2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет2/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

рия Монтессори (1870-1952) болды.  Өзiнің “Ғылыми педагогика 

әдістемесi” кiтабында ол баланың жас мүмкіндiктерiн барынша 

пайдалану қажеттiгiн түсiндiрiп бақты. Себебi, сәбилiк шақтағы 

бала дамуы үлкен тәрбиелiк табыстарға  есiк  ашады.  Баста-

уыш  мектеп  оқуының  басты  формасы  өзiндiк  оқу  жұмыстары 

болуы қажет. Монтессори кiшi жастағы оқушылардың жекелеп 

оқуына  ыңғайлы  грамматикалық,  математикалық,  биология-

жаратылыстану және басқа пәндерге арнап дидактикалық ма-

териалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелiгi, оларды 

пайдалана  отырып,  бала  өз  кемшiлiк-қателерiн  табады  және 



15

оларды  түзетедi.  Бүгiнгi  күнде  Қазақстан  Республикасында 

да  Монтессори  жүйесiнің  тараптарлары  мен  қолдаушылары 

баршылық. Осы бағытта түзiлген “бала-бақша – мектеп” жүйесi 

iске  қосылып,  балаларды  еркiн  тәрбиелеу  идеясы  өз  жемiсiн 

беруде. 


Ресейдегi  еркiн  тәрбие  идеяларын  қуаттаушылардың  бiрi 

–  Константин  Николаевич  Вентцель  (1857-1947)  едi.  Ол 

1917 жылы  дүниеде алғашқылардың бiрi болып бала құқықтары 

декларациясын түзiп, жариялады. 1906-1909 жж. аралығында 

Мәскеуде ол ұйымдастырған “Еркiн бала Отауы” жұмыс iстеп 

тұрды.  Бұл  ерекше  оқу  мекемесiнде  басты  кейiпкер  –  бала 

аса  құрметпен  танылды.  Тәрбиешiлер  мен  мұғалiмдер  бала 

қызығуларына икемдесiп, оның табиғаттан берiлген қабiлеттерi 

мен дарынының дамуына жәрдемдесу қызметтерiн атқарды. 

Қазан төңкерісiнен кейiнгi кеңестiк педагогика жаңа қоғамдағы 

адам  тәрбиесi  идеяларын  өзiндiк  түсiнiм  жолымен  дамыта 

бастады.  Жаңа  педагогикаға  байланысты  шығармашылық  iз-

денiстер  аймағында  белсендiлiкпен  қатысқан  белгiлi  педагог 

ғалымдар:  С.Т.Шацкий  (1878-1934),  П.П.Блонский  (1884-

1941),  А.П.Пинкевич  (1884-1939)  болды.  Социалистiк  дәуiр 

педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, 



В.А.Сухомлинский  еңбектерi.  Надежда  Константиновна 

Крупскаяның  (1869-1939)  теориялық  iзденiстерi  жаңа  кеңес 

мектебiн қалыптастыру, сыныптан тыс тәрбиелiк жұмыстарды 

ұйымдастыру,  ендi  пайда  бола  бастаған  пионер  қозғалысы 

мәселелерiнің  төңірегiнде  шоғырланды.  Антон  Семонович 



Макаренко  (1888-1939)  балалар  ұжымына  педагогикалық 

басшылық, еңбек тәрбиесi, саналы тәртiп қалыптастыру және 

балаларды отбасында тәрбиелеу әдістемелерiне байланысты 

идеяларды қорытындылап, оларды тәжірибеде iске асыру при-

нциптерiн ұсынды, әрi  өзi оларды тәжiрибе тексеруiнен өткiздi. 

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерт-

теулерiн  жастарды  тәрбиелеудің  моральдық  мәселелерiмен 

байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестерi мен нақты да 

дәл бақылаулары қазiргi педагогикалық ой дамуы және қоғамды 

қайта  түзу  дәуiрiндегi  мектеп  тағдыры  жөнiндегi  ұсыныстары  

өз  маңызын  әлi  де  сақтауда,  сонымен  бiрге  бiлiм  саласын 

жаңаша түсiнуде үлкен жәрдемiн тигiзiп отыр. 


16

Халыққа  бiлiм  беру  аймағында  40-60  жылдары  белсендi 

еңбек  еткен  педагог-ғалымдардың  бiрi  Михаил  Алексеевич 

Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын 

жасап  шықты  (“Бастауыш  бiлiм  беру  мiндеттерi  мен  ерек-

шелiктерi”,  1943),  (1947  жылы  “Адамның  ақыл-парасат  және 

моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлi” кiтабын жазып, 

мұғалiмдерге арналған көптеген жетекшi әдістемелiк құралдар 

жариялады. Олар осы күнге дейiн мұғалiм қауымының таптыр-

мас құралдарына айналып отыр. 

80-жылдардың  ақырында  бұрынғы  Кеңес  республикала-

рында мектептi жаңалау мен қайта құру қозғалысы өрiс алды. 

Бұл қызметтестiк педагогикасының туындауынан көрiндi. 

Осы дәуiрдегi жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан 

педагог ғалымдар мен бiрегей шығармашыл мұғалiмдер көптеп 

атын таныта бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, 

Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, 

В.А.Караковский  және  басқалар  болды.  Бүкiл  елге  белгiлi 

болған  мәскеулiк  бастауыш  мектеп  мұғалiмi  С.Н.Лысенкова 

“Қалайша  жеңiл  оқуға  болады”  атты  кiтабын  жариялап,  онда 

бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  iстерiн  сұлба,  тiрек  

үлестірмелер, кестелер пайдалану арқылы басқару тәсiлдерiн 

көрсетiп  бердi.  Сонымен  бiрге  С.Н.Лысенкова  “Iлгерiлестiрiл-

ген оқу” әдістемесiн жасады. 

Бүгiнгi кезеңдегi педагогика өзiнің диалектикалық,  өзгермелi 

ғылым  сипаттарына  сай  болуымен  қарқынды  дамуда.  Кейiнгi 

он жылдықтарда педагогиканың бiрнеше салаларында келелi 

табыстар қолға кiргiзiлдi, әсiресе мұндай жетiстiктер мектепке 

дейiнгi және бастауыш мектептегi оқудың жаңа технологияла-

рын  жасауда  көрiнiс  бердi.  Сапалы  оқу  бағдарламаларымен 

жабдықталған  қазiргi  заман  компьютерлерi  оқу  үдерісін 

басқаруда үлкен жәрдемiн тигiзуде. Соның нәтижесінде оқу ба-

рысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нәтижелерге жету 

мүмкіндіктері пайда болды. Тәрбиенің жетілген әдістемелерін 

жасау бағытында да пайдалы  өзгерістер қолға тиді. Ғылыми-

өндірістік,  авторлық  мектептер,  эксперименталды  оқу-тәрбие 

алаңдары – ұнамды  өзгерістер жолындағы елеулі көзге түскен 

педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа және жаңаланған 


17

мектеп оқуы мен тәрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге 

алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.

Сонымен, тәрбие тәжiрибесi адамзат өркениетiнің тереңдегi 

тарихи  сатыларынан  бастау  алады.  Тәрбие  жөнiндегi  ғылым 

негiздерi  ежелгi,  көне  дәуiр  философиясының  арнасында 

дамыған.  Тәрбие,  оқу,  бiлiм  берудің  тиiмдi  теориялары  мен 

әдістемелерi  пайда  болғанша,  педагогика  дамудың  ұзақ  та 

қайшылықты жолын басып өттi. 

Педагогиканың негiзгi ұғымдары

Ғылыми  тұжырымдарды  аңдататын  негiзгi  педагогикалық 

ұғымдарды  педагогикалық  категориялар    деп  атау 

қабылданған.  Олардың  қатарына  тәрбие,  оқу,  бiлiм  ка-

тегориялары  кiредi.  Педагогика  сонымен  бiрге  даму  және 

қалыптасу деген жалпы ғылымдық категорияларды да кеңiнен 

қолданады. 



Тәрбие  –  тұлға  қалыптастыруға  бағытталған 

мақсат бағдарлы және ұйымдастырылған үдеріс. Педа-

гогикада тәрбие ұғымы әлеуметтiк және педагогикалық мәнде 

қолданылады. 

Әлеуметтiк  мәнiндегi  тәрбие  –  бұл  аға  ұрпақ  жинақтаған 

тәжiрибенi  кiшi  әулетке  өткiзу.  Тәжiрибе  –  тарихи  даму 

үдерiсiнде  түзiлiп,  адамдарға  белгiлi  болған  бiлiмдер,  еп-

тiлiктер,  ойлау  тәсiлдерi,  адамгершiлiк,  этикалық,  құқықтық 

қалып  талаптары,  бiр  сөзбен  айтқанда,  адамзат  тарихының 

тұңғиығынан бiзге дейiн жеткен рухани мұра. Дүние есiгiн ашқан 

әрбiр адам өркениет табыстарына қол жеткiздi, ал бұл тәрбиеге 

орай  орындалады.  Бүкiл  адамзаттың  тiршiлiгiн  сақтап  қалуы, 

қатаюы  және  бүгiнгi  даму  деңгейiне  жетуi  –  бәрi  тәрбиеден. 

Өткен әулет жинақтап, өңдеген мұра келесi әулеттің еңбегiмен 

байи түседi. Кейбір замандарда тәжірибе жойылып, тәрбиенің 

кері кеткен жағдайлары да тарихтан белгілі. Адамзат  өзінің да-

муында бірнеше ғасыр кері шегініп, бұрынғы білген-көргендерін 

жоғалтып, кейін оларды қайта тіктеуге мәжбүр болған.

Қоғамның  тарихи  дамуы  бұлтартқысыз  дәлелдегендей, 

тәжірибесі  жоғары  деңгейде  қалыптасқан  халықтар  әрдайым 



18

биік жетістіктерге жетіп отырған. Тәрбие – қоғамдық үдерiстің 

қозғаушы күшi. 

Тәрбие  тарихи  сипатқа ие. Ол адамзат қоғамыменен бiр-

ге пайда болып, оның ажырамас өмiр және даму бiрлiгiне ай-

налды.  Қоғам  тiрлiгi  сақталатын  болса,  онымен  бiрге  тәрбие 

де мәңгі. Сондықтан да тәрбие – жалпы және мәңгі кате-

гория

Тәрбие  жұмыстарымен  мектепке  дейiнгi  және  мектеп 

мекемелерiнде  тек  кәсiби  педагогтар  ғана  айналыспайды. 

Қазіргі  қоғамда  өз  күш-қуатын  тәрбиеге  бағыштаған  бiрнеше 

ұжымдық құрылымдар бар, бұлар – отбасы, бұқаралық ақпарат 

құралдары, әдебиет, өнер, еңбек ұжымдары, құқық сақтау ор-

гандары. Осыдан, әлеуметтiк  мәндегi тәрбие әңгіме болғанда, 

қоғамдық  мекемелер  тарапынан  нақты  бiлiмдер,  көзқарастар 

мен нанымдар, адамгершiлiк құндылықтар, саяси бағыт-бағдар 

мен тұрмыс дайындығын қалыптастыруға бағытталған арнайы 

ықпал - әрекеттер үдерiсiн түсiнемiз. 

Көптеген  тәрбиелiк  күштер  болып  тұрған  жағдайда  да  та-

быс тәрбиеге қатысты әлеуметтiк мекемелердің бәрiнің бiрдей 

ортақтасу әрекетiнен жетiледi. Тәрбиелiк ықпалдар арасында 

келiсiм  болмаса,  бала  әрқилы  күштi  әсерлерге  берiлiп,  жал-

пы  мақсаттың  орындалуына  кедергi  жасайды.  Тәрбиеге  оқу-

тәрбие мекемелерi бағыт-бағдар бередi. 

Кең 

педагогикалық 

мағынадағы 

тәрбие 

– 

бұл 



оқушыда  көзделген  мақсатқа  орай  нақты    сапа-қасиеттердi 

қалыптастыруға  бағышталып,  отбасы  мен  оқу-тәрбие  меке-

месiнде  арнайы  ұйымдастырылған,  мақсат-бағдарлы  және 

басқарымды  ықпал-әрекеттер  үдерiсi.  Тар  педагогикалық   

мәндегi  тәрбие  –  бұл  нақты  тәрбие  мiндеттерiн  шешуге 

бағытталған тәлiмдiк iстер мен олардың нәтижесi. 

Басқа да әлеуметтiк ғылымдардағыдай педагогикада тәрбие 

ұғымы бiртұтас педагогикалық үдерiстiң құрамды бөлшектерiн 

белгiлеу  үшiн  де  қолданылады.  Мысалы,  тән-дене  тәрбиесi, 

эстетикалық тәрбие, ақыл-парасат тәрбиесi – деп, бөлiп атай-

тынымыз осыдан. 

Оқу – бұл көзделген мақсатқа орай нәтижесi бiлiм, ептiлiк, 

дағдыларды  игеру,  дүниетаным  қалыптастыру,  ақыл-парасат, 



19

дарыны  мен  шығармашылық  мүмкіндiктерiнің  дамуы  болған 

арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды 

мұғалiм  мен  оқушы  арасындағы  өзара  байланысты  ықпал-

әрекеттер жүйесi. 

Оқу негiзi бiлiм, ептiлiк, дағдылардан құралады. Бiлiм – бұл 

әрбiр адамның шынайы болмысты ғылыми деректер, түсiнiктер 

және заңдар формасында бейнелеуi. Бiлiм жүйесi адамзаттың 

ұжымдық тәжiрибесiн өрнектейдi және ол шынайы болмысты 

танудың нәтижесiнде құралады. Ептiлiктер  дегенiмiз адамның  

өзi игерген бiлiмдерi, өмiрлiк тәжiрибесi, қабылдаған дағдылары 

арқасында  тәжірибелік  және  теориялық  iс-әрекеттерге  сана-

лы  және    өзбетiнше  бара  алуы.    Дағдылар    -  көп  қайталау, 

жаттығу жолымен жоғары деңгейге жетiлiп, қажеттi әрекеттердi 

автоматтанған күйде орындай  алу мүмкіндiкiтерiнен  көрiнетiн 

тәжірибелік қызмет бiрлiгi. 

Оқушыларға  нақты  бiлiмдердi  ұсына  отырып,  мұғалiм 

әрдайым  жол-жөнекей  қандай  да  бiр  бағыт-бағдарларды 

ұстанғандай  болады,  ал  шынында,  мұғалiм  әрекетiнің  аста-

рында    өзi  бiле  бермейтiн  шартты  маңызды  дүниетанымдық, 

әлеуметтiк,  идеологиялық  және  басқа  да  көптеген  сапа-

қасиеттер  бағдары  оның  iс-әрекетiне  ықпал  етiп  отырады. 

Сондықтан да оқу тәрбиелiк сипатқа иеОқу барысында 

– тәрбиелеймiз, тәрбиелей жүріп – оқытамыз. 

Бiлiм  –  оқу  нәтижесi.  Тiкелей  мағынада,  бiлiм  жақсы 

оқыған, тәрбиелi, зиялы адам бейнесiн байқатады. Бiлiм – бұл 



оқушының тәлiм алу үдерiсiнде игерiп жинақтаған бiлiм, еп-

тiлiк,  дағды,  ойлау  тәсiлдерiнің  жүйелi  тобы.  Бiлiмдiлiктің 

басты  көрсеткiшi  –  бiлiмдер  жүйелiлiгi  және  ойлау  жүйелiлiгi. 

Жүйелi  бiлiм  алған  оқушы  дербес  ойлауға,  өз  бiлiм  қорының 

олқылықтарын ой толғастыру жәрдемiмен жетiлдiру қабiлетiне 

ие. Аса есте ұстайтын жәйт, білім – бұл  өзінен- өзі келетін зат 

емес, оны әр адам  өз күшімен, дербес қолға түсіруі қажет.  Өз 

заманында А. Дистервег: «Даму мен білім ешбір адамға сырт-

тан хабарланып немесе берілген емес. Оған қол жеткізем деген 

әркім  өз күші және ерік-қайратын қосуы қажет» – деп жазған 

еді. Қабылданған бiлiмнің көлемiне, дербес ойлауда жеткiзген 

деңгейiне байланысты бiлiм бастауыш, орта және жоғары бо-


20

лып  бөлiнедi.  Игерiлген  бiлiмнің  сипаты  мен  бағдарына  орай 



жалпы, кәсiби және политехникалық бiлiмдер ажыралады. 

Бастауыш  (элементар) білім  мақсаты – осы заманда өмір 

бойы  жалғасатын  болашақ  білімнің  бастау  негіздерін  қалау. 

Бастауыш мектепте бала оқуға, жазуға, есептеуге,  өз пікіріне 

байланысты және сауатты өрнектеуге, жүйелі ой толғастыруға, 

дұрыс  қорытындылар  жасауға  үйренеді.  Баланың  сауат  ашу 

дәуірі  қарқынды  тәрбиемен  ұштасып  жатады,  яғни  бала  әріп 

тануға  үйренумен  бірге  тән-дене,  эстетикалық,  еңбектік, 

құқықтық,  экономикалық,  экологиялық  тәрбие  бастауларын 

да алады. Бұл кезеңдегі тәрбие оқу мен білімнен маңыздылау 

келеді.  Себебі,  егер  адам  келелі  тәрбие  алмаса,  оған  білім 

берудің пайдасы жоқ, тіпті зиянды. Тәрбиелілікті арқау етпеген 

білім – есуас қолындағы суық қару. Өз заманында Әл-Фараби 

бабамыз көрегендікпен: «Бірінші мәселе білім емес... тәрбие. 

Тәрбиесізге берген білім адамзатқа апат әкеледі» – деп өсиет 

қалдырған.

Жалпы  бiлiм  –  табиғат,  қоғам,  адам  жөнiндегi  ғылымдар 

негiзiн  үйретiп,  дүниетаным  қалыптастырады,  танымдық 

қабiлеттерiн  өрбiтедi,  адамға  өзiн  қоршаған  ортадағы 

үдерiстердің  негiзгi  заңдылықтарын  түсiнуге  жәрдем  етедi, 

оқу мен еңбекке байланысты мектеп және еңбек ептiлiктерiн, 

әрқилы тәжірибелік дағдыларды игеруде көмектеседi. 



Кәсiптiк  бiлiм  -  әрбiр  адамды  қалаған  еңбек  саласын-

да  қажет  болатын  бiлiмдер,  ептiлiктер  және  дағдылармен 

қаруландырады.  Кәсiптiк  оқу  орындары  жұмысшыларды 

дайындайды,  ал  орта  және  жоғары  кәсiптiк  оқу  мекемелерi 

халық  шаруашылығының  әртүрлі  саласы  үшiн  қажет  болған 

орта және жоғары маманданған кәсiпкерлердi дайындайды. 



Политехникалық  бiлiм  -  қазiргi  заман  өндiрiсiнің  негiз-

гi  принциптерiмен  таныстырады,  тұрмыста  және  күнделiктi 

өмiрде қолданылатын қарапайым еңбек құралдарын пайдала-

ну дағдыларын қалыптастырады. 



Қалыптасу – адамның әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде жетi-

лу үдерісi. Мұндай жетiлуде адам шексiз жағдаяттар ықпалына 

түседi: экологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, идеологиялық, 

психологиялық және т.б. Тәрбие тұлға қалыптасуында себепшi 

көп шарттардың аса маңыздысы. Қалыптасу – адам тұлғасының 




белгiлi  бiр  кемелденген  деңгейiн,  нақты  тұрақтылыққа  келу 

жағдайын байқатады. 

Даму  –  бұл  адамда  жүріп  жататын  сандық  және  сапалық 

өзгерiстердің  желiсi  мен  нәтижесi.  Даму  үдерісi  тұрақты  да 

үздiксiз  өзгерiстермен,  бiр  жағдайдан  екiншi  жағдайға  өту, 

қарпайымнан  күрделiге,  төменгiден  ең  жоғары  деңгейге 

ауысулармен байланысты келедi. Адамның дамуында сандық 

өзгерiстердің сапалыққа және керi жүрісiнде көрiнетiн әмбебап 

философиялық  өзара ауысу заңы iске қосылып барады. 

Тұлға дамуы – шынайы болмыстағы аса күрделi үдеріс. Бұл 

үдерiстi тереңдей зерттеу үшiн қазiргi заман ғылымы дамуды 

құрайтын бiрлiктердi жiктеу жолына түстi, яғни дамуға байла-

нысты тән-дене, психикалық, рухани, әлеуметтiк және басқада 

сапа-қасиеттер дараланып, өз алдына қарастырылуда. Ал пе-

дагогика  болса,  негiзiнен  тұлғаның  рухани  даму  мәселеciн 

зерттейдi,  бiрақ  оны  басқа  даму  жағдаяттарымен  орайлас-

тыра үйренедi. Негiзгi педагогикалық ұғымдар қатарына, сон-

дай-ақ  жалпы  мағынадағы  “өзiндiк  тәрбие”,  “өзiндiк  даму”, 

“педагогикалық 

үдеріс”, 

“педагогикалық 

ықпалдастық”, 

“педагогикалық  қызмет  өнiмдерi”,  “әлеуметтiк  қалыптасу”, 

“педагогикалық технология”, “оқу-тәрбие инновациялары” сын-

ды ұғымдар да кiредi. 

Сонымен,  басты  педагогикалық  ұғымдар  қатарында 

қолданылатын  түсiнiк  сөздер:  тәрбие,  оқу,  бiлiм,  даму 

және  қалыптасу.  Олар    өзара  байланысты  келедi.  Нақты 

педагогикалық  үдерiсте  олардың  бәрi  бiрдей  iс-әрекетте 

көрінеді:  оқыту  барысына  тәрбие  қосылады,  тәрбиелей  оты-

рып,  тұлға  қалыптастырамыз,  бiлiм  алу  үдерiсiнде  барлық 

қажеттi қасиет-сапаларды қалыпқа келтiремiз. 

Педагогикалық ағымдар

Педагогика  ғылымында  әзiрге  дейiн  баланы  қалай 

тәрбиелеу  жөнiнде  ортақ  бiр  пiкiр  қалыптасқан  емес.  Ежелгi 

заманнан  бiздің  күнiмiзге  дейiн  бiр-бiрiне  тiкелей  қарсы  кел-

ген  тәрбие  бағыттары  жасап  келуде:  1)  балаларды  қорқыту 

мен  бағындыру  арқылы  тәрбиелеу  қажет  және  2)  балаларды 

қайырымдылық және әлпештеумен тәрбиелеу керек. Егер өмiр 




осы  көзқарастардың  қайсы  бiрiн  қаламаған  күнде,  ол  қашан-

ақ қолданымнан шығып қалған болар едi. Мәселенің қиындығы 

сонда:  бiр  жағдайларда  үлкен  қоғамдық  пайданы  қатаң  ере-

желер  мен  тәртiп  құрсауында  тәрбиеленген,  өжет,  қайтпас 

пiкiрлi адамдар келтiредi, екiншi жағдайларда – мұндай қоғам 

мүдделерiн жұмсақ, қайырымды, зиялы, Алланы мойындаған 

және барша адамға құшағын аша бiлген тұлғалар орындайды. 

Халықтың жасап жатқан жағдайларына, мемлекеттің ұстанған 

саясатына тәуелдi тәрбие салт-дәстүрлерi қалыптасады. Ұзақ 

мерзiм  бейғам,  тоқ  өмiрмен  жасап  жатқан  қоғамда  тәрбиенің 

iзгiлiктi  (гуманистiк)  бағыты  үстем  болады.  Ал  ұдайы  күрес 

жүргізіп  жатқан  қауымдардың  тәрбиесi  қатал  сипатта  болып, 

ересектердің бедел, абыройына және өсiп келе жатқан әулеттің 

көзсiз бағыныштылығына негiзделедi. Соғыс, аштық, әлеуметтік 

соқтығыстар  мен  жоқшылық  жағдайларында  да  балалар-

ды  жұмсақ  тәрбиеге  алу  мүмкін,  бірақ  мұндай  жағдайларда 

әлпештеп өскен бала  өз тіршілігін қорғай алмайды. Сондықтан 

да балалар тәрбиесі жайлы мәселе тек ғылымдық қана емес, 

ол тікелей өмірге байланысты шешімін тауып барғаны жөн. 

Әмiршiл-әкiмшiл  (авторитарлы)  тәрбие    өз  сипаты-

на  сай  ғылыми  дәлелдерге  негiзделедi.  Бұл  бағытты  ғылым 

сахнасына  келтiрген  И.Ф.Гербарт  (1776-1841)  балаға  туған 

күнiнен  бастап  “жыртқыштық  бiтiстер”  тән  деген  тұжырымды 

алға тартып, мүмкін болғанша тәрбиенi қаталдықпен жүргізудi 

талап еттi. Тәрбие тәсiлдерi ретiнде ол қорқыту, балалар iзiне 

бақылау қою, бұйрықтар және шектеулердi пайдалануды орын-

ды деп есептедi. Әмiршiл тәрбие ережелерiн толығынан құптап 

қолданған елдердің iшiнде Ресей ерекше ынта танытты. 

Әмiршiл тәрбиеге тiкелей қарсылық бiлдiрiп, еркiн тәрбие 

теориясын ұсынған француз педагогы Ж.Ж.Руссо болды. Ол 

және  оның  iзбасарлары  өсiп  келе  жатқан  балада  болашақ 

тұлғаны  танып,  оны  сыйлауға  шақырды.  Оның  табиғи  даму 

мүмкіндiктерiн тәрбие барысында пайдаланып, оған барынша 

қолдау көрсету қажеттiгiн талап еттi. Бiздің дәуiрiмiзде жақсы 

нәтиже  берiп,  барша  дүниеде    өзіне  көптеген  тараптарлар 

тартып, бұл теория гуманистiк педагогиканың күштi де қуатты 

ағымына айналды.



23

Гуманизм    (адамгершілікті)  –  әлемде  адамды  ең  жоғары  

құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл 

тұжырымдаманың  басты  ережесі  тұлға  қадір-беделін  қорғау, 

оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, 

еңбектік, оқу және т.б.) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм – бұл 

жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның 

әмбебап  маңыздылығына  қолдау-қуаттау  беретін  идеялар 

мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және 

нұсқау-көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа 

айналып отыр. 

Барша  кезеңдердегі  педагогтар  қауымы  гуманистік 

тәрбиемен дүниені қайта жасау үмітін ешбір жоғалтқан емес. 

Егер  барлық  адамдар  қайырымды,  адал,  әділетті  болған 

жағдайда,  олар  арасындағы  дау-дамай  өршімей,  соғыс, 

қақтығыс,  қарсы  тұру  себептері  әлдеқашан  жойылған  болар 

еді. Әлемде тоқшылық, жылылық пен жақсылық жайлаған бо-

лар  еді.  Бірақ  бұл  үшін  адамның    өзін    өзгерту  қажет.  Мұның 

бірден-бір жолы – тәрбие. Бүгінгі заман бағытын жұмсартып, 

бала пайдасына орай  гуманистік тәрбиеге бет бұрады. Бірақ 

мектепті ізгілестіру істері әлі орнына қойған жоқ, бұл бағыттағы 

ұнамды ізденістер жүргізілуде.



Iзгiлiктi (гуманистiк) педагогика – бұл  өз мүмкіндiктерiне 

орай  тәрбиеленушi  балаларды  оқу-тәрбие  үдерiсiнің  бел-

сендi,  саналы,  тең  құқықты  қатысушылары  ретiнде  та-

нытатын  ғылыми  теориялар  жүйесi.  Гуманизм  тұрғысынан 

тәрбиенің iзгi мақсаты - әрбiр тәрбиеленушiнi iс-әрекеттің, та-

ным  мен  қатынастың  толыққанды  субъектi  деңгейiне  көтерiп, 

еркiн, өзiндiк басқарымға ие тұлғаны баулу. Тәрбиелiк үдерiстің 

гуманизациялық өлшемi тұлғаның өз мүмкіндiктерiн iске асыра 

алу  дәрежесiмен,  оған  берiлген  барша  табиғи  нышандардың 

ашылуымен, оның еркiндiкке ұмтылу қабiлетi мен жауапкершiлiгi 

және шығармашылығымен бағаланады. Гуманистiк педагогика 

басты назарда тұлғаны ұстайды. Оның  өзіндік белгілері: бас-

ты назар ақпарат көлемі мен нақты ептіліктер және дағдылар 

дамытудан  гөрі,  тұлғаның  психикалық,  тән-дене,  ақыл-пара-

сат,  адамгершілік  және  басқа  да  инабаттық-ізгілік  сапаларын 

дамытудың  маңыздылығын  алға  тартады;  бар  күшін  әрқилы 

оқу және тұрмыс жағдайларында  өз таңдауына қабілетті ер-



24

кін, дербес ой толғастырып, іс-әрекетке келе алатын тұлға аза-

мат – гуманист қалыптастыруға шоғырландырады; оқу-тәрбие 

үдерісін  жаңаланған  бағдарламаларға  келтіруде  табыстарға 

жету  үшін  қажетті  ұйымдастыру  шарттарын  қамтамасыз  ете 

алады.


Оқу-тәрбие  үдерісін  гуманизациялау  –  оқушыға  болған 

педагогикалық  үстемдiгiмен  танылған,  педагог  пен  оқушы 

арасындағы  қалыпты  iзгiлiктi  қатынастар  орнату  мүмкіндiгiн 

жоққа  шығарған  әмiршiл  педагогикадан  бас  тартып, 

оқушылардың  тұлғалық  еркiндiгi  мен  жеке  iс-әрекетiне  аса 

жоғары  мән  беретiн  тұлғалық  бағдарлы  педагогикаға  бет 

бұрыс. Бұл үдерiстi iзгiлендiрудің басты мақсаты – оқушылардың 

оқымауына,    өз  мүмкіндiктерiнен  төмен  оқуына,  тәрбиелiк 

iстердің бейтарап қатысушысы немесе бұрқып тасыған өмiрдің 

сырттай  бақылаушысы  болып  қалуына  мүмкіндiк  бермейтiн 

жағдайларды  жасау.  Гуманистiк  педагогика  әрдайым  мектеп-

тi  оқушыға  икемдестiру  тарапында,  балаға  қолайлы  жағдай 

түзiп, оның “психологиялық қауiпсiздiгiн” қамтамасыз етуге 

ұмтылады. 

Гуманистiк  педагогиканың  талаптары:  1)  тәрбиеленушiге 

адамгершiлiк  қатынас;  2)  баланың  еркiндiгi  мен  құқына 

құрмет;  3)  оқушы  күшiне  сай  және  түсiнiктi  талаптар  қою;  4) 

тәрбиеленушiнің көзқарас – бағытын, тiптi ол қойылған талап-

тарды  орындауға  қарсылық  бiлдiрген  жағдайда  да  –  сыйлай 

бiлу; 5) балаға шынайы болмысын танытуға мүмкіндiк жасау; 

6)  тәрбиеленушiнің  санасына  тәрбиенің  нақты  мақсаттарын 

жеткiзе бiлу; 7) бала тәрбиесiне қажет болған сапа-қасиеттердi 

зорлықсыз қалыптастыру; 8) тұлға намысы мен беделiне нұқсан 

келтiрушi әдістердi қолданбау; 9) баланың өз наным-сенiмдерi-

не қайшы келетiн сапа-қасиеттерден бас тарту құқын тану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет