2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


Тәрбиенің жалпы заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

Тәрбиенің жалпы заңдылықтары

Жалпы  заңдылықтардың  ықпал  аймағы  тәрбие  үдерiсiнің 

барша  жүйесiне  әсер  етедi  әрi  оның  аса  маңызды  бiрлiктерi 

арасындағы  байланыстарды  танытады.  Бiрақ  тәрбие  үдерісi, 

бiз бiлетiндей, педагогикалық үдерiстің құрамды бөлiгi болуы-

мен осы үдеріс заңдылықтарына тәуелдi келуi табиғи құбылыс. 

Бұл  үдерiсте  даму  және  қалыптасу  заңдылықтары  әрекетке 

түседi.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –  тәрбие  ісі  аса  күрделi 

де  көп  түрлі  сипатқа  ие.  Тәрбие  нәтижесі  үшiн  өте  қажет 

нәрсе:  тәрбие  үдерiсiнің  тиiмдiлiгi  (өнiмдiлiгi)  мен  тәрбие  са-

ласын анықтайтын оның сипаттары және шарт – жағдайлары 

арасындағы байланыстардың қалай түзiлетiнiн түбегейлi бiлу.



Тәрбие тиiмдiлiгi келесi жағдаяттарға тәуелдi: 

–  қалыптасқан  тәрбиелiк  қарым-қатынастарға.  Балаға 

деген  ықпал  оның  қоршаған  ортаға,  тәрбиешiге,  тәрбиелiк 

әсерлерге  қатынасына  орай  жасалады.  Егер  бұл  қатынастар 

ұнамды болса, мәселе тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар 

сипатта болса, тәрбие тежеледi, одан келетiн нәтиже болым-

сыз  сипат  алады.  Сондықтан  келеңсiз  қатынасты  әрекеттер 

алдымен жойылып, соң көзделген мақсатқа қарай қадам аттау 

орынды.  Бастаудан  тәрбиешi  көзқарастары  мен  талаптарын 

оңды  қабылдаған  тәрбиеленушi  оларға  икемдесiп  үйренедi 

әрi  сенедi,  орынды  талап  кейпiнде  қабылдайды.  Ал  егер 

тәрбиеленушi өз тәрбиешiсiнің талаптарын дұрыс деп таппай, 

одан күмәнданса, үдеріс бағытының қай арнаға түсiп, дамиты-

ны белгiсiз. Гуманистiк тәрбие өсиетi: жақсы тәрбиелiгіңiз кел-

се, баланы бауырмалдықпен өзіңiзге жақындатыңыз.

–  мақсат  және  оған  жетiсуге  бағышталған  iс-



әрекеттер  арасындағы  сәйкестiкке.  Егер  iс-әрекет, 

тәрбие жұмыстарының  ұйымдасуы алға  тартылған мақсатқа 

орайласпаса, 

тәрбие 


табысты 

болмайды. 

Керiсiнше, 

ұйымдастырылған  iстер  мақсатқа  тура  келсе,  қолданылған 

әдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген мiндеттер 

деңгейiнде  болса,  тәрбие  үдерiсiнің  тиiмдiлiгi  де  сәттi 

шығады.

–  тәжірибе  мен  тәрбиелiк  ықпалдар  сәйкестiгiне. 



Тәрбие  үдерісiне  тән  құбылыс:  тәрбиеленушi  өз  тәрбиешiсi 

айтқанының  бәрiн  істе  тексеруге  құштар.  Егер  осыдан  бала 



275

өмiр мен алған бiлiмiнің, сөз бен iстің өзара сай болмағанын 

сезсе,  түңілiске  тап  болады.  Қалыптасқан  тұрмыстық,  өмiр 

жағдайларын әсте ақырын әрi бiрiздiлiкпен бiрте-бiрте ауысты-

рып бару жөн. Жылтың, мезеттiк табыс қуалау көп ұзамастан 

тәрбие  мен  өмiр  сәйкессiздiгiн  тайға  таңба  басқандай  шұғыл 

жайып салады.

–  объектив  және  субъектив  жағдаяттардың  бiр-



лiктi  әрекетке  түсуiне.  Субъектив  жағдаяттар  құрамы: 

тәрбиешiлер  мен  тәрбиеленушiлер,  олар  арасындағы 

ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық 

климат және т.б., ал объектив жағдаяттар: тәрбиенi iске асыруға 

қажет шарттар – экономикалық, материалды – технологиялық, 

әлеуметтiк,  санитар  –  гигиеналық  және  т.б.  Әрқандай  нақты 

тәрбиеге  байланысты  аталған  жағдаяттардың  өзара  ұштаса, 

күрделi  бiрiгiмге  келуi  тәрбие  үдерісiне  қайталанбас,  өзiндiк 

сипат бередi. Сөйтсе де, тиiмдi тәрбиенi қамтамасыз ету үшiн 

оған қолайлы жағдайлар түзiлуi қажет.

  –  тәрбие  мен  өзiндiк  тәрбие  қарқындылығына.  

Өзiндiк тәрбие – өз тұлғасын жетiлдiруге бағытталған оқушы iс-

әрекетi.  Өзiндiк тәрбие үдерiсiнде бала тәрбие үдерісінің субъ-

ектi ретiнде танылады. Әрқандай өзiндiк тәрбие нақты оқушы 

өмiрiнің  мазмұнымен,  оның  қызығулары  және  жасына  сай 

қатынастарымен тiкелей байланысты.  Өзiндiк тәрбие сырттай 

тәрбиемен сабақтас әрi оның нәтижесi. Тәрбиеленушiнің өзiн-

өзi бағалай бiлуi, өзiнің ұнамды қылықтары мен келеңсiздiктерiн 

тануы,  жеке  өмiрлiк  жоспарын  iске  асыруға  кедергi  болар 

жәйттердi ерiк күшiн қосып жеңе бiлуі - өзiндiк тәрбиенің табыс 

кепiлдерi.  Ал  оқушының  өзiн  жетiлдiре  бiлуiнен,  яғни  өзiндiк 

тәрбиеден мұндай кепiлдiктер дамып, ұлғая түседi.

–  тәрбиеге  қосарлана  жүретін  даму  мен  оқу 

үдерістерінің тиiмдiлiгiне. Белгiлi болғандай, егер екi үдеріс 

өзара байланысты iске қосылса, онда олардың бiрiнің тиiмдiлiгi 

көтерiледi  не  кемидi  де,  екiншiсiне  өз  ықпалын  тигiзедi.  Осы-

дан  тәрбие  даму  қарқындылығын  асырып,  ал  даму  ұтымды 

тәрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделi ке-

дергiлер туындайды да, олар өз кезегiнде тұлғаның дамуына 

да, оқуына да, тәрбиесiне де жайсыз жағдайлар жасайды.


276

–  педагогтың  тәрбиелiк  әрекеттерiнің  сапасына. 

Бiлiктiлiгi кем, көлемi тұрғысынан жетiмсiз не мерзiмiнен кешiк-

тiрiлген педагог iстерi тәрбие қызметiнің төмен нәтижесiне се-

бепкер болады.

– 

тәрбиеленушiнің 



“жан 

аймағына” 

жасалған 

ықпалдардың  қарқындылығына.  “Жан  аймағы”  дегенiмiз 

тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезiм жүйесi. 

Тәрбие  үдерiсiнде  сыртқы  ықпалдар  оқушының  iштей  табыс-

тарына,  яғни  сапа-қасиеттерiнің  ұнамды  дамуына  ауысады. 

Ал,  егер  осы  ықпалдар  ойға  алынғандай  күштi  болса,  бала 

қажеттерiне  орайлас  келiп,  оның  белсендiлiгiнің  көтерiлуiне 

жәрдем  беретiн  болса,  тұлғаның  жеке  сеп-түрткілерi  мен 

мақсаттарының идеалды күйден іс-әрекеттік нәтижеге ауысуы 

анағұрлым жеңiл әрi жылдам өтедi. 

  –  педагогикалық  ықпалдар  мен  тәрбиеленушiлер 



мүмкіндiктерi  арасындағы  үйлесiмге.  Тәрбие  үдерiсiнде 

дамудың  бiркелкi  болмау  заңы  көрiнiс  бередi,  себебi 

тәрбиеленушi  мүмкіндiктерi  тәрбиешi  талаптарына  әрқашан 

сай  келе  бермейдi.  Осыдан  бiр  теориялық  бiлiмге  байланыс-

ты  мәселе,  сұрақтарды  еркiн  де  жеңiл  шеше  бiлетiн  оқушы 

қызметтік  тапсырыстарды  орындауда,  қарпайым  еңбек  амал-

дарымен кезiккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде 

ебедейсiздiк байқатып, едәуiр қиналып қалады.

Сонымен,  тәрбие  заңдылықтары  тәрбие  үдерiсiнің 

жағдаяттары,  шарттары  мен  нәтижелерi  арасындағы  басты 

байланыстарды  бейнелейдi.  Тәрбие  тәжiрибесiнде  нәтиженің 

қалыптасқан  қатынастарға  тәуелдiлiгi,  мақсат  пен  iс-әрекет, 

нақты  іс  пен  тәрбиелiк  ықпалдар,  субъектив  және  объектив 

жағдаяттардың  байламды  әсерi,  тәрбие  және  өзiндiк  тәрбие 

қарқындылығы және т.б. өз дәлелiн тауып отыр.

Тәрбие принциптерi

Тәрбие үдерiсiнің принциптерi (тәрбие принциптерi)

–  бұл  тәрбие  үдерiсiнің  мазмұнына,  әдістерiне,  ұйымдасу 

жолдарына  қойылатын  негiзгi  талаптарды  айғақтайтын 

жалпы  бастау  тұжырымдары.  Олар  тәрбие  үдерiсiнің 

анайылылығын  аңдатып,  педагогтарға  нақты  педагогикалық 

мiндеттердi шешуде бағыт-бағдар бередi. 



277

Тәрбие  үдерісiне  сүйенiш  болар  принциптер  өз  алдына 



жүйеге    бiрiгедi.    Осы    жүйедегi    гуманистiк    педагогика   

принциптерi келесiдей:

– тұлғалық бағыт принципi;

– тәрбиенің  жеке  тұлғалық  және  қоғамдық  бағыттарының 

бiрлiгi принципi;

– тәрбиенің өмiр, еңбекпен байланыстылық принципi;

– тәрбиеде ұнамды өнегенi пайдалану принципi;

– тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi принципi.



Тұлғалық  бағыт  принципi.  Тәрбие  үдерiсiнде  тұлғалық 

бағыт  принципi  тәрбиеленушiлердің  жас  ерекшелiктерi  мен 

даралығын, әсiресе жалпы жеке адами қасиет-сапалары мен 

мүмкіндiктерiн ескеру негiзiнде жеке iске асырылады. Адами 

қажет сапалар мәнi: тұлғаның өмiрлiк бағыт-бағдары, тiршiлiк 

жоспары,  құндылықты  бағамдары,  қалыптасқан  жандүниелiк 

ұстамдары, iс-әрекетi мен мiнезiндегi басымды сеп-түрткілер. 

Тұлғаның  осы  аталған  жетекшi    сапаларынан  бөлектене 

қарастырылған жас не даралық ерекшелiктер (мiнез, темпера-

мент, ерiк және т.б.) жоғары дәрежелi кiсiлiк қадiр-қасиеттердi 

қалыптастыруға бағышталған тәрбиенi қамтамасыз ете алмай-

ды, жас деңгейiн, даралық ерекшелiктердi бiлу маңызды, солай 

да болса жоғарыда аталған сапалардың жетекшiлiк рөлiн тану 

ғана  баланың  жас  мүмкіндiктерi  мен  жеке  ептiлiктерiн  дұрыс 

пайдаланудың көзiн ашады.

Тұлғалық бағыт принципiнің тәрбиешi алдына қоятын талап-

тары: 1) тәрбиеленушiлердің жеке темпераменттiк ерекшелiк-

терiн, мiнез бiтiстерiн, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерiн 

үздiксiз зерттеп, жете бiлу; 2) тәрбие үдерісін нақтамалаумен 

бiрге  баланың  ойлау  қабiлетi,  сеп-түрткілерi,  ұстанымдары, 

өмiрлiк бағыты, өмiр мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты 

бағамдары, тiршiлiк жоспарлары секiлдi тұлғалық сапалардың 

нақты  қалыптасу  деңгейiн  түбегейлi  тану;  3)  әр  оқушыны 

тұлғаның  iлгерiлей  дамуын  қамтамасыз  етушi  күш-қуатына 

сәйкес  әрi  бiртелеп  күрделенiп  баратын  тәрбиелiк  iстер-

ге  ұдайы  қатыстырып  бару;  4)  мақсатты  iске  асыруға  кедергi 

болар себептердi өз уақытында анықтау әрi аластау, ал егер 

бұл  мүмкін  болмаса,  жаңа  жағдайлар  мен  шарттарға  тәуелдi 

тәрбие бағытына дер мезетiнде өзгерiстер енгiзу; 5) барынша 



278

тұлғаның өз белсендiлiгiн арқау ету; 6) тәрбиенi тұлғаның өзiндiк 

тәрбиесiмен ұштастыру, оқушыға өзiндiк тәрбие мақсаттарын, 

әдістерi мен формаларын таңдауға жәрдем беру; 7) оқушыда 

дербестiк, ынталылық, өзiндiк iс-әрекет қабiлеттерiн дамытуда, 

тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткiзер iс-әрекеттердi 

ұтымды ұйымдастыру және бағыттай бiлу.

Осы талаптардың бiрлiктi орындалуы мектеп тәжiрибесiнде 

бұрыннан  танымал  жас  ерекшелiктерi  мен  даралық  ес-

керу  принциптерiнің  қарабайырлығын  жояды,  тәрбиешiнi 

үдерiстің үстiрт белгiлерiне шегеленбей, тереңде жатқан мән-

мағыналық  байланыстарға  назар  аударуға  бағыттайды,  осы 

үдерiсте көрiнетiн тәрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы 

қатынастарды тануға жетекшiлiк етедi.



Тәрбиенің 

жеке 

тұлғалық 

және 

қоғамдық 

бағыттарының  бiрлiгi  принципi.  Озат  ойлы  педагогтар 

тәрбиенi  “өсиет  пен  өнеге,  сендiру  және  зорлау  жәрдемiмен 

адамдарды  сәби  шақтан  iс-әрекетке  қосып,  игерiлген  ере-

желердi  тұрмыста  қолдануға  үйретушi  қоғамдық  құрылым” 

(Г.Сент-Джон)  ретiнде  таныған.  Әр  дәуiрде  бұл  принцип  мәнi 

ауысып барған: бiрде жеке тұлғалық бағыты басымдау болып, 

кейде  қоғамдық,  мемлекеттiк  бағыты  жетекшiлiк  еткен.  Алай-

да,  тәрбиенің  басты мiндетi  – адамды  белсендi  қоғамдық әрi 

рахаты мол жеке өмiрге дайындау – қай заманда да сақталып 

қала бередi.

Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметi өсiп келе 

жатқан әулет тәрбиесiн мемлекеттің тәрбиелiк стратегиясына 

сәйкес  орындауға  және  әлеуметтiк  үйлесiмге  келген  тұлғаны 

қалыптастыруға  бағытталуы  тиiс.  Мемлекет  қызметiндегi 



тұлға  ретiнде  тәрбиешi  тәрбие  саласындағы  мем-

лекеттiк  тапсырысты  орындайды.  Егер  мемлекет 

және  қоғам  мүдделерi  сәйкес  келсе,  азаматтардың  жеке 

мүдделерiмен  үйлесiмдi  болса,  онда  тәрбие  принциптерi  де 

тәрбие мақсаттары мен мiндеттерiнің саласында  өзіне тиiстi 

орын алады. Ал бұл жағдай керiсiнше болса, принцип iске ас-

пай қалады, себебi тәрбиешiнің тәжiрибе қорына толыққанды 

тәрбие үшiн қажет нақты деректер түспейдi.

Бұл  принциптi  iске  асыру  барысында  әсiре  ұрандаудан, 

желiкпе  үндеулерден,  бөспе  сөзділiктен  аулақ  болған  абзал, 


279

себебi  тәрбие  ең  алдымен  құнды  әрекет-қылық  және  қарым-

қатынас  тәжiрибесiн  жинақтауға  мүмкіндiк  беретiн  пайдалы 

iс-әрекет,  қызмет  үдерiсiнде  жүзеге  келедi.  Алайда  оқушы 

араласқан  нақты  iс-әрекет  (ойын,  еңбек,  қоғамдық  iстер,  оқу, 

спорттық және т.б.) тәрбиелiк мәнге ие болуы үшiн, оның субъек-

тi – балада сол әрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілердi 

қалыптастыру  қажет.  Егер  олар  жоғары  iзгiлiктi,  қоғамдық 

мән-мағынасымен  елеулi  болып  келсе,  әрекет-қылықтар 

нәтижесiнде орындалатын қызмет те үлкен тәрбиелiк ықпалға 

ие  болады.  Әр  тұлғаның  әлеуметтiк  сапаларын  орнықтыруда 

оқушылардың  қоғамдық  пайдалы  еңбегi  олардың  мақсатты 

бағытталған  сана-сезiмiн  қалыптастыру  iстерiмен  ұштасуы 

қажет. Баланы қандай да iс-әрекетке ойыстыруға қолданылған 

сөз,  ауызекi  нұсқау  нақты  тұрмыстық  пайдалы  қызмет  пен 

ұнамды әлеуметтiк тәжiрибеде өз бекiмiн табуы тиiс.



Тәрбиенің өмiр және еңбекпен байланыстық принципі. 

“Мектеп үшiн емес - өмiр үшiн” – ұранымен күтiп алады екен 

ежелгi  Рим  мектептерi  өз  оқушыларын.  Адамзаттың  алғашқы 

қадамдарының  өзiнде-ақ  адам  тәрбиесiмен  шұғылданған 

тұлғалар өмiр мен тұрмыстан ажыралған тәрбиенің мағынасыз 

болатынын  түсiнген.  Адам  тұлғасын  қалыптастыру  оның  iс-

әрекетiмен, қоғамдық және еңбектiк қатынастарға келуiмен тi-

келей тәуелдi байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте 

ғана  дамиды:  неғұрлым  ол  ауқымды,  мақсатқа  орай  болса, 

тұлғаның  дамуы  мен  әлеуметтену  деңгейi  де  жоғары  келедi. 

Осыдан  да  тәрбиеленушiлердi  қоғамдық  өмiрге,  әрқилы  пай-

далы iстерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас 

пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару мiндеттi шара. 

Тең  құқықты  мүше  ретiнде  еңбек  үдерісiне  қатыса  отырып, 

бала  адамгершiлiкке  баулынады,  рухани  және  тәндiк  дамуға 

келедi,  еңбектің  қоғамдық  мәндi  сеп-түрткілерiн  ажырататын 

болады, өзiнің моральдық сапа-қасиеттерiн бекiтедi, одан әрi 

жетiлдiредi.

Тәрбиенi  өмiрмен  байланыстыру  принципi  педагогтар-

дан  екi  бағытта  белсендi  қызмет  атқаруды  талап  етедi: 

1)  тәрбиеленушiлердi  адамдардың  қоғамдық  өмiрi  және 

еңбегiмен  қолма-қол  әрi  кең  таныстырып,  жалпы  тұрмыста 

болып  жатқан  әлеуметтiк  өзгерiстердi  мезетiнде  түсiндiрiп 


280

бару; 2) тәрбиеленушiлердi шынайы өмiр қатынастарына тар-

тып,  араластыру,  қоғамдық  пайдалы  iс-әрекеттердің  сан-алу-

ан  түрлеріне  қызығулары  мен  бейiмдiлiктерiне  сәйкес  қосып, 

оның нәтижесiнен рахат сезiнуге баулу.

Аталған принциптi iске асыру барысында педагог орындауы 

тиiс мiндеттер төмендегiдей:

–  қоғам  мен  адам  өмiрiндегi  еңбектің  маңызын  әр  балаға 

жете түсiндiру;

–  материалды және рухани дүние өндiрушi еңбек адамда-

рына болған құрмет баулу;

–   шаршап-жалықпай  еңбектену  қабiлетiн  дамыту,  қоғам 

және өз мүддесi үшiн адал да шығармашылықпен iс қылу ниет-

терiн өрiстете түсу;

– қазiргi заман өндiрiсiнің жалпы негiздерi жөнiнде ақпарат 

жеткiзу;


– еңбек аясында өз басы мүдделерi мен қоғамдық мiндет-

тердi үйлестiре бiлуге, қоғам қажеттерi мен өз ниеттерiне орай 

кәсiп таңдауға үйрету;

– қоғамдық игiлiк және табиғат байлықтарына құндылықпен 

қатынас жасауға баулу;

– қоғамдық мүлiкке байланысты ысырапшылдыққа, жауап-

керсiздiкке,  талантараждыққа,  табиғат  байлықтарына  болған 

жыртқыштыққа төзбеушiлiк сезiмiн ояту.

Тәрбиенi өмiр және еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында 

келесi ережелердi ұстанған жөн:

1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты әрi қолынан келер 

iсi  пайдалылау.  Осыған  орай  тәрбиешi  сабақ  және  сыныптан 

тыс  жұмыстарға  қойылатын  талаптар  бағдарламасын  түзiп, 

оларды бiрiздiлiк принципi негiзiнде iске асырып баруы шарт. 

2.  Өз  әрекеттерiн  жанұя  талаптарымен  үйлестiре  отырып, 

тәрбиешi  әр  оқушыға  оның  басты  мiндетi  оқу  екенiн  жете 

түсiндiруi  лазым.  Бұған  қосымша  –  үйге  жәрдемдесу,  әлi  же-

тетiн басқа да тапсырмаларды орындау.

3. Бала, әдетте, қандай да iстi орындауға құштар; енжарлық, 

селқостық, iссiздiк – бала табиғатына жат құбылыстар.

4.  Дәрiстер  мен  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында 

өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиiмдi.

5. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға 

алған жұмыстарды жауапкершiлiкпен бағамдауға үйренедi, ал 



281

бұл  олардың  азаматтық  сапаларының  дамуына  жәрдем  бе-

редi.

6.  Бала  тәрбие  үдерiсiнде  өз  еңбегiнің  басқа  адамдарға, 



қоғамға қажет әрi пайдалы екенiн сезiнуi тиiс.

Тәрбиеде  өнеге-үлгiнi  сүйенiш  ету  принципi.  Егер  өз 

тәрбиеленушiсiнде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын 

байқап,  оны  тәрбие  үдерiсiнде  пайдаланатын  болса,  оның 

шәкiрт жанына жол тауып, тезiрек табысқа жетуi сөзсiз. Дана 

педагогтар  тiптi  тәрбиесi  жетiмсiз  балалар  мiнезiнде  ұнамды 

бiтiстер тауып, оларды тәрбие мақсатына орай басқа да қасиет-

сапаларды  қалыптастырып,  тұрақтандыруға  шеберлiкпен 

қолдана алған. Ұнамды үлгi-өнегелердi сүйенiш ету принципiнің 

талаптары  қарапайым:  педагог  баланың  ұнамды  мiнез  бiтiсiн 

табады, оны пайдаланып, басқа, әлi қалыптаспаған не керi кет-

кен мiнез бiтiстерiн дамытады, қажеттi деңгейге жетiлдiрiп, өзге 

әрекет-қылық сапаларымен үйлестiредi.

Баланың  ұнамды  сапалары  (жануарларға  мейiрiм,  тума 

қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық және т.б.) келеңсiз 

қасиеттермен (уәдесiздiк, өтiрiк айту, ерiншектiк және т.б.) бiрге 

жүреді. Бiрақ түгелдей “бұзық” не тума “сүйкiмдi”’ бала болмай-

ды.  Адамдағы  болымды  қасиеттердi  молынша  көбейтiп,  керi 

сапаларды мүмкіндiгiнше азайту – тұлғаны игiлендiру жолында 

тәрбие қолынан келер маңызды мiндет.

Тәрбиешi қызметі табысты болып, тез әрi ұнамды нәтижеге 

жетуi үшiн, ол келесi ережелердi ұстануы қажет:

1.  Тәрбие  үдерiсiнде  дау-дамайға,  тәрбиешi  мен 

тәрбиеленушi арасындағы қайшылыққа, күш және көзқарас тай-

таласына жол бермеу мiндеттi. Тек қызметтестiк, шыдамдылық 

және  бала  тағдырына  мүсiркей  араласумен  ғана  ұнамды 

нәтижелерге жету мүмкін.

2. Оқушы қылық-әрекетiндегi тек олқылықтар мен кемшiлiк-

терге  ғана  назар  аудара  беру  қателiк.  Әрдайым  жақсы  ны-

шандарды  тауып,  қолдау  шарт.  Әлбетте,  келеңсiз  сапаларды 

түзету  қажет.  Дегенмен,  мүмкін  болғанша,  алдымен  ұнамды 

қасиеттердi анықтап, қалыптастырып, одан әрi оларды жетiл-

дiре түсу.

3.  Педагогикалық  тұрғыдан  тәрбиеленушiлердің  ұнамды 

қызығулары  мен  бейімдiлiктерiне  (танымдық,  эстетикалық, 



282

табиғат және жануарларға қайрымдылық және т.б.) арқа сүйеген 

тиiмдiлеу,  олар  жәрдемiмен  көптеген  еңбек,  имандылық, 

эстетикалық тәрбие мiндеттерiн шешуге болады. Ұнамды үлгi-

өнегенi пайдалану принципi тәрбие үдерiсiнің табиғатына берiл-

ген жетекшi өзектi таба бiлуге байланысты. Әр нақты жағдайға 

орай  осы  өзектi  табу-бала  тәрбиесi  жолында  жанпидалыққа 

түскен қай педагогтың да қолынан келетiн iс. 

4.  Ұнамды  тәрбие  аясын  (фон)  түзу  –  өнеге  пай-

далану  принципiнің  және  бiр  шарты.  Бұл  ая  құрамы  – 

тәрбиеленушiлердің тiршiлiк, iс-әрекет ауқымы мен тәрбиелiк 

қатынастар мәнері. Байыпты, iскерлiк жағдай жасалып, әркiм 

өз iсiмен шұғылданып, басқаларға кедергi болмаса, еңбектену 

мен  тынығу  жоғары  дәрежеде  ұйымдастырылса,  “қабырға 

да  көмектесiп”  дегендей  сергек  те  сенiмдi  алға  iлгерiлеу  бо-

лады.  Жұмыс  орнының  барша  қолайлықтары  алдын  ала  ой-

ластырылып,  үйлесiмдi  әрекеттер  мен  бiрдің  екiншiге  болған 

қамқорлығы  сезiлсе,  мұның  бәрi  қызмет  бабындағы  адамға 

ұнамды әсер етпей қоймайды.

5.  Қателіктерiнен  үздiксiз  тәрбиеге  ұшыраған  бала    өзіне, 

өз күш-қуаты мен мүмкіндiктерiне сенуден қалады. Тәжiрибелi 

педагогтар  ғұлама  Гомерден  қалған  “Мадақ  бар  жерде  – 



Жаратқан  мен  сәби  жүреді”  деген  қанатты  ойды  ұстанып, 

балаға деген жылы, қолдау лебiзiн бiрде аямайды, болашақта 

қолға кiретiн жетiстiктерi үшiн де алдын ала мақтауға жомарт 

келедi.  Олар  баланың  жақсы  қылығын  күнi  бұрын  жобалап, 

оның  нәтижелi  боларына  баланы  сендiредi,  өз  шәкiрттерiн 

қызметтес  жолдастарына  айналдырып,  қателескен  жерiнде 

қол ұшы жәрдемiн бередi.

Тәрбиелiк  ықпалдар  бiрлiгi  принципi.  Бұл  принциптен 

туындайтын мақсат – бала тәрбиесiне қатысы барлардың бар-

шасын  (жанұя,  мектеп,  мектептен  тыс  қоғамдық  мекемелер, 

жалпы  қауым)  бiрлiктi  iске  қосып,  тәрбиеленушiлерге  өзара 

үйлестiрiлiп, келiсiлген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай 

бiрлiк пен үйлесiм болмаса, тәрбие үдерiсiнің қатысушылары 

А.И.Крыловтың кейiпкерлерi Шаян, Аққу және Шортан секiлдi 

әрекеттерiн жан-жаққа шашыратып  алмауына кiм кепiл? Бұдан 

үлкен  зиян  көретiн  алдымен  тәрбиеленушi:  кiмге  сенiп,  кiмге 

еретiнiн бiлмей сарсаң болады,  өзіне абырой тұтқан “пiрлерiнің” 

iшiнен  жөндiсiн  айыра  алмай  күйзелiске  келедi.  Ал  мұндай 


283

жүктемеден  белi  қатаймаған  баланы  құтқару  үшiн  тәрбиелiк 

ықпалдардың  бәрiн  бiр  арнаға  келтiрiп,  тұлғаға  бағытталған 

күштердің  ұнамды  әсерiн  көтеру  -  тәрбиелiк  ықпалдар  бiрлiгi 

принципiнің басты талабы.

Аталған  принциптi  iске  асыру  ережелерi  тәрбиешiге  өз 

қызметiнің  барша  саласында  кезiгетiн  жағдайларды  ескеруге 

көмектеседi.

1.  Тәрбиеленушi  тұлғасы  отбасы,  жолдас  достары, 

төңірегiндегi  ересек  адамдар,  қоғамдық  мекемелер  мен 

оқушылар  ұжымы  және  т.б.  ықпалында  қалыптасады.  Осы 

сан  қыйлы  ықпалдар  арасында  бiршама  маңызды  рөл  сы-

нып  ұжымы  мен  тәрбиешi  тұлғасына  тиiстi  болатынын  еске 

ұстай  отырып,  басқа  да  тәрбиелiк  әсер  көздерi  болатынын 

ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тәрбиешiден бола-

тын талаптардың бiр-бiрiне қайшы келмей бiр бағытта болғаны 

аса қажет.

2.  Тұлға  қалыптастырудағы  бас  жетекшi  –  отбасы.  Өз 

баласының  даралық  ерекшелiктерiн  тереңнен  сезiну,  оның 

тәрбиесiнде қайталанбас жол таба бiлу мен сол тәрбиеге мей-

iр, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берiлген шебер-

лiк. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тәрбиешi-педагог не оның 

iстерi  ауыстыра  алмайды.  “Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

аларсың” – деп атам қазақ бекерге айтпаған. Осыдан, талап 

–  отбасымен  қажет  байланысты  қолдап,  қуаттау,  бекiте  түсу, 

қай  тәрбиелiк  мәселе  болса  да,  оны  ата-аналармен  бiрлесе 

шешу.


3.  Тұрмыста  осы  тәрбиеге  байланысты  кейде  табиғи 

тәрбиелеушi  жанұя  ресми  тәрбиешi  талаптарын  ұнатпай 

қалатын да жағдайлар кезiгiп қалады. Көп жағдайда ата-ана-

лар өз балаларын шектен тыс еркелетiп, олардың енжарлыққа 

түсуiне қолқа болады да педагогтардың сол бала тәрбиесiндегi 

барша жетiстiктерiн демде желге ұшырады. Мұндай келiсiмсiз-

дiктердi жоюда бала  тәрбиесiн оңды жолға қоялық дегендердің 

бәрi ортақтастық табуға ынталы болғаны жөн.

4.  Кейде  тәрбиешi  ұжым,  қоғамдық  ұйымдар  пiкiлерiмен 

келiспей,  өз  әрiптестерiн  сынға  алатын  жағдайлар  да  болып 

қалады.  Бұл  балалар  көзқарастары  мен  нанымдарына  әсер 

етпей  қоймайды.  Сондықтан  бала  тәрбиесi  мекемелерiнің 

мүшелерi өзара келiсiмде, бiрлiктi қызмет жүргізгенi жөн.


284

5. Ұштастық пен бiрiздiлiк принциптерi талаптарына орайлас 

дәрiстерге  және  оқудан  тыс  тәрбие  жұмыстарын  бiр  жүйеде 

алып барған орынды. Тәрбие жұмысында бұрыннан орныққан 

ұнамды  қасиет-сапаларды  ескерген  жөн.  Педагогикалық 

ықпалдар  мен  талаптар  бiртiндеп  күрделенуі  керек.  Бiрлiктi 

талаптардың  орындалуы  жолында  отбасы  мен  ата-аналарға 

тiкелей кеңесшi – тәрбиешi-педагог.

6.  Тәрбиелiк  ықпалдарды  үйелестiру  тәсiлi  –  тәрбиеге 

қатысты  адамдардың,  қызмет  түрлері  мен  әлеуметтiк 

мекемелердің басын қосып, күш бiрiктiру. Осыдан да тәрбиешi 

қоғамдық мекемелер,  әлеуметтiк  қауымдастықтар  және  отба-

сымен байланыс түзуде шаршап-шалдығу бiлдiрмегенi жөн.

Сонымен,  тәрбие  принциптерi  –  тәрбие  үдерісінің 

мазмұнына, әдістерiне, ұйымдасуына қойылатын негiзгi талап-

тарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгiнгi таңдағы 

гуманистiк  педагогика  ұстанған  принциптерi:  тәрбиенi  нақты 

тұлғаға  бағыттау;  жеке  және  қоғамдық  тәрбие  бағыттарын 

үйлестiре,  байланыстыру,  тәрбиенi  өмiр  және  еңбекпен 

ұштастыру; тәрбиелiк ұнамды үлгi-өнегенi арқау ету; тәрбиелiк 

ықпалдарды бiрiктiре, пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет