Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50

Ракымбаев Аят Жумашевич 
Абай  атындағы ҚазҰПУ  Шетел тілі: екі шетел тілі мамаңдығының 2  курс магистранты
"Тұран" университеті  "Қазақ және шет тіддер" кафедрасының оқытушысы
aktam82@mail.ru +77052255554
ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНАТЫН ИНТЕРНЕТ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Бұл мақалада шетел тілдік оқыту үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың дидактикалық қасиеттері 
мен әдістік қызметтері қарастырылған. Ол ақпараттық технологиялардың синхронды және асинхронды комму-
никация негізіндегі білім беру технологиялары мәселесі ашылды. Соның ішінде түрлі интернет негізінде өздігінен, 
мұғалімнің көмегімен және топтық жұмыс түрінде білім алу жолдары көрсетілген. Әсіресе, чат түрінде сұхбатасу, 
оқу үрдісі үшін арнайы блогтар мен подкастинг түрлері  кең талданады. 
 Кілттік сөздер: и нтернет технологиялары, ақпараттық технологиялар, шеттілдік білім беру, мәдениетаралық 
құзіреттілік, дидактикалық қызметтер, дидактикалық қасиеттер
Summary. In this article is considered various problems of didactic qualities and methodical functions of using internet 
technologies in terms of foreign language education that often referred as well-known methods in language learning. Also 
we focus on problems and tasks of foreign language learning based on asynchronous and synchronous communication tools. 
Additionally to that the article examines efficient ways in language learning such as self-study, teacher and students’ interaction, 
group-work. 
Keywords:  internet  technologies,  informational  technologies,  foreign  language  education,  intercultural  competence, 
didactic functions, didactic qualities
Резюме. В данной статье рассматриваются ключевые вопросы дидактических свойств и методических функций 
информационных, а именно интернет технологий используемых в процессе иноязычного обучения. Также поднимают-
ся вопросы и задачи иноязычного обучения на основе использования синхронных и асинхронных коммуникации. 
Ключевые слова: интернет технологии, информационные технологии, иноязычное образование, межкультурная 
компетенция, дидактические функции, дидактические свойства
Синхрондық коммуникация құралдары – ол дәл 
сол уақыт аралығында ақпарат алмасу мен тілдесу 
мүмкіндігін беретін интернет құралдары. Мысалға, 
чат пен дауыс байланысы арқылы синхронды түрде 
тілдесу  үшін  Skype  (http://skype.com/)  және Yahoo 
Messenger  (http://messenger.yahoo.com/)  қолдануға 
болады. 
Yahoo messenger with voice және Skype-тің қол-
данушылары  әлемнің  кез-келген  нүктесінен  өзге 
қолданушылармен  шұғыл  дауыс  байланысын  ор-
нату  (әлде  кәдімгі  үй  телефонына  қоңырау  шала 
алады)  мен  жазбаша  чат  жүргізу  мүмкіндігіне  ие 
болады. Және де вебкамера арқылы қосылып сұх-
баттаса алады.
Өзінің  достарынан  құрылған  тізімді  жасап, 
олармен  бірге-бір  немесе  ортақ  топтық  чат  не-
месе  конференция  құрап  әңгімелесе  аласыздар. 
Қалауы  бойынша  белгілі  бір  адамдардың  параме-
трлерін  енгізіп  (жасы,  жынысы,  мекен-жайы,  ана 
тілі, қызығушылықтары және т.б.), олардың ішінен 
таңдалған  адамдармен  достасып  сұхбаттас  болуға 
болады.   Педагогикалық мақсаттарда қолданыла-
тын  аталмыш  чат  платформалар  шет  тілін  оқыту 
үрдісінде жаңа мүмкіндіктер туғызады. Чат пен да-
уыс  байланысын  қолданып  келесі  мүмкіндіктерді 
асыруға болады:
• Басқа елдердің оқушыларымен бірлескен жо-
балық дәрістерді өткізуге болады;
• Ғылымның белгілі бір саласы бойынша білікті 
өзге   елден келген қонағымен сұхбаттасулар жүр-
гізу;
•  Түбегейлі  жаңа  және  ерекше  тапсырмалар-
ды  беру.  Мысалға,  шет  тілінде  сөйлеушілермен 
алғаш шет тілдік қатынасты орнату мақсатта сту-
денттерге белгілі бір параметрлер бойынша өзіне 
тілдесуші жақты табуды ұсынамыз. Яғни, берілген 
программаны пайдаланып өзіне тілдесуші адамды 
тауып, оның аты-жөнін, қызығушылықтарын біліп 
өзін жайлы айта білу.
•  Чатлог  (Chatlog)  мәтінінің  архивациялау  қы-
зметі  арқасында  тілдесудің  аяқталғаннан  кейін 
онда  қолданылған  грамматика,  лексика,  пунктуа-
ция, стилистика, сөйлеудегі қателіктерін және т.б. 
жерлерін саралап оларға ерекше көңіл бөліп жаңа 
тапсырмаларды дайындау.
Аталмыш  интернет  коммуникация  құралдары 
салыстырмалы түрде жаңадан пайда болғанына қа-
рамастан, әлемдік деңгейде ағылшын тілін оқыту 
ісінде  қолданудың  біршама  тәжірибесі  бар.  Осы-
лайша  Венесуэланың  Каракас  қаласындағы  Сай-
мон  Боливар  университетінің  профессорі  Дафна 
Гонзалес  педагокикалық  чаттардың  5  түрін  ерек-
шелейді:
• Еркін тақырыптағы чат (free topic chat); негіз-
гі міндеті – оқытылатын тілінде ауызша сөйлеудің 
тәжірибесін, тыңдалым жасау және жазу дағдыла-
рын дамыту;
• Арнайы оқу міндеті бойынша жүргізілетін чат 
түрі (collaborative task-oriented chat);
• чат-семинар немесе чат-презентация (academic 
seminar or presentation chat)

238
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
• белгілі бір материалдар немесе іс-әрекеттерді 
шыңдап жаттығу чат түрі, (practice chat); мысалға, 
сұхбат чаты; 
•  өтілген  белгілі  бір  материалдарды  қабылдау 
деңгейін  анықтау  мен  бақылау  мақсатта  бағалау 
чаты (evaluation chat) [1].
Skype  и  Yahoo  Messenger  секілді  құралдарын 
кіріктіріп қолдану білім алу үрдісінің мүмкіншілік-
терін  одан  әрі  кеңейтіп,  тәжірибелік  қолданысың 
артырады.  Сонымен  қатар,  келесі  дидактикалық 
мәселелерді шеше алады:
• Замануи әрі кәсіптік бағытта мәтіндерді пай-
далана отырып оқу мен аудару дағдыларын дамы-
тады;
• Кәсіптік лексиканың актив және пассив сөздік 
қорларын толықтыра алады;
• Әр-түрлі деңгейдегі кәсіптік бағытта аутент-
тік  мәтіндерді  қолдану  арқылы  тыңдалым  жасау 
дағдысын дамытады;
• Оқушының шетел тілін үйренуге бекем уәжін 
қалыптастырады [2].
Асинхрондық коммуникация құралдары – біраз 
уақыт  ішінде  ақпарат  алмасуды  қамтамыз  ететін 
интернет құралдары (форумдар, электронды және 
аудио пошта, сайттар, блогтар, вики және т.б.).
Блог – бұл мәліметтің хронологиялық жүйелік-
те  орналасқан,  күнтізбе  немесе  журнал-күнделігі 
ретінде ұсынылған сайт парағы. Блогты күнделік-
ті/  апта  сайын/  ай  сайын  жаңартып  тұруға  бола-
ды.  Блогтағы  мәліметті  жариялау  немесе  өзгерту 
құқығына оның жасаушысы ие, ал блогты оқушы-
лар мақалаларға өз коментарияларын қалдыра ала-
ды. Блогта сонымен қатар, басқа сайттарға сілтеу 
көрсетуге,  Интернет  мақалаларды,  аудио,  видео, 
суреттерді және т.б. жариялауға болады.
Эрон Кемпбелл тілдік пәндердің дәріс беруінде 
қолданатын блогтың 3 түрінің астын сызып көрсе-
теді:
•  The  tutor  blog:  оқытушы  жүргізеді,  мысалы 
http://juliayats.blogspot.com/; 
• The  class  blog:  оқытушы  және  студенттердің 
бірегей күш салу арқасында жүргізілетін блог;
• The learner blog студенттің жеке басымен жүр-
гізілетін блог түрі [3].
Блогтардың  арасында  ерекше  түрі–  подкаст 
деп аталатын аудио блогтарды   атап өтеді (ағыл. 
Podcast немесе Podcasting) бөліп шығарады. Ағыл-
шын сөзі Podcast, i-Pod (МР 3 плеер) және broadcast 
(радиохабар, трансляция) сөздерінен шыққан.   
Аудио блогтар/подкастар - MP3 форматындағы 
аудиофайлдары бар интернет желісіндегі күнделік-
тер. Подкастинг – on-line тыңдауға болатын немесе 
MP3 плеерге жүктей алатын, Интернет желісіндегі 
MP3 форматындағы аудио файлдарды жасау және 
тарату. 
Подкасттың әртүрлі түрлері бар:
1.  Аутенттік  подкастар,  сол  тілде  сөйлейтін 
адамның  файлға  жазылған  жазбасы  http://www.
podcastsinenglish.com/
2.  Оқытушының оқушыларына арнайы дай-
ындаған подкасттары;
3.  Студенттік  подкастар    (мысалы,  бірінші 
курс студентінің подкасты, ағылшын бөлімі http://
juliay.podomatic.com/ ).
Аудио  блогтар  студенттердің  алдында  үлкен 
мүмкіндіктер ашады: кез-келген студент сайттағы 
тәсілдерді  қолданып,  өз  сөзін  сайтқа  жаза  алады. 
Сонымен  қатар,  MP3  форматындағы  дисктен  не-
месе  басқа  программаларда  (мысалы,  Audacity  и 
HandyBits), жазылған дыбыстық файлдарды жари-
ялай алады.
Chinswing (http://www.chinswing.com), Gabmail 
(http://www.freegabmail.com) и Vaestro (http://www.
vaestro.com) арқылы Қазақстандық студенттер мен 
ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттердегі  сту-
денттерге ағылшын тілінде форум ұйымдастыруға 
болады.  Ол  жерде  оқылатын  тілде  сөйлеу  прак-
тикасы  жүргізіліп,  достық  қарым-қатынас  орна-
тылып, жасөспірімдерді мазалап жүрген тақырып-
тар ағылшын тілінде талқыланатын еді.
Студенттердің  тіл  үйрену  үрдісінде  асинхрон-
ды  коммуникация  құралдарды  пайдалануын  жүй-
елі түрде өткізу үшін дидактикалық ерекшеліктер-
ге көп мән беру қажет. Интернет мүмкіншіліктерін 
оқу үрдісіндегі дидактикалық мүмкіндіктерді сәй-
кесінше  артырады.    Шетел  тілін  оқыту  үрдісінде 
интернет  желісінің  ресурстары  мен  асинхронды 
коммуникация  құралдарын  пайдаланып,  тиімді 
түрде келесі дидактикалық міндеттерді орындауға 
болады:
• Деңгейі жағынан әр-түрлі материалдарды сәй-
кесінше  қолдана  отырып,  студенттің  оқу  қабілеті 
мен дағдысын қалыптастырып жақсартуға;
• Интернетте бар аутентті дыбыстық мәтіндер 
негізінде тындалым жасау дағдысын дамытуға;
•  Белгілі  бір  проблеманы  талқылау  негізінде 
монолог пен диалогтық мәнерде сөйлеу дағдысын 
дамыту;
• Жеке немесе топпен бірлесе отырып реферат, 
баяндама,  шығарма  секілді  жазба  жұмыстарды 
орындау  арқылы  студенттің  жазба  түрінде  ойын 
білдіру мен түрлі жазба жұмыстарды орындай білу 
дағдысын дамыту;
•  Оқытылатын  елдің  мәдениеттің  белгілі  бір 
даму  сатысын,  қоғамның  әлеуметтік  және  саяси 
құрылысын сипаттайтын лексика мен өзінің сөздік 
қорын толықтырып отыру;
•  Оқытылатын  елдің  салт-дәстүрін,  мәдени 
ерекшеліктері,  сөйлеу  мәнерінің  ерекшеліктері, 
сөйлеу  әдептерінен  тұратын  мәдени-танымдық 
мәліметтермен танысу;
•  «Белсеңді»  материалдардан  тұратын  жүйелі 
түрде  құралған  сабақтар  негізінде  оқушылардың 
шет  тілді  үйренудегі  уәждемесін  күшейтіп,  со-
нымен  қатар,  олармен  тек  оқулықтар  бойынша 
берілген сұрақтарды ғана емес, әр адамды толған-

239
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дыратын өзекті мәселелерді талқылау арқылы одан 
әрі қызықтыру [4].
Кеңінен таралған интернет пен байланыс құрал-
дардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін 
және  методологиялық  қызметтерін  саралау  нәти-
жесінде  олардың  алуан-түрлігіне  қарамастан,  не-
гізінен  ұқсас  жақтары  аз  емес.  Біріншіден,  әрбір 
оқушы  өзінің  арнайы  техникалық  құрылғылары 
(смартфон,  планшет,  компьютер)  арқылы  ол  тех-
нологияларға еркін қол жеткізе алады. Екіншіден, 
ол  технологиялардың  барлық  түрлері  ақпараттық 
көздер мен ақпарат алмасу платформалар болған-
дықтан тіл үйрену мен коммуникациялық тәжірибе 
мақсатта әрдайым қолданыла алады.
Мәліметтердің  жалпы  қорыту  негізінде  келесі 
дидактикалық  қасиеттері  мен  қызметтерін  және 
методологиялық  қызметтерін  бөліп  көрсетуге  бо-
лады:
Ақпарат  технологиялардың  дидактикалық  қа-
сиеттері:
•  Мобильді  құрылғылар  арқылы  еркін  қол-
жетімділік;
•  Әр-түрлі  форматтағы  ақпаратты  (мәтіндік, 
графикалық, видео, аудио) сақтау мен алмасу мүм-
кіндігі;
• Түсіндірме және сын-пікір жазу арқылы кон-
тент мазмұнын толықтыру және өзгерту мүмкінді-
гі;
• Ақпараттық-анықтамалық ресурстар негізінде 
қолдану мүмкіндігі.
 Ақпарат технологиялардың дидактикалық қы-
зметтері:
• Оқу үрдісінің ақпараттанылуы;
• Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалып-
тастыру;
•  Ақпараттық  технологиялар  негізінде  желілік 
пікір-алмасуды ұйымдастыру мүмкіндігі;
• Өзіндік ізденіс пен зерттеу жұмысын ұйымда-
стыру;
• Студенттердің өздігінен білім алу дағдыларын 
дамыту;
• «Бірлесіп білім алу» атты педагогикалық тех-
нологиясын қолдану;
• Оқушылардың танымдық қызметтерін дамы-
ту;
• Оқыту мен мамандану саласы бойынша кәсіби 
дағдыларын дамыту.
Ақпарат  технологиялардың  методологиялық 
қызметтері:
•  Сөйлеу  қызметінің  продуктивті  (сөйлеу  мен 
жазу) және рецептивті (тыңдау мен оқу) түрлерін 
дамыту;
•  Студенттердің  сөйлеудің  тілдік  дағдыларын 
(грамматика мен лексика) қалыптастыру; 
• Әлеуметтік-мәдени және мәдениаралық құы-
зреттіліктерін қалыптастыру [5].
Жоғарыда  қарастырылған  мәдениетаралық 
құзыреттілікті  қалыптастыру  мақсатында  қолда-
нылатын интернет және өзге ақпараттық техноло-
гиялардың  дидактикалық  негіздері  жүйелі  түрде 
көрсетілген. Осы салада дидактикалық аспектілер 
аса  маңызды  роль  атқарады.  Нақтыланған  дидак-
тикалық  міндеттер  мен  қызметтері  оқу  үрдісін 
жеңілдетіп қана қоймай, оны одан әрі жақсартуға 
көмектесе  алады.  Одан  бөлек  синхронды  және 
асинхронды коммуникация құралдарын пайдалану 
мәселесіне ерекше мән беру қажет. Ол құралдар оқу 
үрдісіндегі  студенттің  өзіндік  бетімен  пайдалана 
алатын құралдар қатарында. Яғни  ол технология 
түрлері оқу үрдісінде белсеңе қолдану арқасында 
әдеттегі  қолданылатын  технология  мен  құралда-
рынан гөрі зор жетістіктерге жеткізе алады. Себебі 
мәдениетаралық құзыреттілік студенттің өздігінен 
әрекет  ету  мен  шынайы  тілдік  ортамен  қатынасу 
тәжірибелері нәтижесінде едәуір жақсы дамиды.   
Әдебиеттер тізімі
1. Сысоев П.В. Дидактические свойства и функции современных информационных и комму-никационных техноло-
гий // Иностранные языки в школе. 2012. № 6. С. 12-21.
2. Лебедев О. Е. Компетентностный подход в образовании // Школьные технологии. — 2004. — № 5. — С.3–21
3. Апальков В.Г. Методика формирования межкультурной компетенции средствами элек-тронно-почтовой груп-
пы (английский язык, профильный уровень): автореф. дис. ... канд. пед. наук. Тамбов, 2008.
4. Чикилева Л.С. Использование интернет ресурсов  в процессе обучения профессиональному иностранному языку. 
http://conf.englishforsciences.sfedu.ru/  
5. Капранчикова К.В. Дидактические свойства и методические функции мобильных технологий в обучении ино-
странному языку // Вестник Тамбовского университета. Серия: Гуманитарные науки. Выпуск № 1 (129) / 2014.

240
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 373.3.091.313
Жарқынтаева Гулфайруз 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты, 
gufa05_92@mail.ru, 8778-118-66-91 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНДА ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ
Түйін. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін 
арттырудың жолдары қарастырылады. Қорыта келгенде, дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдасты-
рылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, та-
нымдық әрекетке қызығушылықты туғызуға, оқушының танымдық белсенділігін арттыруына мүмкіндік 
береді.
Тірек сөздер: Бастауыш сынып, өзіндік жұмыс, таным, белсенділік
Резюме. В статье рассмотрены вопросы развития познавательной активности учеников начальных 
классов посредством самостоятельной работы.  В заключение хотим отметить, что с дидактической 
стороны правильно организованная  самостоятельная работа вызывает интерес к углублению и  дополне-
нию знаний, умений, навыков, формирует познавательную активность у школьника. 
Ключевые слова: Начальный класс, самостоятельная работа, познание, активность
Resume.    The article discusses primary school students cognitive activity development through self-study. 
In conclusion, we note that a pedagogical side properly organized independent work is of interest to deepen and 
supplement knowledge, skills, forms a cognitive activity in schoolchildren.     
Primary:  Independent work, cognition, activity. 
Қазіргі  кезде    елімізде    білім    берудің    жаңа  
жүйесі  жасалып, әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  
қадам   басуда.  Білім    беру    парадигмасының    өз-
геруін,  білім    мазмұны  мен    оны    оқытудың  әдіс 
– тәсілдерінің  жаңаруы,  оқытудың жаңа  техноло-
гияларының  оқу – тәрбие  үдерісіне  енуі мен жаңа  
көзқарас, қарым–қатынас  пайда  болып,  білім  бе-
рудің  өзіндік ұлттық  үлгісі  қалыптасуы  соның  
айғағы. 
Оқытуға  қойылатын  мақсатқа  жетудегі  басты 
фактор тұлғаның белсенділігін арттыру проблема-
сына  байланысты.  Былайша  айтқанда,  тұлғаның 
жалпы  дамуы,    ақыл-ой  жұмысына  бейімділігі, 
оқыту принциптеріне байланысты білімнің мазмұ-
нын,  формасын,  әдістерін  менгерумен,  сондай-ақ 
оқытудың  стратегиялық  бағдарына  үйлесімділі-
гін  арттырып,  олардың  белсенділігін  дамытып, 
берілетін  ақпараттың  көлемін  молайтумен  қатар 
оған  бақылауды  жетілдіруді  назарда  ұстаумен  де 
шарттас. Тұлғаның оқудағы белсенділік деңгейінің 
өрістеуінде  оның  логикалық  дамуы  да  ескерілу-
ге тиіс. Сондай-ақ, тұлғаның жеке басының өзіне 
ғана  тән  ерекшеліктерімен  қатар  оқуға  деген  ын-
тасы, мотиві айтарлықтай мәнге ие болады. Өзін-
дік  жұмыстарды  орындау  белсенділігі  күнделікті 
оқу  іс-әрекетінде  кездесетін  міндеттерді  шығар-
машылықпен орындай алу қабілеті болып табыла-
ды. 
Қ.Жарықбаев  бойынша,  бастауыш  сынып 
оқушысының практикалық іс-әрекетке белсенділі-
гін арттыру 3 деңгейде қарастырылады. Қабылдау 
белсенділігі - оқушының ұғынудағы талпынысын 
сипаттайды  және  білімді  қабылдауы,  есте  сақта-
уы,  меңгеру  тәсілдерін  біліп,  үлгіні  тұтына  алу 
тұрғысынан қарастырылады.  
Интерпретаци-
ялық  белсенділік  –  шәкірттің  оқылған  материал-
дың  мәнін  ұғынып,  ондағы  білімдік  түсінікті  өз-
герген  жағдайға  үйлесімді  пайдалануымен  және 
сол тәсілді жаңғыртып қолдана алуы тұрғысынан 
ескеріледі. Шығармашылық белсенділік - оқушы-
ның білімді теориялық жағынан ұғынуға ұмтылып, 
проблеманы  шешуде  өзіндік  ізденіс  танытып,  та-
нымдық қызығушылығын жетілдіріп өркендетеді.
Алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибе-
лер  дәлелдеген  деректерге  сүйенгенде  шәкірт-
тердің белсенділігі педагогикалық, психологиялық 
жағдайға  тәуелді.  Оқытудағы  белсенділік  тұлға-
ның ұстанған тәсіліне, өзін субъект ретінде көрсе-
туіне, өзіндік "мендік" әрекетіне де байланысты.
Нақты жағдаятты талдау - оқушының іс-әрекет-
тегі белсенділігін ұйымдастыруда мәні зор тиімді 
әдіс. Өмір мен өндірістегі міндеттерден туындай-
тын нақты жағдаятты талдай алудың әдістерін иге-
ру тұлғаның қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты 
жағдаятты кезіккенде алдымен мына мәселені ай-
қындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол 
неліктен туып отыр және оған өзінің қарым-қаты-
насын белгілеуі қажет. Қазіргі зерттеулерде ситуа-
ция мәні мен түріне қарай проблемалық ситуация, 
ситуацияны  бағалау,  иллюстрациялық  ситуация, 
жаттығу ситуациясы т.б. болып топтастырылуда.
М.Махмұтов  бойынша,  проблемалық  жағдаят 
(ситуация) - нақты өмірден жинақталған деректер-
дегі шиеленіс. Әбден матаса шиеленіскен мәселені 
шешуге талаптанған адам оған бейне бір актерше 
қарап,  ситуацияны  шешудің  өзіндік  жолын  ұсы-
нады немесе мұны шешу мүмкін емес деген пай-
ымдау жасайды.

241
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Жағдаятты  (ситуация)  бағалау  -  оқиғаға  бай-
ланысты мәселе талданып, ситуациядан шығудың 
жолы  шешіліп  қойған.  Осыған  дейінгі  қабыл-
данған шешімге жан-жақты мән беріп, сын көзбен 
қарай отырып баға беріледі. Болған оқиғаға байла-
нысты  айғақтарды  талдап,  дәлелдеп  қорытынды 
жасайды.  Тыңдаушылар  мәселеге  араласпай,  тек 
сырттай бақылаушы дәрежесінде қала береді.
Иллюстрациялық  (жағдаят)  ситуация  -  тиісті 
тақырыпқа  байланысты  күрделі  мәселені  шешу 
үшін  оқытушы  тапсырған  тапсырма  бойынша 
жүргізіледі де, тиісті тұжырымдама бойынша жа-
салады.  Әрине,  мұнда  өзінше  пайымдама  шыға-
руға  мүмкіндік  аздау  болады.  Өйткені  келтіріліп 
отырған мысал, дерек жөніндегі жағдаятқа (ситуа-
ция)  баға беріліп, айқындалып қойғандықтан оны 
басқаша шешудің қажеті де бола бермейді.
Жаттығу  ситуациясы  -  оқушыға  белгілі  дәре-
жеде дағды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. 
Ситуация туғызған проблеманы шешуге байланы-
сты шығарылған тұжырымдама жөнінде ойланып, 
оны зерттеу тұлғаға белгілі дәрежеде мәселеге әр 
жақты қарау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдіс 
тиісті тәжірибені сараптап, одан қорытынды шыға-
ру  дағдысына  машықтандырады.  Түрлі  тәжірибе 
жинақтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың  сабақта  өз  бетімен  орындаған 
жұмысы  сыныпта  қандай  формадағы  болса  да 
тексерілуі тиіс: мұғалім тапсырмасын орындауын 
қарап шығуы, уақыт бөлуі және өз бағасын айтып 
жақсы жұмыстарды атап көрсетіп табуға көмекте-
суі тиіс.
Арнайы және әдістемелік әдебиеттерді зерттей 
отырып,  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім, 
білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзін-
дік  жеке  тапсырмалардың  төмендегідей  түрлері 
ұсынылды:
•  өз  қалауы  бойынша  орындайтын  тапсырма-
лар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсы-
нылады. Оқушы қалауы бойынша біреуін, не бір-
нешеуін орындауға құқылы;
• вариантты (нұсқалы) тапсырмалар. Әр пәннің, 
оқу  материалының  ерекшелігіне,  оқушылардың 
білім  деңгейіне  және  алдыға  қойған  мақсатына 
қарай  мұғалім  вариантты  тапсырмаларды  әртүр-
лі  қиындық  дәрежеде  құрастырады.  Вариантты 
тапсырмаларды  оқушылар  өз  қалауы  бойынша 
таңдап алады; 
•  оқушылар  тобына  берілетін  тапсырмалар. 
Мұғалім әртүрлі деңгейлер бойынша оқушыларды 
топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке 
тапсырмалар береді;
•  жеке  тапсырмалар.  Оқушының  бағдарлама-
лық  материалды  меңгеру  барысында  жіберген 
кемшіліктерін  жоюға  немесе  оның  қабілеті  мен 
қызығушылығын  жетілдіруге  бағытталған  тапсы-
рмалар. Бұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құра-
стырады;
• жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмалар-
ды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі 
әртүрлі екі оқушыға береді, яғни үлгерімі жоғары 
оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақса-
тын  көздейді;  қызығушылығы,  мүмкіндігі  бірдей 
екі  оқушыға  береді.  Олар    жұмысты  бір-бірімен 
ақылдасып,  бірігіп  атқаруы  мүмкін,  не  екеуі  екі 
бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салы-
стыруы  мүмкін.  Дегенмен,  оқушылардың  дербес 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  мүмкіндіктеріне 
қарай өзіндік жеке тапсырмалар беру арқылы оқы-
ту үдерісін ұйымдастыруда белсенділікті арттыру-
ды жүзеге асыруға болады.
Зерттеу  тақырыбы  бойынша  құрастырылған 
өзіндік жұмыстардың түрлері мен жүйесін ұсынып 
отырмыз.    Келесі де ана тілі пәні бойынша  тақы-
рыптың  аясында    өзіндік  тапсырмалар  жүйесін 
құрастырдық. Мысалы:
Жеңіс  Қашқынов  
«Ұнатам  күзді  мен»  
Логикалық жаттығу    
• Күз айларын ата.
• Күз қай айда түседі?
• Суреттегі көрініс туралы не айтар едің?
• Күз мезгілі  несімен ерекшеленеді?
Кілті:    Күз  айлары:  қыркүйек,  қазан,  қараша. 
Суреттегі көрініс қыркүйек айы. Осы айда біз мек-
тепке барамыз.
Келесі тапсырма  Жеңіс  Қашқынов  «Ұнатам  
күзді    мен»  ойын  түрінде  ұсынылды.  Тапқырлық 
ойын: «Суырып салма ақын»
Мына тірек сөздерді қолдана отырып, ортамы-
здан суырып салма ақынды анықтайық.  Тірек сөз-
дер: далаға,  тауға да, маужырап, алтындай.
Мұғалім 
                        Оқушы
Күз келді 
Күз  келді 
Күз келді 
Күз келді 
Аналитикалық жаттығу.  Өлең құрастыр.
.....................................................далаға,
......................................................ала.
.....................................................түрленген,
.....................................................мен.      
Жеңіс  Қашқынов   «Ұнатам  күзді  мен» келе-
сі танымдық тапсырма ұсынылды. Тірек сөздерді 
пайдалана отырып, сурет  мазмұнын ашатын өлең 
құрастыр.                         
жүзім                                                 алма

242
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Аналитикалық жаттығу  Өлең құрастыр                             
 ...................................................жинаймыз,
.....................................................саламыз.
..................................................сыйлаймыз,
......................................................аламыз.
Кілті: Жүзім, алма жинаймыз, 
Себеттерге   саламыз.
Үлкендерді сыйлаймыз, 
Көмектесе аламыз.                 
Келесі Жеңіс  Қашқынов  «Ұнатам  күзді  мен» 
тақырыбы бойынша шығармашылық тапсырма.      
–    Алманың  қандай  пайдасы  бар?  Өз  шығар-
машылығыңмен  айтып бер. 
Логогриф жасыру: 
Алмада бар,
Алшада жоқ.
Алшада бар,
Алмада жоқ.
1  -  сынып  бойынша  ана  тілі  пәнінен  дайын-
далған келесі өзіндік жұмыс тапсырмалар  жүйесі  
• 
Мақалды аяқта, толықтырып жаз.
Гүл – жердің ..., 
Қыз – елдің ... .
• 
Мына  сөздерді  қатыстырып  әңгіме  құра-
стыр:
Күз,  жаңбыр,  жапсырақ,  ағаш,  құстар,  бұлт, 
қайтты.
   3. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Күзгі ең-
бек  тақырыбына  арналған  сурет  бойынша  әңгіме 
құрастыру ұсынылды.
    Ұсынылып отырған әдістеменің басты идея-
ларын жүзеге асырудың нәтижесі бастауыш сынып 
оқушыларының    өзіндік  жұмыстардың  жүйесіне 
сәйкес  белсенділік  танытуында  оның  теориялық 
білімінің  практикалық  тапсырмаларды  орындау-
да  ұштастыруды  бірлесе,  топпен  немесе  жұппен 
талқылауға сүйене білуімен сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Жарықбаев Психологиялық  сөздік. Алматы, 2010
2. М.Махмұтов  Мектепте проблемалап оқыту. Алматы, 2000
3. А.С.Амирова Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды пайдалану. Алматы, 2011
 

243
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ.372.87 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет