бастаған педагог сабақ конспект – жоспарын толық әрi
кеңейте жазуға мiндеттi. Бұл тәжiрибеден туындаған заңды
талап: жоспарланған сабақтың барша ұйымдастыру жүйесiн
толық түсiнiп бiлмей, педагогикалық шеберлiк деңгейiне
көтерiлу ешбiр мұғалiм маңдайына жазылған емес. Сабақтағы
жұмыстардың көпшiлiгi мұғалiм үшiн үйреншiктi, қалыпты
әрекетке айналған шақта ғана сабақ жоспарын қысқарта
жазуға болады.
Қай педагогтың да, мейлi ол жас маман болсын, мейлi -
үлкен тәжiрибеге ие болсын – сабақ жоспарында келесi оқу
сәттерi хатталғаны жөн:
– сабақ өткiзу күнi мен жоспардағы тақырып номерi;
– сабақ тақырыбының атамасы мен ол өткiзiлетiн сынып
белгiленуi;
– сабақтың оқу, тәрбие және дамытушылық мақсаттары мен
мiндеттерi;
– сабақ құрылымы мен оның сатыларына байланысты оқу
жұмыстарының өткiзiлу тәртiбi және бiрiздiлiгi;
– оқу кезеңдерiне мөлшерленген сабақ уақытын шамалап
бөлiстiру;
– оқу материалының мазмұны;
– сабақтың әр бөлiгiндегi оқу жұмыстарын iске асыру әдістерi
мен тәсiлдерi;
– сабақ өткiзуге қажет оқу құрал-жабдықтары;
– үйге тапсырма.
Сонымен, сабаққа дайындала отырып, мұғалiм оқу
бағдарламасын және бiр көзден өткередi, оқулық материалы-
мен танысады, қосымша әдебиеттердi қарастырады, жiктемелi
және жеке-дара оқуға қажет материалдарды құрастырады, оқу
құрал-жабдықтарын (кесте, сұлба, жоба, үлестiрмелер) iрiк-
тейдi, сабақ әдістерi мен тәсiлдерiн таңдайды, дәрiс типi мен
құрылымын анықтап, осылардың бәрiн өзiнің сабақтық конс-
пект – жоспарында хаттайды.
262
Үй тапсырмалары
Оқу үдерiсiнің маңызды да ажыралмас бөлiгi –
оқушылардың үйдегi өзiндiк жұмысы. Онық мақсаты –
сабақта игерiлген бiлiм мен ептiлiктердi кеңейту мен тереңдете
түсу, қайта жадқа салып, ұмытудан сақтандыру, шәкiрттердің
жеке бейiмдiлiктерiн, дарынын әрi қабiлеттерiн дамыту. Үйдегi
өзiндiк жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сай
түзiлiп, оқушылардың қызығулары мен қажеттерiне, олардың
даму деңгейiне орайластырылады. Бұл жұмыс балалардың өз
дербестiгiне, саналылығына, белсендiлiгi мен ынтасына негiз-
деледi. Дұрыс ұйымдастырылған өзiндiк үй жұмысының есесi,
сыныпта орындалатын оқу жұмыстары есесiнен бiрде кем бол-
майды.
өзiндiк үй жұмысы аса маңызды дидактикалық қызметтердi
орындайды. Дәлiрек айтсақ:
– сабақта қабылданған бiлiмдер мен ептiлiктердi бекiту;
– сыныпта өткен оқу материалын кеңейту және тереңдету;
– жаттығуларды өзбетiнше орындау ептiлiктерi мен
дағдыларын қалыптастыру;
– бағдарламалық материал шеңберiнен ауқымды көлемде,
бiрақ оқушы мүмкіндiктерiне сай келетiн жеке-дара тапсырма-
ларды орындау арқылы дербес ойлау қабiлетiн дамыту;
– жеке-дара бақылаулар, тәжiрибелер орындау; сабақта
жаңа тақырыпты өту үшiн табиғи материалдар, гербарийлер,
суреттер, газет және журнал кесiндiлерi және т.б. негiзiнде оқу
құралдарын жинау және дайындау;
Әдетте, өз бетiнше орындалатын оқушылардың үй
жұмыстары оқу тапсырмалары түрінде берiледi. Мұндай үй
тапсымаларының түрлері:
– оқулық мәтiнiмен жұмыс iстеу (оқу, түсiну, түсiнiксiз
сөздердi, тiркестердi терiп жазу);
– жаттығуларды орындау, мәселелердi шешу;
– графикалық жұмыстар орындау (сурет салу, контур карта-
ларды сызу және т.б.);
– жануарларды, өсiмдiктердi, табиғат құбылыстарын
бақылау бойынша тәжірибелік жұмыстар;
– қарапайым дербес тәжiрибелер өткiзу;
263
– қажет материалдарды жаттап алу.
Мектеп тарихы қай жағдайда да үй жұмыстарын тапсырудың
оқушылар үшiн пайдалы екендiгiн дәлелдеп келе жатыр.
Сабақта өтiлген бiлiмдер үйде жүйелi қайталанып тұрмаса,
тез ұмытылады. Ал дербес үй жұмыстарынан бас тарту мiн-
деттi түрде оқу сапасының төмендеуiне әкелiп соқтырады.
Педагогтың мiндетi үй жұмысынан бас тарту емес, ал оған
орынды, тиiмдi басшылық жасау. Үй тапсырмалары тек бiрiн-
шi сыныптағыларға ғана берiлмейдi, себебi пәндiк сабақтар әр
күнi өтетiн болғандықтан бiлiмдер ұмытылмайды. Мұғалiмнің
парызы
екiншi-төртiншi
сыныптағы
оқушылардың
үй
тапсырмаларының орындалуына жәрдемдесу, сонымен бiрге
оқушылардың үй жүктемесiн мүмкін болған жоғары нормативтi
деңгейде алып бару.
Ең жоғары жүктеме нормативтерi
Сынып
1-шi
2-шi
3-шi
4-шi
Мектептегi
сабақ саны
3-4
4
4-5
5-6
Үй жұмысы
(сағат саны)
Жоқ
1
1
1,5
Бұларға қосымша дербес үй жұмыстарын пайдалана оты-
рып, мұғалiм келесi талаптарды орындауы тиiс:
– үй жұмыстарын өзбетiнше және мұқият орындауға
тыңғылықты ынталандыру;
– үй жұмыстарын бүкiл сыныптың зейiндi қабылдауымен
ұсыну;
– үй жұмыстарын орындау жөнiнде түсiнiктемелер беру;
– оқушылардың қызығу ынтасын оятатын шығармашылық
жұмыстарды көбiрек пайдалану;
– үй жұмыстарын жекешелендiру және жiктемелi жүргізу;
– үй жұмыстарының оқушы мүмкіндiктерiне сай болуын ес-
керу;
– сабақта үй жұмыстарының орындалуын жүйелi тексерiп
бару;
264
– үй жұмыстарын орындауға орай ата-аналармен байланыс
түзу.
Озат мұғалiмдер балаларға үй жұмыстарын орындаудың
төмендегiдей ережелерiн ұсынады:
1. Мектептен қайтқан соң тамақтанып ал, таза ауада дем
ал немесе ата-аналарыңа үй жұмыстарында көмек бер.
2. Үй жұмыстарын белгiленген уақыттарда орындап жүр.
3. Тұрақты жұмыс орның болсын. Үй жұмыстарын орындауға
қатысы жоқ нәрселердің бәрiн жұмыс орныңнан жиыстырып
қой. Жазу құралдарыңды дайындап ал.
4. Жұмыс жоспарын ойластыр.
5. Алғашқыда күрделiрек тапсырмаларды орында, содан
соң жеңiл жұмыстарға өт.
6. Алдымен ережелердi қайтала, содан кейiн жаттығуларды
орындауға, мәселелер мен мысалдарды шешуге кiрiс.
7. Жоспар бойынша жұмыс қыл, асықпа.
8. Жұмыс арасында қысқа уақыт демалыс үшiн үзiлiстер
жаса, бөлменің ауасын тазартып тұр.
9. Соңында iстелiнген жұмыс дұрыстығын тексер.
10. Кiтаптарыңды, дәптерлеріңдi – ертеңгi мектепке
қажеттердің бәрiн сөмкеңе жинап сал.
Сонымен, оқушылардың дербес үй жұмыстарын жүйелi әрi
тұрақты мұқият ойластырмай, жоғары сапалы оқу нәтижесiне
қол жеткiзу мүмкін емес. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың
өзбетiнше
үй
тапсырмаларын
орындау
жұмыстарын
ұйымдастыру, сонымен олардың танымдық қызығуларын
арттыру – мұғалiм қызметтерiнің аса маңыздыларынан. Үй
жұмыстарын жүргізуде мұғалiм белгiлi ережелердi ұстанады,
сол арқылы олардың оқушылар үшiн қажеттi және тартымды
болуын қамтамасыз етедi.
265
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Оқу типi деген не?
2. Жаттанды оқу мәнiн қалай түсiнесiз?
3. Түсiндiрме-көрнекi оқу формасы мәнiн ашыңыз?
4. Мәселелi оқу деген не және оның технологиясы қандай?
5. Бағдарламаластырылған және жiктеулi оқу қалай
өткiзiледi?
6. Оқу ұйымдастыру формасы деген не?
7. Оқу формасын ұйымдастыру белгiлерi қандай?
8. Оқу формалары тарихына шолу жасаңыз.
9. Сынып-сабақтық оқу формасының негiзгi сипаттары?
10. Қосымша оқу формалары қандай?
11. Дәрiске қойылатын талаптар қандай?
12. Дәрiстің қандай мақсаттарын бiлесiз?
13. Дәрiстің iске асуын қамтамасыз етушi жағдаяттар қандай?
14. Сабақта орындалатын тәрбиелiк және дамыту талаптары
қандай?
15. Сабақтың типтерге бөлiну себептерi неден?
16. Сабақ түрлерін топтастыру негiздемелерiн атаңыз.
17. Аралас сабақтың артықшылығы және кемшiлiгi неде?
18. Жаңа бiлiмдi игеру сабағының құрылымы қандай?
19. Жiктеулi оқудың мәнi не?
20. Қандай балаларды жiктеулi және жекеленген оқуға тарту
қажет?
21. Сабаққа дайындық кезеңдерiнің мазмұнын ашыңыз.
22. Күнделiк сабақ жоспарында хатталатын жағдаяттарды
атаңыз?
23. Үй жұмысына қойылатын талаптар қандай?
266
10-бап
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСI
Жоспар:
Тәрбие үдерiсiнің ерекшелiктерi
Тәрбие қызметiнің құрылымы
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Тәрбие принциптерi
Тәрбие мазмұны
Тiрек конспект-сөздік
Тәрбие (воспитание) – 1) тәрбие мақсаттарына жету-
ге бағышталған тәрбиешi мен тәрбиеленушi арасындағы
басқарымды және бақылаулы, өзара ықпалды ниеттелген
тұлға қалыптастыру үдерісi. 2) Көзделген мақсатқа бағыттаушы
тәрбиешi мен тәрбиеленушi арасындағы өзара ықпалды
қызметтестік (сотрудничество).
Тәрбие теориясы – тәрбие үдерісін зерттейтiн педагогика
ғылымының бiр саласы.
Мұғалiм және оқушы – оқу үдерiсiнің субъекттерi.
Тәрбиешi және тәрбиеленушi – тәрбие үдерiсiнің субъект-
терi.
Жүйеленген тәрбие категориялары – мақсат, мiндеттер,
тұжырым (концепция), заңдылықтар, жүйелер (системы),
принциптер, мектеп, бала, отбасы, мазмұн (ақыл-ой, мораль,
эстетика, еңбек, дене-тән, құқ, экология, экономика), әдістер,
тәсілдер, жабдықтар, сеп-түрткілерi (мотивация), нақтама
(диагностика), нәтиже.
Тәрбие үдерiсiнің өзіне тән ерекшелiктерi – бағдарлы
мақсат, көп жағдаяттылық (многофакторность), нәтиже
қашықтығы, қозғалмалылығы (динамичность), ұзақ мерзiмдiлiгi,
үздiксiздiгi.
Тәрбие үдерiсiнің қасиеттерi – кешенділік, баламалылық
(вариативность) нәтиже күңгірттiгi, екi тараптылығы (тәрбиешi –
тәрбиеленушi, тәрбиеленушi – тәрбиешi), қайшылықтылығы.
267
Тәрбие үдерiсiнің мақсаттары: – жан-жақты дамыған
икемшіл тұлға қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтар
негiзiнде азамат тәрбиелеу, шәкiрттi ғылым, мәдениет,
өнер құндылықтарына етене араластыру, демократиялық
қоғам бағдарындағы өмiрлiк көзқарас баулу, тұлға қалауы
мен әлеуметтiк талаптарға сай қабiлет, ептiлiк, қызығулар
қалыптастыру, әлеуметтiк қызмет – ортақтасу – тiлдесу
қабiлетiн дамыту.
Тәрбие үдерiсiнің кезеңдерi – 1. Қажеттi талаптар мен
ережелердi түсiну, қабылдау (осознание); 2. Бiлiмдердің на-
ным-сенiмге (убеждения) өтуi. 3. Сенiмнің сезiммен бiрiгуi. 4.
Iс-әрекет пен сезiмнің әрекет-қылықта көрiнуi.
Тәрбиедегi негiзгi қарама-қарсылық – жаңа қажеттiктер
мен оларды қанағаттандыру мүмкіндiктерi арасындағы
айырмашылық.
Тәрбие тиiмдiлiгiн қамтамасыз етушi жағдаяттар
- қалыптасқан қатынастар, мақсат пен сол мақсатқа жету
әрекеттерi арасындағы сәйкестiк, тәрбиелiк әрекеттер
(тәжірибе) мен тәрбиелiк ықпалдар үйлесiмдiлiгi, шынайы және
субъектив жағдаяттарының өзара үйлесiмдi әсерлер бiрлiгi,
сырттай тәрбиелiк ықпал мен өзiндiк тәрбие қарқындылығы.
Тәрбие принциптерi – тұлға болмысын ескеру (личностный
подход), жеке тұлғалық және қоғамдық бағыт-бағдарлардың
ұштастығы, тәрбиенің өмiрмен, еңбекпен байланысты болуы,
ұнамды үлгi-өнегенi арқау ету, тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi.
Қазіргі заман тәрбиесiнің негiзгi идеялары – тәрбие
мақсаттарының шынайылылығы (реализм); балалар мен
ересектердің бiрлiктi iс-әрекетi; өзiндiк таным мен азаматтық,
кәсiптiк және адамгершiлiк танымдар арасындағы үйлестiк;
тәрбиенің жеке, нақты адамға бағытталуы, бала еркiндiгiн
дәрiптеу, тәрбиенің ұжымдық сипатын қолдау;
Тәрбиенің iзгi мүддесi – адамның өмiрлiк мiндеттерi – аза-
мат, маман-кәсiпкер, отағасы (семьянин) болуға дайындау.
Тәрбие мазмұны – жүйелi бiрiгiмге келген бiлiмдер, наным-
сенiмдер, дағдылар, көзқарастар, тұлғалық сапалар мен бiтiс-
тер, тұрақты әдеттер.
268
“Бала тәрбиесi – бұл көрсе қызар
ермек емес, ол ауыр жан күйзелiсiн,
күш-қуат, ұйқысыз түндер мен аса
көп ойластыруды қажет қылатын
тапсырыс”’.
Я.Корчак
Тәрбие үдерiсiнің ерекшелiктерi
Жалпы педагогикалық үдерiсте тәрбие жұмыстары да өз
өрiсiн табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс
ретiнде қарастырылады, себебi ол өз ерекшелiктерiне ие бо-
луымен оқу үдерісiне де, даму үдерісiне де жанаса бермейдi.
Тәрбие барысын зерттеушi педагогика саласы тәрбие теори-
ясы деп аталады. Егер оқу үдерiсiнің субъекттерi мұғалiм мен
оқушы есептелетiн болса, тәрбие үдерiсiнің қатысушылары
– тәрбиешi мен тәрбиеленушi. Бастауыш мектепте оқуды
да, тәрбиенi де жүргізетiн бiр тұлға – маман педагог.
Тәрбие – мақсатты жүйеде тұлға қалыптастыруға
бағытталған үдеріс, яғни арнайы ұйымдастырылған,
тәрбие мақсатын iске асыруға бағышталған тәрбиешi
мен
тәрбиеленушi
арасындағы
басқарымды
әрi
бақылаулы өзара ықпалды iс-әрекет қатынастары.
Тәрбие бiрнеше ерекшелiктерге ие. Оның ең басты ерек-
шелiгi – мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан
күтiлетiн жоғары тиiмдiлiк оның алдына тартылған мақсаттың
балаға жақын әрi түсiнiктi болуынан. Мақсат бiрлiгi, өзара
қызметтестiк осы заманғы тәрбие үдерiсiнің негiзгi сипатын
құрайды.
Тәрбие үдерісi – көп жағдаятты, оның құрамында субъ-
ектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келедi. Ескере-
тiн жәйт – тәрбиешi iс-әрекетi тек шынайы заңдылықтарымен
анықталып қалмайды. Себебi тәрбие – өнер, ал өнер тәрбиешi
тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушiлермен түзген
қатынасына орай туындайды.
Тәрбие үдерiсiнің күрделiлiгi одан күткен нәтиженің нақты
ұстамға келмей, оқу үдерiсiндегiдей дер мезетiнде көрiнбеуiнде.
269
Тәрбиелiк пен тәрбиесiздiк қалыптардың жүз беруi аралығында
қажеттi тұлға қажеттерiнің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңi
жатыр. Себебi бала әртүрлі ықпалдарға кезiгiп, оң да, терiс те
тәжiрибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық
тәжiрибеден келеңсiз сапаларды шығарып тастап, олардың
орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Мұның
оншалықты оңай болмайтыны баршаға аян. Тәрбиенің және
бiр күрделiлiк себебi оның өте қозғалмалы (динамичность) бо-
луында, осыдан тәрбие үдерісi жылдам ауысады, тез өзгерiске
келедi.
Тәрбие үдерiсiнің айтарлықтай ерекшелiгi - ұзақ мер-
зiмдiлiгiнде, яғни адам тәрбиесi – өмiр бойы тоқталмайтын
iс. К.Гельвеций: “Мен әлi үйренудемiн, менің тәрбием бiткен
емес. Ал ол қашан бiтедi? Тәрбиеленуден қалған күнi, яғни мен
өлгеннен соң. Менің бүкiл өмiрiм, шынын айтсам, бiртұтас ұзақ
тәрбие”. Адам санасында мектептегi тәрбиенің қалдыратын iзi
аса бедерлi, себебi адамның жас шағындағы жүйке жүйесi өте
икемшiл әрi қабылдағыш келедi. Дегенмен, мектептегi жақсы
ұйымдастырылған тәрбие үдерiсiнің өзінен де жылдам табыс
күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесiнің тiкелей ықпал сәтiнен
бiршама уақытқа созылуымен сипатталады.
Тәрбие үдерiсiнің және бiр ерекше сипаты – оның
үздiксiздiгiнде. Мектеп тәрбиесi – тәрбиешi мен тәрбиеленушi
арасындағы бiрi екiншiсiмен ұштасып, жүйеге келтiрiлген өзара
ықпалды қатынас әрекеттерi. Егер тәрбие үдерісi үзiлiске түссе,
науқандыққа негiзделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттердi
бекiту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа “жолдар”
қалыптастыруға мәжбүр боламыз.
Тәрбие үдерісi – кешендi, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат,
мiндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бiрлiгiн
аңдатады, оның тұлға қалыптасуының бiртұтастығы идеясы-
на бағыныштылығын бiлдiредi. Тұлға сапа-қасиеттерi өзара
бөлектенбей, бiрлiкте, бiрiгiмдi, бiр уақытта кемелденiп жата-
ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-
шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиешi
талап деңгейiне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетiне көбiрек
назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында
зейiндiлiк, шыдамдылық, байқағыштық ж.т.с.с. қасиеттердi
270
қалыптастыруға көбiрек көңіл бөлiнедi. Тәрбиенің кешенділік
сипаты бiрқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-
ды, тәрбиешi мен тәрбиеленушiлер арасындағы ықпалдасты
әрекеттердi мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етедi.
Нәтиже баламалылығы мен екiұштылығы да осы тәрбие
үдерісін ерекшелейтiн сипат. Бiр жағдайда теңдей тәсiлдердi
қолданғанның өзiнде қолға кiрер нәтиже әрқилы болуы мүмкін.
Мұның себебi – тәрбиеленушiнің даралығы, әлеуметтiк
тәжiрибесi мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушiлердің
кәсiби дайындық деңгейi, олардың педагогикалық шеберлiгi,
тәрбиеленушiлермен қатынас жасай бiлу ептiлiгi де – тәрбие
барысы мен нәтижеге күштi әсерiн тигiзедi.
Тәрбие – екi тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы
үдерiстің екi бағытта бiрдей – тәрбиешiден тәрбиеленушiге
(тура байланыс), тәрбиеленушiден тәрбиешiге (керi байла-
ныс) қарай жүруiнде. Үдерiстi басқару, негiзiнен, керi байланыс
арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушiлерден келiп түскен
ақпараттар негiзiнде оқу, тәрбие нәтижесi анықталып барады.
Керi байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешiнің
тәрбиелiк ықпалы соғұрлым күштi болады.
Тәрбие үдерісi қарама-қарсылықты келедi. Осыдан тәрбие
диалектикасы (дамуы) iшкi және сыртқы қайшылықтармен
анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерiсiнің үздiксiз
ағымын қамтамасыз етедi. Тұлға қалыптасуының барша
сатысында көрiнетiн iшкi қайшылықтар жаңа қасиеттер
мен оларды iске асыру мүмкіндiктерi арасындағы
айырмашылықтардан туындайды. “Бiлемiн” және “бiлмеймiн”,
“бар” және “жоқ” араларындағы сәйкессiздiк баланы белсендi
iс-әрекет орындауға, тәжiрибе өрiстетуге, жаңа бiлiмдер мен
қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен
ережелердi тануға ынталандырады. Тәрбие қызметi – тұлға
қалыптасуын дұрыс бағытқа түсiру, ал бұл тәрбиеленушiлерге
қозғау салатын күштердi, олардың қажеттерiн, сеп-түрткілерiн,
өмiрлiк жоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең
бiлуге тәуелдi.
Тәрбие үдерiсiнің бағыты мен нәтижесiне сыртқы қарама-
қарсылықтар да күштi ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен
отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келiспеушiлiктер
271
осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелi. Тәрбие бары-
сында кезiгетiн көптеген қиыншылықтар астарында халықтың
“молданың айтқанын iсте, iстегенiн iстеме” дегенiндей, адам
аузынан шыққан лебiз бен оның жасаған қылығының жарасым-
ды болмауы жатыр.
Тәрбиешi мiндетi – тәрбиелiк ықпалдардың баршасын өз
мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтасты-
ру емес. Керiсiнше, педагог iс-әрекетi неғұрлым демократизм
мен шығармашылық еркiндiкке негiзделсе, оның ұйымдастыру
және бағыттау күш-қуаты да әсерлi келедi. Үдеріске байланыс-
ты шарттар мен жағдайлар ескерiлсе, өз әрекеттерiнің сал-
дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса,
тәрбиешi қызметi әрқашан табысқа кенеледi.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократиялас-
тыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмiрiнен шы-
найы орын тауып, қарапайым адамилық сезiмдердің – балаға
қамқорлық, сүйіспеншiлiк пен мейiрiмдiлiк – үстем болған
күнiнде ғана iске асуы мүмкін. Сондықтан бүгiнгi таңдағы
тәрбиешi алдында тұрған аса маңызды мiндет – тәрбиеленушiнi
педагогикалық ықпалдарды шын көңілiмен қабылдауға ойыс-
тыру. Педагогикалық бағыттау өте әдiптi, жайбарақат, елеу-
сiз, мүмкіндiгiнше баладан жасырын жүргізілгенi жөн. Бала
тәрбиесiне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебiз бiл-
дiре тәрбиелеу қажет.
Сонымен, тәрбие үдерісi жалпы педагогикалық iстер желiсiн-
де оқу жұмыстарымен бiрге жүріп отырады. Бұл қызмет бiрқанша
өз ерекшелiктерiне ие, сондықтанда өз алдына педагогикалық
сала ретiнде дербес қарастырылады. Тәрбие үдерiсiнің атаулы
ерекшелiктерi: көпжағдаяттылығы, қозғалмалылығы, ұзақ мер-
зiмдiлiгi, күрделiлiгi, баламалылығы, екiұштылығы мен нәтиже
алшақтығы.
Тәрбие үдерiсiнің құрылымы
Тәрбие үдерісi қалай жасалатыны, оның iшкi құрылымы
қандай екенiн бiлу оңай емес. Себебi бұл үдерiстің өте
күрделiлiгiнен оның құрылымдық өлшем-шектерiде сан-алу-
ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда бiз осы үдерiстің
272
мақсаттары мен мiндеттерiн, тәрбие үдерiсiнің мазмұнын,
оның өту жағдайларын, тәрбиешi мен тәрбиеленушi ара-
қатынастарын, тәрбиелiк iсте қолданылған әдістер мен фор-
маларды, үдерiстің уақыт шектерiндегi даму кезеңдерiн арқау
етiп жүрмiз. Аталған құрылымдық негiздердің кейбiрiнің сипат-
тамасын берейiк.
Тәрбие үдерiсiнің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан
шешiлуi
тиiс
мiндеттер
бiрiздiлiгiмен
белгiленедi.
Осы таңдағы бастауыш мектеп тәрбиесiнің бағыттары
төмендегiдей:
– жан-жақты, үйлесiмдi дамыған адам қалыптастыру;
– жалпы адамзаттық құндылықтар негiзiнде тұлғаның
адамилық сапаларын тәрбиелеу;
– оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлiк құнды-
лықтарға араластыру;
– қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен
тұлға құқықтары және мiндеттерiне сәйкес өмiрлiк көзқарас,
бағыт тәрбиелеу;
– оқушы мүмкіндiктерi мен ниеттерiн, қоғам талаптарын бiр-
лiктi ескерумен оның бейiмдiлiгiн, қабiлеттерiн және қызығу-
ұмтылыстарын дамыту;
– жеке тұлғалық және әлеуметтiк мәндi, көп түрлі қызмет,
iс-әрекеттердi ұйымдастыру;
– тұлғаның әлеуметтiк аса маңызды қызметi – қарым-
қатынасын дамыту.
Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгiлi сатылардан
өтедi. Тәрбие үдерiсiнің бiрiншi сатысы – оқушылардың
өзінен талап етiлген қалыптар мен әрекет-қылық ере-
желерiн түсiнiп, ұғуы. Бұл талап орындалмай, көзделген
тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.
Гуманистiк педагогика тұжырымы: балаларға ненi, не үшiн
және не себептi осылай iстеу керектiгiн жалықпай, шыдам-
мен түсiндiру қажет. Әрекет-қылық қалыптарын игерудің негiзгi
жолы осы.
Бiлiмнің нанымға айналу қажеттiгi – басқаша емес,
нақты осы әрекет-қылық типiнің қажеттiгiн түсiнуден. На-
ным – өмiрлiк басшылыққа алынатын белгiлi принциптер мен
дүниетанымға негiзделген тұғырлы көзқарастар шоғыры. На-
273
ным болмаған жерде тәрбие үдерісi қауқарсыз, дамуы баяу-
лап, ұнамды нәтижеге жете бермейдi. Тәжiрибе көрсеткендей,
бала кiшi жастың өзiнде көп нәрсенi бiледi, мысалы, мұғалiммен
сәлемдесу керек, бiрақ кей балалар мұны iстемейдi. Себеп:
бiлiк бала жанының азығы – наным деңгейiнде меншiктел-
меген. Тәрбие алғашқы “бiлiм” кезеңiнде тоқырап, “наным”
кезеңiне жетпей қалған.
Сезiмталдық тәрбиесi – тәрбие үдерiсiнің түпкiлiктi де
аса маңызды және бiр элементi. “Сезiмсiз адам – кесек, ма-
хаббатсыз адам - есек” – деп ұлы ғұлама А. Науаи айтқандай,
адами көңіл шарпулары, яғни эмоция жұтаң ортада, ақиқат
iзденiсi жоқ, тiптi болмайды да. Ал балалық шақтағы көңіл
сезiмi - әрқандай әрекет-қылықтың қозғаушы күшi. Сезiмдi
әрлендiре, әрi оны арқау етумен тәрбиешiлер көзделген талап-
тар мен ережелердің дұрыс та тез қабылдануын қамтамасыз
ете алады.
Алайда, тәрбие үдерiсiнің басты кезеңi – iс-әрекет қаншама
ғанибет сұхбат, кеңес, түсiндiрулер мен уағыздар болғанымен,
олардан түсер нәтиже жоқтың қасы. Егер бала өз еркiндiгiн
дербес жәрия ету мүмкіндiгiнен ажыралса, егер ол қателесiп,
сұрiне “маңдайын жарға ұрмаса”, егер ол iс-әрекетке тiкелей
араласып тәжiрибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген
нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-
ша мол ақылға сай еркiндiк берiп, олардың қылық-әрекетiн
iспен байланыстыра, бiлдiрмей әрi әдептiлiкпен түзетiп, рет-
теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжiрибесiнде бұл тәрбие
кезеңi таза күйiнде дербес өтпейдi, ол әрдайым көзқарас, на-
ным, сезiмдердi қалыптастыру iстерiмен бiрге орындалып ба-
рады. Тәрбие үдерісi құрылымында педагогикалық мақсатқа
сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бала iс-әрекетiне,
тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берiлсе, тәрбие
тиiмдiлiгi соғұрлым арта түседi.
Сонымен, тәрбие үдерісi барша кезеңдердi өтуi тиiс, сон-
да ғана ол тиiмдi. Ал нәтижелiлiкке сүйенiш болар кезеңдер
– бiлiм, наным, сенiм – тұрмыстық iс-әрекетпен ажыралмас
байланысты болуы заңдылық.
274
Достарыңызбен бөлісу: |