2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

Оқу әдістерiн таңдау

Сабақ оқу-тәрбие мiндеттерiнің толыққанды шешiмi жалғыз 

әдіспен қамтамасыз етiлмейдi. Ұдайы белгiлi әдістің тиiмдi та-

лаптары  мен  кемшiлiктерiн  сараптай  отырып,  олардың  ара-

сынан  нақты  белгiленген  мәселелердің  орындалуына  сай 

келетiндерiн  таңдастыруға,  әрқилы  әдістердi  үйлестiре  бiрiк-

тiрiп,  пайдалануға  тура  келедi.  Қандай  да  әдістi  iрiктеумен 

әрдайым  көптеген  тәуелдi  байланыстарды  ескеру  қажет.  Оқу 

әдістерiн  таңдау  және  пайдалануда  есепке  алынатын  жал-

пы  дидактикалық  жағдаяттар  маңыздылық  деңгей  ретiмен 

төменде келтiрiлген:

Оқу мақсаты.

Қол жеткiзiлуi қажет оқу деңгейi.

Iске асырылуы тиiс талаптар мен мазмұн көлемi.

Оқу материалының күрделiлiгi.

Оқушылардың дайындық деңгейi.

Балалар белсендiлiгi мен қызығуы.

Оқушылардың жас деңгейi.

Балалардың жұмыс қабiлетi.

Оқуға дағдылануы мен көнбестiлiгi.

Оқу мерзiмi.

Оқу жағдайлары.



236

Оқу  еңбегi  барысында  қалыптасқан  мұғалiм  мен  балалар 

арасындағы өзара қарым-қатынас (бiрлiктi қызметтестiк неме-

се әкiмшiлдiк).

Сыныптағы балалар саны.

Мұғалiмнің өз дайындық деңгейi.

Аталғандарға қосымша мұғалiм келесi сұрақтарға жауап iз-

дестiргенi жөн:

– тақырыпты қай әдіспен өткен тиiмдi – оқушылардың өзiндiк 

жұмыстары әдісiмен бе әлде мұғалiм басшылығында ма?

– сабақта  ол  қандай  құрал-жабдықтарды  пайдаланғанды 

жөн көредi?

– балаларды  белсендiлiкке  ынталандырудың  қай  әдістерiн 

қалар едi?

– жалпы  оқу  не  сабақ  аяғында  бақылау  мен  өзiндiк 

бақылаудың қандай жолдарын пайдаланған тиiмдi?

Әр  сабаққа  дайындала  отырып,  педагог  бағдарламаны, 

оқу  мазмұнын  мұқият  талдайды,  жоғарыда  келтiрiлген 

жағдаяттарды  бағалау  сарабына  салады,  ниеттелгендер  мен 

мүмкін болар, ойдағы мен нақты iстегiлердi салыстыра отырып, 

алда өтiлетiн сабақтағы қадам әрекеттерiн бiржақты тоқтамға 

келтiредi.  Кәсiптiк  саналы  тексерiлiп,  тыянақталған  қызмет 

осылай жасалуы шарт.

Сонымен,  ертеңгi  сабаққа  таңдастырылған  әдіс  жөн-

жосақсыз  болмауы  тиiс.  Әдiс  мейлiнше  оқу  мiндеттерiне, 

оқушылар  мүмкіндiктерiне  барынша  сай  болуы  үшiн  мұғалiм 

олардың  жағдаяттарға  сәйкес,  үйлесiмдi  келуiне  мән  берiп, 

талдау жұмыстарын мүлде тоқтатпайды.



237

 

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Оқу әдісi деген не?

2.  Әдiстер құралымы неден тұрады?

3.  Әдiстер қалайынша топтастырылады?

4.  Оқу әдістерiнің жалпы қызметi қандай?

5.  Әңгімелеу әдісiнің мазмұны қандай?

6.  Сұхбат әдісiнің мәнi не?

7.  Кiтаппен жұмыс әдісi қалай орындалады?

8.  Қайта жаңғырту әдісiнің мәнi не?

9.  Мәселелi әдістi қалай түсiнесiз?

10.  Эвристикалық әдіс қалай орындалады?

11.  Жаттығу әдістерiнің қолдану аймағы қандай?

12.  Дидактикалық ойындардың мақсаты не?

13.  Танымдық ойындарды қалай ұйымдастыруға болады?

14.  Оқушылардың  сабақтағы  өзiндiк  (самостоятельные) 

жұмыстарын ұйымдастыру қалай жүреді?

15.  Оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға пайда-

ланылатын жәрдемшi құралдар қандай болуы мүмкін?

16.  Оқу әдістерiн таңдау қандай себептерге байланысты?


238

9-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ 

ОҚУ ТҮРЛЕРI МЕН ФОРМАЛАРЫ

Жоспар:

Оқу түрлері

Жiктеме оқу

Оқу формалары

Сабақ типтерi мен құрылымдары

Аралас сабақтар

Сабақ дайындығы

Үй тапсырмалары

Тiрек конспект-сөздік

  Оқу  түрі  (тип)  –  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың 

жалпы  әдіс-тәсiлдерi  (способы):  1)  мұғалiм  әрекетiнің  сипа-

ты;  2)  оқушылардағы  бiлiм  игерудің  ерекшелiктерi;  3)  бiлiмдi 

тәжірибеде қолданудың өзiндiк пайымы (специфика).

  Жаттанды  (догматическое)  оқу  –  болмыс  деректерi 

мен  құбылыстарын,  олар  арасындағы  байланыстарды  бiр 

қалыпты,  бұлжымас  заңдылықтарға  (догмаларға)  негізделген 

тұжырымдар ретiнде қабылдауға баулу үдерісi. Мұғалiм бiлiм 

тобын  дайын  күйiнде,  түсiндiрместен  ұсынады.  Оқушы  оны 

сол  күйiнде  жаттайды  және  қалтқысыз  қайта  айтып  бередi. 

Тәжірибелік қолдану қажет емес.

  Дәстүрлi  (традиционное),  түсiндiрме-көрнекi  (объяс-

нительно-иллюстративное)  оқу  –  1)  материалды  бала  са-

насына  жеткiзу  сөз  бен  көрнекi  құралдардың  байланысы  не-

гiзiнде орындалады; 2) оқушылардың жетекшi оқу әрекеттерi – 

тыңдау және есте қалдыру; 3) басты талап - өткендi қалтқысыз 

жаңғырту.

  Мәселелi (проблемді) оқу – оқушы бiлiмдi сабақ матери-

алына байланысты мәселелердi өзбетiнше, дербес шешу жо-

лымен  жинақтайды.  Шәкiрттің  шығармашылық  ой-өрiсi  мен 

танымдық белсендiлiгiне үлкен мән берiледi.


239

  Мәселелi  оқу  технологиясы  –  1)  Мәселе  қою.  2)  Бол-

жамдар  жетiлдiру.  3)  Мәселенi  шешуге  қажет  бiлiм,  ептiлiк, 

дағдыларды, әдіс-тәсiлдер мен құрал-жабдық iздестiру. 4) Тек-

серу. 5) Нәтиже.

  Бағдарламаластырылған  (программированное)  оқу 

–  алдын  ала,  жоспарланған  нәтижеге  бiрiздi  (последователь-

ное)  амалдар  (операции)  жүйесi  арқылы  жету.  Мұндай  оқу 

ұйымдастырудағы басты мақсат – оқу үдерісiн оңтайластыру.

  Жiктеулi (дифференцированное) оқу – бала мүмкіндiктерi 

мен қажеттiктерiн мүмкіндiгiнше ескерiп бару.

  Жекеленген  (индивидуальное)  оқу  –  жiктеулi  оқудың  әр 

балаға бөлек бағытталуы.

  Оқу  ұйымдастыру  формалары  –  мұғалiм  мен  оқушы 

арасындағы  үйлесiмдi  оқу  iс-әрекеттерiнің  сырттай  көрiнiсi; 

оқу  мазмұнын  белгiлi  көлемге  түсiрiп,  оны  кезекпен  ұсынып 

барудың бiрден-бiр жолы.

  Оқу  формаларын  топтастыру  –  1.  Оқушы  санына  бай-

ланысты  (жекеленген,  топтық,  сынып-ұжымдық);  2.  Оқу  орны 

бойынша (мектеп, мектептен тыс, сырттай, экстернет); 3. Мер-

зiм, уақытқа орай (дәстүрлi, 45 минут оқу, қысқарған 25-30 ми-

нут оқу, үзiлiссiз, еркiн оқу).

  Оқу  формалары  тарихынан:  1)  Ежелгi  Грек,  Римдегі  же-

келенген  оқу;  2)  Орта  ғасырлық  мектептердегi  жекеленген-

топтық  оқулар;  3)  Англиядағы  белл-ланкастерлiк  бiрiн-бiрi 

оқыту  жүйесi;  4)  Мангеймдiк  қабiлет  бойынша  жiктеп  оқыту 

әдісi; 5) Алғашқы кеңес (советские) бригадалық оқу мектептерi; 

6) “Трамп жоспары” оқуы; 7) Баланың толық еркiндiгiн қолдаған 

Дальтон-план оқуы.

  Сынып-сабақтық  (классно-урочная)  оқу  формасы  –  1. 

Тұрақты  оқушылар  құрамы  (сынып);  2.  Жылдық  оқу  жоспары 

(жоспарлау); 3. Жеке бөлiктерге келтiру (сабақ); 4. Сабақтардың 

ауысуы  (кесте);  5.  Мұғалiм  жетекшiлiгi  (педагогикалық  бас-

қарым);  6.  Оқушылардың  әрқилы  танымдық  iс-әрекеттерiнің 

түрлері  мен  формалары  (оқу  iс-әрекеттерiнің  баламалылығы 

(вариантивность).

  Қосымша  оқу  формалары:  көмекшi,  сыныптан  тыс, 

сабақтан  тыс,  үй  жұмыстары,  өзiндiк  дербес  оқу,  кеңестер, 

қосымша  сабақтар,  нұсқау  (инструктаж)  сабақтары,  үйiрме, 


240

клубтық  жұмыстар,  оқу  саяхаттары,  тәжiрибе  учаскелерiндегi 

жұмыстар,  шеберханалардағы  еңбек  сабағы,  өлкелiк  сапар-

лар, денешынықтыру жарыстары және т.б.

  Сабақ  (урок)  –  1)  оқу  үдерiсiнің  бiтiмдi  бөлiгi,  2)  негiзгi 

форма.


  Сабаққа  қойылатын  талаптар:  1.  Ғылым  жетiстiктерi 

мен озық педагогикалық тәжiрибенi пайдалану; 2. Оқу-тәрбие 

үдерiсiнің  заңдылықтарын  қолдану;  3.  Барша  дидактикалық 

принциптер  мен  ережелердi  тиiмдi  ұштастыра  бiлу;  4. 

Оқушылар  қызығуларын,  икемдерi  мен  қажеттерiн  ескеру; 

5.  Пәнаралық  байланыстарды  iске  асыру;  6.  Өткендегiлердi 

пайдалана  бiлу;  7.  Тұлғалық  дамуға  жол  ашу;  8.  Оқу-тәрбие 

жұмыстарының логикасы мен эмоционалдығын сақтау; 9. Өмiр 

және  оқушының  жеке  тұрмысымен  байланыстыру;  10.  Бiлiм 

игеруге, толықтырып баруға үйрену; 11. Әр сабақты тиянақты 

анықтап, болжап, жобалап, жоспарлап бару; 12. Педагогикалық 

құрал-жабдықтарды тиiмдi пайдалану.

  Сабақ  мақсаты: тәрбиелеу, бiлiм игерту, дамыту.

  Сабақтың iске асуы мыналарға байланысты: мазмұнға, 

оқу әдістерiне, мұғалiм тұлғасына, қатынас-көзқарасқа, қызмет 

қарым-қатынастарына мән беру.

  Сабақ түрлері (типтерi) – аралас сабақ, жаңа материалды 

өту,  жаңа  ептiлiктер  қалыптастыру,  бiлiм,  ептiлiктердi  бекiту, 

қорытындылау және жүйелеу, бiлiм, ептiлiктердi қолдану, бiлiм 

және ептiлiктердi бақылау және реттеу.

  Бiрiгiмдi  (интегрированный)  сабақ  –  бiр  тақырып 

төңірегiнде әрқилы пән материалдарын қоса ұсыну.

  Сабақ дайындау кезеңдерi: 1. Нақтамалау (диагнстика), 2. 

Болжау (прогнозирование), 3. Жоспарлау (планирование).

  Үй  жұмыстары  қызметi:  игерiлгендi  бекiту,  өткендердi 

тереңдету, дербестiк дамыту, бақылаулар орындау.

  Үй тапсырмаларына талаптар: ынталандырушылық, бел-

сендiлiк және дербестiк, түсiнiмдiлiк пен әлжетушiлiк (посиль-

ность), шығармашыл сипат, жекелiк (индивидуальность) және 

жiктеулiлiк (дифференцированность), жүйелi тексерiс.



241

“Оқу – білім қазығы,

Адамның азығы,

Оқу – өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.”.

Я.Корчак

Оқу түрлері

     


Дидактикалық жүйелер тарих тұңғиығына iзсiз батып кетпей-

дi. Олар заман талаптарына сәйкес жаңа түрге ауысады, де-

генмен өзгерiске түсе отырып, өздерiнің тектiк белгiлерiн көпке 

дейiн сақтап барады. Осылайша, мысалы, кейiн дәстүрлiк си-

пат  алған  Гербарт  дидактикасы  Коменский  дидактикасының, 

сонымен бiрге одан да ежелгi догматтық және схоластық жүйе 

элементтерiн    өзіне  сіңiредi.  Дәстүрлi  дидактиканы  сүйенiш 

етпегенде  Дьюи  дидактикасы  өз  аяғына  тұрып  кетпеген  бо-

лар едi. Осылай өткендi арқау етпей бағдарламаластырылған, 

кейiн компьютерлi оқу жүйелерi де мектеп тәжiрибесiне енбес 

едi. Дидактикалық жүйелер ұштастығы – оқу теориясы мен 

технологиясының жалпы даму заңдылықтарынан.

Әрқандай  дидактикалық  жүйе  өмiрге  өз  ерекшелiктерi 

мен  технологиясына  негiзделген  оқу  түрін  (типiн)  әкеледi. 



Оқу түрі (типi) – оқу-тәрбие үдерісi ұйымдасуының жалпы 

тәсiлi, жолы. Басты құрылымдық бiрлiктерiн талдау арқылы 

оқу  түрін  анықтаймыз.  Ол  бiрлiктер  келесiдей:  1)  мұғалiм 

iс-әрекетiнің  сипаты;  2)  шәкiрттер  оқып,  бiлiм  игеруiнің  ерек-

шелiгi;  3)  бiлiмдердi  тәжiрибеде  қолдану  анайылылығы  және 

т.б. Осы жалпыланған белгiлер негiзiнде оқудың бiрнеше тип-

терi ажыралады: Нақтамалық, түсiндiрме – көрнекi, мәселелi, 

бағдарламаластырылған, компьютерлi, қашықтан оқу.


242

Оқудың  әрқилы  бiрнеше  түрі  тең  бiрлiктi  қолданылуы 

мүмкін. Педагогтар оқу теориясы мен тәжірибесінің ежелгi даму 

кезеңдерiндегi  жетiстiктерiн  пайдаланудан  бас  тартқан  емес, 

көненің  көзi  болған  игiлiктердi  жаңа  жүйелерге  өткiзiп,  бүгiнгi 

мектеп тәжiрибесiн байытуда. Қай оқу жүйесiнде де, тiптi өткен 

дәуiрiмiзде  түгелдей  қараланған  догматтық  және  схоластық 

оқу түрлерінің өзiнде де ұнамды тараптары баршылық, олар-

ды  қазiргi  мектепке  өткiзiп,  орынды  пайдаланғанымыздан 

келер  зиян  болмаса  керек.  Дәстүрлi  оқудың  да  маңызды 

артықшылығы бары педагогикалық қауымға аян.

Көп ғасырлар бойы Еуропаны бiлiмдендiрген догматтық оқу 

болмыс деректерi мен құбылыстарын, олар арасындағы бай-

ланыстарды  бұлжымас  тұжырым  (догма)  ретiнде  зерттеуге 

бағытталған.  Мұғалiм  өз  шәкiрттерiне  белгiлi  бiлiмдер  тобын 

дайын күйiнде ұсынып, оларға түсiнiктеме берудi қажет деп ес-

кермеген. Оқушылар оларды жаттап алып, сол күйiнде қайта 

жаңғыртуға  машықтанады.  Игерiлген  бiлiмдердi  тәжірибеде 

қолдану талабы мүлде қойылмады. Бұл оқу типi механистiк жад 

дамытуға бағышталып, тұлғаның сана-сезiмдiк (интеллектуал) 

дамуын шектедi. Догматты оқу мұғалiм пiкiрiмен толық келiсiмдi 

талап етiп, ол жариялаған ақиқатқа күмән, күдiк келтiруге жол 

бермедi. Уақыт озуымен мектеп догматтық оқудан бас тартты, 

бiрақ оның кейбiр элементтерi әлi күнге дейiн сақталуда.

Қазіргі  заман  мектебiнде  үш  салыстырмалы  дербес 

ерекшеленген  әрi  бiр  топ  белгiлерiмен  ажыралған  оқу  түрі 

қолданылуда:

– түсiндiрме – көрнекi (дәстүрлi немесе ақпаратты деп те 

аталады);

– мәселелi (проблемді);

–  бағдарламаластырылған  және  оның  неiгiзiнде  пайда 

болған компьютерлi оқу.

Қазіргі кезең оқу түрлерінің тиiмдi де кемшiлiк тараптарынан 

бiрнеше маңызды сипаттары бойынша талдау салып көрейiк.



Түсiндiрме  –  көрнекi  оқу  (ТК).  ТК  мәнi  оның  атуынан-ақ 

байқалып тұр. Көрнекiлiкпен ұштасқан түсiндiру – бұл оқудың 

негiзгi әдістерi, тыңдау мен есте қалдыру – оқушылардың же-

текшi iс-әрекет түрлері, ал игерiлгендердi қалтықсыз қайта 

жаңғырту  –  басты  талап  әрi  негiзгi  тиiмдiлiк  шарты.  Мұндай 


243

оқу түрін дәстүрлi деп те атау қабылданған, себебi ол мектеп 

тарихының  ежелгi  бастауларынан  түрлі  формаларға  ауысып, 

қолданымда келе жатқанынан дерек бередi. Оқудың бұл көне 

түрі бүгiнгi мектепте өз маңызын жойған емес, керiсiнше, бiлiм 

ұсыну мен көрнекi әдістер құрамында үйлесiмдi өз орнын табу-

да. ТК оқу бiрқатар маңызды басымдылығымен танылған: уақыт 

үнемдейдi,  мұғалiм  мен  оқушы  күш-қуатына  демеу  бередi, 

шәкiрттің  күрделi  бiлiмдердi  қабылдауын  жеңiлдетедi,  үдеріс 

басқарымын  реттестiруге  көмектеседi.  Алайда,  ТК  оқуының 

кемшiлiктерi  де  жоқ  емес:  “дайын”  бiлiмнің  ұсынылуынан  ба-

лалар  оны  игеруде  өзбетiнше  өнiмдi  ой  қызметiнен  ажырап 

қалады; жеке-дара және жiктемелi оқу үдерісін ұйымдастыруда 

мүмкіндiктерi шектелген.



Мәселелi  оқу  (МО)  ерекшелiгi:  белгiленген  оқу  мәселеciн 

балалар  әлiнше  шеше  отырып,  көзделген  бiлiм  қорына 

өзбетiнше  қол  жеткiзедi.    Өзiндiк  ықылас-ниет  пен  әрекеттен 

оқушылардың шығармашыл ойы мен танымдық белсендiлiгiнің 

жоғарылағаны  анық  байқалады.  Мәселелi  оқу  технология-

сы бiрнеше мiндеттi сатылардан тұрады. МО маңызды кезеңi 

– мәселелi жағдайды  түзу, сол арқылы оқушыларды қандай 

да  қиындықты  ой  толғанысына  келтiру.  Мәселелi  жағдайдың 

қай  уақытта  да  адамды  сана-сезiмдiк  күштенуге  түсiрiп, 

туындаған қайшылықтарды шешу қажеттiгiн пайда ететiнi бел-

гiлi.  Олардағы  қарама-қарсылықтар  төркiнi  –  алға  тартылған 

сұраққа бола бұрыннан бар бiлiмдерiмен жауап бере алмауын-

да.  Ендi  ол  қайшылық  кедергiлерiнен  жол  тауып  шығуы  үшiн 

жаңа бiлiмдердi игеруi тиiс. 

Жағдайға  енгiзiлетiн  оқу  мәселесi  белгiлi    қиындық 

деңгейiнде болып, бiрақ оқушының оны шешуге күшi жететiн-

дей  болуы  қажет.  Бiрiншi  кезең  осымен  аяқталады.  Мәселе 

шешiмiн  табудың  екiншi  кезеңiнде  нақты  сұрақ  бойынша 

өз  бiлгендерiн  сарапқа  салып,  жауап  табу  үшiн  не  жетiспей-

тiнiн  анықтап,  кемшiн  бiлiмдерiн  толықтыруға  белсендiлiкпен 

кiрiседi.  Ал  үшiншi  кезең  әрқилы  жолдармен  мәселе  шешу-

ге  қажеттi  бiлiмдердi  игеруге  бағытталады.  Нәтижеде,  “аян” 

жарқ етiп, бала “Бiлдiм, қалай болатынын!” деген тоқтамға ке-

ледi. Әрi қарай мәселе шешiле бастайды, нәтиже тексерiледi, 

бастапқы болжаммен салыстырылады, қолға түскен бiлiмдер 

мен ептiлiктер жүйеленiп, қорытылады.


244

Мәселелi  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  өрнектеуге 

қойылатын талаптар:

– оқушылардың  бiлiм,  ептiлiк  деңгейi  мен  ойлау  қабiлетiне 

орайластырыла түзілуi тиiс;

– белгiлi  мен  белгiсiздердi  салыстырудан  бала  таңдануын 

туғызып, аралық кедергiлердi жеңу ықыласын оятуы шарт;

– оқушыларды  қиыншылықтарды  шешуге  ынталандырып, 

әртүрлі болжам ұсынуға ойыстыруы тиiс;

– жеке оқу пәнi материалымен шектелмеуi қажет.

МО  мәселе  мәнiн  баяндау,  эвристикалық  (ішінара  iздену), 

зерттеу iзденiсi әдістерiмен iске асырылады. Бастауыш мектеп 

сабағында мәселелi сұрақ және мәселе мәнiн баяндау секiлдi 

МО элементтерiн мұғалiм жиi қолданады, себебi кiшi жастағы 

балалар  қандай  да  мәселенi  шешуде  сезiм  толғанысына 

берiлiп, белсендi әрекетке келедi. Мұндай жұмыстың табысты 

болуы келесi жағдайларға тәуелдi:

– МО шарттарын iске асыруға мұғалiмнің өз дайындығы жет-

кiлiктi деңгейде болса;

– оқушылар  сабақтардың  қай-қайсысында  да  мәселелi 

сұрақтармен етене араласып барса;

– барша сабақтарда оқу мәселелерiн енгiзу мен оларды ше-

шуге қолайлы жағдайлар түзiлсе.

Көпшiлiкке  таныс  мәселелi  оқу  артықшылықтары:  мен-

шiктi  шығармашылық  әрекет  жолымен  бiлiм  жинақтау,  оқу 

еңбегiне  жоғары  қызығушылық,  өнiмдi  ой  қабiлетiнің  дамуы, 

оқудың берiк те әсерлi нәтижелiлiгi. МО кемшiлiктi тараптары 

–  оқушылардың  танымдық  iс-әрекеттерiн  басқару  қиындығы, 

көзделген  мақсатқа  жету  жолында  уақыттың  көп  сарп  етiлуi, 

аса қарқынды күш-қуат талабы. 



Бағдарламаластырылған  оқу  (БО)  –  орындалуы  ал-

дын  ала  жоспарланған  нәтижеге  жеткiзетiн  бiрiздi  амалдар 



(операциялар)  жүйесiне  негiзделедi.  БО  басты  мақсаты  оқу 

үдерісiне  басшылықты  жақсарту.  БО  оқушының  таным 

жолындағы  әрбір  iлгерi  қадамын  бақылап  баруға,  қажет  бол-

са мезетiнде жәрдем беру мүмкіндiгiн ашатын бiлiм игеру тех-

нологиясын түзуге бағытталған. Егер бұл iске асса, оқушылар 

көптеген қиыншылықтардан, келеңсiз басқарыммен қабаттасып 


245

жүретін қызықсыну жұтаңдығынан және басқа да жайсыз сал-

дарлардан құтылады.

БО ерекшелiктерi келесiдей:

– оқу материалы жекеленген үлестерге бөлiнедi;

– оқу  игерiлуi  тиiс  бiлiм  және  ой  әрекеттерi  үлестерiнен 

тұратын 

бiрiздi 


орындалатын 

қадам-тапсырмалардан 

құралады;

– әр үлес-тапсырма бақылаумен (сұрақ-тапсырма және т.б.) 

аяқталады;

– бақылау  тапсырмалары  дұрыс  орындалса,  оқушы 

материалдың  жаңа  үлесiн  алады  да  оқу  жолындағы  жаңа 

қадамды орындауға өтедi;

– жауап дұрыс болмаса, оқушыға жәрдем берiледi, қосымша 

түсiнiктемелер алады;

– әр  оқушы,  өзбетiнше  оқу  жұмысын  орындап,  өз  күш-

қуатына сай жеделдiкте қажеттi материалды игерiп барады;

– барша  бақылау  тапсырмаларының  орындалу  нәтижесi 

хатталып, оқушының  өзіне хабарланады (iшкi керi байланыс), 

педагогқа да жеткiзiледi (сыртқы керi байланыс);

– педагог  оқу  ұйымдастырушы  қызметiн  атқарады,  егер 

оқушы  қиналса,  жәрдемшi  (кеңесшi)  де  болады,  жеке-дара 

оқыту жұмыстарын да орындайды;

– оқу 

үдерiсiнде 



БО 

арнайы 


құрал-жабдықтары 

(бағдарламаластырылған  оқу  құралдары,  тренажерлер, 

бақылау қондырғылары, оқу-үйрету машиналары) пайдаланы-

лады.


Компьютерлi  оқу  (КО).  Жеке  қолданымдағы  электронды 

–  есептеу  машиналарының  дамуы  саласындағы  қарқынды 

iлгерiлеу  педагогтарды  компьютерлi  оқудың  жаңа  технологи-

ясымен  кезiктiрдi.  Бұл  оқу-тәрбие  үдерiсiнің  жаңа  бағыттағы 

өзгерiстерiне  арқау  болды.  Арнайы  оқу  бағдарламаларымен 

қамдастырылған компьютерлердi барша дидактикалық мiндет-

тердi  iске  асыруға  қолайластыра  пайдалану  мүмкін:  ақпарат 

ұсынуға;  оқу,  бақылау  мен  нәтижелердi  реттеп,  түзетуде; 

дағдыландыру  жаттығуларын  орындауда,  оқу  үдерiсiнің  да-

муы  жөнiндегi  деректердi  жинақтауда  және  т.б.  Электронды 

– есептеу машинасын тиiмдi пайдаланудың басты бағыттары 

айқындалды: 1) жеке оқу пәндерi бойынша оқушылар үлгерiмiн 



246

көтеру  (математика,  ана  тiлi,  шет  тiлдерi  бойынша);  2)  жал-

пы және арнайы қабiлеттер дамыту – көзделген мәселелердi 

шешу,  өзбетiнше  дербес  ой  топшылау.  Бұдан  да  басқа  оқу 

қызметтерiн орындауда компьютер машиналар орасан тиiмдi. 

Тестiлеуде,  бағалау  мен  оқу  үдерісін  басқаруда  мұғалiм 

уақытын ұнамды, педагогикалық қызмет тиiмдiлiгiн арттыруға 

қол-қабыс көрсетедi.

Сонымен,  қазiргi  заман  бастауыш  мектебiнде  оқудың  бiр-

неше түрі үйлесiмдiлiкпен қолданылуда: түсiндiрме – көрнекi, 

мәселелi, бағдарламаластырылған оқу түрлері.

Жiктемелi оқу

Оқу  үдерiсiнде  әр  оқушы  немесе  оқушылар  тобының 

мүмкіндiктерi  мен  қалауларын  барынша  ескеру  мақсатында 

мектеп 


тәжiрибесiнде 

(дифференциалды) 



жiктемелi 

оқу  жоғары  тиiмдiлiкпен  қолданылуда.  Мектептегi  жiкте-

мелi  оқудың  көздеген  мақсаты  –  оқушыларды  мүмкін  болар 

бiлiм  олқылықтарынан  сақтандыру,  дайындық  деңгейлерiн 

үйлестiру,  оқуға  қызығушылық  ояту.  Оқушылар  мүмкіндiктерi 

мен оқу дайындығына сәйкестендiрiле жiктелген әр сабақтағы 

оқу мазмұнға өзгерiстер енгiзу, кей тапсырмаларды орындауда 

кезiгетiн қиыншылықтарды реттестiру, әдістемелiк қолдау ша-

раларын пайдалану арқылы жүргізіледi.

Жiктемелi оқуды iске асыра отырып, мұғалiмнің атқаратын 

мiндеттерi:

– таңдалған оқу түрі қандай мақсатта, қай сабақтарда және 

қандай нақтылықпен орындалатынын анық бiлу;

– балалардың оқу жұмыстарына деген жалпы дайындығын 

зерттеп, ол жөнiнде нақ ақпаратқа қанық болу;

– жаңа материалдарды игеру мен жiктелген тапсырмаларды 

орындауда кезiгетiн кедергiлердi күнi бұрын көре бiлу;

– сабақтар  жүйесiнде  жеке-дара  және  топтық  тапсырма-

ларды  орынды  пайдалану  және  олардың  тиiмдiлiгiн  үздiксiз 

бақылап, талдап бару;

– оқудың  келесi  сабақтағы  жалғасының  қай  сипатта 

жүргізілетінiн толық әрi нақты хабардар болу;



247

– жiктемелi оқуды науқандыққа айналдырмай, оқудың бүкiл 

барысында жүйелi қолдану.

Егер  жiктемелi  оқу  нақты  бір  оқушыға  бағышталса,  жеке-



дара сипат алады. Жеке-дара оқудың iске асуы оның қай балаға 

арналғанын анықтаудан басталады. Ал мұндай оқу ең алдымен 

мектеп  оқуына  дайын  болмаған  не  дайындығы  кем  шәкiртке 

қажет.  Мектеп  оқуын  ендi  бастаған  балалар  арасындағы 

айырмашылықтар елеулi келедi – кей бiреулерi түк бiлмейтiн 

әрi ебедейсiз болса, ендi бiреулерi қайсы бiр бағытта толықтай 

қалыптасқан  бiлiм  және  ептiлiктермен  көзге  түседi.  Педагог 

оқушылар әрекет-қылығына мұқият назар сала отырып, оларды 

мiндеттi түрде сараптап өткiзедi де оқу мүмкіндiктерi деңгейiн 

анықтап, әрбiрiмен бөлек жұмыс тәсiлдерiн өткізеді. Мұндайда 

ата-аналармен кеңесу де қажет.

Оқуға қиналатын балалар ерекше қамқорлықты қажет етедi. 

Оқуды қиындастыратын бiрнеше себептер тобы анықталған:

–  көңіл-күй  –  ерiктiк  аймағы  мен  жалпы  тұлғалық  дамуы 

шектелiп, инфантилизм жағдайына түскен балалар. Мұндай 

оқушылар  жасы  жеткенiмен  оқу  iс-әрекеттерiне  болымсыз 

келедi.  Бұл  балалармен  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жеке-дара 

жүргізіп,  арнайы  жаттығулар  арқылы  қалыптасқан  тұлғалық 

кемшiлiктердің  бастау  себептерiне  мән  беру  қажет,  оқу  iс-

әрекеттерiне сәйкес тұлғалық қасиеттердi дамытып, қатарлары 

санатына жетiлдiру үшiн арнайы жаттығулар жасап, дағдылық 

қалыпқа келтiрудi естен шығармаған жөн.

– қозғалыс-қимыл ептiлiктерiнің қалыптасу деңгейi төмен 

балалар. Бұлар жазу, сызу, басқа да әрекеттердi қиыншылықпен 

игередi.  Дене  шынықтыру,  сурет,  еңбек  сабақтары  олар  үшiн 

үлкен азап. Себеп баланың енжарлығы не қаламауында емес, 

әрекет-қимылдарының  дамымауында.  Мұндайда  баламен 

жеке-дара жұмыс жасау әбден қажет. Арнайы жаттығулармен 

кемшiлiктердің  бастау  себептерiн  қалпына  келтiрiп,  тиiстi 

бұлшық  еттер  қызметiн  орнына  түсiрудi  әдейi  жоспарлаған 

көңілге қонымды. 

– кеңiстiктi байқастыру қабiлеттерi дамымаған балалар. 

Бұлар ақыл-есi дұрыс, бiрақ есептеуге жоқ, геометриялық фи-

гураларды айыра алмайды, құрастыру iстерiне орашолақ. Бұл 



248

қиыншылықарды жеңудің жолы балалармен жеке-дара жұмыс 

жүргізіп,  сызу  өрнектерiн,  геометриялық  бейнелер  (шеңбер, 

үшбұрыш, ромб және т.б.) салдырып, жад бойынша суреттер 

мен  құрастыру  ойындарына  тартып,  дағдыландыру  қажет. 

Көмекке ата-аналарды да тартқан тиiмдi. 

–  жад,  ес  бұзылыстарына  кезiккен  балалар.  Бұлар 

материалды  қайталап  айтып  бере  алмайды,  қарапайым 

тақпақты  жаттауға  әлi  келмейдi,  ал  математикалық  тапсыр-

малар  орындауға  тiптi  жоқ.  Мұндай  оқушылармен  жеке-дара 

бағдарлама  негiзiнде  қосымша  дәрiстер  ұйымдастырып, 

iс-әрекеттерiн  жаттықтыру  жолында  мүмкін  болар  барша 

әдістердi – көрнекiлiктен бастап, арнайы “тiрек” тәсiлдердi пай-

далану керек.

–  оқу,  жазу  қабiлеттерi  кем,  дисграфия  құбылысынан 

күйзелiске  түскен  балалар.  Бұл  оқушылар  дыбыс  және  әрiп 

айырмашылығын  аңғармайды,  әрiп  пен  сөздердi  жазу  жол-

дарына  түсiре  алмайды,  дыбыстарды  шатыстырып,  сөздердi 

дұрыс оқуда қиналады. Егер баланың мұндай жағдайы арнайы 

оқу-тәрбиенi қажет ететiн сырқатпен байланысты болмаса, пе-

дагог бұл мәселенi жеке-дара оқу iстерiн ұйымдастыру жолы-

мен шешуi мүмкін.

–  сөйлеу  қабiлетi  кешеуiлдеп  дамыған,  дислекцияға 

ұшыраған балалар. Бұл кемшiлiк бала тiлiнің дамуына сәйкес 

сезiмдiк  кезеңде  ересектердің  тiл  өсiру  жұмыстарына  дұрыс 

мән бермегендiгiнен болады, нәтижеде бала дыбыстай алмай-

ды, өз ойын сөзбен жеткiзуде көп қиыншылықтарға ұшырайды. 

Мұны  сезген  педагог  оқушымен  жеке-дара  оқу  қызметтерiне 

мейлiнше көп назар аударғаны жөн. 

–  жалпы  дамуының  жетiспегендiгiнен  оқу  үлгерiмi  төмен 

балалар.  Бұл  кемшiлiк  бала  тұрқының  әлжуаздығымен  бай-

ланысты,  тез  шаршайды,  жұмыс  қабiлетi  төмен.  Осыдан  оқу, 

басқа да жүктемелердi көтере алмайды. Мұндай оқушыларға 

арнайы режим қажет, ерекше күн тәртiбi түзiлiп, қысқартылған 

оқу графигiмен мектепке қатынау мүмкіндiгi берiлуi керек.

Жiктемелi  оқу  негiзiнен  ықшам  топтар  мен  жеке  оқушыға 

арналған тапсырмалар бойынша ұйымдастырылады. Бұл үшiн 

келесi тәсiлдердi қолданған жөн:



249

– сынып оқушыларының бәрiне бiрдей тапсырма мазмұны 

ұсынылады, бiрақ үлгерiмi жоғары оқушылардың тапсырманы 

орындау уақыты қысқартылады;

– сынып оқушыларының бәрiне бiрдей тапсырма мазмұны 

ұсынылады, бiрақ үлгерiмi жоғары оқушылар орындайтын тап-

сырмалар күрделiрек және көлемi жағынан ауқымдылау;

–  тапсырма  бүкiл  сынып  оқушыларына  жалпы,  бiрақ 

үлгерiмi  төмен  оқушыларға  жұмыс  орындауды  жеңiлдететiн 

көмекшi материалдар берiледi (тiрек, сұлба, алгоритм, кесте, 

бағдарламаластырылған тапсырма, үлгi, жауап және т.б.);

–  сабақтың  бiр  кезеңiнің  өзiнде  үлгерiмi  күштi,  орташа 

және төмен оқушылар үшiн әрқилы мазмұндағы тапсырмалар 

ұсынылады;

– оқушылардың өздерiне бiрнеше теңдей тапсырмалар iшi-

нен бiрiн таңдап алу құқы берiлдi. Мұндай жұмыс тәсiлi мате-

риалды бекiту кезеңiне орайластырылады.

Математика  сабақтары  тәжiрибесiнде,  мысалы,  келесiдей 

жiктеу  әдістерiн  пайдалануға  болады:  1)  өзiндiк  жұмыстың 

бiр  баламасын  жеңiлдетiп,  ықшам  топтардың  әрқайсысына 

күрделiлiгi үш деңгейде болуы мүмкін тапсырмалар ұсыну; 2) 

тапсырмаға  қойылатын  талаптарды  жiктелген  түрде,  қажет 

болса,  әр  балға  жеке  тапсырма  талаптарын  қою;  3)  тапсыр-

ма  орындауда  берiлетiн  жәрдемдер  түрі  мен  көлемiн  де  жiк-

теу  және  жеке-даралыққа  байланыстыру.  Сабақ  барысында 

күштi  оқушылар  берiлген  тапсырмаларды  жылдам  орындай-

ды,  ал  қалғандары  дәрiс  уақытында  не  iстеуі  керек?  Мұндай 

жағдайды  ескерген  тәжiрибелi  мұғалiм  күрделiлiгi  жоғары 

қосымша тапсырмаларды қамтып, жеке орындау үшiн арналған 

үлестірмелер дайындайды. 

Жiктемелi  оқу  барысында  мұғалiм  есiнде  болуы  қажет 

жағдаят:  үлгерiмi  орташа  және  төмен  оқушыларды  тек 

жеңiлдетiлген  тапсырмаларға,  ал  күштi  оқушыларды  күрделi 

оқу жұмыстарына таңып қоймау. Балаларға жiктемелi тапсыр-

маларды қолданудың қажеттiгiн, бұл шараның уақытша, сынып 

үлгерiмi  бiрқалыпты  теңдескенше  болатынын  түсiндiру  орын-

ды. Қалай болғанда да жеке-дара, жiктемелi тапсырмалар бе-

румен бiрдің сауатсыздығын, ал екiншiнің дарындылығын айы-

ра көрсетiп, бала намысын қорлаудан сақ болған жөн. 


250

Сонымен,  жiктемелi  оқу  барша  балалардың  бәрiне  бiрдей 

сапалы оқу мүмкіндiгiн ашады. 

Сабақ  барысындағы  жiктемелi  оқу  материал  мазмұнына 

өзгерiстер енгiзу, кей тапсырмалардың қиындықтары мен олар-

ды    орындау  уақытын  үйлестiрiп,  реттеу  арқылы  жүргізіледi. 

Сонымен  бiрге  бұл  оқу  формасының  тиiмдiлiгiн  арттыру 

мақсатында балалардың оқу мүмкіндiктерi мен дайындығына 

орай  арнайы  әдістемелiк  шаралар  және  құрал-жабдықтарды 

пайдалану қажет.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет