Педагогикалық үдерiстің заңдылықтары
Педагогикалық үдеріс заңдылықтары сол үдерiстің басты,
шынайы, болмысқа сай, қайталанып отыратын байланыстарын
аңдатады. Басқаша айтсақ, заңдылықтар – педагогикалық
үдерiсте не зат және ол қалайынша байланысқанын, онда
ненің неге тәуелдi болатынын бiлдiредi. Осыдан, әр педагог
қай заңдылықтың да мән-мағынасын жете түсiнiп, олардың
ықпал-әсерiн бiлуi шарт. Педагогикалық үдеріс сынды күрделi,
ауқымды да қозғалысты жүйеде көптеген әртүрлі байла-
ныстар мен тәуелдiлiктер жүз бередi. Солардың арасында
оқу-тәрбие үдерiсiнде ең алдымен ескерiлуi тиiс заңдылықтар
төмендегiдей:
1. Педагогикалық үдерiстің қозғалысты болуы (ди-
намика) заңдылығы. Оқушының алдағы барша жетiстiктерi
оның өткен кезеңдерде игерген табыстарына тәуелдi. Бұл
педагогикалық үдерiстің бiрiздi “сатылы” сипатын бiлдiредi;
неғұрлым арадағы жетiстiктер жоғары болса, соңғы нәтиже
салмақтылау келедi. Заңның келесi көрiнiстерiн мектеп
тәжірибесінде жиi кездестiремiз – аралық нәтижелерi жоғары
болған оқушының жалпы жетiстiктерi де жоғары. Бiр бала
үшiншi сыныпта жақсы, жүріп оқиды, ал онымен қатарлас екiн-
шi баланың оқуы да, түсiнiмi де – мәселе. Осылардың қайсысы
бастауыш мектептi жақсы бiтiрерi – айтпаса да түсiнiктi.
109
2. Тұлғаның педагогикалық үдерiсте даму заңдылығы.
Тұлғаның даму қарқыны мен деңгейiн тәуелдiлiкке келтiретiн
жағдаяттар: 1) нәсiлдiк; 2) тәрбие және оқу ортасы; 3) оқу-
тәрбие iс-әрекеттерiне араласуы; 4) педагогикалық ықпал жа-
сау үшiн қолданылатын құралдар мен тәсiлдер.
3.
Оқу-тәрбие
үдерісін
басқару
заңдылығы.
Педагогикалық ықпалдың тиiмдiлiгi: 1) оқушылар мен педа-
гогтар арасындағы керi байланыс қарқынына; 2) оқушыларға
бағытталған реттеу қызметтерiнің ауқымдылығына, сипаты
мен орынды болуына – тәуелдi. Сонымен бiрге, бұл заңдылық
келесi жағдайлармен де байланысты келедi: егер тәрбиешi
мен шәкiрт жиi қатынаста болса, тәрбие нәтижесi де көрнектi;
егер тәрбиешi бала мiнез-құлығын жете аңғарып, оны дұрыс
түсiнiп және оған мезгiлiнде жақсы қолдау көрсетсе, мезгiлiнде
оны қате әрекеттерден ажыратып барса, жалпы нәтиже көңіл
толарлықтай болады.
4. Педагогикалық үдерiсте сезiм, қисынды ойлау (ло-
гика) және тәжiрибенің бiрлiктi болу заңдылығы. Бұл
заңдылыққа орай оқу-тәрбие үдерiсiнің тиiмдiлiгiне негiз болар
жағдаяттар келесiдей:
1) сезiмдiк қабылдаудың қарқыны мен сапасы; 2)
қабылданған мәндi парасатпен ұғу; 3) түсiнумен игерiлгендi
тәжiрибеде қолдана бiлу. Оқу-тәрбие үдерiсiнде әрекет-қылық,
бiлiм және ептiлiктер қалып талаптары мен ережелерiн берiк
игеру үшiн сезiм, сана және әрекет бiрлiгiн қамтамасыз ету шарт.
Егер бала тәрбиешiнің көздеген ниетiн қабылдамай, оған бей-
тарап және енжар қалып бiлдiрсе, нәтиже табысына қол жет-
пейдi. Әрқандай тәрбиелiк ықпал iшкi сезiммен қабылданбай,
тәжiрибеден өтпей, оны тек ақылмен түсiнуден түсер пайда
шамалы. Жүрек, бас, қол – бәрi бiрге әрекетке келмей, тәрбие
жетiстiгi қолға түспейдi.
5. Тысқы (педагогикалық) және iшкi (танымдық) iс-
әрекеттердің бiрлiктi болу заңдылығы. Бұл заңдылыққа
орай педагогикалық үдеріске негiз болатын жағдайлар: 1)
педагогикалық iс-әрекеттің сапасы; 2) оқушылардың өзiндiк
оқу-тәрбие iстерiнің деңгейi. Бұл шындық: қандай ғажайып
тәрбиешi болмасын, қаншама өз пәнiн жетiк бiлсе де және
үйрету үшiн қаншама жанын салса да, ол оқушының енжарлығы
110
мен салғырттығына душар келсе, жоспарланған iстен нәтиже
күту – босқа кеткен еңбек. Кейде iзденгiш, талантты оқушыға
үйрету қолынан келмейтiн тәрбиешi кезiгiп қалады. Осыдан -
әр оқушы өз ұстазын тауып, ал әрбiр ұстаз өз шәкiртiне кезiксе
– екеуiнің де бiлiм жолындағы бағы жанады.
Педагогикалық үдерiсте көрiнетiн барша байланыстар
аталған заңдылықтармен шектеледi деу - қате пiкiр. Iс жүзiнде
заңдылықтар ауқымы ұланғайыр. Олардың тереңде жатқан
бiрлiк, тәуелдiлiктерiн зерттеу ендi ғана қолға алынып жатыр.
Сонымен, оқу-тәрбие үдерiсiнде педагогикалық жүйенің
барша бiрлiктерiнің өзара байланысын бiлдiретiн маңызды
заңдылықтар iске қосылады. Олар тәрбиенің тұрақты жоғары
нәтижелерiне жету жолдарын белгiлейдi, ол нәтижелердің
қоршаған ортадан, нәсiлдiктен және тәрбиеден тәуелдi екенiн
көрсетедi; мұғалiмдер қызметi мен балалардың оқу әрекеттерi
арасындағы байланыстарды ашады; тәрбиенің барша маңызды
жағдаяттарының арасындағы тәуелдiлiктердi ескередi.
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Тәрбие мақсаты мен мiндеттерi деген не?
2. Тәрбие мақсаты мен мiндеттерiнің негiздемелерi қандай?
3. Тәрбие мақсаттарының өзара ерекшелiктерi қандай?
4. Тәрбиенің мақсат заңының мәнiн түсiндiріңiз.
5. Қазіргі кезең Отандық мектеп мақсаты қандай?
6. Тәрбие мақсатының құрамдық бөлiктерi қандай?
7. Ақыл тәрбиесi деген не? Оның мiндеттерi қандай?
8. Тән-дене тәрбиесi деген не? Оның мiндеттерiн атаңыз.
9. Iзгiлiк, адамгершiлiк тәрбиенің мазмұны қандай? Оның
мiндеттерi қалай өрнектеледi?
10. Еңбек және политехникалық тәрбие мәнi не?
11. Көңіл-күй, әсемдiк (эмоционал-эстетикалық) тәрбиесiнің
сипатын беріңiз. Оның мiндеттерiн айқындаңыз.
12. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру мәнi неден
тұрады?
13. Экологиялық тәрбие мәнiн ашыңыз.
14. Құқықтық тәрбие мәнi қандай, оның мiндеттерi қалай орын-
далады?
15. Педагогикалық үдеріс орындайтын мiндет қандай?
16. Педагогикалық үдеріс тұтастығын қалай түсiнесiз?
17. Оқу-тәрбие қызметiн құрайтын үдерiстер ерекшелiгi
қандай?
18. Педагогикалық үдеріс кезеңдерiн айыра сипаттаңыз.
19. Педагогикалық үдерiсті нақтамалау, болжау (прогнозиро-
вание), жобалау (проектирование), жоспарлау (планиро-
вание) қызметтерiнің мәнiн түсiндiріңiз.
20. Педагогикалық үдерiстің қозғалмалылығы (динамика)
заңдылығын түсiндiріңiз.
21. Педагогикалық үдерiстегi сезiмдiк, ой-сана, тәжірибелік
әрекет бiрлiгi заңының мәнiн ашыңыз.
22. Педагогикалық ықпал мен танымдық ұмтылыс бiрлiгi заңын
қалай түсiндiрер едіңiз?
23. Педагогикалық үдеріс заңдылықтарының iске асуына орай
мысалдар келтiріңiз.
5-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ МӘНI МЕН
МАЗМҰНЫ
Жоспар:
Оқу үдерiсiнiң мәнi
Дидактикалық жүйелер
Оқу құрылымы
Оқу мазмұны
Мазмұн элементтерi
Оқу жоспарлары мен бағдарламалары
Оқулықтар мен оқу құралдары
Тiрек конспект-сөздік
Оқу (обучение) – 1. Оқу мазмұнын игеруге бағытталған
мұғалiм мен оқушы арасындағы екiтарапты арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық ықпалдастық үдерісi. 2. Пе-
дагог басқарымындағы өзiндiк ерекшелiкке ие таным үдерісi.
Танымдық iс-әрекет (позновательная деятельность)
– сезiмдiк қабылдау, теориялық ой және тәжірибелік қызмет
бiрлiгi.
Оқу үдерісi – даму барысындағы iлгерлi қозғалысты тәлiм
беру iсi.
Дидактика – оқу (обучение), бiлiмдену (образование) тео-
риясын нақтылаушы ғылым.
Қазіргі заман оқу-бiлiмiнің мақсаты - әлеуметтiк құнды
iс-әрекетке араласу үшiн тұлға мен қоғамға қажет адами сапа-
қасиеттердi дамыту.
Дидактиканың өзектi мәселелерi – кiмдi, неге, қалай,
ненi, қашан, не үшiн оқыту керек.
Оқыту (преподование) – оқу мақсатын (бiлiмдендiру мiн-
деттерiн) iске асыру бойынша педагогтың (оқытушының)
реттестiрiлген қызметi, ақпарат жеткiзу (информирование)
113
тәрбиелеу, игерiлген бiлiмдi түсiнiп, қолдана бiлуге үйрету iс-
терiн қамтамасыз ету.
Сауат ашу, сауат көтеру (учение) – таным, жаттығу және
жинақталған тәжiрибе негiзiнде оқушыда әрекет-қылық пен iс-
әрекеттің жаңа формалары пайда болып, бұрын игерiлгендердi
өзгерiске келтiретiн қосымша үдеріс.
Оқу – көздеген мақсатты iске асыруға бағытталған мұғалiм
мен оқушы арасындағы жүйелi iс-әрекеттiк байланыс, олардың
бiрлiктi екi тарапты оқыту – оқып үйрену қызметi. Оқу – бұл
оқушының мұғалім тарапынан арнайы ұйымдастырылған
танымдық iс-әрекетi, осы әрекет негiзiнде ғылыми бiлiмдер,
қажеттi қызмет тәсiлдерi, қоршаған дүниеге болған көңіл-күй,
құндылықты және шығармашыл қатынастар қалыптасады.
Оқу барысында бала дамиды. Нақты жүйе ретiнде оқу келесi
элементтердi қамтиды: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4)
ұйымдасу формалары; 5) нәтиже.
Бiлiмдену (образование) – оқу үдерiсiнде игерiлетiн бiлiм-
дер, ептiлiктер, ойлау тәсiлдерiнің жүйесi.
Бiлiм (знание) – пәннің теориялық тұрғыдан игерiлгенiн
танытушы идеялар жиынтығы. Қоршаған дүниенің, жалпы
болмыстың бала санасында түсiнiктер (понятия), сұлба, нақты
бейнелер күйiнде өрнектелуi (отражение).
Ептiлiк (умение) – игерiлген бiлiмдi тұрмыстық тәжiрибеде
қолдана бiлу тәсiлдерi мен әрекеттерiнің көрсеткiшi.
Дағды (навык) – орындалуы аса жоғары дәрежеде жетiле
бекiген ептiлiк.
Мақсат (цель) – оқуға, бiлiм игеруге байланысты: 1) жүйелi
оқудың күнi iлгерi санада пайымдалған нәтижесi; 2) оқу соңында
күтiлетiн болашақ.
Мазмұн (содержание) – оқуға, бiлiм меңгеруге байланысты:
оқу барысында шәкiрт тарапынан игерiлетiн ғылыми бiлiмдер,
ептiлiктер мен дағдылар, ойлау және iс-әрекет тәсiлдерiнің
тиянақты жүйесi.
Ұйымдастыру (организация) – дидактикалық үдерiстер:
белгiлi өлшем-шектерге орай ретке келтiру, оқуда көзделген
мақсатты тиiмдi iске асыруға қажет формаға келтiру.
Форма – оқу үдерiсiнің болмыс тәсiлi (способ существова-
ния), оқудың iштей мәнi, логикасы мен мазмұнының сырттай
114
көрiнiсi. Оқу формасы ең алдымен сыныптағы бала санымен,
оқу уақыты, орыны және iске асу ретiмен байланысты.
Әдiс (метод) – оқу мақсаты мен мiндеттерiнің орындалу
(iске асу) жолы.
Құрал-жабдық, шаралар (средство) – оқу үдерiсiнiң заттай
қолдауы. Құрал-жабдықтар тобына кiретiндер: педагог дауысы,
шеберлiгi, оқулықтар, сынып құралдары және т.б.
Нәтиже (результат) – оқу үдерiсiнің салдары, соңғы өнiмi,
көзделген мақсаттың орындалу дәрежесi.
И.Гербарт жүйесi – тәрбиенің ең жоғары мақсаты – адам-
гершiлiктi, мораль тұрғысынан берiк мiнездi тұлға қалыптастыру.
Мектеп мiндетi – баланың интеллектуал дамуына қамқорлық
жасау, ал тәрбиелеу – отбасы мiндетi. Оқу мен тәртiп, бiлiм
мен сезiм, ерiк орайласа байланысып, тәрбиелік оқудың негiзiн
қалайды. Тәрбие оқумен бiрге ерiк пен мiнез, ақыл негiзiнде
қаланады. Мұғалiм басты тұлға.
Дж. Дьюи жүйесi – оқу бала қызығуына, өмiрлiк
қажеттерiне негiзделуi тиiс. Оқушының ойлау қабiлетi оқу, бiлiм
қиыншылықтары мен кедергiлерiн жеңуге орай қалыптасады.
Оқу проблемді болуы шарт, баланың өзiндiк белсендiлiгi мен
жеке танымдық әрекетiнің арқасында жүргізілуі қажет. Мұғалiм
жәрдемшi.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе – 1) шынайы
заңдылықтарға негiзделедi; 2) оқу педагогикалық басшылық,
оқушы ұмтылысы мен дербестiгi және белсендiлiгi бiрлiгiнде
жүргізілуі мiндеттi. Оқу жоспары жалпы бiлiм негiздерiн қамтып,
ал нақты оқу жағдайға, бала қызығуы мен нақты әрекеттiк бел-
сендiлiк дамытуға, шығармашылық ұмтылысқа байланысты
қалыптастырылады. Мұғалiм мен оқушы бiлiм игеру үдерiсiнде
бiрдей жауапты, оқу педагогикалық қызметтестiк (сотрудничес-
тво) принципiмен орындалады.
Оқу кезеңдерi – 1) оқу сеп-түрткілерiн (мотивация) ояту; 2)
тiрек бiлiм; 3) ептiлiк, дағдыларды жаңғырту; 4) жаңа материал
игеруді ұйымдастыру; 5) игерiлгендi жетiлдiру; 6) оқу нәтижесiн
анықтап бару.
Оқу мазмұнын қалыптастыру негiздерi – гуманитиа-
ризациялау, ғылыми бiрiгiмге келтiру (интеграция), ғылыми
жiкке түсiру (дифференциация), тұлғаның жан-жақты дамуын
115
бағыттау, азамат қалыптастыру, ғылыми және тәжірибелік
маңызға ие болу, жас мүмкіндiктерiне сәйкестендiру, жаңа
ақпараттық технологияларды кең пайдалану.
Оқу жоспары – мектептің оқу-тәрбие үдерісiне бағыт бе-
рушi құжат.
Мемлекеттiк компонент (инвариантная часть) – барша
мектептердi игерiлуi мiндеттi пәндер.
Аймақтық, мектептiк компонент (вариативная часть)
– аймақ, мектеп ұсынысымен енгiзiлетiн пәндер.
Оқу бағдарламасы (учебная программа) – оқылатын пән
мазмұнын реттестiрушi құжат.
Оқулық (учебник) – оқу бағдарламасы негiзiнде түзiлген кi-
тап.
Оқу құралы (учебное пособие) – бағдарламаға толық
сәйкестiгi жоқ, автордың өзiндiк көзқарасы негiзiнде түзiлген
оқу кiтабы.
116
“Оқу-тәрбие мақсаты – бала-
ны тәрбиешiнің дәл өзiндей қылып
шығару емес, келешек заманға лайық
қып шығару”
Мағжан Жұмабаев
Оқу үдерiсiнiң мәнi
Бiртұтас педагогикалық үдерiстi құраушы екi басты бiрлiктің
бiреуi – оқу үдерісi. Бұл үдеріс өте күрделi, сипаты жағынан
ол тек тәрбие және даму үдерістерінен кейiн тұруы мүмкін.
Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға
соғады. Оқу үдерісi әртектi және табиғаты жағынан әртүрлі
көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен
қатынастарын қамтиды. Үдеріс анықтамаларының көптiгi де
осыдан болар.
Ежелгi және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында
“оқу”, “оқу үдерісi” ең алдымен мақсаты – оқушы болған оқыту
қызметiн (преподавание) бiлдiрген. Ғасырымыздың басында
оқу ұғымы ендi осы үдерiстi құрайтын екi бiрлiктi – оқыту қызметi
мен оқып үйренудi қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын
игеруге ынталандырушы мұғалiмдердің қызметiн, ал оқып
үйрену (учение) ұсынылған бiлiмдердi игеруге бағышталған
оқушылар iс-әрекетiн танытады. Кейiнгi жылдары оқу ұғымы
оқушылардың танымдық iс-әрекет тәсiлдерiн қалыптастырушы
мұғалiмнің басқару iс-әрекетiн де, мұғалiмдер мен оқушылардың
бiрлiктi iс-әрекетiн де аңдататын болды. Мұғалiм мен оқушының
бiрлiктi iс-әрекетi болған оқу үдерiсiнің мәнi оқыту мен оқып
үйренудің бiрлiгiн аңдатады. Бүгiнгi түсiнiм тұрғысынан оқу ке-
лесi белгiлерiмен сипатталады: 1) екi тараптылық; 2) мұғалiм
мен оқушының бiрлiктi әрекетi; 3) басқарым мұғалiм тарапы-
нан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) бiртұтастық және
бiрлiк; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестiк;
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесiне жетекшiлiк.
117
Оқу және бiлiмдену мәселелерi педагогиканың дидактика
деп аталатын бөлiмiнде зерттеледi. “Дидактика” терминi грек
тiлiнен енген, аудармасы “үйретушi” дегендi бiлдiредi. Алғашқы
рет бұл сөз немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635)
шығармаларында қолданылып, оқыту өнерi мәнiн аңдатқан.
Ал Я.А.Коменский дидактиканы “баршаны барлық нәрсеге
үйретудің әмбебап өнерi” деп түсiндiрген. ХIХ ғасырдың ба-
сында немiс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп
оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретiн-
де таныған. Қазақ арысы Жүсiпбек Аймауытов пікірінше
–“Дидактика мұғалiмге жалпы жол-жоба көрсетiп, жетекшiлiк
етедi… сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”.
Дидактиканың негiзгi мiндеттерi В.Ратке заманынан бер-
мен қарай бiрде өзгерместен келе жатыр. Олар: ненi үйрету
және қалай үйрету мәселеciн шешу; қазiргi заман педагогика-
сы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кiмдi және не үшiн оқыту
қажет деген мәселелердi қарқынды зерттеуде. Дидактиканың
негiзгi категорияларын танытушы келесi ұғымдар белгiленген:
оқыту, оқып-үйрену, оқу, бiлiмдену, бiлiм, ептiлiк, дағды, соны-
мен бiрге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері,
формалары, әдістерi, құралдары, жабдықтары, нәтижесi
(өнiмi). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы
категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиiс. Осыдан
қысқа да ауқымды анықтама келiп шығады: дидактика – бұл
оқу және бiлiмдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістерi,
құралдары, жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелерi
жөнiндегi ғылым.
Оқыту - оқудың мақсаттарын (бiлiмдену мiндеттерiн) iске
асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, бiлiмдi түсiндiру
және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етушi педагогтың рет-
тестiрiлген iс-әрекетi.
Оқып үйрену - таным, дағдылану және игерiлген тәжiрибе
негiзiнде жаңа мiнез-құлық және iс-әрекет формаларын пай-
да етiп, бұрын қалыптасқанды өзгерiске келтiретiн оқушының
өзіндік іс-әрекет үдерісі.
Оқу – белгiленген мақсатқа жетудi көздеген мұғалiм мен
оқушы арасындағы өзара ықпалды реттестiрiлген iс-әрекет.
Бұл ұстаз бен шәкiрттің бiрлiктi қызметiнің екi тарапы. Оқу
118
– бұл ғылыми бiлiмдер, қажеттi iс-әрекет тәсiлдерi, эмоцио-
налды-құндылықты және қоршаған болмысқа шығармашылық
қатынас қалыптастыруға бағытталған мұғалiм басшылығында
оқушылардың арнайы ұйымдастырылған iс-әрекетi. Оқу бары-
сында бала дамиды. Жүйе ретiнде қабылданған оқудың не-
гiзгi құрылым элементтерi: 1) мақсат; 2) мазмұн; 3) әдістер; 4)
ұйымдастыру формалары; 5) нәтиже. Осы және басқа да кей-
бiр түсiнiктердің мәнiне тоқталайық.
Бiлiмдену - оқу барысында игерiлген бiлiм, ептiлiк,
дағдылар мен ойлау тәсiлдерiнің жүйесi.
Бiлiм - пәннің теориялық игерiлуiн бiлдiретiн идея-
лар жиынтығы немесе қоршаған дүниенің бала санасында
түсiнiктер, сұлбалар, нақты бейнелер кейпiнде өрнектелуi.
Ептiлiктер – игерiлген бiлiмдердi тәжірибеде қолдану
тәсiлдерiн (жолдарын, әрекет түрлерін) иелеу.
Дағдылар – аса жоғары дәрежеде жетiлiп, автоматтық күйге
түскен ептiлiктер.
Мақсат (оқу, бiлiмдену) – оқу барысында қол жететiн мұрат,
барша күш-қуат бағытталған болашақ .
Мазмұн (оқу, бiлiмдену) – оқу үдерiсiнде шәкiрт игеруi қажет
ғылыми бiлiмдер, ептiлiктер мен дағдылар, iс-әрекет және ой-
лау тәсiлдерiнің бiртұтас жүйесi.
Ұйымдастыру
–
дидактикалық
үдерiстi
белгiлi
заңдылықтарға орай ретке келтiру, көзделген мақсатты тиiмдi
iске асыру үшiн бұл үдерiстi қажеттi формаға түсiру.
Форма – оқу үдерiсiнiң жасау жолы, оның iшкi мәнi, логи-
касы және мазмұнының сыртқы қоршамы. Оқу формасы ең
алдымен сыныптағы оқушылардың санымен, оқу уақыты және
оқу орнымен, оның iске асырылу тәртiбiмен, т.б. байланысты.
Әдiс – оқу мақсаттары мен мiндеттерiнің орындалу (iске
асуы) жолы.
Құрал-жабдықтар – оқу үдерiсiнiң заттық, материалдық
қолдауы. Оқу үдерiсiнде құрал ретiнде педагогтың дауысы
(сөзі), оның шеберлiгi, оқулықтар, сынып жабдықтары және т.б.
танылады.
Нәтиже (оқу өнiмi) – оқу барысында, оқу үдерісi салдары-
нан, көзделген мақсаттың iске асу дәрежесiнен туындайтын
соңғы өнiм.
119
Дидактика өз пәнi аймағында iске қосылатын заңды-
лықтарды зерттейдi, оқу үдерiсiнің барысы мен нәтижесiне не-
гiз болар тәуелдiлiктердi талдайды, жоспарланған мақсаттар
мен мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етушi әдістер,
ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгiлей-
дi. Осының арқасында ол екi басты функцияны атқарады:
1) теориялық (нақтама және болжастыру); 2) тәжірибелік
(қалыпты iс-әрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу iс-әрекетiнің
барлық деңгейiне орайластырылған оқу жүйесiн бiрiктiредi.
Зерттелушi болмысты қамту шеңберiне байланысты дидактика
жалпы және жекеленген болып бөлiнедi. Жалпы дидактиканың
зерттейтiн пәнi: оқыту мен оқып үйренудi оларды туындатқан
жағдаяттарымен әрi оларды орындау шарттары және соның
арқасында жетiлетiн нәтижелерiмен бiрге анықтау. Жекелен-
ген (нақты) дидактика оқыту әдістемесi деп аталады. Ол
әртүрлі оқу пәндерiнің желiсiн, мазмұнын оқыту формала-
ры мен әдістерiн қарастырады. Әр оқу пәнi өз әдістемесiне
ие. Бастауыш мектеп дидактикасы да жекеленген, өзіне тән
ерекшелiктерге ие, себебi ол оқудың жалпы мәселелерiмен
шұғылдана отырып, кiшi мектеп жасындағы оқушылардың
ерекшелiктерiн ашады.
Сонымен дидактикалық үдеріс мәнi оқыту мен оқып үйрену
бiрлiгiнен құралады. Оқуға тән сипаттар: 1) екi тараптылық; 2)
мұғалiм мен оқушының бiрлiктi әрекетi; 3) басқарым мұғалiм та-
рапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) бiртұтастық
және бiрлiк; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына
сәйкестiк; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесiне жетекшiлiк.
Оқу және бiлiмдену мәселелерi – дидактика пәнi. Ол келесi
сұрақтарға жауап бередi: неге, қалай, қашан, қай жерде және
не үшiн оқыту керек? Дидактиканың басты ұғымдары: оқыту,
оқып үйрену, оқу, мазмұн, әдістер, формалар, жүйелер, техно-
логия және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |