Д.Ж. Жайлыбаев
Ш.Ш. Уəлиханов ат. Тарих жəне этнология Институты,
этнология жəне антропология бөлімінің ғ.қ. (Алматы қ.)
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БЕЙІМДЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қарақалпақстаннан келген оралмандардың көпшілігі еліміздің оңтүстігі мен батыс облыстарына
орналасақан. Себебі, Қарақалпақстан оралмандары Кіші жүздің Əлім, Жетіру, Байұлы руларына
жатады [1]. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ Қарақалпақстаннан келген қандас бауырлар
еліміздегі оралмандардың ірі тобын құрайды. Оның негізгі себебі Қарақалпақстан қазақтарының
қысқа мерзімде жедел қоныс аударуы жəне тез бейімделгіш қасиеттерінің болуы. Тез бейімделу
үрдісін былайша түсіндіруге болады, оған мына факторларды тиесілі:
– бұрыңғы ата-қоныстарына келіп қоныстануы (яғни Батыс Қазақстан облыстарына көптеп
орналасуы);
– қарақалпақстан мен Қазақстан посткеңестік мемлекетке жатады яғни КСРО уақытында бірдей
саяси жүйеде болды;
– географиялық жəне территориялық тұрғыда іргелес жатуы;
– мəдени байланыстардың үзілмеуі;
–
сауда жəне т.б. кəсіптерді меңгерулері (Қазақстанның оңтүстігіне орналасқан
Қарақалпақстаннан келген оралмандардың көпшілігі сауда-саттықпен айналысады. Соның негізінде
жергілікті қоғамға бейімделу үрдісі жедел жүруде);
– ортақ мəдени құндылықтардың үзілмеуі жəне қазіргі кезде қоғам дамуының үрдістері Қазақстан
жəне іргелес жатқан Қарақалпақстанда өзара алшақ ерекшелігі байқалмайды;
– өзін-өзі таныстыру, өзін-өзі бейімдеу, өзара топтасу жəне заманауи құндылықтарды тез
қабылдау қасиеттері жəне т.б.
Жоғарыда келтірілген факторлардың ішінде өзін-өзі бейімдеу факторы қазіргі өте өзекті мəселе
болып отыр.
Қарақалпақстаннан келген қазақтардың Алматы облысына орналасқан тобы Батыс Қазақстанда
орналасқан топтарымен тығыз байланысты, себебі олар Қарақалпақстанда тұрғанда ағайын-туыс
болып орналасып отырғандар болып табылады. Ал осындай етене тығыз байланыс орнатып отырған
оралмандардың жас ерекшелігіне сəйкес жергілікті ортаға бейімделу мəселелері де əр қилы. Мысалы,
2000 жж. келген оралмандардың көшіп келуі тұрғысынан əр түрлілік байқалған, яғни ағайынды
кісілердің біразы Ақтөбе, Атырауға көшіп келсе, кейбіреулері Алматы төңірегіне қоныстана бастады.
Нəтижесінде алматылық оралмандардың жастары жергілікті қазақтармен танысқанда өздерін
Ақтөбеден, Атырау, Қызылорданмын деп танысу үрдістері байқалады. Себебі Қарақалпақстанның
экономикалық-əлеуметтік жағдайының əлсіз болуы жəне қарақалпақстандық оралмандардың
жергілікті ортаға тез бейімделіп, сіңісіп кеткісі келетіндігі көрінеді. Алайда олардың тілдік жағдайы
жергілікті қазақтар үшін белгілі құбылыс болып табылады.
Алматы облысын мекендеген қарақалпақстандық оралмандардың ерекше жағдайы, олардың өзара
«би» сайлап алуы болып табылады. «Би» деп отырғанымыз оралмандар арасынан беделді, жағдайы
жақсы жəне ата-тегі тұрғысынан мықты кісілердің ұрпақтары би сайланады. Бұл билердің мемлекет
алдында ешқандай заңдық құқығы жоқ, дегенмен өзіне тиесілі міндетті жəне ауыл, рулы елдің өзекті
мəселелерін шешуде зор роль атқарады. Сонымен қатар бұл билер көрсеткен қызметі үшін ешқандай
қаржы алмайды. Себебі оның жағдайы метериалдық құндылықтан тəуелсіз жəне рухани тұрғыдан
138
алғанда текті кісілердің ұрпақтары болғандықтан қазіргі қоғамда елге қызмет көрсету, елді басқару
олар үшін үлкен міндет жəне мəртебе. Мысалы Алматы облысы Қарасай ауданында қоныс тепкен
оралмандардың ішінде Кіші жүз – Табын – Қарақойлы – Жоли жəне Лабақ деп аталатын үлкен екі
аталы руда өзінің жеке билері бар. Жоли руының биі Боранқұлов Мұхаметқали, ал Лабақтың биі
Нұрғазиев Тілеу болып табылады.
Осы кісілерді оралмандар өздері сайлап алған. Олардың бірнеше ақылдасатын көмекші
ақсақалдары болады. Ел ішіндегі мəселелерді осы ақсақалдармен ақылдасып отырып шешеді.
Мəселен бір үйде той немесе ас берілетін болса би жəне көмекші ақсақалдарды жəне өзінің жақын
ағайындарын шақырып дастархан жайып күтіп, солармен ақылдасады. Бұны қарақалпақстандық
оралмандар «Кеңес той» деп атайды. Кеңес тойда би тойдың немесе астын үй иесімен келісе отырып
қандай дəрежеде өтетіндігін шешеді, сосын ағайын-туыстарды шақыруда кеңес тойға келген кісілерге
шақырылатын адамдардың тізімін беріп орналасу аймағына сəйкес (жақындығына) беріп тойдың
немесе астын хабарын беруді жүктейді. Ал егер той иесі жаңадан көшіп келіп жатқан болса,
танымайтын аталас ағайындарды таныстыруда жəне жергілікті халықпен араласып кетуіне мол
мүмкіндіктер туғызады. Сонымен қатар тойда қандай мал сойылатындығы жəне қазан-табақ, ас-
судың қалай дайындалатындығын нақтылайды (егер той ауылдық жерде үйде берілетін болса).
Қалалық жерлерде арнайы тойхана, мейрамхананы жалдайды. Айта кететін мəселе оралмандардың
тойлары үнемі белгіленген тойханаларда өтіп жатады.
Ауылдық жерде өткізілетін той-мерекелерді би өз үйінде жинақтап қойған ыдыс-аяғы, үстел-
орындығы барлық қажетті жабдықтармен қамтиды. Яғни бұл ыдыс-аяқ жəне т.б. үшін би арнайы қор
жасап соған əрбір үйден жылына 1000-1500 теңге көлемінде ақша жинап отырады. Алынған заттар
той аяқталған соң биге барлық алынған заттар қайтарылады. Жылдағы қорға жиналатын ақша кейбір
кезде ел ішіндегі жетім, жесір кісілердің жеткізе алмай жатқан той мерекелерін жəне өлім-жітімін
атқаруға бөлініп отырады [2].
Қазіргі кезде бұл билердің оралмандарды бейімдеуде жəне жергілікті қоғамға мəдени
интеграциялауда мүмкіндіктері өте күшті. 2011 жылы Жоли руынан шыққан Сарман атаның
(заманында атақты сөзге шешен кісі болған Хиуанын мықты адамдарымен айтысып өткен) асын
өткізуге Боранқұлов Мұхаметқали (Жолидың биі) мол көмектесті жəне оралман ағайындардың
бірлескен республикалық деңгейдегі іс-шараны атқаруға жұмылдыра білді. Ал 2010 жылы Лабақ
руынан шыққан Барақ Сатыбалдыұлының (атақты батыр) мешітін салдыру Нұрғазиев Тілеу
(Лабақтын биі) Алматы облысында тұратын қарақалпақстандық оралман ағайындардан 2 400 000
теңге қаржы жинап апарып мешіттің ашылу салтанатында оралмандар нəтижелі қызмет көрсетті [3].
Оралмандардың арасындағы осындай құбылыстар олардың өзара араласуы нəтижесінде
Қазақстан қоғамына интеграциялану дəрежесінің қарқынды сипат алатынын анықтауға болады.
Мысалы, 1991 жж. келген оралмандардың алғашқы бейімделу дəрежесі соңғы жылдары келген
оралмандарға қарағанда өте ауыр болды. Керісінше соңғы жылдары келген оралмандар осы алғашқы
келген ағайын-туыстарын паналап яғни солардың көмегіне сүйеніп келіп жатқандары көп.
Алайда оралмандардың келешекте келетін толқындары бұл «би» сайлап алу сияқты ұстанымдар
мен қағидаларды ұстанбайды, себебі оралмандардың арасында жергілікті қоғамға сіңісіп жəне
құдандал болып жатқандар өте көп. Соның нəтижесінде оралмандар қоғамға бейімделудің жаңа
формаларын іздейтін болады. Мысалы, олардың əлеуметтік, мəдени жəне психологиялық ахуалы
қазіргі кезде қауырт өзгеруде.
Қорытындылай келе айтарымыз, Қарақалпақстаннан келген оралмандардың өзін-өзі бейімдеу
үрдістері жоғарыда келтірілген факторлар бойынша ілгері дамыды жəне өз нəтижесін беріп келеді.
Осыған қоса оралмандардың сауда жəне құрылыс кəсібін жетік меңгеруі олардың Қазақстан
қоғамына бейімделуінің келесі бір үрдісі болып қалыптасады деген сенімдеміз.
Əдебиеттер:
1 Қалыш А.Б. Қарақалпақстан оралмандарының мəселесі. «Бекмаханов оқулары» аясындағы «əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты Халықаралық ғылыми
практикалық конференция материалдары (Алматы қаласы, 6-7 сəуір 2012 жыл). – Алматы: Қазақ университеті, – 2012. –
204-207-бб.
2 Автордың ел арасынан жинаған материалдары. Алматы облысы, Қарасай ауданы. – 2012; 2013; 2014 жж.
3 Асау-Барақ ата мешіті. (Мешіттің құрыл
у тарихы). – Ақтөбе, – 2010. – 27-30-бб.
139
М.С. Касенов
Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің ғ.қ. (Атырау қ.)
ЕЖЕЛГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗГЕРТІЛГЕН БАС СҮЙЕК
Адамдар өз денелерін əр түрлі өзгеріске түсіру дəстүрлерін сонау тас дəуірінде ақ қалыптастыра
бастаған. Денеге əр түрлі суреттер салу, түрлі - түске бояу дəстүрі алғашқы кезде абыздардың діни
рəсімі кезінде қолданып отырған болса, кейіннен ол салтқа айналған. Сонымен бірге адам денесінің
кейбір мүшелерін өзгерту дəстүрі белгілі бір билеушілер мен рулардың артықшылығын білдіретін
белгілер ретінде қалыптасқан. Кейіннен ол жапай дəстүрге айналып халық арасына тарап отырған.
Соның ішінде бас сүйек түрін өзгерту дəстүрі де болған. Бастың түрін өзгету əр дəуірде, барлық
аймақта болған. Бұндай дəстүрлер ежелгі жəне орта ғасырда кең тараған.
Атырау қаласы түбіндегі Ажар ауылы маңынан 2009 жылы жер қазу жұмысы кезінде жарты
метрлік тереңдіктен адам қаңқасы табылды. Жерлеу дəстүрі «үйіп» жерлеу. Адамның: аяқ, қол,
құймышақ т.б. сүйектері үйіліп үстіне бас сүйек қойылған. Бас сүйек түрі өзгеше қалыптасқан. Оның
маңдайы жалпайып, екі жағы қушыйған, шүйдесі сүйір болып келген. Бас сүйек қаңқасы жақсы
сақталған. Салыстыру негізінде құмтөбелі Жолайшағылдық сармат қабірінен алынған өзгертілмеген
сармат бас сүйегі алынды.
Адамның бас сүйегіне өзгерту дəстүрі Ежелгі Мысыр елінде, Парсы, Африка, Азия, Европа жəне
Америка үндістерінде де кездеседі. Қазіргі кезеңде де бас сүйекті өзгертеді. Батыс Европада ХІХ ғ.
табылған өзгерген бас сүйектерді: сарацин, франк, гельват, кельт, гот, гун, татар т.б. бастары деп
есептеген. 1820 ж. Австрияда «авар» бас сүйегі табылды. 1846 ж. Венада тас шахтадан өзгерген бас
сүйек табылды. Өзгерген бас сүйек 1867 ж. Дон өзені маңынан, 1888 ж. Самара маңынан табылды.
1887 ж. Д.Н. Анучин өзгерген бас сүйектер Заволжскіден Европаға тараған деген дұрыс, пікір
жасаған.
Б.з.д. ІІІ - І ғ. сармат, алан, ғұндарда адам бас сүйегін өзгету дəстүрі болған. Олар жаңа туған
нəрісте басын орамалмен, шеке мен шүйдені тартып байлау арқылы бас сүйекке қысым жасап оны
төбеге қарай өсуіне жағдай жасады. Осы арқылы бас сүйек сүйірленген қалыпта болды. Бұндай салт
дəстүр Каспий жағалауын мекендеген сарматтарда да болған.
Бас сүейекті қолдан өзгерту əр халықта əртүрлі жолмен жасалды. Бесікте құндақтаулы күйінде
үнемі шалқасынан жатқан нəрістенің бас қарақұсы жалпайып кетеді. Бұл көшпенді елде көп тараған
жағдай. Сібірлік нарым хантыларында бұл дəстүр болғанын томскілік зерттеуші А.М.Малолетко
«Аланы в Сибири» деген еңбегінде келтіреді.
Ол: «В фольклоре нарымских хантов фигурируют планы (йаланы) - богатыри с железной кожей и
острой головой (искусственная деформация черепа?). Остроголовые всадники хантами
воспринимались как духи, которые могли спускаться на коне с неба и подниматься вверх. Чтобы
ребенок стал планом, он должен иметь деформированную голову. Обычай искусственной
деформации головы проник на юг Западной Сибири в первые века новой эры и бытовал здесь до
конца VIII в.н.э.» - дейді.
Кей жағдайда, маңдай мен қарақұсқа тақтай немесе құм салған дорба байлап та бас сүйектің
пішінін өзгертуге болады. Тақия, бөрікті үнемі тастамай кисе де, бас сүйек пішіні өзгереді. Бас
сүйектің құрлысы өте күрделі. Бас сүйек (cranіum) - адам басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту
органдары, ас қорыту жəне тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері бар. Бас сүйек екі бөліктен
тұрады: ми сауыты жəне бет бөлігі. Ми сауыты - маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен
шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал,
мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тəрізді сүйектер жатады. Мидың астыңғы
бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер
арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады.
Ал, бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры
жəне ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер
сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар жəне бұлшық еттер бекитін
бұдырлар, төмпешіктер болады. Бас сүйек шеміршек жəне жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2
айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нəрестеде бас сүйектің жіктері əлі сүйектенбеген,
былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті «еңбек» деп атайды. Оның
бекуі 1,5 жаста, ал жалпы бас сүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады.
Европалықтар өзгертілген бас сүйекті алғаш ғұн жаулауы кезінде көрді. Бұл оларға үрей тудырды.
Ғұндар əр түрлі тайпалық одақтан тұрғаны белгілі. Олардың ішінде аландар мен сарматар да болған.
Ғұндарда бас сүйектің шүйдесін сүйірлеу əдісі болды. Бұны бала басын арнайы тартып байлау
арқылы қалыптастырды.
Алан тайпаларында бас сүйекті өзгерту ерекше тараған. Алан тайпалары бас сүйекті шеке мен
140
жақ арқылы қысу тəсілімен маңдайдың өсуін тежеп сопақ бас түрін қалыптастырды. Аландар
(Яньцай) – көшпелі тайпалар бірлестігі. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында Батыс Қазақстан мен
Солтүстік Кавказ даласын мекендеген. Аландар этногенезінің алғашқы кезеңі Орта Азия мен
Қазақстанның ішкі аудандарымен байланысты. Аландар тайпаларының топтасуы туралы алғашқы
дерек қытайдың («Ши цзи») жазбаларында көрсетілген. Бұл дерек бойынша б.з.б. 1 ғ. Каспий мен
Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі кең алқапты көшпелі Яныцай мекендеп, 100000-ға жуық
əскер шығара алған [1].
«Кіші Хань династиясы хроникаларында» («Хоу Хань Шу») б.з. 1 ғасырдың соңы мен ІІ
ғасырдың басында Яньцай аты Алания болып өзгертілгені жазылады. 1-мыңжылдықтың басында
алаңдардың бір бөлігі батысқа қоныс аударады да, басым бөлігі Арал мен Каспий теңіздері
аралығындағы байтақ далада өмір сүре береді. Мұны сол өңірдегі этнотопонимдер растай түседі.
Мысалы, Маңғыстау мен Үстірттегі қамалдар – Қоңыралан, Сүмбетеміралан, Алаңқала, т.б. Алаңдар
мəдениеті («кейінгі сарматтар») Арал-Каспий теңіздерінің солтүстігіндегі қорған ескерткіштері
бойынша зерттелген. Одан алаңдардың қой, жылқы өсіргендігін айғақтайтын заттар табылған [2].
Алания – Солтүстік Кавказдың орталық бөлігінде ІХ-ХІІІ ғасырда болған мемлекет. Өздерін
ирондар, византиялықтар, алаңдар, грузиндер, остар деп атаған алан тайпалары б.з. 1 ғасырында
Солтүстік Каспий, Дон өңіріндегі сармат қоныстарынан бөлініп, Азов (Азау) тауының маңы мен
Солтүстік Кавказға келіп қоныстанған. 372 жылы аландарды ғұндар жаулап алды. Аландардың бір
бөлігі ғұндармен бірге «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қатысты. Галлия, Испания арқылы
Солтүстік Африкаға дейін жетті. Ал олардың екінші бөлігі Солтүстік Кавказдың орталық бөлігіне
орнықты. Онда аландар мен жергілікті Кавказ тайпаларының бірлестігі пайда болды. Бұл бірлестікті
аландар басқарғандықтан, византиялықтар оны Алания деп атаған.
ІХ ғасырда Алания Хазар қағандығының құрамында болып, одан ІХ ғасырдың соңы Х ғасырдың
басына қарай бөлініп шығып, өз мемлекетін құрған. Алания Хазарияның Византиямен сыртқы
байланыстарында маңызды рөл атқарды. Х ғасырда Аланияға Византиядан христиан діні енді.
Аландардың жартылай отырықшылыққа көше бастауы нəтижесінде қалалар пайда болды.
Археологиялық қазба жұмыстары аландардың бірнеше қаласы болғандығын айғақтап отыр.
Аланияның астанасы Магас қаласы болды. Мемлекет басшысы «кэркундедж» деп аталды. Елдегі бар
билік əскери ақсүйектер – «богаторлар» (батырлар) қолында болған. Шыңғыс хан құрған империя
жасақтарының 1237-39 жылы шапқыншылығы Аланияның құлауына себепші болды. Магас қласын
қоршауды Мөңке хан басқарды. Қаланы қорғау кезінде 270 мыңнан астам алаңдықтар қаза тапты.
Алания құлағаннан кейін ХІҮ ғасырда аландар арасында ислам діні тарай бастады. Қазіргі осетиндер
аландардың үрім-бұтағы болып есептелінеді [3].
Атыраудан табылған өзгеріске түскен бас сүйек алаңдікі болса керек. Бас сүйекті өзгерту тəсілі əр
халықта əртүрлі болды. Қазіргі кезеңде бас сүйекті өзгету дəстүрі діни рəсімдерге негізделген. Бұл
дəстүр қазіргі кезеңде де өз жалғасын табуда. Мұндай өзгертулердің адам өміріне зияны бар ма,
жоқпа ол жағы əлі жете зерттелмеген.
Əдебиеттер.
1. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. ІІ. – М.-Л., 1953.
2. Зуев Ю.А. Сарматы-аланы Приаралья (Яньцай Абзейя). // Культура кочевников на рубеже веков. Материалы
международный конференций. – Алматы, 1995.
3. Ванеев З.Н. Средневековая Алания. – Владикавказ, 1959.
4. Кузнецов В.А. Аланские племена Северного Кавказа. – М., 1962.
И. Алибаева
Цюрих Университеті,
Əлеуметтік жəне мəдени антропология Департаментінің
PhD докторанты (Цюрих қ., Швейцария)
Ф. БАРТ ЖƏНЕ ЭТНОСТЫҚ БІРЕГЕЙЛІЛІК МƏСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінгі күнге дейін əлеуметтік ғылым өкілдері тарапынан түрлі халықтардың мəдениеті бойынша
біршама зерттеулер жүргізілді, алайда сол халықтардың этностық ерекшеліктері, сипаты мен
этностың қалыптасуы жəне оның шекаралары жайлы жазылған еңбектер кем. Осы мəселеге назар
аудару арқылы көптеген қызықты теориялық сауалдарға жауап табуға мүмкін болады.
Қазіргі жаһандану кезеңінде қоғамдағы əлеуметтік құрылымдар өзгеріске түсіп, ұлттар мен
этностар өзара қарым-қатынаста бір-біріне теңдей ықпал ету арқылы дамып отыр, осы тұста этнос,
ұлт мəселесі этнология, этнография секілді ғылымдардың басты тақырыбына айналып келеді. Этнос
жəне оның анықтамасы, этностың шегаралары мен халықтардың этностық жіктелуі мəселесі
141
бойынша норвегиялық əлеуметтік антрополог Ф. Барттың еңбегінде бірқатар маңызды көзқарастар
орын алған. Ф. Барт Папуа-Нью Гвинеяда, Бали, Оман жəне Бутан секілді бірқатар елдерде қоғамдық
құрылым жəне жергілікті халықтардың салт-дəстүрлері бойынша этнографиялық зерттеулер
жүргізеді.
Өзі жүргізген елдерден алынған этнографиялық материалдардың негізінде жəне халықтың
табиғатымен, ұлттық, мəдени ерекшеліктерімен таныса келе Барт 1969 жылы өзінің «Этностық
топтар мен оның шегаралары» (Ethnic groups and boundaries) атты еңбегін жариялайды. Еңбек
этностық топтардың тұрақтылығы мəселесіне арналған. Бұл еңбегінде Барт этностық топтарға
анықтама беруде əлеуметтік шегараны басты өлшем ретінде көрсетті. Оның ойынша, этносқа
анықтама беруде, оның шегараларын көрсетуде, этнос өкілдерінің өзі қабылдаған, өзі көрсетіп өткен
өлшемдерді назарға алу керек. Ол былай деп жазады: «Этностық шегараны анықтайтын мəдени
сипаттар өзгеруі мүмкін, сондай-ақ, этностық топ өкілдерінің мəдени сипаттамалары да
трансформацияға ұшырайды». Этностың ерекшеліктері жəне оның сипаттарын ашуда, міндетті түрде
басқа этностық топ болуы тиіс, яғни этностың ерекшелігі біртекті ортада айқындалмайды.
«Мəдениеттердің ерекшелігі бірегей, біртекті мəдени аймақта көрінбейді, ал басқа мəдени топтармен
қарым-қатынаста бірден ерекшелік көзге түседі» [1, 10-б.].
Əлемде мыңдаған ұлт жəне этнос өкілдері өмір сүреді. Соның ішінде, Қазақстанда 130-ға жуық
этнос өкілдері бар. Мəдени, тілдік, діни сипаттары жағынан алғанда ұқсас топтар да бар, мүлдем
басқа тілде сөйлейтін, өзге дінді ұстанатын этностар да қатар өмір сүруде. Ал осы ұлттардың
барлығын біріктіретін бір ғана жүйе – ол ортақ мемлекет, ортақ заң, ортақ өмір сүру жағдайы.
Мемлекет өз аумағында тұратын барлық ұлттардың мəдени ерекшеліктерін, дəстүрін, тілін, дінін
сақтап қалуына жағдай жасап отырса да, ұлттар мен этностар оқшау өмір сүрмегендіктен, күнделікті
қарым-қатынаста болғандықтан бір-бірінің тілін, дінін, немесе салттарын алып, өзара
аккультурацияға ұшырап отыр. Осы орайда, осы ұлттық, этностық бірегейліліктің өзгеруі немесе оны
сақтап қалу мəселесі назарды аударады.
Этнос мəселесіне қатысты еңбектер мен осы мəселе төңірегінде жүргізілген зерттеулер бірнеше
көзқарасты алға тартады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін этносты түсінуде
примордиалистік көзқарас орын алып келді. Осы уақыттан бастап бұл көзқарасқа конструктивистік
бағыт өкілдері тарапынан сын айтыла бастады. Солардың ішінде, Ф. Барттың этностылық феноменіне
байланысты көзқарасына назар аударсақ. Ф. Барттың этнос мəселесіне қатысты жасаған
тұжырымдамасының мынадай теориялық алғышарттары бар. Біріншіден, Барттың түсінігіндегі
этностық бірегейлілік – ол адамның тікелей өзін белгілі бір топқа жатқызуымен байланысты, яғни
адам өзін этностық анықтау шегараларын өзі орнатады. Қарым-қатынас барысында, өмірдегі əр түрлі
жағдайларда адам өз этносының шегараларын жиі аттауы мүмкін. Мұның барлығы əр индивидтің өз
шешімі. Екіншіден, Барт этностылық феноменін сипаттауда этностық топтардың бірегейлілігін
сақтап қалу жолдарына назар аударады. Үшіншіден, этностық топтарды зерттеуде Барт олардың ішкі
құрылымы мен тарихынан гөрі, шекаралас аумағына көп көңіл бөледі. Оның ойынша, этнос өзінің
ішінде көп өзгерістерге түспейді, ал басқа этностармен шекаралас болған жағдайда этностардың
бірегейлілігінде ауытқушылықтар орын алуы мүмкін [1, 35-36-бб.].
Сондықтан ол өзінің жүргізген зерттеуінде Ауғанстан мен Батыс Пəкістанның аралығын
мекендеген пуштун халқының этностық бірегейлілігін қызықты деп тапқан. Əр түрлі елдермен
қарым-қатынаста өмір сүріп отырған пуштун халқының этностық өзін тану, анықтау ерекшелігі жəне
этностық белгілердің өзгерістері ғалымды қызықтырды. Ұзақ уақыттар бойы келе жатқан
примордиалистік көзқарастың кемшін тұстарын, оған қайшы келетін мысалдарды өзінің зерттеулері
арқылы дəлелдеді. Яғни, адам туылғаннан бір ұлтқа тиесілі болып, сол ұлттың мəдени
шекараларынан шықпай өмір сүруі мүмкін емес деген тұжырымды айтады. Əсіресе, басқа ұлттармен
шекаралас аймақтарда бұл өте қиын мəселе.
Жалпы, ұлт жəне этнос деген ұғымдарды бір мағынада қолдану мəселесіне келсек. Қазақстанның
Ұлттық Энциклопедиясында былай деп түсініктеме берілген. «Ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан
мəдениеті, біріктіруші салт-дəстүрлері мен діні бар адамдардың əлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге
көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті
болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек
те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт» жəне «этнос» ұғымдары
бір-біріне өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан
айырмашылығы ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық жəне əлеуметтік белгілерге ие
болады. Дегенмен, əлі де философиялық жəне саяси-əлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос»
категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған [4, 22-б.].
Норвегиялық антрополог ғалым Томас Ериксен өзінің еңбегінде этностық бірегейлілік мəселесіне
тоқталып өтеді. Ол этносты антропологиялық əдіспен зерттеу адамдардың өз этносын қалай
қабылдап, анықтайтынын білуімізге мүмкіндік береді дейді. Адамдар өз тобы жайлы не айтады жəне
142
не ойлайды, сонымен қатар белгілі бір этностық ерекшеліктерге байланысты көзқарастар қалай
өзгерді, немесе сақталып қалды деген мəселелерді көтереді. Этностық бірегейліліктің тікелей
адамның өз шешімі екендігін айта келе, ол Барттың еңбегіне сілтеме жасайды [3, 2-б.].
Ал енді, Этнос мəселесіне байланысты Ф. Барттың тұжырымдамасы біздің еліміздегі нақты
жағдайға қалай сəйкес келеді. Осы теорияны тəжірибелік мысалдар арқылы қалай дəлелдеуге болады,
немесе кемшін келетін, сын көтермейтін тұстары бар ма деген сұрақ туындайды. Өкінішке орай,
отандық ғылымда этнос мəселесіне ұлттың өз көзқарасы тұрғысынан көп назар аударылмай келе
жатыр. Менің қызықтыратын мəселе осы нүктеден бастау алады. Яғни, Қазақстанда тұратын ұлт,
этнос өкілдерінің этностық бірегейлілігін, этностық өзін-өзі тануындағы өзгерістер мен ерекшеліктер
қандай. Этностар қалай бір-бірімен ұқсасады, аккультурацияға қалай ұшырайды, жəне осы
процесстер күнделікті өмірде қалай көрініс табады. Қаншама жылдар бойы қазақ елінде өмір сүріп
келе жатқан ұлт өкілдерінен кейде «біз қазақ болып кеткенбіз» дегенді естіп қаламыз, осы «қазақ
болып кету» неден көрініс табады, қай жағдайларда байқалады, оның себептері қандай деген
сауалдарға жауап табу арқылы этностың бірегейлілігінің өзгерісі туралы тəжірибе жүзіндегі
мысалдарды жинақтауға болады. Бұл мəселелерді зерттеу, үйрену көптеген этнографиялық зерттеу
əдістерін қажет етеді.
Солардың бірі мəдени антропологияда кеңінен қолданылатын қатыса отырып бақылау əдісі. Адам
баласы бір нəрсені ойлап екіншісін айтып, ал іс жүзінде үшінші бір нəрсені жасауы мүмкін. Осы
əдістің көмегімен, зерттеп отырған процессті тереңірек түсінуге болады. Ф. Барт этностық
бірегейлілік мəселесін зерттеуде сол халықтың арасында тұрып, осы əдісті пайдаланды. Этностық
шегаралардағы өзгерістерді зерттеуде əлеуметтік антропологиядағы бірнеше əдістердің бірі –
когнитивті əдіс. Адам өзін өзі қалай таниды, ол үшін бастысы этностық бірегейлілік пе əлде
отбасылық, не статустық, не тайпалық. Осы мəселелерді анықтау үшін белгілі бір аймақта тұратын
этнос өкілдеріне когнитивті сауалнамалар мен тестілерді беруге болады. Адамдардың ойындағы
доминант этностық ұғымдарды, қай этностық топқа өзін жақын сезінетіндігі жайлы, сəйкесінше
этностық бірегейліліктің қай бағытта өзгеріп отырғандығын анықтауға болады. Мəдени
антропологияның əмбебап əдістеріне жататын бұл əдістер көптеген батыстық антропологтар
тарапынан қолданыс тауып, тəжірибеде өзінің қызметін атқарып, нəтижелерге қол жеткізуге себеп
болды.
Адамның өзін белгілі бір топқа жатқызуы, яғни сол топпен идентификациялауы өзгермелі
құбылыс дейді Барт. Себебі адам əрқашан рационалды болуға тырысады. Көптеген топтардың өз
этностың бірегейлілігін өзгертуінің себебі белгілі бір артықшылыққа ие болу үшін ол өзін басқа бір
этноспен немесе басқа өлшеммен идентификациялайды. Қатып қалған шегара жоқ, адам өзінің
этностық бірегейлілігінің шегарасын өзі белгілейді, өзіне ыңғайлы етіп белгілейді.
Ф. Барттың тұжырымдамасы бойынша географиялық жəне əлеуметтік оқшаулық этностың
бірегейлілінде маңызды орын алады. Мəдени алуандылық пен өзіндік ұлттық ерекшелікті сақтауда
халықтың географиялық немесе əлеуметтік тұрғыда оқшау болуы маңызды рөл атқарады. Себебі,
оқшау халық өзге халықтармен аз қарым-қатынасқа түсіп, сəйкесінше аккультурация процесі де
ақырын жүреді, немесе мүлде байқалмайды. Ал қарым-қатынастағы халық, мəдениет өзгеріске
ұшырауы заңды. Өзге басым ұлттың арасында өмір сүретін басқа ұлттың аккультурациялануын да
бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, маргиналдану. Ықшам топ өзге топқа
қаншалықты ұқсастым дегенмен де, өзгелер тарапынан толықтай қабылданбауы мүмкін. Екіншісі,
ассимиляциялану. Яғни, топ өзінің ұлттық ерекшелігін, тілін толықтай жоғалтып, басым топтың
ерекшеліктерін толықтай бойына сіңіреді. Үшінші, сепарация, яғни шағын ұлт өзінің ерекшелігін
толықтай сақтап қалу жолында өзін басқа топтардан оқшаулайды. Төртіншісі, интеграция. Бұл
жағдайда ұлт жаңа жағдайға, жаңа мəдени ортаға бейімделе келе, өзінің көнеден келе жатқан
мəдениетін сақтап қала береді. Яғни жаңа жағдайға бейімдейді.
Осы жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы да біздің көпұлтты мемлекетімізде орын алуы
заңды. Сондықтан да ұлттардың, этностардың бірегейлілігі, оның өзгеруі жəне одан туындайтын
салдар мəселесі зерттеуді қажет етеді. Этностық бірегейліліктің өзгеруіне алып келетін
рационалдылық ұғымын, оның теориялық аспектілерін анықтау үшін елімізде нақты эмпирикалық
зерттеулер жүргізу қажеттілігі туып отыр. Осы орайда, Ф.Барт ұсынған этностық бірегейліліктің
шегараларына қатысты теориясының маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |