Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру


  4.2 Түркиядағы қазақ диаспорасының үйлену әдет-ғұрыптарындағы



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
annotation20277

 


78 
4.2 Түркиядағы қазақ диаспорасының үйлену әдет-ғұрыптарындағы 
ерекшеліктер 
Түркиялық қазақтардың өмір салтында, үйлену, отбасын құрауға 
байланысты әдет-ғұрыптарында да жергілікті халықтың ықпалы әбден 
сіңген деуге болады. Оның себептері жоғарыда айтқандай, күнделікті 
өмірде қазақ тілі мен түрік тілінің аралас қолданылуы, жастардың 
жергілікті өспірімдермен тығыз қарым-қатынаста болуы, т.с.с. Түрік 
қазақтары тұрған елінің жағдайына көбірек бейімделген диаспора болып 
табылады. Түркия мәдени, діни, тілдік жағдайы анағұрлым жақын ел. 
Бүгінде жастар барған сайын салт-дәстүрді сақтауға немқұрайды қарауда.
Мысалы, бұдан ертеректе қазақтар балаларына болашақ жар таңдауда ата-
ананың еркімен іске асырылса, бүгінде өз еркімен шешуге тырысады. Бiрақ 
тiл мен қанды араластырмау үшiн Түркияда жаз айларында екi ай бойы 
арнайы той-мерекелер өткiзiледi екен. Оған Қазақстан мен Еуропадан қазақ 
отбасылары келiп, өзара танысып, той-думан өткiзiп, балаларының 
толыққанды қазақ отбасын құруына мүдделi болып, өзара жақсы араласады 
екен.Үйлену тойында қазіргі түрік және қазақ дәстүрлері аралас жүреді. 
Оған себеп, түркілік тегінің ортақтығы және мұсылман діні қазақтардың 
түрік қоғамына тез бейімделіп кетуіне мүмкіндік берген. Осы жөнінде 
Әбдрахман Четин: «Еуропаның 10 елінде қоғам құрылған дедім, сол 
қоғамдардың негізгі міндеттері жастардың басын қосып бір-бірімен 
таныстыру. Араласып, кешке ойын-сауық құрады. Басқа ұлтқа тұрмысқа 
шыққанша өз ұлтымызға шықсын деп ойлаймыз. Қоғамдарда кезек-кезек 
жылына бір рет сондай ұйымдастырылып тұрады. Бар табысымыз сол ғана 
болып тұр», - деп әңгімелейді (ХІV). 
Түркиядағы қазақтардың ассимиляцияға түсуiне өзiндiк септiгiн тигiзiп 
жатқан тағы бiр фактор — аралас некелер. Түрiктен қыз алып, не түрiкке қыз 
берiп жатқан қазақ отбасылары да жоқ емес. Мәселен Түркиядағы аралас 
семьялы отбасында түрік халқының салт-дәстүрлері басымдық рөлге ие 
болып, қазақтың байырғы салт-дәстүр түрлері өзінің мазмұны және түрі 
жағынан өзгеріске ұшыраған. Ал француз, неміс ұлтына үйленуші қазақ 
жастары ата-дәстүрін мүлде ұмытуға айналған. Тек бірлі жарым әке-
шешелері бар қазақ отбасы өз балаларын шамасы келгенше қазақ қыздарына 
үйлендіруге тырысқан. Ондай отбасыда қазақтың байырғы салт-
дәстүрлерінің жұрнағы сақталып қалған [55, 104-105 бб.].
 
Түркиядағы қазақ отбасыларының көбі күрделі (бөлінбеген) және 
моноэтникалық болып келеді, әйтсе де басқа түркі халықтары өкілдерімен: 
қырым татарларымен, қырғыздармен, ұйғырлармен некелесу де онша аз емес. 
Қазақтың жігіттері үшін некеге тұру жасының шектелуі жоғары. Қазақтар 
көбінесе 30-ға толғанда, отбасын құруға және толық жауап беруге 
материалдық негіз қаланған кезде үйленеді. Дәстүр бойынша Түркияда 
отбасы үшін бар жауапкершілік ерлерге жүктелген. Жоғары білім алмаған 
қыздар көп жағдайда кәмелетке тола салысымен күйеуге шығып, күйеулеріне 
отбасылық өндірісте көмектеседі. Қазақ жастарының өкілдері Батыс Еуропа, 


79 
Солтүстік Америка елдерінен жұмыс пен жақсы өмір іздеп өз үйлерін жиі 
тастап кетіп жүр және соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанға көшіп келуге 
әрекет ете бастады [32].
 
Сондықтан қазақ диаспорасы арасында көп таралмаса да сол Европа 
елдеріндегі түркі халықтары қыздарымен (мәселен, башқұрт, ноғай, татар, 
гагауз, т.б.) некелесудің бар екендігін зерттеу барысында көз жеткіздік. Сол 
сияқты Қазақстанға келген қандастырымызда бүгінде тарихи Отанындағы 
қазақ қыздарымен отбасын құрауда.
Зағипа Мауленнің айтуынша қыз ұзату, келін түсіру тәртіптері жалпы 
осы Қазақстан қазақтарының салт-дәстүріне өте ұқсас. Заманға сәйкес, 
әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларға (сол жүрген жерлердегі) 
байланысты аз ғана өзгерістер еніп, біршама өзгерген (ХХV).
Жүргізілген 
далалық 
зерттеу 
экспедциясының 
нәтижесінде 
байқағанымыз Түркия қазақтарының бүгінгі таңдағы отбасылық-некелік 
әдет-ғұрыптары бірқатар өзгеріске ұшырағандығы жөнінде жоғарыда айтып 
өттік. Мәселен, құда түсу жоралғыларының бұрынғы мағыналары жоғалып 
кеткен. Дегенмен де әдет-ғұрыптардың кейбір бөліктері өзінің 
тұрақтылығын сақтап қалған. Түркиядағы қазақтарда да әлі күнге дейін жеті 
атаға толмаса үйленбейді. Сондықтан әр қазақ өзінің аталық шежіресін 
жақсы білуге тиіс. Қазақтар аталық шежіресін есте сақтауды мықтап 
меңгеріп, өзіндік салт-дәстүрін қатаң ұстанған дейді Әбдуақап Қара. Ал, 
Иран қазақтарының ата-дәстүрін сақтап, әсіресе жастардың үйленуіне 
қатысты, жеті атаға толмаса олардың қосылуына қатаң тиым салынғандығы 
жөнінде де ғалым Ислам Жеменей өз еңбектерінде келтіреді [31] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет