2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

Тәрбие мазмұны

Тәрбие  мазмұны  –  бұл  белгiленген  мақсаттар  мен 

мiндеттерге  сәйкес  меңгерiлуi  тиiс  бiлiм,  ептiлiк,  дағды, 

көзқарас  пен  нанымдар  қоры,  тұлғаның  мiнез  бiтiстерi  мен 

тұрақты  әдеттерiнің  жүйесi.  Ақыл,  тән-дене,  еңбек  және 

политехникалық,  инабаттылық  пен  имандылық,  эстетикалық 

тәрбие – бәрi бiрдей бiртұтас педагогикалық арнада тоғысып, 

тәрбиенің басты мақсаты – жан-жақты әрi үйлесiмдi дамыған 

тұлғаны қалыптастыруға қызмет етедi.

Қазіргі  өтпелi  заманда  тәрбиеге  деген  көзқарас  әлi 

тұрақтамай тұр. Нақты стратегия болмағандықтан мектеп және 

басқа  да  тәрбие  мекемелерi  дағдарыста.  Солай  да  болса, 

дағдарыстан  шығудың  жолы  ретiнде  бүкiл  қоғамдағы  сияқты 

мектептегi  гуманизация  және  демократия  бағыты  бiрден-бiр 

дұрыс деген пiкiр орнығуда. Бұл күндегi тәрбие үдерiсiнің мәнiн 

түсiнуде төменде келтiрiлген идеялар негiзге алынады:


285

1.  Тәрбие  мақсатының  шынайылығы  (реализм). 

Бүгiнгi  таңдағы  тәрбиенің  нақты  мақсаты  –  адамды  оның  өз 

басының  тiлек,  қабiлет  және  дарынына  сәйкес  жан-жақты 

дамыту.  Бұл  мақсатты  iске  асыруда  сүйенiш  болар  құрал  – 

оқушыға мәдениеттің тiрек негiздерiн игерту. Осыдан, тәрбие 

мазмұнындағы  өзектi  ұғым  –  тұлғаның  “тiрек  мәдениетi”

Бұл  әр  адамның  өз  тiршiлiк  және  өмiрлiк  салты  мен  әрекет 

жолын таңдастыра бiлу мәдениетi, яғни жалпы бiлiктiлік және 

адамгершiлiк сапа-қасиеттерi қоры: дүниенi тану бiлiмдерi мен 

оған қатынасы; инабаттылық және имандылық қылық-әрекетi; 

адамилық қатнастары мен еңбектену мәдениетi; демократиялық 

және құқықтық, экономикалық және экологиялық, көркемөнер 

және тән-дене, отбасы қатынастары мәдениетi.

2.  Ересектер  мен  балалардың  бiрлiктi  iс-әрекетi. 

Аға  ұрпақ  есiнде:  кеңестiк  педагогика  талаптарына  сәйкес 

педагог  пен  оқушы  қызметi  өзара  ажыралатын:  педагог  мiн-

детi - оқушылар үстiнен қарап, олардың жұмысына басқарым 

беретiн  де,  оқушылар  –  мұғалiм  нұсқауларын  бұлжытпай 

орындауға мiндеттi болатын. Мұндай жүйе тыңғылықты нәтиже 

қамтамасыз  етуде  қауқарсыздық  танытты,  себебi  тәрбиешi 

мен  тәрбиеленушiлер  әрекетiнде  бiрлiк  болмады.  Гуманистiк 

педагогика педагогтарды инабаттылық өнегелерiн балалармен 

бiрге  тiзе  қоса  iздестiруге  бағыттап,  ең  жоғары  рухани  және 

еңбек  мәдениетi  үлгiлерiн  iрiктеуге,  соның  негiзiнде  өзiндiк 

құндылықтар, жеке өмiрлiк қалып талаптары мен заңдылықтар 

қалыптастыруға  ойыстырады.  Тәрбие  мұраты  арқауына 

қол  жетпейтiн  “ай,  жұлдыз”  емес,  нақты  өмiр  қажетiне  тиiстi 

құндылықтар алынуы тиiс.

3.  Өзiндiк дербестiкке жету.

Тәрбие  мiндетi  –  берiк  сенiмге  ие,  демократиялық 

көзқарастары  мен  өмiрлiк  бағыты  бекiген  бiртұтас  тұлғаны 

қалыптастыру. Осыдан тәрбие мазмұнының аса маңызды бiр-

лiгi  –  адамның  өмiрлiк  өз  дербестiгiне  жету  мәдениетi.  

Өзiндiк тiршiлiк дербестiгi – жеке кәсiби не азаматтық дербес-

тiк  мәнiнен  ауқымдылау.  Бұл  тұрғыдан  әр  адам  өз  өмiрi  мен 

өз бақытын өз қолымен тұрғызатын жасампаз шебер. Әр адам 

өзiмен-өзi үйлесiмге келсе ғана, оның азаматтық, кәсiптiк және 

инабаттық-имандылық дербестiгi шыңдала түседi.


286

4. Тәрбиенің нақты тұлғаға бағытталуы.

Барша    тәрбиелiк    жұмыстардың    өзегi    бағдарлама, 

жабдықтар  немесе  әдістер  мен  формалар  емес,  –  бала  – 



бiздің  барша  педагогикалық  қызметтерiмiздің  мәнi  де  ең 

жоғары  мiндет  –  мақсаты  да  сол.  Тәрбие  мiндеттерi  -  сол 

нақты  баланың  дара  бейiмдiлiктерi  мен  қызығуларын,  мi-

незiн, өз қадiрiн тану сезiмiн дамыту. Тәрбиеленушiнің жақын-

жуық  мүдделерi  мен  қызығуларынан  оның  ең  жоғары  рухани 

қажеттерiне  қарай  iлгерiлi  қозғалысты  дамыта  түсу  –  тәрбие 

үшiн басты көрсетпе және негiзгi ереже болуы тиiс.

5. Еркiндiлiк.

Тәрбиеленушiлердің  өз  қалау  еркiндiгi  болмай,  тәрбиенің 

мән-мағыналық  идеялары:  рухани  даму,  өмiр  кедергiлерiн 

жеңу,  өз  қадiрiн  ардақтау,  сонымен  бiрлiктi  қызметтестiк 

қажеттiгiн түсiну – орындалуы мүмкін емес. Зорлау не жоғары 

нұсқау негiзiнде ұйымдастырылған тәрбие үдерісi баланы да, 

мұғалiмдi де адамгершiлiк ыдырау (деградация) дағдарысына 

ұшыратады. Баланы “тәрбиелен” деп, мәжбүрлеу мүмкін емес. 

Егер тәрбиешi балалық қызығу мен асқақ арманға, жолдастық-

достық  сезiм  мен  азаматтық  борышқа,  дербес  өзіндiк  қызмет 

пен  шығармашылыққа  сүйене  алса,  тәрбиеленушiнің  еркiн-

дiгi  мен  ерiктiк  қуаты  барынша  жарқырай  көрiнiп,  тұлғалық 

дамуындағы жетекшi күштерге айналады.

6. Ұжымдылық.

Бастауыш мектептегi тәрбиелiк жұмыстар мазмұны ұжымдық 

тұрғысынан  да  өзгерiстерге  түсе  бастады.  Ендi  ұжым  тәртiп 

орнатушы  басты  орган,  кезiккен  мәселенi  шешуге  тәрбиешi 

көмекшiсi болу сипатынан қала бастады. Әлбетте, балаларды 

бiрлiктi өмiр сүруге, қызметтес болуға, туындаған мәселелердi 

бiрлесiп шешуге баулу қажет. Дегенмен, бiрдей ерiктi, тәуелсiз 

адам  ешқандай  ұжымға  бағынбайды.  Демократиялық  тәрбие 

мен  ұжымдық  тәрбиенің  өзара  ажыралатыны  да  осы  тұста. 

Ұжымдық тәрбие, қазiргi заман көзқарасында, қаншама тиiмдi 

болғанымен, жеке тұлғалықты басуға, оның рухани, адамгер-

шiлiк күштерiн бұғаулауға бағытталған.

Мектептің  демократиялық  болашаққа  ұмтылысы  тәрбие 

мазмұны мен әдістерiнің жаңалану кепiлi, ол:


287

– тұлғаны  көп  iшiнде  еленбей  қалудан  сақтап,  оның  жан-

жақты дамып, жарқырай көрiнуiне ықпал жасайды;    

– жаттанды бiлiмдермен шектелмей, дүниенi жете тану мен 

қайта құруға бастау бередi;

– әмiршiлдiк пен жатырқаушылықтан шынайы адамгершiлiк 

қарым-қатынас және қызметтестiкке жетелейдi.

Бұл  идеялардың  iске  асуы  үшiн  iс  жүзiнде  тәрбие  қалай 

ұйымдастырылуы  қажет?  Бүгiнгi  таңда  тәрбиеленушiге  “адам 

ондай  да  мұндай  тәрбие  алуы  қажет”  –  деп  уағыз  айту  жет-

кiлiксiз. Бала “Ал оның неге қажетi бар, одан не түседi?” – деп 

қарсы сұрақ қояры сөзсiз. Шетелдiк тәрбие жүйелерiнде ең ал-

дымен осы тұрмыстық мүдделер (не үшiн? неге қажет? не 

бередi?) алға тартылып, тәрбие мазмұнына ұнамды қатынас 

жасауға  күштi  себепшi  болады.  Бастауыш  мектеп  тәрбиешiсi 

жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере бiлуi тиiс, сонымен 

балаларды тәрбиенің артықшылығына түсiндiре сендiрiп, мек-

тепке, жалпы тәрбиеге болған күмәндерiнен арылту қажет.

Ұтымды ұйымдастырылған тәрбие адамды өмiрдегi үш бас-

ты рөлге – азамат, еңбеккер, отбасы иегерi болуға дайын-

дауы тиiс. Аталған тұлғалық сапаларды қалыптастыруда баста-

уыш мектептің маңызы орасан: өсiп келе жатқан ұрпақ өкiлiнің 

нақты  қасиеттерiн  баулып,  дарыту  кiшi  сыныптар  үлесiне  ти-



ген.

Азаматтық сапалар:

Ел,  қоғам,  ата-ана  алдындағы  борыш  сезiмi,  яғни  

азаматтық мiндеттердi атқару.

Ұлттық мақтаныш және отаншылдық сезiмi.  Ана тілді, 

Мемлекеттің Ата Заңын, мемлекеттiк өкiмет органдарын, 

Елбасы-Президенттi, мемлекеттiк рәміздердi сыйлау.

Ел тағдырына жауапкершiлiк.

Қоғамдық тәртiп, бiрлiктi өмiр кешу мәдениетi.

Елдің  ұлттық  байлығына,  тiлiне,  мәдениетi  және 

үрдістеріне ыждағатты қатынас.

Қоғамдық белсендiлiк.

Демократиялық принциптердi ұстану.

Табиғатқа қамқорлық.

Өзге адамдар құқықтары мен еркiндiгiн құрметтеу.

Белсендi өмiрлiк бағыт-бағдар.

288

Құқықты мойындау және азаматтық жауапкершiлiк.

Адалдық, шыншылдық, қайырымдылық, мейiрбандық.

Өз iстерi мен қылықтарына жауапкершiлiк.

Тарих тәлкегiмен шет елдерге орын тепкен қандастарға 

бауырмалдық.

Интернационализм, басқа ұлт өкілдеріне, ел халықтарына 

сый, құрмет.

Қазіргі заман еңбеккерi сапалары

Тәртiптiлiк және жауапкерлiк.

Еңбектенуге қабiлеттiлік және ұқыптылық.

Жалпы және экономикалық бiлiмдер.

Саяси бiлiмдер.

Еңбекке шығармашылық қатынас.

Табандылық, тапсырыстарды жылдам да тез орындауға 

ұмтылыс.

Кәсiптiк мақтаныш, шеберлiкке құрмет.

Саналылылық, кiшiпейiлдiлiк, ұқыптылық.

Еңбек тәжiрибесi.

Кеуiлдi өндiрiс мәдениетi.

Еңбекке, өмiрге, бiрлiктi қызметке әсемдiк қатынас.

Ұжымдылық, бiрлiктi еңбек ептiлiгi.

Ынталылық, дербестiк.

Ел, қоғам игiлiгi үшiн көп әрi жемiстi еңбектенуге дайын 

болу.

Iскерлiк пен тапқырлық.

Еңбек нәтижелерiне жауапкерлiк.

Еңбек адамдары мен өндiрiс шеберлерiне құрмет.

Отбасы иегерi сапалары:

Еңбеккерлiк, жауапкершiлiк.

Әдептiлiк, кiшiпейiлдiлiк, қарым-қатынас мәдениетi.

Көпшiлiк арасында өзiн ұстай бiлу.

Мұнтаздық, ұқыптылық, гигиеналық дағдылық.

Денi сау, салауатты өмiр салтында белсендiлiк.

Бос уақытын көңілдi өткiзе бiлу.

Жан-жақты бiлiмдiлiк.

Құқықтық талаптар мен заңдарды бiлу.

Тәжірибелік психологияны, этиканы бiлу.

Бала тәрбиесiнен хабардар болу.

289

Некеге 

тұруға, 

отбасы 

мiндеттерiн 

орындауға 

дайындық.

Ата-аналар мен қарияларға құрмет.

Байқағаныңыздай,  бастауыш  мектеп  мұғалiмi  тәрбиенің 

мазмұндық  бiрлiктерiн  ойдан  шығарып  не  сырттан  терiп 

жатпайды.  Бұлардың  бәрi  тұрмыстық  мәселелерді  шешу 

қажеттiгiнен  туындайды.  Тәрбиешi  бастуыш  мектептің  барша 

кезеңдерiне арнап, болашақ азамат, еңбеккер, отбасы иегерiн 

қалыптастыруға  бағышталған  жүйелi  тәрбиелiк  жұмыстар 

жоспарын  түзедi.  Барша  мектептердегi  түгел,  сыбайлас 

сыныптардағы тәрбие мазмұнын күнi бұрын тәптiштеп белгiлеу 

ешқандай бағдарлама қолынан келмейдi. Осыдан да шамалап 

белгiленген тақырыпқа сүйене отырып, әр педагог мазмұнның 

нақты бiрлiктерiн тәрбие мақсаттарына, нақты жағдайлар мен 

оқушылардың тәрбиелiк деңгейiне орай анықтайды.

Сонымен,  қоғамның  түбегейлi  өзгерiстерi  заманында 

тәрбиелiк  нақты  бағдарлама  түзiп,  тәрбиешiлерге  дайын  жо-

балар  ұсыну  қиын.  Дегенмен,  бiзге  қоғамның  даму  бағыты 

мен болашақ мектептің алға қойған басты мiндетi – өсiп келе 

жатқан әулеттi қай бағдарға дайындау қажеттiгiн белгiлеу. Бас-

тауыш мектептегi тәрбие негiзi - жан-жақты үйлесiмдi дамыған 

тұлға  қалыптастыру,  ал  мазмұнның  нақты  бөлiмдерi  -  аза-

мат,  еңбеккер,  отбасы  иегерiнің  өмiрлiк  маңызды  сапаларын 

тәрбиелеу төңірегiнде топтастырылады.



290

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Тәрбие деген не?

2.  Тәрбие теориясы деген не?

3.  Қандай тәрбие категорияларын бiлесiз?

4.  Тәрбие үдерiсiнің бағдарлылығын қалай түсiнесiз?

5.  Тәрбие үдерiсiнің күрделiлiгi нелiктен?

6.  Тәрбие үдерiсiнің кешенді болуының себебi неде?

7.  Тәрбие үдерiсiнің құрылымы қандай?

8.  Тәрбиенің жалпы заңдылықтарын сипаттаңыз.

9.  Тәрбие принциптерi деген не?

10.  Олардың ерекшелiктерi қандай?

11.  Тәрбиенің қоғамдық бағытталуы деген не?

12.  Бұл принциптің талаптары қандай?

13.  Тәрбиенің өмiрмен байланыстық принципiнің мәнi не?

14.  Осы принциптің ерекшелiктерi қандай?

15.  Ұнамды  үлгi-өнегенi  арқау  ету  принципiнің  мәнiн 

түсiндiріңiз.

16.  Тәрбиенің  нақты  тұлғаға  бағытталу  принципiн  қалай 

түсiнесiз?

17.  Бұл принциптi iске асырудың жолдары қандай?

18.  Тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi принципiнің мәнi қандай?

19.  Бұл принциптi қалай орындар едіңiз?

20.  Тәрбие үдерісi мазмұны деген не?

21.  Тәрбиенің  iзгi  мiндеттерi  –  азамат,  қызметкер,  отағасы 

тәрбиелеу мәнiн түсiндiріңiз.


291

11-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ӘДIСТЕРI МЕН 

ФОРМАЛАРЫ

Жоспар:

Тәрбие әдістерi мен формалары

Сана тәрбиесi әдістерi

Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi

Ынталандыру әдістерi

Тәрбие формалары

Тiрек конспект-сөздік

Тәрбие әдісi – 1) көзделген мақсатқа жету жолы, тәсiлi; 2) 

тәрбиеленушiлер  санасына,  еркiне,  сезiмiне,  мiнезiне  ықпал 

жасау  әрекетi;  3)  тәрбие  тәсiлдерi  мен  құрал-жабдықтар 

жүйесi.


Тәрбие мақсаты – тәрбиеленушiлерде мүдделi сапаларды 

қалыптастыру.



Педагогикалық  шеберлiк  шыңы  –  тәрбие  әдістерiн  түзу, 

таңдау және дұрыс қолдана бiлу.



Тәрбие  тәсiлi  –  нақты  тиiмдiлiкке  жеткiзушi  жеке  әрекет, 

жалпы әдіс бөлiгi.



Тәрбие құрал-жабдығы – тәсiлдер жиынтығы.

Тәрбие әдістерiнің топтасу негiзi – 1. Сана қалыптастыруға 

бағытталуынан. 2. Iс-әрекет ұйымдастыру мақсатынан. 3. Ын-

таландыру мүддесiнен.

Сана қалыптасу әдістерi – насихат, хадис әңгімелерi; iзгiлiк-

этикалық  тақырыпты  әңгімелеу;  түсiндiру-сендiру;  этикалық 

сұхбат, үлгi-өнеге, елiктiру.

Тәрбиелiк iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi – жаттықтыру 

(упражнение), талап қою, дағдыландыру (приучение), тәрбиелiк 

жағдаяттар түзу әдісi.


292

Ынталандыру әдістерi – мадақтау, жазалау, жеке бас пай-

дасына елiктiру (субъективно-прагматический метод).



Тәрбие  формалары  –  тәрбие  үдерiсiнің  мазмұндық, 

ұйымдасу тәсiлдерiнің сырттай көрiнiсi. 



Тәрбиелiк  iстер  –  тәрбиеленушiлердің  нақты  iс-әрекетiн 

ұйымдастыру мен iске асыру формалары.



Тәрбиелiк iстер түрі: әлеуметтiк бағыттағы iстер (тәртiпке 

үйрету);  адамгершiлiк  тәрбиелеу  iстерi;  оқу  еңбегiне  үйрету; 

эстетикалық  тәрбие  iстерi;  дене  шынықтыру,  салауатты  өмiр 

салтына үйрету iстерi; экологиялық және еңбекке баулу iстерi.



293

“Мұғалiмдiк 

(ұстаздық) 

еткен 

адамның өлшеуi (әдісі) тым өктем бол-

масын және тым асыра босаңсытқан 

төмендiкпен  де  болмасын.  Егер  тым 

қатты,  үнемi  ызғарымен  болса,  онда 

оқушылар мұғалiмiн жек көретiн халге 

жетедi. Егерде өте босатып жiберген 

кiшiпейiлдiлiк  болса,  онда  оқушылар 

жағынан  мұғалiмдi  кем  санау,  оның 

ғылымына жалқау қарау қаупi туады’’.  

                            Әл-Фараби



Тәрбие әдістерi мен тәсiлдерi

Тәрбие әдістерi дегенiмiз тәрбие көздеген мақсатқа жетудің 

жолдары,  тәсiлдерi.  Мектеп  тәжiрибесiне  орай  әдістердің 

және  бiр  анықтамасы  –  қажеттi  сапаларды  қалыптастыру 

мақсатымен  тәрбиеленушiлердің  санасына,  еркiне,  сезiмiне 

және қылық-әрекетiне ықпал жасау тәсiлдерi. Әдiстер түрі сан-

алуан  да  шексiз  көп.  Ал  оның  нақты  көрiнуi  өз  шәкiрттерiнің 

бiлiмдiк  күш-қуаты  мен  жалпы  мүмкіндiктерiн  жете  танып, 

оларды  өтiлетiн  материал  сипатына  байланыстырып  және 

басқа  да  көп  оқу  жағдаяттарын  зерделi  саралай  бiлген  педа-

гог  әрекетiне  тәуелдi.  Қай  тұлға,  қанша  тұлға  араласса,  әдіс 

формасы  да  сондай  әрi  сонша  –  бұл  заңдылық.  Әлбетте, 

әдістердің бәрi бiрдей тиiмдi деп айту қиын. Ол үшiн сол әдістің 

түзiлу, қолдану жағдайларын бiлу қажет. Нақты мақсатқа бай-

ланысты дайындалған көп әдістердің iшiнен бiреуi ғана тиiмдi 

болуы  мүмкін.  Тәрбие  тәжiрибесi  алдымен  ежелден  келе 

жатқан  дәстүрлi  әдістерге  арқа  сүйегендi  тәуiр  көредi.  Алай-

да көптеген жағдайларда олардың да тиiмсiз болып қалатыны 

бар, сондықтан да тәрбиешi әрдайым тәрбиенің нақты шарт-

тарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол та-

быспен, жылдам жеткiзетiн жаңа әдістердi iздестiруге мәжбүр. 

Тәрбие  әдістерiн  құрастыру,  таңдау  және  дұрыс  қолдану  – 

педагогикалық шеберлiк шыңы.



294

Тәрбие тәсiлi – жалпы әдіс бөлiгi, нақты жақсаруға жеткiзетiн 

жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсiл – тәрбиешiнің өз 

шәкiрттерiмен  бiрге  мақсатқа  тезiрек  жету  үшiн  таптап  өткен 

соқпағы. Егер осы тәсiлмен басқа да тәрбиешiлер пайдалана 

бастаса,  тәсiлдер  уақыт  озуымен  даңғыл  жолға  –  әдістерге 

айналады.  Әдiстер  мен  тәсiлдер  байланысының  тығыз  екенi 

осыдан көрiнедi.

Тәрбие  құрал-жабдықтары.  Тәсiлдер  жеке  ықпалдарды 

байқатса,  құрал-жабдықтар  сол  тәсiлдердің  жиынтығынан 

құралады. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал көрсету, еңбектi 

бағалау, жұмыс қателiгiн бiлдiру – тәсiлдер. Сөз (кең мағынада) 

– тәрбие жабдығы, ал iлiкпе сөз, әзiл ескертпе, ескертпе теңеу 

– осы жабдық құрамындағы тәсiл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие 

әдісiн  көзделген  мақсат  үшiн  қолданылатын  тәсiлдер  мен 

құрал-жабдықтар жүйесi деп те айтады.

Әдiс  баламалары  өте  көп.  Олар  арасынан  мақсаттар  мен 

нақты жағдайларға сай келетiндерiн таңдап алу үшiн оларды 

қандай да бiр ретке келтiрiп, топтастыру, (классификациялау) 

қажет. Әдiстер классификациясы дегенiмiз қандай да белгiсi 

бойынша  бiр  топқа    келтiрiлген  әдістер  жүйесi.  Осыған  арқа 

сүйеп, педагог барша жүйенi анық бiлуiмен бiрге оның қажетi 

мен  өзіне тән сипаттарын тереңiрек түсiнедi.

Тәрбие әдісi – көп өлшемдi құбылыс, оның жүйелесуiне не-

гiз  болар  белгiлер  сан-алуан.  Солар  арасында  аса  танымал 

болғандарын атап өтейiк. Сипаты бойынша әдістер – сендi-

ру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау. Мұндағы “сипат” мәнi 

–  әдістің  бағыт-бағдарын,  қолдану  аймағын,  ерекшелiктерiн 

ж.т.б.  бiлдiредi.  Сипаты  бойынша  ерекшеленетiн  және  бiр 

әдістер тобы – сендiру әдістерiн, оқушылардың iс-әрекеттерiн 

ұйымдастыру,  баланы  ұнамды  әрекет-қылыққа  ынталандыру 

әдістерiн қамтиды.

Жақсы не жаман, тиiмдi не тиiмсiз әдіс болмайды. Бәрi оның 

қолданылуына тәуелдi. Әмiршiл не гуманистiк педагогика әдісi 

де жоқ. Бәрi маңызды, бәрi де қажет, бәрi де өте пайдалы бо-

луы мүмкін, сонымен бiрге түкке жарамсыз келуi де ықтимал. 

Әңгіме сол әдістердің бағытталуы мен қолданылу ерекшелiк-

терiнде.


295

Сонымен,  тәрбие  әдістерi  –  мақсатқа  жетудің  жолы.  Си-

паты  бойынша  әдістер  –  сендiру,  iс-әрекет  ұйымдастыру, 

оқушыларды  әрекет-қылыққа  ынталандыру  болып  ажырала-

ды. 

Дұрыс  ұйымдастырылған  тәрбиенің  бiрiншi  сатысы 



–  оқушылардың  өздерiнде  қалыптасуы  қажет  әрекет-қылық 

қалыптары мен ережелерiн бiлу (түсiну). Ең алдымен қандай 

да  сапаны  туындатып,  орнықтыру  үшiн,  сол  сапаның  мән-

мағынасын жете түсiнiп алу мiндеттi. Адамның көзқарастарын, 

ұғымдарын,  наным-сенiмдерiн  кемелдендiруге  бағытталған 

әдістер  тұлға  санасын  қалыптастыру  әдістерi  атама-

сын  алған.  Бұл  топ  әдістерi  екiншi  кезеңде  iске  қосылатын 

–  сезiм,  көңіл-күй    толғаныстарын      қалыптастыруда  аса 

қажет.  Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен 

немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие үдерісi баяулайды, 

мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзiн 

толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойын-

да iзгi де жарқын сезiмдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында 

бұл  әдістер  тобы  сендiру  әдістерi  деп  аталған,  себебi  олар-

ды  мiндетi  –  тұрақты  наным-сенiмдер  қалыптастыру  болған. 

Оқушы  әрекет-қылығына  дем  беретiн  оның  бiлiмi  мен  бiлiгi 

емес,  ең  алдымен  ол  көзделген  адами  сапаның  қоғамдық 

қажеттiгi мен  өзіне пайдалылығын танып, оны өз наны-

мы негiзiнде әрекет-қылыққа айналдыруға қажет, ал бұл сана 

қалыптасуымен  бiрге  жүретін  психикалық  құбылыс.  Тәрбие 

мазмұнымен белгiленген iс-әрекетке бала белсендi араласуға 

дайын болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесiн 

бередi.


Наным-сенiмге  оқушыны  әрқилы  әдістермен  жеткiзу 

мүмкін.  Өткен  ғасыр  басындағы  бастауыш  мектептерде  бұл 

үшiн  тағылым-тарихи  өсиеттер,  хадистер  мен  тымсалдар 

кең  қолданылған.  Ал  қорытынды  (мораль)  шығару  баланың 

өз  еркiне  берiлдi.  Өкiнiштiсi,  бүгiнде  бiз  мұндай  аса  құнды 

әдістердi  пайдаланудан  мүлде  қалғанбыз,  олардың  орны-

на  тура,  қарабайыр,  ойға  жетелемейтiн  уағыздау  әдісiне 

көшкенбiз.  Құрғақ  уағыз  айтып,  шексiз  бiр  жақсы  көрсетпе-

нұсқау беруден түскен өнiм шамалы. Сондықтан, ұмыт болған 

әдістердi  жаңғыртып,  мұғалiмдер  өз  сабақтарында  ислам  ха-



296

дистерiн,  ақын-жыраулар  тағылымдарын,  шешен  билердің 

ұлағатты  кеңестерiн,ғұлама  Абайдың  “Қара  сөздерiн”  ж.т.б. 

тағылым-тәрбие  көздерiн  молынша  пайдалануда.  Сондай-ақ 

әдептiлiк-имандылық тақырыбындағы әңгімелер, ұғындыру, 

түсiндiру,  әдептiлiк  сұхбаттары,  насихаттау,  сендiру, 

көрсетпе беру әдістерi де өз қолданымын табуда. Сендiрудің 

аса маңызды әдісi – өнеге-үлгi. Әдiстердің әрқайсысы өз ерек-

шелiгi мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрiнгенмен, 

бұл топ әдістерiнің бәрi де жоғары педагогикалық бiрлiктi қажет 

етедi әрi жүйелi түрде басқа әдістермен бiрге қолданылады.

Этикалық 

тақырыптағы 

әңгіме 

– 

инабаттық 



мазмұнға  негiзделген  деректер  мен  оқиғалардың  үлкен  көңіл 

көтеріңкiлiгiмен әсерлi баяндау әдісi. Сезiмге ықпал ете отырып, 

әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет-қылық қалыптарының 

мәнiн  түсiнiп,  ұғуға  жәрдемдеседi.  Ол  адамгершiлiк  ұғым, 

түсiнiктерiнің  мазмұнын  ашып  қоймастан,  оқушылардың 

инабаттылық  талаптарына  сәйкес  болымды  тұлғалық 

әрекеттерiне  деген  ұнамды  қатынас  өрбiтiп,  мiнез-құлықтың 

оңды өзгерiсiне ықпал жасайды. Әдептiлiк әңгімелерi бiрнеше 

қызмет жасайды: 1) бiлiм көзi; 2) тұлғаның адамгершiлiк сапа-

ларын басқалардың имандылық қасиеттерiмен толықтырады; 

3) тәрбиелiк ұнамды үлгi-өнегенi өрнек ретiнде ұсынылады.

Әдептiлiк әңгіме тиiмдiлiгi келесi шарттарға байланысты:

– әңгіме оқушылардың әлеуметтiк тәжiрибесiне сәйкес болу 

қажет. Ол – қысқа, түсiнiктi, балалар толғаныстарына орай;

– әңгіме  көрнекiлiк  әдісiн  бiрге  қолдану  арқылы  жүргізіледi 

(көркемөнер  туындылары,  көркем  фотосуреттер,  халық 

өнерменттерi  бұйымдары),  әңгіме  мазмұнын  қабылдауға  ән-

күй үлкен жәрдем бередi;

– әдептiлiк  әңгіме  өткiзу  үшiн  қолайлы  үй-жай,  жағдай 

қажет. 


Қоршаған  жай-жағдайлардың  әсемдiгi  мен  ондағы 

дүние  заттары,  олардың  адам  көңілiне  көтеріңкi  әсерi 

әңгіме  тақырыбы  мен  мазмұнына  сәйкес  болуы  қажет  шарт. 

Педагогикалық  құрал-жабдықтар  қорында  қай  жағдайда  да 

жарасымды  әңгімелер  молшылық  (шеру  алаулары  төңірегi, 

автокөлiктi  саяхат  барысында,  кең  дала  төсiнде  не  жайлы 

бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).



297

– әңгіменің әсерi кәсiптiк дайындыққа байланысты. Ебедей-

сiз, дөрекi тiлді адамнан шешен әңгімешi шықпайды, ондайдан 

бала құлағы тынып, қашуға мәжбүр болады.

–  әңгіме  мазмұны  тыңдаушыларды  елiктiруi  шарт.  Одан 

алған әсер көп уақытқа дейiн ұмытылмауы тиiс. 



Ұғындыру  –  тәрбиеленушiлерге  эмоционал-сөздік  ықпал 

жасау  әдісi.  Бұл  әдістің  қолданылуы  сынып  ұжымы  мен  әр 

баланың тұлғалық сапаларын танып, бiлуге көзделген. Баста-

уыш мектеп балаларына қарапайым тәсiлдер мен құрал-шара-

ларды пайдаланудың өзi жеткiлiктi. Кiшi жастағы оқушы “Осы-

лай iстеу керек”, “Осылай iстеп жатыр” – деп жай ескерткеннің 

өзiнде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру әдісi, егер 

тәрбиеленушi қандай да талаптың мәнiне жете алмай жатса, 

жаңа адамгершiлiк сапа жөнiндегi ақпарды ой елегiне түсiрiп, 

қабылдауға  қиналса,  яғни  қалай  болғанда  да  оның  санасы 

мен сезiмiне түрткі салу қажетiнде қолданылады. Ал мектепте 

қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелердi ежелеп түсiндiре 

ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы 

сөз айтпа, еденге түкiрме ж.т.б. Бұл орайда ұғындыру емес, шек-

теу әдістерiн қолданған дұрыс. Аталған әдіс негiзiнен: а) жаңа 

моральдық  сапа  мен  әрекет-қылық  формасын  қалыптастыру 

әрi бекiту үшiн және б) тәрбиеленушiлердің қандай да болған 

қылыққа  дұрыс  көзқарас-қатынасын  қалыптастыру  ниетiмен  - 

қолданылады.

Қандай  да  ұғымның  орнығуы,  баланы  оған  сендiре  бiлу-



ге байланысты. Сенiм кейде мұғалiм сөзін сын-сарапқа сала 

алмаудан  шалыс,  қателiктi  болуы  мүмкін.  Сенiмнің  санаға 

енiп  жатқанын  адам  сезе  бермейдi,  осыдан  ол  ырықсыз  сеп-

түрткілер  жетегiнде  қалып,  тұтастай  тұлғалық  сапаларын 

өзгертуiне  тура  келедi.  Педагог  сендiру  әдісiн  оқушыға  нақты 

нұсқау-талапты  қабылдату  үшiн,  басқа  тәрбие  әдістерiнің 

ықпал әсерiн күшейту мақсатында қолданады.

Тәрбие тәжiрибесiнде ұғындыру мен сендiруге қоса үгiттеу 

әдісiне де жүгiнуге тура келедi. Үгiттеу әрекетi тәрбиешi ұстанған 

қатынас формасына түгелдей тәуелдi. Үгiттеу арқылы педагог 

тәрбиеленушi  тұлғасында  ұнамды  қалыптарды  жобалайды, 

жақсылық  сенiмiн  ұялатады,  жоғары  нәтижелерге  жететiнiне 

сендiредi.  Үгiттеуден  болатын  тиiмдiлiк  тәрбиешi  абыройы-


298

на,  оның  жеке  адамгершiлiк  болмысына  тәуелдi,  өз  сөздерi 

мен  әрекеттерiнің  дұрыстығына  кепiл  бола  алған  жағдайда 

ғана  оның  үгiтi  мақсатына  жетедi.  Бала  тәрбиесiнде  ұнамды 

үлгi-өнегеге  арқа  сүйеу,  мадақ,  өз  қадiрiн  сезiну,  ар-намысты 

қолдан  бермеу  секiлдi  алғы  шарттарды  пайдаланған  педагог 

қай күрделi жағдайда да үгiт жұмысының өз нысанына жетiп, 

жемiстi боларына толық сенуiне болады.

Үгiттеу  арқылы  кейде  оқушыны  өз  қылығынан  ұялу,  өкiну 

сезiмiне келтiруге болады. Педагог баланың мұндай сезiмдерiн 

оятып  қана  қоймастан,  келеңсiз  әрекеттерiн  түзетудің  жолда-

рын да көрсетедi. Бұл жағдайларда орынсыз әрекеттің, оның 

салдарының мәнiн дәлелдi ашып берумен бiрге тәрбиеленушi 

мiнезiне  ұнамды  ықпал  жасаушы  тәрбие  көздерiн  тауып, 

қолданады.  Кейде  орынсыз  қылық  бiлместiктің  салдары-

нан  болады.  Мұндайда  үгiт  ұғындыру  және  сендiрумен  бiрге 

қолданылып, оқушы өз қателерiн мойындап, мiнезiн оң қалыпқа 

келтiргендей әсерде жүргізіледi.

Тәжiрибе  кемiстiгiнен  не  балаға  деген  немқұрайлылықтан 

жоғары  iзгiлiктi  әдістер-әңгімелеу,  ұғындыру,  үгiттеу-дерексiз 

ақыл  айту  формасын  алады.  Мұндай  “ақылгөйлiктен”  тәрбие 

мақсаты орындалмайды. Керiсiнше, бос сөзді мораль оқу бала-

ны қырсықтырып, айтқанға қарсы әрекет жасауға ұрындырады. 

Бұның мәнi - өздiгiнен әдіс бейтарап, әңгіме оны кiм және қайтiп 

қолдануында.

Әдептiлiк сұхбаты – екi тарап өкiлдерi – тәрбиешi және 

тәрбиеленушi  қатысуымен  болатын  жүйелi  де  бiрiздi  бiлiм-

дер  талқысы.  Сұхбаттың  әңгімелеу  мен  көрсетпе  беруден 

айырмашылығы – тәрбиешi өз сұхбаттасы – тәрбиеленушiнің 

пiкiрiн тыңдайды және онымен есептеседi, олармен болған өз 

қатынасын құқық теңдiгi және қызметтестiк принциптерi негiзiн-

де  түзедi.  Әдептiлiк  сұхбаттарының  негiзгi  арқауы  адамгер-

шiлiк, инабаттық-имандылық мәселелерi. Сұхбат мақсаты – iз-

гiлiк  ұғымдарын  нығайту,  тұрақтандыру,  бұл  бағыттағы  бiлiм-

дердi  қорытындылау  және  бекiту,  адамилық  көзқарастар  мен 

сенiмдер жүйесiн қалыптастыру. 

Әдептiлiк сұхбаттары тәрбиеленушiлердi өздерiн толғантқан 

барша сұрақтар бойынша дұрыс баға шығарып, пiкiр жүргізуге 

жәрдем  бередi.  Болған  жағдай,  оқиғалар  мен  әрқандай 



299

қылықтарды  талқыға  сала  отырып,  балалар  олардың  мән-

мағынасын  жеңiл  түсiнуге  мүмкіндiк алады.  Көп  жағдайларда 

әдептiлiк сұхбаттарды  өткiзуге нақты дерек, оқиға, балалардың 

қылығы  себеп  болады.  Мұндай  сөйлесулердi  болған 

оқиғалардың “iзiн суытпай” не сол оқиғаның кiнәкәрi сәл  өзіне 

келiп, “жүрегi орнына” түсiп, мән-жайды аңғаратындай болған 

соң ұйымдастырған жөн.

Әдептiлiк сұхбаттарының тиiмдi болуы келесiдей маңызды 

шарттарға тәуелдi:

1. Сұхбаттың мәселелi сипатта болғаны өте маңызды. Осы-

дан  көзқарастар,  идеялар,  пiкiр  сайыстары  өрбидi.  Тәрбиешi 

тосын,  қалыпқа  келмейтiн  сұрақтардың  туындауына  себепшi 

болып, өз шәкiрттерiн оларға жауап iздеп, табуға баулиды.

2.  Сұхбаттың  жаттанды  дайын  не  үлкендердің  құлаққа 

салған жауаптары бойынша өтуiне жол бермеңiз. Балаларды 

не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар пiкiрiн сыйлауға 

үйретіңiз,  шыдаммен  дәлелдi  тұжырымдар  топшылауға 

жетелеңiз.

3.  Сұхбатыңыз  тәрбиешi  көпiре  сөйлеп,  тәрбиеленушiлер 

үндемей  тыңдайтын  дәрiсбаянға  айналып  кетпесiн.  Сұхбат 

барысында  ашық  та  анық  айтылған  пiкiр  балаларды  дұрыс 

қорытындыға  келтiредi.  Әңгіме-сұхбат  нәтижелiлiгi  екi  адам 

ортасындағы көңіл табысудан, пейiл жылуынан шығады.

4.  Сұхбат  үшiн  таңдалған  материал  тәрбиеленушiнің 

эмоционалдық  кейiпiне  сай  болғаны  жөн.  Талқыланатын 

тақырып оқушыларға жете түсiнiмдi болмай, олардан сөз-жа-

рыс,  пiкiр  талас  белсендiлiгiн  күту  не  талап  етуге  болмайды. 

Шынайы  тәжiрибеге  негiзделген  сұхбат  қана  өзiнің  болымды 

нәтижесiн бередi.

5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, са-

лыстыра  бiлу  қажет.  Ешкiмнің  де  пiкiрiн  жоққа  шығаруға  бол-

майды  –  бұл  әдiлдiк,  шынайлылық,  қатынас  мәдениетiнің  iз-

гiлiктi белгiлерi.

6.  Әдептiлiк  сұхбатына  дұрыс  басшылық  мәнi  – 

тәрбиеленушiлерге  өз  ынта,  әрекетiмен  дұрыс  шешiм 

қабылдауға жәрдем беру. Бұл үшiн тәрбиешi болған оқиғаларға 

тәрбиеленушi  тұрғысынан  көз  салып,  оның  ойы  мен  сезiмiн 

түсiнуге тырысуы қажет.


300

Сұхбат    өзінен-өзi  бола  қалады  деу  –  қате  пiкiр.  Жоғары 

маманданған педагогтар әдептiлiк сұхбаттарын не болса соны 

сылтау  қылып,  өткiзе  салмайды,  оған  тыңғылықты  дайындық 

жасайды,  шәкiрттерiн  де  байыппен  дайындайды.  Бастауыш 

мектепте әдептiлiк сұхбаттары жалқылау (индуктив) жолымен 

жүргізіледi: нақты деректер талқыланады, баға берiледi, содан 

соң жалпы қорытынды жасалады.

Жазықты  балалармен  сұхбаттасу  үлкен  кәсiби  шебер-

лiктi  қажет  етедi.  Мұндай  әңгімелесу  кезiнде  екi  ортада 

психологиялық кедергi, түсiнiспестiк болмауы тиiс. Егер оқушы 

болған жағдайды дұрыс түсiнбейтiнi байқалса, оның намысы-

на тимей, кемшiлiк-қателiгiн бетiне баспай, әрекет-қылығының 

шалыс  екенiн  ұғындырып  бағу  қажет,  көпшiлiк  көзiнде  бұл 

сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, әжуә-сықақсыз өткенi дұрыс.  

өз  тәрбиешiсiнің  шынайы  көңілiн,  жәрдем  пиғылын  сезiнсе 

ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түредi, жазатайым болған 

келеңсiз  iсiн  ендi  қайталамауға  уәде  бередi,  қайтып  ондай 

әркетке бармайды да, оқушымен жекелеп сұхбаттасу тәрбиешi 

мен тәрбиеленушi арасындағы кейiп түсiнiстігiмен өтсе, оның 

толық нәтижеге жеткенi.

Үлгi-өнеге  –  өте  әсерлi  тәрбие  әдісi.  Бұл  әдіс  негiзiнде 

жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрi жеңiл 

бекидi,  себебi  оны  ойланып  сөзбен  таңбалап  не  таңбасын 

ауыстырып жетудің қажетi жоқ. Үлгi – бiрiншi, ал сөз – екiншi 

сигналдық жүйе деңгейiнде әсер етедi. Үлгi елiктеу үшiн нақты 

өрнек  берiп,  сана,  сезiм,  сенiмдi  белсендiлік  қалыптастырып, 

iс-әрекетке қозғау салады. “Уағыз жолы ұзақ, үлгi жолы қысқа” 

–  деген  байырғы  Рим  ғұламасы  Сенека.  Бала  өмiрiндегi 

тұңғыш жанды өрнек – ата-ана, тәрбиешi, дос-жаран. Әдебиет, 

фильм  кейiпкерлерi,  тарихи  қайраткерлер,  ұлы  ғалымдар  да 

үлкен  тәрбиелiк  ықпал  жасайды.  Үлгiнің  психологиялық  негiзi 

 елiктеушiлiк. Осыған орай бала әлеуметтiк және инабаттық 

тәжiрибе жинақтайды. Кiшi мектеп жасындағы балалар өздерi 

аса  ұнатқан адамдарға  елiктейдi.  Сондықтан,  баланың  адам-

гершiлiк дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелi ортаға ара-

ласуына басты назар аудару қажет.

Өмiр  өнегесi  ұдайы  оңды  болса,  тiптi  жақсы,  бiрақ  олай 

бола  бермейдi,  балаға  әсер  етушi  керi  өрнек  аяқ  астында. 



301

Оқушылар назарын өмiр, адам келеңсiздiктерiне аударып бару, 

болымсыз  қылықтар  салдарын  талдап,  олардан  қорытынды 

шығару – мiндеттi шарт. Мезетiмен орынды пайдаланған керi 

үлгi тәрбиеленушiнi жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем бе-

ретiнiн де ескерген жөн.

Тәрбие  тәрбиешiнің  жеке  бала  үлгiсiне,  оның  қылық-

әрекетiне, 

қамқорлығындағы 

балаларға 

қатынасына, 

дүниетанымына,  iскерлiгi  мен  абыройына  тәуелдi.  Ұстаз 

үлгiсiнің оңды ықпалы оның сөзі мен iсiнің жарасымдылығына, 

балалардың бәрiне бiрдей ақ пейiлдi қатынасына тәуелдi арта 

түседi.  Бұл  тәрбиешiнің  беделiне,  ол  бастаған  iстің  жүйелiлiгi 

мен бiрiздiлiгiне де байланысты.

Сонымен,  сана  қалыптастыру  әдістерi  тұлғаның  iзгiле-

ну  тәрбиесiнде  маңызды  рөл  атқарады.  Мұндай  әдістер  түрі: 

әдептiлiк әңгімелерi, түсiндiру, ұғындыру, әдептiлiк сұхбаттары, 

үгiттеу,  сендiру,  көрсетпе  нұсқау,  үлгi  тәрбие  әдістерiнің 

тиiмдiлiгi, олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гу-

манистiк бағытқа тәуелдi.

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет