Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

20
10
О
7
 
13
 
19
 
7
 
13
 
19
Бақылаған уақыт
А у а
10  см   те р е ң  топ ы рақта 
20  см   т е р е ң  топы рақта
3-сурет. Ауаның жэне топырақтың температурасының тәуліктік ауытқуы. 
Қылқан  жапыыракты орман, шілде [М.С. Гиляров (1949) бойынша]
52

Жалпылай  алғанда  топырақтың  беткі  қабатынан  төменгі  қалың 
қабаттарына 
жылжыган 
сайын 
абиоткалық 
факторлардың 
(температура,  ылғал)  өзгерісі  баяу  жүріледі  және  оның  қарқыны
оәсеңдеиді

 
ша 
?
 
0) 
о.
£
г
£

О.
Хі
с
о
0
-1
-2
Ауа
Топырақ
-3
о
С
4-сурет. Топырак қабатының тереңдеуімен қатар оның температурасының 
жылды  ауыткуынын азаюы  [Шмидт-Нильсен (1972) бойынша]
Топырақтың  1,5  метрлік  терең  қабатында  температура  жылдың 
қай  мезгілінде  де  дерлік  тұрақты  болатындықтан  жылдық  ауытқу 
болмайды.  Міне  осыған  байланысты  топырақта  тіршілік  ететін 
жануарлар үшін ол айтарлықтай тұрақты орта болып саналады.
Жер  бетінің  жэне  ауаның  ылғалдылығы  желдің,  күн  қызуының
Ал
Бұдан
экологиялық жағдай әрқилы  болуына қарамастан  жер үстіндегі  ауалы 
ортамен  салыстырғанда топырак  недәуір тұрақты  орта екенін  көремз.
53
1

Сондықтан  да  топырақта  өсімдік,  микроағзалармен  қатар  өте  көп 
түрлі  және  әралуан  экологиялық  топтың  жануарлары  тіршілік  ете
алады.
Топырақтағы  ылғал  және  ауа.  Топырақтағы  су  әртүрлі 
минералдарды  өзіне  ерітетіндіктен  ерітінді  түрде  кездеседі.  Бұл 
ерітінді  топырақтың  қатты  түйіршіктерінің  сыртынан  жұқа  қабықша 
тэрізді  қоршап жэне топырақтың  қуыс тесіктеріне толып орналасады. 
Топырақтың  жалпы  көлемінің  25-70  пайызын  топырақ  түйіршіктері 
мен  қиыршықтарының  арасындағы  қуыс,  тесік,  түтікше  тэріздес  бос 
кеңістіктер  иеленеді.  Бос  кеңістіктің  аз  не  көп  болуы  топырақтың 
механикалық  құрамына  жэне  қабатына  байланысты.  Топырақтың 
ішіндегі  осы  бос  кеңістікті  су  немесе  ауа  иеленіп  толтырып  тұрады. 
Топырақтағы  ауаның  мөлшері  топырақтың  ылғалдылығына  тэуелді. 
Егер  топырақта  ылғал  мол  болса,  топыраққа  ауа  кіре  алмайды.  Ал 
судың  тығыздығы  ауадан  артық  болғандықтан  топырақтағы  ауаны 
ығыстырып  су  оның  орнын  иелене  алады.  Жалпы  топырақтағы  ауа
мен судың мөлшері бір-біріне қарама қарсы.
Топыраққа 
сіңген 
су 
топырақтың 
құрамындағы 
эртүрлі 
тұздарды  өзіне  ерітетіндіктен  ерітінді  түрде  кездеседі.  Бұл  ерітінді 
топырақтың  қатты  түйіршіктерінің  сыртынан  жүқа  қабықша тәріздес 
қоршап және топырақтың қуыс, тесіктерін толтырып түрады.
Топырақтағы  ылғал  буланып,  ылғал  азая  бастаса  топырақтың 
түйіршіктерінің  арасындағы  бос  орынды  ауа  иеленеді.  Топырақтағы 
ауаның  құрамы  атмосферадағы  ауадан  өзгеше.  Бүл  топырақта 
жүрілетін  биохимиялық  қүбылыстарға  жэне  атмосферамен  алмасу 
процесіне  байланысты.  Топырақ  пен  атмосфераның  арасында  газ 
алмасу  жүрілген  кезде  топырақ  атмосфераға  көмірқышқыл  газын 
(С 0 2) бөліп шығарып, оттегін (<Э2) сіңіреді.  Бұл процесс микроағзалар 
топырақтағы  органикалық  заттарды  ыдыратып,  бейорганикалық 
заттар  түзуінің  негізінде  жүріледі.  Атмосфералық  ауамен  зат  алмасу 
кезінде  топырақтан  көмірқышқыл  газымен  қатар  метан,  сутегі,  азот, 
азот тотығы, көміртегінің тотығы қатарлы заттар бөлініп шығады.
Топырақтағы 
ауаның 
атмосферадағы 
ауадан 
ең 
негізгі 
айырмашылығы  -   топырақта  көмірқышқыл  газы  10-100  есе  көп, 
оттегі  әлдеқайда  аз  болады.  Атмосферадағы  ауаның  0,03  пайызын 
С 0 2  иеленеді.  Ал  топырақтың  20-30см  тереңдегіндегі  ауаның  2-3 
пайызы  С 0 2-нің  меншігіне  тиеді.  Осыған  байланысты  топырақта 
тіршілік  ететін  көптеген  жануарлар  С 0 2-нің  мөлшерінің  көптігіне, 
0 2-нің аздығына төзімді болады.

Топырактың  қатты  фазасы.  Топырақтың  негізін  қалаушы  ең 
негізгі  бөлігі  оның  қатты  фазасы.  Қатты  фаза  тау  жыныстарының 
үгілуінен  пайда  болған  минералды  заттардан  жэне  өсімдік  пен 
жануарлардың  қалдықтарынан  құралған  органикалық  заттардан 
тұрады.  Қара  топырақтың  жалпы  көлемінің  шамамен  50  пайызга 
жуығын  оның  қатты  фазасы  иеленеді.  Қатты  фазаны  құрайтын 
минералдық  және  органикалық  бөліктердің  мөлшері 
эртүрлі: 
кейбіреуі  өте  ұсақ,  майда  бөлшектерден,  енді  біреулері  едәуір  ірі 
қиыршық,  түйіршіктерден  тұрады.  Топырақты  құрайтын  осы  ірілі- 
ұсақты 
минералдық 
бөліктердің 
жиынтыгы 
және 
олардың 
эркайсысының  үлесіне  тиесілі  мөлшері  топырақтың  механикалық 
құрамын  анықтайды.  Механикалық  қүрамы топырақтың экологиялық 
сипатына  көп  ықпалын  тигізеді.  Топырақтың  қатты  фазасын  түзуші 
минералдардың  мөлшері  ірі  болса  қиыршықты,  қүм,  қүмдақ топырақ 
типіне  жатады.  Мүндай  топырақтың  қиыршық  түйіршіктерінің 
арасында  кеуек,  тесік,  қуыстарда микроагзалар мен  қарапайымдылар, 
ұсақ денелі омыртқасыз жануарлар (жүмыр құрттар, қүйрықаяқтылар, 
сауытты кенелер, т.б.) еркін қозғалып жүруіне қолайлы.  Бірақ мүндай 
механикалық  қүрамды  қүм  және  қүмдауыт топырақтың  ылғал  сақтау 
қабілеті  аз  болатындықтан  ылғалдылықтың  ауытқуына  төзімсіз 
жануарлар тіршілік етуіне қолайсыз.
Топырақтың  қатты  фазасының  органикалық  бөлігін  қүрайтын
өсімдік,  жануарлардың  қалдыгы  жэне  олардың  ыдырауынан  пайда
болған  қарашіріндінің  топырақтағы  тіршілік  үшін  маңызы  зор.  Олар
топырақтың  құрылымының  жақсарып,  кеуекті  топырақ  түзілуіне,
сапрофаг 
жәндіктердің 
қоректік 
қоры 
ретінде, 
топырақтың
биологиялық 
және 
биогеохимиялық 
пәрменділігін 
арттыруға 
ықпалын тигізеді.
Топырақтыц  тірі  фазасы.  Топырақ  туралы  ғылымның  негізін 
қалаған  орыстың  үлы  ғалымы  В.В.  Докучаевтың  анықтамасы 
бойынша  «топырақ  дегеніміз  —  су,  ауа,  эртүрлі  өлі  және  тірі 
агзалардың  бірлескен  әсеріне  үшырауының  нәтижесінде  табиғи 
жолмен  өзгерген  тау  жыныстарының  беткі  қабаты».  Бүл  анықтамада 
топырақ  түзілу  үрдісінің  жүрілуіне  және  топырақтың  әртүрлі 
қасиеттерінің  паида  болуына  тірі  ағзалар  негізгі  бір  фактор  ретінде 
қатысатыны  анық  көрсетілген.  Ағзалардың  өлі  қалдықтары  тікелей 
топырақтың  қүрамына  айналады.  Тірі  ағзалар  топырақтың  қүрамына 
тікелей  кірмегенімен,  олардаң  бөлінген  нәжіс,  сөл,  шырын  тэрізді 
заттар  топырақ  түзілуіне  қатысады.  Тірі  ағзапар  топырақта  жүріп
55

қозғалу,  қоректену  тәрізді  іс-эрекеттері  арқылы  топырақты  сиретіп, 
оның  механикалық,  физикалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  пэрменді 
эсерін тигізеді.
Топырақтың  тірі  фазасын  онда  тіршілік  ететін  бактериялар, 
актиномицеттер, 
балдырлар, 
қыналар, 
қарапайымдар, 
құрттар, 
былқылдақ  денелілер,  жәндіктер,  кейбір  омыртқалы  жануарлар 
құрастырады.Олардың  морфологиялық,  физиологиялық  қасиеттері 
және  экологиялық  талаптары  біркелкі  емес.  Осыған  орай  топырақпен 
байланысы,  топыраққа  тигізетін  әсері  де  әрқилы.  Далалық  қара 
топырақты  аймақтарда топырақтың жалпы  көлемінің орта есеппен  10 
пайызын тірі агзалар фазасы  құрайды.
4.2.2 Топырақ жануарларының экологиялық топтары, олардың
топыраққа әсері
Жер  бетінде  топырақ  түзілу  үрдісінің  екпінді  жүрілуіне  және 
табиғаттағы зат айналымды  жеделдетуші ретінде жануарлар  маңызды 
рөл 
атқарады. 
Сапрофаг 
жануарлар 
топырақтағы 
өсімдік, 
жануарлардың  қалдыгымен  қоректеніп  органикалық  заттардың 
ыдырауына  көмегін  тигізеді.  Жануарлар  топырақтағы  түтікше 
қуыстарды  кеңейтіп,  қазып,  сирету  арқылы  оган  механикалық  эсер 
ететіні  ежелден  белгілі.  Адамзат  сокамен  жер  жырта  бастаудан 
әлдеқайда  бүрын  жауын  құрты  топыракты  табиғи  жолмен  өңдеп, 
сиретіп  келгеніне  Ч. Дарвин ерекше мэн берген болатын.  Тек бұл ғана 
емес 
жануарлар 
топырақтың 
құрылымының 
жақсаруына 
да, 
химиялық  қүрамына  да,  қарашіріндінің  түзілуіне  де,  биологиялық 
пәрменділігінің  артуына  да,  жалпылай  айтқанда,  топырақтың 
қүнарлыгы жақсаруына маңызды рөл атқарады.
Дегенмен, 
топырақта 
тіршілік 
ететін 
эртүрлі 
топтың 
жануарларының  топырақпен  байланысы  жэне  оған  тигізетін  әсері 
бірдей  емес.  Топырақта тіршілік  ететін  жануарларды дене  мөлшеріне 
қарай  н а н н о ф а у н а , м и к р о ф а у н а , м е з о ф а у н а ,   м а к р о  
ф а у н а  деп 4 топқа бөледі.
Н а н н о ф а у н а   тобына  топырақта  тіршілік  ететін 
қарапайымдар  жатады.  Олардың  денесі  бір  гана  жасушадан  түрады. 
Мөлшері  0,02-0,08  мм-ден  аспайды.  Бүлар  топырақта  кездескенімен 
физиологиялық  қасиеті  түрғысынан  олардың  су  жануарларынан 
айырмашылығы  жоқ.  Өйткені  олар  топырақтың  түйіршіктерін 
қоршаған  немесе топырақтагы түтікше,  қуыстарды толтырып түратын

қылтүтіктік  суда  немесе  гравитациялық  суда тіршілік  етеді.  Топырақ 
түйіршіктерінің  арасында  кездесетін  ұсақ  тамшы  су  қарапайымдар 
үшін  кішкентай  көлшік  іспеттес  деуге  болады.  Қысқасы,  наннофауна 
өкілдері  топырақтағы су  тамшыларында тіршілік етіп  физиологиялық 
тұрғыдан  алганда  өздерін  кішкентай  су  қоймасында  жүргендей 
сезінеді.  Топырақтағы  ылғалдық  суда  тіршілік  ететін  бұл  жэндіктер 
г е о г и д р о б и о н т т а р  деп аталады. Олар топырақтағы бір тамшы 
суда  еркін  жүзіп  қозғалады,  суда  еріген  оттегімен  тыныс  алады, 
топырақ  кеуіп,  ылгал  жетіспеген  кезде  олар  циста  түзіп,  белсенсіз 
тіршілікке  ауысады.  Циста  ондаған  жылдар  бойында  өлмей 
сакталады.  Топырақ  ылгалданып.  қолайлы  жағдай  туса  цистадан 
шыгып,  қайтадан  белсенді  тіршілігін  бастайды.  Циста  күйіндегі 
карапайымдар  желмен  үшып  аса  үзақ  жерлерге  тарайды.  Сондықтан 
қарапайымдар эртүрлі  белдемдерде,  құрлықтың барлық жерінде  және 
мүхиттағы аралдарда кең таралған.
Топырақта 
жалғанаяқтылар 
(Кһігоросіа),
 
талшықтылар 
(Ма$ІІ£орһога)
,  кебісшелер  яғни  кірпікшелілер 
(Сіііаіа)
  тобына 
жататын  қарапайымдар  кездеседі 
(5-сурет).
  Санының аса молдығына 
жэне Жер  шарына өте кең тарағанына  қарамастан топырақта тіршілік 
ететін  қарапайымдардың  систематикалық  алуантүрлілігі  онша  көп 
емес:  әлем  көлемінде  топырақта  тіршілк  ететін  300-дей  ғана  түрдің 
қарапайымдары  белгілі.  Бүкіл  Европа  топырағынан  қазіргі  кезде  34 
түрдің  талшықтылары,  58  түрдің  жалғанаяқтылары,  32  түрдің 
кірпікшелілері  табылған.  Бүл  түрлер  тек  Европада  ғана  емес,  бүкіл 
әлемде кең таралған.
Суда  тіршілік  ететін  қарапайымдармен  салыстырғанда  топырақ 
қарапайымдарының дене түрқы  өте  кіші, үсақ болады.  Мысалы тұщы 
суда тіршілік  ететін  амебалар  50-100  мкм,  ал топырақтағылары  10-15 
мкм.  Әсіресе  топырақ  талшықтыларының  денесі  өте  кіші  -   5 
микроннан  аспайды.  Бірақ  олардың  саны  топырақта  аса  мол:  тек  1  г 
ғана 
топырақта 
103-106 
пішінсіз 
амебалар 
(АтаеЬіпа)
 
мен 
талшықтылар 
(Мазіщорһога),
  104  бақалшақты  амебалар 
(Тез Iасе а), 
103 кірпікшелілер 
(Іп/тогіа)
  кездеседі.
Саны  осынша  мол  болғандықтан,  олардың биомассасы да едәуір 
көп:  1  шаршы  метр  жердің  топырағында  2-10  грамға  жетеді.  Бұған 
қоса олардың өнім беру қабілеті аса жоғары, өсімі өте тез.
57
I

5-сурет. Топыракта тіршілік ететін  наннофауна тобының жануарлары:
1-4 -  пішінсіз амебалар;  5-6 -  бақалшакты амеб ал ар;  7-10 -  талшыктылар;
11-13 -  кірпікшелілер;  14-16 -  жұмыр кұрттар;  17-18 -  зымырактар;  19-20 —
жайбасарлар
Мысалы:  амеба  1  сөткенің  ішінде  өзінің  салмағын  5  есе 
арттырып  өседі.  Талшықтылардың  салмақ  қосу  қабілеті  амебадан  да 
артық.  Қарапайымдардың  тағы  бр  қасиеті  -   олар  өте  тез  көбейеді. 
Олардың  популяциясы  1-3  сөткенің  ішінде  түгелдей  жаңа  ұрпақпен 
ауысып отырады. Жылына 50-300 рет көбейіп, ұрпақ шашады.
Топырақ  қарапайымдарының  негізгі  қорегі  —  бактериялар. 
Бактериялар  өсімдіктің  қалдығын  ыдыратып,  топыракта  қарашірінді 
(гумус)  түзілу  үрдісін  жеделдетуі  арқылы  адамға,  табиғатқа  аса 
маңызды  міндеттер  атқаратыны  ежелден  белгілі.  Сол  себептен  кейбір 
ғалымдар  қарапайымдыларды  зиянды  деп  көрген.  Олар  топырақтағы 
бактериялардың  санын  болымсыз  мөлшерде  ғана азайта алады.  Оның 
есесіне  олар  өзінен  биологиялық  пәрменді  заттар  бөліп  шығарады. 
Биологиялық  пэрменді  бұл  заттар  микроағзалардың,  өсімдіктің 
тамырының  өсіп  жетілуіне  демеу  беріп,  өсімдік  тұқымының 
шығымын 
жоғарлатады 
жэне 
өсімдіктің 
әртүрлі 
ауруларын 
қоздыратын  саңырауқұлақтардың  белсенділігін  бэсеңдететін  эсер 
көрсетеді.  Сонымен  қатар  карапайымдар  топырақта  тіршілік  ететін
58

көптеген  пайдалы  жәндіктердің  қоректік  қоры  ретінде  маңызды  рөл 
атқарады.
М и к р о ф а у н а   тобына топырақтың  ішіндегі  үлкенді-кішілі 
қуыстар  мен  бос  кеңістіктерде  тіршілік  ететін,  дене  мөлшері  сол  бос 
кеңістіктерден  кіші  жәндіктер  жатады.  Мысалы:  сауытты  кенелер 
(ОгіЬа(еі),
 
гамазид 
кенелер 
(Меэоіі%таіа),
 
құйрықаяқтылар 
(СоІІетЪоІа),
  протура 
(Ргоіига),
  симфила 
(Зутрһуіа)
  т.б.  ұсақ 
буынаяқтылар топырақтың микрофауна жәндіктер тобын  құрайды  (6- 
сурет).  Олар демтүтіктері  (трахея)  арқылы  топырақтың  қуыстарында, 
қылтүтіктерінде  жиналган  ауамен  тыныс  алады.  Денесі  өте  кішкене, 
топырақ  түйіршіктерінің  арасындағы  қуыс,  бос  кеңістіктен  дене 
мөлшері 
әлдеқайда 
кіші 
болғандықтан 
топырақтың 
қатты 
бөліктерімен  эсерлеспей-ақ  қуыс,  тесік,  қылтүтік  тәрізді  бос
кеңістіктерді  аралап  еркін  қозғалады.  юпырақта  тіршілік  еткенімен 
оның  сұйык  және  қатты  фазасымен  эсерлеспейді.  Тек  топырақтағы 
ауалы  бос  кеңістікті  иеленіп  өмір  сүретіндіктен  бүл  ағзалардың 
экологиялық  ортасы  жер  бетіндегі  еркін  ауалы  ортаға  үқсас. 
Топырақта  жиналған  ауаны  (газ  фазасын)  тіршілік  ортасы  болдырып 
топырақта  мекендейтін  бұл  жәндіктер  г е о а т м о б и о н т т а р  деп 
аталады.  Микрофауна  тобына  жататын  геоатмобионттар  ылғал 
сүйгіштігімен 
(мезофил, 
гигрофил) 
ерекшеленеді. 
Жалпы 
топырақтагы ауа капай да су буымен қаныққан түрде кездесетіндіктен 
ылгал  сүйгіш  жәндіктер  тіршілік  етуге  толық  мүмкіндік  туады.  Өте 
тыгыз  және  сазды,  балшықты  топырақта  ауа  аз  болатындықтан 
микрофауна  тобының  жәндіктері  аз  кездеседі.  Сондай-ақ  топырақта 
су  шамадан  тыс  көбеюінің  салдарынан  (мысалы,  су  тасқыны  кезінде 
арнасынан  асқан  өзен  суы  жайылуынан)  топырақтагы  ауаның  азаюы 
микрофаунаның тіршілік етуіне қолайсыз жагдай туғызады.
Микрофауна  тобын  қүрайтын  жәндіктердің  денеснің  мөлшері 
0,2-3  миллиметр  шамасында.  Аралас  орманды  аймақтың  1  шаршы 
метр жерінің топырагында  кездесетін  микрофауна жәндіктердің саны 
70-80  миллионға  жетеді.  Бүның  шамамен  20-30  миллионын  жүмыр 
қүрттар 
ШетаІосІе8),
  40-45  миллионын  құйрықаяқтылар,  400-500 
мыңын  сауытты  кенелер  иеленеді.  Өсімдіктің  қурап  түскен  төсеніш 
қалдықтары  мен  қара  шірінді топырақтың беткі  қабатында  қанша көп 
болса микрофауналық жәндіктер де соншалықты  көп  кездеседі.

6-сурет.  Микрофауна тобынын жануарлары (Щ: Эип^ег,  1974):  1-жалған 
құршаян;  2 -  гам аз кене;  3-4 -  сауытты кенелер;  5 -  пауропода; 6-7 -  
құйрыкаяктылар;  8 -  птилид тұқымдас қоңыз; 9 -  хирономид масаның дернэсілі
Микрофауна 
тобының 
басым 
бөлігін 
кенелер 
мен 
құйрықаяқтылар  иеленеді.  Тайгалық  орманның  1  шаршы  метр 
жерінің  топырағында  сауытты  кенелердің  жылдық  өнімі  -  5-6г, 
жалпақ  жапырақты  орманда -  8  грамға,  ал  құйрықаяқтылардың  өнімі
-  4,8-6,4 грамға жетеді.
Дүние  жүзі  көлемінде  сауытты  кенелердің 
50  мыңдай, 
құйрықаяқтылардың  2  мыңнан  астам  түрі  бар.  Микрофауналық 
геоатмобионттар  топырақтағы  саңырауқұлақтармен,  балдырлармен, 
өсімдіктің  қурап  түскен  қалдықтарымен  қоректеніп  ұсақтайды, 
топырақты  өздерінің  өлексе  қалдықтарымен,  нэжістерімен  байытып, 
топырақта  қара  шіріндінің  түзілуіне  үлкен  үлесін  қосады.  Кейбір 
құйрықаяқтылардың  ас  қорыту  жүйесінде  селбесіп  тіршілік  ететін 
микроагзалар  болады.  Солардың  көмегімен  өсімдіктің  клетчаткасын 
ыдыратып  табиғаттағы  зат  айналымын  жеделдетуге  айтарлықтай 
қызмет атқарады.
М е з о ф а у н а  тобын денесінің тұрқы 2-30 мм-ге дейін жететін, 
көзге  еркін  көрінетін  омыртқасыз  жануарлар  құрайды.  Бұл  топқа 
жауын  қүрты 
(ЬитЪгісШае),
  энхитреидтер 
(Епсһуігаеісіае),
  қүрлықта 
тіршілік  ететін 
құрсақаяқты  былқылдақденелілер 
(Сазігоросіа
) ,

қырықаяқтылар 
(Мугіаросіа),
  жәндіктер 
(Ітесіа)
  және  олардың 
дернәсілдері  мен  қуыршақтары  т.б.  жатады 
(7-сурет).
  Мезофауна 
тобының  жануарларының  денесі 
топырақтың 
қабаттары 
мен 
түйіршіктерінің  арасындағы  бос  кеңістіктер  мен  қуыс  тесіктерден 
үлкен  болғандықтан  олар  топырақ  ішінде  қозғалып  жүру  үшін 
топырақты  қазып  өзіне  жол  шығарып  алуға  мэжбүр  болады. 
Наннофауна  тобының  жәндіктері  топырақтың  сүйық  фазасын, 
микрофауна  жәндіктері  топырақтың  газ  фазасын  паналап  тіршілік 
ететіні 
туралы  жоғарыда  айтылды. 
Ал 
мезофауна  тобының 
жануарлары  топырақты  қазу  арқылы  оның  қатты  фазасымен, 
топырақтың  ылғалын  денесінің  сыртқы  жамылгысы  арқылы  сіңіріп 
алуы  кезінде  оның  сұйық  фазасымен  әсерлеседі.  Сондықтан 
мезофауна  тобының  жәндіктері  топырақтың  жоғарыда  аталған  үш 
фазасының  (қатты,  газ,  сүйық)  үшеуімен  де  әсерлесіп  тіршілік  етеді. 
Әсіресе  топырақтың  қатты  фазасы  мезофаунаға  қатты  эсер  етеді. 
Олар  топырақтың  ішінде  жүріп  қорегін  табу  үшін,  қолайлы  орынға 
жайғасу  үшін  топырақты  қазу  арқылы  немесе  топырақтағы  тар 
қуыстарды  ысырып  кеңейту  арқылы  өзіне  жол  шығаруға тура  келеді. 
Топырақта  осылайша  жүріп  қозғалуына  бейімделіп  олардың  дене 
құрылысында  бірталай  ерекше  сипаттар  пайда  болғанын  көреміз. 
Атап  айтсак:  топырақты  қазу  үшін  алдыңғы  аяқтары  күшті  жетіліп 
тырнауыш  тәріздес  қатты  түяқ,  тісшелер  пайда  болған  (м:  бұзаубас, 
қарақоңыз  т.б.)  немесе  үстіңгі  жағы  (мандибула)  оның  тісшелері 
жақсы жетіледі  (тақта мүртты  қоңыздың,  ызылдақ қоңыздардың,  қара 
қоңыздардың дернәсілдері  және т.б.).  Денесі  жүқа,  жіңішке  және  көп 
буыннан  (сегмент)  түратын  қырықаяқтылар  топырақты  сонша  көп 
казбай-ақ  топырақтагы  саңылау,  қуыстардың  бойымен  денесін  онда- 
мүнда  көп  иіп  бүралып  қозғалу  арқылы  жол  табады.  Жауын  қүрты, 
ұзынсирақ  шыбынның  дернәсілі  т.б.  бірқатар  мезофауна  өкілдері 
денесін  созып  жіңішкеру  арқылы  топырақтың  тар  саңылауына 
денесінің  бас  жағын  бекітіп  алады  да  келесі  ретте  денесін  жиырып 
алга  қарай  жылжиды.  Жиырылган  кезде  денесі  жуандайтындықтан 
топырақты  қысып  ыгыстыру  арқылы  саңылау,  қуыстарды  кеңейтіп 
өзіне  жол  шығарып  алады.  Жауын  құрты  алдынан  кездескен 
қарашірінділі  жұмсақ  топырақты  жүтып  артқы  тесігінен  (анус)  артқа 
қарай  шыгару  арқылы  да  алга  жалжуына  біраз  мүмкіндік  жасап 
алады.
61
I

7-сурет. Мезофауна тобының жануарлары  [Н.М.Чернова, А.М.Былова
(1981)бойынша]  1  -  жауын  құрты; 2 -  есек күрт;  3 -  ерінаяқты; 4 -  косжұпаяқты 
қырықаяқ; 5 -  ызылдаңқоңыз дернэсілі; 6 -  шыртылдаққоныз дернэсілі;
7 -  бұзаубас;  8 -  заузақоңыз дернәсілі
Мезофауна  экологиялық  тобының  жануарлары  арнайы  дамыған 
тыныс  мүшелері  (демтүтік,  өкпе  және  демтүтікті  өкпе)  арқылы 
топырақтағы  ауамен  тыныс  алады.  Сонымен  қатар  қосымша  түрде 
денесінің 
терісі 
арқылы 
да 
тыныс 
алады. 
Жауын 
құрты, 
энхитреидтердің  тыныс  алу,  дем  шығару  үрдісі  тек  қана  терісі 
арқылы  жүріледі.  Олардың  терісінің  сыртын  қаптайтын  кутикула 
қабаты  өте  жұқа  болғандықтан,  терісі  арқылы  ауа  алмасу  жүрілуіне 
бөгет жасамайды.
Топырақты  қазып  немесе  ондағы  тар  саңылауларды  кеңейту 
арқылы топырақтың  қатты  бөліктеріне  пәрменді  эрекет жасай  алатын 
мезофауна  тобының  экологиялық  жағдайы  қолайсызданса  келесі 
қабатына  орын  ауыстыру  арқылы  қолайлы  орын  тауып  алады. 
Мысалы  топырақтың  беткі  қабатында  ылғал  азайған  кезде  немесе 
қыста топырақтың беткі  қабаты қата бастағанда терең қабатына қарай
ауысады. 
|ВН 
'•  •
Жануарлар  топырақты  қазып  қуыс,  саңылауларды  молайту, 
тығыз  топырақты  сиретуінің  нәтижесінде  топырақтың  ауамен 
қанымдалуын  (аэрация)  жақсартады.  Ауасы  мол  ортада  аэроб
62

бактериялардың 
белсенділігі 
артады. 
Олар 
жердің 
бетіндегі 
өсімдіктің тұқымын  немесе  басқа да  қалдықтарын  топырақтың  терең 
қабаттарына 
тасымалдап 
органикапық 
заттармен 
байытады. 
Топырақтың терең қабатындағы  минералдық заттарды беткі  қабатына 
тасып  шығару  арқылы  өсімдікке  қажетті  микроэлементтермен 
байытады.
М е г а ф а у н а   немесе  м а к р о ф а у н а   тобына  көбінесе 
топырақта  ін  қазып  тіршілік  ететін  сүтқоректі  жануарлар  және 
азқылтанақты  бунаққұрттар  жатады.  Мегафауналық  жануарлар  екі 
түрлі экологиялық топқа бөлінеді.
Біріншісі,  топырақта  тұрақты  тіршілік  етіп  барлық  өмірін 
топырақта  өткізетін  жануарлар.  Мысалы:  көртышқан,  соқыртышқан, 
моманай,  жертесер,  Австриялық  қалталы  көртышқаны  т.б.  Бұлардың 
қоректену,  ұрықтану,  өсіп  өнуі  түгелдей  жер  астында  (топырақта) 
жүріледі.  Топырақтың  қарашірінділі  қабатынан  қорек  іздеп  жан- 
жақты  бағытта  қазу  арқылы  топырақта  көп  тармақты  қуыс  жол,  ін, 
үңгірлер  пайда болдырады.  Топырақта ін  қазып жер  астында тіршілік 
етуіне бейімделіп бұл жануарлардын денесінің қүрылысы мен сыртқы 
пішінінде  бірқатар  ерекшеліктер  пайда  болған.  Атап  айтсақ,  денесі 
жинакы,  ширақ,  мойыны  жуан  жэне  қысқа  -   сырттай  қарағанда 
мойын  бары  білінбейді.  Көздері  жақсы  жетілмеген,  жүні  өте  қою, 
алдыңғы  аяқтары  топырақты  қазуға  бейімделіп  жақсы  жетілген, 
саусақтары  жуандап,  түяғы  жалпайып  өткірленген.  Соқыртышқан 
қатарлы  кейбіреулері  жерді  қашау  тәріздес  күрек  тістерімен  қазады. 
Омыртқасыз 
жануарлардан 
оңтүстіктің 
ылғалды 
жылы 
аймақтарының 
топырағында 
тіршілік 
ететін, 
мегасколецид 
тұқымдасына жататын азқылтанақты бунақ құрттардың ұзындығы 2-3 
метрге жетеді. Олардың топырақ түзілуіне маңызы өте зор.
Топырақ  мегафаунасының  келесі  экологиялық  тобын  і  н  д  е 
м е к е н д е у ш і л е р   қүрайды.  Мысалы:  сарышүнақтар,  зорман, 
тараққұйрық,  суыр,  қүмтышқан,  аламан,  су  тышқаны,  борсық,  түлкі 
т.б.  көптеген  жануарлар  жер  бетінде  қоректеніп,  белсенді  тіршілігін 
жер  бетінде  өткізеді,  бірақ  ін  қазып  топырақты  көбейіп  жетілуіне, 
жыртқыштардан,  суықтан  және  ыстықтан  сақтайтын  қорғаныш 
ретінде  пайдаланады.  Інде  мекендеушілердің  негізгі  сипаты  жер 
бетінде  тіршілік  ететін  жануарлармен  бірдей.  Бірақ  ін  қазуга 
бейімделген 
кейбір 
белгілері 
байқалады. 
Мысалы: 
апдыңғы 
аяқтарының бұлшықеттері жақсы жетіледі, тұяқтары ұзын жэне өткір.

басы  жіңішке,  құлақ  қалқаны  кішкене  болуының  бэрі  де  ін  қазуға 
бейімделген сипаттар.
Көртышқан  орманды,  шалғынды  жерелерді  мекендейді.  Ол 
топырақтың  омыртқасыз  жануарларымен  қоректенеді.  Жауын  құрты 
жэне  эртүрлі  жэндіктің  дернәсілдері  оның  қорегінің  80  пайызына 
дейін  иеленеді.  Қорек  іздеп  қазған  іні  топырақтың  10  см-ге  дейінгі 
теревдгінде,  ал  тұрақты  тіршілік  ететін  іні  20-25см  терең  қабатында 
орналасады.  Көртышқаны  мол  орманда  оның  жер  астында  қазған  іні 
орман  алқабының  уштен  бір  бөлігіне  дейін  иеленетіні  анықталган 
(Гиляров,  Криволуцкий,  1985).  Көртышқанның  қазып  босатқан 
топырағына мүк,  кейбір ағаш, бүталар (әсіресе тал) жақсы өседі.
Соқыртышқан,  моманай тэрізді  кеміргіштер орманды дала, дала, 
шөлейт  далалы  аймақтарда  көптеп  кездеседі.  Олар  өсімдіктің 
шырынды 
тамырларымен 
қоректенеді, 
кейбіреуі 
мэдени 
дақылдардың  тамырын  зақымдап,  шаруашылыққа  зиян  шектіреді. 
Олар топырақтың  50-70 сантиметрілік терең қабатында қоректік жэне 
мекенжайлық  ін  қазып,  тіршілік  етеді.  Ғалымдардың  есептеуі 
бойынша соқыртышқан  200-250 жылдың  ішінде далалық топырақтың 
қарашірінділі  қабатын  түгелдей  қазып  қопарыстырып  шығатыны 
дәлелденген.
Ал  саршүнақ,  суыр,  қүмқазар  сияқты  кеміргіштер  топырақтың 
терең  қабатындағы  минералдарды  жер  бетіне  қазып  шығарып,  жер 
бетіне  тасып 
шығарған  қиыршық  тас, 
қүм  топырақтарының 
көпжылдық  үйіндісі  микрорельефті,  кейде  мезорельефті  өзгертуі 
нәтижесінде топырақ пен өсімдік жамылгысына үлкен әсерін тигізеді.
Кеміргіштердің  інін  көптеген  түрлі  жануарлар  (жэндіктер  және 
олардың  дернәсілдері,  қырықаяқтылар,  өрмекшелер  т.б.)  тұрақты 
немесе  уақытша  мекендейтін  орынжай  болдырып  пайдаланады.  Інде 
тіршілік  ететін  жануарлар  б о т р о б и о н т т а р   деп  аталатын 
экологиялық топты құрайды.
Топырақта  тіршілік  ететін  агзаларды  п е д о б и о н т т а р  
(грекше: 
ресіоп
  —  топырақ; 
Ьіопіоз-
  тіршілік  етуші)  деп  атайды. 
Педобионттардың  өмір  тіршілігі  топырақпен  қаншалықты  дәрежеде 
тығыз  байланысқанына  қарай  оларды  экологиялық  3  топқа  бөледі:  а) 
барлық  өмір,  тіршілігін  топырақта  өткізетін,  өмірінің  қай  сатысында 
да  топырақсыз  тіршілік  ете  алмайьын  жануарлар  г е о б и о н т т а р  
деп  аталады.  Бұларга  жауын  құрттары,  геофилид  қырықаяқтылар, 
қүйрықаяқтылар,  сауытты  кенелер,  т.б.  жатады;  б)  даму  сатысының 
бір  немесе  бірнеше  кезеңінде  міндетті  түрде  топыракта  дамып

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет