Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
§
о
5-
аз).  Олар  көбінесе  бір  тұқымдастыққа 
жататын  туыстық  тегі  жақын  өсімдік,  жануарлармен  қоректенеді. 
Демек,  бұлар  шектеулі,  аз  ғана  түрлі  азықты  талғап  жейтін 
жануарлар.  Мысалы  қырықжапырақтың  ақкөбелегі 
(Ріегіз  Ьгаззісае
Ь),
  шалқан  ақкөбелегі 
(Ріегіз  гарае  I )
  қатарлы  ақкөбелектердің 
жұлдызқұрты  тек  қана  крестгүлді  өсімдіктермен  қоректенеді. 
Қызылша  бізтұмсық  қоңызы 
(Воіһупосіегез  рипсііуепіт  Сегт.) 
қызылшамен  қоректенеді  жэне  қызылшамен  тұқымдас  алабұта 
тұқымының  өсімдіктерімен  ғана  қоректенеді.  Колорад  қоңыздың 
негізгі  қорегі—картоп.  Ал  осы  қоңызды  жэне  оның  дернәсілдерін 
егістіктегі  картоптан  теріп  алып,  картопсыз  далага  қоя  беріп, 
байқасаңыз  қоңыз  да  оның дернәсілдері  де  қорегіне  жарамды  өсімдік 
іздеп  жүріп  барлығы  картоппен  түқымдас  өсімдіктерге  (Алқа 
түқымдасы  — 
Зоіапасеае)
  барып  түрақтап,  оларды  жей  бастағанын 
көресіз. 
Бұл-колорад 
қоңызы 
алқа 
тұқымдастарды 
талгап 
қоректенетін  олигофагтар  екенінің  куәсі.  Олигофагтардың  қоректік 
шеңбері  шектеулі  болатынын  бақша  бүргесі 
(Рһуііоігеіа)
  деп 
аталатын  жапырақ  жемір  қоңыздар  дәлелдейді.  Олар  әдетте 
крестгүлді  өсімдіктермен  қоректенеді.  Егер крест гүлділер жоқ болса 
шашақгүлділер 
(Кезегіасеае)
  жэне  кеуел  түқымдас 
(СаррагШасеае) 
өсімдіктермен  қоректенеді.  Бүл  екі  тұқымдастың  екеуінің  де  шығу 
тегі  крестгүлділерге  жақын  жэне  бұлардың  үлпаларындағы  эфир 
майлары  мен  глюкозидтардың  химиялық  құрамы  бірдей  болады. 
Алайда  құрамы  бірдей  болғандықтан  иісі  мен  дэмі  де  бірдей  болуы 
күмәнсіз.  Сол  себептен  бақша  бүргелері  аталмыш  үш  түқымдасқа
90

қарасты өсімдіктерді талғап  қоректенеді.  Жануарлармен  қоректенетін 
жыртқыш  жэне  паразит  жануарлар  да  өзінің  жейтін  жануарларын 
белгілі  дәрежеде  талғап  қоректенеді.  Құстардан  шұбар  тоқылдақтың 
жемінің  90-92  пайызын  қабық  жемір 
(ІрШае),
  сүген  қоңыз 
(СегатЪусісІае)
  жэне  зерқоңыз 
(Вирге$іійае)
  тұқымдастарына 
жататын  қоңыздар  және  олардың  дернәсілі  құрайды.  Ханқызы 
(Соссіпеііісіае)
 
дейтін 
жыртқыш 
қоңыздар 
біте
(Арһісііпеа),құртамыштарды 
(Соссіпеа)
 таңдап жейді.
Жарғақ  қанатты 
(Нутепоріега)
  паразит  жәндіктер  өздерінің 
дамуына  жарамды  ие  жэндіктерді  талғайды.  Мысалы  теленомус 
(Теіепотиз  £гасіШ)
  дейтін  жарғаққанатты  жәндік  Сібір  жібек 
көбелегінің тек жұмыртқасында, 
Арһапіеіез ІірагШіз
 дейтін  шабандоз 
жарғаққанатты  жэндік  Сібір  жібеккөбелегінің  тек  дернәсілінде 
паразиттік жолмен тіршілік етіп жетіледі.
Егер  өсімдікпен 
қоректенетін  жануарлар  өзара  туыстық 
жақындығы  жоқ  көп  түрлі  өсімдіктің  түрімен  немесе  жыртқыш 
жануарлар  көптүрлі  жануарлармен  қоректенетін  болса  олар  полифаг 
(роіу
  -көп)  немесе  көп  қоректі  жануарлардың  тобын  құрайды.  Көп 
қоректі  деп  аталуының  негізгі  себебі  көп  түрлі  өсімдікпен  немесе 
жыртқыш  жануарлар  көп  түрлі  жануарлармен  қоректенуінде  емес, 
ең негізгісі  олар өзара ұқсастығы  жоқ эр түрлі топтың өсімдіктерімен 
немесе  әр  түрлі  топтың 
жануарларымен  қоректенетіндігінде. 
Мысалы  жалкы  жібеккөбелегінің 
(Ьутапігіа  сіізраг Ь)
  жұлдыз  құрты 
32 туыстыққа қарасты  300-ден  астам түрдің өсімдігімен  қоректенетіні 
айқындалған.  Ол  жабык  тұқымды,  ашықтұқымды.  даражарнақты, 
қосжарнақты,  барлық  өсімдікті  талғамай  қоректенеді.  Сондай-ақ 
Қазақстанда  кең таралған  шалгын  көбелегі 
(Ьохо$(е§е зіісіісаііз I.)
  35 
туыстыққа  қарасты  280  түрлі  өсімдікпен  қоректенетіні  турапы  дерек 
бар. Жыртқыш жануарлардың ішінде де көпқоректілер жиі  кездеседі.
Балыктардан 
Оогозота  сересііапит
  деген  балықтың  шабагы 
қарапайым  денелілер,  бакалшықты  шаяндар,  ескекаяқты  шаяндар 
қатарлы  жануарлармен  және  кейбір  балдырлармен  қоректенетін 
полифагтар екені  байқалған.
Қосмекенділерден  көлбақалары  көптеген  түрлі  жануарлармен 
(қүрлықта  жэне  суда  тіршілік  ететін  жәндіктер,  олардың  дернэсілі, 
жауын құрты, балықтың шабагы т.б.) қоректенеді.
Қүстардан  кезқұйрық 
(Міһш  когзсһип  Ст.),
  бөктергі 
(Ғаісо 
уе$регііпи$
 
күйкентай 
(Ғаісо  Ііппипсиіш  %.),
  ақ  жапалақ 
(һІусіеа
91
I

зсагкііаса  I.
  ;  катарлы  құстардың  эрбіреуі  80-100  ге  жуық  түрлі
жануарларды ұстап жейтіні анықталған.
Жыртқыш  сүтқоректілерден  сусар 
(Магіез  /оіпа  егхі.),
  бұлгын
(Магіез  гіЪеПіпа  I.),
  ит  тұқымдасына 
(Сапісіае)
  жататын  көптеген 
түрлер  (қасқыр,  түлкі,  қарсақ,  жанат  тәрізді  ит  т.б.)  қорегіне 
жарайтын  әртүрлі  жануарларды  (айыр  тұяқтылар,  айтұяқтылар, 
кеміргіштер,  бауырымен  жорғалағыштар,  балықтар  т.б.)  талғамай 
ұстап  жейтін  нағыз  полифагтар  тобын  құрайды.  Мысалы  Сібірде 
бүлғынның  (МаПез  /іЬеІІіпа)  қыс  мезгіліндегі  қорегінің  25,4%-ын 
ұсақ  кеміргіштер,  10,8%-ын  тиін,  8,3%-ын  борша  тышқан,  6,2%-ын 
қоян,  4,9%-ын  жертесерлер,7,3%-ын  құстар,  4,8%-ын  жэндіктер, 
29,8%-ын  жаңғақтың  тұқымы,  2,5%-ын  жеміс  жидектер  иеленетіні
анықталған.
Қоректің  қандай  да  түрін  талғамай  кез-келген  қоректік  заттың 
бэрін  пайдалана алатын жануарлар да кездеседі.  Бұлар пантофаг 
(рап- 
барлық,  бэрі,  бүкіл)  қоректілер  деп  аталады.  (Барлық  қоректік  затты 
талғамай  бэрін  жейтіндер  деген  ұғым  береді).  Адам  үйірсек 
(синантроп)  тарақандар,  үйде  тіршілік  ететін  фараон  құмырсқасы 
қатарлы  кейбір  жәндіктер  өсімдіктен  жасалған,  жануарлардан 
жасалған  барлық  тағаммен  жэне  тірі  жәндік,  өсімдіктермен, 
жануарлардың  нәжісімен,  жүнімен,  терісімен  т.б.  қорекке  жарамды
заттардың бәрімен  қоректенеді.
Сүтқоректілерден  пантофагтың  мысалы  ретінде  кәдімгі  қоңыр
аюды  атауға  болады.  Ол  негізінде  жыртқыш  жануар  болганымен 
қүмырсқаның  илеуінДегі  жүмыртқасы  мен  дернәсілін,  араның  балын, 
өсімдіктің  жемісін,  тамырын,  балық  бақа,  өлген  жануарлардың 
жемтігін  т.б.  көптеген  қоректік  заттардың  барлығын  жеп  тіршілік 
етеді.  Монғолияның оңтүстігіндегі  Гоби  шөлінде өте сирек кездесетін 
түйеқұлақшы  аю 
(І/тш ргиіпозш  Віуіһ.)
  көбінесе  түйеқұлақ тышқан, 
қүмтышқан,  қосаяқтармен  қоректенеді.  Бірақ  эртүрлі  кесіртке, 
шегіртке,  шекшек  шегіртке,  қоңыздармен  қоректенеді.  Сонымен 
қатар оның жазғы  қорегінің басым бөлігін рауағаштың жапырағы  мен 
тамыры,  ақтікеннің  жидегі,  жоңғар  циномориясының  сабағы  мен
тамыры иеленеді. 
.........................
Қорек  талғамайтын  (пантофаг)  құстардың  негізгі  өкілі  ретінде
қарга жэне  үй торғайы  қатарлы жеміс,  түқым,  әр түрлі  жэндік, жауын 
қүрты,  жануарлардың  өлексесі, 
әртүрлі  тағамның  қалдығының
бәрімен  қоректенетін  құстарды атауға болады.
92

Қоректік  талғам  әсіресе  өсімдікпен  қоректенетін  жануарларда 
кеңінен  таралған.  Қоректік  талғамның  биологиялық  маңызы  зор: 
жануарлардың  әрбір  түрінің 
жейтін  қорегінің 
түрі  басқалардан 
өзгеше  болса  бір  ғана  түрлі  қоректік  затқа  көп  түрдің  жануарлары 
шоғырланбайды,  яғни  қорек  үшін  таласатын  түраралық  бәсекенің 
бәсеңдеуіне  мүмкіндік  туады  жэне  де  әрбір  түр  өзінің  ежелден 
бейімделген  жағымды  қорегін  талғап  жесе  олардың  тіршілік  ету 
қабілеті жақсарып, өсімі  молаюына қолайлы жағдай туады.
Жануарлармен  қоректенетін  агзалар  зоофаг 
(гоо-жануар; 
рһа&оз-жеу,  жүту)
  деп  аталады.  Зоофаг  жануарларга  жыртқыштар 
мен  паразиттер жатады.
Басқа 
жануарларды 
аулап 
өлтіріп 
жейтін 
жануарлар 
ж ы ртқы ш тар  тобына  жатады.  Жыртқыштардың  қорегі  болатын 
жануарлар 
ж емтік  немесе  ж емтіктік  жануар  деп  аталады. 
Жыртқыштардың  қоректенетін  жемтік  жануарлар  үнемі  қозғалыста 
болатындықтан  бір  орында  тұрақты  түрмайды  және  оларда 
жыртқыштардан  сақтану,  қорғану,  жасырыну,  қашып  құтылу  тэрізді 
мінездік  ерекшеліктер  дамыған.  Осыған  байланысты  жыртқыштарда 
да  қоректенетін  жемтіктерін  іздеп  табу,  баспапап  жақындау, 
шабуылдан  аулау,  өлтіруге бағытталган  мінездік бейімделу  жүріледі. 
Жемтікті  аулауга  бейімделген  амал  әдістері  жемтік  жануардың 
биологиялык жэне мінездік ерекшелігімен тыгыз байланыста дамиды. 
Егер  жейтін  жемтіктік  жануарлары  өте  коп  жэне  олар  інге  кіріп 
жасырынбайтын,  баяу  қозғалатын  жануарлар  болса  жыртқыштардың 
оларды  аулау  әдісі  қарапайым  теріп  жеуге  үқсас  болады.  Мысалы, 
жәндіктермен  қоректенетін  торғай,  шымшық  т.б.  қүстардың  жерден
жәндіктерді  теріп  жеу  тәсілі-қүралаи,  көк  кептердщ  түқым  теріп  жеу 
тәсіліне  ұксас.  Қарлығаштар  кәдімгі  жыртқыш  жануарлар  тәрізді 
жемдерін  жэндіктерді  қуып жүріп аулайды.
Денесі  біршама  үлкен,  саны  аз  жэне  жылдам  қозгалатын 
жануарлармен  қоректенетін  жыртқыштар  жемтігін  алыстан  бақылап 
көріп  алады  да  содан  сон  не  баспалап  таяп  барып  немесе  аңдып 
тосып,  жақындаган  кезінде  кенет  тап  беріп  шабуылдап  қуып  ұстап 
аулайды.  Мысалы,  теңіздің  сегізаяқ  шаяндары, 
кейбір  жыртқыш 
балықтар  және  ілбіс 
(ІІпсіа  ипсіа),
  сілеусін 
(Ьупх  Іупх  Ь.),
  сабаншы 
немесе мәлін 
(Ғеііз тапиі Раіі.)
  жемтікті осылайша аулап жейді.
Әсіресе  аз  түрлі  жануарлармен  қоректенетін,  ягни  қоректік 
шеңбері  тар  (стенофаг)  жануарлар  жемтіктерін  ұстауга 
жақсы 
бейімделген.  Себебі  аз  гана  түрлі  жануарлармен  қоректенетіндіктен
93

сол жануардың сезгіштігін,  жылдамдығын,  қашу, тығылып жасырыну 
әдістерін  толық  біледі  жэне  соған  сәйкес  аулап  ұстау  әдістері
дамыған.
Ал, 
көп 
түрлі 
жануарлармен 
қоректенетін 
(эврифаг) 
жыртқыштар қорегін  аулауға эр түрлі  жолмен  эр  жакты бейімделеді.
Оларды «әмбебап» жыртқыштар деуге болады.
Жыртқыштарға  жем  болмау  үшін  жемтік  жануарларда  да
сақтану, қорғану,  қарсыласу бейімділіктері дамып қалыптасады.
Жемтік  жануарларда  өзін  жыртқыштардан  қорғап  қалуға 
бейімделген 
морфологиялық, 
физиологиялық 
жэне 
мінездік 
ерекшеліктер  дамыған. 
Жыртқыштардан 
қорғауға  бағытталған 
морфологиялық  ерекшелігіне  денесінде  әртүрлі  тікен,  тікенектер 
пайда  болу,  қатты  қабыршақтармен  қапталу  т.б.  жатады.  Мысалы, 
қалқанқұлақ 
кірпінің 
(Егіпасеиз  аигііиз  Отеі),
  кірпі-балықтың 
(Оіойоп  һоіасапіһш  I.),  белдеу  құйрьіқты  кесірткелердің  (Согсіуіш 
%і%апІеиз),
  жайра  немесе  тағылан 
(НузігісШае)
  деп  аталатын 
кеміргіштердің 
(Косіепііа)
 
тікенекті 
түктері, 
тасбақалардың 
(Тезіисііпез),
  ұлулардың 
(Моіішса)
  денесін  жапқан  қалқаншалары 
оларды  көптеген  жыртқыштардан  қорғай  алады. 
Физиологиялық 
жолмен  қорғану  түрлеріне әртүрлі улы заттар  немесе жиіркендіретін 
заттар  бөліп  шығару  арқылы  жыртқыштардың  қатеріне  қарсылық 
ету  әрекеттері  жатады.  Айталық,  қандалалардың 
(Неіегор(ега) 
кеудесінде  немесе құрсағында орналасқан  иіс бездері болады.  Қандай 
бір жануар  шабуылдаған  кезде  иіс  безінен  жағымсыз  иісті  зат бөлініп 
шығады  да  қандаланы  қауіптен  сақтап  қалады.  Кейбір  көбелектің 
жұлдызқұрттары 
қылшық-түктерінің  түбіндегі  безден  улы  заттар 
бөліп  шығару  арқылы 
өзін  жыртқыштардан  қорғайды.  Шегіртке 
(АсгШШае),
  шекшек 
(ТгПщопШае),
  кейбір  қоңыздар  қауіп  төнген 
кезде  өздерінің  қанында  түзілетін  улы  затты  бөліп  шығару  арқылы 
қорғанады. 
Мысалы, 
алагүлік 
қоңыздың 
(М еШ ае)
 
қанында 
кантаридин  дейтін  биологиялық  әсері  күшті  сұйық  түзіледі.  Бұл 
сұйық  жылы  қанды  жануарлардын  терісінде  ісік  тудыратындықтан 
онымен 
қоректенетін 
омыртқалы 
жануарлар 
аз 
кездеседі. 
Сүтқоректілерден 
сасық 
күзен 
(Мшівііа 
еуегзтаппі 
Ьех.), 
скунстардың 
( Мерһііів  терһіііз)
  басқа  жануарларға  шашатын  сасық 
затының 
иісі  ұзақ  уақыт  бойында 
сақталады.  Скунстың  тік 
ішегіндегі  безден  шығарып  шашатын  сұйығы  көзді  зақымдап  соқыр 
етуге де әсері жетеді. Сондықтан скунстарды білетін жыртқыш оларға
жолаудан сескенеді.
94

Сондай-ақ  атқыш  қоңыз 
(Вгасһіпш
  туыстастар)  туысына 
жататын  ызылдақ  қоңыздардың 
(СагаЪісІае)
  кейбір  түрі  қауіп-қатер 
кезінде 
температурасы  100  градустық  сутегінің 
қостотығымен 
атқылайды.  Кейбір  жыртқыштар  да  аулаған  жемтіктік 
жануарды 
өлтіру  үшін  улы  заттар  қолданады.  Жылан,  сарышаян 
(Зсогріопез), 
бүйі 
(Ьусоза)
  тәрізді  жануарлар  қорек  ететін  жануарларын  шағып,
улатып өлтіретіні ежелден оелгілі.
Жарғаққанаттылар 
қатарына  жататын 
жабайы 
аралардың 
бірнеше  тұқымдастың 
(ЕсоІЫае,  Ротрһііісіае,  ЗрһесоМеа)
  өкілдері 
жемтіктерінің  жүйке  түйнектерін  лезде  тауып  улы  бізгегін  түйрейді 
де  уын  шашады.  Жүйке  түйнегі  уланған  жәндік 
өлмейді,  бірақ 
қозғалыссыз,  салданган  шала  жансар  күйге  түседі 
(14-сурет). 
Осындай  шалажанды  жәндіктерді  жабайы  аралар  ініне  әкеліп 
кіргізіп,  олардың  денесіне  жүмыртқалайды.  Жүмыртқадан  шыққан 
дернәсілдері  шалажанды 
жәндіктің  денесін  ішінен  кеулеп  жеп, 
дамып  жетіледі.  Осылайша  жабайы  аралар  өзінің  ұрпағының  азығын 
дайындайды.
Шолаққүйрық  жертесер 
(Віагіпа  Ъгеуісаисіа)
  деп  аталатын 
жәндікжемір 
сүтқоректілердің 
сілекей 
безінің 
қүрамында 
жәндіктерді  салдық  (паралич)  күйге  үшырататын 
улы  зат 
болатындықтан,  аулаған  жәндігі  3-5  күнге дейін  шала жансар  күйде 
тірі  жатады.  Қорегінің  артық  қалған  бөлігін  шірітпей  сақтау  үшін 
осылайша шала жансар сақтау оларға пайдалы екені түсінікті.
14-сурет.  Помпил атты  паразит жаргаққанатты жәндік бізгек тұмсыгын 
өрмекшінің жүйке түйнегіне түйреп уын  шашып жатқан  кезі. (Жан-Анри  Фабр
(1962) бойынша)

Эволюциялық 
даму 
барысында 
жемтік 
жануарларда 
жыртқыштардың  аулау  әдіс-әрекеттеріне  қарсы  өзін  құтқаруга 
бағытталған 
мінездер 
қалыптасып 
жетіледі. 
Жыртқыштардың 
шабуылына  шалдықпаудың  бір  түрі  -  сақтық  ,  сезімталдық. 
Кеміргіштер жайылымға шығудан  бұрын  інінен  басын  ғана қылтитып 
шығарады  да  ұзақ  уақыт  төңіректі  байқап  отырып  қауіп-қатер  жоқ 
болса  ғана  інінен  шығып  қоректене  бастайды,  інінен  ұзап  кетпейді, 
бір-екі  рет  шөп  жұлып  жей  салады  да  тікесінен  тік  тұрып  төңірегін 
аңыстайды.  Монғолиядағы  Гобидың  шөлінде  тіршілік  ететін  жабайы 
түйе 
(Сатеіш /егиз Рггехі.),
  құлан 
(Едиш һетіопш Раіі),
  қарақұйрық 
(Сазвііа $иЪ%иПигоза СиШі.)
  қатарлы  жануарларды  қасқыр  бұл  шөлде 
өте  сирек  кездесетін  бастау  судың  төңірегінде  аңдып  жатып  ұстап 
жейді.  Ал  қасқырдан  запыс  болған  бұл  жануарлар  бастау  суға 
жақындаудан  бұрын,  судың  төңірегінде  жасырынған  қасқырдың 
барын,  не  жоғын  білу  үшін  таяп  келіп  бірнеше  рет  кері  бұрыла 
қашып  барып  артына  бұрылып  қарап  тұрады.  Осылайша  бірнеше 
қайталап  барып  қасқыр білінбесе суға тұмсығын  тигізе бере  қайтадан 
үркіп  кері  бүрылады  да  судан  алысырақ  барып  біраз  уақыт  аңыстап 
түрады.  Осындай  сақтық  әрекеттерді  жасаған  кезде  егер  қасқыр  бар 
болса  дегбірсізденіп,  жасырынған  орнынан  атып  тұрады  да  өзін
білдіріп алады.
Мүндай  қатерлі  кезде  жемтіктік  жануарлар  үйірімен  жүреді 
жэне  үйірдің  алдында  ең  сақа,  мықтылары  жүріп  үйірге  жетекшілік
етеді.
Сондай-ақ  арқар,  тауешкілер  үйірімен  жусап,  ұйықтаган  кезде 
ең  сақ,  тәжірибелі  біреуі  ұйықтамай  үйірді  күзетіп  тұрады,  егер 
жыртқыштан  қауіп  білінсе,  пысқырып  белгі  береді  де  қатерден
қүтылуға ең оңтайлы жаққа бастап қашады.
Жемтік  жануарларда  жыртқыштан  жасырыну  мінездері  кеңінен
өріс  алған.  Қорғаныш  реңі  арқылы  жыртқыштарға  көрінбей  немесе
оларды  адастырып  жасырыну  кең  таралған.  Қорғаныш  реңді
жасыргыш 
немесе  криптлық 
(кгуріоз  —
  жасырын) 
және
сақтандыргыш  немесе  апосематтық 
(арозета-беймағлұм,  белгісіз)
деген екі топқа белуге болады.
Жасырғыш  рең  дегеніміз  жануарлар  өзінің  тіршілік  ететін
ортасының  негізгі  өң  түсінен  ажырамайтын  түсте  болуы.  Мысалы, 
қүмды  шөлде  тіршілік  ететін  жануарлар  көбінесе  қызыл  сары  қүм 
өңдес  болады  (сарышаян,  түктібүйі,  қүмтышқан  т.б.).  Өсімдіктің 
бұтақ,  жапырағында  тіршілік  ететін  жәндіктер  жэне  олардың
96

дернәсілдері  және  шөпбақа,  бақпақыл  бақапар  өсімдіктің  өңі  түстес 
жасыл  реңді.  Арктикалық  аң,  құстардың  жүні  қыста  қардың  түсіне 
ұқсас  ақшыл  реңге  айналады  (ақ  түлкі,  солтүстік  бұғысы,  ақ  қоян 
т.б.).Көптеген  жануарлардың  өң-түсімен 
қатар  пішіні  олардың 
тіршілік  ортасындағы  жеуге  жарамсыз  қандай  бір  заттың  пішініне 
ұксау  арқылы  оларды  жейтін  жыртқыштардан  қорғайды.  Тіршілік 
ортасындағы  қорекке  жарамсыз  бір  затқа  өзін  ұқсату 
арқылы 
қорғаныш табудың бұл түрі  бүркеуші  рең немесе мимикрия 
(тітісгу
— 
еліктеу,  үқсау) деп  аталады.  Атап  айтсақ  су  түбінде  тіршілік  ететін 
түкқанатты  жәндіктердің  дернәсілі 
қиыршық  тас,  құм,  өсімдіктің 
қалдықтарын  араластырып  өзіне  үйшік  жасап  алады,  бүл  үйшікті 
ешбір  жануар  қажетсінбейтіндіктен  соны  қорғаныш  етіп  өмір сүреді. 
Өсімдіктің  жапырағына,  бүршігіне,  тұқымына  ұқсас  болғандықтан 
одан оңай ажыратылмайтын жәндіктер көптеп кездеседі.
Кейбір жануарлардын түсі тіршілік ететін  мекенжайымен бірдей
болуымен  қатар,  бейне  пішіні  сол  жердегі  бір  затқа  үқсас
келетіндіктен  онымен  қоректенетін  жыртқыштар  оңай  таба  алмайды.
Мысалы  дәуіттердің 
(Мапіоісіеа)
  түсі  жасыл,  қанаты  жапырақ
тәріздес,  аягы  жапырақтың  сабағына  үқсас  болғандықтан  оларды
өсімдіктен  ажыратып  табу  оңайға  түспейді.  Қайыңды  орманда
мекендейтін  ораққанат  көбелек 
қанатын  қомдап  отырған  кезде
қайыңның  жапырағынан  ешбір  ажыратылмайды.  Батбат  кесірткенің
(Рһгупосерһаіиз  чегхісоіог 
5(га.)
 
түсі  оның  тоқтап  түра  қалған
жерінің  өңіне  сәйкес  тез  өзгереді.  Олар  тұрган  орнында  ешбір
қозғалмайтындықтан  тұрған  жерінен  ажырап  көрінбейді.  Мекен-
жайының  түсіне  өзінің  түсін  сәйкестіру  арқылы  жыртқыштардан
қорғану  құстардың  арасында  кең  тараған.  Шілдің  түсі  оның  қонған
жерінің  түсімен  бірдей  болуымен  қатар  ол  қонып  отыра  қалған
жерінде 
ешбір 
қимылсыз 
жабыса 
қалатындықтан 
онымен
қоректенетін  қандай  қырағы  құстың  өзі  оны  көрмей  қалады.
Қамыстың  ішінде  мойнын  жоғары  созып,  қозғалыссыз  отырған 
әупілдек қамыстан ажыратылмайды.
Өзінің  түсі  мен  пішінін  жыртқыш  немесе  шағатын  улы 
жануарларга  ұқсату  арқылы  қорғанудың  түрі  де  кездеседі.  Мысалы, 
усыз  жыландардың  пішіні  мен  түсі  улы  жыландарға, 
ызылдауық 
шыбындардың,  көбелектердің  кейбірі  шағатын  жәндіктерге  ұқсас 
болуы  жыртқыштардан  қорғануға  көмегін  тигізеді.  Алайда,  айтылган 
қорғаныш, сақтық, жасырынудың барлығы да жемтіктік жануарларды 
жыртқыштан  толық  қорғай  алмайды. 
Қимыл-қозғалыс  кезінде
97

оларды  жыртқыштар  көріп  қояды.  Әйтсе  де  жыртқышқа  оңай  олжа 
болмай  популяциясының  санын  тұрақты  деңгейде  сақтауына  азды-
көпті көмегін тигізеді.
Жоғарыда  қарастырылған  дәлелдер  мен  мысалдардың  негізінде
жыртқыштар  мен  жемтіктік  жануарлардың  өзара  қарым-қатынасы
бұлардың тарихи даму дэуірінде  қалыптасып бұл екі топтың екеуінің
де  эволюциялық  даму  үрдісіне  көп  әсерін  тигізгенін  айқын  көруге
болады.  Жыртқыштардың да жемтіктердің де дене құрылысы,  мінезі,
түсі  мен  пішіні,  тіршілік  ету  сипаты  қалыптасуына  екі  топтың
өзаралық  байланысы  мен  қарым-қатынасының  ерекшеліктері  үлкен
рөл атқарғанын көреміз.
Қоректенетін  жемтіктік  жануарсыз  жыртқыштар  тіршілік  ете
алмайтыны  белгілі.  Сондықтан  олар  жемтікті  іздеп,  тауып,  үстап,
өлтіріп  жеуге  бейімделуге,  ал  жемтік  жыртқыштан  қорғануға,
мэжбүр болады.
Қоректенетін  жемтіктік  жануарлардың  саны  өсіп  молайса, 
жыртқыштардың  көбеюіне  мүмкіндік  туады:  жемі  мол  болғандықтан 
жақсы  семіріп,  біркелкі  ұрықтанып  төлдейді,  өлімі  азайып  саны  күрт 
өсе  бастайды.Жыртқыштардың  көбеюі  жемтіктік  жануарлардың 
санын  азайтады.  Ал жемтіктің азаюы жыртқыштың санының азаюына 
үшыратады.  Табиғи  жайдайда  осылайша  жыртқыш  пен  жемтіктік 
жануарлар  бірінің  санын  бірі  реттеп,  табиғи  тепе-теңдік  деңгейін 
сақтап  тұрады.  Мысалы,  Моңғолияның  өлкелерінде 
кең  таралған 
жайылым  мен  шабындыққа  аса  зиянды  дала  тышқанын 
(Місгоіш 
ЬгапМ)
  XX  ғасырдың  сексенінші  жылдарында  жаппай  құрту 
жұмысын  жүргізгеннен  кейін  түлкі,  қарсақ  қатарлы  жыртқыш  аңдар 
және  тілеміш 
жамансары  қатарлы  тышқан  аулағыш  қүстар  өте
азайып  кеткен.
Жыртқыштар  жемтікті 
тек  қане  жеп  азайтып,  оларға  үнемі
қысым  көрсетуші деп ойлауға болмайды.  Биологиялық ұғыммен алып
қарағанда  жыртқыштар  жемтіктік  жануарлардың  сапасы  жогарылап,
тіршілік  ету  қабілетінің  жақсаруына,  өлімі  мен  шығынының азаюына
пайдасын  да  тигізеді.  Өйткені  жыртқыштарга  ең  алдымен  ауруға
шалдыққан, әлсіз, жүдеу нашар жануарлар жем болады.
Ауруларын  жыртқыштар  алдымен  ұстап  жейтіндіктен 
олар
жемтіктің  популяциясына  ауру  тараудан  сақтайды.  Әлсіз,  төзімсіз 
жүдеу 
жануарлар 
алдымен 
ұсталып 
жем 
болатындықтан 
популяцияның 
ішінде 
сүрыптау 
жүріліп, 
сапасы 
жақсаруына 
жыртқыштар ықпал жасайды.
98

Жануарлардың 
қоректенуінің  (зоофаг)  тағы 
бір  түрі  -  
тогышарлық  (паразиттік)  қорек  немесе  паразитизм.  Тоғышарлық 
қоректің  экологиялық  маңызын  түсіну  үшін  тоғышарлық  тіршіліктің 
негізгі  маглұматтары мен атауларын білу қажет.
Басқа  бір  тірі  ағзаның  денесінде  тұрақты  мекендеп  немесе 
уақытша  орнығып,  ол  ағзалардың  ұлпаларымен  қоректенетін  немесе 
жасушалық  және  ұлпааралық  сөлдерімен  қоректеніп  тіршілік  ететін 
жануарлар тоғышарлар тобын  кұрайды.
Ағзаның  денесінің  үстігі  қабатында  орналасып  тіршілік  ететін 
тоғышарлар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет