Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет47/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79

Литература: 

1.

 



Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе, 1990. 

2.

 



Алексеев Н.А. Ранние формы религии тюркоязычных народов Сибири. – Новосибирск, 1980. 

3.

 



Алексеев  Н.А.  Шаманизм  тюркоязычных  народов  Сибири  (опыт  ареального  сравнительного 

исследования). – Новосибирск, 1984. 

4.

 

Алиева М.М. Жанры уйгурского фольклора. – Алма-Ата, 1989. 



5.

 

Ахметов З.А., Каскабасов С.А. Казахский романтический эпос // ККБс. – М., 2003. 



6.

 

Бурундуков А.В. Русско-монгольский словарь – разговорник. – Л., 1935. 



7.

 

Бутанаев  В.  Я.  Происхождение  хакасских  родов  и  фамилий / Хоорай  сööктері  паза  пічікке  кірчең 



öбекелері. Абакан, 1994. 

8.

 



Дыренкова Н.П. Культ огня у алтайцев и телеут // Сб. МАЭ. – Л., 1927. – Т. VI. 

9.

 



Махмуд ал-Кашгари. Диван лугат ат-турк. – Алматы, 2005.  

10.


 

 Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Составитель И. Дюсенбаев. – Алматы, 1959. 

11.

 

 Кудачина Н. К этимологии слова бай в алтайском языке // СТ. – 1980. – №5. 



12.

 

 Қондыбай С. Гиперборея: түс көрген заман шежіресі. – Алматы, 2003. 



13.

 

 Қазақша-орысша сөздік. Казахско-русский словарь. – Алматы, 2002. 



14.

 

 Потапов  Л.П.  Умай – божест



во  древних  тюрков  в  свете  Этнографических  данных // Тюркологический 

сборник. 1972. М., 1973. 

15.

 

 Потапов  Л.  П.  Сакральное  значение  слова  ‘богатый’  в  саяно-алтайских  тюркских  языках  (по 



этнографическим материалам) // TURCOLOGICA. 1986. – Л., 1986.  

16.


 

 Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – СПб., 1893. – Т. I.  

17.

 

 Сильченко М.С. В. В. Радлов и изучение тюркского фольклора // Тюркологический сборник. – 1971. – М., 



1972. 

 

 



279 

 

 



 

Н. Əшірбекова 

«Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының ғ.қ. (Түркістан қ.) 

 

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН АСХАНАЛЫҚ ЖИҺАЗДАР 

 

Мұражай қорында сақталған, қазіргі кезде қолданыстан шыққан, ұмытыла бастаған жəдігерлердің 



бірі аяққап, кесеқап түрлері.  

Аяққап – көшпелі тұрмыс талаптарына икемделген, киізден шашақтап, əшекейлеп жасалған ыдыс-

аяқ сақтауға арналған үй мүлкі. Аяққаптың тері мен былғарыдан, ағаштан жасалған түрлерін кесеқап 

деп  атайды  жəне  ол  көбінесе  цилиндр  пішінді  болады.  Аяққапты  көбінесе  киізден  немесе  алаша 

қиығынан  жасап,  ішін  матамен  астарлайды,  сыртын  оюмен,  кестемен  əшекейлейді.  Кереге  басына 

іліп  қою  үшін  екі  бүйіріне  ызбалы  немесе  өрмелі  бау  тағылады.  Аяққаптың  аузын  жауып  тұратын 

ілгекті  қақпағы  болады.  Қақпақтың  беті  шұға,  барқыт  тəрізді  матамен  өрнектеліп,  жиегі  түрлі 

шашақпен  əшекейленеді.  Аяқ  қап  түйеге  теңделген  немесе  арбаға  тиелген  жүктің  үстіндегі 

шаңыраққа байланады. Үй тігілгенде өрешеге, қазан-аяқ жаққа таяу керегенің басына ілінеді [1]  

Қазаққа тəн киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тəртібі ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келгендіктен 

біркелкі реттелгені мəлім. Қалыптасқан тəртіп бойынша, киіз үйге кіреберістегі сол жақ босағада ер-

тұрман,  құсбегілікке  қажет  саймандар  ілінетін.  Одан  əрегірек  киім  ілетін  адалбақан,  төрде  жүкаяқ, 

кебеже, қаршындардың үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек жиналса, оң жақ қанаты қант-шай, ұсақ-

түйек  дəм  сақталатын  кебеже,  ыдыс-аяқ  қоятын  асадал,  қымыз  ашытатын  саба,  керегеге  ілінетін 

аяққап, кесеқаптар оң жақ босағаға орналастырылған [2].  

Оң  жақ  босағадан  орын  алатын  аяққап  сөзінің  шығу  төркініне  келетін  болсақ, «аяққап»  атауы 

«аяқ»  жəне  «қап»  сөздерінің  бірігуінен  «аяққап»  болып  қалыптасқан. «Аяқ»  ағаштан  ойып 

жасалынып,  сұйық  сусын  ішуге  арналған  көлемі  шағын,  кеседен  үлкен  шүңғыл,  дөңгелек  ыдыс. 

Сыйымдылығы бір литрдей, оны пішіні мен өңделуіне қарай саптыаяқ, сырлы аяқ, қолдануына қарай 

кесе-аяқ, қымыз-аяқ деп атай береді. «Қап» ыдыс-аяқ салатын дорба [3]. 

Мұражай  қорында  да  əртүрлі  тəсілдермен  жасалған  аяққап,  кесеқеп  түрлері  бар.  Солардың  бірі, 

Акт  №44, 01.09.2003, инв  №1067,  КК  №2357,  Аяққап.  Материалы  жүн,  өлшемі:  шашағымен  қоса 

есептегенде 66х56 см. Аяққаптың алдыңғы беті түкті кілем, астыңғы беті тақыр кілем тоқу əдісімен 

тоқылған.  Екі  шетіне  ілмек  жасалып,  бет  жағының  жоғарғы  жағына  жəне  үш  жақ  жиегіне  жүннен 

иірілген жіптен торланып шашақталған жиектеме тігілген. Тормен шашақтың арасы ақ, қызыл түсті 

жібек жіптерімен оратылып бөлінген. Аяққаптың ортасына əшекейлі композиция арасына салынатын 

«ромб»  тəріздес  геометриялық  өрнектер  түсіп  оны  айналдыра  «тікмүйіз», «балға  таңба», «балта 

таңба» деп аталатын ру таңбаларынан пайда болған «балта» өрнегі, «сыңар мүйіз» өрнектері салынып 

өрнектелген.  

 

 

 



 

Келесі бір аяққаптың өзгешелеу түрі ожау, қасық салуға арналған тіктөртбұрыш пішінді аяққап. 

Акт №52, 18.11.2003, инв №1071, КК №2404, материалы жүн, өлшемі: шашағымен қоса есептегенде 

33х15  см.  Аяққап-жартысы  түкті,  жартысы  тақыр  болып  тоқылып  екі  бүктеп  түкті  жағы  бетіне 

қаратылып  бір  жанымен  түбі  тігілген.  Үш  жақ  жиегіне  өзіне  пайдаланылған  жіптен  ширатылып 

түрлі-түсті  шашақтар  байланып,  ақ,  қара,  қызыл  түсті  жіптерден  есіліп  бау  тағылған.  Бет  жағы 

геометриялық өрнектермен өрнектеліп, жиектері түрлі-түсті жіптен есілген жіпті жиегіне жапсырып 

тігіп шыққан тəрізді етіп өрнектелген.  



280 

 

Ендігі  бір  ерекше  «кесеқап»  түрі  ағаштан  жасалған.  Акт  №3, 06.08.1980, инв  №122,  КК  №234, 



материалы  ағаш,  өлшемі: 24х16.  Кесеқап  бүтін  ағаштан  ойылып  түбі  бөлек  салынған,  цилиндр 

пішінді, қақпақсыз, жоғарғы жағына қайыстан шегемен қағылған бау тағылған. 

Кесеқап  бедерлі  оюлармен  ойылып,  түрлі-түсті  бояулармен  нақышталған.  Кесеқаптың  жоғарғы 

жағына  «ромб»  пішінді  етіп  ойылып  өрнек  түскен  де  ортасы  бөлініп  сумен  ажыратылып  төменгі 

жағына «табан» оюы бірі жоғары бірі төмен қарама-қарсы қаратылып түскен. «Табан» оюының ішке 

қарай  иілген  жері  «қошқар  мүйіз»  оюы  пішінді  болып  біткен.  Кесеқапқа  қызыл,  көгілдір,  сарғыш 

түсті бояулар пайдаланылған. Кесеқапқа өсімдіктердің тамырынан алынған табиғи бояулар жағылған. 

Қазақ  шеберлерінің  қолынан  шыққан,  теркеш,  кесеқап,  шынықап  деп  аталатын  мүліктің  тарихы 

өте  қызық.  Кесеқаптың  пайда  болуы  ХVIII  ғасырда  қазақ  арасына  Қытайдың  фарфор  ыдыстары 

кеңінен тарай бастаған мезгілге сəйкес келеді. Ол кездерде Қытайдың фарфор, фаянс ыдыстары өте 

қымбат  бағаланатын,  əрі  кез-келгеннің  қолына  түсе  бермейтін.  Сондықтан  осындай  зəру  бұйымды 

сындырып алмау үшін қазақтар мен Орта Азия шеберлері ағаштан, шиден, тобылғыдан иіп, жүннен 

тоқып,  теріден  көннен  кесеқаптар  жасап,  фарфор  ыдыстарды  солардың  ішінде  сақтап, 

тасымалдайтын. 

Ол  ыдыстарды  қазақтар  мен  өзбектер  «теркеш»,  түрікмендер  «серкеш»,  қарақалпақтар 

«шынықап»,  қырғыздар  «пиалақап»,  деп  атаған.  Кейінірек  қазақтар  «қалмақбас»  деп  те  атаған. 

Өйткені,  кесеқап  теріден  тігіліп,  арнаулы  қалыптан  шыққан  соң,  жарты  шар  тəрізді  доп-домалақ 

күйге  енеді.  Төбесіндегі  қарқарасы  (қайыс  шашағы)  шашын  тықырлап  қырып,  төбесіне  айдар 

қалдырып қойған басқа ұқсайды. 

Сонымен  қатар  теріден,  киізден,  қайыңның  тозынан  (қабығы)  жасалатын  цилиндр  тəрізді, 

қалпақты түрлері де  болады.  Оларға  бір-біріне  кигізіп,  он  шақты кесе  салып  қоюға  болады. Көшіп-

қонып жүргенде  ыдыс-аяқ қирап қалмас үшін халық  шеберлерінің қиялынан туған  өнер туындысы-

«аяққап» пен «кесеқаптың» көркемдік сапасы өте жоғары болған [4]. 

Сондай-ақ, ұмытыла бастаған асханалық жиһаздардың тағы бір түрі теріден жасалатын бұйымдар, 

əсіресе  ыдыстар-көшпелі  өмірге  бейімделген,  көшіп-қонып  жүргенде  алып  жүруге  ыңғайлы, 

сынбайтын,  ерте  заманнан  келе  жатқан  үй  жасау  жабдықтарының  бірі.  Ежелгі  халықтардың  қай-

қайсысы  болса  да  негізгі  күн  көріс  кəсібін  аңшылық  пен  мал  өсіруден  бастаған.  Сондықтан 

хайуанаттың  етін,  майын,  ішек-қарнын,  терісін,  жүнін,  тарамысын  пайдаға  асыра  білген.  Мұндай 

өнер,  əсіресе  мал  өсіру  шаруашылықтарымен  айналысатын  көшіп-қонып  жүретін  халықтарға  оның 

ішінде қазақ халқына өте тиімді еді [5]. 

Қазақ  халқының  тұрмысында  да  теріден,  былғарыдан,  жасалған  бұйымдардың  алар  орны  кең 

«Ыдыста  ырыс  бар», «Шешесін  көріп  қызын  ал,  ыдысын  көріп  асын  іш»  деген  қазақ  мақалында 

пəлсафалық,  əлеуметтік  терең  ой  жатыр.  Демек,  ата-бабаларымыз  ұлт  тұрмысында  ас  сақталатын 

ыдыс  аяққа  да  үлкен  мəн  берген.  Үйдің  тұрмыстық  қажетін  өтейтін  бұйымдар  жасауға  жылқының, 

түйенің  жəне  сиырдың,  жүні  малмаға  салынып  жидітіліп,  қырылған  терілері  пайдаланылды. 

Шеберлер-илеу,  ыстау,  құрымға  салу  сияқты  əдістермен  əзірленетін  саба,  сүйретпе,  мес,  торсық, 

жанторсық  сияқты ыдыстар жасады. Жылқы мен  сиыр терісінен мал саууға арналған  шанаш, көнек 

сияқты ыдыстар жасап, оларға бедерлер салып əшекейлейді [6]. 

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылық жайында қолөнер саласында тері өңдеу өнері 

маңызды орын алған. Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе 

жатқан тəсілдердің бірі. Мысалы: ірі қара малдың иленбеген терісін «шылғи қайыс», ал тері иленіп 

ұқсатылғаннан  кейін  оны  «қайыс»  деп  атайды.  Қолөнерде  көбінесе  өрнектеліп  жасалатын  заттарға 

иленген  қайыстар  мен  ыстап  ұқсатылған  терілер  қолданылады.  Түрлі  ас  құятын  ыдыс  жасауға 

арналған терілерді əдетте илемейді. Өйткені, иленген тері су тисе болды тез жібіп, былжырап кетеді, 

оған  құйылған  сұйық  тағамға  иінің  дəмі  шығып  тұрады.  Сондықтан  саба,  торсық,  жан  торсық, 

сүйретпе,  көнек  жасауға  арналған  жылқы  терісінің  жүнін  ұстарамен  қырып,  кейде  тіпті,  жүнімен 

аязға  тастайды  да  көктемде  қайта  жібітіп,  жүнін  алып  ыстауға  кіріседі.  Теріні  ысқа  əзірлегенде 

пышақ кескен, оқыра тескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да 2-3 күн шошаланың төбесіне жайып не 

киіз  қайнатқан  құрымға  салып  қояды.  Тері  ащы  құрымның  күшімен  иленген  тері  сияқтанып 

ширығып,  шымырлана  түседі  жəне  қара  қошқыл  өңге  енеді.  Содан  кейін  оны  сорғытып,  аздап 

құрғатып  үлгіге  салып  отырып  сабаға,  көнекке,  торсықтарға  арнап  пішеді  де  терінің  қыртысын 

сыртына  қаратып  əр  ыдыстың  өзіне  тəн  формасын  сақтай  отырып  шуда  жіппен  жиі  жөрмеп  тігеді. 

Жіп  түйенің  шудасынан  иіріледі.  Ол  шірімейді  əрі  төзімді.  Тігілген  ыдысты  ішіне  топырақ,  не  құм 

толтырып,  күн  көзіне  қояды.  Құм  кептелген  ыдыстар  ыстық  пен  желде 4-5 күн  тұрып  əбден  кеуіп 

сіріленіп қатады. Бұдан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші-тысын тұздалған сарымаймен немесе 

жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Содан кейін ғана май сіңген тері ыдысты 

ыстайды. Мұндай əдіспен жасалған ыдыстар өз пішінін еш уақытта жоймайды.  

Қазақ  арасында  арнайы  тері  ыстауға  маманданған  ысшылар  болған.  Ыс  салушы  адам  теріні 

күйдіріп  немесе  өте  қуратып  алмайтын,  ыстың  біркелкі  сіңіуін  ыс  орнының  мойны  мен  күркесін 


281 

 

жасауды  жақсы  білетін  маман болады. Əйтпесе  жүздеген  мал  терілері  ысырап  етілуі  мүмкін. Бұдан 



біз  ыс  салушылықтың  «үйші», «етікші», «ерші», «зергер», «ұста», «көнші»  деген  сияқты  «ысшы» 

аталып кəдімгідей мамандық саналғанын көреміз. 

ХХ  ғ.  басында  Көкшетау  төңірегінен,  Сыр  бойынан,  Жетісу  өңірінен  жиналған  деректерге 

қарағанда  тері  ыстауға  маманданған  ысшылар  қыстау  жанында  бірнеше  жылқы  терілерін  бірден 

ыстау  мақсатымен  жертөле  қазып,  оның  төбесін  топырақпен  түтін  шықпайтындай  етіп  жауып 

отырыпты. Тек бір шетінен аздап леп шығып, ауа кіріп тұратын саңылау қалдырады. Жертөле есігі де 

түтін  шықпайтындай  болып  жабылады.  Ыстың  жанынан  беті  жабық  жерошақ  қазылады  да,  одан 

шығатын  түтін  арнайы  жасалған  ұзындығы 2-3 метрдей  мұржамен  жертөле  ішіне  тоқтаусыз  баруы 

қажет.  Жертөле  мен  жерошақ  арасының  мұншалықты  қашық  болатындығы  от  жалынының  тікелей 

жертөле ішіне жетпеуін көздегендіктен. Өйткені, ыстық жалын лебі терілерді бырыстырып күйдіріп 

жіберуі мүмкін. 

Алайда Қазақстанның барлық өңірінде тері ыстау үшін тек осындай жертөлелер қазыла бермеген, 

кейбір ауылдар терілерін ысшыға бермей-ақ, ені бір метр ұзын ор қазып, оған əркім белгі салынған 

терілерін іледі де, төбесін шыммен жауып, арнайы мұржа арқылы тобылғы, қайың түтінін жібереді. 

Кейбіреулер  жалғыз  жарым  терілерін  шыммен  не  құрым  киізбен  жабылған  шағын  күркелерде  де 

ыстай береді. 

Тері  ыстау  үшін  қайың  мен  тобылғыдан  басқа  ағаштың,  əсіресе  май  қарағай  немесе  қи,  тезек 

сияқты  отын  түрлері  еш  уақытта  қолданылмайды.  Мұндай  отындардың  майы  сіңген  сабаның 

қымызынан оның жағымсыз қышқыл дəмі шығып тұрады. Ыс əбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл 

күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5-6 айға дейін 

жібімейді  де,  дымданбайды  да,  көгермейді  де,  өңезденбейді  де.  Қажет  болған  жағдайда  бес  алты 

айдан  кейін  оны  тазалап  кептіріп,  майлап  тағы  да  ыстайды.  Ысталған  ыдыстар  ең  алдымен  қымыз, 

саумал, бие сүттері үшін қажет. Тұрмыста өзге ыдыстардан гөрі осындай теріден жасалған ыдыстарға 

баса көңіл бөлінген, өйткені онда қымыздың тағамдық қасиеттері жақсы сақталынған [7]. 

«Əзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи-мəдени  қорық  мұражайының  қорында  да  бір  кездері  ата-

бабаларымыздың  қолынан  шыққан  осындай  дүниелердің  бірнеше  түрі  бар.  Соның  бірі-Торсық  акт 

№25,06.06.2005,  инв,  №1249,  КК  №2752.  Құрамы  тері,  өлшемі 35х42х13.  Торсық-қымыз,  шұбат, 

айран  т.б  сүттен  əзірлейтін  сусындарды  сақтап,  тасымалдайтын  шылғи  теріден  жасалған  ыдыс. 

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып 

пішеді  де  таспамен  тігеді.  Қазақ  шеберлері  жасаған  торсықтар  негізгі  екі  түрге  бөлінеді.  Біріншісі 

мүйізді торсық, екіншісі жанторсық. Мүйізді торсықтар əдемі əшекейленіп, үйде керегенің басында 

ілулі тұрады.  

Ал  торсықты  мүйіздеп  жасайтын  себебі-ішіндегі  қымызын  сарқып  құйғанның  өзінде  торсықтың 

қос  мүйізінің  қуысында  бір-екі  қасық  қымыз  қалып  қояы.  Мүйізде  қалған  қымыз  қалдығы  келесі 

құйылған  саумалға  ашытқы  болады.  Жанторсық-көбінесе  малшылар  мал  баққанда,  жауынгерлер 

жорыққа шыққанда ішіне сусын құйып, ердің қанжығасына байлап жүретін ыдыс. Жанторсық мүйізді 

торсыққа  қарағанда  қарапайымдау  болады,  мүйіз  болмайды,  тек  мойынында  бау  тағатын 

шығыршығы,  ағаш  тығыны  болады.  Музей  қорында  сақталған  торсық  мүйізді  торсық.  Бірақ 

өрнектеліп, бедерленбеген өте қарапайым жасалған, аузында ағаш тығыны бар. Торсық ірі қара мал 

терісінен тігіліп, тері ыстау əдісімен ысталып, қатырып жасалған.  

Көнек-акт  №33.11. 08.05, инв  №1273,  КК 2778. Құрамы  тері,  өлшемі  һ-23 d-30. Көнек  шикі 

теріден  тігілген,  бие  саууға  арналған  шүмекті  ыдыс.  Д.Шоқпарұлы  мен  Д.Дəркембайұлының 

«Қазақтың қолданбалы өнері» деген кітабында көнекпен бие сауғанда бауын білекке іліп алып, түбін 

тізеге тіреп, биенің мінер жақ санын қос қолмен қаусыра құшақтап сауады. Көнек жеңіл болады жəне 

қаңылтырдан жасалған ыдыстардай даңғырламайды. 

 

 



«Көнектен шошыған бие оңбас, 

 

 



Көптен бөлінген үй оңбас»,-дейді халқымыз 

Көнекпен  сауғанда  мал  мазасызданбай  жақсы  иіп,  сүтті  мол  береді  деген  мəлімет  бар.  Көнектің 

бір  шетінен  шəугім  сияқтандырып  шүмек  шығарылған.  Ернеуі  тесіліп  жіп  өткізіліп  бау  тағылған. 

Көнек ірі қара мал терісінен тігіліп, тері ыстау əдісімен ысталып, қатырып жасалған. 

 


282 

 

 



 

Күбі-Көнектің бір түрі акт№33.11.08.05, инв№ 1275, КК 2780. Құрамы тері, өлшемі һ-50 d ер-19,5 

d  түб-23.  Күбі  қымыз,  шұбат,  айран,  сүт  құюға  жəне  керегеге  іліп  қойып  саба  орнына  қымыз  пісуге 

арналған ыдыс. Күбі ірі қара мал терісінен тігіліп, қатырып, тері ыстау əдісімен ысталып жасалған. 

Шелек-бақыраш  акт  №33. 11.08.05, инв  № 1274, КК 2779. Құрамы  тері,  өлшемі  һ-35, d ер-25 d 

түб-26,5.  Шелек-бақыраш  күнделікті  тұрмыста  айран,  сүт  құюға  жəне  бие  саууға  арналған  ыдыс. 

Шелек-бақыраш  ірі  қара  мал  терісінен  тігіліп,  қатырып,  тері  ыстау  əдісімен  ысталып  жасалған. 

Ернеуінің  қарама-қарсы  жерлерінен  металл  ілмектер  шығарылып,  дөңгелек  өткізіліп  оларға  жіп 

байланып бау тағылған. 

Мұндай  ыдыстар  жасау  тəсілі  қазіргі  күнде  ел  арасынан  мүлдем  ізін  жойған.  ХIХғ.  аяғы  мен 

ХХғ.бірінші  ширегінде  Ресей  зауыттары  шойын,  мыс  қалайы  ыдыстарды  көптеп  шығара  бастаған 

кезде  қолөнердің  бұл  түрі  тоқтатылған.  Қазіргі  кезде  шамамен  ХVIII-ХIХ  ғасырларда  жасалған 

мұндай дүниелерді тек музейлерден ғана кездестіруге болады. 

Қорыта  айтқанда,  бұл  мақаланы  жазудағы  мақсат-қазақтың  дəстүрлі  өнерінің  ұмытыла  бастаған 

салаларының  ерекшеліктерін  үйреніп  білу.  Сандаған  жылдар  өтсе  де  сыры  мен  сыны  кетпеген 

жəдігерлерді  жас  ұрпақтың  көзбен  көріп,  қолмен  ұстағандай  танып  білуіне,  сондай-ақ  өз 

халқымыздың салт-дəстүрі мен шығармашылығының, талғам деңгейінің өте биік болғанын танытуға 

қосқан үлес болмақ. 

 

Əдебиеттер: 

1.

 



Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1972.  

2.

 



Жəнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: Рауан, 1995. 

3.

 



Қазақтың əдет-ғұрып салт-дəстүрлері. – Алматы, 2002. 

4.

 



Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2007 

5.

 



Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995.  

6.

 



Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987. 

7.

 



Тəжімұратов Ə. Шебердің қолы ортақ. – Алматы: Қазақстан. 1977. 

 

 



Н.М. Дүкенбаев 

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайының  

бөлім меңгерушісі (Түркістан қ.) 

 

ҚОНАҚАЙ ƏУЛИЕ 

 

Біздің  даламызда  көне  дəуірден  бүгінгі  күнге  дейін  келіп  жеткен  бірнеше  пантеон  бар.  Сақ 



дəуірінің  Берел,  Шілікті,  Есіктегі  патша  қорғандары,  Түркі  кезеңінің  Қорқыт  ата,  Ұлытаудағы 

Домбауыл, Алаша хан кесенелері, Алтын Орда кезінде қалыптасқан Сарайшықтағы хандар пантеоны 

жəне  Қазақ  хандығы  тұсында  қалыптасқан  киелі  орындар  осының  айғағы.  Қыпшақ  хандығы  мен 

Қараханидтер дəуірінде өмір сүрген əулиелердің сұлтаны Қожа Ахмет Ясауидің басына тұрғызылған 

кесене  тарихына  назар  сала  отырып,  əлі  де  біз  үшін  сыры  мол,  құпиялы  жайттардың  жеткілікті 

екендігін аңғарамыз. ХІІ ғасырда негізі қаланған бұл ескерткіш, Қазақ хандығы тұсында ел билеген 

ұлы  тұлғалар  мен  игі  жақсылар  жерленетін  ұлттық  пантеонға  айналды.  Қазіргі  таңда  мұнда 

жерленген  тарихи  тұлғалардың  тізімінде 176 тұлғаға  жетіп  отыр.  Түркістандағы  Əзірет  Сұлтан 

кесенесінде  жерленген  тарихи  тұлғаларды  анықтау,  олардың  өмірін  зерттеу  біз  үшін  беймəлім 

көптеген жайттардың басын ашары анық.  

Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінде  жерленген  тарихи  тұлғаларды  ғылыми  тұрғыда  зерттеу, ел  үшін 

атқарған  қызметін  халыққа  таныту  қазіргі  кезде  жолға  қойылды.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінде 

жерленген  тарихи  тұлғалар  сериясымен  кітапша  шығару  жобасы  қолға  алынды.  Ел  билеген  хан-

сұлтандар мен билерді, батырларды Əзірет Сұлтан кесенесіне жерлеудегі себеп не еді? деген сұраққа 

жауап берер болсақ, ең  əуелі бұл  əулие  бабаға деген елдің  ерекше құрметін көрсетеді. Қожа Ахмет 

Ясауи  Ислам  дінін  халыққа  насихаттай  отырып,  бытырап  кеткен  түркі  халықтарының  басын  бір 



283 

 

шаңырақ  астына  тоғыстырды.  Əсіресе  Ясауи  жолының  мұрагері  болып  қалған  қазақ  халқы  əулие 



бабаны ерекше құрметтеген. Игі-жақсылардың көпшілігі ажал жеткен сəтте «өлгеннен соң сүйегімді 

Əзірет Сұлтанның жанына жерлеңдер» деп өсиет етіп отырған. Ел ұстаған қайраткердің бұл тілегін 

бүкіл  ру,  бүтін  ел  болып  орындаған.  Бұдан  ел  мен  ердің  арасындағы  адалдықтың,  асыл  серттің 

бағзыдан бастау алған тамаша дəстүр екендігін көреміз. Түркістаннан алыс қанша шақырым жерден 

қайтыс болған кісілерін əулиенің қасына жерлеу үшін алып келетіндігі тарихи деректерде тайға таңба 

басқандай  анық  жазылған.  Осындай  алыс  жерден  əкеліп  кесенеге  жерленген  игі-жақсылардың  бірі 

Найманнан шыққан Қонақай əулие болатын.  

Қонақай  ХVІІ  ғасырдың  аяғына  таман  дүниеге  келіп,  ХVІІІ  ғасырдың 60 жылдарының  бірінші 

жартысына дейін өмір сүрген, аса көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі болған адам. Кейінгі тарихи 

зерттеулер  мен  мəліметтерге  қарағанда  Қонақай 1763 жылы  қайтыс  болғанға  ұқсайды [1, 23-б.]. 

Қонақайдың  шежіресін  таратушылар,  оны  руы  найман,  оның  ішінде  Бура,  оның  ішінде  Қондыбай. 

Қонақай  Қондыбайдың  Жанкісі  деген  баласынан  туған.  Қонақайдың  туған  жері  Көктаудың 

(Делбегетей)  оңтүстік  баурайы.  Шешесінің  аты  белгісіз.  Ел  аузында  айтылатын  əңгімелерде  қаз 

дауысты Қазыбек бидің туысы делінеді. Қонақайдың нағашылары Арғынның ішіндегі Қаракесектер 

болып шығады.  

Қонақай  жайлы  орыс  деректерінде  біршама  мəліметтер  сақталған.  В.Я.Басин: «Для  укрепления 

русско-казахских связей в соответсвии с инструкцией Оренбургуской комиссии в августе 1741 года 

поручик Гладышев вновь направился в казахскую степь. Вместе с ним находился предприимчивый и 

энергичный английский купец Рейнолд Хауг, сведения которого по его возвращении явились весьма 

полезными  для  Российской  администрации.  Кстати  сказать,  Гаук  имел  при  чебе  царские  грамоты  к 

хану  Абулхаиру,  ряду  каракалпакских  страшин  и,  в  частности,  к  батыру  Уразаку,  а  также  к 

казахскому батыру Джаныбеку. В казахскую степь посольства направилось из Озерной крепости 10 

октября 1741 года, куда оно прибыло из Самары, покинув ее 3 августа на восьмые сутки прибыли в 

район нынешного Соль-Илецка, где  распалагалась улусы найманского рода Среднего жуза во главе 

старшиной  рода  батыром  Кунаком.  Здесь  были  осмотрены  соляные  копи  и  определено  место  для 

строительства города» [2, 164-165-бб.].  

Тарихшы  Басинның  келтіріп  отырған  мəліметтері  біздің  зерттеп  отырған  мəселемізге  тікелей 

қатысы  бар.  Кунак  деген  атпен  айтылатын  наймандардың  старшинасы  атақты  Қонақай  болатын. 

Сөзіміз  дəлелді  болу  үшін  белгілі  тарихшы  Көшім  Есмағамбетовтың  зерттеулеріне  тоқаталамыз. 

ХVІІІ  ғасырдың 40 жылдары  қазақ  даласына  түйе  жүнін  сатумен  айналысатын  ағылшын  көпесі 

Рейноль Хауг келеді. Ол Орынбордан шығып қазақ даласы арқылы Хиуа мен Бұхараға саяхат жасап 

1741 жылы Самараға қайта оралады. «Самардан Озерное бекінісі арқылы ол сегізінші тəулікте қазіргі 

Соль-Илецкіге жетіп, одан Найман руының старшинасы Қунақай батырдың адамдарының шығарып 

салуыменг Қарағайлыда күзетте отырған Жəнібекке аттанды» [3, 125-б.]. Бұл мəліметтер Наймандар 

мен Арғын тайпаларының ақтабан шұбырынды жылдары Ақтөбе мен Торғай даласында тұрды деген 

пікірді  қуаттай  түседі. «Орта  жүздің  көптеген  рулары  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама 

жылдары»  Сарыарқаны  жайлап  бір  шеті  Кіші  жүздегі – Елек  өзені  бойына  дейін  жайылып  жатты. 

1742 жылдың жазында  Хиуаға бара жатқан ағылшын көпесі Гек Орынбор маңындағы Елек өзенінің 

бойында отырған Қонақай батырдың ауылына қонақ болғандығын жазады» [4, 206-207-бб.].  

Бұл  мəліметтерден  қандай  қорытынды  шығаруға  болады.  Қонақай  батырдың  қонысы  бір 

уақыттары  қазақ  даласының  батыс  өңірінде  яғни  Елек  өзені  бойында  болған.  Абылай  ханның 

шығысқа  жорығы  барысында  Арғын  жəне  Найманның  басқа  да  руларымен  бірге  қазіргі  Шығыс 

Қазақстанға қоныс аударған. 

Енді  Қонақайдың  шығу  тегіне  қатысты  мəсеге  кеңірек  тоқталсақ.  Қонақайдың  руы  Найман 

тайпалық  бірлестігіне  қарасты  Ергенекті  тобына  жататын  Бура  руы.  Ел  аузындағы  əңгімелерде 

Қонақай  ұрпақтары  Қарақондыбай  деп  те  аталып  кеткен.  Оның  Қарақондыбай  аталуының  өзіндік 

себептері  бар.  Жаздыкүні  болса  керек  Қондыбайдың  ауылы  жайлауда  отырған  кезі  екен.  Бір  күні 

Қондыбайдың үйіне бір қонақ келіп түседі. Қонағымен үй иесі əңгімелесіп отырғанда далада ойнап 

жүрген екі тетелес бала үйге арсын-күрсін кіріп келеді де, қонаққа жарыса сəлем береді. сонда қонақ 

қуақылау  дауыспен, «Япырай  танымадық  қой,  бұл  қай  балалар  болды  екен» - депті.  Сонда 

Қондыбайда əзілге əзілмен жауап қатып, екі баласын қонағына таныстыра келіп, Алтыкісіні көрсетіп 

мынасы  Сарықондыбай  болады,  ал  мынау  Қарақондыбай  деп  Жанкісіні  көрсетеді.мұны  сол  жерде 

отырған ауыл  адамдары  да  естиді. Сол  уақыиғадан  кейін Қондыбайдың  дуалы  аузынан  шыққан сөз 

ауыл  адамдарына  тегіс  тарап  кете  барады.  Сөйтіп  Алтыкісіні – Сарықондыбай,  Жанкісіні – 

Қарақондыбай атандырып жібереді. [1, 10-б.]. 

Қонақай туралы келесі бір мəліметті  зерттеушілер арасында  даулы болып келе  жатқан «Біржан-

Сара» айтысынан кездестіреміз. Айтыс кітабының 1985 жылы шыққан жинақтағы нұсқасында ақын 

Сараның аузымен мынадай жыр айтылады: 

Есігі Ергенекті жатыр талай, 


284 

 

Ойласаң есің шығар санай-санай, 



Бура жатыр көптігі толық дуан,  

Атасы əулие өткен ер Қонақай. 

Дəулетке Бурадағы артық асқан 

Кім баймын дегенменен жағаласқан. [5, 59-б.]. Біржан мен Сара арасындағы айтыстың болған не 

болмағаны біз үшін маңызды емес. Бұл арада жинақты құрастырушылар Қонақай жайлы ел арасында 

ғасырлар бойы айтылып келе жатқан құнды деректі бізге жеткізіп отыр. Ақын Сара атасы əулие өткен 

ер  Қонақай  деп,  Қонақайдың  тарихи  бейнесін  нақтылы  беріп  отыр.  Орыс  деректерінде  айтылатын 

мəліметтер Қонақайды ел билеушісі əрі шебер дипломат қырынан танытса, мына өлеңде қарапайым 

халық ұғымындағы Қонақайдың бейнесі берілген.  

Ел  арасындағы  əңгімелерге  қарағанда  Қонақай  малын  еш  уақытта  бақпаған,  мал  бағуға  əдейлеп 

адам  жалдамаған  дейді.  Ол  кезде  қазақтар  мал  деп  көбінесе  жылқыны  айтатын  болған.  Жылқысын 

жаугершілік  уақыттың  бір  əредігісінде  болмаса  жалпы  қарамаған.  Сол  бос  кездерінде  ғана  бірер 

айналып  көріп  немесе  сыртынан  ғана  бақылайтын  болған.  өзі  қайтыс  болардан  біраз  бұрын  ғана 

жылқысына жау тиіп бір айғыр үйір жылқысын алып кетеді. Сонда Қонақай өзінің дəмі көп ұзамай 

таусылатыные айтыпты. Қай уақытта қайтыс болатынында айтқан дейді. Қайтыс болған соң сүйегін 

Түркістандағы  əулие  Ахмет  Яссауидің  мавзолейіне  апарып  жерлеуді  тапсырады.  Сонда  ол  кісінің 

өсиетін  тыңдап  тұрған  үлкендердің  бірі:  əлі  күн  жылы,  Түркістанға  жеткенше  бұзылып  кетеді  ғой, 

жеткізе  алар  ма  екенбіз, -деп  шүбаланғанда,  ол  кісі  былай  депті:  бірде  дəрет  алып  отырғанда 

мұрынымның  шетіне  абайсызда  дəрет  тиіп  кетіп  еді,  бір  шықса  сол  жерден  су  шығар,  əйтпесе 

қауіптенсеңдер, қалған жаздың айында өреге салып асып қойыңдар, қарасуық түсе жолға шықсаңдар 

жетесіңдер депті. 

Қонақай  шүбалана  қарағандарға  арнап,  өзінің  бір  жылдан  бері  денесін  бальзамдағанын,  оның 

бұзылмайтындығын  айтады.  Сөйтсе  Қонақай  өз  заманындағы  не  ықылымның  тілін  білген,  арабша 

сауатты  дін  оқуын  меңгерген,  əр  нəрсенің  сырын  білетін,  оның  үстіне  өзі  қолдан  бальзам  жасай 

алатын  өнерді  де  білген  адам  екен [1, 45-46-бб.].  Бұл  пікірдің  негізі  жоқ  екендігін  айта  кеткен  жөн 

болар.  Өйткені  əулие  адамға  тəн  сипатының  бірі  қайтыс  болғанменен  денелері  шірімейді.  Кеңес 

үкіметі  кезінде  Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  мүрдесі  шірімей  сақталғандығын  қанша  адам  көрді. 

Маңқыстаудағы  Бекет  атаның  денесі  де  шірімей  бальзамсыз-ақ  сақталған.  Қонақайдай  əулиенің 

денесі  шірімей  сақталуы  заңды  құбылыс.  Дəл  осы  жылы  Қаз  дауысты  Қазыбек  те  қайтыс  болады. 

Екеуі де ұрпақтарына, қайтыс болған соң, мүрделерін Түркістан қаласына жеткізіп, Ахмет Ясауидің 

мавзолейіне  жерлеуді  тапсырған  екен.  Ата  шежіресін  айтушылар,  Түркістан  қаласына  екеуінің 

мүрдесін бір күнде жеткізіп, қатар жерледі деседі. 

Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінде  мəңгілік  тыныс  тапқан  Қонақай  əулиенің  тағылымы  ұрпақтар 

жадынан  өшпейді.  Ел  басына  күн  туған  сəтте  қорған  болған,  елдің  ауызбіршілігі  мен  ынтымағын 

ойлаған  əулие  тұлғасы  алдағы  уақытта  жан-жақты  қырынан  зерттеліп,  тарихтағы  аты  алтын 

əріптермен жазылары сөзсіз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет