Тәрбие формалары
Оқу қызметі секiлдi тәрбие үдерісi де белгiлi формада
ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу
үдерісімен байланысты жүргізіледi. Дегенмен, сабақтан, сынып-
313
тан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады – олар пе-
дагогикада тәрбиелiк iстер деп қабылданған. Тәрбиелiк iстер
– тәрбиеленушiлердің нақты iс-әрекеттерiн ұйымдастыру және
оларды жүзеге келтiру формасы. Тәрбиелiк iстер – жарқын
еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа,
өмiрлiк арман мен қуанышқа толы бiрлiктi қызметтің
орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешiлердің өз
оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-
жабдықтары мен тәсiлдерi бiр-бiрiне ауысып, ажыралмас бiр-
лiк, тұтастыққа түсiп жатады. Тәрбиелiк iстердің басты ерек-
шелiктерi - қажеттiлiгi, пайдалылығы, орындалу мүмкіндiгiнің
болуы. Әрқандай тәрбие үдерісi үздiксiз өтiп жататын тәрбиелiк
iстер тiзбегiнен құралады.
Тәрбиелiк iстер негiзiнде екi мүдде көзге түседi – iс-
әрекеттiк және кешендiк. Алғашқысының тәрбие алды-
на қоятын талабы – оқушылардың әрқилы iс-әрекеттерiн
ұйымдастыру: танымдық, еңбектiк, қоғамдық, көркемөнерлiк,
спорттық, құндылықты бағытталған еркiн қарым-қатынас түзу,
ал екiншiсiнің алға тартатыны – барша iс-әрекет түрлерін табиғи
бiрлiкке келтiре пайдалану. Тәрбиелiк iс бiр мезеттің өзiнде
инабаттық, эстетикалық, еңбектiк, сана-сезiмдiк ықпалдардың
бiрдей әсерiнде болады.
Орындалатын нақты iс мiндеттерi басым келген тәрбие
мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесi) анықтайды.
Әрқандай iсте тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасат,
дене шынықтыру, еңбектiк және т.б.) сәйкес өзектi тұжырым
ажыралады. Тәрбиелiк iс мiндеттерiнің мағынасын ұғу – оның
тиiмдiлiгiнің басты шарты. Ол мiндеттер ептiлiкпен түсiнiмге
келтiрiлiп, оқушылар санасына жеткiзiлуi қажет. Өз ой,
көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажеттi шешiм
қабылдау керектiгiн балаларға ұқтырыңыз, шешiмдi балалар
өз «еншiсi» деп сезiнетiн болсын. Тәрбиелiк iстің қас жауы
– енжарлық. Оқушылар мiнез-құлығына жiтi назар салсаңыз,
олардың өздерi-ақ ненi өзгерту керектiгiн жайып салады.
Тәрбиелiк iстер ойсыз елiктеудi көтермейдi, оларға тән ере-
кшелiк – икемшiлдiк пен кең әрекет өрiстiлiгi. Сыныптардың,
жеке балалардың бiр-бiрiне ұқсамастығын, қайталанбас
өзгешелiктерiн молынша пайдалануға тырысыңыз. Қандай
314
да iстi жобалай отырып, есіңiзде болсын – бiр сыныпта оңды
iске асырылған тәжiрибе екiншi топта жарамды қайталануы
неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтiрiлмеген
жоспар, жоба елiктеумен қолданылса, iстің нәтижесiз болары
айтпаса да, түсiнiктi.
Тәрбиелiк iстердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартым-
ды iстердi балалар есiнде ұзақ сақтайды, сондықтан бiр iстi
көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажетi жоқ,
оның пайдасы шамалы. Тәрбиелiк iстер көңіл-күй көтерудің
қуатты себепшiсi. Сезiм толғанысына түскен бала әрқандай
ықпалды қабылдағыш келедi. Қай тәрбиелiк iсте болмасын,
бала көңілiне жақын, оның жан әуенiмен үндес жәйттердi iрiк-
тей бiлу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мiнез бiтiстерiн
дамытып, орнықты өмiрлiк бағдарын қалыптастырып, қоршаған
болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелiк iс
мәдениетiнің басты шарты.
Тәрбиелiк iстi жоспарлауда педагог тәрбиеленушiлердің
дайындық деңгейiн арқау етедi, олардың жас және даралық
ерекшелiктерiн барынша ескередi. Күрделi, балаларға түсiнiксiз
педагог бастамасы, ненің, не үшiн және нелiктен олай iстеу
қажеттiгiн жөндi аңғармағандықтан, тәрбиелiк iс формальды
шараға айналады.
Басты мақсаттары мен атқарар қызметтерiне орай
тәрбиелiк iстер келесiдей бөлiнедi: этикалық, әлеуметтiк
бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру,
экологиялық, еңбектiк ж.т.б. Әлбетте, мұндай ажыратуды
шартты деп қарастырған жөн, себебi әрқандай тәрбиелiк iстің
мақсаты кешенді, көп тарапты.
Әлеуметтiк бағдарлы тәрбиелiк iстер. Бұлардың
басты мақсаты – оқушыларда әлеуметтiк қарым-қатынастар
(қоғаммен, заңмен, мемлекеттiк, үкiмет, құқық қорғау меке-
мелерiмен ж.т.б.) жүйесiн қалыптастыру. Мұндай тәрбиелiк
iстерде баулынатын өзектi сала – тәртiптiлiк. Кiшi сы-
нып оқушыларына да түсiнiктi тәртiп, яғни саналы танылған
қажеттiлiк арқылы әлеуметтiк қатынастар бiртiндеп әрi
байқаусыз игерiле бастайды. Тәртiптiлiк әрекет-қылықта көрiнiс
тауып, қоғамдық талаптар мен мiнез-құлық ерекшелiктерiнің
саналы орындалуынан белгi бередi. Тәртiп ұдайы ойланып
315
әрекеттенуден болмайды, бұл адамда қалыптасып, орныққан
ойлау және әрекеттену қалыптарына сәйкес әдеттену сал-
дарынан туындайды. Тәртiптi болуына орай бала әрқилы
жағдайларда дұрыс бағыт алып, көздегенiне қол жеткiзедi.
«Тәртіпке бағыну – бұл құлдық емес» деп батыр бабамыз
Б. Момышұлы бекер айтпаған.
Тәртiптiлiк жолдасы – ұстамдылық, берiктiк, табандылық,
байсалдылық. Еркiндiк бастауы да – тәртiптiлiк тiрегi. Бұл
қатынас сапасымен бiрге жүретін басқа да адамгершiлiк
әдеттерiн естен шығармаған жөн. Олар – кiшiпейiлдiлiк,
сыпайлылық, елгезектiк, зейiндiлiк, iштей жинақылық пен
ұқыптылық. Адам сырттай жинақы да қунақ әрекеттi көрiнуi
мүмкін, бiрақ айналысып жатқан iсiне iштей наным болмаса,
нәтиже шықпайды. Тәртiптiлiк тәрбиесi ең алдымен қоғамның
моральдық принциптерiне сәйкестендiрiледi, ал екiншi жағынан
– мектеп жұмысы өзгешелiктермен үйлестiкке келтiрiледi. Осы-
дан, мектептегi “оқушылар ережесi”, “iшкi тәртiп ережелерi”
оқушыларды тазалық сақтауға, ұқыпты киiнуге, салмақты,
байсалды, өзара және үлкендермен сыйластықты болуға, өз
қызметiнде адалдық танытуға мiндеттейдi.
Оқушылардың өмiрi мен iс-әрекеттерi мектептің ресми
басшылығы тарапынан қабылданып бекiген күн тәртiбiмен
реттелiп, басқарылады. Күн тәртiбi – бұл үздiксiз орындалып
жататын тәрбиелiк iстер. Оның талаптарын орындау – тәрбие
тиiмдiлiгiнің кiлтi. Күн тәртiбi тұлғаның тұрақты әдеттерiн
тез қалыптастыруға көп жәрдемiн тигiзедi: балалар дұрыс
еңбектенiп, уақытында дем алуға дағдыланады, өз мүмкіндiгi
жетер жұмыс көлемiн анықтауды үйренедi, гигиеналық талап-
тарды игередi. Күн тәртiбiн сақтау ағзаның физиологиялық
қызметтерiне оң ықпал жасап қана қоймастан, адамның
тәртiптiлiк жолына түсуiнде де аса маңызды: белгiлi мiнез
қылықтарына әдеттендiредi, тәртiп талаптарын орындау еп-
тiлiктерi мен дағдыларын тұрақтандыруға көмектеседi.
Әдептiлiк тәрбие iстерi. Адамгершiлiк (инабаттық)
тәрбиесi қоғамдық мораль талаптарына сай адамилық сапа-
ларды қалыптастыру мақсатында оқушы санасына, сезiмi мен
мiнез-құлығына бiр бағытты, жүйелi ықпал жасау арқылы орын-
далады. Инабаттық тәрбиенің негiзгi мiндеттерi: 1) адамгер-
316
шiлiктi сана қалыптастыру; 2) адамгершiлiктi сезiмдердi баулу
және дамыту; 3) iзгiлiктi мiнез-құлық ептiлiктерi мен әдеттерiн
орнықтыру. Жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта
тiктеудің аса қажеттiгiнен мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мазмұны үлкен өзгерiстерге ұшырауда.
Адам, қоғам үшiн басты құндылық - өмiр, тiршiлiк ету
– Алладан берiлген құқық, сондықтан да әр пенде үшiн
ардақты да мызғымас. Бала өзiнің және басқалар өмiрiне
қастандық жасау қиянат болатынын ана сүтiмен бiрге сіңiрiп,
өсуi қажет. Бүгiнгi таңда оқушылар арасында өз жанын өзi
қиюшылық белең алып бара жатқандығы аса қатерлi, қоғамды
толғандыратын құбылыс, ислам аһлағы үшiн жан қию үлкен
күнә есептеледi. Өмiрдің қай қиыншылығында да тiршiлiктің
амалын жасап, жан сақтау жолын қарастыру мiндеттi парыз.
Және бiр жалпы адамзаттық құндылық-еркiндiк. Бүгiнгi
таңдағы өрiс алып жатқан демократия жағдайларында тұлға
құқықтары мен еркiндiгiне қолдау беру – маңызды шарттардың
бiрiне айналып отыр. Сонымен бiрге, демократия жолында мек-
теп түлектерiнің басым көпшiлiгiнің мәдениетi мен тәрбиелiгiнің
деңгей төмендiгi кедергiлiк етуде. Жұтаң мәдениеттi адам
қарым-қатынастың демократиялық мәнерін шектен тыс еркiн-
дiк, басқалардың сезiмi мен ар-намысын таптау деп түсiнедi.
Ал iс жүзiнде еркiндiк пен жауапкершiлiк, еркiндiк пен тәртiп
ажыралмас ұғымдар. Жемiстi тәрбие, әсiресе кiшi жаста,
шарттарының бiрi мектеп баласының тiл алғыштығы, ере-
же-тәртiпке бағына бiлуi. Бiрақ сөзсiз тiлалғыштықтан бала
мүмкін болғанынша тезiрек жаупкершiлiк сезiну мен саналы
қабылданған тәртiптiлiкке өтуi қажет.
Бүгiнгi таңда келесiдей адамгершiлiк сапалары: ана (қазақ)
тілін құрметтеу, ұлтжандылық, отан сүйгіштiк, борыш, ар, намыс,
парасаттылық, қайырымдылық, риясыздық өз маңыздылығын
арттыра түспесе, ешбiр кемiген емес. Алдымызда тұрған
тәрбие жүйесiнде оқушылардың жыныстық тәрбиесi мен
еңбекке баулу аса көкейкестi мәселелерге айналып отыр.
Мәселе тым көп, әсiресе педагогтарды толғандыратын
келеңсiз құбылыстар – оқушылар арасындағы нашақорлық,
маскүнемдiк, жезөкшелiк, жыртқыштық пен жауыздық белең
алуда. Бұлардың бәрi адамның өзiн, оның адамгершiлiк
317
аймағын, рухани және салауаттылық тұрғысынан тоздыруда.
Адамның өзiн-өзi азғындатып, жою үдерісi жүріп жатыр.
Сондықтан да адамгершiлiктi сақтап қалу талаптары басқа
мүдделердің бәрiнен де жоғары болғаны дұрыс. Бүгiнгi қоғам
алдында тұрған басты да маңызды мәселе – жас ұрпақты осы
апат аузынан аман алып қалу.
Аталған мәселелер әдептiлiк тәрбие iстерiнің негiзiн
қалайды. Егер дене шынықтыру немесе этикалық тәрбиеде
мақсатқа жету жоғары ұйымдасқандық пен жүйелi iрiктелген
тәрбиелiк iстерге тәуелдi болса, адамгершiлiк тәрбиесiнің
нәтижеге жетуi күрделiлеу. Бұл орайда зерделi педагогтар
пiкiрiнше, әдіс не форманың маңыздылығын әсiрелемей,
тәрбиеленушiнің жеке даралығын ескерген дұрыс. Әдептiлiк
тәрбиесiндегi басты мақсат пен нәтиже адамгершiлiктi мi-
нез-құлық қалыптастыру. Тәрбиелiк iстер күнделiктi өмiр
жағдайларындағы адамилық қылықтар тiзбегiнен құралады.
Адамға қозғау салып, оның қылықтарын анықтап, оларға дем
берушi ынталандыру сеп-түрткілерi де маңызды келедi.
Ұнамды қылықтың ниеттi туындауы үшiн, оқушыда
оларға деген қажеттiк қалыптар болуы шарт. Ал мұндай
қажеттiктер моральдық қалып талаптары мен принциптердi
игерiп, олардың жеке саналық жүйеге өтуiнен пайда болады.
Адамгершiлiк қажеттер жәрдемiмен еркiн таңдау мүмкіндiгi,
яғни адамилық басты мораль негiзi түзiледi. Еркiндiк адам-
гершiлiкке сай таңдау қабiлетiнің қатысуы да әдептiлiк тәрбие
iстерiнің қызметiмен атқарылады.
Жүйеленген қылықтар бiрлiгi адамгершiлiктi әдеттер,
яғни адамгершiлiктiк танытуға бейiм тұрақты қажеттiктер
қалыптастырады. Әдеттер бiрлiктi тiршiлiк қамын жасау, мiнез-
құлық мәдениетiне, тәртiптiлiкке бағытталса – қарапайым, ал
қоғамдық және жеке тұлғалық маңызға не еңбек қажеттiгi мен
оған дайындық көруге бағыттаса – күрделi сипат алады.
Соңғы жылдардағы озат педагогикалық тәжiрибе әдептiлiк
тәрбие iстерiн ұйымдастыру мен iске асыруда ескерiлуi қажет
құнды ұсыныстар берiп отыр.
1. Адамгершiлiк тәрбие үдерісін “науқандық күреске” айнал-
дырып жiберуге болмайды. Тәрбие “күрес” емес, ол күнделiктi
318
тұрмыстық iстерден құралатын ұзаққа созылған көп еңбектердi
талап ететiн жоспарлы жұмыс.
2. Өмiрлiк – мәндi қажеттiлiк болмаған жерде тұлғаның
адамгершiлiк сапалары қалыптаспайды. Сондықтан адамгер-
шiлiк пiкiр, көзқарастар тайталасын туындатып отыру маңызды
шарт. Тәрбиеленушiлердi әдептiлiк шарттарын бұзудың үлкен
қате, ұят iс екенiн сезiнуге үйретіңiз.
3. Жақсылық ниетпен жасалатын iстерге, моральды iзгi
мұратқа ұмтылыс әрекеттерiнің көп болғаны – адамгершiлiк
сапа тәрбиесiнің алтын ережелерi.
4. Адамгершiлiктi әдеттер қалыптастыруға бағытталған
әдептiлiк тәрбиесiн жоспарлай отырып, бiрнеше әдеттi қатар
тәрбиелеуден аулақ болыңыз, себебi бұл көп күш-қуат пен
өзiндiк бақылауды талап етедi; саналы сарапталған әрекеттердi
орынды қайталап бару қажет, алғашқыда – жиi, кейiн – ба-
ланы жалықтырып алмас үшiн – сирек; қайталаулар бала
даралығына сай болғаны жөн; бiр адам үшiн оның саны аз,
ал екiншi бiреуге көп қайталау қажет болуы мүмкін, мұндайда
өткен тәжiрибенi де ескеру керек; ал жаман әдеттерден арылу
ұзақ та қиын. Бұл жағдайда келеңсiз әдеттер себебiн анықтап,
оған қарсы шараларды ойластыру, екiншi жағынан – жа-
ман әдеттер орнын ұнамды қасиеттермен толықтыру қажет
(мысалы, тұрпайлылықты – сыпайылықпен, жалған сөздіктi
– шынайылықпен ж.т.б.). Бұл ретте бала келеңсiз әдеттердің
қаншалықты зиян, жақсы әдеттердің - пайдалы болатынын
түсiнуi тиiс.
5. Жоғары адамгершiлікті сапалар негiзi – жай, қарапайым
әдет,
әрекеттер.
Гуманизм,
адамдармен
сыйластық,
қайырымдылық, мәдениеттi мiнез-құлық дағдыларын – кiшi-
пейiлдiлiк, қарым-қатынасқа түсу, байыптылық, т.с.с. –
тәрбиелеп алмай, мүмкін емес.
6. Ұжымшылдық, азаматтық, саналы тәртiптiлiк және басқа
да көптеген адамгершiлiк сапаларын тәрбиелеу үшiн бала
санасына нақты әдеттердің - басқаларға қамқорлық, өзгелер
көңілiн жұбата бiлу, өз менмендiк шарпуларына тиым сала
бiлу, адамдар алдындағы борышты орындау, өз сөзі мен iсiне
жауапкершiлiктi болу ж.т.б. – мықтап орнығуына жағдай жасау
қажет.
319
7. Жаман әдеттер де моральдық сапалар тұрғысынан
бағаланады: айқайлап сөйлеу, басқаны тыңдамау, сөзін
қақпайлау, тырнақ тiстелеу, орынсыз қол сiлтей беру және т.б.
Нақты мысалдармен тәрбиешi балаларға олардың болашақ
өмiрi мен қызметте iлгерiлеуi бiр көзге жай, еленбейтiн қылықтар
себебiнен iске аспай қалуы мүмкін екендiгiн түсiндiргенi жөн.
Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие iстерi.
Эстетикалық (көркемөнерлiк) iстер - өмiрге, еңбекке, қоғамдық
iс-әрекеттерге, табиғатқа, өнерге, мiнез-құлық тануға болған
эстетикалық, әсемдiк қатынастар баулуға бағытталған қызмет-
шаралардың жалпы атамасы. Эстетикалық тәрбиенің басты
мiндеттерi – эстетикалық ұғым, бағам, пiкiр, мұрат, қажеттiктер,
талғам, қабiлеттер қалыптастыру. Эстетикалық тәрбиелiлiк
көрсеткiшi - әсемдiк мәдениетiн игеру. Рухани мәдениеттің
бiр бөлiгi ретiнде эстетикалық мәдениет тек көркемөнердегi
келеңсiз бен ұнамдыны, жақсылық пен жаманды айыру емес,
бұл өмiрдің барша саласындағы: еңбекте, тұрмыста, адам
әрекет-қылығындағы әсемдiктi тану.
Эстетикалық қабылдаудың аса маңызды бiрлiгi – көңіл-күй
(эмоциональность). Тәрбиелiк iстер сипаты этикалық тәрбие
құралына, яғни табиғат, еңбек, адамаралық қатынастар, өнер
ж.т.б. тәуелдi. Бұл орайда жастардың эстетикалық сезiмiне
күштi ықпал жасаушы табиғаттың рөлi өте маңызды.
Саяхат-серуендер, табиғатқа арналған көркемөнер туындыла-
рымен танысу – бұл табиғи қолданылатын дәстүрлi тәрбиелiк
iстер. Дегенмен, табиғат аясында серуен құру – әлi жеткiлiк-
сiз. Бастысы – сол табиғат сұлулығын тани бiлу, оған қоса
көңіл толғанысына келу. Мұндай қабiлеттер бiртiндеп дамиды.
Тәрбиешi мiндетi – оқушылар назарын табиғаттың әсемдiк
байлығына, оның формаларының үйлесiмдiгiне аударып, одан
тек ләззат алып қана қоймай, сол байлық пен әсемдiктi қорғауға
тәрбиелеу.
Оқу еңбегi – оқушылар еңбегiнің негiзгi түрі. Балалар осы
еңбек әсемдiгiн тануға, оған араласудан қанағатын табуға, әр
күнгi еңбек әрекетiнде эстетикалық жағдайлар жасауға үйрету
– маңызды мiндеттер тiзбегiнен.
Эстетикалық тәрбие iстерiнің тұрақты көзi – өнер әлемi.
Өнер туындылары “өмiр оқулығы” деп бекер айтылмаған.
320
Өнерде қабылданған көркем бейне қоршаған болмыстың
жалпыланған құбылыстарының нақты формасын көрсетедi.
Көркем бейне суреткердің ақиқатқа деген қатынас сезiмiн
бiлдiрiп, адамға белсендi көңіл-күй қозғауын бередi. Бейнелi
болуымен өнер адамдар санасына, сезiмi мен ерiк күшiне
ықпал жасап, қоғам өмiрiнде маңызды роль атқарады. Өнер
құралдарымен тәрбиелеу әрқашан тартымды да әсерлi.
Көркем әдебиеттің эстетикалық ықпалы баршаға белгiлi.
Педагог мiндетi - әдебиеттің көркемдiк әсерiн түсiнуде оқушыға
жәрдем беру. Әдептi кеңес, орынды ұсыныс оқушыға кiтап мәнiн
түсiнуге, әдебиет таңдауда белгiлi талғам қалыптастыруға
көмектеседi. Керiсiнше, кiтап оқуға зорлау мен шек қою келеңсiз
нәтижелерге бастау бередi.
Ән-күй баланың жас күнiнен серiгi. Классик – композитор-
лар туындыларының арқасында эстетикалық дамыған көптеген
адамдар әулетi тәрбиеленген, осыдан балаларымызды мәңгi
әсем ән-күйден жұтаң қалдыру – тәрбие жолындағы кешiрiл-
мес iс.
Оқу бөлмелерi мен мектеп төңірегiндегi тәртiп, тазалық
сақтау, жоғары гигиеналық мәдениет ұстану да эстетикалық
бағыттағы шаралардан. Әдемi безендiрiлген мектептің iшкi
және сыртқы көрiнiсi оқушыларды салақтықтан қашырып,
мәдениеттiлiкке баулиды. Барша сұлулық өзiмiзде, өзiмiз
жүрген жерде екенiн үздiксiз оқушыларға ұғындырып отыру
– педагогтар борышы.
Дене шынықтыру бағытындағы тәрбиелiк iстер мiн-
детi: 1) денсаулық нығайту, тән-дененің дұрыс дамуына
жағдайлар жасау; 2) дене шынықтыру – спорттық бiлiмдердi
игеру; 3) қозғалыс ептiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру;
4) қозғалыс сапаларын (күш, епшiлдiк ж.т.б.) дамыту; 5) адам-
гершiлiк сапаларын (ержүректiк, табандылық, тәртiптiлiк ж.т.б.)
тәрбиелеу; 6) эстетикалық сапаларды (сымбат, отырыс-тұрыс
мәдениетi ж.т.б.) қалыптастыру; 7) дене шынықтыру және
спортпен жүйелi шұғылдану әдеттерiн баулу; 8) гигиеналық
ептiлiктер мен дағдыларды орнықтыру. Мұндай көп тарапты
тәрбиелiк iстердi бiрлiктi орындау арқылы тәрбие мiндеттерiнің
барша түрін бiр-бiрiне байланысты әрi үйлесiмдi iске асырып
тұруға болады.
321
Күнделiктi мектепте сабақтар алдынан өткiзiлетiн
гимнастиканың да маңызы үлкен. Ашық ауада өткiзiлетiн
таңғы дене жаттығулары баланың жұмыс қабiлетiн көтерiп,
жалпы тән-дене салауаттылығын нығайтады. Дене шынықтыру
толыққандылығы олардың жүйелi ұйымдасуына тәуелдi. Дене
шынықтыру мұғалiмi күнi iлгерi әр сынып оқушылары үшiн ар-
найы дайындалған жаттығулар кешенiн түзедi. Жаттығулар
мектеп ерекшелiгi мен ауа райы жағдайларына сәйкестендiрiлуi
тиiс. Таңғы гимнастиканың жалпы мазмұны жан-жақты да-
мытушы жаттығулардан құралады. Олар жай жүріс, жеңiл
жүгіру, орында секiру, би жаттығулары және бүкiл сынып үшiн
дайындалған арнайы ойындармен толығып барады.
Оқушылардың күнделiктi сабақтар арасындағы таза ауада
тыныстауын “қозғалмалы үзiлiстер” арқылы қамтамасыз
етуге болады. Мұндай үзiлiстерде 1-3 сынып оқушылары жүгіру
және секiруге арналған қозғалмалы ойындармен айналысады.
Жаттығулар мен ойындар оқушылардың сабаққа жетiп үлгеруi
үшiн қоңырауға 5 минут қалғанда тоқтатылады.
Экологиялық және еңбектiк тәрбие iстерi. Бүгiнгi
таңда экологиялық апат қатерi баршаны толғандыруда. Одан
сақтанудың бiрден-бiр жолы - табиғат қорғау iстерiн түбегейлi
жетiлдiру. Бұл орайда ұдайы жүргізілетін, табиғат қорғауға
бағытталған iс-әрекеттердің басын қосып, оларды еңбектiк
тәрбиемен ұштастыру өте қажет шара. Мұндай тәрбиелiк
iстердің бiршама уақыты экологиялық сауаттануға, яғни қажет
бiлiмдер, пiкiрлер, түсiнiктер мен нанымдар қалыптастыруға ар-
налады. Егер бала өзi және достарының жарқын болашағы ауа
мен судың тазалығынан екенiн түсiнсе ғана, табиғат қорғауға
белсендi араласады.
Мұндай жұмыстардың негiзгi мәнi – нақты (мектеп
төңірегiндегi, үй жанындағы) табиғат қорғау iстерi. Бұл тәрбиелiк
iстер бойынша оқушылардың нысанға алатыны - адам тiр-
шiлiгiн қамтамасыз ететiн жер, су, ауа, жануарлар, өсiмдiктер
жағдайлары. Аймақ қажеттiгi, жергiлiктi шарттар экологиялық
тәрбие ұйымдасуын, бағыт және түрін анықтайды: “жасыл-
дар” қозғалысы, жас орман достары, құстар мен жануарлар
қорғаушылары, сирек кездесетiн өсiмдiк сұрыптаушылары
ж.т.б.
322
Сонымен, мектептегi сыныптан тыс және сабақтан тыс
тәрбие жұмыстары арнайы ұйымдастырылған, үздiксiз орын-
далып жататын тәрбиелiк iстер формасында өткiзiледi.
Тәрбиелiк iс оқушылардың нақты iс-әрекетi формасын-
да ұйымдастырылып, iске асырылады. Мақсаттары және
қызметiне орай тәрбиелiк iстер келесi түрлерге ажыралады:
әдептiлiк, әлеуметтiк бағдарлы, эстетикалық, танымдық спорт
– дене шынықтыру, экологиялық, еңбектiк ж.т.б. тәрбиелiк
iстердің мұндай бөлшектенуi тек шартты ғана, ал iс жүзiнде
тәрбие сан қилы тәрбиелiк iстердің бiрiгiмдi болуымен (комп-
лекстi) орындалатын мiндет.
323
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Тәрбие әдіс-тәсiлдерi деген не?
2. Тәрбие құрал-жабдығын құрайтын не?
3. Қандай белгiлерге орай әдістер топтастырылады?
4. Сана қалыптастыру әдістерiнің қай түрін бiлесiз?
5. Насихат, хадис әңгімелеу әдісiнің мәнi не?
6. Iзгiлiк тақырыпты сұхбаттар мәнiн ашыңыз.
7. Үлгi-өнеге әдісiнің мәнi неде?
8. Тәрбиелiк iс-әрекет ұйымдастыру және қоғамдық тәртiп
тәжiрибесiн қалыптастыру әдістерiне сипаттама беріңiз.
9. Жаттықтыру әдісiнің мәнi қандай?
10. Дағдыландыру деген не?
11. Дағдыландырудың мәнi неде?
12. Тәрбиелiк жағдайлар түзу дегендi қалай түсiнесiз?
13. Ынталандыру әдістерi тобына кiретiндерге сипаттама
беріңiз.
14. Жарыстыру әдісiн қалай ұйымдастырар едіңiз?
15. Мадақтау деген не?
16. Жазалау дегендi қалай түсiнесiз?
17. Тәрбиелiк iстер деген не және олар науқандық тәрбие ша-
раларынан қалай ажыратылады?
18. Қай тәрбиелiк iстер әлеуметтiк бағдарлық?
19. Оқушылардың тәртiптi болуы неден?
20. Қандай тәрбиелiк iс iзгiлiктi болуы мүмкін?
21. Эстетикалық дене шынықтыру, еңбектiк ж.т.б. тәрбие iс-
терiн ажырата сипаттама беріңiз.
324
Достарыңызбен бөлісу: |