2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Бала беделiн мойындау

Бедел мойындау – баланың өзiмен-өзi болу құқын тану. Бұл 

ересектердің  бала  даралығымен,  көзқарастарымен,  бағам 

және бағыт-бағдарларымен ымыраға келуi. Қандай болғанына 

қарамастан, бала сыйлы, онымен есептеседi. Мүмкін, бiз балаға 

маңызды  болғанды,  оны  қызықтырғанды  қабылдамаспыз, 

бiрақ гуманист-педагог болуымыздан баланың өзiн қабылдауға 

мiндеттiмiз.  Қылығынан  жиренемiз,  ал  өзiн  жанымыздан 



артық жақсы көремiз. Ал, мұның мәнi – оның мүмкіндiктерiне 

қауымының парызы екенiн дәлелдер отыр. Бiрақ бұл қиын да 

күрделi iс, дегенмен оның берер жемiсi ұланғайыр. Жас, ерен 

педагогтар бұл бағыттағы педагогикаға жан тәнiмен берiле оты-

рып, қателiктерге де ұрынады. Олар, мысалы, балаларға толық 

еркiндiк  берумен  бiрге  белгiлi  тәрбиелiк  үлгiлерiн  ұстанғысы 

келедi, яғни ерiксiз барша тәрбиеленушiлердi бiр тезге салып, 

бiрдей  ұқсас  тәрбиеленген  кейiпке  ендiргiсi  келедi.  Нәтижеде 

– ұстаным жаңалықты, ал орындалу баяғы бала ерекшелiктерi 

мен  даралығына  жол  бермей,  басу.  Бала  беделiн  мойындау 

астарында  табиғи  сәйкестiк  (природосообразность)  принци-

пiн ұстану жатыр, яғни бұл әр адамның табиғатынан берiлген 

қасиеттерiн  –  нышандарын,  мiнезiн,  темпераментiн  елеу  де-

ген сөз. Осыдан шығатын тұжырым – тәрбие бiрдей, бiрақ сол 

тәрбиеде  назарға  алынатын  қызығулар,  қажеттер,  қабiлеттер 

әрқилы. Адамды дара да қайталанбас етiп жаратқан табиғатқа 

қарсы шығудан табар пайдамыз қаншалықты? Ойланып көріңiз! 

Сол  Жаратқан  берген  бала  бойындағы  күш-қуат  пен  сапа-

қасиеттерге  қарсы  тұрудан  гөрi  оларды  жетiлдiре  түскенiмiз 

абзал емес пе? Бұл тұрғыдан тәрбие мiндетi – даралықты жою 

емес,  ал  оны  көзделген  мақсат  бағытында  дамыта  өрiстету. 


343

Мичурин дәрiптеген табиғатпен күресудің қаншалықты болым-

сыз  екенiн  бүгiнгi  Қазақстандағы  апатты  экологиялық  жағдай 

дәлелдеп  отырған  жоқ  па?  Осыны  түсiнiп,  жалпы  табиғатты, 

оның iшiнде шынайы адам болмысын тұғыр ретiнде ұстанған 

мұғалiм – дана ұстаз. 

Тәрбие  тәжiрибесiнде  кезiгетiн  және  бiр  басты  кемшiлiк 

–  баланы  тағдыр  тәлкегiнде  қараусыз  қалдыру.  Бiр 

бiрiне  сыйыспайтын  дүние,  бiрақ  баланы  қатаң  тезге  салып 

баққаннан гөрi кей жағдайларда оның өмiрi мен дамуына тiптi 

араласпаған тиiмдiрек. Жетiмсiз тәрбиеден болған олқылықтар 

кейiн  тұлғаның  өз  өмiршеңдiгiмен,  белсендiлiгi  және  дербес-

тiгiмен тез қалпына келедi. Осындай тәрбие аясында зерделi 

де iскер, талапшаң да тапқыр адамдар кемелденедi. Алайда, 

мұндай  жағдайдан  болар  қатердi  де  естен  шығармаған  жөн 

–  жастайдан  бойына  сіңдiрiлмеген  моральдық  қалыптар  мен 

шектеулер баланың бүкiл болашақ өмiрi мен бүтiндей қоғамды 

төзуге  мүмкін  емес  ыңғайсыздыққа  тап  қылады.  Моральдық 

сапалар  өздiгiнен  пайда  болмайды,  сондықтан  да  “тәрбие 

қазанында  қайнап,  пiспеген”  адам  өз  белсендiлiгiн  “тайғақ  та 

парықсыз” жолға салып жiбередi.

Бала  өз  сапа-қасиеттерiн  iс-әрекетiнде,  мiнез-құлық  және 

қылықтарында  көрсетедi.  Бiреуiнің  әрекетi  –  шапшаң,  лез-

де, екiншiсiнiкi – жай да байсалды, үшiншi бiрi – көрiнген iске 

құлай  салады  да,  соң  жағдайларды  пайымдап,  өз  әрекетiн 

ретке  келтiредi,  түзейдi.  Бiр  балалар  қатынасқа  тұйық,  сөзге 

сараң, екiншiлерi – ақ көңіл, аңғал, бiр баланың ойы қара ба-

сынан  ауыспайды,  ал  қасындағының  ойы  –  басқалар  қамы. 

Бiр балаға күйгелектiк тән, ал екiншi бала табиғатынан “дәрия 

тасса, тобығынан келмейтiн” жайсаң. Осы жәйттердi ескерген 

педагог әрекеттерiнің бәрi бiрдей болуы мүмкін емес.

Педагог  әр  оқушыға  өз  алдына  жеке  тәрбие  бағытын 

қолданады. Тәрбиелiк мақсаттар жүйесiн ретке келтiрiп алған-

нан  соң,  педагог  нақты  балаға  тән  қызметтiк-психологиялық 

ерекшелiктердің  нақты  iс-әрекетте  көрiнуiне  ықпал  жасайтын 

құрал,  шараларды  iрiктеп,  таңдайды.  Тәрбиелiк  ықпалдар 



жiктемесi  неғұрлым  жоғары  болса,  тәрбие  тиiмдiлiгi 

де  нәтижелi  келедi.  Бұл  орайда  жеке  даралығы  мен 

мүмкіндiктерiне  тәуелсiз,  барша  тәрбиеленушiлердің  ортақ 



344

моральдық талаптарды игеру және орындай бiлу қажеттiгi ес-

керiледi. Әр оқушының тәрбиелiк мақсатқа бағытталған нақты 

қадамдары,  тұлғалық  дамудың  нақты  тетiктерi  жекеленген 

өзгешiлiктерге әрi сол тұлғаның табиғи бастауларына сай бо-

луы қажет.

Сонымен,  бала  көңілiн  түсiну  –  жартылай  iс.  Оны  жеке, 

қайталанбас  тұлға  ретiнде  танып,  оның  беделiн  мойындау  – 

басты мақсат.  Өзiмен-өзi болу құқын тану – бала еркiндiгiнің 

арқауы. Мұнсыз гуманистiк бастамалардың бәрi өз нәтижесiн 

бермейдi.

     


Бала болмысын қабылдау

Бала  болмысын  қабылдау  –  сөзсiз,  алдын  ала 

ойластырылған  шарттарға  тәуелсiз  бала  тұлғасына  болған 

ұнамды қатынас. Қабылдау бұл тек ұнамды баға емес, баланы 

барша кемшiлiктерiмен мойындау, оның барша өзiмен-өзi болу 

құқын тану, барлық олқылық, өзгешiлiктерiмен  оны тану, бiлу. 

Мейлiнше өзiн көрсетуге еркiндiк беру. Педагог осының бәрiн 

бiледi.  Өз шәкiртiнің олқылықтарын орнына келтiруге дайын. 

Тәрбиеленушiнің  ұнамды  тараптары  келеңсiз  қылықтарынан 

басым  болса,  әлбетте,  тәрбиешi  оны  қабылдауға  құштар.  Ал 

тұрмыста  ондайлар  аз,  көбiне  тәрбиесi  жетiмсiз  пенделердi 

қабылдауымызға  тура  келедi.  Осыдан,  “қарғаны  аппағым 



деп,  кiрпiнi  жұмсағым”  деп  тануға  мәжбүр  боламыз.  Егер 

бала  бiздің  дегенiмiздей  болмаса,  бiздің  айтқанымызбен 

жүрмесе, бiздей ойламаса, оны қабылдау қиын. Ересектердің 

әдетi – балалардың бәрiн өз тұрғысына сәйкестендiргiсi келедi, 

бiрақ  онысын  өздерi  байқамайды.  Балаға  өзiн  басқалардан 

ажырата, өз бойын көрсетуге рұқсат бере бермейдi. Тәрбиешi 

алдында  әдемi,  салауатты,  тәрбиелi  балалардың  сыйлы  бо-

латыны  белгiлi.  Тынық  та  кiшiпейiл  қыз  балаларды  ерекше 

құрметтейтiнiмiз және бар.

Егер тәрбиешi баланы қабылдағысы келмесе, не формаль 

қабылдауға  сыңай  бiлдiрсе,  баланы  жақтырмағаны.  Көмек 

бергiсi  келгенiмен,  қатынас  түзелмей,  ол  ниетiнен  нәтиже 

шықпайды.  Шынайы  қатынас  екi  ортадағы  жан  шуағынан 

қалыптасады,  үлкен  сенiмге  негiзделген  шынайы  пiкiр  алы-



345

су  болған  жерде  орынғады.  Тәрбиешiнің  мейiрмен  иығынан 

қаққаны, жылы назары мен үнсiз қолдауы балаға қуат бередi, 

сенiмiн  арттырып,  қиыншылықтар  мен  кедергiлердi  жеңуге 

жәрдемдеседi.  Баланың  толқыған  байланыссыз  сөзін,  ұзын-

шұбай  ақтарылған  өкпесiн  шын  ызалы  сезiм  буырқасынына 

шыдап,  тыңдай  бiлу  –  тәрбиешi  мiндетi.  Көңілiндегiнің  бәрiн 

айтқызып, баланың өз сабасына келуiне мүмкіндiк бередi.

Бүгiнгi мектеп қатынастары баланы шартты қабылдауға не-

гiзделген. Оқушы ұдайы келесiдей ескертулердi тыңдауына тура 

келедi: “Егер сен…, мен сенi сыйлаймын”, “Мен сенiмен доста-

самын, бiрақ сен…”. Нәтиже бір балада  өзіне, төңірегiндегiлерге 

болған  қате  көзқарас  қалыптасады.  “Әй,  мен  осы  ешкiмге  де 

жақпадым-ау” деген ой оның астар санасында бекiп, мазалай-

ды. Себебiн табуға шамасы жетпейдi, ересектер ашып айтпай-

ды. Осыдан бала өзiндiк бағаны кемiтедi, өзiн-өзi жек көре бас-

тайды. Басқалар қабылдамауының салдарынан болған өзiндiк 

жек көру – жеке тұлға үшiн өте ауыр күйзелiс. Мұндай жағдай 

жүйкелiк сырқаттарға соқтырып, сенiмсiздiк пен шарасыздыққа 

тап  қылады.  Бүгiнгi  қабылданбаған  бала  –  ертеңгi  қоғамнан 

аласталған  ересек,  мейiр  мен  қайырымдылыққа  қанықпаған, 

өзiн  мәңгі  айыпты  деп  сезiнген,  мейiрiмсiз  әрi  «әпер-бақан» 

адам.

Баланы  қабылдаудың  негiзi  –  сүйіспеншiлiк.  Егер 



тәрбиешiде осы имандылық сезiмi болмаса, ешқандай кәсiби 

шеберлiк күйгелек те қыңыр, қиын баланы қабылдата алмай-

ды. Балаға деген педагогикалық мейiр ұстамды және байсал-

ды  болуы  қажет  деп  бiлемiз,  бiрақ  олардың  шектерi  қандай 

болмақ  –  ешкiм  де  анықтап  айта  алмайды.  Дегенмен,  анығы 

– баланы сүйе бiлген педагог қана оны ұтымды тәрбиелей ала-

ды, себебi бұл iстегi құралы тек ақыл емес, ол жүрек сезiмiн де 

ортаға салады.

Балаға болған мейiр әдiлдiк арқылы өтедi. Қандай да өтiрiк, 

келеңсiздiк бала көңілiнен таса қалмайды. Әдiлдiк пен адалдық 

- бала жанының азығы. Мұғалiм, тәрбиешi әдiлетсiздiгi балаға 

ауыр соққы. Тәрбиешiден толықтай ақылды да адамгершiлiктi 

болуды талап ету мүмкін емес, бiрақ әдiлеттi болу оның табиғи 

да кәсiби парыз – мiндетi. 



346

Егер  балаға  қойылған  талап  әдiлетсiз,  орынсыз  жоғары 

не  төмен  болса,  егер  оны  үздiксiз  қаралай  берсе,  әлбетте, 

мұндай  қатынастан  балада  наразылық  қарсылығы  өрбидi. 

Көрiнген iсi мен қадамынан күнi iлгерi қорқып, қай әрекетiнен 

де өзiндiк қанағат таппайды. Бұл бала белсендiлiгiн байлайды, 

өз қателiктерi мен күйзелiстерiнен арыла алмайтын жағдайға 

әкеледi.  Баланың  бiр-ақ  тiлегi  –  оны  адам  секiлдi  қабылдап, 

сыйласа екен – буыны қатпаған жастың өмiр арқауы. Қабылдау 

талап қоя бiлу мен принципиалдыққа негiзделедi. Ал бұлардың 

iске  асуы  ұнамды  қатынас  пен  ниеттi  жәрдем  жағдайларына 

тәуелдi. 

Толық әрi қалтқысыз қабылдау бала күйзелiсiн бәсеңдетедi, 

соңынан бiржола одан құтқарады, тәрбиеленушiнің өз болмы-

сын шынайлылықпен тiктеп, барынша көрсете алуына, өзiн-өзi 

реттеуге қажет еркiндiгiн пайдалануға мүмкіндiк бередi. Өкiнiшке 

орай, тәрбиеленушiге деген мұндай қатынас көптеген педагог-

тар санасында орнықпай жатыр, себебi бiз “баланың тәрбиесiн 

басқармаса, болмайды” деген ережеге сiресе, таңылғанбыз.

Әлбетте,  бiр  оқиғаға  болған  тәрбиешi  мен  тәриеленушiнің 

көзқарасы әрқилы, себебi екеуiнің арасында орасан жас және 

тәжiрибе  айырмашылықтары  жатыр.  Сондықтан  тәрбиешi 

қандай  да  бала  қылығына  деген  пiкiрiн  шыдамдылықпен 

түсiндiре  бiлуi  орынды.  Сонда  ғана  тәрбиеленушi  өз 

тәрбиешiсiнің талабын орынды түсiнедi, оның өмiрлiк қажеттiк 

екенiн  ұғынады.  Көзқарастар  айырмашылығы  тәрбиешi  мен 

тәрбиеленушiнi  қандай  да  мiнез  бiтiстерiн  саналы  байыптау 

қажеттiгiн түсiнуге жетелейдi. Осындай түсiнiмнен бала алдағы 

iс-әрекеттің мәнiн жете ойланып, оны қабылдайды, кейiн сол 

әрекеттi дұрыс бағытта орындауда ат салысады.

Тәрбиешi өз шәкiртiн сүйiп, қабылдайтынын нақты көрсетуi 

қажет пе? Бұдан бала оның “басына шығып, мойнына отырып” 

алмай  ма?  Әлбетте,  мұндай  қауiп  бар.  Бiрақ  ағайынгершiлiк 

(панибратство) пен үлкендi елемеу шынайы сүйіспеншiлiк пен 

сый-құрмет болмаған жерде, арадағы қандай да жалғандықтан 

болады. Мейiрлi тәрбиешi, әке мен шешесi құсап, өз шәкiртiн 

орынды  жерiнде  достық  пиғылмен  “сiлкiлеп”  алғаны  да  жөн. 

Бұл  тек  ортадағы  үйiршеңдiктi  нығайта  түседi.  Мұндай  ес-

кертпенi  дұрыс  түсiніңiз.  Әмiршiл  педагогикада  балаға  бұлай 


347

ықпал  жасау  –  үлкен  қылмыс.  Қисынсыз  көзқарас:  тәрбиешi 

баланы “тәрбиелеймiн” деп қандай да билiк жүргізуге құқылы, 

ал  өз  досыңды  кiшкене  “құлағынан  тартып”  орнына  келтiрiп 

қою – педагогикалық кiнә. Егер бала ересектердің өзiн толық 

сүйетiнiне, сыйлайтынына сенсе, атаның жұмсақ шапалағы, 

дос  тәрбиешiсiнің  жеңiл  шымшуы  оған  ешқандай  зиян  кел-

тiрмейдi.

Болашақ  тәрбиешiлердi  сақтандыратын  жәйiт  –  ешнәрсе 

өздiгiнен  келмейдi,  бәрiне  де  бiз  араласуымыз  қажет,  сонда 

ғана бала және онымен қатынас ұнамды өзгерiске түседi. Топ-

тар, сыныптар ауысады, балалар, ата-аналар, жағдай, теория-

лар, әкiмшiлiк, елдегi жағдай өзгередi – дүниеде қатып қалған 

ешнәрсе  жоқ.  Осыдан  әр  уақыт  өзіңiзге  өзіңiз  назар  қойып, 

төмендегi сұрақтарға жауап iздеудi әдетке айналдырыңыз:

1.  Тәрбиеленушiлерiм менi қалай бағалайды?

2.  Менің сүйіспеншiлiгiмдi олар сезе ме?

3.  Маған шәкiрттерiм сене ме?

4.  Оларды түсiнетiнiм жөнiнде ойлана ма?

5.  Менің өздерiнің досы ретiнде тануына негiз бар ма?

6.  Әдiлмiн бе?

7.  Менің оларға болған қатынасым ұнай ма?

8.  Олардың да мендей болып тiлдесiп, қатынасқанын қалар 

ма едiм?


9.  Оларды  тәрбиелегенiмдей  етiп,  менi  де  тәрбиелегендi 

қалар ма едiм?

10. Қандай тақырыптар жөнiнде олармен әңгіме жүргізе ал-

маймын? Не себептi?

11. Менің оларды түсiнiп, қабылдағанымды сезiне ме? 

12. Олар күйзелiсi неден?

13. Олар толғаныстарының мәнiн мен түсiне бiлемiн бе?

Ал  ендi  алдыңыздағы  баланы  болмысымен  қабылдауға 

қаншалықты дайын екендiгіңiздi тексерiп бiр көріңiзшi. Баланы 

қабылдаймын десеңiз – белгiлеңiз:

–  баланы  көрiнген  қылық  жасауға  құқылы  екенiн  мойын-

даймын;


–  балаға  өз  болмысына  сай  қылық  көрсетуге  рұқсат  бе-

ремiн;


–  оның барша сезiм, ой, толғаныстарын сыйлаймын;

348

–  оны тыңдап, түсiнуге әрi жақсы көруге дайынмын;

–   өз шынайлылығыма ақау келтiрмей, қай жағдай да бала-

ны қолдауды дұрыс деп бiлемiн;

–  балалар мен үлкендердің дүниенi бағалауы әрқилы де-

генге келiсемiн;

–  балаларды қажеттi түсiнiмге келтiрiп, өз ой, пiкiрлерiмдi 

олармен бөлiсуге дайынмын;

–  тәрбиеленушi 

бағыт-бағдарын, 

көзқарасын 

құрметтеймiн;

–  балалардың күш-қуаты мен мүмкіндiктерiне сенемiн,

–  жаңалықтар  мен  озат  тәжiрибе  топтауға  әрқашан 

құштармын.

Сонымен,  бала  болмысын  қабылдау  дегенiмiз  –  бұл  оның  

өзіне,  ойына,  сезiмiне,  толғаныстары  мен  қылықтарына  сый-

құрмет.  Балаға  құнды  болғанның  бәрiн  сыйлай  отырып, 

тәрбиешi шәкiртiне өз сүйіспеншiлiгi мен мейiрiн танытады, оны 

бағалай  бiледi.  Бұл  әруақытта  тәрбиенің  нәтижелi  болуының 

кепiлi.

Гуманист-педагог ұстанатын ережелер

Тұлғалық бағытта тәрбиелеудің арнайы әдістерi, ұйымдасу 

формалары бар ма? Әрине, жоқ. Гуманист-тәрбиешi бұрыннан 

қалыптасқан, өзiмiзге белгiлi дәстүрлi педагогика тұжырымдарын 

пайдаланады. Бiрақ олардың бәрi жаңарған тәрбие мақсаттары 

мен міндеттерiне орайластырылып, өзгерiске келтiрiледi, қайта 

түзеледi. Бастысы – тәрбие үдерiсiнің әдістерi мен формалары 

жаңа бағыт-бағдарға сәйкестендiрiледi. Мысалы, тәрбиенің 

жалпы әдісi - сендiру мен дағдыландыру. Бұл әдістердi педа-

гогтар өз көзқарасына сай әртүрлі қолданымға салады. Қатар 

басқарым тараптарлары - әмiршiл педагогтар сендiрудi тiкелей 

күштеумен қолданады, олар үшiн қойылатын талаптың анық та 

бұлжымас болуы басты шарт. Ал гуманистiк педагогикада сол 

сендiру  тәрбиеленушi  ерекшелiктерi  мен  жағдайды  сезiнуден 

бiршама  жұмсарта  қолданылады,  яғни  жақсы  формаға  кел-

тiрiледi. Бала ниеттерi, қажеттерi мен қызығуларын қамтамасыз 

етуге бағдарланады.

Тәрбиенің  ұйымдасу  формалары  да  бағыт-бағдар 

таңдауына  байланысты  келедi.  Сондай  формалардың 


349

жалпыланған  түрі  –  тәрбиелiк  iстер.  Ал  ол  iстердің  қатал 

басқарым тараптарларының формалды науқандық шаралары-

на айналып кетуi не тәрбиешi араласқан балалардың қызықты 

да тартымды мерекелiк ойын-сабақ сипатын алуы оқу-тәрбие 

бағыт-бағдары  мен  ұйымдасу  жолына  тәуелдi.  Сонымен, 

дәстүрлi тәрбие мен тұлғалық тәрбие, негiзiнен, сол байырғы 

формаларға сүйенгенiмен, өзара ажыралып тұрады: тұлғалық 

бағыттағы  тәрбие  iштей  еркiн,  өзiн  және  басқаларды  құрмет 

тұтатын,  белсендi  адам  қалыптастыруға  бағышталады.  Осы-

дан  әдістер  мен  формалар  көздеген  мақсатқа  мүмкіндiгiнше 

тез жеткiзетiндей бағытта таңдалып, iрiктеледi.

Тәрбие әдістерi мен формаларын гуманистiк арнаға келтiру 

үшiн әрбiр тәрбиешi тұлғалық бағыттағы педагогика тәжiрибесi 

жинақтаған келесiдей ережелердi ұстанғаны жөн: 

–  гуманистiк  тәрбие  бағытына  қайшы  келетiн  дәстүрлi 

әдіс,  форма  құрал-шараларын  ұдайы  жаңарған  талаптарға 

сәйкес  реттеп,  өзгерте  қолдануымыз  қажет.  Себебi  олардың 

бәрi  педагогикалық  құндылық  болғанымен,  басқа  әлеуметтiк-

экономикалық жағдайларда қалыптасқан;

–  тұлға  болмысын  аяқ  асты  етiп,  оның  намысына  нұқсан 

келтiретiн жазалау әдістерiнен түбегейлi арылу;

–  тәрбиеленушi денсаулығы мен психикасына зиян келтiр-

мейтiн оқу-тәрбие әдістерi мен формаларын ғана таңдау;

–  оқушылардың  өз  мiндеттерiн  адал  орындауға  болған 

ұмтылысын қолдап-қуаттау;

–  тәрбиеленушiнің келеңсiз қылықтарын принципиалды да 

қатал талдап, оған мұндай әрекеттердің орынсыз екенiн тiлек-

тестiк және шыдамдылықпен түсiндiру;

–  тәрбиеленушiге жiберген қателiктерiн аңдауға көмектесiп, 

жұмысында  орын  алған  олқылықтарды  шыдаммен  дәйiктi 

ұғындыру;

–  баланың көңіл-күй қалпының жайлы болуын қамтамасыз 

ету;


–  оқушыда ұнамды өзiндiк бағалау,  өзіне деген сенiм мен 

жеке басының қадiрiн сезу қабiлетiн қалыптастыру;

–  талаптарды үздiксiз бiртiндеп күрделендiрiп отыру, жетiс-

кен нәтижелердi бекiту;



350

–  қажеттi бағытта тұлға әрекеттерiнің белсендiлiгiн көтеруге 

ат салысу;

–  баланы сүйе де құрметпен қабылдай отырып, тәртiп та-

лап етудi ұмытпау;

–  бала толғаныстары мен қызығуларына баса көктеп ара-

ласпай, әдептiлiкпен әрi үйлесiмдi жөн-жосақ берiп бару;

–  өз  кемшiлiктерің  мен  жетiстiктеріңдi  пайымдай  бiлiп, 

басқа тәрбиесiнде ұнамды болған басылымдықтарды ғана пай-

далану. Балаға үлгi-өрнек екеніңiздi ұмытпай, әр қадамыңызды 

қадағалап барыңыз;

–  тәрбие үдерiсiнің әр сәтi қалай жүріп жатқанын бiлiп бару 

үшiн өз шәкiрттеріңдi қырағылықпен бақыла;

–  өз шәкiртіңнің әрқандай табысына қуана бiл;

–  балаға өз болмысын тiктеп, танытуға мүмкіндiк бер;

–  балаға қандай талап қоятыныңда және одан не күтеріңдi 

үздiксiз ескерiп отыр;

–  тәрбиеленушi қалпы мен көңіл-күйiн ескерiп бар. Зауқы 

болмаса, көңілiн көтерудің жолын iзде. Шектен тыс шашылып 

бара жатса, тиым сал;

–  баланы  үлкен  зейiндiлiкпен  тыңда.  Сол  мезеттегi 

жұмыстарыңды қоя тұрсаң да, зияны болмас;

–  тәрбие  үдерісін  таңдалған  ұзақты  мұрат  бағытынан 

шығармау;

–  тәрбиеленушiмен әңгімелесуден ләззат алу;

–  тәрбиеленушiмен оның қалауына сай әңгімелесу;

–  гуманистiк  тәрбие  бағытын  бала  өсiп  жатқан  отбасыда 

дамыту;


–  қылықты кiнәла, бiрақ тұлғаны сыйлаудан жазба;

Тәрбиешiге жат әрекеттер:

–  бала намысын таптап оны келеке қылу;

–  баланың мiнез кемшiлiгiн бетiне басу;

–  баланың тән-дене кемшiлiктерiне мән берiп, мазақ ету;

–  қойылған талаптарды бала еркiндiгiн байлап, қалтықсыз 

орындату;

–  бала дербестiгiне шек қою;

–  баланы басқа қатарларымен салыстыра, кемсiту;

–  бала түсiнiмiне жат сөздердi пайдаланып, нұсқау, кеңес 

беру;


351

–  бала дәйiктемелерiн қай жағдай да жоққа шығару;

–  қай жағдайда да балалар тобын орынсыз айыптау;

–  көңіл қошы жоқ баланы әңгімеге тартып, әурелеу;

–  баланың өзi мен өзi болу құқына шектеу;

–  көзделген өзгерiстер дер кезiнде әрi жылдам болмағанына 

күйзелiп, күйбеңге салыну;

–  баланың еленбес кемшiлiктерiн терiп, намыс, ар жөнiнде 

жалпы қорытынды жасау. 

Тәрбиешi-гуманист болу бiр сәттiк iс емес. Ол үшiн әр тұлға 

өз мүмкіншiлiктерiн түсiнiп, арнайы дайындық көруi қажет. Бұл 

үшiн әйгiлi американ педагог-гуманистi К.Роджерс өрнектеген 

сұрақтарға жауап берiп көріңiз. Сонымен:

Өсiп,  дамудағы  тұлғаның  жан  дүниесiне  араласуды  өзіңе 

дұрыс деп есептер ме едің? Сот емессің, сыншы емессің – бала 

жанына енiп, оны жөнiмен бағалау қолыңнан келе ме?

Жастарға шын көңіліңдi ашық айта алар ма едің? Жастар-

мен болған топтық қарқынды қатынастарда өз болмысыңда ай-

нытпай сақтау мүмкіндiгің бар ма?

Әр тұлғаның қызықсыну аймағын аша бiлер ме едің? Немен 

бiтерiне тәуелсiз оның дамуына мүмкіндiк берер ме едің?

Әр  адамның  ең  жоғары  құндылығы  –  өзiн  және  қоршаған 

дүниенi  тануға  болған  ықыласын  сақтап  қалуда  жастарға 

көмектесу қолыңнан келе ме?

Жастар  үшiн  адамдарды,  еңбек  тәжiрибесiн,  кiтап  және 

басқа  қызығу  оятатын  дерек  көздерiн  тануға  жағдай  жасауда 

шығармашыл көмек беру қолыңнан келе ме?

Шығармашыл  оқу  мен  еңбекке  сабақтас  жүретін 

қисынсыз  және  тосын  ой,  пiкiрлердi  қабылдап,  қолдар  ма 

едің?    Өз  шәкiрттеріңнің  қалыптан  тыс  ойларын  қабылдауға 

дайынбысың?

Өз  тәрбиеленушiлеріңе  идеяға  өткен  сезiмдерiмен  не 

сезiмге  ауысқан  идеяларымен  бiрiгiмдi  тұтас  тұлға  болып 

қалыптасуына жәрдем бере аласың ба?

“Егер кiмде – кiм осы сұрақтардың көпшiлiгiне, құдай оңдап, 

“ия”  деп  жауап  бере  алса,  онда  ол  өз  оқушыларының  өмiрi 

мен тiршiлiгiн жеңiлдетiп, жастардың көптеген мүмкіндiктерiнің 

дамуына көмек бере алады”, – деп қорытындылайды К. Род-

жерс.


352

Сонымен, тұлғалық бағытты тәрбиенi арнайы дайындалған 

iзгi жанды тәрбиешi ғана орындай алады. Ондай адам тұғырлы 

принциптердi қару етiп, ненің мүмкін, ненің болмайтынын жақсы 

бiлiп алуы мiндеттi.


353

 Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Нелiктен өткен дәуiрдің дәстүрлi тәрбиесiнде болған  тұлға 

жаңа заман талаптарына сай келе бермейдi?

2.  Тәрбие бағытына қандай өзгерiстер енгенi жөн?

3.  Жеке  тұлғаға  бағытталған  тәрбиенің  дәстүрлi  тәрбиеден 

айырмашылығы неде?

4.  Тұлғалық  тәрбие  дәрiптейтiн  құндылықтар  мен  рухани 

дүние құрамы қандай?

Гуманистiк  педагогиканы  мектеп  тұрмысына  ендiруге  ке-



дергi жәйттер қандай?

6.  Баланы түсiну деген не?

7.  Нелiктен баланы тұтастай танып, қабылдау қажет?

8.  Тұлғалық қасиеттердің ең маңыздысын атап, сипаттаңыз.

9.  “Тәрбиешiнің мүдделi қатынасы” дегендi қалай түсiнесiз?

10.  Бала беделiн ұлықтау деген не?

11.  Бала беделi нелерден құралады?

12.  Тәрбиедегi демократизм қай деңгейде болуы қажет?

13.  Өзiндiк  баға  мен  бақылаудың  (саморефлексия)  нәтижесi 

не және ол қалай орындалады?

14.  Баланы танып, бiлу, тұлға ретiнде қабылдау үшiн қажет… 

(жалғастырыңыз).

15.  Гуманистiк тәрбиенің ерекше әдістерi бар ма?

16.  Гуманист-мұғалiм ұстануы қажет ережелердi атаңыз.

17.  Тұлғалық тәрбиеде не нәрселерден аулақ болған жөн?

18.  Тұлғалық  тәрбиенің  мектеп  тәжiрибесiне  ену  болашағы 

жөнiнде не пiкiр айтар едіңiз?


354



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет