Əдебиеттер:
1.
Barth Fredrik, 1969. Ethnic groups and boundaries.
2.
Finke Peter, 2014. Variations on Uzbek Identity: strategic choices, cognitive schemas and political constraints in
identification processes.
3.
Thomas Hylland Eriksen, 2002. Ethnicity and Nationalism.
4.
Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. – Алматы: 1998.
5.
Крэйг Калхун. Национализм./пер. А. Смирнова. – М.: Издательский дом «Территория будущего», 2006.
143
Э.М. Айдарханова
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Аккредитация рейтингі жəне сапаны басқару Орталығының жетекші маманы,
Халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторанты (Алматы қ.)
ҚАҒАНАТТАР ТАРИХЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
Қарахандар мемлекетінің құрылуы барысында (Х ғ.) қарахандар мемлекетінің негізін қалаған
түркі тайпалары отырықшы шаруашылық мəдениетінің ықпалында болған еді. Қарахандар
қоғамындағы этникалық процестердің өзі көшпелі жəне отырықшы шаруашылық-мəдени типтер мен
мəдени дəстүрлердің өзара ықпалдасуы шағында жүріп отырды. Қарахандар дəуірінің тарихында ең
негізгі роль ойнаған Х-ХІІ ғғ. этносаяси процестерге белсене араласқан қарлұқ тайпалық бірлестігі
болатын [1, 6-б.].
Қытай деректерінің хабарлауынша, қарлұқтар түркі тайпаларының бірі болып табылады. VІІ ғ.
өзінде қарлұқтар – шығыс жəне батыс болып екіге бөлінеді. Батыстықтар «он оқ» түркілермен тығыз
байланысты болады да, ал шығыстық қарлұқтар ұйғыр бірлестігімен өте жақын араласады. Сонымен
қатар қарлұқтар түріктердің «он оқ» тайпасының өзара қырқыстарына да белсенді араласады. «Он
оқ» түркілердің дулу бірлестігі қарлұқтардың ықпалына ұшырап, ал бұл өз кезегінде Х-ХІІ ғғ.
қарлұқтардың құрамында тухси тайпаларының болғандығын дəлелдейді. Ал тухсилердің «он оқ»
түркілердің түргеш руынан болғандығы жөнінде ХІ ғ. арабтың ортағасырлық авторы əл-Маруази
хабарлайды: «...олардың (түріктердің) құрамына қарлұқтар кіреді. Олар Тунис (Тулис) тауында мекен
етті. Ал бұл тау алтыннан еді. Олар тоғыз оғыздардың құлы болып, кейін оларға қарсы шығады. Олар
түргештер еліне шабуылдап оларды басып алады да, өздеріне бағындырып, олардың билігін
құлатады. Сол арқылы олар мұсылман еліне қарсы шығады. Олардың тоғыз тобы болады. Үшеуі –
жігіл, үшеуі – басқыл, біреуі – бұлақ, біреуі – құқырқын, соңғысы - тухси» [2, 213-б.]. Бұл мəліметтегі
саяси процеске назар аударар болсақ, 766 ж. Жетісудағы биліктің қарлұқтардың қолына көшкендігіне
куə боламыз.
Қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатын басып алу барысында осы процесте белсенділік таныта
отырып, ұйғырлардың ықпалымен өз жерлерін тастап, түргештердің астанасы – Суяб болған Шу
өзені бойындағы территориясын жайлауға мəжбүр болады. Түргештердің батыстүрік қағанатындағы
дулу бірлестігіне кіретінін тағы да атап өткіміз келеді. «766 ж. олардың (дулулардың) бір бөлігі
қарлұқтарға бағынуы тиіс еді, - деп атап өтеді Грумм-Гржимайло, ал басқа бөлігін ұйғырлар
бағындырып алды» [3, 130-б.]. Қытайдың Тан империясы тұсындағы деректері қарлұқтар мен
батыстүріктік тайпалардың дəстүрлері арасындағы ұқсастықты атай отырып, алайда соңғысының тілі
қарлұқтардыкінен айырмашылығы болғандығын да ұмытпаған. «Он оқ бұдынның» (он тайпа дулу, он
тайпа нүшеби) құрамына кірген түргештер Түргеш қағанаты құрылғаннан кейін екі жаңа бірлестік –
тухси мен азтың құрылуына негіз болады. Аздар түргештердің құрамындағы анағұрлым күшті
тайпалардың бірі болады. Расында да бұл жөнінде түргештердің шығыстүркілермен қырқысы жайлы
баяндаған бірқатар деректер дəлелдей отырып, аздардың халқы түргештермен одақтас болғандығын
жеткізеді [4, 41-б.]. Аздар Жетісуда қарлұқтардың мемлекеті құрылған кезде соңысының құрамына
кіреді. Т. Акеров тухси мен аз тайпаларынан «он оқ бұдын» бірлестігімен тығыз байланысты отыз
оғлан мен аздар конфедерациясын көретіндегін айтады [5, 135-б.]. Дулулардың шығыстық 5
аймағының құрамына мына тайпалар кірді: шэшэти-тон тур, шуниши-чупан-чур, хулуу-кюль-чур,
чумукунь люй-чур, туциши хэлоши-чур [6, 164-168-бб.]. Аталған тайпалардың соңына жалғанған
«чур» жұрнағын зерттеушілердің бірқатары түркі халықтарына кеңінен таныс «чор»-мен
байланыстырады. «Чор» дулуларға ғана тəн саяси титул ғана емес, сондай-ақ отыз оғландардың да
«отыз чор» атты титулы болған. Осыған назарын аудара отырып, Т. Акеров дулу мен отыз оғлан
тайпаларының арасындағы байланыстың болу ықтималдығы жайлы тұжырым білдіреді.
Енді біз осы мəселеге назарымызды тереңірек аударып көрейік. Отыз оғлан тайпалары ежелгі
түркілермен бірге шығыстан келеді де, кейін батыс түріктердің құрамына кіреді. Кейіннен тухси, аз,
отыз оғлан, шығыл, қарлұқ, яғма деген тайпалардың барлығы қарлұқтардың мемлекеті құлаған соң,
Қарахандар қағанатын құрады.
Тан империясы көшпелі тайпаларға қатысты «бөліп ал да билей бер» саясатын ұстанады. Сөйтіп,
түркі тайпаларын бір-біріне қарсы қоя отырып, Қытай ежелгі Монғолияны мекен еткен түркі
тайпаларының барлығын дерлік бағындырып алады. «Таншуда» қарлұқтарды Қытайдың түргештерге
қарсы бағытталған соғысы барысында пайдаланғандығы жөнінде айтылған. «715 ж. Гайюань билігі
түркі тайпасы – гэлолудың бодандығын қабылдайды». «Он тайпаның ішіндегі шығыстық бес дулу
мен батыстық бес нүшүбе Сарайға өздерінің бодандығын қабылдауын өтінеді. Сөйтіп Гэлолу,
Хувушу жəне Нишилік үш ұрпақ ... Қытай билгін мойындайды» [7, 278-б.]. Демек қарлұқтар
дулулардың он руының соңынан еріп Қытайдың қамқорлығына мойынсұнса керек.
144
VІІІ ғ. орта шамасында қарлұқ тайпасы екі бөлікке бөлініп кетеді: бірі Хангайда орналасып,
екіншісі – Алтай мен Шығыс Тань-Шань арасын жайлайды. Қарлұқтардың түргештермен
бақталастығы жайында Н. Аристов былай дейді: «Гэлолу 715 ж. бұрындары да мына мəліметтерде
кездеседі: 704 ж. қытай сарайы Бучженнің ұрпағы – Ашина-Хуай-даоны он рудың басшысы етіп
тағайындап қояды; дегенмен бұл тайпалар Дуданның жетекшілігімен тағайындалған жаңа билеушіге
наразы болса да, Ашина-Сянь Дуданның басын шауып, сарайға аттандырады. Осы жеңісі арқылы ол
өзіне бағынушылардың санын 30 киіз үйге дейін көбейтеді». Император Ашина-Сяньды бас
қолбасшы етіп тағайындап, оған Бэй-тиннің (Үрімшінің) генерал-губернаторы Тан-Гя-хоймен жəне
Қытайдың басқа да қолбасшыларымен бірігіп, Ашина-Сяньға қарсыласқан шығыстүркілік Мочжоға
тойтарыс беруді тапсырады. Алайда бұл айқастың соңында Ашина-Сянь жеңіліс тауып, Қытайға
кетіп, сонда өледі [8, 247-б.]. Зерттеуші Г. Хабижанованың пікірінше, бұдан мынадай тұжырым
жасауға болады: «VІІІ ғ. ортасында-ақ гэлолу, хуво мен шунишидің одағында, яғни дулулардың бір
бөлігі ретінде тукишистықтармен бəсекелесіп, алайда ешқандай табысқа жете алмай, тек жарты
ғасырдан кейін ғана биліке қолы жетеді» [9, 123-б.].
Қарлұқтар келгенге дейін Жетісу аймағы Мəуереннахрмен тығыз байланысты болатын. Əл-
Истахри бұл жөнінде былай дейді: «Мəуереннахрмен батыста – Тараз бен Фараб, Самарқанд,
Самарқандық Соғды, Бұхара аймағын, ... қамтитын қарлұқтар территориясы шектеседі. Оларға
(Мəуереннахрға) ет гуздардан, қарлұқтардан ... жөнелтіледі. Мəуереннахрдың барлық аймағы -
əскери ұрыстарға жасалатын жерлер, Хорезмнен Испиджаб төңірегіне дейінгі аймақ – түрік-
гуздардың, Испиджабтан ферғаналық шалғай аймақтарына дейінгі жерлер – түріктер мен
қарлұқтардың əскери ұрыс аймақтарына айналған» [10, 177-178-бб.]. Жетісу мен Мəуереннахр
арасындағы тығыз байланыс тек жалғыз экономикалық жағынан жаға емес, саяси сипатта да басым
болды.
Жетісудағы билік билік етуші түргештер өз кезеңінде Самарқанд пен Ферғананың билеушілеріне
арабтарға қарсы шайқастарында белсенді қолдау көрсете білді. Бұл жөнінде деректерде мынадай
жолдар кездеседі: «730 ж. Хиншаим халиф (704-743 жж.) Хорасанның билеушісі етіп əл-Жунейд ибн
Абдар-рахман əл-Мурриды тағайындайды. Ол түріктерді қарсылап, олармен күреседі. ...Ол (əл-
Жунейд) түріктермен (яғни түргештермен) оларды қуып шаққанға дейін күреседі» [11, 77-б.].
Сонымен қатар 722 ж. кейін Əмудариядан кейінгі барлық аймақ араб халифатынан бөлініп шығады.
Н.Аристовтың айтуынша, «кейінірек батыстүркіліктердің көмегімен халифтарға қарсы бүтін
Мəуереннахр қарсы шығады» [8, 248-б.]. Н. Аристовтың көзқарасы бойынша, жалпы арабтардың
Мəуереннахрды бірінші жəне шешуші жаулап алуы батыстүркіліктердің Ферғана мен Шашқа
тиісінше көмек көрсетуге жағдайы болмай əлсіреген кезеңінде болған.
Сұлу қағанның есімі кей деректерде Сулук деп те аталып жүр. Ол – 715-738 жж. аралығында
Түргеш қағандығының билеушісі болған. Сұлу Түргеш қағанатындағы қара түргештерден шыққан
əскер басы болатын. 710 ж. Сақал қаған шығыс түріктерге тұтқынға түскеннен кейін түргештер
арасында билік үшін күрес өрбиді. 715 ж. Сұлу қаған қарсыластарын жеңіп, билікке келеді.
Қолбасшы, əрі саясаткер Сұлу қаған 716-719 жж. Қытаймен достық қатынас орнатады. Император
Сұлу қағанның билігін мойындайды. 720-738 ж. Сұлу қаған мемлекеттің бар күшін Орта Азияға ене
бастаған арабтарға қарсы бағыттайды. Сұлу қағанның олжа бөлісуде енгізген өзгерістері оның
беделін ұлғайтты жəне бүкіл түргештердің қолдауына ие болғызады. Сұлу қаған шығыс түріктермен,
тибеттіктермен де қатынас орнатады. Өз кезегінде араб халифы Хишам да (721-743 жж.) Сұлу қағанға
елшілік жіберіп, оған ислам дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ Сұлу қаған бұл ұсыныстан бас тартып,
Орта Азияда арабтарға қарсы күресін жалғастырады. 724 ж. соғдылықтардың арабтарға қарсы
көтерілісіне Сұлу қаған əскери көмек береді. VІІІ ғ. 30 жж. түргештер мен қытайлар арасы суынып,
Сұлу қаған тибеттіктермен одақтасып Қуша қаласын қоршайды. Отырықшы өңірлерді тонап кейін
оралады. Осылайша VІІІ ғ. 30 жж. Сұлу қағанға шығыста – қытайлармен, батыста – арабтармен
бірдей соғыс жүргізуге тура келеді. 738 ж. Сұлу қаған өз ордасында қастандықпен өлтіріледі [12].
Сұлу қағаннан соң Түргеш қағанатындағы сары жəне қара түргештер арасындағы күрес қайта
басталып кетеді.
Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков кезекті бір мақаласында
түргештер жайлы былай дейді: «...Осындай атпен орта ғасырларда біздің бүгінгі тəуелсіз Қазақстан
аймағында жеке қағанат өмір сүргенін əлемдегі барлық тарихшылар толық мойындап отырса да,
«Түргештердің өздері кімдер?» деген сауалға жауап беруге келгенде, олардың этникалық жағынан
кейінгі қазақтарға тікелей қатысы барлығын айтуға бара бермейтініміз бар.
Мұның басты себебі, біздің ойымызша, дəстүрлі тарихи деректерге жеткілікті мəн бермеуімізден.
Сондықтан да Түргеш қағанаты тарихын жазуға атсалысқан академик В. Бартольд бұл этнонимнің
мəн-мазмұнын түсіндіруден қашқақтаса, ал ежелгі түркілер тарихын қалпына келтіруде қыруар еңбек
сіңірген Л.Гумилев сары түргештерді мукрийлерден, ал Қара түргештерді – аварлардан, яғни
жужандардан шығарып шатасты. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» десек те, мынаны
ескеруіміз керек: ХVІІ ғ. шежірелік деректерде үйсіндердің үшке – сарыүйсіндерге (сары
түргештерге), қара үйсіндерге жəне қызыл үйсіндерге бөлінетіндері белгілі. Кейініректе олардың
ықпалымен батыстағы көршілері қаңлылардың бір бөлігі Сары қаңлылар аталса, арада екі ғасырдан
145
соң шығыстан көшіп келген солтүстіктегі қыпшақтардың бір бөлігі де сары қыпшақтар аталып кетті»
[13].
Ал батыстүркілік-түргештерде (717-738 жж.) Сұлу қағанның билік етуі тұсында Мəуереннахр
арабтардан азат етіледі. 738 ж. түргештердің Сұлу қағаны өліп, түргештер қайтадан əлсіреген
шағында Наср ибн Сейяр қайтадан Ферғана мен Шашты өзіне бағындырады. Бұл кезде Мəуеренахр
билеушілеріне арабтарға қарсы күресу үшін тіпті Қытайдың өзі қолдау көрсетпей қояды.
Қарлұқтардың дулу (он тайпа) жерлерін жаулап алуы туралы түрлі деректерден мынадай
мəліметтерге куə боламыз: «...Терхин жазбаларында: «Ит жылында үш-қарлұқтар опасыздық жасап
қашып кетеді. Он оқ халқы жерінің батысына келеді» [14, 94-б.]. Сонымен қатар «Чжи-дэнің
билігінен кейін, 756 ж. гэлолу шамадан тыс күшке ие болып, ойхормен шайқасқа түседі. Ол он оқ
халқы ханының бұрынғы жерлерін иеленіп, Хынлос пен Суйе-чен қалаларын алады, алайда
ойхорлармен (Қытай шекарасындағы) байланыстың үзілуі олардың сарайға келу мүмкіндігінен
айырады [7, 355-б.]. Ұйғырлардың шапқыншылығынан қорғану мақсатында қарлұқтар он оқ халқы
қағандарының бұрынғы жерлеріне ауып келіп, кейіннен Су-е (Суяб) жəне Дань-ло-сы (Талас)
қалалары олардың тұрақты мекен-жайына айналады [15, 104-105-бб.].
«Тан-шу» династиялық тарихы қарлұқтардың (қытай деректерінде гэлолу деп аталады)
түргештерді жаулап алуы жөнінде былай деп хабарлайды: «Да-лидың билігі тұсында, 766 жж. Гэлолу
күшейіп, Суййе өзеніне қоныс аударады. Екі бірдей əлсіз рулар Гэлолу Хусэло үйінінң вассалына
айналады. Басқалары ойхорларға бас иеді» [7, 306-б.]. А.Г. Малявкин деректе аталған аталмыш
жолдарға мынадай пікірін білдіреді: «Да-ли билік еткен кезеңдерден кейінгі жылдары (766-780 жж.)
қарлұқтар күшейіп Суйе өзенінің аймағына қоныс аударады (сары жəне қара түршештердің əлсіреп,
қарлұқтарға бағынған кезеңі туады). (Ашиналардан) қалған тайпалар Хусело ұйғырларға барып
қосылады» [16, 201-б.]. Қарап отырсақ, зерттеуші екі бірдей тайпаны түргештер деп атайды. Қалай
болғанда да əңгіме бұрынғы батыстүркі қағанаты жөнінде, демек дулу тайпасы жөнінде болып отыр.
Ұйғырлардың мемекеті құрамына батыстүркілік тайпалардың енгендігі жайында деректерде
айтылған. Х ғ. соңында Сүн императорының елшісі Ван Яньдэ Тұрпан князьдығына барып, қызықты
есеп жасайды. Осы деректе Тұрпан князьдығының қолсатында болған əртекті тайпалардың тізімі
беріледі: «Гаочан мемлекетінің билігі төңірегінде мынадай əртекті тайпалар бар: оңтүстік жəне
солтүстік тюцзюэ, үлкен жіне кіші шығылдар, яғма, қарлұқ, қырғыз, барман, гет, урунгу тайпалары
[16, 177-б.]. Солтүстік тюцзюэ атауының аясанда батыстүркіліктер жатыр. Зерттеушілердің бірқатары
Вань-Яньдэнің хабарлаған мəліметтеріне сыни көзбен қараса да, батыс түркілік тайпалар, дəлірек
айтар болсақ, он оқ тайпалары VІІІ ғ. осы мемлекеттің құрамына кірген болуы əбден мүмкін.
Жоғарыда есімі аталған зерттеуші А.Г. Малявкин бұл деректің мəліметіне мынадай баға береді:
«Ван Яньдеде келтірілген тайпалардың тізімін Тұрпан князьдығының территориясында бірқатар
кішігірім тайпалардың өмір сүргендігі жайлы берген мəлімет ретінде қабылдауға болады» [16, 181-
б.]. Бұл жөнінде Н. Аристов қарлұқтардың бір кездері дулу конфедеруциясының құрамында болған
түргештер жерінің бір бөлігін жаулап алғаннан кейін, олардың ойхорлардың (ұйғырлардың)
бодандығын қабылдағандығын хабарлайды. Аталған дулу тайпалары жайлы араб деректерінде де
бірқатар мəліметтер келтірілген. Олардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ, қарлұқтардың
бодандығын қабылдамай қойған дулулардың келесі бір тобы жөнінде айталған. Ибн-Хордадбектің
хабарлауынша, «Тараздың сол жағында солтүстікке қарайғы аймақта қимақтардың мемлекеті бар».
Іле даласын жайлаған имақтар жайлы келесі бір араб авторы жазады əл-Идриси да хабарлайды.
Аталған араб авторларының берген деректік мəліметтеріне назар аударған Н. Аристов олар жөнінде
мынадай пікірін білдіреді: «...араб жазушылырының айтып кеткен қимақтары мен қаймақтары Шу
өзенінің сағасын жəне Сары-су бассейнін, сондай-ақ Іле даласын жайлаған батыс тукиюестік
тайпаларға бағынған түрік тайпалары болса керек. Олар қарлұқтарға, дəлірек айтар болсақ,
біріншіден, копалдар тайпасына, екіншіден, нүшүбилермен қосылып, Эбин-нор мен Іле даласын
жайлаған дулу тайпаларының бүтін аймақтарына бағынбады. Бұл аймақтар монғолдар кезеңіне қарай,
атап айтар болсақ, ХІІІ ғ. таман қарақидан гурханының басшылығымен Алмалығ иелігіп құрады» [8,
267-268-бб.].
Шу өзінінің сағасында VІІІ ғ. ортасында мекен етушілер жөнінде «Таншуда» мынадай деректер
бар: «...онда, диснатиялық тарих бойынша, он мыңдаған түркі əскері мекендейді. Олар басқаша
аталады». Н. Аристовтың пікірі бойынша деректе аталған түркі тайпалары шамасы Қартау жотасынан
оңтүстікке қарайғы аймақтарда өмір сүрген қаңлы тайпалары болса керек. Автордың пікірінше, батыс
түркі хандарына бағынып, алайда «он тайпаның» (дулу) құрамына енбеген деген мəлімет дəл осы
қаңлылар жайлы болып отыр [8, 268-269-бб.]. Қаңлы тайпалары тек VІІІ ғ. ортасына қарай
батыстүркілік тайпаларды қарлұқтар бағындырғаннан кейін ғана дербестік алады. Бұл жөнінде Ибн
Хордадбек хабарлайды.
Н. Аристовтың бұдан арғы пікірінде дулулар ұрпағының бір бөлігі қарлұқтардың билігін
мойындап, ал қалған дулу конфедерациясы Іле даласында жəне Жоңғар Алатауы аймағында
мекендегені жайлы айтылған. Бұл жерде біздің автор атаған дулулардың алдыңғысы, яғни
қарлұқтардың билігін мойындап, Қарлұқ қағанатының құрылуына қатысқан дулуларға ауып отыр.
Зерттеуші Г.Хабижанова өз диссертациясында қарлұқтардың қырғыз одақтастары болғандығы
146
жөнінде мағлұматқа ерекше назар аударады. Автор қарлұқтардың түргештер тəрізді қырғыздармен
ежелден туыстық байланысы болған дей келе, В. Бартольдтың мына ойына назар аударады: «...
түргеш қағандығы 740 жж. шамасында арабтар тарапынан жойылып жіберіледі; ал 756-757 жж.
түргештер мүлдем саяси мағынасынан айырылған». Дегенмен, автор түргештердің VІІІ ғ. өзіндік
саяси ролінен айырылса да, олар қырғыздардың одақтасы болу мүмкіндігін жоққа шығара
аламайтынызды атап өтеді. Сөзінің дəлелі ретінде автор Л.Р. Кызласовтың еңбегіндегі түргеш, аз,
қарлұқ жəне қырғыз этникалық топтарының ІХ-ХІІ ғғ. Алтайда сақталғандығы жайлы мəліметті
келтіреді [9, 126-б.].
Ғылыми əдебиеттерде тіпті қарлұқтардың Жетісудағы жəне Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси
билікті бағындарғаннан кейін мұсылмандық мəдениеттің ықпалына түскендігі жайында да пікірлер
кездеседі. Сондай-ақ қарлұқтардың ислам дінін Махда халиф тұсында-ақ, дəлірек айтар болсақ 775-
785 жж. аралығында қабылдап қойғандығы жайлы пікірлер де жоқ емес [17, 27-б.]. Ұйғырларға
бағынған қарлұқтар мен батыстүркілік тайпалар арасындағы қарым-қатынастар жөнінде ежелгі
қырғыздар тарихын зерттеуші белгілі ғалым К. Петров былай деп жазады: «қарлұқ тайпалары
кезіндегі «он оқ» тайпасының қалдықтары, олар Шығыс Тань-Шань аймағын мекен етіп,
ұйғырлардың билігіне мойынсұнады» [18, 106-б.]. Автор бұдан əрі қарлұқтардың бұдан кейін 790 жж.
тибеттіктерді шақырып, олармен күш біріктіріп Бэйтинді басып алғандығы жайлы айтады. Осы оқиға
барысында қарлұқтар арқылы аталған аймақтан ұйғырлар мен қытайлықтар қуылған [18, 106-б.].
Бірақ бірнеше жылды өткізіп бұл аймаққа ұйғырлар қайта оралады. Батыстағы түркі руларының
арасынан Н. Бичурин чуюе тайпаларының атын атап өтеді, автор олардың қытай деректерінде шато
атымен қалғандығы жайлы айтады.
Мақаламыз барысында аталған ойларымызды бір түйінге келтіре отырып, төмендегідей ғылыми
тұжырым жасауға болады.
Біріншіден, Батыс Түрік қағанатының этникалық негізіне айналған «он оқ» тайпасының (он тайпа
дулу, он тайпа нүшеби) құрамындағы түргештер Түргеш қағанаты құрылғаннан кейін екі жаңа
бірлестік – тухси мен азтың құрылуына да негіз болады. Аздар түргештердің құрамындағы
анағұрлым күшті тайпалардың бірі болады. Кейініректе аздар Жетісуда қарлұқтардың мемлекеті
құрылған кезде соңысының құрамына кіреді. Сондай-ақ мақала барысында жаңа тұжырым - дулу мен
отыз оғлан тайпаларының арасындағы байланыстың болу ықтималдығы ұсынылған болатын. Отыз
оғлан тайпалары ежелгі түркілермен бірге шығыстан келеді де, кейін батыс түріктердің құрамына
кіреді. Бұлар да тухси, аз, шығыл, қарлұқ, яғма тəрізді тайпалармен қатар алдымен қарлұқтар
мемлекетінің құрамында болып, ал кейін қарлұқтардың мемлекеті құлаған соң, аталған тайпалармен
бірігіп Қарағанидтер қағанатын құруға негіз болады.
Екіншіден, Қарлұқтар мемлекетінің тарих сахнасынан ығысуы олардың тарихтан мүлдем
өшкендігінің белгісі емес. Қарахандар билеген мемлекеттің этникалық негізін құраған тайпалар
арасында яғма, қарлұқ жəне шығыл тайпалары, сондай-ақ қарлұқ мемлекетінің саяси бірлестігінің
негізі болған бұрынғы батыстүркілік – дулулардың да болғандығын атай аламыз.
Үшіншіден, Қарахан мемлекетінің орналасқан аймағы да бұрынғы батыстүркіліктерден
қарлұқтарға мұра болып Шығыс Түркістанның Испиджабқа дейінгі Жетісу бөліктері болатын.
Əдебиеттер:
1. Сыздыков С.М. Қарлық мемлекетінің тарихы. – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 216 б.
2. Шараф аль-Заман Тахир Марвази Естественные свойства животных. Глава о тюрках. Перевод В. Храковского //
Труды сектора вост-я. – Алма-Ата, 1959. – Т.1. – С. 208-218.
3. Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. Исторический очерк этих стран в связи с
историей Средней Азии. – Л., 1926. – Т.2. – 896 с.
4. Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. – М. -Л., 1951. – 452 с.
5. Акеров Т. Древние кыргызы и Великая степь (по следам древнекыргызских цивилизации). – Бишкек, 2005. – 252 б.
6. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. Тексы и исследования. – Новосибирск:
Наука, 1989. – 432 с.
7. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Ср
едней Азии в древние времена. – Алматы, 1998. Т. 1.
- 390 с.
8. Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара-кыргызы: Очерки истории быта населения заподного Тань-Шаня и
исследования по его исторической географии. – Бишкек: Илим, 2011. – 582 с.
9. Хабижанова Г.Б. Тюркский фактор в становлении протоказахских племенных образовании в ІХ-ХІІ вв: тар. ғыл.
докт. диссертац. автореф. // əл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы, 2010.
10. Аль-Истахри Извлечения из «Китаб месаллик ал-мемалик» // Материалы по истории туркмен и Туркмении. – М.-
Л.: АН СССР, 1939. – Т.1. – С. 167-180.
11. Извлечения из «Китаб футух ал-Булдан» аль-Балазури // Материалы по истории туркмен и Туркмении. – М.-Л.:
АН СССР, 1939. – С. 62-77.
12. Сұл
у қаған // www.wikipedia.org
13. Омарбеков Т. Түргеш-Алаш егемен Елі // www.sjanbolat.blogcn.com.
14. Кляшторный С.Г. Терхинская надпись // Советская археология, 1980. - №3. – С. 82-95.
15. Зуев Ю. А. Тамги лошадей из вассальных княжеств //ТИИАЭ АН КазССР, 1960. Т. 8. – C. 225.
16. Малявкин А.Г. Уйгурские государства в ІХ-ХІІ вв. / Отв.ред. Ю.М. Бутин. – Новосибирск: Наука, 1983. – 297 с.
17. Байпаков К.М. Великий Шелковый путь в Центральной Азии // Материалы нау
чно-прак.конференции
«Шелковый путь и Казахстан». – А, 1999. – С. 17-28.
147
18. Петров К.И. Очерк истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. / Под ред. Док.ист.н. АН СССР А.А.
Рослякова. Ашхабад: Илым, 1969. – 295 с.
Достарыңызбен бөлісу: |