2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


-бап БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛIМI



Pdf көрінісі
бет31/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

14-бап

БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛIМI

                         

Жоспар:

Мұғалiм қызметтерi

Мұғалiмге қойылатын талаптар

Мұғалiм шеберлiгi

Тiрек конспект-сөздік

Мұғалім: 

1) 


Мектептегі 

оқу-тәрбие 

үдерістерін 

ұйымдастырушы  және  іске  асырушы  тұлға;  2)  Арнайы 

дайындығы  бар,  педагогикалық  қызметімен  кәсіби  түрде 

шұғылданушы адам.



Бастауыш мектеп мұғалімі – балалар әлемі мен ересек-

тер дүниесін ұштасырушы дәнекер – ғажайып кәсіп иесі.



Мұғаліміне орай қоғамы.

Мұғалімнің жалпы педагогикалық міндеті:

Кәсіби  білімдері  мен  ептіліктерін  тәлім  тәрбиелік  істерге 

қолдана білу.

Мұғалімнің  нақты  қызметтері  –  оқу,  тәрбие,  даму  және 

қалыптасу үдерістеріне басқарым алып бару. 



Мұғалімнің  тәлім  –  тәрбиедегі  міндеті:    оқытып  жаттату 

емес,  оқуға  бағыт  беру;    тәрбиелік  нұсқау  беру  емес,  тәрбие 

үдерістерін басқару.

Педагогикалық еңбек  өзегі (сердцевина) – адамның ке-

мелденуімен  байланысты  барша  үдерістеріне  басқарым  жа-

сау.

Педагогикалық  басқарым  әрекеттері:  1)  мақсат  қою;  2) 

нақтамалау;   3) алдын-ала болжастыру;  4) жобалау; 5) ниет-

терді іске асыру;

Мұғалімге талаптар – бұл педагогикалық табысты болуын 

қамтамасыз етуші кәсіби сапалар жүйесі. 



Педагогикалық  қабілеттер  –  балалармен  іс  алып  бару 

икемділігі,  оларға  болған  мейірім  –  шапағат  танытып,  ләззат 

алудан көрінетін тұлғалық қасиет – сапалар.


380

Мұғалімге тән қасиеттер тобы: 1) ұйымдастырушылық;  2) 

дидактикалық; 3) жантанушылық көрегендік (рецептивный); 4) 

қарым-қатынастың (коммуникативный); 5) ықпалдылық (сугге-

тивный); 6) зерттеушілік;  7) ғылыми-танымдық.



Жетекші 

қабілеттер: 

Педагогикалық 

көрегендік, 

дидактикалық,  ұйымдастыру,  көңіл-күй-сезімдік  (экспрессив-

ные).

Мұғалімнің  кәсіби  сапалары  –  оқу  пәнін  меңгеруі, 

әдістемесін  білуі,  психологиялық  дайындық,  жалпы  ой-өріс, 

кең  мәдени  қалып,  педагогикалық  шеберлік,  педагогикалық 

еңбек  технолигиясын  қолдана  білу,  ұйымдастыру  ептіліктері 

мен    педагогикалық  әдеп,  педагогикалық  ұсынақтылық  (тех-

ника), қарым-қатынастар технологиясын білу, шешендік өнер, 

еңбеккерлік,  жұмысқа  төзімділік,  тәртіптілік,  жауапкерлік, 

мақсат белгілеп оған жету тәсілдерін білу, жеке басын ретімен 

басқара білу, табандылық, кәсіби деңгейін жүйелі әрі жоспарлы 

көтеріп бару, еңбек сапасын арттыруды әрқашан ескеру ж.т.б.



Мұғалімнің  тұлғалық  адами  сапалары  –  адамгершілік, 

қайырымдылық,  шыдамдылық,  адалдық,  жауапкершілік, 

әділдік,  міндеттілік,  шынайлылық,  жомарттық,  адамға  болған 

сыйластық,  жоғары  ізгіліктілік,  болашаққа  сенім,  көңіл  шар-

пуларына  бермеу,  қарым-қатынасты  қажет  ету,  тәрбиеленуші 

әмірімен  қызығу,  мейірімділік,  жақсылыққа  жору,    өзіндік 

сындарлылық,  достық  ынтық,  ұстамдылық,  отаншылдық,  ел 

жандылық,  басқаның  көңіл-күйіне  мән  бере  тану,  көңіл-күй 

мәдениеті және т.б.

Педагогикалық шеберлік – жоғары әрі  үздіксіз жетілудегі 

оқу және тәрбие өнері.



Педагогикалық  ұсынақтылық  (техника)  –  таңдалған 

педагогикалық қызмет әдістерін бірлікті, тиімді қолдануға қажет 

білім, ептілік, дағдылар жиынтығы.

Мұғалімнің еңбегін талдау – мұғалім еңбегі мен сол еңбек 

нәтижелері арасындағы байланыс мәнін аңғару.

Мұғалімнің еңбегін бағалау негіздері –

–  білім көлемі мен сапасы;

–  ептіліктер мен дағдылар ауқымы;

–  білім және ептіліктер жүйесі ;

–  теорияны тәжірибеде қолдана білу дәрежесі;

–  шәкірттердің ойлау, әрекетке келу тәсілдері.



381

“Егер  мұғалiм  өз  iсiн  ұнататын 

болса, ол тәуiр мұғалiм. Егер мұғалiм 

өз  оқушысын  тек  атасы  мен  анасы 

секiлдi сүйетiн болса, ол барша кiтап-

тарды  оқыған,  бiрақ  iсiне  де,  балаға 

да  құлқы  жоқ  мұғалiмнен  жақсылау. 

Егер мұғалiм балаға да, iсiне де болған 

махаббатын  ұштастыра  алса  –  ол 

ұстаздың төресi”.

                                А.Н.Толстой



Мұғалiм қызметтерi

Мектептегi  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырушы  әрi  iске 

астырушы  тұлға  –  бұл  мұғалiм.  Бұл  тұжырымды  анықтамаға 

келтiретiн  болсақ:  мұғалiм  бұл  арнайы  дайындығы  бар, 



педагогикалық  қызметпен  кәсiби  деңгейде  айналыса-

тын  адам.  Бұл  арада  “кәсiби”  сөзіне  назар  аударған  жөн. 

Кәсiптiк болмаған педагогикалық iспен адамдардың баршасы 

шұғылданады,  ал  педагогикалық  заңдарға  сәйкес  әрекетiне 

келiп, не, қай жерде, және қалай iстеу керек екендiгiн бiлетiн, 

өзiнің  кәсiби борышын сапалы орындау жауапкершiлiгiн  мой-

нына алатын тек мұғалiм ғана.



Бастауыш мектеп мұғалiмi – ерекше мұғалiм. Ол балалар 

мен  ересектер  әлемiн  ұштастырушы.  Ол  ендi  қалыптасудағы 

сәби психикасының терең құпияларын жете таниды, балаға бiлiм 

бере алады, оны тұлға – азамат болуға баулиды. Маңыздылық 

тұрғысынан  бастауыш  мектеп  мұғалiмнің  еңбегiн  басқа  кез 

келген ешбiр еңбекпен салыстыруға болмайды, себебi мұғалiм 

төккен маңдай тердің жемiсi – тұлға. Осы аса бiлгiр, өте жауап-

керлi, бала өмiрiндегi тұңғыш мұғалiмге отбасы мен қоғам өзiнің 

ең ардақты перзентiн, аяулы азаматы мен елiнің тағдырын, өз 

мемлекетiнің  жарқын  болашағын  үлкен  сенiм  және  үмiтпен 

тапсырады.  Мұғалiм  мiнберiне  көтерiлген  адам  баршаға  жа-

уапкерлi,  бәрiн  бiледi  де  iстей  алады.  Мұғалiм  лауазымының 

сипаты да оның осы әр оқушы, өсiп келе жатқан ұрпақ, қоғам 

мен  мемлекет  алдындағы  жауапкерлiгiмен  анықталады.  Пе-



382

дагог еңбегiнің бүгiнгi нәтижесi қаншама жоғары болса, бiздің 

қоғамымыздың ертеңгi мәртебесi де соншама жоғары болмақ. 

Әр адам мен бүкiл халықтың тағдырына шексiз байланысты әрi 

жауапкерлi  келген  қандай  да  бiр  мұғалімдіктен  басқа  қызмет 

түрін ойға келтiру тiптi де мүмкін емес.

Сонау  замана  тұңғиығында-ақ  қатаң  заңдылық  байқалған: 

мұғалiм  дәрежесi  -  қоғам  деңгейiнің  көрсеткiшi.  Адамзат 

өркениетiнің  даму  тарихында  қай  елдің  мектебi  мен  мұғалiмi 

жетiлген болса, сол ел биiк дәрежелi жетiстiктерiмен танылған. 

Мұғалiм беделiне қандай да нұқсан келтiрудің салдарынан ел 

тозып, iзгiлiк- адамгершiлiк аяқ асты болған. Мұғалiм тұлғасы 

кiшiпейiл, өзiн бадырайта көрсете бермейдi, бiрақ адалдық пен 

шындық тасушы болған оны тұғырынан тайдыру – лезде бүкiл 

адамдардың жақсылық сенiмiнен айрылуына, содан өркениет 

жетiстiктерiн  күйретiп,  адамзатты  жабайылар  үйiрiне  қайта 

қамап, зұлымдық шоғын шашар көргенсiздiк бой тiктейдi. 

Мұғалiмнің  қоғамдағы  рөлiн  аса  жоғары  бағалай  бiл-

ген  М.Горький  үлкен  толғаныспен  былай  деген:  “Жақсы, 

ақылды,  бiлiмдi  мұғалiмнің  ауылға  қаншалықты  қажет  екенiн 

бiлсеңiз едi. Оған айрықша жағдайлар жасау керек. Әрi мұның 

мүмкіндiгiнше тез арада орындалғаны жақсы. Себебi халықты 

кең бiлiм дағдысына салмасақ, мемлекетiмiз күйдiрiлмеген кiр-

пiштен тұрғызылған үй құсап, қақырап кетуi сөзсiз. Мұғалiм өз 

iсiне құлай сүйген әртiс, суретшi болмағы лазым. Ал бiзде ше – 

ол қара жер тырнаған, бейнеткер, сауат-бiлiмнен жүрдай, ауыл 

баласын ықыласпен оқытуға емес, тап зорлықпен айдауға кетiп 

бара  жатқан  тұтқын  сияқты.  Ол  аш,  еңсесi  түскен,  қапелiмде 

жұмыссыз қалу қауiпiн, ертеңгi бiр тiлiм нанын қайғырған пен-

де.  Керегi  –  мұғалiм  ауылдың  ең  құрметтi  адамы,  үлкеннің 

де,  кiшiнің  де  қалаған  сұрағына  жауап  таба  алатын  сауат 

иесi болмағы. Оның бойынан жүрт сый мен назарға сай күш-

қуат  танып,  оның  алдында  тартынғаны  жөн.  Кiм  болса  сол… 

мұғалiм намысына тиiп, оның беделiн аяқ асты ету – кешiрiл-

мес айып”.

Педагогикалық  мiндеттi  қызмет-педагог  жұмысының  белгi-

ленген  бағыты.  Әлбетте,  педагогикалық  күш-қуат  жұмсаудың 

басты  бағыттары  –  бұл  баланы  оқыту,  оның  сауатын  ашып, 

бiлiмдендiру, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру. Аталған 


383

бағыттардың әрбiрiне орай мұғалiм сан алуан нақты әрекеттердi 

орындайды, осындай оның қызметтерi көрер көзге байқаусыз, 

көбiне  елене  бермейдi.  Солай  да  болса,  педагогикалық  iстер 

төркiнiне  үңiле  назар  салумен  оның  кәсiптiк  iс-әрекетiнің  не-

гiзiнде  жатқан  құбылыстарды  тану  арқылы  анықтайтынымыз: 



мұғалiмнің мiндеттi қызметi (функция) – оқу, тәрбие, даму, 

қалыптасу үдерістеріне басшылық жасау.

Мұғалiмнің  парызы  –  оқыту  емес,  оқуға  бағдар  беру; 

тәрбиелеу емес, тәрбие үдерісiне жетекшiлiк ету. Осы басты мiн-

деттерiн толық түсiне алған мұғалiм ғана өз оқушыларына жет-

кiлiктi дәрежеде дербестiк, еркiндiк, ынта бiлдiру мүмкіндiктерiн 

бере  алады.  Оқу-тәрбие  үдерiсiнде  өзi  көзге  түспей,  барша 

iстi  оқушының  еркiн  таңдауымен,  бiрақ  басшылық  тiзгiнiн  де 

қолдан  жiбермей,  орындау  –  хас  шебер  мұғалiм  қолынан  ке-

летiн жұмыс.

Кәсiби  педагогтарды  Сократтың  өзi  “ой  акушерлерi”  деп 

атаған,  педагогикалық  шеберлiктi  “дүниеге  нәресте  келтiру” 

(повивальное)  өнерiмен  теңеген.  Бiлгiр  педагогтың  қызметi 

-  дайын  бiлiмдi  қолдау  емес,  оқушыға  жаңа  ой  пайымдауға 

көмектесу.  Демек,  педагогикалық  еңбектің  өзегi  –  адам 

қалыптасуына себiн тигiзетiн барша үдерiстерге басшылық жа-

сау.


Негiзгi  педагогикалық  қызмет  ретiнде  басшылық  нақты 

педагогикалық әрекеттерден құралады. Қалаған педагогикалық 

жобаның  –  мейлi  ол  сабақ,  сынып  сағаты,  сабақтағы  жеке 

тақырып  не  бөлiм  өту,  викторина,  олимпиада  не  “қозғалысты 

өзгерiстер”, мектеп мейрамы, қайырымдылық iс не экологиялық 

саяхат  болсын  –  бәрiде  мақсат  белгiлеуден  басталады. 

Басқару  үдерiсiнің  мәнi  -  “мақсат  –  нәтиже”  бағытындағы 

оқушылардың  әрекеттерiнің  басын  қосып,  үйлестiру,  оқу 

барысындағы  басқарым  оқушы  мүмкіндiктерiне:  дайындық 

деңгейiне,  жұмыс  қабiлетiне,  оқуға  қатынасы  және  т.б.  – 

негiзделедi.  Бұлардың  бәрi  жөнiнде  ақпаратқа  ие  болу  үшiн 

педагог нақтама қызметiн орындайды. Оқушылар дамуының 

тән-дене  және  психикалық  ерекшелiктерiн,  олардың  ақыл 

және  адамгершiлiк  тәрбиесiнің  деңгейiн,  сыныптық  және 

отбасы  тәрбие  жағдайларын,    т.с.с.    анықтап  алмай,    дұрыс  

мақсат  белгiлеуге де, оған жетудің нақты жолдарын таңдауға 



384

да  болмайды.  Жан-жақты  тәрбие  жүргізуi  үшiн  педагогика 

тәрбиелейтiн  адамын  барша  тұрғыдан  тани  бiлуi  мiндеттi, 

-  деп  К.Д.Ушинский  баса  айтқан.  Мiне  осыдан  тәрбиешi 

педагогикалық  жағдайлар  талдаудың  болжастыру  әдістерiн 

жете бiлуi қажет.

Мақсат  белгiлеу  және  нақтамалау  iстерiмен  тығыз  байла-

ныста  болжау,  болжастыру  (прогноздау)  шаралары  орында-

лады. Болжау – өз әрекетiнің нақты жағдайлардағы нәтижесiн 

күнi iлгерi бiлуге, сонымен ненi, қалай iстеу керектiгiн түсiнуге 

көмектесетiн мұғалiмнің көрегендiк қабiлетiнен байқалады.

Болашаққа  ой  жүгірте  алмайтын,  неге  ұмтылатынын 

пайымдауға өрiсi жетпейтiн педагог “алдым жөн, артым соқпақ” 

деп тәуекел сапар кешкен жолаушыға ұқсас. Мұндайда көздеген 

мақсат кездейсоқ, ойламаған жерден ғана орындалуы немесе 

тiптi де бос әурешiлiк болуы ықтимал. Мұғалiмдi болжастыруға 

үйрете 

алмайтын 



педагогиканы 

К.А.Сухомлинский 

тәуiпшiлдiкпен,  көрегендiгi  болмаған  оқытушыны  сауатсыз 

жөргекшiмен теңеген.

Нақтамалап,  сәттi  болжамды  арқау  еткен  мұғалiм  оқу-

тәрбие  қызметтерiнің  жобасын  (проект)  түзуге  кiрiседi. 

Нақтама,  болжам,  жоба  оқу-тәрбие  iстерiнің  жоспарын 

жасауға негiз бередi. Жоспар түзумен педагогикалық үдерiстiң 

дайындық кезеңi аяқталады.  Өзiн қадiрлей бiлген мұғалiм бар-

ша  тарапы  түбегейлi  ойластырылған,  нақты  да  анық,  толық 

қамдастырылған жоспарсыз сыныпқа енбейдi.

Сонымен,  нақталау,  болжастыру,  жобалау  мен  жоспарлау 

–  оқу-тәрбие  iсiнің  әр  жаңа  (циклi)  айналымының  дайындық 

кезеңiнде  мұғалiмнің  орындайтын  мiндеттi  педагогикалық 

қызметтерi.

Келесi  –  ниеттердi  iске  асыру  –  кезеңiнде  мұғалiм 

ақпараттық, ұйымдастыру, бағалау және сараптау, бақылау мен 

реттеу-түзету мiндеттерiн атқарады. Мұғалiмнің ұйымдастыру 

қызметi – балаларды белгiленген жұмысқа тартып, көзделген 

мақсатқа жету жолында оларды өзiмен бiрлiкте орындалатын 

iске жұмылдыру. Оқушылардың басты ақпарат көзi – мұғалiм. 

Ол бәрiн бiледi, ол өз кәсiбiне байланысты пәндер – педагогика, 

психология және әдістеменi жоғары деңгейде жете меңгерген. 

Пәрмендi  ынталандыру  жағдаяттарын  жасауда  мұғалiмге 



385

бақылау,  бағалау  және  реттеу-түзету  қызметтерi  аса 

маңызды.  Осы  педагогикалық  мiндеттердің  дұрыс  орын-

далуынан  оқу  үдерісi  дамиды,  жоспарланған  өзгерiстер  өз 

деңгейiнде iске асып жатады. Мұғалiм бәрiне де қанық: шу-шу-

леу немесе мәжбүрлеумен шынайы оқу табысына жету мүмкін 

емес.  Бақылау  сала  отырып  сәтсiздiктер,  олқылықтар  мен 

кемшiлiктер  себептерiн  ашамыз.  Бұдан  жинақталған  ақпарат 

педагогикалық үдерiстi ретке келтiрiп, қажет болса түзетiп, 

тиiмдi  шараларды  дер  мезетiнде  қолданып,  ынталандырушы 

сеп-түрткілердi пайдалануға мүмкіндiк ашады. Педагогикалық 

айналымның қорытындылау кезеңiнде мұғалiм ауқымды тал-

дау жұмыстарына өтедi. Мұндағы басты мақсат – бiткен iстi 

сарапқа салып, ол белгiленген деңгейден қаншама төмендеу 

орындалды, қай жерде және не себептi iс қарқыны бәсеңдедi, 

мұның бәрiн келшекте болдырмаудың амалы қандай болмақ, 

т.с.с. сұрақтарға жауап табу. 

Кәсiби қызметiнің көп түрлі де жан-жақты болуынан мұғалiм 

еңбегi көптеген мамандықтарға байланысты iстермен сабақтас 

орындалып  барады:  ол-актер,  режиссер  және  менеджер;  ол 

–  сарапшы,  зерттеушi  және  тұқым  iрiктеушi  (селекционер).  

Өзiнің  тiкелей  кәсiби  қызметтерiмен  қатар  педагог  қоғамдық, 

азаматтық, отбасылық мiндеттерге де жауапкерлi.

Сонымен, бастауыш мектеп мұғалiмi көп санды да әрқилы 

iс-әрекеттер  түрін  атқарады.  Бұл  iстердің  бәрi  кәсiби  тiлде 

педагогикалық  мiндеттi  қызметтер  деп  аталады.  Бас-

ты  педагогикалық  мiндет  –  бұл  оқу-тәрбие  үдерісін  басқару. 

Басқарудың дайындық кезеңiнің элементтерi: мақсат белгiлеу, 

нақталау,  болжастыру,  жобалау  және  жоспарлау.  Жоспар-

ды  iске  асырарда  мұғалiм  ақпараттық  ұйымдастыру,  бағалау, 

бақылау  және  реттеу-түзету  жұмыстарын  орындайды.  Ал 

қорытындылау кезеңiнің мiндетi – бiткен iсте талдау сарабына 

салу.


Мұғалiмге қойылатын талаптар

Мұғалiмнің ерекше кәсiптiк және қоғам алдындағы мiндеттерi 

барлық  уақытта  өзiнің  қатал  әдiлқазылары  –  оқушыларының, 

мүдделi ата-аналардың, кең әлеуметтiк қауымның назарында 



386

болуы – ұстаз тұлғасы мен оның моральдық келбетiне жоғары 

талаптар  қояды.  Мұғалiмге  қойылатын  талаптар  –  бұл 

педагогикалық  қызмет  табыстарының  кепiлi  болар  кәсiби  са-

палар жүйесi. 

Мұғалiмге  қойылатын  педагогикалық  талаптар  жөнiндегi 

айғақтар бiзге сонау ежелгi ғасырлар тұңғиығынан жеткен, қай 

уақытта да адамдар оған жоғары деңгейдегi тапсырмалар тар-

та отырып, өз мұғалiмiн қарапайым пенде кемшiлiктерiнен азат 

болғанын  қалаған.  Львовтық  “бауырластар  мектебiнің” 

1586  жылғы  жарғысында  былай  деп  жазылыпты:  “Бұл  мек-

теп  мұғалiмi  инабатты,  ақылды,  кiшiпейiл  дана,  ұстамды, 

араққор  емес,  зинакер  емес,  пайдакүнем  ұры  емес,  көрiпкел 

сәуегей  емес,  бөспе  сөзді  емес,  жамандықты  қолдаушы 

емес, бiрақ жақсылық жасауға асыққан, бар тұрғыдан ождан-

ды  болып,  оқушылары  да  оған  ұқсасын?”  ХVIII  ғасырдың 

алғашқы  кезеңiнде-ақ  осы  күнге  дейiн  өз  маңызын  жоймаған 

ауқымды  да  нақты  мұғалiмге  қаратылған  талаптар  белгiлен-

ген.  Я.А.Коменский  тұжырымынша,  мұғалiмнің  басты  пары-

зы  -  өзiнің  жоғары  инабаттылығымен,  адамдарға  деген  мей-

iрмен,  бiлiм  мен  еңбеккерлiгi  және  басқа  да  сапаларымен  өз 

оқушыларына  өрнек  болып,  оларды  адамилық  қасиеттерге 

баулуы тиiс. 

Мұғалiм тағам мен киiмде – қарапайым, қызметте – сергек 

әрi  еңбеккер,  мiнезде  –  кiшiпейiл  және  әдептi,  сөз  саптауда 

–  мәнерлi  де  ұстамдылық  көрсете  бiлуi  шарт.  Сонымен  бiрге 

жеке  қатынастар  мен  қоғамдық  өмiрде  байсалды  да  байып-

ты болғаны жөн. Ерiншектiк, енжарлық, әрекетсiздiк – мұғалiм 

кәсiбiмен  тiптi  де  сиыспайтын  келеңсiз  қасиеттер.  Мұндай 

ақаулықтар  оқушыларыңызда  болмасын  тiлесеңiз,  олардан 

алдымен  өзіңiз  құтылып  алыңыз.  Кiмде-кiм  ең  жоғары  мiндет 

– болашақ тәрбиесiн қолына алатын болса, ол күнiменгi сер-

гектiгiн  бiрде  жоғалтпай,  оқушы  дәптерiн  тексеруге  қатысты 

ауыр еңбектi басынан кешiруге дайын болуы, той-тамаша, сән-

салтанат және басқа “рух жалаңаштаушы” нәрселерден аулақ 

жүруi қажет.

Я.А.Коменский мұғалiмдерден балаға жылы лебiзбен, мей-

iрлi қатынас жасап, қаталдығымен оны  өзінен қашықтатып ал-

май, керiсiнше, аталарша бауырына тартып, мәпелеудi талап 


387

еткен.  Балаларды  жеңiл  әрi  қуанышпен  оқыту  керек:  “сонда 

ғана ғылым нәрi күштеп, зорламай-ақ, жан қалауы және шын 

көңілмен оның бойына енедi”. 

К.Д.Ушинский мұғалiмдердi “жас жанға жылу берген шуақты 

күнге” теңейдi. Ұстаздардың Ұстазы болған ұлы педагог халық 

мұғалiмдерiне  жоғары  талаптар  қойды.  Терең  де  жан-жақты 

бiлiмсiз  мұғалiм  болуы  мүмкін емес,  –  деп  тұжырымдады  ол. 

Бiрақ тек бiлiм әлi жеткiлiксiз. Ол берiк әрi мықты сенiм-наным-

мен байланысты болуы қажет. Бұл сапаларсыз нағыз мұғалiм 

болып  жетiлу  қиын:  “…  адам  тәрбиесiнің  даңғыл  жолы  –  бұл 

сенiм,  ал  сенiмге  тек  сенiммен  ғана  ықпал  жасау  мүмкін”. 

Әрқандай  оқу  бағдарламасы,  қалаған  әдістеме  мейлiнше 

жоғары  дәрежеде  түзiлгенiмен,  тәрбиешi  сенiмiне  өтпесе, 

қауқарсыз әрiптер тiзбегiне айналады.

Мұғалiмге  қойылатын  алғашқы  талап  –  педагогикалық 

қабiлеттердің  болуы.  Педагогикалық  қабiлеттер  –  бұл 

оқушылармен  жұмыс  iстеуге,  балаларға  деген  мейiр,  олар-

мен қатынаста болудан ләззат ала бiлу бейiмдiлiгiн танытушы 

тұлғалық сапалар. Көп жағдайларда педагогикалық қабiлеттер 

– мәнерлi сөйлеу, ән салу, сурет салу, балаларды ұйымдастыра 

бiлу және с.с. – нақты әрекеттердi орындауда көрiнетiн ептiлiк-

тер  дәрежесiнде  қалыптастырылады.  Қандай  да  ептiлiк  бел-

гiлi  қабiлеттің  сырттай  көрiнiсi.  Осы  заманғы  педагогикалық 

психологияда  қабiлеттердің  төмендегiдей  маңызды  топтары 

ажыратылған:

1.  Ұйымдастырушылық.  Мұғалiмнің  оқушыларды  оқу-

танымдық iстерге тарту, мiндеттердi бөлiстiру, қызмет жоспар-

лау, орындалғандарға қорытынды жасау және т.б. ептiлiктерi-

нен көрiнедi. 

2. Дидактикалық. Оқу материалдарын, көрнекi құралдарды, 

техникалық  оқу  жабдықтарын,  жинақтау  және  дайындау;  оқу 

мазмұнын түсiнiктi, анық, мәнерлi, нанымды және бiрiздi баян-

дау;  оқушыларды  өздерiнің  танымдық  қызығулары  мен  руха-

ни қажеттерiн дамытуға ынталандыру, олардың оқу-танымдық 

белсендiлiгiн және т.б. арттырып бару.

3. Түсiнiм. Мұғалiмнің өз шәкiрттерiнің жан дүниесiне енiп, 

олардың  көңіл-күй  кейiпiн  шынайы  бағалауға,    психикалық  

ерекшелiктерiн тани бiлуде көрiнетiн ептiлiктерi.


388

4. Қарым-қатынастық.  Өз әрiптестерiмен, оқушылармен, 

олардың ата-аналарымен, оқу орны жетекшiлерiмен жақын iс-

керлiк байланыстар түзуде көрiнетiн мұғалiм ептiлiктерi. 

5.  Ықпал  таныту.  Көңіл-күй,  ерiк  әсерлерi  арқылы 

оқушыны билеу.

6.  Зерттеушiлiк.  Педагогикалық  жағдайлар  мен  үдерiс-

тердi шынайы танып, бағалау ептiлiктерiмен iске асырылатын 

қабiлет. 

7.  Ғылыми-танымдық.  Педагогика,  психология,  әдісте-

ме  салаларындағы  ғылыми  жаңалықтарды  игере  бiлу 

қабiлеттерiмен белгiленедi.

Мұғалiмдердің  өздерiне  қойылған  сауалнама  жауаптары-

на  жүгінсек,  педагогикалық  қызметте  аса  қажет,  яғни  жетек-

шi  қабiлеттер  түрі  төмендегiдей:  педагогикалық  қырағылық, 

дидактикалық,  ұйымдастырушылық,  көңіл-шуақтылығы,  ал 

қалған түрлері аталғандарға қосалқы, жәрдемшi қызмет орын-

дайды.


Көп  мамандардың  пiкiрiнше,  қандай  да  бiр  қабiлет  адамға 

жұғысты  болмаған  жағдайда,  оның  орны  басқа  мәндi  келген 

кәсiби сапалар – еңбеккерлiк, өз мiндеттерiне адал да байыпты 

қатынас, ұдайы өзiндiк жетiлумен – толтырылып (теңдестiрiлiп) 

барады. 

Педагогикалық  қабiлеттер  (талант,  дарын,  нышандар) 

педагогикалық  кәсiптi  иелеудің  алғышарттары  болары  сөзсiз, 

бiрақ  шешушi  кәсiптiк  сапа  қызметтерiн  атқара  алмайды. 

Қаншама  мұғалiм  болуды  көздеген,  бұл  кәсiпке  сай  жемiстi 

нышандары да көрiнген талай адамдар педагог кемелiне жете 

алмай  қалған,  ал  алғашқыда  мұндай  ұқыбы  кем  талай  сту-

дент болашақта педагогикалық шеберлiк шыңына көтерiлгенiн 

тәжiрибеден көрiп жүрсiз. Педагог болып жетiлудің басты кiлтi 

– еңбектенуде.

Сондықтан  да  мұғалiмге  қажет  маңызды  сапалар  –  бұл 

еңбеккерлiк,  талапшылдық,  тәртiптiлiк,  жауапкер-

шiлiк, мақсат қоя бiлу, оны шешу жолдарын таңдай бiлу, 

ұйымдастырушылық,  табандылық,  жүйелiлiк  және  өз 

кәсiбiн  жоспарлы  жетiлдiрiп  бару,  өз  еңбегiнің  кәсiптiк 

деңгейiн  ұдайы  көтерiп  тұру,  т.с.с.  Осы  сапалардың 

арқасында педагог өндiрiстiк қатынастар жүйесiнде өз мiндет-

терiн атқара бiлетiн қызметкер болып қалыптасады.  


389

Көз  алдымызды  оқу  орындары  әлеуметке  “бiлiмдену 

қызметтерiн”  көрсетушi  өндiрiстiк  мекемелер  сипатын  ала 

бастады. Мұндай мекемелер ендi өз жұмысын нақты жоспар, 

келiсiм-шарт  (контракт)  негiзiнде  жүргізедi.  Педагогтар  ере-

уiлi, оқу орындарының бәсекелестiгiне (конкуренциясына) бiр-

те-бiрте  үйренiп  те  келе  жатырмыз.  Бұлардың  бәрi  нарықтық 

экономика заманына тән белгiлер. Мiне осы жағдайларда оқу-

тәрбие  үдерiсiндегi  ұнамды  қарым-қатынастарды  түзу  үшiн 

педагогтың  адамилық  қасиет-сапалары  кең  маңыз  ала-

ды.  Атайтын  болсақ,  олар:  адамгершiлiк,  қайырымдылық, 

шыдамдылық,  адалдық,  жауапкершiлiк,  әдiлдiк,  мiндет-

тiлiк,  шынайлылық,  жомарттық,  сыйластық,  жоғары 

инабаттылық,  болашаққа  сенушiлiк  (оптимизм),  ба-

лалар  мүддесiне  етене  жақын  болу,  ұстамдылық, 

байсалдылық,  үйiршеңдiк,  тiлектестiк,  өз  басына  сын 

көзбен  қарай  бiлу,  достық  қатынасқа  ынтық  болу, 

қадiрлi болу, ұлтжандылық, отансүйгіштiк, имандылық, 

принципшiлдiк,  ықыластылық,  көңіл  бiлдiру  әдептiлiгi 

және т.б.

Мұғалiмде  мiндеттi  болуы  тиiс  аса  маңызды  сапалардың 

бiрi – гуманизм, яғни өсiп келе жатқан адамды жер бетiндегi 

ең жоғары құндылық ретiнде тану және осыған нақты iс-шара-

лармен  қатынас  жасай  бiлу.  Гуманды  қатынас  –  бұл  тұлғаны 

жақыннан  тани  бiлуге  мүдделiлiк,  оқушыларға  жанашырлық, 

олардың  пiкiрiмен  санасу,  балалардың  кемелдену  ерекшелiк-

терiн бiлу, шәкiрттердің оқу iс-әрекеттерi мен тұлғалық дамуы-

на  жоғары  талаптар  қоя  бiлу.  Аталған  сапа-қасиеттердің  iс-

жүзiндегi көрiнiстерiнен хабардар болған жас әулет алғашында 

елiктеумен,  соң  саналы  түрде  адамдарға  деген  гуманистiк 

қатынастарын қалыпқа келтiре бастайды.

Мұғалiм  -  әрқашан  да  белсендi,  шығармашыл  тұлға. 

Ол  оқушылар  өмiрiнің  күнделiктi  ұйымдастырушысы.  Оқушы 

қызығуларын  оятып,  оларға  жетекшi  бола  бiлу  -  ерiк  қабiлетi 

күштi дамыған жеке тұлғалық белсендiлiгi артып тасыған адам-

да ғана дамитын қасиет. Күрделi ағза болған сынып, балалар 

ұжымына  педагогикалық  басшылық  үлкен  тапқырлықты, 



зеректiктi, табандылықты, көрiнген жағдайлар шешiмiн 

таба бiлуге дайын болуды қажет етедi. Педагог – бала жан 

дүниесiне жетекшi, кiршiксiз өрнек, үлгi.



390

Мұғалiмге  қажет  кәсiби  сапалардың  және  бiр  тобы  – 



ұстамдылық  пен  сабырлылық.  Педагогикалық  кәсiп  иесi 

әрқашан, тiптi тосын жағдайларда да, оқу-тәрбие үдерiсiндегi 

өзiнің жетекшiлiк парызын естен шығармай, тәрбие тiзгiнiн бiр 

де жаздырмауы тиiс. Оқушылар өз тәрбиешiсiнің олқылығын, 

абыржуы мен шарасыздығының куәсi болмағаны абзал. Басы-

нан өткенi көп ұлы педагог А.С.Макаренко “ өзiн iрке алмайтын 

мұғалiм  –  бұзылған,  басқарымы  жоқ  машина”,  –  деп  ескерт-

кен  болатын.  Мұны  әрдайым  жадта  сақтаған  жөн,  себебi  өз 

әрекеттерi  мен  қылықтарына  бақылау  қоя  алмай,  болғанның 

бәрiне балаларды кiнәлап, не болса соған қақырай күйзелуге 

болмайды. 

Мұғалiм  мiнезiнің  жан  сезiмталдығы  –  оқушы  қалпын, 

оның көңіл-күйiн сезiп, көмекке зәру болғандарға дер мезетiнде 

қол ұшын беру қажеттiгiн бiлдiретiн барометр.  Өз шәкiрттерiнің 

бүгiнi  мен  ертеңiн  ойлап,  жан  себiл  болатын  да  мұғалiм.  Бұл 

оның  табиғи  болмысынан.  Мұнда  мұғалiм  өсiп  келе  жатқан 

әулет тағдыры үшiн жауапкерлi екенiнен бiр де жаңылмас.

Мұғалiмнің ажыралмас кәсiби қасиетi – бұл әдiлдiк. Қызмет 

бабына  орай  мұғалiмнің  бiрдейгi  мiндетi  –  оқушыларының  

бiлiмiне,  ептiлiктерi  мен  дағдыларына,  әрекет  қылығына 

баға  беру.  Осыдан,  оның  бағамдау  сарабы  оқушылардың 

даму  деңгейiне  сай  болып,  субъективтiк  ықпалдардан 

шынайлылығын  жоғалтпауы  тиiс.  Тәрбиешiнің  әдiлеттiлiгi 

осыдан көрiнедi. Осымен мұғалiм беделi өлшенедi. Мұғалiмнің 

сыңаржақтығы, күнiлгерi терiс ұғымға берiлуi мен өзiмшiлдiгi 

тәрбие  iстерiмен  “мың  қайнаса  да  сорпасы  қосылмайтын” 

келеңсiз шарттар.

Тәрбиешi  әруақыт  орнымен  талап  қоя  бiлуге  мiндеттi. 

Ұстаз iсiнің жемiсi – осы талаптан. Мұғалiм қатаңда да жоғары 

талапты алдымен  өзіне қойғаны жөн, себебi өзiнде болмағанды 

басқадан, әсiресе оқушыдан, талап ету - қиянат. Ақыл сарабы-

нан өткен талап – педагогикалық табыстың кепiлi. Тәрбие ше-

берлiгi дамудағы тұлға мүмкіндiктерiн арқау етедi. 

Педагогикалық  үдерiсте  қарқынды  немесе  ауырлау 

жүктемеден бала шаршап-шалдығады, ой қызметi талықсиды, 

мұндайда оқушыны күйзелiстен шығарудың бiрден-бiр жолы - 



әзiл,  қалжың  пайдалану.  Мұғалiм  юморы  мұндай  жағдайда 

391

бала  кейпiндегi  күйзелiстi  бiр  сәтке  ұмыттырып,  оқу  желiсiн 

қалпына  келтiредi.  Осыдан  тәрбиемен  айналысатын  адам 

өзiнің ғылыми бiлiм қорына жоғары адамилық қасиеттi таныта-

тын шешендік, әзiлкештiк, қалжың және т.с.с. сапаларды қоса 

меңгергенi жөн. Сабақ желiсiне орнымен ендiрiлiп, қолданылған 

әзiл  сын,  қалжың  сөз,  мақал-мәтел,  қанатты  афоризм,  көңіл 

жадыратарлық  күлкi  –  бәрi  де  сыныпта  ұнамды  көңіл  пайда 

етiп, оқу iсiн шаттана қабылдауға себiн тигiзедi.

Педагогтың  кәсiби  әдебi  (такт),  әдептiлiк  сезiмi  – 

оқушылармен қатынас түзуде аса қажет ерекше ептiлiк дүние. 

Оқушымен  қандайда  да  байланысқа  келудегi  шама-шарық 

сақтау  осы  педагогикалық  әдеп  пен  мұғалiмнің  әдептiлiк 

сезiмiне  тәуелдi.  Әдептiлiк  –  бұл  тәрбиешiнің  ақылы,  сезiмi 

және  жалпы  мәдениетiнің  бiр  шоғырлы,  жинақы  көрiнiсi. 

Педагогикалық  әдептiлiктің  өзегi  –  тәрбиеленушi  тұлғасына 

болған  сыйластық.  Бала  болмысын  түсiнген  педагог  нақты 

жағдайда  оған  ықпал  жасаудың  қандай  да  шарасын  таңдай 

отырып, өзiн әдепсiз әрекеттерден сақтандыра алады.

Мұғалiмдiк  қызметте  жеке  тұлғалық  қасиеттер  мен  кәсiби 

сапалар  арасын  жiкке  айырып  болмайды.  Кәсiби  сапалар 

негiзгi  –  арнайы  бiлiм  мен  ептiлiктер,  ой  тәсiлдерi  мен  iс-

әрекет  әдістерi.  Олар  арасында  ерекше  көзге  түсетiндер:  

оқу  пәнiн,  пәндi  оқыту  әдістемесiн  жете  меңгеру; 

психологиялық  дайындық,  жалпы  ой-өрiс,  дүниетаным; 

ауқымды  мәдениеттiлiк;  педагогикалық  шеберлiк; 

педагогикалық  еңбек  технологиясын  жан-жақты  бiлу; 

ұйымдастырушылық  ептiлiктерi  мен  дағдылары; 

педагогикалық  әдеп;  педагогикалық  техника;  қарым-

қатынас  жасай  бiлу;  дiлмарлық  және  т.б.    сапалар.  Педа-

гогты ең жоғары кәсiби сатысын танытушы сапа – мұғалiмдiк 



еңбекке  болған  оның  сүйіспеншiлiгi,  ал  бұл  сапаға  ие 

тұлға  өзiнің  адалдығымен,  жанпидалығымен,    өзіне  және  өз 

кәсiби деңгейiне үздiксiз жоғарылап баратын талап қоя бiлетiн, 

тәрбиелiк iстерiнің нәтижесiнен “жүрек жарды” шаттана алуы-

мен ерекшеленедi.

Қазіргі заман мұғалiмiнің тұлғалық белгiсi – ой өрiсiнің кеңдiгi 

мен  оның  ауқымды  дүниетанымы.  Заман  ағымымен  теңдей 

қадам атамын деген әрбiр адам өте көп ақпараттан хабардар 



392

болуы қажет. Мұғалiм барлық уақытта да елiктеу үлгiсi болған. 

Оған қарап жас әулет өмiрлiк бағыты мен iс-әрекет бағдарын 

таңдаған. 

Бастауыш  мектепте  мұғалiм  –  дүниеге  саналы  көзiн  ендi 

ашқан  оқушы  үшiн  “ұқсап  бағар”  мұрат  (идеал),  оның  тала-

бы  бұлжытпас  заң.  Кейде  ата-насының  дәйектi  сөзін  де  мiсе 

тұтпай, кiшкене оқушының “апайым (ағайым) осылай iстейсің 

дедi” – деп, тапжылмай тұрып алатыны осыдан. Бiрақ мұғалiм 

тұлғасын балалықпен әсiрелеу ұзаққа бармай, бiрте-бiрте кеми 

бастайды. 

Демократиялық қоғамның гуманистiк мектебiн құру жолын-

да  үлкен  кедергi  болып  тұрған  психологиялық-педагогикалық 

құбылыс – дидактогения – оқушыға деген аяусыз қаталдық 

пен  безбүйректiк.  Сыныпта  қалыптасқан  мұғалiмнің  әмiршiл 

қатал қатынасынан оқушы сөйлеймiн десе, сөзін таба алмай, 

тақтаға шықса қалтырап, дiрiлдеп үлкен психикалық күйзелiс-

тен қиналып, жүйке сырқаттарына шалдығатыны осыдан. Мек-

тептегi дидактогения, оның салдарынан болатын оқушылардың 

дидактогения  сырқаты  -  өткен  дәуiрде  қоғамымызда  орын 

алған келеңсiз жәйттердің қалдығы. Бұдан арылып, адамилық 

қарым-қатынасты  iзгiлiк  деңгейiне  жеткiзу  –  бүгiнгi  мұғалiмнің 

өсiп  келе  жатқан  әулет,  бүкiл  қоғам  алдындағы  парызы  да 

қарызы.


Заманымыздың озық педагогы Ш.Амонашвили: “… Мұғалiм! 

Егер сен өз тәрбие әдістемеңдi гуманистiк бастаумен жетiлдiрiп, 

жаңалаймын  десең,  өзіңнің  бiр  заманда  оқушы  болғаныңды 

ұмытпа,  осыдан,  өз  шәкiрттеріңдi  басыңнан  өткен  азаптарға 

кезiктiре көрме” – деген ұстаздық ұлағатты жан айқайына құлақ 

түріңiз.


Мұғалiм кәсiбiндегiдей адамға қойылатын талап басқа бiрде 

бiр кәсiпке тән емес. Байқасақ, сыныпқа еркiн кiрiп, “Балалар, 

сәлем! Мен сiздердің мұғалiміңiзбiн!” – деп тартынбастан айту 

үшiн  өз  тәрбиемiзге  орай  талай  келелi  iстердi  орындауымыз 

қажет екенi көрiнiп-ақ тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет