Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет8/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50

Қадашева Қарлығаш
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Асанова Ұлмекен Отарқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
 
Омарова София Қажыақпарқызы
филология  ғылымдарының кандидаты, доцент 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 
 
ТУЫС ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
В статье говорится о создании впервые учебного комплекса «Казахский язык» для носителей близкородственных 
языков по обучению их казахскому языку, предлагается его методика обучения. Статья также знакомит со способа-
ми сравнительно-сопоставительного обучения близкородственных языков (турецкого, казахского, узбекского языков 
входящих в огузскую, кыпчакскую и карлукскую языковые группы).
Ключевые слова: близкородственные языки, сравнительно-сопоставительное обучение, учебные словари, марки-
рованные слова, словник, общие слова
The article deals with the ways of writing Kazakh  educational complex for the speakers of related languages for the first 
time and the new methods of teaching Kazakh to them. The article also introduces the ways of comparative teaching of related 
languages (Turkish, Kazakh and Uzbek that belong to the Oguz, Kypchak and Karluk language groups).
Key words: related languages, comparative study, learner’s dictionaries, marked words,  glossary, common words
ратын  айрықша  оқулық  болып  саналады.  Туыс 
тілділерге  арналған  «Қазақ  тілі»  оқу  кешенінің 
А1,  А2  негізгі  оқулықтарында  әлеуметтік-тұрмы-
стық,  әлеуметтік-мәдени,  отбасылық,  оқу-кәсіби 
салаларға байланысты тақырыптар жүйеленсе, ал  
В1,  В2  деңгейлеріне  арналған  негізгі  оқулықтың 
мазмұны  елтанымдық  және  мәдениеттанымдық 
тақырыптарды  қамтиды.  Бұл  тақырыптар  қазақ, 
түрік және өзбек тілдерінде түпнұсқалық мәтіндер 
түрінде жинақталды. Мәтіндер елтанымдық және 
мәдениеттанымдық ақпарат көздері болғандықтан,  
тіл  үйренушілерді  үш  елдің  мәдениетіндегі  ұқса-
стықтар мен айырмашылықтарды түсініп қабылда-
уға дағдыландырады.  
Оқулықта үш тілге де  ортақ сөздер және  жар-
тылай  ортақ,    мағынасы  сәл  өзгерген,  мағынасы 
мүлдем өзгерген сөздер, синоним сөздер, бір тіл-
де  актив, екінші тілде пассив қолданылатын сөз-
дер,  кірме  сөздер  және  бір  сыңары  түсіп  қалған 
сөздер (бұл сөздерге  «маркер-сөздер» деген атау 
бердік)  тақырыптар  аясында  іріктеліп  алынып, 
олардың лексикалық минимумі жасалды. Аталған 
маркер-сөздер  алғаш  рет  ғылыми-әдістемелік 
тұрғыдан жүйеленіп, коммуникативтік айналымға 
енгізіліп отыр. Жалпы тіл білімінде әлеуметтік-мә-
дени  компоненттерден  құралған  лексиканы  мәде-
ни-маркерленген лексика деп атау қалыптасқан, ал 
мәдени маркерленген бірліктер деп экстралингви-
стикалық фонға ие және соның нәтижесінде туыс 
тілде сөйлейтіндердің елі туралы мәдени ақпарат-
тың дереккөзі бола алатын сөздерді атаймыз, яғни 
маркер-сөздер дегеніміз – мәдениетаралық комму-
никацияда тілдік құралдардың таңдалып, іріктеліп 
алынуы. 
Ортақ  сөздер  сөздігі  құрамына  кіретін  сөзтіз-
беге  бір  замандарда  қалыптасқан  жалпытүркілік 
Түркітілдес  халықтардың  мәдени,  саяси  және 
әлеуметтік  өмірінің  көптеген  қырларын  зерттеп, 
зерделеп жас ұрпаққа аманат ету – бүгінгі күннің 
басты талабы. Ежелден тамыры бір, ділі бір, діні 
бір, салт-дәстүрі ортақ туыс елдердің құндылықта-
рын бүгінгі ұрпаққа аманат етудегі ең басты мәсе-
ле  –  туыс  тілдерді  (оғыз,  қыпшақ  және  қарлұқ 
топтарына енетін түрік, қазақ, өзбек тілдерін) са-
лыстыра-салғастыра оқыта отырып, сондай-ақ осы 
тілдерде  кездесетін  ортақ  сөздердің  оқу  сөздігін 
жасау арқылы білім беру. Осындай өзекті мәселеге 
байланысты мақала авторлары алғаш рет туыс тіл-
де  сөйлейтіндерді  қазақ  тіліне  үйретуге  арналған 
«Қазақ тілі» оқу кешенін әзірледі. 
  Қазақ  тілін  туыс  тілді  дәрісханаларда  оқыту-
дың әдістемесін жетілдіру, оқыту үдерісінде нақты 
нәтиже  алу  үшін    оқу  бағдарламасы,  негізгі  дең-
гейлік  оқулықтар,  жазу  және  оқуға  арналған  оқу 
құралдары,  сонымен  бірге  оқу  сөздіктері  (ортақ 
сөздер сөздігі, ассоциативтік оқу сөздігі, лингвомә-
дениеттанымдық сөздік, синонимдер сөздігі) құра-
стырылды.  Оқу бағдарламасын даярлауда   мына-
дай міндеттер жүзеге асырылды:
- түркі тілінде сөйлейтіндерге үш тілді (қазақ, 
түрік,  өзбек)  салыстыру  әдісі  арқылы  лексиканы 
(ортақ сөздер) меңгерту;
-  тілдердегі  ортақ  сөздер  мен  маркер-сөздерді 
іріктеу  және  оларды  тақырып  мазмұнына  сәйкес 
жүйелеу (қазақ, түрік, өзбек тілдерінде);
- қазақ тілі грамматикасын салыстыра отырып 
игерту;
-  елтанымдық  және  мәдениеттанымдық  мате-
риалдар  негізінде  түркі  тілінде  сөйлейтіндердің 
қатысымдық білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Негізгі оқулықтар (А1, А2, В1, В2) қазақ тілін 
туыс тілділерге  үйретуде жетекшілік қызмет атқа-

49
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
сөздер жатады. Ал жалпытүркілік сөздер кез кел-
ген  түркі  тілі  лексикасының  ең  терең  қабатында 
жатқандықтан, оларды сөздік қордың негізі деуге 
де болады. Кез келген түркі тілдерінде кездесетін 
ортақ сөздердің мағыналары ұқсас болғанымен не-
месе жартылай мағынасы өзгергенімен, бұл сөздер 
айтылуы, дыбысталуы, түр-тұлғасы жағынан бір-
дей  емес.  Себебі  түркі  тілдерінің  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан әліпбиінде және дыбыстық жүйесін-
де айырмашылықтар байқалады. Осыған орай  қа-
зақ тілін туыс тіл ретінде үйретуде үш тілге қаты-
сты ортақ сөздерді  меңгерту және тіл үйренушінің 
тілдік  санасын  дамыту  мақсатында  оқу  сөздігі 
құрастырылды. 
Туыс  тілділерге  арналған  «Қазақ  тілі»  оқу  ке-
шенінің  А1,  А2  деңгейлерінде  сөйлеу  әрекетінің 
(жазылым, оқылым, тыңдалым, сөйлесім) төрт түрі 
бойынша жаттығулар берілсе, В1, В2 деңгейлеріне 
арналған  Негізгі  оқулықтың  құрылымында  мәтін 
алды кезеңі, мәтін кезеңі, мәтіннен кейінгі кезең-
дер  бойынша  мынадай  тапсырмалар  жүйеленді: 
үш  тілдегі  ортақ  сөздер  минимумі  мен  мәтіндер, 
мәтін  ішіндегі  маркер-сөздер  түсіндірмесі;  мәтін-
дегі  қиын  сөздердің  түсіндірмесі  және  лекси-
ка-грамматикалық тапсырмалар (қатысымдық, да-
мытушылық, тәрбиелік, креативтік).
  «Қазақ  тілі»  оқу  кешенінің  құрамындағы 
Оқылым кітабы туыс тілділерге қазақ тілін қаты-
сымдық бағытта оқытудың бір арнасы ретінде та-
нылады. Оқылым кітабына елтанымдық, мәдениет-
танымдық мәліметтерді қамтитын шағын мәтіндер 
мен халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (бесік жыры, 
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ерте-
гілер, аңыз әңгімелер), сондай-ақ әдеби шығарма-
лардан үзінділер енді. Оқылым кітабында мәтінді 
меңгертудің  үш  кезеңі  бойынша  инновациялық 
әдіс-тәсілдермен құрастырылған танымдық тапсы-
рмалар  тіл  үйренушілердің  коммуникативтік  қа-
жеттіліктеріне бағытталды.   
«Қазақ тілі» (туыс тілділер үшін)  оқу кешенінің 
құрамындағы келесі  оқу құралы Жазылым кітабы 
деп аталады. Оқу құралында жүйеленген грамма-
тикалық  және  қатысымдық  жаттығулар  Негізгі 
оқулық пен Оқылым кітабында берілген материал-
дармен тығыз байланыста берілді. Жазылым кіта-
бының мақсаты  грамматикалық және қатысымдық 
жаттығуларды  жазбаша  орындату  арқылы  тіл  үй-
ренушілердің  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыпта-
стыру,  ойларын  жазбаша  еркін  жеткізу  біліктерін 
жетілдіру болып табылады.  
Туыс тілде сөйлейтіндердің лексика-граммати-
калық материалдарды меңгеру дағдысы мен білігін 
анықтау мақсатында А1, А2  деңгейлері бойынша 
Бақылаушы тест жинағы әзірленді.   
Бүгінде әдістеме ғылымында тілді үйретуге ар-
налған оқу сөздіктерінің орны ерекше. Оқу сөзді-
гі – тілдік қатынас және тілдесім құралы ретінде, 
зерттеу жұмысында маңызы зор, көлемі мен типі 
жағынан алуан түрлі болып келетін лексикографи-
ялық туынды. Сөздіктің бұл түрінің басты ерекше 
белгісі – оның тілді үйрету ісіне бағдарлануы, яғни 
сөздік те оқырманды қатысымның нақты бір айқын 
түріне бағыттайды.  
Оқу  сөздіктерінің  ассоциативтік,  лингвомәде-
ниеттанымдық,  ортақ  сөздер,  синонимдер  сөзді-
гі  және т.б. түрлерін мақала авторлары алғаш рет 
құрастырып, оқу үдерісінде пайдалануда. Аталған 
оқу  сөздіктерін  құрастыру  барысында  лексико-
графиялық  оқу  құралдарын  құру  ұстанымдары 
мен  критерийлері,  тілдерді  үйретудің    лексико-
графиялық  теориясы  басшылыққа  алынды.  Оқу 
сөздіктерінде  негізгі  оқулықта  іріктелген  лекси-
калық және қатысымдық минимумдер қамтылды, 
сөздердің  түсіндірмесі  жүйелі  түрде  сипатталды. 
Сөздіктегі  сөздер  тақырыптық  орнын  ғана  тауып 
қоймай,  бір-бірімен  семантикалық  байланыста 
берілді. Оқу сөздігінің сөзтізбесі 2000-2500 лекси-
калық бірлікті қамтыды. Негізгі оқулық пен кешен 
құрамына енетін оқылым, жазылым оқу құралда-
рымен  мазмұны  жағынан  тығыз  байланыста  ке-
летін  оқу  сөздіктері  тілді  үйретуде  қосымша  оқу 
құралы қызметін атқарады.  
«Ортақ  сөздер  сөздігін» құрастыру барысын-
да  ортақ  сөздердің  дыбыстық  ерекшелігіне  және 
олардың  ұқсастықтары  мен  айырым  белгілерін 
анықтауға    ерекше  мән  берілді.  Оқу  сөздігінің 
ішкі  мазмұнын  құрайтын  үш  тілде  (қазақ,  түрік, 
өзбек)  қалыптасқан  ортақ  және  маркер-сөздердің 
ұқсастығы  мен  айырмашылығына  түсінік  беру 
тіл  үйренушілер  үшін  өте маңызды. Олар  тіл үй-
ренушілердің    жылдам  тілдік  қарым-қатынасқа 
түсуіне  жол  ашады.  Сондай-ақ  бір-біріне  жақын, 
туыс тілдердің тілдік ерекшеліктері және тіл үйре-
нушінің ана тілінде алған білімі, дағдысы мен білі-
гі тілді еркін меңгеруге игі әсер етеді. 
Қазақ  тілін  туыс  тіл  ретінде  (түркі  тілдерін-
де  сөйлейтіндер  үшін)  оқытуға  арналған  оқу  ке-
шенінің  құрамына    «Ассоциативтік    өріс»  оқу 
сөздігі  де  енеді.  Бұл  сөздікте  негізгі  оқулықтағы  
тақырыптарға сәйкес  берілген лексикалық мини-
мумдердің ассоциативтік өрісі жасалды. Сөздердің 
түсіндірмелері және  оларға әдеби шығармалардан 
өлең,  сұхбат,  монолог  түрінде  мысалдар  беріл-
ді.  «Ассоциативтік    өріс»  оқу  сөздігін  пайдалану 
нәтижесінде туыс тілді үйренушінің қазақ тілінен 
сөздік қоры дамып, рухани танымы кеңейеді. Білім 
берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарды 
көздейтін  мұндай  оқу  сөздігі  тіл  үйренушілердің 
тілдік дағдысы мен білігін қалыптастыруда  атқа-
ратын маңызы зор. 
Тіл  үйренушінің  лингвомәдениеттанымдық 
құзыретін қалыптастыруда  елтанымдық және мә-
дениеттанымдық  құндылықтарды  орнықтыратын 
лингвомәдениеттанымдық оқу сөздігін жасау – аса 
маңызды мәселе.
Жоғарыда 
аталған 
сөздіктермен 
қатар 

50
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Лингвомәдениеттанымдық  оқу  сөздігі  де  әзір-
ленді.  Бұл  сөздікте  лексикалық,  коммуникативтік  
минимумдер тақырып аясында іріктеліп, түрлі өр-
нектер ұсынылды.  Лингвомәдениеттанымдық лек-
сика  пәнаралық  байланыста  сұрыпталып  берілді. 
Сөздікте берілген арнайы мәдениеттанымдық лек-
сиканың    түсіндірмесі  энциклопедиялық  мәлімет 
түрінде сипатталды. 
Қазақ  тілін  туыс  тілділерге  үйретудің  тиімді 
жолдарының  бірі  –  сөз  мағынасын  синонимдер 
арқылы  ұғындыру  тәсілі.  «Қазақ  тілі»  оқу-әді-
стемелік  кешенін  әзірлеу  барысында  деңгейлерге 
арналған  Синонимдер  сөздігі  дайындалды.  Оған 
себеп  –  түркі  тілдеріндегі  ортақ  сөздердің  сино-
нимдік  қатарларының  көптігі.  Мысалы,  қазақтар 
«нәресте»  десе,  түріктер  «bebek»,  ал  өзбектер 
«norasta,chaqaloq» сөзін қолданады. Арнайы құра-
стырылған  осындай  оқу  сөздіктері  тілді  үйрену 
кезеңінде  тіл  үйренушінің  тілдік  санасын  қалып-
тастырады және өзінің ана тіліндегі баламасымен 
салыстырып,  салғастырады.  Ал  тілдік  сана  үш 
мәдениет өкілінің өзара іс-әрекетіндегі тілді тұты-
нушылардың  әлеуметтік  жағдайы  мен  мәдениеті 
түйсігіндегі  қарым-қатынасынан  түзіледі.  Со-
нымен  бірге  олардың  мәдениет-таным    сұхбатын 
(диалог култур) құруға мүмкіндік береді.  
Туыс тілділерге арналған «Қазақ тілі» оқу-әді-
стемелік  кешені  –  қазіргі  жаһандану  жағдайында 
түркітектес  халықтардың  ғылым,  білім  беру,  мә-
дени,  әлеуметтік салалардағы  ынтымақтастығына 
жол  ашатын,  ана  тіліміздің  мәртебесін  айғақтай-
тын, әдістеме ғылымында өзіндік ерекше орны бар 
еңбек.  Осы  еңбектің  мазмұны  бойынша  бірнеше 
өрнектер  ұсынылып отыр.
дәм  –  ас,  тағам,  тамақ  –  ауыздағы 
пайда болатын астың өзіндік қасиеті 
dәm  –  as,  tağam,  tamaq  –  awızdağı 
payda bolatın astıη ӧzindik qasiyeti 
дастарқан  жаю  –  үстелге  асжаулық 
төсеп, ас ішу
dastarqan  jayuw  –  üstelge  asjawlıq 
tӧsep, as işüw
ыдыс – ас су құюға, ішуге, жеуге ар-
налған бұйым (зат)
ıdıs – as suw kuyuwğa, işüwge, jewge 
arnalğan buyım (zat)
ерулік  –  жаңадан көшіп келген көр-
шісіне  сый-құрмет  көрсету,  қонаққа 
шақыру
erüwlik  –    jaηadan  kӧşip  kelgen 
kӧrşisine sıy- qurmet kӧrsetüw, qonaqqa 
şaqıruw
сыбаға  –  үйден  ұзақ жүрген  балаға, 
құрметті қонаққа, туысына сақталған 
дәм
sıbağa  –  üyden  uzaq  jürgen  balağa, 
qurmetti  qonaqqa,  tuwısına  saqtalğan 
dәm
тоқымқағар  –  жолға  шығатын 
адамға,  баласына  сәт-сапар  тілеп, 
қарт  адамдардың  батасын  алу  үшін 
қонақасы берілуі
toqımkağar  –  jolğa  şığatın  adamğa, 
balasına sәt- sapar tilep, qart adamdardıη 
batasın aluw üşin qonaqası berilüwi
бас қосу – бір жерге жиналу, топ бо-
лып мәжіліс құру
bas  kosuw  –  bir  jerge  jiynaluw,  top 
bolıp mәjilis quruw
қонақасы  –  ұзақтан  келген  қонаққа 
берілетін ас
qonaqası  –  uzaqtan  kelgen  qonaqqa 
beriletin as
 
Өрнектер
Лексикалық тақырып: Ұлттық тағамдар
 ОРТАҚ СӨЗДЕР: ағаш, ас, асық, ата, әзірлеу, баба, бас, бидай, бұл, бүй-
рек, егу, егіншілік, ең, ет, жеу, жоғары, жоқ, жұрт, жүзім, жүрек, жылқы, келін 
түсіру, келін, көш, күйеу, қадірлі, қаймақ, қой, қонақ, қуыру, құрметті, құрт, 
мәнті, ортақ, пайдалану, пісіру, палау, сары, сәби, сиыр, сүт, табақ, тары, төс, 
тұз, түркі, ұн, үшін, халық, шай.
ORTAQ SӦZDER: ağaş, as, asıq, ata, әzirlew, baba, bas, biyday, bul, büyrek, 
egüw, eginşilik, eη, et, jew, joğarı, joq, jurt, jüzim, jürek, jılqı, kelin tüsirüw, kelin, 
kӧş,  küyew,  qadirli,  qaymaq,  qoy,  qonaq,  quwıruw,  qurmetti,  qurt,  mәnti,  ortaq, 
paydalanuw, pisirüw, palaw, sarı, sәbiy, sıyır, süt, tabaq, tarı, tӧs, tuz, türki, un, üşin, 
xaliq, şay. 
 
 
 
 
 
 
1.  Қазақ  халқы  үшін  дастарқаннан  үлкен,  дәмнен  жоғары  нәрсе  жоқ. 
Дастарқан  –  сол  халықтың  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  тіршілігінің  бел-
гісі.  Халқымыз  асты,  тағамды  өте  құрметтеген.  Дәмді  тағамдар  пісіріп, 
кең  дастарқан  жайған.  Шыны  (фарфор)  мен  ағаштан  жасалған  ыдыстарын 
дастарқанға қойып, қонағын ерекше күткен дәстүрі  ұрпақтан-ұрпаққа жалға-
сып келеді. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, нәресте тойы сияқты сауық-ду-
маны  көп  болған.  Осыған  орай  ерулік  беру,  сыбаға,  тоқымқағар,  той  асы, 
омыртқаға шақыру тәрізді бас қосулары жиі   болып тұрған. Қонақжай болу, 
қонақты қабылдау, қонақасын беру – ата-бабадан келе жатқан салтымыз бен 
дәстүріміз. Ұлттық дәстүрімізде дастарқанға алдымен нан қойылады. Нанды 
оң қолымен үзіп жейді.
2. Қазақтың  ұлттық тағамдары ет пен сүттен дайындалған. Бұл халқы-
мыздың  мал  шаруашылығымен  айналысып,  соның  өнімдерінен  тағам  әзір-
леуімен  байланысты.  Айран,  қымыз, шұбат,  қатық,  сары  май,  құрт,  ірімшік 
тәрізді сүт өнімдері мен қазақша ет, қуырдақ, көмбелер, қазы, қарта, жал, жая, 
құйрық-бауыр  сияқты  ет  өнімдері  –  ұлтымыздың  тіршілігіндегі  дастарқан 
байлығы. Көшпелі қазақ жұрты біртіндеп отырықшылыққа көшкенде бидай, 
тары, жүгері және т.б. дәнді дақылдар егіп, егіншілікпен де айналысқан. Қа-
зақтың ең қадірлі тағамы – қазақша ет. Оны пісіру үшін жылқы, қой, сиыр 
етін пайдаланады. Қазақ дастарқанында әр жіліктің өз ерекшелігі, орны бар. 
Мысалы, бас пен жамбас құрметті, сыйлы қонаққа, ортан жілік – құдаға, асық 
жілік – құдағиға, төс – күйеуге, жүрек – келінге, бүйрек – сәбиге беріледі. Етті 
тұздау, сүрлеу, ыстау, ішекке салу сияқты түрлі тәсілдер де бар. Салқын ас, 
тәтті тағам, шай табағы түрлі ас-суға толы болады.
3. Айран, қымыз, шұбат – әрі тағам, әрі сусын. Айран – ұйытылған сүт, 
қымыз – биенің ашыған сүті, шұбат түйе сүтінен жасалады. Сүттен қаймақ, 
кілегей, сүзбе, шай ірімшік дайындайды. Өкпе-бауыр – жеңіл тағам. Оны суға 
пісіреді немесе қуырады. Жал-жая, қазы – жылқы етінің ең дәмді бөлігі. Ба-
уырсақ, шелпек, бәліш, тоқаш – ұннан жасалатын тағамдар. Тәтті тағамдар   
жүзім,  қауынқұрт,  жаңғақ,  тосап  болып  бөлінеді.  Мәнті,  тұшпара,  лағман, 
манпар, палау, чак-чак – түркілердің ортақ асы. 

51
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Маркер-сөздер үлгісі
  Маркер-сөздер  
 
Қазақ тілінде   
Түрік тілінде 
 
Өзбек тілінде
  Жартылай ортақ сөздер  
мал (mal) 
 
hayvan   
 
mol
 
 
 
 
ұлт (ult)  
 
ulus (millet) 
 
millat
  Мағынасы сәл өзгерген сөздер  айран (ayran) 
 
yoğurt   
 
qatiq, ayron 
 
 
 
 
баба (baba) 
 
ata 
 
 
ota
  Мағынасы мүлдем өзгерген 
  сөздер  
 
 
ұрпақ (urpaq)   
nesil 
 
 
nasl
  Синоним сөздер 
 
дайындау  
 
hazırlamak 
 
hozirlanmoq 
 
 
 
 
 
(dayındaw)
 
 
 
 
сусын (suwsın)   
meşrubat 
 
ichimlik
 
 
 
 
нәресте (nәreste)  
bebek   
 
norasta,chaqaloq
 Бір тілдегі актив, 
 екінші тілдегі пассив сөздер 
тағам (tağam)   
taam 
 
 
taom
 Кірме сөздер   
 

 
 

 
 
-
 Бір сыңары түсіп қалған 
 (қазақ және түркі тілдеріндегі)   құйрық-бауыр
 сөздер   
 
 
(quyrıq-bawır)   
kuyruk   
 
quyriq
Мәтін алды кезеңінде орындалатын тапсырма
Фонетикалық тапсырма 
Үлгі:
1. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауында тұрған тіркестерге екпін түсіріп, дауыстап оқыңыз.
1.  халықтың тұрмыс-салты
2.  нәрестенің тойы
3.  дастарқанның байлығы
4.  биенің сүті
5.  түйенің шұбаты
Мәтін кезеңінде орындалатын тапсырма
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
Үлгі:
1.  Мәтіннің  оң  жақ  бағанасында  берілген  сөздердің  түсіндірмесін  оқып,  төменде  берілген  кестеге 
көшіріп жазыңыз. Осы сөздер мен сөз тіркестерін түрік (өзбек) тіліне аударыңыз.
Қазақ тілінде  
 
 
Түрік тілінде 
 
 
Өзбек тілінде
дәм – ас, тағам, тамақ – 
ауыздағы пайда болатын 
астың өзіндік қасиеті 
______________________ 
 
______________________ 
______________________
______________________ 
 
______________________ 
______________________
______________________ 
 
______________________ 
______________________ 
      ______________________ 
              ______________________ 
______________________
______________________ 
 
_____________________                ______________________
______________________

52
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
2. Берілген синоним сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз.
сусын – meşrubat – ichimlik
нәресте – bebek – norasta,chaqaloq
дайындау – hazırlamak – hozirlanmoq
3.Маркер-сөз кестесінде берілген жартылай ортақ сөздерді оқып, жазылуына назар аударыңыз. Сөз-
дерді салыстырып, үлгі бойынша жазыңыз.
Қазақ тілінде   
 
 
Түрік тілінде 
 
 
Өзбек тілінде
Үлгі:       мал    
 
 
hayvan   
 
 
mol
___________________   
____________________ 
 
____________________
____________________   
____________________ 
 
____________________
  
4.  Маркер-сөз  кестесінде  берілген  мағынасы  мүлдем  өзгерген  және  мағынасы  сәл  өзгерген  сөздерді 
қараңыз. Оларды түрік (өзбек) тілдеріндегі нұсқасымен салыстырыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.
Қазақ  тілінде   
 
 
Түрік тілінде 
 
 
Өзбек тілінде
ұрпақ (urpaq)   
 
 
Nesil 
 
 
 
nasl
айран (ayran)   
 
 
Yoğurt   
 
 
qatiq (ayron)
баба (baba) 
 
 
 
Ata 
 
 
 
ota
Мәтіннен кейінгі кезеңде орындалатын тапсырмалар
 Үлгі:
1. Сөздікпен жұмыс
Ортақ сөздерді оқыңыз. Өзіңіздің ана тіліңізде берілген мәтінді пайдаланып, осы сөздердің баламасын 
тауып, оң жақ бағанаға жазыңыз.
Қазақ  тілінде    
 
 
Түрік   тілінде 
 
 
Өзбек  тілінде
1. ас                    
 
 
1.   ______________________     
1.  _______________                      
2. әзірлеу                    
 
 
2.   ______________________   
2. ________________                        
3. қадірлі 
  
 
 
3.  _______________________ 
3. ________________ 
 
      4. қонақ 
 
 
 
4. _______________________  
4.  ________________ 
 
5. табақ 
  
 
 
5.  ______________________       
5. _________________ 
2. Тілін үйренуші елдің мәдениетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды толтырыңыз.
 
Сұрақтар 
 
 
 
 
 
• Түркі жұртына ортақ ас-су түрлерін білесіз бе?
• Қазақ халқы мен түрік елінің ұлттық бренді (тағамдар түрлері) болатын тағамдарды атай аласыз ба? 
• Түркияға жолы түскен жолаушы қандай тәттіні базарлық ретінде сатып алуына болады?
• Сіздің салтыңызда «сыбаға, тарту, қонақасы беру, базарлық алу» сияқты дәстүрлер бар ма?
• Қадірлі қонаққа бас тарту, мүше қою дәстүрі туралы не айтасыз? 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет