2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет32/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Мұғалiм шеберлiгi

Бастауыш  мектеп  мұғалiмiнің  жұмысын  сараптауда  ең 

алдымен  назарға  алынатын  бiрiгiмдi  сапалар  (интеграль-


393

ные)  жиынтығы  –  мұғалiм  шеберлiгi.  Бұл  ұғымға  берiлетiн 

анықтамалар санқилы. Ал жалпы мағынада мұғалiм шеберлiгi 

– бұл өте жоғары деңгейдегi әрi ұдайы жетiлiп баратын 



тәрбиелеу және оқыту өнерi. Шеберлiк негiзi – жеке тұлға 

мәдениетi,  бiлiм  мен  өрiстi  дүниетаным  және  осы  сапалар-

мен кiрiге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжiрибе. 

Шеберлiкке  көтерiлудің  басты  шарттары:  теорияны  бiлу,  оқу-

тәрбие  үдерiсiнің  тиiмдi  технологиясын  пайдалана  бiлу  мен 

оны нақты жағдайларға орай сәйкестендiре таңдау, көзделген 

деңгей  мен  сапаға  байланыстыра  нақтамалау,  болжастыру 

және жобалау.

Педагогикалық  шеберлiктің  құрамды  қырлары  мен  сырла-

ры  баршылық.  Олардың  арасында  ең  алдымен  көрiнетiн  аса 

қажеттi  сапа  -  ұйымдастырушылық,  яғни  оқу  үдерiсiнің 

қандай жағдайында болмасын, тiптi қолайсыз болған күндеде, 

тәрбие, даму және бiлiмнің алдын ала жоспарланған деңгейiне 

қол жүргізу. Нағыз мұғалiм қалаған сұраққа қалыптан тыс жау-

ап тауып, оқушы көңілiнен шығады, оның ойына қозғау салып, 

толғанысқа  келтiре  алады.  Мұндай  ептiлiкөз  пәнiн  тереңдей 

бiлген,  өз  бiлгендерiн  оқушыға  жеткiзе  алатын  мұғалiмге 

тән  қасиет.  Қазіргі  заман  оқу  әдістерiн  жете  меңгеру  де  осы 

шеберлiктің бiр қыры. Ал осының бәрiне үйрену мүмкін бе? Ше-

берлер тәжiрибесi мұндай ұстаздық деңгейге көтерiлудің кiлтi 

мұғалiмнің  өз  бойында  болатынын  дәлелдеп  отыр.  Әлбетте, 

бұл  оңай  шаруа  емес,  үлкен  күш-қуат  жұмсауды  қажет  етедi. 

Шеберлiкке  жету  кезеңдерi  келесiдей:  озат  мұғалiмдер 

тәжiрибесiн  бақылау;  үздiксiз  бiлiктiлiк  көтерiп  бару,  арнайы 

әдебиеттердi оқу, өз оқу iстерiнде оқытудың жаңа әдістерiн ен-

дiрiп бару, өзiндiк сарап жүргізіп отыру.

Педагогтың    өнерi  әсiресе  сабақ  барысындағы  оқыту-

үйрету   ептiлiгенен  көрiнедi.  Тәжiрибелi мұғалiм бағдарлама-

лық материалды сабақ уақыты аралығында игеруге тырысады, 

оның үшiн үй тапсырмалары – сабақта игерiлгендi тереңдету, 

бекiту,  кеңейту  амалы.  Тәжiрибелi  мұғалiм  табыстарының 

сыры оқушының оқу iстерiне басшылық жасай бiлуiнде. Шебер 

оқытушы  бүкiл  бiлiмдену  үдерісiне  дирижерлiк  ете  отырып, 

оқушы еңбегiн материал мазмұнының аса маңызды да күрделi 

тараптарына бағдарлап отырады. 



394

Шеберлiктің  және  бiр  маңызды  көрсеткiшi  –  оқушыларды 



белсендiлiкке  ынталандыра  бiлу,  олардың  қабiлеттерiн, 

дербестiгi  мен  зерделiлiгiн  көтере  түсу,  балаларды  сабақ  ба-

рысында ой толғастыруға ойыстыру.

Оқу  үдерiсiнде  тәрбие  жұмыстарын  тиiмдi  жүргізе  бiлу, 

оқушыларда  жоғары  инабаттылық,  ұлтжандылық,  отан 

сүйгіштiк сезiм, еңбеккерлiк, өз әрекет-қылығына жауапкершiлiк 

қалыптастыру ептiлiктерi де – мұғалiмдiк шеберлiктің ажырал-

мас элементтерiнен.

Шеберлiк  деңгейiнен  көрiне  алмаған  мұғалiм  баланың  ой-

лануына,  пiкiр  жүргізуiне  мүмкіндiк  бермей,  өз  бiлгенiн  оған 

қандай  да  жолмен  таңа  салуға  ұмтылады.  Ал  шебер  ұстаз 

сол  бiлiм  арқылы  баланы  оқу  ләззатына  бөлеп,  қуанышқа 

жеткiзедi.  Мұғалiмнің  мiндетi  –  оқуға  қажет  ұнамды  көңіл 

шарпуларының сол оқу үдерiсiнің  өзінен пайда ету. Сол үшiн 

де ол жұмыс түрлерін ауыстырып барады, оқушылардың бел-

сендiлiгiне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайда-

ланумен  бала  қызығуларын  оятады,  т.с.с.  Бiр  жұмыс  не  әдіс 

түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан жаңа да 

соны  тәсiлдердi  шаршамай  iздестiру  мұғалiмнің  шартты  мiн-

детi болуы қажет. 

Педагогикалық  шеберлiктің  маңызды  элементi  –  жоғары 

деңгейдегi  педагогикалық  техника.  Педагогикалық  техни-

ка  -  бұл  педагогикалық  қызметтестiк  әдістерiн  тиiмдi  қолдану 

үшiн  мұғалiмге  қажет  бiлiм,  ептiлiк,  дағдылар  жиынтығы. 

Педагогикалық  техниканы  меңгеру  үшiн  педагогика  мен  пси-

хология  бойынша  арнайы  бiлiмдердi,  ерекше  тәжiрибелiк 

дайындықты  қажет  етедi.  Ең  алдымен  педагогтың  игеретiнi  – 

балалармен қарым-қатынас, тiлдесу ортақтастығы (общение): 

оқушылармен орынды сөйлесу мәнерi мен ортақтасу мәнерін 

таңдай  бiлу.  Балалармен  қатынастың  қарапайым  да  табиғи 

болғаны  жөн.  Мұғалiм  жасөспiрiммен  тiлдесуде  жалған  сөз, 

құрғақ  уағыз  бен  жасанды  ағайынгершiлiктен  (панибратство) 

аулақ болғаны дұрыс.

Педагогикалық  техниканың  құрамды  бөлiгi  –  тәрбиешiнің 



өз зейiнi мен балалар зейiнiн басқара бiлуi. Шоғырлы топ-

тарда  көп  санды  да  санқилы  оқу  iстерiн  орындауда  ешбiр 

нәрсе оның назарынан тыс қалмауы тиiс. Аса маңызды жәйт – 


395

оқушыны әрекет-қылығының сырттай белгiлерi бойынша оның 



жан  дүниелiк  қалпын  анықтап  бiлу.  Бұл  педагогикалық 

әрекеттердi  таңдауда  ескерiлетiн  мұғалiмнің  басты  кәсiби 

сапаларының бiрi: педагогикалық әдеп негiзi және тәлiм-тәрбие 

қызметiнің тұғыры.

Iс-әрекет  қарқынын  сезе  бiлу  де  –  педагог  үшiн  маңызды 

сапа.  Оқу-оқыту,  жалпы  тәрбиелеу  барысындағы  мұғалiм 

қателiктерiнің көбi өз әрекет қарқындылығы мен педагогикалық 

шешiмдерiн барластырып, өлшестiре алмауынан туындайды: 

не асығады, не кешiгедi, ал бұл қай жағдайда да педагогикалық 

ықпалдың тиiмдiлiгiн кемiтедi.

Педагогикалық  техника  ептiлiктерi  мен  дағдыларының 

үлкен  тобы  тәрбиешiнің  оқушылар  тарапынан  болған  қандай 

да  қылық-әрекеттерге  немесе  оларда  байқалған  моральдық 

қасиеттерге  деген  өз  субъектив  бағасын  әсерлi  бiлдiре  алу 



тәсiлдерiнен  құралады.  Педагог  еш  уақытта  бейтараптыққа 

салынуы мүмкін емес. Ол өз шәкiрттерiнің өнегелi iстерiне шат-

танады, жарамсыз қылықтарынан күйзеледi. Оның толғанысы 

бала әрекетiнің шынайы бағасы. Бұл тұрғыдан, педагог шебер-

лiгi  қандай  да  бiр  қырымен  актерлiк  шеберлiкпен  ұштасады. 

Педагогтың балаға қаратылған сөзі өтiнiш те, мiнеу де, қолдау 

да,  бұйрық та болуы ықтимал. Педагог кез келген уақытта тек 

өз рөлiн “ойнайды”, сондағы мақсаты бiреу-ақ - тәрбиеленушiге 

дұрыс ықпал жасау.

Педагогикалық ортақтасу – балалармен байланыс-қатынас 

түзу  құралы.  Осыдан  оны  мұғалiм  мен  оқушы  арасындағы 

сенiмдi  байланыс  орнықтыруға  бағытталған  педагогикалық 

кәсiби өзара ықпалды әрекет деп түсiндiруге де болады. Бұл 

орайда  мұғалiм  үшiн  аса  маңызды  болатын  жағдаяттар:  сөз 

саптау,  сөйлеу  мәдениетi,  дауыс  қоя  бiлу,  өз  дауысын,  ым-

ишарасын,  сөз  барысында  тыныстап  бiлу  деңгей  ептiлiктерiн 

басқарымға келтiре алуы. “Мен “бермен кел” дегендi 15-20 түрге 

құбылта айтып, қол, дене, бет-әлпет қозғалыстарымды 20 түрге 

келтiрiп, сезiмiмдi бiлдiре алатындай кезде ғана, шеберлiгiмнің 

қалыптасқанын байқадым”- деп жазыпты А.С.Макаренко.

Педагогикалық ортақтасу мәселелерi әлемдiк педагогикада 

жоғары белсендiлiкпен зерттелуде. Жақын арада жарияланған 

американ  педагогтары  Дж.Брофи  және  Т.Гуддтың  “Мұғалiм 



396

мен  оқушы  арасындағы  қатынас”  кiтабында  оқушыларға 

болған  таңдамалы  қатынаста  көрiнетiн  мұғалiмнің  “субъек-

тив”  пайымдау  ерекшелiктерi  талданады.  Белгiлi  болғандай, 

мысалы,  педагог  өзi  тәуiр  көретiн  оқушыларға  көбiрек  назар 

салады  екен.  Қаламаған  оқушылары  оның  назарынан  тыс 

қалып,  мұғалiм  “шуағын”  сезiне  алмайды.  Мұғалiмнің  жақсы 

көретiндерi данагөй, тәртiптi, тiл алғыш оқушылар. Енжарлар 

мен  ынжықтар  тiптi  де  еленбейдi.  Ал  тәуелсiз,  өжет,  белсен-

дi оқушылар мұғалiмге ұнай бермейдi. Қарым-қатынас түзуде 

оқушының  сырттай  тұрпаттық  әдемi  көрiнiсi  де  маңызды  ке-

ледi.


Дж.Брофи мен Т.Гудд анықтағанындай, мұғалiм:

–  алдыңғы  партада  отырған  балалармен  ырықсыз  көп 

қатынас жасауға ұмтылады;

–  олардың бағасын да жоғарылатып қоюға әрекеттенген;

–  жазуы әсем балаларды көбiрек құрметтейдi;

–  ұқыпты да әдемi киiнген оқушыларға көбiрек назар ауда-

рады;

–  әйел мұғалiмдер көбiне ұл балалар бағасын жоғарылау 



бередi;

–  ер  мұғалiмдер  сүйкiмдi,  сұлу  қыз  шәкiрттерiнің  бағасын 

көтермелейдi ж.т.б.

Педагогикалық  ортақтасуға  орай  мұғалiмдердің  үш  тобы 

анықталған: “белсендi”, “көңілшек” және “әсiре белсендi”. Бiрiн-

шiлерi  -  қатынас  түзуде  ынталы,  әр  оқушымен  жеке  қатынас 

жасауға шебер, тәжiрибе, жағдайға орай әрекеттерi ауысып ба-

рады.  Өзiнің қандай мақсат қойып, оған қалай жететiнiн бiледi, 

түсiнедi.  Екiншiлерi  де  өз  көрсетпе-талаптарын  икемдiлiкпен 

пайдалана  алады,  бiрақ  көңілшектiктен  әлсiз.  Қатынастар 

түзуде  балалар  жетегiнен  шыға  алмай  қалады.  Мақсаттары 

күңгірт,  мiнезi  –  икемшiл,  тұрақты    көзқарасы,  бағыты  жоқ. 

“Әсiре  белсендi”  мұғалiм  өз  оқушыларын  шектен  тыс  жоғары 

бағалауға  бейiм,  баламен  қатынасының  көбi  шындыққа  жа-

наспайтын  кейiпке  түсiп  кетедi.  Оның  бағалауында  сәл  бел-

сендi  бала  –  бұзақы  да  тәртiпсiз,  ал  енжар  оқушы  –  жалқау 

да  ақымақ.  Мұндай  мұғалiмнің  қылық-әрекетi  де  өз  шәкiртiне 

қойған  бағасына  сай:  нақты  оқушыны  өз  өлшеміне  сәйкес 

көремiн деп шектен шыққан қылықтарға бой ұрады.


397

Педагогтың басты қаруы – сөзден басқа оның құрал-жабдық 

қорында бiр топ сөздік емес (вербалды емес) тiлдесу-ортақтасу 

шаралары  жинақталған.  Олар:  тұрпат  кейпi,  ым-ишара,  қол, 

көз сiлтемелерi. Зерттеулерге қарағанда мұғалiмнің  мiз бақпас 

бетiнде  ақиқаттың  10-15  %-тi  жойылады  екен.  Балалар  өз 

ұстазының  қас-қабағын  сезгiш-ақ.  Оның  бетiнің  бозаруы  мен 

түксиген  қабағынан  iстің  қандай  да  насырға  шапқанын  сезiп, 

оқу  қарқынын  бәсеңсiрiп,  нәтиженi  алыстатады.  Мұғалiмнің 

бетiн көлеңкелеп, назарын тайдыруы немесе кекiрейе бой тiк-

теп,  мықынын  таянуы  балалар  тарапынан  оның  сенiмсiздiгi, 

келiспейтiндiгi, қарсылығы ретiнде қабылданады. Тiк тұрғанда 

алақандары  ашық  болып,  отырғанда  аяқ-қолы  жайбарақат 

жайласа, балалар мұны оқытушының сенiмi, келiсiмi, өздерiне 

деген  болымды  қатынас  деп  сезiнедi.  Мұның  бәрi  оқушылар 

тарапынан бейсана қабылданады.

Шабыт,  қуаныш  не  сенiмсiздiк  жоғары  дауыспен  жеткiзiл-

се,  ашу,  қорқыныш-айқаймен  бiрге  жүреді,  ал  қайғы  мен 

шаршау  жұмсақ  та  бәсеңсiген  дауыспен  жеткiзiледi.  Есіңiзге 

түсiріңiз,  кейбiр  мұғалiмдеріңiздің  шарбая  не  ысқырған  дау-

ысынан  қаншалықты  сескенiп,  үрiккеніңiздi.  Мұндай  дауысты 

адам  педагогикалық  қызметке  тiптi  де  жарамайды.  Әлбетте, 

өзiндiк тәрбиемен, тұрақты өзiндiк жетiлдiру жаттығуларымен 

адам  бойындағы  көп  нәрсенi  өңдеуге  болады.  Сөйлеу  желiсi 

де мұғалiм сезiмiн бiлдiредi: жылдам сөз – толқу мен күйзелiс, 

жай сөз – шаршағандықты, менмендiктi, көңіл қараштығын та-

нытады.

Бас сипау, жанасу, қол алысу, иықтан, жауырыннан қағу да 



өз мәнiне ие. Мұндайда әсiресе бiр жағы кем отбасы балалары 

жақсы  қабылдап,  педагогты  жоқ  әкесi  не  анасының  кейпiнде 

таниды.  Тентек  пен  қыңырды  не  өкпелегiш  баланы  басынан 

сипап, қандай да бiр басқа тәсiлдердiң бәрiмен жетiсе алмаған 

құрметке бөленесiз. Бұл әр педагогтың қолынан келе бермей-

тiн әдіс, мұны тек бала сенiмiне толық кiрген мұғалiм ғана жа-

сай алады. 

Мұғалiмнің баламен нақты қатынастағы педагогикалық екеу 

ара қашықтығы (дистанция) келесiдей белгiленген: 


398

–  тiкелей жеке-дара сөйлесуге мұғалiм – оқушы арасы 45-

120 см-ге дейiн;

–  сынып тобымен ресми сөйлесуде – 120-400 см-ге дейiн.

Сөйлесудегi  аралық  қашықтықтардың  ұдайы  өзгерiстерде 

болуы  педагогикалық  еңбек  ерекшелiктерiнен,  себебi  педагог 

әрдайым нақты шарттар мен жағдайларға икемдесуi қажет.

Қол  сiлтемелерiн  де  ұмытпаңыз!  Қол  ұшы  қозғалысы 

мен  шошайған  бармақ  әңгімеге  жан  бередi  не  қатынасты 

қарапайымдастырады  (не  қиындастырады).  Мысалы,  ашық 

алақан  адамды    өзіне  тартады.  Айқастырылған  аяқтар, 

артқа  тартылған  не  қалтадағы  қолдар  –  сұхбаттастар  арасы-

на  кедергi  салады.  Сұқ  бармақты  көп  шошаңдата  бермеңiз 

–  бұл  басымдылық  пен  әмiршiлдiктің  белгiсi.  Қаламыңыз 

бен  көзiлдiрiгіңiздi  сипалақтап,  бармағыңызбен  столды 

тоқылдатып,  аяқтарыңызды  тықылдата  бермеңiз  –  бұл  сiздің 

шыдамсыздығыңыз  бен  сенiмсiздiгіңiздi  байқатып,  әңгіме 

желiсiнен ауытқытады. Мұғалiм назары айнада не кiтапта бол-

май,  кезегiмен  оқушыларына  бағытталғаны  жөн.  Сонда  ғана 

балалар сiздің көңіліңiздің өздерiмен бiр екенiне сенедi, сiзбен 

бiрлiкте жұмыс жасауға дайын тұрады.

Қорытындылай келе, айтарымыз – бәрi шеберлiкке тәуелдi. 

Ал шеберлiктің өзi ұзаққа созылған тыңғылықты, өзiн жасауға 

бағышталған  мұғалiм  еңбегiнің  нәтижесi.  Кейбiр  мұғалiм 

оқушыларының  қимылсыз  тыңдап,  тыныш  отырғанын,  жазып 

не оқып үлгерiп жатқанын қанағат тұтып, артық iс-әрекетке бара 

бермейдi. Мұндай мұғалiм еш уақытта да бала көңілiн жылыта 

алмайды, оған бала жүрегiнде орын жоқ. Мұғалiм болдың ба 

– кәсiбіңдi арғымақша ерттеп, мiн, өз iсіңнің шеберi бола бiл.


399

Өзiңiздi тексерiңiз

1.  Мұғалім сөзінің анықтамасын беріңіз?

2.  Мұғалімнің жалпы педагогикалық міндеттері қандай?

3.  Педагогикалық басқарым әрекеттерін атаңыз?

4.  Мұғалімге қойылатын талаптар қандай?

5.  Мұғалімге тән қасиеттер тобын сипаттаңыз?

6.  Оқушылардың бағалауы бойынша мұғалімнің ең  үздік 

сапа-қасиеті қандай?

7.  Педагогиканың қабілеттер неден құралады?

8.  Басты  мұғалімдік  қабілеттер  деп  қандай  қабілеттерді 

атар едіңіз?

9.  Педагогтың кәсіби сапаларының мазмұнын ашыңыз.

10. Мұғалімнің адамилік қасиеттерінің мазұны қандай?

11.  «Педагогикалық шеберлік» түсінігі нені білдіреді?

12. Педагогикалық қарым-қатынастар ерекшелігі неде?

13. Мұғалімнің  жүйеленген  шеберлігі  дегенді  қалай 

түсіндірер едіңіз?

14. Педагогикалық шеберлік құрамына не кіреді?

15. «Педагогикалық ұсынақтылық (техника)» деген не?

16. Педагогикалық әдет мәнін ашыңыз.

17. Әзіл-сықақ педагогққа қажет пе?

18. Мұғалім қызметіне байланысты негізгі ерекшеліктердің 

мәнін түсіндіріңіз.


400

Қазақ тілінде жарияланған әдебиеттер:

1.  Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, Қазақ университеті, 

1989.

2.  Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. 



– А., 1991.

3.  Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгер-

шілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы, 1985.

4.  Айтмамбетова  Б.,  Бейсенбаева.  Тәрбиенің  жалпы  әдістері.  –  А., 

1991.

5.  Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жол-



дары. – А., Өнер. 1972.

6.  Ахметов  Ж.  Балаларды  мәдениеттілікке  тәрбиелеу  жолдары.  // 

Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.

7.  Алмаханова  Х.  Жасөспірімдерге  эстетикалық  тәрбие  беру.  / 

Методикалық нұсқау. А., 1990.

8.  Ақназарова Б. Класс жетекшісі. – А., Мектеп, 1973.

9.    Әбенбаев  С.  Оқушы  жастарға  эстетикалық  тәрбие  беруді  жетілдіру. 

– А., 1992.

10. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. – А., 1999.

11. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. – Шымкент, 1994.

12. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006.

13. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 

2004.

14. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. – Алматы, 1988.



15.  Әбиев  Ж.  Еңбек  тәрбиесінің  педагогикалық  негіздері.  –  Алматы, 

1997.


16.  Әбиев  Ж.  Оқушыларға  атеистік  тәрбие  беру.  Алматы,  //  Қазақстан 

мектебі, 1959, № 3.

17. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А., 1972.

18. Әбілова З. Этнопедагогика, – А., 1997.

19. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.

20.  Бабаев  С.,  Оңалбек  Ж.  Жалпы  педагогика.  Оқулық.  Алматы,  Заң 

әдебиеті, 2005.

21. Бап-Баба С. Жалпы психология. Алматы, 2006.

22. Бап-Баба С. Психология негіздері. Оқу-анықтамалық құрал. Алматы, 

2007.


23. Болдырев Н. Класс жетекшісі. – А., Мектеп, 1980.

24. Богословский В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980, 13 тарау.

25.  Безкаравайный  С.,  Жұмабаев  А.  Мектепте  өткізілетін  тарихи-әдеби 

кештер. – А., Мектеп, 1968.

26. Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976.

27. Дорженов С. Бүгінгі ислам. – Алматы, Білім қоғамы, 1988.



401

28.  Дүйсенбинова.  Адамгершілік  тәрбиесіне  айқын  бағыт.  //  Қазақстан 

мектебі. 7-1991 ж.

29. Елеменов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру 

негіздері. – А., 1985.

30.  Егембердиев  Ж.  Мектеп  жұмыстарын  жоспарлау  /  Методикалық 

ұсыныстар. – А., Мектеп, 1975.

31. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кей-

бір мәселелері. – А., 1985.

32. Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру концепциясы. // 

Қазақ мұғалімі, 1-тамыз, 1989.

33. Жақыпов А. Өнеге өрісі. – А., Мектеп, 1975.

34. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. – А., 1977.

35. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. – Алматы, 1991.

36. Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). – А., 1991.

37. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. – А., 1983.

38. Классный час и его организация. – А., Мектеп, 1989.

39. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, 

– А., 1973.

40. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – иА., 1990.

41.  Көпжасарова  М.  Оқушыларды  класстан  тыс  жұмыстарда  коллекти-

визмге тәрбиелеу.  А., Мектеп, 1978.

42. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. – Алматы, Мектеп, 1976.

43. Крупская Н. Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы. Таңдамалы 

педагогикалық шығармалары. – А., 1973.

44. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана, 1998.

45. Лемберг Р. Оқыту әдістері. – Алматы, 1958.

46. Макаренко А. Ұстаздық дастан. – А., 1985.

47. Макаренко А. Ата-аналар кітабы. – А., 1985.

48. Мурзалин С. Рухани байлық. –  А., / Қазақстан, 1988.

49. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. – Алма-

ты, 1981.

50. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – А., Білім, 1994.

51. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы, 1991.

52. Нұрмағанбетов С., Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. 

– А., Мектеп, 1969.

53.  Нұрланова  Г.К.  Орта  ғасыр  ғұламаларының  тәрбие  тағылымдары. 

– Алматы, // Қазақстан мектебі, № 7. 2003 ж.

54. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. – А., Мектеп, 1975. / 

Құрастырған: Қырқалов В. П., Шпитальник П.Э.

55. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. – А., Мектеп, 1975. / 

Құрастырған: Қырқалов В.П., Шпитальник П.Э.

56.  Оқушыларды  тәрбиелеудің  үлгі  мазмұны.  /Редакциясын  басқарған 

И.С. Макаренко. Аударған З. Бейсенбаев/. – А., Мектеп, 1978.

57. Положения о рейтинготестовой контроля качества знаний, навыков  и 

умений студентов. – Алматы, Казгумя, 1996.



402

58. Педагогикалық басшылық. // Бастауыш мектеп. Т. 1, 1987.

59. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. / Ред. басқарған А. 

Петровский. – А., Мектеп, 1987.

60.  Сабыров  Т.  Болашақ  мұғалімдердің  дидактикалық  дайындығын 

жетлдіру.  –  Алматы,  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім 

академиясының баспа кабинеті, 1999.

61. Сухамлинский В. Балаларға жүрек жылуы. – А., 1976.// Қуаныш мек-

тебі.

62.  Сабыров  Т.  Оқушылардың  оқу  белсенділігін  арттыру  жолдары  –А., 



Мектеп, 1978.

63. Сабыров Т.С. Ақыл-ой тәрбиесі – А., Мектеп, 1973.

64. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986.

65.  Сухомлинский  В.А.  Мектептің  жас  директорларымен  сырласу.  –  А., 

1987.

66.  Сапарғалиев  Г.  Оқушыларға  праволық  тәрбие  беру  туралы.  –  А., 



1988.

67. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. // Қазақстан мек-

тебі, № 10, 1988, 29–30 беттер.

68. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. – Алматы, Қазақстан Рес-

публикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.

69. Сабақ беру тиімділігін арттыру / Құрастырған Б. Сманов. – А., 1989.

70.  Төлеубеков  А.Р.  Адамгершілік  тәрбиесінің  негіздері.  –  Алматы, 

1991 ж.


71. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. – А., 

1991.


72. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. 

– А., 1990.

73.  Ұстаздың  шеберлікке  жету  жолдары.  /  Құрастырған  Ж.  Нұржанова. 

– Алматы, 1991.

74. Хрипова А., Колесов Д. Жаманнан жирен. – А., 1988.

75. Шешенханова М. Мектеп басқарудың демократиялық алғышарттары 

// Қазақстан мектебі журналы, 1993.

76. Ілиясова А. Класс жетекші жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. – А., 

1991.


403

Орыс тіліндегі қосымша әдебиеттер:

1.  Азаров Ю.П.  Радость учить и учиться. – М., 1969.

2.  Амонашвили  Ш.А.  Личность-гуманная  основа  педагогического  про-

цесса. – Минск, 1990.

3.  Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. – М., 1996.

4.  Амонашвили Ш.А. Здраствуйте, дети. – М., 1983.

5.  Амонашвили Ш.А.  Как живете, дети? – М., 1996.

6.  Амонашвили Ш. А. Воспитательная и образовательная функции оцен-

ки учения школьников. – М., 1984.

7. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: «Дарын», 

2004.

8.  Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. – М., 1989.



9.  Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Алматы, «Заң әдебиеті», 

2005.


10. Бардин К. В. Как научить детей учиться. – М., 1987.

11. Баранов С.П.  Принципы обучения. – М., 1975.

12. Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. – М., 1989.

13. Берулава М.М. Гуманизация образования: проблемы и перспективы. 

– Бийск, 1995.

14. Беспалько  В.П.  Педагогика  и  прогрессивные  технологии  обучения 

– М., 1995.

15. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989  

16. Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать. – М., 1991.

17. Бугрименко  Е.А.,  Цукерман  Г.А.  Чтение  без  предупреждения.  –  М., 

1991.

18. Благо К., Шебек М. Я – твой ученик, ты – мой учитель. – М., 1991.



19. Брайан С. Общество и образования. – М., 1989.

20. Будницкая И.И., Катаева А.А.  Ребенок идет в школу:

21. Вантеева Л.Д. Компьютерное тестирование как одна из формы конт-

роля в начальной школе // Нач. шк. – 1999. – № 5.

22. Введение и научное исследование по педагогике. - М., 1988.

23. Волков И.П. Цель одна – дорог много. – М., 1990.

24. Воропаева И.П.  Коррекция эмоциональной сферы младших школь-

ников. – М., 1993.

25. Владиславлев  П.А.  Система  образования  в  европейских  странах. 

СЭВ. –М., 1989.

26. Волков И.П. Цель одна – дорог много. – М., 1990.

27. Воронаева И.П. Коррекция эмоциональной сферы младших школьни-

ков. – М., 1993.

28. Вульфов Б. Основы педагогики в лекциях, ситуациях. – М., 1997.

29. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1996.

30. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.



404

31. Гуревич К.М. Индивидуально-психологические особенности школьни-

ков. – М., 1988.

32. Грищенко Н.В.  Интегрированный урок по русскому языку и природо-

ведению // Нач. шк. – 1995. № 11.

33. Гузин Н. П. Учить- и учиться. – М., 1981.

34. Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. – М., 1991.

35. Глассер У. Школа без неудачников: Пер с англ. – М., 1991.

36. Граник  Г.Г.,  Концевая  Л.А.,  Бондаренко  С.М.  Когда  книга  учит.  –  М., 

1991.


37. Дусавицкий А.К. Формула интереса. – М., 1989.

38. Дубинин Н.П. Что такое человек. – М., 1983.

39. Девяткова Т.Н. – Введение национально-регионального компонента 

в курс начальной школы // Нач.шк. – 1998. –№ 2.

40. Джайнотт Х. Дж. Родители и дети. – М., 1986.

41. Дьяченко В.К.  Сотрудничество в обучении. – М., 1991.

42. Егошина  Е.В.  Методика  исследования  мотивов  учения  //  Нач.шк  – 

1995. – № 5.

43. Журавлев И.К. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990.

44. Занков Л.В. Дидактика и жизнь. – М., 1968.

45. Загвязанский В.И. Педагогическое творчество учителя. – М., 1987.

46. Занков Л:В. Дидактика и жизнь. – М., 1968

47. Зорина Л.Я. Программа – учебник-учитель. – М., 1989.

48. Загвязинский В.И.  Педагогическое творчество учителя. – М., 1987.

49. Занков Л.В.  Дидактика и жизнь. – М., 1968.

50. Зельманова Л. Уроки риторики в 1-м классе с использованием ком-

пьютерной программы // Нач. шк. – 1998 № 2.

51. Ильин Е. Рождение урока. – М., 1986.

52. Ивочкина Н.В. Коррекционные возможности народной игры // Нач. шк. 

– 1998. – № 12. – с. 25-32.

53. Ивочкина Н.В. Коррекционные возможности народной игры // Нач. шк. 

– 1998 – №12. – с. 25-32.

54. Ильин Е.Н.  Путь к ученику. – М., 1998.

55. Иванов  И.П.  Энциклопедия  коллективных  творческих  дел.  –    М., 

1975.

56. Караковский В.А. Любимые мои ученики. – М., 1987.



57. Кумарина Г.Д. Компенсирующее обучение // Нач.шк – 1995. № 3.

58. Караковский В.А. Любимые ученики. – М., 1987.

59. Коломинский  Я.Л.,  Панько  Е.А.  Учителю  о  психологии  детей  шести-

летнего возраста. – М., 1988.

60. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика, Алматы, 2004.

61. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обуче-

нию в школе. – М., 1991.

62. Коломинский  Я.Л.,  Панько  Е.А.  Учителю  о  психологии  детей  шести-

летнего возраста. – М., 1988.


405

63. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обуче-

нию в школе. – М., 1991.

64. Караковский В.А. – Любимый мой ученик. – М., 1987

65. Контроль и оценка результатов обучения в начальной школе // Нач. 

шк – 1999 № 4. 

66. Корчак Януш. Как любить детей.– М., 1969.

67. Леонтьев А.Н. – Деятельность, сознание, личность. – М., 1975

68. Лысенкова С.Н. – Когда легко учиться. – М., 1981

69. Люблинская А.А. Учителю о психологии младшего школьника. – М., 

1977.

70. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы и эмоции. – М., 1971.



71. Лысенкова С.Н.  Методы опережающего обучения. – М., 1989.

72. Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. – М., 1988

73. Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. – М., 1981

74. Лысенкова С. Н.  Когда легко учиться. – М., 1985.

75. Масару Ибука. После трех уже поздно. – М., 1991.

76. Мир  детства:  младший  школьник  //  Под  ред.  А.Г.Хрипковой.  –  М., 

1988.

77. Макеева С.Г. Материалы к социально-нравственному портрету млад-



шего школьника. // Нач. шк. – 1999. – № 4. 

78. Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации уче-

ния – М., 1990.

79. Михайлов Ф.И., Казакова Е.И. Школа – взгляд на мир. – Л., 1989.

80. Махова И.К. Урок-исследование в начальной школе // Нач. шк. – 1996. 

– № 12.


81. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе. – М., 1996.

82. Марченкова В.А. Формирования милосердия у детей // Нач. шк. 1999 

– № 5.

83. Никитин Б., Никитина Л. Мы и наши дети и внуки. – М., 1989.



84. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М., 1990.

85. О  новых  программах  параллельных  курсах  и  учебно-методических 

комплектах  для  начальной  школы  //  Нач.шк.  –  1996.  –  №  10,  1997. 

– № 8, 1998. – № 8.

86. Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Педагогика как система научных 

теорий. – М., 1988.

87. Психология и педагогика / Сост. А.А.Радугин. – М., 1996.

88. Подласый  И.П.  Диагностика  и  экспертиза  педагогических  проектов. 

– Киев, 1998.

89. Петерсон Л.Г. Программа по математике для трехлетней и четырех-

летней начальной школы // Нач.шк. – 1996. – №11.

90. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

91. Паламарчук В.Ф. Школа учит мыслить. – М., 1987.

92. Подласый И.П.  Как подготовить эффективный урок. – Киев, 1989.

93. Поташник  М.М.  Как  развивать  педагогическое  творчество.  –  М., 

1987.


406

92. Педагогический поиск. – М., 1988

93. Поташына М.М. Как развивать педагогическое творчество.– М., 1987.

94. Педагогический поиск. – М., 1989.

95. Полонский В. М. Оценка знаний школьников. – М., 1982.

96. Раченко И.Л. НОТ учителя. – М., 1982

97. Раченко И.Л. НОТ учителя. – М., 1982.

98. Скалова  Я.  Методология  и  методы  педагогических  исследований. 

– М., 1989.

99. Соловейчик С. Педагогика для всех. – М., 1989.

100. Спок Бенджамин. Ребенок и уход за ним. – М., 1985.

101. Скаткин М.Н. Школа и всестороннее развитие детей. – М., 1980.

102. Скаткин М.Н. Школа и всестороннее развитие детей. – М., 1980.

103. Соловейчик С.Л. Вечная радость. – М., 1986.

104. Соловьева Т.А. Основы технологии развития интеллекта младшего 

школьника в учебном процессе // Нач. шк. – 1997. № 12.

105. Савченко А.Я.  Дидактика начальной школы. – Киев, 1997.

106. Световская И.И.  Методика внеклассного чтения. – М., 1991.

107. Современная дидактика: теория-тәжірибе / Под ред. И.Я. Лернера, 

И.К.Журавлева – М., 1994.

108. Снайдер М., Снайдер Р. – Ребенок как личность. – М., 1984.

109. Савченко А.Я. Дидактика начальной школы. – Киев 1997.

110. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М., 1984.

111. Скульский Р.П. Учиться быть учителем – М., 1986.

112. Соловейчик С.Л. – Педагогика  для всех. – М., 1987

113. Солдатов Г.  Оценки и отметки // Нач. шк. – 1998.  № 2.

114. Скульский Р.П. Учиться быть учителем. – М., 1986

115. Типовое положение об образовательном учреждении для детей до-

школьного и младшего школьного возраста // Нач. шк. – 1998. № 2.

116. Управление развитием школы / Под ред. М.М. Поташника и В.С. Ла-

зарева. –М., 1995.

117. Учителю о педагогической технике / Под ред. Л.Н. Рувинского. – М., 

1993.

118. Фридман Л. М., Волков К. Н. Психологическая наука – учителю. – М., 



1985.

119. Филонов Г.Н. Формирование личности: проблема комплексного под-

хода в процессе воспитания школьников. – М., 1983.

120. Харитонова Л.А. Проблемные ситуации на уроках природоведения 

// Нач. шк. – 1998, – №4.

121. Хантер Б. Мои ученики работают на компьютерах. – М.,  1989.

122. Шаталов В.Ф. – Точка опоры. – М., 1987

123. Шакуров Р.Х.  Творческий рост педагога. – М., 1985.

124. Шаталов В.Ф.  Куда и как исчезли тройки. – М., 1980.

125. Шаталов В.Ф.  Точка опоры. – М., 1987.

126. Шакуров Р.Х. Творческий рост педагога. – М., 1985.

127. Эльконин Д.Б. Как учить детей читать. – М., 1991.



407

Сәбет Балтабайұлы Бабаев

(Бап-Баба)

408

Профессор С.Б.Бабаевтың авторлық 

еңбектері жөніндегі 

МӘЛІМЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет