Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79

Литература и источники: 

1.

 

Муканов М.С. Казахская юрта. – Алма-Ата, 1981; Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. – М., 1964; 



Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана. - М.: Наука, 2000; Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии. 

М., 1991; Жуковская  Н.Л.  Категории  и  символика  традиционной  культуры  монголов.  М., 1988; Сагалаев  А.М., 

Октябрьская  и  др.  Традиционное  мировоззрение  тюрков  Южной  Сибири.  Пространство  и  время.  Вещный  мир. 

Новосибирск, 1988; Михайлов  В.  А.  Войлочная  и  деревянная  юрты  бурят    Улан-Удэ, 1993; Содномпилова  М.М. 

Семантика жилища в традиционной культуре бурят. Иркутск, 2005 и др. 

2.

 



Шаханова  Н.  Ж.  О  семантике  юрты  у  кочевников  среднеазиатско-казахстанского  региона // Традиционные 

ритуалы и верования. Часть 2. - М. 1995; Толеубаев А. Юрта в представлениях, верованиях и обрядах казахов. // Кочевое 

жилище народов Средней Азии и Казахстана. - М., 2000. 

3.

 



Махова  Е.И.  Материальная  культура  киргизов  как  источник  изучения  их  этногенеза // Труды  Киргизской 

археолого-этнографической экспедиции. – М.:Наука, 1959. Т. III. – С.44–58; Антипина К.И. Особенности материальной 

культуры  и  прикладного  искусства  южных  киргизов. - Фрунзе:  АН  Кирг.  ССР, 1962; Алымбаева  Б.  Юрта  киргизов  в 

прошлом и настоящем //Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 2000. – С.92–107; Чокотегин 

М. Тоо көчмөндөрүнүн турак жайларынын этногенездик жана маданияттык негиздери. – Бишкек, Алтын-Принт, 2012 и 

др. 


4.

 

Кочкунов  А.С. Жилище  в  системе традиционной  похоронно-погребальной  обрядности  кыргызского  народа // 



Этнографическое обозрение. – М.: Наука, 2008. №5. – С.144–159. 

5.

 



Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе: Кыргызстан, 1990.  

6.

 



Джумагулов А. Семья и брак и киргизов Чуйской долины. – Фрунзе, АН Кирг. ССР, 1960.  

7.

 



Кочкунов  А.С.  Институт  добрачных  свиданий  жениха  и  невесты  в  традиционной  свадебной  обрядности 

кыргызского народа (основные элементы и некоторые вопросы генезиса) // Вопросы истории Кыргызстана. – Бишкек, 

2012. № 2 – 3. – С.196–207. 


195 

 

8.



 

Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв.527. 

9.

 

Рукоп.  фонд  Национального  центра  манасоведения  и  художественной  культуры  НАН  КР.  Абдрахманов  Ы. 



Кыргыз элинин үрп адаты. Инв. 342. 

10.


 

 Симаков,  Г.Н.  Общественные  функции  киргизских  народных  развлечений  в  конце  Х1Х – начале  ХХ  в. 

Историко- этнографические очерки. – Л.: Наука, 1984. 

11.


 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв.527. 

12.

 

 Рукоп.  фонд  Национального  центра  манасоведения  и  художественной  культуры  НАН  КР.  Абдрахманов  Ы. 



Кыргыз элинин үрп адаты. Инв. 342. 

13.


 

 Абдалиева  Г.  К.  Кытайлык  кыргыздардын  руханий  маданияты 1949-2004-ж.ж. (Кызылсуу  Кыргыз 

автономиялык областында жашаган кыргыздардын мисалында) [Текст]: автореф. дис. ... канд. ист. наук. – Бишкек, 2008. 

14.


 

 Рукоп.  фонд  Национального  центра  манасоведения  и  художественной  культуры  НАН  КР.  Абдрахманов  Ы. 

Кыргыз элинин үрп адаты. Инв. 342. 

15.


 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв. 2021. 

16.

 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв. 326. 



17.

 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв. 320. 



18.

 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв.2021. 



19.

 

 Рукоп. фонд Национального центра манасоведения и художественной культуры НАН КР. Инв.2021. 



20.

 

 Полевые материалы автора, с. Ачык-Алма. Джергетальский р. Таджикистан. 1989 г. 



 

 

Д.Б. Ескекбаев  

Ш.Ш.Уəлиханов ат. Тарих жəне этнология институтының ж.ғ.қ.,  

т.ғ.қ., доцент (Алматы қ.) 

 

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ –ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ 



ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР (ғылыми жоба аясында Қарағанды облысының Жаңаарқа 

ауданына ұйымдастырылған экспедиция материалдары негізінде

 

Қазақстандағы  іргелі  аудандардың  бірі – Жаңаарқа.  Жаңаарқа  десе  Байдалы  би  мен  Байғозы 

батыр, Кенесары хан мен Ақжолтай Ағыбай батыр, Телғозы Шоң би мен күйші Сайдалы Сары Тоқа, 

ақын Сəкен мен қобызшы Ықыластай елге əйгілі тұлғалар еске түседі. 

Ғылымда  «Андрон  мəдениеті»  деп  аталатын  мəдениетті  өмірге  келтірген  жұрттың  сонау  бағзы 

замандардан-ақ  осы  өңірді  мекендеп,  аң  аулап,  мал  өсіргенін,  қала  салып,  кен  қорытқанын 

археологиялық  зерттеулер  қазба  материалдар  дерегімен  жан-жақты  дəлелдеп  беріп  отыр.  Осындай 

көне  мəдениет  ошағы  болған  Жаңаарқа  өңірінің  төрінде  орналасқан  Ортау,  Ақтау,  Кертау,  Желтау, 

Қызылтау,  Қабантау,  Толағай  секілді  өмір  сүруге  аса  қолайлы  жатаған  таулардың  бағзы  заманның 

билеушілері Оғыз қаған, Алаша хандардан бастап, XV ғасырда шаңырақ көтерген Қазақ хандығының 

алғашқы хандары Керей мен Жəнібектен соңғы ханы Кенесарыға дейінгілердің бəрінің Сырдария мен 

Шу  өзенінің  бойы  еркін  жайлар  иен  жайлауы  болғандығы  да  тарихтан  белгілі.  Демек,  əр  тараптан 

ағылып  келіп  бас  қосып,  тоқайласып  елдік  мəселелер  шешкен  жерде  өміршең  салт  дəстүрлердің 

қалыптасып, жұрттан жұртқа жұғысты болып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтаса жалғаса берері ақиқат. 

Өзінің  топырағынан  шыққан  белгілі  қоғам  қайраткерлері,  жыршы,  ақындарды  ғана  емес,  ұста, 

зергер,  қолөнер  шеберлерінің  өнер  туындыларын  ұрпағына  насихаттап,  мəдени  мұраларын  сақтап 

халыққа  жеткізіп  отырған  Жаңаарқа  аудандық  С.Сейфуллин  атындағы  тарихи-өлкетану  музейі. 

Музейде  тамырын  сонау  тереңнен  алып  бүгінге  дейін  үзілмей  келе  жатқан  көне  өнердің  бірі  қол 

өнердің  небір  туындылары  қорда  сақталған.  Сонымен  бірге  сол  туындыларды  жасаған  ұста, 

шеберлердің өмір баянын, олардың қолынан шыққан заттай деректермен кеңінен танысуға болады. 

Жаңаарқа өңірі ежелден ақ қолөнер шеберлеріне бай болған. Киіз үй сүйегін шабатын Малайсары, 

Ақтай,  Əлжік,  Дүржан,  Сқақ,  Шабдар,  Кəрім,  Ошақбай,  Рақыш  сияқты  ағаш  шеберлерінің, 

Дырылдай,  Солақай,  Айнабек,  Ақажан,  Аман,  Ақшым,  Əбдірəсіл,  Əбжан,  Əлихан,  Əубəкір,  Баян, 

Ермағанбет,  Жауқа,  Зият,  Кəрім,  Кенжебай,  Көшкен,  Қаппас,  Қорқақ,  Құрманбай,  Мазақ,  Рақыжан, 

Рысмағанбет,  Сағындық,  Сəдуақас,  Садырбай,  Сəрсенбай,  Сəти,  Сұлтанəлі,  Сыздық,  Ташмағанбет, 

Төлеген,  Төлеу,  Төкір,  Тырқым,  Шəріп,  Шөкей,  Ыбырай,  Борсынбай,  Жекен,  Тұрғанбай  секілді 

ұсталардың, сол сияқты Қалила, Мұхитдин, Аманжол, Зəйкіш, Үйсінбай сынды зергерлердің, Əукен, 

Дүкенбай, Кəрім, Омар, Сейсеке, Сығай, Ыбрай сынды етікшілердің, Əлкей, Баймағанбет, Балтабай, 

Мамаш,  Түсіп  сияқты  өрімшілердің  өнері  көпке  əйгілі  болды.  Баяу,  Бөпежан,  Галия,  Гүлжаһан, 

Дəметкен,  Зылжан,  Шəрбан,  Кенжекей,  Ұрқыш  сияқты  тігіншілердің  тіккен  киімдері  мен  текемет, 

сырмақ,  бітпестерін  дүйім  жұрт  пайдаланған,  кейбіреуі  бүгінде  аудандық,  облыстық  тіпті 

республикалық  мұражай  қорларында  сақтаулы.  Мəселен,  Ысқақов  Шақалақтың  (Түсіпбайдың) 

ағаштан жасаған аспаптары (11 дана) Астанадағы Елбасы атындағы мұражай қорына алынды [1, 272-

б.]. 


Елдің  аузында  қалған  Шөкей  ұстаның  руы  қырғыз (1820-1890). 1830 жылдардың  бас  кезінде 

патшаның «Омбы облысына жататын сырт округтердің Ақтау деген жерінде бекініс салынсын» деген 



196 

 

указы  шығысымен  Ақтау  дуанының  құрылысы  басталды.  Ор  қазу,  кірпіш  құюға  жергілікті 



тұрғындардан  жұмыскерлер  жалдаумен  қоса  іс  білетін  ұста-зергерлерін  де  жұмысқа  тартады. 

Тұқымына ұсталық дарыған жас жігіт Ақтау дуанын салып жатқандардың ұстасы болып орналасады. 

Бір егде тартқан орыс балташысы оған ағаш өңдеу тəсілдерін үйретіп, екеуі дос болған.

 

Ал,Үйсінбай 



зергер,  руы  Қалыбек 1892 жылы  туып, 1977 жылы  қайтыс  болған.  Үйсінбай  оң  қолынан  өнері 

төгілген ұста, ағаш шебері, білезік, жүзік, сақина жасайтын, күмістеген ертоқым, арқардың мүйізінен 

ожау  жасайтын  шебер  зергер  болған.  Жазушы  Бұқпа  Əшімовтың  «Тауда  туған  əн»  деген  деректі 

əңгімесінде  Үйсінбайдың  Сəкен  Сейфуллинмен  дос  болғаны,  Сəкенге  ақ  ертоқым  сыйлағаны 

баяндалады [2, 160-б.]. 

Руы  Тоқа,  Сейтмұрат  келіні  Ұрқыш  тігінші (1891-1964). Ұрқыш  жан  жақты,  аса  өнерлі  адам 

болған.  Ойған  ою,  басқан  текемет,  сырыған  сырмақтарын,  тіккен  киімдерінен  бөлек  ол  кісінің 

тоқыған  шым  шилерікөздің  жауын  алатын.  Сəкен  Сейфуллиннің 70 жылдық  тойында  Иманақ 

тауының  баурайына  тігілген  алты  қанат  ақ  боз  үйге  тұтылған  щым  щилер  де  Ұрқыш  шебердің 

қолымен  тоқылған  еді.  Тойға  арнайы  шақырылған  жазушы  Сəбит  Мұқанов  шидің  əшекейіне  таң 

болып «Мен талай шилерді көріп едім мына шидің өрнегі, ораған жүнінің бояуы қандай керемет» деп 

таң  тамаша  болған  екен.Ұрқыш  шебердін 1953 жылы  Файзулла  деген  баласы  үйленгенде  келініне 

арнап  тоқыған  екі  бірдей  шым  шиі  Жаңаарқа  аудандық  тарихи  өлкетану  музейінде  əлі  күнге  дейін 

көне жəдігерлердің көзіндей сақтаулы тұр (реставрацияға өткізілген). 

Ел ішінде Сығай етікші атанып кеткен Қырғыз Жұмайұлы Сығай (1886-1991). 78 жасқа келгенше 

қолынан  бізі,  көзінен  көзілдірігі  түспеген  етікшінің  өнері  бүкіл  Жаңаарқа  жұртшылығына  мəлім 

болған. Аудан орталығында тұңғыш рет тұрмыс қажетін өтеу комбинаты құрылғанда алғашқы буын 

ісмер  етікшілердің  алды  болды.  Бұрын  қазақ  етік,  мəсі  байпақ,  кебіс,  шоқай  тіксе,  кейінгі  кезде 

қасқыр терісін өзі илеп, бабына келтіріп унти тігуді меңгерді. Сығайдың өнерін жоғары бағалағандар 

оған  үнемі  тапсырыспен  киім  тіктіріп  отырған.  Мəселен,  ел  арасында  аты  құрметпен  аталынатын 

жетпісінші жылдардағы Жаңаарқа аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұқан Медеубаев 

қасқыр терісінен унтиды үнемі Сығайға тіктіріп киген. 

Руы  Тама  Шажа  Баймұқанұлы  Түсіп  атанған  өрімші (1889-1965). Өрімшілік  өнері  өлшеусіз 

дарыған Шажа Түсіптің өрген он екі таспалы жыланбауыр қамшыны топшылауы (қамшының ұшын 

бекітуі)  өзіндік  стилімен  ерекше  бағаланған.  Сегіз  таспадан  өретін  қамшының  топшылауы  өзінше 

бөлек. Ал он бес таспадан өрген жүгеннің бет жағы, сегіз өрімді екі қамшыны қатар қойғандай болып 

шығып,  асты  өзексіз  жадағай  болып  тоқылатын.  Бұлай  болу  себебі  он  бес  таспаның  бір  жағы  сегіз 

таспадан  өрілген  қамшы  болса,  сол  таспаны  екінші  жағына  шығарып  өргенде  екінші  сегіз  таспалы 

қамшының  беті  шығады  да,  əрілі-берілі  өткермеленетін  таспаның  астыңғы  жағы  теп-тегіс  болып 

біріктіріледі. Өрмекшінің қолынан шыққан шідерлердің топшылауы да ерекше сəнді болған. Сондай-

ақ  өретін  жүген, қамшы, шідерге  таспа  дайындау  технологиясы  да  ерекше. Қайысты  тіліп  алғаннан 

кейін оның  мінін  қынап, алып тастауға  арналған  сыдырғы-ағаштан  жасалынған  арнаулы ойығы  бар 

аспабы  болған.  Соның  арасына  таспаны  салып  өткір  пышақты  шетіне  тигізіп  тартқанда,  пышақ 

таспаның мінін жоңып алып қалады. Сыдырған таспадай деген теңеу содан қалса керек [1, 285-б.]. 

Руы  Аралбай  Жəмпейісұлы  Сейсеке  етікші (1902-1963). Жаңаарқа  ауданында  тұңғыш  Қызылту 

артелі ұйымдасқанда етікшілер цехын басқарып, əрі етік тіккен. Сейсеке тіккен етіктің шегесі шығып 

көрмеген.  Ол  өзі  етікшілерге  бас  болып  етік  тігетін  материалдар  былғары  мен  ұлтанды,  қайыңнан 

шегені  өздері  дайындаған.  Ірі  қараның  терісінен  етік,  мəсі,  байпақ,  кебіс  тігетін  тарамысты  қолдан 

ширатып,  өздері  дайындап  алатын.  Қисық  табан  жым  етіктер  жүргенде  сықырлап  сəнді  дыбыс 

шығару үшін ұлтанына қайың қабығынан тоз салатын. Қазақы саптама етік, ат үстінде ыңғайлы, жаяу 

жүргенде  жеңіл биік өкшелі  сəнді «Сармантай етігі» деп аталатын үлгіде тігілген. Кейіннен оң аяқ, 

сол аяққа лайықты етіп тігіліп «қисықтабан етік» деп аталынып кеткен жаңа үлгідегі құрым етіктер 

де Сейсеке етікшінің атымен байланысты болса керек [2, 405-б.]. 

Руы Қараағаш Найманы Əбішұлы Ошақбай үйші (1894-1978). Қараағаш орман шаруашылығының 

байырғы  жұмыскері.  Киіз  үй  сүйегін  басуда  алдына  жан  салмағаң  шебер.  Соғыс  жылдары 

орманшаруашылығын  басқарКолхоздарғаөгізжегетінмойынағаш,айап,  күрек  сап  дайындаумен  қатар 

арқанын  қысынына  лайықтап  шана  да  жасай  білген.  Ошақбайдың  соғыс  жылдарында  ел  мұқтажын 

өтеудегі елеулі жұмысы тон жасайтын қой терілерін илеп, қабық қайнатқан суға салып қылыл күрең 

түске  енгізіп,  тауардың  сапасын  арттыруы,  сиыр  терісінен  етікке  қоныш,  бас  ұлтан  жасайтын 

былғары дайындауы айрықша болған. 

Руы  Қырғыз,  Шөкейұлы  Сəрсенбай (1868-1932) да  айтулы  ұста,  зергер  болған.  Ол  кісі  соққан 

кісенің  кілтін  ешкім  қайталап  жасай  алмаған.  Руы  Алтай  Аралбай  Жəмпейісұлы  Төлеу  Қызылтау 

руднигінің  ұстасы  болған.  Тас  тесетін  ұшпырлар,  қайла,  шапқы  (клин)  жасаумен  аты  шыққан 

талантты, еңбекқор ұстаны Карлаг атқыщтары қашқынсың деген желеумен 1943 жылы атып тастаған. 

Қызылтау  тауынының  баурайы  вольфрам  кеніне  өте  бай  өлке. 1940-1953 жылдары  бұл  жерлерде 

«Карлаг»  бөлімшелері  ораласып  кен  өңдірілген.  Қызылтаумен  қатар  жатқан  Ақтау,  Ортау 



197 

 

тауларының қойнауларында соғыс жылдарында Карлаг тұтқындары қой баққан. Тек кейіннен Сталин 



өлген  соң  ғана  бұл  өңірлер  қой  өсіретін  колхоздарға  шоғырланып,  жеке  артельдерге  ұйымдаса 

бастады.  Ел  елден  қолынан  іс  келетін  ісмер  шеберлер,  ұсталар  алдырылынып,  ұсталық  дүкендер 

ұйымдастырылған [3, 166-б.]. 

Руы Аралбай ішіне сіңген Ағыс, Текебайұлы Құрманбай ұста (1923-1993) соғыс басталған жылы 

ФЗО-ға алынып, оны Жаңаарқа стансасындағы локомотив депосына жұмысқа жіберілген. Құрманбай 

алғашқыда ұстаға балғашы болып орналасады. Екі үш ай өткенде негізгі ұстаны əскерге алып кетіп, 

орнына  балғашы  бала  ұста  болып  қалады.  Паровоз  депосындағы  ұста  цехындағы  соғылатын 

бөлшектердіңбəріпаровозға керекті нəрселер. Паровоз түтігі майысып, жиі істен шыққан сайын қайра 

соғады. Түтікті бекітетін құрсау (кроштейн) жасайды. Паровозға от жаққанда темір көсеу (резак) шақ 

келмейді. Соны дайындайды. Ақауланған рессор, паровоз мұржасының жел тартқышы сияқты қиын 

жұмыстар жасайды. Əртүрлі кілттер, слесарь токарларға шапқы, кескіштер əзірлеп береді. 

Руы  Тоқа  Кəрімұлы  Жұмақұл  үйші 1948 ж.  туған. 10 сынып  бітірген  соң  əкесі  Кəріммен  бірге 

Қараағаш орман шауашылығында киіз үй сүйегін басуға жұмысқа орналасады. Жұмақұл 1974 жылы 

бір сыр бөліскенде киіз үй сүйегін жасаудың əкесінен үйренген технологиясын былайша баяндайды: 

«Үй  сүйегіне  дайындалған  ағаштың  сапасын  анықтаған  соң,  түптеу,  беттеуге  кіріседі.  Бұнда 

қабықтайды,  бұтақтайды.  Қабығынан  арылған  ағаштарды  сымбалдап  буып,  суға  салып  тастайды. 

Суға суарылып əбден бабына келген соң қозға салып он бес минуттай балқытады. Қоз деген қойдың 

құмалағы  қордадан  шығатын  тезек,  жалын  шықпай  жанатын  от.  Балқыған  ағашты  тезге  салып, 

қисығын түзетеді. Тез деген ағаштан жасалынға станок. Тезден шыққан ағаштарды қайыра ағартып, 

жонады. Бұдан соң жосалайды (жоса қызыл топырақ). Бұдан шыққан соң демдейді. (Тесілетін жерге 

белгі салуды демдеу дейді). Тесіп болған соң, ұштарын қаламдайды. Одан соң көктейді (көктеу деген 

ағаштарды  бір  бірімен  таспамен  тесігінен  бекіту).  Отыз  екі  ағаштан  құралған  бас  керегені 13 көк 

желкөз кереге дейді. Биіктігі екі метр, жазғанда бес метр жерді алады. Көктеп болған соң сағанағын 

кесіп, (сағанақ  екі  керегені  бір  біріне  жалғастырғанда  сұғынысып,  қабысып  түратын  шеті)  өзіне 

келтіріп  қабыстырып  көреді.  Кереге  бетіне  қобы  орақпен  өрнек  салынады.  Кереге  жасау  он  екі,  ал 

уық жасау жеті процестен өтеді. Жоса мен сүт араластырылыпжасалынған бояумен боялады. Сапалы 

жасалынғанкиіз  үй  сүйегі 50-60 жылға дейін  шыдайды. Тор  көз  кереге  деген  болған  көрінеді, оның 

сүйегі ауыр, көздері кіші болады деп отырушы еді əкей» деп тəжірибесімен бөліскен екен. [1, 277-б.]. 

Қожа Əзизұлы Мамаш өрімші (1890-1965) Жаңаарқа өңіріндегі Сабылт қожадан тараған ұрпақтар. 

Бұл  кісі  асқан  мерген,  аңсақ  адам  болған.  Шауып  келе  жатып  ұшып  бара  жатқан  дуадақты  атып 

түсіретін  қол  мерген  еді  дейді  көз  көргендер.  Соғыс  аяқталар  қарсаңында  киік  етін  дайындайтын 

мергендер тобын басқарған. Қамшы, шідер, жүген, шлия, құйысқан өргенін былай қойғанда отыз екі 

таспадан торсық өрген шебер өрімші болған. Мамаш өрімшінің апасы Дəкен де тері өңдеудің алуан 

түрлі əдісін білетін шебер, киік терілерін айранға бояп құрым (замшы) жасап галифе шалбар, пенжак 

сияқты киімдер тіккен. Оюдың түр-түрін ойып, киіз басудың не бір қилы əдістерін меңгере білген. 

Смайылұлы Рақыжан молда (1887-1984) Жаңаарқа жерінде туып өскен. Руы Алтай Барақ. Мəжит 

молда мен  Иса қажыдан оқып, діни білім  алған. Жиырма  алты жыл  ескіше бала оқытқан. Сонымен 

қатар  асқан  зергер,  ұста  болған.  Ақтүбекте  МТС-те,  Тілеке  мойынсерігінің,  Бірлік,  Ынтымақ 

ұжымшарларының ұстасы болып жұмыс істеген [2, 408-б.]. 

Рақыжан  ұста  соққан  қолға  ұстар  ілгіші  бар  күміс  кепсер,  қорғасын  құйғыш,  қапсырма  түрлері, 

жүзік сақиналар, ерекше бір нақышпен жасалынған күмістеген ер тоқым, ожаушалар жəне т.б. көне 

жəдігерлер ескінің көзіндей болып бүгінгікүнге жетіп отыр (суретті қараңыздар -№ 54, 3, 7). 

Сəкен  Сейфуллин  атындағы  Жаңаарқа  өлкелік  тарихи  мұражайында  жоғарыда  аталынған 

шеберлердің  көзіндей  болып  ұрпақ  сабақтастығын  үзбей  жалғастырып  келе  жатқан  бір  топ  шоғыр 

кейінгі  буын  өкілдері  де  бар.  Мəселен,  Оспанов  Хафиздың  май  қарағайдан  сүйекпен  нақыштап, 

əрлеген  заттары:  адалбақан,  жастық  салғыш,  ағаштан  ойып  жасаған  табақша,  ағаш  ожау  сияқты 

ұлттық  бұйымдары  (суреттері  берілген);  Жұмабеков  Ғазиздың  қол  өнер  туындылары,  тарихи 

тақырыптарға  арналған  көркемсуреттері  жəне  құмнан  сазданилеп,  күйдіріп  жасаған  жəдігерлері 

(суретте);  Төлегенқызы  Сəлиманың  қолдан  тіккен  текемет,  сырмақтары  (суретте);  Сыздықов 

Жалынның  қолынан  шыққан  өнер  туындылары  құран  кітабының  кейпімен  жазылған  сүрелер,  түйе, 

тасбақа  бейнелері  (суретте:  № 66), түрлі  саз  аспаптары  сан  рет  облыстық  деңгейдегі  көрмелерге 

қойылып, мамандардың тарапынан өте жоғары бағаланды. 

Бабалардан мұра боп жеткен кие өнерден қол үзбей жəне оны келешек ұрпаққа үнемі насихаттап 

келе  жатқан  азаматтардың  бірі  Болат  Қайранбеков. Атасу  кентінің  тумасы (1950 ж.т.)  жасынан  осы 

өнер  жолын  өзінің  өмірлік  ұстанымына  айналдырған.  Болаттың  мұражай  қорына  өткізген  өнер 

туындылары  қайыстан  өріліп, шырғай  саппен  қапталған  қамшысы (1987 ж., суретте  №1), қайыңнан 

жасалынып сырты сырланғаножау, насыбай үккіш, сиыр мүйізінен жасалынып, оюмен безендірілген 

насыбай құтысы (1996 ж.) жəне С.Сейфуллиннің 100 жылдық мерей тойына арнап Сəкеннің портреті 

бейнеленген шиден өріп тоқыған кілемі (1994 ж.) жəне т.б. 


198 

 

Болат  ұста  жылда  оқушылармен  кездесу  ұйымдастырып  шимен  кілем  өріп,  тоқу  өнерін  ортаға 



салып оқушыларға шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін шебер қазіргі 

заманға  сай  темір  пештер  мен  электр  құралдармен  пісілетін  күбі  нұсқаларын  да  жасайды.  Ұстаның 

қолынан  шыққан  өнер  туындылары  аудан  мектептерінде  жылжымалы  көрме  аясында  үнемі 

насихатталынып отырады. 

Сондай-ақ, жекелеген шеберлер қолынан шыққан ұлттық қолөнер бұйымдары да мұражай қорын 

толықтырып көрнекі жерлерден орын алған. Бибіша Халилақызының 1946-1950 жылдары əсемдеген 

тұскиізі 1970 жылы Канадада (№ 42), ұйымдастырылған Халықаралық көрмеге қойылған. Ол бəтша, 

су  үшкіл  жəне  басқа  өрнектерден  құралған.  Мұражайдың  көрме  залының  шырайын  келтіріп  тұрған 

тағы бір туындылар Тұрғанбай Дүйсенұлы қайыстан өрген шідері (№ 51), мен Мəриям Айтжанқызы 

жасаған  тұскиіздер  (№ 55), жəне  Төрехан  Аманжол  жасаған  тұсамыс  кісең  кілттерімен  қоса 

(суреттері берілген, № 985) өзіндік ерекшеліктерімен назар аудартады. 

Енді  қолөнер  бұйымдарын  жасауға  қажетті  материалдардың  кейбір  түрлерінің  дайындалу 

жолдары  мен  технологиясы,  сондай  ақ  қолданылу  əдістеріне  де  тоқталмақпыз.  Мəсі  аяқ  киімі 

былғарыдан,  шегіреннен,  құрымнан  тігіледі.  Сыртынан  кебіс  не  галош  киіледі.  Мəсінің  қоңышы 

астарланып,  көмкеріледі.  Ал  ұлтаны  жалаң  қабат  болады.  Ол  тарамыспен  ішкі  жағынан,  сондай  ақ 

жара шаншу арқылы тігіледі. Етікші мəсіні тіккенде, ең алдымен басын, қоңышын жұқа былғарыдан, 

ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, басын қоңдырады. Осыдан 

кейін  мəсінің  қонышын  тігеді.  Мəсі  жеңіл  əрі  жұмсақ,  жəне  тазалық  үшін  қолайлы  аяқ  киім  болып 

саналады. 

Жүген – ер-тұрман  əбзелі.  Ауыздық  пен  тізгін  арқылы  ат  басын  ырыққа  көндіру  үшін 

қолданылады. Жүгеннің өрме жүген, қайыс жүген деген түрлері бар. Өрме жүген таспадан өріледі, ол 

қайыс  жүгеннен  мықтырақ  болады.  Жүгеннің  ат  аузына  тірелетін  бөлігін  сағалдырық,  екі  жағын 



жақтау,  төбеге  киілетін  бөлігін  төбелдірік,  кекілін  басып  тұратын  қайысты  кекілдірік,  кеңсірігінің 

үстінен  тартылған  бөлігін  кеңсірік  деп  атайды.  Ауыздықтың  екі  жағына  ұзындығы  екі  метрдей 

болатын тізгіннің екі ұшы бекітіледі. Атты мама ағашқа байлап қою үшін қылдан есілген не қайыстан 

жасалған  шылбыр  жүгеннің  ауыздығы  мен  жақтауын  біріктіретін  оң  жақ  шығыршыққа  байланады. 

Жүген  мен  ноқтаны  қабат  қолданғанда  алдымен  ноқта,  содан  соң  жүген  салынады,  шылбырды 

ноқтаға байлайды. 

Ирек ағаш тері өңдеуге арналған құрал. Жалпақтығы 10-15 см., қалыңдығы 7-8 см., ұзындығы 60-

70  см.  болады.  Ишілер  тұтынатын,  иленген  терінің  қыртысын  жазып,  жұмсарту  үшін  қолданатын, 

иіні іш жағынан кертілген бедерлі ағаш. Иленіп, кепкен терінің бір жағын аяққа басып тұрып, екінші 

жағын ирек ағашқа орап алып, бұраулап, тартқылайды. Сонда тері тегістеліп созылады да еті көшіп, 

жұмсарады. Ирек ағашты байпақ (пима) басушылар да қолданады. 

Кереге  киіз  үй  сүйегінің  қабырғалық  бөлігі,  талдан,  жіңішке  қайыңнан  жасалады.  Кереге 

көздерінің  көлеміне  қарай:  тор  көзді  (кішкене)  жəне  жел  көзді  (үлкен)  кереге  болып  екіге  бөлінеді. 

Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас, жел көзді керегеде 17 бас болады. Керегені жасайтын жас 

тал  мен  қайыңның  қабығын  аршып,  көлеңкеде  кептіргеннен  кейін  қозға  көміп,  жұмсартады.  Сонан 

соң, тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып, мүсіндейді. 

Бұдан соң оларды бір бірімен қосып, түйенің, өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктеп 

жосаменбояйды.  Ауқатты  адамдар  керегені  əр  түрлі  бояулармен  сырлатып,  басын  ішкі  жағынан 

сүйекпен,  күміспен  əшекейлеткен.  Жыйулы  керегенің  биіктігі  шамамен 2 м,  ені 75 см  болады.  Ал 

жазған  уақыттағы  биіктігі 2-2,5 см  дейін  созылады.  Кереге  өзара  таңғыщпен  байланады.  Кереге 

санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының керегелерінің саны отызға 

дейін  жеткен.  Жаңаарқа  жерінде  кереге,  киіз  үйдің  сүйегін  жасаумен  ұзақ  уақыт  Қараағаш  орман 

шаруашылығы айналысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет