Атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/79
Дата06.03.2017
өлшемі15,09 Mb.
#7978
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79

Əдебиеттер

1.

 



 Сағындықов Е. Қонақай əулие. 

– Алматы, 1996. 

2.

 

Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХVІ-ХVІІІ вв. – Алма-Ата, 1971. 



3.

 

Есмағанбетов К. Көне Қазақстанды көргендер. – Алматы, 1979. 



4.

 

Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. – Алматы, 1961.  



5.

 

Айтыс, өлеңдер, дастан. – Алматы: Жазушы, 1985. 



 

 

Т.О. Өсеров 

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайының  

археология жəне ескерткіштерді қорғау бөлімінің ғ.қ. (Түркістан қ.) 

 

ТАЛДЫСУ ЖƏНЕ ЖАСАЖЫРЫҚ ОБАЛАР ҚОРЫМЫНДА ТАБЫЛҒАН ҚОЛА 

АЙНАЛАРҒА ЖАЛПЫЛАМА ШОЛУ 

 

Қазақстан  Республикасының  Орталық  музейінің  қызметкерлері  (т.ғ.к.  Ə.К.  Ақышев,  Х.Айтқұл) 

мен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайы (т.ғ.к. М.Қ. Тұяқбаев, Т.О.Өсеров) 

бірігіп  ұйымдасқан  Қаратау  археологиялық  отряды 2011-2013 жж.  аралығында  Оңтүстік  Қазақстан 

облысы, Түркістан ауданы, Майдантал ауылдық округына қарасты Талдысу жəне Жасажырық обалар 

қорымында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.  

2011  ж.  Талдысу  тауаралығы  жазығында  орналасқан  №2  обадан  нашар  сақталған  қола  айна 

табылған болатын. Айнаның ұстайтын сабының ұзындығы 10см, сабының төменгі жағы сүйірленіп, 

оның  төменгі  жағының  ені 2см, жоғарғы  жағы 3 см  жалпақтау  болып келеді. Айнаның  өз  өлшемі -


285 

 

16х15,5см. 



2013ж.  Жасажырық  обалар  қорымында  орналасқан  №3  обадан  табылған  қола  айна  жақсы 

сақталған.  Тек  айна  сабының  төменгі  бөлігі  сынған,  сабының  ұзындығы  9см,  жоғарғы  жағының 

ені2см, төменгі жағы 3см доғалдынып сыртқа шығынқы болып келеді. Айнаның диаметрі 15х12см. 

Негізінен  ұзын  сапты  айналар  Қазақстанда  сирек  кездеседі.  Талдысу  жəне  Жасажырық  обалар 

қорымынан  табылған  қола  айналар  б.з.д. V-ІV  ғғ.  аралығына  жататындығы  салыстырмалы  анализ 

əдісімен анықталды. 

ТМД-ның Европалық территориясындағы қола айна түрлерінің даму тарихын М.И. Ростовцев, П. 

Рау,  Т.Н.  Книпович  жəне  т.б  зерттеген.  Олар  қолда  бар  деректерді  пайдалана  сармат  айналарының 

шығу  тегі  мен  дамуын  зерттеді.  Бұл  зерттеулерде  орта  Азия  территориясынан  табылған  айналарда 

пайдаланылды.  Орта  Азияның  айналар  тарихының  кейбір  мəселелері  П.  Рау,  М.И.  Ростовцев, 

Т.Н.Книпович жəне т.б. еңбектерінде көрініс тапты [1].  

Ұстайтын  сабы  ұзын  айналар  скиф-сармат  дəуірінде  Кубан,  Еділ  бойы,  Орал  маңында  кең 

тараған.  В.П.  Шиловтың  ойынша  «мұндай  айналардың  Солтүстік  қаратеңіз  маңынан  табылуы 

олардың шығу тегі грекиялық екенін көрсетеді, яғни Еділ бойы тайпаларының Грекия қалаларымен 

байланысы  болғандығын  көрсетеді» [2]. Бірақ  бұл  тұжырым  қолданысқа  енбеді.  К.Ф.  Смирнов 

көрсеткендей  бұл  айналар  Орта  Азияға  ежелгі  Иран  территориясыннан  келген  (айналардың  отаны 

Орта Азияда болуы мүмкін, осы жақтан скифтер мен сарматтарға тараған). К.Ф. Смирновтың бұл ойы 

басқа зерттеушілерден қолдау тапты [3].  

Негізінен сабы бар айналар қола дəуірінде шығыста кең тараған. Сондықтан олар Орта Азиямен 

шекаралас  елдер  де  қолданылды.  Орта  Азияда  мұндай  айналар  Жетісу,  Ферғана,  оңтүстік 

Тəжікстанда  кездеседі.  Жетісудағы  Сұқылық  көмбесінен  табылған  ұзын  сапты  айналар  б.з.д.  ІІ 

мыңжылдықтын  соңы,  Садовое  ауылында  табылған  осындай  айналар  б.з.д.  ІІ  мыңжылдықтың 

соңымен І мыңжылдықтың басы мен мерзімделеді.  

Ғалым  Е.Е.  Кузмина  мұндай  типтегі  айналар  далалық  тайпаларда  Анаулықтар  мен  өзара 

байланыстар  нəтижесінде  пайда  болған  жəне  айналардың  солтүстікке  таралуына  оңтүстіктің  жер 

өңдеушілері мен тығыз байланыста болған Чуст мəдениетінің өкілдері өз септігін тигізген деген пікір 

білдіреді. Далалық тайпалар арасында айналардың бұл түрлерінің таралуына тек Чуст мəдениеті ғана 

емес,  Вахш  мəдениеті  де  ықпал  етті.  Көшпенділер  бұл  айналарды  тек  пайдаланып  қана  қоймай 

оларды кейбір өзгерістерге де ұшыратты [4].  

Айналардың  бұл  түрі  кейінен  скифтер  мен  сарматтарда  да  кеңінен  таралған.  К.Ф.  Смирновтың 

ойынша  бұл  айналар  Орта  Азияның  кейінгі  қола  дəуірінің  жалғасы  болып  табылады.  Орта  Азияда 

б.з.д. VІ- ІV ғғ., ал, Скифтер мен Сарматтарда бұл айналар б.з.д. V-III ғғ., ескерткіштерінде кездеседі.  

Айнаның  символикалық  жəне  ғұрыптық  рөлі  туралы  жан-жақты  жазылған  соңғы  жұмыстардың 

бірі  Сақтардың  діни  көз  қарастарына  арналған.  Далалық  аймақтағы  жəне  Орта  Азияның  ежелгі 

көшпенділерінің жерлеу орындарынан да айналардың көптеген жиынтығы кездеседі. Негізінен олар 

жерлеу  орындарына  сындырылып  немесе  беті  теріс  қаратылып  қойылады  себебі,  айнаның 

шағылысуы  ежелгі  адамдарда  о  дүниемен  байланыс  жасау  деген  түсінігін  қалыптастырған. 

Сондықтан,  айнаны  өмір  мен  өлім  құдайларының  құралы  ретінде  де  қарастыруға  болады.  Орта 

Азияның  ежелгі  айналары  негізінен  қола  дəуіріндегі  əйелдердің  жерлеу  орындарында  кездеседі. 

Бертін  келе  осы  үрдіс  Орталық  Азияның  далалық  тайпаларының  өмірінде  көрініс  ала  бастады. 

Қазақстанның  солтүстік  Арал  аймағында  домалақ  қола  айналарды  жерлеу  орындарына  қою  дəстүрі 

б.з.д. VІІ-V  ғғ.  Сақтарда  кездеседі.  Бұл  ерте  Сақ  мəдениеті  Түгіскен  жəне  Ұйғарақ  қорымдарында 

көрініс  тапқан,  сонымен  бірге,  Сырдария  бойындағы  кішігірім  отырықшы  елді  мекендерде  де 

кездеседі [5]. 

Ежелгі  көшпенділердің  зираттарында  да  айналардың  табылуы  жиі  кездеседі.  Археологиялық 

қазба  кезінде  табылған  бүтін  жəне  бүлінген  сынық  айналардың  табылуы  ежелгі  көшпенділерде 

айнаның  үлкен  тылсым  діни  мəнге  ие  болғандығын  көрсетеді.  Мұнда  айналарды  бүтіндей  немесе 

жартылай қабірге мүрдемен қоса жерлеу, жерленген айна егесінің рухымен байланысты [6]. 

Сонымен  бірге  жерлеу  қабірлерінде  айнаның  мүрдемен  бірге  қойылуы  туралы  бірнеше 

жорамалдар айтуға болады. Айналар қымбат дүние болғандықтан ерте көшпенділердің əрбір əйелінде 

де  болмауы  мүмкін.  Бұл  жағдайдан  көшпенділер  арасында  теңсіздіктің  болғандығын  байқауға 

болады.  Егер  айна  қойылуы  керек  деген  қағида  болса,  онда  зат  иесінің  қалауымен  артынан  қалған 

адамға  мұра  есебінде  қалдыруы  мүмкін  деген  болжам  да  жасауға  болады.  Бір  қабірден  бірнеше 

айналардың  табылуы  жерленген  адамның  өзі  өмір  сүрген  қоғамда  алған  жоғарғы  орнын  көрсетеді 

немесе жаңадан өлген адам арқылы тірі адамдардың бұрынырақ бақилық болған ата-бабасына аманат 

ретінде  жіберген  айналары  да  болуы  мүмкін.  Бір  затты  өлген  адам  арқылы  о  дүниеге  жіберу 

этнографияда жиі кездеседі [7].  

Қабірге айнаның сынығын қою дəстүрі қайтыс болған айна егесінің жаның босату немесе азат ету 

түсінігінен туындаса керек [8].  


286 

 

Қытайдың  қоладан  жасалған  бұйымдарын  зерттеуші  А.В.  Марукаев  Сібірдегі  қабірлерден  айна 



сынықтарының  көптеп  табылуы  сырттан  əкелінген  затардың  құнының  жоғарлығына  байланысты 

болуы  жəне  сынған  айналарды  жаңа  айнаға  ауыстыруыдың  қиындығынан  туындауы  да  мүмкін, 

сонымен  бірге, айна  сынықтарының  мүрдемен  бірге  жерленуі, бүкіл  Азиядағыдай,  Сібірде  де  өлген 

адамның  жақындарынан  естелік  ретінде  сындырылып,  бірге  көміліп  отырған  болуы  мүмкін  деген 

тұжырым айтады [9]. 

Айна кей жағдайларда сиқырлы құрал ретінде адам өлмей тұрып пайдаланылған. Этнографиялық 

деректер [10], жазба деректер [11], айна бетіндегі жазулар [12] айнаны жамандықтан қорғау, сақтау 

құралы ретінде жақсылықтың нышаны деп қабылдағандығын көрсетеді, сондықтан, айнаға жамандық 

жасау адамның кейінгі өміріне кесірін тигізуі мүмкін деген сенім қалыптасқан [13].  

 

Əдебиеттер: 

1.

 

Ростовцев  М.И.  Курганные  находки  Оренбургской  области  эпохи  раннего  и  позднего  элленизма. (МАР,  №37), 



Пг.,1918. – С.70-73. 

2.

 



Шилов В.П. Калиновский курганный могильник. МИА, №60. – М., 1963. – С. 434-438бб.  

3.

 



Смирнов К.Ф. Совраматы. Ранняя история и культура сарматов. – М., 1964. – С. 152-160. 

4.

 



Литвинский Б.А. Материальная культура Таджикистана //Хронология и классификация среднеазиатских зеркал. – 

Душанбе., 1971. – С. 34-40. 

5.

 

Сулейманов Р.Х. Древний Нахшаб. – Самарканд-Ташкент: изд-во «Фан» АНРУ, 2000. – С. 283-284. 



6.

 

Хазанов А.М. Религиозно-магическое понимание зеркал у сарматов //СЭ. – 1964, №3. – С. 91-94. 



7.

 

Дьяконова В.П. Погребальный обряд тувинцев как историко-этнографический источник. – Л.: Наука, 1975. – С. 44-



45. 

8.

 



Хазанов А.М. Религиозно-магическое понимание зеркал у сарматов //СЭ. – 1964, №3. – С. 94. 

9.

 



Маракуев А.В. Китайские бронзы из Басандайки //Басандайка. – Томск, 1947. – С. 171. 

10.


 

Садек Хедаят. Нейрангистан //Переднеазиатский этнографический сборник. Т.І. – М.: Изд-во АН СССР, 1958. – С. 

263-272. 

11.


 

Тревер К.В. Памятники греко-бактрийского искусства. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1940. – С. 77. 

12.

 

Стратанович  Г.Г.  Китайские  бронзовые  зеркала:  их  типы,  орнаментация  и  использование //Восточно-азиатский 



сборник. – М.: Изд-во АН СССР, 1961. – С. 66-100. 

13.


 

Кузнецова Т.М. Зеркала в погребальном обряде сарматов //Советская археология. – М.: Изд-во АН СССР, 1988. – 

С.52-61.  

 

 

 

Сурет 1. Талдысу обалар қорымы. № 2-оба. 



 

 

287 

 

 



 

Сурет 2. Жасажырық обалар қорымы. № 3-оба. 

 

 

Кесте 1. Айналар типтері. 



 

Заттың табылған жері



Заттың түрі 

1

1. Қырғызстан.  



Алай  қорымы  Кара-Швак. 

б.з.д.V-IIIғғ. 

 

 

2. 



Қазақстан. 

Оңтүстік 

Қазақстан облысы. 

Түркістан 

ауданы, 

Майдантал  ауылдық  округы. 

Талдысу обалар қорымы.  

№ 2-оба. 

Қола айна б.з.д. Ү-ІҮ ғғ. 

    1


2

2

1.  Ресей.  Орынбор  облысы. 



Илек. 

Мечетсай 

обалар 

қорымы. Б.з.д. Vғ. 



 

2. 


Қазақстан. 

Оңтүстік 

Қазақстан облысы. 

Түркістан 

ауданы, 

Майдантал  ауылдық  округы. 

Жасажырық обалар қорымы. № 

3-оба. 


Қола айна б.з.д. V-ІV ғғ. 

 

 1 



 

288 

 



 

 

 



Н.М. Абдукадыров 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  

3-курс PhD докторанты (Алматы қ.) 

 

ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МЕН АВСТРИЯ ИМПЕРИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ 



ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР (XVIII Ғ. 1-ШІ ЖАРТЫСЫ) 

 

XVIII  ғасырдың  бірінші  жартысында  Осман  империясы  мен  Австрия  арасында  геосаясатқа 

байланысты  туындаған  сыртқы  саяси  мəселелер  аз  болмады.  Екі  мемлекет  арасында  туындаған 

сыртқы  саяси  мəселелер  көбінесе  қазіргі  Оңтүстік  Еуропа  территориялары  үшін  туындап,  екі 

мемлекет те Еуропадағы өзінің саяси ықпалын жоғалтпас үшін бірнеше əскери əрекеттерге де барып 

отырды.  Сонымен  қатар,  осындай  саяси  мəселелерді  шешу  үшін  екі  мемлекет  арасында  сыртқы 

саясатқа негізделген елшілік жəне дипломатиялық қатынастар да орын алды. Екі мемлекет арасында 

мұндай  сыртқы  саяси  факторлар  мен  түрлі  геосаяси  мəселелердің  шығу  себептеріне  келсек,  мұнда 

Австрияның  басты  сыртқы  саяси  мақсаты  Осман  империясынан  Оңтүстік-Шығыс  Еуропадағы 

иеліктерін  тартып  алу  болса,  Осман  империясының  саяси  мақсаты  өз  территорияларын  қорғап, 

сонымен бірге 1699 жылғы Карлович келісімі нəтижесінде уысынан шығарып алған территорияларды 

Австриядан кері қайтарып алу болды. Бұл келісімшарттың саяси-тарихи маңыздылығына тоқталсақ, 

Карлович  келісімі  Осман  империясы  мен  еуропалық  мемлекеттер  (Австрия,  Польша,  Венеция) 

арасында жасалған ең ірі жəне Осман империясы үшін ең ауыр келісімшарттардың бірі болды. Осман 

империясы мен аталған Еуропа елдерінің арасында жасалған бұл келісімшарт, Осман империясы мен 

Еуропа елдері арасында 1983 жылдан басталып он алты жылға созылған үлкен соғысқа өз нүктесін 

қойған  еді.  Келісімшарттың  шешіміне  сəйкес  Осман  империясы  Еуропадағы  бірқатар 

территорияларын  уысынан  шығарып  алды.  Бұл  келісімшарттың  Австрия  мен  Осман  империясына 

қатысты  маңызды  тұстарының  бірі,  Темешвармен  (қазіргі  Руымынияның  шығыс  бөлігі)  қоса 

Венгрияның үлкен бөлігі жəне Ердел (Трансильвания) аймағының 25 жылға Австрияның қарамағына 

өтуі болатын [1, 585-586-бб.].  

Осы  орайда,  бұл  келісім-шарттың  Осман  империясы  үшін  тағы  бір  тарихи  маңызды  тұсын  атап 

өтсек, Карлович келісімі Осман империясында құлдырау дəуірінің бастамасы болып, келісімшарттан 

кейінгі  кезеңде  Осман  империясы  Еуропадағы  бұрынғы  құдіретінен  айрыла  бастады.  Бұған  дейін 

Еуропа  мемлекеттеріне  бірқатар  саяси  соғыстар  ашып,  оларға  үлкен  қауіпті  күш  болып  саналған 

Осман  империясы  ендігі  кезекте  еуропалықтардан  қорғануға  көше  бастады.  Мұның  барлығы XVIII 

ғасырда  еуропалық  мемлекеттердің  күшейіп,  керісінше  Осман  империясының  əлсірей  бастағанын 

көрсетті [2, 658-659-бб.].  Сонымен  қатар,  Карлович  келісімшарты  Осман  империясының  тарихында 

Еуропа  мемлекеттерімен  дипломатиялық  қатынастар  орнатуға  жол  салып  берді.  Бұл  дəуірде  кейбір 

еуропалық  мемлекеттер  өзара  туындаған  саяси, экономикалық  мəселелерді  шешу  үшін  əр  мемлекет 

шетелдерде  тұрақты  жəне  өкілетті  елшіліктерін  ашып,  онда  өз  дипломаттарын  арнайы  қызметке 

тағайындауға  көшкен  еді.  Өйткені,  бұл  кезеңде  халықаралық  қатынастар  мен  сыртқы  саясатта 

дипломатия  ісі  маңызды  орын  ала  бастады.  Карлович  келісімшартынан  кейін,  өзге  еуропалық 

мемлекеттердегі сияқты Осман империясы мен Австрия арасында дипломатиялық байланыстар орын 

алды [3, 27-28-бб.].  

Австрияның  сыртқы  саяси  жоспарларына  талдау  жасай  отырып, XVIII ғасырдың  екінші 

жартысында  Шығысты  игеру  мəселесі  Австрия  үкіметі  үшін  маңызды  тақырыпқа  айналғанын 

көреміз. Бүкілəлемдік империализм  дəуірі шарықтап тұрған  шақта  Австрия да  Испания, Голландия, 



289 

 

Ұлыбритания,  Франция  секілді  əлемдік  теңізге  шығып,  отарлар  иеленуді  жоспарлаған.  Ал  Австрия 



үшін бұл кезеңде өзіне жақын тұрған Жерорта теңізіне бақылау орнатып, сол арқылы Шығысқа өту 

маңыздырақ  болды.  Оған  қатысты  бірқатар  саяси  жоспарларға  ұйытқы  бола  алатын  Австрияның 

сыртқы саясаттағы өзіндік позициялары да бар еді. Осы ретте еуропалық империялардың XVIII-ХІХ 

ғасырларда  Халықаралық  саясатта  пайда  болған  «Шығыс  мəселесін»  шешуде  олардың  арасында 

Австрияның ұстанған саясатын бақылайтын болсақ, оның бұл мəселеге арналған негізгі үш жоспарын 

айқындауға  болады.  Олар  біріншіден,  Австрия  османдарды  Еуропадан  қуып,  Балқан 

территорияларын  өзіне  бағындыруды  жəне  ол  үшін  Ресеймен  одақтасуды  жоспарлады.  Себебі,  бұл 

кезеңде Австрияның Осман империясымен ашық майданға шығуға саяси жəне экономикалық қуаты 

жетпейтін  еді.  Екіншіден,  Ресейдің  көмегі  арқылы  Осман  империясының  Еуропадағы 

провинцияларын  басып  алып,  бір  қызығы  оған  тек  өзі  ғана  иелік  етуді  көздеді.  Үшіншісі,  Ресейдің 

көмегі  арқылы  Балқан  түбегі  мен  Оңтүстік-Шығыс  Еуропаны  иеленгеннен  соң,  Жерорта  теңізіне 

шығуды мақсат тұтты жəне кейіннен бұл территориялардан да Ресейді аулақ ұстап болашақта Балқан 

түбегіне толық өзі иелік етуді сыртқы саясаттағы басты стратегиялық жоспарына айналдырды [4, 6-

б.].  


Мұндай  саяси  жоспарларға  қарай  отырып,  Балқан  мен  Еуропадағы  саяси  ойындар  Австрияның 

өзге де еуропалық  империалистік мемлекеттермен бірге  Осман мемлекетіне қарсы құрылған одаққа 

кіруге  мəжбүр  еткенін  көруге  болады.  Алайда,  бұл  кезде  Осман  империясы  Еуропада  өзіне  қарсы 

құрылған  саяси  одақтастардың  əрекеттеріне  қарамастан,  өзінің  сыртқы  саясаттағы  стратегиялық 

жоспарларын  біртіндеп  жүзеге  асыра  берді. Оның  маңызды  бір  көрінісі Осман  империясының 1711 

жылы  Прут  соғысында  Ресейді  жеңіліске  ұшыратуы  болды [5, 44-45-бб.].  Ресей  патшасы  І  Петрді 

жеңіліске  ұшыратқан  Прут  соғысы  барысында  Осман  империясы  тарапынан  Австрияның 

қолбасшысы Принц Евгений Савойскийге елші жөнелтілді. Елшіліктің мақсаты, Карлович келісімінің 

қатысушысы  жəне  бұл  келісімнің  сақталуына  кепіл  болған  Австрияға,  Осман  империясы мен  Ресей 

арасында  орын  алған  бұл  соғысты  геосаяси  мақсатта  емес,  өз  территорияларын  Ресей 

басқыншылығынан  қорғау  үшін  жасалғандығын  түсіндіру  болды.  Алайда,  сыртқы  саясатта  мұндай 

əрекеттерді  өзіне  саяси  желеу  еткен  Австрия  өзінің  бұл  мəселелерге  бей-жай  қарамайтындығын 

білдірді.  Ол  өзінің  Ресейді  толық  қолдайтынын  алға  тартты.  Осылайша, XVIII ғасырдың  басында 

Осман империясының Еуропада бұрыннан келе жатқан сыртқы саяси бəсекелестері болған Австрия, 

Венеция мемлекеттеріне енді кезекте Ресей қосылды.  

Бұл  кезеңде, яғни  Еуропада  халықаралық  қатынастардың  шиеленіскен  тұста, Австрияның  басты 

мақсаты  Мажарстанды  түгелімен  өзіне  қаратып,  Сербия  мен  Балқан  территорияларын  бағындырып, 

сол  арқылы  Жерорта  теңізіне  шығу  болды.  Венеция  болса,  Адриат  теңізінің  жағалауы  мен  Морей 

бұғазындағы  теңіз  айлақтарын  кері  қайтаруды  жəне  Жерорта  теңізіндегі  теңіз  ісі  мен  сауда  ісіндегі 

өзінің  ескі  гегемондығын  қайта  қолға  алуды  жоспарлады.  Бұл  кезде  Ресей  де  Балтық теңізі  арқылы 

сыртқы теңізге шығуды жоспарлап, аталған үш мемлекеттің теңізге шығу жоспарлары бір-біріне өте 

ұқсас  болды.  Олардың  негізгі  ұйытқысы  Австрия  болды.  Үш  мемлекеттің  саяси  қыспағында 

қалғандығын  сезінген  Осман  империясына  ендігі  кезекте  Австриямен  сыртқы  саяси  байланыстарды 

реттеу мəжбүрлігі туындады. Алайда, Австрия бастаған одақтастардың мұндай əрекеттеріне Франция 

мен  Швеция  қарсы  болып,  олар  бір  жағынан  Осман  империясын  қолдайтынын  да  жасырмады.  Ал 

Англия мен Голландия бейтараптық саясат ұстанды [6, 41-б.]. 

Осман  империясы 1711 жылы  Прут  соғысында  Ресейді  жеңген  соң,  Швецияның  жəне 

Францияның  саяси  қолдауына  сүйеніп  өзінің  сыртқы  саяси  жоспарларын  жүзеге  асыра  берді. 1715 

жылы  Венецияға  қарсы  саяси  қарсылықтар  көрсете  бастады.  Басты  мақсат,  Карлович  келісімі 

бойынша  уысынан  шығарып  алған  территорияларды  қайтарып  алу  болды.  Басты  геосаяси  нүкте 

Морей  түбегіндегі  аймақтар  болып, 1715 жылы  Осман  империясы  Венециядан  Морейді  кері 

қайтарып алады. Одан соң, Корфу аралының аймақтары үшін əскери əрекеттерді күшейтті. Осы кезде 

Осман империясының əскери күшеюінен қауіптене бастаған Австрия үкіметі алғашқы болып Осман 

империясына 

дипломатиялық 

келіссөздер 

жүргізуді  ұсынды. 

Осман 


елшісі 

Ибрагим 


Мутеффериканың өтініші бойынша бас уəзір Дамат Али паша Осман мемлекетінің Венецияға қарсы 

жүргізген  соғыста  Австрияның  бейтараптық  саясат  ұстануын  қалады.  Бұл  жағдай  Осман 

империясының екі майданда соғысу жағдайында қалмаудың бір əрекеті еді [7, 109-б.].  

Бұған  дейінгі  кезеңде  де  Австрия  Осман  империясымен  соғысу  ниетінде  емес  еді  жəне  онымен 

ешқандай сыртқы саяси жанжалға баруды қаламаған болатын. 1715 жылы Венада осман елшісі Осман 

империясының  Карлович  келісімінің  шарттарын  ұмытпағандығын  жəне  оны  бұзу  ниетінде  емес 

екендігін  түсіндіре  отырып,  Венециямен  туындаған  саяси  мəселелердің  басты  себебін  Морей 

түбегіндегі  саяси  ахуалды  реттеумен  түсіндірді.  Принц  Евгений  Савойскийдің  Осман  елшісінің  бұл 

ұсынысына берген жауабында, Австрия екі мемлекет арасына түсу ниетін білдірді жəне екі мемлекет 

арасында  келісімшарт  орнатылуына  саяси  жағдай  жасайтындығын  жеткізді.  Екі  жақтың 

дипломатиялық  əрекеттері  сəтсіздікке  ұшырағандықтан  Қасиетті  Рим  империясы  мен  Австрияның 


290 

 

билеушісі  болған VI Карл, 1716 жылы  Венециямен  одақ  құруға  мəжбүр  болды  жəне  Осман 



империясына Карлович келісімінің талаптарын сақтауды ұсынды. Осман империясы бұған Австрияға 

соғыс  жариялайтындығымен  жауап  берді.  Бұдан  соң  Австрияның  соғыс  министрі  Принц  Евгений 

Савойский  Осман  империясының  Еуропадағы  территорияларын  басып  алуды  жоспарлап  əскери 

əрекеттерге көшті. 1716 жылы Петерварадинде Австрия мен Қасиетті Рим империясының əскерлері 

осман əскерлерін жеңіліске ұшыратты [7, 116-118-бб.]. Бұдан кейін Принц Евгений Савойский өзінің 

əскери  күштерімен  Темешвар  қаласының  маңына  келіп,  жойқын  əскери  əрекеттердің  нəтижесінде 

1716 жылы қыркүйек айында Темешвар қамалы алынды. Бір жылдан соң, Австрия əскерлері Белград 

маңына  келіп, 1717 жылы 22 тамызда  ұзаққа  созылған  əскери  əрекеттердің  нəтижесінде  Белград 

қаласы Австрияның құрамына өтті [7, 35-36-бб.].  

Бұл  соғыстың  нəтижесінде 1718 жылы  жасалған  Пасарович  келісімінің  шарттары  соғысты 

аяқтауға  негіз  болды.  Келісішарттың  негізгі  баптары  Осман  империясының  Сербия  мен  Боснияның 

солтүстік  бөліктерін  Австрияға  беруіне  қатысты  болды.  Бұл  келісім  Австрия  жəне  осман 

дипломаттарының ұзақ тартысқа созылған келіссөздері арқасында жүзеге асырылды. Келісімшарт 25 

жыл уақытқа жасалды. Осылайша XVIII ғасырдың басында болып өткен австро-түрік соғыстарының 

негізгі кезеңі аяқталып, ол Австрияның пайдасына шешілді [7, 140-142-бб.].  

1719  жылы  осман  елшісі  Ибрагим  паша  екі  мемлекет  арасындағы  қатынастарды  Пасарович 

келісімінен кейін жаңадан дамыту үшін Венаға жіберілді. Осман үкіметі Австрияға жіберген елшілері 

арқылы  екі  мемлекет  арасындағы  саяси  қатынастарды  күшейтіп,  Австрияның  Ресей  мен  Осман 

империясы  арасындағы  сыртқы  саяси  мəселелерге  араласпауын  көздеді.  Ол  үшін  осман  елшісі 

барынша  тырысып  дипломатиялық  əрекеттерді  күшейтті. [8, 17-б.].  Осман  үкіметінің  мұндай 

əрекетке баруының себебі, бұл кезеңде Ресей мен Австрия Осман империясының сыртқы саясаттағы 

ең  басты  қарсыластарына  айналды.  Сондай-ақ,  Осман  мемлекеті  толассыз  туындаған  ішкі  жəне 

сыртқы  саяси  мəселелерге  байланысты  үлкен  дағдарысқа  тап  болған  еді.  Екі  империя  арасындағы 

сыртқы  саяси  жəне  дипломатиялық  қатынастар 1720 жылдан 1730 жылға  дейін  жақсы  қарқынмен 

жүргізілді. Осман жəне Австрия дипломаттары екі империя арасында соғыс өртін тұтапауға тырысты. 

Себебі,  екі  мемлекеттің  де  экономикасы  соғысқа  дайын  емес  еді.  Алайда  көп  ұзамай  Австрия  мен 

Осман империясы арасындағы саяси жағдай қайта шиеленісе бастады. 1726 жылы жасалған Австрия-

Ресей  одағы  Австрия  мен  Осман  империясы  арасындағы  саяси  қатынастардың  дамуына  қайтадан 

кедергі  келтірді.  Оның  нəтижесінде  көп  ұзамай  Австрия  мен  Ресей  мемлекеттері  сыртқы  саясатта 

Осман империясының ашық қарсыласы болып шыға келді. Одақтастардың бірігіп Осман мемлекетіне 

қарсы  шығып,  кейіннен  соғыс  ашуына  себеп  болған  басты  саяси  фактор  Осман  империясы  мен 

Ресейдің  Польша  мұрасы  мен  оның  территорияларына  таласуы  болды.  Осылайша,  Ресейді  қолдай 

отырып,  өзінің  болашақтағы  саяси  жоспарларын  жүзеге  асыруға  тырысқан  Австрия  билігі  Осман 

империясына  тағы  да  қарсы  шығып,  бұл  фактор  өз  кезегінде  екі  мемлекет  арасындағы  саяси 

қайшылықтардың туындауына негіз болды.  

Орыс  əскерінің 1735 жылы  Польшаға  басып  кіруі  Осман  империясын  Польша  мəселесіне 

араласуына мəжбүр етті. Мұндай саяси жағдай, өз кезегінде Портаның Польша мəселесіне араласуы 

мен  бұл  жолда  оның  Ресеймен  соғысқа  дайындалуы,  Австрия  мен  Ресейдің  бірігіп  Осман 

империясына қарсы соғысқа кірісуіне негіз қалады [8, 40-б.].  

Десек те бұл уақытта Австрия дипломаттары мен кейбір үкімет адамдары Осман мемлекеті мен 

Ресей  арасында  келіссөздердің  жүргізілуіне  жағдай  жасады.  Мысалы, 1728 жылдан 1737 жылы 

соғыстың  басталуына  дейін  Портада  Австрияның  тұрақты  өкілі  (резидент)  болған  Леопольд  фон 

Талман бұл келісімнің бұзылмауы үшін əрекет етті. Алайда мұндай дипломатиялық əрекеттер Осман 

империясы мен Австрия арасында туындаған келесі бір саяси кедергіге тосқауыл бола алмады. Мұнда 

тек  Порта  үкіметіне  бір  нəрсе  түсініксіз  болып,  ол  Ресейдің  одақтасы  болған  Австрияның 

дипломатиялық мақсаттарының қаншалықты дəрежеде екендігін білу болды. 1736 жылы 3 мамырда 

Ресей  Азов  қамалын  басып  алған  соң,  осы  жылы 16 маусымда  Осман  империясы  Ресейге  соғыс 

жариялады. 1726 жылы  жасалған  Австрия-Ресей  Одақтастық  келісіміне  байланысты,  бұл  соғыста 

Австрия  Ресейге  көмектесуі  тиіс  еді.  Осман  империясы  мен  Ресей  арасында  туындаған  саяси 

жанжалдарды бейбіт жолмен шешуден оң нəтиже шықпағандықтан, ол бұл соғысқа қатысуға шешім 

қабылдады. 1737 жылы 16 тамызда  Польшаның  Немиров  кентінде  тараптар  арасында  келіссөздер 

жүргізіле бастағанда Ресеймен бірге Австрия да Осман империясына қарсы талаптар қоя бастады [9, 

388-389-бб.].  Бұл  талаптар  орындалмағандықтан,  Австрия  да  Ресей  секілді  Осман  империясымен 

ашық соғысқа  шығуға шешім  қабылдады. 1737 жылы  жазда  Австрия  өзінің  əскери  операцияларына 

көшіп,  алғашқы  сəтті  қадамдарын  Ниш  қамалын  басып  алумен  бастады.  Алайда,  кейіннен  Босния 

территориясына  өткен  соң  жеңіліске  ұшырады.  Осы  сəтсіздіктен  кейін  Ниш  қаласын  түріктер  кері 

қайтарып  алды.  Бұдан  кейін  де  австриялықтар  сəтсіздіктерге  ұшырап,  арада  келіссөздер  жүргізіле 

бастады. Бұл келіссөздерді Стамбулдағы француз елшісі Маркиз Луи Вильнева жүргізуге кірісті жəне 

оның  дипломатиялық  қызметінің  арқасында 1739 жылы 18 қыркүйекте  тараптар  арасында  Белград 


291 

 

келісімшарты  қабылданды.  Белград  келісімі  бойынша, 1718 жылғы  жасалған  Пасарович  келісімі 



нəтижесінде  Австрияға  берілген  Сербия  мен  Валахияның  бір  бөлігі  Осман  империясына  кері 

қайтарылды.  Сонымен  қоса,  қазіргі  бірқатар  шекаралық  мəселелер  өз  шешімін  тапты. 

Келісімшарттың  тағы  бір  маңызды  тұсы  екі  мемлекет  бір-бірімен  дипломатиялық  қатынастарды 

күшейтетін болды [9, 392-393-бб.]. 

Белград  келісімінен  соң,  Австрия  мен  Осман  империясы  арасындағы  сыртқы  саяси  жəне 

дипломатиялық  байланыстар 1787-1790 жж  осман-австрия  соғысына  дейін  жалғасты. 1740 жылы 

Белград келісімі бойынша екі мемлекет те келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 

бір-біріне  тұрақты  елшілер  жіберді.  Австриядан  Осман  империясына  елші  болып  Антон  Корфез 

Улефелд  тағайындалды.  Елші  бір  жыл  бойына  Стамбулда  елшілік  қызметте  болды.  Австрия  елшісі 

Стамбулдан  кеткен  соң,  оның  ізбасары  ретінде  өзінің  хатшысы  болған  Генрих  фон  Пенклер 1743 

жылы  Стамбулға  қалдырылып,  мұнда 1747 жылға  дейін  қызмет  етті.  Бұған  жауап  ретінде  Осман 

империясы да Али пашаны елші етіп тағайындап, Венаға жөнелтті [10, 291-б.].  

Кейбір  саяси  мəселелердің  туындауына  қарамастан, 1740-1769 жылдар  аралығы XVIII ғасырда 

австро-осман  дипломатиясының  дамыған  кезеңі  болды.  Бірақ,  Габсбургтер  əулетінде  орын  алған 

тартыстар кезінде əулет мүшелерінің арасынан үкімет адамдары, ішкі саясатта Мария Терезаны жəне 

Осман империясын сол кездегі Австрия үшін ең қауіпті күш деп таныды. Демек, Мария Тереза ішкі 

саясаттағы ең қауіпті тұлға болса, Осман империясы сыртқы саясаттағы ең қауіпті бəсекелес болды. 

1755-1756  жылдары  Австрия  дипломаты  Кауниц,  Франциямен  жақындасуға  талпынды.  Себебі,  бұл 

кезде Австрияның ішкі саясатында саяси қырқыстар орын алып, одан Осман империясы пайдаланып 

Австрияға  соғыс  жариялауы  мүмкін  деген  саяси  қауіп  туындады.  Мемлекеттің  ішкі-сыртқы 

саясатында  орын  алған  дағдарысты  ретке  келтіруде  Франциямен  одақтасу  Австрия  үшін  маңызды 

болды.  Бұл  кезде  Австрия  үкіметінде,  Франция  Осман  империясы  үшін  ең  маңызды  мемлекет 

болғандықтан,  онымен  жасалған  одақ  Австрия  үшін  Осман  империясынан  төнетін  саяси  қауіптің 

алдын алады деген шешім қабылданды. [11, 91-б.]. 

Бірақ, XVIII ғ. 50-60 жылдары  Австрия  мен  Осман  империясы  арасында  айтарлықтай  саяси 

жанжал туындаған жоқ. Керісінше, кез-келген саяси мəселелер елшілер мен дипломаттардың қызметі 

арқылы  шешіліп  отырды.  Бұл  кезең  екі  мемлекет  арасында  дипломатиялық  қатынастардың  өрбіген 

кезі  болды.  Австрия  Осман  империясымен  жүргізген  елшілік  қатынастарды  дамыту  мақсатында 

осман  тілінен  неміс  жəне  басқа  да  еуропалық  тілдерге  аударма  жасайтын  аудармашы  қызметін 

көбейтуді  жоспарлады.  Жалпы,  Австрияда  осман  тілін  үйрету  жұмыстары  бұған  дейін  де  қолға 

алынған  болатын [12, 46-б.].  Австрия  үкіметі  аудармашы  дайындау  мақсатында  Стамбулда  бір 

институт  құруды  да  жоспарлады.  Бұл  кезде  австриялық  тілмаштардың  арасында  ең  үздік  тіл 

үйренгендердің бірі Генрих фон Пенклер болып, ол 1719 жылы граф Вирмандтың қызметінде тілмаш 

болып  бастаған  болатын.  Ол  үнемі  Австрияның  сыртқы  саясаттағы  қызығушылықтарын  Портаға 

білдіріп  отырды.  Тіпті  Франция  саясатының  Портаға  əсеріне  қарамастан,  Осман  империясын 

Австриядан  алысырақ  ұстауға  əрекеттенді.  Кейіннен  Генрих  фон  Пенклер  өз  білімін  Венада 

Шығыстану академиясында жалғастырды. Стамбулдағы Австрия өкілі граф Улефилдтің Стамбулдан 

кетуіне  байланысты  Стамбулдағы  Австрияның  арнайы  өкілі  болып  сайланды  жəне  бұған  қатысты 

болған Австрия үкіметінің шешімін сұлтанға өзі таныстырды. Ол Стамбулға өзімен бірге бес оқушы 

алып келді [13, 39-40-бб.].  

Австрияның  Портадағы  өкілі  Генрих  фон  Пенклер  Австрия  королі  болған  І  Францтың  ұлықтау 

рəсімімен  құттықтап,  одан  өзінің  елшілік  міндетін  алғаннан  кейін 1739 жылы  Портамен  жасалған 

Белград  келісімінің  бүкіл  баптары  мен  міндеттерін  жаңадан  қайта  қарап  шыққан  соң,  Осман 

империясынан  да  Австрияға  арнайы  елші  жіберіліп,  оған  Мустафа  Хатти  Ефенди  тағайындалды. 

Мустафа  Хатти  Ефендидің  алғашқы  басты  қадамы  жаңадан  қайта  жасалып  бекітілген  Белград 

келісімшартының  соңғы  нұсқасының  мəтінін  жəне  сұлтан  І  Махмұттың  кайзер  пен  герцогиняға 

арнайы  жазылған  хаттарды  жеткізу  болды.  Мустафа  Ефенди  осман  елшісі  болып,  бұдан 18 жыл 

бұрын тағаындалған Ресул-куттаб Мустафа Ефендиден кейінгі елші болып Венаға жөнелтілді. Оның 

жақтастары  мен  нөкерлері  Рейсул-куттаб  Мустафа  Ефендиден  əлдеқайда  көп  болды.  Австрия 

билеушілері тарапынан жақсы қабылданған бұл елшіліктің нəтижелерінен соң, Франциямен жасалған 

көптеген  жоспарлар  аяқсыз  қалып,  оларға  өзгерістер  енгізілді.  Бұдан  соң  Вена  үкіметі  өз  ішіндегі 

саяси мəселелерді шешуге кірісті. [13, 106-б.]. Осман империясы мен Австрия арасында жасалған осы 

келісімшарттардан  кейін  екі  мемлекет  бір-біріне  елші  жіберіп  дипломатиялық  қатынастарды 

күшейтті. Мұның барлығы келісімшарттың баптарына негізделіп жүргізілді. Екі мемлекет арасында 

дипломатиялық  қатынастар  дамытуда  жəне  түрлі  тақырыптар  бойынша  келіссөздерді  жүргізуде  екі 

елден  тағайындалған  дипломаттар  мен  арнайы  өкілдер  белсенділік  танытты.  Елшілер  мен 

дипломаттар  өздерінің  саяси  миссияларын  орындау  үшін  екінші  бір  мемлекетке  келгенде  сол  елдің 


292 

 

басшыларына уəзірлеріне арнайы сыйлықтар əкеліп отырған. Екі мемлекет арасындағы дипломаттар 



мен  елшілердің  мұндай  əрекетері  сол  кездегі  екі  ел  басшыларының  арасында  орын  алған  үлкен 

сыйластық пен құрметтің белгісі еді.  

Сөзімізді  түйіндейтін  болсақ, XVIII ғ.  бірінші  жартысында  Осман  империясының  Еуропадағы 

басты саяси бəсекелестерінің бірі болған Австрия мен Осман империясы арасындағы дипломатиялық 

қатынастар өз деңгейінде жүргізілді. Бұл кезеңде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыс 

негізінен сыртқы саяси мəселелер мен соғыстар туындаған кезде жəне соғыстан кейін келісімшарттар 

қабылдау мен бекіту барысында өз нəтиежелерін берді. Белград келісімі барысында жəне келісімшарт 

қабылданғаннан  кейін  екі  жақтың  елшілері  дипломатиялық  қатынастарды  жақсарта  түсудің  арнайы 

жолдарын қарастырды. Өйткені, бұл кезеңде Еуропада халықаралық қатынастарда дипломатия ісі өте 

маңызды  роль  ойнады.  Мысал  ретінде  атап  өтсек,  бұған  дейін,  дəлірек  айтқанда XVII ғасыр  мен 

XVIII  ғасырдың  басында  Еуропада  ағылшындар  мен  француздар  дипломатиялық  қатынастарға  көп 

көңіл  бөліп,  ол  арқылы  көршілес  жəне  басқа  да  империялармен  саяси  жəне  экономикалық 

мəселелерді  шешуге  машықтанған  еді.  Басқа  да  еуропалық  мемлекеттермен  салыстырмалы  түрде 

қарағанда  екі  мемлекет  арасындағы  дипломатиялық  қатынастардың  кенже  қалуына  біріншіден,  екі 

мемлекетте де тұрақты жəне өкілетті елшіліктердің ашылмауы себеп болса, екінші бір маңызды себеп 

екі  мемлекет  арасында  геосаяси  мəселелерге  байланысты  соғыстардың  көп  болуында  еді.  Десек  те, 

жоғарыда  аталған  сыртқы  саяси  факторларға  қарай  отырып,  Осман  империясы  мен  Австрия 

арасындағы  дипломатиялық  қатынастардың  аса  жоғары  дəрежеде  болмаса  да  өз  деңгейінде 

жүргізілгенін жəне аз болса да саяси жетістіктерге жеткендігін көреміз.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет