Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет34/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79

Əдебиеттер

1. Жұмаділдин А. Жаңаарқа. Дерекнама. – Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2003. – 250 б. 

2. Жаңаарқа: Энциклопедия. – Алматы: Темірқазық, 467 б.,+ 64 түрлі түсті жапсырма. 

3. Жұмаділдин А. Жаңаарқа. Дерекнама. 2-бас. – Алматы: Кенже-Пресс-Медиа, 2009. – 300-б. 

4. Жаңаарқа аудандық С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы қоры. Этнография бөлімі. 

 

  

 



 

 

 



 

 

 



199 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет 1. Ер тоқым. Рақыжан Смайылов. 1907 – 1908 жылы алыныпты. 02.03.2002, №54 



 

 

 



Сурет 2. Ожауша. Рақыжан Смайылов. Тіркелген күні 01.03.2002, №3 

 

 



Сурет 3. Кепсер. Рақыжан Смайылов. Тіркелген күні 01.03.2002, №7 

 


200 

 

 



 

 

Сурет 4. Қайыстан өрген шідер. Тұрғанбай Дүйсенұлы. Тіркелу күні 02.03.2002, №51 



 

 

 



Сурет 5. Өрілген қамшы. Болат Қайранбеков. Тіркелген күні 01.03.2002, № 1 

 

 



 

Сурет 6. Түскиіз. Бибіғайша Халилақызы. 1946-1950 жж.  

1970 жылы Канадада көрмеде болған. Тіркелген күні 01.03.2002, №42 

 


201 

 

 



Д. Қатран 

ҚР МОМ антропология жəне этнология Орталығының жетекшісі.,  

т.ғ.к., (Алматы қ.) 

 

ҮЙ МҮЛКІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДƏСТҮРЛІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ 

 

Қазақ  этнографиясы  саласында  үй  мүліктерін  жіктеуге  байланысты  қолданылатын  сан  алуан 

атаулар қалыптасқан. Олар негізінен үй бұйымы, жабдық, мүкəмал жəне жиһаз сияқты болып келеді. 

Үй мүлкі деген ұғымға қамтылатын осы аталғандарды үй жабдығы жəне жиһаз деп топтауға болады. 

Жалпы үй мүліктері дегеніміз үй тұрмысында, атап айтқанда, үйде жəне кейбірі үйден тыс жерде де 

қолданылатын  бұйымдардың  жиынтық  атауы  екендігі  белгілі.  Тұрмыста  қолданылуы  жағынан 

əрқилы  қызмет  атқаратын,  əрі  үйдің  сəн-салтанатын  келтіретін,  көркем  етіліп  жасалған  мұндай  үй 

мүліктері бір жағынан дəулеттің, байлықтың да көрсеткіші болды. 

Жабдық – кең  мағыналы  атау.  Мақаланың  тақырыбына  сай  үй  мүліктеріне  қатысты  ғана 

терминдер  қамтылуына  байланысты  үй  жабдықтары  деген  жеке  атау  белгіленіп  отыр.  Себебі 

шаруашылық жəне қолөнер жабдықтары өз алдына жеке топ құрайтындықтан, үй мүліктері құрамына 

қамтылмайды.  Өйткені  дəстүрлі  ортада  құрал,  сайман,  аспап,  əбзел,  жарақ  сияқты  басқадай 

жекелеген  дербес  мағыналы  сөздер  де  қолданылғанымен,  олардың  жалпы  атауы  жабдық  екені 

белгілі.  Айта  кететін  мəселе – киіз  үйдің  үзік,  туырлық  пен  түндігі  үй  жабдығына  жатады.  Себебі 

олар жел, жаңбыр, ыстық-суықтан қорғап-сақтайтын қолданыс функциясынан тыс киіз үйдің көркін 

келтіре түсуі үшін мейлінше сəнделетін үй жабдықтары болып табылады.  

Келесі  топты  құрайтын  жиһаз  –  үй  ішіне  қолданыс  функциясына  қарай  өз  ретімен 

орналастырылатын (ілінетін, төселетін жəне қойылатын) бұйымдар кешені болып табылады. Көшпелі 

тұрмыстың ерекшелігіне байланысты жиһаздарды тұтынуда олардың қолайлылығы ең басты орында 

тұрды.  Сонымен  бірге  тұрмыстағы  қолданыстық  қызметінен  тыс  жиһаз  үй  ішіне  əсемдік  беретін 

негізгі  көрікті  бұйымдар  да.  Олар – текемет,  откиіз,  сырмақ,  көшсырмақ,  кілем,  алаша,  тұскиіз, 

жеркөрпе,  төркөрпе,  маяуза,  жержастық,  бөстек,  төсек,  адалбақан,  жастықағаш,  сандық, 

кебеже,  абажа,  абдыра  (əбдіре),  асадал,  қолсандық,  шайсандық,  қобдиша,  жүкаяқ,  жүк 

(жүкжапқышымен),  қоржын,  керме  жəне  басқалар.  Ал  кейбір  жағдайда  атқаратын  функциясы 

тұрғысынан үй жабдығына жататын қоржын мен керме, қаршын мен теңнің жиһазға жататын тұсы 

жəне бар.  

Киіз  үй  жабдықтарының  басты  ерекшелігі – ықшам  (шағындау)  əрі  бір-біріне  көлемі  жағынан 

шамалас болып келетіндігінде. Оның төмендегідей қолданыстық мəні бар: шағындау болып келетін 

аядай киіз үй кеңістігін барынша ұтымды əрі үйлесімді пайдалануға мүмкіндік берді жəне көші-қон 

кезінде оларды жүк малына теңдеп артуға қолайлы болды, əрі сынып-бүлінуге көп ұшырамайды.  

Жіктелуі  тұрғысынан  Х.  Арғынбаев  үй  жиһаздары  қатарына  жатқызған  ыдыс-аяқ  ұғымына 

арнайы  тоқталмақпыз [1, 34-б.].  Қазақ  этнографиясы  саласында  ыдыс  жəне  ыдыс-аяқ  тақырыбын 

дендеп  зерттеген  ғылыми  еңбек  тым  аз [2]. Соның  салдарынан  дəстүрлі  ортада  қолданылған 

халықтық  жіктеуді  қайнар  көз  ретінде  ұстану  ескерусіз  қалып,  ғылыми  əдебиеттерде  қалыптасқан 

классификациялау үрдісін ғана пайдаланып келдік. Қазақ этнологиясында орын алып отырған қазіргі 

заман талабынан туындаған үрдістерге сай мұндай мəселелерге  жаңаша көзқарас қажет. Бұл шағын 

мақала  қазақы  таным-түсінікте  орныққан  атауларды  ғылыми  айналымға  енгізу  деген  талпыныс 

ретінде  жазылып  отырғандықтан,  орыс  тілді,  туыстас  түркі  тілді  əдебиеттердегі  үй  мүліктерін 

классификациялауға қатысты атаулармен кеңірек салыстыру кейінгі зерттеудің еншісіне қалдырылып 

отыр. 

Көптеген  жылдар  бойы  халық  арасынан  жинақтаған  ауызша  мəліметтердің  негізінде  ыдыс  жəне 



ыдыс-аяқ ұғымдарының арасындағы мағыналық жікті ажырату мүмкіндігі пайда болды десек асырып 

айтқандық  болмас.  Яғни,  халықтық  танымдағы  жіктеу  үлгілері  бойынша  төмендегідей  дəйекті  алға 

тартуға болады. Мысалы, дəстүрлі ортада қалыптасқан  жіктелу бойынша ыдыс деп шаруашылықта, 

үйде жəне үйден тысқары жерлерде де қолданылатын кейбір  құралдар мен жабдықтарды жалпылай 

атайды. Яғни ыдысқа сыртта, аулада, кіреберісте немесе шошалада (тошала үй) тұратын астау, науа, 

ақыр, кеспек, жемдорба, құдықтан су алуға арналған қауға, итке тамақ салатын итаяқ, дəрет алатын 

леген  мен  құман  сияқтылар  жатады.  Сондай-ақ  осы  құрамға  майшам,  насыбай  салатын  шақша 

(насқабақ),  насыбай  үккіш  (саптыаяқ)  сынды  ыдыстар  кіреді.  Ағаштан  жасалып,  азық-түлік 

өнімдерін  өңдеуге  арналған  келі  мен  күбі,  сүр  ет  пен  сарымай  сақтайтын  кебеже,  жəне  сарымай 

сақтау  үшін  арнайы  өңделген  қарын  мен  бүйен  де  ыдыс  түріне  жатады.  Ыдыс-аяқты  салып  қоюға, 

оларды  көші-қон  кезінде  сынып-бүлінуден  сақтауға  арналған  аяққап,  кесеқаптарды  да  ыдысқа 

жатқызуға болады. Түрлі ғұрыптар мен, жосын-жоралғыларды атқаратын арнайы ыдыстар даболды. 

Мысал ретінде ежелгі наным-сенімге байланысты атқарылатын май қоңырсыту, шырақ жағу кезінде 


202 

 

пайдаланылатын  шырағданды  айтуға  болады.  Ыдыстың  бұл  түрлері  металлдан  да,  тіпті  тастан  да 



қашалып жасалатын.  

Сонымен қазақы  ортада  қалыптасқан  атауларды  топтау  үрдісін  негізге  алар  болсақ, осы  аталған 

бұйымдардың  арасынан  ыдыс-аяқ  деген  топты  ажыратып  алуға  болады.  Бұл  ұғым  өзінің  «тар» 

қолданыс мағынасында тек тағам əзірлеуге, өңдеуге, тұтынуға, сақтауға қажетті үй жабдықтарының 

бір тобын құрайды. Ал ыдыс ұғымы ыдыс-аяқтан гөрі ауқымды болып келеді [3, 754-755-бб.]. Оған 

сұйықтық  құюға,  өңдеуге,  əртүрлі  бұйымдар  салып  сақтап  қоюға  жəне  осы  аталғандарды 

тасымалдауға арналған жабдықтардың түрі кіреді [4, 630-б.].  

Дəстүрлі ортада аяқ деп тамақ салынып, адамның жекелей тұтынуына арналған шағын ыдыс-аяқ 

түрін  атайды.  Осыған  орай  аяқтың  тұтынылуы  ыдыс  функциясын  нақтылайтындығын  аңғаруға 

болады. Ыдыс жəне аяқ сөздері бірігіп, семантикалық бірыңғай өрісті құрайтындығы сондықтан: ас-

тағам  əзірлеуге,  тұтынуға  арналған  барлық  құралдарды  білдіреді.  Мысалы  ыдыс-аяққа – тостаған, 

аяқ,  табақ,  шара,  тегене,  ожау,  шөміш,  саптыаяқ,  қазан  сияқты  т.б.-лар  жатады.  Дəстүрлі  ортада 

ыдыс-аяқ сөзі – аяқ-табақ, қазан-аяқ деген ұғымдармен де жалпылама белгілене береді. Осыған сай, 

киіз үйдің ыдыс-аяқтар тұратын сол жақ бөлігін қазан-аяқ жақ, қазанжақ деп те атайды. Сондай-ақ 

тұрмыс-тіршілікте атқарылатын ер мен əйел еңбегінің бөлінісіне жəне тұрғылықты кеңістікті игеруге 

сай қалыптасқан түсінік бойынша бұл бөлікті əйелдер жағы деп атау қалыптасқан. 

Ыдыс пен ыдыс-аяқ – жиһаз, үй бұйымдары мен құрал-саймандар сияқты тіршілікқамы жүйесінде 

заттық  мəдениеттің  тармақтарымен  тығыз  байланысты  болып  келетін  қолөнер  туындылары. 

Сондықтан  ыдыстар  мен  ыдыс-аяқ  түрлері  жəне  оның  ерекшеліктері  табиғи-климаттық  жағдайға, 

халықтың  тұрмысы,  шаруашылығы  мен  кəсіпшілігіне  жəне  шикізат  көздеріне  тікелей  байланысты. 

Қазақы ортада қолданылатын ыдыс-аяқ түрлерінің көпшілігін жергілікті шеберлер тері, ағаш, металл 

тəрізді шикізаттардан дайындайтын.  

Металлдан  жасалған  ыдыстар  мен  ыдыс-аяқтар.  Дəстүрлі  ортада  мыстан,  жезден,  қалайыдан, 

шойыннан,  темірден  жəне  күмістен  ыдыс-аяқтар  жасалатын  немесе  сауда-саттық  қатынастары 

негізінде  алып  пайдаланылды.  Олар – қазан,  тегене,  табақ,  таба,  бақыраш,  шөміш,  ожау,  кепсер 

(кəкпір), шəугім, самаурын, аққұман, жез құмған, кесе жəне т.б.  

Теріден  жасалған  ыдыстар  мен  ыдыс-аяқтар – көнек,  саба  (піспегімен),  торсық,  бұлқыншақ, 

мес, сүйретпе, шелек, дүңгіршек жəне т.б. 

Ағаштан  (қауақтан)  жасалған  ыдыстар  мен  ыдыс-аяқтар  –  аяқ,  шара  аяқ,  шара,  зере, 

саптыаяқ,  тостаған,  тегене,  табақ,  астау,  керсен,  шөміш,  ожау,  қасық,  ағаш  шелек,  күбі  шелек 

жəне т.б. 



Қыштан (ежіре) жасалған ыдыс-аяқтар. Осындай материалдан жасалған кесенің кішкене түрін 

шай  ішуге, үлкен  түрін  қымыз,  сусын,  сорпа  ішуге  пайдаланады.  Сонымен  бірге  Қытайда  жасалған 

фарфор ыдыс-аяқтар да кеңінен қолданыста болды. Оны кəрден немесе кəрлен деп атаған. Отырықшы 

ортада дəн сақтауға арналған құм, су құятын құмыра, шам жағуға арналған шамдал түрлері қыштан 

дайындалды.  

Үй  мүліктеріне  қатысты  салттар,  ғұрыптар,  наным-сенімдер,  ырымдар  мен  тыйымдар.  Киіз  үй 

ішінде  отбасы  мүшелерінің  өзіне  ғана  «тиесілі»  кеңістігі  болды.  Онда  əркімнің  өзінің  үй 

жабдықтарына  иелік  етуі,  яғни  қажетті  бұйымы  əркез  қасында  болуы  сияқты  жайттар  ерекше 

ескерілді.  Осыған  орай  үй  жиһаздарын  пайдалану  жəне  олардың  орналасу  ретіне  қатысты  əр  алуан 

ғұрыптар, ырымдар мен тыйымдар қалыптасты.  

Төменде  қаузалып  отырған  мəселеге  байланысты  салттар,  ғұрыптар,  наным-сенімдер,  ырымдар 

мен тыйымдардың кейбіреулері беріліп отыр: 

– күнделікті жағдайда төрдегі жүкті бұзу, яғни көрпе-жастықты алу мен оны қайта жинау сынды 

əрекеттер тек əйелге тиесілі деп есептелінсе, аза тұтуға байланысты сеп жинау, сеп бұзу, сандық ашу 

ғұрыптарын көп арасынан белгіленген адам ғана атқарады; 

–  ер  адамның  қазан-аяққа  (сол  жақ)  араласуы  немесе  сол  тұстан  бой  көрсетуі  ерсі  қылық  деп 

саналады. Алайда, жиын-тойларда ет пісіру ер адамға (көбіне сол ауылға күйеу болып келетін адамға) 

жүктеледі; 

–  əйел  адамдардың  оң  жақта  тұратын  ер-тұрман,  құрал-жабдық  тəрізді  ерлердің  бұйымдарын 

ұстау, қозғау жəне жинауына тыйым салынды; 

– келіннің төрге шығуына, үлкендер төсегіне қол тигізуіне, отыруына тыйым салынды; 

– сəнімен ерекшеленетін қыз төсегіне өзгелердің жатуы былай тұрсын, отыруына, тіпті сүйенуіне 

тыйым салынды;  

– жол жүру сияқты жайтқа байланысты төсекті иен қалдыруға болмайды, жын-шайтан жоламасын 

деп жастық астына балта, пышақ секілді жүзі өткір заттарды қояды; 

– некелі төсектің көрпе-жастығын басқаның пайдалануына беруге болмайды; 

–  төсекті  жинамай  қалдыруға  болмайды:  біріншіден  оған  жын-шайтан  кіріп  алады,  екіншіден 

жаугершілікке, үркіншілікке тартады екен деседі; 



203 

 

– отау үйдің тұскиізін үйдің тек оң жағына ғана құрады. Сол жағына құрса неке баянсыз болады 



деседі; 

–  жүкті  əйел  толғатқан  кезде  сандықты  ашып  босатса  жəне  жүк  пен  теңді  шешсе  босану  жеңіл 

болады; 

–  қас  қарайған  соң  жайшылықта  сандық  ашуға  болмайды,  себебі  түн  ішінде  сандық  ашса,  суық 

қол ұрылар келеді, яғни жамандық шақырады деп ырымдайды; 

–  сандықты  амалсыз  ашуға  тура  келсе,  ырымдап  «сандыққа  жылан  кіріп  кетті»  деп  ашып, 

«жылан  сыртқа  шықты»  деп  жабады.  Бұл  халық  түсінігінде  сандықтың  үй  құтының  біріне 

баланғанын аңғартады; 

–  адалбақан  мен  бақаннан  аттауға  тыйым  салынды.  Өйткені  «бақан  аттаған  байымайды,  бақ 

таяды» екен деседі; 

–  үйде  еркек  кіндікті  адам  болмаған  кезде  мал  сою  қажеттілігіне  байланысты  əйелдің  мал 

бауыздау үрдісін бақанға мініп тұрып атқарды. Бұл жосынды іс-əрекеттік эвфемизм десе де болады. 

Өйткені, əйел адамның бақанға мінуі отбасындағы «еркектерді» жоқтатпауды, əрі еркеккіндіктілікті 

ғұрыптық тілмен символикалық білдіру болып табылады; 

– еркектіктің символы болғандықтан сабаның піспегінің басын жоғары қаратып қояды. Алмалы-

салмалы піспектің басы да жоғары тұруы керек. Бұл үрдіс көшпелі ортадағы ер адамның əйелзатына 

қарағанда əлеуметтік жəне символикалық статусының жоғары екендігін білдірді. 

Ыдыс,  ыдыс-аяққа  қатысты  ырым-тыйымдар.  Дəстүрлі  ортада  ыдыс,  қап  тектес  жабдықтарға 

қатысты  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып,  сенім-наным,  ырымдар  көп.  Яғни,  ас  ішетін  жабдық-бұйымдар 

қастерленіп,  құрметтелді.  Сондай-ақ,  ыдыс  түрлері  кейбір  ем-дом  жасауға  да  пайдаланылды. 

Мысалы,  екіқабат  əйел  толғағы  келіп  босанарда  іштегі  бала  басымен  емес,  теріс  келген  жағдайда 

ағаш табақты əйел ішіне басып, оңға айналдырып ем-дом жасаса дұрысталады деп есептеген.  

–  үйде  кетік  ыдыс-аяқ  ұстамаған.  Сынып,  кетілсе  үйдегі  ұрыс-керіс,  реніш  осымен  кетсін  деп 

бастарынан айналдырып лақтырып тастап отырған; 

 

кетік  аяқ,  шынымен  ас  ішуге  болмайды.  Əсіресе  қонаққа  ондай  ыдыспен  ас  беру  өте  əбес 



қылыққа  саналады.  Ондайда  адамның  несібесі  кетеді  деген  ырым  бар.  Сондай-ақ  əркез  адам  ішіне 

енгісі келіп жүретін шайтан кетік ыдыстың тесігінен кіріп кетпеуі үшін, кетік ыдыстан ас ішуге тура 

келген жағдайда сол кетікті бір саусақпен басып отырып ас ішуге болады деген ырым қолданылады;  

 



қандайда  ас  ішетін,  əзірлейтін  ыдыс-аяқтарды  ашық,  қақпақсыз  қалдырмайды.  Бұлай  істесе 

жын-шайтан жалап кетеді деп сенген;  

 

ыдысты, ыдыс-аяқты төңкеріп қоймайды. Бұл – несібе осымен бітті дегенді меңзейді;  



 

мал сауатын ыдыстарды төңкеріп қоймайды. Ырыс, құт кетеді деп есептелінеді; 



 

ас  беру  кезінде  қымыз  əкелінген  саба,  жайшылықта  ағайынның,  көршілердің  сүт,  қымыз, 



шұбат  жəне  т.б.  əкелген  ыдысын  бос  қайтармаған.  Себебі,  ыдысты  бос  қайтару  көргенсіздік, 

əдепсіздік саналады, əрі, ол бос келген жоқ. Сондықтан, ырыс-құт ұғымдарына байланысты ыдыс бос 

қайтарылмауы қажет; 

 



мал  сауатын  шелек,  көнекке  ақтық,  тас  байлайды.  Бұл – ақ  көп  болып,  несібе  кетпеуін,  мал 

суалмауын жəне сауын малы тіл-сұқтан аман болуын ырымдаған жосын болмақ; 

 

құрметті  қонаққа  қымызды  саба,  мес,  торсық  немесе  сүйретпеден  құйып  беруге  болмайды. 



Яғни, ас-тағамды тұтынуға байланысты əр ыдыс өз орны, реті бойынша жұмсалуы қажет. Мəселен, 

сабадан  шараға,  тегенеге  қотарған  соң  аяққа  құйып  беру  сыйлаудың  ғана  үлгісі  емес,  ол 

жайшылықтағы,  қалыпты  жағдайда  атқарылатын  əдеттерге  жатады.  Өйткені,  торсықтың  аузынан 

сусын ішу – жорық кезінде жасалатын əрекет деп есептеледі; 

 

саптыаяқ,  шөміш  немесе  ожау  сияқты  таратып  құюға,  сапыруға,  араластыруға  арналған 



ыдыстан  сұйықтық  ішуге  тыйым  салынды.  Ер  бала  шөмішпен  су  ішсе  келіншегіңнің  мұрны 

шөміштей  болады  десе,  қыз  бала  ожау/шөмішпен  сусын  ішер  болса  күйеуің  мұрны  пұшық  болады 

деп  ескертетін.  Бұл  да  жайшылық  пен  түз  жағдайындағы  əрекеттерді  реттеуге,  оларды  ажыратуға 

байланысты қалыптасқан тыйымдар санатына жатады. 

Ыдыс  пен  ыдыс-аяқ – үйдегі  береке-бірліктің  ғана  емес  əдептіліктің,  тəрбиеліліктің  жəне 

тазалықтың  да  көрсеткіші  болып  саналады.  Мəселен,  аяғын  көріп  асын  іш  деген  мəтел  ыдыс  иесі – 

əйелдің  ұқыптылығын  меңзеді.  Сондай-ақ,  үй  iшiнде  келiспеушiлiк  болып,  ұрыс-керiс  шығуды 

немесе келген қонақты жақтырмаудан болған кейбір əрекеттерді ыдыс-аяқ сыңғырлады деген бейнелі 

сөзбен белгіледі. 

Сонымен  қазақы  ортада  қалыптасқан  үй  мүліктерін  жіктеудің  дəстүрлі  үрдісін  ескере  отырып 

төмендегі  топтау  үлгісін  ұсынған  болар  едік:  мəселен,  ыдыстар  мен  ыдыс-аяқты  үй  мүліктерінің 

негізгі  екі  құрамындағы  (үй  жабдығы  жəне  жиһаз)  жиһаздан  гөрі  үй  жабдықтарына  жатқызуға 

болатын  сияқты.  Ғылыми  тұрғыдан  бұлайша  жіктеу – жоғарыда  көрсетілген  атаулардың 

əрқайсысының  функциясын  зерделеуге  мүмкіндік  береді.  Сайып  келгенде  дəстүрлі  ортада 

қолданылған  атаулар  мен  ұғымдардың  осы  тектес  терминологиясын  ғылыми  айналымға  енгізу – 

келешектегі зерттеулер үшін де деректік негіз қалыптастыру болып табылады. 


204 

 

Əдебиеттер: 

1.

 

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987. – 



128 б.

 

2.



 

Ерғазықызы  Қ.Е.  ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  қазақтың  дəстүрлі  ыдыс-аяқтары  (тарихи-этнологиялық 

зерттеу). Тарих. ғыл. канд. дəрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Алматы, 1994. – 120 б. 

3.

 



Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дəстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-

том. – Алматы: Азия Арна баспасы. 2014. – 840 б. 

4.

 

Қазақ əдеби тілінің сөздігі. 15-том. – Алматы: Арыс, 2013. – 852 б. 



 

 

А.Д. Мейірманов 

Философия, саясаттану жəне дінтану институтының а.ғ.қ., ф.ғ.к.;  



М.А. Бижанова  

Философия, саясаттану жəне дінтану институтының а.ғ.қ., ф.ғ.к. (Алматы қ.) 

 

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫНЫҢ ҒИБРАТТЫҚ МƏНІ 

 

Қожа Ахмет Ясауи — жалпы түркілік мəдени жəне дүниетанымдық кеңістіктегі ішкі тұтастықты 

қалыптап, исламдық құндылықтарға негізделген философиялық-этикалық ар-ождан ілімін жүйелеген 

рухани тұлға. 

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі жəне ондағы жəдігерлер адамзат қолынан 

шыққан ортағасырлық сəулет жəне бейнелеу өнерінің ғажайып туындысы. Онда ертеден келе жатқан 

жергілікті  құрылыс  дəстүрі  мен  қолөнер  шеберлігі  сол  заманның  ең  озық  жетістіктерімен 

ұштастырыла  пайдаланылған,  сонымен  қатар,  ол  мəңгілік  рухани  құндылықтарды  исламдық  мəн-

мазмұнмен байыта паш етіп тұрған нысанға айналған.  

Қожа Ахмет Ясауи сəулет ғимараты – аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, 

ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық аркасы – 18,2 м 

жəне  биіктігі – 37,5 м)  жəне  бірнеше  күмбезі  бар.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі  Жамағатхана, 

Қабірхана, Мешіт, Кітапхана, Үлкен ақсарай, Кіші ақсарай, Асхана, Құдықхана жəне бірнеше құжыра 

бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға 

арналған  аса  күрделі,  аса  зор  кешенді  құрылыс  болуымен  ерекшеленеді.  Оның  орталық  бөлмесінің 

төңірегінде  түрлі  мақсатқа  арналған 35 бөлме  салынған.  Сəулет  ғимараты  сан-салалы  қызмет 

атқаруымен  қатар,  қоғамның  да  сан-алуан  деңгейіндегі  мүшелерінің  басын  бір  жерге  қосып, 

қоғамдағы  келісім  мен  тұрақтылықты,  ынтымақ  пен  өзара  қамқорлықты  қамтамасыз  еткен  орталық 

болған.  Құрылыстың  орналасу  ыңғайы  қабірхананың  ғимарат  төрінде  орын  алуына  жəне  мешіт 

михрабының құбылаға, яғни Қағбаға бағытталуына байланысты анықталады.  

Кесененің  жалпы  архитектуралық  құрылымдық  жобасы  мен  композициясын  қарастыру  бұл 

құрылыс – мұсылмандық дəстүрдің қалыптасуының кіндік орталығы болғанын көрсетеді. Бұл сəулет 

ғимараты, барша жəдігерлерімен бірге ғасырлар бойы дəстүрлі Исламның жасампаздық рухын, асыл 

мұратын  əйгілеп  тұрды.  Сондай-ақ,  Исламның  түркі  дүниетанымын  жасампаз  мəн,  өскелең 

мазмұнмен байытқан асыл қасиетін баяндайтын ашық кітабы болып табылады.  

Осынау  зор  діни-ғұрыптық,  рухани-ағартушылық  кешеннің  бүкіл  құрылымдық  тұтастығымен 

қатар,  көркем  безендірілуінің  өзінен,  яғни  ою-өрнектерінде  таңбаланған  терең  мағыналы  Құран 

аяаттары,  Пайғамбар  хадистері  мен  халық  даналығынан  Дəстүрлі  Исламдағы  басты  қағида,  негізгі 

ұстанымды көреміз. Кесененің сыртында оңтүстік-батыс мұнарасынан бастап үш жағын толығымен 

қамтып,  солтүстік-шығыс  мұнараға  тіреліп  аяқталатын  жоғарғы  фризде  (басқұрда)  Құран-Кəрімнің 

Əнғам  сүресінің 59-63 аяттары  сулс  жазу  үлгісімен  таңбаланған.  Бұл  аяттарда  шексіз  Құдірет  пен 

Ғылым иесі Алла Тағаланың назарынан қараңғы мен көместің, түпсіз тереңнің де ешқандай сыры тыс 

қалмайтыны айтылады.  

Сондай-ақ, оның құзырындағы адам баласының жаратылысы мен тіршілігі, ұйықтауы мен оянуы, 

тірілігі мен жан тапсыруы, есеп беруі, Түп иесіне қайта оралуы, медет тілеуі сияқты жағдайларының 

барлығы  тек  Алланың  қалауымен  жүзеге  асатыны  айтылады.  Батыс  қабырғаның  фризден  төменгі 

негізгі  бөлігінде  куфи  бинаи  макили  жазу  үлгісімен  бояулы  қаптама  кірпіштерді  пайдаланып, 

шартарапты  ишаралайтын  шармықтың  ішіне  үздіксіз  айналым  белгісіне  ұқсас  өзара  ұласып  жатқан 

«Алла Раббым жəне Мұхаммед пайғамбарым» сөздері жазылған. Бұл жазулардың сəнді көркем жəне 

символдық мəнге толы өрнектерінің өзі өзара ұштаса ұласып, шексіз, үздіксіз қозғалысты ишаралауы 

арқылы Алла есімі мен оның пайғамбарын үнемі естен шығармай жад етуге шақырады.  

Кесененің  солтүстік  фасадының  негізгі  бөлігінде  «Пенде  жоспарлайды – Алланың  қалауы 

болады» деген жазу таңбаланған. Бұл жазудың мағынасы халқымыздың тұрмыс-салтынан терең орын 

алған,  əрбір  істі  бастағанда  берекетін  Құдайдан  тілеп,  ақсақалдың,  халықтың  батасын  алып  кірісу, 

нəтижесін Алладан күтуге саяды. Яғни, адамның ниет қылған ісінің оның екі дүниесі үшін де игілікті 

нəтижеде  аяқталуы  үшін  Құдайдан  сұрап,  ниет-тілеуді  түзетіп  алып  бастауға  шақырады. 



205 

 

Гүлдестелерде,  қабырғаның  əр  тұсында,  əралуан  өрнектермен  Алланың  көркем  есімдері,  пайғамбар 



(с.ғ.с.)  аты  таңбаланған. «Бүкіл  жаратылыстың  иесі  Алла», «Бағыт  көрсету  Аллаға  тəн», «Күш-

құдірет  Алланікі», «Мəңгі-бақилық  сипат  Аллаға  тəн», «Ұлылыққа  жету  Алламен  болады»  деген 

Алла-Тағаланың  ұлық  сипаттарын  əспеттеп,  мадақтайтын,  пенденің  əлсіздігін  əйгілейтін  сөздер 

жазылған. Алла-Тағаланың Ұлықтығын айтумен бірген Ясауидің хəл іліміндегі Алланың Рахымынан 

үміттену, Қаһарынан қорқудан тұратын Құдайға деген махаббаттың көрінісін кесенедегі жазулардан 

да анық аңғарамыз.  

Солтүстік порталдың ішкі жақтауындағы «Кім өзін өзі таныса, сол – Раббысын да таниды» деген 

Пайғамбар  (с.ғ.с.)  хадисі  Қожа  Ахмет  Ясауидің  хəл  ілімінің  негізгі  мəні  болып  табылады.  Ал 

кесененің шығыс қабырғасында Алланы пəктейтін – «Сұбһан-Алла», мақтайтын – «Алһамду-лилла», 

ұлықтайтын – «Аллаһу  Акбар»  тəспихтары  өзара  ұштаса  ұласып  жатқан  геометриялық  өрнектерде 

таңбаланған.  Бұл  сөздер  де  Алланы  үздіксіз  еске  алып,  зікір  етудің  негізгі  үлгілері  ретінде 

көрсетілген.  Осы  шығыс  қабырға  фризінің  соңында  кесенені  өрнектеген  шебердің  есімі  Құл  қажы 

Хасан Күрди Ширазидің есімі, жұмыстың аяқталған жылы (х.809/м.1406-07) жазылған [4].  

Ғимарат  кесене  аталғанымен,  ол  қоғамның  діни  рухани-ағартушылық  сұраныстарын  жан-жақты 

қамтуға арналған кешенді құрылыс – Тəккиенің қызметін атқарған. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи 

кесенесіндегі  Көреген  Əмір  Темір  заманынан  қалған  құнды  жəдігерлердің  бірегейі  қазандық 

бөлмесінде  тұрған  қасиетті  Тайқазан.  Бұл  қазан 1399 жылы 25 маусымда  (хижра 801 жыл, 20-

шаууал),  Түркістан  қаласының  батысында, 27 шақырым  жерде  орналасқан  Қарнақ  елді  мекенінде 

құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 м, диаметрі – 2,42 м. 

Зерттеушілер  арасында  Тайқазан  атауындағы  «Тай»  сөзінің  шығу  төркіні  түркі,  монғол 

халықтарында жылқы малының киелі саналып, құрбандық шалу рəсімінде пайдалануына байланысты 

туындаған  деген  пікір  бар [5]. Ал,  олардың  ұстаздары  осы  аймақта  рухани  ықпалы  зор  Ясауи 

тариқатының шейхтары болған. Ұста Əбділ Əзиздің өзі де Ясауидің хəл ілімінен нəр алып, жергілікті 

мұсылмандық  дəстүр  аясында  ұсталық  құрғанын  Тайқазанның  символдық  мəнінен,  көркемдік 

ерекшеліктерінен,  құрылымынан  аңғаруға  болады.  Кəсіптік  негізде  топтасқан  тариқат  мүшелерінің 

əртүрлі  шеберханалар  айналасында  топтасқаны,  осы  тариқат  мүшелерінің  кəсіби  білімі  мен 

біліктілігін рухани тəрбиемен ұштастыра қабылдайтын дəстүрі белгілі.  

Ортағасырлық шеберханалардың рисала жарғыларында ұста мен шəкірттің орны, олардың өзара 

жəне  қоғаммен,  тұтынушымен  қарым-қатынасы  жан-жақты  сипатталған.  Ұста  шəкіртін  шеберлікке 

баулумен  қатар,  діни  білім  беріп,  кəсіпті  киелі  деп  танытып,  адалдыққа,  қайырымдылыққа, 

адамгершілікке  тəрбиелеген.  Шеберханалардың  ережелерінде  рухани  ілімнің  негізі  ретінде  ислам 

шариғаты,  тариқат  қағидалары,  діни  сопылық  практиканы  үйреніп,  орындау  бекітілген [2]. Кəсіби 

шеберлік пен рухани практиканың ұштасуы адамның жан-жақты дамуына игі ықпалы тиген.  

Кесенедегі  Тайқазан  «сақтық»  типтегі  қазанға  жатады.  Алып  қазан  жасау  көне  сақ,  ғұн,  үйсін 

дəуірлерінен  жалғасып  келген  дəстүр  екенін  деректер  мен  айғақтар  растайды.  Елдік  санасы  биік, 

отбасылық  құндылықтарды  жоғары  ұстанған  осынау  социумдар  үшін  қазан – мемлекетшілдіктің, 

береке мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны болған [8]. Мұндай алып қазандар, заманында 

билеушілердің,  лауазымды  əскер  басылардың  қабіріне  қойылған.  Қазан  қою  дəстүрінің  ХІІ-ХІІІ 

ғасырларда  көшпенді  қыпшақ  тайпаларының  ру,  тайпа  басшыларының  жерлеу  орындарында  ең 

қажетті  белгілерінің  бірі  болғанын  археологиялық  зерттеулер  дəлелдеп  отыр [9]. Бұл  қабір  иесінің 

ауқатты,  жоғарғы  топтан  болғанынан  хабар  береді  дейді  ғалымдар.  Ал,  Геродоттан  жеткен  аңызда 

«сақтардың  Ариант  есімді  патшасы  жауынгерлерінің  əрқайсына  жебелерінің  бір-бір  ұшынан  алып 

келулерін  бұйырады.  Сосын  оларды  балқытып,  алып  қазан  құйдырады».  Мұны  жасауға  сансыз 

жауынгер ат салысып, алып келген жебесінің ұшы қазанның бөлінбес бөлшегіне айналғандай, өзі де 

тайпаның  ажырамас  мүшесіне  айналып,  қауымының  бірлігінің,  беріктігінің  кепілі  болып  отыр. 

А.К.Акишев  «əрбір  садақ  ұшынан  құрылған  қазанның  салмағын  халықтың  санының  символына,  ал 

формасы мен орналасқан жерін əлем орталығы символына балайды» [1].  

Көшпенді жауынгерлерінің жорық кезінде алып жүретін үлкен қазандары болғаны белгілі. Бірақ, 

мына  қазанның  жасалуы  да,  қызметі  де  ерекше.  Қазан  сыртындағы  жазулардың  бірінші  қатарында 

жазылған  Құранның  Тəубе  сүресінің  он  тоғызыншы  аятының  үзіндісінен  жəне  Пайғамбар  (с.ғ.с) 

хадисінен  оның  суға  арналғандығын  аңғаруға  болады.  Аяттың  Қазақша  мағынасы:  Аса  Мəртебелі, 

Құт-берекенің  иесі  Алла  айтты: «Сендер  хажыларға  су  беру,  Месжід  Харамды  жөндеуді  [Аллаға, 

ахирет  күніне  иман  келтіріп,  жəне  Алла  жолында  күрескен  кісі  сияқты]  көресіңдер  ме?»  аят. (9:19-

аят.) – десе,  хадисте  былай  делінген:  Пайғамбар,  ол  кісіге  сəлем  болсын,  айтты: «Кімде-кім  Алла 

Тағала  үшін  су  құятын  ыдыс  жасаса,  Алла  Тағала  жұмақта  оған  арнап  хауыз  дайындайды».  Бұл 

жердегі  əңгіменің  астары  халыққа,  адамдарға  қызмет  қылуды,  елдің  əжетіне  жарауды  меңзеп, 

Құдайға  құл  болудың  мəнісі – адамдардың  бірін  бірі  алаламай,  дініне,  ұлтына  қарамастан 

қайырымдылық, қамқорлық жасауында екендігін аңғартады. Қазан сыртындағы аса көркем араптың 

гүл өрнекті сулс жəне куфи үлгілерімен жазылған үш белдеудегі жазуда оның шайхылардың сұлтаны 


206 

 

Ахмет  Ясауи  кесенесіне  арналып  жасалғаны  туралы  айтылады:  Аудармасы:  Бұл  су  құятын  ыдысты 



ислам Шайхысы, əлемдегі шайхтардың Сұлтаны, Шайх Ахмет Ясауидің (Алла ол кісінің əзіз рухын 

киелі  қылсын!)  мазары  үшін  жасауға  ұлық  əмірші,  көп  елдің  тізгінін  қолына  ұстаған,  Рахымды 

Патшаның [Құдайдың] айрықша қамқорлығын иеленуімен ерекшеленген Əмір Темір Көреген бұйрық 

берді.  Алла  Тағала  оның  билігін  мəңгілік  етсін!  Жиырмасыншышаууал,  сегіз  жүз  біріншіжыл /25 

маусым, 1399 жыл.  Екінші  қатар  жиырма  картушқа  бөлініп,  оның  екеуінде  шебер: «Құдайдың 

қамқорлығына үміт артқан Əбділ Əзиз Шарафутдин Тебризи» деп өз есімін жазып қалдырған. Қалған 

жерлерінде:«Мубарак  бад» – «Құтты  болсын!»  деген  тілек  сөз  жазылған.  Үшінші  қатарда  «куфи» 

жазу үлгісімен жиырма екі рет қайталанып: – «Байқаңдар, Бүкіл жаратылыстың иесі Алла!» деген сөз 

берілген.  Мұны  Абайдың  тілімен  айтар  болсақ: «Адам  ғапыл  дүниені  дер  менікі.  Менікі  деп 

жүргеннің бəрі Оныкі! Тəн қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла, болады не сенікі?». 

Адамның  иелігіндегі  мал-мүліктің  бəрі  Құдайдікі  екендігінің  дəлелі – адамның  дүниеге  құр 

алақан келіп, дəл солай қайтуы. Осыған орай Шəкəрім қажының: «Шаранамен туып едің, Бөз оранып 

өтесің. Бір сағымды қуып едің, Қай уақытта жетесің? Қанша дəулет жиып едің, Бəрі қалды, нетесің. 

Мал  үшін  жан  қиып  едің,  Қайтіп  алып  кетесің?» [7] – деген  сырлы  сөздері  бар.  Адам  баласы 

тіршілігінде  тұтынатын,  қажетіне  жарататын  игіліктердің  бəрі  Жаратушының  белгілі  бір  уақыт 

ішінде пайдалануға берген аманаттары. Демек, денсаулық, мал-мүлік, отбасы, Отан, бақ-дəулет басқа 

да  бүкіл  игіліктерге  жасалған  қиянат  Құдайдың  аманаттарына  қиянат  болып  табылады.  Тарихи 

деректерде  Əмір  Темірдің  шеберлерді  жаулап  алған  жерлерден  алып  келгені  айтылады.  Үлкен 

териториялар  мен  көптеген  елдер  мен  ұлттардың  Əмір  Темір  қоластында  топтасып,  еңбектенуі 

бірқатар  мектептердің  металл  өңдеудегі  шеберліктері  мен  тəжірибелерінің  алмасуына  ықпал  еткен 

[6].  

Ең ғажабы шеберлердің ортақ іске жұмылуына Ясауидің сопылық ілімінің елеулі ықпалы айқын. 



Себебі,  олардың  жасаған  туындылары  шеберлердің  ұлтына  қарамастан,  жергілікті  құндылықтарға 

рəміздік белгілерге, архетиптерге негізделген. Рухани ілімнің құдіреті сонда ол сан ғасырлық рухани 

құндылықтарды  жаңғыртып  мəнге  толтырып,  адамдарды  да  ортақ  мақсатқа  жұмылдырды.  Əралуан 

мəдениеттің  өкілдері  бола  тұра  шеберлер  өз  кəсіби  шеберліктерін  рухани  іліммен  байыта  қолдану 

арқылы  жалпыадамзатқа  ортақ  рухани  мəні  бар  туындылар  жасай  білуі  руханияттың 

əмбебаптығының  нақты  мысалы. «Мəдениет – құндылықтар  мен  мəн-мағыналар  əлемі,  себебі 

символизация  үрдісі – адамзат  мəдениетінің  табиғи  байланысы  оның  дамуы  мен  ұғымын  ашатын 

көкжиегі» [3] деген  А.Я.Гуревич  «Мəдениеттің  универсалды  категориялары  өзінің  туындауында 

барлық құбылысты қамтиды. Бұлар, сонымен қатар адам санасын анықтайтын категориялар. Кеңістік, 

уақыт,  өзгеріс  пен  себептілік,  тағдыр,  сана  сезімнің  жоғары  сезімге  қатынасы,  жеке  мен  жалпыға 

қатысы секілді шындықтың ұғымы мен формасын қабылдауы туралы айтып отырмыз» дейді. Мұнда 

автор категорияларды мəдениеттің маңызды семантикалық «инвентарь» бөлігін құрушы деп біледі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет