Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қарқынды 
температура 
дамуды 
қолдайтын  әуелгі  табалдырық  температура  мен  қоршаған  орта 
температурасының  айырмашылыгы  арқылы  өлшенеді.  Мысалы, 
судың температурасы +5°С-қа жеткеннен бастап бақаның уылдырығы 
дами  бастайды  деп  көрсек  бұл  5°С  температура  табалдырық 
температурасы 
деп 
есептеледі. 
Ал 
даму 
барысында 
судың 
температурасы  жылып  12°С-қа  жеткен  болса  қарқынды  температура 
К=12-5=7  болады.  Бүны  дамудың  түрақты  температурасы  деп  те 
атайды.  Егер  табалдырық  температураны  1:  деп,  кезіндегі  ортаньщ
21

температурасын  Т  деп  белгілесек,  қарқынды  температураны  К-Т-1 
деп  белгілейтін  боламыз.  Егер  бақаның  уылдырығы  жоғарыдағы 
көрсеткіштер  бойынша  20  тэулік  (С)  бойы  дамып  бақашабақ 
сатысына  жеткен  болса  уылдырықтан  бақашабақ  сатысына  дейінгі 
дамуына  қажетті  қарқынды  температуралардың  қосындысы  х  =  (  Т  - 
1°  ).  С  формуласымен  оңай  есептей  аламыз.  Мұндағы  х  —  дамуға 
қажетті  (қарқынды) температуралардың  қосындысы,  С  -  табалдырық 
температурадан  артық  температуралы  тэуліктің  (немесе  сагаттың) 
саны.  Жоғарыда  қөрсетілген  сандарды  пайдаланып  дамуға  қажетті 
қарқынды  температураның  жиынтығын  (қосындысын)  есептейік:  х 
=( 12°С  -  5°С  )*20=140°С.  Ендеше  уылдырықтан  бақашабақ  болып
даму үшін  140°С жылу қажет екені белгілі болады.
Қарқынды  температура  жинағын  есептей  білудің  практикалық 
маңызы 
зор. 
Әсіресе 
жануарларды 
жерсіндіру, 
тоған 
шаруашылығында  балық  өсіру,  ауыл  шаруашылығының,  орманның 
зиянкес  жэндіктерімен  күресу  жұмыстарын  тиімді  жүргізу  үшін 
олардың  дамып  жетілуіне  қажетті  температуралық  көрсеткіштерді
міндетті түрде ескеру қажет.
3.2 Ылғалдылық, оныц жануарларга эсері
Жануарлардың  тіршілігіне  тікелей  немесе  жанама  ықпалын 
тигізетін негізгі фактордың бірі — ортаның ылғалдылығы. Су ағзадағы 
зат  айнапым  үрдісін  қамтамасыз  етіп,  ағзаның  барлық  қызметтерінің 
қалыпты  жағдайда дұрыс  жүрілуіне  мүмкіндік  туғызады.  Сондықтан 
денесіндегі  ылғалдың  теңдестігін  сақтау  жануарлар  үшін  аса 
маңызды. Жануарлар құрлықта,  кейбірі суда тіршілік етеді. Ылгалдық 
үнемі тапшы болатын  шөлді  мекендерде тіршілік ететін жануарлар да 
аз  емес.  Әсіресе  қүрлықта  тіршілік  ететін  жануарлар  ылғалдың 
тапшылығына үшырамауға эртүрлі жолмен бейімделген.
Жануарлардың  салмағының  70-ке  жуық  пайызын  су  құрайды. 
Әсіресе  зат  алмасуын  үнемі  екпінді  жүргізетін  жүйке  жүйесі,  бауыр 
сияқты мүшелердің жасушасының жалпы салмағының 80-85  пайызын 
су  иеленеді.  Осының өзі-ақ жануарлар үшін су қанша маңызды екенін 
баяндайды.  Жасушадагы  барлық  судың  95  пайызын  еркін  су,  4-5 
пайызын ақуызбен қосылыс түзіп байланысқан су құрайды.
Судың  жануарларга  қажеттігі  оның  физикалық,  химиялық 
қасиеттеріне жэне ағзаға атқаратын  қызметтеріне байланысты.  Судың
22

ағзаға  атқаратын  төмендегідей  қасиеттері  мен  қызметтерін  атауға
болады:
-  Су-элемдік  табиғи  еріткіштердің  бәрінен  артық  еріткіш: 
көптүрлі  заттарды  ерітуге  қабілеттілігі  тұрғысынан  судан  артық 
ешбір  сұйық  жоқ. 
Жасушада  жүрілетін 
көптеген  химиялық 
реакциялар 
суда 
еріген 
иондардың 
эрекеттесіп, 
эсерлесуіне 
негізделген.  Сондықтан  да  су  заттардың  ыдырау,  түзілуі  жүрілетін
негізгі ортаның рөлін атқарады.
-  Су  тек  реакцияларды  жүргізетін  орта  ғана  емес,  судың  өзі 
эртүрлі  реакцияларга  тікелей  қатысып  эртүрлі  күрделі  заттарды 
түзеді.
-  Су  ағзалардың  жылуын  түрақтандырушы,  жылу  мөлшерін 
реттеуші  ретінде  үлкен  рөл  атқарады.  Бұл — судың жылу  өткізгіштік, 
жылу  сыйымдылық  қасиеті  жоғары  жэне  жоғары  температурада 
(100°С)  буланатын  қасиеттеріне  байланысты.  Жылу  сыйымдылығы 
жоғары  болғандықтан  сыртқы  ортаның  температурасы  қалыпты 
деңгейден  өте  азайып,  не  өте  көбейіп  ауытқыған  кезде,  сол 
ауытқудың  ағзаға  тигізетін  әсерін  жүмсартады.  Жылу  өткізгіштігі  — 
ағзаның  барлық  мүшесіне  жылудың  біркелкі  таралуына  жәрдемін 
тигізеді.  Судың  булану  температурасы  жоғары  болғандықтан 
жануарлардың  ішкі  мүшелерінде  пайда  болған  ыстық терлеген  кезде 
буланған  сумен  бірге  сыртқа  бөлініп  шығады  да  ыстықтаған  денесі 
салқындайды.
- Ағзаға  қажетті  заттар суда еріген  ерітінді түрде жануарлардың 
әртүрлі үлпалары  мен мүшелеріне тарайды, ап ағзаға қажетсіз зиянды 
заттар  тагы  да  су  арқылы  аластатылады.  Сондықтан  судың 
тасымалдаушылық рөлі де аз емес.
Ылгалдық сүйгіш  қасиетіне  сәйкес  жануарларды  гигрофильдер 
яғни  ылғал  сүйгіштер,  ксерофильдер  яғни  қүрғақ  сүйгіштер, 
мезофильдер  яғни  аралық  топтар  (ылғал  сүйгіш  пен  құрғақ  сүйгіш 
аралық  мөлшерінде  ылғал  талап  ететіндер)  деген  үш  негізгі 
экологиялық топқа бөледі.
3.2.1  Қүрлық жануарларының ылғал теңестігін  реттеу жолдары
Жануарлар  сыртқы  ортамен  ылғал  (су)  алмасу  арқылы  денесіне 
қажетті  судың  қалыпты  дейгейін  теңестіреді.  Жануарлардың  ылгал 
алмасуы  агзаның  суды  сыртқы  ортадан  қабылдап  алуы  және  оны
23

сыртқы ортаға бөліп  шығаруы деген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі
үрдістен құралады.
Суды  сыртқы  ортадан  алудың  тікелей  бір  жолы  —  оны  ішу. 
Көптеген 
жануарлар 
тікелей 
ішу 
арқылы 
судың 
қажеттігін 
қанағаттандыруға бейімделген. Суда тіршілік ететін жануарлардын да 
көптеген  түрлері  суды  ішу  арқылы  денесіне  сіңіреді.  Денесінен 
сыртқы  ортаға  шығарылатын  су  нәжіспен,  несеппен  бірге  жэне 
булану  арқылы  шыҒады.  Кейбір  жануарлар,  әсіресе  суда  тіршілік 
ететін  жануарлардын  көпшілігі  суды  денесінің  сыртқы  жамылғысы 
(терісі)  арқылы  немесе  сіңіріп  өткізуге  бейімделген  арнайы  ұлпалар 
арқылы сіңіреді.  Құрлықта тіршілік ететін  қосмекенділер,  бауырымен 
жорғалаушылар,  омыртқасыз  жануарлар  жауынның,  шықтың  суын 
және  топырақтың,  тұманның  ылғалын  терісі  арқылы  бойына  сіңіріп
алады.
Сыртқы  ортадан  алатын  судың  тағы  бір  негізгі  көзі  -  
жануарлардын  қоректік  заттары.  Қоректік  заттарда  судың  екі  түрлі 
көзі  бар.  Балауса  жас  шөптің  массасының  80-ге  таяу  пайызын  су 
иеленеді.  Бұл  -   қоректегі  еркін  су.  Одан  басқа  тағы  да  химиялық 
қосылыстардың  құрамындағы  судың  қоры  бар.  Жануарлар  қоректің 
құрамындағы  еркін  суды  қорекпен  бірге тура  пайдаланады.  Олардың 
жеген  қоректік  органикалық  заттары  тотығып  ыдыраган  кезде  (яғни 
ас  қорытылған  кезде)  зат  апмасу  суы  деп  аталатын  су  бөлініп 
шығады.  Зат  алмасу  суы  кепкен,  құрғақ,  қоректік  заттың  құрамында 
да  болады.  Ешбір  сусыз  шөлде  мекендейтін  сарышұнақтар,  шөл 
егеуқұйрығы,  қосаяқтар,  қоянның  кейбір  түрлері,  Сахара  шөлінде 
тіршілік  ететін  феннек  атты  түлкі,  кірпінің  түрлері  көптеген 
омыртқасыз жануарлардын барлығы да қоректік заттың құрамындағы 
суды 
қанағат 
етіп 
тіршілік 
етеді. 
Әсіресе 
жыртқыштардың 
қоректенетін  етінің  құрамында  су  көп  болады.  Мысалы  қоянның  Ікг 
жас  етінің  құрамында  692г  еркін  су,  156г  зат  алмасу  суы  бар.  Сонда 
1 кг  қоян  етін  жеген  жыртқыш  848г  сумен  қамтамасыз  етіледі.  Бұдан 
біз  көптеген  жағдайларда  жануарлар  өзіне  қажетті  суды  қоректен 
алатынын  көреміз.  Жеткілікті  мөлшерде  қоректенген  жануарлар 
семіріп  денесіне  майдың  қорын  жинайды.  Жиналған  майды  қажетті 
кезінде  жануарлар,  біріншіден  жылудың  көзі  ретінде,  екіншіден,  зат 
алмасу суының көзі ретінде пайдаланады.
Құрлықта  тіршілік  ететін  жануарлар  өздерінің  тіршілігіне 
қажетті  судың  (ылғалдың)  тапшылығына  жиі  ұшырайды.  Сондықтан 
олар денесіндегі ылгалды үнемдеуге эртүрлі жолмен бейімделген.
24

Кейбіреулері  ін қазып, көлеңкелі салқын жерлерді паналап, сулы 
жерлерге  жақын  мекендеп,  немесе  ұзақтағы  суатқа  шұбыру  тэрізді 
мінез-құлықтық  бейімделу  арқылы  тіршілігіне  қажетті  судың 
мөлшерін  реттейді.  Жер  бетінде  ауа  өте  құрғақ  кездің  өзінде  індегі 
ауаның  ылғалдылығы  100%-ға  жуық  болады.  Сондықтан  көптеген 
жануарлар  ін  қазып  тіршілік  етуге  бейімделген.  Олардың  көпшілігі 
жаңбырлы,  ылғалды  күндерде  немесе  кешкі  салқында,  түнде  ғана
інінен шығып, белсенді тіршілік етеді.
Жәндіктердің  денесіндегі  ылғалын  буландырмай  қалыпты 
деңгейде  реттеп  ұстауға  бейімделген  морфологиялық  қасиеттеріне 
хитин  кабықшасындағы  су  өткізбейтін  эпикутикула  қабатын, 
бауырымен  жорғалаушылардың  терісінің  сыртын  қаптаған  қатты 
қабықшасын, құрлық ұлуларының бақапшық сауытын атауға болады.
Ылғалдылығын  тұрақты  сақтау  үшін  несеп  және  нэжіс  айыру 
кезінде  денесінен  шығатын  судың  мөлшерін  азайту,  зат  алмасу 
үрдісінен 
шыққан 
суды  тұтыну, 
несептің 
мөлшерін 
азайту, 
ылғалдылықтың  азаюына  төзімділігін  жоғарлату  т.б.  физиологиялық 
бейімділіктері көмегін тигізеді.
3.3 Жарықтың жануарларға  әсері
Жарық  жануарлар  үшін  қоршаған  ортадағы  заттарды  көруге, 
бағытын  бағдарлап  сезіну  үшін  және  басқадай  да  көптеген  рөл 
атқарады.
Экологиялық  үғым  бойынша  «жарық»  дегеніміз  күн  сәулесінің 
0,05-3000нм(1нм=10'6мм)  үзындық  толқын  аумағындағы  энергия 
агыны. 
Толқынның 
үзындық 
мөлшеріне 
сэйкес 
сәулелердің 
физикалық  қасиеті  және  жануарларга  тигізетін  экологиялық  эсері 
өзгереді. Мысалы:
0,05-150нм аралығындағы толқында иондаушы сәуле;
150-400нм-лік -  ультракүлгін сәулелері;
400-800нм-лік -  көрінетін жарық сәулелері;
800-1000нм-лік — инфрақызыл сәуле.
Иондаушы  сәуле  гарыштың  қысқа  толқынды  және  жердің 
табиғи  радиоактивті  сәулелілік  шоғырынан  құралады.  Олар  тірі 
ағзаларға  бүлдіргіш  әрекет  жасайды  және  ағзаларды  мутациялық 
өзгеріске  ұшыратады.  Ағзаға  иондаушы  сәулелердің  тигізетін  эсері 
оның  мөлшеріне  (дозасына)  байланысты.  Аз  мөлшердегі  иондаушы
25

сэулелер  ағзаға  зиян  тигізбейді,  керісінше,  кейбір  қажетті  заттардың 
түзілуіне демеу беріп жәрдемдеседі.
Күннен  Жерге  қарай  бағытталған  ультракүлгін  сәулелердің 
басым  бөлігі  жер  бетіне  жетпейді  — озон  пердесінде  сүзіліп  қалады. 
Жер  бетіне  тек  қана  толқынының  ұзындығы  ЗООнм  -ден  артық 
ультракүлгін  сэулелер  келіп  жетеді.  Ультракүлгін  сәуленің  бүл 
болігінде  (300нм-ден  *артық  толқын  аумағындағы)  энергия  мол 
болатындықтан  жанды  ағзаларға  химиялық  жолмен  әсерін  тигізеді. 
Атап  айтсақ,  жасушада  жүрілетін  синтездерді  қарқындатып  демеу 
береді.  Олардың демеуімен  ағзада Д  витамин  түзіледі.  Ал  Д  витамин 
кальцийдің, 
фосфор дың 
алмасу 
үрдісін 
реттейтіндіктен 
жануарлардың  жас  төлінің  сүйегі  жақсы  дамып  жетілуіне  мүмкіндік 
туады.  Түлкі,  борсық  сияқты  көптеген  жануарлар  күшіктерін 
таңертең 
інінен 
шығарып 
күн 
көзіне 
шуақтататыны  осыған
байланысты деп көреді.
Қысқа  толқынды  (280-320нм)  ультракүлгін  сэулелер  ағзага 
қатерлі  ісік  (рак)  ауруын  тудыру,  ауруға  қарсылық  қабілетін  жою, 
кейбір  ауру  қоздыратын  микроағзаларды  белсендіру  тэрізді  зиянды 
эсерін тигізеді. 

 
^
3.3.1  Көрінетін жарық спектрі
Жер  бетіне  жететін  күн  энергиясының  40-50  пайызын  көрінетін 
жарық  спектрі  қүрайды.  Жарықты  пайдаланып  жануарлар  қоршаған 
ортадағы  өзінін  бағыт-бағдарын  біледі,  сыртқы  ортаның  жағдайын 
байқап  біліп  танысады.  Тек  көрінетін  жарық  спектрі  арқылы  гана 
емес,  кейбір жануарлар ультракүлгін, инфрақызыл сәуле арқылы көре 
алады.
Жануарларда  жарықты  қабылдау  арқылы  қоршаған  ортадағы 
заттар  мен  жағдайды  сезінетін  сезім  мүшелері  дамыған.  Ондай  сезім 
мүшелері  жарықты  сезіп,  жүйке  жүйесіне  жалғастыратын  қарапайым 
жасушадан  бастап  күрделі  жүйеден  қүралған  көзге  дейін  эртүрлі 
деңгейде  дамыған.  Қараңғы  түннің  озінде  аз  да  болса  жарық  сәулесі 
болады.  Жануарлардың  тіршілік  ететін  ортасының  шеңберінде 
мүлдем  (абсолют)  қараңғы  орта  кездеспейді.  Алайда,  түнде  тіршілік 
ететін  жануарлардың  өзі  де  түн  қараңғылығындагы  аздаған  жарық 
сәулесімен  кору  арқылы  бағыт  бағдарын  анықтайды.  Мысалы,  үкі, 
тентекқұс,  лемур,  лори  атты  маймылдар  жэне  күн  сәулесі  жетпейтін
26

терең  суда тіршілік  ететін  балықтар,  басаяқты  былқылдақ  денелілер 
т.б.
Ешбір  сәулесіз  толық  қараңғы  ортада 
(топырақта,  үңгірде, 
жануарлардың  ішкі  мүшелерінде) тіршілік  ететін  жануарларға  көздің 
қажеттілігі 
жойылып, 
керексіз 
мүшеге 
айналады. 
Осылайша 
атқаратын  қызметі  жоқ,  керексіз  болған  мүше  біртіндеп  кішірейіп, 
жойыла бастайды. Бұл -мүшенің редукциясы деп аталады.
Жануарлардың  жарықты  талғау 
қасиеті 
эртүрлі. 
Кейбір 
жануарлар  қарқыны  күшті  жарықты  сүйеді,  енді  біреулері  бүлтты, 
көлеңкелі  кезді  немесе  ымыртты,  қараңғылықты  талғап  тіршілік 
етеді. 
Жарықты 
таңдап 
талғау 
қасиетіне 
сәйкес 
жануарлар
төмендегідей экологиялық топқа бөлінеді:
а)  Жарықсүйгіштер  немесе  гелиофильдер  (фотофильдер)  -  
бүлар  бүлтсыз  ашық  күндерде  белсенді  тіршілік етеді,  жазық далада, 
тайыз судың беткі қабатында мекендейді.
в)  Көлеңке  сүйгіштер  немесе  гелиофобтар  (фотофобтар)  — 
бұлтты,  тұманды  күндерде  белсенді  тіршілік  етеді,  ну  орманның, 
бітік  шөптің  арасында  немесе  су  түбінде  тіршілік  етеді. 
(Рһоіоз
  - 
жарық, 
һеііоз
 - күн).
3.4 Ф акторлардыц біріккен әсері
Факторлардың біріккен әсері-констелляция 
(со
  - бірге, 
зіеііаііо
 — 
орналасу).  Екі  немесе  бірнеше  фактор  бір  жануарға  қатар  эсер 
еткенде,  олардың  біреуінің  әсері  екіншісінің  әсеріне  ықпалын 
тигізеді.  Қоршаған  ортаның бір факторы  екінші  бір фактордың әсерін
үдетіп немесе оэсеңдетіп өзгертеді.
Мысалы 
ВІа$іорһа%ш  ріпірегсіа
  деген  қабықжемір  қоңыз 
коршаган ортаның температурасы +25°С кезде жарықсүйгіштік,+20°С 
болып  азайса  жарыққа  бейтараптылық,  ал  35°С  болып  жоғарыласа 
жарықбезерлік (көлеңкеге қашу) мінез көрсететіні анықталган.
Температураның  эсеріне  жануарлардың  төзімділігі  ауаның 
ылгалдылық  мөлшеріне  байланысты  болатыны  әркімге  белгілі. 
Әсіресе  шопандар  мен  бағбандар  мұны  жақсы  біледі.  Ауа  құрғақ 
болса  гомойотермді  жануарлардың  ыстыққа  төзімділігі  артады, 
ылгалды  ауа  ыстық  пен  суыққа  төзу  қабілетін  төмендетеді.  Себебі, 
жануарлар  денесінің  ыстыгын  терлеу  арқылы  буландырып,  сыртқа 
шыгарып  салқындайтыны жоғарыда айтылган.  Ал,  ауадагы  ылгалдың 
көптігі  булануды  шектейтіндіктен  терлеу  арқылы  ыстыққа  төзу
\
 
27

бейімділігіне  бөгет  келтіреді.  Қоршаған  ортаның  ауасы  құрғақ  болса 
жануарлардын  суыққа  төзімділігі  де  артады.  Өйткені,  ылғалды  ауа 
жылуды  жақсы  өткізетіндіктен  дененің  жылу  сақтау  қабілетін 
төмендетеді.  Құрғақ  ауалы  ортамен  салыстырғанда  ылғалды  ортада 
жануарлар  денесіндегі  жылудан  оңай  айырылады.  Мысалы  итті 
температурасы  43°С  ыстық,  ауасы  құрғақ бөлмеге  кіргізіп  7  сагаттан 
кейін  тексеріп  көргенде  оның  денесінің  температурасы  қалыпты 
деңгейде  (38°С)  болған,  ал  температурасы  43°С,  ылғалдылығы  мол 
(65%) бөлмеге кіргізген иттің температурасы 3  сағаттан кейін 42°С-қа
жетіп әлсірей бастаған.
Салқын  қанды  (пойкилотермді)  жануар  да  факторлардың
біріккен 
әсеріне 
ұшырайды. 
Ауаның 
температурасы 
24°С, 
ылғалдылығы  45%  болған  жағдайда  күздік  көбелектің  дернэсілі  7 
күнде  бір  рет  түлеп,  тез  жетілетіні,  ал  егер  температура  түрақты 
(24°С)  болғанымен  ылғалдылық  70%  болып  көбейсе  жетілуі  баяулап 
10-12 күнде бір рет түлейтіні зертханалық зерттеуден анықталған.
Жануарларға жел,  температура,  ылғалдылық,  жарық,  қысым  т.б. 
көптеген  фактордың  біріккен  эсері  ықпалын  тигізеді.  Бірақ  қазірге 
дейін  факторлардың  бірлескен  эсерінің  ықпалын  екі-екі  факторды 
жеке-жекелеп  салыстыру  арқылы  ғана  зерттеу  жұмысы  кеңінен 
қолданылып  келеді.  Себебі,  көп  түрлі  фактордың  өзара  әсерлесуінің 
нэтижесінде  олардың  жиынтық  ықпалының  мөлшері  қаншалықты 
болуын анықтау өте қиын.
3.5 Жануарларға жер бедері мен су түбінің әсері
Жер  бетінің  кедір-бүдырлық  сипатының  жалпылама  атауы  жер 
бедері  (рельеф)  деп  аталады.  Бейне-бітіміне  қарай  дөңес  (немесе 
дұрыс),  ойыс  (немесе  теріс  пішінді  бедер  деп  бөлінеді.  Жер  бедері 
ішкі 
(эндогендік) 
және 
сыртқы 
(экзогендік) 
геологиялық 
қүбылыстардың 
өзара 
әсерлесуінің 
нэтижесінде 
қүрылып 
қалыптасады.  Көлемінің  мөлшеріне  қарай  жер  бедерін  үш  дэрежеге 
бөледі: макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф.
Негізгі 
тегіс 
кеңістіктен 
биіктеген 
(немесе 
ойыстаған) 
айырмашылық мөлшері  20-1000 метрге жететін және одан  артылатын 
бедерлер  макрорельефті  қүрастырады.  Бұған  таулар,  жазықтар, 
үстірттер, 
өзен 
аңғарлары 
жатады. 
Биіктік 
немесе 
ойыстық 
айырмашылыгы  1-20метрлік  бедерлер  мезорельефті  қүрастырады. 
Бүған  ойпатгар,  қабақтар,  баурайлар,  эртүрлі  жыралар  мен  сайлар
28

жатады.  Биіктік  немесе  ойыстық  мөлшер  бірнеше  сантиметрден  1 
метрге  дейінгі  айырмашылықтағы  жер  бедерлері  микрорельефті 
құрастырады.  Бұлар  -   төмпешіктер,  жыралар  т.б.  жатады. 
Жер 
бедерінің  жануарларға  эсері  көп.  Таулар  желдің  күшін  бәсеңдетіп, 
бағытын  өзгертеді,  жауын  өрден  ылдыйға,  жыра  шұңқырларға 
жинапады, таудың көлеңке жағы  салқын,  оның теріскей,  күңгей  жэне 
батыс,  шығыс  жағында  жарықтың  және  жылудың  таралуы  бірдей 
емес.  Өзен  арнасында  жер  асты  суының  деңгейі  жоғары,  ауасы 
ылғалды  болады.  Міне  осылардың  бәрі  жануарлардың  таралуына, 
олардың тіршілік етуіне әсерін тигізеді.
Судың  түбі  су  жануарлары  үшін  тіршілік  ететін  орта,  бекініп 
орналасатын  орын  жай,  қорегін  табатын  кеңістік,  қозғалып  жүруіне 
төсеніш  тірек  (субстрат)  ретінде  рөл  атқарады.  Судың  түбінің 
ерекшелігіне  (құм,  саз,  ылай,  тастақ  т.б.),  ондағы  қоректік  заттың 
мөлшеріне,  тағы  басқа  сипаттарына  байланысты  су  түбінде  тіршілік 
ететін  жануарлардың  алуантүрлілігі,  саны  әртүрлі  болады:  саз 
балшықты болса жануарлар көп, тастақты суда аз кездеседі.
3.6 Жануарларға биотикалық фактордыц әсері
Тірі  ағзалардың  бір-біріне  жэне  қоршаған  ортаға тигізетін  әсер- 
ықпалының 
бүкіл 
жиынтығы 
биотикалық 
факторға 
жатады. 
Жануарлардың тіршілігі үшін биотикалық факторлардың маңызы зор. 
Олар  өзінің  төңірегіндегі  басқадай  тіршілік  иелерімен  қарым- 
катынассыз  тіршілік  ете  алмайды.  Мүндай  карым-қатынастың 
кейбіреуі  жануар  үшін  пайдалы  немесе  зиянды  да  болуы  мүмкін. 
Бірақ  басқа  жанды  агзаларсыз  жападан  жалгыз  тіршілік  ету  мүмкін 
емес.
Жануарлар 
өзара 
қарым-қатынас 
жасап 
байланысуының 
нәтижесінде 
көбею, 
қоректену, 
қорғану, 
ортаның 
қолайсыз 
жағдайына  бірігіп  күресу  мүмкіндігіне  не  болады.  Сонымен  катар 
мұндай  қатынастардың  әсерінен  бір-біріне  ауру  жүқтыру,  бір-біріне 
шабуылдап қатер туғызу тэрізді кері  ықпал да жоқ емес.
Жануарлардың 
өзара 
қарым-қатынасы 
түрішілік 
және 
түраралық  деп  бөлінеді.  Бір  түрге  жататын  ағзалардың  өзара 
әсерлесуі  -   түрішілік  қарым-қатынас.  Бұл  қандай  бір  түрлі 
жануардың  тіршілігі  үшін  негізгі  рөл  атқарады.  Бір  түрге  жататын 
жануарлар  ұдайы  бір  мекенде  бірге  тіршілік  ететіндіктен  және 
жыныстық  қатынас  үшін,  қоректену  үшін  өзара  бәсекелестікке
29

түсетіндіктен,  қысқасы  өзара  ешбір  үзіліссіз  әсерлесетіндіктен 
түрішілік  қарым-қатынас  биотикалық  факторлардың  ішінен  ең 
негізгісі  болып 
саналады. 
Түрішілік  қарым-қатынас  негізінен 
бэсекелестік  түрде  (орын  жай  үшін,  көбею  кезінде  жыныстық 
қатынасқа  түсу  үшін,  қоректену  үшін  т.б.)  жүріледі.  Сонымен  қатар 
жас  төлдерін  қорғау,  оларды  тіршілікке  үйрету,  басқа  жануарларға 
тобымен  шабуылдау  немесе топтанып  қорғау,  қауіп-қатер туралы  бір 
біріне  сыбыс  беріп  сақтандыру  т.б.  көптеген  жолмен  бір-біріне 
көмегін  тигізеді.  Өзара  қандай  бір  бәсекеге  түсудің  өзі  түрдің 
шынығып  сұрыпталуына  жол  салып,  бірден  бір  пайдалы  әсерін 
тигізеді:  күзде  үйірге  түсерінде  арқардың  қүлжалары  үйірді  иелену 
үшін  бәсекелесіп  сүзіседі.  Ең күшті,  сапалы  құлжа басқаларды жеңіп, 
үйірді  иеленіп,  саулықтарды іштендіретіндіктен туған төлі де төзімді, 
сапалы 
болады. 
Бұндай 
бәсекелестіктің 
нәтижесінде 
табиғи 
сұрыпталу  жүріліп,  түрдің  тіршілік  ету  қабілеті  жақсаратынын
көреміз.
Түраралық 
қарым-қатынастан 
туындайтын 
биотикалық 
фактордың бірнеше түрі  бар:  комменсализм,  аменсализм,  мутуализм, 
өсімдік 
пен 
жануарлардың, 
жыртқыш 
пен 
жем 
болушы 
жануарлардын  арасындағы  түраралық  бәсеке  қарым-қатынасы. 
Бүлардың 
ішінен 
жануарларға 
экологиялық 
фактор 
ретінде 
айтарлықтай  маңыздылары  -  өсімдік  пен  жануарлардың,  жыртқыш 
пен жем болушы жануарлардын түраралық қарым қатынасы.
3.6.1 Жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық байланысы
Жануарлардын  басым  көпшілігі  өсімдікпен  қоректенеді.  Қандай 
бір  биоценозда  өсімдікпен  қоректенетін  жануарлардын  түрі  де,  саны 
да  басқалардан  артық.  Олардың  таралуы,  мекендеуі,  санының  аз- 
көптігі,  тіршілігінің басқа да  көптеген  сипаты  өсімдікке  байланысты. 
Өсімдік  жабындысын  жануарлар  жыртқыштардан  тасаланып  бас 
сауғалайтын,  желден,  суықтан  қорғайтын  мекенжай,  үялап  көбейетін 
орын  ретінде  пайдаланады.  Жыртқыш  жануарлар  жемін  тауып 
ұстауына  өсімдік  кейде  пайдалы,  кей  жағдайда  пайдасыз  әсерін
тигізеді.
Тек өсімдік қоректі жануарларға ғана емес, жыртқыш жануарлар 
үшін де өсімдіктің қоректік жанама әсері мол.
Табиғаттағы  қоректік  өсімдіктің  қоры  мезгіл  сайын,  жыл  сайын 
өзгеріп  отыруына  сәйкес  өсімдікпен  қоректенетін  жануарлардын
30

құрамы  мен  саны  да  тұрақты  болмайды.  Атап  айтсақ,  омыртқалы 
жэне  омыртқасыз  жануарлар  ағаш  тектес  өсімдіктердің  тұқымымен 
қоректенеді.  Бірақ  ағаш  тектес  өсімдіктердің  тұқымының  өнімі  жыл 
сайын  бірдей  емес,  кей  жылдары  мүлдем  жеміс  бермей  қалады. 
Шырша  мен  қарағай  тұқым  бермеген  жылы  қайшыауыз  торғай  мен 
тиін  ұрықтанбайды  жэне  басқа  жаққа  ауып  кетеді.  Қылқан 
жапырақты  орманның  тұқымы  мол  өнім  берген  жылы  тұқымға 
мейлінше  тойынып  семірген  қайшыауыз  торғай  қыстың  өзінде-ақ 
жұмыртқалап  балапан  басып  өсіреді.  Ал  тиіннің  саны  жаңғақ  көп 
шықкан  жылдың  келесі  жылында  көбейеді.  Өйткені  жаңғақ  пісіп 
жетілгенге  дейін  тніннің  үрықтану  мерзімі  бітіп  кетеді.  Бірақ  негізгі 
қоректік  заты  (жаңғақ)  жеткілікті  болғандықтан  олар  қыстан 
шыгынсыз  күйлі  шығып  келесі  жылы  көп  төл  туады.  Монғолияның 
қуаң  даласында  тіршілік  ететін  дала  тышқаны 
(Місгоіт  Ъгапйіі)
  да 
шөп  көп  шыққан  жылдың  келесі  жылында  көбейіп  жайылымның 
өніміне  үлкен  зиян  келтіреді.  Күз  мезгілі  ылғалды  жэне  жылы  болса 
өсімдіктің түқымы дереу өскіндеп  көктей бастайды, жаңа шыққан сол 
балауса  шөп  жауған  қардың  астында  қалады  да  дала  тышқаны, 
қүмтышқаны,  алақоржын  тағы  басқа  кеміргіштерге  жайлы  жағдай 
туғызады.  Сондықтан  олар  қыста  да  туып  көбейеді.  Өсімдікпен 
қоректенетін  көптеген  жануар  шөп  шықпаган.  агаштар  жеміс 
бермеген,  қуаңшылық  болған  жылы  аштан 
қырылу 
қаупіне 
үшырайды.  Өсімдік  өнімі  өсімдікпен  қоректенетін  жануарларга 
тікелей  әсерін  тигізумен  қатар  жыртқыш  жануарларга  да  жанама 
түрде  ықпал  етеді: 
мысалы, 
қуаңшылықтан 
болып  тышқан, 
сарышұнақ,  қосаяқ  тектес  жануарлардың  азаюының  салдарынан 
олармен  қоректенетін  күйкентай,  қаршыға,  қырғи,  ителгі  қатарлы 
қүстар; түлкі,  қарсақ, сусар т.б.  жыртқыш жануарлар қоректік қордың 
тапшылыгына  үшырап  азаяды,  немесе  басқа  жаққа  ауып  көшуге 
мэжбүр болады.
Жануарлар  да  өсімдік  жамылғысының  құрамына,  тарапуына 
және өсімдіктердің өсіп жетілуіне маңызды рел атқарады.
Көптеген  өсімдіктің  түқымы  жануарлар  арқылы  бір  жерден 
екінші  жерге  таралады.  Өсімдіктің  жануарлар  арқылы  таралуы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет