Жүйелiлiк және бiрiздiлiк принципi
Бұл принцип келесi ғылыми тұжырымдарды негiзге ала-
ды: қоршаған орта болмысының айқын бедерлерi мида нақты
бейнеленсе ғана, оқушы шынайы бiлiм топтай алады; ғылыми
бiлiмдер жүйесiн қалыптастырудың басты тәсiлi – белгiлi жол-
мен ұйымдастырылған оқу; ғылыми бiлiмдер жүйесiнің бiрiз-
дiлiгi оқу материалының iшкi қисынымен және оқушылардың
танымдық мүмкіндiктерiмен байланысты; жеке элементтер-
ден тұратын оқу үдерiсiнің тиiмдi әрi жоғары нәтижеге жетуi
ол үдерiсте орынсыз үзiлiстердің, ескерiлмей қалған қажеттi
сәттердің болмауына және бiрiздiлiктің қандай да себептермен
бұзылмауына тәуелдi. Егер дағдылар тиiстi жаттығулармен
жүйелi бекiмесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар
қисынды ойлауға үйретiлмесе, олар өздерiнің ойлау iс-
әрекетiнде үлкен қиыншылықтарға кезiгедi; егер оқу iсiнде
жүйелiлiк және бiрiздiлiк сақталмаса, оқушылардың даму
үдерісi бәсеңдейдi.
Мұғалiм қызметінде жүйелiлiк және бiрiздiлiк принципi
көптеген ережелердi орындаумен iске асып барады, олардың
арасына аса маңыздылары келесiдей:
– Оқушылардың бiлiмдер жүйесiн қалыпты игеруiн
қамтамасыз ету үшiн сұлбаларды, жоспарларды орынды
пайдаланыңыз. Оқу материалын қисынды бiтiмге келген
бөлiктерге ажыратыңыз, оларды бiрiздi iске асырып барыңыз,
балаларды өзара кезекті оқу әрекеттерiн жасауға үйретіңiз.
189
– Егер жауабы табылмайтынына не шешiмi шықпайтынына
көзіңiз жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелердi сабаққа
қойып әуре болмаңыз.
– Материалдың мазмұндық, сондай-ақ оқу тәсiлдерiнің
жүйесiн бұзуға жол қоймаңыз, ал егер жүйе себепсiз өзгерiске
түсе қалса, үлгермеушiлiктің алдын алу үшiн олқылықтарды
түзетуге тырысыңыз.
– Әрдайым пән аралық байланыстарды пайдаланыңыз.
Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу әдістемелерiнде бастауыш
мектептің барша сыныптар арасындағы сабақтастықты
қамтамасыз етіңiз.
– Оқу әдістемелерiнің жетiстiктерiн пайдаланыңыз: өз
оқушыларыңызбен тiрек-конспекттер, оқу материалының
құрылымды-мәндік сұлбасын түзіңiз, бiлiмдердi игеру барысын
жеңiлдететiн шараларды қолданыңыз. Оқу барысында жүйелi-
лiк пен бiрiздiлiктi қамтамасыз ету үшiн бұрын өтiлгендердi жиi
қайталап отырыңыз және жетiлдiрiп барыңыз.
– Қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың ба-
сында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты
қолданып қана қоймай, оларды бүкiл сабақ барысында негiзгi
мәселеге орай, сонымен бiрге жеке мәселелердi баяндаудан
соң да пайдалануды ұмытпаңыз. Жаңа материалдарды өтудi
күрделендiретiн жағдайлардан сақ болыңыз. Сабақ тақырыбына
жасанды ендiрiлген, оған тiкелей қатысы жоқ идеялар (бiлiмдiк,
дамытушы, тәрбиелiк) дәрiс нәтижесi мен оқу құндылығын
кемiтедi. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идея-
ларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндiктерiне орай
игертудi, оқу-тәрбие үдерiсiнің жылдық жоспарына ендiрудi ал-
дын-ала көздеңiз.
– Өтiлгендердi қайталау сабақтың басында бiлiм және
ептiлiктердің игерiлу деңгейiн анықтау үшiн немесе сабақтың
ақырында ұсынылған ақпаратты бекiту үшiн ғана орындалмай,
бұл жұмыс логикалық бiтiмге келген оқу бөлiктерiнің әрбiрiнен
соң сабақ барысында iске асып отыруы шарт.
– Оқушылардың ой өрнектеу тәсiлдерi мен формала-
рын бақылап баруды естен шығармаңыз. Тұрақты әрi үлкен
шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйретіңiз.
Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бiрте-бiрте күрделенетін
190
болсын, сонымен бiрге олардың табысты орындалуы үшiн
мүмкіндiктер жасаңыз. Iстi мүмкін болғанша оқушының өзi
орындасын, қажет болса, көмек беріңiз.
– Оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенiмiн
жеткiзіңiз.
– Сезiмдiк тәжiрибе мен тiрек бiлiмдердi орынсыз әрi жиi
жаңғыртуға әуесқой болмаңыз, жаңа бiлiмдердi игеруге ғана
қажеттерiн еске түсiріңiз, әркiмге белгiлi әшейiн бiлiктердi ха-
барлау үшiн өзi де тығыз сабақ уақытын алмаңыз.
– Жүйенi түсiну – логиканы, ал оны қалыптастыру – сезiм
мен эмоцияны қажет ететiнiн ұмытпаңыз. Оқу көтеріңкi көңіл
және шабытпен жүргізілетін болсын, өмiр, әдебиеттің жарқын
деректерiн пайдаланыңыз: ұғымдар түсiндiредi, бейнелер елiк-
тiредi, ынта әрекетке келтiредi.
– Бөлiм, курс ақырында мiндеттi түрде жалпылау және
жүйелестiру сабақтарын өткiзіңiз.
– Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыста-
рында жiберiлген қателердi тұрақты түрде, үлкен шыдам және
тiлектестiкпен жөндеп отырыңыз, балаларды өз қателерiн
жүйелi талдастыруға үйретіңiз.
– Шаршаған балаларды жасанды жолмен елiктiрмеңiз.
Олардың жаңа әрекетке, соны тапсырмаларға құмарлығын
орынды пайдаланыңыз. Оқушылардың ақыл белсендiлiгiн да-
мыту және қолдау заңдылықтарын ұстаныңыз, ой жұмысында
көтеріңкi мезеттермен бiрге шаршап-шалдығу да болатынын
ұмытпаңыз.
– Шектен тыс “айла” қолданып, оқушылардың бiрнеше
дәрiстерде игеретiн материалын бiр сабақта өтiп, үйретемiн
деуден аулақ болыңыз.
– Есіңiзде болсын, бiлiм қалыптастырудағы жүйелiлiк – оны
естен шығармаудың бiрден-бiр кепiлi. Ұмытылған бiлiмдер
жүйе негiзiнде тез қалпына келедi, ол болмаған жерде – қайта
жаңғырту үдерісi қиындасады.
– Я.А.Коменскийдің “Барша нәрсе бiрiздi ажыралмас байла-
ныста жүргізілуі тиiс: бүгiнгi кешегiмен бекiп, ертеңгiге жол са-
луы қажет”. – деген кеңесiн бiр де бір есіңiзден шығармаңыз.
191
Берiктiк принципi
Бұл принципте келесiдей заңдылықтар анықталған: бiлiм
мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының
дамуы – оқу үдерiсiнің бiр-бiрiне байланысқан екi тарапы;
игерiлген оқу материалының берiктiгi ақылға сай жағдаяттарға,
яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелдi
болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалiмге
деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерiлген бiлiмнің
берiк болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен
әдістерiн пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзiмiне байланысты
келедi; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да ма-
териал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал
берiк орнығады және ұзақ сақталады.
Игерiлген бiлiмдердің бекуiне жәрдемшi оқу iс-әрекетiн
түсiнуден дәстүрлi оқу жүйесiне жаңа ережелердi ендiру
мүмкіндiктері ашылды:
– Қазіргі заман оқуында ес мүмкіндiктерiнен гөрi ойлау
қабiлетi көбiрек iске қосылады. Сондықтан аса қажеттi болмаған
бiлiмдiк материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-
қуатын үнемдеңiз, ес жүктемесiн ойлау әрекетiне кедергi болар
дәрежеде арттырмаңыз.
– Қате қабылданған немесе түсiнiксiз материалдардың есте
бекуiне жол қоймаңыз. Бала әр уақыт саналы игерiлген және
түсiнген бiлiмiн ғана есте сақтайтын болсын.
– Қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балалар-
ды құтқару үшiн, оларды әрқилы анықтама кiтаптарымен,
сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға
үйретіңiз.
– Есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиiс.
Оқушының өзi ойланып, жеңiл есiне келтiретiндерiнің бәрiн
жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастаңыз.
– Есіңiзде болсын, өтiлгендi ұмыту үдерісi оқу жұмысы бiт-
кен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты
мен жиiлiгi ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен
сәйкестендiрiлуi қажет.
192
– Қайталаулар жиiлiгi оқушының ұмыту жағдайларына
сәйкес болуы тиiс. Қайталаулардың көбi жаңа материалдың
өтiлу iзiмен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетiнде
ұйымдастырылып, ал кейiн бұл бекiту жұмыстары бiрте-бiрте
кемидi, бiрақ толық тоқтатылмайды.
– Оқушыларды өз мүмкіндiктерiне сәйкес күш салып, жұмыс
iстеуге үйретіңiз. Ерiншектiкке жол бермей, тиiмдi iс-әрекет
желiсiн қалыптастырыңыз.
– Алдын-ала оқу үдерісiне аса қажет екi сапаны – қызығу
мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтудi
бастамаңыз.
– Оқу материалын ұсынуға назар салуды ұмытпаңыз. Өзара
қисынды байланыстағы бiлiмдер мен нанымдар жеке-дара,
тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берiк игерiледi.
– Оқу қарқыны төмендегенiн байқаудан, кейiн қалдырмастан
оның себебiн анықтаңыз. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесi-
дей болуы мүмкін: оқу барысына қызығушылықтың болмауы
және шаршау. Оларды қайта қалпына келтiрудің жолдарын
iздестiріңiз. Оқу барысын жасанды жолмен жеделдетпеңiз.
– Оқушылардың ырықты зейiнiн аса жүктемеңiз; тiкелей тап-
сырмалар және көрсетпе беруге құштар болмаңыз. Балаларды
өз кеңестеріңiздi тыңдап, құлақ салуға үйретіңiз. Оларды өте
қызықтырған жәйттер жөнiнде ұстамдылықпен әңгімелеңiз.
Сабақта балаларды оқу жұмысына елiктiргендей материал-
дарды байыппен пайдаланыңыз. Кезектi тәрбие “уағызының”
орнына – әзiл, ертегi, өнеге хадистер, аңыз-әңгімелер
пайдаланыңыз. Балалар сiздi түсiнерi сөзсiз.
– Оқушылардың бiрiн-бiрi оқыту жүйесiн кең пайдаланыңыз,
әрi оны үлкен ептiлiкпен бағдарлап барыңыз. Мұғалiм ұзақ
уақытын сарп етiп, қалыптастыра алмаған баланың кейбiр
қасиеттерi осы бiрiн-бiрi оқытуда кенеттен жеңiл әрi жылдам
пайда болады.
– Оқушылардың жады қабiлетiн дамытыңыз, есте қалдыруды
жеңiлдетушi әрқилы тәсiлдердi пайдалануға үйретіңiз.
– Оқылғанның бәрiн саналы, терең және берiк игертуге
тырыспаңыз, оқушы ең басты деген ақпараттарды игеруге күш
салсын, бұл бұдан былайғы оқуды жалғастырудың негiзi.
193
– Күнi iлгерi ұнамды сеп-түрткілер қалыптастырмай, жаңа
материалды өтуге кiрiспеңiз. Бала санасына күштеп енгiзiлген
бiлiм ұзақ сақталмайды.
– Оқу логикасын сақтаңыз, өйткенi өзара қисынды
байланысқан бiлiмдер берiк игерiледi.
– Өтiлген материалдарды қайталау мен бекiтуде оқушы жа-
дын ғана дамытып қоймастан, оның ой-өрiсi мен сезiмдерiнің
белсендiлiгiн көтеруге тырысыңыз.
– Бiлiмдердi түсiндiру және бекiту жұмыстарын жүргізумен
бiрге жаңа мысалдар енгiзiп, нақтылаушы қорытындылар кел-
тiрiп, жарқын көрнекi құралдар пайдаланып, олардың ауқымын
кеңейтуге көңіл аударыңыз.
– Материалдарды қайталауда алғашқы танысу са-
бағындағыдай емес, жаңа жүйелердi пайдалануға тырысыңыз.
Оқушыларды өтiлген материал қорын жаңа тұрғыдан талдауға,
салыстыруға үйретiп, өз пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкіндiк беріңiз.
– Оқу берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қызықты баяндау
тәсiлдерiн, көрнекi құралдарды, техникалық оқу жабдықтарын,
дидактикалық ойындарды қолданыңыз.
– Жаңа материалды өту барысында оны бұрын игерiлген-
дерiмен байланыстырыңыз, өткендердi жаңа материалдарға
қоса қайталаңыз. Оқу тапсырмаларыңыз бiрдейiне жеңiл әрi
бiртектi болмасын: олар балаларды тез шаршатып, даму ба-
рысына кедергi болуы мүмкін. Жаттығуларыңыздың бәрi мән-
мағыналы болуына назар аударыңыз. Белсендi ой мен саналы
шешiм iздестiрудi, нәтижелердi берiлген шарттармен салысты-
руды қажет еткен жаттығуларды орындау тиiмдi келедi.
– Жаттығу алдын ненi және қалай орындауды, жұмыс
нәтижесiне қандай талаптар қойылатынын жете түсiндiріңiз,
өрнек, үлгi жұмыстарын жүргізіңiз.
– Жаттығулар барысында оқушыларды шаршатып алатын-
дай ауыр жүктемелерге душар етпеңiз.
– Оқушылардың дамуындағы өзгерiстердi анықтау үшiн
ғылыми негiзделген нақтамалық тәсiлдер түрін, шараларын
және бақылау әдістерiн қолданыңыз: тек осылай ғана оқу
нәтижесiнің тиiмдiлiгiн көтеруге, оның нәтижелiлiгiн мақсатты
бағдарлап баруға болады.
194
– Оқушы еңбегiн бағалаумен байланысты жағдаяттарды ес-
тен шығармаңыз: қалаған iс-қызметке саналы және жауапкерлi
қатынас қалыптастыруға мән беріңiз, өз еңбегiнің желiсi мен
нәтижелерiн бақылап баруға үйретіңiз.
– Бiлiмдердi бекiтудің маңызды формасы – оқушылардың
өзiндiк қайталаулары. Мұндай жұмыстарға қолдау-қуаттау
берiп, жиi ұйымдастырылуына жәрдем етіңiз. Балалардың
сабақтан қалуына, дәрiстерден бас тартуы мен онда жұмыссыз
отыруына тиым салыңыз, себебi бұл бiлiм және ептiлiктердің
берiк игерiлуiне нұқсан келтiредi.
Түсiнiктiлiк принципi
Түсiнiктiлiк принципi оқытудың көп ғасырлық тәжiрибесi
талаптарынан туындайды: бұл, бiр жағынан – оқушылардың
жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екiн-
шi жағынан – дидактикалық үдерiстi оқушылардың даму
деңгейiмен сәйкестендiре ұйымдастыру және iске асыруға
тәуелдi. Бала өзiнің ойлау деңгейiне, жинақтаған бiлiмi, ептiлiгi,
ойлау тәсiлдерiне сәйкес келген дүниенi ғана түсiне алады.
Түсiнiктiлiк принципiн iске асыруды, өз уақытында
Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңiлден-
қиынға, белгiлiден-белгiсiзге, қарапайымнан-күрделiге өту.
Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі түсiнiмдi оқытуда
мiндеттi болған ережелер тiзiмiн кеңейте түстi:
– Өтiлуге тиiс материалдардың бәрi әр жас қабылдауына
сәйкес реттестiрiлiп, ұсынылуы тиiс.
– Оқушы санасы қандай да пәндi қабылдауға дайын болуы
қажет екендiгiн ұмытпаңыз.
– Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндiктерiн,
олардың дайындығы мен даму деңгейiн арқау етіңiз.
Балалардың өмiр тәжiрибесiн, қызығуларын, бейiмдiлiгiн, даму
ерекшелiктерiн зерттеңiз және оқытуда ескеріңiз.
– Оқу мазмұны және тәсiлдерi балалар дамуынан бiр шама
алда жүретіндей болсын.
– Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшелiктерiн
назарға алыңыз. Бiр тектi мүмкіндiктерi бар балаларды жiктеулi
топтарға бiрiктiріңiз.
195
– Оқу үдерісін тиiмдi қарқында жүргізіңiз, бiрақ күштi
оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бiрге орташа
және үлгерiмi төмен оқушылардың дамуына тиiмдi ықпал жа-
сайтындай етiп ұйымдастырыңыз.
– Оқу жұмысы белгiлi дәрежеде күш салуды қажет етедi.
Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды.
Оқушылар әрдайым өз мүмкіндiктерiнен төмен оқу қарқынын
қалайды. Осыны ескерумен мұғалiм әр оқу жағдайына сәйкес
оқу желiсiн тиянақты әрi нақты белгiлеп барғаны жөн.
– Педагогиканың және психологияның жаңа жетiстiктерiн
пайдаланыңыз: нақты бiлiмдер мен ептiлiктердi кiшi көлемдегi
материалдар жәрдемiмен қалыптастырып барыңыз, ал
қорытынды бiлiмдердi қалыптастыруда – iрiленген бiлiм топта-
рын (блоктарын) пайдаланыңыз.
– Сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттес-
тiрудi, қайшылықтарды кең қолданыңыз. Жаңа және күрделi
материалды өтуде күштi оқушыларды қатыстырыңыз, ал бекiту
жұмыстарына – орташа және төмен оқушыларды тартыңыз.
– Жаңа ұғымды енгiзу бiр сабақтың танымдық мiндеттерi-
мен ғана байланыстырылмай, бүкiл өтiлген оқу жүйесiне негiз-
делуi тиiс.
– Жайлап асығыңыз! Оқу үдерісін қажетсiз жеделдетiп,
тез табысқа кенелемiн деп ойламаңыз: түсiнiктiлiк кедергiлерiн
төмендетудің педагогикалық мүмкіндiктерi шектеулi.
– Оқушының бiр сәттiк ой жарқылын оның бiлiм топтағаны
деп есептемеңiз, бұны тек жалпы танымға бастама ретiнде
пайдаланып қалуыңыз мүмкін.
– Түсiнiктi болу мұғалiмнің анық баяндауы мен сөйлеуiне
тәуелдi: ұғымдарды дәл және бiр мағыналы өрнектеуге
тырысыңыз, өмiр мен әдебиеттен жарқын деректер және мы-
салдар келтiре, оқытыңыз.
– Баян сөзіңiз ұзаққа созылып кетпесiн. Ненi өзіңiз
түсiндiресiз, балалар ненi өз бетiнше түсiнуi мүмкін екенiн
сезiнуге тырысыңыз. Оқушылардың өздерi жеңiл игеруi мүмкін
материалдарға уақыт бөлiп, түсiндiрiп жатудың қажетi жоқ.
Оқудың бастапқы кезеңiнде бiлiм қорының бәрiн түгелдей пай-
даланбастан, балалар игергендей басты мәлiметтердi ғана
196
ұсынып, кейiн бекiту барысында өтiлгендердi толықтыратын,
нақтылайтын жаңа мысалдар мен деректердi келтiріңiз.
– Оқушылардың танымдық iс-әркетiне басшылық жасаңыз:
жаман мұғалiм шындықты балалар түсiнбейтiндей етiп, ақтара
салады, жақсы мұғалiм оларды iздеп табуға үйретедi, iз-
дестiруін жеңiлдетедi.
– Түсiнiктiлiк оқу жеңiлдiгiн бiлдiрмейдi, мұғалiмнің мiндетi
оқушының еңбегiн үздiксiз жеңiлдетуде емес: балаға бағдар
беру, түсiнiксiздер мәнiн түсiнiктiлер арқылы ашу, өз бетiнше
талдау бастамасын көрсету, қолдау-қуаттау – осының бәрi
түсiнiктi оқытудың шаралары.
– Түсiнiктiлiк оқушының еңбеккерлiк қабiлетiмен байланыс-
ты: еңбектену қасиетiн дамыта отырып, және қандай да нақты
қызметке дағдыландыруда қарқынды және бiрте-бiрте ұзаққа
созылған ой әрекеттерiн орындауға үйретіңiз. Жұмыс қабiлетiн
көтерумен – оқу түсiнiктiлiгiне кедергi болар жәйттердi азайта-
мыз.
Ғылымилық принципі
Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруiне ғылым
тарапынан анықталған бiлiмдердi ұсыну. Бастапқы мектеп-
тiк бiлiмденудің де мiндетi осы ғылыми бiлiмдердi игерту-
ге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп
бiлiмiнің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерiн
қатаң ұстануына; мұғалiмдердің мазмұнды толық iске асыра
алуына тәуелдi; қабылданған бiлiмдердің ғылымдық сипаты
оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән
аралық байланыстарда iске асып барады. Озат дидактикалық
жүйелер, тәжірибелер бұл принциптi жүзеге келтiретiн бiрнеше
ережелердi ашып көрсеткен:
– Оқуды педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық
тәжiрибенің жаңа жетiстiктерi негiзiнде жүргізіңiз. Оқу желісі-
не педагогикалық еңбектi ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың
соңғы тәсiлдерiн ендiріңiз.
– Бастапқы оқу дидактикасы мен психологияның соңғы
жаңалықтарын ескерумен индуктивтi оқыту логикасын ғана
емес, сондай-ақ дедуктивтi оқу әдісiн де орынды пайдаланыңыз,
197
бастауыш мектепте дерексiзденген (абстракция) түсiнiктердi
қолданудан тартынбаңыз, себебi бұл нақты құбылыстардың
тереңдегi мән-мағынасын түсiнуге жәрдемiн бередi. Бiрақ мек-
теп курсы шеңберiнде толық түсiнiк берiлмеген абстракция-
ларды қолданудан аулақ болыңыз.
– Әрқандай жаңа енгiзiлген ғылыми ұғымды, түсiнiктi
жүйелi қайталап отырыңыз, пәндi оқыту барысында қолданып,
пайдаланыңыз, себебi жаттықтырылмаған бiлiмдер тез
ұмытылады.
– Ғылыми таным әдісiн пайдаланумен, оқушылардың ой-
лау қабiлетiн дамытыңыз, балаларды iзденiс, шығармашыл
жұмыстарға қосып отырыңыз.
– Жаңа идеялар қабылдауды бiр сәттiк мiндет деп бiлмеңiз
- әрбiр құбылысты жаңадан түзiлiп жатқан жан-жақты байла-
ныстары және қатынастары аумағында қарастыра, талдаңыз.
– Оқушыларды атақты ғалымдардың өмiрбаяндарымен
таныстыру мүмкіндiктерiн естен шығармаңыз, олар енгiзген
ғылым жаңалықтарын шәкiрттеріңiзге кең жария етіңiз.
– Жаңа ғылыми терминологияны қолданыңыз, ескiрген
терминдерден сақ болыңыз, ең соңғы ғылыми жетiстiктерден
хабарыңыз болсын.
– Ғылыми ақпарат ағымының күннен-күнге артуына
байланысты басты назарды өзектi мәселелерге аударатын
болыңыз, оқушыларға жаңа жетiстiктердің негiзгi идеяларын
ашып, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйретіңiз, жаңа
мәселелердi ұжым болып талқылауды қолдап-қуаттаңыз.
– Балалардың зерттеу-ізденіс оқу жұмыстарына қолдау
көрсетіңiз. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып,
ғылыми-тәжiрибе жұмыстарының негiздерiмен таныстырыңыз,
шығармашылықты қажет еткен мәселелердi шешуде ал-
горитмдердi пайдалануға жаттықтырыңыз. Мәселелермен
айналысудың сензитивтiк (жас сатысы) кезеңдерiн есіңiзде
ұстаңыз.
– Танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету,
қанағат табу сезiмдерiне бөленуге мүмкіндiк беріңiз.
– Қате ұғымдардың себебi болар бiртектi және жалған
сөздерден сақтаныңыз. Әсiресе мектептің бастауыш және
орта сатысында мұғалiм ақпараттарына оқушының қисынсыз,
198
өзiнше қате түсiнiктеме беруiне жол қоймаңыз. Әлбетте,
бұл бала қиялын, ой өткiрлiгiн дамытуға шек қоюдан емес.
Әрқандай маңызды нәрсенi жол жөнекей, қара дүрсiн талқыға
салмай, ғылыми тұрғыдан сараптау қажет.
Көңіл-күй ескеру принципi
Көңіл-күй ескеру принципi бала табиғатының дамуы мен
оның iс-әрекетiне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-
күйден адам жаны нәр алады, ой өрiсi сәуелелене түседi, оқу
жеңiл, жылдам және жағымды сезiммен қабылданады. Егер
оқушының кiтап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты
еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің
өзi болымсыз iс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды
көңіл-күйiн көтерiп, оны қуанышты оқиға ретiнде қабылданатын
дәрiс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған
жерде оқу үдерісi өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы
болмаған адамды оқыту – бос әурешiлiк. Көңілiн қорқыныш,
өшпендiлiк, жеккөрушiлiк жайлаған баланы оқыту оның сана-
сына шынайы болмыс деректерiн зорлап ендiрумен бiрдей.
Мұндай жолмен қабылданған бiлiм ұзаққа бармай ұмытылады,
одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар ше-
берлiгiн қосып, мектептегі оқу еңбегi мен бiлiм тартымдылығын
көтеруге ат салысады. Олар бала елiктегендей ғажайып кейiп,
перiлерден бiрде кем болмаған ұлағатты тұлға бейнесiн жа-
сайды. Бала жанын сенiм шуағымен жылытып, оның алғашқы
қадамдарына қолдау көрсетедi. Мектеп өмiрiн мұғалiмдер
жарқын да қызықты iстер, оқиғалармен толтырып отырса,
олардың бәрi балалық шақтың балдәуренi секiлдi оқушы есiн-
де ұзаққа сақталады. Оқудың көңіл-күй принципiнің талаптары
осы. Ал бұл талаптарды iске асыруда мұғалiмнің мiндеттерi:
– Әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды
көңіл-күйiн қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру.
Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зерiктiргендей әрқилы болса,
оқу материалы неғұрлым құрғақ әрi абстракт келсе, ұнамды
көңіл-күйдің болуына пайда етудің мүмкіндiктерiн iздестiрiп
бағу.
199
– Сынып босағасын көңіл жадыратар кейiппен аттап, ба-
лалармен әзiлдесе, оларды жiгерлендiретiндей сөз тауып,
сабақты бастау.
– Демократиялық қарым-қатынас мәнерін ғана ұстану.
– Балалар болмысына, олардың iстерiне қызыға қатынас
жасап, араласып бару.
– Сыныпта қапелiнде болып қалатын дау-дамайды әрқашан
сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсiз
шешу.
– Күдер үзгендей әрi қиын жағдайлардан шығу үшiн орайы
келген әзiл-қалжыңды пайдалану.
– Сабақтың әсем, бейнелi, көңілдi өткiзiлуi үшiн оқу әрекетін
танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға
толтыра жүргізу.
– Кiшi оқушының ойлауын оның сезiмдерi мен толғаныста-
рынан ажыратпау: оқу-тәрбие үдерісінің эмоционал көрiктi болу
қажеттiгi – бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған
талап.
– Әрдайымғы көңіл-күй көтеретiндей сәттерден ұнамды
қалыпта өтетiн тұрақты кейiп жағдайларына өту.
– Оқу материалдары, оқу әдістерi мен танымдық еңбек
ұйымдастыру формаларының ұнамды көңіл-күй молшылығын
пайдалану.
– Оқушыларды жаңа материалды жарқын көңілмен қабыл-
дауға дайындау.
– Қызығушылыққа кедергi болар жәйттерден сақтаныңыз,
ол үшін жаттанды материалдарды кемiтуге, құрғақ сөзді
жұмыстарды қысқартуға, сабақ қарқынын бәсеңдетуге, жұмыс
ұйымдастырудағы келеңсiздiктерге, мадақтау мен бағалауда
бiр формаға танылып қалмауға, бала толғаныстарының елен-
беуiне жол бермеңіз.
– Балалардың шынайы табыс толғанысын басынан кешiп,
оның нәтижелерiмен қуантудың қамын жасау.
– Жақсы орындалған жұмыстан алған қанағат сезiмiн бекiту.
– Қатынас тiлiнің шабытты, бейнелеу мәнерлiлiгi, сөз
көркемдiгi, әсемдiгi мен тазалығына мән берiп, қадағалау.
200
– Тосын, елiктiргендей тәсiлдермен балаларды оқу тап-
сырмаларына қызықтырып, олардың көңіл көтеріңкiлiгiн
қамтамасыз ету.
– Мүмкін болғанынша дәрiстер мен сыныптан тыс сабақ-
тарды табиғат аясында өткiзу.
– Сабақ барысында, сыныптан тыс оқу жұмыстарында
жағымды көңіл-күй шарттарын жасау үшiн ән-күйді пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |