтау сөзі сияқты деректерді басқа би-


60 
шешендер өмірінен молынан ұшыратуға болады. Бұл дегеніңіз қазақ 
қоғамындағы дала ділмарларының шығармашылық рухани байланысы өте 
терең болғандығын аңғартады. Қазақ дәстүріндегі бата алу, бата беру 
жоралғыларының да өзіндік тағылымдық-тәрбиелік мәні бар екендігіне көз 
жеткіземіз.
Филология ғылымдарының докторы С. Негимов шешендік өнер туралы 
ойларын былайша сабақтастырады: «Атам заманда адамзаттың рухани 
болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста 
бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер 
және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі» [49, 5 б.]. 
Сөз өнерінің бірегей майталманы Бөлтірік шешеннің адамгершілік болмыс-
бітімін айқындайтын, үлкен философиялық ойларға құралған мына бір сөздері 
адамзат баласы үшін өмір сүру қағидасы іспеттес:
«Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан. 
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр, 
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр. 
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол, 
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол.» [47, 345-346 бб]. 
Немесе, Саққұлақ бидің «ел дегенің немене?», «ер дегенің немене?» деген 
сұрақтарға берген жауабындағы талғамдарының астарында қаншама құнды 
ойлар жатыр.
«...Ынтымақ-бірлік болмаса, 
Елдікке мойын бұрмаса, 
Үлкеннің айтқан сөздерін, 
Кішісі қолдап тұрмаса 
Ел дегенің немене?!» [47, 364 б.]. 
Ақын-жыраулар 
шығармашылығынан 
би-шешен 
мұраларының 
айырмашылығы мұнда ғибратты-философиялық ой тұжырымдар молдау 
ұшырасады. Әрі бұл тәмсілдер өлең түрінде, сондай-ақ төгіліп тұрған қара сөз 
үлгісінде айтылады. «Шешеннің интеллектуалдық мәдениетін, білім-білігін, 
зерде-зейінін әңгімелегенде, импровизацияға бейімділігін де елеп-ескеру керек. 
Бұл шешендік өнердің ең жоғарғы түрі. Тыңдаушы қауымға қатты әсер етеді.» 
[49, 18 б.]. 
Сонымен, жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің тапқырлық ой-
толғамдары өз заманының әлеуметтік жүгін көтерген, рухани қазынамыздың 
өшпейтін, өлмейтін асыл мұрасы болып саналады.
Адамзат дүниесінің рухани тетігін тұтастай алып қарасақ, жыраулық, 
шешендік, айтыскерлік дейтін ұғымдардың бір мақсат, бір мүдде тұрғысында 
сабақтасып, сөз өнері дейтін ұлттық мәдениеттің бірегей саласын 
айқындайтынына көз жеткіземіз.
Айтыс ақынының бойынан жырауға тән жігерлі төкпелік сипатты да, би-
шешенге тән танымы терең парасаттылықты да көруге болады.


61 
Бұқар Қалқаманұлы бейнесі тарихта – жырау, шешен, ақын, данагөй, би 
ретінде белгілі. Мұндай сипат дала ділмарларының көбіне тән. Бұдан шығатын 
қорытынды – сөз өнері түрлерінің рухани жақындығы мен бір-біріне тигізер 
әсер-ықпалының ерекше болғандығы. 
Шешендік өнер – халықтың дүниетанымы мен философиялық таным-
түйсігін айқындайтын құбылыс. Шешендік сөздер жеке тұлғаларға тиесілі 
болғанымен ол халықтың пайым-парасат, зерде-зейінінің жемісі. Би-шешен 
сөздерінің жер дауы, жесір дауы, құн даулау сияқты әлеуметтік мәселелерден 
басқа, салмақтырақ қыры – тәрбиелік-тағылымдық мәнінің тереңдігі. Мысалы, 
Шабанбай бидің Жанғұттыға берген:
«- Аллаға жағамын десең, азанды бол, 
Халыққа жағамын десең, қазанды бол, 
Судай таза бол, 
Жердей көтерімді бол» [50, 69 б.], – деген батасын сол уақыттағы ел 
жақсысы атанған Ботантай ауыл жастарына былай деп талдап түсіндірген екен.
«Аллаға жағу дегені – мұсылмандықты берік ұстау: намаз, оразаны қаза 
етпеу, исламның бес парызын қалт жібермей орындап отыру, имандылық, 
инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету» [50, 69 б.]. 
Бұдан әрі «халыққа жағу үшін қазанды бол» сөзінің мағынасын 
кеңпейілділік, қайырымдылық тұрғысында қарастырып, адамның жетім, жесір, 
ғаріпке, жолаушыға, ағайын-туыс, халыққа қол ұшын беруі керектігін айтады. 
«Судай таза болу мен жердей көтерімді болудың» да терең философиялық 
астарын тіршілікте адамзат баласының басынан өтетін келеңсіздіктерден 
сақтандыру мақсаты тұрғысында түсіндіреді.
Би-шешен мұраларынан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. 
Осы тақырыпты байыпты зерттеп, байламды пікір айтқан ғалым Б. Жақып: 
«Қазақ би-шешендерінің сөздері өз заманында маңызды қоғамдық рөл атқарған. 
Көне Қазақ мемлекетінің қалыптасып, дамуында сөз құдіретінің орны зор 
болған. Бір мезгілде қалың қауымға әсер етіп және оларды бірігіп іс-қимылға 
көшуге шешім қабылдауға сендіру, иландыру, керек жерінде ояту дәл сол 
кезеңде ауызша сөз айту пәрмені арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ал қазақ 
қоғамындағы шешендік сөзге, билік шешімге жүгінудің орны орасан зор 
болатын. Өйткені қазақ даласындағы басқару ісі ауызша сөз арқылы жүзеге 
асты» [6, 101-102 бб], – деп пікір білдіреді.
Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға 
құрылған тегеуірінді сөздері ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының 
шығармашылық мұрасына мазұндық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін 
тигізді.
Жырауға тән кең тыныс, үлкен пафосты тілейтін жырларды Сүйінбай, 
Жамбыл, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас, Бақтыбай, Әсет, Кемпірбай т.б. 
ақындардың айтысынан байқаймыз. Төкпелете жыр төгіп, ұзағынан толғау сүре 
айтыстарда жиі кездеседі. Жыраулар поэзиясына тән бұл сипат ақындар 
айтысында да елдік, халықтық мақсат-мұраттар тұрғысында барынша 
жарқырай көрінеді. Публцистикаға тән ақпараттық-танымдық, насихатшылдық, 
ұлттық идеология көріністерін де сүре айтыстарында молынан ұштастыруға 


62 
болады. Мысалы, Сарбас пен Жамбыл айтысында Сарбас ақынның мына бір 
толғамдары жыраулық дәстүр сарынын еске түсіреді:
«...Алатұғын жеріңді айт, 
Ішіңдегі шеріңді айт, 
Кешпейтұғын жөніңді айт, 
Жеңе тұғын еліңді айт! 
Ат жүздіріп келемін 
Айдын шалқар көліме...» [51, 223-224 бб]. 
Жыраулар шығармаларында кездесетін философиялық ой-толғам, 
насихатшылдық сарын элементтерін айтыс жырларынан молынан ұшыратуға 
болады. Мұның өзі қазақ сөз өнері түрлерінің рухани жақындығы мен дәстүр 
сабақтастығының үзілмес желісін көрсетеді.
Ақтамберді жырау:
«Ағайының көп болса, 
Ұлы шерік қолмен тең, 
Білімді туған жақсылар 
Аз да болса көппен тең...» [40, 54-55 бб] дейді. 
Омарқұл мен Тәбия айтысындағы Омарқұл ақын жырынан үзінді:
«... Онан соң бұл жалғанда әйел жетім, 
Туысында теңін тауып қосылмаған.
Жас жетім жиырмада желіспесе,
Дүниені қорғасындай ерітпесе...» [52, 383 б.]. 
Ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғаларының өмірі һәм шығармашылық 
мұрасына зер салар болсақ, оларға жыраулық, шешендік, айтыскерлік сияқты 
сөз өнері түрлерінің қай-қайсысы да жат болмағандығын байқаймыз. Жыраулар 
поэзиясындағы халықты белгілі бір мақсат-мүддеге шақыратын, үгіттейтін 
насихатшылдық сарын айтыс жырларында да мол кездеседі. 
Жыраулық дәстүрдегі көрініс:
«...Ерге дәулет бітпесе, 
Қызыл тілден не пайда? 
Мал араға жүрмесе, 
Құр айтқаннан не пайда? 
Өзіңе еркіндік бермесе, 
Азат бастан не пайда? 
Өзге алып еліңді, 
Билегеннен не пайда?» [53, 65 б.] 
сияқты мәселені салыстырмалы түрде айта отырып, халыққа байлық пен 
дәулет, азаттық пен еркіндік сияқты ұғымдардың қаншалықты қымбат екендігін 
ұғындырады. Әрі сол арқылы халық санасына осы киелі ұғымдарды ұстап тұру 
үшін не қажеттігін насихаттайды. Мұндай мысалдарды жыраулар поэзиясынан 
мол ұшыратуға болады. Мәселен, Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір 
кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз» деп басталатын атақты толғауын елді асқақ 
мұрат, баянды бейбітшілікке шақыратын насихатшылдық рухы күшті шығарма 
деп бағалаймыз. ХІХ ғасыр еншісіндегі айтыс мұраларында да осы дәстүр 
жақсы сақталған. 1965 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабының бірінші томына 


63 
кіргізілген Нұралы мен Мақан ақындардың айтысы өзінің мазмұны мен 
көркемдік ерекшелігі тұрғысынан екшеп айтар айтыстың бірі. Бұл айтыс 
Шымкент шаһарында өтеді. Дулат пен Найман руларының намысын жыртып 
шыққан ақындар қыза-қыза келе елдік, әлеуметтік мәселелерге ойысады. 
Әрине, айтыстағы ру атына айтылған сын мен міннің қаншалықты маңызды 
екендігін қазіргі уақыт үрдісімен зерделейтін болсақ, бұл айтыстың 
құндылығын дәуір келбетін көрсетумен бағалы дер едік.
Сонымен қатар, сол замандағы ел шаруашылығының қам-қарекетін 
танытатын жыр жолдары насихаттық сарында жырланғанын байқаймыз.
«...Өз еліңде тіршілік етпейсің бе? 
Диқаншылық айналсаң жақсы кәсіп, 
Бидай, қонақ, тары, арпа екпейсің бе? 
Еккеніңді орасың деген сөз бар, 
Дәнді дақыл тұқымын сеппейсің бе? 
Кәдуілгі жабайы күніңді ойлап, 
Астық пенен жемісті шөп дейсің бе? 
Қауын менен жүгері, өрік, алма, 
Өніп тұрса мол болып көп дейсің бе?...» [54, 268 б.]. 
Айтыста келтірілген проблема немесе белгілі бір руға айтылған сын сол 
уақыттағы көкейкесті мәселелерден туындайды. Айтысушы ақындар тұтас 
халықты құрайтын белгілі ру-тайпа өкілдері. Сол дәуірдегі Үйсін, Дулат, 
Шапырашты, Қоңырат, Қыпшақ, Арғын, Найман, Керей, Алшын, Адай сияқты 
іргелі рулардың айтыс ақындары өз елінің абырой, намысын көтере отырып, 
қарсылас ақынның руын сынап, мінейді. Бұл ХІХ ғасырда өткен барлық 
айтысқа тән қасиет. Кеңес заманында бұл құбылысты рушылдық деп танысақ, 
қазіргі Тәуелсіз ел тарихы бұған басқаша сипат беруге мүдделі.
Біріншіден, рулық сипатта өрбіген айтыстың өзі тұтастай қазақ халқы 
мүддесіне жұмыс істеді. Олай деуімізге айтыста айтылған әр рудағы 
келеңсіздіктердің екінші рет қайталанбауына белгілі дәрежеде ықпал етті. 
Сондай-ақ, айтыс арқылы біз халықтың дәстүр-салтынан бастап, дін, діл сияқты 
рухани 
мәселелерді, әлеуметтік-экономикалық 
ахуалды, саяси-тарихи 
жағдайларды әр қырынан танып білуге мүмкіндік алдық.
Сонымен, жыраулар поэзиясы мен айтыс өлеңдеріндегі ұқсастық, 
сабақтастық сипаттарына аз-кем баға беруге әрекеттендік. Бұл туралы «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» кітабының үшінші томында «Ақындық пен жыраулық 
поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі 
көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан 
авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр 
жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз» [55, 31 б.], – 
деп жазылған.
Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдарын зерттеуші М. 
Жармұқамедов бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр 
алып келген ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын 
тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік ерекшеліктердің 
барлығын айтады. Сондай-ақ ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне 


64 
қоса, сезімге құрылған лирикалық сипаттың басым екендігін, ал жыраулық 
толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын 
сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беретіндігін 
жазады.
Осылай деп пікір айтқан зерттеуші ақындық поэзия мен жыраулық 
туындының өзіндік ерекшеліктері жөнінде, яғни, өзгешелігі туралы 
төмендегідей тұжырым келтіреді.
«Солай дегенмен ақындық поэзияның жыраулық туындылардан бөлініп, 
дараланатын өзіндік белгілері де аз емес. Мұнда жыраулық поэзияда сирек 
ұшырасатын адамның ішкі сезім күйі мен ой-толғанысына айрықша мән 
берілетіні мәлім» [55, 56 б.]. 
Жыраулар поэзиясы мен айтыс жырларындағы сабақтастық пен үндестік 
жайындағы ойларымызды зерттеуші ғалымдар пікірі негізінде қорытындылай 
отырып, шешендік сөз бен айтыс өнерінің рухани жақындығына ойысалық.
Шешендік сөз өнерінің көрінісі айтыс жырларына да тән қасиет. Алдымен 
ауыз әдебиет тарихынан белгілі би-шешендердің тұлғалық болмысына 
тоқталсақ. «Негізінде шешен-билер мемлекет тағдырын шешетін шынайы 
тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің көгеруі, дамуы, нығаюы, нағыз шешен-
билердің тегеурінді өнерімен, өнегесімен, қызметімен тамырлас» [55, 465 б.]. 
Би-шешенді осылай деп танитын болсақ, олардың сөйлеген сөзі, іс-әрекеті 
халықтық мақсат-мүдде тұрғысында өрбитіні белгілі. Жыраулар мен ақындар 
мұрасына тән әлеуметтік, бұқаралық сипат би-шешен туындыларына да ортақ.
Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек бидің жырмен өрілген мына бір аманат 
іспеттес сөзі өзінің тағылымдық мәнімен қоса философиялық пайымдауды, әрі 
патриотизмдік рухты сипаттайды:
«Алтын ұяң – Отан қымбат, 
Құт берекең – атаң қымбат, 
Аймалайтын анаң қымбат, 
Мейірімді апаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат, 
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат» [10, 150-151 бб]. 
Би-шешендердің аузынан шыққан дуалы сөз, кесімді пікірлері халықты 
әділдікке, ынтымақ-бірлікке, Отанды-елді сүюге насихаттауымен құнды. 
Сонымен қатар, жыраулар мен ақындар, би-шешендер далалық мәдениеттің 
көкжиегін кеңейте отырып, көшпелі елдің көкірегіне сәуле құйған ағартушы-
ұстаздар болды. Халықтың діни наным-сенімі, салт-дәстүрді ұстанудағы 
таным-түйсіктері, өмірге, тіршілікке деген философиялық көзқарастарының 
қалыптасуына ақын-жырау, би-шешендер өлшеусіз үлес қосты. Сөз өнерінің 
майталмандары болған дала ділмарлары қазақи ұғымға тән қарапайым тіршілік 
қағидаларының өзін тағылымдық сипатта насихаттап отырды.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Құрмысы би өзінің 
шешендік сөздеріне үнемі мақал-мәтел, нақыл сөздерді қосып айтуымен 
ерекшеленеді.
«Жабағы тайды қорлама,


65 
Жазға шықса ат болар.
Жас жігітті қорлама,
Жұртыңа ертең бас болар. 
Көрген сайын «сіз» десіп, 
Сыйласқанға не жетсін? 
Шашылғанды бірлесіп,
Жинасқанға не жетсін?!» [47, 261 б.]. 
1851 жылы Мойынқұм өңірінде дүниеге келген қазақтың белгілі шешені 
Қылышбай Ерханұлы өз заманының сұңғыла тұлғасы. Ол өлең жазған әрі 
суырыпсалып айтудың да шебері болған. Қара қылды қақ жарған әділдігін 
бағалап халық оны Тура би атаған. Қылышбай шешеннің сөздері өмірдің өзінен 
алынған қарапайым қағидаларды, фәлсафалық оймен астарлап өруімен 
ерекшеленеді.
«...Не жандар өткен байлықпен, 
Өтірік сөз бен зорлықпен,
Жаһанға малы сыя алмай,  
Тұтыларсың бір күні» [47, 525 б.]. 
Шешендік сөз өнерінің публицистикалық белгілері жайында ғалым Б. 
Жақып шешендік сөздердің мән-мағынасы, қазақи тәрбиелік құны жыл өткен 
сайын күшейе беретіндігін, сондай-ақ шешендік сөздердің ықпал ету, әсер ету 
қуаты ғасырлар бойы сарқылмайтындығын жазады. Расында да, шешендік сөз 
өнері жыраулық, ақындық дәстүрлерге де ерекше реңк беріп, тіл қуатының 
ажарлы, айбынды болуына өзіндік әсер-қуат береді.
Антикалық әдебиет тарихын зерттеуші И.М. Тронскийдің еңбегін оқи 
отырып, адамзат рухани құндылығының ежелгі ескі дәуірден сабақтас, 
тамырлас өрбігендігін аңғарамыз.
Ежелгі грек әдебиетінің қалыптасып, Еуропаның басқа халықтар 
әдебиетінен бөле жара, ешкімге еліктемей, өз бетінше жетілгендігін дәлелдегісі 
келгенмен И.М. Тронский, шығыс әдебиеті элементінің әсер-ықпалын жоққа 
шығармайды. «Греческая литература – древнейшая из литератур Европы и 
единственная, развивавшаяся самостоятельно, не опираясь непосредственно на 
опыт других литератур. С более древними литературами Востока греки стали 
ближе знакомы лишь тогда, когда расцвет их собственной литературы лежал 
уже позади. Это не значит, что восточные элементы не проникали и в более 
раннюю греческую литературу, но они проникали устным, «фольклорным» 
путем…» [56, 9-10 бб]. 
Әрине, біздің айтпақ мәселеміз бұл емес. Осы еңбектегі ежелгі грек 
әдебиетінің алғашқы лирикалық жанрлары ретінде көрсеткен «Элегия и ямб», 
«Хоровая лирика» сияқты кейбір түрлерінің бізге де жат еместігі. Ауыз 
әдебиеті тарихында элегия табиғатына жақын жырлардың мол кездесуі, сондай-
ақ ұжымдық түрде айтылатын «Аужар», «Жар-жар» түрлерінің қазақ халқында 
да тым көнеден келе жатқандығы еске түседі.
Сондықтан да ғалымның «Первобытная поэзия – поэзия коллектива, из 
которого личность еще не выделилась; основным содержанием ее служат 


66 
поэтому чувства и представления коллектива, а не отдельной личности» [56, 25 
б.], – деген пікірі біздің зерттеушілеріміздің ойымен сабақтасып жатыр.
Осы еңбекте қара сөз үлгісіндегі һәм өлең үлгісіндегі Антикалық мәдениет 
сипаты сөз болады. Біз осыған дейін қазақ ауыз әдебиетінің мол мұрасының 
дені өлең-жыр түрінде туындап отырғандығын айтқан едік. Осы жерде қара сөз 
үлгісінде жеткен сөз өнері жәдігерлерінің де көп екендігін еске саламыз. Бүгінгі 
күнге жетіп отырған аңыз-әфсана, ертегі-әңгімелердің көбі қара сөз үлгісінде 
айтылып келді.  
Соның ішінде өзіміз сөз етіп отырған би-шешен мұраларының да көп 
жағдайда қара сөзбен өріліп отыратындығы белгілі. Бұл туралы 
ғалымдарымыздың өзі: «Шешендік дегеніміз белгілі уақиғаға байланысты 
тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге 
тараған белгілі ойлар, тұжырымдар» [57, 5 б.], – деп пікір білдіреді.
Мысалы, Сырым шешеннің тапқырлығы туралы ел аузындағы аңыз былай 
дейді: «Сырым 15 жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның 
ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған 
хан, баланы шақырып алып:
- Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетеді, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала 
есің неден кетіп еді? – дейді. 
- Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, елдің малы мен ақысын жеу 
ұрлық, – деп, Сырым жөніне жүре береді» [58,133 б.]. 
Қара сөз үлгісіндегі осындай шешендік өнер туындылары қазақ ауыз 
әдебиетінде мол. Мәселен, Қаз дауысты Қазыбектің он алты жасында қалмақ 
ханына айтқан «Біз қазақ мал баққан елміз» деп басталатын сөзі де үтір, нүктесі 
бұзылмаған саф қалпында бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы мысалдардың өзі-ақ 
өлең-жырға жүйрік қазақ халқының қара сөзді де қапысыз айта білетіндігін 
танытса керек.  
Би-шешендердің философиялық пайымдаулары мен тапқыр сөз, өлең-
жырларынан мұндай мағынадағы мысалдарды жүздеп, тіпті мыңдап келтіруге 
болады.
Зерттеу барысында сөз еткен жыраулар поэзиясы, айтыс ақындарының 
жырлары, би-шешендердің тапқыр сөздері – мұның бәрі көшпелі жұрттың биік 
мәдениетін, өзіндік өркениеті дамыған елдің терең таным-түйсігін танытады.
Белгілі зерттеуші-ғалым, этнограф А. Сейдімбеков «Қазақтың ауызша 
тарихы» шежірелік деректерді пайымдау еңбегінде шыншыл тарих жазу үшін 
не қажет екендігі жайлы төмендегідей пікірлер білдіреді: «Шыншыл тарих жазу 
үшін ең алдымен деректемелерге (источники) мұқият ден қою керек. Ал, 
деректемелер санатына тарихи айғақ-деректердің бәрін жатқызуға болады. 
Атап 
айтқанда 
археологиялық, 
этнографиялық, 
антропологиялық, 
лингвистикалық, жазбаша, заттық, ауызша айғақ деректің қай-қайсы да белгілі 
бір заман мен қоғам туралы, сол заман мен қоғам аясындағы адамдар жайында 
таным-түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді» [59, 12 б.]. 
Осы ғылыми пікірде келтірілген «ауызша айғақ деректі» бүгінгі ұрпаққа 
жеткізуде біз зерттеп отырған сөз өнері шеберлерінің, яғни, би-шешен, ақын-
жыраудың үлесі орасан зор екендігі ақиқат.


67 
Сондай-ақ осы еңбекте қазақ шежірешілдігі туралы ғылыми сипаты айқын, 
терең пікірлер айтылады. «Шежіреде ел-жұрттың әлеуметтік-саяси өміріндегі 
нақтылы хроникалық деректен гөрі сол әлеуметтік-саяси өмірдің 
типтендірілген сиптаы көбірек көрініс тауып отырады. Шежірелік аңыз-
әпсаналар мен әңгіме-хикаялар ел-жұрттың әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
құқықтық, 
салт-дәстүрлік, 
әсіресе, 
моральдық-этикалық 
қасиеттерін 
айғақтайтын дерек-мағлұматтарға тұнып тұр» [59, 13 б.]. 
Сөзбен өрілген рухани құндылықтар түрінің қайсысын алып қарамайық, 
ғалым А. Сейдімбеков келтірген осы тұжырымға толықтай жауап береді деп 
нақты айта аламыз.
Жыраулық дәстүр мен шешендік сөз өнері қасиеттерін зердесіне барынша 
сіңіре білген халық ақындары, рухани дәстүрді сәтті сабақтастырды. Халық 
ақындары көпшілік алдында сөз жарыстарып, яғни, айтысып қана қойған жоқ, 
олар сондай-ақ ұлттық өнер түрлерін одан сайын ажарландырып, байыта түсті.
Мәселен, Жамбыл ақынның бойында тек айтыскерлік дарын ғана емес
жыраулық, шешендік, күйшілік өнердің де болғандығын білеміз. Сүйінбай, 
Шөжелердің жыршы, Ақан, Біржан, Әсеттердің әнші-сазгер болғандығы 
белгілі. Бұл сипат сол заманда өмір сүрген көптеген халық ақындарына тән 
қасиет еді. Ықылым заманнан халықпен бірге жасасып, оның тарихи сипаттары 
мен әлеуметтік жүгін арқалаған сөз өнері жәдігерлерін ХІХ ғасырдағы қазақтың 
жазба әдебиеті көшіне аманаттағандар да осы айтыс ақындары болды.
Халық ақыны өлең-жырға қаншалықты жүйрік болса, қара сөзге де 
соншалықты бейім, талантты болған. Орыс зерттеушісі А.Ф. Мерзляков
«Шешендік сөз» атты ғылыми мақаласында: «Оратор должен действовать не на 
один только разум человека, но и на все его внимание» [60, 91 б.] – деген пікір 
келтіреді.
Ғалымның осы пайымдауын қазақ шешендері мен ақындарына да тән сипат 
дер едік. Бұл туралы қазақ даналығында «Тыңдалмаған сөз жетім» – деген 
қанатты сөз бар. Елдің ықылас-пейілін, назарын аудартуда қазақ ақын-
шешендеріндей шеберлік танытатын елдер сирек-ау, сірә?! Бұлай деп 
бағалауымызға ежелгі грек шешендерінің өмір тарихы мен шығармашылық 
жолымен танысуымыз себеп болып отыр.
Ертедегі Грецияның аса көрнекті қайраткерлерінің Плутарх шығармасы 
бойынша жасалған өмірнамасы негізінде жазылған «Әйгілі гректер» атты 
кітапта, Афинының мемлекет қайраткері, ұлы шешен Демосфен ғұмыры туралы 
баяндалады. Онда Демосфеннің сол мемлекеттің ең таңдаулы адвокаты 
Исейден төрт жыл бойы тыңғылықты сабақ алғандығы айтылады. Сондай-ақ 
жас талап шешеннің көпшілік алдында тұңғыш сөйлеген сөзі сәтсіз 
аяқталғандығы, жұрттың шулап, гулеп, қарқылдай күлгені оның сөзін аяқтауға 
мұрша бермеді, – дейді.
«Сөйтіп Демосфен қалайда өз сөзіндегі кемшіліктерді жөндеуге бекем бел 
байлайды. Ешкім алаң етпесін деп ол мүлдем оңашаланып алды, одан соң үйден 
шықпау үшін шашының бір жағын қырғызып тастады. Сөзінің ақауларын жою 
үшін күніне бірнеше сағат бойы жаттығумен шұғылданды. Ол аузына малта тас 


68 
салып алып, анық әрі естірте сөйлеуге тырысты, «р» дыбысын айтуды үйрену 
үшін үйіне күшік әкеліп, ырылдағанын тыңдап, үнін қайталады» [61, 209 б.]. 
Қазақтың би-шешендерінің тарихын зерттеп, шығармаларын жинап, 
насихаттаған ғалымдарымыз Б. Адамбаев, Н. Төреқұл жарыққа шығарған 
еңбектерден немесе ертеректе ауыз әдебиет үлгілерін жинап, пікір білдірген
С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов жазбаларынан, тіпті әрідегі
Ш. Уәлиханов сынды тұлғаларымыздың бірде-бірінде Демосфен тағдырына 
ұқсас қазақтың би-шешенін кездестірмейміз.
Біздің би-шешендердің мектебі ұлы даланың көнекөз абыз қариялары 
болды. Баланы бесіктегі кезінен тәрбиелеген («Ел болам десең, бесігіңді түзе» 
М.Әуезов) қазақ тоғызға келген қызына бәлиғат жасын беріп, ұлын он үшінде 
отау иесі атандырды. «Болар бала он үшінде баспын дер, болмас бала он 
бесінде жаспын дер» деп ұрпағына өмір сүру қағидасының заңдылықтарын 
үйретті.
Тұлпарды тай күнінде танитын далалық сын-пайым астарында да терең 
психологиялық, педагогикалық танымдылық жатыр. Төле, Қазыбек, Әйтеке 
билердің шешендік қасиеті бала кездерінен танылған. Көкірегінде сәулесі, 
көзінде оты бар балаларды ауыл абыздары, ақсақалдары кішкентай кезінен-ақ 
танып, оны ұлы өнерге баулып өсірген. «Абай жолы» эпопеясында Құнанбай 
сұлтанның билер кеңесіне он жасар Абайды қатыстырып отыруында да үлкен 
мән, терең тағылым жатыр. Құнанбайдың Абайдан үлкен ұлдары да болды, 
бірақ әкесінің ықыласы Абайға ауады. Неге?! 
Ғалым, этнограф А. Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты 
шежірелік деректерді пайымдау кітабында «Қазақтың қария сөздері» атты 
үлкен тарау бар. Әрине аталмыш тарауда айтылған зерттеу желісі өз алдына 
бөлек әңгіме. Мәселенің мәнісі «Қазақтың қария сөздері» атты тақырыпқа 
тіреледі. Қазақтың би-шешен, ақын-жыраулар мектебі сөз жоқ даладай кең 
дархан жүректі қариялар болып саналмақ. Бұл туралы ғалым, этнограф
А. Сейдімбектің өзі де ашып айтады: «Бұл ретте, қазақ шежіресі 
(шежірешілдігі) кімнің кімнен өрбігенін білдіретін есімдер тізбесі ғана емес
алдымен сол адамдардың мың-сан тіршілік-тынысы туралы айтылатын тарихи 
ақпарат тұрғысында ден қойдырады. Өйткені қазақтың қария сөздерінің 
аясында ұрпақтардың генеологиялық сабақтастығы ғана баяндалып қоймайды, 
ең бастысы, нақтылы оқиғалар мен тұлғалар туралы эпикалық жыр-толғаулар, 
тарихи аңыз-әңгімелер, ғибратты шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер, әсіресе, 
ситуациялық мысалдар, генеологиялық ақпараттың негізі мазмұнына айналып 
отырды. Яғни, қазақ шежіресін (шежірешілдігін) халық болмысының барлық 
қырын алуан түрлі үлгіде паш ететін тарихи ақпарат қоймасы деуге болады.» 
[59, 13 б.]. 
Айтысушы ақынның бойында жыраулықтың сарыны, шешендіктің дарыны 
бірдей сақталған. Төкпелете жыр төгу ақын үшін жыраулық образға кіру болса, 
табан астында ұтымды ой, жауап табу шешендік тапқырлықты қажет етеді. 
Көпшілік алдында жыр сайысына шығу айтыс ақынына мынадай міндеттер 
жүктейді:


69 

Айтыстың әлеуметтік ыңғайын бағамдау, яғни, тыңдарман ықыласына ие 
болу әрекеттерін ойластыру;

Қарсылас ақын туралы, оның тегі, руы, жері, тарихы жайында белгілі 
дәрежеде мағлұматты болу; 

Жыр сайысы барысында қарсылас ақынның аузынан шыққан сөз 
мазмұнына орай, күтпеген жерден тойтарыс беріп тұқырту; 

Қарсылас ақынның аузына сөз сала отырып, ертеден ойластырып келген 
ой қақпанына түсіру. 
Әрине, бұл міндеттердің барлығы көпшілікке табиғи, яғни, стихиялы түрде 
көрініс береді. Ең бастысы, ақындардың аузынан «от басы, ошақ қасының» 
әңгімесі емес, елдік, аталы сөздер айтылса, айтыскер үшін нағыз абырой сол 
болып саналады. Мәселен, қарсылас ақынның басынан сөз асырып, жеңуді 
мақсат ету барысында түрлі айла-шараларға бару тәсілдері де айтыс тарихында 
жиі кездесетін құбылыс.
Күні бүгінге дейін ел аузында аңыз болып жүрген Үмбетәлі мен Нұрила 
ақындардың айтысында осы жағдай барынша көрініс береді. Бұл айтыста 
Нұрила ақын жеңіп, бәйгеге ие болады. Бірақ кейіннен Үмбетәлінің назасына 
ұшыраған Нұрила ақынның өлерінде өкініп айтқаны деген мына бір жыр 
жолдары айтыс өнерінің кейбір ішкі сырларын ашып тұрғандай: 
«Көңілі неде болса тарықсын деп,
Қызуда қызба сөзді соғыппын кеп.
Бетіме қаулап келген қалың сөзін, 
Итеріп иірімге тоғыттым кеп. 
Артынан тарар кезде адам ба деп,
Шошынып өз-өзімнен қорықтым бек. 
Қырық кісі атын білген ер екен бір 
Отырмын сілесіне жолықтым деп» [38, 396- 397 бб]. 
ХІХ ғасырдағы айтыс өнерінің көркемдік дәрежесінің биік болып келуі әрі 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызының терең болуы сол кезде жазба 
айтыстың кең етек алуымен байланысты қарастырылады.
Жалпы экспромтты жағдайда қолма-қол суырып салу үрдісінде туған 
айтыстардың өзі мағынасын сақтай отырып, көркемдік дәрежесі біршама 
өңделіп, хатқа түскен. Бұл туралы М. Әуезовтың «Айтыс туралы» ғылыми 
мақаласында төмендегіше пікірлер келтіріледі: «Айтыстан кейін, сол айтыста 
болмаған көпшілік және айтысты ұғып жаттап алам деуші ақын шәкірттеріне 
айтып беретін, алғашқы айтысқа түскен екі ақынның біреуі айтысқан реттерін 
есіне сақтап, ұзынды-қысқалы көлемдерін еске ала отырып, өз сөзімен қарсы 
ақынның сөзіне, айтысын жаңғыртып береді. Мұның айтуынша, алғашқы халық 
алдында өткен айтыс, енді жаңа редакциядан өтеді...» [38, 13 б.]. 
Бұған қарағанда жазба айтыстардың жөні мүлдем бөлек. Онда ақынның 
білімі, парасаты, зерде-зейіні, шығармашылық қуаты барлық болмысымен 
жарқырай көрінеді. Тақырыптың мәні жан-жақты ашылып, тілге тиек болып 
отырған проблема түрлерінің тәрбиелік-тағылымдық жақтарының да мол 
болатындығы ақиқат.  


70 
Мәселен, Кете Жүсіп, Тұрымбет жырау, Жиенбай жыраулардың 
арасындағы жазба айтыс, өзінің көркемдік һәм әлеуметтік мәні тұрғысынан 
екшеп айтар туындыға жатады. 
Екі, үш немесе одан көп ақын-шайырлардың арасында жазба түрінде 
өрбіген айтыстарды халық мұрасынан мол ұшыратуға болады.
Кете Жүсіптің Тұрымбет жырауға жазған жыры өзінің дерек, мағлұматқа 
молдығымен ерекшеленеді. Жырда Кете, Әлім, Шөмен руларынан шыққан 
өнерлі адамдар туралы нақты деректер келтіріледі.
«Нақылда: арғы атамыз – қазақ, Алшын, 
Кете мен Әлім, Шөмен бір туысқан» 
Әлімнен қиялға кен шықты Ерімбет, 
Таласпас «озамын!» деп ешкім оған. 
Осы ердей әркім қиял тыңдатпаса, 
Құр көңіл не бітірер батпансынған? 
Шөменнен Оңғар менен Базар шықты, 
Жорғадай сөзі қымбат толықсыған!» [38, 225 б.]. 
Халық шығармашылығында Жыраулық, Шешендік, Ақындық сияқты сөз 
өнері түрлерінің рухани, мағыналық үндестігі жайлы осы тараушада біршама 
айтылды. Сөз өнері үлгісінде халықтың рухани құндылығының алтын арқауына 
айналған халық шығармашылығының түп-тамыры, қайнар көзі тым әріден, 
бағзылық дәуірлерден бастау алатындығына көз жеткіземіз.
Ең бастысы, біз сөз еткен шығармашылық өнер түрінің барлығы, халықтың 
тарихи тұрпатын айқындай отырып, елдің арман-тілегін, мақсат-мүддесін, 
тұрмыс-салт, әдет-ғұрпын, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын айқындаушы 
ақпарат қоры екендігіне көз жеткіздік.
Халық шығармашылығы әр дәуірде, әр қоғамда өзінің рухани қажеттілігін 
барынша дәлелдеп, уақыт заңдылықтарына орай бейімделіп, өсіп-өркендеп келе 
жатқан құндылық.
Қандай өркениетте өмір сүрмейік, өнер халықпен бірге жасасып, жаңарып, 
толысып отырады. «Өнер – халыққа қызмет етуші құндылық» деген қағида бар.
Сондықтан да, әлем өркениетіне қоян-қолтық араласа бастаған ХХІ 
ғасырдағы қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімін, оның өнері мен 
мәдениетінен, әдебиеті мен баспасөзінен іздеуіміз заңдылық.
Жыраулар поэзиясы халық руханиятының асыл қазынасы. Найзаның ұшы, 
білектің күші ғана емес, ел басына ереуіл күн туғанда халыққа қайрат, жігер 
беретін ұлттық рухтың қажеттігі өзінен-өзі туындайтыны белгілі. Дәл осы сәтте 
домбыра мен найзаны қатар ұстаған қазақ ақын-жыраулары заман 
идеологиясының тізгінін ұстады. Жыраулар поэзиясын зерделеп, тарихи 
деректерге жүгіне отырып көз жеткізгеніміз – біз білетін жыраулардың 
барлығы өз заманының батыры, қол бастаған көсемдері болған.
Ұлтын сүйіп, оның мүддесі, жері үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан 
жыраулардың батыр атануы да заңдылық. Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, 
Жиембет т.б. ақын-жыраулардың ерлік дәстүрі ХІХ ғасырдағы Махамбет 
заманына дейін жалғасты.


71 
Ұлттық патриотизмнің негізін қалаған жыраулар поэзиясы сөз (тіл) 
жауһарларының небір ғажап үлгілерін жарқырата көрсетумен қатар, елдің 
басын біріктіруде үлкен насихат, үгіт жүргізе білді. «Ата жұрты бұқара, өз 
қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп» [39, 25 б.],
Асан қайғы, «Азамат ердің баласы, Жабыққанын білдірмес» [39, 29 б.], 
Қазтуған, “Бетегелі Сарыарқаның бойында, Соғысып өлген өкінбес» [39, 31 б.],
Доспамбет, «Жалаңаш барып жауға ти» [39, 36 б.], Шалкиіз, «Құрап жанды көп 
жиып, өз алдына ел қылсам!» [39, 62 б.], Ақтамберді сияқты жыраулар сөзі
халықтың жігерін жанып, рухын көтеруде орасан зор рөл атқарды. Жыраулар 
поэзиясында елдің намысына қозғау салар мұндай ой оралымдары өте көп. 
Ақын-жыраулар поэзиясындағы мұндай өршіл рухтың тамыры да тым бағзы 
дәуірлерден, біздің көне түркі ата-баба мұраларынан бастау алады. Оған сол 
дәуірлерден жеткен сөз жәдігерлері куә. Сөз – ойдың жемісі. Дәуір дидары, 
уақыт тынысы сол заманның ақындары мен шайыр-жырауларының 
шығармашылық мұраларында бедер тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Сонау Ү-
ҮІІІ ғасырлардағы Орхон, Енесей, Талас жазбалары бабалар аманатынан сыр 
шертеді:
«Тоныкөк: Табағаштар, түстіктен шабыңдар!
Құтаңдар, шығыстан шабыңдар! 
Мен терістіктен шабамын!
Түркі-сір халқының жерін жат баспасын!
Сол дұшпанды жояйық» [16, 48 б.] – дейді.
Түркі халықтары үшін Күлтегін, Тоныкөк жырлары тарихи танымы терең, 
құнды жәдігер болып саналады. Содан бергі ғасырлар керуенін көктей шолатын 
болсақ, сол Тоныкөк, Күлтегін, Білге Қаған рухы халқымыздың сан-қилы, 
соқтықпалы-соқпақты жолында желідей тартылып, өзінің саһар сабақтастығын 
үзбей жалғастырумен келеді.
Оған куә – халқымыздың рухани жәдігері жыр-толғаулар мен шешендік 
сөздер, айтыс өлеңдерінің өміршеңдік мұраты мен тәрбиелік-тағылымдық 
мәнінің тереңдігі. Ертегіден – елдік, аңыздан – ақиқат, жырдан – сыр, 
өткенімізден өкініш емес өсиет іздеп, Тәуелсіз еліміздің тамырын ғасырлар 
қойнауынан қаузасақ, тарихымызды бұрынғыдан да терең тани түсеріміз хақ.
Жоғарыда келтірілген жыраулар поэзиясы да осындай дәстүрден сабақ ала 
отырып дамыған. Әрине, әр дәуірдің қоғамдық болмысы, халқының таным-
көзқарасы, тілдік-ойлау ерекшеліктері дамып, жетіліп, өзгеріп отыратындығы 
белгілі. Көне түркі жазбалары мен жыраулар поэзиясы көркемдік тұрғыдан жер 
мен көктей деуге болады. Бірақ ең бастысы түркі заманы мен қазақ хандығы 
дәуіріндегі шығармашылықта тілдік айырмашылық сезілгенімен, халықтық 
рухтың өшпей, сол қалпында сақталғаны дер едік.
Сөз өнеріне қатысты қандай халық шығармашылығы болмасын ол 
ешқашанда дербес дамымайды. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жыраулық, шешендік, 
айтыскерлік сияқты сөз өнері түрлерінің барлығы бір-бірімен сабақтаса өріліп, 
рухани үйлесімде дамыды. Кейде осы айтылған өнердің үш сипаты бір адамның 
бойына шоғырланып, халық арасында «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз 
атанды. Бұл туралы зерттеу барысында нақты мысалдар келтірген болатынбыз. 


72 
Жыраулар поэзиясы мен айтыс жырларына қарағанда би-шешен сөздерінің 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызы салмақтырақ болып есептеледі. Себебі 
би-шешен сөздерінің өзі халықтың әлеуметтік жағдайы мен қоғамдық маңызы 
бар істерді шешу, соған билік, төрелік айту барысында туындаған. Би-шешен 
сөздері ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы, барымта сияқты толып жатқан 
әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, мемлекет үшін аса маңызды 
оқиғаларды талқылау барысында көрініс тапқан. Мәселен, Абылай хан кеңесіне 
үнемі қатысып отырған сегіз биі, оның ішіндегі сөзі семіз биінің бірі Байдалы 
би туралы деректер, Кенесары хан тұсындағы елдік мәселелерге араласып, хан 
ордасында байламды билік айтқан Қанай би, Тәттіқара шешендердің әрекеттері 
қазақ 
би-шешендерінің 
әрекеттері 
әлеуметтік-саяси 
мәселелерге 
қатысқандығын көрсетумен қатар, би-шешен сөздерінің қоғамдық маңызы мен 
әлеуметтік мәнінің зор болғандығын танытады. ХІХ ғасырға дейін ілгерілі-
кейінді осындай дала өркениетінің ақын-жырау, би-шешендер қалыптастырған 
ұлы мектебі айтыс ақындарының өнеріне үлкен ықпал етіп, өзінің 
шығармашылық рухани әсерін тигізгені ақиқат.


73 
2 ХХ ҒАСЫРДЫҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет