Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
annotation20277

Баспанасы. Түркиядағы қазақтардың баспана құрылысы жергілікті түрік 
халықтарының баспаналарынан көп айырмашылығы жоқ.
1953 жылы Түркия еліне үш мыңнан артық қазақ көшіп барып, негізінен 
Стамбул, Измир, Анкара, Бурса, Ескишемір, Кайсер секілді қалалар мен 
ауылдарға қоныстанған. Олар алғашында мүсәпірхана, яғни қонақүйлерде 
орналастырылады Бастапқыда үй жалдап тұрған 20 шақты үй болған. Кейін 
келе қазақтар шашырамай бір-біріне жақын тұру үшін өкіметтен жер сұрап, 
ыңғайлы жерлер іздеген. Қиындықты әбден бастан өткізген ауыз біршілігі 
бекем қазақ халқы бірлесе отырып, шот ашып 10 күн ақша жинайды. Оған 
150 адам ақша салады. Жиналған 30 000 мың ақша қазіргі тұрып жатқан 
қазақ кентін тұрғызды (1). Осы жөнінде 
Әбдуақап Қара «Түркия 
қазақтарының кешегісі, бүгінгісі және ертеңгісі» мақаласында: «Қазақтардын 
1972 жылы қоғамдасуға байланысты қол жеткізген бір үлкен табысы 
Стамбұлда Қазақкент атында бір ауыл салуы еді. Қазақ жетекшілерінен 
Дәлелхан Жаналтайдың басқаруында қазақтар Стамбұлдың Гүнешли деген 
ауданынан 500 үйдік жер сатып алды. Осы жерге тұрғын үйлер салғызды. 
Сөйтіп қазақтар әрі жинақы отыратын бір ауылға, әрі Стамбұл секілді қымбат 
қалада жалға төлеп қиналған қазақ өзінің меншікті үйін иеленді», - деп 
жазды [38]. Ол кезде ол жер жазық дала болған. Олар кірпішті балшықтан 
илеп, күйдіріп жасаған. Ақпарат берушілердің айтуынша қазақтар үйді 3-4 
қабат етіп өздері тұрғызады. Мәселен, 1955-1970 жылға дейін Кония деген 
қаланың Исмир ауылында тұрғанымызда 300-400 үй түріктер тұратын. 
Қазақтар үйді кірпіштен салды. Материалдарын мемлекет берді. Қол өнермен 
материал жоқ болғандықтан айналыспады. 20-30 адам жиналып бидай ектік, 
қазір жалға беріп қойдық. 
Түркия қазақтарының баспаналарының бір ерекшелігі бір отбасының 
бірге туғандары бәрі бірігіп осы бірнеше қабатты үйлерде тұрады. Мысалға 
бірінші қабатында үлкен ұлы, екінші қабатында екінші ұлы, үшінші 
қабатында тағы бір туысы, төртінші қабатында үй иелері ата-анасы тұрады. 
Әр қабаттағы үйлерде 3-4 бөлме қонақ күтетін, жатын, балалар бөлмесі және 
асүйден тұрады. Жастардың бөлмесі қазіргі европалық талғаммен жиһаздар 
қойылса, үлкен кісілердің үйінде әлі күнге дейін ұлттық мәдени 
мұраларымыздың жұрнағы ретінде сырмақтар, тұскиіздер, т.с.с. қолөнер 
бұйымдарын көруге болады.
Көбіне байқағанымыз үлкендердің түсіп-шығуына ыңғайлы болмаса да 
ең жоғары қабатта тұруы. Біздің ойымызша, ол баяғы тәртіппен балалардың 
қамқоршысы, басшысы ретінде жоғарыдан бақылап отырғандағы ниеті мен 
ырымы сияқты көрінді.
Сол сияқты Стамбұлдан 80 шақырым жерде орналасқан Силиври 
ауданында Ақжолдар әулеті тұрады. Атамекеннен жырақта жүрсе де, олар 
сонау Түркия жерінде халқымыздың ұлттық мұрасын сақтап келеді. Олар 
өздерінің зәулім үйлерінің қасына қазақтың киіз үйлерін тіккен [33]. 
Тарихымыздағы алғашқы сәулеттік құрылыс, қасиетті қазақ ордаларының 
халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, фәлсафасында алар орны ерекше. 


67 
Киіз үйлердің іші мен сырты қазақы ою-өрнектермен айшықталған. Бұл 
рухани мәдениетіміздің көрсеткіші. Сондықтан халқымыздың ұлттық 
бұйымдарын Ақжолдар әулеті теңдесі жоқ байлыққа балайды. Он екі қабат 
киіз үй нұсқасында салынған әдемі биік киіз үйдің іші кәдімгі қазақтың 
байырғы үйіндей кілем, айнала көрпе жаюлы, жайнап тұр. Сонымен қатар,
Менің атам Шығыс Түркістанның Көктоғайының тумасы, - дейді Әбдімансұр 
Ақжол. - Осындағы барша қазақ сияқты, менің атам да 1953 жылы үй-ішімен 
Түркияға көшіп келген. Мендегі нағыз киіз үй толассыз жауынға шыдамады, 
содан соң киіз үйді бетоннан құруға тура келді. Ішкі жағын әдемілеу үшін 
Қытай және Моңғолиядан қолдан тоқылған текемет, сырмақ, тұскиіздер 
алғыздым. Коттедждерім әлі салынбаған алғашқы кезде мен осында тұрдым. 
Екінші киіз үй той-томалақ өткізуге арналған. Мысалы, балаларымның, 
туған-туыстарым мен достарымның үйлену тойлары осында өтеді. Біз осында 
алғаш келгенде бес жан ғана едік, қазір отбасымызда 50 адам бар, дейді [41]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет