Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың қызығулары
Оқу
сеп-түрткілерiнің
арасында
аса
тұрақты
да
пәрмендiлерiнің бiрi - қызығу. Қызығу (“интерес” латын
сөзі – мәнге ие, маңызды) – оқушы тарыпынан танылған
iс-әрекеттердің аса маңызды, нақты себебi. Қызығу – бұл
оқушының нысан немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында,
белгiлi әрекет түрін игеруде көрiнетiн танымдық қажеттену фор-
масы. Танымдық қызығу шәкiрттің игерiп жатқан пәнiне болған
көңіл-күй қатынасынан байқалады. Л.С.Выготский пiкiрiнше:
“Қызығу бала әрекетiнің табиғи қозғаушы күшi, ол тумадан
берiлген құштарлық, бала әрекетiнің оның тума қажеттерiмен
156
сәйкестiгiн аңдатады. Сондықтан оқу үдерiсiндегi басты талап:
барша тәрбие жүйесi дәл анықталған бала қызығуларының не-
гiзiнде құрылуы тиiс.
Педагогикалық заңды талап – қандай да әрекетке ойыстыру
алдынан баланы сол әрекетке қызықтыру, оның бұл әрекетке
дайын екендiгiн, бұған қажет күш-қуатының жұмылғанын
байқауға тырысу әрi баланы ол iстi өзi орындауына мүмкіндiк
беру. Мұғалiм мiндетi бұл жұмысты бағдарлап, оған жеткешiлiк
жасау”.
Оқуға қызықтыру жолдары сан алуан. Ең алдымен сол
қызығулардың төркiнi мадақ, жаза, қорқыныш, жағыну т.с.с.
таным үдерісiне жат ықпалдардан туындамай, тiкелей пәнді
ұнату, онымен байланысу дәрежесiнен көрiнуi шартты. Осы-
дан қойылатын екiншi талап - қызығуды ояту ғана емес, оны
белгiлi қажеттерге бағдарлау. Қызығуларды пайдалану негiзiн-
де жасалатын және бiр қорытынды: барша мектеп жүйесiнде
жүргізілетін үдерiстер бала өмiрiне тiкелей қатысты болып,
әрқандай оқу әрекетi балаларға бұрыннан таныс әрi олардың
қызығу сезiмдерiне қозғау салып, ынта көтеретiн материалдар-
дан басталуы қажет.
Оқу барысында iске қосылатын қызығу ықпалдарының
жалпы заңдылықтары анықталған, олар: 1) бала қызығулары
оның өзi игерген бiлiм деңгейi мен сапасына, ақыл-ес әрекетi
тәсiлдерiнің қалыптасуына тәуелдi. Бұл нақты пән бойынша
оқушының бiлiмi неғұрлым ауқымды болса, оның сол пәнге
болған қызығуы да жоғары. Керiсiнше де болуы мүмкін. 2)
оқушы қызығулары оның мұғалiмге болған қатынастарына
тәуелдi. Бала өзi сыйлаған мұғалiмнің пәндерiн қызығып оқиды.
Алдымен педагог, содан соң оның iлiмi - әрдайым әрi тұрақта
көрiнетiн тәуелдiлiк.
Тұрақты
танымдық
қызығуларды
қалыптастыруға
бағытталып, тәжірибеде қолданымға келген тәсiлдер және
құрал-жабдықтар қоры келесiдей:
– ынталы оқыту;
– оқу материалының жаңалығы;
– тарихилық;
– бiлiмдердің оларды ашқан адамдар тағдырымен байла-
нысы;
157
– игерiлген бiлiмдердің оқушылардың өмiрдiк жоспарлары
және бағыттарына байланыстыра, қолдану жолдарын үйрету;
– оқудың жаңа және дәстүрлi емес формаларын
пайдалану;
– оқу формалары мен әдістерiн ауыстырып бару;
– проблемді оқыту;
– шығармашылық (эвристикалық) оқыту;
– компьютер қолданумен оқыту;
– мультимедия жүйелерiн пайдалану;
– интерактив компьютерлiк құралдарды қолдану;
– өзара оқыту (жұптасып, шағын топтарда);
– бiлiм, ептiлiктердi тестiлеу;
– оқушылар жетiстiктерiн көрсетiп бару;
– табысқа жеткiзетiн жағдайларды жасау;
– жарыстар (сыныптастарымен, өзiмен-өзi);
– сыныпта ұнамды адамаралық қатынастар түзу;
– оқушыға сенiм арту;
– педагогтың кәсiби әдебi мен шеберлiгi;
– мұғалiмнің өз пәнiне, оқушыларына болған қатынасы;
– мектептiк қарым-қатынастарды iзгiлендiру және т.б.
Тәжiрибесiз мұғалiмнің өзi де кейде балалардың пәнге, оқуға
болған қызығуларының өзгерiске келгенiн жеңiл байқайды. Про-
фессор А.К.Дусавицкий өзiнің “Қызығу формуласы” кiтабында
оқуға зейiндi және селқос оқушылардың жалпы сипаттамасын
келтiредi.
“…Қараңызшы, өзiн қызықтырған iспен шұғылданған баланың
әрекетiне. Қызыққанынан ләззат тапқаны сонша, екi бетi бал-
бұл жанады. Жанары нұрлы, қимылы еркiн, жеңiл де шапшаң.
Басқаша болуы мүмкін емес те – ол өз тiлек-ниеттерiнің аясын-
да, сырттай ықпалдардан аза. Өзіне маңызды, қызық өз iсiмен
айналысуда. Нәтижесi көрiнiп-ақ тұр. Ұнамды көңіл - қызығу
жолдасы, ол бар жерде iс жасау – рахат, ләззат келтiредi.
… Оның ой жұмысы айқын да дәл, мәселе шешiмi өзінен-
өзi келiп тұрғандай, келгенде қандай, мұндай да қисынды бо-
лар ма! Жұмысқа бүтiндей жан-тәнiмен берiлген, басқа дүниенi
ұмытқан. Осыдан оны қызықтырған iсiнен ажырату қиын…
… Ал мына баланы төңірегiндегiнің бәрi жалықтырған,
ешнәрсеге құлқы жоқ. Кiтаптан безiнгенi сонша, тiптi қанасына
158
симай отыр. Елерiп, елеңдеп, тағаты жоқ, тап бiреу осы iстен
төбеден түсiп, құтқаратындай. Кейде ойына шомып, табжыл-
мас. Сабақ адыра қалды…”
Ескеретiн жәйт, оқу сеп-түрткілерiнің арасында аса маңызды
болғаны – танымдық қызығу. Бұл оқушы тарапынан күштi
сезiлетiн әрекеттің нақты себебi. Қызығулар қажеттер әсерiнен
пайда болып, олармен бiрге ажыралмас байланыста көрiнедi.
Сеп-түрткілердің қалыптасуы
Не себептен сен оқисың? Не үшiн мектепке барып жүрсің?
Мұғалiмдер осы сияқты жан-жақты маңызға ие болған
сұрақтарды көп қояды. Осыдан баланың сауаттылығын, соны-
мен бiрге оқу сеп-түрткілерiн анықтауға болады. Оқушылардың
да осы сұрақтарды өзіне анда-санда қойып барғаны зиян бол-
мас едi: “Шынында да, мен не үшiн оқып жүрмiн?”.
Бiрiншi – екiншi сынып оқушыларының мұндай сұрақтарға
жауабы: “Әкем мен апам бар дедi”, “Мектепте мен 5 алғым
келедi, менi мақтайды”, “Балалардың бәрi барып жүр ғой”,
“Жаман баға алғым келмейдi, маған ұрсады ғой”, “Апам, егер
оқымасам, қойшы боласың дейдi”, “Жақсы жауап берсем, менi
мұғалiм мақтайды”, “Егер ештеңе бiлмей тұрсам, сынып ал-
дында ұят қой” және т.б.
Үшiншi - төртiншi сынып оқушыларының жауаптары бiр-
шама өзгередi, себебi олардың оқу сеп-түрткілерi жөнiндегi
ұғымдары мен түсiнiктерi бiрқанша дамыған: “Мен әкеме ұқсап
инженер болғым келедi”, “Менің бағаларымның бәрi 4 пен 5.
Мен оқитын сынып пен мектеп маған ұнайды. Мұғалiмiмде
тамаша. Ол қызықты әңгімелейдi. Бiздер мұғалiмiмiзбен бiрге
саяхатқа шығып тұрамыз” (3 сынып). “Мен бiлiмдi болу үшiн
оқып жүрмiн. Әртүрлі пәндердi оқып, адамдар өмiрi, табиғат
және әрқилы заттар жөнiнде көп жаңалықтарды үйрендiм. Мен
тарихты өте жақсы көрем. Мен сынып кеңесiнің мүшесiмiн.
Үлкейгенде апайыма ұқсап мен де мұғалiм боламын” (4 сы-
нып). “Мен теңiзшi боламын деп оқып жатырмын. Егер мен
түгелдей 5-ке оқысам, әкем менi шын теңiз кемесіне мiнгiземiн
дедi. Арифметикадан есептер шығарғанды сүйемін. Одан
менің бағаларымның бәрi 4 пен 5, ал грамматика ережелерiн
159
тiптi жек көрем. Әр 3 алған сайын үйде менi әкем мен апамның
айқайы күтiп тұрады” (4 сынып).
Мектеп өмiрiндегi үш-төрт жылда сеп-түрткілер үлкен
өзгерiстерге түседi. Үшiншi немесе төртiншi сыныпта
оқушылардың өздерiне тән жалпы оқуы мен оқу пәндерiне
болған танымдық қызығулары пайда болады. Сыныптағы өз бе-
делдерiн көтерiп, тұрақтандыру ниетi бiрте-бiрте балалардың
көбiнің жетекшi сеп-түрткісiне айналады. Осыдан үшiншi сынып
оқушыларының, әсiресе төртiншi сыныпта жоғары баға алуға
деген ұмтылыстары күштi келедi. Оқушының дәлелi: “Төмен
баға алсам, үйде менi ұрсады”.
Зерттеулер
көрсеткендей,
кiшi
мектеп
жасындағы
оқушылардың ұнамды оқу сеп-түрткілерi қалыптасуы үшiн
қолайлы және қолайсыз жағдайлар кезiгедi. Қолайлы
жағдайлар арасында: 1) көпшiлiк 6-9 жастағы балалардың
мектепке ұнамды қатынасы; 2) мұғалiмге толық сенiм арту; 3)
жаңа әсерлерге деген құштарлы қажеттiк; 4) табиғи зерделiлiк.
Қолайсыз жағдайлар: 1) тұрақсыз зейiн; 2) ауыспалы
қызығулар; 3) ерiк қасиетiнің қалыпқа түспеуi. Көптеген оқушылар
iс-әрекеттерге елiктеумен қатысады, ал ендi қандай да бiр iстi
өзi орындауы қажет болып қалса, мұғалiмнің көрсетпелерiн
күтiп, күйзелiске түседi, яғни сабақтың нәтижесiне (жақсы баға)
көзi жетсе ғана, жұмысқа кiріседi.
Оқу-тәрбие үдерiсiнде жоғары нәтижелерге қол жеткi-
зу үшiн педагог бiрдейiне ол үдерiсте iске қосылатын сеп-
түрткілердi зерттеп барады, әсiресе оқушылардың қызығулары
мен қажеттерiне назар салады. Бұл оның аса қиын кәсiби
мiндеттерiнің бiр қыры. Сеп-түрткілердi бiлу олардың
қалыптасуымен тығыз байланысты. Сеп-түрткілердi зерттеу ба-
рысында оларға байланысты мәселелердің майда-шүйделерiн
бәрiн ұмытпай қамту үшiн келесi нұсқаулар жүйесiн (алго-
ритмдердi) пайдалануға болады.
1. Оқу мақсаттарын анықтау және нақтылау. Үдерісті
қолдауға жеткiлiктi және көзделген мiндеттердi табысты iске
асыру үшiн қажет болған сеп-түрткілердің мәнiн, мазмұнын,
бағыт-бағдарын және күш-қуатын талдау. Егер мақсаттар
мен мiндеттер мемлекеттiк стандарттан ауытқымаса, кеңiнен
белгiлi жалпы сеп-түрткілер мен ынталандыру жолдары iске
160
қосылады. Ал арнайы мақсаттар ерекше сеп-түрткілердi керек
етедi.
2.
Сеп-түрткілердің
жас
кезеңдерiне
орай
мүмкіндiктерiн анықтау. Бұған байланысты келесi сұрақтарға
нақты жауап iздестiрiледi: а) кiшi жастағы оқушыларды қандай
сеп-түрткілер көрсеткiштерiне жеткiзу тиiмдi; б) нақты сынып
оқушыларының сеп-түрткілер деңгейi көзделген мақсаттар мен
мiндеттерге, оқу еңбегiнің күрделiлiгiне қаншалықты сәйкес ке-
ледi.
3. Сеп-түрткілердің бастау деңгейiн анықтау. Бұл
қадамның мiндеттi орындалу қажеттiгi – оқу үдерісінің бары-
сында шәкiрттердің сеп-түрткілерiнде болатын өзгерiстер
жөнiнде деректi пiкiрлер қалыптастыру.
4. Жетекшi сеп-түрткілердi анықтау. Бұл орайда оқушы
немесе ол қатысқан шағын топтың оқу iс-әрекеттерiнде қай
сеп-түрткілер жетекшi сипат атқаратынын бiлу маңызды. Есте
сақтайтын жәйт – “жақсы” немесе “жаман” сеп-түрткі болмай-
ды, бәрi де керек, бiрақ олардың әрқайсысы оқу үдерісi мен
нәтижесiне өзiнше ықпал жасайды.
5. Сеп-түрткілердi оқушылардың жеке-дара ерекшелiк-
терiне байланыстыра зерттеу. Егер педагог әр оқушыны
түбегейлi тани алмаса да, сыныптағы бiрнеше оқушыны бiрiк-
тiрген көрнектi ықшам топтардың сеп-түрткі ерекшелiктерiн
ажырата бiлуi мiндеттi.
6. Сеп-түрткiлер өзгерiстерiнің себептерiн (төмендеу,
тұрақтылығы, көтерiлуi) талдау. Мұндай себептердің қатарына
сеп-түрткі аймағының өзiндiк даму деңгейiнің жеткiлiксiздiгi, са-
уаттану дәрежесiнің төмендiгi, оқу iс-әрекеттерi дағдыларының
қалыптаспауы және т.б. кiредi.
7. Мiндеттi сеп-түрткілердің қалыптасуы. Бұл талап
оқу-тәрбие үдерісінің барысында барша мiндеттердi бiрлестiре
шешумен мұғалiм тарапынан орындалады. Балаларды қандай
да оқу iстерiне қызықтыру үшiн арнайы жеке жаттығулар не тес-
тер болмауы тиiс. Әртүрлі әдістер кешенді қолданымға келедi,
олардың арасында аса қажеттiлерi: бiр жұмыс түрінен екiн-
шiсiне ауыстырып тұру, бала бiлiм деңгейi мен жасына сәйкес
қиыншылықтарды қосып бару, оқу жарыстарын ұйымдастыру
және т.б. Кейде әдейi танымдық қажеттiктердi қанағаттандыруға
161
керек болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған оқушы
дайындығын бiлу үшiн оқу үдерiсiнің қалыпты ағымына “кедер-
гiлер” жасау әдісi қолданылады.
8. Жетiстiктердi бағалау және алдағы мiндеттер-
дi жоспарлау. Жұмыстардың орындалу соңынан олардың
қорытындысын шығарып, болған өзгерiстердi талдауға
салу - қажеттi iс. Мұнда көрiнетiн аса мәндi көрсеткiштер
– бұл оқушылардың нақты әрекет қылықтары, оқуға деген
қатынастарының өзгерiске келуi. Сеп-түрткілердi қалыптастыру
бойынша жүргізілетін iстердің барысы мен нәтижесiн арнайы
картада өрнектеп барған жөн. Мұнда бастапқы деңгей және
соңғы өзгерiстер мiндеттi түрде белгiленедi. Назар аудара-
тын сеп-түрткі көрсеткiштерi: 1) оқуға деген қатынас (оқуды
қалайынша пайымдайды); 2) мақсаттар (оқушының алдына
қоятындары және iске асыратындары); 3) нақты себептер (не
үшiн оқып жатырмын?); 4) көңіл-күй (оқушы толғаныстары); 5)
оқу ептiлiктерi; 6) сауаттылық деңгейi (қандай жетiстiктер қолға
кiрдi); 7) оқуға қабiлеттiлiк (ашылуы тиiс мүмкіндiктерi, қолға
ендiрілуi мүмкін табыстары).
Сеп-түрткілердi зерттеу үшiн кең қолданылатын әдістер
түрі – бақылау, анкеттеу, әңгімелесу, эксперттi бағалау. Экс-
перттi баға жүргізудің мәнi – арнайы эксперттiк әдістемелер
және арнайы шақырылған мұғалiмдер немесе басқа мамандар
жәрдемiмен жеке-дара қолданылатын сеп-түрткілердi зерт-
теу және ұйымдастыру. Кiшi жастағы балалардың толыққанды
оқу сеп-түрткілерiн қалыптастыру үшiн келесi шарттарды
қамтамасыз ету қажет:
– оқу мазмұнын тұлғаға бағытталған қызықты материалдар-
мен байыту;
– барша оқушыларға (дарынды, төмен, селқос) бiрдей iз-
гiлiктi қатынас жасау;
– оқушылардың танымдық ниеттерi мен қажеттерiн қам-та-
масыз ету;
– балалар арасында қызғылықты қарым-қатынастар ұйым-
дастыру;
– ақылды сезiммен толықтыра түсу;
– зерделiлiктi дамыту;
– өз мүмкіндiктерiн белсендi және шынайы бағалауға
үйрету;
162
– өзiндiк даму және жетiлу ұмтылысына қолдау беру;
– бала ынтасын барынша қолдап-қуаттау;
– оқу еңбегiне жауапкерлi қатынас тәрбиелеу.
Жақсы мұғалiм – бұл сеп-түрткілер оятудың шеберi. Сеп-
түрткілер қажеттi деңгейде болу үшiн мұғалiмнің мiндеттi iске
қосатын әрекеттерi: 1) барша балалар арасында қалыпты
қатынастар түзу әрі ұстану; 2) қиыншылық туа қалған жағдайда
балаларға қолдау беру; 3) ұнамды керi байланысты үзбеу; 4)
оқуды әртүрлі әдістермен жүргізуге тырысу; 5) оқушыларды
қарқынды таным еңбегiне табандылық көрсетуге бағыттап,
олардың ерiк күшi мен мақсат-мiндеттерiн тұрақтандыру;
6) жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындағаны үшiн
мадақтап отыру; 7) мақсат, мiндет қоя бiлу, орындау формала-
рын айқындау және өзiндiк жұмыстарды бағалауға үйрету; 8)
борыш сезiмiн және жауапкершiлiк қалыптастыру; 9) ең алды-
мен өзіне талап қоя бiлуге үйрету.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, балалардың iскерлiгi
сеп-түрткілерге ықпал жасайды. Егер шаршап-шалдығудың
алдын алып, 3 минутқа жақын дене шынықтыру iркiлiсi енгiзiл-
се немесе оқу материалын ұсыну формасы өзгертiлсе, оқу
тиiмдiлiгi арта түседi.
Барша тiршiлiктің күн нұрын қажетсiнгенiндей, сеп-
түрткілердің де дамуына қозғау салатын орта мен педагогикалық
тәсiлдер жүйесi арқылы берiлетiн мақсатты бағытталған
ықпалдар. Сеп-түрткілердi зерттеу мен оларды дамытуда пай-
да тигiзер кеңестер арасынан келесiлерiн ұсынар едiк.
• Балалар үлкен әуесқойлығымен ерекшеленедi. Олар
жаңа және белгiсiз жағдайларға аса қызықсынады. Егер
оқушыларға бұрыннан белгiлi материалдарды ұсынатын
болсақ, олардың зейiнi төмендеу болады. Ал, егер оқу мате-
риалында жаңа ақпарат аз немесе тiптi болмаса, әуесқойлық
мүлде жоғалады. Оқушының сабақпен iсi болмай, өз бетiн-
ше алаңдап, қажетсiз iстермен шұғылдана бастайды, яғни
“қозғалысты жайсыздық” құбылысы белең ала бастайды.
Сондықтан, педагогтар “әуесқойлық әсерiн” есте ұстап, оны
басқаруды үйренуi қажет.
• Егер оқушылар өтiлген сабақтардағы бiлiмдер қорынан
“қолға ұстар” ештеңе таппаған жағдайда да, оқу
163
үдерiсiндегi жайсыздықтар белгi бередi. Бұл жөнiнде
Л.С.Выготский былай жазады: “…қандай да бiр зат бiздi
қызықтыру үшiн ол бiзге қызықты немесе қандай да бiр та-
ныс нәрсемен байланысты болуы керек, сонымен бiрге ол
iс-әрекеттің қандай да жаңа формаларымен ұштасқан болуы
тиiс, егер олай болмаса, нәтиже күтудің қажетi жоқ. Түбегейлi
жаңа зат та, сондай-ақ әбден таныс көне зат та бiздi ешқандай
бiр құбылысқа немесе нысанға қызықтыра алмайды. Осыдан
көзделген зат не құбылысты баламен тiкелей байланысқа кел-
тiрiп, оларды игерудi баланың өз мiндетiне тапсыру қажет, сон-
да ғана жұмыстың табысты болатынына көзiмiз жетедi. Бала
қызығуы арқылы оның жаңа қызығуларына өту – басты ере-
же”.
• Жұмбақтау әсерiн пайдаланыңыз. Оқушылар әдетте то-
сын тапсырмаларға әуес. Олар үлкен қызығушылықпен жұмбақ,
сөз жұмбақ, викториналар шешуге құштар. Балалар бұлардың
шешiмдерiн беремiн деп жүріп, көп ой қарама-қарсылықтарына
кезiгедi. Содан өздерiн қоршаған дүниенi түсiнуге және реттес-
тiруге тырысады. Қайшылықтарға тап болған шақта, оларға
түсiнiк беруге ұмтылады. Егер өз сабағыңыздың желiсiне осын-
дай жұмбақ қайшылықтарын енгiзе алсаңыз, балаларда оқуға
деген ынта оятқаныңыз.
• Сеп-түрткілердің жоғарыда қарастырылған тәсiлдерi,
егер оқушылар өз әрекетiне сенсе ғана, iске қосылады. Ба-
лалар өздерiне қатысты талаптар мен ниеттер дәрежесiне
көтерiлгенiн сезе бiлуi тиiс. Неғұрлым сенiм жоғары болса,
оқушы мұғалiммен бiрге жұмыс алып баруға құштар келедi.
Сондықтан, сеп-түрткі құралдарының аса ықпалды бiрi – бала-
ны өз күшi мен мүмкіндiктерiне сендiре бiлу. Мұндай да “өзiндiк
салыстыруды” пайдаланған жөн, яғни нақты нәтижелер мен
оқушының оқуға деген дұрыс қатынасы болған жағдайлардағы
жетiстiктерiн байланыстыра, салыстыру.
• Жоғары қиындық талаптары, осыдан психикалық
күйзелiстерге келтiретiн iстер баланың ой-әрекеттерiне тұсау
салады. Жан күйзелiсi (стресс) – бейтаныс дүниенi тануға
ұмтылудың орнына – одан қашып жүру ниетiн туындатады. Мек-
тептегi оқу, психолог зерттеулерiнің көрсеткенiндей, әрқандай
келеңсiз жәйттермен байланысты келедi, олардың арасында
164
аса көзге түсетiнi оқушылардың сабаққа болған қызығуларының
сөнуi. Осыны есте ұстаған мұғалiм сабақтағы жүктеменi қажеттi
деңгейден бiрде асырмауы тиiс. Сонымен бiрге ол балалардың
оқуға, мектепке, педагогтарға бағытталған жалпы ұнамды
қатынастарын тұрақтандыруға себепшi жағдайларды жасауы
мiндеттi.
•
Сеп-түрткілердің
қалыптасуына
сыныптағы
оқу
жұмыстарының қажеттi деңгейде жүргізілуі үлкен әсерiн тигi-
зедi. Тәжiрибе көрсеткендей, оқу үдерiсiндегi қажеттi ара
қатынастарды тиiмдi дәржеде сақтау және тұрақтандыру үшiн
оқушылардың аралық байланыстарын ауыстырып бару керек.
Бұл орайда қарым-қатынас формалары деп сабақтағы бала-
ларды шағын топтарға бөлудің түрлері мен тәсiлдерiн түсiнемiз.
Төменде келтiрiлген тәсiлдердi өз тәжірибеңізде қолданыңыз:
– бүкiл сыныппен: мұғалiммен әңгімелесу, талқылау,
көрсетпе беру;
– шағын топпен: 3-7 оқушы тапсырманы бiрiгiп орындай-
ды, оның нәтижесi бүкiл сынып қатысуымен талқыланады;
– жұптасып: екi оқушы қойылған мiндеттердi талқылайды,
шешiмiн iздестiредi, кейiн олар шағын топта немесе бүкiл сы-
ныпта талданады;
– жеке-дара: әр оқушы тапсырманы өз бетiнше орындай-
ды, кейiн мәселе шешiмi басқалар шешiмдерiмен салыстыры-
лады.
• Сабақ барысындағы оқу жұмыстарының өзгерiсiн бала-
лар жағымды ауысулар кейпiнде қабылдайды. Мұның себебi
– бiрқилы оқу әрекеттерiнің көп мәрте қайталануынан балалар
шаршайды, зейiнi талады. Керiсiнше, жаңа ақпарат хабарлан-
са, жаңа мәселелер шешiлiп жатса, жаңа кедергiлердi жеңу
мақсаты қойылса, оқуға деген ынта арта түседi. Сондықтан,
оқу жағдайларын өзгертiп тұруды бiрде ұмытпау қажет.
Сонымен, мұғалiм өз оқушыларының оқу сеп-түрткілерi мен
әрекет қылықтарын тұрақты зерттеумен айналысады. Бұл үшiн
ол бақылау, анкеттеу, әңгімелесу, эксперттi бағалау тәсiлдерiн
қолданады. Зерттеулер белгiлi жүйе бойынша өткiзiледi. Педа-
гог оқушылар қызығуын көтерудің жолдарын жақсы бiлiп, олар-
ды жағдайларға байланысты қолдана алуы тиiс.
165
Оқуға ынталандыру
Ынталандыру (стимулирование), қазiргi заман түсiнiмiнде,
оқушыны қандай да бiр затқа ойыстыру, ниеттеу мәнiн
аңдатады. Адам болмысы солай да қалыптасқан: егер оған
үздiксiз ескерту берiп тұрмаса, өзiндiк немесе сыртқы күштеулер
болмаса, ал кейде тiкелей мәжбүрлеу әрекетiн қолданбаса, ол
орнынан қозғалмайды, белсендi әрекетке кiрiспейдi де. Бiр за-
мандарда оқуға деген құлықсыздықты әншейiн ерiншектiкпен
баламалап, және ол қасиет келеңсiздiгiн жеңу үшiн қарапайым
да табиғи шара – әртүрлі формада, тiптi тәндiк жазалаумен
орындалатын зорлау әдісiн қолданған. Бүгiнгi бала – еркiн
де тәуелсiз тұлға. Оны қорғайтын заңдар баршылық. Осыдан
мұндай оқушыға қаратылған қатынас та басқаша болуы мiн-
деттi.
Оқушының бiлiм жолы - қиын жол. Тек бiр ғана оқу қажеттiгiн
түсiну бұл жолды басып өту үшiн жеткiлiксiз. Көп жағдайларда
бала барша нәрсенi өз ақылымен танып, бiлiп тұрады. Бiрақ
оның ақыл-есi тiкелей ықпал жасаған себептермен байланы-
судан, көңіл-күй толғаныстары жетегiнде қалады, нәтижеде
оқушы өзi таңдаған iстерiне дәлел iздейдi және оны таба-
ды да. Бұл жағдайда мәселе шешiмi дұрыс iрiктелген және
қолданылған ынталандыру шараларына байланысты болады.
Кiшi оқу жасындағы балалардың iс-әрекетi мен мiнез-құлығының
сеп-түрткілерiн және ынталандыру жолдарын қолдану өзiндiк
ерекшелiктерге ие. Бала табиғатын тану, оның қажеттерi мен
тiлек-ниеттерiн сезiну – барша мәселелердің шешiмiне сай кiлт
табумен бiрдей.
“Балалар ненi сүйеді, олардың қалағаны не?” сұрағына
С.Т.Шацкий былай деп жауап бередi: “….балаларда тума
қатынас түзу қасиетi күштi дамыған, олар бiр-бiрiмен жылдам
табысады – ойын, әңгіме, таусылмас өзара сәбилер былдыры
– осы тума қасиеттің белгiлерi…
… Балалар өз табиғатынан шаршауды бiлмейтiн
зерттеушiлер, олардың шапшаң өрiс алатын әуесқойлығы,
шексiз сандағы сұрақтары, бар нәрсенi түртiп, ұстап, ауызға
салып, байқастыруы – бәрi осы табиғи қызықсынуынан…
166
… Балалар өзiн көрсетуге, өзi жөнiнде әңгімелеуге, өзi алған
әсерлерiн бiлдiруге құмар. Осыдан ол өз “менiн” бiрдейiне
әсiрелеуге және фантазиясы мен қиялын дамытуға ұмтылады
– бұл бала шығармашылығының тума сипаты…
… Бала жасампаз келедi, жоқтан бар қылады, жетпегенiн
қиялымен толықтырып жатады…
… Бала мiнезiнің қалыптасуында орасан ықпалды нәрсе
– бұл елiктеу инстинктi”.
Осыны түсiнуден, ынталандыруға жасанды бет бұрмастан,
немесе оны балалар ниеттерi мен ұмтылыстарынан, өсiп келе
жатқан адамның заңды табиғатынан сырт iздестiрудің қажетi
жоқ. Мұғалiмнің барша қателiктерi – оқушы әрекет-қылығының
шынайы сеп-түрткілерiмен қызықпай, үстiрт, кездейсоқ
ықпалдарды ескеретiнiнде. Бұл жағдайда оның тұрақты
нәтижеге жете алуы, сәйкес ынталандыру жолдарын таңдауы
және қолдануы мүмкін бе? Күмәндi. Оқушыны танып бiлу
ұраны жаңа мән-мағынаға ауысады – зерттеу жұмысы қажеттi
де қолайлы қызықтыру мен ынталандыру әдістерiн табу және
пайдалану үшiн жүргізіледi.
Қорытындылай айтатынымыз, кiшi жастағы оқушы үшiн
әсте-ақырын және жұмсақ қолдаулар мен қуаттаулар орасан
маңызды келедi. Мұғалiм оқушы тiлектерi мен ниеттерiн үздiксiз
зерттей отырып, бала табиғатынан туындайтын ынталандыру
жолдарын табуда шаршап, шалдығуды бiлмегенi қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |