2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


-ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГI НАҚТАМА



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

13-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГI НАҚТАМА

(ДИАГНОСТИКА)

Жоспар:

Нақтама мәнi мен мазмұны

Бақылауды iзгiлендiру

Оқу нәтижелерiн бағалау

Баға қою

Жетiстiктердi тестiлеу

Тәрбиелiлік нақтамалау

Тiрек-конспект сөздік

Нақтама  –  оқу-тәрбие  үдерiсiнің  желiсi  мен  нәтижесi 

жөнiндегi ақпараттарды алу үшiн қолданылатын тәсiл.



Нақтама мiндеттерi: 1) оқушылар дамуының барысы мен 

нәтижесiн  (оқушының  бiлiмге  дайындығы,  психикалық  жетi-

лу  деңгейi,  бiлiм  жолында  iлгерiлеу  қарқыны)  талдау;  2)  оқу 

үдерісi мен оның нәтижесiн (сауат көлемi мен тереңдiгi, игерiл-

гендi қолдану ептiлiгi, ойлау деңгейi, шығармашыл iс-әрекетке 

қабiлетi ж.т.б.) талдау; 3) тәрбие үдерісi мен ондағы жетiстiк-

терге  талдау  (тәрбиелiк  деңгейi,  адамгершiлiк  сенiм-наным 

тереңдiгi мен қуаты, адамилық мiнез қалыптары) салу.



Нақтама  мақсаты  –  оқу  тәрбие  жұмыстарын,  олардың 

өнiмдiлiк нәтижесiмен байланыстарын дер мезгiлiнде анықтау, 

бағалау және талдау.

Бақылауға қойылатын талаптар: шынайылылық; жекелiк; 

тұрақты қайталану; жәриялылық; жан-жақтылық; жiктеулi болу; 

көптүрлілiк; әдеп ескеру (этичность).

Бастауыш мектептегi бақылау түрлері: оқушы жұмысын 

көзден  өткiзу  (наблюдение);  жекеленген  ауызша  сұрақ  қою; 

сыныптық (фронтальный) сұрақ қою; топтық сұрақ қою; жазба 

бақылау; тығыздалған (уплотненный), аралас сұрақ қою; тестiк 

бақылау, бағдарламаластырылған бақылау; iс-әрекетке (прак-

тический) бақылау; өзiндiк бақылау.



Бағалау

 (оценивание) – үдеріс.

Баға (оценка) – нәтиже.

355

Баға (отметка) – сан, шартты белгi.

Бағалау  жүйесiндегi  бiрiздiлiк  –  1)  алғашқы  деңгей  тал-

дау; 2) ағымдағы тексерiс; 3) қайталау тексерiсi; 4) бүтiн бөлiм, 

көлемдi  тақырыптар  бойынша  мерзiмдi  (периодическая)  тек-

серiс; 5) қорытынды тексерiс.



Бақылау  нысаны:  Әкiмшiл  (авторитар)  педагогикада  – 

оқушы еңбегi; гуманистiк педагогикада – мұғалiм мен оқушының 

бiрлiктi еңбегi, жалпы нәтиже.

Нақтама  талдауында  оқу  нәтижесi  –  1)  нәтижеге  жету 

тәсiлдерiмен;  2)  жоғары  бiлiмдiлiктің  қалыптасу  бағыттары 

және желiсiмен бiрiктiре қарастырылады.

Нақтама әрекеттерiнің құрамы: бақылау; тексерiс; бағалау; 

деректер топтау; талдау; қозғалыс желiсiн (динамика) анықтау; 

пайымдаулар (тенденции); алдағы даму бағытын болжастыру 

(прогнозирование).



Нақтама  принциптерi  –  шынайылылық  (объективность); 

– жүйелiлiк; – көрнекiлiк.



Бақылау (контроль) – бiлiм, ептiлiктердi анықтау, өлшемге 

келтiру (измерение) және бағалау.



Тексерiс (проверка) – анықтау және өлшемге келтiру.

Бақылаудың негiзгi дидактикалық қызметтерi –1) оқушы 

мен  мұғалiм  арасындағы  керi  байланысты  қамтамасыз    ету; 

2) оқу материалының игерiлу дәрежесi жөнiндегi мәлiметтердi 

мұғалiм  қолына  жеткiзу;  3)  оқудағы  кемшiлiктер  мен 

олқылықтарды дер кезiнде анықтап беру.

Бақылаудың жалпы мiндеттерi: тексерiс назарында ұстау; 

оқу-үйренуге ықпал жасау; тәрбиелеу; дамыту; ынталандыру.



Тест – сынау, тексерiс.

Жетiстiктер  тестi  –  оқу  мазмұнының  игерiлу  деңгейiн 

анықтауға арналған тапсырмалар.



Тест түрлері: а) ой-өрiс, ақыл деңгейiн анықтау; б) арнайы 

қабiлеттердi  ашу;  в)  сауат  деңгейiн,  үлгерiмiн,  тәрбиелiлiгiн, 

жетiстiктер  дәрежесiн  бiлу;  г)  кейбiр  психикалық  сапаларды 

(ес, ойлау, мiнез, ж.т.б.) айқындау; д) жалпыадамзаттық, iзгiлiк, 

әлеуметтiк ж.т.б. қасиеттердің қалыптасу барысын бағамдау.

Тәрбиелiк  жағдаяттар  (ситуации)  –  қажеттi  сапа-

қасиеттердi  қалыптастыруға  арналған  табиғи  не  қолдан 

жасалған жағдайлар.


356

“Жетiскен  нәтиженің  өзi  баланы 

жұмысты  жалғастырып,  бұрынғыдан 

да жаңа әрi күрделi iс-әркетке кiрiсуге 

ынталандырады;  ал  мұндай  табиғи 

ықылас-ниеттi  мақтау  не  мадақтау, 

марапаттаумен  күшейтiп  жатудың 

тiптi де қажетi жоқ - қапелiмде бала-

ны алған бағытынан тайдырып алуы-

мыз мүмкін”.

                 



Л.Ф. Лесгафт

 

Нақтама мәнi мен мазмұны

Әр оқу және тәрбие кезеңi аяқталғаннан соң ол қалай өттi, 

қандай  нәтижелер  бердi,  қаншалықты  бұл  үдеріс  тиiмдi  бол-

ды, ненi бiткен, ал қайсысын қайта жетiлдiру қажет екенiн бiлiп 

алуға мiндеттiмiз. Мұны анықтап, бiлуде нақтама жәрдемi аса 

маңызды. Нақтама дегенiмiз – бұл оқу-тәрбие үдерiсiнің ба-

рысы мен нәтижесi жөнiнде ақпарат алудың жалпы тәсiлдерi. 

Мектептегi нақтама мiндеттерi: 

– 

оқушының даму үдерісi мен нәтижесiне талдау беру (мек-



теп оқуына дайындығы, психикалық пiсiп жетiлуi мен сана-

сезiм жетiстiктерi деңгейi ж.т.б.);

– 

оқу үдерісi мен нәтижелерiне талдау салу (сауаттану көлемi 



мен тереңдiгi, игерiлген бiлiм, дағдыларды қолдана бiлуi, 

негiзгi ойлау тәсiлдерiнің қалыптасу деңгейi, шығармашыл 

iс-әрекет жолдарын пайдалана бiлуi ж.т.б.);

– 

тәрбие  үдерісi  мен  жетiстiктерiне  талдау  беру  (тәрбиелiк 



деңгейi, адамгершiлiк сенiм-нанымдар тереңдiгi мен қуаты, 

адамгершiлiк  мiнез-құлық  бiтiстерiнің  қалыптасу  деңгейi 

ж.т.б.).

Нелiктен 

бүгiнгi 

таңда 


бақылаудан 

гөрi 


нақтама  

педагогикалық қауым әңгімесiне көбiрек арқау бола бастады. 

Дәстүрлi бақылау әдістерiн қайта қарастырудың себебi неде? 

Мұның бәрi оқу-тәрбие үдерісінің гуманизациялық мәнiнің арта 

түсуiмен  байланысты  болып  отыр.  Егер  әкiмшiл  педагогика 

жағдайларында талдау, бақылау және бағалау нысаны оқушы 



357

еңбегi  болса,  жаңарған  оқу-тәрбие  жағдайларында  мұғалiм 

мен  оқушының  бiрлiктi  еңбегi,  оның  жалпы  нәтижесi 

талдауға  алынатын  болды.  Осыдан,  ендi  байырғы  бақылау 

әдістерiн қолдану мүмкін емес: оқушысына қойған “екiсiн” педа-

гог  өзіне оңайлықпен қоя салмайды. Ортақ табысты көздеген 

мұғалiм мен оқушыға ендi тек нәтиже туралы ғана дерек қажет 

емес,  олар  жоспарланған  көрсеткiштердің  нелiктен  орындал-

май қалғанын бiлгiсi келедi. 

Болған iстi қарапайым “жақсы” не “жаман” деумен бағалап, 

оның мәнiне жету мүмкін емес. Жаманның “жаман” екенi дау 

тудырмайды. Ал жақсы болу үшiн не және қалай iстеу керек. 

Мұның  жауабы  –  нақтама.  Бақылау  да,  бағалау  да  қойылған 

сұраққа жауап бере алмайды.



Нақтама  нәтиженi  үдерiстің  өзiмен  бiрге  талдай-

ды:  оқушы  еңбегi  мұғалiм  еңбегiнен  ажыралмас,  оқушының 

бiлiм,  ептiлiктi  игеру  үдерісi  оның  мүмкіндiктерi,  қабiлеттерi 

және  бейiмдiлiктерiмен  бiрге  қарастырылады.  Педагогтың 

да  iс-қызмет  үдерісi  оның  мүмкіндiктерi  мен  жағдайларына 

орай талданады. Бақылауда бала еркi мойындалмайды, яғни 

ол  үшiн  баланың  қалау  не  қаламауы  роль  ойнамайды.  Ал 

нақтама да оқушы ықылас- ниетi аса маңызды себеп, егер осы 

психологиялық фактор болмаса, оны қандай да жолмен пайда 

етiп, оқу-тәрбие жұмысының нәтижелiлiгiне арқау еткен тиiмдi.



Дәйек. Бақылау нәтижесiнде 3-сынып оқушысының барша 

тапсырмаларды дұрыс орындағаны белгiлi болды. Мұғалiм “5” 

қойып, мақтауын жеткiздi. Үдерiстің де, нәтиженің де ақауы жоқ. 

Бiрақ  оқушының  “5”  бағасының  төркiнi  оның  жоғары  жетiлген 

сана-сезiмiнен, ақыл-парасатынан емес, тек жад (ес) ептiлiгi-

нен  екенiн  –  нақтама  ғана  анықтайды.  Бұл  саладағы  қызмет 

ұланғайыр. Мұғалiм ендi оқушының байқалған олқылықтарын 

орнына келтiрiп, оның оқу жұмысын қалайынша ұйымдастыру 

қажет екенiн оңай аңғарады.

Байқағанымыздай,  дәстүрлi  бiлiм,  ептiлiктердi  тексеруге 

қарағанда  нақтама  мәнi  мен  маңызы  кең  де  тереңдеу.  Тек-

серуде  нәтиже  баяндалады,  ол  жөнiнде  түсiнiк  берiлмейдi. 

Ал  нақтама  нәтижелердi  оларға  қол  жеткiзу  жолдары  және 

тәсiлдерiмен  бiрге  қарастырып,  өнiм  алудың  бағдар-бағыты 

және  әрекет  желiсiн  анықтайды.  Нақтама  құрамы:  бақылау, 


358

тексеру, бағалау, статистикалық деректер жинау, оларды тал-

дау, болашақ даму желiсiн, бағыт-бағдарын болжастыру.

Нақтамада көптеген әдістер мен әдістемелер қолданылады. 

Дәстүрлi  бақылау,  тексеру,  бағалау,  бiлiм  және  ептiлiк-

терiн  ескеру  әдістерiмен  қатар  оқушылардың  сауат  және 

тәрбиелiк  деңгейiн  тестiлеу,  балалардың  үмiт  күттiргендей 

оқу  мүмкіндiктерiн  зерттеу,  жеке  және  тұлғалық  бағыттағы 

оқу-тәрбие үдерісін жобалау. Бүгiнгi таңдағы нақтама әдістерi 

мен  әдістемелерi  бiрiгiмi  оқушыны  (сыныпты)  педагогикалық 

қатынастар  жүйесiнен  бiрде  ажыратпай  толыққанды  зерттеу 

мүмкіндiктерiне ие.

Бақылаудың  дәстүрлi  әдістерiн  нақтама  гуманисттiк 

мақсаттарға  ойыстырып,  жаңарған  мектептiк  қатынастар  ар-

насына  келтiредi.  Әлбетте,  мектеп  әзiрше  бақылаудан  қол 

жаза  алмайды,  бiрақ  оны  шәкiрттердi  үздiктер  не  орташалар 

тобына  бөлу  үшiн  ғана  қолданбай,  ең  алдымен  балалардың 

оқу  мүмкіндiктерiн  ашу  мақсатында  пайдаланады.  Мүмкін, 

жақын  болашақта  бастауыш  сынып  оқушысының  күнделiгi  не 

дәптерiнде  санамызда  қалыптасқан  “2”  не  “3”  бағаларының 

орнына  “Балаңыздың  математикадан  мүмкіндiгi  жартылай 

ашылған”,  “Ана  тiлден  балыңыздың  бiлiктiлiгi  орасан,  бiрақ, 

толық  ашылмаған”  секiлдi  мұғалiмнің  ескертпе  жазулары 

түсер деп үмiттiмiз. Көп жағдайда бала өмiрiне керi ықпалды 

баға ақыры жоғалуы тиiс. Педагогикалық еңбек шеберлерiнің 

көпшiлiгi  өз  тәжiрибесiнде  сандық  бағадан  арылудың  жолда-

рын iс-жүзiнде көрсетуде.

Бiлiм, ептiлiк және iс-әрекет тәсiлдерiн бақылау мен бағалау 

мiндеттерi ғана өзгерiп қалмастан, олардың оқушы сана, сезiмi, 

мiнез-құлығына болған ықпалы да бұрынғыдан өзгеше болмақ. 

Бiрақ сіңiрлi әмiршiл-әкiмшiл педагогика оқушыға жәрдем беру-

ге бiрде қайыл болмай, одан гөрi баланы қатал бақылау тезiне 

салуға құштар-ақ.

Тұлғалық бағыттағы оқу-тәрбие үдерiсiндегi нәтиже тiкелей 

әрi  толығымен  нақтамалық  қорытындылар  дәлелдiгiне  және 

дер  мезеттiгiне  тәуелдi.  Осыдан  да  бүгiнгi  таңдағы  мұғалiм 

нақтамалық  әдістемелердi  тыңғылықты  игерiп,  мектептегi 

нақтамалық  қызметтi  тiктеп,  оны  жетiлдiруде  белсендiлiк  та-

нытуы заман талабынан болып отыр. Бұл мұғалiмнің алғашқы 


359

қадамдарында  атқаратын  iстерi  –  гуманистiк  идеяларды 

көпшiлiкке  уағыздау,  жеке  тұлғаға  бағытталған  оқу-тәрбие 

үдерісін  ұйымдастыру,  әрiптестерiн  нақтамалық  әдістер  және 

әдістемелермен,  сонымен  бiрге  бұл  салада  жинақталған 

қорытындыларды балалар тәрбиесiн жақсылау үшiн пайдалану 

жолдарымен таныстырып, бөлiсу. Уақыт өтуiмен, мұғалiмдердің 

көпшiлiгi гуманистiк идеяларды толық қабылдаған шақта мек-

теп нақтамасы жалпы мiндеттердi орындап, әр оқушы тәрбиесi 

жөнiнде  алынған  ақпараттарды  оның  қабiлеттерi,  бейiмдiлiк-

терi жән дарынын дамыту үшiн жағдайлар жасау мақсатында 

жүйелестiрiп,  дер  мезгiлiнде  пайдалануға  көрсетпелер  берiп 

отырады.

     


Бақылауды iзгiлендiру

Ажыратып алайық: нақтама – жалпы бағыт, ал нақтамалау 

–  тәжірибелік  оқу-тәрбие  iсiнің  үдерістік  құрылымды  бөлiгi. 

Сауаттану  және  тәрбиелену,  яғни  қол  жеткен  нәтижелердi 

нақтамалау және үдерiстiң өзiндiк сапалары – сауаттылық пен 

тәрбиелiктi  нақтамалау  –  екi  түрлі  мақсатта  орындалады.  Ал 

нақтамалаудың  жалпы  мақсаты  –  оқу-тәрбие  үдерісін  оның 

өнiмдiлiгiмен  бiрге  талдауға  салып,  дер  мезгiлiнде  анықтау 

және бағалау.

Оқушылардың  бiлiм,  ептiлiктерiн  бақылау,  бағалау 

нақтамалаудың  қажеттi  құрамды  бөлiктерi  ретiнде  iске 

қосылады.  Бұлар  педагогикалық  технологияның  ежелден 

танылған бiрлiктерi. Өркениет ықпалымен пайда болған олар 

мектеп  дамуымен  бiрге  үздiксiз  жетiлiп  келедi.  Солай  болса 

да, осы күнге дейiн баға, бағалау мәнi жөнiндегi пiкiр тартыста-

ры  бiрде  толастаған  емес.  Өз  заманында  бағалау  формала-

рын сынға алған К.Д.Ушинский болды. Олардың кемшiлiктерiн 

сипаттай  отырып,ғұлама  педагог  ең  алдымен  қолданымдағы 

тәсiлдердің баланың ақыл-ой қызметiне тұсау болатынын баса 

айтқан. Әдетте, мұғалiм бiр не бiрнеше оқушыға ғана сұрақ қою 

мүмкіндiгi бар, ал қалған оқушылар бұл уақытта қандай да мiн-

деттен азат. Ендiгiде  өзіне төнер сұрақты күнi iлгерi абыржып 

күтiп, уақытын босқа өткiзедi. Ал, мұндай жағдайда оқушының 

әуесқойлық пен ынта-ықылас танытуға мұршасы да жоқ.



360

Өткен  дәуiрлерде  мектептiк  бақылауды  өзгерту  ниетiмен 

қолға алынған шаралар ешқандай нәтиже бермедi, себебi бар-

ша жаңғыртулар жалғыз-ақ сұрақ төңірегiнде топтасып – мек-

тепте баға қажет пе не онсыз да жасау мүмкін бе деген жадағай 

мәселедан ары аса алмайды. 1918 жылы мамыр айында Халық 

комиссариатының “Бағаны жою” қаулысымен баға да, емтихан-

дар да жоқ етiлiп, олар орнына үлгерiмдi бақылау мен оны есеп-

ке алудың қарапайымдастырылған формалары енгiзiлдi. Осы 

мақсатпен арнайы ескеру дәптерлерi қолданымға келiп, үздiк 

не  төмен  оқушылардың  аттары  “қызыл”  не  “қара”  тақталарға 

тiркелiнетiн  болды,  мектепте  “социалистiк  жарыстар”  қанат 

жайды.  Бiрақ  бағасыз  (сонымен  бiрге  –  бақылаусыз)  оқудан 

қандай нәтиже болсын. Сол жылдары кең таралған “бiлiм иге-

ру  қуанышы”,  “бiлiмге  болған  табиғи  ұмтылыс”  деп  аталған 

П.Н.Блонский  теориялары  балалардың  оқу  iстерiне  болған 

ықылас-ынтасына тiрек бола алмады. 

Бақылаусыз  оқу  мүмкін  бе?  Эксперимент:  оқушылардың 

үш тобы қосу тестiн орындады. Бiр топ бал жұмыс барысын-

да қолдау-қуаттау алып отырды. Екiншi топтың көрген, бiлгенi 

- ұялту, кемсiту, ал үшiншi топтағы балалар өз бетiне жiберiл-

дi. Нәтиже көрсеткендей, табысты оқу iсi мақтау-мадақ болған 

жерде. Бақылаусыз қалғандары ең төмен нәтиже бердi. 

Егер бақылау мен тексеру дұрыс орындалса:

–  әр оқушының бiлiм, ептiлiктерi анық көрiнедi;

–  оқушылардың  бiлiмдерi  мен  ептiлiктерiндегi  қателiктер 

өз уақытында анықталады;

–  оқу материалы кей бөлiктерiнің төмен игерiлу себептерi 

ашылады;

–  игерiлген материал дұрыс қайталанады әрi жүйеленедi;

–  жаңа  материалды  игеруге  дайындық  деңгейi  нақты 

анықталады;

–  ұзақ  уақыт  әрi  жалықпай  еңбектену  ептiлiктерi 

қалыптасады;

–  өзiндiк  бақылау  мен  өзiндiк  тексеру  тәсiлдерi  орынды 

игерiледi;

–  оқушылар жауапкершiлiкке ынталы келедi;

–  бәсекелесу дағдылары дамиды.



361

Мектеп  өмiрiн  демократияластыру  мен  гуманизациялау 

бiлiм мен ептiлiктердi бағаламау не бақыламау емес, керiсiн-

ше,  оқушыны  еңбектенуге  ескiшiлдiктен  қалған  тек  бағамен 

мәжбүрлеуден  арылу.  Оқу  еңбегiне  ынталандырудың  жаңа 

жолдарын iздестiру, оқу мен тәрбиеде ендi ғана өз ықпалына ие 

болып келе жатқан жеке бас пайдасы принципi өзгеше бағыт-

бағдарларға бастама бередi. Нақтамалау жүйесiнде баға ынта-

ландырушы қару ретiнде жаңа сипат-сапа алады. Нақтамалау 

нәтижелерi тұлғаның өзiндiк болмысын ажырата тануға себiн 

тигiзедi,  ал  бұл  қоғамның  нарықтық  бәсеке  жағдайында  аса 

маңызды  қозғаушы  күш  болатыны  белгiлi.  Ерiктi  оқу  (ерiктi 

бақылау) принципiмен толыға түскен баға бұрын оқушыларды 

көбiне тұздықты, зорлап оқыту құралы болса, ендi ол өркениеттi 

қоғам адамның бедел көрсеткiшi – жеке рейтингiн анықтаудың 

тиiмдi тәсiлiне айналып отыр. 

Бақылауға қойылатын талаптар: шынайлылық; даралық; 

тұрақты қайталап бару; жәриялылық; жан-жақты тексеру; жiк-

темелiлiк, форма көп түрлілiгi; әдептiлiгi.

Қазіргі  заман  бастауыш  мектебiнде  қолданылып  жүрген 

бақылау түрлері, әдістерi мен формалары:

–  оқушылар жұмысын бақылау;

–  ауызекi жеке сұрақ;

–  бүкiл сыныпқа (фронталь) сұрақ қою;

–  сынып оқушыларын топқа бөлiп сұрау;

–  жазба бақылау жұмысы;

–  аралас (тығыздалған) бақылау;

–  тестiк бақылау;

–  бағдарламаластырылған бақылау;

–  тәжірибелік бақылау;

–  өзiндiк бақылау.

Бұлардың бәрi үдеріс барысы мен оның нәтижелерi жөнiнде 

мүмкін  болғанша  тыңғылықты  дәйектер  алу  мақсатында 

бiрiгiмдi пайдаланылады.

Нәтижеде, әмiршiл не гуманистiк мектептердегi бақылаудың 

мiндетi әрқилы болатынын, сонымен бiрге олардың iске асу жол-

дары да өзгеше бағытта екенiн, бiр-бiрiне ұқсамас тәсiлдермен 

атқарылатынын түсiну – жаңарған заман мұғалiмiнің парызы.



362

Оқушы  үлгерiмiн  бақылауға  байланысты  мәселелердi 

қарастырайық.  Бүгiнгi  теориялық  “баға”,  “бақылау”,  “есепке 

алу”  және  басқа  да  олармен  сабақтас  ұғымдарға  түсiнiктеме 

беруде оқулықтардың да, мамандардың да өзара пiкiр келiсiмi 

жоқ.


Бұлардың  бәрi  бiлiм  және  ептiлiктер  айқындау,  өлшестiру 

және  бағалауды  аңдатушы  ортақ  тектiк  ұғым  “бақылау” 

төңірегiнде бiрiгедi. Айқындау мен өлшемге келтiру – тексеру деп 

аталады. Осыдан тексеру бақылаудың құрамды бөлiгi, оның 

негiзгi дидактикалық мiндетi – мұғалiм мен оқушы арасындағы 

керi  байланысты  қамтамасыз  ету,  оқу  материалының  игерiлу 

дәрежесi  жөнiнде  шынайы  ақпарат  алуда  педагогке  жәрдем 

беру, бiлiмдегi кемшiлiктер мен олқылықтарды дер мезгiлiнде 

ашып,  нақтылау.  Ал  бақылаудың  жалпы  қасиеттерiне  байла-

нысты мiндеттер төмендегiдей: қадағалау, оқуға ынталандыру, 

тәрбиелi болуға ықыластандыру, дамуға бағыттау, өзгерiстерге 

сеп-түрткі  болу.  Тексеру  мақсаты  –  оқушылар  сауатының 

деңгейi мен сапасын ғана анықтау емес, сонымен бiрге оның 

еңбегiнің  көлемiн  де  болжастыру.  Тексерумен  қатар  жүретін 

бақылау  бiрлiгi  –  бұл  бағалау  (үдеріс)  және  тексеру  бағасы 

(нәтиже көрсеткiшi). Үлгерiм табельдерiнде, сынып журналда-

рында, оқушы күнделiктерiнде баға сандық күйде өрнектеледi: 

“2”, “3”, “4”, “5”.

Үлгерiм  бағалау  негiзi  –  бақылау  нәтижесi.  Бұл  орайда 

оқушылар жұмыстарының сапалық және сандық көрсеткiштерi 

ескертiледi.  Сандық  деректер  ұқпай  не  пайызбен  өрнектелiп, 

ал  жұмыстардың  сапалық  тарапы  “жақсы”,  “қанағаттанарлық” 

сынды сөздермен сипатталады. Әрқандай бағам-пiкiрге алдын 

ала  келiсiлген  ұпай  тура  келедi.  Мысалы,  “үздiк”  деген  пiкiр-

ге “5” ұпай сай. Есте ұстайтын аса маңызды нәрсе – бақылау 

нәтижесiндегi баға өлшеп, есептеп шығарылған жай сан емес, 

ол жұмысқа берiлген адамның сана-сезiмiне қандай да ықпал 

әсер  ететiн  мән,  бағам  –  көзқарас,  сындарлы  ой.  Сондықтан 

бағалау ұпайларын қалай болса солай, терең мағынаға негiз-

делмей, қоя салуға болмайды. 

Бағалау  қызметi  де  тек  сауаттылық  деңгейiн  көрсетумен 

ғана  шектелмейдi.  Баға  –  педагог  қолындағы  оқуға  ынта-

ландырушы,  ұнамды  сеп-түрткілердi  оятушы,  тұлғаға  ықпал 


363

жасаудың  жалғыз-ақ  құралы.  Шынайы  бағалау  әрекетiнен 

оқушыларда  сол  бағаға  сәйкес  жеке  басының  құнын  тану 

сезiмi, өз табыстарына сындарлы көзқарас қалыптасады. Осы-

дан,  бағаның  маңыздылығы  мен  оның  көп  тарапты  қызметi 

шәкiрт  оқу  iс-әрекеттерiнің  барша  қырларын  танып,  бiлу  мен 

оларды  анықтауға  мүмкіндiк  беретiн  бақылау-бағалау  әдіс-

тәсiлдерiнің  әмбебап,  жаңа  түрлерін  iздестiрудi  талап  етедi. 

Осы тұрғыдан, бүгiнгi бiлiм бағалау жүйесiн қайта қарастырып, 

оның нақтамалық мәндiлiгi мен шынайлылығын көтеру қажет.

Үлгерiмдi  нақтамалау  мен  бақылаудың  маңызды  принцип-

терi – шынайылылық, жүйелiлiк, көрнекiлiк. Шынайлылық мәнi 

– нақтамалық тестер (тапсырма, сұрақтар) мазмұнының, олар-

ды өткiзудің ғылыми негiздi болуы, педагогтың өз шәкiрттерiнің 

бәрiне бiрдей, тең, жарасымды қатынас ұстанып, баға қою ере-

желерiн ауытқымау. 



Жүйелiлiк принциптерiнің талабы бойынша нақтамалық 

бақылау  бiлiмдi  алғашқы  қабылдауан  оны  тәжірибелік 

қолдануына дейiнгi барша кезеңдерiнде үзiлмей жүргізілуі тиiс. 

Оқушылардың баршасын мектепке аттаған алғашқы қадамынан 

оқуын  бiтiргенше  байыпты  нақтамаға  салып,  талдау  да  осы 

жүйелiлiк  талаптарынан.  Мектептегi  бақылау  жиiлiгi  балалар 

бiлiмi  мен  ептiлiктерiне  байланысты  болған  барша  маңызды 

ақпараттарды толық әрi сенiмдi жинақтау қажеттiктерiне орай 

белгiленедi.  Нақтамалау  барысында  бақылау,  тексеру  мен 

бағалаудың  әрқилы  формалары,  әдістерi  және  құралдары 

өзара тығыз байланыста, бiр мақсатқа ойыстырылып, бiрiгiмдi 

қолданылады.



Көрнекiлiк принциптерiнің мәнi барша оқушыларды бiр-

дей тең сынақ тапсырмаларына тартып, бiрдей өлшемдермен 

бағалауды  аңдатады.  Нақтамалау  үдерісiнде  белгiленген  әр 

оқушы рейтингi ашық, салыстырмалы сипатқа ие болуы қажет. 

бағалар жәриялы және дәлелдi болғаны жөн. Баға арқасында 

оқушылар педагог әдiлдiгi мен талаптар орындылығын пайым-

дайды. Бұл принциптi iске асырудағы қажеттi шарт – нақтама 

нәтижесiн жәриялап, талқыға салу және талдау.

Оқушылардың   бiлiмдерi  мен  ептiлiктерi  оқу  бағдарла-

масында белгiленген игеру бiрiздiлiгiмен нақтамаланады, тек-

серiледi және бағаланады. 


364

Сол тексеру жүйесiндегi бiрiншi кезең – бiлiм, ептiлiктердің 

бастапқы  деңгейiн  анықтап  алу.  Ол  өткен  оқу  жылынан  бекi-

ген  бiлiмдердi  немесе  1-сыныптағы  оқуға  дайындық  деңгейiн 

айқындау  мақсатында  өткiзiледi.  Бастапқы  тексерiс  өткендегi 

сауат  кемшiлiктерiн  жойып,  қалыпқа  келтiру  (реабилитация) 

оқуымен байланысты жүргізіледi.

Екiншi кезең – әр тақырыпты игеру үдерiсiндегi ағымды тек-

серiс. Оның қызметi – оқыту-оқу барысына қозғау салу. Мұндай 

тексерудің  әдістерi  мен  формалары  сан-қилы  болып,  оқу 

материалының мазмұнына, оның күрделiлiгiне, оқушылардың 

жасы  мен  дайындық  деңгейiне,  оқу  деңгейi  мен  мақсатына, 

нақты жағдайларға тәуелдi келедi.



Үшiншi  кезең  –  өтiлген  тақырыптарды  қайта  тексеру 

жаңа  материалдардың  өтiлуiмен  бiрге  жүргізiлiп,  игерiлген 

бiлiмдердi  бекiтуге  бағышталады.  Мұндай  тексеру  тиiмдiлiгi 

нақтамалаудың басқа да әдіс және формаларымен сабақтаса 

ұйымдастырылғанында ғана көрiнедi.

Төртiншi кезең – тұтас бөлiм не қомақты тақырып бойын-

ша  игерiлген  бiлiмдер  мен  ептiлiктердi  мерзiмдi  тексеруге 

бағытталады.  Бұл  тексерудің  мақсаты  –  әр  бөлiмге  байла-

нысты  өтiлген  оқу  материалының  құрылымдық  элементтерi 

арасындағы  өзара  ұштастық  сапасын  нақтамалауға  арна-

лады.  Мерзiмдi  тексерудің  басты  қызметi  –  жүйелеу  және 

қорытындылау.

Бесiншi кезең – дидактикалық үдерiстің барша сатыларын-

да  меңгерiлген  бiлiм  мен  ептiлiктердi  қорытынды  тексерiске 

салу.  Үлгерiмнің  қорытынды  жайы  әр  тоқсанның  ақыры  мен 

жыл  аяғында  анықталып  барады.  Мұндай  тексерiс  мақсаты 

–  тоқсан  не  жыл  бойында  қойылған  бағаларды  қосып,  орта-

ша үлгерiм ұпайын шығара салу емес. Ең алдымен, бұл – осы 

кезеңде  көзделген  мүддеге  сай  оқушының  нақты  сауаттылық 

деңгейiн (сапасын) айқындау.

Арнайы өткiзiлетiн бақылау түрі – бiрiгiмдi (аралас) тексерiс. 

Мұндай тексерудің жәрдемiмен оқушылардың әрқилы пәндер 

бойынша игерген бiлiм, ептiлiк және дағдыларын тәжірибелік 

мәселердi шешуге қолдана бiлу қабiлетiн нақтамалау. Әрине, 

бұл  секiлдi  тексерiс  аумағы  әзiрше  шектеулi,  бiрақ  оқу 

бағдарламаларына  бiрiгiмдi  (интегратив)  курстардың  енуiмен 



365

мұндай  нақтама  әлi-ақ  қажеттiгiн  танытары  даусыз.  Бiрiгiмдi 

тексерiстің  басты  мiндетi  –  пәнаралық  байланыстарды  iске 

асыру сапасын нақтамалау. Бiрiгiмдi тексерудің басты қызметi 

– балалардың өтiлген барша пәндер негiзiнде құбылыс, оқиға, 

үдерiстерге түсiнiктеме бере алу қабiлетiн ашу.

Педагог  оқушының  нақты  бағасын  қоя  отырып,  оған  негiз-

деме беруi шарт. Әлбетте, мұндайда қателiктер де, субъектив 

бағалау да болуы мүмкін. Мұғалiм субъективизмiнің себептерi 

де әрқилы: мысалы, “сүйікті” оқушы, алдыңғы партада отырған 

шәкiрт, жазуы көрiктi оқушы, т.с.с. – ұпайлары жоғары келедi. 

Тiлдiк  дарыны  кем  оқушылар  қайткен  күнде  де  төмен  бағаға 

таңылады. 

Ауызекi  және  жазба  бақылау  формалары  жөнiнде  әңгіме 

қозғалғанда  әрдайым  жазба  жұмыстар  тараптарлары 

басымдылық танытады. Ауызекi бағалау шапшаң жауап беру-

ге,  тiл  ұстартуға  көмекшi  болғанымен,  шынайылылыққа  әдiл 

негiз бола бермейдi. Ал жазба тексеру шынайы бағалауға негiз 

бере  отырып,  оқушының  қисынды  ойлауы  мен  нақты  мақсат 

бағытында  пiкiр  жүргізу  қабiлетiн  дамытады.  Жазба  бақылау 

кезiнде оқушының ой жинақтылығы жоғары, тапсырма мәнiне 

тереңiрек  енедi,  жауап  баламаларын  ойластырып,  әртүрлі 

шешiм жолдарын түзедi. Жазба бақылау оқушыны өз ойын дәл, 

үйлесiмдi әрi байланысқан күйде өрнектеуге тәрбиелейдi.

    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет