Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет18/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79

 

Литература

1.

 



Област цифраларда. Статистикалык жыйнак 2000–2004. – Жалал-Абад, 2005. – C. 2. 

2.

 



Регионы Кыргызстана. Джалал-Абадская область. Итоги первой национальной переписи населения Кыргызской 

Республики 1999 года. Книга III (серия Р). – Бишкек, 2001. – C. 9. 

3.

 

Демографический энциклопедический словарь. – М., 1985. –C. 47. 



4.

 

Урланис Б.Ц. Народонаселение. Исследования, публицистика. – М.: Статистика, 1976. – C. 17. 



5.

 

Сто наций и народностей: этнодемографическое развитие СССР. – М.: Мысль, 1985. – C. 3. 



6.

 

Регионы Кыргызстана. Джалал-Абадская область. Итоги Первой Национальной переписи населения Кыргызской 



Республики 1999 года.  Книга III (серия  Р).  Перепись  населения  и  жилищного  фонда  КР 2009 года.  Книга III. (в 

таблицах). Регионы Кыргызстана. Джалал-Абадская область. –Бишкек: Нацстаткомитет КР, 2010. – 349 с. 

7.

 

Демографический ежегодник Кыргызской Республики. Годовая публикация. – Бишкек, 1990-1999. 



 

 

 

103 

 

Д.Ж. Молдабаева 

Сүлейман Демирель университетінің асс.профессоры,  

Ph.D, (Қаскелен қ., Алматы облысы) 



 

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАРИХЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 

ЖƏНЕ БИЛІК РƏМІЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МƏСЕЛЕСІ 

 

ХХІ  ғасырдың  жаңалықтарының  арасында  «ұлттық  тарихқа  қайта  бет  бұру»  тəрізді  жағымды 



жайттарда  болып  жатыр.  Бұл  өзгерістердің  болуына  тарихи  конференциялар  мен  кездесулерде 

отандық тарих ғылымы өкілдерінің қосқан өзіндік үлестері де баршылық. Кеңестік дəуірде биліктің 

беделсіз құралына айналған тарих, тəуелсіздікпен бірге жаңарып қайта туғандай болды. Капиталистік 

қоғамда  немесе  демократиялық  ақша  қоғамында  тарих  сияқты  қоғамның  гуманитарлық  ғылымдары 

сұраныстан түсіп қалды. Жұрттың бəрі шетінен заңгер, экономист немесе шет тілі мен халықаралық 

қатынас  сияқты  заман  талабына  сай,  болашағы  бұлынғыр  емес  мамандықтарды  жағалай  бастады. 

Халықтың  рухани  жан  дауасы  жəне  сол  жанын  зерттейтін  ғылым  салалары  көзден  ырақ,  көңілден 

жырақ қалып қойғандай болды бір сəт. Ел басымыз Н.Назарбаевтың тарихымызды ұлттық тұрғыдан 

зерттеп-зерделеу  туралы  пікірі  түрлі  бастамаларға  мұрындық  болды. 2004 жылы  ел  басының 

бастамасымен  негізгі  приоритеті  тарих  пен  мəдениет  ескерткіштерін  қалпына  келтіру, 

реставрациялау,  консервациялау  жəне  мұражайландыру  болып  табылатын  «Мəдени  мұра» 

Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды. 

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  жылдарында  тарихқа,  археологияға,  этнографияға,  жаңа 

энциклопедиялық  сөздіктерге  байланысты 537 кітап  бір  жарым  миллионнан  астам  тиражбен 

шығарылды.  Олардың  арасында: «Бабалар  сөзі»,  құрамына  Еуропа,  Америка,  Австралия,  Африка, 

Азия  мемлекеттерінің  əдеби  шығармашылығы  кіретін  «Əлемдік  əдебиет  кітапханасы», «Қазақ 

əдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», 

«Əлемдік  мəдениеттанушылық  ойлар», «Экономикалық  классика», «Əлемдік  философиялық  мұра» 

сериялары кездеседі. Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ежелгі жəне орта 

ғасырлар бөлімінің қызметкерлері «Қазақ мемлекеттігінің тарихы (ежелгі жəне орта ғасырлар)» атты 

монографиялық  еңбек  жазды.  Бұдан  басқа  мəдени  мұра  бағдарламасы  аясында  қазақ  тарихына 

қатысты дерекнамалар жинағы да жарық көрді. 

Осы  сияқты  жаңа  деректік  қор  негізінде  заман  талабына  сай  тарихи  зерттеулер  жүргізу 

нəтижесінде,  бүгінгі  тарих  ғылымының  өзекті  мəселесіне  айналып  отырған, «Қазақ  мемлекеттілігі» 

мəселесі  туралы  жаңаша  пікірлер  айтылуда. Тарихты  тұтастай  алып  қарасақ, ежелгі  заманан  бастап 

адамдардың  бір  байрақ  астына  бірігуі,  мемлекет,  халық,  ұлыс,  ұлт  қағидаларының  қалыптасуы 

бір-бірімен  тығыз  байланысты  əрі  бірін-бірі  толықтыра  отырып  жалғасатын  үрдіс.  Яғни  тарихи 

тамырластықтан  келіп  туатын  ұлттың  қалыптасуы  үшін,  əуелі  бір  мақсатқа  бағытталған,  белгілі 

территориясы,  ортақ  мүддесі,  мəдениеті  бар  халықты  бір  мемлекеттік  құрлымға  біріктіру  қажет. 

Тарих  бойынша  осы  міндетті  үздік  орындағандар  ғана  күшті  мемлекет  құрып,  өз  саяси  биліктерін 

өзгелерге мойындата білген. Тəуелсіздік алғаннан бертінгі уақытта жалпы тарих саласы дамып, жаңа 

зерттеулер  жасалып,  жаңғырып  жатқаны  шындық.  Десекте,  қазақ  халқының  ұлттық  мүддесі 

тұрғысынан,  оның  қалыптасу  кезеңі  мен  ерте  тарихына  қатысты,  тарихты  бөле  жарып  емес,  тұтас 

халықтық тарих жазатын уақыт келді.  

Біздің  ерте  жəне  орта  ғасырлық  тарихымыз  Қаңлылар  тарихы,  Үйсіндер  тарихы  немесе  басқада 

жекелеген  ұлыстардың  тарихы  тұрғысынан  жазылған.  Бұл  əрине  негізінен  қазақ  халқының  тарихы. 

Яғни  халықтың  қалыптасу,  мемлекеттік  құрлымының  қатаю  кезеңі.  Осы  ерте  дəуір  мемлекеттері 

туралы жітік ғылыми мағлұматтарымыздың жоқтығы, оларды қарапайым көшпелі тайпалар, ұлыстар 

ретінде  қарастыруға  жол  ашып  келді.  Қазақ  елінің  ерте  жəне  орта  ғасырлық  тарихының  жете 

зерттелмеуінің  бір  себебі,  дерек  көздерінің  аздығы  жəне  олардың  шет  тілдерде(қытай,  арап,  парсы) 

болуы.  Сондай-ақ,  осы  тілдердегі  еңбектерді  аударатын  оларды  салыстырмалы  талдап  тарихи 

құбылыстарды жазатын ұлттық кадрлардың болмауы да маңызды себеп болды. Осының салдарынан 

«қазақ  тарихы»  орыс  шығыстанушыларының  аударма-зерттеулерімен  шектеліп,  ал  біз  солар 

қалыптастырған  ой-пікірдің  төңірегінен  шыға  алмай  келдік.  Тарих  ғылымын  дамыту,  мəселелерге 

жаңаша қарау белгілі дəрежеде материалдық дайындықты да талап етеді. Тарих ғылымы үшін бірден-

бір қажет дүние архивтік-деректік қор жəне сол деректермен жұмыс жасайтын мамандар.  

Осы  себептерге  байланысты  орта  ғасырлық  тарихты  зерттеу  үшін  тек  қана  тарихшы  емес,  əрі 

тілші,  əрі  шығыстанушы  болу  қажет.  Десекте,  осы  орта  ғасыр  бойынша  түркі  халықтарының  ортақ 

тарихы бүгінгі Түркияда Республикасында  жете əрі жан-жақты зерттеліп келеді. Деректерді оқу əрі 

тарихи талдау жасауда түрік əріптестерімізден тəжрибе алмасуға əбден болады.  

Əсіресе орта ғасырлық мемлекеттердің құрлымы туралы тиянақты əрі дəйекті зерттеулер қажет. 

Өйткені  қазақ  халқының  мемлекеттік  тарихын  жазу  үшін,  олардың  сонау  ежелгі  дəуірден  бастап 



104 

 

түркі  тайпаларының  мемлекет  құру  жəне  басқару  дəстүрін  жалғастырушы  халық  екенін  дəйекті 



зерттеулермен дəлелдеуміз қажет. Қазақ мемлекеттілігі тарихы, оның өсіп өркендеу кезеңдерін нақты 

анықтап  алу  үшін  дəстүрлі  кезеңдеу  қағидаларынан  басқа  жаңаша  бетбұрыс  қажет  сияқты. 

Зерттеушілердің  қазақ  жері  мен  қазақ  мемлекеттілігі  тарихын – ғасырлар  тереңінен  бері 

сабақтастығын үзбей дамып келе жатқан біртұтас құбылыс екенін басты бағыт етіп ұстанғаны жөн. 

Өйткені қазақ хандығы бұл-мемлекеттік құрлымы тұрғысынан орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің 

табиғи  жалғасы.  Кейбір  батыстық  тарихшылардың  айтып  жүргені  сияқты  малдың  соңынан  еріп 

бейберекет  көшіп  жүрген  халық,  соғыс  саясатының  арқасында  шығысы  Қытай,  батысы  шығыс 

Европа,  оңтүстігі  Қаратеңіздің  солтүстігіне  дейін,  ал  солтүстігі  Сібірге  дейін  созылған  ұлан  байтақ 

тарриториямен,  осы  территорияны  мекен  еткен  этникалық  жағынан  əр  түрлі  халықты  бір  биліктің 

астында біріктіру қарапайы халықтың қолынан келер іс емес тəрізді.  

Əрине, соғыс орта ғасырда саяси күшіңді мойындатудың, территорияны кеңейтудің басты тəсілі 

болуы  мүмкін.  Десекте,  құрылған  мемлекетті  басқару,  байлығын  асыру  тек  соғыстың  күшімен 

болмасы  анық.  Ал,  түркілер  сонау  Ғұн,  Үйсін,  Қаңлылардан  бастап,  Түркі,  Түркеш,  Қарлұқ,  Оғыз, 

Қыпшақ,  Қарахан  дəуірінде  мемлекеттік  құрлымды  қалыптастырып  ғана  қоймай,  үздіксіз  дамытып 

отырған.  Осы  мемлекетті  басқару  біліктілігінің  арқасында  Түркілер  ғасырлар  бойы  Евразия  сияқты 

алып территорияны билеп келді [1, 25-б.]. Түркі халықтарында мемлекеттіліктің басты көрсеткішінің 

бірі-Орда  тігу  немесе  «ата  қоныс»  мəселесі  қатаң  сақталып  отырған.  Бұл  түсінік  қазіргі  қазақ 

халқындағы: «ата-бабамның  мазары  қалған», «туған  жерім-кіндік  қаным  тамған  жер»  сияқты 

ұғымдардың  келіп  шығуына  себеп  болған.  Əлем  тарихында  мемлекет  аралық  шекара  шебін 

белгілеуде  осы  түркі  халықтарына  тəн  десек  артық  айтқандық  болмас.  Мысалы,  Б.з.б. 221 жылы 

тұрғызылып  біткен  Қытайдың  Ұлы  қамалын  Шығыс  Ғұн  мемлекеті  мен  Қытайдың  Хань  əулеті 

аралық шекаралық делимитациялық шеп деп қарауға болады [2, 97-б.].  

Түркі  халықтарының  мəдениеті  мен  тарихын  зерттеп  жүрген  ғалымдардың  тұжырымдауынша 

Түрік қағанаты дəуірінде мемлекеттік лауазымдардың 28-ден астам дəрежесі болған [3]. Бұл жағдай 

көне  жəне  орта  ғасырлық  түркі  халықтарындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  қаншалықты 

қалыптасқан формада болғанын көрсетеді. Мемлекеттік басқару жүйесі туралы мəселе бойынша тағы 

бір  ескерілмесі  қажет  дүние  бұл  «мемлекеттік  құрылтай»  жүйесі.  Құрылтайда  хан  сайлау  ісінен 

бастап,  мемлекеттің  ішкі  жəне  сыртқы  маңызды  мəселелері:  жорыққа  аттану,  жер  бөлісі  сияқты 

мəселелер құрылтайда шешілетін болды. Құрылтай шешімі заң деп танылды.  

Мемлекеттік  құрлым  бұл,  қыр-сыры  көп  күрделі  жүйе.  Сыртқы  саясатта  түркілер  мыңжылдық 

мəдениеті  мен  мемлекеттігі  қалыптасқан  Қытай,  Иран  жəне  Византия  сияқты  өркениетті  елдермен 

терезесі  тең  дəрежеде  байланыстар  орнатып,  дербес  мемлекет  ретінде  өздерін  мойындатып  келген. 

Осы мақала  барысында  біз, орта ғасырлық түркі халықтарындағы мемлекеттік  жүйенің қалыптасуы 

мен  дамуындағы  басты  мəселелердің  бірі.  Билеуші  жəне  оның  билік  нышандары  туралы  кейбір 

жəйттерге  тоқталамыз.  Себебі,  барлық  толыққанды  мемлекеттерде  билеуші  мен  оның  билік 

нышандары  қалыптасқан  формада  кездеседі.  Мемлекет  тəуелсіздігінің  басты  нышаны-ол  Билеуші. 

Билеуші-мемлекеттің  саяси  беделі  мен  тəуелсіздігінің  белгісі  болса,  билеушінің  билік  рəміздері  де 

оның  саяси  күшінің  дəлелі.  Ортағасырлық  түркі  мемлекеттерінде  осы  билік  жəне  билеуші 

атрибуттары  қалыптасқан  формада  кездеседі.  Оны  мына  төмендегі  баянаттанда  көруге  болады. 

Ортағасырлық түркі мемлекет басшыларының билік нышандары (рəміздері): 1) тақ, 2) құтпа (хұтба), 

3) теңге, 4) хил

י

ат (шапан), 5) шатыр, 6) дауылпаз тобы, 7) мөр (таңба), 8) тəж, 9) байрақ, 10) ту, 11) 



астана, 12) орда (сарай), 13) билеушінің титулдары мен лауазымдары [3, 24-б.].  

Осы  жоғарыда  айтылған  билік  символдары(нышандары)  кейінгі  Алтын  Орда  мен  Ақ  Орда 

билеушілері  жəне  қазақ  хандары  дəуірінде  де  жалғасын  тапты.  Билеушінің  билік  нышандарының 

əрбірі жеке дара қарастырылуы қажет.  

Осы  мақала  барысында  біз  билік  символдарының  арасындағы  мөр  немесе  таңбаға  жекеше 

тоқталуды  мақсат  еттік.  Əуелі  түркі  халықтарының  мəдени  тарихындағы  мөр-таңба  мəселесіне 

қысқаша  шолу  жасайық.  Қазіргі  заманның  кезек  күттірмес  маңызды  міндеттіріне  айналып  отырған 

мəселенің  бірі-халықтың  мəдени  мұрасының  сақталатын,  насихатталатын  орны-мұражайлардағы 

коллекцияларды ғылыми тұрғыдан терең зерттеу болып отыр. Бұл сала бойынша атқаралып жатқан 

игі  істерге  Отырар  мемлекеттік  археологиялық  қорық-мұражай  қорының  əртүрлі  саладағы 

коллекциялары  өз  үлесін  қосуда.  Дегенмен,  ғылым  саласында  зерттелмей  тың  жатқан  жəне  жаңа 

тұрғыдан  қарауды  қажет  ететін  мəселелер  əлі  де  болса  баршылық.  Отырар  мемлекеттік 

археологиялық қорық-музейінде жеке ғылыми тұрғыда зерттелетін жəдігерлердің бірі – мөрлер. 

Мөрлерді зерттейтін ғылым-сфрагистика (грек тілінен аударғанда «sphragis» –«мөртану» дегенді 

білдіреді)  немесе  сигиллография  (латын  тілінен  аударғанда  «сигиллум»-«мөр»  мағынасында)деп 

аталады.  Бұл  ғылым  саласы  тарихи  қосалқы  пəннің  бөлімі  деп  есептеледі  жəне  геральдика, 

нумизматика,  эпиграфия  ғылымдарымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  сфрагистика  ғылымы  саласында 

жазылған зерттеулердің көлемі саусақпен санарлықтай бірақ осы салаға қатысты аз да болса ғылыми 



105 

 

жұмыстар мен мақалаларды кездестіруімізге болады. Солардың бірі Н.П. Лихачевтің «Дипломатика» 



деген  көлемді  зерттеуінде  «сфрагистика»  ғылымының  шығу  тарихына  тоқталып,  мөрді  ішкі  саяси 

дипломатиялық қатынастарда кеңінен пайдаланғанын нақтылап жазған [4, 332-б.]. 

Қазақстан  сфрагистика  саласында  жазылған  көлемді  ғылыми  зерттеудің  бірі  И.Е.Ерофееваның 

«Символы казахской государственности»  атты  еңбегінде XVIII ғасырдың  бірінші жартысы мен XIX 

ғасырдағы  хандар  мен  сұлтандардың  мөрлерін  сипаттап  жазған.  Онда  мөрдегі  лауазымды 

тұлғалардың есімдері бойынша (өз есімі, қоғамдық титулы, ата-тегі), мөрдің деректердегі қолданысы, 

мөрлердің  көлемі,  тарихи  құжаттарға  басылған  мөрлердің  тіркелген  жері  күні,  мөр  басылған 

құжаттың сақталған орны, таңбаның публикациясымен немесе мөр белгісімен бірге құжаттың текстін 

толығымен беріп, олардың ерекшеліктерін қарастырған [5, 152-б.]. 

Ежелгі  көшпелі  коғамда  мөр  қолданылғаны  жайында  жазба  деректер  баршылық.  Далалық 

көшпелілердің,  əсіресе  көне  түріктердің  каған,  йабгу,  шад,  тархан,  бек,  əскері  қолбасшылары  мен 

батырлары  секілді  билік  иелері  арнайы  мөр  тұтынған.  Ол  мөрлер  мемлекеттік  істерде  жəне  ру-

тайпалық,  еларалық  қарым-қатынастарында  белгілі  бір  лауазым  иелерінің  куəлігі  ретінде  кеңінен 

қолданылады. Мысалы көне түрік дəуіріне қатысты «Құтлұқ» деген лауазымдық атағы жазылған қола 

мөр  табылған.  Жазба  деректерде  кездесетін  көне  түрікше  «тамға,  тамғачы,  алтын  тамған  тархан» 

дегені  сол  мөр-таңбалардың  көне  аталымын  оның  ресми  түрде  қолданғанын,  сол  мөрлердің  арный 

сақтаушысы болғандығын айғақтайды [6, 3-б.]. 

Е.Шаймерденовтің  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рəміздері»  атты  еңбегінде  тарихи 

қосалқы пəндердің даму тарихына тоқтала кетіп, «тамға» сөзін «мөр» деген сөзбен байланыстырады. 

Бір  ғажабы,  таңба  ұғымы  түркі  халықтарына  ортақ  екені  байқалды.  Мысалы,  қырғызша  «тамға» - 

жылқының  санына  күйдіріп  басатын  таңба,  белгі;  қарақалпақша  «тамға»  немесе  «таңба» - 

қазақшадағыдай мағынада; əзірбайжанша «дамға» - таңба, белгі мөр деген анықтамаларға тереңінен 

тоқталған [7, 248-б.]. Белгілі түрік танушы ғалым В.В. Радлов бұл ұғымның мағынасын «белгі», «ру 

таңбасы», «мөр»  деген  сөздермен  ашады.  Өте  ертедегі  тасқа  қашалып  жазылған  əдебиет 

нұсқаларындағы мəні де осы пікірдің дұрыстығын дəлелдейді. Сонымен қатар XIX-XX ғасырлардағы 

жеке лауазымдық билік иелерінің құжаттары мен мөрлері туралы қазақ тарихында бірнеше еңбектер 

жазылған. Яғни, қазақ қоғамының саяси жəне экономикалық байланыстары, дипломатиясы мен жеке 

қызметтік  қатынастары  нақты  деректермен  айғақталады.  Мөрдің  пайда  болу  тарихы  шамамен  б.д.д 

V-X  ғасырларда  Ассирияда,  Бабылда,  Мысырда,  Урартуда  басталады.  Оларда  цилиндр  пішінді  тас 

мөрлерді  пайдаланған.  Мысырда  кейбір  ғибадатханаларда  (Осирис,  Абидос)  мемлекеттік  талаптар 

мен  міндеттерден  босатуға  билеушінің  суреті  бар  мөрлері  басылатын,  сондай-ақ  билік  иелерінің 

бұйырғы,  саудагерлердең  келісімі  де  мөр  арқылы  бекітіліп  отырған.  Ал,  ежелгі  дəуірде  жекелеген 

тұлғалар  жылнамалық  сипаттағы  тарихты  жазғанда  құжаттардың  түпнұсқалығын  дəлелдейтін, 

шынайылылықты  сенімділікті  арттыратын  белгі  ретінде-мөрлерді  пайдаланған.  Бұл  дипломатика 

ғылымы үшін өте құнды құжат болып табылған. 

Көне  дəуірлердегі  мөрлер  əр  түрлі  формада  болды  жəне  оның  бетіне  неше  түрлі  бейнелер 

салынатын. Мысалы: құдайлар, құстар, қоңыздар, гүлдер т.б. Кейбір мөрлер асыл тастардан, кейіннен 

алтын  мен  күмістен  жасалынды.  Басуға  ыңғайлы  болу  үшін  иелері  мөр  тастарды  жүзіктеріне 

орнатып,  қолдарына  тағып  жүрді  немесе  тас  мөрлердің  ортасы  арнайы  тесіліп,  шынжыр  баулар 

жалғанатын  болған.  Көшпелі  өркениеттің  көсемдері  жылқының,  тау  ешкінің,  барыстың  бейнесі  бар 

мөрлерді, тіпті кескіні түсініксіз грифондарды да пайдаланған [8, 226-б.]. 

Жануарлар  бейнесі  сомдалған  бұйымдарға  Отырар  алқабына  арнайы  жүргізілген  археологиялық 

экспедициялардың  нəтижесінде  қол  жеткізілді.  Мысалы, 1980 жылдары  Қазақ  КСР  ҒА  Тарих, 

археология  жəне  этнология  институтының  ұйымдастыруымен  Оңтүстік  Қазақстан  экспедициясы 

кездейсоқ  табылған  бірнеше  олжаның  куəгері  болды.  Отырар  оазисінің  Құйрықтөбе,  Мардан-Күйік 

(Қоңыр төбе), Пышақшытөбе сияқты қалажұрттарының барлық аумақтарын қазу барысында əртүрлі 

бейнедегі бағалы тастардан жасалған Сасанидтік геммалар (мөр) табылды [7, 19-б.]. 

Қазақ  хандығы  алғаш  өзi  жеке  шаңырақ  көтерген 1456-1457 жылдардан  бастап  қазақтың  ру, 

тайпаларын  тұратын  жерлерiне  қарай  үш  ордаға  бөлiп  басқару  жүйесiн  құра  бастайды.  Мiне,  осы 

кезеңдерден  басталып,  қазақ  мемлекетiнiң  өзiндiк  шекарасы,  үш  орданың  қысқы  қонысы,  жаз 

жайлауы хан, сұлтандар мен билердiң шешiмдерi арқылы белгiленiп келе-келе ол қоныстар тұрақты 

болып қалыптасты. Осы секілді маңызды шешім шығарарда жəне оны жария етер кезде немесе түрлi 

дау-жанжалдардың қорытындылары ауызша билiкпен, шешімі билердiң мөрлiк таңбаларын басуымен 

расталып, бекiтiлетiн. Ресеймен қатынас орнату жылдарында XVIII ғасырдың басында-ақ бiрдi-екiлi 

құжаттарда хандардың мөр басып, куəландырған құжаттары бар. 1718 жылдың 8 сəуiрiнде Қайып хан 

мен  Софының  (Əзиздiң)  Ресей  патшасына  жолдаған  қатынас  қағазында  өздерiнiң  сөздерiне  сенудi 

айтып,  мөрiн  басқан [9, 187-б.].  Осы  сияқты  азды-көпті  мағлұмыттарды  жəне  қазақтың  хан,  сұлтан 

билерi мен батырларының мөрлерi, жалпы мөр туралы орыс ғалымы, зерттеушi М.П.Вяткин “Сырым 

батыр”  атты  еңбегiнде  кездестіруге  болады.  Ол  еңбегінде: «...Шығыстан  шыққан  документтердiң 


106 

 

(құжаттардың)  түп  нұсқаларында  қойылған  қолдардың  саны  көп  болады.  Старшиналар  (билер)  мен 



сұлтандардың  аттарын  документтi  кiм  жазған  болса,  сол  адам  қойып  отырған,  яғни  əдетте,  молда 

жазып отырған. Бiрақ бұл қойылған қолдар тиiстi адам атының қарсысына таңба немесе мөр басылып 

анықталған» [10, 2-б.]. 

Мемлекеттiк  мұрағаттардағы  көп  құжаттардың  арасынан  жəне  де  сирек  кездесетiн  кiтаптардағы 

XVIII  ғасырдың  ортасынан  бергi  мерзiмдегi  орыс-қазақ  (басқа  көршiлес  елдермен)  қатынас 

қағаздарынан  түрлi  сипаттағы  мөрлердi  көремiз.  Негiзiнен  алғашқы  мөр  Əз-Тəуке  ханнан  басталса 

керек.  Бүгінгі  таңда  біз  зерттеп  отырған  жұмысқа  арқау  боларлық  мағлұматтың  көбі  жаңа  заманға 

яғни ХҮІІІ-ХХ ғасырдың басына қатысты болып отыр. Мұрағаттардағы материалдар да осы кезеңге 

қатысты.  Бұл  мəселелер  біздің  тақырыбызға  тікелей  байланысты  емес.  Десекте,  қазақ  тарихындағы 

мөр-таңба  қолдану  мəдениетінің  болғандығын  жəне  сол  мəдениеттің  жалғасы  екенін  ашып  көрсету 

үшін қажетті болғандықтан оларға да тоқталып өттік.  

Қорыта  айтқанда  түркі  халықтарының  тарихындағы  таңба  қолдану  үрдісі  сонау  көне  заманда, 

үйсіндер  кезінен  бастау  алса,  соңғы  ортағасырларда  қолданыс  алаңы  кеңейіп  əуелі  жеке  тұлғаның 

тəуелсіздігін  сипаттайтын  атрибут  мемлекеттің  тəуелсіздігінің  де  көрсеткішіне  айналды.  Сол  баяғы 

ортағасырлық  мемлекеттердің  табиғи  жалғасы  бүгін  егеменді  Қазақ  елі  өзіндік  мемлекеттік 

рəміздеріне ие. Осы рəміздердің қалыптасу тарихы əрі біздің мемлекет ретінде қалыптасу үрдісімізді 

де анықтайды. Қолымызда қаншалықты нақты құжат болса, сөзіміз сошалықты құнды əрі салмақты 

болмақ.  Тарихшы  ғалымдардың  əрі  қалың  оқырман  қауымының  да  назарын  аудару  мақсатында 

қаламға  алынған  осы  мақала  сол  мақсатқа  жетудің  бір  баспалдағы  болса  деп  ойладық.  Мөрлер 

дипломатикалық  ескерткіштердің  үлгісі  ғана  емес  (құжатты  бекіту  үшін);  тарихи  ғылым  үшін  де 

(саяси  тенденцияларды  біріктіруші,  көпшіліктің  ойы  жəне  көзқарасы  –өрнектерінде,  көлемінде, 

материалында,  мөр  иесінің  ұлылығын  да  көрсетеді),  өнер  тарихының  ескерткіші  ретінде  жəне 

тұрмыстық  ортаның  құнды  тарихи  құжаты  (ғимараттың  бейнесі,  киімдері,  əр  түрлі  қолданбалы 

аспаптар мен қару-жарақтар) болып табылатынын да айта кеткен жөн болар.  



 

Əдебиеттер: 

1.

 



Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. – Алматы, 1996. 

2.

 



Өгел Б. Ұлы Ғұн империясының тарихы. Т.1. – Анкара, 1981. 

3.

 



Гумилев  Л.  Көне  түріктер. – Алматы, 1994; қараңыз:  Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұн.  Құтты  білік.  Көне  түрік 

тілінен ауд. А. Егеубай. – Алматы: Өлке, 2006. 

4.

 

Лихачев Н.П. Дипломатика (из лекций по сфрагитике). – Москва: ГПИБ, 2001. 



5.

 

Ерофеева И.Е. Символы казахской государственности. – Алматы, 2001. 



6.

 

Тынышбек Д. «Жас Алаш» газеті. – 1998 ж., 31наурыз. 



7.

 

Ысқақ  Г.А.  Тəуелсіздік  кезеңіндегі  Қазақстан.  Т.І.:  Археология  Казахстана  в  эпоху  независимости:  итоги, 



перспективы. – Алматы, 2000. 

8.

 



Қаратаева Т. Қазақ қоғамының дəстүрлі саяси құрлымы жəне лауазымдық белгілері. – Алматы: Ғылым, 2004. 

9.

 



Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге күнге дейін. Т.3. – Алматы: Атамұра, 2002. 

10.


 

Жолдасов С. Мөр уақыт таңбасы. // «Қазақ» газеті, 2005ж., 19-наурыз. 

 

 

К.Б. Сихымбаева 



ҚР МОМ Антропология жəне этнология орталығының а.ғ.қ.,  

т.ғ.к., (Алматы қ.) 

 

ШІРІК-РАБАТ ҚОРЫМЫНАН ТАБЫЛҒАН АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ 

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ОДОНТОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекттік музейінде 2009 жылы палеоантропология қоры 

құрылған  болатын.  Аталмыш  қорда  Қазақстан  жерінде  жүргізілген  археологиялық  қазба 

жұмыстарынан  табылған  палеоантропологиялық  материалдар  сақталуда.  Қазіргі  кезеңде  ол 

материалдарға  краниологиялық,  остеологиялық  палеопатологиялық  жəне  одонтологиялық  зерттеу 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Алғашқы  темір  дəуірінде  Қазақстан  жерінде  сақ,  сармат,  скиф  тайпаларының  тіршілік  еткені 

ғылыми  зерттеулерден  белгілі.  Сақ  тайпаларының  мəдениеті  көршілес  Оңтүстік  Сібір,  Алтай, 

Орталық Азиямен өте ұқсас болған. Амудария мен Сырдария аймағында сақ мəдениеті б.з.д. VII - V 

ғғ. қалыптасып, б.з.д. IV - II ғғ. өзінің өрлеу деңгейіне жетті. Ол кокса-тенгіз (кокса-тенгиз) мəдениеті 

деп аталынып, қола дəуірдің мəдени элементтерімен сабақтасып жатқанын жəне скиф тайпаларының 

садақ, қару-жарақтарының да кездесетінін кезінде Ресей ғалымдары атап кеткен болытын [1, 109-б.]. 

Өткен  ғасырдың 50-60-шы  жылдары  Г.Ф.  Дебец,  В.В.  Гинзбург,  О.  Исмагулов  Қазақстанның 

Шығыс,  Орталық  жəне  Жетісу  өңірлерінен  табылған  сақтардың  краниологиялық  материалдарын 

зерттеп,  олардың  антропологиялық  типінде  монғолоидтық  элементтердің  кездесетінін,  əсіресе  ол 


107 

 

орталық  пен  шығыс  өңірдің  серияларында  жиі  байқалатыны  айтылған [2, 11-б.].  Антропологиялық 



зерттеулердің  нəтижелері  ерте  темір  дəуірде  Қазақстан  жерінде  тіршілік  еткен  тайпалардың 

антропологиялық  типінің  біркелкі  болмағандығы,  метисация  (араласу)  процесі  осы  кезеңде 

басталғанын  айғақтайды.  Оны  шет  ел  антропологтары  (Италия,  Испания,  Англия)  Қазақстан 

жеріненен алынған палеоодонтологиялық материалдарға генетикалық анализ (митохондриялық ДНК) 

жасап, метисация процесі б.э.д. IV ғасырда басталғанын ғылыми тұрғыдан толықтырды [3, 270-б.].  

Ресей антропологі Т. Трофимова Арал өңірінде  орналасқан  Шірік-Рабат, Бабіш молда, Баланды, 

Асар  (б.з.д. IV - II ғғ.)  жəне  Тагескен,  Ұйғарақ  молаларынан  (б.з.д. IV - II ғғ.)  алынған 

краниологиялық  материалдарды  зерттеп,  сақтардың  антропологиялық  типі  еуропеоидты  екенін 

дəлелдеген  болатын.  Сонымен  қатар,  кейбір  бас  сүйектердің  краниологиялық  анықтамаларында 

монғолоидтық 

элементтердің 

кездесетіндігін, 

аталмыш 

элементтер 

əсіресе 

əйелдердің 

бассүйектерінде  басымырақ  екені  байқалған.  Шірік-Рабат  қорымынан  алынған  серияларда 

еуропеоидтық элементтердің басқа серияларға қарағанда басымырақ екені көрсетілген [1, 118-б.].  

Бұл  мақалада  Арал  өңіріндегі  Шірік-Рабат,  Баланды  (б.з.д. IV - II ғғ.)  молаларынан  табылған 

палеоодонтологиялық  материалдарға  антропологиялық  сипаттама  берілмек.  Аталмыш  материалдар 

археолог  Ж.  Курманкұловтың 2007-2011 жж.  аралығында  Қызылорда  облысында  жүргізген 

археологиялық  қазба  жұмыстар  барысында  алынған.  Одонтологиялық  зерттеуге  барлығы 9 

бассүйектің  тістері  қаралды.  Негізінен  жоғарғы  жəне  төменгі  жақ  сүйектердегі  алдыңғы  күрек  пен 

үлкен азу тістердің морфологиясы зерттелді.  

Шірік-Рабат,  Баланды  молаларынан  алынған  материалдардың  сақталуы  өте  нашар,  себебі  оның 

орналасқан  жері  өте  сазды,  сулы  жер,  кезінде  Ресей  археологтары  да  «болотные  городище»  деп 

анықтама  берген [4, 100-б.].  Бассүйектердің  басым  бөлігі  өте  нашар  сақталған.  Сонымен  қатар 

жасанды  деформацияға  ұшыраған  бассүйектер  жиі  кездеседі.  Антрополог  Т.К.  Ходжайовтың  Орта 

Азияда  жүргізген  палеоантропологиялық  зерттеу  жұмыстарының  нəтижелері  бассүйектердің 

деформацияға ұшырауы б.з.д.II ғ. - б.з.II ғ. аралығында болғанын, əсіресе Түркiменстан, Шірік-Рабат 

қорымдарында  жиі  кездесетінін  оны  сақ  тайпаларының  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  болуы 

мүмкін деген тұжырым айтады [5, 106-б.].  

Өкінішке  орай,  осы  уақытқа  дейін  Еуразия  аумағында  палеоодонтологиялық  зерттеу  жұмыстары 

толық  жүргізілмей  келеді.  Оның  бірінші  себебі  одонтолог  мамандардың  жетіспеуі  болса,  екіншісі 

археологиялық қазба жұмыс барысында тістердің толық сақталмауы, үшіншісі тістердің эмаль қабатының 

18-20  жастан  кейін  желініп  морфологиялық  анықтамаларды  анықтауға  мүмкіндіктің  болмауы  болып 

табылады. Осындай жағдайларға байланысты Шірік-Рабат қорымынан алынған материалдарға салыстыру 

əдістемесін  жүйелі  түрде  жүргізуге  мүмкіндік  болмады.  Тек  қана  Түркменстанның  (б.з.д.IV - II ғғ.), 

Өзбекстанның Далверзітепе (б.з.д.I ғ. - б.з. III ғ.), Ескі Термез (б.з.д. I ғ. - б.з.VI ғ.), Шығыс Грузия (б.з.д. 

III - б.з. III ғғ.) жəне Молдавадан (б.з.д. III - б.з. III ғғ.) зерттелген одонтологиялық анықтамаларымен ғана 

шектелуге тура келді. Палеоодонтологиялық зерттеу таксономиялық маңызы зор мынандай анықтамалар: 

жоғарғы  екінші  күрек  тістің  краудинг  формасы  (І2),  жоғарғы  бірінші  күрек  тістің  ернелену  формасы 

(І12+3), гипоконус төмпешігінің редукцияға ұшырауы (hу 3,3+), Карабелли төмпешігі (Cara2-5), төменгі 

азу тістердің төрт, алты, төмпешікті формалары (M16, M14, M24) тізе бұрыш қатпары (DW), тригонидтің 

дистал  жолы (DTC), эмаль  ойығы  жəне  кейбір  одонтоглификалық  фендер  бойынша  жүргізілді. 

Таксономиялық  маңызы  зор  одонтологиялық  анықтамалар  «батыстық»  жəне  «шығыстық»  болып  екі 

комплекске  бөлінеді.  Шірік-  Рабат  қорымынан  алынған  одонтологиялық  материалдар  негізінен 

«батыстық»  комплекске  жатады. «Шығыстық»  комплекске  жататын  анықтамалардың  атап  айтқанда, 

жоғарғы алдыңғы күрек тістің краудинг формасы (I2), күрек тістің ернелену формасы (І1), төменгі бірінші 

азу тістің алты төмпешікті формасы (M16), тізе бұрыш қатпары (DW), тригонидтің дистал жолы (DTC) 

анықтамалары  мүлде  кездеспейді.  Сонымен  қатар  Шірік-Рабат  тұрғындарында  Карабелли  төмпешігі 

басқа  салыстырмалы  серияларға  қарағанда  төменгі  пайызды  көрсетеді (1кесте).  Ал  одонтоглификалық 

фендердің (M12med (IІІ), (M1 eo (3)), Tend (fc) көрсеткіші Шірік-Рабат қорымында жерленген сақтардың 

антропологиялық типінде, «шығыстық» комплекстің төмен белгілерін көрсетеді. 

Антикалық  дəуірдегі  аталмыш  сериялардың  одонтологиялық  сипаттамалары  «батыстық» 

бағытты, яғни сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болғанын көрсетеді. Əсіресе ол Шірік-

Рабат,  Дальверзітепе,  Молдава  серияларында  басымырақ  екені  байқалады.  Ал  Шығыс  Грузия 

серияларында  кейбір  «шығыстық»  бағыттағы  анықтамалардың,  атап  айтқанда  жоғарғы  күрек  тістің 

ернеленуі  (І1 2+3), төменгі  бірінші  азу  тістің  алты  төмпешікті  формасы (M16), тригонидтің  дистал 

жолы (DTC) фендерінің  кездесуі,  олардың  тарихи  дамуындағы  тіс  морфологиясынының  өзіндік 

генетикалық  ерекшеліктерінің  қалыптасқанын  көрсетеді.  Негізінде  осы  айтылған  тұжырымдарды 

«батыстық»  жəне  «шығыстық»  комплекстегі  анықтамалардың  радианттық  ортақ  көрсеткіштері 

бойынша  сызылған  гистограммадан  анық  көруге  болады (1-сурет).  Онда  батыстық  -  Карабелли 

төмпешігі (Cara 2-5), төменгі бірінші азу тістің төрт төмпешікті формасы (M14), төменгі екінші азу 

тістің төрт төмпешікті формасы (M24), шығыстық - жоғарғы екінші күрек тістің краудинг формасы 


108 

 

(І2),  гипоконус  төмпешігі (hy 33+), төменгі  бірінші  азу  тістің  алты  төмпешікті  формасы (M16), тізе 



бұрыш  қатпары (DW), тригонидтің  дистал  жолы (DTC) ). Батыстық  одонтологиялық  бағыттағы 

көрсеткіштер  бойынша  Шірік-Рабат  қорымы  тұрғындарына  Түркменстан,  Дальверзітепе  сериялары 

жақындығын  байқатады.  Жалпы  салыстырылып  отырған  серияларда  шығыстық  комплекстің 

көрсеткіштері  Молдава  мен  Ескі  термез  тұрғындарында  төмен  екені  байқалады.  Аталмыш 

анықтамалар  негізінде  сызылған  фендік  көріністен  Шірік – Рабат  пен  Түркменстан  сақтарының 

ұқсастығын байқауға болады (2-сурет). 

Палеоодонтологиялық 

зерттеудің 

нəтижелері 

Шірік-Рабат 

қорымы 

тұрғандарының 



одонтологиялық  типі  еуропеоидты екенін, ол  қола  дəуірде  тіршілік  еткен  тайпалармен  генетикалық 

байланысының  айқын  көрінісін  айғақтайды.  Қазақстан  жерінде  өте  күрделі  де  ұзаққа  созылған 

араласу  процесі  (метисация)  б.з.д.  І – мыңжылдықтың  екінші  жартысында  басталғандығын 

толықтыра  түседі.  Өкінішке  орай  қола,  ерте  темір  дəуірлеріне  жататын  палеоодонтологиялық 

материалдар əліде толық зерттелмей жатыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет