Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

64

жетілетін  жануарлар  г е о ф и л д е р   тобына  жатады.  Бұл  топқа 
белсенді  қоректеніп  дамитын  дернәсілдік  кезеңінде  топырақта 
тіршілік  ететін,  ал  ересейіп  жетілген  кезінде  топырақтан  шығып  жер 
бетінде тіршілік ететін жәндіктер жатады.  Мысалы, толық түр өзгеріс 
(метаморфоз) 
арқылы 
дамитын 
тақта 
мұртты 
қоңыздардың, 
шыртылдақ 
қоңыздардың, 
ұзынсирақ 
шыбынның, 
күздік 
сұркөбелектің  дернэсілдері  міндетті  түрде  топырақта  дамиды. 
Сондай-ақ дернәсілі өсімдіктің жер бетіндегі  мүшелерімен  қоректеніп 
дамитын,  ал  бірақ  қуыршақтанар  кезінде  жерге  түсіп,  топырақта 
қуыршақ  кезеңін  өткізетін  колорад  қоңызы,  бақбақтың  бізтұмсық 
қоңызы  қатарлы  көптеген  жәндіктер  де  геофил  тобын  құрастырады;
в)  топырақта  міндетті  түрде тіршілік етпейтін,  эредік  қане топырақта 
кездейсоқ  кездесіп  қалатын,  немесе  оны  уақытша  ғана  паналайтын 
(мысапы:  нөсер жауын, күшті жел, төтенше ыстық кезінде) жануарлар 
г е о к с е н жануарлар деп аталады.
Ағылшын  ғалымы  Баклидың  есептеуі  бойынша жәндіктердің  98
пайызға  жуық  түрі  өзінің  тіршілігінің  қандай  бір  кезеңінде
топырақпен  байланысты  түрде  тіршілік  ететін  көрінеді.  Әсіресе
геобионт,  геофиль  жануарлардың  даму,  қоректену,  қозғалып  жүру,
т.б.  белсенді  тіршілігі  топырақтағы  экологиялық  жағдаймен  тығыз 
байланысты жүріледі.
Жер 
үстіндегі 
ауалы 
орта  жэне 
суда  тіршілік 
ететін 
жануарлардың  қоректік  тобы  тәрізді  топырақ  жануарлары  да 
жыртқыштар  (зоофаг),  өсімдік  қоректілер  (фитофаг),  өлексежегілер 
(некрофаг), 
шірінді 
органикалық 
заттармен 
қоректенушілер 
(сапрофаг) деген қоректік топтарға жіктеледі.
Зоофагтар 
(гооп  —
  жануар, 
рһа^ез
  -  жеу)  топырақтағы  басқа 
жануарларды  тірідей  үстап  жейді.  Мысал  ретінде  омыртқалы 
жануардан 
жәндікжегілерді 
(Іпзесііуогіа)
 
атауга 
болады. 
Жәндікжегілер 
(көртышқан, 
жертесер, 
т.б.) 
жәндіктердің 
топырақтагы  дернәсілдерін,  жауын  қүртын,  есекқұрттарды  жеп 
қоректенеді. 
Жыртқыш 
жұмыр 
қүрттар 
қарапайымдарды, 
зымырақтарды  қорек  етеді,  ал  жыртқыш  кенелер  жүмыр  құрттармен, 
қүйрықаяқтылармен, энхитреидтермен қоректенеді.
Ызылдақ 
қоңыздар, 
қысқақанатты 
қоңыздар, 
жыртқыш 
қырықаяқтылар,  өрмекшілер  қүрсақаяқты  былқылдақ  денелерді, 
эртүрлі дернәсілдерді,  қуыршақтарды қорек етеді.
Фитофагтар 
(рһуіоз
  - өсімдік, 
рһа%о$
 -  жеу) өсімдіктің тамырын, 
топыраққа  түскен  ұрыгын  жеп  қоректенеді.  Бұлардың  ішінде
65
і

ауылшаруашылық  дақылдарының,  отырғызылған  жас  агаштардың 
тамырын және сепкен тұқымды зақымдайтын  зиянкестер де аз емес.
Сапрофагтар 
(заргоз
  — шірік, 
рһа
&08
  -  жеу)  топырақта  тіршілік 
ететін  жануарлардың  басым  көпшілігін  құрайды.  Олар  топырақтағы 
өсімдіктің 
ескі 
қалдықтарымен 
қоректеніп 
қорытатындықтан 
топырақта  қарашірінді  (гумус)  түзілуіне  үлкен  үлес  қосады.  Олар 
өсімдіктің  қалдығымен  қоректенген  кезде  өсімдікті  үгітіп  ұсақ 
бөлшектерге  айналдырады.  Бұл  үгітілген  бөлшектердің  сыртқы 
ауданы  бүтін  кесек  өсімдікпен  салыстырғанда  жүздеген  есе 
көбейетіндіктен  микроагзалардың  әрекеттесіп  ыдыратуына  қолайлы 
жағдай  жасалады.  Сапрофагтардың  органикалық  және  минералдық 
заттардан  құралған  нәжістерінде  кейбір  сапробионт  бактериялар  тез 
көбейіп  өсімдік  қалдықтарын  ары  қарай  ыдыратуына  мүмкіндігі 
жоғарылайтыны 
дәлелденген 
(Зоология 
беспозвоночных 
т.5. 
Почвенная  зоология 
М., 
1978;  Познанин,  ред.,  1978).  Жауын  құрты, 
энхитреид,  кейбір  қырықаяқтылар 
(Віріроёа),
  есекқұрт,  кейбір 
кенелер  жэне  көптеген  жәндіктердің  дернәсілдері  өсімдіктің  өлі 
қалдықтарымен  және  шірінді  заттарымен  қоректенетін  сапрофаг 
тобын  құрайды.  Сонымен  қатар шөп жейтін  сүтқоректі жануарлардын 
нәжісімен  қоректенетін  к о п р о ф а г   жәндіктер  (мысалы:  қижегі 
қоңыздар) және  шіріген  органикалық заттарды, оларды  шірітетін ұсақ 
ағзалармен  қоса  жейтін  д е т р и т о ф а г   жануарлар  да  жалпылай
сапрофагтар қауымына қосылады.
Топырақта  өлген  жануарлардын  өлексесін  жеп  қоректенетін
жануарлар  н е к р о ф а г т а р  
(пекгоз
  -  өлексе, 
рһщ оз
  -  жеу)  деп 
аталады.  Некрофагтарға  өлексежегі  қоңыздар 
(ЗіІрһШае),
  кейбір 
құмырсқалар,  шыбынның  дернәсілдері  т.б.  жатады.  Олар  топырақты 
өлекселерден тазартушылар ретінде маңызды рөл  атқарады.
Топырақ  жануарлары  осылайша  4  түрлі  қоректік  топқа 
жіктелгенімен  олардың  ішінде  қай  топқа  да  жатқызуға  да  болатын 
аралас  қоректілер  кездеседі.  Мысалы,  орманның күрең  құмырсқалары 
өсімдіктің 
тұқым, 
жемістерімен 
де, 
тірі 
жәндіктермен 
де, 
жэндіктердің  өлексесімен  де  қоректенеді.  Мамыр  зауза  қоңызының 
(Меіоіопіһа
  туысы),  жолақ  шыртылдақ  қоңыздың 
(А§гіоіез
  туысы) 
дернәсілдері 
өсімдіктің 
тамырын 
жеп 
зақымдайтын 
өсімдік 
қоректілер  деп  саналғанымен  қарашірінділі  топырақта  шірінді 
органикалық  заттармен  де  айтарлықтай  мөлшерде  қоректенеді. 
Жалпы  айтқанда  ашыққан  кезде  немесе  негізгі  қорегі  табылмаған
66

жагдайда  қоректің  басқа  түріне  ауысып  тіршілік  ету  жануарлар 
арасында кең тараған.
4.3 Жер бетіндегі ауалы ортада тіршілік ететін  жануарлардың
экологиялық ерекшеліктері
Жер  бетіндегі  ауалы  ортада  температура  кенет  және  жиі 
өзгереді.  Жер бетінде  жарық  мол,  қысым  аз,  ылғал  құбылмалы.  Басқа 
тіршілік  орталарымен  салыстырғанда  ылғалдың  тапшылыгы  жиі 
кездеседі.
Жер бетіндегі тіршілікке негізгі  эсер етуші  фактордың бірі -  ауа.
Адамзат  ұзақ  уақыттар  бойында  ауаны  қарапайым  бір  ғана  заттан
тұрады  деп  ойлап  келген.  Тек  XVIII  ғасырда  ғана  француз  ғалымы
Антуан  Лоран  Лавуазье  ауа  көптеген  газдардың  қоспасынан
құралатынын  анықтады.  Құрғақ  таза  ауаның  көлемінің  78  пайызын
азот,  21  пайызын  оттегі,  0,9  пайызын  аргон,  0,003  пайызын
көмірқышқыл  газы  иеленеді.  Ауаның  жер  бетіне  ең  жақын  төменгі
қабаты  тропосфера  деп  аталады.  Тропосфера  қабаты  Жер  шарының
полюстерінде  жер  бетінен  бастап  7км  биіктікке  дейін,  экваторлық
орталық  белдемде  18  км  биіктікке  дейін  созылады.  Жер  бетінен,
мұхиттардан  буланып  ауаға  шыққан  су  буы  түгелдей  жэне
атмосфералық  барлық  ауаның  75  пайызы  тропосфера  қабатында
шогырланған.  Сол  себептен  ауа  райының  барлық  құбылыстары
тропосферада  пайда  болады.  Жер  бетіндегі  климат  пен  ауа  райы
атмосфералық  ауадагы  су  буының  (немесе  бұлттың)  мөлшеріне,
қысымның  және  жылудың таралуына байланысты.  Су  буы (бұлт)  күн
сәулесін  өзіне сіңіріп  жер бетінің  салқындауына себепкер болады.  Су
буы  ауаның  қысымын  молайтуының  салдарынан  жел  соғады.  Ауа
салкындаганда  су  буы  (бұлт)  тамшыға  айналып  жауын-шашын
болады.  Бұның  бәрі  жер  бетінде  жүрілетін  ауа  райының  барлық
құбылыстары  ауаның төменгі  қабатындағы  (тропосфера)  өзгерістерге
байланысты  екенін  мәлімдейді.  Жер  бетінен  жогарылаған  сайын
ауаның  температурасы  біртіндеп  салқындап  12  км  биіктікте  -   55°С  - 
қа жетеді.
Жер  шарын  қоршаган  ауа  қабатының  қалыңдыгы 
1000 
километрге  жуық  —  шамамен  Жердің  радиусының  төрттен  бір 
бөлігіндей  қалың  қабат  түзеді.  Ал  оның  салмағы  жердің  салмағынан 
миллион  есе  кем.  Бірақ  ауа  болмаса  жер  бетінде  тіршілік  болуы 
мүмкін  емес.  Адам тәулігіне  12-15кг  ауамен тыныс  алады,  бүл  әрине,
67
I

қажетті  ас  пен  судан  анағұрлым  артық.  Адам
бірнеше жұма,  с 
қана тезе алады.
атмосфера
көптеген  қауіптен  қорғайды:  метеориттердің  көбі  жер  бетіне  жетпей 
ауа  қабатында  жойылады  (ауамен  үйкеліскенінің  эсерінен  қатты 
қызып,  күйіп  кетеді);  күн  энергиясының  күшін  бәсеңдетіп  Жер  бетін 
шамадан тыс  қызудан  қорғайды; тэуліктік температураның ауытқуын 
бәсеңдетеді.  Егер Жер шары ауамен  қоршалмаған  болса жер бетіндегі 
температура  күндіз  +100  градустан  астам  ысып,  түнде  -100  градусқа 
жетіп  суытады  да,  тәуліктік  температураның  ауытқуы  200  градустан 
асып 
кетер 
еді. 
Ал 
жаз 
бен 
қыстың 
температурасының 
айырмашылығы  бүдан  да  әлдеқайда  артық  болар  еді.  Бұндай 
жағдайда  біздің  Планетамызда  тіршілік  ету  зор  қиыншылыққа 
ұшырайтыны 
күмәнсіз. 
Атмосфералық 
ауа 
күн 
сәулесін 
миллиондаған ұсақ бөлшектерге бөліп,  оны таратады. Осылайша Жер 
бетіне жарықтың біркелкі таралуына себебін тигізеді.
Ауа  арқылы  дыбыс  тарайды.  Ауа  жоқ болса,  Жер  шарына мәңгі
адамда
дамымас еді.
атмосферан
бір  қасиеті  — оның  тығыздығының  тым  аздығы*.  ауаның  тығыздығы 
судың  тығыздығынан  шамамен  800  есе  кем.  Сол  себептен  ауаның 
салмақ  көтеру  қабылеті  сумен  салыстырғанда  өте  аз,  жоқтың  қасы. 
Сондықтан  ауа 
ешбір 
жануарға 
тірек 
(субстрат)  бола  алмайды.  Сол 
себепті  ауада тірі ағзалар тұрғылықты  мекендеп тұрақтауға мүмкіндік 
жоқ.  Ауада  ұшып  тіршілік  ететін  жануарлардың  барлығы  жер  беті 
мен  суды тұрақтайтын  негізгі  мекенжай етіп  өмір сүреді.  Ауада ұшып 
тіршілік  ететін  жануарлардың  өмірі  міндетті  түрде  жер  бетімен
бұл
құрлықтың
оған  жанасқан  ауа  қабатында  тіршілік  ететін  жануарлардың  тобын 
құрайды.Ауа  оны  тыныс  алуға  қажетті  оттегімен  қамтамасыз  етеді. 
Жер  беті  су  мен  қоректік  заттың  көзі  ретінде  жэне  тұрақтайтын
мекенжайлық рөл  атқарады.
Ауалы  ортадағы жануарлардың басым  көпшілігі  жер  бетінен  50-
сұлбасын
топтасып  мекендейді.  Кейбір  құстар
10-12  км-лік биік  қабатына дейін ұшып  шығатыны  белгілі.  Бірақ онда
68

ұзақ  уақыт  тұрақтап  тұра  алмайды.  Биік  таулардың  теңіз  деңгейінен 
6500  метрлік  шыңында  кейбір  өрмекшілер  мен  жәндіктер  мекен 
ететіні  айқындалған.  Бірақ  ауада  емес  тау  басындағы  жер  бетінде 
тіршілік етеді.
Ауаның  тығыздығы  аз  болғандықтан  жер  бетіндегі  жануарлар 
денесінің  пішінін  тұрақты  сақтап,  өз  салмағын  өзі  көтеріп  ұстап 
көтеру  үшін  олардың  денесіне  берік  тірек  қажет  болған.  Сондықтан 
су  жануарларымен  салыстырғанда  жер  бетінде  тіршілік  ететін 
жануарлардың  ішкі,  сыртқы  қаңқа  сүйектері  жақсы  дамыған. 
Омыртқалы  жануарлардың  ішкі  қаңқа  сүйегі,  жәндіктердің  сыртқы 
хитин  жамылғысының  қай-қайсысы  да  денесінің  салмақ  күшіне 
қарсылық  көрсетіп,  тірек  болу  арқылы  жануардың  денесін  қажетті 
жағдайға  сәйкес  дұрыс  орналастыруға  және  көтеріп  тұру  міндетін 
атқарады.  Су  жануарларының  денесіндегі  қатты  мүшелер  әдетте 
қорғаныс  құралының (М:  былқылдақ денелілердің бақалшағы) немесе 
бұлшық  еттерін  бекітіп  тұруға  (шаянтәрізділердің  сыртқы  сауыты, 
балықтың қаңқа сүйегі) міндетін атқарады.
Ауаның 
тығыздығы 
аз 
болғандықтан 
жануарлардың 
қозғалысына  сонша  кедергі  бола  алмайды.  Сол  себепті  жер  бетінде 
(сонымен  қатар  суда  жэне  топырақта)  тіршілік  ететін  көптеген 
жануарлар  ауаның  осы  тиімді  қасиетін  пайдаланып  эволюциялық 
даму  барысында  ауада  ұшу  қабылетіне  ие  болған.  Үшуды  игерудің 
жануарларға  беретін  пайдасы  зор:  ұшу  арқылы  жыртқыштардан  оңай 
құтылады, қорегін жэне қолайлы  мекенін  оңай тауып алады, үлкен су, 
ағынды  өзен,  биік  тау  тәрізді  жер  бедерінің  кедергілеріне  бөгелмей 
тарап 
мекенжайын 
кеңейтеді 
т.б. 
Жер 
бетін 
мекендейтін 
жануарлардың  75  пайызға  жуық  түрі  ауада  белсенді  үпіу  қабылетін 
игерген.  Үшуға  қабылеттілердің  көбі  құстар  мен  жәндіктер. 
Сүтқоректілер  (қолқанаттылар,  теріқанаттылар)  мен  бауырымен 
жорғалауыштардың  (кейбір  ешкемер  түкымдастар,  мысалы:  ұшқыш 
айдаһар атты кесіртке) да кейбірі ұшуға қабілетті.
Жануарлардың  көбі  бұлшық  еттерінің  күшімен  қанатын  қағып  ауада 
белсенді  қозғалу  арқылы  ұшады.  Ал  біраз  жануарлар  ауаның 
агымының  багытымен  белсенсіз  қалықтап  ұшуға  бейімделген.  Ауада 
қалықтап үшу арқылы таралатын жануарлар а э р о п л а н к т о н д а р  
деп  аталады.  Мысалы  қарапайымдардың  цистасы,  кішкене  денелі 
жәндіктер,  кенелер,  өрмекшілер  аэропланктондарға  жатады.  Ауаның 
қозғалысы  арқылы  (ягни  жел  арқылы)  жануарлардың  бір  мекеннен 
екінші  мекенге  көшіп  таралуы  а н е м о х о р и я   деп  аталады.  Ауада
69

қалықтау  арқылы  тараитын  жануарлардың  дене  құрылымында 
арнайы  дамыған  бейімделу  сипаты  болады.  Мұндай  сипаттарға 
жануарлардың  дене  мөлшерінің  кішіреюі,  денесінен  әртүрлі  өсінді, 
салпыншақтар  өсіп  шығу  арқылы  немесе  тұлғасымен  салыстырғанда 
қанатының  ауданы  үлкеюі  арқылы  т.б.  жолдармен  денесін  жеңілдету
тәсілдері жатады 
(8-сурет).
Жел  жануарлардың  тіршілігіне  күшті  эсер  етеді.  Көптеген
жәндіктер  желге  қарсылық  жасай  алмайтындықтан  күшті  жел  тұрған 
кезде  ұша  алмайды.  Мысалы  бал  арасы  7-9  м/сек  желде,  ал  үнсіз
масалар 3,6 м/сек желде ұша алмайды.
Желдің  әсерінен  жануарлардың  денесіндегі  ылғал  тез  буланып, 
ылғалдың  тапшылығына  ұшырайды  және  желді  кезде  жануарлар 
жылуын  сақтай  алмайды.  Желді  кезде  жануарлардың  ыстыққа 
төзімділігі  артады,  ал суыққа төзімділігі бәсеңдейді.
Жер  бетіндегі  ауаның  құрамында  оттегінің  мол  (таза  ауада  - 
21%)  болуы  ондағы  жануарлардың  зат  алмасуының  қарқынды 
жүріліп,  жасушаларда  тотығу  процесі  пәрменді  жүрілуіне  мүмкіндік 
мол.  Ғалымдардың  жорамалдауынша  гомойотермді  жануарлардың 
алғаш  жер  бетіндегі  ауалы  ортада  пайда  болуы  да  ондағы  оттегінің 
молдығына  байланысты  деп  көреді.  Суда  жануарлардың  таралуына 
ондағы  оттегінің  аздығы  шектеуші  фактор  болатыны  белгілі.  Ал  жер 
бетінің 
қай 
бөлігінде 
де 
оттегі 
жеткілікті 
болғандықтан, 
жануарлардың тіршілік етуі  оттегінің мөлшерімен  шектелмейді.
Жер  бетіндегі  ауалы  ортаның  негізгі  бір  ерекшелігі  —  ондағы 
ылғалдың  тапшылығы  және  оның  өте  құбылмалылығы.  Сондықтан 
жер  бетілік  жануарлар  денесінің  ылғалын  сақтауға  және  үнемдеуге 
әртүрлі жолмен бейімделген. Су жануарларының тыныс алу  мүшелері 
(желбезек)  денесінің  сыртында  орналасатыны  бәрімізге  мәлім.  Ал 
жер  бетіндегі  жануарларда  тыныс  мүшелері  (өкпе,  трахея)  денесінің 
ішінде  орналасуының  өзі  демімен  бірге  ылғал  сыртқа  бөлінуін 
азайтуға  бағытталған  эволюциялық  бейімделу.  Үрығы  қағанақ 
(амнион)  сұйығының  ішінде  даму  тек  құрлықта  дамитын  омыртқалы 
жануарларға тэн.  Бүл да ұрығын  кеуіп  кетуден  қорғаған эволюциялық 
құбылыс.  Сонымен  қатар  буынаяқтылардың денесінің  сырты  хитинді 
кутикуламен  қапталуы,  бауырымен  жорғалаушылардың  терісінің 
сырты  мүйізденген  қабыршақпен  қапталуы,  т.с.с.  терісі  арқылы 
денесіндегі  ылғалдың  булануын  шектеп  денесіндегі  суды  үнемдейтін 
морфологиялық бейімделулер дамыған.
70

8-сурет. Жәндіктердің дене бітімінің ауада калықтап таралуга бейімделуі
[И  М.  Чернова, А.М.  Былова.  1981  бойынша]
1  -  кысқатұмсық маса. 2 -  берішші  шыбын.  3 -  хермес деген тенканатгы 
жәндік, 4 -  жарғаққанат жәндік.  5 -  жалқы  жібек кобелегінің дернәсілі
Ыстық  кезде  көлеңкені  паналау,  ін  қазып  мекендеу,  қуаңшылық 
кезде  сулы  мекенге  ауып  көшу,  ылғал  жетіспеген  кезде зат алмасуын 
күрт  төмендетіп  анабиоз  күйге  түсу  сияқты  бейімделудің  мінездік 
түрлері  де  денесіне  ылғал  жинауға,  оны  үнемдеп  жұмсауға 
бағытгалған.  Құрлықта  мекендейтін  көптеген  жануарлар ешқандай  су 
ішпей,  тек  қана  жеген  қорегінің  қүрамындағы  суды  пайдаланып 
тіршілік  етеді.  Өсімдік  пен  жануарлардың  жалпы  салмағының  60-90 
пайызын  су  иеленетіндіктен  көптеген  шөпқоректі  және  етқоректі 
жануарлар  тіршілігіне  қажетті  суды  қоректену  арқылы  қамтамасыз 
етуге  мүмкіндігі  толық.  Ит  1  кг  кролик  етін  жеудің  нәтижесінде 
денесіне  848  мл су қорын жинайтыны анықталған (Шмидт -  Нильсен,
1972).
Тек  қана  құргак  қорекпен  қоректеніп,  аса  қуаң  шөлдерде 
тірішілік  ететін  жәндіктер  ас  қорыту  барысында  тотығу  процесінің 
нәтижесінде  зат  алмасудан  (метаболизм)  пайда  болған  суды
құмында 
Сопор $  $р.
  дейтін  қара  коңыз  кездеседі.  Намибте  жауын- 
шашынның жылдық  мөлшері 
2-75  мм-ден  аспайды,  жазгы  ауанын 
температурасы 40-42  градусқа жетеді,  ешбір өсімдік өспейді.  Бірнеше 
жүз  километр  қашықтықтан  желмен  үшып  келген  қүрғақ  шөптің 
қалдығымен  қоректенудің  нәтижесінде 
Сопорз
  метаболиттік  су
\
  71
I

шығарып  алатыны  анықталған.  Құрғақ  ұнмен  қоректенетін  ұн  қара 
қоңызы 
(ТепеЪгіо  тоШог)
  жүн  киімдердің  жүнін  жеп  дамитын 
киімжегі  көбелектің 
(Тіпеа.  реіііопеііа)
  дернәсілі  де  зат  алмасудан 
пайда болған суды пайдаланып тіршілік етеді (Гиляров,  1970).
4.4 Тірі агзалар -  жануарлардың тіршілік ортасы
Эволюциялық  даму  барысында  жануарлардың  кейбіреуі  басқа 
тірі  ағзаларды  тіршілік  ортасы  ретінде  пайдаланып,  тірі  ағзаның 
денесінде  өмір  сүруге  бейімделген.  Көп  жасушалы  жануарлардын 
дерлік  барлығы  қандай  бір  немесе  бірнеше  басқа  жануарлардын 
тіршілік  ететін  ортасы  болып  міндет  атқарады.  Тірішілік  ортасы 
болушы  жануар 
ие  ағза 
деп  аталады.  Бірігіп  тіршілік  ету  иеге  де, 
иенің  денесінде  мекендеушіге  де  пайдалы  болса,  олар  өзара  симбиоз 
(грекше: 
зутЬіш
  -   бірге 
тұру) 
тіршілік  құрайды.  Көбінде  тіршілік 
ортасының  рөлін  атқарушы  ие  жануарда  мекендеуші  жануар  иесінің 
ағзасымен  қоректеніп  оған  зақым  келтіру  арқылы  өзіне  пайдалы 
жағдай  туғызып  алады.  Осылайша  ие  агзаның денесін  тіршілік ететін 
орта  және  қоректік  көз  ретінде  пайдалану  арқылы  тіршілік  етуді 
паразиттік  тіршілік  деп  атайды.  Бір  жануар  екінші  бір  жануардың 
(немесе  өсімдіктің)  ағзасын  тіршілік  ортасы  болдырып  өмір  сүрудің 
бірнеше  жолы  бар.  Бүл  туралы  келесі  бөлімдерде  толығырақ
баяндалады.
72

5. ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТҮРАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҮРІШІЛІК
ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ
Әрбір  тіршілік  ортасында  жэне  оның  әрбір  бөлігінде  үлкенді- 
кішілі  алуан түрлі  жануар тіршілік етеді.  Тіршілік ету үшін жасайтын 
әртүрлі  іс  әрекеттерінің  нәтижесінде  бүл  жануарлардың  арасында 
көптеген  күрделі  қатынастар  пайда  болады.  Өзара  байланысқан 
қатынастарының  кейбіреуі  олар  үшін  пайдалы,  кейбіреуі  зиянды 
болуы  мүмкін.  Бірақ  бірімен  бірі  себептесіп  байланысқан  мүндай 
қатынастан  тыс  ешбір  жануар  өмір  сүре  алмайды.  Өйткені  ағзалар 
өзара бейімделіп тіршілік етуінің нәтижесінде ғана биоценозды  қүрап 
түра  алады. 
Бүл  туралы  К. 
Мебиос-Г.Ф.Морозов 
қагидасы: 
«биоценоздағы  түрлердің бір-біріне бейімделгені  соншалық,  олардың 
бірлескен  қауымы  өзінің  ішіндегі  қайшылық  пен  бірлікті  бір  жүйеге 
үйлестіріп біртүтастықты сақтайды» деп түжырымдайды.
Жануарлардың  өзін  қоршаган  басқа  тірі  ағзалармен  әсерлесіп 
жасайтын  өзара  қатынасының  түрі  өте  мол  жэне  күрделі.  Дегенмен 
оларды 
биоэкологиялық 
маңызына 
сәйкес 
түрішілік 
және 
түраралық 
қарым-  қатынас  деп  екі  топқа  жіктейді.  Түрішілік  қарым 
қатынасқа  бір  түрге  жататын  ағзалардың 
арасындағы  қарым 
қатынастар,  түраралық  қарым  қатынасқа  екі  басқа  түрге  жататын 
жануарлардың  арасындағы  байланыстар  мен  қарым-  қатынастар 
қарастырыл ады.
Бір  түрге  жататын  ағзалардың  биологиялық  сипаттары  мен 
экологиялық  талаптары  бірдей  болғандықтан  (  мысалы,  олар  бір 
мекенде  бірге  өмір  сүреді,  қоректік  талғамы  бірдей,  жыныстық 
белсенділігі  бір  мезгілде  басталады,  т.б.)  олардың  арасындағы 
түрішілік  қатынас  әрдайым  үздіксіз  жүріледі  және  тіршілігінің  әр 
түрлі  жағын  түгел  қамтиды:  көбею,  даму,  қоректену,  жауынан 
қорғану,  қауіптен  сақтану,  т.б.  Сондықтан  жануарлардың  түрішілік 
қарым  қатынасы  олардың  тіршілігі  үшін  шешуші  рөл  атқарады. 
Әсіресе  жануарлар  бір  жерге  көптеп  шоғырланып,  популяцияның 
тығыздығы  артқан  кезде  популяцияны  қүрайтын  агзалардың  өзара 
әрекеттесуі  жиілеп  түрішілік  қатынас  қарқынды  жүріледі.  Мысалы, 
жыл  құстары  оңтүстікке  қайтарда  жиналып  топтасқан  кезде,  жау 
торғайлар  қыста  топ  қүрғанда,  бүғылар  мен  киіктер  үйірге  топтасып 
шағылысуы 
кезінде, 
құстар 
құз 
базарына 
шоғырланып 
жүмыртқалаған  кезде,  балықтар  уылдырық  шашатын  мекеніне
Н
73

топтасқан  кезде,  аумалы  шегірткелер  үйірлескен  кезде  олардың  бір
біріне жасайтын ықпалы молаяды.
Түрішілік 
қатынастар 
бірін 
бірі 
қорғау, 
сақтандыру, 
ұрпақтарына  қамқорлық жасау,  жайлы  орын  мен  қорегін  іздеп  табуға 
себін  тигізу  тәрізді  өзара  көмектесу  бағытында  жүрілуімен  қатар 
түрішілік  бәсекелестерге  негізделген  қайшылықтар  да  туындайды. 
Мысалы,  күдірқодастар  топ  қасқырдан  үйірін  қорғау  үшін  әлсіздерін 
үйірдің  ортасына  алып,  күштілері  қасқырдың  шабуылына  қарсы 
тұрып  айбат көрсету  арқылы үйірін сақтайды.  Дәмді  гүлдің көп  өскен 
жерін  іздеп  тапқан  баларасы  үясына  тура  ұшып  келіп,  ұядағы 
араларды  сол  жерге  бастап  алып  барады.  Үясын,  ұрпағын  қорғау 
жануарлардың басым  көпшілігіне тэн  қасиет. Жануарлардың үрпағын 
туатын уақыты жылдың жылы  мезгіліне сәйкесуінің өзі  эволюциялық 
табиғи  сүрыптаудың  нәтижесінде  үрпағын  шығынға  ұшыратпауға 
бағытталған  бейімделу.  Бал  ара,  құмырсқалар,  т.б.  кауымдас 
тіршілікті  буынаяқтылар жүмыртқалары мен дернәсілдерін  күн  сайын 
жемдеумен  қатар  құмырсқалар  дернәсіл,  жұмыртқаларын  күндіз 
илеуінің  беткі  қабатына  шығарып  күннің  қызыуына  жылытады,  ал 
түнгі  салқында  илеудің  түбіне  тасып  апарып  орналастырады.  Құстар 
мен  жыртқыш  аңдар  балапан,  төлдерін  жемдеп  асыруымен  қатар 
үшуға,  жемін  тауып  үстауға,  өлтіруге  үйретеді.  Міне  мүның  бэрі  бір 
түрге,  бір  популяцияға  қарасты  жануарлардың  өзара  көмектесу
бағытында жүрілетін түрішілік қарым қатынастар.
Бір  түрге  жататын  жануарлардың  арасында  біреуі  екінщісінің 
тіршілігіне  кері  ықпалын  тигізетін  қайшылықтар  да  аз  емес.  Мүның 
көбі  түрішілік  бәсекелестен  туындайды.  Бір  жерде  мекендейтін,  бір 
түрге  жататын  жануарлар  қорек  үшін,  қолайлы  орынжай  үшін, 
жыныстық  қатынас  кезінде  жұптасатын  ағза үшін  өзара бәсекелеседі. 
Жем  жинайтын  мекенін  қорғап  өзара таласу,  біреуінің тапқан  жеміне 
екіншісі  ортақтасу  үшін  таласу,  жұптасатын  үрғашы  жануарларды 
иемдену  үшін  еркектері  өзара  таласу  көптеген  жануарларға  тэн 
қасиет. 
Түрішілік 
қайшылықты 
қатынастардың 
нәтижесінде
қайшыласып  қарсыласқан  екі  ағзаның  оіреуі  жеңіліп  үтылады, 
екіншісі  басымдылық  көрсетіп  ұтады:  ағзалардың  біреуіне  пайдасыз, 
екіншісіне  пайдалы  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  жемге  таласқан  екі 
жыртқыштың  біреуі  жемді  тартып  алып,  екіншісін  аш  қалдырады. 
Үйірге таласып сүзіскен екі  қүлжаның біреуі  екіншісін жарақаттап,  не 
өлтіріп  үйірді  (үрғашыларын)  тартып  алады.  Бұл  қатынас  әсерлескен 
екі  ағзаның  біріне  пайдалы,  екіншісіне  пайдасыз  болғанымен
74

жалпылай  алганда  популяция  үшін,  түр  үшін  аса  зор  пайдалы  әсерін 
тигізеді.  Бэсекелес,  талас  кезінде  бәсекелестікке  қабілеті  аз,  әлжуаз 
нашарлары  жеңіліп,  күштілері  сүрапталып  қалатындықтан  олардан 
туған  ұрпақтың  сапасы  жақсаруы  нәтижесінде жалпы  популяцияның, 
түрдің 
өміршеңдігі 
артады. 
Түрішілік 
қарым 
қатынастың 
популяцияны  сақтауға  жэне  оның  өміршеңдігін  жақсартуға  тигізетін 
бұдан басқа да пайдасы көп:
Өзінің  туысын  иемесе  тумасын  жеп  тіршілік  ету  (каннибализм) 
арқылы  популяцияның  өміршеңдігін  жақсартатын  түрішілік  қарым 
қатынастың  түрі  де  кездеседі.  Мысалы,  қарақұрт  атты  өрмекшінің 
үрғашысы  жыныстық  қатынасқа  түсіп,  ұрықтанғаннан  кейін  өзімен 
жұптасқан  еркек  қарақұртты  ұстап  жеп  қояды.  Егер  жемесе  оның 
құрсағындағы 
жұмыртқасы 
дамымайтыны 
тәжірибе 
арқылы 
дэлелденген;  алабүға,  шортан,  т.б.  жыртқыш  кейбір  балықтар  басқа 
түрдің  балығын  жеп  қоректенеді.  Ал  басқа  балық  жоқ  суга  өсіріп 
тәжірибе  жүргізген  кезде  олар  өздерінің  шабағын  жеп  қорек  ететіні 
анықталған.  Монголияның  Тэрх  деген  көлінен  аулаган  үзындығы  80 
см-лік  бір  шортанды  жарып  қөргенде  оның  ішінде  20-24  см-лік  екі 
шорттан  шыққан  еді.  Өз  түқымын  жейтін  каннибалистік  қарым 
қатынасқа  дейін  барудың  арқасында  жыртқыштар  популяциясының 
қолайсыз  мекенді  де  иеленіп  популяцияның  таралу  аймагының 
шеңберін  ұлғайтуға,  көбейіп  ұрпақ  шашуға,  қоректің  тапшылығына 
үшыраган 
кезде 
жаппай 
қырылудан, 
популяцияның, 
түрдің 
жойылуынан  сақтайтын  бейімдеушіліктің  бір  түрі.  Кейде  өзіне 
пайдасыз,  тіпті  зиянды  және  қауіпті  бола  тұрса  да  ағзалар  туада 
біткен  түйсігі  (инстинкт) арқылы түрішілік  қарым  қатынастың  кейбір 
түрлерін бұлжытпай атқарады.  Айталық үйірін  қорғау үшін  құланның 
айғырының  қасқырмен  қарсыласуы,  ұядагы  жүмыртқасын  қорғау 
үшін  бозторгайдың  түлкіні  жанап  өтіп  айнала  шырылдауы  олардың 
өзіне  қатерлі  болғанымен  ұрпагын  қорғау  арқылы  популляцияның 
тұрақтылығын  сақтауға  негізделген  туа  біткен  мінез-  тарихи  даму 
барысында пайда болып қалыптасқан үрпақ қуалайтын  қасиет.
Жануарлардын  әрбір  түрі  табиғатта  жеке-жеке  тіршілік  ете 
алмайды.  Өзін  қоршаған  басқа түрдің  өсімдік,  жануарларымен  тығыз 
байланысып 
қауымдастық 
құруының 
нәтижесінде  тіршілігінің 
тұрақтылығын  сақтай  алады.  Осылайша  эр  түрге  жататын  ағзапар 
кауымдасып  тіршілік  ету  барысында 
түраралық 
қатынастар  пайда 
болып  қалыптасады.  Өзара  байланысқан  екі  түрдің  жануарлары  үшін 
түраралық  қатынастың  маңызы  әр  түрлі:  кей  жагдайда  екі  түрлі
75

жануардың  екеуіне  де  пайдалы,  кейде  біреуіне  пайдалы  екіншісіне 
пайдасыз,  кей  жағдайда  біреуіне  пайдалы,  екіншісіне  пайдасы  да 
зияны  да  жоқ  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Осыған  сәйкес  түраралық  қарым- 
қатынасты  бейтараптық немесе 
нейтрализм 
(лат: пеиітаііз-бейтарап), 
бәсекелестік немесе 
конкуренция^ 
өзара тиімділік немесе 
мутуализм 
(лат:  шиШизз-өзара),  жатыпішерлік  (яғни  арамтамақтық)  немесе 
комменсализм__ (фр.: 
сош-бірге; 
тепза-қорек), 
жыртқыштық,
тоғышарлық_(паразитизм) қатынас деп жіктейді.
Бейтараптық. 
Бір  экожүйеде,  бір  биоценозда  бірге  тіршілік 
ететін  екі  түрдің  жануарлары  (немесе  өсімдіктер)  өзара  байланыссыз 
тіршілік  етуінің  нәтижесінде  олардың  бір  біріне  пайда  да  зиян  да 
тигізбейтін  қарым  қатынаста  болуы.  Мысалы,  қарағайлы  орманда 
бірге  өмір  сүретін  сайрауық пен  тоқылдақ бір  біріне  ешқандай  әсерін 
тигізбейді;  қылқан жапырақты орманды тіршілік ететін тиін мен бұғы
бір-біріне жанаспайды, эсерін де тигізбейді.
Бәсекелестік. 
Бір  жерде  (биоценозда)  бірге  мекендейтін  екі
түрлі  жануардың  қажеттенетін  табиғи  қорлары  (қоректік  қор, 
мекендейтін  орын,  т.б.)  бірдей  болса  және  ол  қор  жеткіліксіз  болса 
түрлер  өзара  бәсекелес  қатынасқа  түседі.  Нәтижесінде  бір  түрдің 
жануары  екіншісіне  басымдық  көрсетіп,  оны  ығыстырады,  не  оның 
тіршілік  ету  жағдайын  төмендетеді.  Түрлердің  тіршілігіне  қажетті 
жағдайлары  ұқсас  болған  сайын  олардың  арасындағы  бәсекелестік 
қызу  жүріледі.  Бірақ  бәсекелесудің  нәтижесінде  түрлер  табиғи 
сұрыпталудан  өтіп,  тіршілік  ету  қабілеті  жақсаратындықтан  түрдің
өміршеңдігіне оңды әсерін тигізеді.
Өзара тиімділік немесе мутуализм. 
Бұл өзара қарым-қатынаста
тіршілік  ететін  екі  түрдің  ағзаларының  екеуіне  де  тиімді  қатынастың 
түрі.  Бұл  жағдайда  бірге  тіршілік  ететін  екі  ағза  бір-біріне  пайдасын 
тигізіп  өзара  тиімділікпен  өмір  сүреді.  Өзара  тиімділікті  түрде 
тіршілік  ету  табиғаттағы  түрлердің  арасында  өте  кең  тараған.  Бұл 
жануарлардың  арасында,  өсімдік  пен  жануардың  арасында,  екі  түрлі 
өсімдік  арасында  кездесетін  түраралық  қатынас.  Мутуалистік  қарым- 
қатынастың  екі  түрі  бар:  егер  тиімді  қатынаспен  байланысқан  екі 
түрлі  ағза өзара бірі  екіншісіз  өмір  сүре алмастан  тығыз  байланысқан 
болса,  ондай  мутуалистік байланыс с е л б е с т і к  немесе с и м б и о з  
(гр. 
зутЪіозіз-
  бірге  тіршілік)  деп  аталады.  Мысалы,  ақ  құмарсқаның 
(термит)  асқазанында  гипермастигина 
{НурегтазН&Аа)
  қатарына 
жататын  көп  талшықты  қарапайым  жәндіктер  тіршілік  етеді.  Ақ 
құмырсқалар  ағаштың  сүрегімен  қоректенеді.  Бірақ  олар  сүректің
76

құрамындағы  клетчаткаларды  қорытуга  қабілетсіз.  Ал  олардың 
асқазанында  неше  мыңдаған  санмен  кездесетін  гипермастигина 
талшықтылар  (М: 
Каіоіетез  ].Іауісоіііи,  Тегаіопутрһа  тігаЫІҺ

клетчатканы  ыдыратып  қантқа  (глюкозаға)  айналдыратын  В-глюкоза 
ферментін  бөліп  шығару  арқылы  ақ  құмырсқаның  ас  қорытуына 
жәрдемдеседі.  Бұл  екі  жануар  бір  бірінсіз  тіршілік  ете  алмайды. 
Сондай-ақ  күйіс  қайыратын 
шөп 
қоректі  жануарлардың  таз 
қарынында  селбесіп  тіршілік  етіп,  олардың  қорегін  қорытуға 
жәрдемдесетін 
энтодиноморфа 
(
Епіосііпотогрһісіа

қатарының 
Орһгуохсоіех,  Епіосііпіит
  туысына жататын  кірпікшелі  қарапайымдар 
да  симбиоздық  тиімділікпен  өзара  байланысқан  қарым-қатынастың 
мысалы  бола  алады.  Қойдың  таз  қарынының-ісм3  кеңістігіне  жүз 
мыңдаган  энтодиноморфа  селбесіп  тіршілік  етеді.  Талшықтылар  мен 
кірпікшелі  қарапайымдылар  ақ  құмырсқа  мен  күйіс  қайыратын 
жануарлардың  асқазанынан  қоректік  қор,  температурасы  мен  ылғалы 
тұрақты жайлы орын тауып  пайда көреді.
Өзара  тиімді  (мутуалист)  қарым-қатынастың  енді  бір  түрі 
қарапайым  байланыс  немесе  п р о т о к о р п е р а ц и я .   Бүл  да  екі 
жануардың  өзара  тиімді  эсер  көрсетіп  бірге  тіршілік  етуін 
сипаттайды.  Бірақ  селбестікпен  (симбиозбен)  салыстырғанда  екі 
жануардың  байланысы  онша  тығыз  емес:  бірінсіз  екіншісі  оздігінен 
тіршілік  ете  алады.  Мысалы,  тұщы  су  гидрасының  денесінде 
хлорелла деген  балдыр  бірлесіп  тіршілік  етеді.  Бірақ  бүл  екеуі  жеке- 
жеке де тіршілік ете алады.
Комменсализм. 
Екі  түрдің  жануары  бір  мекенде  бірге тіршілік 
етуден  туындаган  қарым-қатынас  егер  олардың  біреуіне  пайдалы,  ал 
екіншісіне  ешбір  эсерсіз  (пайдасы  да  зияны  да жоқ)  бір  жақты  түрде 
болуы  комменсализм  деп  немесе  сыңаржақты  қарым-қатынас  деп 
аталады.  Комменсализмнің  екі  түрі  бар:  с и н о й к и я   (гр. 
5
уи-бірге; 
оіко$-
үй,  орын)  немесе  баспанашылық  сыңар  жақты  қатынас  жэне 
т р о ф о б и о з   (гр. 
ігорһе-к,
 орек;  6/о^-тіршілік)  немесе  қоректік 
сыңар жақты  қатынас.
Синойкиялық  комменсализм  қарым-қатынасы  кезінде  екі  түрлі 
жануардың  біреуі  екінші  жануарды  баспана,  орынжай  ретінде 
пайдаланады,  бірақ  оған  ешбір  зиян  да  пайда  да  келтірмейді.  Мысал 
ретінде жылы теңіздерде  мекендейтін  актиния дейтін  маржан  полипы 
мен 
кішкене 
балықтардың 
қарым-қатынасын 
алайық: 
жыртқыштардан  қорғану  үшін  кішкене  балықтар  актиния  дейтін 
маржан 
полипының  қармауыштарының  арасына  жасырынады.
77

Актинияның  қармауыштарында  тітіркенген  кезде  күйдіргіш  сұйық 
бөліп  шығаратын  жасушалар  болатындықтан  жыртқыштар  актинияга 
жоламайды.  Ал  кішкене  балықтардың  денесі  кішкене  болғандықтан 
актинияның  қармауыштарларына  сүйкенбейді. 
Сондықтан  оны 
тіті ркенд ірмей ді. 
Оның 
қармауышына 
кішкене 
балықтар 
қорғаныштағанын актиния  сезінбейді:  оған ешбір әсерсіз.
Трофобиоздық  комменсализмге  ірі  жыртқыштар  мен  өлексежегі 
жануарлардын  арасындағы  қоректік  бір  жақты  қарым-қатынас  мысал 
бола  алады.  Айталық  арыстанның  ұстап  жеген  жануарларының 
өлексе  қалдығымен  қорқау  қасқыр  (гиена),  шиебөрі,  тазқара,  т.б. 
өлексешегі  жануарлар  қоректенуі  бұларға  пайдалы  бола  тұра
арыстанға пайда да, зиян да келтірмейді.
Екі  түрдің  біреуі  екіншісіне  өктемдік  жасап  басымдық  көрсету
арқылы біреуі  пайда тауып, екіншісі зиян шегетін қатынастың түрлері 
жануарлардын  арасында  кең  таралған.  Бүған  жыртқыш  пен  қүрбан 
болушы  жануардың  арасындағы  және  тоғышар  (паразитизм)  мен  ие 
ағзаның  арасындағы  қарым-қатынастың  түрлері  жатады.  Жыртқыш- 
қүрбан, тоғышар-ие қатынастарының ұқсастығы  - бұл  екі  қатынастың 
екеуінде  де  жоғарыда  айтылғандай,  қатынасқа  түскен  екі  ағзаның 
біреуі  шығынға үшырайды,  не жапа шегеді,  ал  екіншісі  пайда табады. 
Айырмашылығы:  паразит  ағза  ие  ағзадан  әрқашанда  әлдеқайда  кіші 
жэне  оның  көбеюге  ықтималдығы  ие  ағзадан  әлдеқайда  жоғары 
болуымен  сипатталады.  Ал  жыртқыш  көбінесе  қүрбан  болатын 
жемтік жануардан  үлкен  немесе  күшті  болуымен  қатар  жыртқыштың 
көбею  мүмкіндігі  оның  үстап  жейтін  қүрбандық  (жемтік)  жануардан
кем болады.
5.1 Жыртқыш пен жемтік жануардыц өзара қатынасы
Бір  жануар  (жыртқыш)  екінші  жануарды  (жемтік)  өлтіріп, 
онымен  қоректенуіне  негізделген  қарым  —қатынастың  түрі.  Мүндай 
қатынастар,  мысалы  қасқыр  мен  қоянның,  шортан  мен  мөңке 
балықтың,  жәндіктерден  ханқызы  мен  бітенің  арасында  үнемі 
кездеседі.  Табиғи  жануарлардын  арасында  жыртқыштық  ең  кең 
таралган  қарым-қатынастың  түрі.  Жыртқыштарда  жемтік  болатын 
жануарды 
іздеп 
табуға, 
қуып 
үстауға, 
өлтіруге  бағытталып 
бейімделген  көптеген  түрлі  сипаттар  пайда  болған.  Қасқыр  жемін 
қуып  ұстаса,  мысық  тектес  жыртқыштар  көрінбей  баспалап  таяп 
барып  секіріп  бас  салу  арқылы  аулайды.  Сусар  тұқымдастар  жемтік
78

жануарларды  қуып  ұстаумен  қатар  олардың  ініне  кіріп  ұстап  жейді. 
Қарлыгаш  ауада  ұшып  жүрген  жэндіктерді,  торғайлар  жер  бетіндегі 
жәндіктерді теріп жейді.  Өрмекші тор құрып ұстайды.
Жемтік  жануарлардың  жыртқыштан  қорғану  тәсілдері  де  алуан 
түрлі.  Шабуылдаған  жыртқышты  тістеу,  тебу,  шагу,  өзінен  өндірген 
электр куатымен соғу (электрлі скат, жайын, т.б.  балыктар), денесінен 
улы  немесе  жиіркенішті 
иісті  сұйықтар  бөліп  шығарып  шашу 
арқылы 
қорғану 
амалдарын 
қолданады. 
Орманның 
қызыл 
құмырскасының  илеуін  таяқша  ағаштың  ұшымен  аздап  қана  түртіп 
көріңіз.  Илеуден  мыңдаган  құмырсқа  шыға  келеді  де  құрсагының 
ұшын  сізге  бағыттап  тұрып,  сізді  сұйық  затпен  атқылай  бастайды. 
Бұл  сұйық-  концентрациясы  21-73  пайызға  дейін  жететін  құмырсқа 
қышқылы.  Ол  адамның  терісіне  тигенде  дуылдатып  күйдіреді,  теріні 
қызартып  ісік  пайда  болдырады.  Бұл  -  құмырсканың  илеуін 
қорғайтын  негізгі  қүралы.  Сусар  тұқымдастардан  Евразияда  кең 
таралған  сасық  күзендердің,  Американың  орталық  жэне  оңтүстік 
бөлігінде  таралған  скунстардың  артқы  тесігінің  жанында  өте 
жағымсыз  иісті  сұйық  бөлетін  безі  болады.  Қауіп  төнген  кезде  олар
сасық  сұиыгын  шашып,  шаоуылдаған  жыртқышты  жиіркендіру 
арқылы  қорғанады.  Скунстың  сасық  сұйығының  бір  тамшысы  көзге 
кірсе қандай да жануарды жанарынан айырарлықтай улы болады.  Бұл 
айтылғандар  жемтік  жануарлар  жыртқышқа  күш-қуат,  әдіс-амал 
қолданып  пәрменді түрде қорганудың жолдары.
Пәрменсіз  қорғаныстың  да  әр  түрлі  жолдары  бар:  қалтарыс 
жерлерге  тасалану,  өң  реңін,  пішінін  жыртқыштардың  жемейтін 
затына  ұқсату  арқылы  қорганады.  Мысалы  сүйемші  көбелектің 
дернәсілін  ағаштың  бүтағынан,  жасыл  өсімдікке  жабысып  тұрған 
бақбақыл  бақаны  немесе  шекшекті  өсімдіктен  ажыратып  көру 
жыртқыштарға  оңай  түспейді.  Жыртқыштардан  қорғанудың  бір  түрі- 
еліктеушілік.  Бұл  -   м и м и к р и я   (гр. 
тітесгу-
  еліктеу).  Кейбір 
шыбындардың 
өңі 
мен 
пішіні 
арага 
еліктегендіктен 
бұл 
шыбындардан  басқа  жәндіктер  сескеніп  тиіспейді.  Жыртқыш  емес 
балықтар  жыртқыш  балыққа,  усыз  жыландар  улы  жыланға  еліктеуі 
арқылы 
өздеріне 
шабуылдайтын 
жыртқыштарды 
сескендіріп 
қорғанады.  Тауыскөз  көбелек  қанатындагы  жыртқыш  құстың  көзіне 
ұқсас  «көзше»  деп  аталатын  дөңгелек  бедері  арқылы  кішкене
қүстарды сескендіріп  қорғанады.
79

9-сурет. Тауыскөз  көбелектің артқы  қанатының дөңгелек «көзше» бедері 
мен кұрсағының қызгылт өңі жыртқыш құстың көзі  мен тұмсығы тэрізденып
қорқынышты көрінеді.
10-сурет. Жыртқыш пен жемтіктің өсімінің кезекпен ауыткуы  [Либберта
(1982) бойынша]
Табиғи  жағдайда  жыртқыш  пен  жемтік  бір  бірімен  тығыз 
байланысты  тіршілік етеді.  Олар  бір-бірінің  өсімін  кезекпен  реттейді. 
Бұл  төмендегідей  тізбек  бойынша  жүріледі 
жемтіктің  көбеюі—> 
жыртқыштың  көбеюі—►
  жемтіктің  санының  күрт  азаюы—>
80

жыртқыштың  саныныц  азаюы—>  жемтіктіц  көбеюі. 
Уақыт 
бойынша салыстырып  қарасақ,  алдымен жемтіктік жануардың көбеюі 
олармен  қоректенетін  жыртқыштарының  көбеюіне  жағдай  жасайды, 
жыртқыштың  көбеюі  жемтіктік  жануардың  санын  азайтады,  оның 
азаюы  жыртқышқа  кері  эсер  етіп,  келесі  ретте  жыртқыштың  өсімі 
төмендей бастайды (10-сурет).
Жемтік  пен  жыртқыштың  арасындағы  бұл  қатынас  қарама- 
қарсы  қайшылықтың  негізінде  өзара  популяцияларының  тепе- 
теңдігін  сақтау  мүмкіндігін  туғызады.  Былайша  айтқанда  мұның 
себеп-салдарлы  қоректік тізбек  қатынасы деуге де  болады:  жемтіктің 
санының  көбеюі  себебінен  жыртқыштың  саны  да  көбейеді,  ал  келесі 
ретте  жыртқыш  көбеюінің  салдарынан  жемтіктік  жануар  азаяды. 
Нәтижесінде  екеуінің  де  саны  мүлдем  азайып,  немесе  шектен  тыс 
көбейіп  кетпей  белгілі  бір  деңгейде  сақталады.  Олар  өзара бір-біріне 
шектеуші және қорғаушы фактор бола алады.
Жемтіктің  популяциясы  үшін  жыртқыштың  пайдалы  әсері  де  аз 
емес:  жыртқышқа  жемтік  жануардың  әлсіз  немесе  ауру  нашарлары 
алдымен ұсталып  жем болатындықтан жыртқыштар жемтіктің элжуаз 
нашарларын 
азайтып, 
оның 
популяциясының 
сұрыпталып 
сапалануына жәрдемін тигізеді.
Егер  жыртқыш  пен  жемтік  екеуінің  де  популяциясының  саны 
катар  азайса  тез  көбейетін,  бірақ  бәсекелесу  қабілеті  төмен  түр  (гр 
стратегиялы  түр)  баяу  көбейетін,  бәсекеге  қабілеті  жақсы  (К- 
стратегиялы)  түрден  бұрын  санын  толықтырып  көбейе  бастайды. 
Мысалы,  бақшаға  инсектицид  сепкен  кезде  алма  бітесі  (жемтік)  мен 
оны  жейтін  жыртқыш  жабайы  ара  екеуінің  де  саны  қатар  азаяды. 
Бірақ,  популяциясының  өсімі  г,-стратегиялык жолмен  көбейетін  алма 
бітесі 
(ІУузарһіз  сіеуесіа,  АрһісІШае
)  оны  жейтін  жабайы  арадан 
(
РгосіоігирШае
) бұрын көбейеді..
Жануарлар әлемінің әрбір тобында жыртқыштық кең өріс алған: 
қарапайымдардың көбі,  ішек қуыстылар, өрмекшілер,  қырықаяқтылар 
дерлік  түгелдей,  көптеген  құрттар,  жәндіктер,  балықтар,  қос 
мекенділер  мен  бауырымен  жорғалауыштар,  құстар  мен  сүт- 
қоректілердің көптеген түрлері  жемін жыртқыштықпен тауып жейді.
Жыртқыш  жәндіктер  мен  өрмекшілер  адамға,  малға  ауру 
тарататын,  өсімдікті  зақымдап  өнімін  азайтатын  зиянкестілерді  жеп 
азайтуы  арқылы  адамға,  шаруашылыққа  пайдасын  тигізеді.  Көптеген 
жыртқыш  құстар  мен  сүт  қоректілер  ауыл  шаруашылыгына  зиянкес 
ұсақ  кеміргіштерді  жеп  азайтуы  арқылы  адамға  пайда  келтіреді
81

(мысалы,  қарсақ,  сасық  күзен,  аққалақ,  т.б.).  Жалғыз ғана аққалақ бір 
жылда  1,5  мыңға  жуық  кішкене  кеміргіштерді  жоятыны  әйгіленген. 
Сасық  күзен  тәулігіне  1-2  сарышұнақ  немесе  8-10  тоқалтісті 
құрутатыны  анықталған.  Су  күзенінің  інінен  50  шақты  өлтірілген
сарышұнақ табылған.
Аю,  қасқыр  қатарлы  ірі  денелі  жыртқыштар  ірі  қара  жэне  ұсак
малды  жэне  қоян,  бұғы,  елік  қатарлы  бағалы  жэне  сирек  аңдарды
аулап азайтуы арқылы табиғатқа және шаруашылыққа зиян келтіреді.
5.2 Паразит пен иеніц өзара қатынасы
Паразит  немесе  тоғышар  жануардың ұзақ  мерзім  бойында  иесін 
өлтірмей,  оны  тіршілік  ету  ортасы  ретіне  жэне  қоректік  көз  ретінде
пайдалануы  п а р а з и т и з м   деп  аталады.  Жануарлар  әлемінде
тоғышарлық  тіршілік  кең  өріс  алған.  Жануарлар  әлемінің  дерлік 
барлық  типтерінде  тоғышарлықпен  тіршілік  ететін  түрлер  кездеседі. 
Қазіргі  кезде  ғылымда  65-70  мың  түрлі  тоғышар  жануар  белгілі.  Тек 
адамның  денесінде  500-дей  түрлі  тоғышар  жәндіктер  тіршілік  етеді. 
Тоғышарлық  тіршілік  эсіресе  қарапайымдарда,  жалпақ  жэне  жұмыр 
құрттарда,  шаяндарда,  өрмекшілерде  (кене)  жэне  жэндіктерде  көп 
кездеседі.  Жануарлардың  кейбір  класы  тұтастай  тоғышарлардан 
құралады.  Мысалы,  қарапайымдар типінен споралылар класы, жалпақ 
құрттар  типінен  сорғыш  құрттар  жэне  таспа  құрттар.Тоғышарлық 
тіршілікті  о  б  л  и  г  а  т  (лат. 
оЫі§а(ш-
  шүбәсіз,  міндетті)  немесе 
н  а  г  ы  з  тоғышар  жэне  ф а к у л ь т а т и в   (лат. 
/асиһаііү-
  мүмкін) 
немесе  ы  к т  и  м  а л  тоғышар деп  бөледі.  Нағыз тоғышарлар тек қана 
тоғышарлық  жолмен  тіршілік  етеді,  олар  ие  ағзаның  денесінен  тыс 
ортада  тіршілік  ете  алмайды.  Ықтимал  тоғышарлар  ие  ағзаның 
денесінде  тоғышарлық тіршілік  етеді,  ал  егер  қажет болса  ие  ағзасыз 
табиги  сыртқы  ортада да өмір  сүре  алады.  Тоғышарлардың денесінде 
тоғышарлықпен  тіршілік  ететін  жануарлар да  кездеседі.  Олар  ү  с т  е
м  т о ғ ы ш а р л а р   д е п аталады.
Ие  ағза  тоғышарды  тек  қорекпен  ғана  емес  сонымен  қатар
тіршілік 
ететін 
орынжай, 
микроклимат, 
қорғаныш 
міндетін 
атқаратындыктан  ие  ағзаға  тоғышар  қаншалықты  айрылмастаи 
қарым-қатынаспен  бейімделсе,  соншалықты  тоғышардың  өсіп  өніп, 
үрпақ шашуына қолайлы жағдай туады.  Тоғышар  мен  иенің арасында 
тығыз  байланыс  жасалуы  екі  жақты  сүрыпталу,  басқаша  айтқанда, 
екеуі  де  бір-бірінің  әсерінен  қорғануға  бейімделу  бағытында

жүріледі.  Тоғышарлар  иесін  өлімге  тез  ұшыратпай,  оньщ  денесінен 
өзінің  қажеттілігін  ұзақ  уақыт  бойында  толық  қамтамасыз  етіп 
пайдаланса 
бұл 
тоғышарға 
тиімді. 
Сондықтан 
тоғышардың 
жыртқыштан 
айырмашылығы 

ол 
иесін 
көбінесе 
өлімге 
ұшыратпайды,  ұзақ  уақыт  пайдаланып  қалжыратады.  Ие  ағзада  да 
тогышарға  қарсы  бейімделулер  пайда  болатындықтан  тоғышар  ұзақ 
уақытпен  денесінде  болуының  нәтижесінде  тогышардың  эсеріне 
сезімталдығы  бәсеңдейді.  Ие  мен  паразиттің  арасында  алғаш 
шиеленіскен 
қайшылық 
түрінде 
басталған 
қарым-қатынас 
эволюциялық даму  барысында жұмсарып,  кейде тіпті  бейтараптыққа, 
немесе  өзара  тиімді  қатынастың  түріне  айналады.  Эволюция
Афри
жұмсарған
тоғышарлық  тіршілік  ететін  трипаносома  атты  қарапайым 
(Ргоіогоа, 
Ғіа^еііаіа)
 
жэндікті 
атауға  болады. 
Трипоносома  африкалық 
киіктерге  зиянды  эсер  көрсетпейді.  Ал  це-це  маса  адамды  шаққанда 
масаның  сілекейімен  жалғасып  адамның  қанына  кірген  трипоносома 
адамды  өлімге  ұшырататын  «ұйқы  ауруын»  қоздырады.  Ғалымдар 
мұның  себебін  тарихи  үзақ  дэуірлер  бойында  трипоносома  киіктің 
қанында  тіршілік  етіп  келгендіктен  киікпен  трипоносоманың 
арасында  антогонистік  қайшылық  біртіндеп  жұмсарып  ақырында 
босаңсыған.  Ал  трипаносома  адамға  тоғышарлық  ете  бастағанына 
соншама  ұзақ  дәуір  өтпегендіктен  ие  мен  тоғышардың  арасында 
өршіген  қайшылық  элі  басылмауына  байланысты  деп  шешеді.  Бұдан 
қарағанда  тоғышарлардың  әсерінен  иенің  зардап  шегіп  апатқа 
ұшырауы  әдетте  бұл  екі  ағзаның  арасындағы  байланыс  табиги 
сұрыптаудың  ұзақ  кезевдерін  бірге  өткізбеуінің  салдарынан  олардың 
қарым-қатынасы әлі тұрақтанбағанына байланысты.
Тоғышар  мен  иенің  өзара  қатынасының  нәтижесінде  олардың 
әрқайсысында  морфологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктер 
мен биологиялық ерекше сипаттар пайда болады:
Тоғышар  ие  ағзаның  денесінің  ішкі  (эндопаразит)  немесе 
сыртқы  мүшелеріне  орналасып  (эктопаразит)  табиғи  сыртқы  ортадан 
ажырайтындықтан 
көбінесе 
олардың 
дене 
құрылысында 
морфологиялық  қарапайымдану  (регрессия)  жүріледі.  Мысалы,  иенің 
денесінің 
ішкі 
мүшелерінде 
тіршілік 
етуіне 
байланысты 
эндапаразиттердің 
сезім 
мүшелері 
жойылады. 
Үнемі 
бекініп 
қозғалыссыз  болуына  байланысты  қозғалыс  мүшелері,  дайын  жэне 
сүйық  жұмсақ  заттармен  қоректенуіне  байланысты  ас  қорыту  жүйесі
83

қарапайымданады 
немесе 
түгелдей 
жойылады. 
Эктопаразит 
жәндіктердің 
қанаты 
жойылады 
(М: 
төсек-орын 
қандаласы). 
Балықтың  денесіне  жабысып  тоғышарлық  тіршілік  ететін  ларнеа 
дейтін  ескек  аяқты  шаянның  ересегінің  дене  пішінінің  өзгеруі 
соншалық  оны  шаян  деп  тану  мүмкін  емес*.  денесінің  бунақтары 
жойылып  құрттарға  үқсас  ұзын  түлғадан  құралған,  басының  орнына 
балықтың  денесіне  бекінуге  арналған  көп  тармақты  өскіндер  пайда 
болған  (11-сурет).  Оның  шаян  екенің  тек  одан  туған  дернәсілдеріне 
қарап  қана  тануға  болады.  Дернәсілдерінің  пішіні  мен  құрылысы
шаяндарға тән сипатынан өзгермеген.
11-сурет. Ескекаяқты лернея  шаяны:  1  — науплиус дернәсіл; 2  дамуының 
кейініреккі  кезеңі; 3 -  жұмыртқа түтіктері дамыған  ересек ұргашы  шаян.
84

Паразиттердің  қан  айналым,  жүйке  жүйелерінің  құрылымы  да 
қарапайымданып,  атқаратын  міндеті  босаңсиды.  Сонымен  қатар  ие 
агзаның  денесінің  қарсылық  эрекеттерінен  қорғануға  арналған  бір 
шама  ерекшеліктер  қалыптасады.  Ие  ағзаның  ас  қорыту  жүйесінде 
тіршілік  ететін  тоғышарларда  иенің  ас  қорытатын  ферменттерінің 
эсерінен  қорғануға  бейімделіп  денесінің  сырты  кутикула,  хитин, 
известіленген  қауыршақ  тэрізді  берік  жэне  қатты  жамылғылармен 
қаптапады. Даму барысында бір иеден екінші  иеге ауысу арқылы өсіп 
жетілетін  тоғышарлардың  жүмыртқа,  дернэсілдері  бір  иеден  сыртқы 
ортаға  шыққан  соң  келесі  ие  ағзаны  іздеп  тауып,  оның денесіне  кіріп 
жайғасу оңай іске аспайды.
Олар  осы  кезде  өте  көп  шығынға  ұшырайды.  Жалпы  қандай  да 
бір тур  немесе  популяция  жойылып  кетпеуі үшін  оның өсімі өлімінен 
артық  болуға  тиіс.  Жоғарыда  айтылғандай  тоғышарлардың  өлімі  көп 
болғандықтан  олардың  өсімталдығы  да  өте  жоғары.  Мысалы,  сиыр 
таспа  құрты  тэулігіне  900000-1300000  жұмыртқа  туып,  сиырдың 
жапасымен  бірге  сыртқы  ортаға  шығарады  (Карузина,  1967),  адам 
аскаридасы жылына 50 миллионнан астам жұмыртқа табады.  Осынша 
көп  жұмыртқалық  (аналық)  жасушаны  өндіріп  дамыту  үшін 
тоғышарлар  энергияны  көп  қажеттенеді.  Энергияны  ие  ағзаның 
дайын ұлпасымен  қоректену арқылы қамтамасыз етеді.  Сондықтан  ие 
ағзаның  денесінде  тіршілік  ететін  тоғышарлар  энергияның  да 
қоректік заттың да тапшылығына ұшырамайды.  Жиі-жиі туу жэне бір 
ретте көп ұрпақ тауып  популяцияның өсімталдығын  сақтау  міндетіне 
байланысты  тоғышарлардың  жыныс  мүшелері  күшті  дамиды  және 
көбінесе қос жынысты болады.
Өзінің  иесін  міндетті  түрде  өлтіріп  тынатын  тоғышарлықтың 
түрі де  кездеседі.  Мұндай тоғышарлық әсіресе  жүмыртқасы  басқа бір 
жәндіктің 
жұмыртқасында 
немесе 
дернәсілінде 
тоғышарлық 
тіршілікпен дамып жетілетін жәндіктерде жиі  кездеседі.
Мысалы, 
теленомус, 
апантелес 
(12-сурет)
 
афелинус, 
трихограмма 
(13-сурет),
 
аммофила 
(14-суреш),
 
т.б. 
көптеген 
жарғаққанатты  жәндіктердің  тоғышарлық  тіршілігінің  салдарынан 
олардың ие ағзалары өлімге ұшырайды.  Мұндай тоғышар жәндіктер п 
а р а з и т о и д т а р  деп аталады.
85

12-сурет. Теленомус шөп  қандаласының жұмыртқасына өзінің жұмыртқасын
туып  паразиттік тіршілік етеді  [Н.В.  Бондаренко (1978) бойыша]
13-сурет. Трихограмма жұмыртқасын  көбелектің жұмырткасына салып  жаткан
кезі  [Г.М. Длусскии (1969)бойынша]
86

Тогышар  мен  ие  арасындагы  эр  түрлі  қарым-қатынастың 
түрлерін 
салыстырудың 
нэтижесінде 
тоғышарлық 
тіршілік 
(паразитизм)  қалай  шыққанына  көз  жеткізуге  болады.  Қысқаша 
қорытып 
айтқанда: 
паразитизм 
алғаш 
синойкиялық 
және 
комменсалдық  тіршіліктің  түрінен  басталады.  Одан  әрі  қарай 
синойкиялы  немесе  комменсалды  тіршілік  етуші  екі  түрлі  ағзаның 
бірі  уақытша  эктопаразиттік  тіршілікке  ауыса  бастайды.  Уақытша 
эктопаразиттар  бара-бара  тұрақты  эктопаразиттікке  жэне  одан  әрі 
эндопаразиттік  тіршілікке  ауысуы  арқылы  нағыз  паразиттік  тіршілік 
пайда болғанын байқаймыз.
Тоғышар  мен  ие  ағзаның  арасындағы  қарым-қатынастың 
негізінде олардың әрқайсысының популяциясының саны реттеледі.
Жануарлардың  түраралық  қарым-қатынасының  негізгі  сипаты 
мен  мазмұны 
2-кестеде
 қарастырылды.
2-кесте. Түрлердщ өзара әсерлесуі 
(Ю. Одумның, С.И. Колесниковтың (2003) сілтемесі бойынша)
Қарым-катынас
Қатынасушы
түрлері
Қарым-катынастың жаппы сипаты
бірінші
екінші

1
Бейтараптық
қатынас
(нейтрализм)
0
0
Екі түрдің қай-қайсысы бір-біріне 
эсер етпейді
Т
і
Өзара тура
эсерлесу
бэсекелестігі
Екі түр бір-біріне тікелей  қысым 
көрсетеді
~Т~ Қажетті табиги 
қорлар үшін 
бәсекелесу
Екі түрдің екеуіне де қажетті 
қандай бір табиги  қордың немесе 
қажетті  фактордың тапшылыгы 
кезінде екі түрдің жануары бір- 
біріне жанама түрде қысым 
көрсетеді
4
Аменсализм
0
%
Бір түрдің жануары екінші түрдің 
жануарына қысым  көрсетеді, бірақ 
өзі екінші  түрдің тарабынан 
қолайсыз әсерге үшырамайды
87

1  ^
Жатыпішерлік 
1
+
°  
т Бірге тіршілік еткен екі түрдін 
(популяцияның) біреуі осы 
бірлескен тіршіліктен  пайда 
табады екіншісіне бұл бірлестіктің
пайдасы да зияны да жок  ------------ -
•  / 
„  . 
_ —  
_ги   ш  ш  т  ш
 Л 

ТІ 
V V 
V
 \ 
^\/ 1 VI ^
1
 
6
 
1
Өзара тшмділік 
(мутуализм)
+
+
Екі түрдщ (популяцияның) екеуінс 
де пайдалы және кажетті 
бұлжымастай тығыз қарым- 
ігятынастын түрі 
_________ -
7
Қарапайым
бірлестік
(протокооперация
)
+
+
Екі түрдің (популяцияның)
жануарларынын екеуіне де 
пайдалы, бірақ айырылмастай 
тыгыз байланысты қарым-қатынас
емес 
------------------
_   _
_
  —
 
үг л 
М
Т* 1 1/*
8
Жыртқыштык
қарым-қатынас
+
Жырткыш ағза эдетте жемтік 
агзадан үлкен немесе күшті.
Жемтік ағзаның өсімталдығы 
жыртқыштан артық 
----------
л т*/>гтаіі  і/11111 М^ЛІІР
9
Тоғышарлық
карым-қатынас
(паразитизм)
+
,
і  эсеіьыкі
Тоғышар эдетте иеден кіші жәнс 
өсімтал
яал  жасамайтынын  білдірсді?  (+)■  түрге
білдіреді
• = *  “ * *  ™і“ һ 
к , ™ -
и
=
а
я
я
=
м
=
=
ж
=
«
і —
Жануарлардын
Жануарлар  да  басқа  тірі  ағзалар  тэрізді 
сыртқы  ортадан
к о о е е т і к  
заттар  алып  пайдалану  аркылы  тірш ш .пне  кажетп 
энергиямен  езін  камтамасыз  етеді.  Сырткь,  ортадаь  к а р е к ш —
энеогия 
кезін 
алып 
пайдалану-коректену 
деп 
аталады
Жануарлардын 
сырткь, 
*
£
£
£
 6аскГ “ і
байлаиысуының  н еп зп   б , р т ү р - к о р е ^ е н у   Ж а щ р   Р 
^
(автотрофтардың) 
.
■ 

гетеротроф
құрайды.  Гетеротроф
экожүйедегі  "  коректік 
тізбекге 
дайын 
органнкалык 
затгарды
Ч
 

 
__  
л
т
/
л
і
л
о
 
П
І
 
1
атқарады
88

Жануарлардың  тіршілігіне  қажетті  энергияның  бірден  бір 
көзі—тек  қоректік  заттектер.  Сондықтан  да  нендей  қоректік  затты 
қандай  жолмен  тауып,  қалай  қоректену  мәселесі  жануарлардың 
тіршілік жағдайына шешуші эсер ететін негізгі  фактордың бірі.
Қоректік  талғам. 
Жануарлар  жейтін  қоректік  заттың  көзі  өте 
көп.  Олардың  басым  көпшілігі  өсіп  тұрған  тірі  өсімдіктермен, 
кейбіреуі  -  тірі  жануарларды  ұстап  жеп,  енді  біреулері  -  өсімдіктің 
немесе  жануарлардың  қалдық,  өлекселерімен  қоректенеді.Өсімдіктің 
шірінділерін  жеп  немесе  жануарлардың  қиын,  жүнін,  сүйегі  мен 
мүйізін жеп  қоректенуге эдеттенген жануарлар да кездеседі.
Қоректік  эртүрлі  затпен  қоректенуге  бейімделуінің  нэтижесінде 
табнғатта  жануарлардың  эртүрлі  қоректік  тобы  калыптасқан.  әрбір 
қоректік  топ  әртүрлі  қоректік  көзді  пайдалануының  нәтижесінде 
табиғаттағы  қоректік  қорды  тиімді  және  толық  пайдалануға  және 
қорек үшін  бәсекелесуді  бәсеңдетіп,  көп түрлі жануар бір жерде бірге 
мекендеуге мүмкіндік туғызады.
Қоректік заттарының тегіне карай жануарлар:
а) Фитофагтар немесе өсімдік қоректілер;
б) Зоофагтар немесе жануар қоректілер;
в) Некрофагтар немесе өлексежегілер;
г) 
Сапрофагтар 
немесе 
ағзалардың 
(көбінесе 
өсімдіктердің) 
шіріндісімен  қоректенушілер;
д) Миксофагтар немесе араласқоректілер;
е) Копрофагтар немесе қижегілер деген  қоректік топтарга бөлінеді.
Қоректің  бір-бірінен 
төтенше 
айырмашылықтағы 
мүндай 
тектерімен 
қоректенуге 
бейімделуі 
жануарлардың 
қоректік 
талгамының  тек  алғашқы  сатысы.  Сондықтан  фитофаг,  зоофаг 
сапрофаг т.б. деп  бөлінген  бұл  негізгі топтар қандай  өсімдікті,  қандай 
жануарды,  кандай  шіріндіні  талғап  жеуге  әдеттенгендігіне  сэйкес 
жэне  осімдік  пен  жануардың  қандай  үлпасын,  қандай  мүшесін  жеуге 
машықтанганына  сәйкес  екінші,  үшінші  реттік  қоректік  топтарга 
жіктеліп бөлінеді.
Мысал  ретінде  өсімдік 
қоректі  (фитофаг)  жануарлардың 
қоректік  талғамы  арықарай  тереңдеп  дамуы  нәтижесінде  екінші. 
үшінші  реттік  қоректік  жіктерге  бөлінуіне  тоқталайық.  Кейбір 
фитофаг жануарлар тек бір  гана түрдің өсімдігімен  немесе бір туысқа 
жататын,  химиялық  құрамы  ұқсас  бірнеше  гана  түрдің  өсімдігімен 
қоректенеді.  Бүлар 
монофагтар 
(жалгыз  жемділер)  деп  аталады. 
(/иоло-жалгыз, 
рһа^оз-жеу)
  Қоректік  заттың  бір  гана  түріне  төтенше

дэнігіп, 
ерекше 
бейімделуге 
байланысты 
монофагты 
талғам 
қалыптасады.  Монофаг  жануарлардың  түрі  онша  көп  емес.  Көбінесе 
өсімдіктің эр түрлі  мүшелері  мен  ұлпаларының ішінде тіршілік ететін 
жэндіктердің  басқа  өсімдікке  ауысып  қоректену  мүмкіндігі  аз 
болуына  байланысты  жалғыз  ғана  өсімдікпен  қоректену  режиміне 
көшеді.  Мысалы,  алмұрт  жеміс  жемір  көбелегінің 
(  Ьазреугезіа 
ругіуога  Әапіі  .)
  жұлдыз  құрты  тек  алмұрттың  жемісінің  ішінде 
жемістің  жұмсақ  ұлпасын  жеп  жетіледі,  апмұртпен  бірге  өсіп  тұрған 
алмада  бүл  көбелектің  жұлдыз  құрты  кездеспейді.  Бұршақ  дәнегі 
(Вгисһт  різогит  I)
  дейтін  қоңыздың  дернәсілі  тек  бұршақтың 
дэнімен  қоректеніп  дамиды,  басқа  бұршақ тұқымдастарда болмайды. 
Жүзім  жапырақ  жемірі 
( Рһуііохега  чазіаігіх)
  тек  жүзімнің сабағында
тіршілік етеді.
Аз  ғана  түрлі  азықпен  қоректенетін  жануарлардың  тобы 
олигоф аг  жануарлар 
(
оіі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет