Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50

Сүлеймен  Әсел Қалтайқызы 
 Абай атындағы ҚазҰПУ  6М010100 мамандығының 2 курс магистранты, asel.s_5@mail.ru
Елькеева Алима Бабанқызы
 Абай атындағы ҚазҰПУ п.ғ.к., доцент, yalima55@mail.ru
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ГЕНДЕРЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ  
МӘСЕЛЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Түйін. Бұл мақалада ХVIII ғасырдан бастап  XXI-ші ғасырға дейін «гендер» ұғымы мен гендерлік тәрбиенің қалай 
қалыптасып, қандай деңгейде дамығаны қарастырылған. Гендерлік тәрбие ұғымдарына анықтама беріліп, гендерлік 
идеялардың педагогикалық мәні қарастырылып, оны зерттеген ғалымдардың тұжырымдамаларына талдау жасалын-
ды. Гендерлік тәрбие беруде балалардың жыныстық ерекшеліктерін ескеру керектігі қозғалды.
Түйін сөздер: гендер, гендерлік білім, мектеп жасына дейінгі балалар.
Резюме. В статье раскрывается история развития понятия «гендер» и «гендерное воспитание» в психолого-педа-
гогической науке. Рассматривается педагогическая сущность идей гендерного  воспитания,  проведен теоретический 
анализ психолого-педагогических научных концепций.   В гендерное воспитании необходимо учитывать половые особен-
ности детей.
Summary. The article deals with the history of the development of the concept of the word  «gender» . Gender education 
in psychologikal, pedagogical science. Are riser pedagogical essence of the idea of gender education, conducted ar analysis 
Theoretical number of scientific concepts. The gender education should take into account sexual features children.
Жаңа стратегиялық бағдарда Елдің әлеуметтік-э-
кономикалық дамуын, қазіргі заманғы өзгерістердің 
деңгейі  мен  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларын-
дағы  ынтымақтастықтың  әлемдік  жүйесіне  Қа-
зақстанның енуі елдегі гендерлік теңдік қойылатын 
талаптарды  күрт  өзгертті.  Ерлер  мен  әйелдер  ара-
сындағы  теңдік  принципі  Қазақстан  Республика-
сының заңнамасы негізінде болып табылады. Кон-
ституция бойынша «адамның азаматтық құқықтары 
мен  бостандықтары  және  басқа  адамдардың 
құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс»жә-
не « әркімнің  Адам құқықтары мен бостандықтары 
туғаннан  бастап  өздеріне  тиесілі,  абсолютті  және 
ажырамас ретінде танылады» [1].
Қазақстан  Республикасының  егеменді  дамуы 
гендерлік білім мәселесін қайта жаңғыртуды талап 
етті.  «Гендер»  ұғымының  түсінігі  ХХ  ғасырдың 
екінші жартысында өзіндік жалпы мағынаға ие бол-
ды,  дегенмен  оның  мәнінің  ұзақ  тарихы  бар,  жы-
ныстардың  қарым-қатынастарына  қатысты  өзіндік 
бастамасын адамзаттың шығу тегінен бастау алады.    
Гендер  (тек)  ұғымын  алғаш  рет  ғылыми  айна-
лымға  1968  жылы,  өз  кітабының  атын  «Жыныс 
және гендер» деп атап, америкалық психоаналитик 
Роберт  Столпер  енгізген.  Осы  санаттардың  айыр-
машылығын түсіндіре келе, ол: «Сөздіктер «жыныс» 
сөзінің негізгі мағынасы – биологиялық,  мысалы, 
«жыныстық қатынастар» немесе «еркек жынысты» 
деген сияқты, деп береді»,-деп жазады. Осы мәнге 
сәйкес,  осы  жұмыста  «жыныс»  сөзі  еркек  немесе 
әйел дегенді және соған сәйкес  адамды еркек пе, 
әйел ме анықтауға мүмкіндік беретін биологиялық 
органдарды білдіреді.  Сөзді осылай қолдану жыны-
старға қатысты мінез-құлықтың, сезімдердің, ойлар 
мен  қиялдардың  үлкен  саласын  қамти  алмайды, 
бірақ  тек  биологиялық  мағынасы  ғана  болмайды. 
Олардың кейбір психологиялық құбылыстары үшін 
біз  «гендер»  терминін  пайдаланамыз:  онда  еркек 
және әйел жынысы туралы да, еркектік (ержүректік) 
пен  әйелдік  (биязылық)  туралы  да  айтуға  болады, 
және бұл ретте анатомия мен физиологияға мүлде 
қатысы жоқ құбылыстар туралы айтуға болады» [2]. 
Гендерлік  білім  –  ол  тұлғаның  өзінің  де,  оның 
өзін-өзі  жүзеге  асыруын  да,  сондай-ақ  гендерлік 
қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының 
да  әлеуметтендірілуіне,  мәдениеті  мен  мүдделер-
ге  қоғамдық  белсенділікті  қалыптастыруға  бағыт-
талған білім қызметінің жүйесі.
Педагогикалық ғылымдағы гендерлік зерттеулер 
социология,  тарих  және  философия  сияқты  пән-
дермен  салыстырғанда  сондай  қарқынды  дамыған 
жоқ.  Жыныстарды  әлеуметтік  бөлу  тарихы  сонау 
ертеден басталған тәрізді. Мүмкін, ол кезде екі жы-
ныс  өкілдерінің  арасында  психофизикалық  айыр-
машылықтар мен шектеулі қарым-қатынас (еңбекті 
бөлгендіктен)    әсерінен  еркектер  мен  әйелдер  қа-
уымдастығында  қарым-қатынастың  әртүрлі  стиль-
дері  қалыптасқан  шығар.  Алайда  қазіргі  уақытта 
гендерлік зерттеулердің «робинзонадасы» гендерлік 
педагогиканың  теориялық  бастауларын  анық  бел-
гілеуге мүмкіндік береді, ол, біздің ойымызша, әри-
не,  классикалық  педагиогикада  негізделген.  Сон-
дықтан қойылған мәселенің мәнмәтінінде біз үшін 
ізделіп отырған мәселе үзік-үзік белгіленген немесе 
қатаң зерттелетін дереккөздер мазмұнды негізгі фон  
болып табылды.
Қандай  да  болмасын  білімді  меңгеру  үрдісінде 
жыныстық  айырмашылықтар  туралы  мәселе  тео-
ретиктерді де, білім практиктерін де қызықтырған. 
Мысалы,  балаларды  жыныстық  тәрбиеге  оқыту 
және тәрбиелеу бойынша өз көзқарасын Томас Мор 
(ағылшын  ойшыл-гуманисі)  анықтағаны  белгілі, 
ол  жалпы  оқыту  қағидасын  жария  етті,  еркектер 
мен әйелдерге бірдей білім берілуін талап етті. Ол, 

170
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
«Утопия» аралында барлық балаларға, қыздарға да, 
ұлдарға да тең қоғамдық тәрбие мен алғашқы білім 
беріледі; барлық адамдар кең білім алады, деп көр-
сетті  [3].  Жыныстық  дифференцияциялау  мәселе-
сінің жаңа ракурсы француз ағартушысы Жан-Жака 
Руссоның  шығармашылығында  байқалады.  Өзінің  
«Эмиль  немесе  тәрбие  туралы»  трактатында  ол 
еркектер  мен  әйелдер  тәрбиесі  мазмұнындағы  қа-
рама-қайшылықты ашты. Руссоның ұғымында, әй-
елдің  мақсаты  еркектерден  мүлде  басқа.  Ол  үйде 
тәрбиелену керек [4]. Оның осы пікірімен француз 
философ-материалисті  К.А.  Гельвеций  келіспейді, 
ол,  адамдардың  барлығы  білімге  тең  деңгейде  қа-
білетті,  өйткені  олар  бірдей  рухани  қабілеттермен 
дүниеге  келеді,  деп  бекітеді.    Осы  «адамдардың 
табиғи теңдігі туралы» пікірі нағыз демократия; ол 
оның  сол  кездегі  замандастары,  дворян  иеологта-
рының,  адамдар  теңсіздігі  табиғаттан,  ол  олардың 
әлеуметтік  жынысымен  негізделеді,  деген  ұғымы-
на тиген қатты соққы болды [5]. Осы мәселеге И.И. 
Бецкой XVIII ғасыр ағартушысы көп көңіл бөлген, 
ол 5-6 жастан 18 жасқа дейін балаларға жабық тәр-
бие-білім мекемелеріня: Көркем өнер академиясын, 
Ұлдарға арналған коммерциялық училище, Петер-
бургтағы ізгі қыздардың смольный институтын ашу 
арқылы,  Ресейде  барлық  ұлттарды  «адамдардың 
жаңа нәсілін» тәрбиелеу керектігін айтады [6].
  XІХ  ғасырдың  60-шы  жылдардағы  қоғамдық 
қозғалыста  әйелдердің  білім  алу  құқығына  үлкен 
назар  аударылды.  Айтарлықтай  көп  жекеменшік 
орта  оқу  орындары  (еркектер  мен  әйелдер  гимна-
зиясы,  нақты  және  коммерциялық  училищелер) 
ашыла бастады. Баспада Клара Цеткиннің мақала-
лары  пайда  бола  бастады  «Мектеп  мәселесі  және 
жұмысшылар табы», «Әйел және оның экономика-
лық жағдайы», «Әйел және бала тәрбиесі» және т.б. 
мақалаларында, еңбекшілердің қиын тұрмысын си-
паттай отырып, оның негізгі себебі олардың анала-
рының білімі жоқ болуы мен дөрекілігінен, деп атап 
көрсетті.  Осындай  жағдайдан  шығудың  бірден-бір 
жолы қыздарға болашақ ана ретінде білім беру, деп 
санады». Егер әйелдердің материалдық және қоғам-
дық  жағдайы  түбегейлі  өзгертілмесе,  онда  әйел-
дердің заңды құқықтары бос сөз болып қалады деп 
тұжырымдайды К.Цеткин [7].
   Қазақ елінде де ағартушылар мен педагогтар 
ұл  мен  қыздың  тәрбие  мәселесіне  көп  көңіл  бөл-
ген.  Мысалы,  жазушы  Абай,  тәрбие  адамды  адам 
етеді, деп айтқан. Адамның барлық әдеттері, оның 
барлық жағымды және жағымсыз қылықтарын, мі-
нез-құлқының барлық ерекшеліктерін, жазушының 
пікірі бойынша, тәрбиелеуге болады, ол ең алдымен 
отбасында  тәрбиеленеді.Сондықтан  Абай  ата-ана-
лардың өзі тәрбиелі болу керек, деп талап еткен.  Ол, 
ата-ана үшін баланың қуаныш болуы да,  баланың 
мақтаныш болуы да олардың өзіне байланысты, деп 
санаған:  «Жер  бетінде  әлі  күнге  дейін  жаман  әке-
ден ұлы адам туып көрген жоқ». Баласы   өз өмірін 
дұрыс сүру үшін, ата-ананың өзі баласын   қандай  
да болмасын кәсіпке үйрету керек [8].  
  М.Жұмабаевтың жұмысынан да отбасындағы 
балалар тәрбиесі туралы қызықты пікірлерді табуға 
болады. «Ұл мен қыздың қандай болып өсуі, ата-а-
наға ғана байланысты.  Егер ата-ана дені сау, ақыл-
ды, тәрбиелі ұл немесе дербес, шаруашыл, әдемілік-
ті бағалай білетін қыз өсіргісі келсе, онда олар бала 
тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Бала тәрбиесі – ол 
өнер, өте қиын өнер. Ата-аналарды дұрыс тәрбиелеу 
өнеріне педагогика ғылымы үйрете алады» [9].
Белгілі  қазақ  журналисі,  педагог  Назипа  Құл-
жанова  өзінің көптеген публицистикалық мақала-
ларында,  балалардың  отбасылық  алғашқы  тәрби-
есіндегі ананың жауапты рөлі, тәрбиеші-ана идеалы 
туралы атап көрсеткен. Ғалым-педагогтың пікірін-
ше тәрбие бесіктен басталады. Дереккөздерді зерт-
тей келе қарастырылып отырған мәселе бойынша, 
Н.Құлжанованың  «ұлттық  рухты»  жандандыруға 
үндегенін,  әйелдер  теңсіздігін  болмауы,  отбасын-
дағы  жұбайылар  теңдігі  үшін  күрескенін  дәлел-
дейді. Осы қағидаларды растау үшін мына сөздерді 
келтіруге  болады:  «...  Еркектер  мен  әйелдерден 
тұратын қоғамды қарастырып көрейік.  Қыздар мен 
ұлдар дүниеге бірдей келеді, бірақ қоғамда олардың 
құқықтары  үнемі  бірдей  емес.  Кез  келген  қоғамда 
еркектер  өз  дамуы  бойынша  әйелдерден  алда 
жүреді.    Өйткені  олардың  бос  уақыты,  әйелдерге 
қарағанда көбірек. Үй жұмыстары ең алдымен әй-
елдердің мойнында: балаларға, күйеуіне қамқорлық 
көрсету, отбасы жайлылығын жасау және т.б. Оған 
еркектермен салыстырғанда табиғатынан  қиындық 
басына жазылған» [10].  
Сонымен,  ХІХ  ғасырдың  60-жылдарының  ба-
сында  әйелдер  біліміне  қатысты  әлем  бір  қадам 
алдыға  жылжыды,  бірақ  ол  да  жартылай  істелген 
іс болды, өйткені ұзақ жылдар бойы дүниежүзінде 
әйелдерді университеттерге қабылдауға тыйым са-
лынған болатын. Тек ХІХ ғасырдың 60-жылдарын-
да Голландия университеттері әйелдерді студенттер 
қатарына ала бастады, содан кейін 10 жылдан кей-
ін Англияда да жоғары білім алу мүмкін болды, ал 
Германияда  1900  жылы  жоғары  білім  беретін  оқу 
орындары  әйелдерге  есігін  ашты,  бірақ  ХХ  ғасы-
рдың  басына  дейін  әйелдердің  университтердегі 
оқытушылық  және  зерттеу  жұмыстары  өте  сирек 
құбылыс болды.
Әйелдер зерттеулері мен гендерлік зерттеулерді 
институционалдандыру педагогикада шамамен ХХ 
ғасырдың  70  жылдарынан  бастап  жүргізіле  баста-
ды.    Мектептердегі  балаларды  тәрбиелеудің  жал-
пы қабылданған тәсілін кейбір шетелдік ғалымдар 
«сыни  педагогика»  деп  аталатын    ғылым  аясын-
да  сынға  алды.  Француз  философы  Л.Альтюссер 
«Идеология және мемлекеттің идеологиялық аппа-
раттары» деген кітабында, мектеп адамның қоғамға 
бейімделу  құралы  емес,  қоғамдық  қатынастарды 
өндірушілері, яғни қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік-

171
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
тің идеологиялық стереотиптерін орнататын құрал 
болып табылады»,- деп көрсетті. Қорытындысында, 
мектеп тәрбиесінің мақсаты, философтың ойынша, 
- баланың талантын дамыту емес, қоғамдағы әлеу-
меттік рөлдерді оған жүктеу болып табылады (со-
ның ішінде жыныстық белгісі бойынша). 
Қазақстанда  гендер  мәселесіне  қызығушылық 
екі  жүзжылдық  тоғысында  пайда  болды.  Филосо-
фия  және  политология    институтутында  зертте-
ушілер тобы (еркектерді де, әйелдерді де) «Гендер 
теориясына кіріспе» кітабын дайындап, жариялады.  
Республикамызда  әйелдер  білімінің  жүйесі 
еліміздің  тәуелсіздік  пен  егемендік  алуына  бай-
ланысты  жандана  бастады.  1993  жылы  Павлодар 
облысы  Екібастұз  қаласында  қазақ  қыздар  гимна-
зиясы  ашылды,  1995  жылы  Семейде  аралас  тілді 
қыздар гимназиясы, 1997 жылы Қарағанды облысы 
Теміртау  қаласында  оқыту  орыс  тіліндегі  «Ири-
на» қыздар гимназиясы ашылды. Елімізде әйелдер 
білімі  туралы  идеяны  жүзеге  асыруда  1944  жылы 
ашылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университетінің алатын орны мен маңызы ерекше.
Қазақстан қоғамының ғылыми-қоғамдық өмірін-
де гендерлік жұмыстар өзектілігінің айқын көрсет-
кішінің бағытының бірі білімнің гендерлік-сезімтал 
жүйесінің  мәселелерін  зерттеу  болып  табылатын 
Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтын 
ұйымдастыру болып табылады.
ҚазМемҚызПИ п.ғ.д., профессор Пралиев С.Ж. 
басшылығымен  1999-2000  оқу  жылында  аталмыш 
институттың  Ғылыми  Кеңесінің  1999  жылдың  5 
қыркүйегіндегі шешімімен авторлық ұжым «Қазақ 
қызы: ЖОО компоненті»  (Бағдарлама) атты инно-
вациялық оқу бағдарламасын жасап, енгізді.       
Аталмыш  бағдарлама  Қазақстанда  жаңа  ген-
дерлік  идеялары  мен  мінез-құлық  модельдері  бар 
әйелдер интеллигенциясын қалыптастыруға бағыт-
талған: жыныс белгісі бойынша кемсітушілікті жеңу 
мен нақты теңдік алуға ұмтыла отырып, әйел этика-
сы мен құндылықтарының әйел жүйесінің өзіндігі 
мен артықшылықтарын жоғалтпау, оларды барлық 
бейресми  және  көпшілік  өмір  саласында  бекітуге 
ұмтылу  [].  Біздің  жұмысымыз  үшін  қазақстандық 
ғалымдардың  заманауи  зерттеулерінің    теориялық 
мәні  маңызды.    Мысалы,  «Қазақстандағы  гендер-
лік саясаттың негізгі басымдықтары» атты мақала-
да  зерттеуші Елькеева А.Б, 2001 жылы Қазақстан 
Республикасы  Конвенцияны  орындау  туралы  БҰҰ 
есеп берді, және ол есеп жағымды баға алды, деп 
жазды.  Осы соңғы жылдары БҰҰ-ның «Әйелдердің 
саяси құқықтары туралы», «Күйеуі бар әйелдердің 
азаматтығы туралы» конвенциялары, Халықаралың 
еңбек ұйымының алты конвенциясы,  соның ішінде 
«Әйелдер мен еркектерге құндылығы тең еңбек үшін 
тең  сыйақы  беру  туралы»  конвенциясы  бекітілді 
[11].   Жоғарыда тізбектелген көптеген бағыттар мен 
гендерлік педагогикалық мәселелерінде ғылыми із-
деністерден, қазақстандық педагогикалық ғылымда 
қоғамдық пайдалы қызметтің әртүрлі салаларында 
педагогикалық үрдістің гендерлік өлшемдерінің те-
ориялық-әдіснамалық  негіздерін  ғылыми  рәсімдеу 
үрдісі және гендерлік педагогиканы педагогикалық 
білімнің жаңа саласы ретінде гендерлік педагогика-
ны конституциялау жүріп жатқанын көруге болады.
Біздің  диссертациялық  зерттеуіміздің  мәлім-
делген  тақырыбы  анық  этимологиялық  анықтама 
мен оны жыныстық тәрбие саласындағы бар педа-
гогикалық  жетістіктермен  салыстыруды  көздейді. 
Көптеген  ғалым-педагогтар:  әртүрлі  салада  еркек-
тер  мен  әйелдердің  тұлғалық  және  кәсіби  өзін-өз 
жүзеге  асыруының  әртүрлі  салаларында  олардың 
жыныстық ерекшеліктерінің көріну спецификасын 
түсінгеннен кейін ғана, жыныстық әлеуметтендіру-
дің әртүрлі жағдайларында  педагогикалық  гендер-
лік  өзара  әрекеттің  оңтайлы  моделін  құрастыруға 
болатындығын түсінеді. Бүгінгі таңда қазақстандық 
ғалымдар педагогика саласында жүргізілген гендер-
лік  зерттеулердің  нәтижелерін  ой  елегінен  өткізіп, 
гендерлік  ағарту  мен  білім  берудің  тұтас  тұжы-
рымдамасын,  реформаланып  жатқан  қазақстандық 
қоғамда  гендерлік  мәдениетті  қалыптастырудың 
жолдары мен механизмдерін жасау үстінде.
Гендерлік жобалардың негізгі бағыттарын зерт-
теу  гендер  мәнін  ашып,  ең  алдымен  «педагогика-
лық» тәрбие әрекетін өзара әрекет ретінде көздеген 
кезде,  оған  педагогикалық  түсіндірме  беруге  мүм-
кіндік берді. Демек, гендерлік идеялардың педаго-
гикалық  мәнін  оның  мағыналық  сипаттамаларын 
тәрбиенің  құрылымдық  компоненттерімен  салы-
стыра отырып анықтау арқылы ашуға болады.    
 Мысалы, төменде көрсетілген 1-суретте тәрбие 
құрылымына қарым-қатынас және соның жүйесіне 
гендерлік  өзара  қарым-қатынасты  да  кіргізуге  бо-
лады. Біздің ойымызша, гендерлік өзара қарым-қа-
тынастар  әлеуметтік  өзара  қарым-қатынастардың 
барлық түрлері: кәсіби, отбасылық, туыстық, педа-
гогикалық, этникалық және т.б. базалық компоненті 
болып  табылады.    Гендерлік  өзара  қарым-қатына-
стар  нормалары  дегеніміз  тәрбие  әрекеттері  мен 
өзара  әрекеттерінің  қағидалары,  гендерлік  өзара 
қарым-қатынастар  үрдісі  толыққанды  тәрбие  әре-
кеттері  мен  өзара  әрекеттерінің  құралы  болып  та-
былады,  тәрбие  әдістері  тікелей  гендерлік  өзара 
қарым-қатынастармен  байланысты,  мысалы,  ана-
сының  пайдаланатын тәрбиелеу әдістері  әкесінің 
қолданатын тәсілдерінен өзгеше және т.б.
Қазіргі  уақытта  гендерлік  зерттеулер  мектепке 
дейінгі ұйымдар мен бүкіл әлемнің қоғамдық жоба-
ларында өзіне тиесілі орынға ие болды. Жыныстық 
рөлдік ұқсастық, сана-сезімнің  базалық құрылымы 
бола отырып, әлеуметтендіру үрдісінде анықтаушы 
рөлін атқарады. Индивидтің жыныс эталонына қа-
тысты  «Мен»  позициясын  түсіну  мен  сезінудегі 
қиындықтары мектепке дейінгі балалардың  психи-
калық  денсаулық,  бейімделу  және  әлеуметтендіру 
саласындағы  нәзік индикаторы болып табылады.

172
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарының  ал-
дында  ұлдар  және  қыздардың  жыныстық  рөлдік 
мінез-құлқының стандарттарын емес, мектепке дей-
інгі балалардың жыныстық өзара қарыс-қатынастар 
мәдениетін, әртүрлі жыныстық рөлдік репертуарла-
рын; өзін-өзі реттеу қабілетін игеруге ықпал ететін 
педагогикалық міндеттерді өзектендіреді.
Мектепке  дейінгі  балаларға  жыныстық  рөлдік 
тәрбие беру – педагогикадағы жаңа бағыт. Ол ұлдар 
және  қыздарды  тәрбиелеуге,  олардың  жыныстық 
рөлдерді, жыныстық рөлдік әлеуметтендіру үрдісін-
де жыныстық рөлдік мінез-құлыққа тән дағдылар-
ды  игеруіне бағытталған, ол болашақ әйелдер мен 
еркектердің  адамгершілік  денсаулығының  негізін 
қалауға  арналған.  Жыныстық  рөлдік  әлеуметтен-
діру  қыздар  және  ұлдар  тұлғасын  әлеуметтендіру-
дің және бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдарының  педагогикалық  үрдісіне  енгізілген 
шынайылық  аспектілерінің  бірі  болып  табыла-
ды.  Сондықтан  индивидтерді  өмірге  дайындауды 
қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бірі 
мектепке дейінгі білім болып табылады. Балаларды 
тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйымдар рөлінің жыл-
дан жылға өсіп келе жатқаны баршаға мәлім.
   Гендерлік әлеуметтендіру, қоғамның социомә-
дени  өндірісінің  жалпы  үрдісінің  құрамдас  бөлігі 
ретінде  ең  аз  зерттелген  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Баланы дүниеге келгеннен бастап бірін-
ші күннен дамыту тек ұйымдасқан тәрбие арқылы 
ғана  емес,  сонымен  қатар  табиғаттың,  қоғамның, 
құрбыларының, бұқаралық ақпарат құралдарының, 
кездейсоқ бақылаулардың төтенше әсері нәтижелері 
арқылы да жүргізіледі, сондықтан мақсатты бағыт-
талған  педагогикалық  қызметті  ұйымдастыруда 
абайсыз тәрбие әсерін ескеру қыздар мен ұлдардың 
жыныстық жастық, жеке ерекшеліктеріне, әлеумет-
тік жағдайына, яғни жыныстық рөлдік әлеуметтен-
діру үрдісін реттеуге ықпал ететін мектепке дейінгі 
балаларды тиімді тәрбиелеуге  сәйкес толыққанды 
дамуы үшін нақты алғышарттарды құрайды.
Республикамыздағы  мектепке  дейінгі  ұйымдар 
тәрбиешілерінің  жұмыс  тәжірибелерін  зерттеу, 
жаңадан  жұмыс  істеп  жатқан  тәрбиешілер  де,  пе-
дагогикалық  өтілі  үлкен  тәрбиешілер  де  өзгерген 
социомәдени жағдайларда қыздар мен ұлдарды тәр-
биелеуге дайын екендігін көрсетті. Мектеп жасына 
дейінгі балалардың гендерлік тәрбиесін, қазіргі кез-
де мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын талдай келе, 
біз, жалпы балабақшалар  бүгінгі таңда қоғамның 
заманауи талаптарына сай және ұлдар мен қыздар-
ды тәрбиелеуге дайын, деп қорытынды жасадық. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Казахстан Республикаснда 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы. – Астана, 2005
2. Джери Д., Джери Дж. Большой толковый социологический словарь.. М.: АСТ, Вече, 1999; Т.1 - 544с., Т.2 - 528с
3. Томас Мор. «Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітабы» 1516 жылы.
4. Жан-Жака Руссо.Педагогикалық роман «Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762).
5. Гельвеций К.А. О человеке // Сочинения: В 2-х т. М., 1974.
6. Бецкой И.И. Устав воспитания двухсот благородных девиц, учрежденного е. в. императрицей Екатериной
7. Цеткин К. Женщина и воспитание детей. - М. –Л.,1926. 
8. Кунанбаев А.Слова назидания. Алма-Ата, 1970.
9. Жумабаев М.Педагогика. Ташкент, 1923.  
10  Кулжанова Н. Мектептен бұрынғы тәрбие. Кзыл-Орда,1923ж.
11. Залкинд А. Б. Половое воспитание / А.Б. Залкинд /

173
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Исатай Гүлмира Асқарқызы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркістан,  gulmira.isatay@mail.ru тел:+7054347755
Әкімтаева Ғазиза
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркістан
ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДА 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
  Резюме. В данной статье особое внимание уделяется на проблему притворения в жизнь коммуникативных спо-
собностей  учащихся  и  основные  факторы,  способствующие  достижению  успеха  в  коммуникативной  технологии. 
Кроме того, несет в себе ценность и дает правильное направление молодежи, работающей в данной отрасли. 
Summary. This article focuses on the problem of pritvoreniya in life communicative abilities of students and the main 
factors contributing to the success of a communication technology. In addition, carries a value and gives the correct direction 
of young people working in the industry.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылым-
ның маңызды элементтеріне айналды және дүни-
ежүзілік білімнің рөлі артты. Сонымен бірге қазір-
гі  білім  беру  жүйесінде  жаңа  технологияларды 
енгізу  күннен-күнге  басты  талапқа  айналып,  осы 
әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.
Оқу  бағдарламасына  жаңа  үрдістер,  жаңа  оқу 
технологиялары  көптеп    енгізілуде.Олар:  пробле-
малық  оқыту  технологиясы,  модульдық  техно-
логия,  коммуникативті  технология,  дебат,  ойын 
технологиясы, тағы басқалар. Атақты ғалым В.М.
Шепельдің  «Технология,  бұл  -  өнер,  шеберлік, 
іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» 
деуі,  бүгін  жаңа  технологиямен  оқыту  маңызын 
нақты айқындап тұр. Ендеше, оқытушы күнделік-
ті  баспасөз  бен  теледидардан  болып  тұрған  өз-
герістерді,  жаңалықтарды  өз  шығармашылығына 
лайықтап, өңдап пайдалануы  қажет. Жаңа әдісте-
мелер  мен  технологиялардың  негізгі  міндеті  оқу 
процесін  жүйелі  құрып,  тіл  үйренушілердің  та-
нымдық қабілеттерін арттыруға көмектесумен қа-
тар, оқытушының өзіндік оқыту әдістемесін құру 
және  пән бойынша оқу материялдарын жүйелеп, 
шығармашылығын арттыра түсу болып табылады.
  Коммуникативті қабілет деп - білімгерлер мен 
оқытушылар арасындағы өзара қалыпты дұрыс қа-
рым-қатынас  жасау,  кәсіби  әдептілікті  жетілдіру. 
Әсіресе  педагогикалық  қарым-қатынаста  іс-әре-
кеттің  нәтижелі  болуы  бірін-бірі  толықтыратын 
бірнеше іскерлікке, қабілетке байланысты.
Коммуникативтік  құзырет  –  шет  тілін  оқыту 
үшін де, екінші тіл ретінде оқыту үшін де маңы-
зды.  Коммуникативтік  құзырет  білім  беру,  оқыту 
үрдісінің негізгі мақсаты болуға тиіс.Осыған бай-
ланысты  біз  төмендегідей  сипаттамалрды  көрсе-
теміз. Үйренушінің тілді жетік білуі, орташа білуі, 
нашар  білуі  көптеген  факторларға  байланысты. 
Үйретілген тіл үйренушінің санасына қандай дең-
гейде сақталады? Бұл көптеген ғылымдарға қаты-
сы бар мәселе. Бірақ осыларды анықтауға тырысу 
үшін  әдістемеші  ғалымдар  үйренушінің  деңгейін 
белгілейтін әдістер ұсынып жүр. Бұл - коммуника-
тивтік құзырет.
Коммуникативтік құзырет (бұл терминді алғаш 
қолданғандар  –  М.Бахтин,  Д.  Хоммс)  –  үйренген 
тілдік құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап 
пайдалана білуге қабілеті, тақырыпқа сәйкес ситу-
ация  бағалауы,  ситуацияға  тез  арада  реакция  жа-
сап, екінші тілде жауап беру.
Коммуникативтік    компентенция  –қарым-қа-
тынастағы  мәдени  контексті,  вербалды  емес,  мі-
нез-құлықтық міндеттерді дұрыс түсіну және баға-
лауы.
Тілдік  компетенция  тілдік    құралдардың  қол-
данысқа түсуі, әр түрлі ситуациялар үшін әр түр-
лі  тілдік  құралдарды  дұрыс  пайдалана  білу.  Бұл 
жағынан қарағанда тілдік құзірет коммуникативтік 
құзіретке ұқсайды [1,78].
Қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты – шет елдік 
тыңдаушаларды қазақ тілінде сөйлетіп, жаза білуге 
жеткізу ғана емес, сабақ үстінде оларды қазақ тілін 
құрметтеуге,  ұлтты,  елді,  жерді  қадірлей  білуге 
тәрбиелеу.Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрі, 
қонақжайлылығы мен дархандығы, шешендігі мен 
үлкен-кішіге деген құрметі туралы мағлұмат беру 
алғашқы орында болуы керек. Өзге ұлт өкілдеріне 
қазақ тілін үйрету –қиын да күрделі жұмыс. Өзге 
ұлтқа қазақ тілін үйрету әдістемесі тыңдаушының 
өз ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып, оны 
үйретудің түрлі тиімді жолдарын көрсетуге тиісті.
Психологияда  тіл  адамдардың  қарым-қатына-
сында қолданылатын таңбаладың жүйесі болып та-
былады. Тілді үйретудің нәтижелі болуы төмендегі-
дей көптеген жағдайларға байланысты: оқушының 
психологиялық  жағдайы,  қабілеті,  оқытушының 
тілді үйрету тәжірибесі,  шеберлігі, оқыту тәсілдері, 
оқыту  құралдары,  оқулық  пен  көмекші  құралдар, 
көрнекілік, оқу бөлмесінің тартымдылығы, оқушы-
лардың  ұйымдаса  оқуға  икемділігі,  бір-бірімен 
жақсы қарым-қатынасы, оқушылардың қазақ тілін 
үйренуге деген өз ынтасы.
Осы  жағдайларды  ескеріп,  тіл  үйрету  мақса-
тын алға қоя отырып сабақтарда коммуникативтік 
технологияларға  басты  назар  аударып,  соны  қол-

174
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дануға  тырысамыз.  Коммуникативтік  бағыттар-
ды  ұстанған  әдіскерлер  Е.И.  Пассов,  А.А.  Леон-
тьев,  В.Г.  Костомаров,  Г.А.Китайгорадская  т.б. 
бұл  әдістің  ғылыми  теориялық  және  әдістемелік 
тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеген.
Қарым-қатынастың  түрлері  көп.  Тілдік  қаты-
нас  -  тіл  арқылы  байланыс,  сөйлеу  тілі  арқылы 
адамдардың бір-бірімен қатынасы, қоғамдық, ұлт-
тық тіл арқылы ұғынысу, түсіну, яғни, адамзаттың 
тіл арқылы қатынасқа түсуі- тілдік қатынас дегенді 
білдіреді.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен неме-
се қалаппен іске асырылады:
1.жұптық;   2.топтық;   3. ұжымдық.
Жұптық оқыту тілдік қатынас екі адамның ара-
сында жүреді.Онда негізгі мақсат – екі оқушының 
өара  тілдесу  еркшеліктеріне,  олардың  қабілет-
терін,  тілді  білу  дәрежесіне,  т.б.  сүйене  отырып 
іске асады.
Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр 
жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, 
олардың сыңарлары бір-бірімен ауысып отырады.
Жұптық  қалыппен  тілді  үйретудің  ерекшелігі:  ол 
диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қа-
тынастың ауызша түрін дамытуға себебін тигізеді. 
Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалог-
тың негізінде меңгеріледі.
Топтық қалып арқылы оқыту арнайы құрылған 
шағын  топтарды  қатысымдық  әдістің  қағидала-
рына  бейімделудің  нәтижесінде  жүреді.  Оқыту 
кезіндегі  топтар  сабақтың  өтуіне  қолайлы  шағын 
адамдар санынан тұрады және оқытушының алды-
на қойған мақсатына сай құрылады.
Оқушыларды  топтарға  бөліп  сабақ  өткізу 
тыңдаушылар арасындағы қарым-қатынасты жақ-
сартады, дұрыс сөйлеуге жағдай жасайды, тыңда-
ушылардың білімін жетілдіреді.
Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топ-
тық қалыптарды өзара біріктіреді. Өйткені оқыту-
дағы сөйлесу процесі бүкіл топтағы адамдармен де 
жеке-дара екі адамның арасында да жүреді.
Тіл үйренудің ұжымдық қалпы дегеніміз – үйре-
нушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен 
жеке сұхбаттасуы арқылы олардың бір-бірін үйре-
туі,  оқытуы,  адамдардың  бірінен-екіншісінің  үй-
ренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының 
ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелері 
түгел қамтылып: әрі жұптық, әрі топтық тілдік қа-
тынастың жүзеге асуы [3,115].
Коммуникативтік  технологияда  жетістікке  же-
тудің  негізгі  факторы-  мағыналы  жоспардың  бо-
луы,  тіл  үйренушілердің  іскерліктерін  жоспарлау, 
коммуникативті жаттығулар жүйесін ойластыру, әр 
түрлі ойын элементтерін тиімді пайдалану, оқушы-
лардың тілдік қорын молайту және грамматиканы 
жақсы білуін қамтамасыз ету. Аталған технология 
тіл  үйренушінің  қызығушылығын  артырады,  өза-
ра көмек көрсету, жауаптылық яғни, тілді игеруге 
жоғары  қызығушылықтың  пайда  болуына  ықпал 
етеді.
Ой  қорытындысын  қазақтың  белгілі  азамат-
тарының  бірі  М.Қозыбаевтың  мына  сөзімен 
аяқтағым келеді: «Ұстаз – заманының соңында, не 
болмаса, оған ілесіп қана жүрген жан емес, өз за-
манынан озық жан. Ол үшін тәрбиеші білімді де, 
білікті болуы абзал.Ұстазына қарап оқушы ой ғана 
түземейді, бой түзейді, жанындағыны ғана көрмей-
ді, алысқа, қияға қанат сермейді. Ол болашаққа көз 
тігеді. Көреген ұстаз болашақты болжайды, шәкірт 
жүрегіне жол табады » [4,56].
Әрине, қазақ тілін оқыту әдістемесі саласында 
атқарылған  істер  аз  емес.  Дегенмен  әлі  де  болса 
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік.
Қорыта айтқанда, оқытушының негізгі міндеті 
- тіл үйретудің соңғы дамыған әдіс-тәсілдерін қол-
дана  отырып,  әр  сабағын  тартымды  да  қызықты 
өткізуге күш салу, өзге ұлт өкілдеріне  мемлекеттік 
тілді үйрету.
Әдебиеттер
1. 
Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы, 2005.
2. 
Сариева К. Жаңа технологияларды қолдану жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті.- Алматы, 2006.№6
3. 
Абылмансұрқызы Ж. Жаңа технология оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту жолдары. // 
Қазақ тілі мен әдебиеті.- Алматы, 2005.№11
4. 
Қозыбаев М. Жұлдызым менің. –Алматы, 2001.
 

175
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет