Анарбаев Алмас Казбекович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті
Бердимуратова Разия Ережеповна
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы, Түркістан қаласы
87019734002, dene-tarbiesi@mail.ru,
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛЕРІН ҮЙРЕТУ
Түйін. Бұл мақалада дене тәрбиесінің жүйесіндегі білім беру үдерісінің көкейкесті мәселелері қарастырылады.
Сонымен бірге шұғылдану барысында шұғылданушылардың жан-жақты дамуы, денсаулығын нығайту, дене мәде-
ниеті және салауатты өмір сүру бейнесі негіздерінен білімді меңгеру, дене және психикалық сапаларын ең жоғары
деңгейге жеткізу, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене мәдениеті мен спорттағы озық тәжірибелерді
пайдалануды болжалдау мазмұндалады. Білім беру мен тәрбиелеу тиімділігі оқытушылардың жоғары деңгейдегі
кәсіби шеберлігіне, олардың оқу сабақтарының барлық түрлерін және спорттық жарыстарды жүйелі өткізуге.
Дене тәрбиесі бойынша оқу үдерісінің концептуалды бағыттылығы мемлекет мүддесін, азаматтардың денелерін
жетілдіруге деген қоғам сұранысын, оларды еңбек біліктілігіне және әлеуметтік белсенді өмірге даярлауды жүзеге
асыру болып табылатыны жүйелі мазмұндалған. Сол сияқты студенттерге білім беру және тәрбиелеу тиімділігі
оқытушының жоғары кәсіби біліктілігі, яғни барлық оқу және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу шеберлігіне байла-
нысты екені сипатталған.
Кілтті сөздер: Дене дайындалғандығы, дамыту, білім беру, диагноздау, руханият, жетілдіру, дағды.
Резюме. В этой статье рассматривается актуальные проблемы образовательного процесса физической культу-
ры осуществляемые в ходе занятий. Всестороннее развитие занимающихся предполагает укрепление здоровья, овла-
дение знаниями основ физической культуры и здорового образа жизни, достижение оптимального уровня физических
и психологических качеств, умение использовать опыт физкультурно-спортивной деятельности для достижения
жизненных и профессиональных целей. Эффективность обучения и воспитания достигается благодаря высокому
профессионализму преподавателей, умелому проведению ими всех видов учебных занятий и спортивных соревнований.
Концептуальная направленность учебного процесса по физической интересов государства, потребностей граждан,
общества, совершенствование тела, труда, изложенных в их системной подготовки и квалификации является осу-
ществление активной социальной жизни. Эффективность воспитания и образования студентов, так и преподава-
теля высокой профессиональной компетентности, то есть во всех учебных и учебно-тренировочных занятий, что
зависит от профессионализма проведения описанных.
Ключевые слова: Физическая подготовленность, развитие, образование, диагностика, духовность, совершенство-
вание, навык.
Summary. In this article considered carefully topical problems of the educational process of physical training carried out
during the course. Comprehensive development involves dealing with health promotion, acquisition of knowledge bases of
physical training and a healthy lifestyle, to achieve an optimal level of physical and psychological qualities, the ability to use
the experience of sports activity to achieve life and professional goals. The effectiveness of training and education is achieved
due to high professionalism of teachers, the skillful conduct of all kinds of classes and sporting events. Conceptual orientation
of educational process on physical interests and needs of citizens, society, the improvement of the body of work contained in
their system of training and qualification is the implementation of an active social life. Efficiency of upbringing and education
of students, and a teacher of high professional competence, that is, in all educational and training sessions that depends on the
professionalism of the conduct described.
Keywords: Physical training, development, education, diagnosis, spirituality, perfection, the skill.
Біздің елімізде дене тәрбиесі жүйесінің мазмұ-
ны идеологиялық, ғылыми-әдістемелік, бағдарла-
малық-мөлшерлік және ұйымдастыру негіздерінде
ашылады. Дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық
негіздеріне дене шынықтыру мәдениетінің ілімдік
негіздері жатады. Қоғамдық идеологияның бір
түрі болғандықтан, дене тәрбиесі қоғамның басты
әлеуметтік институттары - ғылым, мәдениет, эко-
номика және саясат тарапынан ықпал жасауды та-
лап етеді. Ал өзінің даму барысында оларға басқа
жағынан ықпал жасайды, ал басты нәтиже – дене
шынықтыру мәдениетімен шұғылдануға барынша
кең көлемде жастарды қызықтырып отыру, олар-
дың денсаулық деңгейін көтеру және денесін да-
мыту болып табылады. Бұл ықпал етудің мәні: дене
жаттығуларымен шұғылдану барысында адамдар
өздерінің дене және рухани сапаларын жетілдіру
мүмкіндігіне көзі жетеді, ол соңғы нәтижені шын-
дыққа айналдырады. Дене тәрбиесінің жүйесі
берік ғылыми-әдістемелік негізге құрылады. Оның
әрбір ілімдік ережелерінде, іс тәжірибе ұсыныста-
рында қатаң ғылыми дәйектеме бар. Дене тәрбиесі
жүйесінің қалыптасу, даму және қызмет ету заң-
дылықтарын мына төмендегі қоғамдық, психо-пе-
дагогикалық және медико-биологиялық ғылымдар
кешені, яғни тарих, дене шынықтыру мәдениетін
басқару және ұйымдастыру, спорттық әлеуметтану,
спорт тазалығы, спорттық медицина, дене тәрби-
есінің физиологиясы мен исихологиясы, жекелеген
спорттық-педагогикалық пәндер және т.б. зерттей-
155
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ді. Бұлардың арасында салалық кәсіби мамандық
дене шынықтыру мәдениетінің ілімі және әдісте-
месі дене тәрбиесі туралы ғылымның методоло-
гиялық және ілімдік қызметін атқарады. Кеңестік
дене тәрбиесі жүйесінің басты даму нәтижелерінің
бірі оның бағдарламалық-мөлшерлік негізін жа-
сауы, яғни онда жас ерекшелігіне қарай дамуына
адамдардың дене дайындығының негізгі талапта-
ры белгіленген.
Егеменді еліміздің өскелең өмір талабы деңгей-
індегі Президенттік сынақ талаптары шарттарын
тапсыру, Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі
жүйесінің негізгі өлшемдік талаптарына жатады.
Президенттік тест сынамалар сынақтарының
түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін
мектептердің 5-9-11 сыныптарында, кәсіптік-тех-
никалық мектептердің, лицейлердің, колледж-
дердің және жоғары оқу орындарының соңғы кур-
сының алдыңғысында өткізіледі.
Бағдарламалық-мөлшерлік талаптар жүйесін
бірегей спорттық дәреже алу қорытындылайды.
Оның негізгі міндетті бағыты шұғылданушылар-
дың спорттық дайындығын талапқа сәйкес баға-
лау, ал сипаттық ерекшелігі Президент тесті
сынағымен берік байланыс.
Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдастыру негізін
жалпы халықтық дене тәрбиесін іске асыратын
және бақылайтын негізгі екі басқару түрі құрайды:
мемлекеттік және қоғамдық (өздерінің күшімен).
Ұйымдастыру мен басқарудың Мемлекеттік
түрі мемлекеттік органдармен және мекемелер-
мен бірегей бағдарлама негізінде іске асырылады.
Бұл мемлекеттік жүйе барлық жастағы балаларды
және студент жастарды тәрбиелеп, үйретуге, әскер
қатарында қызмет ететін жастардың дене дайын-
дығын қамтамасыз етуге, кәсіпорындар мен ауыл-
шаруашылық және мәдени-ағарту мекемелерінде,
көпшілік дене шынықтыру мәдениеті жұмыста-
рында, денсаулық сақтау мекемелерінде емдеу,
аурудан сақтандыру шараларын өткізуге бағыт-
талған.
Дене тәрбиесін іске асыру және басқарудың
мемлекеттік жүйесінің негізгі бөлімдері мыналар
болып табылады:
-ҚР Білім және ғылым министрлігі саласын-
да: балалар бақшалары, жалпы білім беретін мек-
тептер мен мектеп-интернаттар, педагогикалық
орта оқу орындары, арнайы орта және жоғары оқу
орындары;
-ҚР Қорғаныс министрлігі бойынша: әскери
бөлімдер мен бөлімшелер, әскери училищелер, ин-
ституттар, университеттер мен академиялар;
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бойынша:
емдеу мекемелері, емханалар, поликлиникалар,
дәрігерлік дене мәдениеті диспансерлері, медици-
налық орталық және жоғары оқу орындары;
-ҚР Мәдениет министрлігі бойынша: клубтар,
мәдениет үйлері мен сарайлары, мәдениет және де-
малыс орындары және оқу орындары;
-Басқа да салалық министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, агенттіктер, ведомстволық мекемелер,
кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және оқу институт-
тары.
Мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орын-
дарының барлық түрлерінде дене тәрбиесі мін-
детті түрде, қатаң жоспармен және жүйелілікпен
типтік оқу жоспары мен бағдарламаларына сәй-
кес, дене тәрбиесі пәнінің штаттағы қызметкерлері
белгіленген, материалдық-техникалық және қаржы
көздерімен қамтамасыз етілген жағдайда іске асы-
рылып, жүргізіледі.
Қоғамдық негізде, өз күштерімен ұйымдасты-
рып, басқару Қазақстан Республикасында тұра-
тын адамдардың барлық жастардағы контингентін
қоғамдық негізде, өз күштерімен бастамашыл-
дық негізде бұқаралық сипатта дене тәрбиесіне
қамтып, тартуға бағытталған.
Мемлекеттік және қоғамдық негізде, өз күшімен
ұйымдастырып, басқару түрлері бір-бірімен үй-
лестікте, кедергісіз қызмет атқарады.
Республика бойынша дене шынықтыру мәде-
ниеті жүйесі Мемлекеттік басқару мен басшылық
істері спорт және туризм агенттігіне жүктелген.
Ал жергілікті жерлерде оған облыстық, қалалық
және аудандық спорт және туризм департаменттері
басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының
Президенті және Қазақстан Республикасының
Үкіметі тарапынан жасалып отырған қамқор-
лықтың нәтижесінде біздің елімізде дене тәрбиесі
жүйесі үздіксіз жетілдірілуде.
Оның дәлеліне 24 маусым 1996 жылғы N74
санды "Қазақстан Республикасы тұрғындарының
дене шынықтыру дайындығының Президенттік
сынамалары туралы", 2 желтоқсан 1999 жылғы
N490-1, "Дене шынықтыру мәдениеті және спорт"
туралы Қазақстан Республикасының заңы және
оған 04.07.2003 жылғы N471 санды қаулымен ен-
дірілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының
Спорт және туризм жөніндегі агенттігі (29.05.2003
ж. N35) мен Білім және ғылым министрлігінің
(30.05.2003ж. N06-2-2/12) біріктірілген "Қазақстан
Республикасының білім беру мекемелерінде дене
тәрбиесі жүйесін жетілдіру туралы" бұйрықтары,
сол сияқты 2001 жылғы 12 наурыз күнгі N570 сан-
ды "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру-
ды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қа-
зақстан Республикасы Президентінің жарлығы,
дене тәрбиесі мәселелерімен шұғылданатын білім
беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдары үшін
орындалуы міндетті шара болып саналады [1,2].
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері Әлеумет-
тік-экономикалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі
қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәде-
ниет саласындағы жүйелермен тығыз байланы-
ста. Қоғамдық қатынастардың көрінісінің аясы
156
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
(сферасы) есебінде ол сол жүйедегі жүріп жатқан
өзгерістер әсеріне, яғни дене тәрбиесі жүйесінің
қоғамдық өндіріске осы байланыстардың нақты
негіздерінің бірі болғандығынан дамып отырады.
Алайда қоғамдық өндіріске ол қосымша жолдар
арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық
өнім шығаруға араласпайды. Бірақ ол осы ор-
таға өндірістік қатынастарының субъектісі - адам
арқылы әсер етеді.
Өзінің әр түрлі салалары арқылы дене тәр-
биесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің
барлық негізгі түрлеріне қатысты. Бұл адамның
қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағат-
тандырып қоймайды, сонымен бірге әлеуметтікке
тұлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың
жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің
дамуы биологиялық заңдарға бағына отырып, та-
биғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Алайда
қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене
мүмкіншілігін қажетті деңгейде ұстауға әлі жет-
кіліксіз.
Өзінің арнайы қызметін жүзеге асыра отырып,
дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалыс
белсенділігінің қажеттілігін қамтамасыз етуге,
сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтың
жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық
қабілетті.
Тәрбиелік-педагогикалық қызметті жүзеге асы-
ра отырып, дене тәрбиесі жүйесі адамгершілік,
эстетикалық, еңбек, мәдени даму міндеттерін ше-
шуге мүмкіндігі бар. Дене тәрбие жүйесі кейбір
тәрбие жүйесінің тиімсіз болатын жерлерінде та-
быска жетіп те жүр. Сонымен бірге дене тәрбиесі
жүйесінің өзінде әлеуметтік, экономикалық және
қоғамның рухани өмірімен байланысты нәрсе-
лердің бәрі де көрініс табады. Қоғамның әлеумет-
тік-экономикалық даму деңгейі жоғары болған
сайын, оның, азаматтарына дене шынықтырудың
байлықтары толықтай беріледі, тәрбиесі мақсатта-
рына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі, денса-
улық деңгейі және адамдардың жасауы да жоғары
болмақ.
Жан-жақты жетілген адамдарды қалыптастыру-
дағы дене тәрбиесінің орасан зор маңызын ескере
отырып, үкімет тарапынан қоғамымыздың дамуы-
ның әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселеге бірнеше
рет назар аударды (бұл орайда 1925, 1929, 1948,
1959, 1966, 1981 және 1995 жылдарында қабыл-
данған қаулыларды атап кеткеніміз жөн болады).
Қаулылардың мазмұны сол кезеңдегі саяси жағдай-
ды бейнелеп, орталықтан қатал басқару мен бақы-
лауға басты назар аударылды, сонымен бірге сол
кездегі дене шынықтыру қозғалысының дамуына
үнемі қолайлы бола бермейді.
Дене тәрбиесі жүйесі экономикалық қатына-
стардың дамыған аумағына жатады. Өзінің ұйым-
дық құрылымы жөнінен күрделі болуына байла-
нысты (мемлекеттік және қоғамдық басқарудың
қағидаларын байланыстыра жүргізу), қаржылан-
дырудың материалдық-техникалық жағынан қа-
ралуында да әр түрлі қаржы көздерін өзіне жи-
нақтады мемлекеттік бюджет, қоғамдық қорларды,
кәсіпорындар, кәсіподақ кооперативтік қоғамдар.
Экономикалық жағынан дене тәрбиесі жүйесі
дамыған материалдық және материаддық емес
өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі
есебінде көрінеді. Материалдық өндіріс саласы
қызметкерлерінің еңбегі заттай материалдан түр-
ге ие болады: спорт құрылыстары, құрал-жабдық,
аяқ-киім, киімдер. Бірақ бұл ортада адамдардың
денесінің жетілдірілуіне бағытталған өндірістік
емес дене тәрбиесінің басты өрісіне қарағанда қы-
змет көрсету сипатына ғана ие.
Еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі оның қа-
лыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір норма-
тивтік құжаттарға актілерге сүйенеді. Бұл құжат-
тардың әр түрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар,
жарлықтар, нұсқаулар). Олардың ішінде еліміздің
жаңа 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Консти-
туциясының алар орны ерекше (29-бап). Бұл бапта
Қазақстан Республикасының азаматтарының ден-
саулығының сақталуы арнайы атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1991 жылғы 24
қарашадағы N1593 қаулысында спортты және дене
тәрбиесін нақтылы жақсарту шаралары белгілен-
ген. Бұлардан басқа ұйымдар мен мекемелердің
дене тәрбиесімен қамтамасыз ететін, сонымен бір-
ге қызмет көлемін анықтайтын өлшемдік құжаттар
да бар (олар бала-бақшалар; лицейлер, гимнази-
ялар, колледждер, мектептер, кәсіптік-техникалық
училищелер, орта және жоғары оқу орындары т.б.)
Әдістемелік негіздер дене тәрбиесінің заңдылықта-
рын және оқыту мен тәрбиелеу принциптерін жү-
зеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен
қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен
жаттығуды әдістері мен үлгілерін ұйымдастыру-
ды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсы-
ныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене
тәрбиесі жүйесіне тән ғылымилық көріністерді
байқауға болады. Бұл орайда бастапқы ілімдік ере-
желер және оны іс жүзіне асыру ғылым негіздеріне
(философияға, социологияға, педагогикаға, пси-
хологияға, биологияға т.б.) арнаулы ілімдік және
спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып
жасалады.
Бағдарламалық-өлшемдік негіздер тұрғын ха-
лықтың дене дамуымен бірге білім деңгейіне кой-
ылатын үш сатылы өзара байланысты талаптар
жүйесінде көрсетіледі. Дене тәрбиесінің біріңғай
мемлекеттік бағдарламасы балалар бақшалары
мен яслилерінде, жалпы білім беретін мектептер-
де, орта арнайы және жоғары оқу орындарында
өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі жүктеме
көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламаларда
оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын,
жыныстық айырмашылықтарын есептей отырып,
157
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дене дамуы мен білім көрсеткіштеріне қойылатын
талаптар және дене тәрбиесінің негізгі құралдары
көрсетіледі.
Дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты не-
гіздердің бір мысалы ретінде Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің 1996 жыл 24 маусымдағы N774
қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабында
Еліміздегі халықтардың дене тәрбиесіне қатысты
даярлығын Президенттік сынақ талаптары арқылы
анықтау Ережелері бекітіліп, 1996 жылдың 1 қыр-
күйегінен бастап күшіне енгізілсін делінген.
Сонымен қатар бұл қаулыда Білім және ғылым,
Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс мини-
стрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дене
тәрбиесі жөніндегі оқу бағдарламаларын Прези-
денттік сынамаларының талаптарына сәйкестен-
дірілуін, оның жалпы білім беретін мектептердің,
кәсіби-техникалық училищелердің, орта арнаулы
және жоғары оқу орындарының оқу жүйесіне ен-
гізілуі және оның өлшемдік талаптарының орын-
далуы қамтамасыз етілсін делінген [3,4].
Спорттық бірыңғай дәрежеге жеткізу жікте-
луі (классификациясы) дене тәрбиесі жүйесінің
бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғары,
қорытынды сатысы болып табылады. Ол елдің
барлық спорт ұйымдары үшін спорттық дәрежелер
мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын,
сонымен қатар спорттың әр түрінен спортшының
дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлік та-
лаптарды белгілегені көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қайымова Ш. «Салауатты өмір салтын құру», «Өзіндік таным» , 2005-2.
2. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салтына құрылымдық модель», «Валеология дене тәрбиесі
спорт» №12 -2003.
3. Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10
4. Исламова А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері», «Мектептегі дене шынықтыру»
2004-3.
5. Қосуақова З. «Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру.» «Валеология дене
тәрбиесі спорт». 2003-3.
6. Таубаева Ш. Назарова Г. Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері. «Валеология және
салауаттылық негізі» 2003-1.
158
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796.07
Жайымбаев Нұрлан Тұрғанбекұлы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы,
87011714154, dene-tarbiesi@mail.ru
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Резюме. Бұл мақалада дене тәрбиесінің жүйесіндегі білім беру үдерісінің көкейкесті мәселелері қарастырылады.
Сонымен бірге шұғылдану барысында шұғылданушылардың жан-жақты дамуы, денсаулығын нығайту, дене мәде-
ниеті және салауатты өмір сүру бейнесі негіздерінен білімді меңгеру, дене және психикалық сапаларын ең жоғары
деңгейге жеткізу, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене мәдениеті мен спорттағы озық тәжірибелерді
пайдалануды болжалдау мазмұндалады. Білім беру мен тәрбиелеу тиімділігі оқытушылардың жоғары деңгейдегі
кәсіби шеберлігіне, олардың оқу сабақтарының барлық түрлерін және спорттық жарыстарды жүйелі өткізулері
нәтижесінде қол жетімді болатыны жүйелі сипатталған.
Кілтті сөздер: Бағдарлау, жүйке, жеке тұлға дамуы, өзін-өзі дамыту, дене мәдениеті.
Резюме. В этой статье рассматривается актуальные проблемы образовательного процесса физической культу-
ры осуществляемые в ходе занятий. Всестороннее развитие занимающихся предполагает укрепление здоровья, овла-
дение знаниями основ физической культуры и здорового образа жизни, достижение оптимального уровня физических
и психологических качеств, умение использовать опыт физкультурно-спортивной деятельности для достижения
жизненных и профессиональных целей. Эффективность обучения и воспитания достигается благодаря высокому
профессионализму преподавателей, умелому проведению ими всех видов учебных занятий и спортивных соревнований.
Ключевые слова: Ориентация, психика, развитие личности, саморазвитие, физическая культура.
Summary. In this article considered carefully topical problems of the educational process of physical training carried out
during the course. Comprehensive development involves dealing with health promotion, acquisition of knowledge bases of
physical training and a healthy lifestyle, to achieve an optimal level of physical and psychological qualities, the ability to use
the experience of sports activity to achieve life and professional goals. The effectiveness of training and education is achieved
due to high professionalism of teachers, the skillful conduct of all kinds of classes and sporting events.
Keywords: Orientation, psyche, personal development, self-development, physical education.
Дене тәрбиесі – білім алушыларды оқытып, үй-
рету мен тәрбиелеудегі маңызды пәндердің бірі бо-
лып табылады. Жас жеткіншектерді жан-жақты да-
мытуға арналған жаттығулар барысында мыналар
іске асырылады: денсаулықты нығайту; салауатты
өмір бейнесі мен дене тәрбиесі негіздерінен білім
дәрежесін меңгеру; дене және психологиялық са-
паларының ұтымды деңгейіне жету; өмірлік және
кәсіби мақсаттарға жету үшін дене тәрбиесі мен
спорттық қызметтің озық тәжірибелерін пайдалана
білу.
Республикадағы білім беру жүйесіндегі қайта
құру дене мәдениетінен білім берудің жаңа амал-
дарын іздеуге және қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады, яғни олардың негізгі бағыты мемлекет
мүддесі, азаматтардың дене мүмкіндіктерін жетіл-
діруде қоғам сұраныстары мен қажеттіліктері
білікті мамандар даярлау болып табылады.
Дене тәрбиесінен білім беру оқушылардың
жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту және жетілдіру
үшін жағдай жасау бойынша оқытушылар құрамы-
ның күш салуын талап ететін білім беру үдерісінің
құрылымы ретінде алға шығады.
Жастарды тәрбиелеу оқу-тәрбие үдерісін де-
мократизациялау, дифференциялау және гумани-
зациялау есебінен, өзара қисынды байланысты
жүйелеп, оқытушы мен студенттің барлық қызмет
түрлерін ұйымдасқан түрде қамтитын мәдени,
табиғаттық, аймақтық және басқа да қозғаушы
күштердің ерекшеліктері ескеріліп жүзеге асады,
яғни мақсаты – оқытып, үйрету, ал мазмұны оны
іске асыру технологиясы болып табылады.
Дене тәрбиесі адамның ұйымдастырушылық
қабілеті деңгейін дамытуға, кәсіби қызметке пси-
хологиялық даярлығын жетілдіруге мүмкіндік
туғызады (қызығушылық, ішкі орнықтылық және
өз еңбегінің пайдалылығына сенімділік).
Адамның дене қозғалысы сапаларын жетіл-
діруге тәрбиелеу және дене тәрбиесінен білім беру
үдерісінде, нақтылы жоспарланған оқу үдерісі,
оқытып, үйрету құралдары, формалары мен педа-
гогикалық ықпал ету әдістері, олардың оқу матери-
алдарын меңгеруін жүйелі бақылау, тексеру және
бағалау, сол сияқты дене тәрбиесі-спорттық кезде-
сулер, жаттығулар, спорт түрлері бойынша әртүрлі
жарыстар арқылы жүзеге асырылады.
Оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің тиімділігі
оқытушылардың жоғары кәсіби біліктілігі, олар-
дың оқу сабақтарының барлық түрлерін және жа-
рыстарды жүйелілікпен өткізулері нәтижесінде
жүзеге асады.
Қоғамды реформалау білім беру мекемелерін-
де дене тәрбиесін оқытып, үйрету сабақтарын
ұйымдастыру және жүргізудің жаңа әдістері мен
тәсілдерін, ой пікірлері мен көзқарастарды қайта
зерттеуді талап етеді.
Оқытып, үйретудегі техникалық құралдардың
үнемі жетілдірілуі, мамандардың қызмет сипаты
мен жағдайларының өзгеріп отырылуы, дене тәр-
биесін оқытып, үйретудің әдістері мен құралда-
159
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
рын, формаларын одан әрі дамытуды және жаңаша
ғылыми негіздеуді талап етеді [1,2].
Дене тәрбиесі бойынша қазіргі заманғы оқы-
тушының (жаттықтырушының) жұмысында ғылы-
ми зерттеу жұмыстарының элементтері болады, ал
кейбір жағдайларда оның алдына қойған міндетін
ғылыми және сараптамалық тұрғыда шешулеріне
тура келеді.
Барынша маңызды өзекті мәселе оқушылардың
дене мүмкіндігі жағдайын талдау, оқу қызметінің
тиімділігін анықтау, бос уақытында мәдени ша-
ралар ұйымдастыру болып табылады. Жастардың
рухани дамуы, олардың тұрақты өзін-өзі дамытуға
байланысты дене тәрбиесін арттыруда жоғары
нәтижелерге жетуге талаптануы аса маңызды.
ЖОО студенттері дене тәрбиесінің мақсаты
денсаулықты сақтау және нығайту, психологиялық
дене даярлығы мен болашақ кәсіби қызметіне өзін
дайындау үшін дене мәдениеті, спорт және туриз-
мнің әртүрлі бейнедегі құралдарын бағытты пай-
далану қабілеттерін дамыту және жеке тұлғаның
дене тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін жеке тұлға-
ны жан-жақты дамытуда және оны кәсіби қызметке
дайындауда, салауатты өмір бейнесі мен дене тәр-
биесінің ғылыми-биологиялық және практикалық
негіздерін білу, дене тәрбиесінің әлеуметтік рөлін
түсіну қажет [3].
Оқу-тәрбие үдерісін дене тәрбиесіне мотиваци-
ялық-құндылық қатынастарын, қалыптастыруға,
салауатты өмір бағытын ұстануға, өз денесін өзі
жетілдіруге және өзін-өзі тәрбиелеуге, дене жат-
тығуларымен және спортпен жүйелі шұғылдану
қажеттілігіне бағыттау қажет. Оқытып, үйрету
үдерісінде денсаулықты сақтау және нығайтуды
қамтамасыз ететін, іс- жүзіндегі біліктілік пен дағ-
дылардың жүйесін меңгеру, жеке тұлғаның психо-
логиялық дене қабілеттерін, дене қозғалысы сапа-
лары мен қасиеттерін дамыту және жетілдіру, сол
сияқты дене мәдениетінде өзінің орынын анықтау
маңызды.
Болашақ кәсіби маман болатын студенттің пси-
хологиялық және дене дайындығын анықтайтын
жалпы және кәсіби-қолданбалы дене даярлығын
қамтамасыз ету, өмірлік және кәсіби мақсаттарға
жету үшін дене мәдениеті мен спорттық қызметте
шығармашылықпен пайдалану тәжірибесін меңге-
ру кез келген білім беру мекемесінің маңызды мін-
деттері болып табылады.
Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында сту-
денттерді дене тәрбиесі мен спортқа оқытып, үй-
рету және тәрбиелеу саласындағы маңызды про-
блемаларға мыналарды жатқызуға болады:
-дене тәрбиесі мен спорт саласында студент-
терді оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерістерін
жетілдіру;
-білім алушылардың дене, психологиялық сапа-
лары мен қолданбалы дағдыларын қалыптастыру;
-әйелдердің дене тәрбиесі мен спорттағы ерек-
шеліктерін зерттеу;
-дене тәрбиесі, спорт, туризм және кәсіпкерлік-
тің өзара байланыстылығы;
-дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-тех-
никалық базаларын нығайту;
-дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми
зерттеу жұмыстарының көлемін арттыру;
-дене тәрбиесі мен спортты басқару мен
құқықтық реттеудің әдістерін жетілдіру;
-дене тәрбиесі мен спортты ақпараттық қамта-
масыздандыру мәселелеріне жете назар аудару;
-дене тәрбиесі мен спортты және т.б. қаржылық
қамтамасыздандырудың жаңа бағыттарын өңдеп,
дайындау [4].
Дене тәрбиесі мен спорттан білім берудің
маңызды мәселелерін шешу оқу-тәрбие үдерісін
ақпараттандыру деңгейімен тікелей байланысты.
Соңғы жылдары дене тәрбиесі мен спорттағы
оқытып, үйретуді ақпараттық қамтамасыздандыру
білім беруді оның барлық сатыларында ақпарат-
тандырумен байланысты үлкен маңызға ие болуда.
Информациология қалыптасқан ғылым ретін-
де өзінің санаттары (категориялары) мен заңдары
бар. Оның санаттары (информация, информатика,
информатизация және т.б.) қазіргі таңда дене тәр-
биесі мен спорт саласында кең қолданысқа ие.
Дене тәрбиесі мен спортта информациологи-
яны ақпараттандыруды қамтамасыздандырудың
қызмет ету жүйесі, құралы және әдістері ретін-
де түсіндіріледі. Ол оқытушылар мен студенттер
ұжымының қызметіндегі нақтылы міндеттерді ше-
шудің қуатты құралы қызметін атқарады.
Информациологияның дене тәрбиесі мен спорт
қызметінің ерекше өзгеше (спецификалық) өрісі
ретінде келесі бағыттары бар:
-ЖОО спорттық шараларды тіркеу және зерт-
теу, шұғылдану сабақтарын, жарыстарды және т.б.
өткізу;
-дене тәрбиесі мен спорттық даярлықтың әртүр-
лі бағыттарындағы студенттердің дене даярлығын
тексеру және бағалау үшін қолданылатын жаттығу-
ларды жіктеу, түрге бөлу және стандарттау;
-дене жаттығуларын оқытып, үйретудің ақпа-
раттық үлгілері мен технологияларын жасау және
оларды практикаға ендіру;
-ақпараттық кодтарды жүйелеу және оларға
кіру жолдары;
-құқықтық қамтамасыздандыруды ақпараттан-
дыру;
-спутник, жүздік және мобильдік байланыс
жүйелерін пайдаланумен дене мәдениеті-сауықты-
ру қызметін қамтамасыз ету үшін тораптық және
ақпараттық технологияның ведомствоаралық есеп-
теу жүйесін жасау;
-еліміздің білім беру үдерісіндегі дене мәдени-
еті мен спорттың жекелеген компоненттерінің ком-
пьютерлік үлгіленуін зерттеу;
160
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
-дене тәрбиесі мен спорт нысандарының ба-
засын жасау (мамандар және олардың біліктілігі
туралы мәлімет; ЖОО оқу-спорттық базалардың
жағдайы, заң актылары, студенттердің дене дай-
ындығын тексеру және бағалау үшін нормативтер
және т.б.).
Қазіргі таңда ғылымдардың саяси, қоғамдық,
экономикалық, оның ішінде дене мәдениеті ая-
сындағы үдерістерді көрсететін бірқатар заңдары
тұжырымдалған.
Солардың ішінен бірқатарын қарастырайық.
Сонымен, ақпаратты сақтау заңы дене мәдени-
еті мен спорттық ұйымдар қызметінің бөлін-
бейтін құрамына айналған. Мұнда мемлекеттік
құрылымдар белсенді, яғни олардан ақпараттық
хабарлар мына төменде тұрған деңгейлерге та-
райды: аймақтар, спорттық қоғамдар мен спорт-
клубтар, ЖОО, құрама командалар мен жекелеген
спортшылар. Ақпараттар жиынтығы (келетін не-
месе шығатын) тұрақтылығымен (тепе - теңдігімен
және баланс) сипатталады.
Ақпараттың қуат көзі, қозғалыс, көлем, кеңістік
және уақыт сияқты қасиеттері. Мысалы, студент-
тер арасында бокстан чемпионат өткізу жайлы
ақпарат қатысушылардың өздеріне, сол сияқты
төрешілер алқасына көрермендерге өте күшті әсер
етеді.
Ақпарат үнемі қозғалыста болғандықтан өзінің
нақтылы векторы және мекен жайы болып, белгілі
бір жылдамдықпен бір орыннан екінші орынға
ауысып отырады. Мысалы, жоғары оқу орында-
рында қысқы және жазғы спорт түрлері ендірілген
спартакиадалар өткізіледі. Жоғары оқу орны спорт
ұжымдары (спорттық клуб, дене тәрбиесі кафедра-
сы) мен факультет ұжымдары және спорттық ко-
мандалары, сол сияқты жекелеген спортшылары
арасында тұрақты ақпарат алмасу жүреді (мыса-
лы, жарыстардың өтілетін күні, қатысушылардың
саны мен құрамы, төрешілік мәселелері нақтыла-
нады және т.б.). Жарыстардың аяқталуы бойын-
ша ЖОО ректоратына қорытынды ақпарат түседі
(жарысқа қатысушылар саны, жақсы нәтижелері,
жеңімпаздар және т.б. туралы есеп).
Ақпарат артуы немесе азайтылуы, бір түрден
екінші түрге немесе бір жағдайдан басқасына
өтуі мүмкін, яғни сонысымен оның бір құрылым-
нан (мысалы, дене шынықтыру кафедрасының
оқытушыларынан) басқасына (факультеттердің
спорттық ұйымдастырушыларына), ақпаратты қа-
былдау-беру қамтамасыз етіледі, ал жалпы ақпарат
тұрақты болып қалады.
Дене тәрбиесі мен спортта ақпараттың тұрақты
өзгеру заңдылығы келесілерде көрінеді. ЖОО
спортклубының материалдық базасы оның же-
келеген бөлімдеріндегі функциясының тұрақты
өзгеруімен айқындалады. Бұрын қолайлы, жақсы
қызмет атқарған бір нысандарда (бассейн немесе
тренажерлар залы) оларды қазіргі талапқа сай қайта
жасақтауға (модернизация) байланысты келушілер
доғарылады. Басқалары бойынша (спорт ойында-
ры алаңдары мен стадион) көпшілікке өткір қажет-
тілік туындайды. Бұл басқа мамандар қажеттілігі
туралы ақпараттың өзгеруіне әкеледі.
Дене тәрбиесі мен спорттағы ақпараттанды-
рудың тиімділігі өзіне мыналарды кіргізетін ин-
фрақұрылымға байланысты: ақпаратты алу және
қайта өңдеу тәсілдері, кадрлық, ғылыми-әдісте-
мелік және құқықтық қамтамасыздандыру, мате-
риалдық-техникалық және қаржылық реттеу және
құрылымдық-ұйымдастыру шаралары.
Ақпаратты алу және өңдеу тәсілдері әртүрлі
әдістермен іске асырылады:
-білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық
деңгейінде, яғни министрлік және жауапты меке-
мелер, спорттық федерациялар, ЖОО дене тәрби-
есі кафедралары, дене мәдениеті-сауықтыру клуб-
тары және т.б. дене мәдениеті мен спорт туралы
материалдарды жинақтау, талдау және қорыту;
-диагностика, оқытып, үйрету үдерісінде дене
тәрбиесін меңгерудің нәтижелілігі талаптарын
орындаудағы позитивті және негативті жақтарын
анықтауға береді.
Мысалы, видеокассетада немесе видеодискіде
жарыс барысы немесе жекелеген оқу-жаттығу са-
бағы түсірілген болса, одан әрі жекелеген спорттық
жағдайларды талдау жүзеге асады, спорттық күре-
стің барынша қажетті әдістері мен тәсілдері ашы-
лады, жекелеген спортшылардың немесе бүтіндей
команданың жіберген қателіктері ескеріледі;
-сараптау, әртүрлі бағыттар бойынша дене тәр-
биесінің жағдайын бағалайды;
-жинақталған талдау (аналитикалық) материал-
дарының негізінде бағдарлау мыналарға мүмкіндік
береді: дене мәдениеті мен спортта ақпараттанды-
руды дамытудың келешегі барлығын алдын-ала
болжалдау; ЖОО оқу үдерісін ұтымды жоспарлау-
ды жүзеге асыру; оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпарат-
тылықты дамытудың бағыты мен заңдылықтарын
анықтау.
Нарықтық жағдайда дене мәдениеті мен спорт-
тағы ақпараттандыру маркетингтің дүниесі (пред-
мет) болуы мүмкін. Мысалы, ЖОО-ң оқытушыла-
ры сауда (коммерсиялық) құрылымдары үшін дене
шынықтыру-сауықтыру бағдарламаларын және
әдістемелік оқу құралдарын дайындайды, сұраныс
берушілердің қажетін өтеу, яғни қызмет көрсету
үшін тренажерлардың түп нұсқаларын даярлай-
ды. Олардың авторлары өз меншігінің жобала-
рымен және технологияларының иесі ретінде алға
шығуына болады.
Отандық және шетел нарық базарында жүретін
үдерістерді есепке ала отырып, олар пайда келтіру-
ге, сол сияқты түскен пайданы алу кезінде қатыса
алады.
161
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Спорттық шараларды ақпарат құралдары
арқылы жарнамалау жәрдемімен спорттық ко-
мандалардың және жекелеген спортшылардың,
республика құрама командаларының, жекелеген
спорттық клубтардың, ЖОО дене тәрбиесі кафе-
драларының, дене мәдениеті мен спорт қайраткер-
лерінің, еліміздегі және аймақтағы мамандар мен
ғалымдардың рейтингтерін анықтауға болады.
Салыстырмалы талдаулар мен сараптамалық
бағдарламалар әртүрлі елдердің дене мәдениеті
мен спорт жүйелерінде дұрыс және қайшы келетін
қозғаушы күштерді (факторларды) анықтауға,
студенттердің халықаралық спорттық ынтымақта-
стығындағы заңдылықтарды ашуға мүмкіндік жа-
сайды және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қояенбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.
–Алматы, 2002-384 б.
2. Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.
3. Каинова Э.Б. Общая педагогика физической культуры и спорта. Москва. 2007г.
4. Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. – 368 б.
5. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті және спорт педагогикасы (лекциялық жинақ). Түркістан., 2014ж,
162
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Қазіргі кезде білім беру сапасын арттырудағы
ықпалды жолдардың бірі ретінде дидактикалық
әлеуеті жоғары оқытудың интербелсенді орта-
лары қолданысқа ие. Білім беруде интербелсен-
ді оқыту орталарын пайдалану белсенді оқыту
формалары мен әдістерін, білімгерлердің жеке
тәжірибелері мен өзбетіндік іс-әрекеттерін іске
қосуды, әрі оқытушының білімгерлердің жұмы-
сына бағдар беруші, серіктес, кеңесші ретіндегі
рөл атқаруына сүйенеді.
Ағылшын тілінің inter+act сөзінен алынған
бұл термин «аралық», «белсенділік», «күшейтіл-
ген іс-әрекет» мағынасында қолданылады. Бұл
мағынаға сүйену нәтижесінде «интербелсенділік»
түсінігі өзара әрекеттесу немесе сұхбаттасу ре-
жимінде болу сапасында түсіндіріледі. Дегенмен,
педагогика саласындағы ақпараттарда интербел-
сенділік/интерактивтік терминдерінің қатар қол-
даныста екендігі мәлім.
Е.В. Коротаева оқу диалогын интербелсен-
ділікті қамсыздандырудың негізі ретінде қарасты-
Достарыңызбен бөлісу: |