ТҮЙІН
Мақалада мектептегі психологиялық үлгі қызметінің құру ерекшелігі, сонымен қатар
психология - педагогикалық қолдаудың негізгі жайлары қарастырылады.
RESUME
The particularities of the building to models of school psychological activity, as well as main
positions of psychological-pedagogical accompaniment were considered in the article.
182
Ә.Х. Көкебаева
Этнопсихология
ғылымындағы
көкейкесті
мәселелер
Бүгінгі күні ғылыми білім жүйесінде ұлттық
психология мәселелерін зерттеу аса маңызды
проблемалардың бірі болып табылады. Біріншіден,
әлемдегі көптеген мемлекет әртүрлі ұлттардан,
ұлыстардан тұрады. Екіншіден, ұлт болмысының
мәні, ұлттың қатынастардың астары ұлттық
келешегі сияқты мәселелер бағзы заманнан бері
адамзатты ойландырып келеді. Үшіншіден, жер
бетінде ұлт мәселелерінің қордалануы, тарихи-
әлеуметтік, саяси факторлардың шиеленісуі, ұлт
пен ұлыстардың арасындағы қақтығысу мен
дүдараздықтың көбеюі, жекелеген ұлттардың
тарихтағы өз орнын табуға ұмтылуы ұлттық
сананың өсуі аталған проблемаларды шешу сияқты
әрекеттер, жалпы ұлт болмысына жаңа қырынан
қарауға мүмкіндік туғызды. Демек, ұлттық
психология теориясын терең зерттеп, оның
ұсыныстарын күнделікті өмірде қолдану уақыт пен
заман талабынан туындаса керек.
Адам дамуының негізгі ерекшеліктері ХХ
ғасырдың екінші жартысындағы «этникалық
ренессанс»
процесін
әлеуметтік
ғылымның
отандық және шетелдік өкілдері зерттеді. Одақ
кезінде ұлттар мен халықтың жақындасу процесі
болып, социалистік санадағы жаңа тарихи қоғам -
тұтас кеңес халқы қалыптасты. Бірақ мұның
көлеңкелі жақтары болмай қалған жоқ.
Соңғы
жылдары
халықаралық
қарым-
қатынастарда ұлттық факторлардың маңызы
артты. Бұл процесс қазіргі заманғы, яғни
оқымыстылардың атауы бойынша, ұлттық сананың
артуы «этникалық парадокс».
Әлеуметтік
мәселелердің
этникалық
аспектілеріне кешенді әрі терең талдау жасау –
ұлтаралық шиеленістерді ұтымды шешуге, осыған
байланысты туындайтын мәселелердің нақты
себептерін анықтауға және әртүрлі ұлт-ұлыс
өкілдерінің мүмкіндіктер мен құқық теңдігін
қамтамасыз етуге жаңа серпін береді.
Егер ұлттық табиғаты күрделі әрі нәзік
құбылыс екенін ескерсек, этнопсихологияны
зерттеу-этника аралық байланыстарда тұрақты әрі
орнықты ахуал құру және ғылымға негізделген
ұстамдылығы
мемлекеттік
саясат
түзуге
көмектесетіні
даусыз.
Ұлтаралық
және
мемлекетаралық қарым-қатынастардың кешенді
даму жағдайында бір мақсатқа бағытталған
этникалық сана-сезім қалыптастыру өте маңызды
іс. Оған қоса тарих сахнасына ұлттардың шығуы,
олардың жеке тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылуы
және ұлт өкілдерінің қоғамдағы қозғаушы күшке
183
айналуы этнопсихология ғылымына үлкен жүк әрі жауапкершілік артып отыр.
Әр халықтың өз мәдениетін, тілін қайта жандандыруға ұмтылуы– заңды, сонымен
қатар құптарлық құбылыс. Қазақстанның тәуелсіздігі елімізге жаңа саяси болмыс,
геосаяси мән берсе, мұнда тұрып жатқан халықтарға үлкен күш-жігер, саналық және
сапалық өзгерістер әкелді.
Тіпті қазақ ұлтының халықаралық деңгейде танылуы халқымыздың өзін басқаша
бағалауға, халықаралық қатынастың субъектісі ретінде қарауға мүмкіндік туғызса,
этнопсихология ғылымын қоғамдық ғылымдардың алдыңғы қатарына шығарып қана
қойған жоқ, оған жаңа сипат, мазмұн берді.
Тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық мәселелерді шешуге ұмтылу басқаларға үлгі
болғандай. Сөзіміз дәлелді болу үшін бұл бағытта атқарылған шараларға тоқтала кетсек
артық болмас.
Біріккен Ұлттар Ұйымына 2010 жыл халықаралық мәдениетті жақындастыру жылы
болсын деп ұсыныс жасаған - біздің еліміз. Себебі мемлекеттің саясаты «сан қырынан
танылған бірлік» принципіне бағытталған. Қазіргі кезде әлемде 5 мың ұлт, 200-ден астам
мемлекет болса, Қазақстанда 140 этностың өкілдері өмір сүруде. Республикада 40-тан
астам конфессияға жататын 3000 мекемелер тіркелген. Бұл жағдайда діни факторды
саясаттандыруға болмайды. Ендеше қазақстандықтардың рухани келісімге келу үшін
конфессия аралық диалогті жалғастыру қажет.
Әрбір елдің өз тарихи тағдыры бар. Қазақстанның мемлекет ретінде Конституциясы
қабылданып, мемлекеттік нысандары бекітіліп, орнықты. Президентіміздің 1997 жылдың
күзінде ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасын талдау қазақстандық қоғам дамуының
мақсаттары аталмыш ойларға әкеліп тірелетіндігін көрсетті.
Ұлт ретінде құрылу шарттарының бірі мемлекеттік тілдің дамуы болып табылады.
Қазіргі кезде қазақ тілінің дамуында үлкен үрдіс жоқ. Сол себепті бірінші кезектегі
мәселесі қазақ тілінің сақталуы мен мәдениетінің қазақтардың өздеріне тікелей қатысты.
Еліміздің көп ұлтты болуына қарамастан, ұлтаралық келісімнің орнығуы, ұлттар
арасында этникалық қарым-қатынастардың дамуы әрі тереңдеуі этникалық психологияны
зерттеушілердің назарынан тыс қалған жоқ.
Әр құбылыстың нақты бағасы − тек салыстыру барысында шығатынын тарих талай
дәлелдеген. Қазақстанның егемендік алуы, жаһандану процесі мемлекеттің қайта түлеуі,
салт-дәстүрлердің жаңа мазмұнға ие болуы және халықтың өткен жолына, тарихына
жаңаша қарау − заман талабынан туындап отыр десек, қателеспейміз.
Қазіргі кезде этникалық қатынастардың заңдылықтарын зерттеу осы мәселеге
байланысты адам болмысын қоғам өмірін алға шығару қажеттілігінен туындаса керек.
Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы басқаша түсіндірсек, әлеуметтік-саяси орта
қоғамның мүшесіне әсер етпей қоймайды. Ал өз кезегінде тұлғаның психологиялық
ерекшеліктері қоғамның дамуына ықпалы болады. Жеке тұлғаның қалыптасуы мәдени-
психологиялық құбылыстармен ғана емес, сонымен бірге оның этникалық құбылыстарға
әсері – қоғамдағы әлеуметтендіруді тереңдете түсуде. Бұл заңдылықтардың жете
бағаланбауы ұлтаралық қатынастардың ырғақты дамуына кері әсер етуі мүмкін.
Сондықтан этнопсихология мәселелерін терең әрі жүйелі зерттеу бүгінгі күннің
талабынан туындайды.
Ұлт мәселесі адамзат тарихында дәл бүгін пайда болған жоқ. Проблеманың
қиындығы мен күрделілігі оның көпқырлы, кешенділігінен байқалады. Айталық,
ұлтаралық жанжалдар тарихтың қозғаушы күші, ұлттар өмір сүріп тұрған кезде олардың
арасында ұлттық егестер сақталады деген пайымдаулардың тарихи жазбалардан орын
алуы жоғарыда айтылған пікірдің дәлелдері іспетті. Бүгінгі таңда ұлтаралық қарым-
қатынастардың сан алуандылығы көптеген ғылым салалары өкілдерінің назарын өзіне
аударды. Ұлттық сана, үрдіс өзгеріп, әрі өсіп отырған қазіргі заманда этникалық
процестерді әр қырынан зерттеу күн тәртібінде өткір қойылып отыр. Демек, бұл ізденістер
184
нәтижелі әрі тиімді болу үшін ұлттық менталитет тағдырын жалпы адамзаттық даму
заңдылықтарымен салыстыра байланыстыру керек.
Ұлттық феноменге қызығушылықты сан қырлы себеп − салдарлармен түсіндіруге
болады. Алдымен бұл бағытта терең ғылыми зерттеулердің жүргізілмеуі − қазіргі бұл
ғылым саласындағы мамандарға үлкен жүк артып отыр.
Көне тарих көрсетіп отырғандай, этникалық проблемалар әдетте көпұлтты
мемлекеттерде туындайды. Ал Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін ескерсек, бұл
мәселелерді айналып өту мүмкін емес. Сонымен бүгінгі күннің шындығы мынаған саяды.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастарға араласуы,
дербес саясат жүргізе бастауы нәтижесінде ұлттық психологиялық өзгешелікті салмақтап,
саралауға бетбұрыс байқалады. Шын мәнінде, ұлттық психологияның дамуы тек егеменді
елде ғана мәуесін беріп, кең қанат жайып, өріс алады. Онсыз еліміздің негізін қалаушы
ұлт өзінің сол халыққа тән сипаттарын жоғалтады. Мемлекет те дербес бола алмайды.
Қозғалып отырған мәселенің басқаша шешілуі мүмкін емес.
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз және өркениетті ел болуымен өзіміздің
тарихи құндылығымыз ретінде ұлттық психология ерекшелігіне көңіл бөлінуде. Қазір
этникалық жаңару процесі қазақ халқының адамгершілікті дамытудың бір жолы ретінде
қарастырылуда.
Бұл орайда қазақ халқының пайда болуының этникалық үрдістері көне заманнан
бастау алады. Халықта «Балқан тау ол да біздің барған тау» деуі осыған саяды. Әрине,
халық ретінде қазақ тарих сахнасында бүгін пайда болған жоқ. Бағзы заманнан бастау
алған сананың дамуы елімізде тәуелсіздікке жеткеннен кейін де жалғаса түсүде. Бұдан
ұлттық сана-сезімнің «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс екеніне, оның үздіксіз өзгеріске
ұшырап отыратына көз жеткізу емес. Ол әсіресе полиэтникалық мемлекеттерде күн
тәртібінен түспей тұр.
Қандай да болмасын, құбылыс белгілі бір сұранысқа ие болғанда ғылым тұрғысынан
зерделеу мен талдау мұқтаждығы туындайды. Дәл осындай рухани құбылыстардың бірі −
қазіргі қазақ этнопсихологиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Халықтың тарихи жолына терең үңіліп, келешегіне көз жүгірту үшін алдымен алған
асуларымызды, кемшін тұстарымызды жан−жақты саралап, бүгінгі күн талабына сай
болашағымызды мақсат − мұрат етіп қоюымыз керек. Басқаша айтқанда, дәл бүгін
халықтың болмысын, оның психологиялық, дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсетуде
бұл процестің рухани өсуге әсеріне және ұлттық даму тарихына талдау жасап көрсету
қажеттілігі туындайды. Олай болса, қазақ ұлты психологиясының даму, өсу−өзгеру
жолдарын, өмір тарихын зерттеу арқылы, мәдени−әлеуметтік құндылықтарын басқа
халықтармен салыстыра отырып және ғылыми тұрғыдан зерделей отырып қана білеміз.
Әр ғылымның өзіндік даму жолы бар. Оның кейбірі зиялы қауым тарапынан бірден
танылып жатса, басқасы ұзақ сонар қалыптасу кезеңін басынан кешіреді. Этникалық
психология ғылым көкжиегінде әзір өмірге келген сала болғандықтан ол туралы әртүрлі
пікір-тұжырымдардың айтылуы заңды құбылыс. Басқаша айтқанда, этнопсихологияның
мәндік сипаты әлі анықталған жоқ.
Оған деген мамандар тарапынан қызығушылық пен мүдделілікті осындай
себептермен түсіндіру қажет. Соңғы кездегі этнопсихологиялық ақпаратқа сұраныстың
көбеюі басқа да объективті және субъективті жағдайлармен тығыз байланысты. Кеңес
үкіметі дәуірлеп тұрған заманда этнос мәселесі жүйелі зерделенбеді. Ұзақ жылдар бойы
елімізде ұлттар арасындағы айырмашылықтар, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы
мәселелер баспасөз бетінде қарастырылады. Ол кезде ұлт проблемаларын терең әрі
кешенді зерттеуге мүмкіндік те болмады. Әдетте, мұндай бағыттағы ізденістерге саяси
астар беріліп, мәселе халықтар достығы шеңберінде ғана талқыланатын. Ұлттар
арасындағы туындайтын қарама−қайшылықтар, келіспеушіліктер туралы сөз қозғау
қауіпсіз емес еді.
185
Қазір этнопсихологияға үлкен қызығушылық болғанымен, оның мазмұны мен
мағынасы толық ашыла қоймаған. Осы орайда қазақ этнопсихологиясының теориялық
мәселелеріне терең үңілу, бір жағынан, уақыт талабы болса, екінші жағынан, елімізде
этнопсихологияның жедел дамуына даңғыл жол ашатыны сөзсіз. Енді қазақ
этнопсихологиясының зерделеніп, сараптау дәрежесіне келсек, өкінішке орай, бұл бағытта
түйіні шешілмеген келелі сұрақтар аз емес. Сөйте тұра, елімізде этнопсихология саласы
бойынша зерттеулер жүйелі жүргізілген жоқ. Әйтсе де, жаңа ғылым саласында ешқандай
жұмыс атқарылмады деуге тағы болмайды. Қазақ пәлсафашылары, тарихшылары,
психологтері бұл бағытта біраз жұмыстар атқарды.
Ұлттың ұлт болып есептелуі үшін белгілі деңгей қажеттілігі дау тұдырмайды.
Ұлттың мынадай нышандары белгілі болуы керек. Алдымен ол ұлттық бірге өмір сүретін
аймағы, тілі, мемлекеті, ұлттық және мәдени ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттері және
экономикалық байланыстары болуы ләзім. Десек те, қоғамның қалыптасуы кездейсоқ
немесе бір мезетте жүзеге асырылатын құбылыс емес.
Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу факторлары мен механизмдеріне психогенездік
талдау жасау осы үрдістегі кезек күттірмейтін шаралардың бірі. Егер біз бұл бағытта
жүйелі ғылыми негізде зерттеулер жүргізсек, қазақтың қоғамдық санасының қалыптасу,
даму, өсу жүйесінің генезисін ашуға мүмкіндік беретінін байқау қиын емес. Сонымен
бірге бұл зерттеулерде қажеттіліктер мен түрткілерін, коммуникативті жүріс-тұрыстың
әрекет, этнопсихологиялық әлеуметтік, тарихи мәселелерді егжей-тегжейлі, әрі түбегейлі
қарастырылуы керек.
ТМД республикаларының тәуелсіздік алуы, оның нәтижесінде ұлты мен ұлыстардың
сана-сезімінің оянуы, полиэтникалық мемлекеттерде әртүрлі халықтардың арасында
қарама-қайшылық пен дүдараздықтың сызат беруі, көші-қон мәселесінің жедел іске
асырылу қажеттілігі туындауы – аталмыш проблемалардың қордаланып қалғанын
көрсетті. Бұл жағдаяттар тәуелсіздік алған жаңа құрылымдағы мемлекеттерді ұлт және
оған байланысты мәселелерді жедел әрі тиянақты шешуге итермеледі. Мұның бәрі
айналып келгенде этнопсихология ғылымының дамуына жол ашты.
Этнопсихологияның жеке аспектерілерін зерттеуде қозғалыс бар. Айта кетерлік
жайт, Қазақстанның тарихи тағдырында кездескен сан қилы өзгерістер мен қиындықтар
қазақтың халықтық қалпын өзгерте алмады. Тіпті, республикада орын тепкен жаңа
экономикалық саясат нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы – қазақ халқына тән
емес қылықтарға кеңінен жол ашқанымен ұлт өзінің бет-бейнесін жоғалтқан жоқ. Бұл
біздің ұлт үшін үлкен мерей. Сол себепті осы үрдісте халықтың сана-сезімінің өсуі,
ұлтымыздың жаңа сипатта, атап айтқанда, халықаралық сахнада толысқан этнос ретінде
көрінуі оны адамзат тарихынан өзінің лайықты орнын алуға жетелейді.
Өткенімізді саралап, келешегімізді зерделей отырып, төмендегі пікірді айтқанды
орынды көрдік. Уақыт өте келе этнопсихология білімі қоғамдық құрылымның
идеологиялық тірегіне айналуы керек. Неге десеңіз, оның ұлттық болмысты
қалыптастыруға үлкен көмегі тиеді әрі тәрбиелік мәні бар. Ендеше «ұлт зерттеу ғылымы»,
«ұлттану» мәселесі білім беру, адам тәрбиелеу ісінің бірден-бір құралы болуға тиіс.
Келешекте бұл ғылымның ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде жетекші орын
алатынына ешқандай күмән жоқ. Этнопсихология, оқу, тәрбие деген түсініктер үлкен де,
кешенді жүйенің құрамдас бөлігіндей бір-бірімен жымдасып жатыр. Демек, бұлардың
арақатынасын одан әрі күшейтудің оң нәтижесінде үлкен белестерге шығудың ең оңтайлы
жолы – ол еліміздің ұлттық оқу жүйесінің бағытын өзгерте отырып, қоғамның белсенді әрі
саналы азаматын тәрбиелеу.
Этнопсихология ғылымындағы орын алып отырған көкейкесті мәселелерді
қарастыра отырып, осы саланың әлі толық зерттелмеген қырларын бүгінгі күн тұрғысынан
бағамдау керек. Еліміздің мемлекет ретінде қалыптасуы этникалық құбылыстармен тығыз
байланысты. Бұдан туатын қорытынды – заман талабына сай этнопсихологияның білім
186
жүйесіндегі орны үздіксіз өсу үстінде. Сонымен бұл бағыттағы атқарылатын шаруалар
былай жіктелуі керек:
1. Этнопсихологияның табиғаты мен мән-мағынасы негізінде пәннің ғылым
жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктеріне көпшіліктің назарын аудару.
2. Ғылымда қалыптасқан теориялық және эмпириялық тұжырымдар негізінде
этнопсихологияның пайда болуы әрі даму жолдарын тарихи тұрғыдан зерделеу.
3. Этнопсихологияның құрылымдық мазмұнын қарастыра отырып, оның басқа
ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау.
4. Теориялық материалды талдау және жүйелеу арқылы қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін ашып көрсету.
5. Зерттеліп отырған мәселелерді негізгі мақсат етумен шектелмей, сонымен бірге
оқу мен тәрбие жұмыстарын халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне сай жүргізу туралы
арнайы бағдарлама қабылдау жөніндегі шараларды іске асыру .
Осы орайда, тағы мына жайтқа назар аударуға тиіспіз. Біз ұлттық сана түйсігі
феноменін сипаттауда төмендегі келтірілген ұғымдарды ескеретінімізді айта кетейік. Бұл
мәселелердегі қандай да бір түсінік көрсеткіші болмасын, (ұлт, әлеуметтік топ, ұжым,
тұлға) оның астарында ұлттық мүдде жатыр. Этника аралық қатынастардың көбі ұлттық
мүддені қорғауға бағытталған бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Оның сыртында
бұл қатынастар этникалық саяси мақсат мұраттармен ұштасып жатыр. Сонымен жоғарыда
сөз еткен проблемалар зерттеушілердің алдына мынандай мәселелерді кесе-көлденең
қойып отыр:
1. Қоғамның дамудың жаңа сатысына көтерілуіне байланысты ұлттық
психологияның теориялық көкейтесті мәселелеріне бүгінгі күн талабына сай жаңаша
терең қарау үңілу керек.
2. Этнопсихологияны әрі қарай дамытып үлкен биіктерге көтеру үшін толысқан әрі
тәжірибесі мол шетел ғылымын ой елегінен өткізіп саралау қажеттілігі туындайды.
3. Көне заманның ғұламалары адамды белгілі ұлтқа жатқызу үшін ол бес нәрсені
жақсы игеру керек дегенің ескерсек, қазіргі қазақ халқының өкіліне ана тілін, өз дінін
халқының тарихы мен салт дәстүрлерін, Отанның сүю сияқты амал істерді игеру қажет-ақ.
4. Отандық теориялық-әдістемелік концепцияны қалыптастыру психологияның түрлі
мәселелерінде маңызды жұмыстың бірі болып есептеледі.
5. Жастарды тәрбиелеудің ұлттық біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет.
6. Этномәдени және этнопсихологиялық дамуды жаңа белестерге көтеру үшін
ұлттық зиялы қауымның белсенділігін арттыру олардың білімін тәжірибесін кеңінен
қолдану.
7. Республика көлемінде ұлт мәселелері жөнінде бағдарламалар қабылдап, осы
бағытта тиянақты зерттеулер жүргізу.
8. Қазақ халқында кездесетін имандылық жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы
келетін теріс қылықтарды (арақ ішу зинақорлық т.б.) жоюға бағытталған шараларды
жүзеге асыру.
9. Ертеден келе жатқан халықтың тәлім тәрбие жүйесін қайтадан жандандыру.
10. Осы істердің бәрін атқаратын адамдар десек, өзінің Отанын, халқын сүйген
білімді де білікті иманды да ибалы жастарды тәрбиелеу де кезек күттірмейтін
мәселелердің бірі.
Ұлт мәселесінің күн тәртібінен түспей тұруына соңғы жылдары этникалық процестің
әлемдік қоғамдастықты түгелімен қамтуымен түсіндіруге болады. Ұлтаралық қатынас
саласындағы жағдай күрт өзгеріп динамикалық дамудың шиыршық атуымен сипатталады.
Ендеше ғалым-зерттеушілердің алдында тұрған келелі міндет − жоғарыда атап өткен
мәселелерді зерделеп саралау.
187
Олай болса, этнопсихология бағыт-бағдарын қалыптасу мен даму ерекшеліктерін
егжей-тегжейлі зерттеу − келешектің ісі. Ғылым жетістіктерін күнделікті өмірде
пайдалана білу − өркениетті елдердің дәстүрі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Айталы А. Ұлттану. Алматы: Арыс, 2003. 226 б.
2.
Амирова Б.А. Тұлғаның әлеуметтену және этностық әлеуметтену процесінің
кейбір мәселелері //«Шоқан тағылымы -14». Ғыл.-практ.конф.матер. Көкшетау,
2009. 107-111 бб.
3.
Дәулет Т.Қ. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың даму тарихы мен
қазіргі қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі // Этнопсихология мен этнопедагогика.
Ғыл.-теор. конф. матер. Алматы, 2007. 28-29 бб.
4.
Жүкеш Н. Ұлттық психологияның сипаты. Алматы: Респ. баспа каб., 1993.
5.
Кукубаева А.Х. Национальное самосознание казахского народа. Астана, 2006.
244 б.
6.
Оразбаева Н. Қазақ ұлттық психология ғылымының дамуы жайында // Қазақстан
мектебі, 1993, №3. 10 б.
7.
Сәдуақасұлы Ә. Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы //
«Қазақстандағы білім проблемалары: бүгіні мен болашағы» атты конф. матер.
Алматы, 1993. 13-15 бб.
8.
Таңжарықова Л. Ресей ғалымдарының этнопсихологиялық зерттеулері туралы. //
Ұлт тағылымы, 2010, №2(1). 23-24 бб.
РЕЗЮМЕ
Эта статья посвящена актуальной роли этнической психологии в процессе развития
личности и социума в целом. Показана значимость этнических факторов в социальной,
экономической, политической и культурной сферах общественной жизни. Во всем этом мы можем
видеть специфику развития цивилизации людей, особенности их самосознания.
RESUME
This article examines the important role or the ethnical psychology in the development of a person
and society as a whole. Ethnical factors in social, economical, political and cultures sectors of public life
are represented. In all these fields we can see inequality of civilization development of people, the level of
evolvement of their consciousness.
188
И.У. Аушева,
Г.Н. Паршина
Общие
компетенции
в трехуровневой
системе
образования
Целью Болонского процесса является
построение
Европейского
пространства
высшего образования (ЕПВО). При этом
необходимо подчеркнуть, что основой ЕПВО
является не стремление к единообразию
программ, единому учебному плану, а
выработка
контрольных
согласованных
параметров, необходимых для обеспечения
сопоставимости,
совместимости
и
прозрачности программ при сохранении
национального
многообразия.
Создание
сопоставимой системы степеней требует
изменения
всей
парадигмы
высшего
образования, в том числе изменения методов
обучения, процедур и критериев оценки,
способов обеспечения качества образования.
Согласованные параметры выражаются в
терминах
результатов
обучения
и
компетенций, как динамичного сочетания
знаний, пониманий, навыков и способностей,
являясь одним из основных инструментов для
обеспечения прозрачности систем высшего
образования и квалификаций, демонстрации
индивидуальных
достижений, знаний и
практических умений, приобретенных после
успешного завершения отдельного курса или
образовательной
программы
в
целом.
Ориентированный на итоговые результаты
подход важен для определения квалификации,
разработки учебных планов, организации
учебного процесса и системы оценок, также
как и оценки обеспечения качества обучения в
целом [1].
Компетенции, являясь целью образо-
вательных программ, органично вписываются
в систему образования, в целом ориенти-
рованную на обучающегося. Разработка
содержания
квалификаций
в
терминах
компетенций и результатов обучения решает
задачу выработки общеевропейского консен-
суса в определении степеней с точки зрения
того, что выпускники должны уметь делать по
завершении обучения. Преимущество компе-
тентностного подхода заключается в том, что
он позволяет сохранять гибкость и автономию
в структуре и содержании учебного плана.
Компетентностная
модель
специалиста,
ориентированного на сферу профессиональной
деятельности, менее жестко привязана к
конкретному объекту и предмету труда, что
обеспечивает мобиль
ность
выпускников в
189
изменяющихся условиях рынка труда. Модель представляет собой описание того, каким
набором компетенций должен обладать выпускник вуза, к выполнению каких функций он
должен быть подготовлен и какова должна быть степень его готовности к выполнению
конкретных обязанностей [2, 3].
В настоящее время постоянно возрастают требования к компетенциям специалистов
в связи с усилением норм к качеству подготовки кадров, усложнением технологий, ростом
конкуренции. Образование при этом не всегда адекватно реагирует на запросы
работодателей. Одна из главных причин данной проблемы – отсутствие современных
квалификационных требований, развитой национальной квалификационной системы.
Наиболее распространенная на сегодняшний день Международная система
классификации образования 97 (МСКО-97) не сопоставима с подходами, основанными на
результатах, которые используются при разработке квалификационных структур.
Несмотря на то, что в основу МСКО-97 заложены характеристики не результатов, а
систем образования и обучения, эта классификация применяется в качестве «заменителя»
уровней квалификации, и многие страны вполне удовлетворяет тот факт, что уровни
квалификаций приблизительно соответствуют последовательности и продолжительности
программ формального обучения. Система МСКО-97 удобна для статистических
исследований и формального мониторинга образования, но не вполне годится для
соотнесения потребностей рынка труда и результатов рынка образовательных услуг.
Принципиально новым подходом, ориентированным на социальный заказ общества,
является градация образовательных уровней, основанная на результатах обучения -
дескрипторах. Дублинские дескрипторы рекомендованы Болонским процессом в качестве
основы для описания результатов обучения по уровням национальных образовательных
систем.
В зависимости от уровня образования компетенции имеют различную значимость и
сложность. Например, компетенции магистра шире компетенций бакалавра, что находит
отражение в программах подготовки магистров. Разграничение результатов обучения по
циклам наглядно демонстрирует таблица 1 [4].
Таблица 1
Цикл
Знание и понимание
1
(Бакалавр)
обеспечивается учебниками углубленного изучения, включая элементы
наиболее передовых знаний в области изучения
2
(Магистр)
является основой или возможностью для оригинального развития или
применения идей, часто в контексте научных исследований
3
(Доктор)
[включает] системное понимание области изучения, мастерство в части
умений и методов исследования, используемых в данной области
Применение знаний и понимания
1
(Бакалавр)
[посредством] вырабатывания и обоснования аргументов
2
(Магистр)
[посредством] решения проблем в новых или незнакомых ситуациях и
контекстах в рамках более широких (или междисциплинарных) областей
3
(Доктор)
[демонстрируется умением] планировать, разрабатывать, реализовывать и
корректировать комплексный процесс исследований с академической
целостностью
[в контексте] способности вносить вклад собственными оригинальными
исследованиями в расширение границ знаний, отдельные из которых
могут быть опубликованы на национальном или международном уровне
Вынесение суждений
190
1
(Бакалавр)
[включает] сбор и интерпретацию информации (обычно в рамках
изучаемой области)
2
(Магистр)
[демонстрирует] способность интегрировать знания, справляться со
сложностями и выносить суждения на основе неполной информации
3
(Доктор)
[необходимость наличия] навыка критически анализировать, оценивать и
синтезировать новые и сложные идеи
Информационное взаимодействие
1
(Бакалавр)
обмен информацией, идеями, проблемами и решениями
2
(Магистр)
сообщение своих выводов и основных знаний специалистам и
неспециалистам
3
(Доктор)
сообщение своих знаний и достижений коллегам, научному сообществу,
широкой общественности в общем контексте (диалог) об областях
изучения (широкий диапазон)
Навыки обучения
1
(Бакалавр)
приобретение навыков, необходимых для продолжения образования с
высокой долей самостоятельности
2
(Магистр)
обучение в большой степени самостоятельно, либо полностью
самостоятельно
3
(Доктор)
содействие технологическому, социальному и культурному развитию в
рамках академического или профессионального контекста
При этом установлены общие принципы разработки дескрипторов на национальном
уровне. Необходимо, чтобы дескрипторы:
были согласованы с внешними референтными точками структуры, например, с
учебными результатами профильных национальных квалификаций;
достаточно отличались от дескрипторов уровней, которые находятся над и под
ними и демонстрировали отчетливый прогресс по сравнению с предыдущим уровнем;
базировались на учебных результатах и выражались как способность работников,
имеющих квалификацию определенного уровня;
были сформулированы в утвердительной форме (следует избегать указаний на то,
что является неприемлемым в Структурах квалификации на данном уровне);
были конкретными и ясными (следует избегать употребления таких слов, как
«узкий» или «хороший», а также перекрестных ссылок и сравнений, таких как, например,
«более узкий», «более широкий» или «приемлемый»);
были понятными для непрофессионала; были сформулированы предельно кратко,
чтобы обеспечить ясное понимание сути данного уровня.
Преимущества использования результатов при описании программы обучения
заключаются в:
формулировке исчерпывающего набора утверждений относительно того, что
достигнет обучающийся при успешном окончании обучения;
повышении прозрачности и сравнимости стандартов как внутри, так и между
квалификациями;
обеспечении единого формата для различных форм обучения (например,
дистанционное обучение, обучение на рабочем месте, неформальное обучение и обучение
на опыте) и установлении взаимосвязи между профессиональным образованием и
обучением и высшим образованием;
191
разработке учебных программ посредством выявления областей дублирования в
различных учебных модулях, программах и квалификациях;
точном определении ключевых задач программы обучения;
обеспечении взаимодействия между преподаванием, обучением и оценкой;
дальнейшей разработке вопросов, связанных с оценкой и разработке критериев
оценки, повышении ее эффективности и вариативности;
обеспечении независимых референтных точек/системы координат для разработки и
оценки стандартов, что необходимо как на национальном, так и международном уровне;
обеспечении четких формулировок достижений и качеств, относящихся к
квалификациям, что служит интересам работодателей, учебным заведениям высшего
образования и гражданского общества;
развитии процесса официального признания квалификаций граждан и в повышении
прозрачности квалификаций, что будет содействовать переносу зачетных единиц и на
международном уровне - развитию мобильности обучающихся.
Компетенции, которыми должен обладать выпускник, были разделены на общие
(generic) и предметные, или предметно-ориентированные (subject-specific). Содержательно
они разделены на инструментальные, межличностные и системные. К инструментальным
относятся
когнитивные,
методологические,
технологические,
языковые
и
коммуникативные. Межличностными являются умение работать в коллективе,
способность критически воспринимать свои и чужие мнения и т.п. Системными - умение
видеть свой объект как систему, ответственность за качество и целый ряд других.
Ориентация на результаты обучения, выраженные через компетенции, являющиеся
составной частью национальной рамки квалификаций высшего образования, значительно
облегчит сопоставление этих квалификаций, благоприятствуя достижению важнейших
приоритетов высшего образования:
- соответствие запросам рынка труда;
- подготовка субъекта к полноценному профессиональному функционированию;
- развитие целостной личности;
- формирование основы и навыков систематического развития базы знаний.
В основе измерения названных приоритетов - социальные измерения.
Подготовка к рынку труда - измерение, которое является доминирующим в
общественной дискуссии об образовании, поскольку «вечной» проблемой на сегодняшний
день остается отсутствие диалога и сотрудничества вузов с работодателями, которые
неоднократно ставят в упрек системам образования многих стран отсутствие
удовлетворения реальных потребностей бизнеса в профессиональных специалистах, и, как
следствие – необходимость подготовки специалистов, способных мобильно
ориентироваться в запросах рынка труда, определять свое место на рынке труда,
оперативно принимать решения и определять способы их реализации.
Одним из определяющих факторов эффективности реализации компетентностного
подхода является привлечение для идентификации компетентностей работодателей,
академического сообщества, выпускников. В этом случае цель обучения будет определена
системой профессиональных требований, предъявляемых рынком труда. Названная цель
конкретизируется в задачах в сфере управления образовательным процессом: ориентация
содержания образовательных программ на требования рынка труда, подбор и реализация
соответствующих образовательных технологий, формирование эффективной системы
мониторинга образовательных результатов.
Достарыңызбен бөлісу: |