Шалабаева Жанар
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕ
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
Түйін. Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын болу, елінің
тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлау, құрметтеу. Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде
халықтық педагогиканының рөлі зор. Оны орнымен пайдалана алу керек.
Резюме. Патриотизм – это любовь к Родине, быть готовым бороться за ее счастье, это уважение к истории,
культуре, традициям и обычаям своего народа. В воспитании патриотизма у учащихся большую роль играет народ-
ная педагогика. Просто нужно ее умело использовать.
Summary. Patriotizm - this is love to motherland, be prepared to struggle for its happiness,it is respecting history ,the
culture, customs and traditions of your people. In upbringing learners the main role plays national pedagogy. It is simple to
use them skilled.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.На-
зарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында
еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын, яғни
мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да бол-
масын ішкі және сыртқы күштерден сақтау мін-
детінің өзі жастарымызды отаншылдық, елжан-
дылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді
деп айтқан еді [1].
Өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы қа-
зақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа
Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
екендігін атап өтеді. «Біздің бірлескен шешім-
деріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңда-
нарлықтай болды, - дейді Н.Ә.Назарбаев, - мұның
бәрі де жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің
іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің бар-
ша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз-
дың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар
екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туында-
тады»[2].
«Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік,
жеке адамның аман – саулығы, мемлекеттік қа-
уіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің
мемлекетке тәуелді екендігін, олай болса мемле-
кетті нығайту жеке адамдарды күшейту екендігін
мойындау», - деп жазады Б. Момышұлы [3].
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық
сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс -
әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін
оқу – тәрбие үдерісінде отансүйгіштік тәрбие бе-
руді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Үздіксіз
білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқушы
жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру-
ды жаңа сапалық деңгейге көтеру- Отанымыз –
Қазақстан Республикасының даму болашағының
көздеген ұлы мақсаттарымызды іске асырудың ке-
пілі. Осыған байланысты патриоттық тәрбие мем-
лекеттік, әлеуметтік орын алатын педагогикалық
тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе.
Қазақ халқы ғұмырдан түйген философиялық
пікірін «Отан отбасынан басталады» деген жалғыз
ауыз сөздің қауызына сыйғызып айта алған,
халқымыз тамыр жаяр ұрпағын елін, кіндік қаны
тамған отанын сүюге тал бесікте жатқан кезінен
баулыған. Даладағы даналық тәрбиенің уызы
шаңырағына қарлығаш ұялатқан көшпелі ел демо-
кратиясының шырыны балаға ананың әлдиімен,
шілдеханада айтылған әнмен, жырмен бірге са-
наға сіңірілген.
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа шежірені үй-
ретудің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда
орны ерекше. Бұрын балаға 7-9 жасында әкесі-
нен бастап, ағайын-туысын, нағашы жұртын,
алыс-жақынды таныстыруға, ата-тегін, руын,
ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті
атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек
жеті атасына дейінгі бабаларының атын жатта-
тып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын,
ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жай-
ында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін
жалғастырса екен деген мақсат көздеген.
«Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн ай-
тар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата
тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын
білу ер азаматты елдікке, Отанын сүюге баулиты-
нын білген.
«Қазақта жеті атасын білмеген жетесіз» деген
мәтел де бар. «Жылқы жеті тегіне тартып туады»
деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туаты-
нын айқындап, «біреу әкеге тартып туады, біреу
әкеден артып туады» дейді де мейлінше ұрпақтың
«артып туғанын» тілейді.
«Жеті атаға» дейін жақсы білудің әдептілікке
әсері мол, яғни шөпшек бабасына дейінгі туы-
стың тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бой-
ынша, туыстық қатынаста қалыптасқан парызда-
рын орындап, борыштарын өтеуге міндетті. Ол
халықта қалыптасқан адамгершілік мақсаттарын
орындау болып табылады.
Ата текті білуде, туыстық жақындыққа бай-
ланысты: баба, ата, әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек, туажат, жүрежат деген ұғымдар бар.
Атаның баба алдындағы зор міндеттері баланың,
250
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
немеренің, шөберенің, туажаттың, жүрежаттың
алдында жалғасады, ол әдептік қарым-қатынас
ру, ел, ұлт, ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәнде
адам қалыптасып, адамгершілік парыздарды өте-
уге міндеттейді. Адам баласының адамгершілік
қарым-қатынастардағы атаға, руға, ұлтқа бөліп,
адамдық асыл сезімдерге жол бермей, күндестік,
бақталастық, дүниеталастықты тудыруға, әдепті
бұзып, адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс
жасауға жол бермеу керек.
«У ішсең, руыңмен» деп халық тек руыңды
сыйла деп тұрған жоқ, әуелі руыңнан бөлектеніп
кетпей, алдымен сыйласымды отбасынан, жақы-
ныңнан баста деп, отансүйгіштікке шақырып,
отанды сүю отбасынан басталатынын уағыздап
тұр. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан
түңілсін» деп, халық сыйласымның бастауын ай-
қын көрсетеді.
Абай атамыз «атаның ғана баласы болма, адам-
ның баласы бол» деп адамгершілік қарым-қаты-
нас атаға бөлуге байланысты болмау керектігін
басып айтқан болатын. Әкеңді сыйласаң, атаңды
құрметтей білесің, бабаңды қастерлеп бабаның
өнегесін орындайсың да еліңе елеулі, халқыңа қа-
лаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен
әдептілігі бар жан екендігіңді танытасың.
«Қандасына бұрмағанның қары сынсын» деп
халық жан бауырына әділетті, адал болып, оған
жақындық көрсетпегенді қатаң қарғайды. Өйт-
кені бүкіл адам баласын сыйлау ең әуелі отбасын,
аталасты, руласты, ұлтты сыйлаудан басталады.
Руыңды сыйла, бірақ басқа руға қарсы болу –
қылмыс, онымен де жақындас, ұлтыңды ардақта,
бүкіл адам баласын құрметтей біл. Міне, біздің
халқымыздың имандылық дәстүрлерінің түпкі
мақсаты осы. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп халық жас
ұрпақты бірлікке шақырады. «Жүзге бөлінгеннің
жүзі күйсін» деп аталарымыз «бөлінуді» бөріден
де жек көріп, қатты қорғайды. Өйткені адамгер-
шілік асыл қатынастарды іріту, бірлікті бөлу-ең
ауыр қылмыс, ондай қылмыс бүкіл адамзаттық
асыл қасиеттерге кесірін тигізеді.
Текті білу дәстүрі ата текке байланысты туы-
стық қатынастарды әдептілікпен, имандылықпен
орындап, одан әрі дамытып қалыптастырған
адамгершілік қатынастардың болуын уағыздай-
ды.Текті білуден ұлттық рух санасы қалыптасып,
жастарымыз патриот болып өседі.
Оқушыларға патриоттық сезімді қалыптасты-
рудағы ерекше мәтіндер – ертегілер.
Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тір-
шілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт
жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қа-
тынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың
еңбек сүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен
табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.
Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәр-
биелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ер-
тегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп,
құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыра-
тып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық
әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысы-
ның біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі»,- деп
анықтама береді.
Ал, классикалық батырлар ертегісінде батыр
Отанын, елін, жерін қорғау үшін күреседі. Ерте-
гінің негізгі құрамында туғандарын, ағайын-жа-
мағатқа көмек көрсету, батырдың айнымас серігі
тұлпардың бейнеленуі көрсетіледі. Сондай-ақ
батырлар бейнесі халықтың тілегіне сәйкес ерек-
ше бейнеленеді. Мысалы: «Қабанбай батыр» ер-
тегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз:
«Өзінде алпыс ердің айбаты, алпыс ердің қайра-
ты бар, дұшпанына кекшіл, бағынған дұшпанына
кешірімшіл», - десе, ал «Керқұла атты Кендебай»
ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай
беріледі: «Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты
күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда
жігіт болыпты, алысқанды алып ұра беріпті, күре-
скенде жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған
атаңды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап
әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан
мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы
арыстанды жеңеді, мыстан кемпірді өлтіреді, ал-
тын құйрықты, күміс жалды сегіз құлынды алып
келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай ба-
тырды босатып шығарады». Ал, «Ер Төстікте» Ер
Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын із-
деп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқұлақпен
жекпе-жекке шығып, жыландар патшалығына ба-
рып, жолда айнымас достары – Көлтауысар, Тау-
соғар т.б. жер асты өнерпаздарының көмегімен
кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады. Со-
нымен қатар, Темір хан елінде өз мергендігін көр-
сетеді. Айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты
жеңеді. Бұдан біздің түсінетіміз, ертегіде Төстік-
тің асқан ерлігімен қатар бауырмалдығы, до-
стыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиын-
шылықтарға төзімділігі әсірелеп беріледі.
Бастауыш сынып оқулықтарында оқу бағдар-
ламасына енгізілген жұмбақтар, мақал-мәтелдер
Отанға сүйіспеншілікті қалыптастыру құралда-
рының бірі болады, сөз зергерлерінің аузынан
шыққан мақалдар мен мәтелдерді үздіксіз пайда-
лану дәстүрге айналған. Қазақтың мақал-мәтел-
дерінің негізгі тақырыптары: елдік, ынтымақ, бір-
лік, ерлік, Отан туралы. Мысалы:
«Ер бір өледі.
Қорқақ мың өледі».
«Отан – оттан да ыстық».
«Өзге елде сұлтан болғаннша,
Өз еліңде ұлтан бол» - деп жас ұрпақты ерлік-
ке, Отанын сүюге баулыған асыл сөздер болған.
Мақал-мәтел қысқа да ұтымды жеткізетін өмір
тәжірибесі қолдана айтатын сөздер сол сияқты
251
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жұмбақтарда, оқушыларды Отаншыл, ұлтжан-
дылыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі.
Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында баты-
рлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қаруы
жасырын түрінде айтылады. Мысалы:
Сүмбелі тетікті,
Қызыл желекті
Ерден қалмайды,
Жауда керекті.
(Найза).
Белі қайқы, жоны тайқы.
(Қылыш)
Жалпы, жұмбақты сөз образдарының кілті
есебінде тануға болады. Жұмбақтардың шешуін
іздеймін деген баланың ойына және қиялына әсер
етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза
тәрізді ер қаруын қолға алып, елін жаудан қорғауға
деген құштарлық та пайда болады.
Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұңдап, жоғын
жоқтайтын қаһармандар өскелең буынға тәрби-
елі де ізгі ықпалын тигізеді. Мәселен көпшілікке
мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан
Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғы-
ның халқы уайым-қайғыны білмейтін, жан-жану-
ары жылына екі мәрте балалайтын, жазы самал,
қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады.
Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін Алтай
мен Атырау арасындағы жер-судың қадір-қаси-
етіне қарай сипаттама беретін дала данышпаны
қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа ти-
мей жүрсе, ол халық үшін жасаған қызметі. Сол
үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұр-
пағына Асан Қайғының отаншылдығын үлгі етіп
ұсынған. Асан Қайғыдай ел ұлы болуға үндеген.
Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жирен-
ше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерде
де патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ
мерзім бойы әз-Жәнібек ханның ақ ордасында
болып, өзінің ұядай қосына анда-санда бір орала-
тын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жата-
тын баспанасы жайлы «қайран менің өз үйім, кең
сарайдай боз үйім» деп айтатын қанатты сөзінде
патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы
шағын қара қостан басталатынын, туған жерге
деген сүйіспенншілік осындай түсініктен нәр ала-
тынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшппелі
жақсы білген. Сондықтан оны ұрпағына өнегелі
жол деп көрсетті.
Отаншылдық тәрбиесінің негізгі мәні-халқы
үшін адал қызмет ету. Отаншылдық елін сүюдің
ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ
ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына
осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп,
халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды
елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.
Мысалы, 17-18 ғасырда өмір сүрген жырау, қол-
басшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Са-
рыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек, қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап,-
деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан
аямай, кескілесе күресуге шақырады. 19 ғасырда
өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік
іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қай-
раттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп су-
реттейді.
Ер қолынан іс келмес,
Сұңқардайын түйілмей.
Буынып белін бекінбей,
Зердесі жігер қайнамай...
Жігерім болса жетем де,
Еліме барып ұл болам.
Жігерсіз болсам жетесіз,
Қойын жайып құл болам...
Балаларды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу 19
- ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер
жаршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде
өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан-
сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке
уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, ха-
лыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық
қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін
өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер
өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді т.б. ақын-жы-
раулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік,
Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, от-
басы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында
жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріп-
тей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық
пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз. Жалпы
Отанымыздың еңбек және жауынгерлік тарихына
тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады. Өт-
кеніміздің бұл игі дәстүрлерін білу негізінде Ота-
нымыздың даңқы мен күш-қуатын арттыра түсу
сезімі қалыптасады.
Әрбір халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - мә-
дениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы
педагогикалық ой-пікірлерін оқу-тәрбие жүйесіне
айналдыру және дүниежүзілік ғылыми және руха-
ни қазынаны ұлттық мұрамен ұштастыру тәрбие
процесіндегі мақсаттардың бірі:
- адамгершілік, имандылық, ізгілік, отаншыл-
дыққа тәрбиелеу;
- балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен
қатар іскерлік пен алғырлыққа машықтандыру, ең-
бек етуге бейімдеу;
- ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші,
үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өза-
ра сенімге, қайырымдылыққа, бір-біріне сый-құр-
метпен қарауға негіздеу;
- тәрбие барысында психологиялық жағынан
жайдарылық, үйлесімділік ахуал орнату жас аза-
252
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
маттың өзіне деген сенімін арттыру, қамқорлық
сезімін дамыту;
- тәрбие жүйесінің барлық буынында ана тілін
оқыту;
- ұлттық мектептің тәрбиесіне қойылатын өте
маңызды және күрделі талаптардың бірі-егеменді
елдің азаматын тәрбиелеу.
Қазақ елінің азаматы, Қазақстан азаматы деген
атаққа лайық болатын адам тәрбиелеу- біздің ба-
сты міндетіміз.
Бұл бағыттағы жұмыстар:
- Тарихи сананың негізінде ұлттық сана-сезімді
ояту.
- Ұлттық мәдениетке көзқарасын қалыптасты-
ру.
Қазіргі мектептің ұлттық тәрбие жүйелерінің
мақсаттары:
- Біртұтас әлем туралы ғылымға негізделген
көзқарас қалыптастыру.
-Оқушыларды жалпы адамзаттық құн-
дылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мі-
нез-құлық қалыптастыру.
Мектептің ұлттық тәрбие жүйесінің негізі,
оның мазмұнының өзегі, түп қазығы ретінде мы-
надай құндылықтарды аламыз: туған жер, Отан,
отбасы, еңбек, ұлттық мәдениет, ана тілі, ұлттық
өнер, ғылым, ұлт тарихы, дін, білім, бейбітшілік,
біртұтас әлем, адам, азамат, ұлттық салт-дәстүр.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2050. - Алматы: Білім, 2013
2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қа-
зақстан халқына Жолдауы. - // Егеменді Қазақстан.- 2007.- 1 наурыз
253
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Әлқожаева Нұрсұлу Сеиткерімқызы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және Саясаттану факультетінің профессор м.а., п.ғ.к.
nalgozhaeva@mail.ru, тел:87026981856
Одаманова Гүлжан
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Педагогика және психология» мамандығының 1-курс магистранты
gulzhan_odamanova@mail.ru, Тел: 87472716123
БЕЙІНДІК МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН
БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін. Мақалада бейіндік мектептердің миссиясы және соған сәйкес білім беру үдерісін басқару мақсаты мен
міндеттерікөрсетілген. «Шарт», «педагогикалық шарт» ұғымдарына түсініктеме беріліп, педагогикалық-психо-
логиялық ерекшеліктері сипатталған. Бейіндік мектеп жағдайында білім беру үдерісін басқарудың педагогикалық
шарттары анықталған.
Резюме. В статье рассматривается миссия и соответствующие цели и задачи управления образованием в
профильной школе. Расскрываются понятия «условие», «педагогические условия» и описываются их психолого-педа-
гогические особенности. Определены педагогические условия управления образовательным процессом в профильной
школе.
Summary. This article considers the mission objectives and management education in the specialized school.It opens up
the concept of «conditions», «pedagogical conditions» and describes their psycho-pedagogical features. The pedagogical
conditions of management of the educational process in a specialized school.
Жаһандану жолында келе жатқан қазіргі за-
манғы әлемде бәсеке шарттарына шапшаң бей-
імделу қабылеті табысты және тұрақты дамудың
маңызды факторына айналып отыр. Осыған орай,
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту-
дың стратегиялық міндеттеріне сәйкес білім беру-
дің Қазақстан халқының жалпы ғаламшарлық ой-
лауын қалыптастыруға бағытталған ұлттық-тарихи
және этникалық дәстүрлері мен жалпы адамзаттық
құндылықтары ескерілген мақсаттары анықталды.
Жаһандану және техникаландыру заманында әр
3-4 жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болуда.
Оларды игеру үшін әрекет етуші сапалы білім қа-
жет. Әрекет етуші сапалы білім – жаңа білім игеру
құралы болатын білім, яғни игерілген әрекеттерді
жаңа жағдайға ауыстыру. Осылайша, оқушылар-
дың жаңа интеллектуалдық әрекеті қалыптасады.
Бұл кілттік құзыреттіліктер аталмыш бейіндік мек-
теп жағдайында қалыптасады.
ҚР білім беру жүйесі білім беру мақсаттары
мен құндылықтарын жаңаша түсінумен, үздіксіз
білім беру жүйесінің рөлін күшейтетін өмір бой-
ына оқуға көшу қажеттілігін сезінумен сипаттала-
тын жаңарудың бір қадамы мектеп пен ЖОО білім
берудің сабақтастығын қамтамасыз ететін бейіндік
мектептердің пайда болуы болды.
Бейіндік оқыту жалпы орта білім беретін мек-
тептің жоғарғы сатысындағы бағыттар мен бейін-
дер бойынша оқушылардың мамандандырылған
дайындық жүйесі ретінде қарастырылады. бей-
індік оқыту идеясының шығуы мен дамуы оқу
жоспарының құрылымын жетілдіру және базистік
оқу жоспарын жасау мәселесімен тығыз байланы-
сты [1].
Бейіндік білім беру саласы күрделі және алу-
ан түрлі. Ол экономикалық, әлеуметтік, психоло-
гиялық-педагогикалық және т.б. қатынастарды
қамтиды. Бұл бағытта көптеген ғылыми-зертте-
улер жүргізілуде. Атап айтқанда, Н.Н. Захаров,
С.Н. Чистякова, А.Е. Голомшток, В.Д. Симоненко;
отандық ғалымдардан Ж.Р. Баширова, М.Ә. Құдай-
құлов, Қ. Бержанов, Н. Дәулетов және т.б. бейіндік
мектеп жағдайындағы білім беру үдерісін әртүрлі
қырынан зерттеген.
Бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісінің вариативтілігін, тұлғалық және практи-
калық бағдарын қамтамасыз ететін, интербелсенді,
жобалау-зерттеу және коммуникациялық техноло-
гиялары кеңінен қолдануды және т.б. әдіснамалық,
әкімшілік-басқару талаптары туындайды. Бейіндік
оқытуды ұйымдастырудың нормативтік базасы бо-
лып табылатын, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
етудің тұжырымдамалық және әдіснамалық не-
гізі бар бейіндік мектептерде білім беру үдерісін
басқаруға қойылатын талаптар оның педагогика-
лық шарттарының қалыптасуының алғышарты бо-
лады.
«Шарт» ұғымы жылпы ғылыми түсінік
болып табылады. Көп жағдайда шарт ұғы-
мының астарында нысанның қызмет етуі мен
дамуына әсер ететін белгілі бір себептер
мен жағдайлардың жиынтығы түсіндіріледі.
С.И. Ожеговтың сөздігінде «шарт» ұғымына келесі
анықтамалар берілген:
• Әлдене соған тәуелді болатын жағдай; өзіне
талап қою – жетістіктің шарты.
• Келісетін жақтардың біріне қойылатын талап.
• Әлдене туралы ауызша немесе жазбаша
келісім.
• Іс-әрекеттің, өмірдің қандай да бір саласында
орнатылған ереже.
• Әлдене жүзеге асырылатын жағдай [2].
254
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Педагогикалық шарттар – бұл педагогикалық
іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған
шаралар жиынтығы [3].Н.М.Борытко педагоги-
калық шартты белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді
ұйғаратын, педагогтың қандай да бір деңгейде
саналы құрастырған педагогикалық үдерісінің
жүруіне едәуір ықпал ететін сыртқы жағдай деп
түсіндіреді [4].
Бейіндік мектеп жағдайында білім беру үдерісін
басқарудың педагогикалық шарттарын аталған
анықтамаларға сәйкестендірсек, С.И. Ожеговтың
сөздігінде негізделсек, бейіндік мектеп жағдайын-
да білім беру үдерісін басқарудың ҚР білім беруді
дамытудың стратегиялық міндеттеріне сәйкес жү-
зеге асырылуы оның педагогикалық шарттарымен
анықталады.
Ал Н.М.Борытконың анықтамасына сүйенсек,
қарастырылып отырған жағдайда педагогикалық
шарттар бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісін басқару компоненттерінің мазмұндық си-
паттамасы болып табылады. Яғни, педагогикалық
шарттардың жиынтығы іске асатын үдерістің
құрылымымен анықталады.
Н.И. Хван зерттеуінде басқарудың педагогика-
лық шарттары өзара байланысты үш блоктан тұра-
ды деп көрсетілген:
І блок: басқару үдерісінің әдіснамалық не-
гіздері келесі компоненттерден тұрады: басқару
әдіснамасы және оған сәйкес мақсат, міндеттер
мен қағидалар.
ІІ блок: басқару мазмұны, формалары мен әді-
стерін қамтиды.
ІІІ блок: сыртқы және ішкі басқару мотив-
терінің жүйесін қамтиды [5].
Бұл үлгінің компоненттері өзара логикалық бай-
ланыста және бір-біріне негіздеме болады. Бірақ
біз бұл үлгіні мүмкін болатын жалғыз нұсқа ретін-
де қарастырмаймыз, өйткені оған әртүрлі жанама
компоненттер қосылуы мүмкін. бейіндік мектеп
жағдайында білім беру үдерісін басқарудың басқа
объектілерді (жалпы білім беретін мектепті басқа-
ру, мектеп-гимназияларды, арнайы мектептерді
және т.б.) басқару жүйесімен ортақ байланысы
болғанымен, олардан, ең алдымен, мемлекет және
қоғам тарапынан қойылған талаптар мен оларды
шешу әдістерінің құрамымен ерекшеленеді. Бұл өз
алдына жеке педагогикалық шарттармен анықта-
лады. Әртүрлі педагогикалық жүйелер мен техно-
логиялар тек қана белгілі бір нәтижелерге қол жет-
кізуді қамтамасыз ете алатындықтан және өзінің
шектеулері болғандықтан бейіндік мектеп жағдай-
ындағы білім беру үдерісінің типіне байланысты
педагогикалық шарттар анықталуы керек.
Бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісін басқару қызметінің тиімділік көрсеткіші
болатын педагогикалық шарттарды анықтау үшін
В.И.Смирнов ұсынуы бойынша объективті және
субъективті деп бөлінген шарттарға тоқталамыз.
Әрбір мектепке қойылатын мақсатқа жету үшін
маңызды мәселе айналадағы ақиқатты қабылдау
бойынша оқушының субъективті позициясын қа-
лыптастыру және дамыту, өнер, техника, ғылым
және оқушының икемділігі мен қалуаы сәйкес ке-
летін аймақтарында индивидуалдық қабілеттерді
толық ашуға ықпал ете отырып, тұлғалық бел-
сенділік, өз бетінше әрекет етушілік қасиеттерін
тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау болып
табылады. Аталған міндеттердің тәжірибеде іске
асуы оқушылардың бейіндік мектеп жағдайында
білім алуымен де тығыз байланысты.
Субъективті шарттар:
- іс-әрекет субъектісінде, яғни бейіндік мектеп
жағдайында білім беру үдерісін басқаруға анық
қажеттілік пен оны жүзеге асыру мотивтерінің
тұрақтылығы, олардың іс-әрекеттің мақсаты мен
бағдарламасын қабылдауы;
- іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру
тәжірибесі: теориялық дайындық, біліктер мен
тәжірибелік іс-әрекеттердің және операциялар-
дың қалыптасқандығы;
- іс-әрекеттің мазмұны мен сипатының субъ-
ектінің даралық ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- іс-әрекет субъектісінің эмоционалды-психо-
логиялық және физикалық күйі.
Объективті шарттар:
а) ұйымдастырушылық және орталық:
- іс-әрекет мақсатын нақты қою және сенімді
ынталандыру, рационалды жоспарлау, бақылауды
ұйымдастыру, объективті бағалау;
- мектептегі қолайлы адамгершілік-психологи-
ялық климат;
- қабылданған нормаларға сәйкес өн-
дірістік-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық
жағдайлар;
б) ресурстық шарттар:
- іс-әрекеттің материалдық-техникалық қам-
сыздандырылуы;
- іс-әрекеттің ақпараттық қамсыздандырылуы;
- іс-әрекеттің кадрлық қамсыздандырылуы:
құзыретті жетекші және ұйымдастырушы [6].
Кез-келген оқу орнының, соның ішінде бейін-
дік мектептің қызметін ұйымдастырудың маңы-
зды шарттары ынталандырушылық, мамандық,
материалдық-техникалық,
ғылыми-әдістемелік,
қаржылық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, нор-
мативті-құқықтық болып табылатынын көрдік.
Жоғарыда аталған талдаулар негізінде, бейіндік
мектеп жағдайында білім беру үдерісін басқаруқы-
зметінің тиімділік көрсеткіші болатын педагогика-
лық шарттарды анықтауға болады:
- бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісі барысында орындалатын, алдын-ала қой-
ылған мақсатқа жетуге жұмсалатын уақыт пен
құралдардың, күштің қолайлылығы (қажеттілігі
мен жетістігі);
255
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
- бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісінің субъектілері мен объектілер іс-әре-
кетінің рационалдылығы;
- бейіндік мектептің бағдарламалық мақса-
тымен және білім беру үдерісін басқару жүйесімен
шартталған менеджмент субъектісі қызметінің
мақсатқа бағыттылық сипатына барлық әрекет-
тердің сәйкестілігі ретіндегі нақтылық;
- бейіндік мектеп жағдайында білім беру
үдерісінде кездесетін дағдарыстардың, шектелген
нәтиженің болу мүмкіндігін жоққа шығарытын
перспективалылық;
-
білім беру үдерісін басқарудың бейіндік
мектепке қойылатын барлық мақсат пен міндеттер-
ге сәйкестілігі ретіндегі қызметтің өзектілігі;
-
бейіндік мектептегі оқытушылардың білім
берушілік қызметінің нәтижелелілігінің көрсет-
кіші мен бейіндік мектептің негізгі мақсаты ретін-
де оқушылардың білім беру үдерісіндегі (оқу-та-
нымдық) белсендігі және өз бетінше әрекет етуге
қабылеттілігі.
Жалпы, бейіндік мектеп жағдайында білім
беру үдерісін басқарудағы мақсат пен міндет-
терге жету бейіндік мектепті басқарушы тұлғаға
қатысты бірқатар шарттарға байланысты: басқа-
рушының тұлғалық сапалары, оның даярлығы мен
кәсібилік дәрежесі, оның құндылық бағдарлары;
субъект-субъект қатынасының моральдық-психо-
логиялық климаты; уақыт пен қызмет шарттары
(материалды-техникалық қамтамасыз етілуі, гиги-
еналық және эстетикалық жағдайлар және т.б.).
Жаңа мектеп типі ретінде бейіндік мектеп
жағдайында білім беру үдерісін басқару бойын-
ша басқару қызметтерін жүзеге асырудағы басқа-
рушылық міндеттер – басқаша, сол сияқты білім
беру жүйесі ретінде бейіндік мектепжағдайында
білім беру үдерісін басқаруды жүзеге асырудағы
басқарушылық міндеттер – басқа.
Аталғандарды ескере отырып, бейіндік мектеп
жағдайында білім беру үдерісін басқаруда сәтті
нәтижелер алудың төмендегідей педагогикалық
шарттарын ажыратуға болады:
•
басқаруда жүйелілік тұғырды іске асыру;
•
білім беру жүйесі (мақсаты, мазмұны,
формалары мен әдістері);
•
сұраныс пен қажеттіліктерді ескеретін
білім берушілік қызметтер жүйесі;
•
білім беру қызметтерінің үздіксіз страфи-
кациялану жүйесі (таңдау, блама);
•
адам іс-әрекетінің қоғаммен байланысты
саласының жүйесі (таным, қызығушылық, кәсбіи
бағдар мақсатындағы қарым-қатынас, еңбек);
•
отбасымен және қоғамның барлық инсти-
туттарымен өзара байланыс жүйесі;
•
денешынықтыру-сауықтыру жұмысы, ра-
ционалды тамақтану және моральды-психологи-
ялық орта жүйесі.
Осылайша, аталған шарттарды жасаудың нәти-
желі құралы бейіндік мектеп жағдайында білім
беру үдерісінде оқушылардың әлемдік және мем-
лекеттік талаптарға сай даму мәдениетіне педа-
гогикалық ықпал ету мазмұнының, әдістері мен
формаларының, мақсатының бірлігін сипаттайтын
басқарушылық-педагогикалық жүйе болады.
Сонымен, бейіндік мектеп жағдайында білім
беру үдерісін басқарудың негізгі қызметі, жоғары-
да аталып өткендей, басқарылатын үдерістің мақ-
сатқа сәйкестілігін талап ететін қатынас болған-
дықтан, оның тиімділігін педагогикалық шарттар
қамтамасыз етуі керек.Бейіндік мектеп жағдай-
ында білім беру үдерісін басқарудың жоғарыда
анықталған педагогикалық шарттарының жиын-
тығы мемлекет мүддесінен шыққан мақсатқа қол
жеткізуді қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мұханбетжанова Ә.М., Мұқанова Н.Е. Бейіндік мектепте оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдісте-
мелік жолдары. М. Өтемісов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жур-
налы: Хабаршы // №4 (44) -2011, Орал.
2.Ожегов С.И. Словарь русского языка; под общ. ред. проф. Л.И. Скворцова. – 24-е изд., испр. – М: ООО
«Изд-во Оникс», 2007. – 640 с.
3. Никитина Е.Ю. Теория и практика подготовки будущего учителя к управлению дифференциацией
образования: дис. д-ра. пед. наук. - Челябинск, 2001. - 427 с.
4. Борытко Н.М. В пространстве воспитательной деятельности. - Волгоград: Перемена, 2001.
5. Хван Н.Н. Педагогические условия управления гимназией как воспитательной системой. Диссерта-
ция на соискание ученой степени к.п.н. – Караганда, 2002.
6. Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, дефинициях, иллюстрациях. - М.: Педагогическое обще-
ство России, 1999. - 416 с.
256
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Достарыңызбен бөлісу: |