зоохория деп аталады. Қазақстанның далалық белдеуінде кең
таралған селеу, түйетікен, кәріқыз т.б. көптеген өсімдіктің түқымы
күзде пісіп жетілген кезде тікенектері арқылы малдың жэне көптеген
жануарлардың
жүніне
жабысып
алые
мекендерге
таралады.
Өсімдіктің тұқымымен қоректенетін қүстар мен
сүтқоректі
жануарлар жеген тұқымын шайнап ұсақтамай түгелімен жұтады.
Шайналып ұсақталмаған тұқым қорытылмайды, бүтін күйінде
жануарлардың нәжісімен араласып сыртқа шығады. Осындай жолмен
өсімдіктің тұқымын тарататын құстарға жеміс піскен кезде жеміспен
қоректенетін, бірақ жемістің сыртқы шырынын қорытып, ішіндегі
тұқымын қорытпай бүтіндей сыртқа шығаратын қарға, сауысқан,
таған тәрізді қорек талгамайтын құстарды атауға болады. Олар
өсімдіктің
тұқымымен
қоректенуге
бейімделмегендіктен
оны
қорытпайды. Тұқыммен қоректенуге бейімделген эртүрлі торғайлар
тұқымды толық қорытатындықтан тұқымның таралуына рөлі аз.
Жануарлардың асқорыту жүйесі арқылы өтіп сыртқа шыққан тұқым
көктеп даму қабілетін толық сақтап қана қоймай, кей жағдайда даму
қабілеті жануарларға жұтылмаган тұқымнан артық болатыны
анықталған. Мысалы, таған деп аталатын ақтұмсық қарғаның жеген
беденің түқымының үштен бірі көктеп дамуға толық қабілетті
қалпында сыртқа шығарылатыны анықталған. Сүраюдың нәжісімен
бірге сыртқа шыққан балдырғанның тұқымының көктеп шығу
қабілетін бұл өсімдіктің өзінде өсіп түрған тұқымның көктеп шығу
қабілетімен салыстыру үшін екеуін бірдей жағдайда егіп тәжірибе
жасаған. Сонда өсімдіктен жинап алған түқымның көктеп даму
қабілеті - 38%, ал сұраюдың нәжісінен теріп алынған тұқымның
көктеп даму қабілеті — 65% болып аюдың асқорыту жүйесіндегі
эртүрлі сөлдер тұқымның өсіп дамуы қаоілетін жоғарылататыны
айқындалған.
, ,
-
Жемісі
арқылы
өсімдіктер
әртүрлі
жануарларды
өзіне
қызықтырып тартуының өзінде тұқымын сол жануарлар арқылы
таратуға бағытталған бейімделушілік қасиет бар. Жеміс жейтін
жануарлар оның тұқымын қорытпайды.
Жеті түрлі
құетың
саңғыруынан теріп алынған ұрықтың өсіп-
өну қарқынын тэжірибе жүргізу арқылы зерттеп көргенде қай-
қайсысының өсіп шыгу қабілеті жаксарып жэне даму қарқыны
өсетіндегі дэлелденген.
Тиін, боршатышқан, жорға торғай және басқа да кейбір
жануарлар қыста жеу үшін өсімдіктің тұқымын ініне немесе жерге
көміп жинайды. Қыста жегеннен артылған тұқым келесі көктемде
жинаган жеріне бітік өсіп таралады.
Имек
итошағанның
тікенекті
жабысқақ
тұқымы
кейбір
қосмекенділер арқылы, көптеген
өсшдіктщ
тұқымы тасоақаларга
жабысып таралатындығы белгіленген.
32
Қүмырсқа, термиттер илеуіне эртүрлі өсімдіктің тұқымын, дәнін
тасып экеліп қоректенеді. Бірақ тұқымның құрамындағы жасұнықты
(клетчатка) ыдыратып қорытуга олардың ас қорыту жүйесіндегі
ферменттердің дэрмені
жетпейтіндіктен
илеуіне саңырауқүлақ
өсіреді. Илеуде өскен саңырауқүлақ түқымның жасүнығын ыдыратып
жұмсартады да қүмырсқа, термиттердің жегеніне жарамды болады.
Мысалы
Аііа
туыстығына жататын қүмырсқапар
Кһгііез
тәріздес
саңырауқұлақтың, термиттер
Мопіііа
саңырауқүлақтардың спорасын
илеуіне тасып әкеліп «егетіні» анықталған.
Өсімдіктің түқымын алыс аймақтарға таратуда жыл қүстарының
маңызы зор. ¥шқат, итшомырт, шәнкіш, аюбадам, бүлдірген қатарлы
өсімдіктердің жемісімен қоректенетін жыл құстары күзде қайтқан
кезде олардың тұқымын географиялық бір белдемнен екінші
белдемге, құрлықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне таратып өсімдіктің
таралу
аймағының
шеңберін
кеңейтеді.
Жоғары
сатылық
саңырауқүлақтардың спорасының сыртқы қабығы өте берік, олар ас
қорыту
ферменттерінің
әсеріне
ыдырап
ерімейтіндіктен
саңырауқұлақтың жемісті денесімен қоректенген жануарлардын ас
қорыту жүйесінен өткенде қорытылмай нэжісімен бірге сыртқа
шығады. Саңырауқұлақтың жемісті денесін таңдап жейтін тиін, қоян,
бүғы, ұсақ кеміргіштер қатарлы жануарлар саңырауқүлақтың
таралуына үлкен ықпалын тигізеді.
Өсімдіктің тозаңдануына жануарлардын маңызы орасан зор.
Жануарлар гүлдің тозаңын жеп азайтуы өсімдікке аздаған зиян
кеятірсе де, оның орасан зор пайдасы да бар.
Тозаңмен жэне гүлдің шірнесімен (нектар) қоректенетін
алуантүрлі жэндіктер бір гүлдің тозаңын екінші гүлге тасымапдап,
өсімдіктің айқас тозаңдануын жүзеге асырады. Айқас тозаңданудың
нэтижесінде өсімдіктің гетерозиготтылығы(генетикалық эртүрлілігі)
қаміамасыз етіліп, ортаның факторларының өзгерісіне бейімделу
қабілеті жақсарады. Өсімдіктердің тарихи даму кезеңінде шірнелік
без қалыптасуы өсімдікке де, жэндікке
де пайдалы, ынтымақты
тіршіліктің бір түрі деп көруге болады: қоректік сапасы жоғары,
сіңімділігі мол шірнемен қоректену жәндіктер үшін пайдалы, ал
осылай қоректену арқылы айқас тозаңдану жүзеге асырылатындығы
өсімдікке пайдасын тигізеді.
Өсімдіктің
айқас
тозаңдануын
жүргізуге
қатысатын
жәндіктердің түрі өте көп. Жәндіктер арқылы айқас тозаңдану
көрінісі энтомофилия деп аталады. Өсімдіктің жәндіктер арқылы
' 33
тозаңдануға бейімделгені соншалық өсімдіктің гүлінің құрылысына
жэндіктің аузының құрылысы дәлме-дэл сәйкес келеді.
Өсімдіктердің гүлінің қандай түсті болуы да қандай жәндікпен
тозаңдануына сэйкес болатыны дэлелденген. Гүлдің түсі мен пішініне
қарай эртүрлі жэндік өзінің шірне жинайтын гүлдерін басқа гүлден
ажыратып таниды. Сондықтан да әртүрлі өсімдік белгілі бір топтың
жәндіктерімен тозаңдануға бейімделген: жоңышқа көбінесе балара
арқылы, беде түктіара арқылы тозаңданады. Ал темекі, сүйсін
(Огсһіз)
және басқа да көптеген өсімдіктің гүлі түтікше тэріздес ұзын
болғандықтан олар тұмсығы үзын көбелектер арқылы тозаңданады.
Күрделігүлділер, раушангүлділер жэне сарғалдақ тұқымдастардың
гүлі ашық, шірнесі мен тозаңын жеуге, жинауға оңай болғандықтан
бүндай өсімдіктерді шыбындар, жарғаққанаттылар, қоңыздар тэрізді
көптеген жэндік тозаңдандыра алады.
Өсімдіктің тозаңы көбінесе жэндіктің денесіне жабысу арқылы
бір өсімдіктен екіншісіне тасымалданады. Ал, аралардың аягында
немесе құрсағында тозаң жинайтын арнаулы жабдығы болады.
Кейбір мәліметтер бойынша әлемдегі барлық гүлді өсімдіктің 81
пайызы жәндіктер арқылы тозаңданатыны айқындалган. Бүдан,
әрине, тозаңдану нэтижесінде табиғи жэне мәдени өсімдіктердің
жемісі мен тұқымының түзіліп жетілуіне жәндіктер орасан зор рөл
атқаратынын білу қиын емес.
Тек жәндіктер гана емес, кейбір қүстар мен сүтқоректі
жануарлар да өсімдіктің айқас тозаңдануына жэрдемін тигізеді.
Қүстардың жэрдемімен тозаңдану құбылысы — орнитофилия (
отііһоз
- құстар;
рһііош
— тозаңдану). Орхидея немесе сүйсіннің гүлі тек
колибри дейтін құстың тұмсығы арқылы тозаңдануға, фритиллярия
(Ғгіііііагіа ітрегаііз)
дейтін өсімдік көкшіл шымшықтың тұмсыгы
арқылы
тозаңдануға бейімделген.
Австралияда
өсетін
жабық
тұқымды
өсімдіктердің
16
пайызының
тозаңдануына
қүстар
демеушілік көрсететіні белгіленген.
Сүтқоректілер де өсімдіктің тозаңдануына тікелей немесе
жанама түрде жәрдемін тигізеді.
Әсіресе
итбас
жарганат, жалпақтабан
жарганат қатарлы
қолқанаттылар
қатарына
жататын
сүтқоректілердің
өсімдікті
тозаңдандыруға маңызы
зор.
Қолканаттылар арқылы тозаңдану
қүбылысы хироптерафилия (
Сһігоріега -
қолқанаттылар қатарының
латын аты;
рһііот -
тозаңдану) деп аталады. Қазіргі кезде
қолқанаттылардың жәрдемімен тозаңданатын 130-га жуық туысқа
34
қарасты
өсімдік
белгілі.
Қолқанатты
сүтқоректілер
арқылы
тозаңданатын өсімдіктердің гүлі ақ, хош иісті, гүлінің сабағы берік
болады.
Жануарлар
мен
өсімдіктің
өзара
байланысы
жоғарыда
аталгандармен ғана шектелмейді. Жануарлар өсімдікті отап жеуінің
салдарынан өсімдік зақымданып өнімі азаяды, эртүрлі мүшелерінің
қызметтік қабілеті, төзімділігі төмендейді, өсіп жетілу үрдісі баяулап,
ауруга төтеп беру қабілеті нашарлайды.
Тек қана ауылшаруашылығында өсіретін 400 түрлі мәдени
өсімдікті зақымдайтын 7500 түрлі зиянкес жәндік тізімделген. Бірақ
экологиялық жалпы заңдылыққа сүйенсек:
өсімдік - өндіруші
(продуцент), жануарлар - түтынушы (консумент). Табиғи жағдайда
түтынушылар өндірушінің жылдық өнімінің 10-15 пайызынан артық
тұтынбайды. Бүдан қарағанда өсімдіктің өніміне жануарлардын
тигізетін кері әсері сонша көп емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ
өсімдіктің өнім беруіне (фитомассаның түзілуіне) жануарлар эртүрлі
жолмен кері әсерін тигізіп, бөгет жасауының салдарынан өсімдік
өзінің өнім беру мүмкіндігін толық жүзеге асыра алмайды.
Жануарларға жегізбеу үшін өсімдіктерде эртүрлі қорғану
амалдары пайда болып қалыптасқан. Мысалы жануарлардын жеуіне
бөгет жасау бағытында тікен, тікенектер арқылы қорғану, қабығы
қатайып, қалыңдау, жағымсыз иіс, улы заттар бөліп шығару т.б.
Жануарларда
да
өсімдікпен
қоректену
үшін
икемделген
бейімделушілік жүріледі. Сондықтан өсімдік барлық жануарлардан
толык корғана апмайды. Бейімделудің нәтижесінде кей жануардың
жеуінен құтылса да, кейбір жануарға жегізуге мәжбүр болады.
Өйткені бейімделу — салыстырмалы ұғым. Бір жануардан қорганған
бейімділігі, басқа бір жануардан қорғаныс бола алмайды.
Өсімдік қоректі жануарлар мен өсімдіктер бір-біріне химиялық
заттар арқылы өзара ықпал ету қатынасы жиі кездеседі. Өсімдік
қоректі жануарлардын жағымсыз ықпалынан айыгу үшін кейбір
өсімдік денесіне улы заттарды жинайды немесе жиіркендіруші,
есеңгіретуші, жаман иісті заттарды шығарады.
Айталық, көктемде терек гүлденген кезде оның сырғагүлінде
кониферил,
бензоат
деген
заттар
көптеп
жиналатындықтан
сырғагүлмен қоректенетін шіл оны аз ғана мөлшерде шектеп жейді.
Теректің
қабығында
салицин,
саликортин
дейтін
заттар
болатындықтан басқа ағаштардың қабыгын жейтін көптеген жәндік
теректің қабығын жемейді. Қоян мен құндыз теректің қабығын
35
кеміріп жейтіні ежелден мәлім. Бірақ оларға салицин, саликортин
эсер етпейді. Құсықсүт
(ЕирһогЬіа)
туысына жататын өсімдікті жеген
мал дереу уланады. Ал құсықсүт көбелегі
(Оеііерһіа еирһогЪіае )
дейтін
көбелектің
жұлдызқұрты
(дернәсілі)
осы
құсықсүттің
жапырағын жеп тіршілік етеді. Зерттеп көргенде бұл көбелектің
жұлдызқұртында улы затты сіңіріп алып, сыртқа бөліп шығаратын
бездер болатыны анықталған. Теңізде өсетін Сһіогоёезшіз Ғазсі^іаіа
дейтін балдырдың хлородесмин деген улы заты болатындықтан оны
ешбір балық жемейді, ал теңіздің таңқы шаяны осы балдырмен
қоректенеді екен.
Бұл мысалдар арқылы біз бір топтың жануарларынан қорғану
үшін өсімдіктерде пайда болған қасиеттер мен құбылыстар екінші бір
жануарлардан қорғай алмайтынын көреміз. Бірақ морфологиялық,
физиологиялық және химиялық жолмен өзін қорғау бағытындағы бұл
бейімделулер ол өсімдіктің популяциясындағы дарақтар күрт азайып
кетпей биоценоздағы сандық қатынас деңгейін тұрақты сақтауға
мүмкіндік береді.
Далалы
аймақтарда
тұяқты
жануарлар
мен
көпжылдық
астықтұқымдас өсімдіктер өзара тығыз байланыста өсіп өнеді. Егер
тұяқты жануарлар жыл сайын отап белгілі бір мөлшерде азайтып
қысым көрсетпесе шымтүбірлі астықтұқымдас өсімдіктер бітік өсіп,
олардың шымтүбірлері бірігеді де басқа өсімдіктерді ығыстыра
бастайды. Ылғалы аз қуаң далада өсімдіктің қалдығы баяу
шіритіндіктен топырақтың бетінде ескі қу шөптің тығыз да қалың
қабаты түзіліп жас өркеннің өсуіне жол бермейді. Сондықтан далалы
аймақтарда ұзақ уақыт бойында мал немесе тұяқты жануарлардың
жайылмауының себебі шымтүбірлі астықтұқымдас
өсімдіктердің
жойылып оның орнын арамшөптер басуына әкеліп соқтырады.
Тұяқты жануарлар (мал және тұяқты аңдар) шымтүбірлі
астықтұқымдас
өсімдіктерді отап сиретуімен қатар қыста түспе
шөппен қоректеніп, жердің бетін жаппай қу шөп басудан сақтайды,
өсімдіктің ұрығын жерге таптап көмеді және олардың қиы топырақты
тыңайтады. Бүдан далалы аймақтарда өсімдікті жануарлар отап,
белгілі мөлшерде тұрақты сиретіп эсер етуі өсімдік жамылғысына
зиянды емес, керісінше қажетті және пайдалы екенін көреміз.
Бірақ мал немесе басқа жануарларға мөлшерден тыс оталып
және тапталған
дала өзінің тұрақтылығын
сақтай
алмайды.
Жануарлардың тұяғына тапталған топырақтың су сіңіруі, жылу
өткізуі нашарлайды жэне тұздылығы молаяды. Далалы аймақтың
36
өсімдік жамылғысының негізін қалап, басым бөлігін құрайтын
шымтүбірлі астықтұкымдас өсімдіктердің шымтүбірі жануарлардың
тұяғына тапталып, жарақаттануы салдарынан олар азайып, не
біржола жойылып оның орнына жусандар мен сораңдар көбейеді. Бұл
эрине даланың шөлденуіне үлкен эсер етеді. Монғолияның шөлейт
далалы аймақтарында соңғы жылдарда көбейе бастаған құландар
шөптесін жэне шалабұта өсімдіктерді
тұяғымен теуіп қопарып
жейтіндіктен топырақты босатып қүмның көшуіне демеу беретіні
байқалды.
Інде тіршілік ететін кеміргіштер топырақты қазып ін жасауы
арқылы
өсімдіктің тіршілігіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Кеміргіштер інінен қазып шығарған күпсек топырақты несебімен,
қиымен «тыңайтады». Мұндай бос топыраққа
алдымен көбінесе
сирек топырақты сүйетін біржылдық арамшөптер өсіп, келесі
жылдардан көпжылдық өсімдіктер қосылып өсе бастайды. Суыр,
сарышүнақ тәрізді кеміргіштердің інінен шығарған үйінді бос
топырақта өскен өсімдік жабындысын оның төңірегіндегі табиғи
өсімдік жабындысымен салыстырғанда іннің бос топырагында өскен
өсімдіктің алуан түрлілігі мол, өнімі көп, өсімі бітік болады. Бірақ ін
топырағындағы өсімдіктің қүрамы да, өнімі де тез өзгереді. Солай
болуы, әрине , заңды да. Өйткені бүл -ж аңа биоценоз. Жаңадан
қалыптаса бастаған жас биоценоз климакс сатысына жеткенге дейін
сукцессиялық ауысу жүрілетіндіктен түрақсыз жэне дамып келе
жатқан жүйе болғандықтан өнімі үдемді болуы -экологиялық
заңдылық. Қүмырсқаның, термиттің илеуіндегі өсімдік жамылгысы
да оны қоршаған ортадағы өсімдік жамылғысынан төтенше
айырмашылықта болады.
Жәндіктер әлемінің өсімдікке тигізетін әсері алуан түрлі.
Орманның кейбір зиянкестері күрт көбейген кезде мыңдаған гектар
орманның жапырағын түгелдей жеп, орманның қуарып жойылуына
себепкер
болады.
Колорада
қоңызының
картофельге,
Азия
шегірткесінің дәнді дақылдарға, пияз жұмырқұртының пиязга
шектіретін зияны ұшан теңіз.
Көптеген жұмырқүрттар, жауын құрты, сапрофаг қоректі басқа
да көптеген жәндіктер есімдіктің қуарып түскен қалдығын жеп,
қалдықты
ұсақтап
бөлуі
арқылы
тез
ыдырап,
топырақта
қарашіріндінің түзілуіне көмегін тигізеді. Осылайша өсімдіктің
қалдыгы
жанама жолмен өсімдіктің өсуіне қолайлы жагдай
туғызады.
ч ' .
37
Жануарлардын несебі мен қиында нитраттар мол болатыны
ежелден белгілі. Мал қораның жэне жануарлардын тұрақты түнейтін
орнының төңірегіндегі топырақ
нитратпен байып, нитратсүйгіш
өсімдіктердің бітік өсуіне мүмкіндік туады. Әсіресе алабүта
(Сһепоросііит
), қызылша
(Веіа
) , асжапырақ
(Зріпасіа),
қыша
(Зіпарт),
таран
(РоІу§опит
),қалақай
(ІІгііса),
қурай
(Кһеит)
туысына жататын
өсімдіктер нитратты көп талап ететіндіктен малдың жэне жабайы
жануарлардын жатын орнының төңірегінде көптеп өседі.
38
4. НЕГІЗГІ ТІРШІЛІК ОРТАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРДЫҢ
ТІРШІЛІК ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
Біздің жер шарымызда тіршілік тараған негізгі төрт орта бар. Ең
бірінші орта - су, тіршілік ең алғаш рет суда пайда болып дамыган.
Бұдан соң тірі организмдер жер бетіндегі ауалы ортада жэне
топырақта тіршілік етуге бейімделді. Тіршілік тараған төртінші
еркше орта ретінде тірі ағзалардың өзін атауға болады: Әрбір тірі
ағзаның денесінің ішкі және сыртқы мүшелерінде көптеген паразит
жэне симбиоз өсімдіктер мен жануарлар мекендеп өмір сүреді.
Сондықтан тірі ағзалар да басқа бір тірі ағзалардың тіршілік ететін
ортасына айналады.
Аталган тіршілік орталарының (су, жер беті, топырақ және тірі
ағзалар) әрбіреуі езіне тэн экологиялық сипаттарымен ерекшеленеді.
4.1 Су жануарларыныц экологиялық сипаты
4.1.1 Тіршілік ортасы ретінде судыц экологиялық ерекшелігі
Су тірі ағзалардың қүрамында ең мол кездесетін, ең қарапайым
химиялык зат. Жасуша цитоплазмасының 70%, медуза салмағының
95%, ұлудың 92%, бактериялардың 76-86%, адамның салмағының
70%-ын су иеленеді.
Су - тіршілікті демейтін, тіршілік үшін бірден бір қолайлы
жагдайларды өзіне қалыптастырған орта. Судың тіршілік үшін
колайлы болуының себебі, біріншіден судың физикалық қасиеттеріне
байланысты. Жер шарындағы заттардың
ішінде табиғи жагдайда
сүйық (су), қатты (мүз) жэне газ (бу) деген үш түрге айнала
алатындығы судың негізгі қасиетінің бірі. Судың физикалық
қасиеттерінен атайтын болсақ оның молекуласының ассиметриялық
кұрылымда болуының биологиялық, экологиялық үлкен мэні бар.
Молекуласы симметриялы емес болгандықтан оның оң және теріс
зарядтарының ауырлық орталыгы ешбір сәйкесіп қабаттаспайды.
Сондықтан да судың молекуласы түрақты электромагниттік қасиет
сақтайды. Электромагниттік қасиеті түрақты сақталатындықтан су
басқа көптеген заттарды ерітіп (ыдыратып), ағзаға қажетті көптеген
реакциялардың жүрілуіне мүмкіндік туғызады. Судың әмбебап
еріткіш бола алатынының негізі де осында.
Су тірі ағзаның денесінде бос және байланысқан су деген екі
түрде кездеседі. Агзадағы судЫң басым бөлігі (шамамен 95%) басқа
39
затгармен қосылыс түзбей, бос түрде кездеседі. Бос су ағзада үздіксіз
жүрілетін әртүрлі реакциялардың ортасы ретшде жэне химиялық
заттармен эрекеттесіп оларды еріткіш ретінде маңызды рөл атқарады.
Реакциялардың нәтижесінде ағзада пайда болған керексіз затгарды
сыртқа бөліп шығаруға да бос су жұмсалады. Сутегшщ осал
байланысы арқылы ақуызбен қосылыс түзілген судың молекулалары
байланысқан суды құрайды. Тірі ағзаның денесіндегі судың
- о
байланыскан су иеленеді. Байланыстагы су цитоплазманы кұрайтын
коллойд
сұйықтагы ақуыздың сыртын қоршаған су қабыршагын
(яғни сольват қабыршағын) түзеді. Бұл қабыршақ ақуыздың
молекулаларын бір-бірінен ажыратып тұратындықтан ақуыздың
ұйысуынан сактайды. Сольват
қабыршақгы
түзетін байланысқан су
тұздарды ерітуге кіріспейді жэне өте төмен температурада (-40 С
шамасында) қатады. Осыншама томен температурада қататындыктан
жасуша цитоплазмасындагы ақуыздардың суыктық әсерінен ірімеуіне
(коагуляция) пайдасын
тигізеді.
Судың
жылу
сыйымдылығы
мол
-ауаның
жылу
сыйымдылығынан 4есе артық.Судың жылу өткізгіштігі де жоғары,
басқа сұйықтардан едәуір артық жэне жылдам өткізед». Судың булану
температурасы да жогары (100°С).
Бұл
аталган физикалық қасиеттер.
суда тіршілік ететін жануарларга жағымды эсерін типзеді. Атап
айтсак
суда температураның
өзгерісі
баяу
жүріледі:
судьщ
температурасы кенет ысып немесе кенет суып кетпейді. Қандаи оір
фактордын кенет өзгерісіне жануарлар (және барлық тірі агзалар)
төзе алмайтындықтан суда жүрілетін температураның баяу өзгерісі
жанды агзаларға жагымды әсерін тигізеді. Судың жылу өткізгіш
қабілеті жогары болгандыктан оның терең қабатына денін күн
сәулесінің жылуы
тарай алады. Булану температурасы жогары
болгандыктан
ағзаның
бойындагы ылгал ыстық күндерде тез буланып
кетпей, тірі
ағза
ылгалын тұрақты сақтауына ыкпалын тигізеді жэне
сүткоректі жануарлар терлеу аркылы денесін салқындатуга мүмкіндік
туғызады.
Су үздіксіз қозгалыста болатындықтан суда еріген минералдық
заттар жэне жылу біркелкі тарайды.
Тұнық
судын 30 метрлік терең
қабатына дейін күн сэулесі және күндізгі жылу толық жете алады.
Судың
тірі
агзаларга, экологиялык жайлы орта болуына оның
жары к өткізгіш қасиетінің де маңызы зор. Атап айтсақ судың 150-200
метрлік терең кабатына дейін күн сэулесінің
фотосинтездеуге
қабілетті жарыгы өте алады.
Бұл
қабат ф о т о с ф е р а белдемі, ягни
судың жарық белдемі деп аталады. Ал шамамен 200 метрлік
тереңдіктен бастап жарықтың мөлшері біртіндеп азайып 2000 метрлік
тереңдікке күн сэулесінің 1% ғана жетеді. Бұл белдемді д и с ф о т о
с ф е р а яғни судың күңгірт белдемі деп атайды. Судың 2000
метрден терең төменгі қабатына
күн сэулесі өтпейді. Мүлдем
қараңғылыққа бөленген бүл белдемді а ф о т о с ф е р а яғни қараңғы
белдем деп атайды. Бүдан біз судың жарық өткізу қабілеті де жоғары
екенін көреміз. Сондықтан судың 150-200 метрлік терең белдеміне
дейін фотосинтез толық жүре апады. Ал 2000 метрлік тереңдікке
дейінгі белдемде судың терең қабатына дейін өте алатын көк жэне
күлгін сәулелер арқылы фотосинтез жүргізе алатын кейбір балдырлар
тіршілік етеді.
Судың тығыздығы мен тұтқырлығы өте жоғары. Судың
меншікті салмағы 1,0 г/см3 , тығыздығы ауаның тығыздығынан 800-
1000 есе артық. Осыншама тығыз болғандықтан су жануарлардын
қозғалысына кедергілік көрсетеді. Яғни жануарлар суда жүзу үшін
судың тығыздық күшін жеңуге мәжбүр болады. Жэне судағы
гидродинамикалык кедергіге аз үшырау үшін денесінің сырты ұдайы
сілемейленіп түрады. Сондықтан жылпылдақ болады жэне де су
жануарларының басым бөлігінің денесі сүйір келеді.
Судың тығыздығы мол болғандықтан судағы жануарлар
мекендеп тұрақтау үшін тірек болатын төсеніш субстратты
қажетсінбейді.
Ал
жер
бетіндегі
барлық
жануарлар
үшін
түрақтанатын төсеніш (субстрат) міндетті түрде қажет. Өйткені
ауаның тығыздығы аз болғандықтан ауада тұрақтап түра алмайды:
ауада үшып тіршілік
ететін жануарлардын барлығының көбейіп
жетілетін, тұрақты мекендейтін орны (субстраты) жерде немесе суда
болатын себебі осыған байланысты.
Тереңдеген сайын судағы қысым көбейеді, жарық және оттегі
азаяды. Терең суда мекен ететін жануарлар осының бэріне
Достарыңызбен бөлісу: |