2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33

Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi

Бұл принциптің негiзiне дәстүрлі философияның ақиқат пен 

танымдық қызметінің дерек көзi – тұрмыс және іс-әрекет екен-

дiгi  туралы  тұжырымы  алынған.  Орынды  ұйымдастырылған 

тәрбие  әрқашан  өмiрдің    өзінен  тәжірибемен  бастау  алып, 

онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсiп келе жатқан 

әулеттi,  белсендi  тiршiлiк  қамына  дайындайды.  Оқудың 

өмiрмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу 

мазмұнына, оқу-тәрбие үдерiсiнің келелi ұйымдастырылуына, 

оқудың  тиiмдi  формалары  мен  әдістерiн  пайдалануға,  еңбек 

пен  политехникалық  дайындыққа  бөлiнген  уақытқа,  сонымен 

бiрге оқушылардың жас ерекшелiктерiне тәуелдi келедi.

Оқудың  өмiрмен  ұштастық  принципiн  iске  асыру  негiзi 

–  теориялық  тұжырымдар  мен  озат  мектеп  ұжымдарының 

тәжiрибесiнен  туындайды.  Осыған  байланысты  мұғалiмнің 

атқаратын мiндеттерi:

–  Мектепте  игерiлетiн  бiлiмдердің  қажеттiгiн  оларды 

қоғамдық-тарихи үдеріспен байланыстыра, оқушыларды сендi-

ре, дәлелдеу. Оқу желісін бiлiмнің, оған қоса мектепте алатын 

құндылықтарының өмiрлiк қажеттi дүние болатынын түсiнiп, се-

зетiндей дәрежеде алып барыңыз.

– Тұрмыс қажеттерiнен – бiлiмге, бiлiмнен өмiр қажеттiгiне 

өте  отырып,  баланы  “бiлiм  -  бұл  бай,  қуатты  тiршiлiк  көзі” 

қағидасымен тәрбиелеңiз.

–  Балаларға  қазiргi  заманның  жаңа  технологиялары, 

өндiрiстiк қатынастары, озат еңбек әдістерi жөнiнде әңгімелеуге 

бiрде жалықпаңыз.


201

– Оқушыларды өз бiлiмдерiн тәжірибеде тексерiп, қолдануға 

табандылықпен үйретіңiз. Қоршаған дүниенi бiлiм көзi және сол 

бiлiмдi қолдану саласы ретiнде пайдаланыңыз.

–  Өз жұмысының өмiрлiк маңызын оқушыға түсiндiрiп бере 

алмайтын бiрде-бiр мұғалiм сабақ бермеуі тиiс.

–  Мектеп  пен  өндiрiс  орындарының  байланысын 

пайдаланыңыз.  Оқушылардың  өндiрiс  өкiлдерiмен  қатынас-

тарын  оқу-тәрбие  жұмыстарының  жалғасына  айналдырыңыз, 

бұл үшiн “оқу пәнi – өндiрiс” байланысын ептiлiкпен бағдарлап, 

қадағалаңыз.

–  Оқушылармен  бiрге  “тұрмыстық  қажет”  сипатындағы 

мәселелер мен жаттығулар түзiп, оларды сабақ материалымен 

байланыстыра шешуге дағдыландырыңыз. Оқулықты балалар 

өмiрiмен ажыралмас бiрлiктегi қоршаған болмыс деректерiмен 

толықтырып баруды ұмытпаңыз.

– Оқуды ауыл, қала, обылыс, республиканың нақты болашақ 

даму  жағдаяттарымен  ұштастырыңыз.  Аймақтың  келешек 

дамуына орай кәсiби бағдарлау жұмыстарын өткiзiп барыңыз.

–  Мәселелi  iзденiс  және  зерттеу  тапсырыстары  теорияны 

тұрмыспен  байланыстырудың  таптырмас  құралы.  Оларды 

әрқилы жолдармен пайдалануға тырысыңыз.

– Балаларды еңбекке, қоғамдық және жеке меншiкке сана-

лы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас 

үлгiсiн өз бойыңыздан көрсете бiліңiз.

– Қоғамдық пайдалы және өндiрiстiк еңбектi оқушылардың 

дербес  бақылаулары  мен  ой  толғаныстарына  ұштастырып, 

балалардың  дүние  болмысын  тануға  деген  құштарлығын 

өршiтiп,  оларды  көп  бiлуге,  түсiнiксiздер  әлемiн  ашуға 

ынтықтырыңыз.

– Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегiн оқу және тәрбие 

мақсаттарына бағындыруды ұмытпаңыз. 

–  Оқу  үдерісiне  еңбектi  ғылыми  ұйымдастыру  (НОТ) 

принциптерiн  енгiзiп  барыңыз.  Балаларға  еңбектi  ғылыми 

тұрғыдан  алып  барудың  теориясы  мен  тәжірибесін  игертiп, 

оның өнiмдi де үнемдi әдістерiмен қарулануына көмектесіңiз, 

өз iс-әрекетiн жоспарлау мен сараптауға үйретіңiз.

– Оқушылардың бiртектi нақты қызметтегi табыстарын да-

мыта түсіңiз әрi бекiтіңiз,  оны басқа әрекет түрлерін орындауға, 


202

пайдалануға  дағдыландырыңыз.  Ұсақ-түйек  табыстардан 

тұрақты ауқымды жетiстiктерге ерiсудің жолдарын көрсетіңiз.

–  Балаларда  өз  нәтижелерiн  ұдайы  жақсартып  баруға 

ұмтылыс тәрбиелеңiз, олардың сайыскерлiк қабiлетiн дамыта 

түсіңiз.


–  Оқушылардың  ақыл-ой  әрекетiн  бiлiмнің  80-85%  игеруге 

жәрдемiн тигiзетiн iстермен байланыстыруға тырысыңыз.

– Балалардың қандай да бiр нәрселердi жетiлдiру, жаңалау 

және өзгерiске келтiру ықылас-ынталарына қолдау көрсетіңiз, 

жағдайлар  болып  жатса,  жас  өнертапқыштар  жарыстарын 

өткiзiп барыңыз.

– Оқушыларды алғашқыда өздерi қалаған ғылым, техника, 

өнер салаларында өзбетiнше бiлiм игеруге ынталандырыңыз; 

оқудың тұрмыспен байланысын өзiндiк бiлiмденудің көзi ретiн-

де пайдаланыңыз.

Бiз  дидактикалық  принциптердi  қарастырып,  олардың  iске 

асу  ерекшелiктерiн  әңгіме  арқауы  еттiк.  Қорытындылай  келе, 

айтарымыз: принциптер әрқашан белгiлi жүйеде, бiр уақытта, 

тығыз  байланысқан  күйде  iс-әрекетте  кешенді,  түрде  жүзеге 

асып барады. Оларды кезекпен немесе бiрiнің орындалуымен 

екiншiсiне тiзбектi өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер ара-

сында басты не екiншi дәрежелiсi болмайды, әңгіме тек олар-

дан  туындайтын  талаптардың  ауқымдылығы  мен  жалқылық 

дәрежесi жөнiнде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара тығыз 

ұштасқан, сондықтан бiрiнің талаптары, екiншi бiр принцип та-

лаптарымен мәндiк жақындыққа түсiп жатады. Олардың бәрiнің 

де  қызметi  –  бағыттау,  оқудың  сапалы  нәтижелерiне  жетудің 

жолдарын көрсету. Бiлiмдендiру iсiн гуманизациялаудың мәнi 

– баланың тән-дене және ақыл-ес мүмкіндiктерiн сақтау және 

дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегiнің нәтижесi оған жұмсалған 

оқушы күш-қуатының деңгейiмен салыстырылып, бағаланады. 

Принциптер  баланың  табиғи  және  әлеуметтiк  мүмкіндiктерiн, 

күш  салаулары  мен  еңбек  нәтижелерiн  қалыпты  мөлшерлеп 

отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар 

арасындағы теңдiктің сақталғаны.



203

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Оқу принциптерi деген не?

2.  Оқу ережелерi деген не?

3.  Я.А.Коменский,  К.Д.Ушинский  және  т.б.  қандай  принцип-

тер негiзiн ұстанды?

4.  Табиғи сәйкестiк принципiнің мәнi қандай?

5.  Жалпы танылған принциптер жүйесi қандай?

6.  Саналылық және белсендiлiк принципiнің мәнi неде? Оны 

iске асыру ережелерiн атаңыз.

7.  Көрнекiлiк принципiнің мәнi қандай?

8.  Жүйелiлiк  пен  бiрiздiлiк  принциптерiнің  мәнiн  қалай 

түсiнесiз? Оларды iске асыру жолдарын атаңыз?

9.  Берiктiк принципiнің мәнi не? Оны қалай қолдану мүмкін?

10.  Түсiнiктiлiк  принципi  деген  не?  Оның  қандай  ережелерiн 

бiлесiз?

11.  Ғылымилық  принципiнің  қажеттiгi  қандай?  Оның  қандай 

ережелерi бар?

12.  Көңіл-күй,  сезiмдiк  принципi  деген  не?  Оның  орындалуы 

қандай ережелермен байланысты?

13.  Теорияның  тәжірибемен  байланыстылығы  принципiнің 

маңызы неде? Ережелерiн атаңыз.


204

8-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ӘДIСТЕРI

Жоспар:

Әдiстер жөнiнде түсiнiк

Әдiстер топтасуы

Ауызекi әдістер

Кiтаппен жұмыс

Көрнекi әдістер

Тәжірибелік әдістер

Өзiндiк жұмыс

Әдiстердi таңдау

Тiрек конспект-сөздік

Оқу әдістерi (методы обучения) – 1. Көзделген оқу мақсатын 

iске  асыруға  бағышталған  мұғалiм  мен  оқушы  арасындағы 

реттестiрiлген 

кәсiби 


педагогикалық 

қатынас-байланыс 

әрекеттерi. 2. Сауат ашу, бiлiм игеру жолдары мен тәсiлдерiнің 

жиынтығы.



Оқу  тәсiлдерi  (приемы  обучения)  –  әдістің  құрамдас  эле-

ментi,  әдістi  iске  асырудағы  жеке  қадам,  бiр  мiндеттiк  оқу 

әрекетi.

Оқу  құрал-жабдықтары  (средства  обучения)  –  1. 

Әрқилы  әрекет  түрлері  (ойын,  оқу,  еңбек  және  т.б.).  2.  Оқу 

үдерiсiнде  қолданылатын  материалдық  және  рухани  дүние 

(көрнекi  құралдар,  тарихи,  көркем  және  ғылыми-бұқаралық 

әдебиеттер, сурет және ән-күй өнер туындылары, техникалық 

оқу құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.).



Әдiстер қызметi (функции методов) – 1. Сауат ашу, бiлiм 

игерту (обучающая). 2. Ынталандыру – елiктiру (мотивацион-

ная).  3.  Дамыту  (развивающая).  4.  Тәрбиелеу  (воспитатель-

ная). 5. ұйымдастыру (организационная).



Оқу  танымдық  iс-әрекеттердi  ұйымдастыру  әдістерi: 

1) Ауызша айтып беру (словесные); 2) көрнекiлiк (наглядные) 

және  іс-әрекеттік;  3)  қайта  жаңғырту  (репродуктивные)  және 

мәселелi iзденiс; 4) индуктивтi және дедуктивтi.



205

Оқу танымдық iс-әрекеттерге ынталандыру (стимулиро-

вание)  және  елiктiру  әдістерi;  1)  танымдық  ойындар;  2)  оқу 

пiкiр-таластар (дискуссии) және т.б.

Оқу барысындағы бақылау (контроль) әдістерi: 1) ауыз-

ша;  2)  жазбаша;  3)  зертханалық  (лабораторный);  4)  өзiндiк 

бақылау (самоконтроль).

Оқу үдерiсiндегi жалпы әдістер жүйесi:

–  сана  қалыптастыру  әдістерi  –  әңгімелеу  (рассказ), 

түсiндiру  (объяснение),  сұхбат  (беседа),  дәрiсбаян  (лекция), 

пiкiр-талас (дискуссии), кiтаппен жұмыс, үлгi-өнеге.

– оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру және қоғамдық қажет 

қылық-әрекет қалыптастыру әдістерi – жаттықтыру (упраж-



нение), дағдыландыру (приучение), оқу-тәрбиелiк жағдайлар 

(ситуации)  түзу,  педагогикалық  талап,  нұсқау  (инструк-

таж),  көрнекiлеу  (иллюстрация),  көрсету  (демонстрация), 

зертханалық жұмыстар, қайта жаңғырту (репродуктивные), 

мәселелi iзденiс, индуктивтi, дедуктивтi.

–  ынталандыру  және  елiктiру      әдістерi  –  жарыс, 



танымдық  ойындар,  пiкiр-таластар,  сезiмдiк  әсер  ету, 

мадақтау, жазалау және т.б.

–  бақылау  әдістерi  –  арнайы    оқу-бiлiм  деңгейiн    



нақтамалау    (диагностирование),  ауызша  және  жазба  сау-

алнама (опрос), тексерiс және зертханалық жұмыстар, ком-

пьютерлік бақылау, өзiндiк тексерiстер және т.б.

– әңгімелеп беру (рассказ) – сипаттама не баяндау фор-



масында берiлетiн деректi материалдың бiрiздi ұсынылуы.

Сұхбат (беседа) – оқу-тәрбие үдерiсiнің барша кезеңдерiнде 

қолданылатын оқушы мен педагог арасында сұрақ-жауап фор-

масында өтетiн белсендi iс-әрекет байланысы.

Түсiндiру (объяснение) - қандай да тұжырымдардың (заң, 

принцип,  ереже  және  т.б.)  анық  та  нық  игерiлуiн  қамтамасыз 

ету үшiн қолданылатын дидактикалық әрекет.

Дәрiсбаян  (лекция)  –  ғылыми  танымы  мол,  теориялық 

қорытуларға бағышталған көлемдi материалдарды ұсыну үшiн 

қолданылатын әдіс.

Оқу  пiкiр-таластары,  сөз-жарыс  (дискуссии,  диспуты) 

– оқушылардың танымдық әрi әлеуметтiк белсендiлiгiн көтеру 

үшiн қолданылатын әдіс түрі.


206

Жаттығу  әдістерi  –  материалды  игеру  немесе  игерiлген-

дi  жетiлдiре  түсу  үшiн  жоспарлы  ұйымдастырылған  арнайы 

қайталау әрекеттерi,  әдістiк жаттығулар түрі: 1) ауызекi жаттығу 

– тiл мәдениетi мен қисынды ойлау, оқушылардың танымдық 

мүмкіндiгiн  дамыту;  2)  жазба  жаттығулар  –  стилистикалық, 

грамматикалық,  орфографиялық  диктанттар,  шығарма,  кон-

спекттер  және  т.б.;  3)  зертхана  –  тәжірибелік  жаттығулар  – 

құрал-жабдықтарды  қолдану  ептiлiктерiн  дамыту  үшiн  қажет; 

4) өндiрiс – еңбектiк жаттығулар – оқу не өндiрiстiк сипаттағы 

арнайы дайындалған еңбектiк әрекеттер жүйесi.



Дидактикалық  ойын  –  шындыққа  жанасқандай  ар-

найы  ұйымдастырылған,  шешiмi  табылуы  қажет  оқу,  таным 

мәселелерiмен байланысты жағдайлар (ситуации).

Түсiндiрме-көрнекi (объяснительно-иллюстративный) әдіс 

–  әртүрлі  жолдармен  мұғалiм  дайын  ақпараттарды  ұсынады, 

ал  оқушылар  сол  мәлiметтердi  қабылдайды,  түсiнедi,  есiнде 

қалдырады.



Қайта  жаңғырту  (репродуктивный)  әдістемесi  –  мұғалiм 

тапсырысы бойынша iс-әрекет тәсiлi қайта тiктелiп, қолданымға 

түседi.

Мәселелi  баяндау  (изложение)  әдісi  –  мұғалiм    өзіне- 

өзi  мәселе  белгiлей  отырып,  оны  шешiп  барады;  оқушылар 

мұғалiм әрекетiнен мәселенің шешiлу қисынын, жолдары мен 

тәсiлдерiн байқастыра, материалды игередi.



Эвристикалық  (шығармашыл)  әдіс  –  оқытушы  тапсыр-

ма құрастырады, оны шешiлуi тиiс майда бөлiктерге жiктейдi, 

оқушылар  осы  бөлiктердi,  мәселелердi  өз  бетiнше  қадамдап 

шешумен,  бүтiн  материалдың  мән  мағынасын  топшылайды, 

қорытындылайды.

Оқу  әдістерiн  таңдау  себептерi:  1)  әдістерге  орайлас 

заңдылықтар  мен  принциптер;  2)  пән,  тақырып  мазмұны;  3) 

оқу мақсаты мен мiндеттерi; 4) шәкiрттердің оқу мүмкіндiктерi; 

5)  жалпы  жағдайлар  мен  шарттар;  6)  мұғалiм  мен  мектеп 

мүмкіндiктерi.


207

“Ол  (мұғалiм)  кiммен  iстес  болып 

отырғанын еш уақытта да ұмытпауы ке-

рек… егер балалар бiрдеменi түсiнбейтiн 

болса, онда оқытушы оларды кiнәламауға 

тиiс.  Ол  балалармен  сөйлескенде  ашу-

ланбай,  жұмсақ  сөйлеу,  шыдамдылық 

етуi  керек,  әрбiр  нәрсенi  де  ықыласпен 

түсiнiктi етiп, түсiндiру керек, екi ұшты 

астарлы  сөз,  орынсыз  терминдердi 

қолданбау керек”. 

 Ы. Алтынсарин

Әдiстер жөнiнде түсiнiк

Бар  мүмкіндiктерi  мен  әлi  бекiмеген  күш-қуатын  орынды 

пайдалана отырып, өз жасына сай бiлiм, ептiлiк, ойлау мен iс-

әрекеттер тәсiлдерiн мүмкіндiгi болған дәрежеге жеткiзе игерту 

үшiн  кiшi  мектеп  жасындағы  балаларды  қалай  оқыту  қажет? 

Бұл дидактикалық сұрақ – мәңгі, ал оның жауабы бiздi әдістер 

категориясымен қауыштырады. Оқу әдісi – бұл көзделген оқу 

мақсатына бағытталып, қажеттi ретке келтiрiлген пе-

дагог және оқушы әрекеттерi. Оқу әдістерi (дидактикалық 

әдістер) сауаттандыру, бiлiм игеру мәселелерiнің шешiлу жол-

дары мен тәсiлдер бiрлiгiн аңдатады. Оқу әрдайым – бiрлiктi iс. 

Осыдан,  педагогке  байланысты  оқыту  әдістерi  ажыралады, 

ал  оқушыға  байланысты  оқып-үйрену  әдістерi  жөнiнде  сөз 

қозғаған  дұрыс.  Егер  әңгіме  мұғалiм  мен  шәкiрт  арасындағы 

бiр акттi жұмыс ретiнде болса, ол жағдайда оқу әдістерi дара-

ланады.


Әдiстер  құрамында  тәсiлдер  өз  алдына  қарастырылады. 

Тәсiл  –  әдіс    элементi,  оның  құрамды  бөлшегi,  әдістi  iске 

асырудағы бiр әрекет - қадам. Әдiстердің iске асуы - әрбiрi дара 

әрекеттiк мағынаға ие болған осы тәсiлдер жиынтығынан.

Әрқандай  әдіс  екi  қырымен  көрiнедi:  объектив  –  әдістің 

мұғалiмге  тәуелiсз  тарапы,  субъектив  –  тiкелей  мұғалiмге 

байланысты тарапы. Мысалы, оқу әдісi ретiнде мұғалiм әңгімесi 

жалпы  әңгімелеп  беру  мен  барша  мұғалiмдерге  тән  ортақ 

қасиеттерге ие. Мұндай жалпылық, ортақтың – әдістің объек-



208

тив сипатынан. Алайда әңгімелеу әдісi нақты педагог орында-

уында әрқашанда қайталанбас ерекшелiктерiмен көзге түседi. 

Бұл  осы  әдіске  мұғалiм  тұлғасы  арқылы  өткен  субъектив 

сипат, өң. Әдiстің тұрақты, баршаға ортақ шынайы сипатының 

болуынан дидактер көп жағдайларда тиiмдi болар әдістер те-

ориясы мен оқудың тәжірибелік жолдарын көрсетiп отырады, 

сонымен  бiрге  әдістердi  қисынды  таңдау  мен  оңтайластыру 

мәселелерiн табысты шешуге көмектеседi. Әдiстер аумағында, 

әсiресе педагогтың жеке шығармашылығы, дара шебер-

лiгi байқалады, сондықтан да оқу әдістерi қашанда да жоғары 

педагогикалық өнер саласы ретiнде қабылданған, қабылдана 

бермек.

Оқу әдістерiнің орындайтын қызметтерi мол. Олар арасын-



да  бастылары:  оқыту,  сеп-түрткілiк  (мотивационная),  дамы-

ту,  тәрбиелiк,  ұйымдастырушылық,  яғни  әдістер  жәрдемiнде 

мұғалiм оқытумен ғана шектелмей, балаларды оқуға ынталан-

дырады, оларға тәрбиелiк ықпал жасайды, оқу-тәрбие үдерісін 

ұйымдастыруға әсер етедi.

Сонымен,  оқу  әдісi  –  көзделген  мақсатқа  жету  жолы.  Оқу 

әдістерi  жеке  әрекет  –  тәсiлдерден  құралады.  Әдiстер 

шынайы  және  субъектив  қырларымен  байқалады.  Әдiске 

қандай  да  өзгерiстер  енген  тұста  педагог  шығармашылығы 

көрiнiс бередi.



Әдiстердi топтастыру

Оқу мақсатына жетудің жолдары көп, мұғалiм олар арасы-

нан қалағанын таңдауы мүмкін, бiрақ ол әрқашан ең тиiмдiсiн 

алғанды  жөн  көредi.  Таңдастыруды  жеңiлдету  үшiн  әдістердi 

тиiмдiлiгiне орай салыстыра бiлу қажет. Ал салыстыру үшiн сол 

әдістердi топтастырып, санын шығарып алу керек. Мұндайда 

оқу әдістерiн реттестiруде жәрдемге келетiн iс – классифика-

циялау, яғни ғылыми сәйкестiгiне орай топтастыру.

Алғашқы  топтастырулар  мұғалiм  мен  оқушының  сабақта 

орындайтын жұмыстарының көзге түсетiн тараптарына байла-

нысты жүргізілген. Оқушылар дәрiсте тыңдайды, оқиды, жауап 

бередi, мәселелер шешедi, жазады және т.б. Осы әрекеттерге 

орай  оқу,  жазу  және  т.б.  әдістер  бөлiнген.  Тез  арада  бұл 



209

классификацияның оқу-тәрбие үдерісiне тигiзетiн пайдасының 

шамалы  екендiгi  байқалды.  Ендi  әдістердің  мәндiк  қырларын 

негiзге  алып,  салыстыру  мен  таңдастыруға  көмектесетiн 

топтастырудың жаңа негiздерiн iздестiруге тура келдi. Әдiстің 

қай белгiсi, қандай тарапы негiзге алынуына тәуелдi топтас-

тыру iсiнің жаңа түрлері ғылымға ендi. Әдiс – көп қырлы кате-

гория. Солардың әрбiрiн ескерумен әдістер жүйеге келтiрiледi. 

Ал мұндай жолмен реттестiрiлген әдістер топтасуы қазiргi за-

ман педагогикасында орасан көп. 

Солар арасынан бүгiнгi күнде ғылыми негiздемесi мейлiнше 

нақтыланған оқу әдістерi топтарын қарастырайық.

1. Құрамындағы әдістердің ортақ белгiсiне негiзделiп, бiлiм 

деректерi  бойынша  жүргізілген  топтастыру.  Бiлiмдiк  негiздер 

үш топқа бөлiнедi: тәжірибе, көрнекiлiк, сөз. Мәдени iлгерi-

леу барысында бұларға және бiр қосылғаны – кiтап, ал соңғы 

он жылдықтарда күштi қағазсыз ақпарат дерегi – бейне-ком-



пьютерлi жүйе елеулi орын иелеуде.

Бұл топтасу ауқымында бес жалпы әдістер тобы көрiнген: 

тәжірибелік,  көрнекiлiк,  ауызекi,  кiтаппен  жұмыс,  бейнетаспа 

әдісi.  Бұлардың  әрбiрi  түрлі  өзгерiстер  формасында  болуы 

ықтимал.

Бiлiм деректерiне негiзделген оқу әдістерi

Тәжірибелік

Көрнекiлiк

Ауызекi


Кiтаппен      

 жұмыс


Бейнетаспа

әдісi


Тәжiрибе, 

жаттығу, 

оқу-өндiрiс 

еңбегi, 


дидак-

тикалық 


ойындар

Суреттер, 

көрнекi 

заттар, 


оқушылар 

бақылауы


Түсiндiру, 

ұқтыру, 


әңгіме-

лесу, 


сұхбат 

көрсетпе


Оқу, зерт-

теу, көзден 

өткеру, ба-

яндау, жос-

парлау

Көзден 


өткеру, 

оқыту, 


“электрон 

мұғалiм” 

бақы-

лауындағы 



жаттығулар, 

бақылау


2. Орындайтын қызметi  негiзге дидактикалық мақсатына 

орай  жүргізілген  топтастыру.  Мұнда  жалпы  белгi  ретiнде 

сабақ  барысы  және  оның  әрбiрiндегi  мақсатты  iске  асыруды 


210

көздеген бiрiздi кезеңдер алынған. Осы сипатына орай келесi 

әдістер  бөлiнген:  а)  бiлiм  игеру;  б)  ептiлiктер  мен  дағдылар 

қалыптастыру;  в)  бiлiмдердi  қолдану;  г)  шығармашыл  iс-

әрекеттер; д) бекiту; е) бiлiм, ептiлiк және дағдыларды бақылау, 

тексеру.


        3.  Танымдық  iс-әрекеттер  сипатына  орайластырылған 

топтастыру.  Танымдық  iс-әрекет  типi  –  бұл  мұғалiм  ұсынған 

жоба - оқыған баланың жетiскен оқу жұмыстарын орындаудағы 

дербестiк  деңгейi.  Бұл  топта  төмендегiдей  әдістер 

ажыралады:

– түсiндiрме – көрнекi (ақпараттық - iштей түсiну) әдісi;

– қайта жаңғырту (репродуктив) әдісi;

– мәселелi баяндау әдісi; 

– ішінара iзденiс (эвристикалық) әдісi;

– зерттеу әдісi.

Егер,  мысалға,  мұғалiм  ұйымдастырған  танымдық  iс-

әрекет  дайын  бiлiмдердi  жаттап  алуды  көздеп,  кейiн  оларды 

қалтқысыз, кейде тiптi түсiнбестен, қайта жаңғыртуды көздесе, 

ойлау белсендiлiгiнің ең төменгi деңгейiне сай оқудың қайта 

жаңғырту (репродуктив) әдісiнің iске қосылғаны. Жоғарылау 

ой толғастыру әрекетi iске қосылып, қажеттi бiлiмдер оқушының 

өз танымдық еңбегiнің нәтижесiнде игерiлсе, оқу үдерісiне іші-

нара iзденiс немесе эвристикалық әдістің не одан да жоғары 

сипаттағы оқудың зерттеу әдісiнің қолданылғаны.

Бастауыш  мектепте  толыққанды  мәселелi,  эвристикалық, 

сонымен  бiрге  әсiресе  зерттеу  әдістерiнің  кең  қолданылуы 

қиындау, дегенмен бұл жағдай бастапқы оқу үдерiсiнде де кең 

етек жаюда. Бұл топтағы әдістердің мұғалiм үшiн маңыздылығы 

оның  балаларды  ой  толғастыруға  баулып,  бiлiм  жинақтауға 

үйретуде  қолайлы  болуынан.  Тұлғаға  бағытталған  оқуды  iске 

асыруда мұндай принциптi ұстану – бастауыш мектеп тәрбиесi 

нәтижелiлігiнің кепiлi.

Бастауыш мектепте кең қолданылып жүрген ақпаратты-



көрнекiлiк  әдісiнің  мәнi  оның  келесi  өзiндiк  белгiлерiнен 

көрiнедi:  а)  бiлiм  оқушыға  “дайын”  күйiнде  ұсынылады;  б) 

әртүрлі тәсiлдермен мұғалiм оларды қабылдауға көмектеседi; 

в)  бiлiм  iштей  қабылданып  (рецепция),  түсiнiмге  келедi  де 

оқушы жадында бекiтiледi.




Қабылдау барысында барша ақпарат көздерi (сөз, көрнекiлiк 

және  т.б.)  пайдаланылады,  ақпарат  мазмұны  бала  санасы-

на  индуктив  не  дедуктив  қисынды  жолдарымен  жеткiзiледi. 

Педагогтың  басқарушылық  қызметi  бiлiм  қабылдату  мiндетi-

мен шектеледi.

Репродуктив,  яғни  қайта  жаңғырту  әдісiнде  келесi  бел-

гiлер  көзге  түседi:  а)  бұл  әдісте  де  бiлiм  оқушыға  “дайын” 

күйiнде ұсынылады; б) мұғалiм бiлiм мазмұнын хабарлап қана 

қоймастан, оны жан-жақты түсiндiредi; в) оқушылар бiлiмдi са-

налы  игередi,  түсiнедi  әрi  есiнде  қалдырады.  Игерiлгендiктің 

белгiсi – бiлiмдi қалтықсыз дұрыс қайта айтып не жазып бере 

алу; г) игерiлгеннің қажеттi деңгейдегi бекiмi бiлiмдi көп мәрте 

қайталап жаттау жолымен iске асады.

Түсiндiрме-көрнекiлiк  әдістегiдей  бұл  әдістің  де  аса  үлкен 

артықшылығы  –  оның  үнемдiлiгiнде  (экономность),  яғни 

қажеттi  бiлiм  мен  ептiлiктер  ауқымы  аз  уақыт  iшiнде  елен-

бес  күш-қуат  жұмсаумен  игерiледi.  Көп  мәрте  қайталаулар 

мүмкіндiгiнен игерiлген бiлiмдер бекiмi анағұрлым жоғары бо-

лары сөзсiз.



Мәселелi  баяндау  әдісi  жаттанды  орындау  тәсiлi  мен 

шығармашыл  iс-әрекет  арасындағы  өтпелi  саты  әдісi  ретiнде 

танылады. Бастауыш мектеп оқушылары әлi мәселелi мiндет-

тердi  өзбетiнше  орындауға  қиналады,  сондықтан  да  мұғалiм 

мәселенi  шешудің  басынан  ақырына  дейiнгi  жолын  баяндап, 

түсiндiредi.  Осыдан  мұндай  оқу  әдісi  желісіне  шәкiрт  еркiн 

қатыса алмаса да, ойлау үдерiсiнің бақылаушысы ретiнде ғана 

сыңай танытып, бiлiм игеру жолында кезiгетiн қиыншылықтарды 

жеңудің оңтайлы әдіс-тәсiлдерiн үйренедi.

Ішінара  iзденiс  (эвристикалық)  әдісiнің  мәнi  оның  келесi-

дей  өзiндiк  сипаттарынан  байқалады:  а)  балалар  бiлiмдi 

өзбетiнше әрекеттенiп, жинақтауы әрi игеруi қажет; б) мұғалiм 

бiлiм  жөнiнде  ақпарат  бермейдi,  оны  баяндамайды  да,  оның 

мiндетi - әрқилы шаралар, құрал-жабдықтар жәрдемiмен жаңа 

бiлiмдердi iздестiре тауып, игеруге үйрету; в) оқушылар мұғалiм 

басшылығында өзбетiнше пiкiр жүргізедi, туындаған танымдық 

мәселелердi шешедi, мәселелi шарттар түзiп, шешiмiн табады, 

талдайды,  салыстырады,  жалпылайды,  қорытынды  жасайды 

және т.б., нәтижеде балаларда саналы бекiген бiлiмдер қоры 

қалыптасады.




Әдiстің  ішінара  iзденiс  аталуының  себебi  –  оқушылар 

күрделi оқу мәселеciн өзбетiнше түгелдей бастан аяқ шеше ал-

майды.  Осыдан  оқу  iс-әрекетi  “мұғалiм  –  оқушылар”    және 

т.с.с.  өрнек  бойынша  дамиды.  Бiлiмнің  бiр  бөлiгiн  мұғалiм 

ұсынса,  екiншiсiн  балалар  алдын  ала  берiлген  сұрақтарға 

жауап  бере  отырып  не  мәселелi  тапсырмаларды  орындау 

арқылы игерiп барады. Бұл әдістің оңтайластырылған бiр түрі 



эвристикалық (жаңалық ашу) әңгіме-сұхбат. 

Оқудың зерттеу әдісi келесi сипаттарымен ерекшеленедi: 

а) мұғалiм оқушылармен бiрге оқу үдерiсiнің нақты бiр кезеңiнде 

шешiлетiн  мәселенi  өрнектейдi;  б)  бiлiм  оқушыларға  хабар-

ланбайды.  Оны  оқушылар  мәселенi  зерттестiру  барысында 

әрқилы шешiм баламаларын салыстыру арқылы өзбетiнше та-

быстырып, игередi. Нәтижеге қол жеткiзу шараларын да өздерi 

таңдап,  белгiлейдi;  в)  мұғалiм  қызметi  –  мәселелi  мiндеттер-

дi  iске  асыру  үдерісiне  тиiмдi  басқарым  жасау;  г)  оқу  жоғары 

жеделдiгiмен  сипатталады,  көтеріңкi  қызығушылық  желiсiнде 

жүргізіледi,  игерлiген  бiлiмдер  өз  тереңдiгiмен,  берiктiгiмен, 

әсерлiлiгiмен ерекшеленедi.

Бiлiмдi шығармашыл жолмен игеру оқудың зерттеу әдісiне 

тән  белгi.  Дегенмен,  бұл  әдістің  де    өзіне  сай  кемшiлiктерi 

бар: мұғалiм мен оқушының көп уақыты мен шектен тыс күш-

қуатын қажет етедi. Зерттеу әдісiн қолдану жоғары деңгейдегi 

педагогикалық мамандануға тәуелдi.

Оқу 


әдістерiн 

топтастыру 

тәсiлдерiнің 

арасында 

оқушылардың  белсендiлiк  дәрежесiне  орайластырылған 

түрлері  де  бар.  Осыған  байланысты  әдістер  белсендi  және 



енжар  болып  ажырылады.  Дидактикалық  мақсаттарды 

көздеуден  оқу  әдістерi  екi  топқа  бөлiнедi:  оқу  материалын 



бастапқы игеру әдістерi және игерiлген бiлiмдердi жетiл-

дiру  әдістерi.  Бірiншi  топты  ақпараттық-дамытушы 

әдістер (ауызекi баян, әңгіме-сұхбат, кiтаппен жұмыс); оқудың 



эвристикалық әдістерi (эвристикалық әңгіме-сұхбат, зерттеу 

әдісi) құрайды. Ал екiншi топқа жаттығулар (үлгi бойынша, 

түсiнiктеме  (комментирование)  жаттығу,  баламалы  –  ауыспа-

лы жаттығулар кiредi.

Жалпы өмiр, бiздің әңгімемiзге арқау болып отырған оның 

бiр  саласы  –  педагогикалық  үдеріс  көп  қырлы  да  көп  сырлы, 



213

онда  қолданылатын  әдістер  мен  олардың  топтасуы  да  сан-

алуан. Бәрiн бiрдей тиiмдi деуге және болмайды, қайсысының 

да  өз  орнымен  қолданылуында.  Тұрмыс,  өндiрiс,  педаго-

гика  тәжірибесі  жасанды  құрылымдар  мен  дерексiзденген 

сұлбалардан  әлдеқайда  бай.  Мұғалiмнің  күнделiктi  оқу-оқыту 

тәжiрибесiнде оқу әдістерiнің тобы өзара ұштасқан байланыста 

– бiр-бiрiнің орнына қолданылады, бiрi екiншiсiн толықтырып, 

дамытады. 

Сонымен,  мұғалiмдердің  әдістер  түсiнiмi  мен  олардың 

қолданылуын  жеңiлдету  үшiн  классификация,  яғни  ғылыми 

топтастыру  iсi  өте  қажет.  Әдiстер  қырлары  мен  сырларының 

саналуандығынан  оларды  топтастырудың  жолдары  да  көп. 

Оқу  әдістерiн  топтаудағы  көзделетiн  басты  мүдде  –  оқудың 

сан  қилы  мақсаттарын  iске  асыруда  мұғалiмге  қай  әдістi 

қолданудың тиiмдi боларын түсiнуге жәрдем беру. Өмiрдің бар-

ша  жағдайларына  сай  келетiн  әмбебап  әдістер  тобын  ұсыну 

мүмкін емес.

Барша  әдістер  тобы  құрамында  бiлiмдi  ауызекi  баяндау 

әдісi орын алған. Олардың арасында еленгендерi: әңгімелеу, 

түсiндiру, ұқтыру, әңгіме-сұхбат, көрсетпе беру. Бұл әдістердің 

қызметi келесiдей: 

–  сеп-түрткілiк  (мотивационная):  жаңа  материалды  иге-

рудің  психологиялық  негiзiн  қолдау,  нақты  тақырып  өтуде 

оқушылардың  танымдық  iс-әрекетiне  қозғау  салу,  мәселелi 

шарттар түзу;

–  ақпараттық  нақты  материал  мазмұнын  ашу,  табиғи 

орта  мен  белгiлi  нысанға  сипаттама  беру,  оқиғалар  және 

құбылыстар жөнiнде мағлұмат жеткiзу, қоршаған орта заттары 

мен құбылыстары арасындағы себеп-салдарлы байланыстар-

ды ашу;


–  тәрбиелiк  оқу  материалын  игеру  барысында  туындай-

тын әрқилы тәлiмдiк мiндеттердi шешу;

– жалпылау бiлiмдердi белгiлi жүйеге келтiру;

–  ұйымдастыру  алда  орындалатын  iс-әрекет  тәсiлдерi 

мен жолдарын оқушыларға түсiндiру;

–  бақылау-реттеу  керi  байланыс  орнату,  балалардың 

бiлiм  игеруi  жөнiндегi  ақпараттарды  алу,  қате-олқылықтарды 

түзету.


214

Ауызша,  сөздік  әдістер  оқу  желiсiнің  барша  кезеңдерiнде 

қолданымға  түседi:  жаңа  материалды  игеруге  дайындық 

кезiнде,  оны  түсiндiру,  игеру,  қорытындылау  және  пайдалану 

үдерiсiнде қолданылады.

Әңгімелеу  –  бұл  бiрiздi,  жүйелi,  түсiнiмдi  және  көңіл 

көтеріңкiлiгiмен  бiлiм  ұсынуда  қолданылатын  оқу  материа-

лын  монологтық  баянмен  жеткiзу  әдісi.  Әңгімелеп  беру  кiшi 

мектеп  жасындағы  балаларды  оқытуда  басқа  әдістермен 

салыстырғанда жиiрек пайдаланылады. Балаларға аса жарқын 

да  жаңа  деректер  мен  оқиғаларды  хабарлау  үшiн,  олардың 

тiкелей  бақылауына  келмейтiн  құбылыстар  жөнiнде  ақпарат 

жеткiзу  қажеттiгi  туындаған  жағдайда  мұғалiм  осы  әңгімелеп 

беру әдісiн iске қосады, оқушылардың ойлау әрекетiне, қиялы 

мен  көңіл-күйiне,  олардың  ой  өрiсiнің  кеңеюiне  күштi  ықпал 

жасаудың  көзi  де  осы  әңгімелеу  әдісiнде.  Кiшi  сыныптарда 

әңгімелеп берудің үш түрі танылған: суреттеп беру, көркемдеп 

әңгімелеу,  түсiндiру.  Қойылған  мақсатқа  орай:  кiрiспе  әңгіме, 

баян әңгіме, қорытынды әңгіме – болып жiктеледi. Бiрiншiсiнің 

мiндетi  –  балаларды  жаңа  материалды  игеруге  дайындау; 

екiншiсiнің  мiндетi  –  мазмұнды  әңгімелеп  жеткiзу,  ал  үшiншiсi 

– оқудың нақты бiр кезеңiндегi нәтиженi сабасына жеткiзедi.

Сипаттап  беру  әдісi  арқылы  мұғалiм  шәкiрттерiне  зат, 

құбылыс не  оқиғаның анық,  мәнерлi,  көркем  өрнегін  баяндап  

жеткiзе  алады.  Бұл  әдіс  көбiне  нақты  да  деректi  материал-

ды  қабылдау  үшiн  қолданылғаны  жөн,  мысалы:  табиғаттану 

дәрiстерiнде, 

қоршаған 

ортамен 

таныстыруда, 

еңбек 

сабақтарында  мұғалiм  өсiмдiктер  мен  жануарлардың  сырт 



көрiнiстерiн, табиғат өзгерiстерiн, тау-тас, өзен-көл әсемдiктерiн 

ж.т.б. бейнелеу үшiн.



Көркемдеп әңгімелеу теңеу мен салыстыруларға бай бола 

келiп,  бала  ес-елесi  мен  көңіл-күйiн  дамытуға  бағышталған. 

Оқу,  сурет,  қоршаған  ортамен  танысу  сабақтарында  кең 

қолданылады.  Өткендегiлер  мазмұны  жарқын  бейнелi 

формада  әңгімеленiп,  балалар  сезiмi  мен  оқиға  және  сол 

оқиға  кейiпкерлерiне  деген  қатынасын  қалыптастыру  үшiн 

пайдаланылады.

Бұл  әдістің  тиiмдiлiгi  ең  алдымен  педагогтың  әңгімелеу 

ептiлiгiне  байланысты,  сонымен  бiрге  мұғалiм  қолданған 


215

сөздер  мен  сөз  тiркестерi  оқушыларға  неғұрлым  түсiнiктi 

болса,  әрi  олардың  даму  деңгейiне  сай  келсе,  әдіс  тиiмдiлiгi 

арта  түседi.  Сондықтан  әңгіме  мазмұны  балалардың  игерген 

тәжiрибесiне  негiзделiп,  оның  әрi  қарай  жаңа  элементтермен 

толығып,  кеңеюiне  ықпал  тигiзедi.  Әңгіменi  өздерiне  тартым-

ды,  байланысқан,  қисынды  сөйлеу,  сөз-баян  құрудың  үлгiсi 

ретiнде қабылдап, өз ойын жоғары сауаттылықпен, әрi мәдени 

деңгейде жеткiзуге үйренедi.

Бастауыш  мектептегi  әңгіме  мазмұны  тереңнен  ойлас-

тырылып,  әңгіме  барысындағы  екiншi  дәрежелi  жағдаяттар 

(тәтпiштеп түсiндiру, майда-шүйдеге көп назар аудару, түсiнiксiз 

сөздердің  көп  болуы)  негiзгi  мән  мағынаны  көлеңкелемеуi 

тиiс, ал әңгіме әсерiнен туған көңіл шарпуы (эмоция) баланың 

ақыл-ой  әрекетiне  тосқауыл  болмағаны  жөн.  Әңгімелесуге 

қойылатын басты талаптар: қызықты мазмұн, нақ, бiрiздi баян-

дау формасы.

Әңгімелесуге  дайындық  барысында,  мұғалiм  жоспар  бел-

гiлейдi,  қажеттi  материалдар  жинақтайды,  сонымен  бiр-

ге  мақсаттың  iске  асуында  мейлiнше  жәрдем  беретiндей 

әдістемелiк  тәсiлдер  таңдастырды.  Көбiне  салыстыру,  теңеу, 

қорытындылауға логикалық тәсiлдер қолданылады. Әңгімелеу 

барысында  мазмұндағы  басты  мәселелерге  (оқиға,  кейіпкер, 

iс-әрекеттер  ж.т.б.)  көп  көңіл  бөлiнiп,  балалар  назарына  сом-

далып ұсынылады. Мұғалiм әңгімелеуi қысқа уақыт аралығына 

(5-7 минут) реттелiп, тыңдаушылар көңілiне қонғандай, жоғары 

көңіл-күй  үйлесiмдiлiгiнде  өткенi  дұрыс.  Балалар  зейiндiлiгiн 

көтеру  үшiн  мұғалiм  олардың  көңіл  кейпiн  дөп  басып,  зейiн 

тұрақтату  шараларын  қарастыруы  тиiс.  Бұл  үшiн  педагог  ән-

күй, көрнекiлiктер мен көз тартар бұйымдар және басқа да оқу 

әдістерiн  (тақтаға  жазу,  әңгіме-сұхбат  және  т.б.)  пайдалана, 

әңгімелеп беру жұмысын орындайды.



Әңгімелей түсiндiру әдісi қисынды бiрiздiлiк анықтау, се-

беп-салдарлы байланыстарды ашу,  игерiлiп жатқан құбылыстар 

немесе  принциптер  арасындағы  тәуелдiлiктердi  байқау  үшiн 

пайдаланылады.  Оқушылар  жанында  қалуы  тиiс  әрекет 

тәсiлдерiнің  мәнiн  түсiнуде,  балаларды  әңгіменің  ой  бағыты 

мен  желісінің  дамуын  сезе  бiлуге  үйретуде  және  мазмұнның 

аса құнды тұстарын анықтап, есте қалдыруға да осы әңгімелей 

түсiндiру әдісi көп жәрдем бередi.



216

Түсiндiру  –  күрделi  мәселелердi  бiрiздi,  қисынды,  анық 

әрi  жеңiл  тiлмен  балалар  ұғымына  жеткiзудің  белсендi  әдісi. 

Түсiндiру  iсi  мiндеттi  түрде  балалар  катынасында,  олардың 

өз  бақылаулары  мен  тәжiрибе  iстерiнің  нәтижелерiмен  бай-

ланыста  жүргізіледi.  Бұл  әдіс  көбiне  математика,  тiл,  еңбек, 

дене  шынықтыру,  табиғаттану  сабақтарында  әрекет-қимыл 

ережелерiмен таныстыру мақсатында қолданылады. Түсiндiру 

көрсетпе беру (инструктаж) тәсiлiмен толыға түседi. Мысалы, 3 

– сынып оқушылары өзбетiнше жаттығу орындаудан бұрын ке-

лесiдей көрсетпе алады: 1) тапсырманы оқып шық; 2) не iстеу 

керектiгiн анықта; 3) ереженi еске түсiр; 4) жаттығуды орында; 

5) ережемен салыстыр.

Бастауыш  мектепте  қолданылатын  түсiндiру  әдісiнің  қай 

түрі  де  бiрдей  талаптарға  жауап  беруi  тиiс:  кiрiспе  бөлiмi, 

әрекет  өрiстеуi,  шарықтау  және  қорыту  бөлiктерi.  Қысқа  да 

нұсқа ұйғарымдар, басты желiге сай қорыту (резюме) - ұтымды 

түсiндiру жұмыстарынының мiндеттi элементтерi.

Әңгіме-сұхбат.  Бұл  әдісте  мұғалiм  өз  оқушыларының 

тәжiрибесiне сүйене отырып, сұрақтар жәрдемiмен балалардың 

материалды түсiнуiне көмектеседi, олардың бұрыннан бiлген-

дерiн  нақтылап,  тереңдете  дамытады.  Әңгіме-сұхбат  оқудың 

шығармашылық әдістерiнің бiрi ретiнде қабылданған. Оны за-

манында Сократ шеберлiкпен пайдалана бiлген. Сондықтан, 

әңгіме-сұхбат  әдісiмен  оқушылардың  өздерiне  жаңалық 

болған бiлiмдерге қол жеткiзу жолы Сократтық деп аталған. 

Бұл әдістің басты қызметi – ынталандыру, дегенмен басқа оқу 

қызметтерiн орындаудан тыс қалмайды. Себебi әңгіме-сұхбат 

әдісi басқа әдістермен салыстырғанда өзiнің әмбебаптығымен 

ерекшеленедi.

Әңгіме-сұхбат  –  өте  белсендi,  ынталандыру  ықпалы 

аса  жоғары  оқу  әдісi.  Белгiлi  мақсатқа  көзделiп,  орынды 

қойылған  сұрақтар  арқылы  мұғалiм  балаларды  бұрыннан 

қабылдаған  бiлiмдерi  мен  ептiлiктерiн  қайта  еске  түсiруге 

ықыластандырады,  бiлгендерiн  қорытып  және  дамыта  оты-

рып, өзбетiнше жүргізген ой толғастырулары, қорытулары мен 

ұйғарымдары  негiзiнде  жаңа  бiлiмдердi  игергенiн  оқушылар 

өздерi де байқамай қалады.


217

Әңгіме-сұхбат  –  бұл  мұғалiм  сұрағы  мен  оқушы  жауабы-

нан  құралған  диалог.  Екеуара  сөз  алысу  үдерісi  оқушы  ойын 

мұғалiм ойы iзiмен жетелей отырып, нәтижеде шәкiрттi қадам-

қадаммен жаңа бiлiм игеруге жақындата түседi.

Әңгіме-сұхбаттың  және  бiр  артықшылығы:  ойлау  белсен-

дiлiгiн  мейлiнше  көтередi,  бiлiмдер  мен  ептiлiктердің  игерi-

лу  деңгейiн  анықтап  баруға  мүмкіндiк  бередi,  оқушылардың 

танымдық  күш-қуатына  қозғау  салады,  танымдық  әрекетіне 

дер мезетiнде қажеттi басқарым жасаудың жолын ашады. Ал 

мұндай әдістің тәрбиелiк маңызы өз алдына орасан.

Өзге  де  оқу  әдістерiндегiдей,  сұхбаттасу  барысындағы 

таным  дедуктив  не  индуктив  жолдармен  жүргізіледi.  Дедук-

тив  сұхбат  оқушыларға  танымал  жалпы  ереже,  принцип, 

түсiнiктерден басталып, оларды талдау, сарапқа салу арқылы 

жекелеген  ұйғарымдар  шығарылады.  Ал  индуктив  форма-

да жүргізілген сұхбатқа жеке деректер мен түсiнiктер талдауға 

алынып, әрi оның нәтижесiнде жалпы қорытынды жасалады.

Бастауыш  мектепте  әңгіме-сұхбат  әдісi  төмендегiдей 

жұмыстарды iске асыруда тиiмдi:

– оқушыларды сабақтағы оқу жұмыстарына дайындауда;

– оларды жаңа материалмен байланыстыру барысында;

– игерiлген бiлiмдердi жүйелестiру мен бекiтуде;

– ағымдағы бақылау және бiлiм игерiлуiн анықтау үшiн.

Мектеп тәжірибесінде әңгіме-сұхбаттың бiрнеше тобы бел-

гiлi. Атқаратын мiндетi бойынша келесiдей сұхбаттасу әдістерi 

ажыралады: 1) кiрiспе немесе ұйымдастырушы; 2) жаңа бiлiм-

дердi хабарлау; 3) бiрiктiрушi немесе бекiтушi; 4) бақылау-рет-

тестiрушi.  Оқушылардың  өзбетiнше  дербес  оқу  әрекеттерiн 

атқаруына  орай  сұхбат  қайта  жаңғыртушы  (репродуктив)  не 

шығармашыл (эвристикалық) болып бөлiнедi.

Кiрiспе (дайындық) сұхбаттасу әдетте оқу жұмыстарының 

алдынан  жүргізіледi.  Оның  мақсаты  –  оқушылардың  алдағы 

оқу iстерiн қаншалықты дұрыс түсiнгенiн анықтау, қай жұмысты 

қаншалықты дәрежеде орындай алатынына көз жеткiзу.



Хабарлау  сұхбатының  формалары:  қатехезистiк 

сұрақ-жауап  күйiнде  (жауаптары  алдын  ала  жатталып,  сол 

күйiнде қайталап айтып беруге негiзделген); сократтық (жа-

уап  оқушы  тарапынан  жұмсақ,  ұстазға  деген  сый-құрмет  ны-



218

шанын  сақтаумен  орындалып,  бiрақ  шәкiрт  өз  пiкiрiн,  күмән-

қарсылығын  бiлдiруге  құқылы);  эвристикалық  (оқушы  ал-

дына  мәселе  қойылады,  оның  шешiмiн  тауып,  жауап  беруде 

оқушы толық еркiндiкке ие). Бастауыш мектепте сұхбаттасудың 

барша түрлері қолданылуы мүмкін. Көбiне мұғалiмдердің пай-

даланатыны – балаларды өзбетiнше жұмысқа ынталандырып, 

өзiнше жаңалық, шындық ашуға бағыттайтын сұхбат түрі – бұл 

эвристикалық  әдіс.  Мұндай  әңгімелесу  барысында  оқушылар 

бiлiм  игеру  үшiн  өз  ой-толғаныстарына,  табиғи  күш-қуатына 

жүгінеді.

Бiрiктiрушi-қорытынды 

немесе 


бекiту 

сұхбаты 


оқушылардың  өткен  сабақтарда  меңгерген  бiлiм,  ептiлiктерiн 

жинақтап, қажеттi жүйеге келтiру үшiн оқу үдерісiне қосылады. 

Ал  бақылау-реттеу  (тексеру)  мақсатты  сұхбат  қызметi 

оқушыларға ұсынылған бiлiмдердің қай деңгейде және сипат-

та  игерiлгендiгiн  анықтау  жұмыстарымен  байланысты.  Соны-

мен бiрге бұл әдіс оқушылардың игерген бiлiмдерiн жаңа де-

рек  не  тұжырымдамалармен  толықтыру,  дамыту  ниетiмен  де 

қолданылады.

Өткiзiлген сұхбаттың нәтижелi болуы үшiн мұғалiм тиянақты 

дайындық  көруi  қажет.  Бұл  үшiн  ол  сұхбат  тақырыбын,  оның 

мақсатын  дәл  анықтап,  белгiлейдi;  сабақ  жоспарын  түзедi, 

көрнекi  құралдар  iрiктейдi,  сұхбат  барысында  туындап  қалуы 

мүмкін  негiзгi  және  қосымша  сұрақтарды  өрнектеп,  оларға 

жауаптар  дайындайды,  сұхбат  ұйымдастыру  мен  өткiзудің 

әдістемесiн  ойластырады.  Мұндай  оқу  әдісiн  орындауда  аса 

жауапкерлiк мiндет – дұрыс сұрақ өрнектеп, оны оқушыға қоя 

бiлу.  Сұрақтар  тобына  қойылатын  талаптар:  қисынды  бiрiз-

дiлiк,  өзара  байланыстық,  өтiлiп  жатқан  тақырыптың  мән-

мағыналарын аша бiлу, бiлiмнің жүйелi игерiлуiне жәрдем беру. 

Мазмұны  және  формасы  жағынан  сұрақтар  оқушылардың 

бiлiм,  жалпы  даму  жағдайларына  сәйкес  болуы  шарт. 

Сұрақтар қарапайым болып, қай оқушының да түсiнiмiне жеңiл 

болғаны  жөн.  Дегенмен,  сұрақтар  өте  жеңiл  де,  шектен  тыс 

ауыр  да  болмауы  тиiс.  Бұл  екi  жағдайда  да  оқушы  белсендi 

ой қызметiне бара алмайды. Бiрiншiсiнде - баланың белсендi 

танымдық қызметке ынтасы болмайды, ал екiншiсiнде – оқушы 

сұрақ мазмұнын түсiнбегендiктен жауап iздеуден бас тартады. 


219

Сұрақтар дайын жауапқа негiзделмей, өткенде игерiлген сабақ 

материалдарына байланыстырылуы қажет. Мысалы, “Сөйлем 

деген  не?  Сөйлемнің  түрлері  қандай?”  секiлдi  сұрақтардан 

гөрi  “Жай  сөйлем  белгiлерiн  сипатта.  Сөйлемнің  бiр  түрінен 

екiншiсiнің  айырмашылығын  дәлелде”  сияқты  тапсырмалар 

берiп, оқушыларға “Неге?”, “Нелiктен?”, “Не себептi?” формада 

келтiрiлген сұрақтар қою тиiмдi келедi. Мүмкін, мұндай сұрақ, 

тапсырмалар бастауыш сынып оқушылары үшiн қиындау да бо-

лар, алайда, оқу мiндетi баланы шығармашыл ой-толғанысқа 

келтiру,  шығармашылыққа  жетелеу.  Осыдан  балауса  шәкiрттi 

мәселелi  сұрақтарға  ерте  бастан  үйрете  берудің  зияны  бол-

мас. 

Сұхбат  басқа  әдістермен  салыстырғанда  жекелеп,  жiк-



теп,  нақты  тұлғаға  бағытталған  оқуды  ұйымдастыруда  үлкен 

мүмкіндiктерге  ие.  Балалардың  дайындық  деңгейiне  орай 

сұрақтарды жiктеумен педагог сыныптағы барша оқушыларды 

белсендi  оқу-таным  үдерісiне  қосу  мүмкіндiгiн  алады.  Сұхбат 

жаңа  материалды  бұрын  өтiлгендермен  байланыстыра  бекi-

ту әрi тексеруде өте қолайлы. Сұрақтар жүйесiн түзе отырып, 

мұғалiм олардың әрқайсысының өзiндiк атқарар қызметiн есiн-

де сақтағаны жөн: кей сұрақтар дерек iздеп, табуға бағытталса, 

екiншiлерi  –  бұрыннан  игерiлген  бiлiмдер  мен  тәжiрибенi 

қайта  жаңғыртып,  жарыққа  шығару  (актуализация)  үшiн 

қажет,  үшiншiлерi  –  жаңа  байланыстар  жасауға  көмектессе, 

төртiншiлерi  –  бар  бiлiмдердi  жаңа  жағдайларда  қолдануға 

ынталандырады, т.с.с. Бар бiлiмдер мен ептiлiктердi бақылау 

және олардың қаншалықты қалыптасқанын аңғару үшiн педа-

гог нақтама сұрақтар тобын iске қосады.

Оқудың сұрақ-жауап формасын iске асыру жолдарын, яғни 

техникасын  бiлу  –  педагог  қызметiндегi  басты  мәселелердің 

бiрi.  Әр  сұрақ  бүкiл  сыныптағыларға  қойылады.  Бiршама  ой-

лау мезетiнен соң оқушы жауап беруге шақырылады. Орнында 

отырып,  “айқаймен”  берiлетiн  жауаптарға  тыйым  салған  жөн. 

Оқушылардың  қателiктi  жауаптарын  түзетуiне  мүмкіндiк  бере 

отырып,  үлгерiмi  төмен  балаларды  сұрақ-жауапқа  көбiрек 

тартқан орынды. Егер қойылған сұраққа оқушылардың ешбiрi 

жауап бере алмаса, оны қайта өрнектеу не бөлшектеу қажет, 

қосалқы, бағдарлау сұрақтармен жәрдем беру керек. Бала жа-


220

уап берген кезде қиналатын болса, оған “сыбырмен” не тiрек 

сөз, сөздің бас әрiбiн дыбыстап жәрдемдесiп, жалған “бiлгiштiк-

ке” жеткiзу – педагогикалық тұрғыдан тiптi де тұрпайы әрекет. 

Әңгіме-сұхбаттың  табысты  аяқталуы  сыныппен  орай-

лы  қарым-қатынас  түзе  бiлуге  тәуелдi.  Мұғалiмнің  мiндетi  - 

балалардың  сұхбатқа  белсендi  қатысып,  сұрақтарды  мұқият 

тыңдап,  ойлана  жауап  беруiн  қадағалау.  Сонымен  бiрге 

оқушыларды өз жолдастарының жауаптарын талдауға үйретiп, 

өз  пiкiрлерiн  бiлдiруге  ынталандыру  қажет.  Әр  жауап  үлкен 

зейiндiлiкпен  қабылданып,  бағаланады.  Дұрыс  жауаптар 

мадақталады,  ал  қате  болғандары  –  түсiндiрiледi,  олқы-кем-

шiлiктерi толықтырылады. Дұрыс болмаған жауап қателiктерiн 

оқушы  мүмкіндiгiнше  өзi  тауып,  түзеткенi  жөн,  ал  шәкiрттің 

мұндай  өзiндiк  жұмысты  орындай  алмайтынына  көз  жеткен 

кезде ғана, жолдастарын көмекке шақыруға болады. Мұғалiм 

рұқсатымен  оқушылар  бiр-бiрiне  сұрақ  қояды,  бiрақ  сұрақтар 

танымдық  мәнiн  жоғалтып,  жалған  белсендiлiк  көрсету  үшiн 

берiле  бастаса,  мұндай  оқу  жұмысын  мұғалiм  тыя  салғаны 

орынды.


Әңгімелесу  –  көп  уақыт  пен  күш-қуат  жұмсауды  қажет 

ететiн күрделi оқу әдісi екенiн педагогтың естен шығармағаны 

жөн.  Бұл  үшiн  тиiстi  жағдайлар  мен  жоғары  деңгейдегi 

педагогикалық  шеберлiк  те  қажет.  Сұхбаттасу  әдісiн  таңдай 

отырып,  мұғалiм  өз  мүмкіндiктерiн,  оқушылардың  дайындық 

дәрежесiн мұқият өлшестiрiп бiлгенi қажет. Себебi алдын-ала 

қисынды  ойластырылмаған  әңгіме  “желге  ұшып”,  кейiн  оның 

орнын толтыру әбден қиын болады.

Барша  баяндалғандардан  туындайтын  қорытынды:  бас-

тауыш  мектеп  мұғалiмiнің  педагогикалық  қызметiнде  оқудың 

ауызекi әдістерi маңызды орынға ие. Әңгімелеп беру, түсiндiру, 

әсiресе,  әңгіме-сұхбат  оқу-тәрбие  үдерiсiнде  саналуан 

қызметтердi iске асыруға мұрындық болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет