1.2 Қазақтардың ХХ ғ. 30-40 ғғ. көші-қоны
Қазақтың жат жердегі азабы 1930 жылдары да тоқтаған жоқ. Осы
кезеңде Шығыс Түркістанда 800 мың қазақ болғандығы жөнінде Годфри
Лиас өз еңбегінде көрсетеді [8, p.9.] 1931 жылдары аз санды халықтар
қытай өкіметінің озбыр саясатына қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты.
Сол көтеріліске қазақтарда белсене қатысады. Осы көтерілістер жөнінде Х.
Алтай өз еңбегінде жан-жақты сипаттап былай деп жазады: «Қожанияз бен
Әйембет басшылық еткен көтеріліске кейіннен Нұрғали, Құсайын және
Әліптің үлкен баласы Елісхан мен Мажың Иың атты дүнген де қатысады.
Көтеріліс халықтық сипат алады. Сол тұста аз ұлттардан (қазақ, қырғыз,
ұйғыр т.б.) алпыс- жетпіс мыңдай адамды қырғынға ұшыратады» [3, 14б.].
Осы
жантүршігерлік айқасты көзімен көрген Таңжарық ақын:
Бәрі қан Үрімжінің айналасы,
Ескі там ұңғыл-шұңғыл сай-саласы.
Ішегін иттер тартып өлген жанның,
Домалап, қарға шоқып жатыр басы.
Келгендер Үрімжінің қаласына.
Көзің сал, қалтарыс сай-саласына.
Ұмытпа, өле-өлгенше осыны,-деп
Тапсырып кет балаңның баласына - деп жырлайды [23, 147 б.].
Қытай өкіметінің иелігінде қалған Іле, Тарбағатай, Үрімші
аймақтарындағы қазақтар қытайлардың езгісіне шыдай алмай оларға қарсы
жиі-жиі көтеріліске шығып отырды. Сондай көтерілістердің бірінде Құмыл,
Баркөл, Норы, Шонжы, Санжы, Алтай, Қашқар, Ақсу, Қарашөр Жаркент
және Хотан аймақтары көтерілісшілердің қарамағына өтеді. Бірақ олардың
арасында ұйымдастырушы ұйым болмады. Тек Қарашөрдегі Сәбит Дамолла
ғана
ұлттық
аймақтардан
біртұтас
«Шығыс
Түркістан
Ислам
Республикасын» құруды жоспарлаған болатын. Сонымен, бүкіл өлкені
қозғалыс қамтыған Шығыс Түркістанда Шың-Шорын билігі құлдырай
16
берді. Елді басқару жоспары жүзеге аспағаннан кейін Шың-Шорын
орнынан кетіп, 1933 жылдың 14 мамырында армия қолбасшысы Шың-Ши-
Сай үкімет басына келді [21]. Ол әрине жергілікті халықтың жағдайын
жақсартуға бағытталған реформа жасағанмен, аз санды мұсылман
халықтарын бір-біріне айдап салып отырды. Осы жылғы үлкен жұт, әрі
жаугершіліктің салдарынан Алтай, Шіңгілдің халқы ауыр зардап шегеді.
Сондықтан көптеген қазақ ауылдары Тарбағатай, Алтайды тастап Құмыл
аймағы, Баркөл ауданына қоныс аударады. Сөйтіп қытай иелігіндегі
қазақтар саны бұрынғыдан да көбейе түседі. Олар қазақтың тұтасқан
ортасынан, қаруланған тобынан қорқып, олардың арасын ыдыратуға күш
салады. Бұл жөнінде ғалым Г.М. Мендикулова өз еңбегінде деректерді
келтіре отырып: «Үрімші провинциялық өкіметі орталық аймақтардан
қытай шаруаларын көшіру арқылы қазақтың жайылым жерлерін тартып алу,
оны қытай шаруаларына беру, сондай ақ, аумақтағы ұлттық құрамды
теңестіре отырып, елдегі саяси жағдайды тұрақтандыруды мақсат етті» -
деп жазды [10, С.115.]. Сондай-ақ, аз санды халықтар арасындағы
алауыздықты да өз мақсатына орынды пайдалана білді. Қытай өкіметінің
бұл зорлығына қарсы Синьцзяндағы барлық мұсылман халықтары қарсы
шығып, қантөгіс соғысқа ұласты. Бұған Елісхан батыр, Құсайын тәйжі,
Зәйіп тәйжі, т.б. қатысты. Соңына түскен жаудан халқын аман алып қалу
мақсатында Елісхан батыр 1934 жылы Адубай, Тұңғышбай, Тайшы,
Сейітхан бастаған 500-дей адамды Гансу-Шыңхайға көшіреді. Мұнан кейін
600 отбасын Шың-Шынша шекарасынан алып кетіп, 1935 жылы Гансудың
Тула деген жеріне барып қоныстандырады [3, 14-15 бб.]. Осындай соғыстар
мен қақтығыстар елдің тынышын алып, әбден әлсіретеді. Алтайдағы қытай
өкіметінің қазақтарға алым-салықты көбейтуі, жиі-жиі соқтығысы
салдарынан 1935, 1936, 1937 жылдары Көктоғайдағы Сұлтаншәріп тәйжі
ителі руынан мың үйді бастап Гансу өлкесінің Дүнхуаң ауданына көшіп
барды. Ал, Елісхан 400 адамды бастап Чиңхайдың Кіреку қонысына көшіп
барады [19, 12 б.].
Шың-Ши-Сай бастаған қытай өкіметі ұйғыр Қожанияз бен дұнған Га-
Сылық арасындағы араздықты пайдаланып, мұсылман жасақтарын Га-
Сылық әскерлерінің соңына салып қояды. Оны бірыңғай еткен соң ұлттық
құрамаларды ыдыратуды мақсат етті. Шың-Ши-Сайдың саясаты жөнінде
Абдулуақап Қара былай дейді: «...адамдарды рухани «сілкіндіріп»,
жиналыстар ашуына ерік береді. Мектептер ашып, ұлт тілдерінде сабақ та
бергізеді. Халықты осындай шаралармен алдарқата отырып, бір жағынан
Құмыл, Баркөлден Мажан, Шақия, Елісхан, Зәйіп Тәйжі сияқты ел
басыларын ұстап әкетіп жатты. Алданған халық сұмдық саясатты аңғарып
қалып атқа қайта қона бастап еді, тұтқындарды түрмеден шығарып, тағы бір
сайқалдыққа басты» - деп жазды Абдулуақап Қара [21]. Қытай үкімет
әскерлері 1936 жылы көкек айында Құмылдағы қазақтарға қарсы шабуыл
жасайды. Бірақ Елісхан мен Қомақан басқарған қазақ қолы бұл шабуылға
Тасбұлақта тойтарыс береді. Бірақ қытай өкіметі барлық күшін жинап
17
көтерілісшілерге қарсы соққы береді. Олардың күшінен сескенген Елісхан
Тәйші Құмылға кері қайтпай, Гансуге көшеді. Бұл кезең қазақтардың енді
қытай елінен басқа аумақтарға қарай ығысуына әкелді.
Елісхан елі Гансуге өтіп кеткен соң қытайлар қазақтарға қысымды
күшейте түседі. Соның салдарынан Зәйіп тәйжі де Гансудегі Елісханның
жай-күйін білмесе де ауылды апаттан құтқару үшін елін жиып Баркөлден
көшіп кетеді. Бұл жөнінде Әбділуақап Қара: «..бес мың адамдық бұл көш
1936 жылдың тамыз айында жолға шығып, қыркүйекте Гансудің Уркин-
Ирка қаласына қоныстанған Елісхан еліне келіп қосылды» - деп көрсетеді
[21].
Ал, Халифа Алтай өз еңбегінде: «Осы жолғы үшінші көштің басшысы
Зайып болады. ...Зайып пен Қасым бастаған Баркөлдегі мың түтін ың-
шыңсыз бір ақ күнде 1936 жылы шекарадан өтіп, Гансуда отырған Елісханға
барып қосылады», - деп жазады [19,16 б.] Сонда мың түтін болса әр
отбасында 5 адам деп есептегенде 5000 қазақ көш аударған екен.
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы қытай өкіметінің қазақтарға көрсеткен
зорлық-зомбылығынан жерін тастап көшкен қазақтардың көші жөнінде Г.М.
Мендикулова былай дейді: «1936 ж. Баркөл аймағынан Газкөлге 18 мың
қазақ көш бастайды. Оның ішінде Құсайын тәйжі, Кабен Өзтүрк (Мұстафа
Өзтүрктің әкесі) Баркөлден Газкөлге дейін жетіп, Цинхай шекарасында
және Шығыс Түркістанда 300 отбасымен 1951 ж. дейін қалады.
Сұлтаншәріп тәйжі 1937 ж. Баркөлден Цинхайге 200 отбасымен көшуге
мәжбүр болады», - деп көрсетеді [10, С.167].
Осы кезеңнің
сұрапыл жылдарын Дәлелхан Жаналтайда өз еңбегінде
былай деп жазады: «Қытай өкіметінің қысымынан 1937-1938 жылдары
Цинхайға Сұлтаншәріп тәйжі, Елісхан тәйжі, Зәйіп тәйжі, Хамза қожа және
Мұқадил Тонжан бастаған 4 мың қазақ көшіп келеді», - деп жазды [5, 36 б.].
Осы қиыншылықтары туралы босқын қазақтардың естеліктерінде көп
жазылды. Алтайдан басталған көштің ішінде болған Халифа Алтайда да осы
тарихи оқиғалар жөнінде: «1931-1942 жылдары Шығыс Түркістан Шың-шы-
сай режимі мен коммунистік қызыл саясат идеяларының қыспағында үлкен
дүрбелең кезеңді бастан кешірді. 1937 жылы Алтай аймағының Шіңгіл
ауданындағы он екі ата Абақ керей рулары қысымшылдық салдарынан
туған елдерін тастап, оңтүстікке қарай ауады. Бұл ауа көшу жиырма жылдан
астам уақытқа созылған еді. Құмыл аймағының Баркөл ауданына дейін
келген қазақтың он сегіз мыңы бұл жерден өтіп, Ғансу, Шыңқай өлкелеріне
кетеді.
Босыған
қазақтар
көш
бойында
да
үлкенді-кішілі
шапқыншылықтарға ұшырап отырды. Осы азапты 2 жыл көш жолында олар
он сегіз мыңның он үш мыңын жалмап, бес мыңы ғана қалады», - деп
жазады [24].
Осы жөнінде Мансұр Тәйжіде өз мәліметінде: «Қытай
республикасының алғашқы кезеңдерінде біздің Өр-Алтай, Шыңжаң
аумағына келген бастық Шың-ши-сай деген адам аса қаталдығымен көзге
түсті. Ол, қазақтың ат жалын тартып мінген ел ағаларын бір – бірден ұстап,
қаматып отырды. Осы қиыншылыққа шыдай алмаған. Өр Алтайдың Баркөл,
Нұри, Шонжы, Боғда аумағындағы ағайындар жан сауғалап, Гансу өлкесі
18
менен Шыңхай өлкесіне қарай 15 000 мың жан саны бар 3000 мыңдай ауыл
көше отырып 1938 жылы Дүнген мұсылман халқының Мауфан
басқармасына қарасты жерге орналасқан. Бірақ халық жерлесе
алмағандықтан, барған 18000 адам төртке бөлінуге тура келеді:
1. Елісхан батыр, Зәйіп Тәйжі, Хамза Залым бастаған 700 отбасы 1939
жылы Тибет таулары арқылы Оңтүстік Үндістанға кетті.
2. Сұлтаншәріп Т. Зуқаұлы (Зуха батыр) 350 отбасымен Шыңқай
өлкесінде қалып, көштің алды-артын жинап, жетім-жесірлерге пана болды.
3. Хұсайын Тәйжі 100-дей отбасымен Шыңхайдың батысы, Гансудың
оңтүстігіндегі кең байтақ жері Гаскөлге жерлесті. Гаскөл - (Шыңжаңның
шығыс оңтүстігі) 12 жыл осы жерде тұрған.
4. Адубай, Мұқаділ, Сабырбай, Нұрғали ағаларымыз бастаған көш 1939
1940 жылдары қайтадан ескі қоныс Баркөл, Бисан өңірлеріне тұрақтады», -
деп жазды [25, 150-151 бб.].
Осы Гансу көші Алтайлық қазақтарын да дүр сілкінтті. Бұл кезеңде
Шың-Ши-Сайдың зомбылығы оларға тіпті қатты батып тұрған еді.
Қытайлықтардың енді оларды тыныш қоймайтынын білген ауылдар
Баркөлге қарай босыды. Бірақ тыныштық бұл жерде де бұзыла бастайды.
Қазақтар тұратын аймақтың коменданты Ма-Лу өлке бастығы Ма-Бу-
Фаңның айтқанын тыңдамай, қазақтарға қорлық көрсете бастайды. Бұл
азапқа шыдай алмаған қазақтар Дошаланда маслихат құрып «Ма-Бу-Фан
бізге жақсылық жасай қоймас, сондықтан Гансудан басқа бір тыныш
кеңістікке қоныс аудару керек» - деп шешім қабылдайды. Бір ай бойы
дайындалып Елісхан бастаған топ 1939 жылдың маусымында жолға
шығады. Бірақ босқындардың осылайша еркінсуі қытай өкіметінің ашуын
шақырады. Генерал Ма-Бу-Фан полковник Ма-Лу-Шаңды өкіл етіп,
Елісханды қайтарып әкелуге жұмсайды. Елісхан тобының тілге көнбейтінін,
шайқасудан да тайынбайтынын білген Ма-Лу-Шаң Дошаланда тұрып
жатқан қазақтардың бірнеше басшысын ертіп алып, Алтыншоқыда қуып
жетеді. Оларға Гансуға қайтыңдар, Уиркин-Иркада тұра беріңдер, мал-
мүліктеріңе тиіспейміз, қару-жарақтарыңды да өткізе тұрыңдар, мекен-
жайларыңа барған соң қайтарып береміз» - деген уәде береді. Бұл әрине
алдап-арбау арқылы қазақтарды тұзаққа түсіру болатын. Қытай өкіметінің
аталас ақсақалдарды жіберіп отырғасын олардың меселін қайтармай,
Елісхан Тәйші Уиркин-Иркаға қайта көшуге көнеді. Бірақ сол жаққа қайта
бұрылған көшті бірнеше күннен кейін Сайдым ойпатында Ма-Лу-Шаң өзі
шабуыл жасап, Елісхан Тәйші, Қайшы батыр, Идрис муфтилерді ұстап
кісендеп, басқа тағы да 18 адамға ен тағып, 4 адамның тізімге тіркелуіне
бұйрық береді. Ма-Лу-Шаңның қара ниеті қазақтарды қойдай қырып,
Сайдымның сары даласына тастап кету еді. Қытай қолбасшысының берген
антынан таюы сол өзінің қол астындағы мұсылман әскерлерінің намысына
тиеді. Солардың бірі Елісханның ағасы Қожақынға қытайлардың қазақтың
бәрін қырып тастайтынын айтып қояды. Қожақын жолдастарын тез жинап,
қаруланып алып Ма-Лу-Шаң жендеттеріне түн ортасында, шырт ұйқыда
19
жатқанда тап беріп, Ма-Лу-Шаңның шатырын бас салып, таптап тастайды
да енді бір тобы кісендеулі Елісхан жатқан шатырды жарып, құтқарып
алады. Ашуланған азаматтар ешбір қаймықпай Ма-Лу-Шаңды да, оның
жендеттерін де қырып тастайды. Елісхан Тәйші мен Идрис муфти аман
қалады да Қайшы батыр жағаласып жүріп, шейіт болады. Айқаста жан
қиғандар жерленген соң, ел бас аяғын жинап, ол жерден үдере көшеді. Бұл
оқиғадан соң қазақтар Гансу төңірегінде тұра алмайтындығын біліп,
Тибетке қарай бет түзейді. Қараша айында Тибеттің шекарадағы қаласы
Нақшаға келіп жетеді. Елісхан Тәйжі тибеттіктерге өтініш жазып, қоныс
сұрайды. Олар бұл жайды Лыхасадағы Далай Лама Орталық үкіметіне
хабарлайтынын, соның жауабын күтулері керек екенін айтады [21].
Елісхан ауылдарының Сайдым ойпатындағы бүлігі, Ма-Лу-Шаң
әскерімен қайта қақтығысып, қан қаптырған ержүректігі Гансуда қалған
басқа қазақтардың жігерін оятып, рух береді. Ма-Бу-Фаң енді олардан кек
алмай қоймайтындығын біліп, Елісхан салған жолмен оларда Тибет
асуымыз керек деп шешеді. Зәйіп Тәйші осы жағдайды ақылға салып, қапы
қалмайық, тез қомданып Алтыншоқыға жетейік те одан әрі Тибет шығып
кетейік деп келіседі. Тек Гансудың ішкерісіне Тибет өтіп кеткен Құсайын
Тәйші мен Сұлтан Шәріп ауылдарының мұндай тәуекелге бел байлауға
мүмкіндігі болмады. 1939 жылы Дошаннан үдере көшкен Зәйіп ауылдары
он күннен кейін Сайдым ойпатына келіп түсті. Осы жерде соңдарынан қуып
жау әскері де жетті. Оған Хамза Залың басқарған жасақ қарсы шабуыл
жасап, кері шегіндірді. Қуғынға тосқауыл қоя отырып, осы арада тағы
бірнеше күн дамылдап, ес жинап, көліктерін қайта қомдап, Тибетке тура
тартты» - деп осы көштің басталуы жөнінде Абдулуақап Қара [21].
Бірақ
Тибеттің қатал табиғаты қазақтың өмір сүруіне қолайлы бола қойған жоқ.
Осыған байланысты Халифа Алтай осы көш көш жөнінде (өзі де осы көште
болған): «1940 жылы күзде Зәйіп ауылы Шыңхайдың Саха деген жерінде
отырған. Ал, Елісхан елі Тибет асып кетті. Бізде сонда көшейік деп, Зәйіп
бастаған көш Зуна деген жерге келіп қонады. Бұл тибеттік моңғолдардың
мекені еді. Көш содан ары қарай Алтыншөгеге келгенде оған Хамза көшіп
келіп қосылады. Бұл Елісханнан қалған жұрт, осы жерде көп адам ыстан
қаза болыпты. Көш бойында Тибет шекарасына жеткенге дейін тибет пен
дүнгендермен шайқасып, мұнда да көп қиыншылықтар көрді», - деп жазды
[3, 28-29 бб.] Тибет жерінің табиғаты қазақтарға қырын келді. Әсіресе, ауа
жетіспеуі салдарынан адамдардың ауызы уылып, тіс түбінен, ауыз-
мұрындарынан қан кетіп қиналды, «Ыс» деп аталатын бұл індет малдардың
қырылуына да себеп болды. Тибеттің ауыр табиғатына тап болған
қазақтарды қамаған жау тағы да қуып жетті. Көш туп-тура шекарада тұрды
Енді не болса да жаумен жағаласудан басқа шара жоқ Сұрапыл соғыс екі
күнге созылады. Босқындардың бостандық аңсаған арманы, ынта-жігері,
өмір үшін арпалысы ақыры жаудан үстем түсіп, жеңіп шықты. Бірақ бұл
айқастың қасіреті қазақтар үшін өте ауыр болды. Жүздеген адам шейіт
болып, соғыс алаңында қалды. Жау жорығын тойтарып, қуғыннан құтылған
20
соң 20 күннен кейін бұл көште Нахшада отырған Елісхан еліне барып
қосылды. Нахша әскерләкімдері бұларға да Лыхаса жауабын күтулері
керектігін айтты. Жауап күту екі айға созылды. Бірақ Дала Лама жауабы
көңілсіз болды. «Босқындар келген жолымен кері қайтсын, әйтпесе, Шың-
Жаң шекарасын кенерелеп отырып, Кашмирге өтіп кетсін» - депті [3, 24б.].
Тибеттің қатал табиғатына, Гималайдың шың құздары мен шатқалдарынан
жол тауып жүру қиынның қиыны. Ұшы–қиырсыз қарлы адырлардан малға
өріс, адамға азық табылмайды, түп-түгел мұз құрсаған әлем. Өлгендерді
көме алмайсың. Қара жерді жарты қарыс қазуға күш жетпейді. Жер қазып
емес, тас қашап жатқандайсың, - деп келтіреді. Сөйтіп, Тибет жері
аумағындағы қазақтар 1940 жылы шілде айында Тибеттің Үндістан
шекарасындағы Горга алқабына келді - деп жазады Абдулуақап Қара [21].
Осы жерде айта кету керек, осы кезеңдегі оқиғалар жөніндегі деректерге
талдау жүргізгенде жылдарға байланысты сәйкессіздік кездеседі. Мәселен,
М.Мендикулова өз еңбегінде: «1940 жылы Тибетке қазақтар екі топ:
біріншісі Елісхан бастаған 200 отбасы ішінде Сауытбай, Бек, Ильяс, Хаджи
Ыдырыс, екіншісі Сабырбай қоластындағы 300 отбасы, бұл екі топта
құрамында Халифа Алтай, Хамза Инан бар, Зәйіп тәйжіге еріп Тибетке
келді», - деп жазады [9, С.170.]. Бірақ, ауыр климаттан, көрген
қиыншылықтан Зәйіп тәйжі ауруға шалдығып, 1941 жылы қайтыс болады.
Енді Елісхан бастаған қазақ тобы Үндістанға қарай көш бұрады.
Елісхан бастаған топтың Үндістан жеріне көшу сапары да қазақтарға
ауыр тиді. 1941 жылы Үндістанға жеткен үш мың қазақтың бір жылда бір
мыңы ғана қалады. Осы жөнінде Мансұр тәйжі: «Елісхан Зайып, Хамза
Залымдар бастаған бірінші көш 1939 жылдың соңы мен 1940 жылдың
басында Тибет заңғарынан асып Гималайдан өтіп, 1941 жылы Кашмирге
келген. Кашмирден Үндістан, Пәкістанға өткен. Көште 700 отбасы 3500 жан
саны болған. Бірақ соның көбі жолда қырылып, Үндістанда ауа-райы
жақпай, іш ауруларынан 2500 адам қайтыс болған» - деп мәлімдейді (ІІ).
Осы бір ауыр көш жайында халық арасында батыр деген атқа ие болған
Зуқа батырдың келіні, Сауапхан қажының жары, Керейдің Сарбас руынан
шыққан, 82 жастағы Сәнияхан әже Алтайдан шығып Баркөлге жетiп, Гансу,
Шыңхай өлкелерiн басып, Үндiстанға жеткенi жайында есінде қалғаны бар,
естігені, көргені жөнінде біраз мәліметтер берді. Онда былай дейді: «Менiң
ұлы әкем (атам) Буратай тәйжi Алтайда Керейден шыққан төрт тәйжiнiң бiрi.
Сарбас руынан болады. Шiңгiлден жер алып, сол жердi мекендеген. Сол
атамыз бен оның үш баласы Қайролла, Қайбар, Зейнолланы Үрiмжiдегi
ұлықтар (олардың бiрi Қазақстандағы коммунистiк билiктi насихаттауға
барған Абай Қасымов, қасында Дубан деген бiр залым бар – Сәнияхан әженің
айтуы бойынша) белгiсiз бiр жиынға шақырып алып кеттi де, қайтып
қайтармай қойды. Он жыл қарайладық. Ақыры өлдi деген дерегi жеткенде,
бәрiмiз отырып алып дауыс салып, жоқтау айттық.
Алтайдан Шiңгiл жер алған,
Төрт Қолбан деген ел алған.
21
Сөйтiп те жүрген төрт Қолбан,
Қолынан төтем таралған.
Бәйтеректiң бiрi едi-ау,
Масаты кiлем түрi едi-ау.
Сарбастан шыққан Буратай,
Төрт тәйжiнiң бiрi едi-ау.
Қолына қамшы iлгендей,
Төрт қолбанды бiлгендей.
Сөйтiп те жүрген төрт Қолбан,
Қолынан төтем жүргендей.
Сәнт Ахуды қыстадық,
Торғыннан тымақ тыстадық.
Буратайдың үшеуi:
Қайролла, Қайбар, Зейнолла
Шақырып Абай ұстады.
Мiнгенде атым кер ме едi,
Кекiлден аққан тер ме едi.
Буратайдың үш ұлы
Қайролла, Қайбар, Зейнолла
Ұстап ап, Абай мен Дубан бермедi.
Туған бiр сүннет, өлiм хақ,
Бiреуi келсе неткен бақ.
Асыл бiр туған үш атам,
Өлген соң болды-ау әруақ,–деп жоқтаған едiк деп әңгімелейді Сәнияхан
әже, сол кезде 13-14 жастағы бойжеткен (ІІІ). Бұлар сол кезеңдегі Елісхан,
Зәйіп Тәйжі бастаған көштерден қалып қояды. Себебі, олар Буратай мен
оның үш ұлынан хабар күтіп қалып қояды. Бірақ коммунистер ауылдың бүкiл
бас көтерерiн қырып тастағаннан кейiн, алдыңғы кеткен көштiң соңынан
оларда ереді. Осы жөнінде Сәнияхан әже былай дейді: «Мен Алтайдан
көшкенде 20 жаста едім. Тұрмысқа 18 жасымда шықтым. Бізді 3000 мың
адам шамасында соңғы көшпен Зуха батыр бастап келді. Ішінде Қарамолда
деген көш басшыларының бірі Шақабай Балуан деген кісілер болған.
Қарамбатыр деген жерге келгенде Оспан батырды ұстайды. Біз Ошақты
деген жерге бекініп, содан қашып отырып Тұркөл деген жерді басып өтіп,
Құмкөл деген жерге, одан Кашмирге келіп 3 жыл тұрдық. Біздер Кашмирге
келгеннен кейін керейдің 12 аталарынан бәрі жиналды. Содан Зуха батыр,
біздерге ылайықты жер Меккеге барып тұрсақ деді, содан бәрі бөлінді,
біржағы Пәкістанға кетеміз десе, екінші жағы Түркияға кетеміз деді. Баркөл,
Қызылқұм, Түркөл деген жерде Дәлелхан, Оспан батырлар жаумен алысып,
атысып шабысып көк түтін болып жататын. Зуқа батыр, жаудың қолында
қалмаймын өлсем мұсылман жерінде өлемін деп айқайды салып, көшті
бастады. Жаулар біліп қойып алды артымыздан атысты бастады. Ол жерден
жаудан қорғана отырып, көшімізді қайта тұрғызып алып жүрдік. Жақсы
қаруланған жаумен қорғана шайқасқан қазақтар олардың мыңбасысын атады.
22
Содан жаудың беті қайтып, қазақтар артына қарай қаша отырып, Талдысай
деген жерде қалың ағаштың ішіне кіріп жасырынады. Содан таңға дейін
қаша-қаша Қананбар деген жерге Құсайын Тәйжінің үстіне келдік. Одан
Гаскөлге көш тарттық. Біздің үстімізге Ителі руынан қосылды.
Жолда әбден
қиналдық, адамдар ыс тиіп өліп жатыр, Осы үрім бұтақтан 61 адам едік,
соның 30-ы өліп, 31 қалыппыз, - деп әңгімеледі Зуқа батырдың келіні
Сәнияхан (ІІІ).
Осы кезеңдерде тағдырдың талай зобалаңын көрген қазақ
әйелдері бала көтере алмай, жеті жылдан кейін ғана бала туыла бастады.
Оның себебі, сол жоғарыда көрген азаптардың зардабынан, қар қалың, көк
мұздың денсаулыққа тигізген әсері еді.
Содан Гималайдан да өтіп, қар еріп жатқанда одан түстік. Бізді төменде
Үндістан әскері күтіп алып, каненға салып алып келді. Әрине, Үндістанға өту
де оңай болған жоқ. Дәлелхан деген әскери кісіміз Үндістан өкіметіне біз
мұсылманбыз, өзіміз көшіп әрең келе жатырмыз деп бізді аман алып қалды.
Біз аздаған қоймен жаяу жалпы келдік - деп көрсетеді Омар Жігіт (ІV).
1941 жылдың қыркүйек айында бір жыл бір ай көшіп Үндістанға жеткен
көш жөнінде Халифа Алтай: «Шыңхайдан шыққанда мыңнан астам едік.
Үндістанға шамамен 1000 үй, 3039 адам, 1500 қару, 2000 түйе, 5000 жылқы,
1000 сиыр, 8000 қоймен келдік. Босқындарды басқару ұйымы құрылды. Оны
Елісхан мен Ғұсман Зайыпұлы басқарды. Ұйымның басқармасы 19 адамнан
тұрады [3, 57б.]. Осы ұйымның құрылуына байланысты Ә.Қара былай дейді:
«Шынжаңнан 1940 жылы Тибет арқылы Үндістанға өткен бірінші топтың
тарихында “екі патша, он екі уәзір” деген бір мәтелдің дүниеге келуінің
өзіндік себептері бар. Ол уақиға қазақтарды шекарада Үндістандық ресми
қызметкерлер қабылдау кезінде пайда болған. Олар қазақтарға “бастықтарын
бар ма?”,- деп сұрайды. Қазақтар: бар, бізді екі тәйжі, он екі үкірдай мен
залың басқарады”, - дейді. Бірақ қазақтарға кезінде Мәнжулар берген тәйжі,
залың, үкірдай деген мансаптарды үндістандықтар түсінбейді. Қайта қайта
бастықтарын бар ма? деп сұрайды. Сонда бір қазақ ақыл тауып “екі
патшамыз, он екі уәзіріміз бар”,- деп айтқанда мәселе түсінікті болады.
Сөйтіп қазақтар өздерінің екі жетекшісі Елісхан Тәйжі мен Құсман Тәйжіні
үндістандықтарға патша деп таныстыруға мәжбүр болады. Ал, уәзірлер:
Мардан Үкірдай, Сауытбай, Омар, Сәдей, Бексұлтан және Қали, Құсман
Тәйжінің уәзірлері: Хамза Жахияұлы, Шақбақай, Қожа Абдулла, Қожан
Зайыпұлы, Қошуыт, Дәуітбай, Алпыс, Қарамолла және Рақәділ болды»6 –
әңгімеледі
(V).
Олар қазақтарды алдымен Үндістанның Ладах аймағына алып келді, ол
жерден Гималай тауының Зұлжила асуы арқылы асып Кашмирдің Лех
қаласына одан Кәргіл қаласына алып келді. Одан қайтадан Гималай тауының
Зұлжила асуы арқылы Мұзафарабат қаласына алып келді. Осы асудан біраз
адам үсіп өлді. Кашмирде тұру қиын болғандықтан мұсылмандарға өтініш
білдіріп, көпшілігі мұсылмандар тұратын Пәнжап өлкесіне өтеді. Пәнжап
өлкесінен көштің басы Тәрнава ауылына 1942 мамыр айында осы жерге
тірелді. Күннің ыстығынан әртүрлі аурудан күніне жиырма адамнан өлген.
23
Үндістанға өткенде үш мыңнан артық адам едік, әзір соның бір мың екі
жүздейі ғана қалдық, - деп жазады Х.Алтай
[3,57-59бб].
Осы жөнінде
тарихшы Амандық Қорғанұлының «Түркістан» газетіне жариялаған Үндістан
қазақтары жөніндегі мәліметінде: «Қытай Үкiметiне қарсы көтерiлiске
шыққан қазақтардың бес мыңдық бiр бөлiгi Тибет арқылы өтiп, Үндiстанда
орнығуға бел буды. 1940 жылдың қыркүйегiнде олар бес мың шақырымдық
жол жүрiп, Лобнор және Тақламақан шөлдерi мен әлемдегi ең биiк таулар –
Тибет пен Гималайдан асып, жолда жабайы Тибет тайпаларымен соғыса
жүрiп, арып-ашып Үндiстанға да жеттi. Аштықтан, суықтан, қар
көшкiндерiнен, тибеттiктердiң шабуылынан жолға шыққан 5 000 қазақтың 2
мыңы опат болды. 1941 жылдың қыркүйегiнде Елiсхан тайшы бастаған 3039
қазақ Үндiстанның шекарасына келдi. ...Үндістанды отарлаушы Британ
үкiметi ұзақ келiссөздерден кейiн қазақтардың барлық қару-жарағын
тәркiлеп, Кашмир маңына, Мұзафар Абад деген босқындар лагерiнде
орналастырады. Емiн-еркiн жүрiп қалған қыр қазағын ешқайда аттап
бастырмайды, жұмыс жоқ, жерлерi ыстық. Мұзафар Абадтағы қазақтардың
10-15-i күнiне әртүрлi iндеттерден қайтыс болып жатады. Жем-шөпсiз мал
түгел қырылады. 1942 жылдың сәуiрiнде Британ билiгi қазақтарды
Равалпинди маңындағы Тернава деген ауылға жүк машиналарына тиеп алып
келедi. Тернаваға келген олардың жағдайы одан сайын нашарлап, ендi күнiне
15-20 адам әртүрлi аурулардан қайтыс болып жатты. Бiр жылдың iшiнде 3
мың қазақтан 1200 адам ғана қалады. 1943 жылдың наурызында қазақтарға
Тернаваны тастауға рұқсат берiледi. 450 қазақ Орталық Үндiстандағы Бхопал
деген қалаға кетедi. Оның жартысы қаланың өзiнде қалады да, өзгелерi
Матар деген жерге орналасады. Жергiлiктi билiк 1943 жылдың шiлдесiнде
олар үшiн арнайы ауыл да салып бередi. Аз ғана уақытта 100 қазақ тағы да
өледi. Одан өзге, елдiң солтүстiгiне орналаспақшы болған қазақтардың да
басына осындай күн туады. Мұнда да жүздеген қазақ қайтыс болады», - деп
жазады [26].
Енді осы жерде айта кету керек, қазақтарға Үндістан мен Пәкістанның
мұсылмандары көп көмек көрсетеді. Ол жөнінде жоғарыда көрсетілген
еңбектерде де, информаторлардың мәліметтерінде де айтылады. Осы жөнінде
Мансұр тәйжі: «Қазақтар Тибет пен Үндістан шекарасына келген кезде
Пәкстан деген мұсылман елі құрылмағанды. 1947 жылы Пәкістан
Үндістаннан бөлініп шыққан соң сол жылы қазақтар да мұсылмандар
жағында болып Пәкістан мемлекетіне өтті. Шынын айту керек, Үндістан
және Пәкістан мұсылмандары әр қашан қазақтарға жылы лебіз бен жылы
шырай танытты. Оларға әрдайым қамқоршылық жасады. Баурына басты.
Қазақтар олардан ешқашан этникалық кемсітушілік көрген жоқ. Керісінше
қолдау және жанашырлық көрді»,-дейді (ІІ). Бірақ бұл жерлер де қазақтардың
түпкілікті қоныстанып қалуына қолайсыз болды. Оның үстіне ел ішіндегі оба
мен сүзектен де көптеген адамдар қайтыс болғандығы жоғарыда келтірілген
деректерден белгілі. Сондықтан ел ақылдаса келе жартысы 400 ден астам
адам Бопалға, ал Елісхан бастаған жеті жүзден астам топ тау жаққа көшетін
24
болды. Құсман Тәйжі, Хамза Залың, Сауытбай, Қожан, Шақпақбай, Мүтәліп,
Сүлеймен, Құсман Молда, Қабылбектер ақылдаса келіп, Бопалды жөн көрді.
Екінші бір топ Елісхан Беги, Сәдей, Мардан, Дәуітбай, Қали, Ахмет Қали
молда, Рақаділ, Ақзам, Қари Хайдар бастаған ауылдар Пәкістанның
солтүстігіндегі Пішәуәр, Субат, Абит-Абад, Шатрал таулы жерлерді
сағаламақ болды деп жазды. Пәкiстанға жеткенде қазақтардың саны басы-
аяғы жетi мың адам едi, соның шамамен 5-6 мың адамы өлдi. Одан 50-60
отбасы қайтып кеттi. Содан 900-дей адам қалды [19, 67-68 бб.].
Бопалда босқын қазақтар Қазақабад деген ауданда шамамен 2 жыл
тұрады. Олар бiртiндеп киiм-кешек пен бас киiм тiгумен айналыса бастайды.
Сондай ақ қазақтар өздерінің орталығын құруға рұқсат алады. Онда қазақ
мектебi ашылып, қазақ, урду және араб тiлдерi оқытыла бастайды. 1944
жылдан бастап кейбір қазақтар Бопалды тастап, Лахор, Дели мен Калькуттаға
көшiп келе бастайды. Үндiстан екi мемлекетке бөлiнген кезде Делидегi,
Калькуттадағы қазақтар орныққан жерлерiн тастап, жаңа мемлекетке –
Пәкiстанға кетуге мәжбүр болды. Аздаған бөлiгi ғана Үндiстанда қалып
қойды. Ал, Пәкiстанға келген қазақтар шашырай орналасты [26].
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Үндістанда басталған ұлт-азаттық
көтерілістер біздерге де өз әсерін тигізді. Осының салдарынан Бопалдағы
қазақтар жан-жаққа көше бастады. Үндістан аумағындағы қазақтардың жай
күйін Х. Алтай былай сипаттайды: «Атажұрт – Алтайдан ауған босқын
қазақтар Үндістан мен Пәкістанда 12 жыл тұрдық. Ешкімнің де азаматы
болып енші алмадық. Жанымызды жалдадық, сауда-саттықпен, тіршілік
еттік. Елі бөтен, жері бөтен, тілі, салт-санасы басқа елде күн көру оңайға
түспеді, тұрмыс ауыр болды. Өмірдің сан түрлі тақсыретін тартып, мүлде
басқа дүниеге еніп кеткендей болдық. Жыл өткен сайын ортамыз ойыла
берді, қатарымыз сирей берді. Алғаш барғанда алты жылға дейін дүниеге
бірде-бір нәресте келмеді. Тұқымымыз құрып кетер ме еді, егер де бір жаққа
тағы көшпегенде... Он шақты жылдан бері ауыр да оқшау өмірді бастан
өткеріп келеміз. Бір жерде тұрақтап мекен етті деу қиын. Бір қалада аз, бір
қалада көп отырамыз. Бірақ әлі босу мен көшу» [3, 68-69 бб.].
Шыңжаң, Өр Алтайда Қытай Халық Республикасының мұсылман
халықтарға қатысты жүргізген солақай саясатының зардабынан Қытайда
қалған қазақтар тұрған мекендерін тастап, тағы да көш бастайды. Олар 1949
жылы шетелдерге қоныс аудару мақсатымен Гаскөлде тұрақтаған Хұсайын
Тәйжінің қол астына келіп біріге бастады. Бірінші болып осы жылы Қалибек
һакім, Салис Әміреұлы бастаған 60 отбасы Көклүлүк жері және Лоб көлінен
өтіп Гаскөлге келді. Сонан соң 1950 жылдың күзінде Дәлелхан
Жанымханұлы, Нұрқожай батыр, Сұлтаншәріп Тәйжі сияқты қазақтың
зиялылары бастаған көш, бұрыннан бірге өсіп, бірге қайнаған бірақ Шың
Шысайдың қатал кезінде, зобалаң басталған сонау 1938 жылы бірге
көтерілген азаматтар 11 жылдан кейін Хұсайын Тәйжімен Гаскөлде табысты
- дейді Мансұр тәйжі (ІІ).
25
Сонымен, Шығыс Түркістандағы қазақтардың Үндістан, Пәкістан,
Түркияға таралуы қытайдағы саяси оқиғаларға байланысты болды. Мәселен,
XX ғасырдың 30-жылдарында Шыңжаңда Ханзу (Қытай) ұлтынан өзге
халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсітудің күшеюі, оған қарсы аз
санды ұлт өкілдерінің оның ішінде қазақтардың да көтерілісі, оны
қытайлардың басып-жаншуы, т.с.с. Қытайлардың қудалауынан қорқып 18
мыңдай қазақтар Алтайдан Ганьсу мен Синхайға жер аударылды немесе
өздері қашып барды. Төрт мыңдай қазақтар оңтүстікке қарай жылжып,
тибеттіктермен соғыса жүріп, бір жылдан аса көшіп 1941 жылы Гималай
арқылы Үндістанның Кашмир қаласына келді. Қазақтардың біразы жолда
мерт болды. Бұл босқындар Үндістандағы қазақтардың алғашқы ірі
толқыны болатын. Қытайдағы қазақтардың екінші рет көшуі 1944 жылы
Шыңжаңға Гоминьдан әскерінің енуі. Соған байланысты бұл жерде қалған
қазақтар тағы да бас сауғалау үшін Тибет, Үндістанға қарай көшсе, олардың
бір бөлігі уақытша паналау үшін Шығыс Қазақстан облысы аумағына өтті.
Сонымен бірге 1949 жылы Қытайда билік басына коммунистік партия
келуіне байланысты 1949-1950 жылдардың күзі мен қысында қазақтар
қытайлық коммунистермен келіссөз жүргізіп, діни бостандық, көшпелі өмір
салтын сақтау және Шыңжаңда еркін көшіп-қонуға рұқсат ету кепілдіктері
мәселесін талқылады. 1950 жылы 28 наурызда Баркөл ауданында
қазақтардың құрылтайы өтіп, онда Шыңжаң қазақтарының бұдан былайғы
тағдыры талқыға түсті. Туған жерді тастап, туыстарының өмірін сақтап
қалу керек пе, әлде тең емес шайқаста айқасып өлу керек пе? Міне, осы
мәселе бойынша олардың көпшілігі Үндістан бағытында жылжуды
жалғастыру керек деп шешті. Олар Тибет өлкесіндегі Гималай таулары
арқылы 2 мың шақырым жерді жаяу азаппен жүріп өтті (V).
Ал бұл уақытта Шығыс Түркiстанда қалған қазақтардың жағдайы да
оңып тұрған жоқ едi. Одан сайын күшейген езгiге қарсы 50-жылдары
қазақтардың тағы бiр бөлiгi атамекенiн тастап кетуге мәжбүр болды. 1943
жылдың шiлдесiнде Алтай қазақтарын күштеп Шыңжаңның оңтүстiгiне
көшiру туралы шешiм шығады. Қытай әскерлерi iзiне түскен қазақтар
Моңғолия жерiне қашады. Елiм деп еңiреген көтерiлiсшiлердi Оспан батыр
бастайды. Мiне, осы кезеңде тағы да 20 отбасы Тұңғышбай, Қобдабай
батырлардың бастауымен Тибет арқылы Үндiстанға кетедi. Сондай ақ, 1944
жылы Iле көтерiлiсi мен Шығыс Түркiстан Республикасын (ШТР) құруға
қатысқан қазақтар жаппай қуғын-сүргiнге ұшырағандықтан, 1950 жылдары
қазақтардың тағы бiр бөлiгi Пәкiстанға қашуға мәжбүр болды. Ал,
1950
жылдың сәуiрiнде Оспан батыр мен Жанымхан қожа бастаған қазақтар
Қытай коммунистерiнiң ұсыныстарынан бас тартып, қарсылыққа қарамай,
1950 жылдың 15 желтоқсанында шамамен 200-300 қазақ отбасы Тибет
арқылы Үндiстанға бет алып, 234 адамнан тұратын тағы бiр топ та
Үндiстанға жол тартты. Қыс-көктем кезiндегi Тибеттiң қарлы шыңдарынан
өткенде екi топ та өз адамдарының жартысынан айырылды, - деп жазды [19,
27-28 бб.].
26
Әлiбек Хәкiм бастаған бiрiншi топ алты айдан кейiн, 1951 жылдың 18
тамызында Кашмир шекарасына жетедi, бұл көштер Қытайдағы қазақтардың
екінші рет қоныс аударуы еді. Пәкiстан шекарасына тақап келген оларды
iшкерi жаққа өткiзбейдi, сондықтан шекара бойына топтасып, тұйықталып
тұрып қалады. Одан кейiн iшiнде артта қалған басқа да қазақтар алдыңғы
топқа қосылады. 1951 жылдың қыркүйегiнде Пәкiстан шекарасына Құсайын
тайшының, Сұлтаншәрiп тайшының және Дәлелхан Жаналтайдың тобы
келедi. Пәкiстан аумағына тек 1951 жылдың 10 қазанында өтуге мүмкiндiк
алады, осы 52 күн iшiнде шекараның Тибет жағында қытай әскерлерiнiң
шабуылдарына тойтарыс берiп отырды.
Пәкiстан мен Үндiстандағы жергiлiктi билiктiң қазақтарға азаматтық
бермеуі олардың басқа мемлекетке кетуіне ой салды. Әрине ақсақалдар түрлi
ұсыныстар көтерді. Олар: 1) Халқы ислам дiнiн ұстанатын Сауд Арабиясына
кету; 2) Кейбiр қазақ басшылары бiрге жұмыс iстеген Чан Кайши орналасқан
Тайваньға кету; 3) Калифорния мен Техасқа көшуге ұсыныс берген АҚШ-қа
кету; 4) Үндiстан мен Пәкiстанда қалу; 5) Түркияға кету. Сонымен
ақсақалдар ақылдаса келе, алдыңғы төрт ұсыныстан бас тартып, түрiк тiлi
мен қазақ тiлiнiң жақындығы, мәдени-тарихи ұқсастығы мен дiн бiрлiгi де
ескерiліп қазақтың ел бастаған жетекшілері Пәкстаннан Түркияға қоныс
аудару қажет деп тапты. Өйткені бұл ұрпақтарының тілін, ділін және тегін
ұмытпауы үшін, келешекте үйіріне тағы қосылуы үшін қажет еді [26].
Сөйтіп, аталған аумақтардағы қазақтар түбі бір түрік еліне көш бастауға
дайындала бастады.
|