Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

морфологиялық  жэне физиологиялық  тұрғыдан бейімделуге тура 
келеді.  Терең  суда  тіршілік  ететін  жануарлар 
судың  қысымына 
биохимиялық  жолмен 
бейімделу 
қабілеті 
дамыған. 
Олардың 
ферментінің  қүрамындағы  қысымға  сезімтал  ферменттер  азайып, 
қысымға  төзімді  дегидрогеназа  қатарлы  ферменттердің  мөлшері
көбейетіндігі  дэлелденген.
Судың  әртүрлі  тереңдіктегі 
қабаттарында  жануарлардын
тіршілігіне  қажетті  экологиялық  жағдаи  эртүрлі  екенін  оның 
жогарыда сипатталған  қасиетТерінен  көруге болады.  Қандай  бір суды

негізінен  бенталь  яғни  судың  түбі  және  пелагиаль  яғни  судың  іші 
(су  қабаты)  деген  екі  бөлікке  бөледі.  Осыған  сәйкес  судың  түбінде 
тіршілік  ететін  жануарлар  мен  өсімдіктер  бентос  ағзалар  деп,  ал 
судың  бетінен  түбіне  дейінгі  ішкі  қабатында,  ішкі  белдемдерінде 
тіршілік  ететін  ағзалар  пелагос  деп  аталады.  Теңіз  мұхиттардагы 
пелагос ағзалар судың тереңдік белдеміне сәйкес:
а)  эпипелагиаль  (200  метрге  дейінгі  тереңдікті  қамтитын,  беткі 
саяз  белдемі);  б)  батипелагиаль 
(Ьаіһуз
  —  терең;  200-2000  метрлік 
тереңдікті қамтитын, мэңгі күңгірт, қарауытқан қабат);
в) 
абиссопелагиаль  (2000  метрден  терең,  мүлдем  қараңғылық 
басқан 
су 
белдемі). 
Батипелагиаль 
жэне 
абиссопелагиаль 
белдемдерде  өсімдік  болмайды,  тек  қана  микроорганизмдер  мен 
жануарлар тіршілік етеді.
4.1.2 Жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуі
Судың  тығыздығы  мол  болғандықтан 
су  тереңдеген  сайын 
ондағы  қысым  да  көбейеді.  Әрбір  Юм  тереңдікке  батқан  сайын  1 
атмосфералық  кысым  қосылып  отырады.  Мүхиттың  ең терең жері  11 
км-ге  тең.  Ондағы  қысым  1000  атмрсфераға  жетеді.  Су  тереңдеген 
сайын  қысым  күрт  өзгеретіндіктен  суда  тіршілік  ететін  жануарлар 
қүрлықта  тіршілік  ететін  жануарлармен  салыстырганда  қысымның 
өзгерісіне  төзімді  (эврибат)  келеді.  Әр  түрлі  тереңцікте  тіршілік 
ететін  кйбір  жануарлар  судың  беткі  қабатындагы  1-2  атмосфералық 
қысымнан 
бастап 
судың 
терең 
қабатындагы 
бірнеше 
жүз 
атмосфералық қысымда да  тіршілік ете алады. Сондықтан олар теңіз, 
мүхиттардың жағасынан бастап  абиссалдық белдемнің 
6-7  км-лік 
терең қабатында да мекендей алады.
Бірақ  теңіз,  мұхиттарда  тіршілік  ететін  жануарлардың  басым 
бөлігі  белгілі  бір  деңгейдегі  қысымда  ғана  өмір  сүре  алады  -   ягни 
стенобионт.  Әсіресе  таяз  суда  немесе  өте  терең  суда  тіршілік  ететін 
жануарлар  кысымның ауытқуына төзімсіз болады.  Мысалы,  құмқазар 
(Агепісоіа)
  дейтін  буылтық  құрт,  теңіз  табақшасы 
(Раіеііа)
  дейтін 
былқылдақ  денелі  жэндіктер  теңіздің  жағалық  белдемінде  ғана 
тіршілік етеді (
2-суреттің  1-6).
Ал  көптеген  түрлі  балықтар,  басаяқты  үлулар,  шаяндар,  теңіз 
жүлдызшалары,  т.б.  тек 
4-5  км-лік 
тереңдікте 
400-500
атмосфералық кысымда гана тіршілік етеді.
42

Судың 
тығыздығы 
жоғары 
болғандықтан 
көптеген 
гидробионттар оны тірек болдырып  қалқып  жүреді.  Мұндай  қалқыма 
тіршілікті  ағзапар  п л а н к т о н   ағзалар дейтін  ерекше  экологиялық 
топты  құрайды.  Планктонның  құрамына  қарапайым  денелілер, 
медузалар,  сифонофор,  тарақшалар,  қанатаяқты  ұлулар,  алуан  түрлі 
кішкене  шаяндар  (мұртшааяқты,  ескекаяқты),  балықтың,  бақаның 
уылдырығы және т.б.  көптеген жануарлар жатады.
Планктон  ағзалар  өздігінен  белсенді  жүзіп  жүре  алмайды.  Олар 
судың  толқыны  мен  ағынын  пайдаланып  енжар  қалқу  арқылы 
қозгалады.  Су  түбіне  шөгіп  кетпей  қалқып жүру  үшін  планктондарда 
өздерінің 
қалқымалығын 
жақсыратуға 
бағытталған
бейімделушіліктер дамыған.  Қалқып  жүруге  бейімделген  сипаттарын 
атасақ:
1)  денесінің  мөлшерін  азайту,  жалпаю,  үзару,  көптеген  өскіндер  мен 
тікенектер  пайда болу  арқылы және  пішіні  домалақ шар тәріздес,  қол 
шатыр  тәріздес  болып  өзгеру  арқылы  суды  тірек  етіп  сүйенетін 
ауқымын ұлгайтады;
2) денесіне ауа көпіршіктері  мен  майды  көптеп жинау,  сүйек қаңқасы 
біртіндеп  кішірею  немесе  түгелдей  жойылуы  арқылы,  денесінің 
салмағын  азайту  негізінде  суға  батып  кетпеуіне  бейімделген. 
Мысалы, 
көптеген 
бір 
жасушалы 
планктон 
жәндіктердің 
цитоплазмасы  ауалы  көпіршіктерге  (газовые  вакуоли)  жэне  май 
тамшыларына бай болатыны  медуза,  планктон,  қүрсақаяқты үлуларда 
ауага 
толы 
қапшықтар 
болатыны 
планктондық 
тіршілікке 
бейімделгенін дэлелденді.
Судың бетінде, анығырақ айтқанда, ауалы ашық орта мен судың 
аралығында  тіршілік  ететін  планктондық  жануарлардын  жеке  бір 
экологиялық тобы  н е й с т о н  деп аталады.  Нейстондарға масаның, 
жүзбе 
қоңыздық 
дернәсілдері, 
суаршын 
қандалапар, 
кейбір 
шыбындар мен өрмекшілер жэне кейбір қүрсақаяқты үлулар және т.б. 
жатады.  Нейстон  жәндіктер судың толқыны  мен  ағынын  пайдаланып 
енжар  қозгалумен  қатар  кейбіреуі  белсенді  түрде  өздігінен  қозғала 
алады.
Ч
43

ППАНКГ0К
НЕКТОН
Н6КТС6ЕНТОС
БЕНТОС
2-сурет. Теңіз жануарларының экологиялық топтары жэне тіршілік
нышаны.
П ланктон: 
Шар 
тәрізділер: 
1-трохофора; 
2-бал ықтың 
уылдырыгы.  Қолшатыр  тәрізділер:  3-медуза;  4-тікен  терілілер типіне 
жататын,  қалқыма  тіршілік  ететін  голотурия.  Қауырсын  тәріздес 
өскіндері  арқылы  қалықтап  жүретіндер:  5-көпқылтанақты  буылтық 
құрт; 6-ескекаяқ шаянша.
44

Нектон:  Жылантәріздес  пішінділер:  7-жыланбалық;  8-теңіз 
жыланы. 
Сүңгуір 
пішінділер: 
9-кальмар; 
10-найза 
балық.
Ескекаяқтылар пішіндес:  11-түлен;  12-пингвин.
Н е к т о б е н т о с : 
Жалпақ  пішінділер:  13-каракатица;  14-түйетабан
(балық).  Су түбінде жүріп жэне суда жүзіп  қозғалатындар:  15-жамбас
шаян;  16-асшаян.
Бентос:  ағаш  пішінділер:  17-гидроид  колониясы;  18-мшанка.
Қап  тэрізді  пішінділер:  19-кеуек;  20-асцидия.  Су  түбіндегі  батпаққа 
батып  тіршілік  ететіндер:  21-қосжақтаулы  үлу;  22-жүрекше  теңіз 
кірпісі.
Экологиялык  ерекшелігі  түрғысынан  нейстонға  үқсас  тағы  бір 
топты  п л е й с т о н   жануарлардың тобы  қүрайды.  Олардың денесі 
жартылай  суга  батып,  жартылай  су  бетінде  ашық  ауалы  ортада 
тіршілік  етеді.  Немесе  судың 
беті  тынық  кезде  денесінің  жарты 
бөлігін  су  бетіне  шығарып  атмосфералық  ауамен  дем  алады  да,  су 
бетінде  дауыл  бастапған  кезде  төмен  түсіп  су  ішінде  тіршілік  етеді. 
Плейстонның мысалы ретінде сифонофорларды атауға болады.
Судың тығыздық күшін жэне ағысын жеңіп  белсенді  түрде жүзе 
алатын жануарлардың экологиялык тобын  н е к т о н  
(пекіоз-жүзуип) 
деп  атайды.  Нектон  тобына  балық,  дельфин,  пингвин,  кальмар, 
жыланбалық,  су  жыландары,  т.б.  суда  еркін  жүзетін  жануарлар 
жатады.  Суда  еркін  жүзу  үшін  олардың денесінің  пішіні:  сүйірленіп, 
бүлшық  еттері  жақсы  жетілген.  Нектон  тобының  кейбіреуі  иіріліп 
жиырлу  арқылы  (су  жыландары,  жылан  балық  т.б),  кейбір  өкілдері 
реактивті  қозғалыспен  (кальмар),  тағы  біреулері  -   ескек  аяқтарымен 
және  жүзбе  қанаттарының  көмегімен  суда  жүзу  арқылы  қозғалады. 
Қандай  жолмен  қозғалуына  қарамастан  олардың  бәрінің  денесі 
сүңгуір қайық тәріздес сүйір келеді (2-суреттің 7-16).
Бентос  жануарлар  судың  түбінде  мекендейді.  Олар  су  түбіндегі 
тас,  қүм,  батпаққа бекініп  немесе су түбінде  қозғалып жүріп  тіршілік 
етеді. 
Сондықтан  планктондармен  салыстырғанда  аяқтары  қатты 
затты  тірек  етіп  қозгалуға  жақсы  бейімделген.  Терең  судың  түбінде 
мекендейтін 
жануарлар 
аса 
көп 
мөлшердегі 
(100 
-  
1000 
атмосфералық) 
қысымда 
тіршілік 
ете 
алады. 
Мысалы, 
тікентерілілердің 
(Есһіпосіегтаіа)
  кейбір  өкілдері  (теңіз  жүлдызы, 
офиур)  4000-10000  метрлік  тереңдікте  табылған.  Олар  400-1000 
атмосфералық қысымда өмір сүре алады.
Зообентостардың  қүрамына  кеуектер 
(8роп%іа),
  ішекқуыстылар 
(Соеіепіегаіа),
  қүрттар 
(Үегтез),
  былқылдакденелілер 
(Моііизса),

45

шаянтәрізділер 
(Сгизіасеа),
 
мшанкалар 
(Вгуогоа),
 
иықаяқтылар 
(Вгасһіоросіа),
 
тікентерілілер 
(Есһігіосіегтаіа),
  асцидия 
(Азсісііае) 
жэне  кейбір балықтар кіреді 
(2-суреттің 17-22).
4.1.3 Су жануарларыныц тыныс алу ерекшеліктері
Суда  тыныс  алу  ауамен  салыстырғанда  айтарлықтай  күрделі 
жағдайда  жүріледі.  Ауамен  салыстырғанда  судағы  оттегінің  мөлшері 
аз:  1л  су  Юмиллитрден  артық  оттегін  сіңірмейді.  Бұл  ауадагы 
оттегінің мөлшерінен 21  есе аз. Оттегі суда негізінен екі түрлі жолмен 
пайда 
болады. 
Біріншіден, 
судағы 
өсімдіктерде 
(көбінесе 
балдырларда)  жүрілген  фотосинтездің  нәтижесінде  бөлініп  шыққан 
оттегі  суға  сіңеді.  Екіншіден,  ауадығы  оттегі  диффузиялық  жолмен 
суға  сіңеді.  Сондықтан  судың  терең  қабатымен  салыстырғанда  беткі 
қабатында  оттегінің  мөлшері  мол  болады.  Судың  жылылығы  және 
түздылыгы  өскен  сайын  ондағы  оттегінің  мөлшері  азаяды.  Мүхит, 
теңіздердің  50-1000  метрлік  терең  қабатындағы  оттегінін  мөлшері 
беткі 
қабаттарымен  салыстырғанда 
5-10есе  аз  болады.  Судың 
жануарлар 
мен 
микроағзалар 
көп 
шоғырланған 
белдемінде 
тұтынушылар 
көбеюіне 
байланысты 
оттегінің 
тапшылығына
үшыраушылық  та  кездеседі.  іеңіздер  мен  мүхиттың  түоінде  оттегі 
жоқтың қасы.
Судың  эртүрлі  қабатында  оттегінің  қанымдылыгы  бірдей  емес 
болуына  байланысты  көптеген  жануарлар  су  қабаттарындағы 
оттегінің 
азайып-молайып 
ауытқуына  төзімді 
болады. 
Бұлар 
эвриоксибионт  жануарлар  тобына  жатады.  Бұларға  түщы  судың 
түтікшеқұрты 
(
ТиЬі/ех  ІиЬі/ех)
  деп  аталатын  буылтық  құрт, 
қүрсақаяқты  үлудың 
кейбір  түрлері 
(М: 
УЫрагш  уМрагш), 
балықтардан  сазан,  оңғақ,  мөңке  қатарлы  балықтар  жатады.  Алайда 
оттегі  жеткіліксіз  суда тіршілік  ете  алмайтын  жэне  судағы  оттегінің 
мөлшерінің  азайып-көбейіп  ауытқуына  төзбейтін 
стеноксибнонт 
жануарлар  да  аз  емес.  Бұған  жәндіктерден  көктемші  (
Ріесоріега), 
біркүндік  (
Ерһетегоріега
),  балықтардан  патшабалық,  албырт,  талма, 
кірпікшелі  қүрттардан  таусұламасы  қатарлы  жануарлар  жатады. 
Сонымен  қатар  оттегі  жетіспеген  жагдайда  зат  алмасуын  шегінше 
азайтып,  тіршілік  ететін  ортасы  оттегінің  канымдалганша  белсенсіз, 
қозғалыссыз тіршіліктің түріне  (аноксибиоз) ауысу арқылы  қолайсыз 
мезгілді аман өткізетін жануарлар да кездеседі.
46

Су  жануарлары  не  денесінің  терісі  арқылы,  не  желбезек,  өкпе, 
трахей  түтікшесі  қатарлы  арнайы  тыныс  мүшелері  арқылы  тыныс 
алады.  Арнайы  тыныс  мүшесі  дамыған  жағдайдың  өзінде  су 
жануарларынын  тыныс  алуына  тері  жамылгысы  қосалқы  түрде 
кіріседі.  Мысалы;  үйіршек  деген  балық  оттегінің  63  пайызын  терісі 
арқылы 
денесіне 
сіңіріп 
тыныс 
алатыны 
тәжірибе 
арқылы 
дэлелденген.  Терісі  арқылы  тыныс  алатын  жануарлардың  денесі 
ұзын,  жалпақ  жэне  эр  түрлі  өскіндері  көп  болуы  арқылы  терісінің 
жалпы  сыртқы  ауданын  үлкейтеді.  Бүл  оттегіні  көп  сіңіріп  алуына 
жәрдемдеседі.  Кейбір  жануарлар  оттегі  жетіспеген  жағдайда  тыныс 
алатын  мүшелерінің  ауданын  үлкейтуге  мәжбүрленеді.  Ол  үшін 
керіліп  денесін  созу  (түтікше  құрт),  қармауыштарын  созып  үзарту 
(гидра)  тәрізді  әрекеттер  жасайды.  Су  түбінде  отырмалы  тіршілік 
ететін  жануарлар  жэне  қозғалысы  аз  жануарлар 
өз  төңірегіндегі 
пайдаланылған  суды  оттегі  пайдланылмаған  жаңа  сумен  ауыстыру 
үшін тербелу, айналу тәрізді қозғалыстар жасайды.
Кейбір  жануарлар  суда  да,  ауада  да  тыныс  алуға  қабілетті 
(қостынысты  балықтар,  сифонофорлар,  өкпелі  үлулар,  кейбір 
шаяндар).  Алғаш  қүрлықта  пайда  болып,  тарихи  дамуының  соңгы 
дэуірінде  суда тіршілік  етуге  ауысқан  -  екінші  реттік  су  жануарлары 
атмосфералық  ашық  ауамен  тыныс  алады.  Сондықтан  олар  тыныс 
алар  кезінде  үдайы  су  бетіне  шығуға  мәжбүрленеді  (кит,  ескекаяқты 
сүтқоректілер, су қоңыздары, масалардың дернәсілдері, т.б.).
Суда  оттегінің  жетіспеуі  кейде  су  жануарларын  жаппай 
қыргынга  үшыратады.  Оттегі  жетіспеуінен  қырылуы  көбінесе 
тогандарда,  өзендер  мен  көлдерде  кездеседі.  Қысқы  қырғын  әдетте 
судың  үстін  мұз  басып,  суга  сырттан  ауа  кірмеуінен  туындайды.  Ал 
жазғы  қырылу  судың  жылынуына  байланысты.  Жылы  ауада  оттегі 
нашар 
ериді,  сондықтан  су  оттегінің  тапшылыгына  үшырайды. 
Мысалы,  Перудің  жағасына  10-12  жылда  бір  рет  экватордың  жылы 
ағысы жақындайды. Осы кезде зоопланктондар  мен балықтар жаппай 
қыргынга  үшырайды.  Оттегінің  жетіспеуінің  сыртында  метан, 
күкіртті  сутегі,  көмірқышқыл  газы жэне басқа да улы  газдардың суда 
көбеюінінен  жануарлар  қырылады.  Бұл  газдар  көбіненесе  судың 
түбінде 
органикалық 
заттардың 
шіруінен 
жэне 
өндіріс 
қалдықтарының әсерінен көбейеді.
П
47

Жануарлардың ағзасы дұрыс дамып жетіліп,  қалыпты  мөлшерде 
қызмет  атқару  үшін  олардың  жасушалары  мен  ұлпаларының 
құрамында 
оттегі, 
сутегі, 
көміртегі 
қатарлы 
биологиялық 
макромолекула 
түзуші  негізгі 
заттектермен  қатар  азот,  фосфор, 
күкірт,  кадий,  кальций,  магний, темір,  натридің болуы  міндетті  түрде 
қажет. 
Бұл 
заттектердің  ағзаға  атқаратын 
міндеті 
1-кестеде 
көрсетілді.  Басқа  да  түрлі  заттектер  ағзада  аз  мөлшерде  болса  да 
болуы қажет.
Тұщы  озен 
мен 
көлдердің  басым 
көпшілігінің  суының 
құрамында ең аз дегенде  0,01-0,02%  еріген тұздары болады.
Тұздылығы  0,05%  -  дан  аспайтын  суды  тұщы  су,  0,05-1,6% 
аралығында  болса  — тұздылау,  1,6%  -  дан  артық  болса  тұзды  су  деп 
бөледі.  Суда еріген тұздар өзен суымен  агып  барып теңіз,  мұхиттарға 
жиналады.  Сондықтан  теңіз,  мұхиттардың  суы  тұзга  бай.  Мұхиттың 
1 л  суында  33-38г (орташа  мөлшері  35г/л)  тұз  болады,  яғни  тұздың 
концентрациясы 
3,5  пайызды  құрайды.  Су  әмбебап  еріткіш 
болгандықтан көптеген түрлі тұздарды ерітіп, сіңіреді.
Жауын-шашыны  аз,  жазы  ыстық  далалық  аймақтарда  суда 
еріген 
тұздардың 
жауын-шашын 
суымен 
сұйылып,
концентрациясының  азаюымен  салыстырғанда  судың  булануының 
нәтижесінде  тұздың  концентрациясының  молаюы  біршама  жылдам 
жүрілетіндіктен  озінен  озен,  бүлақ  агып  шықпайтын  көлдердің 
түздылығы 
мол 
болады. 
Мысалы, 
Қазақстанның 
далалық 
аймақтарында 
жиі  кездесетін  көлдердің  түздылығы  өте  жогары, 
Павлодар  облысындағы 
Маралды  көлінің  тұздылығы 
270г/л, 
Қызылдақ колінің тұздылығы 320 г/л-ге жетеді.
Құрлықтағы  түщы  су  мен  теңіз  мұхиттың  түзды  суының 
түзының  құрамында  да  айырмашылық  бар.  Мүхит,  теңіз  сулары 
натрий,  магний,  хлорид,  сульфат  иондарына  бай.  Тұщы  суларда 
кальций жэне корбонат иондары басым болады.
Сулы  ортада  тіршілік  ететін  жануарлар  үшін  өзінің  денесіндегі 
судың  молшерін  түрақты  ұстап,  денесіне  мөлшерден  тыс  артық  су 
кіруіне  кедергі  жасау  мәселесі 
туындайды.  Егер  жасушасындагы 
судың  мөлшері  қалыпты  жагдайдан  асып  кетсе  ол  жасушаның  ішкі 
осмостық  қысымын  өзгертеді  де  жасушада  жүрілетін  қызмет  бабы 
бүзылады.  Теңіз,  мұхитта  тіршілік  ететін  көптеген  жануарлардың 
денесіндегі  тұздың  концентрациясы  оны  қоршаган  сулы  ортадагы
48
4.1.4 Судың түздылығы, оныц су ж ануарлары на әсері

тұздың  концентрациясымен  бірдей  болады.  Судың  тұздылығы
өзгеруіне 
сэйкес 
олардың 
денесіндегі 
тұз 
иондарының
концентрациясы  сыртқы  ортаның 
(судың)  концентрациясымен 
теңесуге бағытталып өзгереді.
1-кесте Тірі  агзаға міндетті түрде  қажет заттектер жэне
олардың аткаратын  кызметі
Заттек
Химиялық
белгісі
Ағзада аткаратын негізгі  қызметі.
Азот
N
Ақуыз нуклеин  қышқылдарын түзуге қатысады.
1
 - -----------------
Фосфор
Р
Нуклеин  қышқылы, фосфолипидтер және сүйек 
ұлпасын түзуге қатысады.
Калий
К
Ерітінді түрде жануарлар жасушасында 
кездесетін  негізгі заттек. Жасушада жүрілетін 
зат алмасу үрдісін  реттеуге қызмет атқарады.
Күкірт
1
Көптеген түрлі  ақуыздардың құрамына кіреді.
Кальций
Са
Жасуша қабықшасының өткізгіштігін реттейді, 
сүйек үлпасының құрамына кіріп сүйектің 
беріктігін  қалыптастырады
Магний
ж
Көптеген түрлі  ферменттердің қалыпты 
мөлшерде қызмет атқаруына көмектеседі.
Темір
Ғе
Гемоглобиннің жэне эртүрлі  ферменттердің 
құрамына кіреді.
Натрий
Ыа
Жасушааралық сұйықтардың күрамында ерітінді 
түрде кездеседі. Жасушаға эртүрлі  заттардың 
кіруін жэне одан шығуын реттейді.
Мұндай  жануарлардың  тері  жамылғысының  өткізгіш  қабілеті 
жақсы  болғандықтан  денесінің  ішкі  сұйықтарындағы  (цитоплазма, 
жасушааралық  сұйықтар  т.б.)  тұздылық  оларды  қоршаған  судың 
тұздылығынан  аз  болса суда еріген  тұз  иондарын  көптеп  қабылдап, 
яки  денесіндегі  тұздылық  судың  тұздылыгынан  көп  болса  тұз 
иондарын  тері  жамылғысы  арқылы  суга  бөліп  шығару  арқылы  теңіз, 
мұхиттың  суының  тұздылығымен  денесінің  тұздылығын  теңестіреді. 
Басқаша  айтқанда,  мұхит  теңіздегі  кейбір  жануарлардың  денесінің 
ішкі  сұйықтарындағы тұздың  мөлшері  сыртқы судың тұздылығымен 
бірдей  болады.  Бұл ард ы  п о й к и   л о о с м о с т ы   жануарлар деп
49

атайды.  Пойкилоосмостық  (грекше, 
роікііоз
  -  әртүрлі,  тұрақсыз; 
05
Ш
05
 -  қысым) жануарларға денесінің су  мен  тұздылығын реттейтін 
арнайы 
механизм 
дамымаған 
су 
жануарлары 
жатады. 
Пойкилоосмостық  сипат  теңіз,  мұхиттарда  тіршілік  ететін  көптеген 
төменгі сатыдағы омыртқасыз жануарларға тэн.  Судың тапшылығына 
ұшырап.  тұздылығы артқан жағдайда олар белсенсіз  - анабиоз  күйге 
түсіп  тіршілігін  жалғастырады.  Әсіресе  теңіз  жағасындағы  көлшік, 
шалшықтарда,  теңіз  мүхиттардың  жағалық  (литораль)  белдемінде 
тіршілік ететін  талшықтылар,  инфузориялар,  шаяншалар  және  кейбір 
көптікенекті бунаққүрттар да  жиі кездеседі.
Денесіндегі 
сұйықтардың 
осмостық 
қысымын 
түрақты 
молшерде  сақтау  арқылы  судың  тұздылығы  азайып,  молайып 
өзгеріске  түскен  кезде  денесіндегі  тұздың  деңгейін  тұрақты  сақтай 
алатын  жануарлар  г о м о й о   о с м о с т ы қ  
жануарлар  тобын 
қүрайды.  Бұл  топтың  жануарларының  денесіндегі  сүйықтардың 
(мысалы,  қан  плазмасының)  концентрациясы  олар  тіршілік  ететін 
судағы  тұздардың  концентрациясынан  аз  немесе  көп 
те  болуы 
мүмкін. 
Егер 
жануарлардын 
қанындағы 
немесе 
ұлпалық 
сүйықтарындағы  тұздың  концентрациясы  олардың  тіршілік  ететін 
суындағы  түздың  концентрациясынан  эрқашан  кем  болатын  болса, 
ондай  жануарлар  г и п о о с м о с т ы  
жануарлар,  ал  егер  судағы 
түздың  концентрациясынан  артық  болса  - 
г и п е р о с м о с т ы  
жануар  деп  атайды.  Теңіз  балықтары  және  кейбір  теңіз  шаяндары 
мен  былқылдақ  денелілері 
ұлпаларындағы  сүйықтың  қысымын 
гипоосмостық  бағытта  қарқынды  түрде  реттей  алатындықтан 
олардың  денесіндегі  түздың 
концентрациясы  теңіз  суының 
концентрациясынан  2,5-4 есе аз болады.  Тұщы судың балықтарының 
үлпалық  сұйықтарында  кездесетін  тұздардың  концентрациясы  теңіз 
балықтарындағыдан 
кем 
болмайды. 
Бүдан 
әрине, 
олардың 
гиперосмостық  реттеу  жасайтынын 
аңғарамыз.  Гомойоосмостық 
жануарлардын  денесіндегі  түздың  қүрамы  мен  мөлшерін  реттеуге 
жануарлардын  тері  жамылғысы,  бүйрегі  қатарлы,  зәр  бөлетін
мүшелері қызмет атқарады.
Судың түздылығының  азайып,  көбеюіне төзімі  аз  жануарлар  с т 
е н о г а л и о н д ы қ   жануарлар  деп  аталады.  Су  жануарларының 
басым 
көпшілігі 
тұздылықтың 
ауытқуына 
төзімсіз 
келеді. 
Түздылықтың  ауытқуына төзімді  жануарлар  э в р и г а л и о н д ы қ  
жануар  деп  аталады.  Эвригалиондық  жануар  онша  коп  емес. 
Өзендердің  тұзды  көлдер  мен  теңіз,  мүхиттарға  қүятын  қүйганында
50

(эстуарии)  тіршілік  ететін  кейбір  жануарлар  және  теңіз,  мұхиттарда 
тіршілік  етіп,  өзен,  көлдердің  тұщы  суына  уылдырық  шашатын 
кейбір 
көшпенді 
балықтар 
тұздылыққа 
да, 
тұщылыққа 
да 
төзімділігімен (эвригалиндық) ерекшеленеді.
4.2 Топырақта тіршілік ететін жануарлардыц экологиялық
ерекшеліктері
4.2.1  Жануарлардыц тіршілік ететін экологиялық ортасы
тұрғыеында топырақтың сипаты
Топырақ -  жер қыртысының ауалы ортамен жалғасатын ең беткі 
өте жұка  қабаты.  Ол  физикалық жэне химиялық үрдістердің  әсерінен 
мүжіліп  үгілген  тау  жыныстарынан  және  тірі  ағзалар  (өсімдіктер, 
жануарлар, 
микроагзалар) 
қалдығының 
қоспасынан 
құралады. 
Белдемдік 
топырақтың 
қалыңдығы 
80-150 
см-ден 
аспайды. 
Тропикалық  ылғалды  жылы  белдемнің  кей  жерлерінде  ғана  әредік 
қалыңдығы 
2,5-3 
метрге 
жететін 
топырақ 
кездеседі. 
В.И. 
Вернадскийдің анықтамасы бойынша топырақ -  биокос дене, яғни  ол 
тірі жэне өлі табиғаттық денелердің біртұтастанып  қосылуынан пайда 
болады.
Топырақ  өзінің  заттық  қүрамының  күрделігімен  ерекшеленетін 
табиғи  орта.  Оның  күрделілігі  4  түрлі  физикалық  фазадан  құралып 
біртұтас  дене  түзуіне  байланысты.  Атап  айтсақ,  ол  қатты,  сұйық,  газ 
жэне  тірі  ағзалардан  құралады.  Топырақтың  құрамындагы  қатты 
заттарды  минералдық  және  өлі  органикалық  (өлген  ағзалардың 
қапдыгы)  денелер  құрайды.  Осы  қатты  фазаныц  арасындагы  қуыс, 
бос  кеңістікке ауа (газ фазасы) және су  (сүйық фаза) сіңеді.  Сонымен 
катар 
топырақта 
көптеген 
тірі 
агзалар 
(микроорганизмдер, 
қарапайымдар,  омыртқасыз  жануарлар,  бапдыр,  қына,  саңырауқұлақ 
т.б.)  тіршілік  етіп,  топырақтың  түзілуіне  зор  әсерін  тигізеді.  Бұлар 
топырақтың тірі агзалар фазасы деген төртінші  фазасын құрайды.
Біздің  планетамызда  тірі  ағзалардың  өмір  сүретін  4  түрлі 
тіршілік ортасы бар екенін білеміз:  су, ауа, топырақ және тірі ағзалар. 
Топырақта  осы  төрт  тіршілік  ортасы  бірігіп  бір  жерге  қалыптасқан. 
Қысқасы,  топырақ  —  төрт  тіршілік  ортасының  шогырлануынан 
түзілген  күрделі  орта.  Сондықтан  да  топырақта  тек  қана  топыраққа 
тән  жануарлар  тіршілік  етуімен  қатар  атмосфералық  еркін  ауамен 
тыныс  алып  жер  бетінде  гіршілік  ететін,  суда  жэне  тірі  ағзалардың
51

денесінде  тіршілік  ететін  алуан  түрлі  жануарлардын  өкілдері  де
көптеп кездеседі.
Жер бетіндегі  ауалы ортамен  салыстырғанда топыракта эр түрлі
факторлардың  өзгерісі  аз  жэне  баяу  жүріледі.  Бұл  топырақтагы 
экологиялық  жағдай  айтарлықтай  тұрақты  екенін  көрсетеді.  Атап 
айтсақ:  1) топырақта температураның  ауытқуы  аз  жүріледі.  Мысалы, 
Оңтүстік  Қырығыздың  теңіз  деңгейінен  1450  метрлік  биіктіктегі 
жаңғақты  орманында  ауаның  тәуліктік  температурасының  ауытқуы
16-17  градусқа  (күндізгі  13  сағатта  30°С,  ал  кешкі  19  сағатта  13°С) 
жетеді.  Сол  жердің  10-20см  терең  топырагындағы  температураның 
ауытқуы 2-3  градустан аспайтыны байқалған (Гиляров,  1949).
Шөлді 
аймақтарда 
топырақтың 
үстіңгі 
бетіндегі 
температураның  тэуліктік  ауытқуы  45-50  градусқа  жетеді  (күндіз 
65°С  -70°С,  түнде  20  шамасында).  Ал  топырақтың  20  сантиметрлік 
тереңдіктегі  қабатында  температураның  тэуліктік  ауытқуы  2-3 
градустан  аспайды,  80  см-лік  тереңдіктегі  топыракта  температура 
тэулік бойында өзгермей түрақты сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет